Утренник: "Новый год" (на казахском языке)

  • Мероприятия
  • docx
  • 11.12.2017
Публикация в СМИ для учителей

Публикация в СМИ для учителей

Бесплатное участие. Свидетельство СМИ сразу.
Мгновенные 10 документов в портфолио.

«Жаңа жылым-жарқыра» ертеңгілігі (ересек тобы) Кейіпкерлер: Аяз Ата, Ақшақар, Қарақшылар, Мыстан кемпір 1 ші жүр:Армысыздар ардақты ағайын, Ұлағатты ұстаздар! 2- жүр:Бармысыздар, замандас, бауырлар, шабытты шәкірттер. 1-жүр:Бәрекелді, бәрекелді! Құрметі халайық! Бүгінгі жаңа жыл кешін барлығымыз көтеріңкі көңіл күймен, әсем ән, сәнді бимен өткізуге ат салысамыз деген үмітіміз бар. 2- жүр;Олай болса, көңіліміздің керегесін кеңейтіп, баршамызға береке сыйлар мерекелі кешіміздің шымылдығын ашуға рұқсат етіңіздер!«Жаңа жылым-жарқыра» ертеңгілігі (ересек тобы) Кейіпкерлер: Аяз Ата, Ақшақар, Қарақшылар, Мыстан кемпір 1 ші жүр:Армысыздар ардақты ағайын, Ұлағатты ұстаздар! 2- жүр:Бармысыздар, замандас, бауырлар, шабытты шәкірттер. 1-жүр:Бәрекелді, бәрекелді! Құрметі халайық! Бүгінгі жаңа жыл кешін барлығымыз көтеріңкі көңіл күймен, әсем ән, сәнді бимен өткізуге ат салысамыз деген үмітіміз бар. 2- жүр;Олай болса, көңіліміздің керегесін кеңейтіп, баршамызға береке сыйлар мерекелі кешіміздің шымылдығын ашуға рұқсат етіңіздер!
Иконка файла материала Жана_жыл[1].docx
«Жаңа жылым­жарқыра» ертеңгілігі (ересек тобы)          Кейіпкерлер: Аяз Ата, Ақшақар, Қарақшылар, Мыстан кемпір 1 ші жүр:Армысыздар ардақты ағайын, Ұлағатты ұстаздар! 2­ жүр:Бармысыздар, замандас, бауырлар, шабытты шәкірттер.  1­жүр:Бәрекелді, бәрекелді! Құрметі халайық! Бүгінгі жаңа жыл кешін  барлығымыз көтеріңкі көңіл күймен, әсем ән, сәнді бимен өткізуге ат  салысамыз деген үмітіміз бар. 2­ жүр;Олай болса, көңіліміздің керегесін кеңейтіп, баршамызға береке  сыйлар мерекелі кешіміздің шымылдығын ашуға рұқсат етіңіздер!   Құтты болсын ағайын! Жаңа жылым тағы да Қол соғып қарсы алайық Шақырайық ортаға Ертеңгілік бастасын Ересектер тобы да!                   Балалар  «Шырша жыры»  әніне билеп, ортаға шығады.                                      Балар тақпақ оқиды: Жасмин :Жаңа жылым мол болсын Басқан қадам оң болсын Төрле төрле жаңа жыл Бізге құтты жыл болсын. Еркежан:Жаңа жылды біз күтіп Шаттанамыз бәріміз Жаңа жылды біз тойлап Қуанамыз бәріміз Арсен:ауыл маңы қар аппақҚызықтар көп не түрлі Ақ дәптерді парақтап Қыс отырған секілді М.Аделя:Жаңа жылға арналады жаңа жыр Жаңа жылда шақырады бар өмір Бақыт болып жаңа жылым келді ғой Құтты болсын құтты болсын жаңа жыл.                                          Ән:»Жаңа жыл» Жүр:  Құрметті жамағат жүрекке жылылық ұялатар алғашқы Жаңа жылдық  құттықтау сөзді ақыл ойы жетілген саналы ұрпақты сезімі сергек, арманшыл  дана ұрпақты тәрбиелеп жатқан білім ұясының білікті басшысы Куляш  Рахимбековнаға береміз. Жүр.:Кел,балалар,тұрмаңдар Бізде қызық думан бар. Жаңа жылдың тамаша Ертегісін тыңдаңдар!          