Урок на тему "Независимый Казахстан"
Оценка 4.7

Урок на тему "Независимый Казахстан"

Оценка 4.7
Разработки уроков
docx
воспитательная работа
Взрослым
01.12.2017
Урок на тему "Независимый Казахстан"
Құрметті ұстаздар мен студенттер! Тәуелсіздігімізді алғаннан соң халықтың басын біріктіріп Н.Ә.Назарбаев тұңғыш елбасы болды. Елбасының бастауымен менің Отаным әлемге танылды. Елім елдігін көрсетті, ерлігін танытты. Қазақ халқы егемендігін алып, Тәуелсіздікке қол жеткізгенде өз алдымызға ел бола алатындығымызға күмәнданған жандар да болған екен. Бірақ ар-намысты ту еткен Елбасымыз бен үкімет басындағы ел үшін еңбек еткен ағаларымыздың аянбай еңбек етуі осы нұрлы күндерге жеткізді. Қазақ халқының тұңғыш президенті күніне арналған «Елі ұлықтаған - Елбасы» атты тәрбие сағатымызды ашық деп жариялаймыз. 4.2 Тәуелсіз Қазақстан және Елбасы «Елбасына» Ауыр күнді артымызға тастауы – Қиын сәтте қиындықтан қашпауы. Тілім, дінім, ұлтым қайта көгерген, Елбасымыз Нұрағаңның бастауы Туды ұстап тура жолға түсіріп, Жас Отанның өмірін де түсініп, «Елім, жерім» деп ұрандап тайсалмай, Бір керемет жасады-ау кісілік! Елбасымыз саған мәңгі разымыз, Үлкен-кіші, ағайындар – бәріміз. «Ұлтым, елім» деп қайғырған ұлы жан, Сіз біздердің піріміз де, әніміз. 1-жүргізуші: Біздің Президентіміз –Нұрсұлтан Әбішұлы НазарбаевҚұрметті ұстаздар мен студенттер! Тәуелсіздігімізді алғаннан соң халықтың басын біріктіріп Н.Ә.Назарбаев тұңғыш елбасы болды. Елбасының бастауымен менің Отаным әлемге танылды. Елім елдігін көрсетті, ерлігін танытты. Қазақ халқы егемендігін алып, Тәуелсіздікке қол жеткізгенде өз алдымызға ел бола алатындығымызға күмәнданған жандар да болған екен. Бірақ ар-намысты ту еткен Елбасымыз бен үкімет басындағы ел үшін еңбек еткен ағаларымыздың аянбай еңбек етуі осы нұрлы күндерге жеткізді. Қазақ халқының тұңғыш президенті күніне арналған «Елі ұлықтаған - Елбасы» атты тәрбие сағатымызды ашық деп жариялаймыз. 4.2 Тәуелсіз Қазақстан және Елбасы «Елбасына» Ауыр күнді артымызға тастауы – Қиын сәтте қиындықтан қашпауы. Тілім, дінім, ұлтым қайта көгерген, Елбасымыз Нұрағаңның бастауы Туды ұстап тура жолға түсіріп, Жас Отанның өмірін де түсініп, «Елім, жерім» деп ұрандап тайсалмай, Бір керемет жасады-ау кісілік! Елбасымыз саған мәңгі разымыз, Үлкен-кіші, ағайындар – бәріміз. «Ұлтым, елім» деп қайғырған ұлы жан, Сіз біздердің піріміз де, әніміз. 1-жүргізуші: Біздің Президентіміз –Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев
1.docx
1. МАҚСАТЫ         Студенттердің Қазақ халқының тұңғыш президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың өмір жолы, туып­өскен, оқып білім алған, қызмет еткен жерлері туралы мағлұмат беру, Елбасының   өмір   жолынан   үлгі   ала   отырып   Отанын,   халқын   сүюге,   ержүректілікке, азаматтыққа,   ұлттық   патриоттық   сезімге   тәрбиелеу,   шәкірт   жүрегінде   елбасына   деген сүйіспеншілік сезімін ояту, құрметтеу. 2. КӨРНЕКІЛІКТЕР     Слайдтар көрсету, суреттер, Елбасының портреті, студенттер шығармасы. 