Статья на тему - ANDROID STUDIO-ДА ҚАРАПАЙЫМ СУРЕТКЕ АНИМАЦИЯ ҚОСУДЫҢ ӘДІСТЕРІ
Оценка 4.9
Разработки уроков +1
docx
информатика
Взрослым
07.10.2019
Бұл мақалада Android Studio бағдарламалау ортасында суреттерге қозғалыс беру жолдары қарастырылды. Мобильдік қосымша құруда статикалық контент үлкен әсер бере алмайды, ал пайдаланушылардың назарын аударатын әртүрлі анимация эффектілерін құру әлдеқайда қызықтырақ. Android-та анимациялардың бірнеше түрлері бар. Біз танысу үшін солардың бір түрін "Күннің шығуы" анимациясы мысалы ретінде қарастырдық
Статья_Елепбергенова.docx
ӘОЖ 004
ANDROID STUDIOДА ҚАРАПАЙЫМ СУРЕТКЕ АНИМАЦИЯ
ҚОСУДЫҢ ӘДІСТЕРІ
А.У.Елепбергенова, Г.А.Мурсакимова, Э.С.Сергазинова
І.Жансүгіров атындағы Жетісу мемелекеттік университеті,
Талдықорған қ., aigul_eu@mail.ru
Аннотация
Бұл мақалада Android Studio бағдарламалау ортасында суреттерге
қозғалыс беру жолдары қарастырылды.
Мобильдік қосымша құруда
статикалық контент үлкен әсер бере алмайды, ал пайдаланушылардың назарын
аударатын әртүрлі анимация эффектілерін құру әлдеқайда қызықтырақ.
Androidта анимациялардың бірнеше түрлері бар. Біз танысу үшін солардың
бір түрін "Күннің шығуы" анимациясы мысалы ретінде қарастырдық.
Түйін сөздер: Android Studio, set, translate, alpha, scale, анимация.
Аннотация
В этой статье мы рассмотрели возможности создания анимации для
простых рисунков. Статичный контент не очень интересен. Гораздо
интереснее создавать различные анимационные эффекты, которые привлекут
внимание пользователя. В Android доступны несколько видов анимации. На
примере мы будем использовать анимацию из фигур, создав иллюзию восхода
солнца.
Ключевые слова: Android Studio, set, translate, alpha, scale, анимация.
Abstract
In this article, we discussed the possibilities of creating animations for
simple drawings. Static content is not very interesting. It is much more interesting
to create various animation effects that will attract the user's attention. In Android,
several types of animation are available. For example, we will use the animation
from the figures, creating the illusion of sunrise.
Keywords: Android Studio, set, translate, alpha, scale, animation.
Қазіргі таңда заман талабына сай миникoмпьютeрлер мен смaртфoндар
көптеп шығарылуда. Мoбильдiк құрылғылaрғa oрнaтылaтын eң тaнымaл
плaтфoрмaлaр Android жәнe iOS бoлып тaбылaды, мұндaй мoбильдiк
құрылғылaр aрқылы aдaмдaрдың жaңaлықтaрдaн хaбaрдaр бoлyы жaңa
мoбильдiк қoсымшaлaрғa қaжeттiлiктi тудырyдa. Мобильдік қосымша құруда
статикалық контент үлкен әсер бере алмайды, ал пайдаланушылардың назарын
аударатын әртүрлі анимация эффектілерін құру әлдеқайда қызықтырақ. Сондықтан бұл мақалада Android Studio бағдарламалау ортасында суреттерге
қозғалыс беру жолын қарастыруды жөн көрдік.
Javaда сурет салуды бастау үшін, біз Java координаталар жүйесін (1
сурет) түсініп алуымыз керек. Үнсіз келісім бойынша GUI (мысалға, терезе)
компонентінің жоғары сол жақ бұрышы (0, 0) координатасына тең.
Координаталар экранда графиканың қай жерде орналасатындығын көрсету
үшін пайдаланылады. Координаттар бірліктері пикселдермен өлшенеді.
Пиксел бұл монитордың ең кішкентай өлшем бірлігі.
(0, 0)
+x
x-axi
s
(x,y)
+y
y-axi
s
1сурет. Java координаталар жүйесі
"Күннің шығуы" анимациясын құрайық. Androidта анимациялардың
бірнеше түрлері бар. Біз танысу үшін солардың бір түрін қарастырамыз.
Күннің шығуын көрсететін, фигуралардан құралған анимацияны
қолданамыз. "My_Animation" атты жаңа жоба құрайық.
Бірінші күннің суретін салып аламыз. Егер res бумасында drawable
бумасы жоқ болса, онда оны жаңадан құрып аламыз. Құрылған бумада
sun.xml файлын құрамыз, мазмұнына төмендегі мәтінді енгіземіз:
Күннің суретін салу үшін Oval фигурасын және ол әдемі болуы үшін
қоңыр сарыдан ашық сарыға ауысатындай градиентті пайдаландық.
Енді аспанның суретін салайық, сол drawable бумасында sky.xml жаңа
файлын құрамыз:
Көкшіл градиентті төртбұрыш түріндегі фигура бердік.
