Сабақтық тақырыбы: Еттен жасалатын тағамдардың жіктелуі
Оценка 4.6

Сабақтық тақырыбы: Еттен жасалатын тағамдардың жіктелуі

Оценка 4.6
Разработки уроков
docx
труд
9 кл
22.01.2018
Сабақтық тақырыбы: Еттен жасалатын тағамдардың жіктелуі
Сабақтың мақсаты: Білімділік: оқушыларға ет туралы толық мағлұмат беру; Дамытушылық: теориялық білімдерін сарамандық жұмыста пайдалана білу, оқушыларды өз бетінше ізденуге дағдыландыру, олардың ой- өрісін дамыту; Тәрбиелік: оқушыларды осы сабақ түрімен қызықтыру, ұқыптылыққа, еңбексүйгіштікке, сұлулықты қабылдау сезімін ояту, эстетикалық талғамдылыққа тәрбиелеу. Сабақтың түрі: аралас Сабақтың әдісі: түсіндіру, сұрақ-жауап, өз бетінше сарамандық жұмыс. Сабақтық көрнекілігі: Дайын ет түрлерінің суреттері. Пәнаралық байланыс: тарих, I. Ұйымдастыру кезеңі: • Оқушылармен сәлемдесемін; • Оқушыларды түгендеймін; • Оқушылардың құрал – жабдықтарын түгендеу; • Оқушылардың зейіндерін сабаққа аударту.Сабақтың мақсаты: Білімділік: оқушыларға ет туралы толық мағлұмат беру; Дамытушылық: теориялық білімдерін сарамандық жұмыста пайдалана білу, оқушыларды өз бетінше ізденуге дағдыландыру, олардың ой- өрісін дамыту; Тәрбиелік: оқушыларды осы сабақ түрімен қызықтыру, ұқыптылыққа, еңбексүйгіштікке, сұлулықты қабылдау сезімін ояту, эстетикалық талғамдылыққа тәрбиелеу. Сабақтың түрі: аралас Сабақтың әдісі: түсіндіру, сұрақ-жауап, өз бетінше сарамандық жұмыс. Сабақтық көрнекілігі: Дайын ет түрлерінің суреттері. Пәнаралық байланыс: тарих, I. Ұйымдастыру кезеңі: • Оқушылармен сәлемдесемін; • Оқушыларды түгендеймін; • Оқушылардың құрал – жабдықтарын түгендеу; • Оқушылардың зейіндерін сабаққа аударту.
9 -сынып.docx
Сабақтық тақырыбы: Еттен жасалатын тағамдардың жіктелуі  Сабақтың мақсаты: Білімділік: оқушыларға ет туралы толық мағлұмат беру; Дамытушылық: теориялық білімдерін сарамандық жұмыста пайдалана білу, оқушыларды өз бетінше  ізденуге дағдыландыру, олардың ой­ өрісін дамыту; Тәрбиелік: оқушыларды осы сабақ түрімен қызықтыру, ұқыптылыққа, еңбексүйгіштікке, сұлулықты  қабылдау сезімін ояту, эстетикалық талғамдылыққа тәрбиелеу. Сабақтың түрі: аралас Сабақтың әдісі: түсіндіру, сұрақ­жауап, өз бетінше сарамандық жұмыс. Сабақтық көрнекілігі: Дайын ет түрлерінің суреттері. Пәнаралық байланыс: тарих, I. Ұйымдастыру кезеңі: • Оқушылармен сәлемдесемін; • Оқушыларды түгендеймін; • Оқушылардың құрал – жабдықтарын түгендеу; • Оқушылардың зейіндерін сабаққа аударту. II. Үй тапсырмасын тексеру. Өткен тақырыпты қайталай отырып, оқушыларға тақырып бойынша сұрақтар қою. III. Жаңа сабақ Қолда өсірілген малдың етінде орта есеппен 52,8­73,7 пайыз – су, 15­20 пайыз – белок, 5,8 – 29,4 пайыз –  май, 0,8 – 1,1 пайыз – күл, құс етінде 50 – 64,4 пайыз су, 18,2 – 19,8 пайыз – белок, 15,5 – 31,2 пайыз –  май, 0,9 – 1,1 пайыз – күл болады. Әрбір мал түлігі етінің бір­бірінен айырмашылығы биохимиялық  құрамы мен дәмінде. Сиыр етінде гистамин көп, мал етіне қарағанда, құс етінде коллаген, эластин аз. Ол  жеңіл қорытылады. Етте толып жатқан минералды заттар, атап айтқанда, темір мен дәрумендер бар.  