3. САБАҚТЫҢ ТҮРІ    Ой талқылау 4. САБАҚТЫҢ БАРЫСЫ      4.1 Кіріспе сөзі   Құрметті   ұстаздар   мен   студенттер!  Тәуелсіздігімізді   алғаннан   соң   халықтың   басын біріктіріп   Н.Ә.Назарбаев   тұңғыш   елбасы   болды.   Елбасының   бастауымен   менің   Отаным әлемге танылды. Елім елдігін көрсетті, ерлігін танытты. Қазақ халқы егемендігін алып, Тәуелсіздікке қол жеткізгенде өз алдымызға ел бола алатындығымызға күмәнданған жандар да болған екен. Бірақ ар­намысты ту еткен Елбасымыз бен үкімет басындағы ел үшін еңбек еткен ағаларымыздың аянбай еңбек етуі осы нұрлы күндерге жеткізді. Қазақ халқының тұңғыш президенті күніне арналған «Елі ұлықтаған ­ Елбасы» атты тәрбие сағатымызды ашық деп жариялаймыз. 4.2 Тәуелсіз Қазақстан және Елбасы «Елбасына» Ауыр күнді артымызға тастауы – Қиын сәтте қиындықтан қашпауы. Тілім, дінім, ұлтым қайта көгерген, Елбасымыз Нұрағаңның бастауы Туды ұстап тура жолға түсіріп, Жас Отанның өмірін де түсініп, «Елім, жерім» деп ұрандап тайсалмай, Бір керемет жасады­ау кісілік! Елбасымыз саған мәңгі разымыз, Үлкен­кіші, ағайындар – бәріміз. «Ұлтым, елім» деп қайғырған ұлы жан, Сіз біздердің піріміз де, әніміз. 1­жүргізуші: Біздің Президентіміз –Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев . Мемлекет басқару ісі – машақатты да, мәртебелі міндет. Басшы басқарған ел – ең бай мемлекет, халқы ең бақытты халық. 2­жүргізуші: Олай болса, бүгінгі тәрбие сағатымызды әділеттің ақ жолын ту етіп елінің егемендігін, ынтымақты, тұтастық, бірлікті ойлаған, ұрпақтың саналығына мән берген, ар мен намысты биік ұстаған, әлемдік деңгейдегі ірі қоғам қайраткері, тәуелсіз Қазақстан Республикасының тұңғыш Президенті Н.Ә.Назарбаевтың құрметіне арнағалы отырмыз! 1­жүргізуші:   Тәуелсіздігімізді   алғаннан   соң   халықтың   басын   біріктіріп   Н.Ә.Назарбаев тұңғыш елбасы болды. Елбасының бастауымен менің Отаным әлемге танылды. Елім елдігін көрсетті, ерлігін танытты. Қазақ халқы егемендігін алып, Тәуелсіздікке қол жеткізгенде өз алдымызға   ел   бола   алатындығымызға   күмәнданған   жандар   да   болған   екен.   Бірақ   ар­ намысты ту еткен Елбасымыз бен үкімет басындағы ел үшін еңбек еткен ағаларымыздың аянбай еңбек етуі осы нұрлы күндерге жеткізді. 2­жүргізуші: Бүгінгі күн бізге Оңайлықпен келген жоқ. Тәуелсіз ел атану үшін, қаншама аға­апаларымыз, ата­бабаларымыз тер төкті. Соның арқасында бүгінде біз, Тәуелсіз, дербес, әлем   таныған   Қазақстан   атанып   отырмыз.   Қазақ   деген   атымызды   алғанға   дейін   қазақ халқының басынан не өтпеді, не көрмеді.Тәуелсіз ел Қазақстан атауы қалай келді, қалай туды алдымен экранға назар аударайық. (1­слайд, Елбасы­елдің тұтқасы әні) Абдулла Әсел: Қазақстан дейтін менің бар елім .  Жатыр алып жарты дүние әлемін! Бұл даланы анам жаспен суарған, Бұл далада атам қолға ту алған, Бұл далада жылап келіп, уанған Бұл даланы көріп алғаш қуанған Бұл далада өскен жанда жоқ арман! (Қ.Аманжолов) 1­жүргізуші: Әлем таныған, дарынды тұлға, іскер ­ саясатшы, Қазақстан Республикасының тұңғыш   Президенті   Н.