Творческий портрет композитора-кюйши Дины Нурпеисовой

  • Разработки уроков
  • doc
  • 16.11.2022
Публикация в СМИ для учителей

Публикация в СМИ для учителей

Бесплатное участие. Свидетельство СМИ сразу.
Мгновенные 10 документов в портфолио.

Разработка открытого урока по казахской музыкальной литературе с применением стратегий критического мышления. Материал предназначен для обучающихся ДМШ, ДШИ и колледжей
Иконка файла материала открытый урок Темирбаева Н.Ж..doc

Маңғыстау өнер колледжі

Оқытушы: Темирбаева Н.Ж.

Пән: Қазақ музыка әдебиеті

Сабақтың тақырыбы: «Күй анасы-Дина Нұрпейісова»

Сабақ жоспары:

Сабақтың мақсаты:                      

а)  білімділігі:  Күйшінің өмірбаяны жайлы әңгімелеу, эстети-калық қызығушылықтарын арттыру, дүниетанымын кеңейту;

ә) тәрбиелілігі: Өнерлі тұлғаны құрметтеуге тәрбиелеу, мәдени  деңгейін ұлғайту, өнерсүйгіштікке, мәдениеттілікке тәрбиелеу;

                    б) дамытушылығы:  Оқушылардың ой-сезімін дамытып, сөздік

                    қорын байыту.

Сабақтың түрі:  дәстүрлі емес.

Сабақтың типі:  жаңа білімді хабарлау.

Сабақтың әдісі: модульдік оқыту технологиясы («Мәтін бөліктері» оқыту ойыны), түсіндіру, бейнекөрініс, СТО: Топтастыру, ЖИГСО-1, Галерея шарлау, Болжау стратегиялары, cұрақ - жауап, ойын (кроссворд, «Кім жылдам?», ауыстырмақ).            

Сабақтың көрнекілігі: тақта, күйшінің портреті, аудио, бейне материал, оқулықтар, күйлердің ноталары, ноутбук, мультимедиа проектор, телевизор, видео - магнитофон.

Пәнаралық байланыс: Сольфеджио, Негізгі музыка теориясы, мамандық, Қазақ тілі, Қазақстан  тарихы,  Қазақ әдебиеті, көркем өнер.

Сабақтың барысы:

1.     Ұйымдастыру кезеңі

2.     Жаңа білім хабарлау: а) «Қызығушылықты ояту» (Топтастыру)

b)  «Мағынаны тану» (түсіндіру,  бейнекөрініс, ЖИГСО-1, «Болжау», сұрақ-жауап)

с) Сергіту сәті: «Мен фотоаппаратпын», «Не өзгерді»

                                                  d)«Ой толғаныс» («Галерея шарлау», ойын)

3. Жаңа білім бекіту: «Миға шабуыл» стратегиясы.

4. Бағалау.

5. Қорытынды. Рефлексия.

6.Үйге тапсырма.

Сабақ барысы:

1.     Ұйымдастыру кезеңі (Сәлемдесу, оқушыларды тізім бойынша түгендеу, олардың сабаққа дайындығын анықтау (оқу құралдары).

2.     Жаңа білім хабарлау.

1.     «Қызығушылықты ояту»: топпен жұмыс, «Топтастыру» стратегия арқылы Дина Нұрпейісова  туралы ақпарат алмасу.

2.     Құрманғазы, Дәулеткерей, Тәттімбет туралы білімдерін пысықтап, Динаның өмірбаяны жөнінде жалпы түсінік беру, бейне материал көрсету.

1.      «Мағынаны тану»: Динаның өмірбаянын «ЖИГСО» стратегиясы арқылы таныстыру.

1

Дина Нүрпейіс келіні 1861 жылы Батыс Қазақстан облысы, Жаңақала ауданына қарасты, Бекетай құмы деген жерде дүниеге келген. Ол тоғыз жасының өзінде-ақ Дәулеткерей, Мүсірәлі, Әлікей, Түркеш, Баламйсан сияқты күйшілердің күйлерін нақышына келтіре орындап «Домбырашы қыз» атанған. Әйгілі Құрманғазы Динаны өзі іздеп келіп, батасын берген. Дина тоғыз жасынан, он тоғыз жасына дейін қашан ұзатылғанша Құрманғазының баулуында болады. 1880жылы Дина Бесқасқа руынан шыққан Тұрманұлы Қанас деген жігітке тұрмысқа шығады. Одан Нұрпейіс атты бір ұл табады. Бірақ көп кешікпей күйеуі дүниеден озады . Дәстүр бойынша Дина өзінің қайын інісі Шәпекке қосылады. Динаның алғашқы баласы 14жасында  қайтыс болады.  Дина мен Шәпек бақытты ғұмыр кешті.

