Сыртқы орта факторларының микробқа беретін әсері.
Оценка 5

Сыртқы орта факторларының микробқа беретін әсері.

Оценка 5
Образовательные программы
doc
биология
Взрослым
08.06.2017
Сыртқы орта факторларының микробқа беретін әсері.
Физиология-микроорганизмдердің тіршілік функцияларын зерттейді:қоректенуі, тыныс алуы,өсуі және көбеюі. Физиология негізінде үздіксіз зат алмасу процесстері жатады.Зат алмасу 2 қарама –қарсы процеске байланысты: 1.Ассимиляция ( анаболизм) –қоректік заттарды сіңіруі және оларды клетка құрылымының синтезіне пайдалануы. 2.Диссимиляция (катоболизм)-процессінде қоректік заттардың ыдырауы және тотығуы әсерінен микроб клеткаларының тіршілігіне қажетті энергияның бөлінуі. Зат алмасу процесстері ферменттердің қатысумен болады. Микроорганизмдердің тіршілігі үшін энергия көзі қажет: егер энергия кун сәулесінен болса-фототрофты деп, ал химиялық реакциялардан болса-хемотрофты деп аталады.Физиология-микроорганизмдердің тіршілік функцияларын зерттейді:қоректенуі, тыныс алуы,өсуі және көбеюі. Физиология негізінде үздіксіз зат алмасу процесстері жатады.Зат алмасу 2 қарама –қарсы процеске байланысты: 1.Ассимиляция ( анаболизм) –қоректік заттарды сіңіруі және оларды клетка құрылымының синтезіне пайдалануы. 2.Диссимиляция (катоболизм)-процессінде қоректік заттардың ыдырауы және тотығуы әсерінен микроб клеткаларының тіршілігіне қажетті энергияның бөлінуі. Зат алмасу процесстері ферменттердің қатысумен болады. Микроорганизмдердің тіршілігі үшін энергия көзі қажет: егер энергия кун сәулесінен болса-фототрофты деп, ал химиялық реакциялардан болса-хемотрофты деп аталады.
МИКРООРГАНИЗМДЕР ФИЗИОЛОГИЯСЫ.doc

 

№-2 дәріс

Микроденелердің физиологиялық қасиеттері. Микробтар экологиясы, табиғатта таралуы. Сыртқы орта факторларының микробқа беретін әсері. Қоршаған орта обьектілеріндегі микробтарды жою, санитарлық микробиология

Физиология-микроорганизмдердің тіршілік функцияларын зерттейді:қоректенуі, тыныс алуы,өсуі және көбеюі.

Физиология негізінде  үздіксіз зат алмасу процесстері жатады.Зат алмасу 2 қарама –қарсы процеске байланысты:

1.Ассимиляция ( анаболизм) –қоректік заттарды сіңіруі және оларды клетка құрылымының синтезіне пайдалануы.

2.Диссимиляция (катоболизм)-процессінде қоректік заттардың ыдырауы және тотығуы әсерінен микроб клеткаларының тіршілігіне қажетті энергияның бөлінуі.

Зат алмасу процесстері ферменттердің қатысумен болады.

Микроорганизмдердің тіршілігі үшін энергия көзі қажет: егер энергия кун сәулесінен болса-фототрофты деп, ал химиялық реакциялардан болса-хемотрофты деп аталады.

Микробтар клеткасы негізіінен судан және құрғақ заттардан тұрады.Су мөлшері 75-85% құрайды , ал құрғақ заттар 25-15% шамасында болады.

Құрғақ заттар түрлі минералдық және органикалық заттардан тұрады.

Органикалық заттар: белоктар,нуклеин қышқылдары,көміртегі,сутегі,оттегі,азот.

Минералды заттар: фосфор,натрий, калий ,магний,темір,хлорт.б2-4%

Cонымен қатар микроэлементтер қажет кобальт ,марганец,медь,хром,цинк,т.б

Микроорганизмдердің қоректенуі үшін энергия көзі қажет.

Көміртегіге мұқтаждығына қарай 2-ге бөлінеді.

Афтотрофты –микроорганизмдер негізгі көзі ретінде көміртегінің құрамында ,көміртегі тотыққан куйінде кездесетін қосылыстарды қолданады.Бұларға көптеген топырақ бактериялары жатады.

Гетеротрофты-микроорганизмдерге тек көміпқышөылы ғана емес, сонымен қатар органикалық қосылыстар міндетті турде болу керек.Бұларға сапрофиттер, паразиттер жатады.

