Тақырыбы: «Мектеп жасына дейінгі балалардың табиғи қабілеттерін және өмірлік дағдыларын «STEP by STEP» технологиясын жүзеге асыру аясында қалыптастыру»
Мақсаты: мектеп жасына дейінгі балалардың табиғи қабілеттерін, эмоционалды ақыл-ойын дамыту бойынша бағдарламалар әзірлеу, «STEP by STEP» технологиясының ерекшеліктерін ескере отырып өмірлік міндеттерді шешуге көмек көрсету.
Міндеттері:
· «STEP by STEP» технологиясы бойынша белсенділік орталықтары арқылы мақсатты бағытталған дамыту және оқыту үшін жағдай жасау;
· мектепке дейінгі ұйымда оқыту-тәрбиелеу үдерісін әлеуметтік-психологиялық, педагогикалық тұрғыдан сүйемелдеудің ақпараттық (соның ішінде телекоммуникациялық) форматын қамтамасыз ету;
· мектепке дейінгі ұйымдағы оқыту және тәрбиелеудің базалық мазмұнын жаңартуда ақпараттық және телекоммуникациялық технологияның қажетті құралдарын пайдалану.
Мектепке дейінгі кезең – туғаннан мектепке барғанға дейінгі кезең бүкіл әлем мамандарының мойындауы бойынша баланың қарқынды физикалық және психикалық дамуының кезеңі, адамның барлық өміріне қажетті болатын табиғи қабілеттерінің, оны адам ретінде сипаттайтын қасиеттерінің және сапаларының қалыптасу кезеңі. Бұл кезеңнің дамудың басқа сатыларынан айырмашылығын көрсететін басты ерекшелігі өмірлік білім және дағдыларға ие болу сондай-ақ, әртүрлі іс-әрекет түрлерін меңгеру үшін негіз болатын жалпы дамуды қамтамасыз ету болып табылады. Баланың жалпы әрекетін, оның қоршағандарға деген қатынасын анықтайтын бала психикасының сапалары және қасиеттері қалыптасып қана қоймай, сонымен қатар болашаққа деген «бастаманы» көрсететін және де осы кезеңнің аяғына дейін пайда болатын психологиялық жаңа құрылымдар қалыптасады.
Табиғи қабілеттер болса, баланың бүгінгі таңдағы өмірінде көрініс беріп отырған қасиеттерінің қалыптасуына зиян келтірмеуі керек. Бұл жерде кез-келген күш түсіру, шамадан тыс басымдылық көрсету қауіпті болып, жасанды түрдегі дамудың алға жылжуына әкелуі мүмкін. Мектепке дейінгі балалық шақтан кейін толық дами түсетін психологиялық жаңа құрылымдар осы жастың ерекшеліктеріне қайшы емес, ал солардың негізінде дамуы қажет. Зерттеулердің көрсетуі бойынша, балалар іс-әрекетінің және дүниені танудың балалар формасының даму логикасы жаңа психикалық сапалардың пайда болуына және балалық шақтың жаңа кезеңіне өтуге әкеледі. Бір кезеңнен келесі кезеңге өту жас кезеңдік дағдарыс ретінде өтпелі сипаттамаға ие, бұдан кейін алғышарт ретінде көрініс берген психологиялық жаңа құрылымдар келесі кезеңдегі дамудың қозғаушы күштері болып табылады.
Дамудың әрбір сатысында бала барлық балаларға тән болып келетін жалпы мінез бітістерімен қатар, өзіне ғана тән психиканың және әрекеттің жекелей ерекшеліктерін де меңгереді. Адам болу дегеніміз – «барлық адамдар сияқты» болу, барлық адамдардың меңгергеніне ие болу деген сөз емес, сонымен қатар өзіндік талғамы, қызығушылықтары және қабілеттері бар қайталанбас даралықтарға ие болу.
Мектепке дейінгі білім беру және тәрбиелеуде балалардың ерекше мүмкіндіктері және қабілеттерін анықтауда «STEP by STEP» жаңашыл технологиясы үлкен мүмкіндіктер береді. Бүгінгі таңда негізгі басым бағыт педагогтың баламен жеке тұлғалық-бағдарланған бағыты, педагогтың баланың даралығын, қызығушылықтары және қажеттіліктерін қабылдау мен қолдау, табиғи қабілеттерін дамыту болса, осы мақсаттарды жүзеге асыру үшін тәрбиеші жұмысында «STEP by STEP» технологиясын қолдану өте тиімді болады. «STEP by STEP» технологиясы баланың ерекше табиғи қабілеттерін ашуға, мәдени құндылықтарлы сипаттап, оларды дамытуға көмектесетін отбасының бала-бақша іс-әрекетіне араластыруға тамаша мүмкіндіктер береді. Балаларды құбылмалы әлемдегі өмірге бейімдеу жүзеге асады, әртүрлі жағдайларға дер кезінде және нақты жауап беруге байланысты қызмет көрсету түрлері кеңейтіле түседі, ата-аналардың және қоғамның жауапкершілігі арта түседі.
