Урок по географии на тему "Великобритания"
Оценка 4.8

Урок по географии на тему "Великобритания"

Оценка 4.8
Разработки уроков
doc
география
11 кл
01.12.2017
Урок по географии на тему "Великобритания"
Карточкалық сұрақтар: ГФР-ның астанасы? (Берлин қаласы әйгілі «Бранденбург қақпасы») Германияның экономикалық-географиялық жағдайы? (Шығыс Еуропа елдері аралығында, құрлық, әуе жолдарының тоғысында орналасқан орналасқан, Балтық, Солтүстік теңіздермен шектеседі) Германия аумағының құрамы? (16 - ты әкімшілік (федералдық) жерден тұрады) Германияның табиғат ресурстары? (таскөмір, қоңыр көмір,табиғи газ, калий тұзы мен құрылыс материалдар қоры) Мемлекеттік құрылымы? (федерациялық республика) Халқының саны жөнінен Батыс Еуропада нешінші орында? (80,9 млн адам, 1-орында) Халықтың негізгі құрамын немістер құрайды? (92 %) Жеңіл автомобиль жасаудан дүниежүзінде нешінші орында? (Жапония, АҚШ-тан кейінгі 3-орында) Германияның автомобиль астанасы? (Вольфсбург) Кеме жасаудан (жүк сыйымдылығы бойынша) нешінші орында? (Жапония мен Корея Республикасынан кейінгі 3-орында) Германияны неге «химиялық держава» деп атайды? (химия өнеркәсібінің күшті дамуына байланысты) Ауылшаруашылығының жетекші саласы? (мал шаруашылығы)Сабақтың мақсаты 1 Білімділік мақсаты : Студенттерге Ұлыбританияның экономикалық-географиялық жағдайы, табиғат жағдайлары мен табиғат ресурстары, халқы, шаруашылығы жөнінде түсіндіру. 2 Тәрбиелік мақсаты: Жан-жақтылыққа, ізденімпаздыққа баулу, тыңдай және сөйлей білу мәдениетін арттыру. 3 Дамытушылық мақсаты: Өз бетінше ізденіспен шығармашылық тұрғыда жұмыс істеуге дағдыландыру. Өз ойларын еркін де сауатты, нақты жеткізу қабілеттерін арттыру.
Сабақ жоспары №Ұлыбритания.doc
Ф­ОБ­05/10Б «БЕКІТЕМІН» Директордың ОІЖ орынбасары:  ________________Е.Билалов САБАҚТЫҢ ЖОСПАРЫ № Пәні : География Сабақтың тақырыбы: Ұлыбритания Сабақтың мақсаты 1 Білімділік мақсаты : Оқушыларға Ұлыбритания мемлекеті жайлы дәйекті мағлұматтар беру. 2 Тәрбиелік мақсаты: Картамен, статикалық материалдармен сипаттай білуге тәрбиелеу 3 Дамытушылық  мақсаты: Баспасөз, қосымша мәліметтермен жұмыс жасау қабілеттерін  дамыту. Сабақтың түрі, әдісі: аралас Сабақтың  көрнекілігі: Дүниежүзінің саяси картасы, үлестірмелер Пәнаралық байланыс: тарих, саясаттану Сабақтың  барысы         1 Ұйымдастыру  кезеңі ( 2 минут) Студенттермен сәлемдесу, сабаққа қатысуын тексеру. Сабаққа қажетті құрал­жабдықтарын  түгелдеу.             2 Үй тапсырмасын  тексеру ( 10 минут) Германия мемлекетінің геосаяси жағдайының тиімділігі неде Аумағы бойынша Батыс Еуропада нешінші орында Аса маңызды өнеркәсіп орталықтарын ата Германия Федеративті Республикасының анықтамасы Неше палатадан тұрады, қалай аталады Табиғи ресурстарын ата Машина жасау саласындағы кәсіпорындар Қандай сала бойынша Германия әлемде әйгілі Ауыл шаруашылығында қай сала жақсы дамыған Ел тұрғындарының басты көлік түрі Көлік кешенінің қай түрлері басым Ірі порттарын атаңыз «Автомобиль астанасы» деп қай қаланы айтады. Тас көмірдің негізгі алаптары Халқы жөнінен нешінші орында Ұлттық құрамы қалай сипатталады. Өнеркәсіптің дамуының негізгі белгілері Өсімдік шаруашылығындағы басты дақылдар Қазақстан мен Германия мемлекетінің экономикалық байланысы Ф­ОБ­05/10Б 3 Жаңа тақырыпты түсіндіру ( 18 минут) Білу