Тіршілік қауіпсіздік негіздері бойынша. Өрт қауіпті бар заттар. Мақсаты: Балалардың өрт қауіпсіздігі ережелері туралы білімдерін қалыптастыру..
Қауіп төнген кезде өздерін қорғай білуге машықтандыру, өз өмірлері үшін жауапты екенін ұғындыру.
Тұрмыстық техникалық заттарды пайдалану кезінде қауіпсіздік ережелерін сақтауға дағдыландыру.
Өрт сөндірушілер мамандарына деген құрмет сезімдерін тәрбиелеу.
Тәрбиеші балалардан бүгінгі ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінен алған әсерлерін, көңіл-күйлерін, не үйренгендерің сұрайды.
Тақырыбы: Әңгіме «Абайлаңдар, көктайғақ!»
Мақсаты: Көктайғақ кезде жолдағы қауіпсіз мінез-құлық дағдысын қалыптастыру.
Қыс мезгілінде болатын қауіпті жағдайларды ескере отырып,қауіпсіздік мінез-құлық дағдысын қалыптастыру.
Көшеде, балабақша ауласында сақтау керек қауіпсіздік ережелері туралы білімдерін дамыту;
Өмір қауіпсіздігі ережелерін сақтауға тәрбиелеу
ТҚН.№5.docx
КОНСПЕКТ №6
Өткізген: Закетаева А.А
Өткізу мерзімі:15.02.2019ж.
Топтың жас ерекшелігі: №1 ІІ кіші топ
Тақырыбы: Әңгіме «Абайлаңдар, көктайғақ!»
Мақсаты: Көктайғақ кезде жолдағы қауіпсіз мінезқұлық дағдысын қалыптастыру.
Міндеттері:
БМ:Қыс мезгілінде болатын қауіпті жағдайларды ескере отырып,қауіпсіздік мінезқұлық дағдысын
қалыптастыру.
ДМ: Көшеде, балабақша ауласында сақтау керек қауіпсіздік ережелері туралы білімдерін дамыту;
ТМ: Өмір қауіпсіздігі ережелерін сақтауға тәрбиелеу
Құралжабдықтар:
Сөздік жұмыс: қауіпсіздік,көктайғақ.
Қостілділік компонент: қауіпсіздік ережелеріправила безопастности,көктайғақгололед.
Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру кезеңі.
Тәрбиеші:Допты бір балаға лақтырып, жылы лебізін білдіреді.
Балалар:Допты бірбіріне лақтырып жылы сөздерін арнайды.. Осылай кезекпен ойын жалғаса
береді.
Сабақтың негізгі бөлігі:
Тосын сәт.
Қонаққа «Сақтаныш» келеді. Қолын таңып алған.
Сақтаныш: Сәлеметсіңдер ме, балалар! Менің атым – Сақтаныш.Мен далада жүгіріп, қолымды
жарақаттап алдым.
Тәрбиеші:Балалар,біз Сақтанышқа қауіпсіздік ережелерін түсіндірейік. Ал сендер білесіңдер ме,
қауіпсіздік деген не?
Балалар:Өз ойларын айтады.
Тәрбиеші: Иә, балалар,сендер әр уақытта әртүрлі жағдайларға тап болуларың мүмкін. Өмірде әр
түрлі қауіпті жағдайлар болып жатады.
Асығу қауіпті. Біз баратын жерімізге жүгірмей, жай жүрсек те жетеміз.
Сақтаныш та тайғақ жерде жүгіріп ойнап, қолын жарақаттап алыпты.
Сендер балабақшадағы қауіпсіздік ережелерін білесіңдер.
Сендермен үнемі қайталап, әр бір уақытта естеріңе салып отырамыз. Сол ережелерді Сақтанышқа
айтып беріңдер, ол да біліп жүрсін.
Балалар: Ережелерді естеріне түсіріп, Сақтанышқа айтып береді:
Көктайғақта асықпай жүру керек.
Жолдан өткенде ұқыпты болу керек.
Табаны бедерлі,жұмсақ аяқ киім кию керек.
Құлап қалсаңыз қолыңызды зақымдап алмауға тырысыңыз.
Тәрбиеші: сөздіктерді оқиды: қауіпсіздік ережелеріправила безопастности,көктайғақгололед.
Балалар: қайталайды: Қимылды ойын: «Өз түсіңді тап»
Ойын шарты:Балалар үштөрт жалаушалар алады.Біріншісі жасыл,екіншісікөк,үшіншісісары
жалауша алады да 45 адамнан бөлменің бюұрыштарына топтасады.Әр бұрыштағы тұғырдың үстіне
тәрбиеші әр түрлі жалауша қояды Тәрбиешінің: «Қыдыруға барыңдар»,деген сигналы бойынша
балалар топталып алаңды аралап кетеді.Өз түсіңді тап деген сигнал бойынша балалар өздеріне
лайықты түстегі жалаушаға қарай жүгіреді.
Сақтаныш:Балалар, сендерге рақмет, мен бұл жерден көп нәрсені үйрендім, енді апайды,
үлкендерді тыңдап, жақсы бала боламын деп уәде беремін. Сау болыңдар!
Рефлексия:
Тәрбиеші: Сақтаныш қолын қалай жарақаттап алды?
Балалар: Ол далада жүгірді.
Тәрбиеші:Көктайғақ кезінде өзіңді қалай ұстай білу керек?
Балалар:Қауіпсіздік ережелерін сақтау керек.
ТҚН «Өрт қауіпі бар заттар»
ТҚН «Өрт қауіпі бар заттар»
Материалы на данной страницы взяты из открытых истончиков либо размещены пользователем в соответствии с договором-офертой сайта. Вы можете сообщить о нарушении.