Тәрбие сағаты 5 сынып
Оценка 4.7

Тәрбие сағаты 5 сынып

Оценка 4.7
Разработки курсов
docx
классное руководство
5 кл
05.11.2019
Тәрбие сағаты 5 сынып
Отан – әр адамның жүрегіне жылы тиер қасиетті сөз.Отан –сенің туған елің, туған жерің, дос –жарандарың, туған туысқаның. Отан- бұл өзіңнің тұратын, өмір сүретін, қызмет ететін жерің. Отан адам үшін біреу ғана. Отанды анаға теңейді. Себебі, Отан сендерді анаңдай қорғайды, көмектеседі, күш береді.Біз Отанымызды, елімізді сүйеміз. Біз, Қазақстанның патриотымыз!
тәрбие сағаты.docx
«О. Бөкей атындағы №44  лицейі»КММ Коммуналдық мемлекеттік мекеме Тәрбие сағатының тақырыбы:  Мен, Қазақстанның патриотымын!                       Өткізген :                                                                     5«а» сыныбының сынып                                                                               жетекшісі: Мұқашев М.С. 2019­2020 оқу  жылы Тәрбие сағатының тақырыбы: Мен, Қазақстанның патриотымын! Мақсаты:  1.    Оқушыларды Отанды сүюге, құрметтеп қастерлеуге, өз елін, тегін тарихын білуге тәрбиелеу. 2.    Оқушылардың таным белсенділіктерін, қызығушылықтарын дамыту. 3.    Оқушыларға патриоттық, эстетикалық, адамгершілік тәрбие беру, өз ой­пікірін білдіре алатын оқушыларды  тәрбиелеу.  Көрнекілігі: интербелсенді тақта Барысы:  1.    Ұйымдастыру. •    Аспаны ашық еліміздің,  Көркі сұлу жеріміздің,  Біз­бақытты баламыз!  Ақпыз,қара, сарымыз,  Ағайынбыз бәріміз!  2.    Мұғалімнің кіріспе сөзі: ­Отан – әр адамның жүрегіне жылы тиер қасиетті сөз.Отан –сенің туған елің, туған жерің,  дос –жарандарың, туған туысқаның. Отан­ бұл өзіңнің тұратын, өмір сүретін, қызмет ететін  жерің. Отан адам үшін біреу ғана. Отанды анаға теңейді. Себебі, Отан сендерді анаңдай  қорғайды, көмектеседі, күш береді.Біз Отанымызды, елімізді сүйеміз. Біз, Қазақстанның  патриотымыз!   Отан деген не, кім қалай түсінеді?                      Көп аузынан түспейтін,                      Отан деген немене?                      Оның тұлға түс кейпін,                      Достым білгің келе ме?  1оқушы:   Отан дейміз от жаққан жерімізді,                     Отан дейміз өсірген елімізді.                     Отан дейміз туған жер, атамекен –                      Биік тау, орман, тоғай көлімізді. 2 оқушы:      Отан дейміз кең­байтақ астананы,                  Жасыл жайлау, жаңа жол, жас қаланы.                   Отанның шеті де жоқ, шегі де жоқ,                   Ол бірақ өз үйіңнен басталады. 3 оқушы:        Отан­ тарих, Отан – тіл,                    Жасаған елің, өз­ халқың.                    Отан – өлең, Отан­жыр,                    Көтерген көкке ел даңқын. 4оқушы:    Отан – сенің ата­анаң,                     Отан – досың, бауырың,                     Отан – өлкең, астанаң,                     Отан – аудан, ауылың. 5 оқушы: Отан – осы достарым,                      Көңілге мұны түйе біл!                      «Отан» деп өс жас қауым,                      Оны ардақтап сүйе біл! Хор: «Отан» ­Біздің Отанымыз қалай аталады? ­Қазақстан Республикасы қандай мемлекет? ­Қазақстан Республикасының президенті кім?                Ел болдық ерік алдық астаналы                Енді кімнен қазағым жасқанады?                Тәуелсіз мемлекеттің шежіресі,                Нұрсұлтанның атымен басталады. Біздің Отанымыз – Қазақстан Республикасы. Сан ғасырлар бойы ата­бабаларымыз жерін  жаудан қорғап, бүгінгі ұрпақ, бізге жеткізді. Қазақстан жер көлемібойынша 9 орында  тұр.Қазақстанда үлкен қалалар көп. Олар: Алматы, Астана, Қарағанды, Шымкент,  Көкшетау, Қостанай, Ақтау, Павлодар, Ақтөбе, Тараз, Қызылорда, Өскемен, Семей,  Талдықорған. Бұлар – әдемі қалалар. Астана­ Отанымыздың бас қаласы, астанасы.Ол Есіл өзенінің жағасында орналасқан.  Астана қаласын қазір бүкіл ел біледі. Базарбек: Туған өлкем  Қазақстан­тәуелсіз, егеменді, көп ұлтты мемлекет. Онда қазақтар, ұрыстар, ұйғырлар,  өзбектер, корейлер, украйндер және тағы басқа ұлттардың өкілдері тұрады. Олар тату­ тәтті, бірлікте өмір сүріп жатыр. ­Қазақстан Республикасы қандай мемлекет? ­Қазақстан Республикасының президенті кім?                Ел болдық ерік алдық астаналы                Енді кімнен қазағым жасқанады?                Тәуелсіз мемлекеттің шежіресі,                Нұрсұлтанның атымен басталады. Аумалы­ төкпелі заманды бастан кешкен қазақ халқының өзіндік басқару жүйесі болған. Ел қамын жеген ерлері, сөзін сөйлеп, халық жағдайын жасаған шешендері, білімпаз билері, әр  елде, әр ауылда сөз тыңдар ақсақалдары болған. Қазақта аты аңызға айналған Қазыбек би,  Әйтеке би, Төле би сияқты би­шешендер өте көп. Көрініс: «Үш арыстың үлгілері» Мемлекеттік тіл­қазақ тілі. Қазақ тілін білу­әрбір қазақстандық азаматтың борышы. Ардақ: «Туған тілім» Би: «Қамажай» Сондай­ақ мемлекетіміздің өз Ата заңы бар. 1993 жылы 28 қаңтарда ҚР тұңғыш  Конституциясы қабылданды. 1995 жылы 30 тамызда еліміздің жаңа конститутциясы  қабылданды.Адамның өмірін, денсаулығын, тыныштығын мемлекетіміздің Ата заңы  қорғайды. 1992 жылы ҚР мемлекеттік рәміздері қабылданды. Олар: ту, елтаңба, гимн. Қазақстан Республикасының мемлекттік Туы. Ортасында шұғылалы күн, оның астында қалықтап ұшқан қыран бейнеленген тік бұрышты  көгілдір түсті мата. Алтын күн, қыран және ою­өрнек біздің халқымыздың ашық келешегі мен берекесі, тыныштық пен байлықтың белгісі. Нұрислам:    Көк аспандай көкпеңбек,                        Қазақстан жалауы.                        