Тема урока "Ерітіндідегі заттардың молярлық концентрациясы" 8 -сынып

  • Разработки уроков
  • docx
  • 02.08.2020
Публикация в СМИ для учителей

Публикация в СМИ для учителей

Бесплатное участие. Свидетельство СМИ сразу.
Мгновенные 10 документов в портфолио.

Молярлы концентрацияға анықтама беріп, формула түрінде өрнектейді. Ерітінді концентрациясы арқылы еріген заттың массасын анықтайды. Заттың массасы немесе моль белгілі болғанда, ерітінді концентрациясын анықтайды. Концентрлі ерітінділерді сұйылтуда есептеулер жүргізеді.
Иконка файла материала Ерітіндідегі заттардың молярлық концентрациясы.docx

Сынып: 8

Қатысқандар саны:                

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

Ерітіндідегі заттардың молярлық концентрациясы

Оқу мақсаттары

8.3.4.10 ерітіндідегі заттың молярлық концентрациясын есептеу

8.3.4.11 пайыздық және молярлық концентрациялары берілген ерітінділерді дайындау

Сабақ мақсаттары

жердің адам өміріндегі маңыздылығын түсіндіру;
жерге қамқорлық жасау қарым - қатынастарын дамыт

Бағалау критерийлері

Молярлы концентрацияға анықтама беріп, формула түрінде өрнектейді. 

Ерітінді концентрациясы арқылы еріген заттың массасын анықтайды. 

Заттың массасы немесе моль белгілі болғанда, ерітінді концентрациясын анықтайды. 

Концентрлі ерітінділерді сұйылтуда есептеулер жүргізеді. 

Тілдік мақсаттар

Оқушылар орындай алады.

Молярлы концентрацияға анықтама береді.

Пәнге қатысты лексика мен терминология.

Қосылыстар, еріткіштер, еритін заттары.

Еріген заттың массасы, еріген тұздың зат мөлшері.

Молярлы концентрация – молярная концентрация – molar concentration.

Диалогқа/жазылымға қажетті тіркестер.

Еріген заттың молі/массасы көп болса, ол концентрлі ерітінді.

Құндылықтарды дарыту

Көпмәдениеттілік

Интернационализм

Әлем азаматы

Оқушылар топта, жұпта жұмыс жасау арқылы  бір-біріне көмек көрсетуге, сенімді ,әділетті ,шыншыл болуға үйренеді.

Тақырып бойынша тірек сөздерді үш тілде қабылдау арқылы көптілді орта қалыптастырады..

Пәнаралық байланыстар

математика, ғылымға кіріспе

АКТ қолдану

http://bilimland.kz/ru/content/structure/1983-tela_i_veshestva#lesson=17618

https://www.youtube.com/watch?v=1tvg_gfZpY4 (0м -3,45м)

Бастапқы білім

Қарапайым химиялық реакциялар (7.2A)

Ерітінділер мен ерігіштік (7.3C)

Моль (8.3C)

Су (8.4C)

Стехиометриялық есептеулер (8.4A) 

Сабақ барысы

Сабақтың кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

2 мин

 

 

 

5 мин

 

 

 

5 мин

 

 

2мин

1.      Мұғалімнің кіріспе сөзі. (Сабаққа психологиялық көңіл-күй)

2.      Үй жұмысын тексеру (бақылау, өзін-өзі тексеру, өзара тексеру)

Мақсаты: оқу материалының игерілу деңгейін тексеру, проблемалар Проверить уровень усвоения учебного материала, выявить проблемалады анықтау және оларды түзету.

А)Тірек білімдер актуалдау

Формасы: ұжымдық

Әдісі: жеке

Тәсілі: сұрақ-жауап

«Миға шабуыл»:

Ерітінді дегеніміз не?

Ерітінді концентрациясының қандай түрлерін білесіңдер?

Молярлық концентрацияны қалай анықтауға болады?

Еріген заттың массасы арқылы ерітінді концентрациясын анықтауға бола ма?

Сабақтың тақырыбы, оқу мақсаты мен сабақтың мақсаттарын анықтау.

 

оқушылардың жақын арада даму аймағын анықтау.

 Оқушылармен бірлесіп сабақтың/оқу мақсатын анықтайды.

Интерактивтік тақта

 

 

ортасы

 

 

 

5. Жаңа тақырыпты түсіндіру

 

Ерітіндінің концентрациясы еріген зат шамасының жалпы ерітінді шамасына қатынасымен анықталады.

