Технологическая карта по художественной литературе для II младшей группы на тему "Репка"

  • Разработки уроков
  • doc
  • 28.04.2018
Публикация на сайте для учителей

Публикация педагогических разработок

Бесплатное участие. Свидетельство автора сразу.
Мгновенные 10 документов в портфолио.

Мақсаты: Орыс халқының «Шалқан» ертегісімен таныстыру Міндеттері: Білімділік: ертегіні тыңдай білуді, балаларды әдеби кейіпкерлердің әрекеттерін, жүріс – тұрысын талдауға, оларға баға беруге үйрету. Дамытушылық: тіл байлықтарын молайту, ертегі мазмұнын , дауыс ырғағын келтіре отырып айтуға жаттықтыру. Тәрбиелік: қиын кезде достарына көмектесе білуге, адамгершілікке тәрбиелеу.
Иконка файла материала Шалқан ертегісі.doc
ІІ кіші топқа  ұйымдастырылған  оқу  қызметінің  технологиялық  картасы Білім беру саласы: «Коммуникация» Бөлімі:  «Көркем әдебиет»  Тақырыбы: «Шалқан» орыс халық ертегісі _ Мақсаты: Орыс халқының «Шалқан» ертегісімен таныстыру Міндеттері: Білімділік: балаларды әдеби кейіпкерлердің әрекеттерін, жүріс – тұрысын талдауға,  оларға баға беруге үйрету. Дамытушылық: тіл байлықтарын молайту, ертегі мазмұнын , дауыс ырғағын келтіре  отырып айтуға жаттықтыру. Тәрбиелік: қиын кезде достарына көмектесе білуге тәрбиелеу.  Сөздік жұмыс: шалқан Қостілдік компонент: шалқан ­ репка Керекті құрал – жабдықтар: «Шалқан» үстел – үсті театры, хрестоматия  Әрекет  кезеңдері Мотивациялық­ қозғаушылық Ұйымдастыру– іздестіру Тәрбиешінің әрекеті Балалардың әрекеті Шаттық  шеңбер: Достар, достар, жүрсің қайда, Бірге еді ғой жанымыз. Көмек сұрап бір – бірінен, Жеңіп шықтық бәріміз. Ғажайып сәт: Шармен Тышқан ұшып келеді. Балаларға  ертегі тыңдағанды ұнататынын айтады. Әңгімелесу. ­ Ендеше Тышқан бізбен қалсын. ­ Қазір жылдың қай мезгілі? ­ Күз мезгілінде не жинайды  адамдар? ­ Дұрыс айтасыңдар. Біз бүгін тағы  бір көкөніс туралы, достық  туралы ертегісімен танысатын  боламыз. ­ Балалар, бүгін біз «Шалқан»  ертегісімен тыңдаймыз. Хрестоматиядан ертегіні мәнерлеп  оқиды. Әңгімелесу. ­ Қандай кейіпкерлерді естеріңде  сақтай алдыңдар? ­ Шалқан қайда өседі? ­ Ата көмекке кімді шақырды? ­ Әже кімді шақырды? ­ Немере қыз  нені шақырды? ­ Күшік нені шақырды? ­ Мысық нені шақырды? Шеңбер жасап тұрады. Үстелді жағалай отырады. Қуана келіседі. ­ Күз мезгілі ­ Көкөністер мен  жемістер жинайды. Қуанады.  Мұқият тыңдайды,  қызығушылық  танытады.   Балалардың жауабы. ­ Бақшада өседі. ­ Әжені шақырды. ­ Немере қызды. ­ Күшікті шақырды. ­ Мысықты шақырды. ­ Тышқанды шақырды.Рефлексивті– түзетушілік ­ Сонымен бірігіп не істеді? Ертегіні сахналау. ­ Қазір ертегіні үстел – үсті  театрының атрибуттарын алып,  сахналап көреміз. Сергіту сәті:  Оң қолымда 5 саусақ, Сол қолымда 5 саусақ, 5­ке 5­ті қосқанда Болады 10 саусақ. Сөздік жұмыс:  Шалқан – көкөніс. Қызылшаға ұқсайды, бірақ түсі жасыл, ақшыл  болады.  Шалқан орысша репка деп аталады. Қорытынды. Қазақтың мақал – мәтелдерін айтқыза  отырып аяқтау. ­ «Жұмыла көтерген жүк жеңіл»  деп айтады халқымыз, міне осы  бірліктің арқасында шалқанды  жұлып алды. ­ Өте жақсы! Көп нарсеге үйрендік, жақсы жұмыс істедіңдер, рахмет  сендерге! Өлең жолдарымен әрекетті аяқтайды: Жақсы бала еңбекшіл, Ер азамат болады, Қиындықты жеңсе кім, Құшағы гүлге толады. Еңбекшіл осындай,  Болайықшы, досым – ай. Әр бала бір­ бір кейіпкерді  таңдайды, сол кейіпкердің  атынан сөйлеп, сомдайды. Сергіту сәтін айта отырып,  тәрбиешінің көмегімен  қимылдарын жасайды.       Хормен қайталайды,  жекелеме айтады. Мақал – мәтелді есте  сақтауға тырысады. Жетістіктеріне қуанады. Мұқият тыңдайды. Күтілетін нәтиже: Білу керек: ертегі мазмұнын біледі. Болу керек: бірлік, достық туралы түсінік. Істей  білу   керек:   қойылған   сұрақтарға   толық   жауап   беруді,   кейіпкерлерді   сомдауды біледі.