Көк емес ол тектен­тек,                        Елдің ашық қабағы. Қазақстан Республикасының мемлекеттік Елтаңбасында көгілдір түс аясында шаңырақ  бейнеленген. Шаңырақты айнала күн сәулесіндей тарап, уықтар шаншылған. Бес жұлдыз, қанатты тұлпар бейнеленген. Бидай сабақтары тоқшылық,  молшылықты білдіреді. Айнұр:            Елтаңбасы елімнің, Неткен әйбәт, әдемі                         Тұнығындай көңілдің                          Ортада аспан әлемі. Кез­келген мемлекеттік рәміздердің ең маңыздысы­ Гимн. Гимн мемлекеттік ән. Ол  халықты әйгілі етеді. Оның сөздерінде халықтың мыңдаған жылғы тарихы, бүгінгі өмірі мен клешек арманы айтылған.:             Оттай жанып жанарың                         Одан қуат аламын                         Әнұран ол ­ тынысы                         Кең жазира даламның. Отан туралы өлең­жырлар. «Үш бақытым»: «Отан»: «Отан туралы» Мұғалім: ­ Ия, балалар, елін, жерін сүйетін азамат болып шығу үшін қандай бала болуымыз  керек? ­    Білімді, өнерлі, ақылды, еңбексүйгіш бала болуымыз керек. ­    Дұрыс­ақ, ендеше Отан, туған жер туралы қандай мақал­ мәтелдер білеміз? «Жалғасын тап» ойынын ойнайық. Сабағымызды жақсы оқып, еліміздің адал, еңбекқор азаматы болайық. Ер жетіп еліміздің  одан әрі көркеюіне, гүлденуіне өз үлесімізді қосайық. Оқушылар тақтаға шығып, келесі әріптерді көтереді. Б­ білімімді арнайтын  О­ отанымды қорғайтын  Л­ лаңкестікті даттайтын  А­ адалдықты жақтайтын  Ш­ шуағымды шашатын  А­ асулардан асатын  Ғ­ ғарыш сырын меңгергн  Ы­ ынтымақты тең көрген  М­ менмендікті жек көрген  Қ­ қазаққа қызмет ететін  А­ арманына жететін  З­ заңды жақсы білетін  А­ алға қарай жүретін  Қ­ қайырымды елімнің  С­ салтанатты жерімнің  Т­ толықтырам сенімін  А­ абыройын,жігерін  Н­ намысын қолдан бермейтін  Бәрі: Мен боламын еңбекқор,  Болашағы елімнің!  Ән «Көк тудың желбірегені». Қортынды: ­ Міне, балалар, бүгін өздеріңді Тәуелсіз еліміздің болашағы екендеріңді, яғни,  нағыз азамат екендіктеріңді көрсете білдіңдер. Белгілі ақын атамыз Ж. Молдағалиев:                           Өткеніңді еске алсаң,                           Өскеніңнің белгісі.                           Өткеніңді ұмытсаң,                           Өшкеніңнің белгісі,  ­ деген екен. Сондықтан, халқымыздың бүгінгі уақытқа дейінгі жеткен жетістіктері  өздеріңе аманат. Сондай­ақ, еліміздің егемендігін танытатын ресми ерекшелік белгілері: Ана тіліміз, Елтаңбамыз, Туымыз, Ата заңымыз, Әнұранымызды бойындағы бойтұмарындай сақтап қана қоймай, қашанда еліміздің, жеріміздің еркіндігін сақтар мықты ұрпақ, мықты  азамат болатындарыңа сенімім мол. Жолдарың ашық, жарқын болсын, Тәуелсіз елдің  азаматтары! «О. Бөкей атындағы №44  лицейі»КММ Коммуналдық мемлекеттік мекеме « Жол тәртібін жадыңда ұста!»                                                                                                                                                                                                         Өткізген :                                                                       5«а» сыныбының сынып                                                                               Жетекшісі:  Мұқашев М.С. 2019­2020 оқу  жылы Жол тәртібін жадыңда ұста  Мақсаты: 1) оқушыларға көше қатынасы ережелерін меңгерту; 2) жолда жүру ережесін есте сақтау арқылы білгендерін пайдалана білуді тұрақты дағдыға  айналдыру; 3) оқушыларды жол ережелерін бұлжытпай орындауға, сақтыққа тәрбиелеу. Көрнекілігі: бағдаршам, жол белгілері, плакатқа жазылған ескерту сөздер, макеттер,  оқушылардың салған суреттері жүргізуші: Құрметті оқушылар! Құрметті қонақтар, ұстаздар! Бүгінгі "Жол тәртібін  жадыңда ұста" жиынымызды бастауға рұқсат етіңіздер! жүргізуші: Шуақты өміріміз күндей күліп, Жүректе бүршік атып гүлдейді үміт. Арманға сапар тарту мүмкін емес Жол жүру ережесін білмей тұрып. жүргізуші: Қай көше, қай қалаға барсаңыз да, Қай ақыл өлшеміне салсаңыз да. Жол жүру ережесі заңды тәртіп ­ Ол ортақ Үлкен кіші баршамызға! жүргізуші: Жалғайтын достастырып бар елменен, Жолдардан тұрады ғой әлем деген. Бүгінгі бізге келген қонақтарға Жиынымыз басталсын сәлемменен. жүргізуші: Бүгін бізге қонаққа жол полициясынан ағай келіп отыр, сөз кезегін берейік. жүргізуші: Бүгін сіз бізге жолда жүру ережесі жайында көп мағлұмат бердіңіз. Сізге көп  рахмет айтамыз! жүргізуші: Енді сөз кезегін оқушыларға берейік I топ. "Бағдаршам" Топтың ұраны: Тоқта! Сақтан! Жол ашық! Жүрме жолға таласып. II топ. "Жол белгілері" Топтың ұраны: Үйрен таппай тыным бір, Белгілердің тілін біл! III топ. "Жүргізуші" Топтың ұраны: Жол тәртібін білейік, Аман­есен жүрейік! IV топ. "Қиылыстар" Топтың ұраны: Басталар әр қиылысың аттауменен, Жолда жүру ережесін сақтауменен. Хор: "Бағдаршам". I топ. "Бағдаршам" (Бағдаршамның шығу тарихы жайлы баяндайды.) 1­оқушы: Балалар, бағдаршамды кім ойлап тапқанын білесіңдер ме? Ал ендеше тыңдап  көрелік. Алғашқы бағдаршам теміржол бойында пайда болды. Оны ойлап тапқан адамның  есімі тарихта сақталмаған. 2­оқушы: Оны көше қиылысына ыңғайлап, кайта жасаған ағылшын инженер­механигі Д.  Найт болатын. Ол 1868 жылы Лондондағы парламент үйінің алдына бағдаршам орнатты. 3­оқушы: Алдымен түрлі түсті сигнал қайыс берілістің көмегі арқылы өзгертіліп отырды.  Сосын аппарат ортасына газды шам орнатылды. 4­оқушы: Өкінішке орай бірде газ жарылып, кезекте тұрған полицей қаза болады да, содан  жарты ғасыр бойы ұмыт болады. 