Урок на тему "Геодезия"
Оценка 4.9

Урок на тему "Геодезия"

Оценка 4.9
Разработки уроков
doc
география
Взрослым
01.12.2017
Урок на тему "Геодезия"
Жердің бедері және оны пландар мен карталарда бейнелеу Жер бетіндегі таулардың, сайлардың, жота - ойпаттардың жинағын жердің бедері дейді. Ал, жер бетіндегі әртүрлі құрылыстар, жолдар, т.б. жиынтығын геодезияда ситуация дейді. Жер бедері ерекшеліктеріне байланысты мекен-жай, таулы, және жазық болып бөлінеді: тау, қазаншұңқыр, жота, өзен, қайқы, бел. Таудың ең биік жері-шың, ал тау табаны тау етегі деп аталады. Жер бетінің бедері топографиялық карталар мен пландарда горизонтальдар, шартты белгілер және биіктерді жазу арқылы бейнеленеді.Құрлық бетіндегі абсолют биіктіктері бірдей нүктелерді біріктіретін қисық-тұйық сызықты горизонтальдар деп аталады. 1) тау, төбе-айналадағы жазық кеңістікпен биік көрсетілген, күмбез, конус тәрізді жер береді. Оның төбесі, беткейі және етегі болады 2) қазаншұңқыр-жер бетіндегі қазанга ұқсас ойпаң. Оның түбі, бүйірлік беткейі, кернеуі болады 3) жота, тау-жотасы-бір бағытта созылып жатқан таудың, не төбенің көтеріңкі беті. Ол екі жақты болып келеді, яғни екі беткейден тұрады 4) өзек-екі таудың, жотаның арасындағы ылдилап созылып жатқан, су жататын ойыс. Оның екі қабағы болады, өзек дами келе сайға айналады. Озектің ең төменгі нүктелері арқылы жүргізілген сызықты-су ағар (тальвет) деп атайды . 5) қайқы, бел-асу, тау жотасы қырқаларының бөліктері арасындағы ойпаң. Олар тау жоталарының бір жағынан өтуге мүмкіндік туғызады .Жердің бедері және оны пландар мен карталарда бейнелеу Жер бетіндегі таулардың, сайлардың, жота - ойпаттардың жинағын жердің бедері дейді. Ал, жер бетіндегі әртүрлі құрылыстар, жолдар, т.б. жиынтығын геодезияда ситуация дейді. Жер бедері ерекшеліктеріне байланысты мекен-жай, таулы, және жазық болып бөлінеді: тау, қазаншұңқыр, жота, өзен, қайқы, бел. Таудың ең биік жері-шың, ал тау табаны тау етегі деп аталады. Жер бетінің бедері топографиялық карталар мен пландарда горизонтальдар, шартты белгілер және биіктерді жазу арқылы бейнеленеді.Құрлық бетіндегі абсолют биіктіктері бірдей нүктелерді біріктіретін қисық-тұйық сызықты горизонтальдар деп аталады. 1) тау, төбе-айналадағы жазық кеңістікпен биік көрсетілген, күмбез, конус тәрізді жер береді. Оның төбесі, беткейі және етегі болады 2) қазаншұңқыр-жер бетіндегі қазанга ұқсас ойпаң. Оның түбі, бүйірлік беткейі, кернеуі болады 3) жота, тау-жотасы-бір бағытта созылып жатқан таудың, не төбенің көтеріңкі беті. Ол екі жақты болып келеді, яғни екі беткейден тұрады 4) өзек-екі таудың, жотаның арасындағы ылдилап созылып жатқан, су жататын ойыс. Оның екі қабағы болады, өзек дами келе сайға айналады. Озектің ең төменгі нүктелері арқылы жүргізілген сызықты-су ағар (тальвет) деп атайды . 5) қайқы, бел-асу, тау жотасы қырқаларының бөліктері арасындағы ойпаң. Олар тау жоталарының бір жағынан өтуге мүмкіндік туғызады .
Сабақ жоспары №2 геодезия.doc
Ф­ОБ­05/10Б «БЕКІТЕМІН» Директордың ОІЖ орынбасары:  ________________Е.Билалов САБАҚТЫҢ ЖОСПАРЫ № Пәні : Геодезия сызудың негізі Сабақтың тақырыбы: Топографиялық карталар мен пландардың номенклатурасы Сабақтың мақсаты 1 Білімділік мақсаты : Топографиялық карталар мен пландар  туралы біліктілігін   қалыптастыру. 2 Тәрбиелік мақсаты: Студенттердің өз ойларын жеткізе білу, қарым­қатынас жасауды  үйрету. Балаларды ұйымшылдыққа тәрбиелеу, адамгершілік қасиеті қалыптастыру. 3 Дамытушылық  мақсаты: Студенттердің геодезия пәні бойынша білімдерін дамыта отырып,  топографиялық карталар мен пландар құру арқылы практикалық ой­өрісін дамыту. Сабақтың түрі, әдісі: сұрақ­ жауап, талдау, жинақтау, сыни тұрғысынан дамыту әдістері. Сабақтың  көрнекілігі:  Пәнаралық байланыс: техникалық сызу, картография, топография, география. Сабақтың  барысы         1 Ұйымдастыру  кезеңі ( 2 минут) Студенттермен сәлемдесу, сабаққа қатысуын тексеру. Сабаққа қажетті құрал­жабдықтарын  түгелдеу.             