Статья " Трехязычие"
Оценка 4.6

Статья " Трехязычие"

Оценка 4.6
Научные работы
doc
чтение
Взрослым
02.03.2018
Статья " Трехязычие"
Статья исследует про трехязычие в Казахстане. В Казахстане государственным языком является - казахский , официальным языком является - русский, а английский язык является - межнациональным В Будущем я хотела быть знать в совершенстве русский язык так как кахахский язык родной.Статья исследует про трехязычие в Казахстане. В Казахстане государственным языком является - казахский , официальным языком является - русский, а английский язык является - межнациональным В Будущем я хотела быть знать в совершенстве русский язык так как кахахский язык родной.
3-Ибрагим-баяндама.doc
ҮШ ТІЛДІ МЕҢГЕРУ – ЖАРҚЫН БОЛАШАҚТЫҢ КЕПІЛІ А.К.Ибрагим, Павлодар гуманитарлық­ педагогикалық колледжі, 1 МДТО тобы Ғылыми жетекші – Р.Г.Мухамедеева, қазақ тілі мен әдебиеті пәндерінің оқытушысы Кез келген әңгіменің құндылығы мен өзектілігі, негізінен қозғаған тақырыбына  қарай, сол тақырыпты ашу деңгейіне орай бағаланатыны белгілі. Ендеше, біздің әңгімеміздің төркіні ­ үштілділік   мәселесі   болмақ.   Бүгінгі   таңда   мемлекетімізде   үштілділік   мәселесін   нақты   іс жүзінде жүзеге асыру керек пе? деген сұрақ туындайды. Әрине, керек. Еліміз бен жерімізге ие болатын жастар үш тілді де қатар меңгеруі тиіс.  Бірақ кейбіріміз үштілділік үдерісі жөнінде басқаша көзқарас танытып жатамыз.   Мұның себебі осы бір сөздің мағынасын түсінбеуден келіп шығады. Әрине, әр көтерілген мәселенің оң және теріс жағы болады, әр тұлғаның өзіндік жеке пікірі болады. Бірқатары осы бағытты ұстануға оң көзбен қарап, құптаса, енді бірі өз қарсылықтарын білдіруде.  Аталмыш тақырыпты жан­жақты зерттеу барысында Елбасымыздың, көптеген лингвист ғалымдардың, қоғам қайраткерлерінің пікірлеріне сүйене отырып, өз ойымды дәлелді түрде жеткізейін. Үштілділік   жөніндегі   сөз   Елбасымыздың   “Тілдердің   үштұғырлығы   мәдени жобасын кезеңдеп жүзеге асыруды қолға алуды ұсынамын. Қазақстан бүкіл әлемге халқы үш тілді пайдаланатын мәдениетті ел ретінде танылуға тиіс. Бұлар ­ қазақ тілі ­ мемлекеттік тіл, орыс тілі ­ ұлтаралық қатынас тілі және ағылшын тілі ­ жаһандық экономикаға ойдағыдай кіру тілі” деген салиқалы үндеуінен бастау алған болатын. Атап айтсақ, осы жерде саясаттанушы Т.Әбдуәлидің   мынадай   айтқан  сөздері  есіме  түсіп  отыр  : «Мемлекет   басшысы   жаһандану жөнінде   мәселе   көтергенде   де   өре   түрегелдік.   Жаһандану   дегеніміз   қарапайым   сөзбен айтқанда  жоғары  деңгейге  жеткен  елдермен  қарым­қатынасымызды  нығайту.  Соның  бірі  ­ тілдік   коммуникация.   Бұл   үшін   халықаралық   қатынас   тілі   болып   жүрген   ағылшын   тілін үйренуге жастарымызды баулуымыз керек. Оның қажеттілігін уақыт өткен сайын өткір сезініп келеміз» деп еді. Ия, расында да, ағылшын тілі қазақ жерінде өз үстемдігін жүргізе алмайды. Қазақстанда тек қазақ тілі ғана билік құра алады. Ағылшын тілі – қазақ жерінің жаңа әлемге ашар есігі. Біз өзге тілдерден қорықпауымыз керек. Керісінше, сол тілдерді пайдалана отырып өзімізді   өзгелерге   таныта   білуіміз   қажет.   