Сурет салу
Оценка 4.6

Сурет салу

Оценка 4.6
Домашнее обучение
docx
администрации
Детсад
18.05.2019
Сурет салу
. . . . .. . . . . . . . . . . . . .. . . . . . . . . .. . .. .. . .. . . . .. . . . . . .
сурет.docx
«Шығармашылық» білім беру саласы бойынша сурет салу ұйымдастырылған  оқу –қызметінің  технологиялық картасы. Күні, ай, жылы: 21.09. 2017 Тақырыбы:     Қағаз, қарындашпен таныстыру. Мақсаты:  а)көлденеңінен, тігінен сызықтар сызуды үйрету; ә) қағазбен, майлы қарындашпен таныстырып, жұмыс істеу дағдыларын қалыптастыру; б) үстелде дұрыс отыра білуге және еңбек етуге тәрбиелеу. Көрнекіліктер: демонстрациялық материалдар. Сөздік жұмыс: қағаз, қорап, бояу. Билингвалды компонент:  қағаз – бумага, қарындаш ­ карандаш Әрекеттердің  кезеңдері  Мотивациялық ­  қозғаушылық           Тәрбиешінің іс­әрекеті  Ұйымдастыру шылық ­  қозғаушылық Тәрбиеші балалардың назарын өзіне аударады.  Ертегі айтып береді.  ­Қазір мен сендерге ертегі айтып беремін. Ерте,  ерте, ертеде... бір қорап өмір сүріпті. Ол, міне,  мынадай екен (қорапты көрсетеді). Сырты қандай әдемі безендірілген (сыртқы суреттеріне  тоқталып өтеді де), оның ішінде не бар екен? (Қорапты қозғалтып, ішіндегі қарындаштарды  тықырлатады).  ­Тыңдап көріңдерші, бұл қорап ерекше, сиқырлы  қорап болды. Өйткені, ішіндегі таяқшалар да сиқырлы көрінеді. Кәне, ашып көрейік, ­ деп майлы қарандаштарды  жартылай ашып көрсетіп, ­ бұл таяқшалардың  түстері де сан алуан екен. (Қызыл және қара түсті қарандаштарды алып, балалардан олардың қандай түсті екенін сұрайды).  ­Бұл таяқшалар көңілді би билегісі келіп тұр.  (Олар қағаз бетіне кезек­кезек шығып би билеп,  «Көңілді із» қалдырмақшы болады). (Қағазбен  таныстырғанда ақ қағазды көрсете отырып келесі  сұрақтарды қояды). ­Мынау не? Түсі қандай? Ақ қағазға майлы қарандашпен сурет салуға  болады, бірақ қарындашты өте қатты бастыру  қажет емес. Егер қарындашты қатты бастырсақ,  қағаз жыртылып қалады. Сендер қағазды  жыртпаңдар, сонда біз көп нәрсенің суретін салып үйренеміз.  ­Қарындаштар көңілді би билей алады. (Қағаз  бетіне жоғарыдан төмен қарай бірнеше түзу  сызықтар жүргізеді).  ­Қандай әдемі түстер. Мынау қандай  қарындаштың ізі, кім айтады? Қызыл, көк, қара сызықтарды сызғанда қолды  Баланың іс­әрекеті Ертегіні тыңдайды.  Өздерінің көңіл күйлерін  білдіреді. Қораптағы дыбысты  тыңдайды. Балалар түстерін айтады. ­ Ол – қағаз. Түс –  ақ. Балалар «қарындаш» батыл, үзіліс жасамай жүргізіп көрсетіп,  балалардың қол, саусақ қимылдарын жетілдіруге  көңіл аударады. Қарындашты қалай ұстау  керектігін көрсетіп, 2­3 рет ауада сызық  жүргізеді.  ­Осы сызықтарды енді алдарыңдағы ақ қағазға  түсіріп көріңдер. ­Енді бұдан былай сурет салу бөлімінде қағаз бен  майлы қарындаштарды пайдаланып, әртүрлі  суреттер салып үйренеміз. Қарындаштарыңды  жинап, орнына қойыңдар. Қарындаштарын  жинайды. Қағаздарды тәрбиеші жинап алады да,  қарындашпен салынған суреттерді балаларға  көрсетіп, әрқайсысын бағалап әңгімелейді. «Өз түсіңді тап!» ойынын ұйымдастырады. Рефлексиялық ­  түзетушілік Балалар жұмысқа кіріскенде аралап, іс­әрекетіне  басшылық жасап, бағыт беріп, жұмыстарын  мадақтап, сабақты аяқтайды. деген сөзді 1 рет  қайталайды. Ақ қағазға майлы  қарындаштар арқылы  сызықтар сызады.  Сызықтарды көбірек  сызып, ойын­жаттығуды  орындайды. Ауада 2­3 рет  саусақтармен сызықтар  жүргізеді. Әр бала өзінің  қарындашының қандай із  түсіргенін түсіндіріп  айтады. Сызықтарды  батыл, дұрыс, түзу сыза  білуге жаттығады, бірнеше рет сызықтар жүргізеді.  «Өз түсіңді тап!» ойынын  ойнайды. Балалар бір­бірінің  жұмыстарын қарап,  өздерінің еңбектеріне  назар аударады. Күтілетін нәтиже:  Біледі: майлы қарындашпен сурет салуға болатынын. Игереді: қағаз, майлы қарындаш туралы және онымен іс­әрекет жасау туралы түсініктерді. Меңгереді: қағаз, майлы қарындашпен жұмысты, жұмыс істеу дағдыларын, ұқыпты еңбек  етуді. Толықтырған тәрбиешінің аты­жөні:_____________________________ Тексерген:_____________________________________________________ «Шығармашылық» білім беру саласы бойынша сурет салу ұйымдастырылған  оқу –қызметінің  технологиялық картасы. Күні, ай, жылы: 12.10.2017 Тақырыбы:     Әртүрлі түстегі қақпалар. Мақсаты: а)қарындашты үш саусақпен дұрыс ұстап отырып, ұшын сәл жоғары, қатты  қыспай, оң қолмен қағаз бетінде төменнен жоғары қарай, оңнан солға қарай, жоғарыдан  төмен қарай қысқа және ұзын сызықтар жүргізе білуді үйрету; Ә)балалардың саусақтарының бұлшықеттерін дамыту; Б)ұқыпты жұмыс жасай білуге тәрбиелеу; Көрнекіліктер: әр балаға бір­бірден сары түсті қағаз, екі түсті қарындаш ойыншық аю. Сөздік жұмыс: қақпа Билингвалды компонент: қақпа – ворото Әрекеттердің  кезеңдері  Мотивациялық ­  қозғаушылық           Тәрбиешінің іс­әрекеті  Баланың іс­әрекеті Балалар көңіл қойып  тыңдайды. Тәрбиеші қарындаштың көмегімен ұзын жолдарды  қалай салғандарын балалардың естеріне түсіреді.  ­Балалар, аю  өзіне керемет қорған салып, оның  қақпасын салуды ұмытып кетіпті, енді сендермен  ойнауға шыға алмай, қақпа жасауда өздеріңнен  көмек сұрап отыр.  ­Көмектесеміз бе, балалар? Ұйымдастыру шылық ­  қозғаушылық Рефлексиялық ­  түзетушілік ­Ендеше, біз қарныдаштың көмегімен аюдың  қорғанына әдемі қақпаларды салып, аюды өзімізбен ойнауға шақырамыз. Тәрбиеші алдымен балаларға қарындашты дұрыс  ұстатып, ауада қақпаның суретін салудыұсынады.  Содан кейін қарындашты үш саусағымен қыспай  ұстай отырып, қағаздың бетіне төменнен жоғары  қарай ұзын сызық, солдан оңға қарай қысқа сызық,  жоғарыдан төмен қарай ұзын сызық жүргізетінін  түсіндіреді.  Балалар жұмысқа кіріседі. Тәрбиеші балалардың  салған қақпаларын көріп, олардың әдемі болып  шыққанын айтып жатқанда аю келіп кіреді. Ол  балалардың салған суреттерін көріп, өзінің  ризашылығын білдіреді. Енді балалармен ойын  ойнағысы келетінін айтады.  Бәрі бірге «Бейнені құрастыр» ойынын ойнады. Барлық баланың салған суреттерін тақтаға іліп,  тәрбиеші балалардан қандай түсті қақпа  салғандары жайлы сұрайды.  Аю балаларға көтеріңкі көңіл күй сыйлайды, ол  үшін көңілді музыка қойылып, барлығы аюмен  бірге би билейді.  Күтілетін нәтижелер: ­Көмектесеміз. Балалар тәрбиешімен  бірге ауада сызықтар  сызып, қақпаның суретін  салады. Балалар  тәрбиешінің нұсқауы  бойынша төменнен  жоғары қарай ұзын,  оңнан солға қысқа,  жоғарыдан төмен қарай  ұзын сызықтар жүргізеді.  Балалар да аюмен  ойнағысы келетінін  білдіріп, өз қалаулары  бойынша ойын ойнайды. Балалар өздерінің салған  суреттері жайлы  әңгімелейді. жасайды: қарындашпен қақпа салуды. түсінеді:бір­біріне, басқа да адамдарға деген достық сезімді. қолданады: төменнен жоғары, солдан оңға және  жоғарыдан төмен сызықтар сызуды,  қарындашпен жұмыс жасау техникасын.  Толықтырған тәрбиешінің аты­жөні:_____________________________ Тексерген:_____________________________________________________ «Шығармашылық» білім беру саласы бойынша сурет салу ұйымдастырылған  оқу –қызметінің  технологиялық картасы. Күні, ай, жылы: 28.09.2017 Тақырыбы:  Жау­жау, жаңбыр. Мақсаты:  а) Сызықтарды қағаз бетіндегі кеңістікті дұрыс пайдалана отырып түсіруге  жаттықтыру,балаларды табиғат құбылыстарын бақылай отырып өз сезімдерін іс­әрекетте  бере білуге үйрету; ә)іс­әрекет барысында бейнелегендерін музыка әуенімен қимыл­қозғалыста үйлестіре  білуге бағыттау; б)табиғатқа деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу. Көрнекіліктер: бұлттар бейнеленген үлгі сурет. Сөздік жұмыс: жаңбыр тамшылары. Билингвалды