Аталған технология әлемдік педагогиканың үздік дәстүрлерінің үйлесімі болып табылады. Әлемнің 30 мемлекеті қоғамдағы жаңалықтармен демократиялық өзгерістерге байланысты технологияны мектепке дейінгі ұйымдар мен бастауыш сыныптарда енгізді, ХХІ ғасыр балаларын оқытуда жаңа бағытты ұстанатын жаңа ғасырдың педагогтерін даярлайтын колледждер және институттарда арнайы курсатр енгізілуде.
Коммуникация, қамқорлық, қоғам, отан сүйгіштік, қабілет сияқты негізгі ұғымдарға сүйенетін технология өз алдына төрт сипаттамаға ие:
· Өмір бойы білім алуға даяр адамдарды тәрбиелеу.
· Өзара сенім және демократиялық қағидаларға негізделген білім беру ортасын құру.
· Дамудың тәжірибелік тәсілдерін қамтамасыз ету және оның үздіксіздігіне кепілдік беру.
· Демократиялық қоғамда өмір сүруге қажетті академиялық, көркем, этикалық және практикалық білімдерді меңгеруді қамтамасыз ету.
«STEP by STEP» технологиясы біздің ұлттық бағдарламаны жоққа шығармайды, тек жаңа заман талаптарына сай бола отырып, оны жаңа демократиялық бағытпен толықтырады, баланың тұлғалық дамуын және отбасының білім беру үрдісіне араласуын қамтамасыз етеді.
Қазақстан Республикасының білім және ғылым Министрлігінің тың саясаты халықаралық білім беру кеңістігіне енуді, ұлттық білім беру деңгейінің халықаралық стандарттарға жақын болуын қамтамасыз етті, білім беру үрдісінің жетілдірілуі және жаңартылуы әртүрлі жалпы білім беретін оқу мекемелерінің кешенін ашуға мүмкіндік берді. Сонымен қатар, білім берудің басты міндетін орындау керек - өз мәдениетін дәріптейтін, адамзат құндылықтарын құрметтейтін, өз мемлекетін бала кезінен жақсы көретін тұлғаны дамыту- біз бұл міндетті орындауға талпынамыз, бүкіл әлем талпынуда. Алайда бұл тұтас қоғамның білім берудегі бағыттарды өзгерту, жаңарту үрдісіне қатысуға талпынған кезде ғана мүмкін болады, және де «STEP by STEP» технологиясы біздің көзқарасымыз бойынша неғұрлым қолжетімді және өзекті болып табылады, себебі бала-бақша, мектеп және қауымдастықтың бірлесіп әрекет етуді, ата-аналардың жоспарлауға тікелей қатысуын, мәселелерді мектеппен бірлесе отырып шешуді көздейді.
Біздің анықтауымыз бойынша, осылардың барлығына қол жеткізу үшін тәрбиеші өзгеруі керек: оның білім беру үрдісіне көзқарастары, ата-аналарды өзінің көмекшісі ретінде қабылдауы, ата-аналар өз балаларының алғашқы ұстаздары мен адвокаттары екенін мойындауы; коммуникативті, демократиялы болуы, әлемде және елімізде болып жатқан ауқымды өзгерістерге немқұрайлы болмауы, әлемді жақсарту ниетінің болуы, баланы бірінші кезекте тұлға ретінде қабылдауы.
«STEP by STEP» технологиясы гуманистік педагогика, психология және медицина саласының көптеген өкілдерінің ойларын жинақтады. «STEP by STEP» технологиясының білім беру-тәрбиелеу жүйесінің негізгі ұстанымы- оның тұтастығы, ашықтығы және үнемі даму үстінде болуы, нақты жағдайларға, балалардың және тәрбиелеуші ересектердің жекелей ерекшеліктеріне бейімделуі. «STEP by STEP» технологиясы бойынша жұмысты жобалай отырып, біз американдық әріптестеріміздің тәжірибесін саналы түсінуге, ғылым және практиканың бүгінгі күнгі жағдайын ескере отырып, мектепке дейінгі білім беру жүйесінде қалыптасқан жағдайларға қатысты дамытуға тырыстық. Қазіргі таңда бала-бақша үшін тең деңгейде екі үрдіс тән:
- балалармен жұмыс істеудің мақсаты және міндеттерін, олармен қатынас жасаудың сипатын қайта қарастыру;
- ашық қауымдастықтың гуманистік педагогикасын саналы түсінуі.
«STEP by STEP» технологиясын қолдану педагогтар алдында бірқатар сұрақтар қояды:
- білім беру мазмұнын қалай іріктеп, ол балаларға жақын және қызықты болу үшін қалай ұсыну керек;
- тәжірибенің балаларға тән қандай көздерін қолдану керек, оны қалай жасау керек, қандай жаңа түрлерін анықтап, оның мазмұнын меңгеру балаға қызықты болу үшін ұсыну керек;
- балалардың бейімділігін, қызығушылықтарын, қабілеттерін қалай есепке алуға болады;
- балалардың ерекше тілін, сезімдерін білдірудің ерекше сипатын ескере отырып ересектер және балаларға бір-бірін түсінуді қалай үйренуге болады.
