Тұңғыш Президент күні
Оценка 4.7

Тұңғыш Президент күні

Оценка 4.7
docx
29.11.2020
Тұңғыш Президент күні
президент күні.docx

Тақырыбы: Менің тұңғыш Президентім
Мақсаты: 1. Қазақ халқының тұңғыш президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың өмір жолы, туып-өскен, оқып білім алған, қызмет еткен жерлері туралы мағлұмат беру;
2. Елбасының өмір жолынан үлгі ала отырып Отанын, халқын сүюге, ержүректілікке азаматтыққа, патриоттық сезімге тәрбиелеу;
3. Шәкірт жүрегінде елбасына деген сүйіспеншілік сезімін ояту, құрметтеу
Көрнекілігі:слайдтар көрсету, үнтаспа, шарлар, суреттер, буклет « Нұрсұлтан Назарбаев-тұңғыш президент» 1 желтоқсан-Президент күніне орай өткізілген тәрбие сағаты.
Біздің Президентіміз –Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев Мемлекет басқару ісі – машақатты да, мәртебелі міндет. Басшы басқарған ел – ең бай мемлекет, халқы ең бақытты халық.

Тәуелсіздігімізді алғаннан соң халықтың басын біріктіріп Н.Ә.Назарбаев тұңғыш елбасы болды. Елбасының бастауымен менің Отаным әлемге танылды. Елім елдігін көрсетті, ерлігін тантты. Қазақ халқы егемендігін алып, Тәуелсіздікке қол жеткізгенде өз алдымызға ел бола алатындығымызға күмәнданған жандар да болған екен. Бірақ ар-намысты ту еткен Елбасымыз бен үкімет басындағы ел үшін еңбек еткен ағаларымыздың аянбай еңбек етуі осы нұрлы күндерге жеткізді

Қ.Аманжолов:
Қазақстан дейтін менің бар елім .
Жатыр алып жарты дүние әлемін!
Бұл даланы анам жаспен суарған, 
Бұл далада атам қолға ту алған, 
Бұл далада жылап келіп, уанған
Бұл даланы көріп алғаш қуанған
Бұл далада өскен жанда жоқ арман!

1-оқушы:
Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев 6-шілде 1940 жылы Алматы облысы Қаскелең ауданындағы Шамалған ауылында туған.Балалық шағы кейде айта беретініміздей таршылық жағдайда өтті. Үлкендердің мал бағуына, бау-бақша өсіруіне көмек көрсету керек болды, шөпшек теріп, отын жарды.Өзі еске алғандай, өсірген аз-маз өнімдерін сатып, үй-ішіне қажетті заттар алу үшін есек жеккен арбамен жақын маңдағы теміржол стансасына бару дегенің керемет мереке саналған.Мектепті жақсы оқып, жақсы білім алды.Ата-анасын қатты құрмет тұтты.

2-оқушы:
Ол ерте есейді, орта мектепті бітіре салысымен Кеңес Одағындағы аса ірі Қарағанды металлургия комбинатының көлемді құрылысына аттанды.Құрылыста біраз еңбек еткеннен кейін бір топ қазақстандықтармен Украинаның Днепродзержинск қаласына барып металлург –жұмысшы мамандығын меңгерді.Бұл шойын құюшы, домна пешінің көмекшісі жұмыстарын атқарды, ал кейінірек инженер дәрежесіне көтерілді.

3-оқушы:
Сол жылдары оның басшылық қасиеттері жарқырап көрінді.Қалалық, облыстық және республикалық көлемде басшы органдарда жауапты қызметтер атқарды.Металлургиялық комбинатында партком хатшысы, Теміртау қалалық, Қарағанды облыстық және республикалық партия ұйымдарында экономикалық салаға жауап беретін хатшы болды.
4-оқушы:Ол Қазақстан Үкіметін басқарғанда 44 жаста болды.Осылайша оның саяси өмірбаяны басталады.
5-оқушы.1991 жылы 1-желтоқсанда республика жұртшылығы тұңғыш рет Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевты Республикамыздың Президенті етіп сайланды.

6-оқушы:1991 жылдың 16 желтоқсанында Қазақстан Республикасы Жоғарғы сессиясы «Тәуелсіз демократиялық және құқылық мемлекет» деп жариялады.
7-оқушы:1992 жылы 4-маусымда жаңа мемлекеттік рәміздер Елтаңба, Ту, Әнұран бекітілді.
Елтаңба авторлары:Жандарбек Мәлібекұлы, Шотаман Уәлиханов.

8-оқушы: Шаңырақ –Отан отбасынан басталады.ортақ шаңырақ биік, босаға берік болсын деген мағынаны, ал уықтар –үлкен үйдің уықтарын шын ниеттерімен қосыла танытқан елшілес ел жұртқа да бай, қуатты тілеймін дегенді білдіреді.Ай мүйізді, алтын қанатты қос пырақ-арыстанның жүректілігін, қыранның қырағылығын, өгіздің қара күшін, еліктің шапшаңдығын, 
қырмызы қызыл түлкінің жауын жер соқтырар айлакерлігін білдіреді.Бес бұрышты жұлдыз «Бағымыз ашылып, жұлдызымыз жарқырай берсін» деген асыл арманды арқалап тұр.

9-оқушы:Мемлекеттік Ту-1992 жылы 4-маусымда қабылданып, 6-маусымда күшіне енді.Тудың ортасында шұғылалы күн, оның астында қалықтап ұшқан қыран бейнеленген, ішкі бұрышты көгілдір матаның сол жағында қызыл өрнегі бар.Жалаудың ұзындығы -2 метр, ені-1метр. Жалаудың жобасын жасаған –суретші Шәкен Ниязбеков.

10-оқушы:1993 жылы 15-қарашада Қазақстан Республикасының Ұлттық ақшасы –Теңге айналымға енді.
Ақшам шықты өзімнің тұңғыш рет, 
Білдім дербес елімнің үлгісі деп.
Бейнеленген хан, ақын, ғалымдарым, 
Беттерінен көз тартып тұрды сурет.
Теңдікті айтып тұр аты теңге деген, 
Құт-береке болшы бір елге келген.
Өз туы, елтаңба, әнұраны бар
Айтыңдаршы, енді елім кем де неден?

11-оқушы:
1995 жылы 28-қаңтарында тәуелсіз ҚР –ның тұңғыш «Ата Заңы» қабылданды.

«Ата Заң»
Азат елдің басталған айқын жолы тәрізді, 
Ата Заң деп аталған Конституциямыз бар біздің.
Ата Заңмен бекіткен дербестігін еліміз, 
Ата-баба мұра еткен, тұтастығын жеріміз.
Халық сенген заңымыз әділдікті қолдайды, 
Жақсарсын деп халіміз адам құқын қорғайды.
Дейді заңы мемлекет үлкенге де, балаға:
“Оқу оқы, еңбек ет, кәсіп жаса қалаған!”
Әрбір бабы маңызды, әр көңілдің жыры бір, 
Бізде 30 тамыз – Ата Заңның күні бұл.
Ермек Өтетілеуұлы.

12-оқушы:Астана-ҚР-ның саяси, әкімшілік және мәдени орталығы. Елбасы-Н.Назарбаевтың жарлығына сәйкес 1997 жылы мұнда бұрынғы астанамыз Алматыдан Республиканың басшы орындары Президент кеңесі, ҚР-ның Үкіметі және Парламент көшіп келді.Еліміздің басқару жұмыстары осы жерден жүзеге асырылады.

13-оқушы: 1998 жылы 10-маусымда жаңа астананың ресми тұсау кесері болды.Қала Есіл өзенінің оң жағалауында Сарыарқаның солтүстік бөлігінде орналасқан.
Көтереді шаңырақ Астанам асқақ, 
Жаңарып қалам, жасарып далам!
Басыңнан серпі бодандық жүгін, 
Кетпейді ойдан Отандық ұғым.
Арыстан жүрек, айбынды елім, 
Таниды сені бар әлем бүгін.
Ән: “Астана – бас қала”

14-оқушы: 2006 жылы 7-қаңтарда әнұран қабылданды.
Егемен елім әнұраны жанарды, 
“Менің Қазақстаным” жер жүзіне таралды.
(Әнұран айтылады)
15-оқушы: «Елбасына»
Ауыр күнді артымызға тастауы –
Қиын сәтте қиындықтан қашпауы.
Тілім, дінім, ұлтым қайта көгерген, 
Елбасымыз Нұрағаңның бастауы
Туды ұстап тура жолға түсіріп, 
Жас Отанның өмірін де түсініп, 
«Елім, жерім» деп ұрандап тайсалмай, 
Бір керемет жасады-ау кісілік!

16-оқушы:
Елбасымыз саған мәңгі разымыз, 
Үлкен-кіші, ағайындар – бәріміз.
«Ұлтым, елім» деп қайғырған ұлы жан, 
Сіз біздердің піріміз де, әніміз.

17-оқушы:
Халқым айтқан жер көтерер ел даңқын, 
Елім айтқан ел көтерер жер даңқын.
Президентім, елбасы, аман болғай, 
Мәңгі жаса, жас қазағым, өр халқым!
18-оқушы: Төле би сөзімен сынып сағатымызды аяқтаймыз.
Уа, халқым, сөз қадірін білесің.
Жаңбыр жаумаса, жер жетім, 
Басшысы болмаса, ел жетім.
Көсіле шабар жерім бар, 
Тау көтерген елім бар.
Қол бастайтын ерім бар, 
Атадан қалған сара жолым бар.

Барлығы:«Осы тәуелсіз еліміздің намысын қорғайтын, бүгінімізді ертеңіне жалғайтын, қазақ елінің ертеңі, болашағы үшін жауап беретін ұрпақ екенімізді сезінеміз»
Ән: «Елім менің» (сөзі: Н.Назарбаев, әні: Б.Тілеуханов)
Ән: «Жаса Қазақстан!»

Сабақтың тақырыбы: «Салауатты өмір – көтеріңкі көңіл».

Сабақтың мақсаты: оқушыларды салауатты өмір салтын қалыптастыруға тәрбиелеу, жеке бас гигиенасын сақтауға, дұрыс тамақтануға,  дене шынықтыру мен спортпен шұғылдануға, жаман әдеттерден сақтандыру, ішімділік пен темекінің жас организмге зиянды екенін насихаттау. Жас бүлдіршіндерді мектеп партасынан-ақ жаман әдеттерден аулақ болып, өскен ортадан тек қана жақсы әдеттерді  бойына сіңіруге баулу.

Әдісі: саяхат сабақ.