компонент: жаңбыр – дождь Әрекеттердің  кезеңдері  Мотивациялық ­  қозғаушылық           Тәрбиешінің іс­әрекеті  Тәрбиеші балдалардың назарын өзіне аударып,  жұмбақ айтып береді, оның шешімін табуды  ұсынады. Тырс­тырс тамады, Тереземді қағады. ­Бүгін күн қандай? Ашық па? Бұлтты ма? Жаңбыр  жауып тұр ма? Балалар, бүгін күн салқын, жаңбыр  жауып тұр. Аспанды бұлт торлаған. Күн бұлттанса, жаңбыр жауады. ­Тақтадағы суретке қараңдаршы, бұл не? Түсі  қандай? ­Жаңбыр жауғанда қпндпй дыбыс естіледі? ­Кәне, тыңдап көрейік. ­Қалай тамып тұр екен? Тәрбиеші үстел үстін саусақтарымен тысырлатып,  жаңбыр дыбысын бейнелейді. ­Ой, жаңбыр қалай қатты құйып жауып кетті. Енді  екі алақандарыңды тізелеріңе қойып, шапалақтап  көріңдер. Балалар тәрбиешімен бірге аяқтарын тарсылдатып  дыбыс шығарады, бұл жаттығу балаларға жағымды  көңіл күй сыйлайды. Көркем сөз оқу. Баланың іс­әрекеті Балалар жұмбақтың  шешуін табады. ­Жаңбыр. Ауа райы туралы  білгендерін айтады. ­Бұлт. ­Түсі көк. ­Тырс­тырс. Балалар  тамшылар дыбысын  тыңдайды. ­Тырс­тырс тамып тұр.  Балалар да педагог  әрекетін қайталап  жасаап көреді. Балалар  тәрбиешінің айтқанын  қайталайды. Жауын­жауын жауады,     Бәрін суға малады.     Біз қарындаш аламыз,     Тамшыларды саламыз. ­Енді көк майлы қарындашты пайдаланып қағазға   жаңбыр тамшыларын түсіреміз. Қараңдар, бұлттан  төмен қарай тамшылар түсіп келеді. Бірнеше үзік қысқа сызықтармен салып көрсетеді.  Қағаз бетіне шашырата салуды қадағалайды.  Жұмыстарына басшылық жасап, аяқтаған  жұмыстарын мадақтайды. Музыка әуенімен  «Жаңбыр тамшыларын тосамыз» деген қимылды   ойын ұйымдастырады. Балаларға үзік сызықтар  немесе тамшыларды барлық қағаз бетіне көбірек  салу керектігі түсіндіріледі. Балаларға берілетін  қағазға гүлдердің суреті алдын ала салынған болуы тиіс. Нөсер жаңбыр жауып, гүлдерді әбден суға  қандырды деп әңгіме жүргізіледі.  Тәрбиеші балалардың салған суреттерін  мадақтайды. Көрме ұйымдастырылады. Ұйымдастыру шылық ­  қозғаушылық Рефлексиялық ­  түзетушілік Көк майлы қарындашты  алып, сурет салуға  кіріседі. Балалар қағаз бетіне  шашырата жаңбыр  тамшыларын бейнелейді.  «Жаңбыр тамшыларын  тосамыз» деген қимылды ойын ойнайды. Балалар  қағаз бетіне жаңбыр  тамшыларын көп етіп  түсіреді. Балалар өздерінің  еңбектері туралы  әңгімелеп береді,  достарының салған  суреттерін тамашалайды. Күтілетін нәтижелер: жасайды: табиғат құбылыстары жайлы қарапайым түсініктерді. түсінеді:жаңбырдың жауу түрлері және оны қағаз бетіне түсіру ерекшеліктерін. қолданады: қағаз бетіне жаңбыр тамшыларын үзік сызықтар арқылы салуды. Толықтырған тәрбиешінің аты­жөні:_____________________________ Тексерген:_____________________________________________________ «Шығармашылық» білім беру саласы бойынша сурет салу ұйымдастырылған  оқу –қызметінің  технологиялық картасы. Күні, ай, жылы: 19.10.2017 Тақырыбы:  Шағылысқан күн сәулесі. Мақсаты:  а)балаларға алақан мен саусақтар көмегімен күн бейнесін салу әдісін үйрету; ә)саусақ бұлшық еттерін және қимыл­қозғалыстарын жетілдіру; б)бояумен ұқыпты жұмыс жасауға тәрбиелеу. Көрнекіліктер:күн сәулесі салынған үлгі сурет. Сөздік жұмыс: күн нұры, сайрап. Билингвалды компонент: күн – солнце Әрекеттердің кезеңдері  Мотивациялық ­  қозғаушылық Баланың іс­әрекеті Балалардың көңіл  күйлері көтеріледі. Балалар өз ойларын  айтады. ­Ол – күн.                Тәрбиешінің іс­әрекеті  Тәрбиеші балаларға бүгінгі күннің қандай  тамаша екені, күн нұрын аямай төгіп  тұрғаны, күн барлығына қуаныш әкелетіні –  жапырақтар жайқалып, құстар сайрап, жан­ жануарлар атаулы тіршілік қамына кірісіп,  балалар көтеріңкі көңіл күйде болатыны  жайлы әңгімелейді. ­Ал біздің ойыншықтарымыздың күн сайын  далаға шығып, күннің көзін көретін  мүмкіндіктері жоқ. Олардың көңілдерін  көтеріп, күзгі күн сәулесімен жылынуына  көмектесеміз бе? Тәрбиеші балаларға жұмбақты шешуді  ұсынады: Ақ сандығым ашылды, Ішінен жібек шашылды. Ол не балалар? ­Ендеше бәріміз жарқыраған күн сәулесін  бейнелеп, ойыншықтарымызға сыйлайық.  