Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарында дуалды оқытудың әдісін енгізудің тиімділігі
Оценка 4.7
Семинары
doc
обществознание
Взрослым
16.02.2018
Елбасының «Қазақстан жолы – 2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты Қазақстан халқына Жолдауында «Таяудағы 2-3 жылда дуалды, техникалық және кәсіптік білім берудің ұлттық жүйесінің негізін қалыптастыру керек» яғни, келешекте жастардың техникалық білім алуын мемлекеттік кепілдендіруге көшіруді қарастыру қажет деп атап көрсеткен.Дуалды білім беру дегеніміз, ол – техникалық-кәсіптік оқу орындарының жұмыс беруші жеке сектордағы өндіріс, шаруашылық мекемелерімен серіктестік ретінде бірлесе отырып, нарық заманында бәсекелестікке төтеп бере алатын, жаңа инновациялық-технологиялық бағдарламаларды меңгеруге дайын жұмысшы мамандарын даярлау деген сөз.
Мадина баяндама.doc
Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарында дуалды
оқытудың әдісін енгізудің тиімділігі
Елбасының «Қазақстан жолы – 2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ»
атты Қазақстан халқына Жолдауында «Таяудағы 23 жылда дуалды,
техникалық және кәсіптік білім берудің ұлттық жүйесінің негізін
қалыптастыру керек» яғни, келешекте жастардың техникалық білім алуын
мемлекеттік кепілдендіруге көшіруді қарастыру қажет деп атап көрсеткен.
Қазақстанның инновациялық болашағы еңбек ресурстары сапасына сай тікелей
байланысты болғандықтан түбегейлі жаңа әдіс және технология қажеттілігі
туралы мәселеге Елбасы аса назар аударды. Елбасының тапсырмасы бойынша
Қазақстанда техникалық және кәсіптік білім беру жүйесін жаңғырту үдерісі
басталды. Осыған орай, мамандарды даярлау жүйесінде оқытудың дуалдық
жүйесін енгізу тапсырылды. Қазіргі кезде әлемде оқытудың дуалды жүйесі
техникалық және кәсіптік мамандар даярлаудың ең тиімді жолдарының бірі
болып табылады.
Дуалды білім беру дегеніміз, ол – техникалықкәсіптік оқу орындарының
жұмыс беруші жеке сектордағы өндіріс, шаруашылық мекемелерімен серіктестік
ретінде бірлесе отырып, нарық заманында бәсекелестікке төтеп бере алатын,
жаңа инновациялықтехнологиялық бағдарламаларды меңгеруге дайын
жұмысшы мамандарын даярлау деген сөз.
Дуалды білім беру жүйесін енгізу кезінде колледждердің қызметі:
Дуалды білім беру жүйесінің бағыттары:
колледждің материалдықтехникалық базасын жаңғырту;
кәсіптік оқытудың дуалды жүйесін енгізу арқылы әлеуметтік
әріптестікті дамыту;
бәсекеге қабілетті маман дайындау үшін инновациялық технологияларды
қолдану;
Әлеуметтік әріптестікті дамыту бағыттары:
Өндірістік тәжірибе бойынша жұмыс бағдарламаларын бірлесе
әзірлеу;
Кәсіпорынның материалдықтехникалық базасын қолдану арқылы
білім алушылардың тәжірибелік оқуын ұйымдастыру (құралдар мен арнайы
жабдықтарды қолдану мүмкіндігі беріледі);
Оқу бітірушілердің қорытынды аттестациясы кезеңінде кәсіпорын
өкілдерінің мамандар даярлау сапасын бағалауы;
Бірлескен конференциялар мен семинарлар өткізу;
Ары қарай жұмысқа орналасумен өндірістік тәжірибеден өтуге
үшжақты шарттар жасау;.
Кәсіпорындарда арнайы пәндер оқытушыларының сынақ өтулерін
ұйымдастыру.
Қазақстанда оқу орындарының басым бөлігі дуалды оқытуға көшуде.
Кеңестер заманында техникалық және кәсіптік оқытудың 50 пайызы өндірістік оқытуға негізделген болатын. Ал, Қазақстандық дуалды оқыту жүйесі
кәсіпорын, жұмысшы, мемлекет тарапынан біртұтастықта қарастырылады.
Жаңадан енгізілген дуалды оқыту жүйесі төмендегі мәселелерді
шешуге оң ықпал етпек:
қажетті мамандарды анықтау;
түлектерді жұмыспен қамтамасыз ету;
техникалық және кәсіптік білім беру саласын қаржыландыру болып
табылады.