Көрнекілігі: қажетті әдебиеттер, буклет, оқушылардың өз шығармашылығынан салынған суреттері, ұлағатты сөздер.

Сабақ барысы:

Жоспар

І. Ұйымдастыру кезеңі.

ІІ. Ой қозғау. Салауатты өмір салты дегеніміз не?

ІІІ. Салауатты әдеттер бөлімшелеріне саяхат.

  • Жеке бас гигиенасы және дұрыс тамақтану бөлімшесі
  • Дене шынықтыру мен спортпен шұғылдану бөлімшесі
  • Зиянды әдеттер бөлімшесі
  • Пайдалы кеңестер бөлімшесі

IV. Қорытындылау.

І. Мұғалім сөзі: Құрметті оқушылар, мұғалімдер, ата-аналар бүгінгі біздің ашық тәрбие сағатымызды тақырыбы: «Салауатты өмір – көтеріңкі көңіл». Қош келдіңіздер! Мен сөзімді Сара Назарбаеваның мынадай сөзімен бастағым келіп тұр: «Дені сау сәби әр отбасының, қуанышы, бақыты. Ал денсаулығы мықты сәби халықтың болашағы, Отанының сенімді тірегі» және де «Дені сау адам – табиғаттың ең бағалы туындысы» Т.Корлейль деген екен.

Енді балалар маған мынадай сұраққа жауап беріңіздерші: салауатты өмір дегенді қалай түсенесіңдер? Осыған байланысты біз бүгін сыныбымызды 4 топқа бөліп отырық. Әр топ өздеріне тапсырған тапсырмалар бойынша дайындық жүргізіп, бүгінгі сабағымызда сол тапсырмаларды ортаға салып басқа топтармен білімдерімен алмасып,  «Салауатты әдеттер бөлімшелеріне» саяхатқа шыққалы отырмыз. Онда жаңа да қызықты оқиғалардың куәсі боламыз. Әр бөлімшелердің біз білуге міндетті заңдары мен ережелері бар. Сол бөлімшенің заңдары мен ережелерін толық біліп меңгергесін, «Салауатты әдеттер бөлімшелерінің» толыққанды, тең құқылы азаматы боласын.

Сонымен саяхатымызды бастайық.

Біз келген бірінші бөлімше «Жеке бас гигиенасы және дұрыс тамақтану бөлімшесі» деп аталады.

Оларды барлығы да маңызды. Егер сен олардың барлығын жаттап, есте сақтайтын болсаң, ешқашан да ауырмайсың, әрі сүйкімді, әрі мықты боласың.

Жеке бас тазалығының ережелері.  (Әзиза)

-         Күнделікті бір уақытта тұр, бөлмеңді желдетіп ал да, шынықтыру жаттығуын жаса;

-         Ертең ерте тісіңді тазалап, беті-қолыңды, мойның мен құлағыңды жу;

-         Үйықтар алдында жуынып, бөлмеңді желдетіп алуды ұмытпа;

-         Тамақ ішердің алдында, жұмыс істегеннен кейін, әжетханадан соң міндетті түрде қолыңды жу;

-         Бет орамал пайдалан, мұрныңның әрқашан таза болуына көңіл бөл;

-         Түшкірген немесе жөтелген кезде мұрның мен аузыңды беторамалмен жуып, теріс айналып түшкір немесе жөтел;

-         Шашыңды дұрыстап күт: уақытылы тара, буып немесе өріп қой;

-         Төсегіңді жинау, жеңіл-желпі киімдеріңді өзің жуып, үтіктеу, түймеңді қадап, бәтеңкеңді тазалау – бұл әркімнің – ақ қолынан келетін іс;

-         Ұқыпты да жарасымды киінетін бол. Киімнің таза және үтіктелген болсын;

-         Мектепке киетін киімің мен үй киіміңді ұқыпты ұстап, уақытылы ауыстыр. Ал қонаққа барарда жарасымды да сәнді киінген жөн;

-         Үйден шығарда сырт бейнеңді айнаға қарап түзеуге әдеттен;

-         Аяқ киіміңді күтіп киіп үйрен, тазалауға уақыт бөл;

-         Мектепте ұстайтын, үйде пайдаланатын заттарыңды реттеп ұста;

-         Өзің отыратын орынның тазалығын қадағалап, шаңын сүрт;

-         Кітап – дәптеріңді пайдаланып болған соң, орнына қой;

-         Ине-жіп, қайшы, тарақ, кітапша сияқты заттардың өз орнынан табылғаны дұрыс. Алсаң, орнына деру қой;

-         Сырт киіміңді орындыққа тастай салмай, киімілгішке іл. Мектеп формасы мен үй киімің араласып жатпасын.

-         Ойнасаң, ойыншықтарыңды да жинап, реттеп қой.

 

Тері тазалығы. (Бекұлан)

Адам денсаулығының кепілінің бірі – тері тазалығы. Ыстық сумен және сабынмен жуынған жағдайда ғана теріні түрлі микробтар мен лас нәрселерден айықтырып, тазартуға болады.

 

Шаш және тырнақ күтімі.

Адам терісінің ең өсімтал бөлігі – шаш пен тырнақ. Ол адамның миын күн сәулесі мен суықтан сақтайды. Әр шаштың өзінің өмір сүру мерзімі бар. Шаш сырт көзге өз қалпын сақтап тұрғанға ұқсағанмен, шын мәнінде күніне 100 тал шаш түсіп, 100 тал шығып отырады.

Шашты аптасына 1 рет жуған жөн. Өте суық күндері бас киімсіз шығуға болмайды.

Қолдың тырнақтарын аптасына 1 рет алса, аяқ саусақтарының тырнақтарын екі аптада бір рет немесе айына бір рет алады.

 

Ал енді дұрыс тамақтану ережелеріне келер болсақ. (Әзиза)

Табиғи дәрумендер

 

Денсаулығымыздың ең жақын көмекшілері – дәрумендер. Олар біз танысатын «бөлімшеде» жеміс-жидек, көкөністерде өте көп мөлшерде болады.

А дәрумені. (Әзиза)

 

Теріге, шырыштың бөлінуіне, сүйектер мен тістердің қатаюына қажет. Малдардан алынатын тағамдарда болады: бауырда, сары майда, ірімшікте, жұмыртқада, балықтың майында, сары-қызыл, жасыл түсті көкөністер мен жеміс-жидектерде: шабдалы, итмұрын, қара қарақат, қарбыз, бұрыш, қырыққабат, ақжелкен, сәбіз, көк жуа т.с.с.

В дәрумені. (Бекұлан)

Ағзадаға зат алмасуды реттейді, қанның түйіршіктерінің қалыптасуына, асқазан –ішек қызметін қалыптастырады және т.б. В тобы дәрумендерімен қаныққандар: жармалар, астық тұқымдастар, атбас бұршақ, сүт және ет тағамдары, жұмыртқа, көкөністер, жаңғақтар.

 

С дәрумені. (Рақымжан)

Немесе аскорбин қышқылы, қан түйіршіктерінің қалыптасу процесіне қатысады, зақымданған тері мен шырыштың бөлінуін қалпына келтіреді, иммунды жүйенің белсенділігін арттырады.

 

Д дәрумені. (Аяжан)

Сүйектер мен тістердің қатаюын, ағзадағы кальции мен фосфордың алмасуын реттейді.

 

Е дәрумені. (Бекұлан)

Барлық зат алмасу процесіне қатысады. Өсімдік майларының құрамында: күнбағыс, жүгері, соя. Сонымен қатар жұмыртқа сары уызы, бауыр, атбас бұршағы, қарақұмық сұлы дәруменіне өте бай.

К дәрумені. (Рақымжан)

 

Қанның ұю процесіне қатысады. К дәруменінің негізгі көздері: итмұрын, орамжапырақ, сәбіз, қызанақ, мыңжапырақ.

 

Темір. (Аяжан)

Эритроциттер клеткаларын қалыптастыруға қатысады. Бауырдың, атбас бұршақтың, көкөністердің, шабдалының, қойбүлдіргеннің құрамында болады.

 

Кальции (Әзиза)

 

Сүйектердің және тістердің, нерв жүйесінің, жүрек және бұлшықеттердің қалыптасуына қажет. Сүт тағамдарының, көкөністердің, жеміс-жидектердің құрамында болады.

 

Оқушының тамақтану кестесі.  (Рақымжан)

 

Оқушының сабаққа барар алдында еттен, балықтан жасалған тамақтар немесе сүт тағамдарын ішкені дұрыс. Өйткені бұл тағамдардың құрамында өсіп келе жатқан ағзаға пайдалы көптеген витаминдер мен минералдар бар. Қуатты ішкен таңертеңгі ас адамның ой еңбегі мен дене еңбегінің потенциалын көтереді.

Сағат 11-де (3 сабақтан кейін) тәтті бауырсақ пен шай немесе кофеден тұратын екінші ертеңгілік ас ішу керек.

Түскі ас міндетті түрде ыстық сорпа (кез келген), ет немесе балықтан жасалған қою тамақ, шырындар мен жеміс-жидектерден тұруы керек.

Ұйықтар алдында 2 сағат бұрын сүттен немесе көкөністен жасалған тамақ болуы керек.

Өсіп келе жатқан сендердің ағзаларыңа жүйелі тамақтанбау, диета сақтап, ашығудың қажеті жоқ. Ертең ерте мектепке асығып, тамақ ішпей кету ағзаны әлсіретеді. Теледидар алдында кітап оқып отырып, жүріп келе жатып құрғақ тамақтар жеуге болмайды.

Мыналардан бойыңызды тасада ұстаған жөн:

-         Артық салмақ қосатын шамадан тыс калориялы тағамдардан;

-         Біркелкі тамақтанудан;

-         Қант пен тәттілерді шектен тыс пайдаланудан;

-         Мал өнімдері мен шұжық майларын мөлшерден тыс қолданудан;

-         Қуырылған, ысталған, тұздалған тағамдардан;

-         Күніне 6 грамға дейін тұзды азайтқан дұрыс;

-         Дайындалған тағамды бірнеше рет ысытудың қажеті жоқ. Өйткені, оның құрамындағы адам организміне пайдалы заттардың орнын тағамды бұзатын зиянды өнімдер алмастыруы мүмкін;

 

Дене шынықтыру мен спортпен шұғылдану бөлімшесі  (Ербол)

 

Спорт (франсуз тілінен алынған) — белгілі ережелер немесе дәстүрлерге сай көбінесе жарыс күйінде өтетін әрекет. Спорт жалпы алғанда физикалық мығымдығы өте маңызды болатын (жеңіске немесе жеңіліске әкелетін) әрекетті сипаттағанымен, ақыл-ой немесе құрал-жабдық сапасы да маңызды рөл атқаратын ақыл-ой спорты және мотор спортына қатысты айтылады. Адам баласы спортпен денсаулығын жақсарту, моральді және затты қанағаттану үшін, өзін-өзі дамыту үшін шұғылданады.

