Выступление на августовской конференции "Абай – текті ақын, данышпан ойшыл"
Оценка 4.6
Научно-исследовательская работа
doc
воспитательная работа
Взрослым
09.03.2017
«Адамзаттың бәрін сүй, бауырым деп»
Атаңның баласы болма,
адамның баласы бол (Абай).
І. Абай – текті ақын, данышпан ойшыл.
Сөз танитын «қалың елі, қазағы» «Алтын хакім Абай» деп ардақтаған, Абай Құнанбайұлы - кең сақараның текті ақыны. «Әуелі өзіңнен асып кеткен ұл туғыз,..» деп әкесі айтқандай, тектіден туып, жасында медреседе оқыған, кейін әкесімен бірге ел ісіне араласып, «өмір мектебінде» шыңдалған. Төл мәдениеттің тұнығынан сусындап, шығыс поэзиясына таяна, орыс және еуропа мәдениетіне жақындасу арқылы қазақтың рухани ойлам шеңберіне сонылық енгізген реформатор. Шығыс пен Батыс өркениетін жетік білген, Пушкин, Гете, Шекспирмен және Декартпен сұхбаттас болып, солармен бой теңестіре тұрған ғұлама ойшыл.
ІІ. Абай тағылымы - «өлмейтұғын» мұра.
1. Абай шығармаларының өміршеңдігі
Адамзат ақыл-ойының, ақындығының ірі тұлғасы Абайдың тағылымы, шығармаларындағы адами қағидалары («Ақыл, қайрат, жүректі бірдей ұста», «Сабырсыз, арсыз, еріншек») мен дидактикалық ұстанымдары («Жасымда ғылым бар деп ескермедім», «Ғылым таппай мақтанба») бүгін жер бетіндегі бүкіл адамзат мәңгі сусындар рухани бұлаққа айналды. Ақынның қай туындысын алмайық, оның алтын қазығы – Адам. Нағыз Адам, толық Адам қандай болу керек деген сұраққа жауап іздейді, «Атымды Адам қойған соң, қайтіп надан болайын», «Адамды сүй, Алланың хикметін сез, не қызық бар өмірде одан басқа» - деп әрі оған жауап та береді.
«Қазақтың бас ақынының» жастығы сөз бен саз өнерінің кенішінде өтті. Ол әжесінен ауызынан халық әдебиетнмен нәр алып, сал-серілердің өнерін үйренген ырғақ пен дыбыстың төл перзенті еді. Абай поэзиясының ырғақты бейнесі де дәл осындай. Бірде көшкен елдің сабырлы, салқам жүрісіндей, бірде құм төбелердің үнсіз қыбырындай тылсым, енді бір тұста қырғидың қанатының суылындай, ат тұяғының дүрсіліндей екпінді :
Көлеңке жасын ұзартып, Алысты көзден жасырса. Күнді уақыт қызартып, Көкжиектен асырса...
Тұлпардан тұғыр озбас шабылса да, Оған да үкі, тұмар тағылса да. Қыжыртпай мені сырттан жүре алмайды, Кім желігіп, қай шеттен қағылса да.
Міне, осы жолдардан бір сілтеуінде мың түрлі серпіні бар бір қолдың, бір үнінде сан түрлі саздың әуені бар бір өңештің табы байқалады. Осынша өлең қалай шыға берген? Табиғи дарыны. Сақарадағы әрбір қыбыр, әрбір сыбыр, көріністер болашақ ұлы ақынның зерек зердесінен бірде-бір қалыс қалмай, құйыла берген. Сөйтіп ақынның келісті өлең мен философиялық трактаттар жазу тәжірибесінде осынау тамылжыған әсем әуен, төкпелеткен ақын сөздері жаңғырықсыз қала алмады. Жалпы халық құрметіне бөленген тұлғалар атына айтылған ащы сын да болды («Шортанбай, Дулат пенен Бұқар жырау,..»). Бұл ойды С.Торайғыров өлеңдерінде «Олар надан ойлауда көп адасқан, Оларды қоя алмаймыз Абаймен тең, Себебі оқымаған білімі кем!» –деп Абайдың қазақтың ой-санасындағы жаңа бағыттың бастамасы екендігін көркем сөзбен суреттей білген. Абай жастық шағында өлеңімен сусындаған Біржан сал: «Абайдай адам тумас сөзге зерек, Зейіні түпсіз дария көзің жетпес», - деп биік бағалап кеткен [8]. Сондай-ақ, «Туғанда дүние есігін ашады өлең...» деп басталатын Абай өлеңіндегі әрбір тармақтардан жақындықты, рухани туыстықты, сондай-ақ, алыстағы, шетелдік, өзге тілді, сенің тіліңе ұқсамайтын, бірақ сөз бен әуен өздеріне де жат емес жандарға деген сүйіспеншілік сезімін қалайша естімеуге болады [3].
