Урок по математике на тему "Трехзначное разделение чисел"
Оценка 4.8
Разработки уроков
docx
математика
3 кл
30.10.2017
Презентация подготовлен мной для защиты по обновленной программе. Презентация признана одним из самых лучших. и оценили по самым высшим баллам. Презентация по предмету математика, начальные классы, а именно 1 класс. Думаю моя презентация будет методическим помощником для педагогов в казахских школах.
қайталау. қосындыны бөлу.docx
Бекітемін:
20.02.2017 жыл
Сыныбы: 3 «Ә» сынып
Сабақтың тақырыбы: Қайталау. (Қосындыны санға бөлу)
Сабақтың мақсаты:
1. Қосындыны санға бөлу тәсілдерін пысықтауға арналған есептерді әр түрлі тәсілмен
шығаруға жаттықтыру.
2. Логикалық ойлау қабілетін, оқушының белсенділігін, түрлі тапсырмалар орындау
барысында шығармашылық іскерлік қабілеттерін арттыру.
3. Математикалық тілін, сөздік қорын дамыта отырып, байланыстырып сөйлеуге
дағдыландыру. Топтық, жұптық және ұжымдық жұмыс жасау кезіндегі ережелерді
сақтауға, сыйластыққа тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: дәстүрлі емес (аукцион)
Сабақтың типі: қайталау сабақ
Сабақтың әдісі: түсіндіру, талдау, қайталау, ойын т.б.
Сабақтың көрнекілігі: үлестірмелі қағаз, суреттер, конверт, футбол доптары мен қақпа
Пәнаралық байланыс: өзінөзі тану
Құндылығы: дұрыс әрекет
Қасиеті: татулық, қамқорлық, ынтымақтастық, т.б.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
Психологиялық даярлық
1. ҚРның тұңғыш президенті Н. Ә. Назарбаев өзінің кезекті жолдауын қашан
жолдады? (31 қаңтар, 2017 жыл)
2. Осы жолдауы неше басымдылықтан тұрады? (5 басымдылық)
3. Осы 5 басымдықтың 2шісі Республикамыздың кәсіпкерлік ісін дамыту туралы.
Елбасы бұл басымдылықта кәсіпкерлерге өз бизнесін дамытуға мемлекет тарапынан
алатын көмектері мен мүмкіндіктері туралы айтып өткен екен.
4. Кәсіпкерліктің біздің еліміз үшін қандай пайдасы бар?
5. Олай болса, неге бүгінгі сабағымызды осы тақырыпта өткізбеске?! Келісеміз бе?
Осы алдымда отырған 4 топ жаңа өз қанатын жайып жатқан 4 фирма деп есептейік.
Ал мен осы фирмалардың иесі – президентімін. Фирмамның атауы «3 «Ә»
corporation». Бүгінгі сабақта осы фирмаларды дамыту үшін сіз бен біз болып
нәтижелі жұмыс жасауымыз керек.
Әуелі мен сіздерді осы фирмаларға жұмысқа қабылдауым керек. Ол үшін мен алдын
ала тапсырма берген едім. Егер сол тапсырма дұрыс орындалса, мен сіздермен
жұмысты жалғастырамын.
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.
Үй тапсырмасын сұрақжауап түрінде тексеремін.
№3 тапсырма. Тік төртбұрыштың
Тік төртбұрыштың
Тік төртбұрыштың
Тік төртбұрыштың
ұзындығы
6см
7см
4см
ені
3см
2см
3см
ауданы
18см2
14см2
12см2
периметрі
18см
18см
14см
Әрбір дұрыс жауап үшін фишка таратып отырамын.
ІІІ. Жаңа сабақты меңгерту.
Бұл тапсырманы өте жоғары дәрежеде орындағандықтан сендердің барлығыңды жас
мамандар ретінде жұмысқа қабылдаймын. Енді осы фирмалардың директорларын
тағайындаймын. (Топ басшылары). Біздің жұмысымыз математикалық біліммен тікелей
қатысты болғандықтан сендердің математикалық білімдеріңді тексеру менің міндетім
болып табылады. Жас мамандар, дәптерлеріңді алып, күннің жадын жазайық. Дайын маман
қаламын көрсетіп отырады.
(Математикалық білімін тексеру. Математикалық диктант.)
№3
А) (12+8):5=4
Ә) 8*(29+11)=320
Б) (18+24):7=6
В) (3515)*6 =120
Г) (25+45):7=10
Ғ) (15050)*3=300
Тексеру. Директорлар тексеріп шығып, бағалау парағына әр маманның бағасын қояды.
Біз енді табысты кәсіпкерлер ретінде өз мүддемізді ғана ойламай, басқаларға
қайырымдылық жасап тұруымыз керек. Мен мектептерге азықтүлік ретінде
көмектесіп, көмек қажет ететін жандарға тұрғын үй тұрғызу дұрыс деп ойлаймын.
Ол үшін есепқисабын реттестіруіміз керек. Алдарыңдағы конвертті ашып, есеп
қисапты дұрыс әрі тез орындаған фирма мүшелеріне сыйақы беремін. (Есеппен
ауызша таныстыру.) Әуелі мектеп мәселесін шешіп алайық.
