Шешендік сөздердегі 7 саны
Оценка 4.7

Шешендік сөздердегі 7 саны

Оценка 4.7
Разработки уроков
docx
искусство
6 кл
24.03.2017
Шешендік сөздердегі 7 саны
"Шешендік сөздердегі 7 саны" атты ашық сабақ өз деңгейінде өтіп, балалардың қызығушылығын туғызды. Берілген тапсырмаларды белсенді түрде орындап, жаңа сабақты жақсы түсінді. Оқушылар сабақтың ұнағандығын атап өтті. Ашық сабаққа басқа да мұғалімдер қатысып, жақсыға бағалаған соң, сабақ өз уақытында аяқталды.Ашық сабақ
Шешендік сөздердегі 7 саны.docx

Қармақшы аудандық оқушылар үйі

 

 

 

 

 

 

 

 

Шешендік сөздердегі 7 саны

 

 

 

 

 

 

 

 

«Шешендік өнер» үйірмесінің жетекшісі – П.Жаудатова

 

 

 

 

 

 

Жосалы кенті, 2016 жыл

 

 

                                                               «Бекітемін»

                                                                                   «____» «____» 2016 жыл

                                                                                 Аудандық оқушылар үйінің

                                                                                 директорының міндетін уақытша      

                                                                                    атқарушы:               Р.Жаханова

 

Сабақтың тақырыбы:  Шешендік сөздердегі 7 саны

 

Сабақтың мақсаты:         

               А) білімділік: шешендік сөздердегі 7 санының маңызы мен қасиетін ашу, жеті       

                        саны ұғымына байланысты қастерлі түсініктер мен қағидаларды дәріптеу.

 

               Ә) дамытушылық: оқушылардың ой белсенділігін дамыту, көркем әдебиетті

               оқуға ынталандыру, сөйлеу тілін байыту, көркем шығармашылық қабілетін

               дамыту.

 

               Б) тәрбиелік: «7» санын қастерлеп, жаман қасиеттерден аулақ болу қажеттігін айта            

                  отырып,  халық дәстүрін сүюге тәрбиелеу.

 

 Сабақтың типі:  жаңа білімді қалыптастыру

Сабақтың түрі: аралас

Сабақтың әдісі: пікір алысу, ой қозғау, сұрақ-жауап, талдау-жинақтау, түсіндіру, топтастыру, бағалау.

Пәнаралық байланыс: қазақстан тарихы, қазақ әдебиеті

Сабақтың көрнекілігі: интербелсенді тақта, үлестірмелер, сызбалар.

 

Сабақ барысы:

І Ұйымдастыру кезеңі

а) Оқушылармен сәлемдесу, түгелдеу;

ә) Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.

Мұғалім: - Қайырлы күн, оқушылар! Бүгінгі сабағымызды бастамас  бұрын барлығымыз орнымыздан тұрып,  интербелсенді тақтадағы күн сәулесіне қарап, терең дем алайық. Осылайша көңіл-күйімізді көтерелік.

 

ІІ  Өткенді пысықтау

* Балаларға сұрақтар қойылады.

1.Суреттеу дегеніміз не?

Ж:Әдебиетте әр түрлі жануарларды, табиғат құбылыстарын немесе жансыз нәрселерді адам кейпіне келтіріп суреттейтін көркемдік тәсіл.

2.Айтыс сөзінің мағынасын түсіндіріңіз.

Ж: Екі адамның арасында суырып салма өлеңмен кезектесе айтылатын өнер сайысы.

3.Шешендік сөздердің жанрлық түрлері қандай?

Ж: Шешендік дау, шешендік арнау, шешендік толғау.

4. Шешен кісінің өзін-өзі ұстау әдебі туралы не білесіз?

Ж: Бет-жүзі, дене қимылы шешен сөзінің табиғатына үйлесімді болуы қажет және дауыс саздылығы, мақам, сөз ырғағына мән берілуі тиіс.

 

 

 

 

 

 

 

ІІІ  Жаңа сабаққа кіріспе

 

Қызығушылықты ояту. Ой қозғау стратегиясы.

