Урок на тему "Барлық оқушылар: "№1практикалық жұмыс. «Металдардың белсенділігін салыстыру»" ( Химия)
Оценка 4.6

Урок на тему "Барлық оқушылар: "№1практикалық жұмыс. «Металдардың белсенділігін салыстыру»" ( Химия)

Оценка 4.6
Разработки уроков
docx
химия
8 кл
13.06.2019
Урок на тему "Барлық оқушылар: "№1практикалық жұмыс. «Металдардың белсенділігін салыстыру»" ( Химия)
Барлық оқушылар: • Периодтық жүйеден металдардың орнын көрсете алады . Жазба жұмыс жасайды. Сұраққа жауап береді. Оқушылардың басым бөлігі: • Н.Н.Бекетов қатарындағы металдарды қасиеттеріне байланысты жіктей алады, тиісті реакция теңдеулерін жазады. • Топтық жұмысты бірлесе орындап,өз бетінше жұмыс жасайды. сұрақтарға жауап береді. Реакция теңдеулерін жазады Кейбір оқушылар: • тақырып бойынша қосымша мәліметтер мен дәлелдер келтіре отырып металдардың қасиеттерін атап, реакция теңдеулерін жазып теңестіре алады. • Күрделі сұрақтарға өмірмен байланыстыра жауап бере алады.
№1практикалық жұмыс. «Металдардың белсенділігін салыстыру».docx
Мұғалімнің аты­жөні: Қатысқандар:  Қатыспағандар: Мектеп: Ұзақ мерзімді  жоспардың  тарауы:8.1С  Күні:  Сынып:8 Сабақтың тақырыбы №1практикалық жұмыс. «Металдардың белсенділігін салыстыру» Осы сабақта қол  жеткізілетін оқу  мақсаттары (оқу  бағдарламасына  сілтеме) Сабақтың мақсаты Барлық оқушылар: 8.2.4.8­металдардың белсенділік қатарын қолданып   металдардың таныс емес орынбасу реакцияларының жүру мүмкіндігін болжау  Периодтық жүйеден металдардың орнын көрсете алады .  Жазба жұмыс  жасайды. Сұраққа жауап береді. Оқушылардың басым бөлігі:   Н.Н.Бекетов қатарындағы металдарды қасиеттеріне байланысты жіктей  алады, тиісті реакция теңдеулерін жазады.  Топтық жұмысты бірлесе орындап,өз бетінше жұмыс жасайды.  сұрақтарға жауап береді. Реакция теңдеулерін жазады Кейбір оқушылар:    тақырып бойынша қосымша мәліметтер мен дәлелдер келтіре отырып  металдардың қасиеттерін атап, реакция теңдеулерін жазып теңестіре  алады.  Күрделі сұрақтарға өмірмен байланыстыра жауап бере алады. Бағалау критерийі Тілдік мақсаттар Металдардың қышқылдармен әрекеттесуінің реакция теңдеулерін құрастырады Оқушылар орындай алады: металдардың белсенділік қатарын қолдана  отырып, орынбасу реакциясының жүру мүмкіндіктерін болжайды, реакция  типтерін ажыратады. Негізгі сілтемелер мен тіркестер: металдардың электрохимиялық кернеу  қатары, қышқылдардың металдармен әрекеттесуі. Сыныптағы диалог/ жазылым үшін пайдалы тілдік тіркестер:  Металдардың бейметалдардан айырмашылығы қандай? Н.Н.Бектов кернеу қатарындағы металдарды химиялық қасиеттеріне  байланысты қалай жіктеді? Құндылықтарға баулу Рухани жаңғыру, Мәңгілік ел. Жауапкершілікті сезіну, білім алуға бейім болу Пәнаралық байланыс Физика,  математика Алдыңғы білім 7.2.2.2. сұйылтылған қышқылдардың әр түрлі металдармен реакцияларын  зерттеу. Сабақ барысы Сабақтың  жоспарланған  кезеңдері Сабақтың басы 7 мин Сабақтағы жоспарланған жаттығу түрлері Ұйымдастыру кезеңі: Сыныпта психологиялық ахуал тудыру. Сынып оқушыларын мозайка әдісі арқылы үш топқа бөлемін  қиылған қағаздарды құрастыру арқылы оқушылар өз  топтарының атын «мырыш» «темір» «мыс» ­деп құрастырады. Ресурстар Топқа бөлуге  арналған  үлестірмелер,  доп Сабақтың ортасы Оқулық,  периодтық  кесте,  металдардың  кернеу қатары сынауықтар,  сынауық  ұстағыш, kk.wikipedia.or g.  Үй тапсырмасын сұрау:  «Серпілген сауал» әдісі арқылы  үш топ бір біріне доп лақтырып сұрақтар қояды.  1.Коррозия дегеніміз не? 2. Күнделікті тұрмыста жиі қолданылатын металдарды атаңдар? 3. Қандай  металдар сумен белсенді әрекеттеседі? 4.Металдардың оттегімен әрекеттесуі реакцияның қай типіне  жатады? 5.Литий мен мыс  металдарының қайсысы  қышқылдармен  шабытты әрекеттеседі. Мұғалім түсіндірмесі. Біз алдыңғы тақырыптарда металардың  оттегімен, сумен, қышқыл ерітінділерімен әрекеттесуі жөнінде  өткен сабақтарда таныстық. Активтік қатар химияда —  металдардың электролиттік ерітінділерінің электродтық  потенциалының өсу реті бойынша орналасу тәртібі. Оны  “ығыстыру қатары” деген атпен 1865 жылы орыс  ғалымы Н.Н.