2 Үй тапсырмасын  тексеру ( 10 минут) 1.Геодезия нені зерттейді?  2. Жердің физикалық бетін зерттеу үшін қандай координаталар құрылады?  3. Жердің пішіні мен мөлшері қандай әдіспен өлшенеді?  4. Геодезия салаларын ата? 3 Жаңа тақырыпты түсіндіру ( 18 минут) Жердің бедері және оны пландар мен карталарда бейнелеу  Жер бетіндегі таулардың,  сайлардың, жота ­ ойпаттардың жинағын жердің бедері дейді. Ал, жер бетіндегі әртүрлі  құрылыстар,  жолдар, т.б. жиынтығын геодезияда ситуация дейді. Жер бедері ерекшеліктеріне байланысты мекен­жай, таулы, және жазық болып бөлінеді: тау,  қазаншұңқыр, жота, өзен, қайқы, бел. Таудың ең биік жері­шың, ал тау табаны тау етегі деп  аталады. Жер бетінің бедері топографиялық карталар мен пландарда горизонтальдар, шартты белгілер  және биіктерді жазу арқылы бейнеленеді.Құрлық бетіндегі абсолют биіктіктері бірдей  нүктелерді біріктіретін қисық­тұйық сызықты горизонтальдар деп аталады. Ф­ОБ­05/10Б  1) тау, төбе­айналадағы жазық кеңістікпен биік көрсетілген, күмбез, конус тәрізді жер береді. Оның төбесі, беткейі және етегі болады 2) қазаншұңқыр­жер бетіндегі қазанга ұқсас ойпаң. Оның түбі, бүйірлік беткейі, кернеуі  болады 3) жота, тау­жотасы­бір бағытта созылып жатқан таудың, не төбенің көтеріңкі беті. Ол екі  жақты болып келеді, яғни екі беткейден тұрады 4) өзек­екі таудың, жотаның арасындағы ылдилап созылып жатқан, су жататын ойыс. Оның екі қабағы болады, өзек дами келе сайға айналады. Озектің ең төменгі нүктелері арқылы  жүргізілген сызықты­су ағар (тальвет) деп атайды . 5) қайқы, бел­асу, тау жотасы қырқаларының бөліктері арасындағы ойпаң. Олар тау  жоталарының бір жағынан өтуге мүмкіндік туғызады . 6) жыра­жауын мен қар суларының бұзу әрекеттерінен пайда болған рельефтің ойық формасы. Жыралардың терендігі 10­15 м, ал ұзындығы бірнеше километрге дейін жетеді. Жыралар мен  жарлардың тік бейнелері картада ұсақ, ирек сызықтармен белгіленеді. Рельефтің ерекше нүктелеріне таудың төбесі, шұңқырдың түбі, жоталардың ең төменгі және  жоғарғы нүктелері, т.б. жатады. Горизонтальдарға перпендикуляр етіп жүргізілген  кішкене сызықшалар­бергштрихтар беткейдің бағытын көрсетеді. Тауды, жотаны  бейнелегенде бергштрихтар горизонталь бұрылысының сыртынан, ал қазаншұңкырлар мен  өзектерді бейнелегенде, горизонталь бұрлысының ішінен қойылады . Карталарға  горизонтальдардың биіктігі өрлеу бағытына бағытталып жазылады. Горизонтальдардың  пландағы арақашықтығын салынды (заложение) табан деп атайды. Егер горизонтальдар бір— біріне жақын жатса, яғни салынды қысқа болса, беткейдің тік болғаны, ал аралары бір­бірінен  алые болса онда беткейдің жатық болғаны. іргелес орнапасқан горизонтальдар биіктігінің  айырмашылығын (һ) қима биіктігі деп атайды. Рельефтің қима биіктіктері карта мен  пландардың масштабы мен рельефтің күрделілігіне тікелей байланысты. Осыған орай әртүрлі  масштабтағы карталар үшін төмендегідей қима биіктіктер (һ) кабылданған. Жер бедерінің халық шаруашылығының қай саласына болсын тигізетін әсері өте зор. Әсіресе,  тау­кен жұмыстарын ашык әдіспен жүргізгенде, жер бедерінің ерекшеліктерін ескермеуге  болмайды. Инженер мамандар жер бедерінің (рельефтің) түрлерін айырып, құрылыстарды  жобалауда, кеніштерді салуда және де оларды дұрыс та нәтижелі пайдалана білулері кажет.   Географиялық карта деп жер бетінің толық немесе бөлшекті формасының кішірейтірілген нұсқасын   айтады.   Оның   түрлі   масштабтағы   түрлері   болады.   Ертеректе   географиялық карталар теңіз бағыттарын дұрыс анықтау мақсатында қолданылған. Қазіргі кезде де оның маңыздылығы   жоғалған   емес.   Тек   жаңа   технологиялық   электронды   карталар   кеңінен қолданыла   бастады.   