Сценарий классного часа на тему: "Национальная валюта - тенге"
Оценка 4.8
Разработки уроков
doc
воспитательная работа
7 кл
12.12.2018
Мақсаты: Қазақстанның ұлттық ақшасына көшу тарихы, оның маңызын түсіндіру.
Білімділік: ақшаның пайда болу тарихы, өз ұлттық теңгеміздің айналымға кіруі, қалай, кімдер жасағаны туралы мағлұмат беру. Басқа ел валюталарымен таныстыру. Жаңадан айналымға енген ұлттық валюта, оны енгізудің қажеттілігі, безендірілуі туралы кеңірек таныстыру.
Дамытушылық: оқушылардың ақша туралы түсініктерін кеңейту, белсенділіктерін дамыту.
Тәрбиелік: оқушылардың Қазақстанның тәуелсіз мемлекет ретінде қол жеткізген жетістіктеріне мақтаныш сезімдерін ояту.
_лтты_ валюта- т_л те_ге Ма_саты_ _аза_станны_ _лтты_ а_шасына к (1).doc
Ұлттық валюта төл теңге
Мақсаты: Қазақстанның ұлттық ақшасына көшу тарихы, оның маңызын түсіндіру.
Білімділік: ақшаның пайда болу тарихы, өз ұлттық теңгеміздің айналымға кіруі, қалай, кімдер
жасағаны туралы мағлұмат беру. Басқа ел валюталарымен таныстыру. Жаңадан айналымға енген
ұлттық валюта, оны енгізудің қажеттілігі, безендірілуі туралы кеңірек таныстыру.
Дамытушылық: оқушылардың ақша туралы түсініктерін кеңейту, белсенділіктерін дамыту.
Тәрбиелік: оқушылардың Қазақстанның тәуелсіз мемлекет ретінде қол жеткізген жетістіктеріне
мақтаныш сезімдерін ояту.
Көрнекілігі: ақшаның түрлері, интерактивті тақта, слайд, бейнетаспа
Барысы:
Қайырлы күн, құрметті ұстаздар мен оқушылар!: Біздің Отанымыз егеменді, тәуелсіз қазақ
мемлекеті. 130 дан аса ұлт өкілдері тұратын осынау қасиетті мекенде, асқақтаған өлкеде, кеңдігі
керемет дархан далада, егіні теңіздей толқыған, төрт түлігі мыңғырған, өндірісі өркендеген
мекенде өмір сүруші әрбір адам өз Отанын жанындай сүйіп, оның көк байрағын көкке көтеруді
мақтаныш тұтады. Олай болса Тәуелсіздігімізге шаң жұқтырмай, оны ең қымбат бұйымымыздай
сақтап, құрметтеп келер ұрпақтар қолына аманат етіп тапсыруға тиіспіз. Бүгінгі ісшарамды
жұмбақпен бастамақшымын:
Әлемнің тынысы
Байлықтың белгісі
Ол не? ... (ақша, теңге)
Олай болса Мың жаса, тәуелсіз Қазақ елі! дей келе «Ұлттық валютатөл теңге» атты танымдық
ісшарамызды бастаймын.
Міне, бүгін теңге күнім – мерекем,
Қандай дұшпан «олай бұлай» дер екен.
Осы теңге арқасында келешек,
Елге келер тойымшылық, берекем.
Әр мемлекеттің өзіне тән белгілері болады. Бүгінгі сабағымызда сол басты белгілердің бірі
Қазақстанның ұлттық валютасы теңге туралы әңгімелейміз.
Ақша ертеден адамзат пайда болуымен қатар өмір сүріп келеді. Әлемде күн сайын қыруар адам
тауар сатып алғанда, қызмет атқарғанда ақшамен байланыста болады. Ақша дегеніміз не?
/ Оқушылардың жауаптары /
Ақшажалпыға бірдей балама ретінде барлық басқа тауарлардың құнын көрсететін ерекше
тауар. Ақша барлық тауар өндірушілер, сатушылар, тұтынушылар арасындағы экономикалық
байланысты қамтамасыз етеді.
Ақша туралы ырымдар (бейнетаспа көру) және қосымша оқу
«Қағаз купюр мен металл тиындар (ақшалар) өздерін қадірлеп, қастерлеп, аялағанды жақсы
көреді. Әдемі де сәнді әмиянда салынған ақша сол жерден шыққысы келмейді.