Абай Семейде медресемен қатар, орыс мектебіне барады. Қазақта бірінші болып ағасы Халиолла Лермонтов, Тургенев, Толстой шығармаларын ана тіліне аударады, сөйтіп інісінің алдынан орыс әдебиетінің әлемін ашты [8]. Орыс достарының да ықпалы жетерлік еді. Абай осылай “... орыс тілін біліп, мәдениетін терең таныған «Ғылымды іздеп, дүниені көздеп, екі жаққа үңілдім» демекші, озғын ойды ... Пушкин, Герцен,.. Некрасовтардың өз мұраларынан оқып, мол мағлұмат алды. Л.Н. Толстой, И.А. Крыловты... оқыды, «Ол шығармаларын қазақша жазды, мейлінше мол еңбектенумен, орыс тілін үйреніп, орыс әдебиетіне еркін жетіліп достасып алды. Өлеңдері есіткінің жүрегін жігерлендірерліктей табиғи болып, шығармаларының асыл негізі Лермонтовқа үндес келеді» -деп Абайдың орыс әдебиетін зор құштарлықпен кәміл меңгергенін, Абай шығармаларының негізгі сарыны, әсіресе, М.Ю.Лермонтовпен сабақтас екенін абайтанушы З.Әміре атап айтады [8] . Абай орыс тілі арқылы Батыс әдебиетінен Гете, Байрон, Дрепер, Спинозаның еңбектерін оқып, зерттеген. [3]. Сөйтіп, Әуезовтың сөзімен айтқанда, 1884 жылдары ол дүниеден көп мағлұматы бар кісі болды. Қыр елінің бүкіл адамзатқа жолдаған елшісі, халқының көреген көзі, мейірбан жүрегі, ыстық сезімі мен қайсар еркінің, бойындағы барлық ізгі қасиеттерінің жиынтығына айналды.
2. Әлемнің Абайы
«Мыңмен жалғыз алыстым, кінә қойма» деген өлең жолдарында айқындалған жалғыздық, данышпандық ой біздің заманымызға дейінгі ғұлама Анарыстың, бабаларымыз Майқы би, Тоныкөктің басынан өтпеді дейсіз бе? Асан жырауға «қайғы» сөзі қайдан жамалды?! Ақтамбердінің аузына «жағама қолдың тигенін жалғыздық сенен көремін...» деген жолдарды кім салғызды?! «Жартасқа бардым, күнде айғай салдым» дейтін Абай жалғыздығының төркінінде не жатыр? Ағылшын жазушысы В.Скоттың аузына «Жер шары ғаламның сарғыш үйі ме деп сескенемін» деген ғалам жалғыздығы хақындағы үрейлі сөздерді кім салғызып отыр? Оны айтқызған да Жаратушының шебер өрнегінен шыққан Жалған атты тіршілік емес пе?! Қазақтың Абайы да өз замандастары арасынан дос таба алған жоқ, бірақ ол бөгделік бөгеттер мен таптық алауыздық дегенді білмейтін әлемдік мәдениет әуенінен өзіне достарды тапты» [2]. Бұл үндестік Абай мұрасын адамзаттың асыл қазынасына айналдырды. «Атаңның баласы емес, адамның баласы», әлемнің Абайы болды. Өлеңдері Шыңғыстаудан адам рухының өзге аймақтарына тарап кетті. Туындылары –айналаны түгел қамтитын шеңбер, ол адамның жан-жүрегі мен ақыл-ойын, өткен, қазіргі және болашақ замандарды түгел қамтиды. 80-жылдары жазған өлеңдерінің көпшілігі ауылдың тұрмысына арналған («Қыс», «Жаз», «Жігіттер, ойын арзан, күлкі қымбат», «Біреудің кісісі өлсе, қаралы -ол», «Сегіз аяқ», «Болыс болдым, мінеки»). Мұнда халқының бүкіл рухани құндылықтары терең көркемдік-сын тұрғысынан қайта қаралу бар еді... Сөйтіп, өзі өмір сүрген қоғамды, өз халқының тарихын түбегейлі қайта өзгертуші «қоғам қайраткері» Абайдың жаңа ақындық бағдарламасы жария етілді. Сондай-ақ, озық ойлы демократтардың еңбектерін оқып, ой-пікірін қорытып, қазақ өміріндегі аса маңызды мәселелерді түсіндіруге қолданады. Шығыс пен Батыстың сүлейлерінен үйреніп қана қоймай, халқын солардың мәдениеті мен білімінің озығынан сусындауға