Ерітінді концентрлі және сұйылтылған болып бөлінеді. Егер ерітіндінің ішінді еріген зат мөлшері аз болса – сұйылтылған, көп болса – концентрлі ерітінді деп аталады.

Ерітіндінің концентрациясын химияда әр түрлі тәсілдермен көрсетуге болады. Мысалы, пайыздық, молярлық, т.б. Ерітіндінің концентрациясын көрсететін ең қарапайым әдіс пайыздық концентрацияны қарастырайық. Ерітіндідегі еріген заттың массасы массалық үлеспен(ω омега) өрнектеледі.

Еріген заттың массалық үлесі деп еріген зат массасының ерітінді массасына қатынасымен өлшенетін шаманы айтамыз. Оны пайыз ( %) есебінде береміз.                                                     

1. Массалық үлес бірліктерімен:                        а) ω =

 

немесе процентпен өрнектеледі:                  ә) ω%=                

Ерітінді еріген зат пен еріткіштен тұрады. Еріткіш еріген заттан көп болады. Көбінесе еріткіш ретінде су алынады. Ерітінділердегі бөлшектердің мөлшеріне қарай ерітінділер жүзгін (суспензия, эмульсия), бөлшек мөлшері (радиустары) – 10-5 − 10-3см; коллоидты ерітінділер –10-7 − 10-5см; шын (нағыз), молекулалық ерітінділер –10-8 − 10-7см аралығында болады. Нағыз ерітінділерде таралып жүрген зат жеке молекулаларға не жеке иондарға дейін ұсақталады. Олар өте тұрақты, ұзақ уақыт дисперстік фаза мен дисперсиялық ортаға ыдырамайды. Біз нағыз сулы ерітінделерді қарастырамыз. Ерітінділердің қасиеттері ерітіндіні құрайтын компоненттердің концентрациясына тәуелді болады.

Концентрация – еріген заттың ерітіндідегі мөлшерін көрсетеді. Егер

ерітіндінің концентрациясын сандық мөлшермен көрсетпесе, оларды

қанықпағанқаныққан, аса қанық, сұйық, қою, концентрленген деп бөледі.

Қанықпаған ерітінді – еріген заттың жаңа мөлшерін әлі еріте алатын

ерітінді.

Қанық ерітінді – белгілі бір температурада затты одан әрі еріте алмайтын ерітінді.

Аса қанық ерітінді – сол температурадағы ерігіштігіне сәйкес еруге тиісті мөлшерден артық затты еріген күйде ұстай алатын ерітінді. Аса қанық ерітінді тұрақсыз, еріген заттың аз мөлшерін ғана ерітіндіге салса, артық еріген зат тез кристалданады.

Сұйық ерітінді – еріген заты аз ерітінді.

Қою ерітінді – еріген заты көп ерітінді.

Концентрленген ерітінді – өте қою ерітінділер.

Ерітіндідегі еріген заттың мөлшерін өлшемсіз бірлікпен – үлес не пайызбен, не өлшемді шамамен – концентрациялармен көрсетеді;

Массалық үлес (С) – еріген заттың массасының ерітіндінің жалпы массасына қатынасы;

Мольдік үлес (Ni) – еріген заттың (не еріткіштің) мөлшерінің ерітіндідегі барлық заттар мөлшерлерінің қосындысына қатынасы, егер nжәне n– еріткіш пен еріген зат мөлшері болса (тек бір ғана зат еріген болса), онда

N= n2/(n+ n2); N= n1/(n+ n2) мұндағы Nжәне Nеріген зат пен еріткіштің мольдік үлесі.

Молярлы концентрация(См) не молярлылық (М) – еріген заттың мөлшерінің ерітінді көлеміне қатынасы, моль/л.

Моляльды концентрация не моляльдылық (m) – еріген заттың мөлшерінің еріткіш массасына қатынасы, моль/кг (Н2О)

Эквиваленттің молярлы концентрациясы, Сн (нормальдылық) 

еріген заттың эквиваленті санының ерітінді көлеміне қатынасы, моль/л.