Мәселен,   М.Әуезовтің   «Абай   жолы»   романы ағылшын тіліне аударылмаса Абайдай ғажап ақынымызбен қалай мақтанар едік?  Білім берудің маңызды стратегиялық міндеті бірінші қазақстандық білім дәстүрлерін сақтау   болса,   екінші   жағынан   халықаралық   біліктілік   сапасын,   лингвистикалық   білімін жетілдіру, ең негізгісі мемлекеттік тілді және шет тілдерін меңгеруді қамтамасыз ету болып табылады.   Өйткені,   заман   талабына   сай   жеке   тұлғаны   көп   мәдениеттілікке,   бәсекеге қабілеттілігін   қалыптастырудың   негізі,   білім   беруді   жетілдірудің басым   бағыттары   болып табылады.   Жаңа   заманда   Қазақстанның   бағыт­бағдарын   айқындайтын   ішкі   және   сыртқы саясат   ағымындағы   бүкіл   қоғам   болып   жұмылатын   іс­әрекеттің   бірі   ­   мемлекеттік   тілдің мәртебесі.  Ұлт тілі мемлекеттік тіл ретінде ұлттың рухани байлығын сақтайтын, дамытатын, ұрпақтан   ұрпаққа   жеткізетін   қазына.   Алдыңғы   ұрпақтармен,   ата­бабаларымызбен   рухани сабақтастығымызды жоғалтып алмас үшін, бүгінгі және ертеңгі ұрпақтың сана сезімін ана тілі негізінде оятып, тәрбиелеп отыру оқушылар мен ата ­ ананың міндеті. Жеке тұлға шетел тілін үйрене отырып, сол тілде сөйлейтін халықтардың тарихымен, мәдениетімен, өнерімен, салт­ дәстүрімен   таныс   болады   және   ғылымның   соңғы   жаңалықтарынан   хабардар   болады.  Шетел тілін білуді қалаған адам өзіне жаңа біртұтас әлем ашады. Бір   тіл   білсең   бір адамсың, екі тіл білсең екі адамсың, үш тіл білсең үш адамсың дегендей еліміздің білікті де, білімді маманы болу үшін арнайы ғылыми еңбектерді шетел тілдерінде оқып­үйрену – бүгінгі күннің өзекті мәселелерінің бірі. « Жеті жұрттың тілін біл, жеті түрлі білім ал» деген ата­бабамыздан қалған сөз нақты осы уақытқа сәйкес келмек. Жеке тұлғаны қалыптастыруда ана тілімен қатар шетел тілін меңгеру заман талабы. Жеткіншек жастардың   өз   дәрежесінде   тұлға   болып   қалыптасуы   жан   –жақты   болуы,     білімді   болуы қоғамымыздың,   өркениетіміздің   болашақта   дамуына,   алдыңғы   қатарлы   дамыған   елдер қатарына   қосылуына   жол   ашады.   Бүгінгі   оқушы   мен   студент   –   ертеңгі   күні   мемлекет қайраткері. «Тегінде адам баласынан ақыл, білім, ар, мінез қасиеттерімен» озады деген ұлы ақын Абай сөзі қай заманда да өз мәнін жоймақ емес. Сондықтан болар, білім беру жүйесін дамыту басты бағыт болып саналады.  Әлемдік ғаламдандырудың өткізгіші, ғаламдандыру тілі болып танылған ағылшын тілін білу ­ ағылшын тілді елдермен тиімді байланысқа түскен әлемдік деңгейде өз орнын ойып тұрып   ала   бастаған   Қазақстан   үшін   қажеттілік.   Қиындық   туғызатыны   ­   аталған   үш   тілді меңгерген мамандардың кездесе бермейтіні. Ендеше, аталған компоненттерден тұратын, яғни қазақ, ағылшын, орыс тілі қатысқан үштілділік сөйлермендерін дайындау кезек күттірмейтін мәселе.   