шақырады. Шығармаларында «адам өмірінің мәнді болуы үшін не істеу керек?» деген сауалға жауап беріп, олардың өмір сүруінің гуманистік бағдарын көрсетіп берді. Екі қасиеттің — сезім мен қисынның, түйсік пен ақылдың қатынасын таразылайды. Сондықтан да: «Ақыл сенбей сенбеңіз, Бір іске кез келсеңіз» дейді. Сын тәлкегіне түскен еріншектік, дарақылық, жалқаулық,.. сияқты қасиеттерді Абай бұрынғы бабаларымыздың бойынан көрген «кемшіліктер» ретінде емес, сол замандағы саяси-әлеуметтік қатынастардың салдары ретінде қарастыруға жол ашқан. Туындыларына арқау болған бұл тақырыптардың ақыл-ой әлеуеті қазіргі таңда қазақ түгілі дүние жүзі ғалымдарының ізденісіне азық болып келеді емес пе. «Мен бір жұмбақ адаммын оны да ойла», - деп айтып кеткеніндей, оның алға қойған мәселелерінің көбісі осы уақытқа дейін шешілмей, жұмбақ жанның сыры ашылмай, бүкіл адамзаттың ақыл-ойын толғантып, ізденіс жолын жалғастыра беруге шақырып отыр.
ІІІ. «Адамзаттың бәрін сүй, бауырым деп»
Абай қағидаларының бүгінгі біздің ұлттық саясатымызда алар орны ерекше. Ішкі-сыртқы саясатта да жауапты Абайдан табамыз. Абай мұрасын тануды бүгін дүниежүзілік өркениет ауқымында қарауды бастады. Бүкіл адамзаттық рухани биікке шыққан ойшылдың ұлт, дін, тілдегі айырмашылықтарға қарамай, «Адамзаттың бәрін сүй, бауырым деп» ең басты қағида – бірлікке, насихаттауы, жер бетіндегі барша адам баласына ортақ мүддені қорғайтын осы биік идеяны Абайға дейінгі ғұламалар да (Сократ, Платон, Конфуции, Аристотель) айтқан [7]. Абайдың бұл ұстанымы бүгін Елбасының назар аударған халықтар достығы мәселесіне ұласып, Ассамблеяның құрылғанына, оның жемісті еңбегіне 20 жыл толып отыр. Әрдайым Абай тағылымын басшылыққа алатын Президент Н.Назарбаевтың сарабдал саясаты бүкіл әлемге өнеге болып келеді. Абайдың арқасында Қазақстанды әлем танып, Қазақстан Абайымен мақтанып отыр. Сондықтан да «Абай деген бір өлшемнің екі басындағы шетін ұшқарылықтың азап-бейнеттен келіп, бір сәтті мезеттегі ұштасуы,.. жер тартылысының қуатты күші, адам қиялының қисын тауып кететін тегеуріні. Бұл – Ұлы даланың үстіндегі аспан күмбездерін өзінің алыпқа біткен қос иығымен көтеріп тұрған атлант». [2].
Баяндама -Р.Маней,тамыз мәслихатына.doc
«Абай мұрасы ұрпаққа ұлағат» атты аймақтық
ғылымипрактикалық конференциясы
Секция: «Абай мұрасы – адамзаттың асыл қазынасы»
Баяндама тақырыбы:
«Адамзаттың бәрін сүй,
бауырым деп»
Баяндама жазған:
«Ақтоғай ауданының білім бөлімі» ММ
әдіскері Р.Маней МАЗМҰНЫ
Сыртқы бет................................................................................................1
«Адамзаттың бәрін сүй, бауырым деп»
І. Кіріспе. Абай – текті ақын, данышпан ойшыл..................................3
ІІ. Негізгі бөлім. Абай тағылымы «өлмейтұғын» мұра
1. Абай шығармаларының өміршеңдігі........................................... .. ...35
2. Әлемнің Абайы.....................................................................................57
ІІІ. Қорытынды. «Адамзаттың бәрін сүй, бауырым деп»..................7
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі...........................................................8
22 «Адамзаттың бәрін сүй, бауырым деп»
Атаңның баласы болма,
адамның баласы бол (Абай).