«Қолыңызға ақша тұрақтамаса, өзгеден емес, ақшаны қадірлей алмаған өзіңізден көріңіз»
«Қалтаңызда ақшаны умаждап, жыртып, майыстырып ұстамаңыз. Онда қаржыдан тапшылық
көресіз. Және де ақша өзін үнемдеп, ұқыпты түрде ұқсатқанды ұнататын көрінеді.
Ал «ақша жоқ» деп жылай беретіндердің тиыны теңгені құрамай, қанша ақша тапса да
құмға сіңген судай құри береді екен. Яғни, жоқ десең, жоғала береді.
Ой қозғау: ақша қандай қызмет атқарады? (жауаптары)
ақша – құн өлшемі, айналыс құралы, қазына, қор, төлем құралы 7 ғ. ақшалар мыстан, күмістен және алтыннан жасалды. Алтын айналысына бірқатар елдер 19 ғ.
екінші жартысында өтті.
Алғашқы қағаз ақшалар қай елдерде пайда болды?
Алғашқы қағаз ақшалар б.з. 12 ғ. Қытайда, 1690 ж. Ұлыбритан отары болған солтүстік Америкада,
1762 ж. Австрияда және 1769 ж. Ресейде пайда болды. Бірінші дүниежүзілік соғыс жылдары қағаз
ақшалар барлық елдерде шығарылды.
Кезкелген ақшадан әрбір елдің өткенін, бүгінгісін және болашағының бейнесін , яғни тарихын
көруге болады.
Бүгінгі таңда ақша тарихын зерттейтін арнайы ғылым саласы бар. Ол
нумизматика деп аталады.Онда тиындар, құйма ақша кесектері, т.б. ескерткіштер арқылы тиын
соғу тарихы кеңінен зерделенеді. Нумизматика ғылым ретінде 18 ғ. Екінші жартысында пайда
болды, оның негізін салушыВена нумизматигі И. Х. Эккель.
Алғашқы металл тиындар Грекия мен Кіші Азияда күмістен соғылған.
Қазақ жерінде пайда болған монеталар мен қағаз ақшалар туралы не білесіңдер?
Б.з. 704706 ж. Таразда арнайы теңгелер құйылып айналымға енгізілген. Оның бетінде « Түргеш
қаған теңгесі» немесе «Түркінің көк ханының теңгесі» деген анықтама жазулар болған. Орта
ғасырда Қазақстан жерінде Тараз, Отырар, Испиджаб қалаларында теңге соғатын сарайлар болған.
1271 ж. айналымға енген жаңа реформа бойынша алтын ақша орнына күміс ақшалар көбірек
қолданысқа енгізілді. Сонымен қатар ақша тарихында Өзбек хан , Жәнібек хан, Бердібек,
Наурызбек, Қызыр хандардың атынан шығарылған Алтын Орда теңгелерінің Жетісу мен
Түркістаннан бастап Еділ жағалауына дейін таралғаны белгілі.
Қазақстан валютасының пайда болу тарихы
1991 жылға дейін КСРО құрамына енген 15 республикалардың ортақ ақшасырубль болды.
Тәуелсіздік алғаннан кейін әр ел өзінің теңгелерін шығара бастады. Елімізде ақшаны бастыратын
фабрика жоқ болатын. Тіпті құнды қағаз бастыратын қаржы да тапшы болатын. Теңгені дайындау
үрдісі өте құпия түрде жүргізілді. Оның бәріне қаржы керек болды, сондықтан Жоғарғы Кеңестің
және Елбасының келісімімен Қазақстанда өндірілетін алтын мен күмісті сатып ала бастады. 1990
жылдардың басында Қазақстан бар болғаны 6 тоннадай алтын шығаратын. Бір жылдың ішінде бұл
көрсеткіш 8 тоннаға жетті, екінші жылы 10 тоннадан асып кетті. Осылайша алтын қор құрылды.
Артынша 600 тоннадай күміс сатып алынды. Одан кейін күмісті щетелге шығарып сатты, осыдан
қаражат табылды. Франция, Германия, АҚШ, Жапония, Испания секіді ірі мемлекетерге барып,
олардың ақша шығару технологиясы зерттелді. Сол кезде мақсат шет елде валютаны шығару емес,
сол технологияны елге әкелу болатын. Теңге Ұлыбританиядағы “Харрисон және оның ұлдары” деп
аталатын банкнот фабрикасында басылатын болды. Елбасының сөзінен: «Ил76» төрт ұшағын
жалдап алып, ақшамыздың 60 пайызын тасып әкелдік. Құжаттарға: «Мемлекет басшысының
салынып жатқан резиденциясына керекті мүлік» деп жазылды. Оған дейін облыстарда жерасты
қойма жасатып қойдық. Төрт ұшақ аптасына ЛондонОрал, одан облыстарға дейін әрліберлі он
сегіз рейс жасап тұрды. 12 қарашаны мен ақшаны енгізу күні деп жарияладым. Жиырма күнге
жетер жетпес уақыт қалды. ҰҚК басшыларының бәрін операцияны өткізуге жұмылдырдым. Ең
қиыны – ақшаны барлық аудандарға, барлық банкілерге жеткізу. Ол сегіз күннің ішінде атқарылып
шықты. Бәлкім дүние жүзінде жаңа ақшаны енгізу тап осындай тез әрі табысты жүзеге асырылған
жоқ шығар» деп сонау 1993 жылдарды еске алады Елбасы Н.Ә. Назарбаев.