Әсіресе, бауыр темірге, А1, В2, В6, В12 дәрумендеріне бай. Оның үстіне, өте маңыздысы, еттің құрамына  экстрактивті деп аталатын заттар кіреді, олар қайнатқан кезде сорпаға ауысады. Экстрактивті заттар  тәбетті қоздырады, ас қорытатын сөлдердің бөлінуін күшейтеді. Етті көп жеу организмде экстрактивті  заттарды, атап айтқанда, несеп қышқылын құрайтын пурин негіздерін, сондай­ақ, азотты метаболизмнің  түпкі өнімдерін көбейтіп, ауыртпалық түсіреді. Жеңіл дене еңбегімен шұғылданатын ересек адамға  аралас тамақтанған ретте, күніне 150­200 грамм ет немесе ет өнімін жеу жеткілікті. Қазақша ет – малдың етін қазанға асып, піскен соң түсіріп алып, сорпасына жайма нан салып пісіріп,  оны табаққа салып, үстіне ет турап, тұздық құйып жейді. Қонақтардың түріне қарай малдың әртүрлі  арнайы мүшелері қазанға салынады. Ет – қазақтың ең басты, қадірлі тамағы. Қонақ келгенде, аруақтарға  ас бергенде, той жасағанда ет асады. Бас тарту – сыйлы, алыстан келген қонақтарға мал сойып (қой), етпен бірге бас ұсынады. Сиырдың  жарты шекесі, қойдың басы тұтас, жылқының басы кеңсірігінен шабылып, тұтас немесе екіге бөлініп  асылады. Қойдың, сиырдың басын үйітіп, тісін бір­екі жерден қағып, жуып тазалап алып барып қазанға  салады. Мипалау – піскен малдың миын алып, оған бауыр, құйрық майын, бастың дәмді құйқасын қосып, үстіне  тұздық немесе айран, қымыз қосып, немесе сорпаға салып әзірлеп, үлкендерге ұсынады. Шұжық – малдың етін, іш майын турап, оған жуа, сарымсақ, тұз, бұрыш қосып араластырады, жылқының  ішегіне салып, екі жағын байлап тобарсытады, етпен бірге асады. Қуырдақ – соғым сойғанда етін, өкпесін, жүрегін, бүйрегін, бауырын ұсақтап турап, майға қуырып  жасайды.Бауырды соңынан салады, ол көп қайнап, қатайып кетпеуге тиісті. Кісе қуырдақ – жаңа сойылған малдың өкпе, бауыр, бүйрек, ішек, қарынын турап, майға қуырып әзірлейді. Етті аз қосып, сарымсақ, бек деп аталатын шөпті салады. Қазы­қарта, жал­жая – құрметті қонақтарға тартылады. Етпен бірге пісіріледі. Бұқпа – марқаның жіліктері мен омыртқа, қабырғаларын балтамен ұсақтап, қазанға салып, үстіне аздаған су құйып, бетін жауып дайындайды. Сірне – туғанына 2­4 күн болған жас қозының етін қазанға салып, үстіне бие сүті мен сұйық қаймақ  құйып әзірлейтін тағам. Сырбаз қуырдақ – жаңа сойылған малдың етінен үстіне бие сүтін құйып, тұз салып қайнатып, жасайды.  Оны «бұқпа қуырдақ» деп те атайды. Томыртқа – қыста ыстық сорпаға бір түйір таза мұз салып, дәмін сәл өзгертіп ішеді. Мұны томыртқа деп атайды. Төстік – қойдың төсіндегі етін терісімен кесіп алып, үйітіп, тұздап жейді. Ауыл жігіттері қой сойып  жатқанда оны әзірлей қояды. Ақсорпа – ертеде соғымның етін пісіргенде қалған сүйектерін жинап қойып, кейін жуып, қазанға  қайнатып, майлы сорпасын ішкен. Оны ақсорпа дейді. Салма – етті турап пісіріп, нан кеспесін салып жасап, ішеді. Негізінен, қой, сиыр етінен әзірлейді.  