І. Абай – текті ақын, данышпан ойшыл.
Сөз танитын «қалың елі, қазағы» «Алтын хакім Абай» деп ардақтаған,
Абай Құнанбайұлы кең сақараның текті ақыны. «Әуелі өзіңнен асып кеткен
ұл туғыз,..» деп әкесі айтқандай, тектіден туып, жасында медреседе оқыған,
кейін әкесімен бірге ел ісіне араласып, «өмір мектебінде» шыңдалған. Төл
мәдениеттің тұнығынан сусындап, шығыс поэзиясына таяна, орыс және
еуропа мәдениетіне жақындасу арқылы қазақтың рухани ойлам шеңберіне
сонылық енгізген реформатор. Шығыс пен Батыс өркениетін жетік білген,
Пушкин, Гете, Шекспирмен және Декартпен сұхбаттас болып, солармен бой
теңестіре тұрған ғұлама ойшыл.
ІІ. Абай тағылымы «өлмейтұғын» мұра.
1. Абай шығармаларының өміршеңдігі
Адамзат ақылойының, ақындығының ірі тұлғасы Абайдың тағылымы,
шығармаларындағы адами қағидалары («Ақыл, қайрат, жүректі бірдей ұста»,
«Сабырсыз, арсыз, еріншек») мен дидактикалық ұстанымдары («Жасымда
ғылым бар деп ескермедім», «Ғылым таппай мақтанба») бүгін жер бетіндегі
бүкіл адамзат мәңгі сусындар рухани бұлаққа айналды. Ақынның қай
туындысын алмайық, оның алтын қазығы – Адам. Нағыз Адам, толық Адам
қандай болу керек деген сұраққа жауап іздейді, «Атымды Адам қойған соң,
қайтіп надан болайын», «Адамды сүй, Алланың хикметін сез, не қызық бар
өмірде одан басқа» деп әрі оған жауап та береді.
33 «Қазақтың бас ақынының» жастығы сөз бен саз өнерінің кенішінде өтті.
Ол әжесінен ауызынан халық әдебиетнмен нәр алып, салсерілердің өнерін
үйренген ырғақ пен дыбыстың төл перзенті еді. Абай поэзиясының ырғақты
бейнесі де дәл осындай. Бірде көшкен елдің сабырлы, салқам жүрісіндей,
бірде құм төбелердің үнсіз қыбырындай тылсым, енді бір тұста қырғидың
қанатының суылындай, ат тұяғының дүрсіліндей екпінді :
Көлеңке жасын ұзартып,
Алысты көзден жасырса.
Күнді уақыт қызартып,
Көкжиектен асырса...
Тұлпардан тұғыр озбас шабылса да,
Оған да үкі, тұмар тағылса да.
Қыжыртпай мені сырттан жүре алмайды,
Кім желігіп, қай шеттен қағылса да.
Міне, осы жолдардан бір сілтеуінде мың түрлі серпіні бар бір қолдың, бір
үнінде сан түрлі саздың әуені бар бір өңештің табы байқалады. Осынша өлең
қалай шыға берген? Табиғи дарыны. Сақарадағы әрбір қыбыр, әрбір сыбыр,
көріністер болашақ ұлы ақынның зерек зердесінен бірдебір қалыс қалмай,
құйыла берген. Сөйтіп ақынның келісті өлең мен философиялық трактаттар
жазу тәжірибесінде осынау тамылжыған әсем әуен, төкпелеткен ақын сөздері
жаңғырықсыз қала алмады. Жалпы халық құрметіне бөленген тұлғалар атына
айтылған ащы сын да болды («Шортанбай, Дулат пенен Бұқар жырау,..»). Бұл
ойды С.Торайғыров өлеңдерінде «Олар надан ойлауда көп адасқан, Оларды
қоя алмаймыз Абаймен тең, Себебі оқымаған білімі кем!» –деп Абайдың
қазақтың ойсанасындағы жаңа бағыттың бастамасы екендігін көркем сөзбен
суреттей білген. Абай жастық шағында өлеңімен сусындаған Біржан сал:
«Абайдай адам тумас сөзге зерек, Зейіні түпсіз дария көзің жетпес», деп биік
бағалап кеткен [8]. Сондайақ, «Туғанда дүние есігін ашады өлең...» деп
44 басталатын Абай өлеңіндегі әрбір тармақтардан жақындықты, рухани
алыстағы, шетелдік, өзге тілді, сенің тіліңе
туыстықты, сондайақ,
ұқсамайтын, бірақ сөз бен әуен өздеріне де жат емес жандарға деген
сүйіспеншілік сезімін қалайша естімеуге болады [3].