Музыка әуенімен залға айқай шумен қарақшылар кіріп келеді Мы разбойники лихие, Все мы дружная  семья! Мы – ребята молодые, Он и ты, и даже я! Қарақшылар: сендерде не болып жатыр? Неге бәрін сәнді болып  киінгенсіңдер?  Жүр: біз келе жатқан Жаңа жыл мейрамын қарсы алайық деп жатырмыз.  Сендер кімсіңдер?1­қарақшы: Сендер мерекені дұрыс қарсы алу білмейсіңдер.Қазір балалар  бізбен бірге тойлайсыңдар. Мына шыршаны түбінен кесіп, отқа жағамыз. Бір  жағынан жылы болады, бір жағынан қызық болады. 2­қарақшы: аяз Ата мен Ақшақар мүлдем керек емес. Онсыз да қызық  болайын деп жатыр. Йа, балалар? Тәрбиеші тіпті керек емес. Олар сендерге  дұрыс тәрбие бермейді. Анау болмайды, былай істеме дегеннен басқа ештене  үйретпейді.                                     Тәрбиешіні залдан шығара бастайды Жүр: Тоқтаңыздар! Сендер балалардың өнерлерін байқап көріңдер.  Бәлкім  балалар сендерден де қызық өткізетін шығар. Сендер от жағып қызықтайын  деп отырсыңдар ғой, ал балалар билерімен, әндерімен өз өнерімен бұл  мейрамды қызықтайды.  1­қарақшы: олай болса балалардың өнерін сынап көрейік. 2­қарақшы: бізге ұқсаған бұл жерде кішкетай қарақшылар бар екен. Бұлар  біз сияқты билей ала ма? Билерің тамашалап көрейік!                                     Би: «Қарақшылар» (Пираты) 1­қарақшы: ой бәрекелді! өте көңілді би екен! 2­қарақшы: мына шыршаның кереметін ай! Үйге алып кетсем бе екен?                                 (еңкейіп шыршаны түбімен жұлып алғысы келеді) Жүр: біз жаңа жыл мерекесін тойлап жатырмыз, тимеңіз біздің шыршаға. Енді не істедік? Онда былай істейік, мен сендерге жұмбақ жасырамын, егер  жұмбақтың шешімін таба алмасандар, біздің мерекемізге кедергі  жасамайсыңдар. 1­ші қарақша: Кел балалар,ойнайық,                           Ойнайық та ойлайық,                           Қандай жұмбақ болса да                           Шешпей оны қоймайық. Жүр: жасыл ине киемін Жайлаймын тау биігін Жаңа жылды тойласақТөріндемін әр ұйдің        (Шырша) Әуре болма теріп бекер Ұстай қалсаң еріп кетер   (Қар) Қолы менен қаламы жоқ Бірақ сурет салады көп  Аяз    Суда қалқиды    Жылыда балқиды.  Мұз Қыста шыны болып қатады Жылыда су болып жатады  Мұз айдыны    Зулап түсті төменге    Менсіз шықпас төбеге Шана 1­қарақшы:ұят болды, бірде жұмбақтың жауабын білмейміз. 2­қарақшы: бізге мектепке барып білім алу керек. Балалар кешіріңдер.  Жүр: балалар қалай ойлайсыңдар, кешіремізбе? Жаңа жыл келе жатыр,  бәріміз тату болайық. Балалар қарақшылармен ойын ойнайық.                                             Ойын:»Қаршық» Жүр: Зеңгір көкте жұлдыз болып жанайын, Ай жүзіндей айшықтанып, арайың. Жанға шуақ, бойға қуат әкелген. Жаңа жылың құтты болсын ағайын.                                              