Сорпасы дәмді. Тұздық – сорпаға жуа, тұз қосып қайнатып, табақтағы туралған еттің үстіне салып, оның дәмін  келтіреді. Кейде оған азырақ ұсақ туралған сәбізді де қосады. Шыж­мыж – соғым сойылып жатқанда малдың бүйрегі мен шарбы майын отқа қақтап, шала пісіріп,  шыж­мыж жейді. Қара ала шыжық – ұсақталып туралған етті мал майын қосып табаға қуырып әзірлейтін тағам. Жаубүйрек – аңшылар аулап алған арқар, киік, таутеке тәрізді аңдарының майлы бүйрегі мен бауырын  істікпен отқа қақтап жейді. Қой, ешкі сойғанда да сондай тағам әзірлеп жеуге болады. Қойды үйітіп сою – қойды бауыздап алғаннан кейін отқа үйітіп алып терісімен бірге сояды. Үйітудің  әртүрлі әдісі бар. Ет ыстау – қайың қабығын жағып, оның түтінінің үстіне еттерді іліп қояды. Ысталған ет әрі дәмді, әрі  ұзақ сақталады. Бүрме – күзде жаңадан сойылған малды жас күйінде сақтау үшін терісіне салып, бүріп тастайды. Бұл  шөпті үнемдеуге, малды арытып алмай етін тамаққа пайдалану үшін өте пайдалы. Әсіп – ет, өкпе, бауыр мен бүйрек, құйрық майды өте ұсақтап турап, күріш, ұсақ туралған пияз, тұз,  бұрыш қосып, жаңа сойылған малдың ішегіне салып пісіріп, әзірлейді. Түймеш – малдың сұрпы етін ағаш балғамен ағаш жаңғырық үстінде ұрып, жаныштап, жұқалап алып  тұздап, сақталған ет. Ол тез піседі, әрі жұмсақ болады. Тоң май – малдың құйрық, шарбы, іш майларын қазанға шыжғырып алынған май. Оған бауырсақ тәрізді  ұн тағамдарын пісіреді. Тоң май бұзылмай, ұзақ сақталады Манас қуырдақ – негізінен аң етінен (киік, арқар) жасалады. Етті ұсақтамай турайды, тұз салып қазанға  қайнатады. Пісе бастағанда үстіне қаймақ құйып, ұн сеуіп араластырады да қуырады. Дастарханға манас  қуырдақ майымен қойылады. Палау – қазақтың дастарханына да тән тағам. Қазандағы өсімдік майына сүйекті шағын еттер салынып  қуырылып, ол піскен соң жақсы жуылған күрішті үстіне салып, су құйып пісіреді. Қарын бөртпе – ұсақ малдың жас етін турап, сүйектерін шауып бөледі де жуып, айналдырған қарынға  салып, тұздап, бұрыштап, жуа, сарымсақ қосып, аузын байлап, қазандағы суға қайнатып пісіреді. Ол  бұжы тәрізді дәм Мәнті – тартылған ет фаршынан әзірленеді. Төрт бұрышты кесілген қамырдың ортасына салып, жан жағын гүл қауызындай етіп қаусырып жабыстырады да арнайы ыдыста буға пісіріп жейді. Ет мүшелері Бас. Ірі қарада бас екі шекеге бөлінеді. Жылқыда кеңсірігі бір бөлек, бас екі шекеге бөлінеді, кеңсіріксіз  тұтас та асылады. Жақ. Қой, ешкіде тілмен тұтас жүреді, ірі малдың жағы екіге айырылып, тілі бөлек мүше саналады. Жақ ет, ұрт ет. Ірі қараларда бөлек алынады, көбінесе қуырдаққа пайдаланылады. Мойын. Алты буын. Бұл қонаққа, сыйлы адамдарға арнаған табаққа салынбайды. Оны отбасының өзі  жейді. Мойын ет. Ірі қарада бөлек сылып алынатын ет, көбінесе қуырдақ қуырады. Бұғана. Екі жақта үш талдан 6 тал. Мүше орнына саналады. Қара қабырға. Алты тал. Мүшелермен бірге әр уақытта табаққа салына береді. Сүбе. Етегімен алынған 6 қабырға. Таңдаулы мүшелердің бірі. Қазы. Семіз жылқыда 20­ға жуық қазы айналдырылады, кейбіреуі қабырғасыз, жылқының, басқа малдың  ішегіне айналдырылады. Төс. Қыз­күйеулер үшін таңдаулы мүше. Төс ет. Жылқы, сиырда осылайша аталады. Көбіне қуырдақ  