Абай Семейде медресемен қатар, орыс мектебіне барады. Қазақта
бірінші болып ағасы Халиолла Лермонтов, Тургенев, Толстой шығармаларын
ана тіліне аударады, сөйтіп інісінің алдынан орыс әдебиетінің әлемін ашты [8].
Орыс достарының да ықпалы жетерлік еді. Абай осылай “... орыс тілін біліп,
мәдениетін терең таныған «Ғылымды іздеп, дүниені көздеп, екі жаққа
үңілдім» демекші, озғын ойды ... Пушкин, Герцен,.. Некрасовтардың өз
мұраларынан оқып, мол мағлұмат алды. Л.Н. Толстой, И.А. Крыловты...
оқыды, «Ол шығармаларын қазақша жазды, мейлінше мол еңбектенумен, орыс
тілін үйреніп, орыс әдебиетіне еркін жетіліп достасып алды. Өлеңдері
есіткінің жүрегін жігерлендірерліктей табиғи болып, шығармаларының асыл
негізі Лермонтовқа үндес келеді» деп Абайдың орыс әдебиетін зор
құштарлықпен кәміл меңгергенін, Абай шығармаларының негізгі сарыны,
әсіресе, М.Ю.Лермонтовпен сабақтас екенін абайтанушы З.Әміре атап айтады
[8] . Абай орыс тілі арқылы Батыс әдебиетінен Гете, Байрон, Дрепер,
Спинозаның еңбектерін оқып, зерттеген. [3]. Сөйтіп, Әуезовтың сөзімен
айтқанда, 1884 жылдары ол дүниеден көп мағлұматы бар кісі болды. Қыр
елінің бүкіл адамзатқа жолдаған елшісі, халқының көреген көзі, мейірбан
жүрегі, ыстық сезімі мен қайсар еркінің, бойындағы барлық ізгі қасиеттерінің
жиынтығына айналды.
2. Әлемнің Абайы
«Мыңмен жалғыз алыстым, кінә қойма» деген өлең жолдарында
айқындалған жалғыздық, данышпандық ой біздің заманымызға дейінгі ғұлама
Анарыстың, бабаларымыз Майқы би, Тоныкөктің басынан өтпеді дейсіз бе?
Асан жырауға «қайғы» сөзі қайдан жамалды?! Ақтамбердінің аузына «жағама
55 қолдың тигенін жалғыздық сенен көремін...» деген жолдарды кім салғызды?!
«Жартасқа бардым, күнде айғай салдым» дейтін Абай жалғыздығының
төркінінде не жатыр? Ағылшын жазушысы В.Скоттың аузына «Жер шары
ғаламның сарғыш үйі ме деп сескенемін» деген ғалам жалғыздығы хақындағы
үрейлі сөздерді кім салғызып отыр? Оны айтқызған да Жаратушының шебер
өрнегінен шыққан Жалған атты тіршілік емес пе?! Қазақтың Абайы да өз
замандастары арасынан дос таба алған жоқ, бірақ ол бөгделік бөгеттер мен
таптық алауыздық дегенді білмейтін әлемдік мәдениет әуенінен өзіне
достарды тапты» [2]. Бұл үндестік Абай мұрасын адамзаттың асыл
қазынасына айналдырды. «Атаңның баласы емес, адамның баласы», әлемнің
Абайы болды. Өлеңдері Шыңғыстаудан адам рухының өзге аймақтарына тарап
кетті. Туындылары –айналаны түгел қамтитын шеңбер, ол адамның жанжүрегі
мен ақылойын, өткен, қазіргі және болашақ замандарды түгел қамтиды. 80
жылдары жазған өлеңдерінің көпшілігі ауылдың тұрмысына арналған («Қыс»,
«Жаз», «Жігіттер, ойын арзан, күлкі қымбат», «Біреудің кісісі өлсе, қаралы
ол», «Сегіз аяқ», «Болыс болдым, мінеки»). Мұнда халқының бүкіл рухани
құндылықтары терең көркемдіксын тұрғысынан қайта қаралу бар еді...
