Урок на тему "Химиялық элементтердің периодтық жүйесінің құрылымы." ( Химия)
Оценка 4.7

Урок на тему "Химиялық элементтердің периодтық жүйесінің құрылымы." ( Химия)

Оценка 4.7
Разработки уроков
docx
химия
8 кл
13.06.2019
Урок на тему "Химиялық элементтердің периодтық жүйесінің құрылымы." ( Химия)
Барлық оқушылар: •Периодтық жүйе топтан, периодтан, қатардан тұратындығын біледі; Периодтық жүйеге анықтама береді; Оқушылардың басым бөлігі: •Периодтық жүйедегі элементтердің реттік нөмірі, периодыжәне топ нөмірінің физикалық мәнін түсінеді; Кейбір оқушылар: • Периодтық жүйедегі орны бойынша элементтерді анықтауға байланысты есептер шығарады және құрастыра алады; -Химиялық элементті периодтық жүйедегі орны бойынша анықтайды; -Топ бойынша элементтерді сыртқы электрондық деңгейіндегі электрондар санының бірдей болатындығынан анықтайды;
Химиялық элементтердің периодтық жүйесінің құрылымы.docx
Ұзақ мерзімді жоспардың тарауы:8.3А Химиялық элементтердің периодтықМектеп: жүйесі Күні:                                                 Мұғалімнің аты­жөні: Сынып:  8Қатысқандар:             Қатыспағандар: Сабақтың тақырыбы: Химиялық элементтердің периодтық жүйесінің құрылымы Осы сабақта қол  жеткізілетін оқу  мақсаттары (оқу  бағдарламасына  сілтеме) Ойлау дағдыларының  деңгейлері Сабақтың мақсаты Бағалау критерийі Тілдік мақсаттар Құндылықтарға баулу 8.2.1.1­топ, период, атом нөмірінің физикалық мәнін түсіндіру Білу, түсіну Барлық оқушылар: •Периодтық жүйе топтан, периодтан, қатардан тұратындығын біледі; Периодтық жүйеге анықтама береді; Оқушылардың басым бөлігі: Периодтық жүйедегі элементтердің реттік нөмірі, периодыжәне топ нөмірінің физикалық мәнін түсінеді;        Кейбір оқушылар: • Периодтық жүйедегі орны бойынша элементтерді анықтауға байланысты есептер шығарады және құрастыра алады; ­Химиялық элементті периодтық жүйедегі орны бойынша анықтайды; ­Топ бойынша элементтерді сыртқы электрондық деңгейіндегі электрондар  санының бірдей болатындығынан анықтайды; Пәнгеқатыстысөздікқор мен терминдер: Период нөмірі, топ нөмірі, электрондық (энергетикалық) деңгей; Диалогтар мен жазу үшін қолданылатын тіркестер: Период нөмірі .........   ........ санын көрсетеді. Топ нөмірі (негізгі топ үшін) ......  ..........  ........ санын көрсетеді. Периодтық заңның графиктік көрсеткіші­ ..........  ........ Кіші периодтар.......  ...... қатардан тұрады. Үлкен периодтар......қатардан тұрады. Қарым­қатынас жасау қабілетін дамытуға, мәдениеттілікке,ұжымшылдыққа,  сыни тұрғыдан ойлауға, өз білімін жетілдіруге, алған білімдерін өмірде  пайдалануға үйрету. Пәнаралық байланыс Алдыңғы білім Физика, математика, геометрия 7.2.1.1­И.Дёберейнер, Дж. Ньюлендс, Д. И. Менделеев еңбектерінің  мысалында элементтердің жіктелуін білу және салыстыру; 7.2.1.2­периодтық кестенің құрылымын білу және сипаттау: топтар мен  периодтар; Сабақтың жоспарлан ған кезеңдері Сабақтың басы 2 мин 2 мин Сабақ барысы Сабақтағы жоспарланған жаттығу түрлері 1.Сәлемдесу 2.Оқушыларды түгендеу 3.Сыныпта ынтымақтастық атмосфералық ахуал қалыптастыру. Ынтымақтастық атмосферасын құру үшін, оқушылардың көңіл­ күйін  сұрау мақсатында «Балалар бүгінгі көңіл­күйлерің қалай?» деген сұрақ  қойылады. Білім алушылар бір­біріне «сиқырлы таяқшаны» бере  отырып, өздерінің игілікті тілектерін айтады:     Мен бәріне Денсаулық тілеймін!     Мен бәріне Қуаныш тілеймін! Мейірімді болыңдар! Барлығыңа шуақты күн тілеймін!   және т.б Білім алушыларды топқа біріктіру үшін үш түсті қарындаштар беріледі.  