«STEP by STEP» технологиясы балаларға не береді ?
Біздің балаларымыз өмір бойы қоршаған ортадағы, ғылым, техника саласындағы әртүрлі өзгерістерді кездестіреді. Бүгінгі әлемде жылдам болып жатқан өзгерістер балаларда үнемі білім алу тілегін тәрбиелейді. Басқа сөздермен айтқанда, біздің балаларымыз дайын білімді алу емес, ал оны өзбетінше меңгеруі керек. Баланы білім беру саласында өзбеттілікке дайындау үшін бүгінгі таңдағы өмірлік маңызды мәселелерді шешу үшін қажет базалық бағдар, білім және іскерліктерді меңгерту қажет.
Инновациялық технологияларды зерттеу барысында оқу үрдісі өзінің мазмұны, ұйымдастырылуы, педагог іс-әрекетінің сипатымен балаларды тек біліммен қаруландыруға ғана емес, сонымен қатар оларды жан-жақты дамытуға бағытталғанына көз жеткізуге болады. Көп жылдар бойы мектепке дейінгі білім беру балалардың танымдық дамуын қамтамасыз етуге бағытталды. Алайда, мектепке дейінгі жастың маңыздылығы баланың тек білімді меңгеруінде емес, ал оның тұлға ретіндегі базалық қасиеттерінің қалыптасуында. Бүгінгі таңда басты педагогтың балалармен тұлғалық-бағдарланған өзара әрекеттесуі маңызды болып табылады: оның жеке даралығын, қызығушылықтарын, қабілеттерін қабылдау және қолдау көрсету, табиғи қабілеттерін дамыту және эмоционалды жағымды жағдайына қамқорлық жасау.
А.Н.Леонтьев бойынша: табиғи қабілеттер дегеніміз – «бұл нышан емес, ал соның негізінде қалыптасады». Бұл маңызды анықтамаға келесіні қосуға болады: арнайы оқыту және тәрбиелеусіз, яғни тірі организмнің қалыпты тіршілік ету жағдайында қабілеттер белгілі бір деңгейде көрініс беріп, дамиды.
Қабілеттердің жалпы теориясын әзірлеуге орыс ғалымы Б.М.Теплов елеулі үлес қосты. Ол қабілеттердің үш анықтамасын ұсынды. «Біріншіден, қабілет дегеніміз бір адамды екіншісінен ажырататын дара психологиялық ерекшеліктер... Екіншіден, қабілет барлық тұлғаларға тән болған ортақ сапа емес, кейбір адамдарға ғана дарыған қандай да бір немесе бірнеше іс-әрекетті табысты орындауға жарайтын қабілет... Үшіншіден, қабілет нақты адамда топталған білім, ептілік, дағдылардан оқшау, қажет әрекетті игеру желісінде ғана көрінеді». Б.М.Теплов қабілеттер үнемі даму үстінде болуы керек деп есептейді. Адам тәжірибесінде қолданбайтын, дамытпайтын қабілеті уақыт өте келе өшеді. Музыка, техникалық және көркем шығармашылық, математика, спорт және т.б. сияқты күрделі іс-әрекет түрлерімен байланысты жүйелі түрде орындалатын сабақтар және жаттығулар нәтижесінде ғана біз тиісті қабілет түрлерін дамыта аламыз.
Нышандар қабілетке қарағанда ұзақ уақыт өшпей, көрініс беруі мүмкін. Тіпті адам бұл нышандарға назар аудармауы, оларды тәжірибесінде қолданбауы да мүмкін. Қандай-да бір іс-әрекеттің нәтижелі орындалуы бір ғана емес, ал әртүрлі қабілеттердің қиысып келуіне байланысты болады, және де бір нәтиже беретін бқл қиылысу әртүрлі тәсілдермен жүзеге асырылуы мүмкін. Бір қабілет түрін дамыту үшін қажетті нышандардың болмауы басқа да неғұрлым күшті дамыған нышандардың есебінен болуы мүмкін. Кез-келген нышандар қабілетке айналу үшін маңызды даму жолынан өтуі керек. Адамдардың көптеген қабілеттері үшін даму үрдісі өмірінің алғашқы күндерінен бастап жүреді және егер де адам тиісті іс-әрекет түрімен айналысуда жалғастырған жағдайда, қабілеттерде дами түседі. Табиғи қабілеттерді дамыту үрдісінде біз бірнеше кезеңдерді бөліп қарастырдық. Оның біреуінде болашақ қабілеттердің анатомиялық-физиологиялық негіздерінің даярлығы жүреді, басқасында биологиялық емес нышандардың дамуы жүреді, үшіншісінде қажетті қабілет қалыптасып, белгілі бір деңгейге жетеді. Барлық осы үрдістер белгілі бір деңгейде бір-біріне әсер етіп, қатар жүруі мүмкін. Арнайы қабілеттердің белсенді көрініс беруі