Дуалды оқыту жүйесі дегеніміз – теорияны өндіріспен ұштастыра оқыту
технологиясы. Ол алғаш Германияда пайда болып негізі қаланды. Дуалды оқыту
жүйесінің кәсіби мамандар даярлауда тиімділігі мен нәтижелілігі зор екендігі
тәжірибеде дәлелденген. Дуалды оқыту жүйесі қазіргі дүниежүзілік тәжірибеде
бар дүние. Оның жарқын мысалдарының бірі Германиядағы кәсіптік
техникалық білім берудегі даярлаудың дуалдық жүйесі. Мұнда білім алушылар
уақытының үштен екі бөлігінде еңбек ете жүріп өндірістен қол үзбей оқиды, тек
уақытының үшінші бөлігін теориялық оқуға, білімді ұйымдастыруға арнайды.
Дуалды білім беру жүйесінің тиімділігі:
мамандарды даярлаудың дуалды жүйесі білім берудің дәстүрлі
нысандары мен әдістерінің негізгі жетіспеушіліктері – теория мен
тәжірибе арасындағы алшақтықты жояды;
даярлаудың дуалды жүйесінің құрылымында маманға әсер етіп, болашақ
қызметкердің жаңа психологиясын жасау механизмі жатыр;
қызметкерлердің дуалды білім алу жүйесі білім алу мен жұмысқа
дағдылануға жоғарғы мотивация береді, өйткені олардың алған білімдерінің
сапасы жұмыс орындарында атқаратын қызметтік міндеттеріне тікелей
байланысты;
сәйкес мекемелер басшыларының өз қызметкерлерін іс жүзінде оқытуға
мүдделілігі;
тапсырыс берушімен тығыз қатынаста жұмыс істейтін оқу орыны оқу
барысында болашақ мамандарға қойылатын талаптарды ескереді;
дуалды білім беру жүйесі таяу жылдары Қазақстанның кәсіби оқытуында
кеңінен қолданылуы мүмкін.
мамандардың кәсіби дайындығын жоғарылатуға ықпал етеді;
еңбек өнімділігі артады, халықтың көшіп – қонуы азаяды, әлеуметтік
шиеленіске жол берілмейді.
Дуалды оқыту жүйесі келешекте маманның болашақ кәсібі бойынша
жұмыс орнын табу мәселесіне, оқуға да, ынтасына да тікелей әсер етеді. Олар
өндіріске маман ретінде бекітіле отырып, оқу барысында ерекше көзқарас
қалыптастырып, жауапкершілікті түсініп, қызыға оқиды. Сонымен қатар студент
өндірістік ұжымдағы қарымқатынасқа ерте бейімделіп, әлеуметтік ортаға
үйренеді. Бұл жерде еңбек нарығында сұраныс болса, жаңа бітірген жас маман
жұмысқа тезақ орналасатынын ерекше айтып өткім келеді. Ақиқатында жастарға дуалды оқыту жүйесі ересек өмірге өтуге бейімделу жеңіл болады.
Оқу барысында өз еңбегіне ақы ала отырып, ал кейін жақсы маман жұмыс
орнына кедергісіз орналаса алатын болады. Дуалды оқыту жүйесі Германия,
Австрия, Дания, Нидерланды, Швейцария сияқты көптеген еуропалық елдерде
және соңғы жылдары Қытайда және Азияның басқа да елдерінде кең тараған
және оң нәтижеге ие болып отыр және осы дамыған елдердің қатарында
Қазақстан Республикасыда биік тұғырдан көрінетініне сенімдімін. Дуалдық
жүйе бойынша оқыту білім алушылардың кәсіби біліктер мен дағдыларды,
іскерліктерді тікелей жұмыс орнында меңгеріп, жанжақты кәсіби дамуына
мүмкіндік беріп, түрлі жүйелердің – білім, ғылым, өндірістің – өзара
байланысын, өзара әсерін, өзара кірігуін қамтамасыз ету арқылы кәсіптік білім
беру жүйесінің сапасын арттыратындығы сөзсіз.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:
1.
Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 20112020
жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы;
Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңы;
«Техникалық және кәсіптік білім беруді дамытудың жолдары», Білім
беру мекемесі басшыларының анықтамалығы № 4 (13) 2007ж;
«Қазіргі білім беру технологияларының әдіснамалық негіздері» ,Білім
беру мекемесі басшыларының анықтамалығы №8 (20) 2008ж;
«Әлеуметтік әріптестік жағдайында техникалық және кәсіптік білім
беру», Білім беру мекемесі басшыларының анықтамалығы №2 (26)
2009ж.
2.
3.
4.
5.
Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарында дуалды оқытудың әдісін енгізудің тиімділігі
Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарында дуалды оқытудың әдісін енгізудің тиімділігі
Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарында дуалды оқытудың әдісін енгізудің тиімділігі
Материалы на данной страницы взяты из открытых истончиков либо размещены пользователем в соответствии с договором-офертой сайта. Вы можете сообщить о нарушении.