Сапрофиттер-жануарлардың.өсімдіктердің қалдықтарымен және басқа бөлінділермен қоректенетін организмдер.Мысалы:шіріту бактериялары.

Паразиттер- олар тірі организмдердің( адамдардан өсімдіктердің,жануарлардың) клеткілерінде тіршілік етеді және көбейеді.Бұларға :риккетсиялар ,вирустар т.б жатады.

Ферменттерге тән қасиет –олар химиялық реакцияларға арнайы әрекет етеді.Мысалы:фермент лактаза –лактозаны ыдыратады, мальтаза-мальтозаны ыдыратады.

Ферменттердің белсенділігі температураға ,pH-мәніне  т.б факторларға байланысты.Көптеген патогенді микроорганизмдердің ( оптимальді) қолайлы pH-7,2-7,4 ал қолайлы температура 37-50 градус С.

    Микроорганизмдердің ферменттері 2-бөлінеді:

     1.Экзоферменттер

     2.Эндоферменттер

Экзоферменттер сыртқы ортаға қарай бөлініп ,қоректік заттардың макромолекулаларын микроб клеткасы сіңіре алатын жәй қосылыстарға дейін ыдыратады.Экзоферменттерге гидролаза жатады;ол белоктардың майлардың,көмірсутектердің гидролизін туғызады.Осы реакцияның нәтижесінде белоктар-аминқышқылы мен пептонға ,майлар –май қышқылы мен глицеринге ,көмірсутектер –дисахаридтер мен моносахаридтерге ыдырайды.Белоктарды-фермент протеаза ,майларды –липаза ,көмірсуларды-карбогидралаза ыдыратады.

Эндоферменттер –клетка ішіндегі зат алмасу реакцияларына қатысады.

   Микроб ферменттері:вино спирт ашыту ,нан ашыту,айран ашыту өндірістерінде қолданылады.

Медицина өндірісінде микробтар ферменттері витаминдер,гормондар,алкалоидтар алуға  кеңінен қолданылады.

 

                  Микроорганизмдердің пигменттері .

Кейбір микроорганизмдер зат алмасу процессінде бояушы заттар-пигменттер түзеді.

Химиялық құрамы және қасиеті бойынша олар әртурлі.Олар:

  1.суда еритін( көк пигмент)

  2.спиртте еритін-суда ерімейтін( қызыл пигмент-продигиазан)

  3.суда да,спиртте де ерімейтін (қарақоңыр пигмент)

Суда ерімейтін фигменттер –бактериялар колониясын бояйды ,ал суда еритіндер-қоректік ортаны бояйды.

Микробтардың пигмент тузуі-кейбір бактерияларды ажыратуда (идентификация ) пайдаланылады.

 Микроорганизмдердің пигмент тузуінің физиологиялық маңызы бар олар микроб клеткасын табиғи ультракулгін сәулесінен қорғайды,тыныс алу процессіне қатысады ,кейбірінің антибиотиктің қасиеті бар (продигиозан).

                Бактериялардың өсуі,көбеюі.

 Микроорганизмдердің маңызды көріністерінің бірі-өсуі мен көбеюі.

  Өсуі жеке дарақтардың көлемінің ұлғаюы және клетка құрылымдарының қайтадани реттелуі.

Көбею-өзіндік қайта өндіру қабілеті нәтижесінде дарақтардың санының көбеюі.

Бактериялардың негізгі көбею жолы-көлденең бөліну .Белгілі бір жасқа  жеткен бактерия клеткасында бөлінудің алдында ДНК-молекуласының 2 еселенуі болады.Бөліну процессі аяқталғанда ,жас клеткілердіңцитоплазмасы пердемен бөлінеді.Әрбір жас клеткада анасының ДНК-сы бар.Перде тузілуде цитоплазмалық мембрана және клетка қабырғасы қатысады.Егер перде бөлінетін   клетканың ортасында қалыптасса ,мөлшері бірдей жас клеткілер пайда болады.Кейде перде шет жағында орналасады ,сонда мөлшері бірдей емес клеткілер пайда болады( гетеротрофты бөліну).Бактериялардың бөлінуі әртурлі кеңістікте көптурлі клеткілердің пайда болумен болады: тізбектелген стрептококтар,жұпталған диплококтар,төрт-төрттен орналасқан тетракоктар ,шоғырланған-стафилакоктар.