Жұмыс бастамас бұрын бойымызды сергітіп  алайық. Сергіту сәті: Ұйымдастырушылық   ізденістер Өлең жолдарына сәйкес  қимылдар жасайды. Балалар «күн нұры»,  «сайрап» деген сөздерді  қайталайды. Балалар  қызығушылықпен  тыңдайды. Балалар өз бетінше  жұмыс жасайды. Қолдарын сары түсті  бояуға малып,  алақанның, саусақтың  көмегімен күннің  суретін салады. Жұмыс  соңынан балалар  қолдарын сулы  шүберекпен сүртіп  тазалайды. Ал, балалар, тұрамыз, Айналаны шоламыз. Күн нұрындай жарқырап, Жер бетіне қонамыз. ­Балалар, бүгін біз алдарыңда тұрған  бояулардың сырын ашамыз. Қарындашпен  сурет салған сияқты, бояумен де суреттер  салуға болады, алдарыңдағы сары бояуды  пайдалана отырып, алақанымыз бен  саусақтарымыз арқылы күннің  суретін  салайық. Бояумен жұмыс жасау  ұқыптылықты талап ететін ұмытпайық. Алдымен алақанымызды сары түсті бояуға  батырып, күннің домалақ бейнесін, ал  саусағымыз арқылы күннің сәулелерін  бейнелейік. Үлгі сурет бойынша балаларға сурет салу  ретін көрсетіп, түсіндіреді: ­Алдымен маған алақандарыңды жазып,  ашып көрсетіңдерші, бір­бірімізге  алақандарымызды тигізіп, күн жасап  ойнайық. ­Енді мына ыдыстағы (жалпақ ыдысқа алдын ала сары бояу құйып дайындап қою қажет)  сары түсті бояуға алақанымызды батырамыз. ­Алақанымызды ақ қағазға қойып, дақ  түсіреміз. (Тәрбиеші балаларды кезек­кезек шақырып,  алақандарын бояуға батырып, бояумен қағаз бетіне қалай дақ түсіруге болатынын іс­ әрекетпен көрсетеді. Алақанға жағылған  бояудың жан­жаққа шашырамауын  ескертеді). Алақанды бір рет бастырғаннан кейін  қағазды айналдыра қозғалтып, алақанды  саусақтарды шашырата отырып бастыру  керектігін, сонда күн сәулесі пайда  болатынын түсіндіреді. Алғаш дайын болған  суретке педагог күннің күлімдеп тұрған  бейнесін әдемілеп салады. Ол бейнеден  қуанышты, шат образ анық көрініп тұруы  тиіс. Балаларға мынадай өтініш айтады.  ­Ол сендерге риза болып, рахмет айтып тұр,  сендер де күн сияқты күлімдеп, өздеріңнің  көңіл күйлеріңді көрсетіңдер. Көңілділік әр  баланың өзінен басталса қандай жақсы.  Жұмыс соңынан қолдарын сулы шүберекпен  сүртіп, тазалауын қадағалайды. Қиналған балаларға жеке бағыт­бағдар Рефлексиялық ­  түзетушілік беріледі. Алақандарына жағылған бояудың  қағазға толық тиюіне көңіл бөледі. Тәрбиеші ойыншықтардың атынан балаларға «раxмет»  айтады. Енді бөлмеді үнемі көңілді болады  деп ескертеді. Тәрбиеші жұмыс соңынан балалардың  еңбегін мадақтап, топтың жарық болып  кеткенін, мұндай жарық жерде ойыншықтар  көңілді болатынын айтады. Балалар өз  жұмыстарына  қызығушылықпен  қарайды. Күтілетін нәтижелер: жасайды: алақан мен саусақ арқылы түрлі бейнелер салуға болатынын; түсінеді: суретті әртүрлі әдістермен салуға болатынын, ол әдістерді өз ойларынан  шығаруға да болатынын; қолданады: алақан мен саусақ арқылы күнді бейнелеуді. Толықтырған тәрбиешінің аты­жөні:_____________________________ Тексерген:_____________________________________________________ «Шығармашылық» білім беру саласы бойынша сурет салу ұйымдастырылған  оқу –қызметінің  технологиялық картасы. Күні, ай, жылы: 26.10.2017 Тақырыбы:  Жапырақтар түсуде. Мақсаты:  а)   қылқаламмен   таныстыру,сүйкей   жағу   арқылы   қағаз   бетіне   дақ   түсіруді үйрету. ә)   қылқаламмен   бояуды   пайдаланып   жұмыс   істеу   дағдыларын   қалыптастыру,   қолдың қимыл қозғалысын дамыту; б) ұқыпты жұмыс істей білуге тәрбиелеу. Көрнекіліктер:Қуыршақ   Айсұлу,   себетке   салынған   жапырақтар,   демонстрациялық материалдар.  