Мысалы, ХV ғасырда   фламандтық   картограф   Меркатор   жасаған географиялық   карта   теңіз   жолдарында   әлі   күнге   дейін   қолданылып   келеді. Сондықтан географиялық карталардың шындықты танып білуде өте маңызды рөл атқарады. Одан бөлек, өндіріс пен ғылымда және басқа әр түрлі салаларды пайдаланылады. Мысалы, ғалымдар   жер   сілкінуді   болжауға   ұмтылғанда   жер   қыртысының   магниттік   карталарын қолданады. Яғни картографиялық әдістермен табиғи құбылыстардың алдын алуға мүмкіндік болады. Географиялық карталарды топтастыру Қандай   да   бір   құбылыстарды   немесе   заттардың   мекенін   анықтау   мақсатында   карталық координаталар қолданылады. Сол кезде бірнеше карталар, айта кетсек, физикалық және саяси карталар біріге пайдаланылады. Одан бөлек географиялық карталар масштабына, мазмұнына және атқаратын қызметіне қарай бөлінеді. Сондай­ақ, қажет кезде бір­бірін толықтыра алады. Арнайы тақырыптық карталарды жалпы мағлұмат беретін карталардан айырып алуға болады. Айта кетсек, жалпы ұғымда қолданылатын саяси картадан координаталарды ғана көрсететін электронды карта нұсқасын ажыратып ала аламыз. Ал физикалық карта есебінен Жер бедерін Ф­ОБ­05/10Б және   оның   қазіргі   құрылымы   туралы   толық   ақпарат   беретін   белдеу   картасын   бөліп   алу мүмкін. Ал географиялық план деп тек бір ғана мақсатта жасалынған картаның түрін айтады. Оған тіпті шартты бағамда қолдануға міндетті болатын картаның бірнеше критерийі ғана кіреді. Айта кетсек, бір заттың белгілі аумақтағы мекенін анықтау қажет болған кезде масштабты карта қолданылады. Сосын оның координатасын табу үшін белдеу картасын пайдалану керек. Ендеше географиялық планды орындау мақсатында қолданылатын екі карта біріктіріледі. План мен географиялық картаның ұқсастықтары мен айырмашылықтары: ­ Масштаб айырмашылығы: План өте ірі масштабта сызылады: 1 см­5 м; 1 см­10 м. ­ Қамтитын аумағының үлкен­кішілігіне қарамастан, картада меридиандар мен параллельдер міндетті   түрде   сызылады.   Меридиандар   С­О (Солтүстік­Оңтүстік);   Параллельдер   Б­ Ш (Батыс­Шығыс) бағыттарды көрсетеді. ­ Планда картада бар сызықтар нақты көрсетілмейді. Планның дәл жоғарғы жағы —солтүстік, төменгі жағы — оңтүстік, сол жағы — батыс, оң жағы — шығыс бағыттарына туракеледі. ­ Шағын ғана алқапты қамтитындықтан планда Жер шарының дөңестігі ескерілмей, жер беті жазық болып, дәл есептелінеді. Оның кез келген жерінде түрлі өлшем жұмыстарын жүргізуге болады. Бейнелейтін жердің көлеміне картадағы бұрмалау мөлшері қосылады. ­   Шартты   белгілердің   айырмашылығы:   Пландағы   шартты   белгілер   бойынша   көптеген заттардың нақты мөлшерін анықтауға болады. Картада ондай мүмкіндік жоқ. Картаның өндіріс пен шаруашылықта,   ғылым мен ел   қорғынысында маңызы   зор.   Сонымен бірге   іздестіру   жүргізуде,   жоспарлауда,   әр   түрлі құрылыс   нысандарын жобалауда   кеңінен қолданылады.   Сонымен   қатар,   біз   оны   зерттеу жұмыстарында, бағдар немесе танымдық мақсатта, климат пен ауа райы анықтау кезінде, болжам жасауда және пайдалы қазбаларды өндіру кезінде де қолданамыз. 4 Жаңа сабақты бекіту ( 5 минут)  1.Топографиялық карта дегеніміз не?  2. План мен географиялық картаның айырмашылықтары?  3. Пландағы шартты белгілермен нені анықтаймыз?  4. Топографиялық карталар мен пландар ережесі?             5 Бағалау ( 2 минут) Жаңа тақырып бойынша сұрақтар арқылы бағалау. 6 Үйге  тапсырма ( 3 минут)  Топографиялық карталар мен пландардың номенклатурасы Оқытушы: _________       _________________________________                                                 (қолы)                                    (аты­жөні)

Урок на тему "Геодезия"

Урок на тему "Геодезия"

Урок на тему "Геодезия"

Урок на тему "Геодезия"

Урок на тему "Геодезия"

Урок на тему "Геодезия"
Материалы на данной страницы взяты из открытых истончиков либо размещены пользователем в соответствии с договором-офертой сайта. Вы можете сообщить о нарушении.
01.12.2017