Сол қарындаштарды жылдам алу арқылы топқа бірігеді. «Периодтар», «Топтар», «Қатарлар» деп үш топқа бірігеді. Күтілетілетін нәтижені айқындау. Білім алушының алдыңғы оқуын(үй тапсырмасы) пысықтау мақсатында  және зейінді шоғырландыру үшін ширату жаттығуын өткізу: «Ақпаратты жинау» ойыны ойнатылады. Алдымен ақпаратты жинау  үшін сұрақтарды таратып береді.Білім алушыларда ойлау дағдысы  қалыптасады. Әр топқа бір ақпарат жинаушы келіп бақылап тұруға  болады. Ақпаратты жинау мақсатынан туындаған сұрақтар:  1) Оттекке жалпы сипаттама беріңдер. 2) Жану реакциясы дегеніміз не? 3) Аллотропия, аллотропиялық түрөзгеріс дегеніміз не? 4) Озонға сипаттама 5) Атмосферадағы озон қабатының қызметі 6) Озонатордың жұмыс істеуін түсіндіріп беріңдер. Топ өзара бірін­бірі бағалайды. 4 мин Үй тапсырмасын бекіту үшін «ұшқыр ой» әдісі арқылы жеңіл есептер  беріледі.  «Периодтар» тобына: Глюкозаның құрамында қанша пайыз оттек бар? Ресурстар Сиқырлы  таяқша суреті  А4 Оттек, жану,  озон,  аллотропия  сөздеріне  қатысты  суреттер мен  анықтама  қағаздары «Топтар» тобына: Берілген заттардың жану теңдеуін жаз. а) Алюминий; ә)күкіртсутек H2S ;  «Қатарлар» тобына: Айналымды іске асыр. → O2 → AL2O3 KCLO3 ↓                CO2 Дескриптор: 1­бейнежазба https://www.yo utube.com/watc h? v=Rnx3mScDiT M 1.Зат құрамындағы элементтің массалық үлесін табады. 2. Заттардың жану теңдеуін жазып, теңестіреді. Өнімді атайды. 3. Айналымды іске асырады. Қ.Б: «Тәттілер қорабы» әдісі арқылы тәттілер таратылады. Сабақтың тақырыбын ашу үшін «Стоп кадр» әдісімен (ой қозғау) білім  алушыларға 1­бейнежазба көрсетіледі. Жаңа сабақ: Мұғалім түсіндірмесі Білім алушыларда тыңдалым дағдысы қалыптасады. Барлық химиялық элементтер Д. И. Менделеевтің периодтық жүйесінде  жүйеленген, оның салыстырмалы атомдық массасын, ал реттік нөмірі  арқылы атом ядросының зарядын және сол шамаға тең протон мен  электрон санын анықтауға болады. Салыстырмалы атомдық массасынан  рет нөмірін алып тастап, нейтрон санын табуға болады. Атомның  электрондық қабаты бірнеше қабаттардан тұрады. Электрондық  қабаттар бірдей мөлшердегі электрондық бұлттың есебінен пайда  болған. Бір қабаттағы орбитальдар электрондық(«энергетикалық  деңгей»)түзеді, оның энергиясы сутек атомында бірдей, дегенмен басқа  атомдарда әртүрлі. Біз электрондардың энергетикалық деңгейдрде  қалай орналасатынын қарастырған болатынбыз.     Д.И. Менделеевтің периодтық жүйесіндегі электрондардың  энергетикалық деңгейде орналасуы. ­ I период элементтерінің (сутек пен гелий) – 1энергетикалық деңгейі  бар; ­ II период элементтері (литиден неонға дейін) – 2 энергетикалық  деңгейге ие; ­ III период элементтерінде (натрийден аргонға дейін) – 3 энергетикалық деңгей бар; ­ IV период элементтерінде (калийден криптонға дейін) – 4  энергетикалық деңгей бар және т.б Период нөмірі энергетикалық деңгей санын көрсетеді. Әрі қарай электрондардың соңғы энергетикалық деңгейде қалай  орналасатынын қарастырамыз (әзірге тек негізгі топ элементтерін).  ­ ­ I топтың негізгі топшасының (литийден калийге дейін) – соңғы  деңгейшесінде 1 электрон; II топтың негізгі топшасының (берилийден кальцийге дейін) –  соңғы деңгейшесінде 2 электрон; ­ VI топтың негізгі топшасының (оттектен селенге дейін) – соңғы  деңгейшесінде 6 электрон және т.б Сабақтың ортасы 15 мин 7 мин 5 мин Топ нөмірі (негізгі топ үшін) соңғы деңгейдегі электрон санын  көрсетеді. Сәйкесінше периодтық жүйедегі әрбір сан өзіндік физикалық мәнге ие. «Көз айдары» әдісі арқылы білім алушылар мұғалімнің түсіндірмесін  ары қарай жалғастырады. Оқып, дайындалуға 2 мин уақыт беріледі.  