Сөйлеуді дамытудан ұйымдастырылған оқу қызметі. Тақырыбы: «Дыбыс мәнері «Р» дыбысы»
Оценка 4.9
Разработки уроков
doc
воспитательная работа
Детсад
16.05.2018
Мақсаты: Балаларды Р дыбысымен таныстыру, «Р» дыбысының дыбысталуын түсіндіру.
Міндеттері:
Білімділік: Сөздің басында, ортасында, аяғында келетін «Р» дыбысын дұрыс айта
алуға үйрету, жұмбақтарды, жаңылтпаштарды шешу арқылы сөздерді дұрыс, анық айтуға үйрету.
Дамытушылық: Тілдік қатынастарын, сөздік қорларын дамыту.
Тәрбиелік: Мәнерлеп сөйлеуге, таза сөйлеуге тәрбиелеу.
Дыбыс мәнері Р.doc
Ортаңғы тобыңдағы ұйымдастырылған оқу қызметінің
технологиялық картасы
Білім беру саласы: «Коммуникация»
Бөлімі: Сөйлеуді дамыту
Тақырыбы: Дыбыс мәнері «Р» дыбысы
Мақсаты: Балаларға «Р» дыбысының дыбысталуын түсіндіру.
Міндеттері:
Білімділік: Сөздің басында, ортасында, аяғында келетін «Р» дыбысын дұрыс айта
алуға үйрету.
Дамытушылық: Тілдік қатынастарын, сөздік қорларын дамыту.
Тәрбиелік: Мәнерлеп сөйлеуге, таза сөйлеуге тәрбиелеу.
Сөздік жұмыс: Қарбыз, қияр, қар, жаңбыр, қарға, жолбарыс, кірпі, рюкзак.
Қостілдік компонент: Қарбыз арбуз, қияр огурец, қар снег, жаңбыр дождь,
қарға ворона, жолбарыс тигр, кірпі – еж.
Керекті құралдар: Қыстырғыштар, суреттер, кубикта бейнеленген суреттер, машина.
Әрекет кезең
дері
Тәрбиешінің әрекеті
Балалардың әрекеті
Мотивациялық
қозғаушылық Шаттық шеңбері
Үстелді айналап отырады.
Қайырымды жандар айнала,
Шеңберге келсін жайнала.
Жалықпастан қайта біз,
Маххабат сөзін айтамыз.
Сүйеміз барлық әлемді,
Әлемдегі бар елді.
Бақыттымыз осы біз,
Қасымызда досымыз.
Қазір бәріміз көзімізді жұмамыз,
мұқият тыңдаймыз (машинаны
қосады, тырррр дыбыс естіледі)
Қуыршақ Асқат бүгін бізге
машинамен келді.
Мотор қосқанда, қандай дыбыстарды
машина шығарады.
Тақпақ
Б. Тәжімбетовтің
«Р ға тілің келе ме?
Қырларда құр – деші,
Жайылып жүр, деші.
Біреуі қарауыл,
Қарайлап тұр, деші,
Ал енді өзің – ақ
Ррррр, деші.
Енді соңғы жолын қайталандаршы.
Кім «Р» дыбысына тақпақ
біледі?
Ұйымдастыру
– іздестіру
Барлығы бір бірімен
амандасады.
Көздерінді ашады.
Амандасады, қуана қарсы
алады.
Мұқият тыңдайды.
Тырррр.
Рррррр.
Мерей: Үйренем, деп,
қалайда,
Булықтым да,
төрледім.
Тілім менің
алайда,
«Р» әрпіне
келмеді. Дамир: Неткен әріп
қырсыққан,
Неткен әріп
сиқырлы......
Ызаланып,
Тұмсықтап,
Тәуіп қаппын
итімді,
Қабуға итім аз
ақ қап;
Рр... –деді, Р
р, деді,
Осыны айта
білмедің...
Айша: Деп тұрғандай
мазақтап.
Рюкзағы бар Таужан
ағай,
Шынығудан өтеді.
Өрмелесе тауға
қарай,
«Р» ға ұқсап
кетеді.
Ерасыл: Мықтап найза,
тізгініп,
Ел қорғауға
шақырды.
Қастерлейміз
біз бүгін.
Райымбектей
батырды.
Мұқият тыңдайды,
қайталайды.
Қуана келіседі.
Ойын ойнайды.
Дамир: Иттің суреті, ит
ашулаңғанда рррр – деп
дауыстайды.
Амина: Машина.
Тырррр – деп
дауыстайды.
Ерасыл: Кірпі.
Фырррр – деп
Бүгін біз «Р» дыбысымен танысамыз,
айтуға үйренеміз.
«Р» дыбысының артикуляциясы
«Р» дыбысын айтқанда тіліміз
жоғары тістердің артында болады.
Аузымызды ашып, тілімізді үстіңгі
тістердің артына жоғары етіп ұстап,
оның ұшына қарай үрлеу арқылы «р»
дыбысын айтамыз: рррррр
«Р» дауыссыз дыбыс.