№1
А)
6 күнде сәбіз – 20 кг
Картоп – 22 кг
1 күнде ? кг көкөніс
Шешуі: (20+22):6=42:6=7
Жауабы: асхана күніне 7 кг көкөніс жұмсайды.
Енді тұрғын үйге қатысты шаруамызды шешіп алсақ, әрі қарай құрылыс жұмысын бастап
кетер едік.
Әрине, бірінші жұмыс жоспарын құрған алғашқы 10 маманға сыйақы беріледі. (орындап
болған оқушы мұғалімге жұмысын тексертеді).
Ә)
32 үй – 4 қатар
48 үй ? қатар
Шешуі: 32:4=8 48:8=6
Жауабы: 48 үй осындай 6 қатар құрайды. Құрылыс жұмысын әрі қарай жандандыру үшін бізге су жаңа техника керек. Ал біздің
техникаларымыз көнерген. Жаңа заманғы техниканы иелену үшін бірнеше аукционға
қатысуымыз керек. (аукцион деген не екенін түсіндіріп өту)Әрбір аукционды ұтып алған
фирмалардың мамандарына сыйақы беріліп отырамын.
Бірінші аукционға түсетін құрылыс көлігі ол – көтергіш кран, камаз, экскаватор,
бульдозер. (фирма мүшелері тақтаға кезеккезек шығып, дұрыс әрі жылдам орындағандары
көлік түрлерін таңдап алып кете береді. Бір фирма 4 көлік алып болғанда, аукцион
тоқтатылады. Бірақ тапсырманы соңына дейін орындайды. )
№2
(17+13):6=5 (80+24):8=13 (40+24):8=8 (90+18):9=12
(16+12):7=4 (60+12):3=24 (50+35):5=17 (80+12):2=46
28:7+16=20 509*5=5 52+7*7=101 60:50=12
24:6+26=30 427*6=0 10*0+99=99 72:89=0
Құрылысқа тағы қандай техника керек еді? Келесі аукционға түсетін көлігіміз – бетон
араластырғыш. Аукционға түсетін бетон араластырғышымыз екеу. Сондықтан да екі
фирманың ұтып алуға мүмкіндігі бар
№4
А)
Р=16 см
А=?
Шешуі: 16см:4=4см
Жауабы: а=4см
Ә)
S= 16см2
А=?
Шешуі: 16см2
Жауабы: а=4см
: 4см=4см 42
=16
Тендерде және аукционда өздеріңнің белсенділіктеріңді көрсетіп жатырсыңдар. Ендігі
кезекте неге осы мамандар арасында конкурс ұйымдастырмасқа?! Бұл конкурсқа фирма
директорлары да қатысады. Яғни әр адам жеке жұмыс жасайды. Қай маман бірінші бітірсе,
сол маман сол фирманың үздік маманы атанады. 4 фирмадан 4 үздік маман шығып тағы да
өзара конкурсқа түседі. Сонда менің «3 «Ә» corporation» фирмамның ең үздік маманы
анықталады.
№5
Дәптерге орындап отырады.
А) (10+10):5=10:5+10:5
(5+15):5=5:5+15:5 (әр фирманың үздік маманы анықталады. Тәж кигізу)
Ә) (16+4):4=16:4+4:4
(12+8):4=12:4+8:4 («3 «Ә» corporation» фирмасының ең үздік маманы анықталады. Тәж
кигізу.)
Жұмыс барысында бәсекелес болсақ та, өмірде бірбірімізбен дос болайық деген ниетпен,
бой жазу мақсатында футболдан жолдастық кездесу ұйымдастырып жіберейік. Ең көп ұпай
салған топ мүшелеріне сыйақы таратылады.
№6
А) 2м 90см = 29дм 4м 1дм = 41дм
26дм = 2м 60см 20дм = 200см
5м 30см = 53дм 3м 2дм = 32дм
Ә)
10мм 1см 1мм 4дм 1см 2мм 421мм
2дм 2см 22см 15мм 2см
35мм 3см 4мм 3дм 4мм 31см
2см 25мм 20мм 2см 2мм
Логикалық тапсырма.
3, 9, 27, 81, 243
Себебі, 3*3=9 9*3=27 27*3=81 81*3=243
==
ІV. Қорыту.
Біз бүгін тындырған жұмысымыздың нәтижесінде еліміздің дамуына титтей болса да үлес
қостық деп ойлаймын. Бірбірімізбен ойнап қана қоймай, кейбіріміз топта жұмыс жасауды,
топ мүшесіне деген жанашырлықты үйрендік. Сонымен қатар математикалық білімімізді
тағы бір мәрте таразыға салып, өз бетімізше бағаладық. Жұмыстың қорытындысы ретінде
кейбір белсенділік танытқан мамандарға құрмет грамотасы, диплом, алғыс хат ұсынғым
келіп тұр.
V. Үйге тапсырма беру.
№7 тапсырма
VІ. Бағалау, мадақтау, ынталандыру.
Берілген құрмет грамотасы, диплом, алғыс хат бойынша бағалау.
Урок по математике на тему "Трехзначное разделение чисел"
Урок по математике на тему "Трехзначное разделение чисел"
Урок по математике на тему "Трехзначное разделение чисел"
Урок по математике на тему "Трехзначное разделение чисел"
Материалы на данной страницы взяты из открытых истончиков либо размещены пользователем в соответствии с договором-офертой сайта. Вы можете сообщить о нарушении.