мектеп жасына дейінгі кезеңде көрініс беріп, мектепте, әсіресе бастауыш және орта буын сыныптарында қарқынды бола түседі. Алғашқыда бұл қабілеттердің дамуына бала-бақшада «STEP by STEP» технологиясы бойынша белсенділік орталықтарында өткізілетін ойын түрлері ықпал етеді, содан кейін оқу және еңбек іс-әрекеттері елеулі түрде әсер етеді. Балалардың ойыны барысында дамуға деген түрткіні көптеген қимыл-қозғалыс, ұйымдастырушылық, көркем-бейнелеу, басқада шығармашылық қабілеттер алады. Мектепке дейінгі балалық шақта әртүрлі шығармашылық ойындармен өткізілетін сабақтар балаларда арнайы қабілет түрлерін қалыптастыру үшін ерекше маңызға ие болады. Балаларда қабілет түрлерін дамытуда бір-бірін толықтырып отыратын қабілет түрлерін бір мезгілде жетілдіру, яғни кешенді жүргізілетін жұмыс маңызды болып келеді. Қандай-да бір қабілет түрін дамытып, ал онымен тығыз байланысты басқаларының даму деңгейіне назар аудармай қалтыруға болмайды. Мысалы, нәзік және дәл орындалатын қолдың қимылдары ерекше бір қабілет болып табылмайды, бірақ олар осындай қимылдар орындауды қажет ететін қабілеттердің дамуына әсер етеді. Сөйлей алу іскерлігі, оны жетік меңгеру салыстырмалы түрде жеке қабілет ретінде қарастырылуы мүмкін. Бірақ, сол іскерлік органикалық бөлігі ретінде ақыл-ой, тұлға аралық көптеген қабілеттерге енеді.
Аталған мәселеге арналған көптеген басылымдарды зерттей келе, «қабілет» ұғымын түсіндіретін 3 тұжырымдаманы келтіруге болады. Бұл: біріншіден, қабілет дегеніміз бір адамды екіншісінен ажырататын дара психологиялық ерекшеліктер; барлық адамдарға тән қасиеттер туралы айтқанда, ешкім қабілет туралы сөз қозғамайды. Бұл мағынада қабілет ұғымы маркизм-ленинизмнің негізін құраушылармен қолданылды, олар былай деп айтты: «Әрбір адамнан бір қабілеттен». Екіншіден, қабілет барлық тұлғаларға тән болған ортақ сапа емес, кейбір адамдарға ғана дарыған қандай да бір немесе бірнеше іс-әрекетті табысты орындауға жарайтын қабілет. Мысалы, ашуланшақтық, баяу қимылдау, селқостық сияқты қасиеттер кейбір адамдардың жекелей ерекшеліктері болып табылады, алайда қабілеттер емес, себебі қандай-да бір іс-әрекеттің нәтижелі орындалуынығ шарттары болып табылмайды. Үшіншіден, қабілет нақты адамда топталған білім, ептілік, дағдылардан оқшау, қажет әрекетті игеру желісінде ғана көрінеді.
«STEP by STEP» технологиясы бойынша жұмыс шартты түрде үш бағытқа бөлінді:
1) Өзіне сенімділікті тәрбиелеу.
2) Сезім, тілек, көзқарастарын дамыту және қалыптастыру.
3) Өмірлік дағдыларға үйрету.
Бірінші бөлім келесі міндеттерді шешуді көздейді: балаға өзіне тән ерекшеліктері мен қалауын саналы түсінуге, әрбір адам сияқты балада өз алдына қайталанбас және ерекше адам екенін түсінуге көмектесу. Өз ісінде нәтижелі болуы үшін, әртүрлі адамдармен тіл табыса алу үшін әрбір бала өзінің қолынан не келеді, не нәрсені орындау үшін әліде мүмкіндігі жетпейтінін білуі керек. Оның мүмкіндіктері әліде шектеулі, бірақ олар міндетті түрде дамиды және жетілдіріледі – бүгін орындай алмағанды ертең міндетті түрде орындайды.
Біз әртүрлі жағдайларда әрбір балаға қолдау көрсетуіміз қажет – сәттілік және сәтсіздік жағдайларында да. Басқа сөздермен айтқанда, кез-келген жағдайда ересектер балаға өз күшіне сенуге көмектесуі керек.
Өзіне сенімділік адам тұлғасының маңызды сапасы болып табылады. Ол өз көзқарасына ие болуға, оны дәлелдей алуға, өзіне және өз сезімдеріне сенуге мүмкіндік береді. Өзіне сенімділік сезімінің адамда ерте балалық шақтан қалыптасуы өте маңызды. Өмірлік дағдылар бейімделуге және жағымды әрекет қылықты қалыптастыруға қабілеттілікті сипаттайды, бұл адамдарға күнделікті өмірлеріндегі мәселелерді шешуге және қиындықтарды жеңуге мүмкіндік береді.
