Тақырыбы: «Менің Отаным – Қазақстан!»
Оценка 4.8

Тақырыбы: «Менің Отаным – Қазақстан!»

Оценка 4.8
Разработки уроков
docx
другое
Детсад
22.04.2020
Тақырыбы: «Менің Отаным – Қазақстан!»
Білім салалары: Әлеумет, шығармашылық, қатынас. Бөлімі: Қоршаған ортамен танысу, сурет, сөйлеуді дамыту. Өтпелі тақырып: «Менің Қазақстаным!» Тақырыбы: «Менің Отаным – Қазақстан!»
26ноября МО.docx

Ортаңғы «Бүлдіршін» тобының ұйымдастырылған оқу қызметінің конспектісі

Күні:26.11.19ж

Тәрбиеші:Торина Самал Аблайхановна

Білім салалары: Әлеумет, шығармашылық, қатынас.

Бөлімі: Қоршаған ортамен танысу, сурет, сөйлеуді дамыту.

Өтпелі тақырып: «Менің Қазақстаным!»

Тақырыбы: «Менің Отаным – Қазақстан!» 

Мақсаты:

Тәрбиелілік: Балаларды адамгершілік-патриоттық, еңбексүйгіштікке, жақсылыққа, ұқыптылыққа тәрбиелеу.

Дамытушылық:  Балалардың сөздік қорларын молайту, сөйлеуді қалыптастыра отырып, Отан туралы тақпақ, мақалдарды жатқа айтқызуға үйрету.

Оқыту: Балаларға Қазақстан Республикасының Президенті, рәміздері, музыкалық аспаптар, құрал-жабдықтар туралы мәлімет беру, өзінің Отаны туралы білімдерін кеңейту.                                                                   Алдын – ала жасалатын жұмыс: сергіту сәті, ту, елтаңба, әнұран атаулары, музыкалық аспаптармен таныстыру.

Әдіс-тәсілдер: түсіндіру, көрсету, сұрақ-жауап, ойын, АКТ.

Сөздік жұмыс: Отан,  Нұр-Сұлтан, ту, елтаңба, әнұран, домбыра, сылдырмақ, саз сырнай, киіз үй, сандық, торсық, тостаған.

Билингвалды компонент: Отан-Родина, Ту-Флаг, Елтаңба-Герб, Әнұран-Гимн, киіз үй-юрта, сандық-сундук.                              

Қолданылатын көрнекі-құралдар: Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Рәміздері, Нұрсұлтан қаласының ғимараттары бейнеленген суреттер, дидактикалық ойынға байланысты  суреттер (игровизор), құрастыруға суреттер (аспаптар), бояу, ватман, салфетка, үнтаспа, пойыз дыбысы, Құрманғазы күйі, музыкалық аспаптар дыбысы.

Оқу қызметінің барысы:

І.Ұйымдастыру кезеңі:

Құрманғазы күйі орындалады, балалар музыка әуенімен топқа кіреді. Келген қонақтармен амандасады.

Педагог: Сәлеметсіздер ме, менің кішкентай қазақстандықтарым. Неге мен сендерге олай айттым, білесіңдер ме? Өйткені, кім Қазақстанда тұрады, бір сөзбен – қазақстандықтар деп аталады. Қолдарымызды ұстап, мақтанышпен айтамыз: «Біз – қазақстандықтармыз!»

Педагог: -Жарайсыңдар балалар! Ендеше біз сендермен Қазақстан Республикасының әнұранын айтамыз.

Қазақстан Республикасының әнұраны орындалады. Балалар мен педагог қосылып айтады.

Кейін балалар орындыққа отырады.

ІІ.Негізгі кезең:

Ғажайып сәт: Топқа Алдар Көсе кіреді.

-Сәлемесіңдер ме, қонақтар, балалар! Мен сонау жерден сендердің Қазақстан Республикасының әнұранын орындап жатқандарынды естіп, қуанып, сіздерге келіп отырмын. Білесіңдер ме, менің неге қуанып жатқанымды? Өйткені сендер нағыз болашақ еліміздің патриотысындар! Сондықтан да, мен сіздерді менімен бірге Қазақ еліне саяхатқа шақырғалы отырмын. Барасындар ма?

-Ия, барамыз!

-Саяхатқа немен баруға болады?

-Автобус,  машина, трамвай, пойыз, т.б.

-Ендеше біз сіздермен, пойызбен саяхатқа аттанамыз! Ол үшін бір-біріміздің артымызға тізіліп тұрамыз. (Осы жерде пойыз дыбысы шығады)

1 станция: «Көңілді сұрақтар»

-Балалар біз қай республикада тұрамыз?

-Қазақстан республикасында.

-Біздің астанамыз қай қала?

-Нұр-Сұлтан қаласы.

-Біздің еліміздің тұңғыш президенті кім?

-Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев.

-Қазіргі президентімізді кім біледі?

-Қасым – Жомарт Тоқаев.

-1-ші желтоқсанда қандай мерекені тойлап өтеміз?

-Президент күні.

-Балалар, өзіміз тұратын мекенді тағы қалай атауға болады?

-Отан. Атамекен. Туған жер.

-Балалар, кім Қазақстан Республикасының рәміздерін айтып береді?

-Ту,Елтаңба,Әнұран.

-Еліміздің туының түсі қандай?

-Көгілдір түсті –аспан мен судың түсі

-Көк түс тазалықты белгілейді.

-Ортасында алтын күн- бейбітшілік күні.

Қыран құс –еркіндіктің,тәуелсіздіктің белгісі.Биікте самғайды  және ұлттық ою бейнеленген.

-Елтаңбамыздың түсі қандай?