Сөздік жұмыс: себет. Билингвалды компонент: себет – карзина. Әрекеттердің  кезеңдері  Мотивациялы қ ­ қозғаушылық                Тәрбиешінің іс­әрекеті    Баланың іс­әрекеті Балалар   тыңдайды. Жапырақтар   жерге көп   түсіп   жатқанын, ағаштың   басында   аз қалғанын айтады. ­Балалар,   бүгін   бізге   Айсұлу   деген   қуыршақ қонаққа   келіпті.   Ол   күзгі   орманды   аралап жапырақ   жинап   жүріп,   қолындағы   себетін   бір жерге қойып кетіпті де, оны қайтадан таба алмай қалыпты. Сендер оның себетін көрді ме екен деп сұрау   үшін   келіпті.   Естеріңе   түсіріңдерші, себетті   біз   қайдан   көрдік?   (Егер   балалар жауабын тауып айтпаса, педагог өзі айтады).  ­Мынау ма? Қуыршақ қуанып: ­Иә, осы, қандай жақсы болды, рақмет сендерге. Қуыршақ: Ұйымдастыру шылық   ізденістер ­Балалар,   мен   сендерге   сурет   алып   келдім. Жапырақтар   түсіп   жатқаны   бейнеленген   үлгі суретті көрсетеді. Тәрбиеші баланың ойын дамыту үшін күз туралы  бір шумақ өлең оқиды.  ­Айсұлу сендердің жапырақтың суретін қалай  салатындарыңды көрейін дейді, біз оған түсіп  жатқан жапырақтарды салып көрсетейік. Біз  бүгін суретті қылқаламмен саламыз.  Қылқаламмен таныстырады. Қылқалам деп  алалуының өзіндік себебі бар. Өйткені оның бас  жағы қылдан жасалған. Ол өте жұмсақ. Өздерің  алақандарыңа сүйкеп көріңдерші, жұп­жұмсақ.  (Өзі сүйкеп көрсетеді). Сондықтан оны  пайдаланғанда қағазға қатты басуға болмайды.  Қылдан жасалған шашақтар темірден оралып,  ағашқа бекітілген. Қылқаламды дұрыс ұстау  үшін темір бөлігінен ағаш бөлігіне дейінгі тұсты  үш саусақтың арасына қатты майыстырмай ұстау керек. (Қылқаламды бояуға қалай батыратынын,  оның артық тамшыларын қалай тазартуды  балалардың алдарында тұрған ыдыстағы су мен  бояуды пайдалана отырып көрсетеді).  ­Кәне, қылқаламды қолға алып, (балалар өз  қалаулары бойынша түсті таңдайды) қызыл,  сары, қоңыр бояуға батырып аламыз да, былай  сүйкей жағамыз. (Өзі үлгіге бірнеше жапырақтар  салып көрсетеді). Балалардың жұмыстарын  Айсұлу аралап көреді. Аяқталған жұмыстарды  педагог жинап алып тақтаға іледі.  Айсұлу таңданып, балалардың жұмыстарына  ризашылығын білдіріп, мадақтайды: ­Бәрің сурет салуды үйреніп алыпсыңдар, мен де енді сендерден суретсалуды үйренемін.  Жұмыс барысында балаларға бағыт­бағдар  беріледі.  ­Ал қазір бәріміз бірігіп ойын ойнасақ қайтеді.  «Балабақша бағында» музыка әуені ойналады. Рефлексиялы қ түзетушілік   ­ Тәрбиеші   балалардың   жасаған   жұмыстарын мадақтайды,   арнайы   жасалған   себеттің   суретін балаларға үлестіреді. Күз туралы өлең  тыңдайды. Балалар қылқаламды  үш саусақтың арасына  қатты майыстырмай  ұстап, алдарындағы  ағаштар салынған  қағазға түсіп келе  жатқан жапырақтарды салып көреді.  Қылқаламмен бояуды  сүйкей жағу тәсілімен  алдарындағы   ағаштардың суреті  салынған қағазға  қызыл, сары, өоңыр  жапырақтардың  суретін салады. Бояу  түстерін өздері  таңдайды. «Балабақша бағында»  атты музыка әуенімен  ойын ойнайды.  Содан соң балалар  түсіп жатқан  жапырақтарды  тамашалауға  Айсұлуды серуенге  шақырады.   Балалар салған   суреттерін тамашалайды, достарының суретімен салыстырады. өздерінің салған Күтілетін нәтижелер: жасайды: қылқалам мен күзгі жапырақтардың ерекшеліктері жайлы қарапайым  түсініктерді; түсінеді: қылқаламмен, бояумен қағаз бетіне жапырақтардың суретін салуды. қолданады: ұқыпты жұмыс істей білуді. Толықтырған тәрбиешінің аты­жөні:_____________________________ Тексерген:_____________________________________________________                             «Шығармашылық» білім беру саласы бойынша сурет салу ұйымдастырылған  оқу –қызметінің  технологиялық картасы. Күні, ай, жылы: 09.11.2017 Тақырыбы:  Қызыл – сары жапырақтар. Мақсаты: а) ата­аналармен бірлесеп отырып алақан арқылы жапырақтың бейнесін салуды  үйрету; ә) негізі түстер туралы білімдерін бекіту; б) балаларды алақанмен суретсалуда ұқыптылыққа, тазалық сақтай білуге тәрбиелеу. Көрнекіліктер: демонстрациялық материалдар. Сөздік жұмыс: қызыл, сары, қызғылт сары. Билингвалды компонент: қызыл – красный, сары – желтый, қызғылт сары – оранжевый. Әрекеттердің кезеңдері  Мотивациялық ­  қозғаушылық Баланың іс­әрекеті Балалардың  қызығушылығы оянады.          