Модуль СТО әдісі: ЖИГСО 1, 2
Мәтінмен жұмыс. Мәтінді екі бөлікке бөліп, ЖИГСО әдісі арқылы оқытады. Әр топтың көшбасшысы басқа топтарға оқығандарын түсіндіреді.
1- тапсырма. Модуль. Диалогтық оқыту ( топтық жұмыс). Топқа «Ерігіштік, «Концентрация  болып бөлінеді. Екі шардың ішінде қағазға жазылған сұраққа жауап береді.
Жұптық жұмыс

Оқушылар bilimland.kz сайтынан виртуалды лабораторияны қолдана отырып, әртүрлі тұз ерітінділерін әзірлейді, ерітінді концентрциясын анықтау арқылы, молярлы концентрацияға анықтама береді.



http://melimde.com/saba-tairibi-molyarli-koncentraciya/14672_html_m38b4ec7.png 
Молярлы концентрация дегеніміз – 1 л ерітіндідегі еріген заттың массасы (моль

 Жасалынған лабораториялық жұмыс бойынша оқушылар осындай анықтама беруі мүмкін. Сонымен қатар концентрлі ерітінділер қаныққан ерітінді болатындығын біледі.

«Топтық жұмыс»

1-мысал. 250г суда 50г темір(ІІ) сульфатының кристаллогидратын

FeSO4×7H2O еріткен. Ерітіндідегі кристаллогидрат пен сусыз темір(ІІ) сульфатының массалық үлесін есептеу керек.

Шешуі: Алынған ерітіндінің массасы 300г. Кристаллогидраттың массалық үлесі

300г ерітінді ----------- 100%

50г кристаллогидрат --- х%;

х = 16,7%.

50г кристаллогидраттағы сусыз тұздың массасы

278г/моль ----- 152г/моль

50г ------------- х, сонда х = 27,4г сусыз тұз массасы. 300г ерітіндідегі сусыз тұздың массалық үлесі С = 27,4 ×100/300 = 9,1% болады.

2-мысал. 8% (масс.) сусыз тұздың бір литр ерітіндісін дайындау үшін қанша су және мыс(ІІ) купоросын алу қажеттігін есептеу керек, ерітінді тығыздығы 1,084г/л.

Шешуі: 1 литр ерітіндінің массасы 1,084 × 1000 = 1084г. Осы ерітіндіде 8% сусыз тұздың массасы 1084 × 0,08 = 86,7г. CuSO×5H2O 86,7г сусыз тұзы бар массасын пропорциядан анықтайды: 249,7 : 159,6 = х : 86,7. Одан, х = 135,6г. Ерітінді дайындау үшін қажет су массасы 1084 –135,6 = 948,4г.

3-мысал. 15% күкірт қышқылының ерітіндісінің (r = 1,10г/мл) моляльді, нормальды, молярлылы концентрацияларын табу керек.

Шешуі: 1000г суға санағанда келетін күкірт қышқылының моляльдығын анықтау үшін қажет қышқыл массасы 1000 : 85 = х : 15, сонда х = 176,5г. Күкірт қышқылының мольдік массасы 98г/моль, сонда

m = 176,5/98 = 1,80моль/кг. Молярлы және нормальды концентрациясын анықтау үшін 1000мл (яғни 1000 × 1,1 = 1100г) ерітіндідегі қышқыл массасын табады: 1100 : 100 = у : 15; одан у = 165г. Күкірт қышқылының эквивалент массасы 49г/моль, олай болса, Сн = 165/49 = 3,37моль/л,

См = 165/98 = 1,68моль/л.

4-мысал. 42мл күкірт қышқылын бейтараптау үшін 14мл 0,3н cілті қажет болса, қышқыл ерітіндісінің молярлылығын анықтау керек.

Шешуі: заттар өзара эквивалентті мөлшерде әрекеттесетіндіктен, былай жазуға болады:

Сн,қ ×Vқ = Сн,с×Vс, мұндағы қышқыл мен сілті концентрациялары мен көлемдері. Олай болса, Сн,қ × 42 = 14 × 0,3; Сн,қ = 0,1н. Қышқылдың эквиваленті 0,5моль, сонда молярлылығы 0,1 × 0,5 = 0,05моль/л болады.

5-мысал. 100мл 15%-дық (массасы бойынша) күкірт қышқылын дайындау үшін 96%-дық (массасы бойынша) (r = 1,84г/мл) қышқылдың қанша көлемін және қанша масса су алу керек?

Шешуі: 15%-дық 100мл қышқылды дайындау үшін қажет массасы

100мл × 1,10г/мл = 110г. 16,5г күкірт қышқылы бар 96%-дық ерітінді көлемін табу керек, ол үшін 1мл ерітінді массаы 1,84г болғандықтан, онда

1,84 × 0,96 = 1,77г H2SOболады. Олай болса, H2SOерітіндісінің анықтау керек көлемі 16,5/1,77 = 9,32мл. Сонымен, 100мл 15%-дық H2SOерітіндісін дайындау үшін 9,32мл 96 %-дық ерітінді және 110 – 16,5 = 93,5г су алады.