5­оқушы: Тек 1914 жылы Американың Кливленд қаласына, сосын Нью­Йорк, т.б.  қалаларында пайда бола бастайды. Бұл жолы олар электрлі болды. Тек екі түсті ғана:  қызыл және жасыл. 1918 жылдан бастап қана үш түс қолданыла бастады. 6­оқушы: Кеңес одағы бойынша алғаш рет бағдаршам 1924 жылы Мәскеу қаласының  Кузнецк көпірі мен Петровка көшелерінің қиылысында орын алды. ІІ топ. "Жол белгілері" 1­оқушы: Үйрен таппай тыным бір. Белгілердің тілін біл. Егер оны білмесең. Тартар жолың бұлыңғыр. 2­оқушы: Өзі қызыл, үшбұрышты ескертуің мен болам, Хабарлайтын бар қауіпті оң сапарға жолдаған. Маған қарап жүрер болса жүргізуші, жаяу да, Жолы болып, сәтсіздікке ешқашан да қалмаған. 3­оқушы: Мен бәріне әрқашанда тыйым салып тұрамын, Қайда болса алда тұрып жібермеймін бір адым. Түсім қызыл, өзім шеңбер сызық болып бітемін, Осы жолы үндемейін бар ма тағы сұрағың. 4­оқушы: Белгімін көрсетер жылдамдық бағытын, Ой, шұңқыр, бұрылыс, қатерді, қауіпті. Барлығын анықтап, көрсетіп жіберем, Сондықтан бәрі де мені тез таныпты. 5­оқушы: Баратын сапардың қашығын, тұрағын, Үн­түнсіз жол сілтеп көрсетіп тұрамын.  Күндіз де, түнде де от болып жанады, Көкпеңбек боялған төртбұрыш шырағым. III топ. "Жүргізуші" 1­оқушы: Жол ережесін білу өмірімізді қауіптен, жазымнан сақтайды. 2­оқушы: Оның сырын біліп, жол ережесін орындау баршамызға қажет. 3­оқушы: Есігінен артқы Көлікке сен мінгін. Дәл осы бір сәттен Құлағыңды тіккін. 4­оқушы: Кезекте сен әлгі Артқы есіктен кіргін. Енді есіктен алғы Түсеріңді білгін. IV топ. "Қиылыстар" 1­оқушы: Жолдар қиылысында Қалтарысып қысылма. Көлденеңнен жол болса, Кібіртіктеп тоспа оны. 2­оқушы: Бос болмаса алайда Сақтық жаса абайла. Қалмас үшін соқтығып, Ол өткенше тос тұрып. 3­оқушы: Ирек­ирек көшелер. Көше деген мың ирек. Қиындыққа әйтсе де Үйренесің  біртіндеп. ("Бағдаршам" ойынына барлық оқушы топпен қатысады.) жүргізуші: Ойын жүргізушісі алдын ала дайындаған үш түсті көрсетіп, оқушылардың  қаншалықты жинақы екенін байқайды. Ойын шарты 1) Бағдаршамның жасыл көзін көрсеткенде балалар жүрген сияқты бір орында аяқтарын  қозғалысқа келтіреді. 2) Сары көзін көрсеткенде ду қол шапалақтайды. 3) Қызыл көзін көрсеткенде бір орында қозғалмай тұрып қалады. жүргізуші: Қызыл көзін ашқанда, Сынық сүйем баспа алға. Сары көзін ашқанда, Қарап қалма аспанға Жасыл көзін ашқанда, Өте бергін, жасқанба! Мұғалім: Қымбатты қонақтар ұстаздар, оқушылар! Оқушылар жолда жүру ережесімен  таныстырылды. Әр оқушы "Менің үйден мектепке дейінгі жолым" деген схеманы сызып  күнделіктерінің бірінші бетіне салып қойды. Жолда жүру ережелеріне байланысты тәрбие  сағаттары өтті. Міне алдарыңызда оқушылардың салған суреттері, жасаған макеттері.  Оқушылар жолда жүру айлығына бір кісідей ат салысты. «О. Бөкей атындағы №44  лицейі»КММ Коммуналдық мемлекеттік мекеме Тәрбие сағатының тақырыбы:  Тіл мерейі –ұлт мерейі!                       Өткізген :                                                                     5«а» сыныбының сынып                                                                               жетекшісі: Мұқашев М.С. 2019­2020 оқу  жылы «Тілдің мерейі – елдің мерейі» Тіл – әрбір ұлттың заңы сезімнің, ойдың жанды бейнесі. Қазақ халқы – сөзге  шешен, ойы ұшқыр, мақалдап сөйлейтін халық. Кез­келген дауды атақты  билеріміз бір ауыз сөзбен шеше білген. Осыншама жылдар бойы жеңілмей келе жатқан – тіл. Ендеше ана тіліміз қазақ тілінің мерейін көтеру болашақ ұрпақ  сіздердің еншілеріңізде. Тәрбие сағатымыз оқушылардың ана тіліне деген  құрметін, қазақ тілін меңгеруін байқап, тіліне деген патриоттық сезімін  арттыру мақсатында екі топтың жарысы түрінде өтеді. І. Көрініс. Ашылуы. Тіл жайлы бірер сөз.  Бәрекелді, балалар, тіл туралы қаншама пікірталас, әңгіме жүргізіп  тұрсыңдар. Оларың дұрыс екен. Ал мен сендерге тіл жайлы түсінік  берейін. Дүние жүзінде халық та, тілде көп ұлттарды бір­бірімен ажыратып бөлетін де, жақындастырып туыс ететін де басты белгісі – оның тілі. Тіл әр ұлттың ұлт  ретінде сақталуының кепілі. ІІ. Сұрақ­жауап. 1. ҚР қашан тәуелсіздік алды? 2. Қазақ тілі қай тілдер тобына жатады? 3. Қазақ тілі алғаш мемелекеттік тіл мәртебесін қай жылы алды? 4. Қазақ әліпбиін жасаған ғалым кім? 5. Абайдың әжесі? 6. Балаларды оқуға шақырған Ы.Алтынсариннің өлеңі қалай басталады? 7. Күй атасы кім? 8. Қазақтың тұңғыш ғарышкері кім? 9. «Қазақстанның болашағы – қазақ тілінде» деп кім айтты? (Осыдан соң лента арқылы топқа бөлінеді.) Қандай тілдерді білесіңдер? Біздің Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев үш тілді бірдей меңгер  дейді. Ол қандай тілдер? Бірақ Қадыр Мырзаәлі былай дейді «Өзге тілдің бәрін біл, өз тіліңді  құрметте». Біздің ата жазушыларымыз, данышпандарымыз Әл­Фараби, Олжас  Сүлейменов, Шоқан Уалиханов, Мұхтар Әуезов бірнеше тілді меңгерген.  Барлық мемлекеттік Президенттері негізгі 7 тілде бір­бірімен қарым­қатынас  жүргізеді: орыс, ағылшын, араб, қытай, француз, япон, испан. ІІІ. Пікірталас. 1.Тіл тағдыры – ел тағдыры. 2. Қазақстан азаматына орыс, ағылшын тілін білудің қажеттілігі бар ма? 3. Қазақ тілінің бүгінгі жағдайына көңіліңіз тола ма? 4. Қазақ тілінің дамуының кенжелеп келе жатқанына кім кінәлі? ІҮ. «Мақал – сөздің мәйегі» (Өздері білетін мақал­мәтелдерді жазып тақтаға ватманды ілу, ұнаған  мақалдың мағынасын тарқату) Ү. Видео. Қазақ тілі туралы бейнеролик. Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев «Қазақстанның болашағы – қазақ  тілінде» деп айтқанындай сендер осы ана тіліміздің мәртебесін биікке  ұшыратын сұңқары, бәйгенің алдын бермес тұлпары болуларыңа тілектеспін. «О. Бөкей атындағы №44  лицейі»КММ Коммуналдық мемлекеттік мекеме Тәрбие сағатының тақырыбы:  «Қарты бардың қазынасы бар» Өткізген :                                                                     5«а» сыныбының сынып                                                                               жетекшісі: Мұқашев М.С. 2019­2020 оқу  жылы  «Қарты бардың қазынасы бар» Мақсаты: Жас жеткіншектердің бойына үлкенді сыйлап тыңдай білуге, халқының салт –  дәстүрінен нәр алуға, инабаттылық пен мейірімділікке тәрбиелеу. Жүргізуші: Көп жасаған қария­ Ақылы теңіз дария. Көп өнеге сөзі бар, Сөзі – соқпақ, сөзі – нәр. Ата салты ардақты, Әрбір сөзі салмақты. Сол сөздерді ұқпасаң, Тістерсің бір күн бармақты. Құрметті ұстаздар мен оқушылар! Зымыраған сағат тілінің шексіз тықылдап соғуына мән бермеген біз уақыттың қалай  жылдам өтіп кеткенін сезбей қалыппыз. Енді міне, алдымызда 1­ қазан қарттар күні  мерекесі жақындап қалды. Неткен шіркін уақыт десеңші, осылайша ортамызда жүрген  қарияларымыздың бір кезде елі, халқы, келешек ұрпағы үшін жасаған игі істері ерекше  орын алады. Қазіргі кезде біздің мемлекетімізде қарттарға үлкен мән беріп, көңіл аударып,  жан­ жақты үкімет тарапынан қамқорлық жасалуда. Қазақстанның өсіп­ өркендеуіне,  еліміздің бейбітшілік тыныш өмір кешуіне өз үлестерін қосқан осы ардақты да аяулы  қарттарымыздың арқасы деп есептейміз. Міне, енді қарттар күні саналы ғұмырларын Отан  деп, тынымсыз еңбектерімен мемлекетіміздің негізін салуға жол ашқан алдыңғы буын аға­  апаларымыздың төл мерекесі. Олардың өмір жолдары бүгінгі ұрпаққа табылмас қазына.  Қарттар – біздің асыл қазынамыз. Жүргізуші: Адамдар арасындағы қарым­қатынаста адамгершілік, әдеп, инабат үрдістерінің  қаншалықты кең жайылып, терең тамырлануы, ең алдымен, олардың жекелеген отбасында  өркен жаюына, яғни баланың ата­анасын жан­жүрек қалауымен, саналы түрде ардақтап,  инабат тағылымымен үлкендерге деген қарым­қатынастарында оны мүлтіксіз жүзеге  асырылуына байланысты.Қарттарды құрметтемейтін, олардың алдындағы перзенттік  парызын үлкен ынтамен орындамайтын, әдептілік, кішіпейілділік, сергек сезімталдық  көрсетпейтін, бұл қасиеттер қанына сіңіп, жүрегіне ұяламаған ұрпақтан не опа, не қайыр?!  Адамның өмірінің мәні мен сұлулығы, адамның келешегіне сенімділігі – баланың ата­ анасын ардақ тұтып, өзінің перзенттік қарызын бір сәтке де есінен шығармауында.Өз  отбасынан жылу таппаған қаншама қарттарымыз қарттар үйлерінде өмірлерін  жалғастыруда. Қарттар үйі – жасы ұлғайып, қараусыз қалған қарттарымызды қамқорлыққа алатын,  әлеуметтік қорғау нысандарының бірі болып табылады және ол мемлекеттік мекеме. Қартаю – биологиялық процесс, белгілі бір жасқа жеткеннен кейін организмнің мүмкіншіліктерінің үдемелі төмендеуі. Қай жерде де ата­анаға қызмет көрсетуге тиістілігіңді ұмыту әсте жарамайды. Қарт  адамдардың үйретуге де, ақыл айтуға да моральдік құқы бар. Бұл моральдік құқыны құрметтей білу керек. Кім де кімнің үйінде қартайып отырған әке­шешесі немесе атасы мен әжесі секілді  қымбатты «қонағы» болса, ол­үйіне олардан артық құдайдың құрметті өкілі келеді деп  ойламасын, егер үйдің иесі оларға дұрыс қарап, қамқорлық жасаса, қартайған ата­анасы  оның отбасының құты болып табылады.Қарт кісіні құт­береке деп танысақ­ол ұрпақ  көрегендігі. Ұрпағы құрметтеген ата­ана әр кезде де бақытты. Ән: «Әке туралы жыр» орындайтын: 1­оқушы: Сән еңкейген нұр жүзінен әл тайып, Қуат кетіп бара жатыр қартайып. Отбасында, бала – шаға қасында Жетпістер мен сексендер жүр қалқайып. Көңіл жетім болмаған соң сыңары, Жас баладай жаутаңдаған жанары, Қайта – қайта қарағың кеп тұрады, Қағыс естіп қалбақтайды баладай Мәпелеңдер қарт біткенді аялап Ниеті ақ, көңілі кең даладай, Кімге болсын қарттық жетер аяңдап. 2­оқушы: Ақиқатты айқындап жариялар Бара жатыр азайып қариялар. Дауыл тұрса бүлк етіп толқымайтын Бара жатыр сарқылып дариялар. Неменеңе жетістің, бала батыр, Қариялар азайып бара жатыр. Бірі мініп келместің кемесіне, Бірі күтіп әнеки жағада тұр. Ақыл айтып жүрмесе қасымызда, Сонда орнайды жетімдік басымызға. Жалаңашқа шекпенін шешіп беріп, Бір күлшесін бөліскен ашымызға. Неменеңе жетістің, бала батыр, Қариялар азайып бара жатыр… 3­оқушы: «Реніш» (Мұқағали Мақатаев) Әй, балам – ай, Шамалы – ау түсінігің, Қандай болар, білмеймін кісілігің… Жаңа ғана қайтқандай жерлеп мені Жауар күндей қабағын түсіруін! Әй, балам – ай, шамалы – ау түсінігің…! … Жоқ, балақай! Мен сендей боп өспедім! Мына мінез – мінезім емес менің. Адамдардан қарым алу үшін Не көрмедім, өмірде не кешпедім. Аяры жоқ адуын жауыздықтан Алып шықтым арымды тамыздықтап. Амалым не жастықтың кер тұлпарын Тасқа қамап тастадым ауыздықтап. Қиып түсер қыршын ем алмасы көп, Қидым бәрін сен өксіп қалмасын деп. Мінезің – ай, балам – ай, мінезің – ай, Кетпегей – ді мерт етіп, жарға сүйреп. Жүргізуші: Бабалар сөзі – кешегі өткен қариялардан, ғұлама ойшылдар мен шешен –  билерден, ақын – жыраулар мен сал – серілерден мұра, мирас болып қалған ұлы тәрбие  құралы. Біздің ата – бабаларымыздан бізге жеткен көптеген ұлағатты, ғибрат аларлықтай  тамаша тәлім – тәрбие берерліктей өсиет сөздер бар. Баланың рухани өсуіне ата мен әженің ықпалы зор. Олар ең алдымен балаға тіл игеруге  көмектеседі. Көшеде жүргенде ортадан үйренген қолайсыз сөздерге тыйым салады. Бұның  бәрі – тәрбие. В. А Сухамлинский: «Қарт адамдардың үйретуге де, ақыл айтуға да қақысы  бар. Бұл моральдық қақыны құрметтей біл »,­ деп айтқан. Би: Аққу биі Көрініс: Оқушы: Бүгін біздің сүйікті атамыз Мақалбай бізде қонақта. Ол бізге бар мейірін, бар  ақылын төгіп келіп отыр. Мақалбай ата, ендігі сөз өзіңізде. Мақалбай ата: Ата – анаңды құрметтесең, Сенде жақсылық игілік көресің Атаңа не қылсаң, алдыңа сол келер Ата – бәйтерек, Бала – жапырақ Әке – асқар тау, Ана – бұлақ, Бала жағасындағы құрақ. Қарияларды ардақтап өтсең, құрметтесең, Қартайғанда сені де етер ізет. Маған мынаны айтып беріңдерші, балаларым. Дүниеде не қымбат? Не қатты? Не тәтті? Жеті тойымсыз бен жеті жұрты атап беріңдерші? Балалар жауабы тыңдалады. Мақалбай ата: Бәрекелді, өздерің шеттеріңнен шешен екенсіңдер ғой! Үлкендерді құрметтеуге арналған қандай мақал – мәтел білесіңдер? Оқушылар жауабы тыңдалады. 1­оқушы: Үлкенге үнемі сәлем бер. 2­оқушы: Үлкенге қарсы шықпа 3­оқушы: Үлкеннің батасын қабыл ал. 4­оқушы: Атаға бөлінгендер адыра қалады. Көпті қорлаған көмусіз қалады. 5­оқушы: Үлкен кісіні ренжітпе. 6­оқушы: Ауылыңда қария болса, Жазып қойған хатпен тең. 7­оқушы: Кәрі келсе асқа, Жас келсе іске. 8­оқушы: Кәрі, кәрінің сөзі – дәрі. 9­оқушы: Ақылды қария – ағып жатқан дария. 10­оқушы: Кәріліктің алды, жігіттіктің соңы. 11­оқушы: В. А Сухомлинский: «Қарттардың адамдық осалдықтарына кешірімді бола  біліңдер» 12 – оқушы: Махмуд Қашғари: «жақсы үленді қадірлесе – құт болар.» 13­ оқушы: Махмуд Қашғари: «кішілік пен кісілік – ұлылықтың белгісі» 14­ оқушы Фарид – ад – дин Аттар: «қартайған шағыңда өзіңді басқалар құрметтеу үшін  жас кезінде қауқары қайтып, сақал – шашы ағарған кісіге ізет қыл.» 15­ оқушы: Өткен менен кеткенді, Көп жасаған қарт білер. Шал ақын. 16­ оқушы: А. Поп: «Кішіпейілдіктің кетімсіздігі – ақылдың жетімсіздігі.» 17­ оқушы: Г. Плеханов: «Кішіпейілділік талаптылыққа тура пропорционал» Мақалбай ата: Ал, балаларым, жарайсыңдар! Енді өздеріңе ақ батамды берейін. Сабағыңды оқы беске, Жақсылығың жетсін көпке Балалар үйінің қуанышы бол, Бауырыңның жұбанышы бол. Сенімін ақта үлкендердің, Түлесін көктеп мекенің! Жүргізуші: Үлкендіктен ешкім құтыла алмаған. Бірақ кәріліктің өзінің сәні – мәні бар. Ұлықпан Хакім мың жасаған дейді, ешкім мың жасамайды, тек өсіп­өнген, тәрбиелі ұрпағымен мың жасайды. Ия, ұрпағының өсіп, жетіліп, айналасына үйіріп отырған көреген қарияда не арман бар? Қазақтың басқа халықтардан айырмашылығы – “Ұрпағым” деп шыр­пыр болатыны. Ол үшін көзсіз көбелектей отқа түсетіні. Бұл­ біздің ең ұлы ұлттық қасиеттеріміздің бірі. Ал ұрпақтың ата­ана алдындағы борышын өтеу үшін жасап жатқан ынта­жігері мемлекеттік деңгейде қолдау тауып, зейнеткерлерге жағдай жасау. Президентіміздің жыл сайынғы халыққа жолдауында арнайы қаралып, оларға қамкорлық ел эканомикасының өсімімен қатар өсіп келеді. Ән: «Қариялар азайып бара жатыр» орындайтын: 4­оқушы: Атам менің әманда, Әдепті жан бол деген Атам сөзі санамда, Жасы үлкенге жол берем. Алдын орап кісінің, Кесіп өтпе көлденең Ізетімен кішінің Сәлемдесіп қол берем Атам менің әманда, Кішіпейіл бол деген Ата сөзі санамда Мақтанбауды жөн көрем. Қалдыратын ұлтқа Жалған сөзге төзбеймін. Жеткізеді мұратқа, Тек шындықты көздеймін. 5­оқушы: Атам менің әманда Әділетті бол деген, Ата сөзі санамда Жүрмін тура жолменен Ей, тәкаппар дүние Маған да бір қарашы Танимысың сен мені? Мен қазақтың баласы Атаң болса анаңмен Алтыннан соққан қорғанмын Санаң болса ақылды, Ешкімнен кем болмадың Інің болса мақалшы Семсер қылыш білегің Ақылды қыз, ақылды ұл­ Өкпе, бауыр, жүрегің. 6­оқушы: Құттықтаймыз мейрамыңмен аталар! Әр күлгенің бізге бақыт саналар Еңбегіңді еш етпейтін өмірде Елің, жұртың, ұл мен қызың бағалар Ана мейір күн көзімен пара­пар Тұла бойға қуат болып таралар Өміріме шуақ шашып әрқашан Көп жасаңдар аталар мен аналар! Ән: «Ана» орындайтын: Жүргізуші: Жас ұлғайып, кәрілік кезеңге аяқ аттау – қазақ қауымын қай уақытта да ойлантып, толғандырған. Өзі де дәулетті әулеттен, не ішем, не кием деп бас қатырмай ән қанатына тербелген Біржан сал: «Әудем жер баса алмаймын аяғымнан, Ұстаймын екі қолдап таяғымнан. Кәрілік келіп қалдың қай жағынан?»­деп жырласа, Абай атамыз да: «Қартайдық, қайғы ойладық, ұлғайды арман», ­ деп күңіренген. Ащы айқайымен Сыр бойын ұйқыдан оятқан ер Нартай да: «Қартайдым, елім, қартайдым, Келе де береді жантайғым»,­ демеп пе еді. Ия, кәрілік дегенің, бажайлап көрсең, қуанышы аз кезең сыңайлы. Дегенмен өлі арыстаннан тірі тышқан артық дегендей, бір­ бірімізге ұзақ ғұмыр тілеп, «жүз жаса», «жағың түскенше, жаманшылық көрме», «шөбереңнің алақанынан су іш» деп жатамыз. Жүргізуші: «Бабаларым, рахмет сендерге! Балаларым болмасын деп бос кеуде, Қобызыңмен қосып ән мен тіл бердің, Өмірге мен мылқау болып енгенде Бабаларым, рахмет сендерге!»,­ деп Мұқағали Мақатаев атамыз айтқандай міне, балалар,  біз өзіміздің ата­әжелеріміз алдында қарыздармыз. Ол қарызымызды тек жақсы тәрбие  арқылы, адамгершілігі мол, мейірімді болу арқылы ғана, оларды көрген жерде құрметтеп  сыйлау арқылы ғана қайтара аламыз. О. Бөкей атындағы №44 лицейі Коммуналдық мемлекеттік мекеме «Ұстазым, ұлағатым, үлгі – өнегем!» Өткізген :                                                                       5 «а» сыныбының сынып                                                                              Жетекшісі:  Мұқашев М.С. 2019­2020 оқу  жылы Тақырыбы: Ұстазым – ұлағатым, үлгі­өнегем ! 