Мектеп жасына дейінгі балалардың психологиялық саулығын қалыптастыруға және сақтауға бағытталған сабақтар бағдарламасы баланың өз мүмкіндіктерін тануға деген қызығушылықты дамытуға ықпал етеді, қиындықтарды жеңудің жолдарын және тәсілдерін анықтауға үйретеді, мейірімді қатынас орнатуға ықпал етеді, коммуникативті дағдыларды қалыптастырады, өз сезімдерін және басқа адамдардың сезімдерін тануға және сипаттауға үйретеді.
Бағдарламада біз баланың эмоционалды ақыл-ойының дамуына басты назар аударамыз, оған сезімдер, қажеттіліктер, алаңдаушылық және құштарлықтар кіреді, яғни адам жан дүниесінің субъективті әлемі. Бағдарлама жас кезеңнің өмірлік міндеттерін қалыптастырады, олармен балалар және ата-аналарды таныстырады, қандай-да бір міндетті шешудің «дұрыс» тәсілінің негізінде жатқан құндылықтар және қағидаларды талқылауды ұсынады және шешімнің сәйкес тәсілдерін қсынады.
Баланың сезімдері және эмоциялары бірінші орынға қойылады, аталған бағдарламаны жүзеге асыру барысында қарым-қатынас дағдылары қалыптасады, өз сезімдерін түсіну және тани алу іскерліктері дамиды. Балалардың өмірлік міндеттері теориясының негізінде бағдарлама мазмұны құрылды, балалар шынайы өмірлік жағдайларда шешім қабылдауға көмектесетін қажетті ақпаратты біртіндеп меңгереді. Бұл дегеніміз, ересектің басшылығымен мектеп жасына дейінгі балалар өз ойлары мен сезімдерінің тәжірибесіне сүйене отырып, адамдар сезімінің логикасын түсініп, өмірлік дағдыларға үйренеді. Аталған жұмыстың жаңалығы сабақтар мазмұнында эмоциялардың жүйелі байланысы ғана емес, сонымен қатар осы байланысты тақырыптар және дағдыларды таңдауда негіз ретінде қолдану болып табылады. Қысқаша сипатталған бұл логика табиғи қабілеттерді және өмірлік дағдыларды дамыту бойынша бағдарлама құруға мүмкіндік беретін іс-әрекет алаңын ашады.
Ұсынылып отырған бағдарлама белсенділік орталықтарында кіші топтармен өткізілетін болады. Осы саладағы білімдерді меңгеруде қолданылатын әдіс – бұл өзін-өзі тану. Олардың анықтамасымен танысу және осының барлығымен не істеу керектігіне үйрену осыдан кейін келеді. Сөйтіп білімдер баланың өмірлік тәжірибесін және қабілеттерін ескереді.
Балалардың ерте кезеңдегі дамуы туралы айтқанда өмірлік дағдыларға үлкен мән беріледі. Өмірлік дағдыларға өзара жеке бастық қарым-қатынас жасау дағдылары кіреді, олар адамдарға ақпарат пен қамтылған шешім қабылдауға, мәселелерді шеше алуға, сыни және шығармашылық тұрғысынан ойлауға, тиімді байланыс орнатуға, қалыпты қарым-қатынас жасауға, уайымды бөлісе алуға, салауатты өмір салтын ұстануға көмектеседі. Өмірлік дағдыларға үйрету баланы дамыту және тәрбиелеудегі салыстырмалы түрдегі жаңа бағыт, сондықтан педагогтар тарапынан ата-аналарды қолдау және даярлау осы бағытты отбасылық тәрбиеде қолдануға мүмкіндік беретін басты фактор болып табылады. Өмірлік дағдыларды қалыптастыруда отбасы басты орын алады. Отбасы өз баласының мектебі, оның сынып жетекшісімен, пән мұғалімдерімен, әлеуметтік педагогпен тығыз, мейірімді қатынаста болуы керек. Отбасын араластыру – технологияның ажырамас бөлігі. Отбасылар балаларға үлкен әсерін тигізеді. Кішкентай балалар үшін отбасының қатысуы ерекше маңызға ие, себебі бала және ата-ана арасындағы байланыс тәрбиешіге де аумасады. Ал бұл оқыту және тәрбиелеудің маңызды алғышарты болып табылады. Қазақстан Республикасында Бағдарламаның негізгі бағыттарын жүзеге асыруға шығармашылық, конструктивті бағытты ұстану аталған технологияны қолдану арқылы үнемі баланы ынталандыруға, оның дағдылары, қабілеттерін дамытуға, шығармашылық ізденістерін мадақтауға, оқыту үрдісіне қызығушылығын оятуға мүмкіндік береді.