Ә.Назарбаев   сол   күннен   бері   26   жыл   ел   басқарып   келеді.   Ол Қазақстанды бүгінде әлемге әйгілі мемлекет етіп, атын шығарды. Ел экономикасын түзеп, болашақта көш бастаушы елдердің қатарына қосу үшін аянбай еңбек етуде. 2­жүргізуші:   Елі   құрмет   тұтқан,   Ел   ағамыз,   Ел   үшін   еңбек   еткен   Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың өмір жолына шолу жасайық.(2­слайд) Қаныбек   Ерболат:   Нұрсұлтан   Әбішұлы   Назарбаев   6­шілде   1940   жылы   Алматы   облысы Қаскелең ауданындағы Шамалған ауылында туған.Балалық шағы кейде айта беретініміздей таршылық жағдайда өтті. Үлкендердің мал бағуына, бау­бақша өсіруіне көмек көрсету керек болды, шөпшек теріп, отын жарды.Өзі еске алғандай, өсірген аз­маз өнімдерін сатып, үй­ішіне қажетті заттар алу үшін есек жеккен арбамен жақын маңдағы теміржол стансасына бару дегенің керемет мереке саналған.Мектепті жақсы оқып, жақсы білім алды. Ата­анасын қатты құрмет тұтты. Жолшыбек Айнұр: Ол ерте есейді, орта мектепті бітіре салысымен Кеңес Одағындағы аса ірі Қарағанды металлургия комбинатының көлемді құрылысына аттанды.Құрылыста біраз еңбек еткеннен кейін бір топ қазақстандықтармен Украинаның Днепродзержинск қаласына барып металлург – жұмысшы мамандығын меңгерді. Бұл шойын құюшы, домна пешінің көмекшісі жұмыстарын атқарды, ал кейінірек инженер дәрежесіне көтерілді. Жорақұл Назгүл: Сол жылдары оның басшылық қасиеттері жарқырап көрінді. Қалалық, облыстық   және   республикалық   көлемде   басшы   органдарда   жауапты   қызметтер атқарды.Металлургиялық комбинатында партком хатшысы, Теміртау қалалық, Қарағанды облыстық және республикалық партия ұйымдарында экономикалық салаға жауап беретін хатшы болды. Ол Қазақстан  Үкіметін  басқарғанда  44 жаста  болды.  Осылайша оның саяси өмірбаяны басталады. Агайдар   Бейбарыс:   1991   жылы   1­желтоқсанда   республика   жұртшылығы   тұңғыш   рет Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевты Республикамыздың Президенті етіп сайланды. Республика тарихында халық алғашқы рет саналы түрде өзінің тағдырын сеніп тапсырып, өз басшысын сайлады. 1991  жылдың  16  желтоқсанында   Қазақстан  Республикасы   Жоғарғы   сессиясы   «Тәуелсіз демократиялық және құқылық мемлекет» деп жариялады. Астана­ҚР­ның   саяси,   әкімшілік   және   мәдени   орталығы.  Елбасы­Н.Назарбаевтың жарлығына сәйкес 1997 жылы мұнда бұрынғы астанамыз Алматыдан Республиканың басшы орындары   Президент   кеңесі,   ҚР­ның   Үкіметі   және   Парламент   көшіп   келді.  Еліміздің басқару жұмыстары осы жерден жүзеге асырылады. Кертай Мәдина: 1998 жылы 10­маусымда жаңа астананың ресми тұсау кесері болды. Қала Есіл өзенінің оң жағалауында Сарыарқаның солтүстік бөлігінде орналасқан. Бүгінгі таңда Астана ең әсем, жас, әдемі, көрікті қалаға айналды. Көтереді шаңырақ Астанам асқақ, Жаңарып қалам, жасарып далам! Басыңнан серпі бодандық жүгін, Кетпейді ойдан Отандық ұғым. Арыстан жүрек, айбынды елім, Таниды сені бар әлем бүгін. (3­слайд, Көк тудың желбірегені әні) 2006 жылы 7­қаңтарда әнұран қабылданды. Егемен елім әнұраны жанарды, “Менің Қазақстаным” жер жүзіне таралды. (Әнұран айтылады) 1­жүргізуші: Н.