Таяқша тәрізді және иірілген формалар көлденең бір ғана жазықтықта бөлінеді.Кейбір бактериялардың көбею мөлшері бойынша алдыңғы клеткіден кіші бүршік түзу арқылы көбейеді.Бактериялардың көбею жылдамдығы олардың зат алмасу шапшандығымен байланысты.Көптеген бактерияларда әрбір клетка 15-30 минут ішінде бөлінеді.Баяу бөлінетін бактерияларында турлері болады-тәулігіне 1 ретт ,мысалы  туберкулез микобактериясы.Әртурлі бактериялардың көбею жылдамдығы әртурлі және ол қоректік ортаға , температураға,pH мәніне , басқада факторларға байланысты.

     Сұйық ортада бактериялардың көбеюінің ерекшеліктері болады, ол келесі фазалар арқылы көрінеді.

    1 фаза:  алғашқы стационарлық микроб клеткалары қоректік ортаға бейімделеді,олардың зат алмасуы жоғарылайды ,клетканың мөлшері ұлғаяды.Бактериялар 1- фазаның аяғында көбейе бастайды.

    2 фаза:  логарифмді өсу  бактериялар жылдам көбейеді.Бұл фазада бактериялардың биохимиялық және биологиялық белсенділігі жоғары.

    3 фаза: стационарлық –бактерия  клеткасының ортадағы құрамы тұрақты.Бұл жаңа пайда болған клетканың саны өлген клеткалардың санымен бірдей болғаны.

    4 фаза:  өлу фазасы –тіршілікке қабілетті бактериялардың сандары азаяды және олар жәймендеп өле бастайды.Клеткалардың өлу себебі қоректік ортаның азаюы  ондағы зат алмасу зиянды өнімдерінің жинақталуы.Бұл фазада бактериялардың морфологиялық ,биохимиялық және т.б қасиеттері өзгеруі мумкін.

Сұйық қоректік ортада көбейген бактериялардың санының көбеюін 18-24 сағаттан кейін ортаның лайлануымен немесе қабыршақ  я тұнба болуымен білінеді.

    Қатты қоректік ортада бактериялардың көбеюі ортаның бетінде немес колониялар пайда болуымен білінеді.

Бактерияларды колониялары мөлшерімен ,турімен,құрамымен және турімен ажыратылады.

                       Бактериялардың тыныс алуы.

Бактериялардың тыныс алуы- биохимиялық процесстердің жиынтығы нәтижесінде микроб клеткасының тіршілігіне қажетті энергичның бөлінуі.

    Барлық физиологиялық процесстер  -қозғалу,өсу,көбею,спора және түзу , токсин түзу энергияның әртурлі химиялық қосылыстардың тотығу нәтижесінде алады;көмірсутек,спирт,органикалық қыщқылдар,майлар т.б

   Тыныс алу типіне байланысты микроорганизмдер:

    1.облигатты аэробтар

    2.облигатты анаэробтар

    3.факультативті анаэробтар болып бөлінеді.

Облигатты аэробтар –(туберкулез микобактериясы)тек қана оттегімен тіршілік етеді.Сонымен қатар микроаэрофильді микроорганизмдер болады, олар оттегі аз мөлшерде де тыныс алады.

Облигатты анаэробтар-(столбняк,ботулизм клостридиясы)оттегісіз жағдайда энергия аз мөлшерде тыныс алады.

Факультативті анаэробтар оттегімен де оттексіз жағдайда да тіршілік етеді.Оларға көптеген патогенді және сапрофитті бактериялар жатады.

          

               ҚОРШАҒАН ОРТА ФАКТОРЛАРЫНЫҢ

                   МИКРООРГАНИЗМДЕРГЕ ӘСЕРІ

 


Микроденелердің физиологиялық қасиеттері

Микроденелердің физиологиялық қасиеттері

Ферменттердің белсенділігі температураға ,pH-мәніне т

Ферменттердің белсенділігі температураға ,pH-мәніне т

Кейде перде шет жағында орналасады ,сонда мөлшері бірдей емес клеткілер пайда болады( гетеротрофты бөліну)

Кейде перде шет жағында орналасады ,сонда мөлшері бірдей емес клеткілер пайда болады( гетеротрофты бөліну)

Облигатты аэробтар –( туберкулез микобактериясы)тек қана оттегімен тіршілік етеді

Облигатты аэробтар –( туберкулез микобактериясы)тек қана оттегімен тіршілік етеді
Материалы на данной страницы взяты из открытых истончиков либо размещены пользователем в соответствии с договором-офертой сайта. Вы можете сообщить о нарушении.
08.06.2017