Түсінік хат
«Сөз өнері» курсы 5 сынып оқушыларына арналған. Курс аптасына 3 сағат, жылына 34
сағатқа берілген. Бұл курс оқушылардың әдеби мұраларға деген талғамын тәрбиелейді,
рухани дүниесін кеңейтеді, ақылойы мен ұлттық сана сезімін дамытуға ықпал жасап,
ауызекі және жазба тілде байланыстырып сөйлеуін дамытады. Оқушылардың қазақ тілі мен
әдебиет сабақтарына қызығушылығы мен функционалдық сауаттылығын арттыруға
бағытталған.
Сөз өнер пәні арқылы оқушылардың рухани дүниесін байыта отырып, қазақ кемеңгерлері
атанған данышпан би – шешендердің шығармаларын насихаттау және тілдерін жаттықтыру,
яғни ұлт шешендері шығармаларының мазмұнын аша білу болып табылады.
Курстың оқу материалына халық ауыз әдебиеті үлгілерін сабақ мазмұнына сай енгізу
баланың алған білімін толықтырып, байытып жанжақты дамуына дәйекті ықпал етеді.
Оқушыларды шығармашылық ізденіс жұмыстарына баули отырып, би – шешендер
мұраларын тани білуге және айшықты, әсерлі сөз қолданыстарына теориялық тұрғыдан
талдау жасауға негізделген.
Сондықтан бұл таңдау курсында оқушылардың функционалдық сауаттылығын арттырып,
ұлтымыздың асыл мұраларын дәріптейтіндей, жеке тұлғаны дамытып, оқуға деген
қызығушылықтарын оятып, адамгершілікке, ізгілікке, сыйластыққа тәрбиелеп, еркін
дамуына жол ашу көзделеді.
Курсты оқытудың мақсаты:
Ұлттық асыл мұраларымызды жанжақты таныту арқылы ұлтжанды, халқымыздың сөз
өнерін, әдетғұрпын, тілін ұлттық құндылық ретінде бағалайтын, функционалды сауатты,
білімі мен білік дағдылары қалыптасқан, алған білімдерін өз қажеттілігіне қолдана білетін,
ұлттық санасезімі оянған, сөйлеу әдебін меңгерген, ойы терең, рухани дүниетанымы бай,
адамгершілігі жоғары, шығармашылықпен айналысатын тұлға қалыптастыру.
Курсты оқытудың міндеттері:
∙Білімді дара тұлғаға бағдарлау (бейімдеу, дамыту, психологиялық үйлесімділік, өмірлік
қажеттілік);
∙Тілдік білімді функционалдық тұрғыдан сұрыптау;
∙Оқушыны зейінді ұстау;
∙Пәнаралық байланысты сақтау;
∙Әрекетшілдікбағдарлылық ұстанымы (әрекетке үйрету, оқу жағдаятындағы әрекеттен
өмірлік жағдаяттық әрекетке көшу, оқу танымдық әрекеттен оқушының өзіндік әрекетіне
көшу);
∙Алынған білімді бекіту және өзінөзі бақылау;
∙Шығармаларды образға салып оқи білуге;
∙Алған әсерлерін айшықты тілмен жеткізе білуге;
∙Шығармашылық және ізденіс жұмыстарына баулу;
∙Өздігінен білім алуға үйрету функциясы.
Күтілетін нәтиже:
Ұлттық асыл мұраларымызды жанжақты таниды. Халқымыздың сөз өнерін, әдетғұрпын,
тілін ұлттық құндылық ретінде бағалай алады. Эстетикалық талғамы жоғары,
функционалды сауатты, білім, білік дағдылары қалыптасқан, алған білімдерін өз
қажеттілігіне қолдана білетін, ұлттық санасезімі оянған, сөйлеу әдебін меңгерген, ойы
терең, рухани дүниетанымы бай, адамгершілігі жоғары, шығармашылықпен айналысатын
тұлға қалыптасады.
Оқушының сөйлесім дағдыларын дамыту сатылап, олардың өзара сабақтастығына
негізделіп жүргізіледі. Сөйтіп, негізгі деңгейдегі оқушы білімі сауаттылық дағдыларына
табан тірейді де, бейіндік деңгейдегі сөз мәдениеті қалыптасады. Әдебиеттер тізімі:
1.Н.Төреқұлов. Даланың дара ділмарлары. Алматы, 2001
2.Ай, заман – ай, заман — ай. II том, Алматы, 1998
3. "Үш пайғамбар" кітабы
4. М.Қожаев «Жеті жарғы». Шымкент қаласы, 1993
5. «Сырымның шешендік сөздері» кітабы
6. «Бес ғасыр жырлайды». I, II, III томдары 7. Интернет материалдары
8. Ғылыми – танымдық журналдар
9. «Аңыз адам» журналы
10. Баспасөз деректері
11.Дау шешеді дана сөз. Алматы, 1996
12.Абай. Энциклопедия. 1995
13. М.Балақаев, Р.Әміров, Ө.Айтбаев «Сөз өнері». Алматы, 1999
14.Қ.Өмірәлиев. Абай афоризмі.Алматы,1993
Сөз өнері
Сөз өнері
Сөз өнері
Сөз өнері
Материалы на данной страницы взяты из открытых истончиков либо размещены пользователем в соответствии с договором-офертой сайта. Вы можете сообщить о нарушении.