Сыныппен жұмыс(бірлескен жұмыс).Білім алушыларда айтылым  дағдысы қалыптасады. Периодтық жүйе­ периодтық заңның графиктік көрсеткіші. Элементтерді топтарға жіктеу әдісіне байланысты кесте ұзын  периодты(топтарға валенттік электрондар сандары мен типтері тең  элементтер жинақталған) және қысқа периодты(валенттік электрондар  саны тең элементтер жинақталған) болады. Біз периодта орналасқан элемент атомдарының электртерістік  қабаттары бірдей  және ол период нөміріне тең. Периодтарда  элементтердің саны: 2, 8, 8, 18, 18, 32, 32. Бірінші периодтан бастап  барлық периодтар сілтілік металдардан (Li, Na, K және т.б) басталыды  да, асыл газдармен (He, Ne, Ar, Kr және т.б) аяқталады.      Қысқа периодты кестеде сегіз топ бар, олардың әрқайсысы негізгі  және қосымша топтарға бөлінген. Ұзын периодты кестеде он сегіз топ  бар, олар рим цифрларына А немесе В әріптері қосылып белгіленеді,  мысалы: IА, IIIВ, VIА, VIIВ. Ұзын периодты кестенің IА тобы қысқа  периодты кестенің бірінші тобының негізгі топшасына сәйкес келеді.  VIIВ тобы­ жетінші топтың қосымша топшасына сәйкес, басқалары бір­ біріне ұқсас. Атомдық  нөмірі протондар мен электрондар санын көрсетеді.  Нейтрондар санын атомдық массадан атомдық нөмірді алып табады.  Период нөмірі энергетикалық деңгейлер санын көрсетеді. Негізгі  топшадағы топ нөмірі соңғы электрондық қабаттағы электрон санын  көрсетеді.  Тапсырма №1 Білім алушылар топпен жұмыс жасайды. Білім алушыларға жетелеуші  сұрақтар қойылады: «Балалар, сонымен периодтық жүйенің құрылысы  қандай болады екен?». Жылдам жауап беру керек.Білім алушыларда  жазылым дағдысы қалыптасады. Оқулықпен, Д.И. Менделеевтің периодтық кестесімен іздене отырып жұмыс жасайды. Білім алушылар «Сәйкестендіру кестесі» әдісі арқылы кестемен жұмыс жасайды.  Элементтердің келесі қатары берілген. Сәйкестікті табыңдар.  I­топ а) элементтің 7 электроны бар ә) элементтің 4 энергетикалық деңгейі бар б) элементтің соңғы электрондық қабатында 5  электрон бар в) элементтің 12 нейтроны бар Натрий Азот Кальций Фосфор  Әр топқа  дайын кесте  үлестірме  материалы  ретінде  ұсынылады Түрлі­түсті  қарындаштар Д.И.Менделее втің  периодтық  кестесі,үлесті рмелі  қағаздар II­топ а) элементтің 11 электроны бар ә) элементтің 3 энергетикалық деңгейі бар б) элементтің соңғы электрондық қабатында 6  электрон бар в) элементтің 18 нейтроны бар III­топ а) элементтің 20 электроны бар ә) элементтің 2 энергетикалық деңгейі бар б) элемнттің соңғы электрондық қабатында 3  электрон бар в) элементтің 30 нейтроны бар Магний Күкірт Хлор Натрий  Оттегі Кальций Темір Алюминий  Дескриптор: 1.Элементтің электрон санын анықтайды. 2.Элементтің энергетикалық деңгей санын анықтайды. 3.Элементтің соңғы электрондық қабатында неше электрон бар екенін  түсінеді. 4.Элементте неше нейтрон бар екенін біледі. 2 мин Кері байланыс орнату: «Күн нұры» әдісі арқылы . Білім алушылар тапсырмада кездескен кедергілермен және  жетістіктерімен бөліседі. Кері байланыс орнатуда білім алушылар өз­ өзіне есеп береді. Білім алушылар өз жұмысынан хабардар бола отырып, білімге деген  ынтасын арттырады. Мұғалім білім алушының қажеттілігін анықтап,  тиімді оқыту тәсілдерін қолдануға, уақытты үнемді пайдалануға бағдар  береді. Қ.Б:Топ бойынша білім алушыларды «Сыйлық» әдісімен бағалау. Сабақ айтқан білім алушыға түрлі­түсті қарындаш сыйға беріледі. Білім алушылар топтық жұмыс барысында кестемен жұмыс жасап, бір­ бірімен пікір алмасады, ойласып, ізденіп бірге келісілген шешім  қабылдайды. Топтық жұмыста білім алушылар бірін­бірі оқытады.  