Сабақтың түрлері

  • Разработки уроков
  • ppt
  • 20.01.2018
Публикация на сайте для учителей

Публикация педагогических разработок

Бесплатное участие. Свидетельство автора сразу.
Мгновенные 10 документов в портфолио.

6 сыныпқа арналған "Сабақтың түрлері" деген презентациясымен бірге жаңа сабақты меңгертуге, үй тапсырмасын сұрауға және жаңа сабақты бекітуге арналған көптеген тапсырмалар, атап айтқанда. схемалар, таблицалар, кестелер, сәйкестендіру кестесі бар. бұл тапсырмаларды мұғалім келесі сабақта үй тапсырмасын сұрауға және өткен тарауларды қорытындылауға слайдтардағы тапсырмаларды пайдалануына болады.6 сыныпқа арналған "Сабақтың түрлері" деген тақырып.
Иконка файла материала sabaktun turleri.ppt
ШҚО.Семей қаласы. “№3 жалпы орта білім беретін мектеп­кешені” КММ Тақырыбы: Сабақтың түрлері Дайындаған: 7­сынып оқушысы Кондакиров Руслан Мұғалімі: Абдрахманова Жанат
Сабақ • Сабақ­өсімдіктің жер асты мүшелері мен жер үсті мүшелерін жалғастырып тұратын орталық  тірек.Қызметі:1)сабаққа­бүршік,жапырақ,гүл,жеміс бекінеді;2)қоректік заттар сабақ арқылы  қозғалады;3)органикалық заттар қорға жиналады;4)көбеюге қатысады. • Өсімдік сабақтары шөптекті,ағаштекті немесе сүректі болып бөлінеді. • Сабақтың түрлері өсу бағытына байланысты  тік,жатаған,шырмалғыш,өрмелегіш,жабысқақ,қысқарған деп бөлінеді.
Тік сабақ • Тік сабақты өсімдіктерге жүгері, бидай,  терек, емен, қайың және  т.б. жатады.
Жатаған сабақ • Жатаған өсімдіктер– сабақтары жерге төселе не жер бауырлап тырбиып өсетін  өсімдіктер. Оның кейбір түрлерін төсемелі не желі сабақты (мысалы, асқабақ, қауын,  қарбыз, қияр, бүлдірген) өсімдіктер деп те атайды. Жатаған өсімдіктердің сабақ  буындарынан қосалқы тамырлар өсіп, кейін желі сабақ ескіріп үзіледі. Сөйтіп, бір  өсімдіктен вегетативтік даму жолымен бірнеше жаңа өсімдік пайда болады. Тамыр  сабақты жатаған өсімдіктердің қосалқы тамырының үстіңгі жағынан тік сабақ  дамитындары да (жатаған қияқ) бар. Жатаған өсімдіктерге ақбас жоңышқа, жатаған,  ешкімия, эспарцет, сабыншөп, ебелек, ажырық, т.б. өсімдік түрлері жатады. Көп  жылдық жатаған өсімдіктермен құмды, сай­салалар ернеуін, өзен­көл жиегін бекітеді,  топырақты шымдандырады. Жатаған өсімдіктердің жайылымға көнбісті, мал  азықтық түрлері (жатаған жоңышқа, жатаған бидайық, т.б.), тағамдық және  витаминді түрлері бар.
Шырмалғыш сабақ • Шырмалғыш сабақтар  нәзік болғандықтан  айналасындағы  өсімдіктерге  шырмалып өседі  ( шырмауық, құлмақ),   мұртшалары  болмайды.
Өрмелегіш сабақ • Өрмелегіш сабақтар –  мұртшасы арқылы  басқа өсімдікке  жабысып, өрмелеп  өседі ( асбұршақ,  жабайы бұршақ,  жүзім және т.б). • Сабақтары жеңіл әрі  жіңішке, ұзын  болғандықтан  шырмалғыш,  өрмелегіш сабақты,  өсімдектері  лианалар  дейді.
Қысқарған сабақ • Қысқарған сабақты  өсімдіктердің сабағы  өте қысқа. Мысалы,  ( бақбақ, жолжелкен,  пияз, қырыққабат)  жатады.