Мәселені   түбегейлі   шешу  үшін   Қазақстанның   жоғары   оқу   орындарында   ағылшын, қазақ тілінен маман болып шыққан қазақтілді қазақ және басқа ұлт өкілдерін үштілділікке ыңғайлап қайта дайындаудан өткізіп, оларға үштілділік маманы деген құжат табыс еткен жөн деп ойлаймын. Қазақстанның тәуелсіз елге айналып, әлемдік өркениеттің даму жолына түсуі көптілді жетік меңгеруді талап етеді. Осыған орай, білім  беру жүйесінде мұғалімдерге,  я болмаса біздер   болашақ   тәрбиешілерге   қойылатын   талаптардың   бірі   —   өмірден   өз   орнын   таңдай алатын, өзара қарым­ қатынаста өзін еркін ұстап, кез келген ортаға тез бейімделетін, белгілі бір   ғылым   саласынан   білімі   мен   білігін   көрсете   алатын,   өз   ойы   мен   пікірін   айта   білетін полимәдениетті жеке тұлға қалыптастырып, бәсекеге қабілетті ұрпақ тәрбиелеу. Қазіргі заман талабына сай мұғалім не болмаса тәрбиеші үлкен дайындықпен, жаңаша әдіс­ тәсілдермен, түрлі тапсырмалармен ізденіс үстінде сабақты түрлендіріп отыруы қажет. Болашақ ұрпақтың дамуы ұстаздардың белсенділігіне, білім деңгейіне, шығармашылық іс­әрекетіне байланысты болмақ. бәсекеге зор.  Үштілділіктің маңызын түсіне білген жанның еліміз үшін болашақтағы алары да, берері де мол.   «Біз   ағылшын   тілін   игеруде   серпіліс   жасауымыз   керек.   Қазіргі   әлемнің   осы   «лингва франкасын» меңгеру біздің еліміздің әрбір азаматына өмірдегі шексіз жаңа мүмкіндіктерді ашады».   Осынау   мүмкіндіктерді   игеру   мақсатында   бүгінгі   білім   ордалары   үштілділікті енгізудің, оны тиімді жүргізудің тың жолдарынан ізденіс табуда. тәрбиелеудегі қабілетті   тұлғаны     еңбегі     Ал қазақ тілін, орыс тілін, ағылшын тілін білгізуге екі жол бар деп білемін: Біріншісі –   оқу   жоспарында   көрсетілген   вариативтік   сағаттарды   пайдаланып,   жалпы   орта мектептерде қазақ, орыс,  ағылшын тілін оқытуға апталық сағаттарды арттыруға болады. Екіншісі – сонымен қатар қазіргі көш басындағы Назарбаев зияткерлік, «Дарын» желісіндегі мектептерді көбейтсе, соларда қабілет­мүмкіндіктері бар балаларды жаңаша оқытуға болар еді   деп   есептеймін.   Өйткені   оларда   тиісті   материалдық­техникалық   оқу   базасымен жабдықтандыру   да,   керекті   лайықты   кадрлармен   қамтамасыз   ету   мүмкіндігі   де   ойға қонарлық. Бұның нәтижесінде мектеп бітіргенде, оқушының бойында шетел ағылшын тілінің жалпы базалық негіздері қалыптасып үлгеретін болады. Ондай оқушының одан әріде өз қалауы мен   мүмкіндігіне   қарай   қажет   болған   жағдайларда   ағылшын   тілінің   ғылыми­техникалық, жаратылыстану салаларын меңгеруі айтарлықтай тілдік қиындықтарға ұшырамайды. Бұл – мектепте қоғамдық ғылымдар негіздерін де меңгеруге, соның ішінде мемлекеттік қазақ тіліне де нұқсан келтірмейтіні анық. Яғни тұлғаның жан­жақты қалыптасу ұстанымы сақталынады деген   ойдамын.   