Тарихы

Спорттың даму тарихына зер салсақ қоғамдағы өзгерістер мен қатар спорттың мән-мағынасын да түсінуге болады.

Бүгінгі күнге белгілі үңгір өнерінің көп үлгілерінде дәстүрлі ырымдық ритуалдар көріністері бейнеленген. Осы бейнеленген көріністерді сенімді түрде қазіргі мағынадағы спортқа жатқызуға болмағанымен сол кездің өзінде спортқа жақын әрекеттердің орын алғаны хақында байлам жасауға болады. Франция, Африка, жәнеАустралияда орналасқан бұл бейнелердің осыдан 30 000 жыл бұрын жасалғанын айта кеткен жөн.

Қытай территориясында біздің дәуірден 4000 жыл бұрын қазіргі спорт мағынасына жақын әрекеттің болғанын айтатын заттар мен құрылыстар бар. Гимнастика ежелгі Қытайдағы кең тараған спорт түрі болыпты. Перғауындар мазарларындағы бейнелер мен заттар бірнеше ғасырлар бұрын да спорттың әр түрі болғандығынан хабардар етеді, оның ішінде жүзу мен балық аулауды айта кетуге болады. Ежелгі Персияда поло жәнеатты рыцарлардың найзамен жарысы негіздері қаланды.

Ежелгі Грекия өзінде алуан түрлі спорт болған. Ең дамыған түрлері — күрес, жүгіру, диск лақтыру және арба жарысы. Осы тізімге қарағанда Ежелгі Грекияда(жалғыз ол жерде ғана емес т.б. жерлерде) әскери мәдениет мен әскери өнер спортқа тікелей қатысты болған. Сол жерде әр төрт жыл сайын Пелопонессе атты ауылда Олимпия деп аталғанОлимпиада ойындары өтіп тұрған.

Спорттың түрлеріне келер болсақ. Түрлерін атау.

Жазғы спорт түрлері:                                               Қысқы спорт түрлері:

1.  Велоспорт                                                         1. Биатлон

2.  Ат спорты                                                         2. Тау шаңғысы спорты

3.  Жеңіл атлетика                                                3. Шаңғы жарыстары

4.  Гольф                                                                4. Мәнерлеп сырғанау

5.  Теннис                                                              5. Фристайл

6.  Футбол                                                              6. Хоккей

7.  Суда жүзу                                                         7. Шорт-трек т.с.с.

 

Футбол — спорттық ойын түрі, аты ағылшын тіліндегі foot – аяқ, ball – доп деген сөздерінен шыққан. Футбол — әлемге аса танымал ойындардың бірі. (Қ. Нұржан)

 

Таэквондо корейше 태권도, 跆拳道 — [тхэгвондо]), спорттың бір түрі, шығыс күрестеріне жатады, кәріс халқының ұлттық спорттың, күрестің түрі саналанады.

2000 жылдан бастап Олимпиядалық спорттың түрі болып саналады. Таэквондо бір жағынан ежелгі спорттың түрі, бір жағынан жаңа замандық жүйе болып табылады. Таэквондо ежелгі кәріс принциптеріне, ежелгі күрес түрлеріне сүйінеді. Бірақ қазіргі таңда таралған таэквондоның қалпы 20-ыншы ғасыр шамасында пайда болған.    (Т.Нұржан)

Енді біздің сыныбымыздың спортшыларының өнерлерін тамашалауға рұқсат етіңіздер!

(спортшылар өнері)

 

Адамның тірек-қимыл жүйесінің тазалығы. (Қ.Нұржан)

-         Шынығу жаттығуларымен жүйелі айналысу керек;

-         Есіңде болсын, шынығу жаттығуларымен шамадан тыс айналысқан да қауіпті;

-         Әртүрлі еңбек қозғалыстарынан кейін, ағзаңды ширататын жаттығулар жасаған дұрыс;

-         Дене бітіміңді дұрыс қалыптастыру керек;

-         Ауыр заттарды көтеру зиян;

-         Орындықта дұрыс отыру керек;

-         Жеткіншектерге биік өкше, тар аяқ киім киген өте зиян.

 

Тыныс алу жолдары тазалығының негізгі ережелері. (Заманбек)

-         Бір қалыпты және терең тыныс алу керек;

-         Үлкен күш жұмсауды қажет ететін қозғалыс әрекеттері тыныс алу ырғағымен сәйкес келуі керек;

-         Шаңғы тебу, ескек есу, баскетбол ойнау, т.с.с. жаттығулармен айналысқан өте пайдалы;

-         Таза ауа сіздің денсаулығыңызға пайдалы;

-         Мұрын қуысы арқылы дем алған дұрыс;

-         Түшкіріп, жөтелгенде мұрныңды беторамалмен жап;

-         Үйде де, көшеде де шаңмен күрес;

-         Дұрыс тыныс алу үшін дене бітімінің де дұрыс қалыптасуының рөлі зор;

-         Жұқпалы аурумен ауырған адамдармен қарым-қатынас жасағанда сақ болу керек (сырқат пайдаланған заттарды пайдалануға болмайды, дәкеден жасалған арнайы таңғыш тағып жүру керек);

-         Темекі шегу сенің тыныс алу мүшелерінің үшін де, денсаулығың үшін де өте зиян.

 

Шыныққан шымыр адамның 6 белгісі. (Т.Нұржан)

 

-         Өте сирек ауырады;

-         Көзінен от жалындаған, терісі де таза жан;

-         Ұйқысы да тыныш;

-         Алқынып-аптықпай 5 шақырым жерге дейін жүгіре алады;

-         80 жастан кем жасамайды;

-         Егер сырқаттанып қалса, тез сауығып кетеді.

 

 

Зиянды әдеттер бөлімшесі

 

Шылымқорлық (Әзиза)

 

Ең алдымен, біз жаман әдеттер мен шылымның шығу тарихын біліп алайық.

Ертеде темекі алыстағы Америка материгінде өсірілген екен. Ал бұл өсімдіктің темекі атануы Гаити аралындағы Тобаго провинциясында өсетін жабайы өсімдіктің атауынан шығыпты. 1559 жылы Португалиядағы француз елшісі Жан Нико Франция елінің ханшайымы Екатерина Медичиге үздіксіз бас ауаруынан сауығуға көмектеседі деп темекінің жапырағы мен тұқымын сыйға тартады. Сонымен, «никотин» атауы француз елшісінің құрметіне аталған.

Шылым – адам денсаулығына құрылған қақпан. Оның 2-3 талын шеккенен кейін, соған тәуелді болып, қақпанға қалай түскеніңді байқамай да қаласың. Шылымқор – ол ауру адам.

 

Еркебұлан интерактивті тақтадағы темекіге байланысты суреттерді түсіндіреді.

 

Ішімдік. (Ботагөз)

 

Ең көп тараған есірткі таблетка немесе капсулада емес, темір қалбырлар мен шыны бөтелкелерде болады. Бұл-спирттік ішімдіктер, екінші аты алкоголь.

Есіртікінің бұл түрі ашық түрде кең тараған және жастарды жаман әдеттерге үйрету жағынан бірінші орында тұр. Жыл сайын алкогольден уланып, мыңдаған адам өліп жатады. Адамның жүрегі мен бауырын зақымдауға спирттік ішімдіктің азғантай мөлшері де жеткілікті.

Спирттік ішімдік ішкен сайын бауыр қатып, тас болады.

 

Нұрболат  интерактивті тақтадағы ішімдікке байланысты суреттерді, видеоны  түсіндіреді.

 

(Ботагоз) Біз өзімізге не керек екенін білетін қоғамда өмір сүріп отырмыз. Көркем фильмдердің шылым шегіп, арақ ішетін кейіпкерлеріне де еліктеуге болмайды. Қазір теледидардан зиянды заттардың алдын алу туралы жарнамалар көп беріледі. Соларға құлақ сал! Есіңде сақта! 18 жасқа толмаған балаларға сауда орындарынан ішімдік, темекі сатып алуына қатаң тиым салынған. Өзге адам жұмсаса оған осы тиым туралы түсіндір!

Пайдалы кеңестер бөлімшесі.

1 слайд. (Ө.Аяжан)

Денсаулыққа кері әсер ететін факторларды атаңдар:

1.    Қоршаған орта ластығы.

2.    Дұрыс тамақтанбау.

3.    Тұқымқуалаушылық.

4.    Денсаулық сақтау шараларының төменгі сатыда болуы.

5.    Зиянды заттарды қабылдау.

6.    Тазалықты сақтамау.

7.    Отбасындағы кері жағдайлар.

8.    Адамда стресс жағдайы жиі болуы.

2 слайд. (Әмина)

Денсаулыққа дұрыс әсерін тигізетін факторлар:

1.    Дұрыс тамақтану.

2.    Қоршаған орта тазалығы.

3.    Дене шынықтыру.

4.    Денсаулық сақтау, медициналық көмектің сапасының жоғары болуы.

5.    Зиянды заттарды қабылдамау.

6.    Жеке бастың тазалығын сақтау.

7.    Қоршаған ортаға, табиғатқа, қоғамға, адамдарға деген дұрыс көзқараспен қарау.

8.    Эмоциялардың оң болуы.

 

3 слайд. (Гүлмайрам) талдың суретін тусіндіру.

 

 

Жетістік

ДИПЛОМ

Мамандық

Отбасы           Ақша

Аттестат

Ұрпақ

Байлық

Білім

Шынығу

Жұмыс

Оң эмоциялар

Белсенді тіршілік ету

Үнемі қозғалыста болу

Қоршаған ортаны тазалау

Жеке бас тазалығы

 

 

 

 

 

 

 

Ұйқыңнан ерте тұр,

Жадырап, жарқын күл.

Әдетің болсын әрқашан

Жаттығу жасау, жуыну!

 

Аузыңды шай артынан, тамақ ішсең,

Тісті жуу соншалық түспес күшке.

Екі мәрте күніне тазаласаң,

Қартайғанша жүрерсің аппақ тіспен.

Дәрігерге тісіңді көрсетіп тұр –

Өзін сыйлар баланың дағдысы бұл.

 

Ертеңгілік асыңды ішкеннен соң,

Таза ауамен мектепке беттеген жөн.

 

Қабақ түйсең, саған ешкім қарамас.

Жылы сөйлеп, барлығымен амандас. (Аяжан Ө.)