кезеңі: Ұлыбритания мемлекеті қандай халықаралық ұйымдарға мүше Елдің экономикалық географиялық жағдайының ерекшелігі Мемлекет қандай провинциялардан тұрады Королева резиденциясы қалай аталады Ұлыбританияның басты саяси партиялары Биік нүктесі қалай аталады Жер бедерінде қандай ерекшелік бар Негізгі көмір өндіру алаптарын ата Халқы қанша Мемлекеттің анықтамасы қалай сипатталады Ежелгі ұлт атауы қалай Ұлыбританияның табиғат ресурсы қалай ерекшеленеді Халықтың орташа тығыздығы қанша Ірі қалалары Ұлттық құрамы қалай сипатталады Ұлыбритания қандай спорт түрлерінің отаны Тілдік құрамы Ұлыбритания қандай климаттық белдеуді қамтиды Түсіну теориясы: Біріккен Корольдік деген атына қарамастан Ұлыбритания федерациялы емес, унитарлы  мемлекет неге, неліктен Не себептен Ұлыбритания деп аталады Қолдану теориясы: 1 Картамен жұмыс, Глазго, Манчестер, Оксфорд қалаларының координатасын анықтау. 2 Германия мен Ұлыбритания мемлекеттерінің ЭГЖ ын салыстыра отырып сипаттау. Талдау теориясы: 1 Мына көмір алаптарының қайсысы Ұлыбританияға жатпайтынын анықтаңыз: Шотландия алабы Рур алабы Иорокшир алабы Оңт. Уэльс алабы 2 Мына қалаларды байланыстыратын қандай сала. Мемлекеттерге жіктеңіз қала мемлекет Кембридж Жапония Цель де Франс АҚШ Цукуба Ұлыбритания 4 Жаңа сабақты бекіту ( 5 минут) «Туристік анықтама» құрастыру.             5 Бағалау ( 2 минут) Сұрақ­жауап бойынша бағалау 6 Үйге  тапсырма ( 3 минут)  Ұлыбритания Оқытушы: _________       _________________________________                                                 (қолы)                                    (аты­жөні)  Ф­ОБ­05/10Б Германия мемлекетінің геосаяси жағдайының тиімділігі  неде Аумағы бойынша Батыс Еуропада нешінші орында Аса маңызды өнеркәсіп орталықтарын ата Германия Федеративті Республикасының анықтамасы Неше палатадан тұрады, қалай аталады Табиғи ресурстарын ата Машина жасау саласындағы кәсіпорындар Қандай сала бойынша Германия әлемде әйгілі Ауыл шаруашылығында қай сала жақсы дамыған Ф­ОБ­05/10Б Ел тұрғындарының басты көлік түрі Көлік кешенінің қай түрлері басым Ірі порттарын атаңыз «Автомобиль астанасы» деп қай қаланы айтады. Тас көмірдің негізгі алаптары Халқы жөнінен нешінші орында Ұлттық құрамы қалай сипатталады. Өнеркәсіптің дамуының негізгі белгілері Өсімдік шаруашылығындағы басты дақылдар Қазақстан мен Германия мемлекетінің экономикалық  байланысы Ф­ОБ­05/10Б Ұлыбритания 4 әкімшiлік­саяси бөліктен (тарихи ұлттық облыстардан):     Англиядан (45 графтық пен ерекше әкімш. бірлік — Үлкен Лондон, әкімш. орт.  — Лондон), Уэльстен (8 графтық, әкімш. орт. — Кардифф), Шотландиядан (12 облыс пен 186 арал, әкімш. орт. — Эдинбург), Солтүстік Ирландиядан (26 округ, әкімш. орт. — Белфаст) тұрады. Ал Мэн  аралы (әкімш. орт. — Дуглас) мен Норманд аралдары (әкімш. орт. — Сент­Хелиер) дербес әкімш. аймақтарға жатады. Бұған қоса Ұлыбританияның иеліктері:           Еуропада — Гибралтар, Америкада — Ангилья, Бермуд аралдары, Британдық Виргин аралдары, Кайман аралдары, Монтесеррат, Теркс пен Кайкос, Фолкленд (Мальвин) аралдары, Африкада — Әулие Елена аралы, Океанияда — Питкэрн аралы бар. Ұлыбритания Біріккен Корольдігі атауына қарамастан федерация емес, унитарлық  мемлекет — парламенттік монархия болып табылады. Елдің жеке Конституциясы жоқ.  