Назарбаев ­ бәрінен бұрын өз міндетін, өз тағайындалуын терең сезінетін, үлесіне тиген міндетті жауапты әрі қажырлықпен атқаратын адам. Ол әр қадамын шын мәнісінде өте мұқият есептейді: ол үшін саясатшы болу­бойға біткен дарынмен қатар күн сайынғы аса ауыр жұмыс және өмір дағдысы. Сапарбек Сымбат: Осы орайда өркендеп өскен Қазақстанның әлемдегі бүгінгі орны мен беделін мақтанышпен атап айтуға болады. «Ел ­ Елбасына тірек, Елбасы – елге қалқан». Бұл – бүгінгінің шындығы. Н.Назарбаев десе – Қазақстан, ал Қазақстан десе Назарбаев ойға оралады деп, халықаралық қауымдастықтың мойындағанынан толық аңғаруға болады. 1жүргізуші: Халқым айтқан жер көтерер ел даңқын, Елім айтқан ел көтерер жер даңқын. Президентім, елбасы, аман болғай, Мәңгі жаса, жас қазағым, өр халқым! Барлығы: «Осы тәуелсіз еліміздің намысын қорғайтын, бүгінімізді ертеңіне жалғайтын,  қазақ елінің ертеңі, болашағы үшін жауап беретін ұрпақ екенімізді сезінеміз» Ән: «Елім менің» (сөзі: Н.Назарбаев, әні: Б.Тілеуханов) 5. ҚОРЫТЫНДЫ 1­жүргізуші: Қазақстан Республикасында тұратын әрбір адам, әсіресе жастар ертеңі үшін алаңдамайды. Елбасының «Қазақстан ­2030» жолдауында көрсетілген: «Қорытынды сөзімді жас ұрпаққа, Қазақстан жастарына арнасам деймін. Сіздер егемен Қазақстанда   өмір   сүріп   жатқан   азаматтардың   бірінші   ұрпағысыздар.   Сондықтан   да сіздердің алдарыңызда іске асырудың біз қол жеткізбек болған болашақты өздеріңіз бен балаларыңыз үшін өз қолдарыңызбен орнатудың шексіз мүмкіндіктері ашылып тұр. Ендеше Қазақстанның болашағы сіздердің қолдарыңызда». 2­жүргізуші: «Қазақстан – бақытты ел, Президенті танымды, халқы қарымды, досы көп ел екенін де мақтан тұтамыз. Ел тарихын тұлғалар жасайды. Тұлға – елдің тұғыры, Тұлға – елдің тұтқасы. Біздің Президентіміз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев осындай тұлға! 6.  ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР   ­  Назарбаев Н.Ә. Еуразия жүрегінде. ­ Алматы: Жібек жолы, 2011.  ­  Назарбаев Н.А. Казахстанский путь. ­ Алматы: Жібек жолы, 2012.   ­  Назарбаев Н.Ә. Сындарлы он жыл. ­ Алматы: Атамұра, 2003.   ­   Қожабеков   Ғ.   Ядролық   қарусыз   әлем   көшбасшысы   //   Астана   ақшамы.   –   2012.   –   11 қыркүйек.   ­ Назарбаев Н.Ә. Тәуелсіздік белестері. – Алматы: Жібек жолы, 2012.

Урок на тему "Независимый Казахстан"

Урок на тему "Независимый Казахстан"

Урок на тему "Независимый Казахстан"

Урок на тему "Независимый Казахстан"

Урок на тему "Независимый Казахстан"

Урок на тему "Независимый Казахстан"

Урок на тему "Независимый Казахстан"

Урок на тему "Независимый Казахстан"
Материалы на данной страницы взяты из открытых истончиков либо размещены пользователем в соответствии с договором-офертой сайта. Вы можете сообщить о нарушении.
01.12.2017