 

Суық қардан онша қорқа қоймасаң,

Шынығасың таза ауада ойнасаң.

Осы кезде спортпенен шұғылдан,

Сұлулық пен денсаулықты ойласаң.

 

Әуес болып шылымға,

Қылыққа жаман ұрынба.

Жамандық саған жабысып,

Ісің кетер құрдымға.

 

Шашыңды сап аузыңа,

Тырнағыңды тістеме.

Жетелейтін ауруға

Мұндай қылық істеме. (Әмина)

 

Мұрын – мұржа,

Кеуде көмір, ыс – күйе,

Шылымқордың, міне күйі осындай.

Араққорда

Қылық та жоқ ел сүйер,

Аты аталса, тұра алмайсын шошынбай.

Нашақор ма?

Өз еркіне өзі ие бола алмас.

Адам емес, хайуанның досындай.

 

 

Іс істесең әдеппен,

Шырайлы жүзің, көрік – бет.

Жиреніп жаман әдеттен,

Салауаттылықты серік ет.

Қалмайсың сонда ұятқа,

Жетесің барша мұратқа.  (Тоқжан)

 

(Гүлмайрам)

Шыныққан шымыр денеміз,

Күн сайын өсіп келеміз.

«Денсаулық – 5, сабақ — 5»,

-         Деп рапорт береміз!

 

Өмірің болсын десең сенің сәнді

Ойланып, айналаңа қара мәнді.

Адам бол! Білімі тасқын, өнері асқан

Өзіне сүйсіндірер басқа жанды.

Салауатты мақсатың — өмір сүру,

Өмірдің мағынасын керек білу.

Ішімдік, нашақорлық сенің жауың,

Пайдасы сол – бұл жолдан аулақ жүру

 

 

 

Қорытынды.

Тест. «Менің өмір сүру қалпым» 5-20 балл қою.

Дене қозғалысының түрлері

Күнделікті

Аңда-санда

Мүлде жасамаймын

1

Таңертеңгі ұйқыдан 7:00, ерте тұру

2

Таңертеңгі дене қозғалысы

3

Мектепке келу

4

Дене шынықтыру сабағына қатысу

5

Сабақтан тыс іс-шаралар (секция, жарыстар, бокс, күрес)

6

Денені шынықтыру

7

Үйдегі дене еңбегінің орындалуы

60 – жоғары

45 – орташа

25 – төмен

Адамның ішкі дүниесінің, денесінің тазалығын тексеру.

 

Мұғалім сөзі:

Бүгінгі сабағымызда біз денсаулық туралы көптеген мәліметтер алдық. Біз қорқынышты бөлімшеніде да аралап өттік. Біздің саяхатымыздың соңында сіздерге айтарым:

Біз саяхат жасаған бөлімшелердің ішінде қайсысы ұнағаны, қайсысы ұнамағаны туралы ата-анаңмен, бауырларыңмен бөлісіп, не білгеніңді ортаға саларсың.

Ұлы ойшыл Сократқа кезінде мынадай сұрақ қойылыпты: «Адамға өмірде не қымбаттырақ, «байлық па, әлде атақ па?» деп. Сонда Сократ: Байлық та, атақ та, даңқ та адамды шын бақытты ете алмайды. Дені сау кедей, ауру патшадан бақыттырақ» деп жауап берген екен. Яғни адам бақытты болу үшін оған денсаулық керек, ал денсаулықтың кепілі – салауаттылық. «Тіршіліктің негізі – салауатты болашақ» деп бүгінгі тәрбие сағатымызды аяқтаймыз. «Салауатты өмір салтын жандарыңа жан серік етіңдер».

Қыздардың спорттық биі.

Қатысқан мұғалімдерге сөз беру.

Тәрбие сағаты    3 сынып

 

Тақырыбы: Денсаулық – салауатты өмір салты

 

Мақсаты:   1. Салауатты өмір салтына сай қағидаларды енгізе

                     отырып,   оқушыларды болашақтың тірегі болатын дені

                     сау, жан-жақты азамат етіп тәрбиелеу.

                     2. Қоғамдағы зиянды заттардың адам организмін 

                     тоздырып, уландыратынын түсіндіре отырып, 

                     оқушыларды жаман әдеттерден аулақ болуға тәрбиелеу.

Сабақтың түрі:  аралас сабақ.

Көрнекілігі:интербелсенді тақта, суреттер, ойындар

 

                                            Сабақтың барысы:

  Н.Назарбаевтың сөзі:

    Салауаттылық өмір   салтын орнықтыру, халқымыздың  денсаулығын жақсарту бағытында жұмыс жүргізуіміз қажет.

 

    І. Денсаулықтың негізі-дұрыс тамақтану.

 

1. Қолыңды сабындап жу.

2. Қисаймай, түзу отыр.

3. Қасықты оң қолыңмен ұста.

4. Тамақ ішіп отырып сөйлеме,   күлме, кітап,газет оқыма.

5. Шамадан тыс тойып ішпе.

6. Нанды үзіп же.

7. Тамақтан соң аузыңды шай, қолыңды жу.

ІІ.Денсаулықтың дауасы- таза ауа

ІІІ.Денсаулықтың ең басты негізі- сергіту жаттығулары

ІҮ. Денсаулық мықты болу үшін ми демалысы ұйқының орны ерекше.

Кірқоймас пен Қарабайдың тақпақтары

                           Жұмбақтар шешу

1.Ертемен күнде сен,
Қолыңа сүйкесең,
Кетіп кір-ласың,
Тап-таза боласың

                        Сабын

 

2.Шомылған баланы,
Аймалап алады.
Сипайды қолында,
Сипайды жонында

                            Орамал

3.Иілсең , иіліп,
Түйілсең, түйіліп.
Қарайды кісіге,
Ұқыпты ісіне

                         Айна

 

4. Аузы жоқ, көзі жоқ,
Тілі жоқ, сөзі жоқ.
Бірақ та тісі бар,
Басыңмен ісі бар

                          Тарақ

 

Бастаушы:

Шат көңіл адамдар,

Ақ көңіл адамдар!

Денсаулық- зор байлық,

Жансаулық-мол байлық.

Амандық үшін де,

Адамдық ісінде

Қолданып ел сынар,

Табиғат-емші бар.

1.КҮН.

Нұр сәуле –шуақты,

Беретін қуатты.

Ұлы емші анамыз,

Күннен күш аламыз.

Жылытып, қыздырып

Нұрына жүздіріп,

Күн ана шуағы

Сырқатты қуады.

2. АУА.

Жер шары-«дәу » әлем,

Қоршаған ауамен.

Ауадан тыныс ап,

Өсті өмір, ырыс, бақ.

Денсаулық-дауа да,

Дәмге күш-ауада

 

3. СУ.

Сусын да әрі дем,

Су-емші бәрінен.                          

Сусынан берді жер,

Жуынсаң сергітер.

Денсаулық тірегі.

4. Бойды тік ұстау.

Тік ұстап денеңді,

Сапқа тұр сен енді.

Жанға сеп шынығу,

Жаттығып тынығу.

Сымбатты болуда,

Өзіңнің қолыңда.

5. Дене жаттығулары.

Спорттық ойында,

Күш берер бойына.

Спортта ем болар,

Жаттықсаң ем қонар.

6. АШЫҒУ.

Ас же, іш сіміріп,

Асқазан сіңіріп.

Жақсартып қаныңды,

Жасартар жаныңды.

Асқазан жұмысын

Аяла, бұл үшін

Ас ішсең аптықпа,

Кейде көн аштыққа.

Талға да бір сәтті,

Тазала құрсақты.

Ас ішсең толасың,

Аман сау боларсың.

7. ТАБИҒИ ТАЛҒАМ.

Жеміс пен көкөніс,

Нан, сүт берер күш.

Витамин –тағам-нәр,

Ас адамның арқауы.

Тағам іш жағымды.

Дертіңді қуатты,

Денеңнен қуады.

8. ДЕМАЛЫС.

Еңбекпен шынықтық,

Енді сәл тынықтық.

Серги біл құр жатпа,

Сейілде гүл бақта.

Ұйқыны қоя тұр,

Көр кино, театр.

Жиналдық аманда,

Күш бере адамға.

9. АҚЫЛ-ОЙ.

Ой салып ақылға,

Он істі мақұлда.

Табиғат әрқашан,

Емдерін пайдалан.

Талпынсаң құрыспай,

Денсаулық құрыштай.

Боласың көңілді,

Қуантып еліңді.

Ие боп жақсы атаққа,

Жетесің мақсатқа.

Мұғалім: Адам ұзақ өмір сүремін десе, «Ауырып ем іздегенше, ауырмайтын жол іздеу керек . Деніңіз сау болсын десеңіз ».

Асылан:

1-ерте тұру,

2- орта тазалығын ұстау;

3-дене шынықтыру,

4-үнемі денені таза ұстау,

5-үнемі сергек жүру,

 

“Мақал- мәтелді жалғастыр”ойыны

 

 

1.Бірінші байлық-денсаулық,
Екінші байлық- ақ жаулық
Үшінші байлық-    ...

 

2.Дәрі шөптен шығады,
Дана....

 

                                    Денсаулықтың достары

 

 

Денсаулықтың қастары

Әр адам өз өміріндегі жолды өзі таңдайды.Кейбіреулері жаман жолға түсіп арақ ішіп, шылым тартып, есірткілерді қолданады . Ал басқалары  болса, салауатты өмірді таңдайды.Салауатты өмірді таңдау дегеніміз- шылым щекпеу, арақ ішпеу, шынығу, спортпен айналысу.

                            Үш пәледен аулақ бол

 

 

                Д енсаулыққа кері әсерлер.

Теледидар.

 Бала зорлық зомбылықты көре берсе, өмірге суық, қатыгез ешқандай қызығушылығы жоқ адам

 

Компьютер.

Компьютерлік ойындар қояншық ауруына әкеліп соғады, фантастиканы шын қабылдап, шындық пен жалғанның арасын өшіріп алады.

 

Осыдан балада тез ашулану, тамаққа тәбетінің кемуі,

 оқу ниетінің төмендеуі, еріншектік, жалқаулықтың артуы, бағынбаушылық қасиеттері пайда болады

          Салауатты өмірді таңдау дегеніміз – шылым шекпеу, арақ ішпеу, есірткі қолданбау, спортпен айналысып, шынығу. Қазіргі кезде жастардың көбі жаман жолға түсуде.
Темекінің Темекінің зияны ұшан теңіз, темекінің құрамында улы зат никотин бар. Темекі шегетін адамның тек қана ағзасы ғана емес, жүйке жүйесі де ауруға шалдығады. Адамның терісі өзгеріп, бозғыл тартып, денсаулығы күрт төмендей бастайды. Біз салауатты өмір сатын таңдаймыз.Себебі жастайынан шылым тартып, арақ ішіп, есірткі қолдансақ, өсе келе ешбір білім ала алмаймыз. Сондықтан қазірден бастап, денсаулығымды мықтап ұстап, ауырмай, жаман әдеттерден аулақ

     жүру керек.

