Қағазды бүктеу арқылы жасайтын бұйымдарды оригами деп атайды. Бұл өнердің өзіндік тарихы бар. Қағаздың өзі қытай елінде пайда болған, ал Жапонияда одан әр түрлі пішіндерді бүктеп шығаруды ойлап тапқан. Алғашқы оригами әдісімен жапондық діни салттарда қорапша жасалып, оның ішіне садақаға берілген кішкене нан, балық шашылмай, жинақы болу үшін пайдаланған.
Тақырыбы: Түрлітүсті қағаздар, қатырма қағаз, мата, табиғи материалдармен жұмыс істеу
Мақсаты:Өзге елдер өнері(жапон өнері) оригами туралы мағлұмат беру
Міндеттері:
Білімділік: Қағазды бүктеу арқылы қажетті бұйымдарды жасап үйрену.
Дамытушылық: Шығармашылығын, ойын, көз мөлшерін, түс үйлесімін дұрыс таңдауды
дамыту.
Тәрбиелік: Шыдамдылыққа, әсемдікке, сабақта алған білімдерін өмірде пайдалануға
тәрбиелеу.
Сабақ түрі:жаңа сабақ
Сабақтың көрнекілігі: Интерактивтік тақта, сабақ тақырыбына сай суреттер мен
мәліметтер, дайын бұйымдар, эскиздер, нұсқау карталар, буклет, слайдтар, қолөнер туралы
мақалмәтелдер.
Сабаққа қажетті құралжабдықтар:түрлітүсті қағаздар,желім(пва),сызғыш түрлері, қайшы
Пәнаралық байланыс: сызу, сурет, музыка, д/шынықтыру
Сөздік жұмыс: Оригами, киригами, кусудама.
Сабақтың барысы:
I.Ұйымдастыру кезеңі
II.Оқушылардың білімін тексеруге арналған сұрақтар
III.Жаңа сабақ
Мұғалім түсіндірмесі.
Қағазды бүктеу арқылы жасайтын бұйымдарды оригами деп атайды. Бұл өнердің өзіндік
тарихы бар. Қағаздың өзі қытай елінде пайда болған, ал Жапонияда одан әр түрлі
пішіндерді бүктеп шығаруды ойлап тапқан. Алғашқы оригами әдісімен жапондық діни
салттарда қорапша жасалып, оның ішіне садақаға берілген кішкене нан, балық шашылмай,
жинақы болу үшін пайдаланған.
Содан кейін бай ақсүйектердің ойлап тапқанындай, яғни қазіргі кезде біз бірбірімізге тілек
жазу үшін ашық хаттар жазамыз. Ал сол кездері ашық хат жазғанда олар көбелек, құстар,
гүл немесе абстрактілі геометриялық пішіндермен бүктеліп қағаз ішіне жазып жүрген.
Уақыт өте келе XX ғасырда оригами туралы бүкіл әлем білетін болды. Кейбір шеберлер бір
қағаздан бірнеше мың әр түрлі пішіндерді жасай алады. Қағазды қолөнердің көбінде
пайдалануға болады. Оригамида қағазды тек бүктейді. Бұйымның дұрыс әдемі шығуы
қағаздың дұрыс бүктелгеніне байланысты.
IV.Сарамандық жұмыс
Қауіпсіздік техникасын сақтайық.
Жұмыстың барысы:
Ұшбұрыштар жасауға арналған қағаздың дайындалу жолы.
1.А4 пішім(формат)ұзындығы 297мм, ені210мм қажет
2.Бір ғана А4 пішімнен ұзындығы 70мм, ені 30мм тең болатын 24 қағаз қиып дайындап
аламыз
Үшбұрыштардың жасалу жолы:
Керегінше,түр – түсіне қарай үшбұрыштар дайындалады.