Тәрбиешінің іс­әрекеті  Тәрбиеші балаларға бүгін бірнеше ата­ аналардың қонаққа келгендігі жайлы  хабарлайды. Олардың балаларға арнап  қызықты ойын ала келгендігі және алақан  арқылы сурет салуға көмектесетіндерін  айтады. Тәрбиеші аналарының алып келген  жапырақтарын көрсетеді.  ­Мына жапырақтарға қарңдаршы, түстері  қандай керемет. Балалардан олардың   Ұйымдастырушылық   ізденістер түстерін сұрайды.  ­Мынау – сары, мынау – қызыл жапырақ, ал мынау – қызғылт жапырақ. Кәнеки, бәріміз бірге қайталайықшы.  Балалармен бірге бірнеше рет қайталайды. Күз мезгілінде жапырақтар түсінің  өзгеретінін түсіндіріп өтеді. ­Сендердің аналарың көңілдене соққан жел  болады, сендер күзгі жапырақтар  боласыңдар. Балалар мен ата­аналарына  өлең жолдарына  сәйкес қимылдар  жасатады. Сергіту сәті:    Жел соқты, жел соқты,    Ағаштар желмен шайқалды.    Жел соқты, жел соқты,    Жапырақ түскен байқалды. (Ф.Н.) ­Балалар, жапырақтар қандай әдемі болып  ұшып жатыр. Олар неткен көп. Бейне бір  жерге әдемі кілем төсеп қойғандай. Ендеше осындай әдемі қызғыл сары жапырақтардың суретін алақан арқылы салып көрейік.  (Аналары балаларының жанындағы  орындыққа отырады). ­Міне, мынау – сары, қызыл бояулар. Бір  алақандарыңды сары бояуға батырып, таза  қағаз бетіне бірнеше жапырақтардың  бейнесін салыңдар. Енді екінші  алақандарыңды қызыл бояуға батырып,  тағы да сол қағаздың бірнеше жеріне басып, жапырақтардың бейнесін жасаймыз. Біздің  қағазымызда екі түсті жапырақтардың  суреттері пайда болды. Демек, жапырақ  формасы біздің алақанымызға құсайды  екен. Іс­әрекет бірнеше рет қайталанады,  ата­аналар жапырақтардың ортасындағы  сызықтарын жүргізіп, әдемілеп, балалармен келісе отырып, түстерін таңдап,  жапырақтардың әдемі болуына назар  аударады. Соңынан «Жапырақтар шоғыры» көрмесін ұйымдастырып, ата­аналар өз  балаларының жұмыстары жайында  әңгімелеп береді. (Аналары балаларының  қолын дымқыл орамалмен сүртіп отырады). ­Қандай тамаша, әдемі қызыл, сары  жапырақтарды бейнелеңдер, жарайсыңдар!  Жасаған жұмыстарыңды қолдарыңа алып,  бір­бірлеріңе көрсетіңдерші.  Аналары балаларының жұмысына  ризашылығын білдіріп қоштасады.  ­Сары, қызыл, қызғылт  сары. Балалар қимыл­ қозғалыстарымен  көрсетеді.  Балалар түрлі түсті  жапырақтарды лақтырып  ойнайды. Балалар алақандарын  сары, қызыл бояуға  батырып, түрлі түсті  жапырақтардың бейнесін  салады. Салған суреттерін бір­ біріне көрсетіп  тамашалайды. Тәрбиеші өлең жолдарымен іс­әрекеттерді  қорытады.     Қызыл, сары, жасыл, көк,     Алуан­алуан жапырақ.     О, Алақай, тамаша!    Шашу шашты жапырақ. Рефлексиялық –  түзетушілік Тәрбиеші балалардың аналарының  көмегімен алақан арқылы салған түрлі  жапырақтар суреті жайлы әңгімелеп,  мадақтап, көрме ұйымдастырады. Күтілетін нәтижелер: жасайды: күзгі жапырақтардың түсінің өзгеретінін. түсінеді: алақан арқылы күзгі жапырақтардың суретін салуын білуді. қолданады: ұқыпты жұмыс істей білу дағдыларын. Аналарымен қоштасады. Өлең жолдарына сәйкес  қимылдар жасайды. Балалар өздері салған  жұмыстарын  қызықтайды. Толықтырған тәрбиешінің аты­жөні:_____________________________ Тексерген:_____________________________________________________ «Шығармашылық» білім беру саласы бойынша сурет салу ұйымдастырылған  оқу –қызметінің  технологиялық картасы. Күні, ай, жылы: 16.11.2017 Тақырыбы:  Түрлі түсті жіптер. Мақсаты: а) фломастерді немесе майлы қарындашты дұрыс пайдалана отырып ирек  сызықтар сызуға үйрету. ә) саусақтарының бұлшық еттерін дамыту. б) ұқыпты жұмыс жасауға тәрбиелеу.  