1993 жылдың күзінде Қазақстан ТМД елдерінің ең соңында рубль аймағынан шықты.
15 қарашада сағат 8де Қазақстан мемлекетінде ұлттық валюта –теңге енгізілді.
Қазақ валютасын өмірге келтірген суретшілер: Тимур Сүлейменов, Мендібай Алин,
Ағымсалы Дүзельханов, Қайролла Әбжәлелов. Теңге Ұлыбританияның әлемге әйгілі әрі ең көне
«Харрисон және оның ұлдары» деп аталатын банкноттық фабрикасында / 400 жылдан астам тарихы
бар / басылып шықты.
Теңгені Қазақстанға әкелу барысында біраз қиындықтар болды. Біріншісі, ақща тиелген
ұшақты басқа елдердің аумағында қонбайтындай болып жоспарланған, бірақ ұщақтың майы жетпей Ресейдің бір әуежайында қонуға тура келді. Екіншісі, Ақтауда кеден комитеттің өкілдері «ұшақта
не бар, тексереміз!» деп әрекеттенген.
Жалпы, әлемдік тәжірибеге жүгінсек, қағаз ақша купюрасын басып шығаруға кемінде 2
жылдай уақыт керек екен. Айтқандайақ, ағылшын фунтын дайындау 6 жылға созылыпты.
Отандық суретшілердің айтуынша, қазақ теңгесі бірнеше айдың ішінде басылып шықты. Қазіргі
күні әу бастағы Сүйінбай, Құрманғазы, Шоқан, Абайдың портреттері басылған банкноталар бүгін
тарих қойнауында қалды.
Мемлекетаралық қатынастары ескеріліп 1 теңге 500 рубль болды. Ал бірінші айналымға енген 1
теңгенің АҚШ долларына шаққандағы құны 4,35 теңге болды. Қазақстанның ақша сарайы металл
тиындарды шығаруға дайын болмағандықтан жедел түрде қағаз түрінде шығарды, бірақ 1 жылдан
соң оларды металл тиындарға ауыстырды. 1994 жылы қағаз тиындар жезден жасалған
монеталармен алмасты.
Жаңа үлгідегі банкноттар 2006 жылы 15қарашада ұсынылды. Соңғы уақытта қолдан жасау
фактілерінің өсуі негізінен офистік компьютерлік , көшіру және басу техникасының өсіп отырған
мүмкіндіктеріне қатысты. Ақшаны қолдан жасаумен күрес саласы бойынша құқық қорғау
ұйымдарымен бірлесіп жұмыстар жүргізілуде.
Жаңа банкноттарды әзірлеу кезінде дизайынның бірнеше түрі тақырыпта жасалған болатын.
Банкноттардың түсі мен кейбір шағын элементтер , жартастағы бейнелер, қазақтың оюөрнектері
және бабалар мұрасының басқа да нысандары пайдалана отырып жасалды. Сыртқы жағында негізгі
көріністе табиғат ландшафттары қазіргі және бұрыңғы тарихымызбен, уақыттың ағымында
өзгеріссіз сәулет ғимараттарымен үйлестіріле берілген.
Теңгенің 16 құпия қорғанысы белгісі бар. Қазақстан теңгесі қазіргі ақша жасау
технологиясының соңғы жетістіктеріне сүйеніп жасалған. Құпия белгіні үкінің көзімен қарасаңыз
да, байқай алмайсыз.
Бас кезінде теңгелер тек қазақ тілінде болған, жаңасында орыс тілі де енгізілген. Екі тілде
болсын деген Президенттің Жарлығы болғаны белгілі.
(ақшаның тарихы баяндалған кезде, слайд көрсетіліп тұрады )
Ақшаның қандай түрін білесіңдер?
