Урок по воспитательной работе на тему "Человеческие качества"
Оценка 4.7

Урок по воспитательной работе на тему "Человеческие качества"

Оценка 4.7
Разработки уроков
docx
воспитательная работа
Взрослым
01.12.2017
Урок по воспитательной работе на тему "Человеческие качества"
Ұлы ұстаз Макаренко: «Адамды бақыттылыққа үйрету мүмкін емес, бірақ бақытты болатындай етіп тәрбиелеуге болады» - деген екен.Әр жеке тұлға өзін-өзі рухани жетілдіру үшін өзін-өзі тәрбиелеуге міндетті. Адам өмір басты құндылық. Ереже - Біз тыныштықты сақтаймыз; - Бір - бірімізді тыңдаймыз; - Өз ойларымызбен бөлісеміз; - Сезімдерімізді сыйлаймыз; - Бір - бірімізді мазақ етпейміз; - Уақытымызды үнемдеп, қысқа да нұсқа жауап береміз; - Колледждің ішкі ережесін бұзбаймыз; - Өмір - ол адамға бірақ рет берілетін баға жетпес қымбат сый. Осындай сыйды сыйлаған кім? Арине саған осындай баға жетпес сый сыйлаған ең қымбат адамдарың, ол сенің ата анаң. Сондықтан оларды ренжітпеуіміз керек, деп айтады. «Анаңды үш рет Меккеге арқалап апарсаң да борышыңды өтей алмайсың» - деп, себебі, біріншіден ол саған «Өмір» сыйлады,соған жарық дүние сыйлады, сені өсірді, сенің ыстығыңа күйді, суығыңа тоңды, түн ұйқысын төрт бөліп сені аялады, тәрбиелеп өсірді. Егер саған анаң осындай баға жетпес сый сыйласа, сен соған лайқты өмір сүруге тиіссің. Өз өмірің, өз әлемнің өз қолыңда! Біреуге ренжіп, біреуді кінәлап, мін тағу дұрыс емес. Өмірдегі қайғы, қиындықты, сәтсіздікті көтере білу керек. Жаңа, жақсы ойлар ойлау керек. Адам өмірі жеңіс пен жеңілістен, сәттілік пен сәтсіздіктен, қайғы мен қуаныштан құралады. Міне өмірдің өзі біле - білсең сонысымен қымбат.
адами асыл қасиет.docx
1 МАҚСАТЫ     Өмір адам баласына бір ақ рет берілетін қымбат сый екеніне ықпал ету. Адам бойында  болатын асыл қасиеттерді, адамгершілік, мейірімділік сезімдерін дамыту. Жақсы  қасиеттерді үйрету, жаман қасиеттерді жиренту. Балалардың ойын ашу, өмірге деген  көзқарастарын қалыптастыру. Өмір құндылықтарының мәнін ашу арқылы студенттерге  адам өмірінің сипаты мен тірлігі туралы ұғымдарын кеңейту. өмір адам баласына бір ақ рет берілетін қымбат сый екеніне ықпал ету. Адам бойында  болатын асыл қасиеттерді, адамгершілік, мейірімділік сезімдерін дамыту. Жақсы  қасиеттерді үйрету, жаман қасиеттерді жиренту. Балалардың ойын ашу, өмірге деген  көзқарастарын қалыптастыру. Өмір құндылықтарының мәнін ашу арқылы студенттерге  адам өмірінің сипаты мен тірлігі туралы ұғымдарын кеңейту. МІНДЕТТЕРІ ­ ­ ­ .... студенттерге «Өмір» туралы түсініктерін толықтыру. Олардың өмірдегі  ұстанымын, болашағын болжауын оқу материалдары арқылы ықпал ете отырып,  адамның қайталанбас тұлға екендігі туралы түсініктерін; өзін ­ өзі түсіну, өзін ­ өзі бағалай білу және өзін ­ өзі тәрбиелеу туралы халық  даналығымен таныстыру; өзін ­ өзі тәрбиелеу үрдісінде рухани құндылықтардың қайнар көзі – халықтық  тағылымдардың тәжірибесінен тәлім ала білуге баулу. 2 КӨРНЕКІЛІГІ интерактивті тақта  3 САБАҚТЫҢ ӘДІСІ ­ тренинг  4 САБАҚТЫҢ БАРЫСЫ Сіздерді  көргеніме өте қуаныштымын.     Амандасу тренинг бір иықпен.    Ал студенттер бәріміз шаттық щеңберіне жиналайық. Енді бір­бірімізге бүгінгі  күніміздің тамаша өтуіне арнап жақсы тілектер айтайық.     Ұлы ұстаз Макаренко: «Адамды бақыттылыққа үйрету мүмкін емес, бірақ бақытты  болатындай етіп тәрбиелеуге болады» ­ деген екен.