6-мысал. 10%-дық сілті ерітіндісін дайындау үшін 200мл 30%-дық (масса бойынша) NaOH ерітіндісіне (r = 1,33г/мл ) қанша су құю керек?

 

Оқушыларды бағалау критерийімен таныстыру: 

Бағалау критерийлері


  • Формула екі жолмен өрнектеу; 

  • Өлшем бірлігін көрсету. 

Әрбір топ формулаларын тақтаға жазып, бірін-бірі бағалайды.

Сыныппен жұмыс bilimland.kz сайтынан молярлы концентрацияның анықтамасына назар аудартып, анықтаманы дәптерлеріне жазады. Қорытындылау үшін бейне көріністерді көрсету, талқылау.

Сөздік: молярлы концентрация – молярная концентрация – molar concentration

Мұғалім түсіндірмесі: Молярлы концентрация моль/л бойынша өлшенеді және "M" әрпімен белгіленеді. Мысалы, 2 M NaOH – натрий гидросидінің екі молярлы ерітіндісі. Бұл ерітіндінің 1 литрінде заттың 2 молі немесе 80 граммы бар (M(NaOH) = 40 г/моль).

«

Сабақ соңы

 

5 мин

 

Қортынды тапсырма

Есептер шығару.

1.Массасы 300г  35%дық ерітінді әзірлеу

үшін  қанша тұз,қанша су керек?

2.Тұздың 10%дық 400г ерітіндісіне25%дық

   300г ерітіндісін қосқанда,түзілген

    ерітін-ң концентр-сы қандай?

3.Массасы 500г15%дық ерітіндіге су

  қосқанда ерітіндінің концентрациясы

  қалай өзгереді?

«Анықтамалық  уақыт»

Ерітіндінің пайыздық  концентрациясы  дегеніміз не?

Еріткіш және еритін затқа мысалдар келтірРефлексия

Мақсаты: Оқушылардың өз тәртіптеріне рефлексия жасауды мобильдендіру (мотивация, әрекет тәсілдері, қарым-қатынас).

Рефлексия. Оқушылар стикерге мына сұрақтарға жауап жазады: Учащиеся, предварительно подписав стикеры, записывают: 1. Маған сабақта не ұнады. 2. Маған немен жұмыс істеу керек? 3. Смайл арқылы өзінің көңіл-күйін бейнелейді және стикерді күн бейнесіндегі тақтаға жапсырады.

2. Үй тапсырмасы.

 Жаттығу  

 

стикеры

Саралау –оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз?

 

Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Барлық оқушылар:

Температура түсінігін білу, термометр көмегімен температураны өлшей білу, температураны 0С-ден К-ге аудару.

Оқушылардың көбісі:

Термометрлер түрлері мен температуралық шкалаларды білу,

Температура және жылулық энергия арасындағы айырмашылықты сапалы түсіндіру

 

 

Кейбір оқушылар

Қыздыру температурасының уақытқа тәуелділік графигіне талдау жасау

·         өзара тексеру.

·         өзін-өзі тексеру.

·         ауызша сұрақ

Іс-әрекеттердің ауысуы, барысында шаршауды төмендету үшін мұғалімге қозғалыстар және көру бұрышын өзгерту жұппен және жеке жұмыс

 

 

Смена видов деятельности, передвижение и изменение угла зрение на учителя и доску при индивидуальной  работе и в парах  - снижает утомляемость.

Сабақ бойынша рефлексия

 

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Төменде қалдырылған орынды жүргізілген сабақ бойынша түсіндірмелер үшін қолданыңыз. Сол жақтағы бағанда берілген сабақ бойынша неғұрлым маңызды сұрақтарға жауап беріңіз

 

Жалпы баға

 

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1: кинетикалық және потенциалдық энергияны қайталау (оқушылар түсіндіре алды және мысал келтірді)

 

2: оқу материалын бекіту (жеке жұмыс, өзін-өзі тексеру)

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

 

2: Оқу материалын бекіту барысында консультация үшін жоғары деңгейдегі оқушыларды тарту.

 

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?

Кейбір тұйық оқушыларды сабаққа көңілдерін аударудың нәтижесінде олар дискуссияға жақсы қатысты және қорытынды жасай алды. Келесі сабақтарда осы оқушыларға көңіл бөлу.

 

 

 

 

 


 

Скачано с www.znanio.ru