Ән: «Шырша» 1­қарақшы:ой балалар сендер өте көңілді жаңа жылды қарсы алады  екенсіңдер. Маған өте ұнады. Саған ше? 2­қарақшы: маған да ұнады, бұлар дұрыс ойнайды екен. Билері қандай әдемі. Бізге бұл балаларадан көп нәрсе үйрену керек екен  келесі мейрамға дейін  үйреніп дайындалып келейік. Енді бұзақылық жасамаймыз, ұят болады екен.  Сау болыңдар балалар!Сендерді жаңа жыл мерекесімен құттықтаймыз! Жүр:Жаңа жылда  қуанбаған жан қалмайды. Бәрінің жүздерінде күлкі мен  шаттық. Әлемнің әр жерінде от шашулар  атылып, жаңа жылдық шыршаларбой көтеріп, еңбектеген баладан еңкейген қарияға дейін бақыттың құшағында  жүреді екен!  Балалар ортаға шығып тақпақ оқиды. Томирис:снег идет,снег идет, Значит скоро новый год Дед Мороз к нам придет Всем подарки принесет. Назира:новый год кричим ура Праздник этот ждали Елку шариками мы С мамой украшали. Аділет :Жаңа жыл жаңа жыл Жаңа жылға жаңа жыр Жасыл шырша жаңында Билеп барлық бала жыр. Айдар :тілеймін мен бар әлемге Дос көп болсын жанашыр Ата әже ана әке Құтты болсын жаңа жыл. Жүр: балалар қараңдаршы  бір хат ілініп тұр. (жүр. Хатты алып оқиды) Хатта: амансыңдар ма балалар! Мен келе жатқанда абайсызда құлап қалдым,  сыйлықтарды шашып алдым. Мен сыйлықтарды жинағанша ақшақарды  сендерге жібердім. Көп ұзамай сендерге келемін.  Аяз Ата.    Музыка әуенімен ақшақар болып киінген Мыстан кемпір кіріп келеді. Мыстан: сәлем достар! Міне мен де жетіп қалдым.  Жүр: сен кімсің?Мыстан: қалай кіммін? Мен ақшақар деген бикеш.  Жүр: ааа,солай ма, сен аяз атаның немересі боласың ғой. Аяз ата қайда? Мыстан: ол сендерге асығамын деп еріп кетті.  Жүр: жоқ сен бізді былай алдама, өз жөнімен кет. Біз мұнда жаңа жыл  мерекесін тойлаймыз.  Мыстан: сендерге аяз ата хат жіберді гой. Менің ақшақарымды қарсы  алыңдар деп. Жүр: балалар мүмкін бұл шынымен де ақшақар.  Балалар: Жоооооқ. Жүр: онда кім бұл? Балалар: Мыстан кемпір. Жүр: мен де солай ойлаймын. Мыстан: сендердің ақшақарларың менде, мен оны жібермеймін.  Жүр: қалай сізде? Біздің ақшақарымызды жіберіңіз.  Мыстан: Жоқ жібермеймін, мен оған монша жақтырып қоямын.  Жүр: енді не істедік? Ақшақарымыз еріп қалады ғой. Мыстан әже бізден не  қалайсыз?  Мыстан: мен сендермен жаңа жыл мерекесін тойлағым келіп тұр.  Жүр: жарайды! Солай ма балалар! Сіз біздің ақшақарымызды алып келіңіз                              (мыстан залдан шығып кетеді) Жүр: ал балалар мыстан кемпір ақшақарды алып келегенше біз  көңілді ойын  арқылы көтерейік.                                       Ойын: «Пима» Жүр: мұздан моншақ тағылған Күміс қырау жағылғанАқшақарым келіңіз Көптен күтіп сағынған Балалар бәріміз ақшақарды шақырайықшы, мәз болып жатқанымызды білсін.  Балалар: ақшақар! Ақшақар!                            (музыка әуенімен ақшақар кіріп келеді) Ақшақар:жаңа жылдарынмен! (көңілсіз айтады) Жүр: ақшақар саған не болды, неге көңілсізсің? Ааа мен білемін, сені мыстан  кемпір сиқырлап тастаған ғой. Енді не істедік? Мүмкін балалар ақшақардын  көңілін әнмен,бимен көтереміз?                                            