 

 

          Сондықтан қазірден бастап, денсаулығымды мықтап ұстап, ауырмай, жаман әдеттерден аулақ жүру керек.

 

      -Ал сіздер спортты жақсы көресіздер ме?

-           ....

-           Спорттың қандай түрлерін білесіздер?

-           ....

-           Қандай спорттық үйірмелерге қатысасыздар?

-           ....

-           Өте жақсы. Ал Сидней олимпиадасы қашан өтті? Онда алтын жүлдемен оралған қандай қазақстандықтарды білесіздер?

-           ....

-           Алда болатын қысқы олимпиада қашан және қай жерде өтеді?

-           ....

-           Өте жақсы, балалар! Спорт туралы көп біледі екенсіздер.

-           Олай болса, күнде ертеңгілік жаттығулар жасасаңдар, денелеріңді таза ұстап, спортпен айналыссаңдар, мен әрқашан сіздердің қастарыңызда боламын. Көріскенше хош-сау болыңдар. (Музыка ойнайды).

-           ...

-           Бақыт.

-           Денсаулық.

-           Достық.

Мұғалім:   - Балалар, болашаққа денсаулықпен бірге барайық. Сабақ аяқталды.

 

 

                                                                                        

Сабақтың тақырыбы: Денсаулық құпиялары
Сабақтың мақсаты: «Денсаулық» ұғымының адамгершілік құндылығы
ретіндегі мәнін ашу.
Сабақтың міндеттері:
- денсаулықты сақтау, нығайту қажеттігі туралы түсініктерін кеңейту.
- денсаулықтарын нығайтуға қызығушылықтарын арттыру.
- денсаулығын күтуге, бағалауға тәрбиелеу.
Көрнекі құралдар: Әрбір аялдамаға байланысты суреттер, жүрекшелер, үнтаспа т. б.
Сабақтың түрі: Жаңа ұғымды қалыптастыру.
Сабақтың типі: Жаңа сабақ.
Сабақтың әдісі: Ой қозғау, «Галереяны шарлау»әдісі, Топтастыру;
Көрнекі құралдар: интерактивті тақта, тақырыпқа байланысты слайд, суреттер

Сабақ барысы: Ұйымдастыру
Ой қозғау. І Қызығушылықты ояту
Шаттық шеңбері
Оқушылар шеңберге тұрғызылады.
Табиғатты білемін
Ауа, су, күн, жер, аспан
Жан-жануар, гүл, егін
Көкжиекке ұласқан.

Армысың шапағатты күніміз,
Армысың мейірімді жеріміз,
Армысың табиғат-анамыз,
Келді сізге өзіңіз балаңыз.
Біз бүгін денсаулықты сақтау құпияларымен танысамыз. Балалар біздің алғашқы аялдамамыз – «Таза ауа» деп аталады. Таза ауа адамның тыныс алуына қажетті оттегін жеткізеді, дұрыс өсуіне көмектеседі. Таза ауа-денсаулықты сақтаудың бірінші құпиясы. Табиғат таза болса, ауа таза болады сондықтан да, табиғатты сүю жанға саулық береді.
Басты байлық денсаулық,
Бабаң айтқан даналық.
Ол үшін көп қозғалып,
Таза ауа жұт көбірек.

ІІ Мағынаны тану
Тыныштық сәті:
(Сылдырлаған судың дыбысы шығып тұрады)
Балалар, денелеріңді түзу ұстап, бастарыңды жоғары көтеріп, ыңғайланып отырыңдар. Көзімізді жұмып, ауаны терең жұтып, еркін тыныс аламыз. Міне, сылдырай ағып жатқан таза су әуенімен су кереметіне малынайық. Бәріміз де су айдынында қалықтап жүзіп бара жатқандаймыз. Суға малтып, қуанышымыз қойынымызға сыймай барады. Тап-таза салқын су шаршағанымызды басып, денемізді сергіте түскендей, бойымызға ерекше күй, күш-қуат бергендей. Судың біз үшін қаншалықты пайдалы екенін түсінгендейміз. Осы жақсы ойымызбен бұрынғы қалпымызға келейік.
Балалар, біз тоқтаған осы аялдама «Мөлдір бұлақ» деп аталады. Су – бізге тазалық жанымызға тыныс, сұлулық береді. Су болмаса өсімдіктер өспейді, ал өсімдіктер болмаса таза ауа болмайды. Таза судың болмауы біздің денсаулығымызға зиянын келтіреді. Сондықтан денсаулықтың тағы бір құпиясы - табиғи су.
Кәне, балалар су туралы өлең-тақпақтарды кім біледі?
Су табиғат байлығы,
Өзен-көлге барғайсың.
Кемі екі рет әр күні,
Суға түсіп алғайсың.

Жадыраған күндейміз,
Жайнап өскен гүлдейміз.
Тұнық таза ауамыз,
Сылдыраған судаймыз.

Сергіту сәті:
- Балалар, біздің келесі аялдамамыз «Спорт-біздің досымыз» деп аталады. Денсаулықты сақтау мен нығайтудың үлкен бір құпиясы-спорт. Спорт арқылы денемізді шынықтырамыз, сергітеміз, тәнімізге сымбаттылық, жаныңа күш-қуат береді, аурудың алдын алады. Спорт жайында кім қандай тақпақ біледі?
Оқушылар білетін өлең-тақпақтарын айтады.
Оқушылар екі топқа бөлініп, дене жаттығуларын орындайды. ( Үнтаспадан көңілді әуен ойналады)

ІІІ Ой толғаныс
Шығармашылық жұмыс
- Келесі аялдамамыз «Жан сұлулығы» деп аталады. Өйткені, жаныңның сұлулығы деніңе саулық, тәніңе сымбаттылық береді. Сонымен денсаулықтың тағы бір құпиясы жан сұлулығы жайында кім не айтады?
Жақсылық айтып басқаға,
Ортаға ойды салғайсың.
Тек мақтанба, жасқанба,
Сұлу жанды болғайсың.
- Ендеше, балалар өздерінің табиғаттағы, тіршіліктегі неге теңейсіңдер, ұқсатасыңдар. Сол суреттерді салып, не сурет салғандарынды жариялап айтасыңдар.(Оқушылар сурет салған кезде жай әуен ойналып тұрады)
«Галереяны шарлау» әдісі
Оқушылар салған суреттерін ортаға шығарып не салғанын айтып, тақтаға іліп көрме жасайды. Бір-бірінің суреттерін тамашалап баға береді.
Бір-бірін бес шапалақпен мадақтайды.
Дәйексөз: «Жаны саудың – тәні сау» халық даналығын дәптерге жаздыру.
Адамның ішкі ойы таза болса, дені де сау болады. Барлық уақытта адамдар мен айналаң туралы жақсы ойласаң және оларға жақсылық тілесең, өзіңді әрқашан жақсы сезінесің. Сондықтан адам тәнінің амандығы үшін ғана емес, жанының сау болу үшін де әрекеттер жасауы керек. Ол үшін өз бойыңдағы жағымсыз қасиеттерден арылу керек.
Денсаулық құпиялары туралы жазайық.
«Топтастыру»әдісі

Оқушылар денсаулық құпияларын топтастырып жазады.
Жүректен-жүрекке
- Балалар, біздің соңғы аялдамамыз - «Жақсылық кені» аялдамасы деп аталады жақсылық – жақсы істерден, жақсы әрекеттерден, жақсы сөздерден құралады. Жақсы сөз де – денсаулықтың құпиясы. Жаныңның жақсы болғаны, саулығыңның жақсы болғаны. Бұл аялдамаға тоқтау арқылы бір-бірімізге жақсылық тілейік. Ендеше, бәріміз ортаға шығып, бір-бірімізге, айналамызға жақсы тілек айтайық.
- Денің сау болсың;
- Спорт сенің досың болсың;
- Күндей шуақты бол;
- Жаның сұлу болсын;
- Таза су саған күш-қуат берсін!
- Күнің ашық болсын!
- Жеріміз кең болсын!
- Ауамыз таза болсын!
- Суымыз таза болсын!
- Гүлдей жайнайық!
- Спортпен шұғылданайық!
- Жайдары жүрейік!
- Аман болайық! т. б
Ән «Біз-өмірдің гүліміз»
Сөзі: Ә. Дүйсенбиев
Әні: Б. Ғизатов

Зеңгір көктен, Бал достыққа,
Нұрын төккен, Жолдастыққа,
Ортақ біздің күніміз, Шақырады әніміз,
Жайдары өскен, Тыныштықта,
Жайнап өскен, Нұр құштық та,
Біз-өмірдің гүліміз Бақыттымыз бәріміз!
Мадақтау

 

Тәуелсіз елдің ұланымын!

Жарияланды 25-06-2013, 18:44 Категориясы: Бала-бақша 

Мақсаты: Еліміздің тарихы туралы түсінік беру. Өз Отанын сүюге тәрбиелеу. Еліміздің рәміздерін қастерлеуге үйрету. Туған елге деген сүйіспеншіліктерін арттыру. Өз ана тілін, әдет - ғұрпын, салт - дәстүрін сақтауды бойына дарыту. 1986 жылы желтоқсанда ел азаттығы жолында құрбан болған ұл қыздарымыздың ерліктерін еске алу. Егемендіктің мәнін түсіндіру. Бүгінгі тәуелсіздікке қалай қол жеткізгенін зерделеу. Отанын, елін, жерін, сүюге, қорғауға тәрбиелеу.

Көрнекіліктер: Қазақстан Республикасының рәміздері. Желтоқсан құрбандары.

Тәрбиеші: Құрметті ұстаздар, ата - аналар, балалар! Бүгінгі ертеңгілігіміздің дүниені дүр сілкіндірген 1986 жылы болған желтоқсан оқиғасына арналады.
«Елімнің еркіндігі – Тәуелсіздік» атты ертеңгілігімізді бастаймыз.

Амандасу.
Армысыз қайырымды Аспан – ата!
Армысыз, мейірімді Жер - ана!
Армысыз, шұғылалы нұрлы күн!
Армысыз, балабақша, дос жаран!
Сәлеметсіздер ме, қонақтар мен апайлар!