Дидактикалық ойын: «Сиқырлы
кубик»
Қазір мен сендердің қолдарына кезек,
кезек кубик беремін. Қандай сурет
сендерге қарайды, сол жануарды атап,
қалай ол дыбыстайтының
айтасыңдар.
Машина, қандай дыбыс
шығаратынын сұрайды.
Кірпі, қандай дыбыс
шығарады?
Мысық, қандай дыбыс
шығарады?
Қарға, қандай дыбыс
шығарады?
Жолбарыс, қандай дыбыс
шығарады?
Қостілдік компонент: Кірпі – еж,
қарға – ворона, жолбарыс – тигр.
Сергіту сәті:
Орнымыздан тұрайық, Жаңылтпаштар жаттау:
Бұл қар сұр қар үстінде ойнама,
Сұр қар, кір қар үстіңді былғама.
Олар Оралдан оралды.
Омар Аралдан оралды.
Тіс ұстарту жаттығу
Ра, ро, ре, ри, ру, ар, ор
Ра –ра – ра – шашынды тара.
Ра –ра – ра – айнаға қара.
Тыныс алу жаттығу
Өлең жолдарын оқып беремін. Сендер
мұрынмен тыныс алып, ауызбен дем
шығару кезінде қасқыр мен иттің
дауысын ақырын, орташа, қатты
дауыспен айту керексіңдер.
Жайлау толы малды аяп,
Күзетіп жүр Майлыаяқ.
Жолатпайтын ешкімді,
Дауысы алыстан естілді.
Ррррр.
Ырылдады қасқыр кеп,
Қорқып иттер қашсын деп:
Ррррр.
Дірілдетіп қасқырды,
Айбатын ит асырды.
Қасқыр қашып жөнелді,
Қайтып келмес ол енді:
Ррррр.
Дидактикалық ойын: «Сөздерде
«Р» дыбысын тап »
Мақсаты: Суретте бейнеленген
сөздерді атап, «Р» дыбысын табу,
сөздік қорын молайту.
Қостілдік компонент: қарбыз – арбуз,
қияр – огурец, қар снег, жаңбыр –
дождь.
Барлығы бірге
қайталайды, жекежеке
қайталап айтады.
Тіс ұстарту жаттығуларын
қайталап айтады.
Ақырын дауыспен:
Ррррр.
Орташа дауыспен:
Ррррр.
Қатты дауыспен:
Ррррр.
Суреттерге қарап «Р»
дыбысы бар сөздерде,
жанына қыстырғыш
қыстырып қояды.
Ойынды қызығып ойнайды.
Мысалы: Карбыз, қияр,
сәбіз, алма суреттері
бейнеленген.
Айша қарбыз мен қиярдың
суреттеріне қыстырғышты
қыстырды, өйткені осы
сөздерде «Р» дыбысы бар.
Қияр сөзінде «Р» дыбысы,
сөздің сонында тұр, ал
қарбыз сөзінде, «Р»
дыбысы сөздің ортасында
тұр.
Сөздерді жекелеме,
хормен қайталайды. Рефлексивті–
түзетушілік
Қорытынды
Сұрақтар қояды:
Қандай суреттерді тауып алдық?
Жаңылтпашты айтып беріңдерші
Қандай дыбыспен таныстық?
Сұрақтарға жауап береді.
.
«Р» дыбысы бар
суреттерде тауып
алдық.
Бұл қар сұр қар үстінде
ойнама,
Сұр қар, кір қар үстіңді
былғама.
«Р» дыбысымен
таныстық.
Күтілетін нәтиже:
Білу керек: «Р» дыбысының дірілдеп шығатынын.
Болу керек: Жаңылтпаш туралы түсінік.
Істей білу керек: «Р» дыбысын дұрыстап дыбыстауды, тапсырманы орындауды,
сұрақтарға жауап беруді.
Тәрбиеші: Жумабекова А.О.
Тексерілді:
«Л Р» дыбысының артикуляциясы
«Л» дыбысы дұрыс шығуы үшін тістердің арасы ашық тұруы керек, ал тіл ұшы тістің түбіне немесе
қызыл иегіне барып тіреледі.
«Р» дыбысының артикуляциясы тісіміздің арасы ашық, тіл ұшы альвеолаға көтеріледі, вибрация
жүреді, ауыздан салқын жел соғу керек
Сөйлеуді дамытудан ұйымдастырылған оқу қызметі. Тақырыбы: «Дыбыс мәнері «Р» дыбысы»
Сөйлеуді дамытудан ұйымдастырылған оқу қызметі. Тақырыбы: «Дыбыс мәнері «Р» дыбысы»
Сөйлеуді дамытудан ұйымдастырылған оқу қызметі. Тақырыбы: «Дыбыс мәнері «Р» дыбысы»
Сөйлеуді дамытудан ұйымдастырылған оқу қызметі. Тақырыбы: «Дыбыс мәнері «Р» дыбысы»
Сөйлеуді дамытудан ұйымдастырылған оқу қызметі. Тақырыбы: «Дыбыс мәнері «Р» дыбысы»
Материалы на данной страницы взяты из открытых истончиков либо размещены пользователем в соответствии с договором-офертой сайта. Вы можете сообщить о нарушении.