Ұлыбритания заңдары көп ғасырлық конституциялық дәстүрлер мен Жоғарғы сот  органдарының шешімдеріне (прецеденттердің) негізделген. Мемлекет басшысы — монарх, сот жүйесінің басшысы, жоғарғы бас қолбасшы болып табылады. Қазіргі патшайымы (королева)  — Елизавета II (1952 жылдан). Жоғары заң шығарушы органы — екі палатадан (қауымдар  және лордтар) тұратын парламент. Парламент құрамына патшайым да кіреді. Атқарушы билік Ф­ОБ­05/10Б премьер­министрдің қолында. Ресми тілі — ағылшын тілі. Ақша бірлігі —фунт­ стерлинг. Ұлттық мерекесі — патшайымның туған күні (маусым айының екінші сенбісі). Табиғаты Клайдтың (170 км) эстуарийлері жасанды жолмен тереңдетілген, түзетілген, кең мойнақтар Ұлыбританияны Атлант мұхитының Солтүстік және Ирланд теңіздері, Ла­Манш, Па­де­Кале,  Солтүстік және Қасиетті Георг бұғаздары қоршап жатыр. Жағалаулары шығанақтармен күшті тілімделген (солт­нде фьордтар, оңт­нде эстуарийлер). Неғұрлым үлкен түбектері — Уэльс пен Корнуолл. Жер бедері оңтүстік пен оңтүстік­шығыс бөлігінде ойпатты жазық  болып, батысында Уэльс түбегіндегі Кембрий тауларына (ең биік жері — Сноудон, 1085 м),  Англияның солт­нде Пеннин (ең биік жері — Кроссфелл, 893 м) және Камберленд (ең биік  жері — Скофелл, 978 м) тауларымен жалғасады. Елдің ең биік нүктесі — Бен­Невис тауы  (1343 м). Ұлыбританияның солтүстік бөлігіндегі таулар мен көрікті көлдер өлкесі мұздықтар  әсерінен тілімделіп, әр түрлі формаларға ие болған. Геология тұрғыдан алғанда жері түгел  дерлік (тек ең қиыр оңт. бөлігі герцин қатпарлығы) каледон қатпарлығы алабында жатыр. Жер қойнауында тас көмір, темір, қалайы, т.б. түсті металдар сияқты қазба байлықтары мол. Елдің шығысында, Солтүстік т­дің жағалауларынан мұнай мен газдың ірі кен орындары табылған. Ұлыбритания климатының теңіздік сипаты жыл бойғы қалың тұмандар мен өтімді желдер  болатын орнықсыз ауа райының басым болуынан байқалады. Қысы өте ылғалды және  қалыптағыдан тыс жұмсақ.  Қаңтардағы орташа температура қиыр солт.­шығыстың өзінде 3,5°С­тан төмен түспесе, ал оңт.­батыста 5,5°С­қа жетеді, мұнда өсімдіктер бүкіл жыл бойы өседі. Оңт.­батыстан  келетін жылы теңіз ауасы қысқы темп­раны көтергенмен күшті желдер мен штормдар  болатын құбылмалы және жауын­шашынды ауа райын қалыптастырған. Шығыс пен солт.­ шығыстан суық ауа жеткен кезде аязды ауа райы ұзақ мерзімге орнығады. Қыста ел  аумағына қар біркелкі түспейді, қар жамылғысы шамалы уақыт қана сақталады.  Англияның оңт­нде, әсіресе, оңт.­батысында қар өте сирек түседі. Шығыс аудандарындағы қыс неғұрлым суық және құрғақтау. Жазы салыстырмалы түрде салқын.   Шілдедегі орташа температура оңт.­батыста 16°С­қа, ал қиыр солт.­батыста 12°С­қа  тең. Атлант мұхиты жағынан соғатын жылы әрі ылғалды ауаның әсерінен Ұ­ның батыс  аудандарына жауын­шашын мол түседі. Бұл аймақта оның жылдық орташа мөлш. 2000 мм­ ге жетсе, шығыс Англияда 600 мм, кей жерлерінде 500 мм шамасында ғана болады. Ұ. су ресурстарына бай. Түсетін жауын­шашын мөлшерінің буланудан басым болуы  себепті оңт.­батыстағы кейбір аудандардан басқа елдің бүкіл аумағында мол сулы  өзендердің жиі тармағы қалыптасқан. Олардың ішіндегі ең ірілері — алаптары бір­бірімен  шектесетін Северн (310 км) мен Темза (334 км) өзендері. Темза өз­нің Ұ.  