Балабақшадағы ересек топтың балаларының ата- аналарына арналған тест. Баланың мектепке дайындығын байқауға, тексеруге, балаларды алдын ала дайындауға бағытталған. Тесттің соңында бағалау критерилері берілген, яғни баллдары. Баланың қалай дамып келе жатқандығы туралы тест сұрақтары бар. Ол он бір бөліктен тұрады. Он екінші бөлігі қорытынды.тест
«Балаңыз мектепке дайын ба?»
(балалардың мектепке дайындығын
байқауға атааналарға арналған тест)
Балаңыз мектепке барғысы келе ме?
«Мектепте көп нәрсе үйренесің және онда оқу қызық» деген оны
қызықтыра ма?
30 минут ішінде балаңыз ойын жинақтап бір нәрсемен шұғылдана
ала ма? (мысалы, конструктор жинау)
Өзін танымайтын адамдардың арасында өзін еркін сезіне ме?
Балаңыз сурет бойынша әңгіме құрағанда 5 сөйлемнен артық
құрай ала ма?
Сіздің балаңыз бірнеше тақпақты жатқа айта ала ма?
Сіздің балаңыз буындап немесе толық сөздерді оқи ала ма?
10 дейін тура және кері санай ала ма?
Бір бірлікті алу немесе қосу сияқты қарапайым есептерді шеше ала
ма?
Қолына қаламды ұстай біле ме?
Сурет салуды, оны бояуды жақсы көре ме?
Желім мен қайшыны қолдануды біле ме? (мысалы, аппликация
жасау)
1 минут ішінде 5 бөлікке бөлінген картинаны жинап үлгіреді ме?
Үй жануары мен жабайы жануарларды атай ала ма?
Балаңыз түсініктерді жинақтай ала ма? (мысалы жуа мен сәбіз –
көкөністер)
Балаңыз өздігінен сурет салғанды немесе картина құрастырғанды
жақсы көре ме?
Балаңыз өздігінен нұсқаухаттағы (инструкция) сөздерді түсініп,
орындай ала ма?
Тестілеудің нәтижесі сұрақты мақұлдау жауаптарының санынан
белгілі. Егер мақұлдау жауаптары көп болса:
1518 балл – сіздің балаңыз мектепке дайын деуге болады. Сіз
онымен уақытыңызды текке кетірмепсіз, егер мектепте қандай да бір
қиындықтар кезіксе ол тез шешілетін мәселе.
1014 балл – сіз дұрыс жолдасыз, балаңыз көп нәрсені үйреніп
қалды, ал сіздің ол сұрақтарға жауап бермеуіңіз әлі де біраз тер
төгу керек дегенді білдіреді.
9 және одан төмен – балаңызға арнайы әдебиеттерді көп оқып
беріңіз, оған уақытыңызды көбірек бөліңіз және балаңыздың нені
істей алмайтынын біліп, соны алып кетуіне көмектесіңіз.Бұдан басқа балаңызды үнемі қадағалап, біраз уақыт өткен соң мына
сұрақтарға жауап беруге тырысыңыз – бұл сіздің балаңыздың қалай
дамып келе жатқанын анықтауға көмектеседі.
Сәбиіңіз нені біледі?
Балаңыз негізгі түсініктерді біледі ме? (мысалы, оң(сол), үлкен(кіші),
кең(тар), кіру(шығу)
Ең қарапайым түсініктерді біле ме мысалы, ұша алатын немесе
жүзе алатын?
Балаңыз кем дегенде үш тапсырманы орындауды есінде ұстап тұра
ала ма?
Балаңыз әліпбидің (алфавит) көптеген әріптерін айта ала ма?
Өмірлік тәжірибесі
Балаңызға сізбен бірге дүкенге, кітапханаға немесе жинақ
кассасына баруына тура келді ме?
Сәби кітапханада болып көрді ме?
Сәбиіңіз ауылда, хайуанаттар бағында , музейде болып көрді ме?
Сіздің балаңызға күнделікті кітап оқитын немесе тарихи оқиғаны
әңгімелейтін кезіңіз болды ма?
Балаңыз қызығатын ісі немесе оның хоббиі бар ма?
Менің тілім – менің досым
Баланы қоршап тұрған негізгі заттарды айта ала ма?
Үлкендердің сұрағына оңай жауап бере ала ма?
Әртүрлі заттардың атқаратын қызметін айтып бере ме:
тоңазытқыш, щетка, шаңсорғыш т.б.?
Балаңыз заттың қандай кеңістікте тұрғанын айта ала ма: үстелдің
үстінде, кітаптар арасында қабырғада т.б.?
Бала әңгіме немесе өзінің басынан өткен уақиғаны айта ала ма?
Бала сөзінің грамматикалық жағы қалай?