Оқу   ордаларында   қазақ   тілін   оқыту   барысында   орыс   тілі,   ағылшын   тілі пәндерін бірлікте алу мұғалімнің шеберлігіне байланысты жүргізіліп жүр. Бұл жерде өтіліп отырған   бағдарламаға   сай   үш   пәнді   бірлікте   ала   отырып,   пәнаралық   байланысты   жүзеге асыруға болады. Алайда дәстүрлі оқытуда тек аударма жасатумен ғана шектеліп отырсақ, қазіргі оқыту технологиясында түрлі шығармашылық бағыттағы тапсырмалар бере отырып, оқушы­субьектінің ізденісіне, яғни, жеке тұлғаның әрекетін дамытуды мақсат етудеміз. Мен   оқып   жатқан   колледжде   оқытушылар   іс   –   тәжірибелерінде       оқушылардың интеллектуалдық   қабілетіне   түрткі   болатын   ойын   технологиясын   қолданып   жүр.   Өнімді нәтиже беріп жүрген іскерлік ойындары: «Полиглот», «Кім тапқыр?», «Үздік тілші», «Кел, сайысайық!», «Тілдер сөйлейді» сынды тағы басқа ойындарды өткізудің үштілді меңгертудегі маңызы   айрықша.   Оқушыларды   ойната   отырып,   үш   тілде   жүргізілген   сөзжұмбақтар, анаграммалар   олардың   коммуникативтік   құзыреттіліктері   мен   функционалдық сауаттылықтарын   арттыруға   негіз   бола   алады.   Сондай­ақ,   ақпараттық   технологияны: электрондық   оқулықтар,   презентациялар,   тест   т.б   түрлері   оқушылардың   қызығушылығын оятып,   уақыттарын   үнемдеуге,   қосымша   деректерді   тиімді   қолдануға   түрткі   болды. Шығармашылық жұмыстарға жетелейтін тапсырмаларды да оқушылар қызыға орындап, еркін аударма   жұмыстарын   жасауға   дағдыланды.   Мәселен,   «Мақал­мәтелдердің   үндестігі» салыстыру жұмысы оқушылардың жас ерекшелігіне байланысты ұсынылып, сыныбына орай күрделеніліп отырады. Бұл тапсырмада мақал­мәтелдерді тақырып бойынша табу, үш тілде аудармасын   ұсыну,   үндестігін   табу.   Бұл   жерде   оқушылардың   сөйлеу   тілдері   мен сауаттылықтарына назар аударылады. Ал осы тақырып бойынша қабілеті жоғары оқушыларға шығармашылық бағыттағы тапсырма «Мақал­мәтелдердің баламасын жаз» ұсынуға болады. Бұл   жерде   оқушылар   өздері   таңдаған   тақырыпта   үш­тілде   мақал­мәтел   ойлап,   баламасын жазуға талаптанады. Шығармашылық бағыттағы тапсырманың бір түрі: «Тіл тағдыры ақындар жырында».   Бұл   тапсырмалар   оқушылардың   ізденушілік   әрекеттеріне,   өз   беттерімен   білім алып, алған білімдерін ортаға салып, дәлелдеу дағдыларына түрткі болды. Ауызша, жазбаша сөйлеу   тілдерін   дамытты.   Пәнаралық   байланыстың   негізінде   оқушылар   әр   пәннен   алған білімдерін тоғыстыра отырып, өз мақсаттарына жете білуге дағдыланды. Үштілділікті әдебиет сабағында да жүйелі түрде қолданып келеді.  Қорытындылай келгенде, болашақ жастарымыз өз тілін ардақтай отырып, заман талабы тудырып отырған үш тілде еркін сөйлеп, әлемнің кез­ келген жерімен еркін байланысқа түсіп жатса еліміздің ертеңінің көркейте түсері сөзсіз. Олай болса бүгінгі талапкерлерге әлемдік кеңістікке қанат қағып, шет тілін меңгерсем деп талап білдіргендерге сәттілік тілейік. Тіл білу – байлық. Әсіресе, өркениетті еліміздің дамуына үлес қосқымыз келсе, көп тілді игерген азаматтарға қарап   қуанатынымыз да белгілі.Үштұғырлы  тіл өмірдің қажеттілігі. Бұл бүгінгі елдің тыныс­тіршілігін айқындайды және жалпыға ортақ қалыпты норма болып саналады. Үш тілді қатар меңгеру бәсекеге қабілетті ел  азаматының  міндеті.  Қазақстанның білікті, білімді әр азаматын ғаламдық ақпараттар мен  инновациялық ағынына   ілесу   ағылшын   тілін   үйренуге   жетелейді.   