2

1937 жылы 75 жасында Дина Алматыға тұңғыш келіп, құдіретті өнерімен бүкіл республикаға ден қойғызады. Ол осы сапарында халық өнерпаздарының Бүкіл Қазақстандық байқауында бірінші орынға ие болады. 1944 жылы 83-жасында Орта Азия Республикаларының қатысқан жарысында да жеңімпаз атанады. Сол Дина 90-жасында Құрманғазының күйін шабыттана тартып, дүйім жұртты таң қалдырады. Динаның шығармашылығы жайлы С.Бақбергенов «Қайран шешем» (1963ж) атты роман жазды және кейін «Қайран шешем» атты кинофильм түсірілді, басты рөлін ойнаған танымал домбырашы Бақыт Қарабалина.Дина қазақтың күйшілік өнеріне өшпес із қалдырған біртуар дарын. Егер оның күйшілік бастау алған тегін іздеу керек болса,  Дәулеткерей мен Құрманғазыға қарай бұру керек. Екі ұлы күйшіден сусындаған Динаның өзіндік өрнегін тапқан күйші. Дәулеткерей мен Құрманғазының өршіл рухы Динаның қос қанатындай болған.

3

Динаның әсем сазды аяулы күйлері осынау жар қызығын көріп, бала бақытына мейірленген жылдарда туған. Ұзатыларда әкесінің еншің деп мінгізген қарақасқа атына арнап шығарған «Қарақасқа» ат» күйі, өзі пір тұтатын күйшілері Дәулеткерей мен Түркешке еліктеп шығарған «Бұлбұл», «Жігер», «Байжұма» сияқты күйлері, ақылды да айбарлы, сұлу да сырбаз абысынан арналған «Кербез» күйі, үлкен ұлы Жұрымбай 1916 жылғы «Июнь жарлығы» бойынша әскерге шақырылғанда тартқан «Он алтыншы жыл»Набор») күйі, қадірлес замандастарына сүйсінуден туған «Қосалқа» күйі, балдай тәтті, бауыр етіндей жақын баласы Қоңырға арнаған «Әсем қоңыр» күйі, міне, бұлар Динаның өзіндік қолтаңбасын айқын танытатын біртуар күйлер. Бұл күйлері арқылы Дина қазақ күйлерінің өрісін ұзартып, өресін биіктетумен бірге, өзі де ұлы күйшілермен терезесін теңестірді

4

Дина Кеңес заманында да өзінің арман аңсарын, үміт тілегін халқының жолына бағыштап өтті. Жасының ұлғайғанына қарамастан Қазақстанның 20 жылдығына орай «Тойбастар», Отан соғысы жылдарында «Ана бұйрығы», «Жеңіс» сияқты күйлер шығарды. Рас, қоғамның репрессиялық қаталдығы туыдрған жағымсыз саясат пен желбуаз идеология Динаның бұла дарынын қақпайлап бақты. Оны төлтума арқасынан (шабытынан) айырып, әсіре ұраншылдықтың қолжаулығы етпек болды. Ол шығарған күйлерге «Еңбек ері», «Сауыншы», «Сталин», «Делегат», «Көкөніс» деп ат қойып, алаулатып жалаулатып, ресми салтанаттардың ұран күйіне айналдырды. Алайда, шын асылды тот баспайды. Динаның қанатты өнері халқының рухани асыл қазынасы ретінде бүгін мен болашаққа қызмет көрсете бермек.

5

1991 жылы 22 ақпанда Жаңақала ауданы­ның орталығында Д.Нұр­пе­йісова­ның туғанына 130 жыл толуына орай оның мұражайы ашылды. Бұл орын 2008 жылы Батыс Қазақстан облыстық тарихи-өлкетану мұражайының филиалы болып қайта құрылды.

 2000 жылы Мәдениет қолдау жылы болып, Академия алаңымызда тамаша Дина Нұрпейісованың ескерткіші орнaтылды.

2011 жылы 18 қазан күні Анкарада «ТҮРКІСОЙ» халықаралық ұйымы мен Этимесут әкімшілігінің бірігіп ұйымдастыруымен Қазақтың халық композиторы, белгілі күйші «Дина Нұрпейісова саябағының» ашылу салтанаты болады. Түркиядағы «Дина Нұрпейісова саябағы» Анкара қаласының Сүвари ауданы, Ахи Месут бульварының   21даңғылында орналаспақ.

2.     Күйлердің шығу тарихын «Болжау» стратегиясы арқылы оқушыларға жеткізу.

Күйлердің шығу тарихы.

1.         «Науысқы», «Науаи»  –  1944жылы Ташкентте Орта Азия республикалары музыкасының онкүндігі өтті.  Динаның туысқан, өзбек халқының ұлы ақыны Әлішер  Науаиге арналған шығарма.