Бала ортақ әңгімеге араласып, кезкелеген жағдаятта немесе
үйдегі театрда рөлде ойнап бере ала ма?
Бәрінен де көңілкүй
Балаңыз көңілді көрініп жүре ме?
Адам ретінде барлығын білетуге ұмтылатын адам сияқты бейне
қалыптасып келеді ме?
Үйреншікті күн тәртібін тез өзгертіп, жаңа мәселені шешуге тез
ауыса алады ма? Өздігінен жұмыс жасап, тапсырма орындауда басқа баламен
жарыса алуға қабілеті жете ме?
Сәбиіңіз араласа біле ме?
Басқа балалардың ойынына араласып кете ме, бөлісіп ойнай ала
ма?
Өз кезегін кейбір жағдайда күте ала ма?
Басқаның сөзін бөлмей, аяғына дейін күте ала ма?
Физикалық дамуы
Балаңыз жақсы ести ме?
Балаңыз жақсы көре ме?
Балаңыз біраз уақыт тыныш отыра алатын қабілеті бар ма?
Ісқимыл координациясы жақсы дамыған ба: баспалдақтан түсіп
шығуы, доппен ойнау қабілеті, секіру, жүгіру т.б.?
Заттарды айыра алу қабілеті
әр түрлі заттарды топтай ала ма? Мысалы, көп суреттің ішінен
оларға ұқсамайтынын табу?
Бала әріптер мен қысқа сөздерді айыра ала ма: бп, алмаалға т.б.?
Есте сақтауы және зейіні
Егер балаға үш (жеті) сурет көрсетіп кейін оның біреуін алып
тастаса осы жоқ суретті байқай ма?
Бала өз атын, жасын, күнделікті кездесетін кемінде жетісегіз зат
атауын біле ме?
Өмір қисыны
Суреттер сериясын ретімен қоя ала ма?
Сөзді солдан оңға қарай оқу керектігін түсіне ме?
15 элементтен тұратын басқатырғышты өздігінен құрастыра ала
ма?
Бұзылған телефон
Бала сөздерді ажырата ала ма: жасжаз?
Бала үлкендердің бірнеше сөзін немесе санын қайталай ала ма?
Бала әңгіменің мағынасын бұзбай айтып бере ала ма?
Кітапқа деген қызығушылығы
Бала өздігінен кітап көруге қызығушылығы бар ма? Дауыстап оқығанда бар зейінімен тыңдай ма?
Сөздер туралы сұрақтар қоя ма?
Қорытар алдында мына сұрақтарға ашық және шын жауап беріңіз,
бұл сіз бен балаңыз арасындағы қарымқатынасты бағалауға көмегін
тигізеді. «Ылғи да» деген әр жауапқа 4 балл қосыңыз да ал «анда
санда» дегенге 2 балл, «ешқашан» жауабына 0 балл беріңіз.
Балаңыз сізге ұнай ма?
Балаңыздың айтып жатқанын тыңдайсыз ба?
Ол айтып жатқанда сіз оған қарайсыз ба?
Балаңыздың сөздерін түзейсіз бе?
Балаңыздың қателесуге жол бересіз бе?
Балаңызды құшақтап, оны мақтайсыз ба?
Балаңызбен бірге күлесіз бе?
Балаға кітап оқып беруге немесе онымен бірге болуға уақыт бөлесіз
бе?
Балаңызбен қандай да бір ойындар ойнайсыз ба?
Оның қызығушылығы мен әуестігін мадақтайсыз ба?
Балаңыздың жеке кітаптары бар ма?
Тек балаңызға ғана арналған үйде орын бар ма?
Сіз оған үлгі болатындай үйде газет, журналдар оқисыз ба?
Үйде сіз оқыған қызық жайттарды отбасыңызбен талқыға саласыз
ба?
Сіз балаңыздан бұрын ол аузын ашып болғанша, оған не болғанын
айтып саласыз ба (тіс дәрігерінде, дүкенде)?
Балаңызбен бірге теледидар көресіз бе?
Балаңыздан теледидардан көргеннің мазмұнын сұрайсыз ба?
Балаңызға теледидар көру уақытын тежейсіз бе
Балаңызбен бірге серуенге шығуға тырысасыз ба?
Балаңызды хайуанаттар бағына, театрға немесе мұражайға апарып
тұрасыз ба?
Балаңыздың өзін көрсетуге мысалы, ойын кезінде кереметтігін
көрсетуге мүмкіндік бересіз бе?
Жинаған балдарыңызды қосыңыз. Егер 88 балл жинасаңыз –
жарадыңыз! Егер одан кем болса – уайым жемеңіз, жіберген
қателеріңізді түзеуге уақытыңыз бар. Және де балаңыз мектепке
барғанда оған берілген сұраққа толығымен жауап береді деген
сенімдеміз.