Әрине,   кез   келген   азаматтың   үш   тілде сөйлегені   дұрыс,   үш   тілді   қатар   меңгергеннен,   тіл   білгеннен   ешкім   де   ұтылмайды.   Алда тұрған мақсатқа жету үшін  талаптану да, тырысу да өз қолымызда.  Көп болып қолға алынған іс әрқашан да жүйесін табады. Бір ауыз сөз көкке де көтереді, бір ауыз сөз жерге де кіргізеді. Алдымен қарым­қатынас тілінен бастасақ ештеңеден де ұтылмай ақпарат ағымында үш тілде сөйлей   алатынымызға   ешкімнің   де   шүбәсі   болмайды.   Игілікті   істің   ерте­кеші   жоқ   екенін ұмытпай, алдымен қазақ, кейін ағылшын тілін үйренсек құба­құп. Жоғарыда айтып өткенімдей, мектептерімізде  болсын, колледждерімізде болсын  көп тілділік қалыптасқан дәстүр. Осы дәстүрімізді қиратпай, жетілдіре түссек, нұр үстіне нұр. Дәлірек   айтар   болсақ:   жаратылыстану,   математика   және   техникалық   пәндерді   барлық мектептерімізде   жаппай   және   біржола   ағылшын   тілінде   оқытуға   бірден   көше   салуға қарағанда, өзімізде бар дәстүрді пайдалану қай жағынан да тиімді деп ойлаймын. Көптілділік   —   заман   талабы.   Бір   халықтың   мәдениетін   басқаларымен   салыстыру арқылы ғана, әлем суретін әр алуан әрі тұтас көруге мүмкіндік беретін ұлттық мәдениеттің барлық ерекшеліктерін және құндылықтарын сезінуге болады. Көптілді оқыту­ жас ұрпақтың білім   кеңестігінде   еркін   самғауына   жол   ашатын,   әлемнің   ғылым   құпяларына   үңіліп,   өз қабілетін танытуына мүмкіншілік беретін бүгінгі күнгі ең басты қажеттілік. Бүгінгі тез өзгеріп жатқан дүниеде өмір сүріп, еңбек ету үшін жан­жақты болу қажет.  Осыған орай, бүгінгі таңда Қазақстанға   ақпараттық­технологиялық,   ғылыми,   медициналық,   оқу­әдістемелік   т.б. салаларда жаңалықтарды, әлемдік ілгері тәжірибелерден хабары болып, бұл жаңалықтарды өзінің ана тілінде халқының игілігіне пайдалану үшін халықаралық байланыстарды нығайту қажет.                                                            ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ 1. Н.Ә.Назарбаев  (Қазақстан халқына жолдауы). Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан. 2.  Жарықбаев Қ. Аталы сөз.– Алматы: Жалын, 1980.  3.  Ақиқат. 2013 жыл, №1. «Қазақстан – 2050» стратегиясы – қалыптасқан мемлекеттің жаңа  саяси бағыты. Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына  жолдауы 4.  Ақиқат. 2011жыл, №5. «Қазақ тілін білу ­ әншейін бір ұран емес», Н.Ә.Назарбаевтың  Қазақстан халқы ассамблеясының ХҮІІ сессиясында сөйлеген сөзі 5. Хасанұлы Б. Тілдік қатынас негіздері,А, 2008ж. 6. Әбдуәли Т.Үштұғырлы тілден түңілмейік  7. Тәңірбердіқызы Т. Ағылшын тілі мемлекеттік тілмен бәсекелес емес

Статья " Трехязычие"

Статья " Трехязычие"

Статья " Трехязычие"

Статья " Трехязычие"

Статья " Трехязычие"

Статья " Трехязычие"

Статья " Трехязычие"

Статья " Трехязычие"
Материалы на данной страницы взяты из открытых истончиков либо размещены пользователем в соответствии с договором-офертой сайта. Вы можете сообщить о нарушении.
02.03.2018