Абай атамыздың “Егер ісім өнсін десеңіздер,ретін тап”-деген сөзін еске түсіре отырып,
Бүгінгі үйренетін өнер түрімен танысып,үйренеміз.Бүгін сіздер тоқу өнерімен танысасыңдар.
Тоқу өнері – қазақ халқының ежелден келе жатқан,ең алғаш киімі мен үй жабдығының негізі болған өнер.Қазіргі заман талабына сай,туысхан халықтар шығармашылығымен толықтырылып,байытылып,дамып адамдарды сұлулыққа жетелеуде.
Сабақтың тақырыбы: Тоқыма.Түрлі тоқыма жіптерді бұйымды дайындауға
пайдалану
Сабақтың мақсаты: Ұлттық қолөнеріміздің бір түрі тоқыма тоқу түрлерімен танысу.
Қолмен тоқу өнерін жан жақты меңгерту. Тоқыманың тұрмысқа қажеттілігі мен қазіргі
өмірде алатын орнын әңгімелеу.
1. Білімділік мақсаты: ілмек инемен тоқу әдіс тәсілдерін үйрету. Технологиясын сызбаны
түсініп тоқи білулерін меңгерту.
2. Дамытушылық мақсаты: жұмыс барысында оқушының шеберлігін, ойөрісін,
көркемдік талғамдарын арттырып, шығармашылық ойлау қабілетін дамыту.
3. Тәрбиелік мақсаты: өз бетімен жұмыс жасауда, бірбіріне көмектесуге, әсемдікке,
ұқыптылыққа, сұлулыққа, тазалыққа тәрбиелеу.
Көрнекіліктер пен құралжабдықтар: сұрақтар шебері, ілмек ине, әртүрлі тоқуға
арналған жіптер, дайын тоқылған бұйымдар, шартты белгілер, суреттер.
Сабақтың типі: сұрақжауап, өз бетімен жұмыс
I.
Ұйымдастыру кезеңі
1. Кабинетті, тақтаны сабаққа дайындау;
2. Оқушылардың сабаққа қатысуын тексеру;
3.Құралжабдықтар мен материалдарды тарату;
4.Өткен сабақта жүргізілген жұмыстарға талдау жасау;
5.Сабақтың мақсаты мен тақырыбын айту;
6. Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру;
II. Өткен сабақты қайталау.
ІІІ.Жаңа сабақты түсіндіру.
Абай атамыздың “Егер ісім өнсін десеңіздер,ретін тап”деген сөзін еске түсіре
отырып,
Бүгінгі үйренетін өнер түрімен танысып,үйренеміз.Бүгін сіздер тоқу өнерімен
танысасыңдар.
Тоқу өнері – қазақ халқының ежелден келе жатқан,ең алғаш киімі мен үй
жабдығының негізі болған өнер.Қазіргі заман талабына сай,туысхан халықтар
шығармашылығымен толықтырылып,байытылып,дамып адамдарды сұлулыққа
жетелеуде.
Халқымыздың тұрмысы күнненкүнге жақсарып келеді.Сондықтанда әр адам соңғы
сән үлгісімен,талғамымен киінгенді жақсы көреді.Әр адамның
талғампаздығын,Қайталамбас ерекшелігін,міне тоқ өнері танытады.Адамдар
тоқумен айналысқанда міндетті түрде жеке басына қажет нәрсе тоқып алу үшін
емес,осы тоқу барысында түрлітүсті бояулар әлемнің үйлесімділігін,түрлі тоқу
әдістерін меңгеруі адамның шеберлігін,ой өрісін,қабілетін дамытады.Алуан түрлі
бояулар сырына тоқталатын болсақ,әр түсің өзінше ерекшелігі,
маңызы бар.Әр түс табиғат пен байланысып тұрғандай.
Ақ түсадалдық,достықтың.
Кок түсаспан мен суды және қанағат пен салмақтылықты.
Жасыл түскөктем мен дастық шақты,еркіндікті.
Қызыл түскүн мен отты және белсенділік пен өмірге құштарлықты.
Сары түсақыл мен білімділікті,байлықты суреттейді.
Тоқу барысында осы түстер үйлесімі жарасымды орындалуы(керек)міндетті.
Тоқыма тоқу үшін мыналар қажет. 1)біз,2)жіп
Біздің өзі әр түрлі болады.
1)Қарапайым сым темірден жасалынған біз. Шұлық,шарып тоқу үшін қажет.2)Екі басы сым темірден жасалынған,ортасы пластмасса кигізілген қарапайым
біз.Бұл сыммен кеудеше,шәлі тоқылады.
3)Ілмек біз.Аты айтып тұрғандай,жіпті іліп тоқуға арналған біз.Ілмек бізді әр түрлі
материалдан жасауға болады.Атабабамыз қойдың кәрі жілігінен бөлініп шығатын
жіңішке сүйектен жасалған.Бұл бізді мықты жіңішке ағаштан,шәй қасықтың сабынан
жасауға да болады.Ілмек біздің шығу тарихына келетін болсақ ,ілмек бізбен тоқу өте
ертеде,Солтүстік Африкада ХІІХІV ғасырда,одан Шығыс Еуропада,Ресейде,Азия
елдерінде ілмекпен тоқу өнері дамыды.Тоқыма тоқу үшін таза
жүннен,мақтадан,синтетикадан иілген жіптер пайдаланылады.Жіпті
қойдың,ешкінің,түйенің жүнінен иіреді.Оларды қырқып,жуып,құрғатып
тазалайды,иіреді.Содан кейін жіптен мата,тоқыма бұйымдары тоқылады.
Қолмен тоқу еркше орынды,белгілі уақытты қажет етпейді.Тоқу құралы ілмек біз
өте шағын және ыңғайлы.Бүгінгі сабақта ілмен бізбен тоқу әліппесін
үйренесіңдер.Ілмекті оң қолға,тоқыма жіпті сол қолға бас бармақ пен сұқ саусақтың
көмегімен ұстап үйренеміз.
IVСарамандық жұмыс
Ілмекпен жұмыс кезіндегі қауіпсіздік ережелерін еске түсіру.
Талап,еңбек,терең ой,
Қанағат,рахымойлап қой
Бес асыл іс көнсеңіз.
деп Абай атамыз айтқандай өнерді үйренуге талаптанайық.
Ілмек бізбен тізбекбау тоқып үйренеміз.Сарамандық жұмыс барысында ілмек бізді
дұрыс еркін ұстауға дағдыландыру,әр оқушыға көңіл бөліп қадағалау.Сарамандық
жұмыс барысында жаңа сабақты бекіту.Тоқу үшін бізге қандай біз керек?Тізбек
баумен нелер дайындалады?
Шығармашылық деңгейдегі оқушылар сарамандық жұмыс барысындағы екінші 10
минутында оқушылық деңгейдегі балаларға үйрете бастайды.Ұжымдық жұмыс
барысында балалар бірбіріне көмектесу барысында адами қасиеттері нығая
түседі.Достық,бауырмалдық,кішіпейілдік орнаған сынып ешқандай қиындыққа
мойымайды.
Vжұмыс орнын жинау 2мин
Еңбек құралдарын арнайы қобдишаға салып жинақтау.
VIүйге тапсырма,бағалау 3мин
Үй жұмыстарын бағалау
Үйге тапсырма:Ілмек бізбен тізбек бау тоқу,25см30см ұзындықта.
Тақтадан бес жұлдыз суреті көрсетіледі