Мұғалім: - Оқушылар, бұл жерде не жайында  айтылып тұрғанын тауып көрелік.

3-слайд.

 

Мұғалім: - Балалар,  жеті санына байланысты қандай ұлағатты ұлттық ұғымдарды білесіңдер?

(Жеті ата, жеті жарғы, жеті ғашық, жеті шәріп (әулие), жеті жұт, жеті жоқ, жеті жетім, жеті күн, жеті ғалам, жеті қат көк, жеті қат жер, жеті амал)

4-слайд.

 

Қадыр Мырза Әлидің  «Жеті» атты  өлеңіне назар аудару.

Киелі сан жеті деген,

Байланысты жетіменен.

Көп ұғымы халқымыздың,

Белгісіндей салтымыздың.

Жеті қабат көк жер үсті

Жеті қабат жер асты.

Жеті Жарғы- заң жеті,

Қазынамыз бар жеті.

Жеті атамыз- жеті жұрт,

Ағайынды жеті құт, -

- деп 7 санының қасиетін осы өлең  жолдары арқылы жеткізген екен.  Олай болса біздің бүгінгі ашық сабағымыз шешендік сөздердегі 7 саны туралы болмақ.

 

ІV Жаңа сабақ

      Жер бетін мекендеп келе жатқан халықтардың көпшілігі жеті санында сиқырлы күш бар деп санаған. Оны кие тұтып, қастерлеген небір ұлттар да болды. Соның бірі – қазақ халқы. Біздің ата-бабаларымыз да жеті санын қастерлеп, бірқатар таным-түсінігі мен табиғат құбылыстарын, аспан денелерін жеті санымен атап, ата заңдарына, салт-дәстүріне арқау етіп келеді. Жеті саны шешендік сөздерде де кездеседі.

5-слайд.

Сөздікпен жұмыс

1. Астамшылық — адамның өркөкіректігін, менмендігін, тәкаппарлығын, басқадан өзін жоғары ұстап, өзгені көзге ілмейтіндігін аңғартады.   

2. Қараулық – әділетсіздік.    

3. Күншілдік– адам мінезіндегі көре алмаушылықты, қызғаншақтықты білдіретін жағымсыз қасиет. 

4. Ынсапсыздық – ашкөздік.

5. Бәлеқорлық-жалақорлық, пәлеқорлық.

    

6-слайд.

          Жеті жаман қасиет                                   

         Бөлтірік Әлменұлы

 

Күншілдік деген бар, содан сақтан,
Кекшілдік деген бар, содан сақтан.
Астамшылық деген бар, одан алыс жүр.
Сараңдық деген бар, одан қалыс жүр.
Қараулық деген бар, одан таза бол,
Бәлеқорлық деген бар, одан ада бол,
Ынсапсыздық деген бар, содан аман бол.   

 

7-слайд.

 

              Жеті жетекші                 

      Саққұлақ би
1. Адамның басшысы – ақыл,
2. Жетекшісі – талап.
3. Жолаушысы – ой.
4. Жолдасы –кәсіп.
5. Қорғаны – сабыр.
6. Қорғаушысы – мінез.
7. Сынаушысы – халық.

                                         

                       

V Жаңа сабақты бекіту

9-18 слайд.

1.Мақал-мәтелдердің жалғасын табу.

 

Жеті жұрттың (тілін біл), жеті түрлі білім біл.

Жақсыны (жеті) жыл жетелесең, адам болады,
 Жаманды жеті жыл жетелесең, (надан) болады.

Жеті атасын білген ер, жеті (жұрттың) қамын жер.

(Жетелі) елдің баласы, жеті жаста баспын дейді,

   Жетесіз елдің баласы жеті жаста жаспын дейді.

(Жігітке) жеті өнер де аз.

Айла (алтау), ақыл жетеу.

Жеті атасын білмеген (жетесіз).

Алтаумын деме, (жетеуге) жолығасың,

   Жетеумін деме, сегізге жолығасың.

Алты аға бірігіп әке болмас, жеті (жеңге) бірігіп ана болмас.