2.         «Қосалқа» - Бұл күйде Дина бала кезін, алқа тағып бұландап жүрген ерке жастық шағын  еске алып, ойлы сезіммен ойнақы нақыштар салады.

3.         «Көгентүп»- Дина қазақ ауылдарындағы кедей, жетім балалардың тағдырын, мұн-зарын осы күй арқыл суреттейді. Күйшінің жолдасы нұралы дүние салғаннан кейінгі өз өміріндегі тауқымет-тақсыретін де осы күйден аңғаруға болады.

4.         «Бұлбұл»-Динаның «Бұлбұлында» құстың үні жай ғана көрсетіліп қоймайды, күйде сезім бостандығы, ой мен арман идеясы айқын берілген.  Мұнда көзі көрмейтін Балғын атты әнші қызды бұлбұл құсқа теңей отырып, оның басындағы қайғы – мұңы туралы тебірене баяндайды.

5.        «Өттің, дәурен» - Халқымыздың Алтынай, Науша, Барша сияқты домбырашы қыздарының өз тойларын өздері күймен ашып, ел-жұртымен  қоштасқаны ел ауызындағы әңгімелерден белгілі. Сол тәрізді Дина да ұзатылар тойында осы «Өттің, дәурен» күйін тартқан екен.

6.          «Қарақасқа ат» Бұл күйді Дина өзін ұзатқанда әкесі сыйлаған Қарақасқа атқа арнап шығарған.

7.         «Ана бұйрығы»  Сексен жастағы Дина ұлын майданға аттандырып, қазақ поэзиясының алыбы Жамбылдың «Ленинградтық өрендерім» тәрізді жауға деген  өшпенділік сезімді өршітетін патриоттық рухтағы «Ана бұйрығы» атты күй шығарған.Екінші атауы «Майдандағы балама».

8.         «16 жыл»  ХХ ғасырдың басында болған ұлт азаттық көтеріліске арналған күй.

9.         «Той бастар» Қазақстанның қырық жылдық тойына арналады.

10.       «Ана бұйрығы» Сексен жастағы Дина  ұлын майданға аттандырып, қазақ поэзиясының алыбы Жамбылдың «Ленинградтық, өрендерім» тәрізді жауға деген өшпенділік сезімді өршітетін патриоттыө рухтағы күйі.

3.     Сергіту:  «Мен фотоаппаратпын», «Не озгерді?»

4.      «Ой толғаныс»:  «Галерея шарлау» стратегиясын пайдалана отырып,  берілген нота - көрнекіліктер арқылы Динаның күйлерін анықтау, ойын, кроссворд.

Кроссворд.

1.     Құрманғазының шәкірті кім?

2.     Дина кімнен Дәулеткерейдің күйлерін үйренді?

3.     Дина күйші, орындаушы және тағы кім?

4.     Дәстүрін жалғасырушыларының бірі?

5.     Құрманғазы мен Динаның аттас күйі?

 

 

 

Н

 

 

 

 

 

 

 

А

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

У

 

 

 

 

 

 

 

А

 

 

 

 

 

 

 

Й

 

 

 

 

 

 «Кім жылдам ойыны

Шарты: Тақтада жазылып тұрған жылдарға үстел үстінен дұрыс жауаптарды тауып, жанына тез орналастыру.

Дина Нүрпейісованың өмір сүрген жылдары?

1861-1953 (1861-1955)

Алматыға тұңғыш қай жылы келді?

1833ж (1937ж)

Қай жылы Орта Азия өнерпаздарының сайысына қатынасты?

1948ж (1944ж)

Дина жайлы С.Бақбергенов қай жылы роман жазды?

1960ж (1963ж)

«Ауыстырмақ» - күйлердің атауларын анықта.

Шарты

Жауабы

ІРЖГЕ

ЖІГЕР

ӨНГКЕ  ПТҮ

КӨГЕН ТҮП

ЙТО АРСАБТ

ТОЙБАСТАР

ІЕҢЖС

ЖЕҢІС

ЛҰБ БЛҰ

БҰЛБҰЛ

ЫСЫШНАУ

САУЫНШЫ

6Ы1ЛЖ

16ЖЫЛ

СЕМӘ  ҚРЫОҢ

ӘСЕМ ҚОҢЫР

ЕЕЕРКМ

МЕРЕКЕ

ЙЛАПАТАДОМ

ДОМАЛАТПАЙ

 

3.     Жаңа білімді бекіту. «Миға шабуыл» стратегиясы. (Динаның өмірбаяны туралы сұрақтар)

4.     Викторина: Динаның күйлерін тыңдау, атауларын анықтау

4. Бағалау.

5. Рефлексия. Қорытынды.

6. Үйге тапсырма:  конспект жазу, түсінігін айту, викторина тыңдау.

 

 

 


Скачано с www.znanio.ru