экономикасындағы маңызы зор. Оның алабында бүкіл ел халқының 1/5 бөлігі  тұрады. Үлкен Лондон да осында орналасқан. Өзендердің көпшілігі бір­бірімен каналдар  арқылы жалғастырылған. Солт.­батыс Шотландия мен Уэльстің қысқа, бірақ мол сулы  өзендері электр қуатын өндіруге пайдаланылады. Мұнда 60­тан аса СЭС салынған. Ф­ОБ­05/10Б Ұлыбританияның ең ірі өзендері: Темза Северн  Хамбер (59 км) Мерси (109 км) Оларда ірі теңіз порттары мен өнеркәсіп тораптары орналасқан. Ең ірі көлдері — Солтүстік  Ирландиядағы Лох­Ней (аумағы 396 км², тереңд. 31 м­ге дейін) мен Шотландиядағы Лох­ Ломонд пен Лох­Несс (аумағы 56 км², тереңд. 230 м­ге дейін). Таулы Шотландия мен Көлдер  шеңберіндегі көлдердің табиғаты өте әсем, туристер демалатын орталықтар. Жазық бөлігінде  ірі көлдер жоқ. Бірақ мұнда бұрын шымтезек өндірілген, құм, құмтас кеніштері болған  жерлерде көптеген жасанды су қоймалары жасалған. Өсімдік жамылғысы кедей. Адамдардың  ормандарды түп­тамырымен жоюы, батпақтарды құрғатуы мен кен орындарын игеруі  жануарлар мен өсімдіктер дүниесінің түр құрамын өзгертті. Қазіргі уақытта ормандар ел  аумағының тек 10%­ын ғана алып жатыр. Олар негізінен өзендердегі жазықтар мен тау  беткейлерінің төм. белдеулерінде сақталған. Англия мен Уэльстегі тау баурайларында емен,  қызыл қайың, шегіршін, шамшат өседі. Шотландияның солт­ндегі Грампиан тауларында және  солт.­батыс таулы өлкесінде емен, шырша, қарағай аралас өскен ормандар, биігірек  жерлерінде қарағай және қайың ормандары сақталған. Жазықтарды егін алқаптары мен  шалғындар алып жатыр. Аң аулаудың қызу жүргізілуіне байланысты Британ аралдарында  баяғыдан аю, жабайы шошқа мен ирланд маралы тәрізді көптеген ірі сүтқоректі аңдар  қырғынға ұшырап, қасқыр зиянкес ретінде жойылды. Қазіргі кезде сүтқоректі жануарлардың  тек 56 түрі ғана тіркелген. Оңт. Англияда еліктер, таулы аудандарда жабайы ешкілер  кездеседі. Биік таулардан басқа жерлердегі ормандарды түлкілер мен борсықтар, қояндар,  кірпі, жертесерлер мекендейді. Кәмшат кең тараған, оны кәсіптік жолмен аулайды. Ұсақ  жыртқыштардан ақтышқан мен ақкіс көп. Уэльсте сасықкүзендер, Шотландия тауларында  жабайы еур. мысықтар мен америка сусарлары өмір сүреді. Британ аралдарын құстардың 130  түрі мекендейді. Өзендері мен көлдері балықтардың көптеген түрлеріне бай. Өсімдіктер мен  жануарлар дүниесінің жекелеген түрлерін қорғауға арналған 131 резерват ұйымдастырылған.  Англия мен Уэльсте жалпы аумағы 12 мың км²­дей болатын 10 ұлттық бақ бар (ірілері Лейк­ Дистрикт, Сноудония, Дартмур, Брекон­Биконе, т.б.).

Урок по географии на тему "Великобритания"

Урок по географии на тему "Великобритания"

Урок по географии на тему "Великобритания"

Урок по географии на тему "Великобритания"

Урок по географии на тему "Великобритания"

Урок по географии на тему "Великобритания"

Урок по географии на тему "Великобритания"

Урок по географии на тему "Великобритания"

Урок по географии на тему "Великобритания"

Урок по географии на тему "Великобритания"

Урок по географии на тему "Великобритания"

Урок по географии на тему "Великобритания"

Урок по географии на тему "Великобритания"

Урок по географии на тему "Великобритания"
Материалы на данной страницы взяты из открытых истончиков либо размещены пользователем в соответствии с договором-офертой сайта. Вы можете сообщить о нарушении.
01.12.2017