Жеті (кедей) жиналғанмен ортасынан бір бай шықпас.

 

«Дұрыс па, бұрыс па?» ойыны.

Бұл ойын сөздік қорды, зейінді дамытады.

Мұғалім: Мен бірнеше затты атаймын, ал  сіздер шын айттым  ба, әлде жоқ па, соны  анықтауларыңыз  керек:

 - Саптаяқ және қасық – ыдыстар.

 - Ит пен мысық – олар құстар.

 - Жалбыз – жануар.

 - Кітап пен дәптер – бұлар шөптер.

 - Ата-ана – жанашырымыз.

 - Қатық пен айран, сүт – ет тағамдары.

-  Мамыр, сәуір – бұлар мереке атаулары.

-  Нан, палау – тағамдар.

- Тоңазытқыш, пеш – үй жиһаздары.

 - 5, 6, 7 – бұлар сөздер.

 - Аға, қарындас, іні – туыстық атаулар.

 

    Сіздің міндетіңіз баланы толық, ашық жауап беруге үйрету. Сөйтіп баланың сөздік қоры молаяды. Сонымен қатар, көп заттардың атауларын біліп алады.

 

 

19-слайд.

Берілген уақыт ішінде жеті жетекшіні есте сақтап, төмендегі кестені толтырыңыз.

     Жеті жетекші                 

      Саққұлақ би
1. Адамның басшысы – ақыл,
2. Жетекшісі – талап.
3. Жолаушысы – ой.
4. Жолдасы –кәсіп.
5. Қорғаны – сабыр.
6. Қорғаушысы – мінез.
7. Сынаушысы – халық.


20-слайд.

2. Кестені толтырыңыздар.

       

1. Адамның басшысы -

 

2. Жетекшісі -

 

3. Жолаушысы -

 

4. Жолдасы -

 

5. Қорғаны –

 

6. Қорғаушысы –

 

7. Сынаушысы –

 

 

21-слайд.

3. Төмендегі сөздердің мағынасын өз сөздеріңізбен түсіндіріңіздер.

Ынсапсыздық - 

Кекшілдік -

Астамшылық -  

Сараңдық -

Қараулық -

Бәлеқорлық -

Күншілдік -

 

VІ Сабақты қорытындылау

22-слайд.

7 санына байланысты ұлттық ұғымдарды сызбамен толтыру (тақтамен жұмыс)

 

 

 «Көңіл-күй» жаттығуы.

Мұғалім: Менің алдымда билеттер жатыр. Билеттің ішіндегі сөзді оқып, сол кейіпке еніп көрсетесіздер. Берілген сұрақтарға сай әр түрлі көңіл-күйді бейнеленіздер:

  1. Ойланып тұрған адамның бет-әлпет кескіні;
  2. Ренжіп тұрған адамның  бет- әлпеті;
  3. Ашулы адамның бет- әлпеті;
  4. Таңданған кейіп көрсету;
  5. Сабақта ұялып тұрған бала;
  6. Бестік баға алып, қуанып тұрған бала;
  7. Мақтанып тұрған бала;
  8. Өтірік айтып тұрған бала.

 

VII Бағалау

Оқушыларды сабақ барысындағы белсенділіктері мен тапсырмалар орындаудағы жылдамдықтарына қарай бағалау.

 

VIII Үй жұмысын беру

 

Шығармашылық тапсырма:

« Жеті байлық » деген тақырыпта ой-толғау  жазу.

 

Қорытынды сөз.

      Мұғалім: Қазақ халқында «жеті шелпек» деген ұғым бар. Үлкендер бір нәрседен қауіп қылса, үрейленсе, болмаса жайсыз жатып, жаман түс көрсе, жеті нан жеті шелпек пісіреді. Жеті нанды қасиетті жұма күндері, сәрсенбінің сәтті күні пісіріп, жеті үйге таратады. Бұл жеті санның киелі қасиеттілігінен болар. Әйтпесе, алты немесе сегіз нан пісіруге болады емес пе?!