Ақша қай елде қалай аталады? (жауаптары. Әр елдің ақшалары слайд арқылы көрсетіледі)
р/с
1.
2.
3.
4.
5.
6.
7.
8.
9.
10.
11.
12.
13.
14.
15.
16.
17.
18.
Елдің атауы
Қазақстан
Ресей
Қытай
Өзбекстан
Қырғызстан
Түркменстан
Тәжікстан
Жапония
Монғолия
Үндістан
Франция
Швеция
Швейцария
Корея
Алжир
Украина
АҚШ
Армения
Валютаның атауы
теңге
рубль
юань
сум
сом
манат
сомони
йен
тугрик
рупий
евро
крона
франк
вон
динар
гривна
доллар
драм 19.
20.
Грузия
Әзірбайжан
лари
манат
Ресей рублі КСРО заманынан келеді. 90жылдардың басында Ресей өз рублін шығарды, жаңа
кезеңі басталды.
АҚШ долларын білмейтін адам кемдекем шығар. Бұл валютаның ататегі талер. Германиядан
шыққан. 1519жылдан бастап талердоллар болып өзгерді. 1785жылы АҚШтың ұлттық
Конгресінде Джефферсонның ұсынысымен Ұлттық валюта болып қабылданды.
Алдымен монеталар, кейіннен 1895жылдан бастап қағаз банкноттар шыққан. 1792жылдан бастап
Филадельфияда американдық доллар деген атпен шықты. Әлемнің 26 елі доллар атты валютаны
қолданады.
Европада евро деген валюта 1999 жылдың 1қаңтарынан бастап Австрия, Белгия, Испания,
Италия, Германия, Люксембург, Грекия, Португалия, т.б. 13 елде қолданысқа енді.
ЮаньҚХРдың ұлттық валютасы , 1835 жылы күміс монеталар, кейіннен қағаз банкноттар шыға
бастады. Юаньел билеген династияның құрметіне берілен атау.
Біздің теңгеміз болашақта қандай болады деп ойлайсыңдар?
(жауаптар)
Олай болса, біздің теңгеміздің болашағы мынандай болады:
Теңге отыр шалқайып,
Сом отыр шай құйып.
Доллар отыр қанжоса,
Франк болса далбаса.
Лира жатыр естүссіз,
Иена отыр үнтұнсіз.
Рубль отыр жымиып,
Риял келеді тыриып.
Бәрі теңгеге қарайды,
Оған бата алмайды.
Аузына қарайды,
Айтқанын орындайды.
Теңгеден озбайды,
Оны тыңдайды.
Артық іс қылмайды,
Себебі теңге
Жамандық қылмайды,
Әділдікті қолдайды.
Жоғары айтқандарымызды қысқаша бекітіп көрейік.
Ақша деген не? (барлық басқа тауарлардың құнын көрсететін ерекше тауар)
Төл теңгеміздің туған күні? (1993 ж 15 қараша)
Ақша сақтайтын мекеме. (Банк)
Жеке есепшоты бар төлемқағаз. (карточка)
Ақша беретін құрылғы. (Банкомат)
Төлемді растайтын қағаз. (Чек)
Біздің елімізде қандай қалаларда «Теңге сарайлары» бар? (Өскемен мен Алматы)
Теңгенің неше құпия қорғанысы бар? (16 құпия қорғанысы бар) Қазақ теңгесі қайда басылды? (Ұлыбританияда «Харрисон және оның ұлдары» атты банкноталық
фабрикада)
Қорытынды:
Алла берсін берекесін теңгемнің,
О, Жаратқан, қамын ойла пендеңнің.
Ел басшысы Назарбаев бастаған,
Тәуелсізбіз, Қазақ деген елденбіз.
Ақмола облысы
Жарқайың ауданы
Тасөткел негізгі мектебі
А Л Ю Т А –
Е
Ұ Л Т Т Ы Қ В
Т Ө Л Т Е Ң Г Өткізген: Жолдыбаева Лязат Тулегеновна
тарих пәні мұғалімі
Сценарий классного часа на тему: "Национальная валюта - тенге"
Сценарий классного часа на тему: "Национальная валюта - тенге"
Сценарий классного часа на тему: "Национальная валюта - тенге"
Сценарий классного часа на тему: "Национальная валюта - тенге"
Сценарий классного часа на тему: "Национальная валюта - тенге"
Сценарий классного часа на тему: "Национальная валюта - тенге"
Материалы на данной страницы взяты из открытых истончиков либо размещены пользователем в соответствии с договором-офертой сайта. Вы можете сообщить о нарушении.