Ән: «Ақшақар»     Жасмин Ақшақар: ой бәрекелді! Рахмет көп, қандай керемет ән, көңілім бірден  көтеріліп қалды.  Армысыздар қонақтар, ата ­ аналар, Жаңа жылдарыңыз құтты болсын. Жаңа жыл бірлік пен татулық жылы болсын, Әр отбасы үшін ырыс пен береке жылы болсын. Жүр: көнілді өскен  баламыз Бойымызға сән берер Биде билей аламыз Тойымызға мән берер!                                             Би: «Снежинки»    Жүр: балалар Аяз ата кешікті ғой. Мүмкін адасып кеткен болар! Кәнекей  барлығымыз шақырайық! Қуаныңдар, ағайын, тамсаныңдар.  Сүйінішпен маңайға жар салыңдар. Аяз ата келеді Ақшақармен, қол соғып қошеметпен қарсы алыңдар! Балалар: Аяз ата! Аяз ата! Аяз ата!Музыка әуенімен аяз ата кіріп келеді. Аяз ата: жаңа жылдарынмен!!! балалар балғындарым Тілегенім жыл бойы сендердің денсаулығын Амансың ба ұлдарым Амансың ба қыздарым Мен сендерге әкелген Құтты болсың жылдарың! Жүр: Балалар аяз атамен ән айту үшін шыршамыздың шамдарын жағып  алайық. Кәне балалар барлығымыз қол соғайық.                                                      Қуант бізді таңырқат,                             Шамдарыңды жарқырат. (2рет) Ақшақар: балалар, шыршаның шамын жақтық, енді шыршаны айналып ән  айтайық. Аяз ата:Я вас, дети, поздравляю, Счастья, радости желаю! Чтоб росли вы и умнели, Веселились, песни пели! Начинайте хоровод, Ведь на то и Новый год!                               Ән: «Елочка елка­колкая иголка»  Аяз ата: жарайсыңдар балалар! Өркендерің өссін.   Жүр:Жаңа жылда жаңа бақыт тыныштық,  Жаса, жаса достық бірлік туыстық.Құттықтайық жаңа жылды өнермен,  Қуаныштың әр минуты тым ыстық.                          Ағылшынша тақпақтарын оқиды Аяз ата: рахмет балалар! Енд   тағы да қандай өнерлерің бар? Жүргізуші: Дөңгеленіп тұрайық, Ойын сауық құрайық. Ән шашуы шашылсын, Жаңа жылға лайық!     аяз ата біздің балалар сіздің құрметінізге ағылшын тілінде ән шашу  етпекші.Қабыл алыңыз!                                    Ән: «Джингл белс» Жүр:Жаңа жыл – жаңа қадам, жаңа бағыт,  Болашақ сыйлайтындай жаңа бақыт.  Тауық  жылы кеп қалды ортамызға,  Жақсылықпен жалғассын жаңа уақыт.                                    Балалар тақпақ оқиды Аппақ тонға оранып Базарлықты мол алып Келді алыс сапардан  Аяз ата оралып.            Ерасыл Р. Тамаша!Тамаша! Шыршамыз тұр жараса Басында әсем жұлдызы Көз тоймайды қараса.      Жанғали Әкем таңдап әкелдіЕң үлпілдек шыршаны Иісі аңқыған шыршаны Жарқыраған шыршаны Жұпар иісі аңқыды  Апамды да мәз қылды.АРужан  ақ қар жапты даланы                     Ақ жамылды айнала                              Жарқыратып шамдарын                   Шырша келді ортаға      Адис Қол ұстасып бәріміз Шырша жаққа келейік Аяз ата жанында Өлен айтып берейік.  Алихан  Сақалы аппақ күмістей                     Келді аяз атамыз Тістері аппақ күріштей                        қызыққа әбден батамыз Қызыл ала шапаны                              Оянды әне ақшақар Сағындым аяз атаны.