 

 

 

 

 

Аудандық оқушылар үйінде «Шешендік өнер» үйірмесінде өткен «Шешендік сөздердегі 7 саны» атты ашық сабақтың

а н ы қ т а м а с ы

      11.02.2016 ж. күні аудандық оқушылар үйіндегі «Шешендік өнер» үйірмесінде балаларға шешендік сөздердегі 7 санының маңызы мен қасиетін ашу, жеті  саны ұғымына байланысты қастерлі түсініктер мен қағидаларды дәріптеу, «7» санын қастерлеп, жаман қасиеттерден аулақ болу қажеттігін айта  отырып,  халық дәстүрін сүюге тәрбиелеу, оқушылардың ой белсенділігін дамыту, көркем әдебиетті оқуға ынталандыру, сөйлеу тілін байыту, көркем шығармашылық қабілетін дамыту мақсатында «Шешендік сөздердегі 7 саны»  атты ашық сабақ болып өтті.

      Сабаққа 10 оқушы қатысты. Сабақ басталмас бұрын мұғалім балалардың сабаққа әзірлігін пысықтап, көңіл-күйлерін тұрақтандырды. Өткен сабақты пысықтау мақсатында балаларға бірнеше сұрақтар қойылып, балалар сұрақтарға мардымды жауап бере білді. Жаңа сабақта шешендік сөздердегі 7 саны туралы түсіндіріліп, сөздікпен жұмыс жасалды. Мұнан соң балалар интербелсенді тақтада берілген 7 санына байланысты мақалдардың қалып қойған сөздерін тапты. Жаңа сабақты бекітуде балаларға мағынаны тануға қатысты тапсырмалар беріліп, сабақты қорытындылау кезеңінде балалар 7 санына байланысты қазақ халқының ұлттық ұғымдарын сызба арқылы тақтаға жазды. Үй жұмысына «Жеті байлық» тақырыбында ой-толғау жазуға тапсырма берілді. Барлық оқушылар сабақ барысында орташа деңгейде өз белсенділіктерін көрсетті.

     Сабаққа қатысқан үйірме жетекшілері сабақ жайлы пікірлерін айта келе, сабақты «жақсы» деп бағалады.

    Сабаққа А.Әбдіреева, Қ.Манасова, Ж.Алпысбаева, Е.Жұмабеков, М.Зұлпыхарова, Е.Алтынбаев, М.Сматова, А.Смағұлова, Н.Малаев, Н.Нұрпейісов, Қ.Каналбеков қатысты.

 

 

Анықтама беруші:                 П.Жаудатова


 

Шешендік өнер» үйірмесінің жетекшісі –

Шешендік өнер» үйірмесінің жетекшісі –

Бекітемін» «____» «____» 2016 жыл

Бекітемін» «____» «____» 2016 жыл

Жаңа сабаққа кіріспе Қызығушылықты ояту

Жаңа сабаққа кіріспе Қызығушылықты ояту

Сөздікпен жұмыс 1. Астамшылық — адамның өркөкіректігін, менмендігін, тәкаппарлығын, басқадан өзін жоғары ұстап, өзгені көзге ілмейтіндігін аңғартады

Сөздікпен жұмыс 1. Астамшылық — адамның өркөкіректігін, менмендігін, тәкаппарлығын, басқадан өзін жоғары ұстап, өзгені көзге ілмейтіндігін аңғартады

Дұрыс па, бұрыс па?» ойыны.

Дұрыс па, бұрыс па?» ойыны.

VІ Сабақты қорытындылау 22-слайд

VІ Сабақты қорытындылау 22-слайд

Аудандық оқушылар үйінде «Шешендік өнер» үйірмесінде өткен «Шешендік сөздердегі 7 саны» атты ашық сабақтың а н ы қ т а м а с ы 11

Аудандық оқушылар үйінде «Шешендік өнер» үйірмесінде өткен «Шешендік сөздердегі 7 саны» атты ашық сабақтың а н ы қ т а м а с ы 11
Материалы на данной страницы взяты из открытых истончиков либо размещены пользователем в соответствии с договором-офертой сайта. Вы можете сообщить о нарушении.
24.03.2017