1­жүргізуші: Армысыздар, ардақты ұстаздар! Баршамыздың сауатымызды ашып, білім нәрімен  сусындатып, өмірге қанат қақтырған Ұлағатты ұстаздар. Мерекелеріңіз құтты болсын! 2­ жүргізуші: Сәлем бердік ұстаздар баршаңызға, Сіздермен тола берсін ортамызда. Бүгінгі ел басқарған азаматтар, Білім алған сіздердің арқаңызда. 1­жүргізуші Бүгінгі күн құшақтарың гүлге толсын, Дендеріңнің саулығы мықты болсын. Білімменен суарған шәкірттерін, Төл мерекең ұстаздар құтты болсын! 2­ жүргізуші: Ұстаздарым биік тұлға байсалды, Құшақ жайып өз мерекең қарсы алды. Қуанышты жарқын тілек білдіріп Құттықтаймыз, ұстаздарым баршаңды. 1­жүргізуші: Әл­Фараби: «Ұстаз.... жаратылысынан өзіне айтылғанның бәрін жете түсінген, көрген, естіген және  аңғарған нәрселердің бәрін жадында жақсы сақтайтын жақындарына да, жат адамдарына да әділ, жұрттың бәріне жақсылық пен ізгілік көрсетіп, қорқыныш пен жасқану дегенді білмейтін батыл, ер  жүрек болуы керек» деген. Байқайсыздар ма бұл сөзден біз Қалия Үкімашқызының бейнесін  көреміз. 2­жүргізуші: Қалия апай – мектепте орны бөлек, Сүйеді шәкірттеріңіз сізді ерек. Тамыры тереңге тартқан нәрлі ағаштай, Әр қашан аман болып жүрсін дер ек. 1­жүргізуші: Тарқалмасын қызықтың шағы қызған, Жана берсін бақ арт ып бағыңыздан. Құрметпенен ұсындық сізге сөзді Ақтарылып көріңіз ағыңыздан!, дей келе сөзді мектебіміздің басшысы Түменбаев Танатқан  Қалибекұлына беріледі Ән.  Ашкенова Айдананың орындауындағы «Ұстазым» әнін қабыл алыңыздар. 2­ жүргізуші: Сізбенен біз бар әлемді қиялменен шарлаймыз Мұз боп қатып, жанартау боп сабақтарда қайнаймыз. Сіз кіргенде дәу картаны қолға алып есіктен, дүниетану, саяхатқа шығамыз деп жайнаймыз. 1­жүргізуші: Әр адамға құрметпенен қараған, Өз бойынан мол ізгілік тараған. Талап пенен тәртіпті тек ту етіп Осы өмірге мұғалім боп жаралған. О. Бөкей атындағы №44 мектеп­лицейінің оқу  ісі меңгерушісі  Назарбаева Жаңыл  Қайырбекқызына  және тәрбие ісінің меңгерушісі Хасенова Ләйлә Назарханқызына  сөз кезегі  беріледі. Ән:  Акрашов Сұлтанның орындауында «Әке – ана». 2­ жүргізуші: Несібелі апай үйретеді бар білгенін өзінің, Шын жүректен тілек тілеп бәріміз, Құттықтаймыз ұстаздардың күнімен. 1­жүргізуші: Күнім деген күлімдеген Қамқор болған ұстазым Жаны жайсаң, жайдары жан, Ұғындырған сөз сазын. Ұмытпаймыз, ардақтаймыз, Ұлболсын апай сізді біз. 2­жүргізуші: Көңіліңіз болсын ақ қардай, Жарқылдап көзді тартқандай. Ел жұртың сені ардақтап, Жүре берсін, Мадина апай. 1­жүргізуші: Ғылым иесі – ғалым да, ел қорғаған батыр да, тілінен бал тамған ақын да, тегеуріні темір балқытқан жұмысшы да, егін салып мал бағып, терін төккен шаруа да, көкті шарлаған ғарышкер де – бәрі­бәрі  ұстаздан тәлім алған. Ұлағатты ұстаздар, бүкіл адам баласы сіздерге бас иеді. 2­жүргізуші: Айта берсек ұстазға тіл жетпеген. Кімге ұстаз білім нәрін төкпеген?! Айтыңдаршы, адам бар ма Өмірде, Ұстаздарға қарыздар боп өтпеген? Ұстаздар, ұлағатты зиялылар, Сендерде ғалымдардың қиялы бар. Ағайын, тойларыңа тарту етем, Шәкірттердің сәлемін қабыл алыңыздар! Ән: «Құтты болсын төл мейрам» 1­жүргізуші: Ұстаз – әке шәкірттеріне алаламай қамқорлық жасайды. Ұстаз – ана, ол шәкіртін туған анасындай  баурап, өмір өрнектерін, тұрмыс тіршілік мехнаттарын, қиындықтары мен қызықтарын сезіндіріп,  баулудан жалықпайды. Ұстаз – жолдас. Ол әрқашан да шәкірттерімен бірге көпшілікпен араласып  жүреді, қатар құрбысындай қатарлас өмір сүреді. Ұстаз – дос, ол шәкіртіне тек жақсылық ойлап,  қиындықта қымсынбай көмек көрсетеді, жанын сала жақсылық жасайды. 2­жүргізуші Әні сізге қалықтай, Қиялменен шарықтай Құттықтаймыз біз сізді Ұстазымыз Дабыл ағай. 1­жүргізуші: Атақ­даңқы аңыз болған талайға, Ағаларға баға беру оңай ма?! Баулыған темірдейін тәртіпке, Мың рахмет Бақытжан ағайға 2­жүргізуші. Дене шынықтыру сабағының сусындатып білімін Себепшісің солмай өсіп – жайнауына денемнің. Сіз арқылы білдім өмір оңы менен солын мен. Сіз арқылы қадірін де білдім атқан күнімнің Ұстазымыз  Мадина апайымыздың құрметіне ән  Еркежан  мен  Айдананың орындауында « Ана»  әнін қабыл алыңыздар. 1­жүргізуші: Ұл­қызын мәпелеп аялаған, Досынан қол көмегін аямаған. Бүгінде ортамызда  Гүлжан апай, Мектеп үшін еңбегін аямаған. 2­жүргізуші: Білім, өнер, бәріне бар талабы, Әрқашанда ашық­жарқын қабағы. Баян апайдың әрбір берген сабағы Мәңгі, мәңгі, мәңгі есімде қалады. 1­жүргізуші: Баян апай нұрын шашқан зейіндінің, Нұрлы шаш сәулесіндей зейіндінің, Дарыттың адамдықты шәкіртіңе Дамыттың дарын отын бейімдінің 2­жүргізуші: Жүрегі нұр, өмірі гүл ұстаздың Сондықтан да ұстазыма ұқсадым. Ақ көңіл де қарапайым қашанда құрметтейміз өзіңізді  Нұржамал апай ұстазым Ән.  Бахтияров Ильястың орындауында: «Гүлдәурен» әні 1­жүргізуші: Ана әрбір адамның жарық дүниедегі ең жарқын жанашыры, қадірлісі, қамқоршысы, ақ сүтін емізіп аялаған, жанын да аямаған ардақтысы болса, ал ұстаз біздің екінші анамыз деп айтсақ  артық айтпағанымыз деп санаймыз. Мектебіміздегі шәкірттерге ана орнына ана болып,  оқушылардың қуанышына қоса қуанып жүрген тәрбиешілердің еңбегі зор. 2­жүргізуші: Ұстаз деген – жарық күні ғаламның, Ұстаз деген – анасы ол адамның. Бүкіл әлем мойындайды еңбегін, Сен де одан адам болып жаралдың Тәрбиеші апайларымызға арнау: 1­жүргізуші:   Мәрзия апай көп ойлаумен бала қамын Нұрланып атар іспен әрбір таңы. Ғаламды жадыратқан күн секілді, Баланы аялаған алақаны. 2­жүргізуші: Келешектің кезінде, Кесіп айтар өзіңе Өнеге мол өзінде Өсиет көп сөзінде Бар шәкірттің анасындай  Гүлнар апай осындай. 