Көрнекіліктер:демонстрациялық материалдар. Сөздік жұмыс: жіп, фломастер. Билингвалды компонент: жіп ­ нитка Әрекеттердің кезеңдері  Мотивациялық ­  қозғаушылық              Тәрбиешінің іс­әрекеті  ­Балалар, «Жіптер әлемі» сендерге түрлі  түсті әдемі жіптерін қонаққа жіберіпті. Қолыңдағы жіптерді балаларға таратып  береді. ­Қандай жұмсақ, түстері қандай әдемі. ­Жіптерді ұстап көріңдер. Нені  сездіңдер? Баланың іс­әрекеті Балалар жіптерге  қызығушылықпен қарап, қолдарымен жіпті ұстап  көреді. Балалар өздерінің не сезінгендерін айтып  беруге тырысады.  Педагог жетекші  сұрақтар қойып отырады. ­Осы  жіптерден үстеріңе киетін  киімдерді, тұрмыстық заттарды тоқиды.  Киімдер және тұрмыстық заттарды  суреттен көрсетеді. ­Қолдарыңдағы жіпті тарқатып, қайтадан орауларыңа болады. Бұл іс­әрекетті  педагог көрсетеді.  ­Біз бүгін сурет салатын құралдардың бір түрі – фломастермен танысып, жұмыс  жасаймыз. Фломастердің түстері де әр  түрлі болады.  ­Қазір әдемі жіптің суретін алдарыңда  тұрған фломастерлердің немесе майлы  қарындаштың көмегімен парақтың сол  жағынан бастап оңға қарай қисық  сызықтар сызу арқылы саламыз. Тәрбиеші балаларды үлгі суретпен  таныстырады. Балалармен бірге бірнеше  рет ауада сызықтар сызып, жаттығу  жасап көреді. Сергіту сәті:      Кәне, жіпті орайық,      Енді шешіп көрейік.      Қайта орап жіптерді,      Тағы шешіп көрейік. (Ф.Н.) Алдымен саусақтарымен ауада салғызып, сонан кейін үлгіге қарап жұмысты  бастатады. Жұмыс барысында  балалардың өз алдына жеке әрекеті мен  белсенділігіне қолдау көсетеді. «Жіптер әлемінен» келген жіптер  балаларға алғысын айтып қоштасады. Балалардың салған суреттерінен  көрме  ұйымдастырылады, жақсы салғандарын  мадақтап, жұмысты қорытындылайды. Суреттермен  таныстыру. Балалар қолдарындағы  жіпті тарқатып,  қайтадан орайды.  Фломастермен  танысады. Үлгі суретке мұқият зер салады. Өлең жолдарына сәйкес  қимылдар жасайды. Саусақтарымен ауада  сызықтар салады.  Балалар  фломастерлерді алып,  педагогтың нұсқауымен  қисық сызықтар сызады. Балалар жіптермен  қоштасады. Балалар өздерінің  жұмыстарын мұқият  қарап шығады. Ұйымдастырушылық   ізденістер Рефлексиялық –  түзетушілік Күтілетін нәтижелер: жасайды: фломастерді пайдаланып сызықтарды дұрыс сыза білу дағдыларын. түсінеді: түстерді таңдай білуді, оларды ауыстырып қолдануды. қолданады: үлгі бойынша ирек сызықтарды сызу әдісін. Толықтырған тәрбиешінің аты­жөні:_____________________________ Тексерген:_____________________________________________________ «Шығармашылық» білім беру саласы бойынша сурет салу ұйымдастырылған  оқу –қызметінің  технологиялық картасы. Күні, ай, жылы: 30.11.2017 Тақырыбы:  Әжемнің жіп шумақтары. Мақсаты: а) балаларды түрлі түсті фломастерлермен жіп орамының суретін салуға,  фломастерді қатты қыспай, қағаздың ортасынан бір нүктені белгілеп, сол жағынан  жоғарыдан бастап қолды үзбей дөңгелетіп салуды үйрету; ә) балалардың қол қимылдарының қозғалысын дамыту; б) ұқыптылыққа тәрбиелеу. Көрнекіліктер:демонстрациялық материалдар. Сөздік жұмыс: нүкте, орам. Билингвалды компонент: нүкте – точка. Орам – бума. Әрекеттердің кезеңдері  Мотивациялық ­  қозғаушылық              Тәрбиешінің іс­әрекеті  ­Айсұлудың үйдегі мысығы ойнап жүріп  әжесінің жіп шумақтарын тарқатып  тастапты. Айсұлу сендерден сол жіп  шумақтарын орауға көмек сұрай келіпті.  Баланың іс­әрекеті Балалар ынта қойып  тыңдайды.