Күн, аспан келтірілген соң шөптің де суретін қосып қояйық. Drawable
бумасында бумада grass.xml файлын құрамыз:
Градиентті жасыл төртбұрыш салдық. Фигураларды жинақтайық, ол
үшін res/values бумасындағы strings.xml файлын ашып төмендегі жолдық
ресурстарды қосамыз:
Күн
Шөп
Аспан
activity_main.xml негізгі белсенділік терезесін ашып, бірнеше
ImageView элементтерін қосайық:
ImageViewтің барлық элеметтерінің android:src атрибутында экранда
көруге болатын құрылған фигураларды жаздық.
Күннің шығу анимациясына тоқталайық, біз күн, аспан және шөптің
суретін салдық. Енді күнді қозғалысқа келтірейік, күн төменнен жоғары
бөлікке көтерілуі керек. Ол үшін анимация файлдары орналасатын жаңа
res/anim бумасын құрамыз. Осы бумада sun_rise.xml файлын құрып,
төмендегі мәтінді енгіземіз:
Set
бөлігіне анимация бөлшектерін орнаттық.
Мысалы,
android:duration параметрі анимация 5 секунд ішінде аяқталуы керектігін
көрсетеді. fillAfter параметрі анимация күйін басқарады, ол басына секіріп
кетпеуі керек. android:interpolator параметрі анимацияның басынан ортасына
дейін кішкене жеделдету және ортасынан бастап соңына дейін тежеу үшін
жүйе тұрақтысын пайдаланады.
Set бөлігінің ішінде анимация сипаттамаларына (позициясы, мөлдірлігі
және өлшемдерін өзгерту) жауап беретін арнайы бөліктер орналастырылады.
Мысалы, күн фигурасы ортасынан біркелкі ісіну арқылы өзінің бастапқы
өлшемінен (scale) 1,5 есеге үлкейеді.
Translate элементі күнді экран бойымен тігінен жоғары қарай қозғайды.
"p" суффиксін қолданып, бастапқы элементке сүйенеміз. Күн қозғалысын Y
осі бойынша бастапқы элементтен 70% позицияда бастап, 20% позицияда
қозғалысын аяқтайды. Сонымен қатар қозғалыс кезінде күннің мөлдірлігі
(alpha) өзгереді.
Программалауға көшеміз:
package com.example.aigul.my_animation;
import android.os.Bundle;
import android.app.Activity;
import android.view.Menu;
import android.view.animation.Animation;
import android.view.animation.AnimationUtils;
import android.widget.ImageView;
public class MainActivity extends Activity {
@Override
protected void onCreate(Bundle savedInstanceState) {
super.onCreate(savedInstanceState);
setContentView(R.layout.activity_main);
// күнге сілтеме аламыз
ImageView sunImageView = (ImageView) findViewById(R.id.sun);
// күннің шығуына арналған анимация
Animation sunRiseAnimation = AnimationUtils.loadAnimation(this,
R.anim.sun_rise);
// қажетті Viewке анимация қосамыз
sunImageView.startAnimation(sunRiseAnimation);
}
}
Жобаны іске қосып, нәтижесін 2ші суреттен көреміз. 2сурет. «Күннің шығуы» анимациясы
Қорыта келгенде, мақалада анимация жасау жолын мысал келтіре
отырып ашуға тырыстық. Мобильді құрылғыларға қарапайым ойын құруда,
қосымшалар жасау кезінде, кескіндермен жұмыс тақырыбына арналған
практикалық сабақтарда біздің мақаламыздың көмегі тиеді деген сенімдеміз.
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР:
1. Майк МакГрат, Создание приложений на Android для начинающих,
Эксмо, 2016, 192 стр
2. Пол Дейтел, Харви Дейтел, Александер Уолд, Android для
разработчиков, Питер, 2016, 512 стр
3. http://developer.alexanderklimov.ru/android/sunrise.php
Статья на тему - ANDROID STUDIO-ДА ҚАРАПАЙЫМ СУРЕТКЕ АНИМАЦИЯ ҚОСУДЫҢ ӘДІСТЕРІ
Статья на тему - ANDROID STUDIO-ДА ҚАРАПАЙЫМ СУРЕТКЕ АНИМАЦИЯ ҚОСУДЫҢ ӘДІСТЕРІ
Статья на тему - ANDROID STUDIO-ДА ҚАРАПАЙЫМ СУРЕТКЕ АНИМАЦИЯ ҚОСУДЫҢ ӘДІСТЕРІ
Статья на тему - ANDROID STUDIO-ДА ҚАРАПАЙЫМ СУРЕТКЕ АНИМАЦИЯ ҚОСУДЫҢ ӘДІСТЕРІ
Статья на тему - ANDROID STUDIO-ДА ҚАРАПАЙЫМ СУРЕТКЕ АНИМАЦИЯ ҚОСУДЫҢ ӘДІСТЕРІ
Статья на тему - ANDROID STUDIO-ДА ҚАРАПАЙЫМ СУРЕТКЕ АНИМАЦИЯ ҚОСУДЫҢ ӘДІСТЕРІ
Материалы на данной страницы взяты из открытых истончиков либо размещены пользователем в соответствии с договором-офертой сайта. Вы можете сообщить о нарушении.