Тәрбиеші: Желтоқсан әні
Әлі есімде ар мен намыс пәк мәңгі,
Еш аяусыз аяқасты тапталды.
Саперлердің күрегінен соққы жеп,
Қып - қызыл қан бояп жатты ақ қарды.

Жүректерге шер қатып,
Мұз - қар қонған - Желтоқсан
Кеудедегі күрсініс
Ызғар болған – Желтоқсан
Әділеттік жолында
Ұлың түгел халқым - ау
Құрбандығы қазақтың
Қызың болған - Желтоқсан!

Әлі есімде сұмдығы көп сол алаң,
Өткен күнге өкінішпен оралам
Озбыр күшке қарсы тұрған қаймықпай,
Қайран жастық сен қашанда бол аман

Құлдық ұрып көне берсең ырыққа,
Жер бетінен кетер едік құрып та
Қазақпын деп ойлар болсаң ағайын
Алматының желтоқсаның ұмытпа.

- Балалар, бізге тәуелсіздік оңай жолмен келген жоқ. 1986 жылы 16 желтоқсанда үлкен көтеріліс болды. Ол көтеріліс қазақ халқына кең байтақ жерімізге, жан - жақтан көз тігушілер аз болған жоқ. Оған Қазақстанның жас ұлдары мен қыздары шықты. Өз тілін, өз мәдениетін дамытам деген қазақтарға мүмкіндік бермей шайқас басталды.
Сол жастардың ішінде Қайрат Рысқұлбеков, Ербол Спатаев Сабира Мұхамеджанова, Ляззат Асановалар болды. Бұлар Отан үшін, Туған жер үшін, ана тіліміз үшін, сендердің болашақтарың үшін үлкен ерлікпен қаза тапты. Өз алдына дербес, еркін мемлекет, ешкімге тәуелді болмай ішкі,
сыртқы мәселелерді өздерінің шеше алатын мүмкіндігі болуды тәуелсіз мемлекет дейміз.
1991 жылы 16 желтоқсанда Тәуелсіз Қазақстан Республикасының Мемлекеті туралы заң қабылданды.

Шерхан:
- Әнұраным - жан ұраным,
Айтар әнім - сөйлер сөзім,
Туған жерім - сағынарым,
Мәңгі бақи шырқалады,
Республика әнұраны
/Әнұран орындалады/
Динара:
Намысымның шырағындай желтоқсан,
Тәуелсіздік пырағындай желтоқсан
Тарихымда із қалдырып, жаңғырып,
Аңыз болдың жыр – ағындай желтоқсан.
Жазира:
Бірлік түбі - береке
Береке түбі - мереке.
Егеменді ел болдық,
Тәуелсіздікке енді ендік.
Жанерке:
Осындай еркіндікті ел тілесін,
Бақыт құсы бағымызға еркін келсін
Ал енді тәуелсіздік құтты болып,
Көк байрақ мәңгі - бақи желбіресін!
Тәрбиеші:
1986 жылы желтоқсан көтерілісінде еліміздің еркіндігі, азаттығы үшін жандарын қиған Қайраттай ержүрек ағаларымыздың өз көзімізбен көрмесек те олардың шыңдық үшін күрескенін аянбай көз алдымызға елестетеміз.
Тұтқынға түстім жаутаңдай,
Жоламай ешкім қасыма
Бара қалсаң сәлем айт,
Елдегі құрбы – досыма.
Көрініс:
Расул:
Тергеуші:
- Сен 18 - і күні сағат 10 - да қайда болдың?
Имран: Қайрат:
- Жолдастарымен бірге Фурманов көшесінде болдым.
Расул: Тергеуші:
- Жоқ, сен өтірік айтасың, сен Сатпаев көшесінде милиционерді ұрдың! Сен кінәлісің, білесің бе?
Имран: Қайрат:
- Жоқ, мен ешкімді көргенім де жоқ, ұрғаным да жоқ.
Расул: Тергеуші:
- Ақымақ! Әкетіңдер! Көзін құртыңдар! Атыңдар!
Қайрат:
Күнәдан таза басым бар,
Жиырма бірде жасым бар,
Қасқалдақтай қаным бар
Бозторғайдай жаным бар,
Алам десең алыңдар,
Қайрат деген атым бар,
Қазақ деген затым бар.
«Еркек тоқты - құрбандық»,
Атам десең атыңдар!

Тәрбиеші: - Иә, бұл жазықсыз құрбан болған қазақ
азаматы Қайраттың соңғы сөзі еді. Елі үшін құрбан болған ержүрек аға - апаларымызды еске алып бір минут тұралық.
Раушан:
Жастық жырын желтоқсанда самғаттым,
Бұлбұл құсым үнін асқақ сайраттың,
Егеменді ел боп алдың бүгінде,
Рухына бас иемін Қайраттың.
Гүлім:
Қан төгілді қара жерге қаншама
Қайғылы жай белгісі ғой баршаңа.
Егеменді ел боп алдың бүгінде,
Қуанышым менің мәңгі тарқама!
Мадияр:
Тәуелсіздік оңайлықпен келмейді,
Бізге бұны ешкім аяп бермеді.
Тәуелсіздік – Қайрат, Ляззат, Ерболдың
Тас көшеде тас - талқан боп өлгені.
Ән: «Ел қорғауға әзірміз»
Тәрбиеші:
Егеменді ел болудың белгісі.
Басқа жұртпен тең жұлдызы тең күші
«Егемендік» деген сөздер естілер
Ата жұрттың арғысы мен бергісі.
М. Аружан:
Туған жерге нұр шашып, жарық берген,
Қуаныш пен мол бақыт алып келген
16 - шы желтоқсан шуақ болып,
Тәуелсіздік еліме алып келген.

Би: «Қара жорға»
Т:- Балалар, Қазақстан қандай ел?
Б:- Егеменді, Тәуелсіз мемлекет.
Т: Тәуелсіздігіміздің арқасында ұлттық рәміздер пайда болды.
- Еліміздің рәміздерін кім атап береді?
Б: Ту, Елтаңба, Әнұран.
Т:- Елордамыз қалай аталады?
Б:- Астана қаласы.
Т:- Қазақ елін кім басқарады?
Б:- Н. Назарбаев
Т:- Қазақстанда қандай ұлт өкілдері тұрады?
Б:- Орыс, неміс, қытай, өзбек, шешен. т/б.

Саламат:
Намысымның шырағы да – Тәуелсіздік
Сұрқай өмір сынағы да - Тәуелсіздік,
Жігіттіктің ұрпағы да – Тәуелсіздік,
Жаңа күннің шуағы да - Тәуелсіздік

Мерует:
Тәуелсіздік мерекесі – ел мерекесі тасыған,
Қазақ деген қайран жұрт бәрін кешті басынан.
Естісін ел үніңді, дүние түгел естісін,
Көтер биік тәуелсіздік туынды!

Нұрбек:
Жастай сүйіп аңсаған,
Тәтті күй мен кәусар ән.
Ол - біздің Қазақстан.

Ән: «Менің Отаным»
Альбина:
Көк байрақ иілмесін жығылмасын,
Көзге жас, кеудеге өксік тығылмасын
Тұрғанда көкшіл туың көкті тіреп,
Қазағым, сен қашанда тұғырдасың
Ән: «Балдырғандар»
Балалар болашақта қандай азамат, азаматша боламыз?
Балалар хормен:
Елімізді өркендететін,
Қазақ тілін көркемдететін
Бабаларға тағзым ететін.
Аналарға бас иетін,
Балалардан бар жақсылығын аямайтын
Туымен тұғырлы,
Елтаңбасымен еңселі.
Әнұранымен айбатты.
Біз қазақ елінің болашағымыз.
Тәрбиеші:
Тарихым жатыр тасыма
Тіл қатып келер ғасырға
Азаттық дейтін ұғымның,
Желтоқсан тұр басында.

Кешіміз өтіп жатыр салтанатты,
Төгілген күн нұрының шапағаты
Халайық қаттырақ қол соғыңыздар,
Әншіміз бар біздің де, Жанерке атты.
Ән: «Егеменді ел»
Осымен «Елімнің еркіндігі - Тәуелсіздік» атты ертеңгілігімізді аяқтаймыз.
Барлығыңызға Тәуелсіздік мерекесі құтты болсын.
Халқымыз аман болсын. Елімізде бейбітшілік болсын
- Келесі кездескенше сау - сәлеметте болыңыздар!
Б:- Сау болыңыздар қонақтар!

 

абақтың тақырыбы: Менің Тәуелсіз - Қазақстаным!

Сабақтың мақсаты: Оқушылардың Қазақстан туралы білімдерін кеңейту, оларды Отанды сүюге, байлығын қорғауға, елжандылыққа, жауапкершілікке тәрбиелеу. Өнерге деген қызығушылықтарын дамытып, елдерге, деген патриоттық сезімдерін ояту. Ел тарихын білуге баулу. Туған жерді, елін сүйетін, ұлтжанды, намысшыл, адамгершілігі мол азамат етіп тәрбиелеу
Қазақстан Республикасының мемлекеттік әнұраны (орындалады)

1986 - жылғы 16 - желтоқсан қазақ жастарының арасындағы ояну серпілісі болды. Тәуелсіз ел болу дегеніміз - кеудеңді кере дем алып, еңсеңді көтере ұрпақтан ұрпаққа мұра болып келе жатқан салт - дәстүріңді, әдет-ғұрпыңды айқындап көрсетіп, өзіңнің өзгелермен тең екендігіңді сезіну және ана тіліңде емін - еркін сөйлеуің деп білемін. Тәуелсіздік - мағынасы зор, тамыры терең ұғым. Қазақстан тәуелсіздікке қалай қол жеткізгенін білу үшін тарихқа көз жүгірту керек. Тәуелсіздік. Азаттық. Бостандық. Қазақ баласы үшін осы сөздерден асқан қасиетті, қастерлі ұғым болған емес, болмайды да. Халқымыз азаттықты ғасырлар бойы аңсады. Сол ұлы масатқа жету үшін күресіп, қан төкті. Кенесары мен Наурызбай, Исатай мен Махамбеттей аталарымыз, Қайрат пен Ләззаттай аға - апаларымыз азаттық жолында жандарын қиды. Бар - жоғы 21 - жыл ішінде атқарылған жұмыстар бір ғасырда жүзеге асатын істерге бергісіз. 1991 - жылы желтоқсанда Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігін жариялап, тас бұғаудан босап, қайта түлеген төрткүл дүниеге танытты. Төл тарихымыздың жаңа кезеңі - жаңғыру кезеңі басталды. Ұлы көштің басында еліміздің тұңғыш Президенті Назарбаев Нұрсұлтан Әбішұлы тұрды.