Бала бала-бақшаның тобына келеді. Оған өмірлік тәжірибе қажет. Құрбылары және ересектермен қарым-қатынас орнату барысында, отбасынан тыс жерде, сонымен қатар өзінің отбасы мүшелерімен үйреншікті байланыс орнату тәсілдерін қолдана отырып бала жаңа әлеуметтік құзыреттіліктерге ие болады. Осы өмірде баланы құзыретті ересек адам қарсы алып және сүйемелдегені дұрыс. Баланың жеке тұлғасын дамыту үшін жанында құзыретті ересек адамның болуы өте маңызды. Келесі жағдайды анық айтуға болады: бұл балалардың сеніміне ие, топта оларға жақын болып келетін адам, қажет болған жағдайда қолдау және көмек көрсете алатын, араласудың қажеті болмаған жағдайда балалардың өзбетімен даму мүмкіндіктерін шектемеу үшін жағдайға араласпайтын адам болуы керек. Басқа сөздермен айтқанда балаларға олардың әлеміне нағыз бағдарлана алатын ересек адам қажет. Сондықтан әлеуметтік және эмоционалды құзыреттіліктерді дамыту бойынша бағдарламаларды енгізу жұмысының негізіне тәрбиеші және педагогтарды балаларға қарауды және ең маңыздысын көре білуді үйрету, яғни бақылау әдістеріне оқыту болып табылады.
Басты рөлге біз педагог-психологты ұсынамыз. Неге ?
Біріншіден, ол әлеуметтік құзыреттілік дегенміз не екенін түсінеді. Педагог-психолог баланың уайымдарының (эмоцияларының) логикасын түсіну үшін кәсіби тұрғыдан даяр, ал әлеуметтік мінез әрекеттерін дамыту осындай әрекеттің эмоционалды жағдайын түсіне алуға негізделеді, әдетте эмоциялар психологиясы – бұл педагогикалық емес, ал психологиялық білім беру курсы. Басқа сөздермен айтқанда, психолог өзінің білімне сәйкес қандай-да бір жағдай болып жатқанда, оның қандай жағдай болғанын түсіне алады. Осы құралдағы бағдарламаларды психолог меңгере алады, оның түсіне білу және көре білу қабілеттері арта түседі және ол бұл қабілеттерін тәрбиешілерге жеткізе алады.
Екіншіден, педагог және тәрбиешілерді кәсіби маңызды құзыреттіліктерге үйрете алады, себебі осы құзыреттіліктерге өзі ие. Психологиялық білім және кәсіби практика (тренингтерге, өзін-өзі тануға, жекелей кеңестерге қатысу, супервизия) психологты өзіндік рефлексияға үйретті, яғни өзіне-өзі баға беру. Бұл ересектің, нақты өзінің (өзінің әрекеті, дәл айтылмаған сөздері, өзінің көңіл-күйімен) жағдайға қандай үлес қосатынын түсіну үшін маңызды, және «өзінің үлесін» жақшаға алып қою керек. Әлеуметтік ақыл-ойға үйрету еліктеу заңдарына бағынатын болғандықтан, ересектің өзіндік рефлексиясы тәрбиешінің маңызды дағдыларының бірі болып келеді.
Үшіншіден, ол жаңа нәрсеге деген жауапкершілікпен қарайтын және персоналды түрде қатынасқа енудің үлгісі болуы мүмкін. Белгілі бір уақытта бала-бақшада нәтижелі жұмыс істеп келе жатқан психолог батыл мінезді және күшті тұлға болып келеді, себебіь бұл жұмыс – күрделі және тартысты, мұнда әртүрлі адамдармен қарым-қатынас орнатылады, бұл шыдамдылықты, төзімділікті және түсіне білу қабілетін талап етеді. Батыл мінез және табандылық бағдарламаны бала-бақша тәжірибесіне енгізу үшін өте қажет.
Төртіншіден, ол педагогтар және тәрбиешілермен кәсіби қарым-қатынас орната алады. Психологтың позициясы тәрбиешә немесе логопедтың позициясынан жоғары болмағанына қарамастан, психолог білімінің күшіне байланысты психологиялық сұрақтарда басқа әріптестері үшін беделді болып келеді, бұл сұрақтарға әлеуметтік және эмоционалды құзыреттіліктер жүйесі жатады. Сондықтан психологтың басшылығымен, оның белсенді қатысуымен қиын жағдайларды, тартысқа түсетін балаларды және өзара жеке бастық қарым-қатынастарды талқылау қалыпты болып келеді.
Бесіншіден, ол басқа әріптестерінде қызығушылық туындатып, өзінің айналасына жинай алады. Бағдарламаны енгізу міндеті жүктелген психолог меңгерушінің жан-жақты қолдау көрсетуі нәтижесінде көшбасшы болып, бағдарламаны енгізуде белсенді позицияны ұстануы мүмкін, оның нәтижелілігін және тиімділігін дәлелдей отырып басқаларға үлгі бола алады.