Өзгенің пікірін тыңдап, өзінің ойын ашық жеткізеді. Тапсырма №2.  «Ізден тап»  әдісі. Тапсырмажалпы сыныпқа беріледі. Білім алушы өзі іздене отырып жауап береді. Кестемен, оқулықпен жұмыс жасай отырып, элементті   анықтайды.   Дайын   оқушы   қол   көтеріп   жауап   береді(жеке жұмыс). Оқылым, жазылым дағдыларын қалыптастырады.    Периодтық жүйедегі орнына қарай элементті анықтаңдар: А) III период, IV топта; Ә) II период, VIII топта; Б) I период, I топта; Негізгі топша бойынша: В) IV период, 4­қатар, II топ А­топшасы Г) V период, 7­қатар, VII топ А­топшасы Ғ) VI период, 8­қатар, II топ А­топшасы Дескриптор: 1. Білім алушылар элементті оның топ, период, қатары бойынша анықтайды; 2. Табылған   элементтің   металл   немесе   бейметалл   екендігін анықтап, сипаттама жасайды; 3. Период, топ, қатар, топша ұғымдарын нақтылайды; Кері байланыс: Дұрыс,   бұрыс   жауаптардың   барлығы  «смайлик»  әдісі   арқылы   оның ерекшелігіне байланысты бағаланады. Сабақтың  соңы 3 мин Білім алушылар сабақта алған білімдерін, бүгін не үйренгендерін  қорытындылап айтады. Әр топ өз бетінше қорытынды айтып, рефлексия  жасайды.  Үйге тапсырма: §30 Оқу.118­120 бет. №1,2 тапсырмалар. Саралау – Сіз қандай тәсілмен көбірек қолдау Сіз басқаларға қарағанда қабілетті оқушыларға көрсетпексіз? қандай тапсырмалар бересіз? Бағалау – Сіз оқушылардың  материалды игеру деңгейін   қалай тексеруді жоспарлап  отырасыз Денсаулық және қауыпсіздік техникасын сақтау Оқушылардың  үйренгенін  тексеруді тиімді  бағалау  әдістері арқылы  жоспарлаймын. ­өзін­өзі бағалау ­өзара бағалау ­тәттілер қорабы; ­сыйлық әдісі; ­смайлик әдісі; ­А деңгей Атомдық нөмірлері 7,12,17,23,30.35,41­элементтер  қай периодта, топта, қатарда орналасқанын  анықтаңдар. Дескриптор: Элементті атомдық нөмірі арқылы тауып, оның қай  топта, периодта, қатарда орналасқанын анықтайды. ­В деңгей 1.а) берілген элементтерді металдық қасиетінің өсу  реті бойынша орналастырыңдар: 1) бор; 2) берилий;  3) көміртек; 4) литий. ә) Берілген элементтердің қайсысында айқын  бейметалдық қасиет басым: фосфор, алюминий,  кремний, күкірт, фтор, хлор. Дескриптор: 1.а) берілген элементтер қатарын олардың  металдық қасиетінің өсу реті бойынша орналастырады. 1.ә) берілген элементтердің қайсысы айқын  бейметалдық қасиет көрсететінін табады. ­С деңгей 238Хжәне 210Хэлементтері  92                         82 берілген. Элементтердің ядро заряды нешеге тең? Дескриптор: Элементті анықтап, оның ядро зарядын (атом нөмірі) табады.  Сабақ бойынша рефлексия Сабақ мақсаттары немесе оқу мақсаттары  шынайы, қолжетімді болды ма? Барлық оқушылар   оқу мақсатына қол жеткізді ме? Егер оқушылар оқу  мақсатына жетпеген болса, неліктен деп ойлайсыз?  Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме? Сабақ  кезеңдерінде уақытты тиімді пайдаландыңыз ба?  Сабақ жоспарынан ауытқулар болды ма және  неліктен? Бұл тарауды сабақ туралы рефлексия жасау  үшін пайдаланыңыз. Сол бағандағы өзіңіз  маңызды деп санайтын сұрақтарға жауап  беріңіз. Жалпы бағалау Сабақта ең жақсы өткен екі нәрсе (оқыту мен оқуға қатысты)? 1: 2: Сабақтың бұдан да жақсы өтуіне не оң ықпал етер еді (оқыту мен оқуға қатысты)? 1: 2: Осы сабақтың барысында мен сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістіктері/  қиыншылықтары туралы нені анықтадым, келесі сабақтарда не нәрсеге назар аудару қажет?