21 - жыл ішінде мемлекетіміз аяғынан тік тұрып, еңсесін түзеп қана қоймай, көршілес елдерге үлгі болуда. Бүгінде Тәуелсіз Қазақстанның жүрегі Арқа төсіндегі ару қала, Елордамыз - Астанада соғады. Ақорданың төбесінде қасиетті көк байрақ желбірейді.

1993 - жылы 28 - қаңтарда Конституциясы қабылданды 1995 - жылы 30 - тамызда Ата Заңымыз қабылданды 1991 - жылы Қазақтың тұңғыш Президенті сайланды 1997 - жылы Ақмола ҚР астанасы болды 1992 - жылы Еліміздің жаңа нышандарын бекітті 1997 - ж. 11 - шілдеде «Тіл туралы»заң қабылданды 1992 ж. БҰҰ мүше болды 1993 ж. Төл теңгеміз шықты 2002ж8 - тамызда «ҚР баланың құқықтары туралы»заң қабылданды -- Балалар біз қандай елміз? - Дербес, азат елміз -- Мемлекетіміздің - Елтаңбасы, Әнұраны, Туы, Астанасы, Ата Заңы, мемлекеттік шекарасы, мемлекеттік тілі бар. Бұл біздің еліміз үшін өте үлкен бедел, жоғары деңгей.

Бұл – Тәуелсіздік дәуірі Тәуелсіздік ұлттық сананы оятты. Баршаны ата - баба жолына үңілдірді Тәуелсіздік – құдіретті, ардақты ұғым Ата - баба ерлігі - халық мұрасы, оның тарихы оның мақтанышы 1986 ж. Желтоқсанда отты оқиға болды. Тәуелсіздік аңсаған жастардың ұлттық намыс құдіретін дүние жүзіне танытқан бұл оқиғаның құрбандары болған - Қ. Рысқұлбеков, Л. Асанова, С. Мұхамеджанова Е. Сыпатаевтардың ісі, ел намысын қорғаған ерліктері мәңгі өшпейді.

Өсер ұлдың қай сәтте де бірлік болмақ қалауы
Лаула, лаула желтоқсанда мұзға жаққан алауы 
Өздеріңдей өр намысты жас өркені бар елдің
Ешқашанда еңкеюге тиіс емес жалауы

Тәуелсіздік құрбандарын 1 - минут еске алу.

Балалар, біздің елбасымыз Н. Ә. Назарбаев Тәуелсіздік туралы былай дейді: «Біз тәуелсіздікті аңсап, зарығып жеттік, енді сол тәуелсіздіктің белгілерін де ерекше қадірлеуіміз керек. Әрбір азамат Қазақстанның туын, елтаңбасын, әнұранын тұмардай қасиет тұтуы қажет Елдігіміздің сыналатын тұсы осы» Балалар біздің елімізді, жерімізді, өзімізді бақытты еткен – Тәуелсіздік Бабаларымыз сонау сақ заманында - ақ Тәуелсіздік үшін арпалысып, әулетті ел болсам деген арман тілегі орындалды.

Тәуелсіздік - қазақ халқының сан ғасырлық асыл арманы. Тәуелсіздік - қасиетті ұғым, сәулелі құбылыс. Тәуелсіздік ақ қанатты періште сипатында халқымыздың басына бақ болып қонды.

Ав. Сағынғали Сейітов.
«Тәуелсіздік тізгіні берік қолда»
Таңғажайып атың да дәл табылды
Табылды да талай жұртқа танылды
Қазақ елі, көкке жетті көк туың
Сен - Тәуелсіз мемлекетсің кәдімгі

Егеменді еліміздің Тәуелсіздік алған 21 - жыл ішінде көптеген биік асуларды бағындырдық. Тәуелсіз Қазақстанымыздың өмірі ұзақ, тұғыры биік болсын!
Егеменді еліміздің Тәуелсіздік мерекесі құтты болсын!
«Атамекен»әні орындалады (оқушылардың орындауында)

Кері қайту

Материал рейтингісі:

·                      100

барлық дауыс бергендер: 1

І Мақсаты: Елін, жерін, тілін құрметтейтін, өз отанын сүйетін азамат қалыптастыр, от жүректі өжет мінезді ұл-қыздардың ерлік істеріне мәңгі құрмет көрсетуге баулу. Патриоттық сезім қалыптастыру.

Көрнекілігі: Желтоқсан құрбандарының суреттері, кітап көрмесі.
І Ұйымдастыру бөлімі:
- Балалар, біздің тәуелсіздік алғанымызға неше жыл толып отыр?
- 15 жыл толып отыр.
- Желтоқсан оқиғасына неше жыл толып отыр?
- 20 жыл.
- Тәуелсіз мемлекет ретінде біздің қандай рәміздеріміз бар?
- Туымыз, елтаңбамыз, әнұранымыз бар.
- Біздің президентіміз кім ?
- Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев.
- Мемлекеттік тіліміз қай тіл ?
- Мемлекеттік тіліміз қазақ тілі.
- Балалар, біз осы тәуелсіздікке оңайлықпен қол жеткізген жоқпыз.Оның бір көрінісі желтоқсан оқиғасы.

Желтоқсан оқиғасы өзінің қайсарлығымен, алға қойған мақсат-мұратымен, тіпті жіберілген кемшіліктерімен де әрбір адамның есінде мәңгі сақталады.
1986 жылғы желтоқсан оқиғасы қазақтың басын біріктіріп, бір жұдырыққа жұмылдырған бақытты да, қайғылы күн еді. Желтоқсан жаңғырығы көзден де көңілден де кетер емес.
Бүкіл бір ұлттың сүйегіне таңба түсіріп, әділетсіз шешім қабылданып, халықтың
ар-намысы таразыға салынған сын сағатта дүлей күшке қаймықпай қарсы шыққан жастардың ерен еңбегі ұрпақтан-ұрпаққа үлгі.

Осыдан 20 жыл бұрын, яғни 1986 жылы Алматының бас алаңына жастар жаман ойме барған жоқ. Олар бейбіт жолмен тәуелсіздікке қол жеткізу үшін қатысқан.
Енді міне, осы желтоқсан көтерілісіне қатысқан ағаларымыз бен апаларымыздың арқасында ата-бабаларымыз үш ғасырға жуық уақыт бойы армандаған тәуелсіздікке қол жеткіздік. Бұл оқиға дүниені дүр сілкіндірді. Бұл желтоқсан көтерілісіне қазақ ел аузында жүрген, тарихта аты қалған Қ.Рысқұлбеков, Л.Асанова, С.Мұхаметжанова, Е.Сыпатаев апаларымыз бен ағаларымыз қатысты.

Гульназ: Желтоқсан-заман толғағы байтақ даланың,
Шарпысқан сәтті үміт пен күдік наланың.
Қайрат, Ләззат пен Сәбира
Құрбаны болған жаланың.

Айжол: «Нашақор» деп «ұлтшыл» деп,
Қазаққа күйе жаққан күн.
Базары кетіп бір күнде,
Қайғыға халық батқан күн.

Сәбираның оқу орнында ата-анасын шақырып үлкен жиналыс өткізеді. Ұзақ кінәлап, жала жауып «Қызыңыз тентекгенсіз» деген ұстаздарының сөзі жанына аяздай батты Ақ самайлы анасын аяды.
Күтпеген жерден: «Бәріне кінәлі мен, жазалаңдар мені. Оларды оқу орнынан қумаңдар! Шеруді де мен ұйымдастырдым. Бәріне мен жауап беремін» ,- деп кесіп айтқан сөзінен жиналғандар сілтідей тынды. Сәбира жиналысты тастай, сыртқа қарай жүгіре жөнелді.
Сол бойымен намысшыл қыз жатақханасының бесінші қабатынан секіріп кетті. Оның өмірі ерте үзілді. Семсердей өткір айтқан сөздері ол оқыған оқу орнынан бірде бір қазақ қызын қудалатпай, оқуынан қудырмай, жала жапқызбай сақтап қалды.

Аянна: Желтоқсанда шындық жырын шырқаймын деп шарқ ұрдың,
Желтоқсанда егеменді ел болсақ деп талпындың.
Кеудеңде әлі сызы жатыр сол кездегі салқынның
Айналайын, айналайын жас өркені халқымның!
Міне, өмірден тағы бір қыршын жас қызғалдақ осылай кеткен еді.Алматы музыка училищесінің студенті Ләззат Асановаға өзін-өзі өлтірді деген өтірік жала жабылған еді. Тексере келе Ләззаттың алаңда болғаны анықталады.

Еркін: Қаймықпады ызғарынан, бұлтынан
Қалтыратты империя іргесін.
Халықтардың бостандыққа ұмтылған,
Бастап берді бір көшін.
Көрініс қойылады.

Түн.Кәдімгі миллиондаған түндердің бірі,бірақ бұл түн өзгеше түн еді. Себебі бұл түнде қаланың кез-келген тұсынан ұсталған жастарды ұрып-соғып, өлімші халге жеткізді. Осындай қатігездікті көрген, оларға араша түсем деп, жүргендердің бірі Қайрат Рысқұлбеков еді.

Айжол: - Ұстаңдар бұзақыны! Әкетіңдер, жауып тастаңдар!
- Савицкиді өлтірген сен бе?
Еркін: Жоқ, мен емес.
Айжол: - Сен өлтірген. Мойныңа ал!
Еркін: - Мен өлтірген жоқпын, өтірік жала жаппаңдар!
Күнәдан таза басым бар,
Жиырма бірде жасым бар.
Қасқалдақтай қаным бар,
Бозторғайдай жаным бар.
Қайрат деген атым бар,
Қазақ деген затым бар.
«Еркек тоқты құрбандық
Атам десең, атыңдар!»

КСРО Жоғарғы кеңесі Президиумының шешімі мен 1988 жылғы 28 сәуірдегі указымен Қайратқа кешірім жасалып, 20 жыл бас бостандығынан айыруымен ауыстырылды.
Алайда, бұл хабар Қайратты қуанта алған жоқ.
Қайраттың хаты үнтаспадан жіберіледі.

«Міне, өздерің естігендей ату жазасын 20 жылға ауыстырды. Бұл әрине, біреуге қуаныш, біреуге азап. Өз басым бұл үшін қуанғам жоқ. Өйткені, асыл анашым, түсініңізші! Мен сорлы бұл тас зынданда жазықсыздан жазықсыз еш отырғым келмейді. 11 ай ішінде қайғы-қасіреттен әбден жүйке тамырым жұқарды. Әбден шаршадым. Сол себептен 20 жыл бойы өз-өзімді қинағым келмейді.»