жасалады, сүрленеді. Төстік. Қойда осылай аталады. Терісімен істікке шаншып, отқа қақтап, құйқасымен жейді. Ауыз омыртқа. Соғым сойылған күні табаққа салынады немесе мал сойған кісіге шикідей береді. Кәрі жілік. Қолда болады, жілік мүшелеріне кіреді. Қыз балаға бермейді. Ортан жілік. Жұмыр жілік деп те аталады. Қолда болады, мүшелі жілік. Асық жілік. Санда болады, таңдаулы мүше. Тоқпақ жілік. Санда болады, ең етті жілік. Жамбас. Ірі малдың әр жамбасын міндетті түрде екіге, кейде үшке бөліп асады. Қойдың, ешкінің  жамбасы тұтас асылады, ең таңдаулы мүше. Жая. Жылқының сауыр еті, оны сүрлейді, қақтап кептіреді. Белдеме. Қой, ешкіде бел омыртқа, ірі қарада жалпақ омыртқа деп те атайды, таңдаулы мүше. Мойын омыртқа. Отбасының өзі жейді, қонаққа салмайды. Жүрек. Көбінесе қыз баланың сыбағасы. Үлпершек. Жүрек қабына толтырылған, шұжық тәрізді май, кесек ет. Бауыр. Майлы өкпеге қосып жеуге жақсы. Оны қатырмай пісіреді, қуырады. Құдалықта қойдың бауыры  мен құйрық майын қосып, «Құйрық­бауыр» деген кәделі тағам беріледі. Көк бауыр. Талақ деп те аталады. Асып та, қуырып та жейді. Бауыр ет. Ірі малда бөлек сылынып алынады. Асып, қақтап жеуге, қуыруға, жөргемге қосуға  пайдаланады. Бүйрек. Балалар сыбағасы. Ұлтабар. Ұсақ малдың таңдаулы, ең майлы мүшесі. Қарта. Жылқы малының таңдаулы мүшелерінің бірі. Қима. Сиырдың маймен айналдырып, шумақтаған тоқ ішегі. Тоқ ішек. Тоқ ішектің соңғы ұшы майлы болады, бірақ қонақтың табағына салынбайды. Ащы ішек. Өкпе­бауырға қосып қуырылады. Дәруменге бай. Желін. Шап маймен бірге алынып сүреленді. Қарын. Қойдың етімен бірге табаққа түседі, қуырылады да, жылқы қарыны қарта орнына да жүреді. Өкпе. Қуырдаққа жарамды, оны пісірерде көп қайнатады, қонақтың табағынасалынбайды. Жал. Жылқы етінің таңдаулы мүшесі. Ол көбінесе сүрленеді. Сирақ. Қой, ешкінің, ірі қара малдың сирағын үйітіп, пісіріп жейді. Қой­ешкінің сирағы – балалар  сыбағасы. Ірі қара сирағын қайнатып, құйқасынан басқа да тағам әзірлейді. Бүйен. Ертеректе май, ет тығып, әсіп, түйрек, жұмыр тағамдар жасаған. Қыз­келіншектер сыбағасы. Сабақты қорытындылау сұрақтары: • Еттің құрамын атаңдар? • Еттен жасалатын өнімдерді атаңдар? • Сырбаз қуырдақ дегіміз не? • Бүйен дегеніміз не? • Жақ ет, ұрт ет дегеніміз не? • Кәрі жілік дегеніміз не? • Мойын омыртқа дегеніміз не? Үйге тапсырма беру Оқушыларды бағалау: ­ Сабаққа қатысуларына байланысты бағаланады. Жұмыс орындарын жинастыру

Сабақтық тақырыбы: Еттен жасалатын тағамдардың жіктелуі

Сабақтық тақырыбы: Еттен жасалатын тағамдардың жіктелуі

Сабақтық тақырыбы: Еттен жасалатын тағамдардың жіктелуі

Сабақтық тақырыбы: Еттен жасалатын тағамдардың жіктелуі

Сабақтық тақырыбы: Еттен жасалатын тағамдардың жіктелуі

Сабақтық тақырыбы: Еттен жасалатын тағамдардың жіктелуі

Сабақтық тақырыбы: Еттен жасалатын тағамдардың жіктелуі

Сабақтық тақырыбы: Еттен жасалатын тағамдардың жіктелуі
Материалы на данной страницы взяты из открытых истончиков либо размещены пользователем в соответствии с договором-офертой сайта. Вы можете сообщить о нарушении.
22.01.2018