Урок на тему "Химиялық элементтердің периодтық жүйесінің құрылымы." ( Химия)

Урок на тему "Химиялық элементтердің периодтық жүйесінің құрылымы." ( Химия)

Урок на тему "Химиялық элементтердің периодтық жүйесінің құрылымы." ( Химия)

Урок на тему "Химиялық элементтердің периодтық жүйесінің құрылымы." ( Химия)

Урок на тему "Химиялық элементтердің периодтық жүйесінің құрылымы." ( Химия)

Урок на тему "Химиялық элементтердің периодтық жүйесінің құрылымы." ( Химия)

Урок на тему "Химиялық элементтердің периодтық жүйесінің құрылымы." ( Химия)

Урок на тему "Химиялық элементтердің периодтық жүйесінің құрылымы." ( Химия)

Урок на тему "Химиялық элементтердің периодтық жүйесінің құрылымы." ( Химия)

Урок на тему "Химиялық элементтердің периодтық жүйесінің құрылымы." ( Химия)

Урок на тему "Химиялық элементтердің периодтық жүйесінің құрылымы." ( Химия)

Урок на тему "Химиялық элементтердің периодтық жүйесінің құрылымы." ( Химия)

Урок на тему "Химиялық элементтердің периодтық жүйесінің құрылымы." ( Химия)

Урок на тему "Химиялық элементтердің периодтық жүйесінің құрылымы." ( Химия)

Урок на тему "Химиялық элементтердің периодтық жүйесінің құрылымы." ( Химия)

Урок на тему "Химиялық элементтердің периодтық жүйесінің құрылымы." ( Химия)
Материалы на данной страницы взяты из открытых истончиков либо размещены пользователем в соответствии с договором-офертой сайта. Вы можете сообщить о нарушении.
13.06.2019