Бекетов (1827 — 1911) мынадай жүйемен ұсынды: Li→Rb→K→Ba→Sr→Ca→Na→Mg→Al→Mn→Zn→Cr→Fe→Cd→ Co→Ni→Sn→Pb→H→Sb→Bi→Cu→Hg→Ag→Pd→Pt→Au Бұл қатарда металдардың электрон беру, яғни  тотықсыздандырғыш қасиеті солдан оңға қарай кемиді. Басқаша айтқанда әр металл өзінен кейінгілерін тұздар ерітіндісінен  ығыстырып шығарады. Салыстыру үшін қатарға сутек те  орналасқан. Активтік қатарда сутекке дейін орналасқан  металдар сутекті қышқылдардан ығыстыра алады. Сутектен  кейін тұрған мыс, сынап, күміс, платина және алтын қышқыл  ерітінділерімен әрекеттеспейді, өйткені сутекті ығыстыра  алмайды. Активтік қатарға сүйеніп, металл, тұз және қышқыл  ерітінділерінің арасындағы реакциялардың жүру мүмкіндігін  алдын­ала болжауға болады. Активтік қатар заңдылығы  металды бос күйінде бөліп алуға және оны коррозиядан  қорғауға мүмкіндік береді. І­ топ «мырыш» Бұл топқа мырыштың қышқылдармен  әрекеттесуін зерттеу. ІІ­ топ «темір»  Бұл топқа темірдің қышқылдармен әрекеттесуін зерттеу. ІІІ­ топ «мыс»  Бұл топқа мыстың  қышқылдармен әрекеттесуін  зерттеу қажеттігі ұсынылады. №1 практикалық жұмыс      Топтық жұмыс:  Металдардың белсенділігін салыстыру Реактивтер: магний немесе мырыш, темір, мыс металдарының  түйірлері, күкірт қышқылының тұз қышқылының ерітінділері. Химиялық ыдыстар мен құрал жабдықтар: сынауықтар, сынауық ұстағыш. Жұмыстың барысы: Екі сынауыққа мырыш немесе магнийдің екі түйірін салыңдар. Келесі   екі   сынауыққа   аздаған   темір   ұнтағын,   соңғы   екі сынауыққа мыс ұнтаын салыңдар. Мырыш салынған сынауықтың біреуіне   1мл   күкірт   қышқылының   H2SO4,   екіншісіне   сондай мөлшерде  тұз қышқылының  НСІ, ерітінділерін  қосыңдар.  Дәл осылай   бұл   қышқылдарды   темір   мен   мыс   салынған сынауықтарға   да   құйыңдар.   Темір   қышқылдармен   мырышқа қарағанда баяу әрекеттеседі. Мыс күкірт қышқылымен де, тұз қышқылымен де әрекеттеспейді.  Тапсырмалар: 1. Металдардың белсенділік қатарынан темір, мырыш, мысты   тауып,   бұл   қатар   металдардың   қандай қасиеттеріне   негізделіп   құрылғаны   туралы ойланыңдар. 2. Тәжірибе   нәтижесіне   сүйеніп   тиісті   реакция теңдеулерін жазыңдар және реакцияның қай типіне жататынын анықтаңдар. Дискриптор: 1. Белсенділік   қатарын   қолданып   мыс,   темір, мырыштың қасиеттерін біледі. 2. Берілген заттардың реакция теңдеуін жазып, реакция типін анықтай алады. Сабақты бекіту: «Ыстық орындық» әдісі (Бір   оқушы   алдыңғы   жақта,   орындықтар   оны   айнала   қоршай орналастырылады). Жаттығудың сипаттамасы: Бір оқушы алға шығып өз пікірін айтып және тақырып бойынша  сұрақтарға жауап береді. Сұрақты анағұрлым мазмұнды қылу  үшін, оқушылар белгілі бір пікір бойынша бірлесіп алға шығып  сөйлей алады. Сабақтың соңы Саралау – Сіз қандай тәсілмен  көбірек қолдау көрсетпексіз? Сіз  басқаларға қарағанда қабілетті  оқушыларға қандай тапсырмалар  бересіз?   54г алюминий тұз қышқылымен  әрекеттескенде түзілген тұздың  массасын табыңыз. Ал сынып  оқушыларының ішіндегі қабілетті  оқушыларды постер жасау  барысында қадағалаймын, қабілеті  жоғары оқушыларға деңгейіне қарай  күрделі тапсырамалар беру,  топтық,жұптық тапсырмаларды  орындау барысында қадағалап кері  байланыс арқылы саралаймын Бағалау – Сіз оқушылардың материалды  игеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлап отырсыз «Басбармақ» әдісі «Бағдаршам» әдісі Бүгінгі сабақты түсінбедім. Қызыл Сабақтың кейбір тұсын түсіндім .Сары Бүгінгі сабақ маған ұнады, барлығын түсіндім. Жасыл «Тазалық» әдісі Денсаулық  және  қауіпсіздік  техникасын  сақтау Денсаулық  сақтау  технологиялар ы. Сабақта  сергіту  жаттығулар ы мен белсенді жұмыс  түрлерін  қолдану. Осы сабақта  қолданылаты н Қауіпсіздік  техникасы  ережелерінің  тармақтары Жалпы бағалау Сабақта ең жақсы өткен екі нәрсе (оқыту мен оқуға қатысты)? 1: 2: Сабақтың бұдан да жақсы өтуіне не оң ықпал етер еді (оқыту мен оқуға қатысты)? 1:  2: Осы сабақтың барысында мен сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістіктері/  қиыншылықтары туралы нені анықтадым, келесі сабақтарда не нәрсеге назар аудару қажет?