1988 жылы 21 мамырда Семей қаласындағы түрменің 21- камерасында Қайрат 21 жасында «өзін-өзі өлтірді» деген атпен құпия түрде қаза тапты.

Аянна: Өсер ұлдың қай сәтте де бірлік болмақ қалауы,
Лаула! Лаула! Желтоқсанның мұзға жанған алауы!
Өздеріңдей өр намысты жас өркені бар елдің
Ешқашанда тиісті емес еңкеюге жалауы!

Гульназ: Әр қазақтың есінде сақталады,
Желтоқсандық өркендер ақталады.
Ер намысын қорғаған сарбаздарым,
Ерліктерің мәңгілік сақталады.
Желтоқсан жұлдыздары Қайрат Рысқұлбековке «Халық қаhарманы» атағы беріліп, айрықша ерекшелік белгісі «Алтын жұлдыз» тапсырылды. Сәбира, Ләззаттарға ақтау жөніндегі анықтама қағаздары берілді.

Аянна: Болсын осы ар алдында сөз ақтық,
Қан мен намыс болса бойда қазақтық.
Қайтпас қайсар қасиетті күреспен,
Алыппыз біз мәңгі теңдік,азаттық.

Желтоқсан оқиғасы Қарат Рысқұлбеков, Ербол Сыпатаев, Сәбира Мұхаметжанова, Ләззат Асанова тәрізді батырларымыздың бар екенін дәлелдеп берді.
Ендеше , сол желтоқсан құрбандарын бір минут үнсіздікпен еске алайық
Арада төрт жыл өткен соң 1990 17-желтоқсанда сол алаңға ескерткіш тақта қойылды.

Еркін: Серпіп бұлтты басқан елдің бар мысын,
Туды күнім әділетті арлы шың.
Алыс жолдан зарықтырып, шаршатып
Келдің бе сен, Азаттығым, армысың!
Осы оқиғадан кейін арада 5 жыл өткенде 1991 жылдың желтоқсан айының 16-сы күні қазақ елі шынайы тәуелсіздік алды. Биыл, міне, 15 жыл толып отыр.
Тәуелсіздік, бұл-басымызға қонған бақ, бақыт.

Гульназ: Көп ұлтпыз бірлігі зор, бір туысқан,
Шеңгелін сала алмас ар дұшпан.
Жасай бер еркіндікке қолы жеткен,
Тәуелсіз егеменді Қазақстан!
Жауқазын ерте көктемде қар астынан шығатын нәзік гүл. Қар еріп, күн қатты қызғанда, тез қурап кетеді. Желтоқсан құрбандарының да өмірлері осы жауқазынның өміріндей қысқы болды.

Айжол: Бас алаңда ел жосқан,
Жастар қаны жуған түн.
16 желтоқсан-
Тәуелсіздік туған күн!
Міне, балалар, бүгінгі таңда Қазақстан тәуелсіз мемлекет. Біздің өзіміздің туымыз, елтаңбамыз, әнұранымыз бар. Егеменді Қазақстан мемлекетіміз.

Сендер Отанымыздың ұрпақтарысыңдар. Жақсы оқып,үлгілі, тәртіпті болыңдар. Өз елің мен жеріңді көркейтіп, қазақстанның намысын қорғайтын келешек ұрпақтың ақылшысы, тірегі сендер болмақсыңдар.

Гульназ: Көк аспанда тулардың
Желбіреген күні - бұл,
Елім деген ұлдардың
Елжіреген күні - бұл.

Айжол: Жұпар шашқан гүлімнің
Жаңа ашылған күні - бұл.
Менің ана тілімнің
Бағы ашылған күні - бұл.
Еркін: Дүбірлетсін өңірді
Дүбірлесін дүлділі.
Қазақ деген елімнің
Құтты болсын бұл - күні!
Тәрбие сағаты әнұранмен аяқталады.
лмек сөздер: Менің Тәуелсіз ҚазақстанымОтан туралытәрбие сағатыЖелтоқсан көтеріліс


 

Скачано с www.znanio.ru

Тақырыбы: Менің тұңғыш Президентім

Тақырыбы: Менің тұңғыш Президентім

Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевты Республикамыздың

Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевты Республикамыздың

Н.Назарбаевтың жарлығына сәйкес 1997 жылы мұнда бұрынғы астанамыз

Н.Назарбаевтың жарлығына сәйкес 1997 жылы мұнда бұрынғы астанамыз

Елім менің» (сөзі: Н.Назарбаев, әні:

Елім менің» (сөзі: Н.Назарбаев, әні:

Сол бөлімшенің заңдары мен ережелерін толық біліп меңгергесін, «Салауатты әдеттер бөлімшелерінің» толыққанды, тең құқылы азаматы боласын

Сол бөлімшенің заңдары мен ережелерін толық біліп меңгергесін, «Салауатты әдеттер бөлімшелерінің» толыққанды, тең құқылы азаматы боласын

Кітап – дәптеріңді пайдаланып болған соң, орнына қой; -

Кітап – дәптеріңді пайдаланып болған соң, орнына қой; -

Теріге, шырыштың бөлінуіне, сүйектер мен тістердің қатаюына қажет

Теріге, шырыштың бөлінуіне, сүйектер мен тістердің қатаюына қажет

Эритроциттер клеткаларын қалыптастыруға қатысады

Эритроциттер клеткаларын қалыптастыруға қатысады

Күніне 6 грамға дейін тұзды азайтқан дұрыс; -

Күніне 6 грамға дейін тұзды азайтқан дұрыс; -

Спорттың түрлеріне келер болсақ

Спорттың түрлеріне келер болсақ

Дене бітіміңді дұрыс қалыптастыру керек; -

Дене бітіміңді дұрыс қалыптастыру керек; -

Алқынып-аптықпай 5 шақырым жерге дейін жүгіре алады; - 80 жастан кем жасамайды; -

Алқынып-аптықпай 5 шақырым жерге дейін жүгіре алады; - 80 жастан кем жасамайды; -

Есіртікінің бұл түрі ашық түрде кең тараған және жастарды жаман әдеттерге үйрету жағынан бірінші орында тұр

Есіртікінің бұл түрі ашық түрде кең тараған және жастарды жаман әдеттерге үйрету жағынан бірінші орында тұр

Гүлмайрам) талдың суретін тусіндіру

Гүлмайрам) талдың суретін тусіндіру

Жадырап, жарқын күл. Әдетің болсын әрқашан

Жадырап, жарқын күл. Әдетің болсын әрқашан

Жамандық саған жабысып, Ісің кетер құрдымға

Жамандық саған жабысып, Ісің кетер құрдымға

Жетесің барша мұратқа. (Тоқжан) (Гүлмайрам)

Жетесің барша мұратқа. (Тоқжан) (Гүлмайрам)

Таңертеңгі дене қозғалысы 3

Таңертеңгі дене қозғалысы 3

Яғни адам бақытты болу үшін оған денсаулық керек, ал денсаулықтың кепілі – салауаттылық

Яғни адам бақытты болу үшін оған денсаулық керек, ал денсаулықтың кепілі – салауаттылық

Тамақ ішіп отырып сөйлеме, күлме, кітап,газет оқыма

Тамақ ішіп отырып сөйлеме, күлме, кітап,газет оқыма

Бастаушы: Шат көңіл адамдар,

Бастаушы: Шат көңіл адамдар,

Сусынан берді жер, Жуынсаң сергітер

Сусынан берді жер, Жуынсаң сергітер

Жеміс пен көкөніс, Нан, сүт берер күш

Жеміс пен көкөніс, Нан, сүт берер күш

Асылан: 1-ерте тұру, 2- орта тазалығын ұстау; 3-дене шынықтыру, 4-үнемі денені таза ұстау, 5-үнемі сергек жүру, “Мақал- мәтелді жалғастыр”ойыны 1

Асылан: 1-ерте тұру, 2- орта тазалығын ұстау; 3-дене шынықтыру, 4-үнемі денені таза ұстау, 5-үнемі сергек жүру, “Мақал- мәтелді жалғастыр”ойыны 1

Д енсаулыққа кері әсерлер. Теледидар

Д енсаулыққа кері әсерлер. Теледидар

Сондықтан қазірден бастап, денсаулығымды мықтап ұстап, ауырмай, жаман әдеттерден аулақ жүру керек

Сондықтан қазірден бастап, денсаулығымды мықтап ұстап, ауырмай, жаман әдеттерден аулақ жүру керек

Жан-жануар, гүл, егін Көкжиекке ұласқан

Жан-жануар, гүл, егін Көкжиекке ұласқан

Ой толғаныс Шығармашылық жұмыс -

Ой толғаныс Шығармашылық жұмыс -

Ортақ біздің күніміз, Шақырады әніміз,

Ортақ біздің күніміз, Шақырады әніміз,

Озбыр күшке қарсы тұрған қаймықпай, Қайран жастық сен қашанда бол аман Құлдық ұрып көне берсең ырыққа,

Озбыр күшке қарсы тұрған қаймықпай, Қайран жастық сен қашанда бол аман Құлдық ұрып көне берсең ырыққа,

Ал енді тәуелсіздік құтты болып,

Ал енді тәуелсіздік құтты болып,

Егеменді ел боп алдың бүгінде, Қуанышым менің мәңгі тарқама!

Егеменді ел боп алдың бүгінде, Қуанышым менің мәңгі тарқама!

Естісін ел үніңді, дүние түгел естісін,

Естісін ел үніңді, дүние түгел естісін,

Менің Тәуелсіз - Қазақстаным!

Менің Тәуелсіз - Қазақстаным!

Рысқұлбеков, Л. Асанова, С. Мұхамеджанова

Рысқұлбеков, Л. Асанова, С. Мұхамеджанова

Балалар, біздің тәуелсіздік алғанымызға неше жыл толып отыр? - 15 жыл толып отыр

Балалар, біздің тәуелсіздік алғанымызға неше жыл толып отыр? - 15 жыл толып отыр

Аянна: Желтоқсанда шындық жырын шырқаймын деп шарқ ұрдың,

Аянна: Желтоқсанда шындық жырын шырқаймын деп шарқ ұрдың,

Аянна: Өсер ұлдың қай сәтте де бірлік болмақ қалауы,

Аянна: Өсер ұлдың қай сәтте де бірлік болмақ қалауы,

Сендер Отанымыздың ұрпақтарысыңдар

Сендер Отанымыздың ұрпақтарысыңдар
Материалы на данной страницы взяты из открытых истончиков либо размещены пользователем в соответствии с договором-офертой сайта. Вы можете сообщить о нарушении.
29.11.2020