Әр жеке тұлға өзін­өзі рухани жетілдіру  үшін өзін­өзі тәрбиелеуге міндетті. Адам өмір басты құндылық. Ереже ­ Біз тыныштықты сақтаймыз; ­ Бір ­ бірімізді тыңдаймыз; ­ Өз ойларымызбен бөлісеміз; ­ Сезімдерімізді сыйлаймыз; ­ Бір ­ бірімізді мазақ етпейміз; ­ Уақытымызды үнемдеп, қысқа да нұсқа жауап береміз; ­ Колледждің ішкі ережесін бұзбаймыз; ­ Өмір ­ ол адамға бірақ рет берілетін баға жетпес қымбат сый. Осындай сыйды сыйлаған  кім? Арине саған осындай баға жетпес сый сыйлаған ең қымбат адамдарың, ол сенің ата анаң. Сондықтан оларды ренжітпеуіміз керек, деп айтады. «Анаңды үш рет Меккеге  арқалап апарсаң да борышыңды өтей алмайсың» ­ деп, себебі, біріншіден ол саған «Өмір»  сыйлады,соған жарық  дүние сыйлады, сені өсірді, сенің ыстығыңа күйді, суығыңа тоңды,  түн ұйқысын төрт бөліп сені аялады, тәрбиелеп өсірді. Егер саған анаң осындай баға  жетпес сый сыйласа, сен соған лайқты өмір сүруге тиіссің. Өз өмірің, өз әлемнің өз қолыңда!   Біреуге ренжіп, біреуді кінәлап, мін тағу дұрыс емес. Өмірдегі қайғы, қиындықты,  сәтсіздікті көтере білу керек. Жаңа, жақсы ойлар ойлау керек.  Адам өмірі жеңіс пен жеңілістен, сәттілік пен сәтсіздіктен, қайғы мен қуаныштан  құралады. Міне өмірдің өзі біле ­ білсең сонысымен қымбат. «Ойлануға арналған балықтар» жаттығуы  ­ Өмір дегеніміз не, қалай түсінесіңдер? ­ Өмір сүру жақсы ма, әлде жаман ба? ­ Сен бақыттысың ба? ­ Сені не қобалжытады, сондай кездерің болды ма? ­ Өз ­ өзіне қол жұмсау ерлік пе, әлде әлсіздік пе? ­ Егер саған біреу қатты дауыс көтеріп ұрысса, сен не істейсің? ­ Сенің мінезіңнің жаман, жақсы жақтары қандай? ­ Келешекте сен өз өміріңді қалай құрар едің? Сонымен өз ойларыңмен бөлісіп, пікірлеріңді айтайық.   «Сөйлемді жалғастыр» жаттығуы     ­ Жақсы өмір – бұл ....     ­ Бақытты адам – ол ....     ­ Өмір ­ өзен ағып жатыр – тыңбайды.     ­ Өмір болмас қасіретсіз – мұңқайғы.өз өзіңе абай бол, өмір сені сонда ғана шыңдайды  деп ақындар жырлағандай. өмір ­ арнасы кең өзен, сол өзеннен өз арнаңды тауып ағу сенің  басты мақсатың. «Менің мақсатым» жаттығуы   Сендердің әрбірің бір ­ бір үйдің гүлісіңдер, сондықтан өз мақсаттарыңды жазып берілген  шарларға саламыз да аспанға жібереміз.  Осы мақсатымызға, арманымызға жету үшін не істеуіміз керек? ­ Ол үшін ең бастысы  денсаулығымызды сақтауымыз керек. Өмір ­ арпалыс, күрес. Бұл табиғат заңдылықтары. Сондықтан да,   Өмір – сенің жарқылдайтын аспаның,   Өмір сенің сарқылмайтын дастаның.   Сіз үшін маңызды бес құндылық.  1 Денсаулық  2 Отбасым  3 Ата­ана  4 Білім  5 Достары  Қазіргі таңдағы 3 мақсат.  1 Отбасы  2 Жақсы маман болу  3 Алға ұмтылу        Ойын      Арамис – романтик,     Артос – білімді     Партос – мейірі     Дартаньян – іскер, айлакер, қу.  Қымбатты студенттер!  Өмір ­ көпір, от үстінде салынған,  Діңгектері зәндем отқа малынған.  Қорқу білме, аяқтарың таймасын,   Ойнап отпен, шарпу көрме   Жалыннан! ­ дей келе сендерге кеңес беремін. Қызықты өмір сүру үшін ........ ­ Ай сайын кітап оқы, оқығандарыңды көңіліңе тоқы. ­ Икемнің бар іспен айналыс, ­ Таңертеңгілік жаттығу жаса, сергек жүресің күн бойына, ­ Ата ­ анаңа бауырларыңа жақындарыңа көмектесіп жүріңдер. ­ Әр күні өзіңе «Мен бүгін не істедім» деп өзіңе есеп беріп үйрен. «Өкпені еріту» және «Тазарту» жаттығуы  Ыңғайланы отырып, көздеріңізді жұмыңыздар. Денеңізді босаңсып, бойыңызға жағымды  жылулық тарап жатқанын сезініңіздер. Әр деміңіз арқылы өзіңіздің көптен бері бойыңызда  жүрген ашу – ызаның, өкпенің шығып жатқанын сезініңіз. Бойыңыз тазару үстінде екенін  сезіңіз. Бойыңыз толығымен тазарады, осыны сезіңіз. Көзімізді ашуға болады.   Ойын «Жалғастыр» деп аталады.  Не істеуге болады? ­ Үлкендердің алдынан ... кесіп өтуге болмайды. ­ Кішкене баланы ... жылатуға болмайды. ­ Құстарды ... атуға болмайды. ­ Қыз баланы ... ренжітуге болмайды. ­  Сабақтан ... қалуға, кешуге болмайды  Не істеу керек? ­ Үлкенді кісіні – сыйлау керек. ­ Үлкеннің тілін – алу керек. ­ Кішілерге – қамқор болу. ­ Оқу құралдарын – күтіп ұстау керек. М. Мақатевтың «Пай, пай, Өмір» Өтесің ­ ау бір күні. Тыясың ау қуанышты, күлкіні. Өмір деген ­ бір жарық еткен найзағай, Өмір деген ­ көк аспанның күркірі. Пай, пай, Өмір, Өтесің ­ ау бір күні! Болмағандай, жүрмегендей сенде біз, Кетеміз ау әй,кетеміз, ...пендеміз. Ұрпақтарға береміз де кезекті, Біз кетеміз. Кету үшін келгеміз. Өмір деген ­ бұйым емес қолдағы, Өмір дейтін ­ ұлы бекет жолдағы. Қаның кеуіп қаталаған кезіңде Сусыныңды қандырсаң бір болғаны. Мына күн де, мына аспан да, дала анау, Бәрі бізден, бәрі бізден қалады ­ ау!! Өмір дейтін ­тағатсыз бір қозғалыс, Өмір дейтін ­өлемін деп қарамау.   «Өзіңді тексер» тесті 1 Адамдарға көңіл­ күй тудыра алатындай сәлемдесе аласыз ба? 2 Сіз әрдайым ұстамды, сыпайысыз ба?  3 Қарсылықты тура білдіресіз бе? 4 Сіз берген сөзіңізде тұра аласыз ба? 5 Өз достарыңызға жиі бұйрық бересіз бе? 6 Сіз адамдармен қатаңдық танытпастан,паңданбастан қатынасқа түсе аласыз ба? «Ақиқат орындығы» жаттығуы студенттердің қорқыныштары мен стрестерінен арылту,  ашық болуға шақырту. Алдарыңызда карточкалар жиыны тұр. Енді сіздер кезекпен ортаға  шығып, аяқталмаған сөйлемдердге жауап берулеріңізді сұраймын. ­ Ең үлкен қорқыныш – бұл ... ­ Мен мынадай адамдарға сенбеймін ... ­ Мен ұнатпаймын, егер ... ­ Мен ренежимін, егер ... ­ Маған көңілсіз, егер ...  ­ Егер маған дауыс көтерсе, мен ...  ­ Егер мен сенімсіз болсам ... Сөйлем аяқтағанда сіз қандай сезімде болдыңыз? «Мен қандай адаммын» тренинг. Өзіңді таны (Әр адамның бірінші сыншысы ­ өзі)  1 Кіммін? 2 Қандаймын? 3 Не істедім? 4 Өзің туралы өз пікірің. ҚОРЫТЫНДЫ Адам өміріңдегі ең қажетті білім ­ өзін ­ өзі тану. 6 ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР 1.Мектептегі сыныптан тыс жұмыстар 2.Мектептегі психология 3 Интернет желісі

Урок по воспитательной работе на тему "Человеческие качества"

Урок по воспитательной работе на тему "Человеческие качества"

Урок по воспитательной работе на тему "Человеческие качества"

Урок по воспитательной работе на тему "Человеческие качества"

Урок по воспитательной работе на тему "Человеческие качества"

Урок по воспитательной работе на тему "Человеческие качества"

Урок по воспитательной работе на тему "Человеческие качества"

Урок по воспитательной работе на тему "Человеческие качества"

Урок по воспитательной работе на тему "Человеческие качества"

Урок по воспитательной работе на тему "Человеческие качества"
Материалы на данной страницы взяты из открытых истончиков либо размещены пользователем в соответствии с договором-офертой сайта. Вы можете сообщить о нарушении.
01.12.2017