Урок на тему "Барлық оқушылар: "№1практикалық жұмыс. «Металдардың белсенділігін салыстыру»" ( Химия)

Урок на тему "Барлық оқушылар: "№1практикалық жұмыс. «Металдардың белсенділігін салыстыру»" ( Химия)

Урок на тему "Барлық оқушылар: "№1практикалық жұмыс. «Металдардың белсенділігін салыстыру»" ( Химия)

Урок на тему "Барлық оқушылар: "№1практикалық жұмыс. «Металдардың белсенділігін салыстыру»" ( Химия)

Урок на тему "Барлық оқушылар: "№1практикалық жұмыс. «Металдардың белсенділігін салыстыру»" ( Химия)

Урок на тему "Барлық оқушылар: "№1практикалық жұмыс. «Металдардың белсенділігін салыстыру»" ( Химия)

Урок на тему "Барлық оқушылар: "№1практикалық жұмыс. «Металдардың белсенділігін салыстыру»" ( Химия)

Урок на тему "Барлық оқушылар: "№1практикалық жұмыс. «Металдардың белсенділігін салыстыру»" ( Химия)
Материалы на данной страницы взяты из открытых истончиков либо размещены пользователем в соответствии с договором-офертой сайта. Вы можете сообщить о нарушении.
13.06.2019