-Елтаңбамызда қазақтың қарашаңырағы-әрбір отбасының бірлігі, бейбітшілік шанырағын көтерген , күн сәулесіндей уықтар,екі жақтағы қанатты пырақтар(қос тұлпар)-адамның досы, және жоғарысында бес бұрышты жұлдыз  бен «Қазақстан» деген жазу бар.

-Жарайсыңдар! Ендеше орындарымызға отырып, «Рәміздерінді тап»  атты дид. ойынын ойнаймыз. Ойын шарты: рәміздердің ішінен Қазақстан Республикасының рәміздерін табу. (Игровизор арқылы)

Балалармен тағы да пойызға отырып, келесі станцияға барады.

2 станция: «Тақпақтар мен мақал-мәтелдер»

-Балалар,Елтаңба туралы кім тақпақ біледі?

1-бала.Бағым

           Елтаңбасы елімнің

           Неткен әйбат, әдемі          

           Тұнығындай  көңілдің

           Ортада аспан әлемі.

-Рахмет. Балалар, Қазақстан байрағы туралы кім тақпақ біледі?

 2-бала: Әлібек

Айнымайды аспаннан

Біздің тудың бояуы

Оны халық қашанда                                                                                                                        Биікке іліп қояды.

Ал,Әнұран туралы тақпақ білеміз бе?

 3-бала: Аруна

 Әнұраны елімнің

Әнұраны халқымның

Шақырады бірлікке

Егеменді халқымның

Болашағы бірлікте

-Әнұранды қай жағдайда орындайды?                                                                                          -Оны салтанатты жағдайларда орындайды.Жеңіске жеткенде орындалады.                          Әнұран орындалғанда орнымыздан тұрып, қолымызды жүрегімізге қоямыз.

-Отаным, елім туралы кім тақпақ айтып береді?

 1-бала.Інжу

Ортақ бізге бір отан

Төбемізде бір аспан

Барлық ұлттың баласы

Достығымыз жарасқан

 

2- бала. Камила

Отан сенің ата-анаң

Отан досың бауырын

Отан өлкең, астанаң

Отан аудан, ауылың.

-Рахмет, Отанымызды,Туған жерімізді әдемі өлең жолдарымен айтып бердіңдер. -Отан туралы қандай мақал-мәтелдер білеміз.

-«Отан елдің анасы»

«Отан оттан да ыстық.

«Отанды сүю отбасынан басталады»

«Жері байдың елі бай.»

 

-Балалар, сендер жақсы жұмыс істедіңдер, жарайсыңдар, енді біраз сергіп алайық:

Орнымыздан тұрайық.

Құс болып қанат қағайық.

Астананың төріндегі

 Бәйтерекке ұқсайық.

 

3 станция: «Музыкалық аспаптар»

Бұл станцияда сіздер музыкалық аспаптардың ішінен ұлттық аспаптарды айыру.

Дид.ойын. «Аспапты құрастыр» Ойын шарты: берілген қиындылардан ұлттық музыкалық аспапты құрастыру. (Домбыра, сылдырмақ)

 

4 станция: «Тұрмыс – салт жабдықтары»

Бұл станцияда біз сендермен қазақ халқының тұрмыс-салт жабдықтарымен танысамыз. Балаларға киіз үй, сандық,  торсық, тостаған көрсетіледі.

 

5 станция: «Достық»

Бұл станцияда балалар топпен жұмыс жасайды, яғни, Қазақстан Республикасының картасына алақан әдісі арқылы суретті бояйды.

-Жарайсыңдар балалар! Біз сіздермен көріп отырғандай Қазақстан елінде тек қана қазақтар емес, сонымен қатар, орыстар, ұйғырлар, татарлар, т.б. ұлт өкілдері тұрады. Және олардың да Отандары - Қазақстан. Бәрімізге бір ортақ – Қазақстан.

Алдар Көсе мен Педагог балаларды мадақтап, топқа оралады. Алдар Көсе сыйлық ретінде балаларға қазақтың ұлттық тағамы бауырсақты сайға тартады. Балалармен қоштасады.

Тәрбиеші жақсы қатысқан балаларды мадақтап, оқу қызметін аяқтайды. Қонақтармен қоштасады.

 

 

 

«Қостанай қаласы әкімдігінің»Қостанай қаласы әкімдігінің

білім бөлімінің №13 бөбекжай-бақшасы МКҚК

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Ортаңғы «Бүлдіршін» тобының ҰОҚ-нің конспектісі

Білім салалары: Әлеумет, шығармашылық, қатынас.

Бөлімі: Қоршаған ортамен танысу, сурет, сөйлеуді дамыту.

Өтпелі тақырып: «Менің Қазақстаным!»

Тақырыбы: «Менің Отаным – Қазақстан!»

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Тәрбиеші:Торина Самал Аблайхановна

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қостанай 2019 жыл.

 


 

Ортаңғы «Бүлдіршін» тобының ұйымдастырылған оқу қызметінің конспектісі

Ортаңғы «Бүлдіршін» тобының ұйымдастырылған оқу қызметінің конспектісі

Нұр-Сұлтан қаласы. -Біздің еліміздің тұңғыш президенті кім? -Нұрсұлтан Әбішұлы

Нұр-Сұлтан қаласы. -Біздің еліміздің тұңғыш президенті кім? -Нұрсұлтан Әбішұлы

Отаным, елім туралы кім тақпақ айтып береді? 1-бала

Отаным, елім туралы кім тақпақ айтып береді? 1-бала

МКҚК Ортаңғы «Бүлдіршін» тобының ҰОҚ-нің конспектісі

МКҚК Ортаңғы «Бүлдіршін» тобының ҰОҚ-нің конспектісі
Материалы на данной страницы взяты из открытых истончиков либо размещены пользователем в соответствии с договором-офертой сайта. Вы можете сообщить о нарушении.
22.04.2020