«STEP by STEP» инновациялық технологиясы оқыту-тәрбиелеу үрдісін ұйымдастыруда көмектеседі, балаларды тәрбиелеу және оқыту үшін тиімді жағдайлар жасайды, себебі бір жас кезеңнен екінші жас кезеңге дағдарыстық өту кезінде жағымды ахуал қалыптастырады. Сөйтіп, мектеп жасына дейінгі балаларды тәрбиелеу және оқытуда баланың керемет қабілеттерін дамытуға бағдарланған және білім беру үрдісіне отбасын араластыруға мүмкіндік беретін ерекше әдістемелерді қолдану арқылы демократиялық қағидаларды ұстану өзгеріп отырған әлемде өмір сүруге үйретуге, өзбетімен білім алу іскерлігін және тұрақты құлшынысын қалыптастыруға ықпал етеді, жеке даралығын сақтап, өзгеріп отыратын әлеуметтік және экономикалық өмірге бейімделуге мүмкіндік береді. Сондықтан білім берудің келешегі оқытудың жаңа бағдарламаларын әзірлеу және оларды енгізуге байланысты, олар әртүрлі топ балаларына жекелендірілген, әрбір тұлғаның жекелей қабілеттерін және қажеттіліктерін ескере отырып құрылады.
Бүгінгі таңда білім беруде вариативтілік қағидасы жария етілген, ол білім беру мекемелерінің педагогикалық ұжымдарына педагогикалық үрдісті ұйымдастыру үшін кез-келген моделді таңдауға, соның ішінде авторлықты, және сол бойынша құрастыруға мүмкіндік береді. Осы бағытта білім берудің алға жылжуы көрінеді: оның мазмұнының әртүрлі нұсқаларын өңдеу, білім беру құрылымдарының тиімділігін арттыруда қазіргі заманғы дидактика мүмкіндіктерін пайдалану; жаңа ойлар және технологиялардың ғылыми өңделуі және практикалық тұрғыдан негізделуі. Сонымен қатар әртүрлі педагогикалық жүйелер және оқыту технологияларының арасында байланыс ұйымдастыру өте маңызды, тәжірибеде жаңа формаларды тексеруден өткізу – мемлекеттік білім беру жүйесіне пара-пар және қосымшалар, қазіргі зманға сай жағдайларда өткеннің тұтас педагогикалық жүйелерін қолдану.
Бұл жағдайларда тәрбиешіге, басқарушыға (оқу үрдісінің менеджеріне) қазіргі заманғы инновациялық технологияларда, ойлар, бағыттарда бағдар ұстай алу керек, белгілі нәрсені жаңалық ретінде ашуға уақыт кетірудің қажеті жоқ. Бүгінгі күні кең таралған білім беру технологияларын зерттеу арқылы ғана педагогикалық сауатты маман болуға болады.
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев жыл сайынғы Жолдауында «Қазақстан-2050» бағдарламасының негізгі жағдайларын баяндады, ол инновациялар, білім беру мазмұнын арттыруды қарастырады: «Біздің болашаққа барар жолымыз қазақстандықтардың әлеуетін ашатын жаңа мүмкіндіктер жасауға байланысты. ХХІ ғасырдағы дамыған ел дегеніміз – белсенді, білімді және денсаулығы мықты азаматтар. Бұл үшін біз не істеуіміз керек? Біріншіден, барлық дамыған елдердің сапалы бірегей білім беру жүйесі бар. Ұлттық білім берудің барлық буынының сапасын жақсартуда бізді ауқымды жұмыс күтіп тұр. 2020 жылға қарай Қазақстандағы 3-6 жас аралығындағы балаларды мектепке дейінгі біліммен 100 пайыз қамту жоспарлануда. Сондықтан оларға заманауи бағдарламалар мен оқыту әдістемелерін, білікті мамандар ұсыну маңызды».
Білім беруді дамытудағы стратегиялық міндеттерді жүзеге асыру жүйеге үлкен өзгерістер әкелді және барлық деңгейлерге бірыңғай «Білім беру туралы» Заңның қабылдануына ықпал етті, ол келесі жағдайларды қарастырады:
· Білім беруді басқарудың демократиялық сипаты және білім беру ұйымдарының құзыреттіліктерін кеңейту.
· Барлық деңгейде сапалы білім алуға қол жеткізуді қамтамасыз ететін ұлттық моделді дамыту.
· Жаңа технологияларды қолдану және мониторинг пен бағалаудың тиімді жүйесін жасау.
Мұндай бағыттылық ерте сәбилік жастан бастап оқыту мен тәрбиелеудің жоғары сапада болуын, ата-аналарды жоспарлауға қатыстыру, педагогтармен бірлесе отырып міндеттерді шешу, балаларды оқыту және тәрбиелеуде қажет болатын іскерлік және дағдыларға үйретуді талап етеді. Денсаулықтың, дұрыс тамақтанудың күшейтілуіне, танымдық, әлеуметтік және эмоционалды қабілеттердің дамуына ықпал ететін инновациялық және көпжақты бағдарламалар неғұрлым тиімді болып келеді.
Болашақ әртүрлі әлеуметтік, саяси, экономикалық және мәдени эксперименттерді өткізуге қорларын бағыттауды, қысқа мерзімді табыс көрмей, ұзақ уақыт нәтижелі дамуды қалайтын, жаңа ойларды жарқын болашақ құрудың нәзік құралы ретінде қарайтын қоғамның қолында.