1­жүргізуші: Шәкірттерін баптаған Тәрбиешім Жанна апай деп мақтанам Тәрбие берген біздерге Көп­көп рахмет сізге де. 2­жүргізуші: Қарлығаш апай! Ұлық тұлға өр екен. Таси түссін берекең Келген осы айтулы Құтты болсын мерекең! Ән: «Анашым» 2­жүргізуші:  Ақыл­кеңес көп қой онда ұққанға, Ардың туын асқақ ұстап шықты алға. Шетел тілін оқуға бізді үйреткен, Мың рахмет  Асель мен Гүлбаршын апайға. 1­жүргізуші: Жас ұрпаққа жалынды Сөз маржанын дарытқан. Тіл арқылы табысқан Орыс тілін меңгерген Үйретуді жөн көрген Көсегесін көгертіп, Ғажайып бір өң берген? 2­жүргізуші: Қазақ тілім, өз тілім, ана тілім, Мұхтар, Абай сөйлеген дана тілім. Таза сөйле, терең ұқ, көп­көп ізден, Жоғары ұста мәңгілік тілдің пірін, деп қазақ тілі, орыс тілі, ағылшын пәндерінің мұғалімдерінің  құрметіне Би»Қаражорға 1­жүргізуші: Ұстаз! Ұстаздық ұлы нәрсе. Ұстаздық ету өзіңнің уақытыңды аямау, өзгенің бақытын аялау. Жарық  дүниеде бұдан асқан қиын, бұдан асқан қиямет­қайым қызмет жоқ. Патшалық құру ұстаздық етуден он есе жеңіл. Ұстаздық міндетті патша да, бай да, батыр да атқара алмайды. 2­жүргізуші: Ұстаздық ұстаздан басқа ешкімнің қолынан келмейді. Ұстазым екінші анам аялаған, Біздерден бар білімін аямаған. Оқысын, білім алып үйренсін деп, Таңертең күнде құшақ жаяды алдан.­ дей келе тәрбиешілерімізді төл мерекелерімен құттықтаймыз. Ән: 2­жүргізуші: Алғашқы менің ұстазым Күлімдеген, күнім деген. Қамқор болған ұстазым. 1­жүргізуші: Мен алғаш мектеп есігін ашқанымда, Күнім болып көріндің аспанымда. Білім болып егілдің жас жаныма, Гүлің болып төгілдің асқарыма. Біз дегенде ұмытып бала қамын, Қас қағымға қасыңнан тастадың ба? Бастауыш сынып мұғалімдерінің құрметіне би: «Бипыл» 2­жүргізуші: Біздер әлі өтелмеген парызбыз, Сары далада сайрап жатқан сан ізбіз. Аттары да аталмаған ұстаздар, Алдарыңда мәңгілікке қарызбыз 1­жүргізуші: Ұлы өмірге жетелеп, Ашқан білім есігін Құрметтейік мәпелеп Ұстаздардың есімін. 2­жүргізуші: Келешекке алтын бақ, Қосар таудай үлесін. Жасай берсін жарқылдап, Ұстаз атты ұлы есім. Ән:  Уразбекова Айнэляның орындауында « Құтты болсың мереке!» 1­жүргізуші: Ұстазыңды түсінген сен тереңнен Бар әлемге еңбегімен еленген. Сенің бағың өрге қарай өрлесе, Ол да бірге қуанышқа кенелген. 2­жүргізуші: Ұстаз сөзін айтып жүрдік ән қылып, Одан басқа жүрген кім бар жанды ұғып. Ұстаз деген – ұлылардың ұлысы, Қасиетіне бас иейік мәңгілік! О. Бөкей атындағы №44 лицейі Коммуналдық мемлекеттік мекеме « Әдептілік – адам көркі»                                                                                                                                                                                                         Өткізген :                                                                       5 «а» сыныбының сынып                                                                              Жетекшісі: Мұқашев М.С 2019­2020 оқу  жылы Мақсаты: Оқушыларды адамгершілікке, әдептілікке, қарапайымдылыққа,, кішіпейілділікке, әдептілікке, жаман әдеттерден аулақ болуға, өз халқының салт-дәстүрін ұйрене отырып, әдеп әліпесін дарыту. Сабақтың түрі: Топтық, ұжымдық. Әдіс-тәсілдері: Сұрақ-жауап, көрініс көрсету, баяндау, ой толғау. Көрнекілігі: Өсиет сөздер, мақалдар, адамгершілікке байланысты суреттер, құпия хат. Шараның өту барысы: І. «Әдептілік әдемілік» Оқушы пікірлерін оқып беру. ІІ. «Құпия хаттар» Конверттер бойынша сұрақтар. ІІІ. « Әдептілік әліппесі». Тақырыптарын айту, көрініс көрсету. ІV. Қорытынды. «Жалғастыр» ойыны. І. Жүргізуші: Тәрбие сағатын әдептілік туралы өлең шумақтарымен ашайық. - Әдептілік дегенді қалай түсінесіз? Сол жөнінде оқушы пікірін тыңдайық. 1 - оқушы: Әдептілік - әдемілік. Әдепті адам әдемі.Ол өзінің дұрыс киінуі, сыпайы сәлемдесуі, өзін-өзі күте білуімен әдемі. 2 – оқушы: Мен Айымның пікіріне қарсымын. Әдемі адамның бәрі әдепті бола ма? Әдептілік дегеніміз өзін-өзі кез-келген ортада ұстай білу. Ол әдемі болмаса да, өзін-өзі ұстай білсе - әдепті. 3 – оқушы: Үлкен кісілерге «Ассалаумағалейкум» деп амандасып, амандығын, денсаулығын сұрау парыз. Дұрыс амандасудың адамгершілік, имандылық мәні бар. Иманы жоқтың, ұлты жоқ. 4 – Оқушы: Неге? «Ассалаумағалейкум» деп амандаспасан, үлкендер сәлемімізді алмай ма? Әйтеуір үндемей кетпесек болды емес пе? 5 – Оқушы: Дұрыс тамақтану, мезгілді ұйықтау, ата мен ананы сыйлау - халықтың дәстүр, халықтың әдеп. Біз осы нәрселерді, адамгершілік қағидaларды сақтай білсек, ұлттық әдепті қорғай білеміз. 6 – Оқушы: Түнде ұйықтауын ұйықтармын-ау, бірақ теледидардан жақсы кино болып жатса, оны неге көрмеймін. Сонда мен әдепсіз болғаным ба? 7 – оқушы: Сен дұрыс демалмасаң ерте тұра алмайсын. Әрбір тірліктің өз уақыты бар. Оны дұрыс пайдаланудың өзі әдептілік. 8 – оқушы: Жақсы амандассам, әдемі киінсем, сыпайы сөйлесем, тек қана дұрыс ұйықтамағаным үшін әдепсіз емеспін деп ойлаймын. ІІ жүргізуші: Басқа сыныптастарымыз не айтар екен. 9 - оқушы: Үлкен адамға сәлем беру кіші адамның міндеті. Қазақта «Алыстан алты жасар бала келсе, алпыс жастағы қария сәлем береді» деген бар. Ал кездескен кезде кіші адам үлкен сәлем бермей кетсе, ол әдепсіздік, көргенсіздік, сәлем беру имандылық, инабаттылық, көргенділік, мәдениеттілік белгісі. 10 – оқушы: Сәлемдескенде, сәлем бергенде, әркім дауыстың дабырламауына, үнінің үйлесімділігіне, яғни дауыс ырғағына ерекше көңіл аударып, салмақпен, әдеппен сөйлеуге міндетті. Сөз басы сәлем дегеніміз сол.