Ясмин       Қарсы аламыз бәріміз.Жания Жаңа жылда барлық үйге                   Аяз ата кел кел Аяз ата келеді                                       Ақшақарды ала кел Жаңа жылда сәбилерге                       Келмесеңіз болмайды Сыйлық әкеп береді.  М.Алдияр        Мына шырша                                                                                                 жаңбайды.Залтай                                            Би «Санта Клаус» Әдемілеп біз ілген                                  Ақ қырауға малынған Ойыншықтар тізілген                          Сақалы да мұрты даҚандай жақсы шыршамыз                   Аяз ата сағынған Ән шырқаймыз баршамыз.Адиля     Сәлем берді жұртына.Мансур Жапалақтап ақша қар      Қырға шықты балалар Жауды күнде қайталап  Шаңғыларын арқалап.Тамерлан Жасыл желен жамылған Асыл моншақ тағылған Міне сұлу шыршамыз Көптен күтіп сағынған.Е.Ерасыл Новый год!Новый год! В гости елочка придет Дед мороз и зайки Принесут подарки.М.Аделя Дед Мороз,открой мешок, Расскажу тебе стишок Ты игрушку мне подаришь Без подарка не оставишь.Атанияз Стоит она пушистая От снега серебристая Красивые иголки  У новогодней елки.Наргиз Қәне,досым Әнге қосыл Әнге қосыл,қалыспа!Қол ұстасып, Құшақтасып, Үйренейік жаңа жыр, Құтты болсын ,құтты болсын, Құтты болсын жаңа жыл.Имашова Аяз ата:жаңа жылда барлық әлемге сыйлық сыйлаймын.Сендерге де өзімнің әдемі тамаша  сыйлықтарымды арқалап келдім.Қәне қызым қапшығымды әкел.          Аяз ата қапшығын ашса сыйлықтар жоқ екен.таң қалады.Енді не істедік?Мен  білемін.Менің сиқырлы суымды әкелші.қапшыққа суды құйып сиқырлы сөздерін  айтады.силықтар пайда болады.сыйлықтарды таратады.                            Хором:Біз тілейміз жаңа жылдық шаттықты,                                         Біз тілейміз жаңа жылдық бақытты.         Аяз ата: бәрекелді балалар! Жарайсыңдар балаларым! Meнi бүгін бip  қуантып, алыс жерден шаршап келгенде көңілімді көтердіңдер. Барлықтарың  да ақылды, білімде де өнерлі екенсіңдер.Киген киімдерін қандай әдемі! Солай емес пе қызым? Біздің сыйлығымызға риза болыңдар. Ал енді біз жолға  шығайық. Басқа да балалардың өнерін тамашалайық. Ал, балаларым, сендер  өсе беріңдер, өркендей беріңдер. Аспандарың ашық болсын! Қош болыңдар! (қолдарын бұлғап шығып кетеді.) Жүр:Жүзімізді күлкі ойнап, Қанаттар жанымыз. Жаңа жылды біз тойлап Ән шырқадық бәріміз. Келді тағы жаңа жыл Қуантуға біздерді Құтты болсын қуаныш Құттықтаймыз сіздерді. Жаңа жылдарыңыз құтты болсын келесі құттықтау сөз кезегі ата­аналарға  беріледі. Жүр: бітуге қалды таяп ай Не қыласың аяп айҚәне халқым қол соқшы Жаңа жылда аямай.  жүр.Қадірлі  қонақтар! Жаңа жыл! Осы жыл барлық отбасыларымызға бақыт  пен шаттық әкелсін. Еңбектеріңіз жемісті болсын.Жаңа жыл құтты болсын!  Жүр:Вот и праздник новогодний Нам заканчивать пора! Много радости сегодня Вам желаю, детвора! Келесі кездескенше сау – саламатта болыңыздар!