Бізге өз мемлекетімізге, балаларымызға, ата-аналарымызға пайдалы болу өте ұнайды, себебі біз жалпы адамзат құндылықтарын ұлттық құндылықтармен үйлестіре алғанда олар білім беру, қоғам және барлық адамзат үшін құнды болады және біз Республика педагогтарымен бірлесе отырып, бірге демократиялық қоғам құрамыз.
Қазіргі таңда Қазақстандағы білім беру жүйесі демократиялық бағытта жаңаруда. Білім беру жүйесіне оқытудың демократиялық мазмұнын және оқытудың демократиялық әдістерін енгізуге қадам жасалуда. Бізге белгілі болғандай, білім берудегі демократия балаларға өз құзырлықтарын сезінуге мүмкіндік береді. Балалардың күнделікті өміріне және болашағына қатысты саналы таңдауды жүзеге асыру еркіндігі балаларда құзыреттілік және тәуелсіздік сезімдерін тәрбиелеу арқылы өзін-өзі сыйлауын арттыруға ықпал етеді.
Жобада қолданылатын зерттеу әдістеріне кіреді:
- зерттелген әдебиеттерге талдау, контент-анализ, әлеуметтік сауалнама, әңгімелесу, сұхбат, берілулерді статистикалық өңдеу әдістері, бақылау, психологиялық моделдеу, диагностикалау. Отбасын араластыру әдістері нақты жағдайларға байланысты әртүрлі болуы мүмкін, алайда қағида өзгермейді: барлық отбасыларының араласуы әртүрлі формаларда жүзеге асырылады. Сөйтіп, «STEP by STEP» технологиясының мақсаты белгілі бір қауымдастық құру, оның орталығында отбасы, тәрбиешілер және жергілікті қызмет көрсету өкілдері тұрады. Бұл адамдар тобы жоспарларды жасаумен айналысады және бағдарлама толық құнды түрде балалардың дамуына ықпал етуі үшін әртүрлі мәселелерді талқылайды.
Пайдаланған әдебиеттер:
1. Концепция дошкольного воспитания//Дошкольное воспитание. - М: Просвещение, 1989г. № 5.
2. Дошкольная педагогика: учебник для студ. сред. проф. учеб. заведений/С.А.Козлова, Куликова. Т.А.– 10 – е изд., стер. – М.: Издательский центр «Академия», 2009.
3. Венгер Л.А., Мухина В.С. Психология: Учебное пособие для учащихся пед.училищ по специальности №2002 "Дошкольное воспитание" и №2010 "Воспитание в дошкольных учреждениях". —М.: Просвещение, 1989.
4. Воспитание и развитие дошкольника / Под ред. проф. И. П. Прокопьева и проф. П. Т. Фролова. — Москва - Белгород, 1995.
5. Гильбух Ю.З. Внимание: одарённые дети — М.: Знание, 1991, №9.
6. Запорожец А. В. Избранные психологические труды — М.: Педагогика, 1986.
7. Леонтьев А.Н. Деятельность. Сознание. Личность. — М., 1977.
8. Подъяков Н.Н. Умственное воспитание детей дошкольного возраста — М.: Просвещение, 1988.
9. Проскура, Е. В. Развитие познавательных способностей дошкольника
10. Теплов Б.М. Психология и психофизиология индивидуальных различий: Избранные психологические труды — М.: Институт практической психологии. - Воронеж: НПО "Модэк", 1998.
11. Уроктаева Г.А., Афонькина Ю.А. Практикум по дошкольной психологии — М., 1999.
12. Бабинский Ю.К. Оптимизация процесса обучения. – М.: Педагогика, 1997.
13. Бабинский Ю.К. Оптимизация учебно-воспитательного процесса. – М.: Просвещение, 1982.
14. Селевко Г.К., Басов А.В. Новое педагогическое мышление: педагогический поиск и экспериментирование. – Ярославль, 1991.
15. Байкова Л.А., Гребенкина Л.К. Педагогическое мастерство и педагогические технологии. – М.: «Педагогическое общество России», 2000.
16. Бершадский М.Е., В.В. Гузеев. Дидактические и психологические основания образовательной технологии. – М.: Центр «Педагогический поиск», 2003.
17. Айджанова Д., Бейсенбаева С., Искакова А., Попова Т., Саймасаева Г. Инновационная технология “Step by Step” дошкольных учреждениях Казахстана. – Алматы: «Білім», 2000.
18. Из опыта работы. Рецензенты: Дмитриенко Е.А., Тасжурекова Ж. Соросовский образовательный центр “Step by Step”. – Алматы, 2002.
19. Гузеев В.В. Основы образовательной технологии: дидактический инструментарий. Журнал «Директор школы» №4. М.: «Сентябрь» 2006.
20. Журнал “Step by Step” Отпечатано в типографии «Комплекс» г. Алматы, 2003.
21. Айджанова Д., Искакова А. Организация педагогической практики Step by Step в дошкольных учреждениях. – Алматы, 2002.
© ООО «Знанио»
С вами с 2009 года.