Сурет салу

Сурет салу

Сурет салу

Сурет салу

Сурет салу

Сурет салу

Сурет салу

Сурет салу

Сурет салу

Сурет салу

Сурет салу

Сурет салу

Сурет салу

Сурет салу

Сурет салу

Сурет салу

Сурет салу

Сурет салу

Сурет салу

Сурет салу

Сурет салу

Сурет салу

Сурет салу

Сурет салу

Сурет салу

Сурет салу

Сурет салу

Сурет салу

Сурет салу

Сурет салу

Сурет салу

Сурет салу

Сурет салу

Сурет салу

Сурет салу

Сурет салу

Сурет салу

Сурет салу

Сурет салу

Сурет салу

Сурет салу

Сурет салу

Сурет салу

Сурет салу

Сурет салу

Сурет салу

Сурет салу

Сурет салу

Сурет салу

Сурет салу

Сурет салу

Сурет салу

Сурет салу

Сурет салу

Сурет салу

Сурет салу

Сурет салу

Сурет салу

Сурет салу

Сурет салу

Сурет салу

Сурет салу

Сурет салу

Сурет салу

Сурет салу

Сурет салу

Сурет салу

Сурет салу

Сурет салу

Сурет салу

Сурет салу

Сурет салу

Сурет салу

Сурет салу

Сурет салу

Сурет салу

Сурет салу

Сурет салу

Сурет салу

Сурет салу

Сурет салу

Сурет салу

Сурет салу

Сурет салу

Сурет салу

Сурет салу

Сурет салу

Сурет салу

Сурет салу

Сурет салу

Сурет салу

Сурет салу

Сурет салу

Сурет салу

Сурет салу

Сурет салу

Сурет салу

Сурет салу

Сурет салу

Сурет салу

Сурет салу

Сурет салу

Сурет салу

Сурет салу

Сурет салу

Сурет салу

Сурет салу

Сурет салу

Сурет салу

Сурет салу

Сурет салу

Сурет салу

Сурет салу

Сурет салу

Сурет салу

Сурет салу

Сурет салу

Сурет салу

Сурет салу

Сурет салу

Сурет салу

Сурет салу

Сурет салу

Сурет салу

Сурет салу

Сурет салу

Сурет салу

Сурет салу

Сурет салу

Сурет салу

Сурет салу

Сурет салу

Сурет салу

Сурет салу

Сурет салу

Сурет салу

Сурет салу

Сурет салу

Сурет салу

Сурет салу

Сурет салу

Сурет салу
Материалы на данной страницы взяты из открытых истончиков либо размещены пользователем в соответствии с договором-офертой сайта. Вы можете сообщить о нарушении.
18.05.2019