Сызу 9 сынып "Ажырамайтын біріктірулер"
Оценка 5

Сызу 9 сынып "Ажырамайтын біріктірулер"

Оценка 5
Разработки уроков
doc
черчение
9 кл
04.05.2018
Сызу 9 сынып "Ажырамайтын біріктірулер"
Сызу 9 сынып "Ажырамайтын біріктірулер". Сабақ жоспары. Оқушылар ажырамайтын біріктірулермен танысады. Өткен сабақты қайталау барысында сұрақтарға жауап береді. Бұйымдарға анықтама береді. Топпен жұмыс жасайды. Сабақты өз бетімен меңгереді, топта талқылайды. Өзіндік жұмыс барысында желімдеп біріктіру әдісімен танысады, қағаздан геометриялық денелер жасайды. Сабақтың соныңда білімді жинақтау барысында сәйкестендіру тестін орындайды.сабақ жоспары
Ажырамайтын біріктірулер сызу 9 сынып.doc
Сызу 9 сынып Тақырыбы:«Ажырамайтын біріктірулер» Мақсаты:. ажырамайтын біріктірулердің сызбасын орындау білімдерін қалыптастыру,  кеңістік ойлау қабілеттерін  және  анықтамамен жұмыс істеп үйрету, графикалық  мәдениетін тәрбиелеу, сызбаға деген қызығушылықтарын арттыру  Күтілетін нәтиже: ажырамайтын біріктірулерді дұрыс орындап үйренеді Түрі: жаңа тақырып меңгеру Әдісі:  баяндау, сұрақ­жауап, практикалық жұмыс Көрнекілігі: компьютер,интерактивті тақта, оқулық, сызбаға қажетті құралдар.                  Сабақтың барысы І. Сынып оқушыларын ұйымдастыру. ІІ. Өткенді қайталау. Сұрақтарға жауап беру: ­ Ажырайтын біріктіру дегеніміз не? ­ Ажырайтын біріктірулерге қандай біріктірулер жатады?                          ­ Бұранда дегеніміз не? Бұранданың түрлері. ­ М20*1,5 және М24*2LH жазулары нені білдіреді? «Бұл қандай бөлшек?» (Бөлшектерге анықтама беру)              ІІ.  Жаңа тақырып меңгеру.        Ажырамайтын біріктірулердің түрлері: тойтарып, дәнекерлеп, пісіріп, желімдеп  және тігіп біріктірулер. Тойтарып біріктіру –екі тетікті тойтарманың көмегімен біріктіру. Тойтарманың бір  ұшында бастиек болады, екінші ұшы тойтарылады. Ол пісіруге келмейтін металдан  жасалған тетіктерді біріктіру үшін қолданылады.                                                Тойтарып біріктіру          Пісіріп біріктіру                           Дәнекерлеп біріктіру   Желімдеп біріктіру            Тігіп біріктіру           Пісіріп біріктіру – тетіктердің материалын балқу жағдайына дейін қыздыру жолымен  жүзеге асырылады. Пісіру жігі сызбада тұтас негізгі және штрих сызықтармен  көрсетіледі. Дәнекерлеп біріктіруде металл тетіктерді дәнекер деп аталатын қосымша металл  немесе қорытпаның көмегімен біріктіруді айтады, мұнда біріктіретін жерді қорытпаның балқу температурасына дейін қыздырады. Дәнекерлеп біріктірудің сызбасын тұтас  жіңішке сызықпен кескінделеді. Желімдеп біріктіру – тетіктерді, әртекті материалдарды желімдеуге мүмкіндік  жасайтын әр түрлі желімдердің көмегімен біріктіру. Тігіп біріктіру –жұмсақ материалдарды бір­бірімен жіптің көмегімен біріктіреді.  Тұтас жіңішке сызықпен белгілейді және N таңбасымен белгілейді. ІІІ. Өзіндік жұмыс.   Біз күнделікті өмірде, өндірісте және құрылыс саласында беттердің жазбасымен  жиі кездесеміз.Шырын құюға немесе үй қояндарына жем беруге арналған, сондай­ақ  мерекелік қорапшаларды және т.б. жасау үшін геометриялық денелердің жазбаларын  құрастыра білу керек. Шығармашылық жұмыс. 1 топ. Желімдеп біріктіру. Төртбұрышты призма. 2 топ. Желімдеп біріктіру. Цилиндр. 3 топ. Желімдеп біріктіру. Конус. ІҮ. Бекіту. Тест. 1. тетіктерді болттың, сомынның және шайбаның көмегімен біріктіру (болттық) 2. тетіктерді, өртекті материалдарды желімдеуге мүмкіндік жасайтын әр түрлі  желімдердің кемегімен біріктіру(желімдеп) 3. металл тетіктерді дәнекер деп аталатын қосымша металл немесе қорытпаның  көмегімен біріктіруді немесе біріктіретін жерді қорытпаның балқу температурасына  дейін қыздыратын біріктіру(дәнекерлеп) 4. тетіктердін материалын балқу жағдайына дейін қыздыру жолымен жүзеге  асырылатын біріктіру(пісіріп) 5. тетіктерді кілтектің көмегімен біріктіру, кілтек біліктің жырақшасына қойылып  біріктірілетін тетіктің кілтектік жырақшасы(кілтектік) 6. екі тетікті тойтарманың кемегімен біріктіру тойтарманың бір ұшында бастиек болып, екінші ұшы тойтарылып соққының және серіппенің әрекетінен жұмыс істейтін  құрылғыларда, сондай­ақ пісіруге келмейтін металдан жасалған тетіктерді  біріктіру(тойтарып) 7. тетіктерді біріктірілетін тетіктердің біріне бұрылатын винттің немесе винттің,  шайбаның және сомынның көмегімен біріктіруді(винттік) 8. тетіктерді бұрамасұқпаның көмегімен біріктіріп, оның бір ұшы біріктірілетін  тетіктердің біріне бұралады, ал екінші ұшына біріктірілетін тетік, шайба кигізеді де,  олар сомынмен бекітілетін біріктіру(бұрамасұқпалы) Ү. Бағалау. Үй жұмысы. 202 бет (2) –сурет

Сызу 9 сынып "Ажырамайтын біріктірулер"

Сызу 9 сынып "Ажырамайтын біріктірулер"

Сызу 9 сынып "Ажырамайтын біріктірулер"

Сызу 9 сынып "Ажырамайтын біріктірулер"

Сызу 9 сынып "Ажырамайтын біріктірулер"

Сызу 9 сынып "Ажырамайтын біріктірулер"
Материалы на данной страницы взяты из открытых истончиков либо размещены пользователем в соответствии с договором-офертой сайта. Вы можете сообщить о нарушении.
04.05.2018