Тәрбие сағаты 5 сынып

Тәрбие сағаты 5 сынып

Тәрбие сағаты 5 сынып

Тәрбие сағаты 5 сынып

Тәрбие сағаты 5 сынып

Тәрбие сағаты 5 сынып

Тәрбие сағаты 5 сынып

Тәрбие сағаты 5 сынып

Тәрбие сағаты 5 сынып

Тәрбие сағаты 5 сынып

Тәрбие сағаты 5 сынып

Тәрбие сағаты 5 сынып

Тәрбие сағаты 5 сынып

Тәрбие сағаты 5 сынып

Тәрбие сағаты 5 сынып

Тәрбие сағаты 5 сынып

Тәрбие сағаты 5 сынып

Тәрбие сағаты 5 сынып

Тәрбие сағаты 5 сынып

Тәрбие сағаты 5 сынып

Тәрбие сағаты 5 сынып

Тәрбие сағаты 5 сынып

Тәрбие сағаты 5 сынып

Тәрбие сағаты 5 сынып

Тәрбие сағаты 5 сынып

Тәрбие сағаты 5 сынып

Тәрбие сағаты 5 сынып

Тәрбие сағаты 5 сынып

Тәрбие сағаты 5 сынып

Тәрбие сағаты 5 сынып

Тәрбие сағаты 5 сынып

Тәрбие сағаты 5 сынып

Тәрбие сағаты 5 сынып

Тәрбие сағаты 5 сынып

Тәрбие сағаты 5 сынып

Тәрбие сағаты 5 сынып

Тәрбие сағаты 5 сынып

Тәрбие сағаты 5 сынып

Тәрбие сағаты 5 сынып

Тәрбие сағаты 5 сынып

Тәрбие сағаты 5 сынып

Тәрбие сағаты 5 сынып

Тәрбие сағаты 5 сынып

Тәрбие сағаты 5 сынып

Тәрбие сағаты 5 сынып

Тәрбие сағаты 5 сынып

Тәрбие сағаты 5 сынып

Тәрбие сағаты 5 сынып

Тәрбие сағаты 5 сынып

Тәрбие сағаты 5 сынып

Тәрбие сағаты 5 сынып

Тәрбие сағаты 5 сынып

Тәрбие сағаты 5 сынып

Тәрбие сағаты 5 сынып

Тәрбие сағаты 5 сынып

Тәрбие сағаты 5 сынып
Материалы на данной страницы взяты из открытых истончиков либо размещены пользователем в соответствии с договором-офертой сайта. Вы можете сообщить о нарушении.
05.11.2019