Сөйтіп, өзі өмір сүрген қоғамды, өз халқының тарихын түбегейлі қайта
өзгертуші «қоғам қайраткері» Абайдың жаңа ақындық бағдарламасы жария
етілді. Сондайақ, озық ойлы демократтардың еңбектерін оқып, ойпікірін
қорытып, қазақ өміріндегі аса маңызды мәселелерді түсіндіруге қолданады.
Шығыс пен Батыстың сүлейлерінен үйреніп қана қоймай, халқын солардың
мәдениеті мен білімінің озығынан сусындауға шақырады. Шығармаларында
«адам өмірінің мәнді болуы үшін не істеу керек?» деген сауалға жауап беріп,
олардың өмір сүруінің гуманистік бағдарын көрсетіп берді. Екі қасиеттің —
сезім мен қисынның, түйсік пен ақылдың қатынасын таразылайды. Сондықтан
да: «Ақыл сенбей сенбеңіз, Бір іске кез келсеңіз» дейді. Сын тәлкегіне түскен
еріншектік, дарақылық, жалқаулық,.. сияқты қасиеттерді Абай бұрынғы
бабаларымыздың бойынан көрген «кемшіліктер» ретінде емес, сол замандағы
66 саясиәлеуметтік қатынастардың салдары ретінде қарастыруға жол ашқан.
Туындыларына арқау болған бұл тақырыптардың ақылой әлеуеті қазіргі таңда
қазақ түгілі дүние жүзі ғалымдарының ізденісіне азық болып келеді емес пе.
«Мен бір жұмбақ адаммын оны да ойла», деп айтып кеткеніндей, оның алға
қойған мәселелерінің көбісі осы уақытқа дейін шешілмей, жұмбақ жанның
сыры ашылмай, бүкіл адамзаттың ақылойын толғантып, ізденіс жолын
жалғастыра беруге шақырып отыр.
ІІІ. «Адамзаттың бәрін сүй, бауырым деп»
Абай қағидаларының бүгінгі біздің ұлттық саясатымызда алар орны
ерекше. Ішкісыртқы саясатта да жауапты Абайдан табамыз. Абай мұрасын
тануды бүгін дүниежүзілік өркениет ауқымында қарауды бастады. Бүкіл
тілдегі
адамзаттық рухани биікке шыққан ойшылдың ұлт,
айырмашылықтарға қарамай, «Адамзаттың бәрін сүй, бауырым деп» ең басты
дін,
қағида – бірлікке, насихаттауы, жер бетіндегі барша адам баласына ортақ
мүддені қорғайтын осы биік идеяны Абайға дейінгі ғұламалар да (Сократ,
Платон, Конфуции, Аристотель) айтқан [7]. Абайдың бұл ұстанымы бүгін
назар аударған халықтар достығы мәселесіне ұласып,
Елбасының
Ассамблеяның құрылғанына, оның жемісті еңбегіне 20 жыл толып отыр.
Әрдайым Абай тағылымын басшылыққа алатын Президент Н.Назарбаевтың
сарабдал саясаты бүкіл әлемге өнеге болып келеді. Абайдың арқасында
Қазақстанды әлем танып, Қазақстан Абайымен мақтанып отыр. Сондықтан да
«Абай деген бір өлшемнің екі басындағы шетін ұшқарылықтың азапбейнеттен
келіп, бір сәтті мезеттегі ұштасуы,.. жер тартылысының қуатты күші, адам
қиялының қисын тауып кететін тегеуріні. Бұл – Ұлы даланың үстіндегі аспан
күмбездерін өзінің алыпқа біткен қос иығымен көтеріп тұрған атлант». [2].
77 Пайдаланылған әдебиеттер:
1. «Абай журналы» 2003 жыл, №4, 28бет
2. Анастасьев Н. «Абай», «Аударма» баспасы, 2010 жыл
3. Әуезов М.О. «Абайды білмек парыз ойлы жасқа» Алматы. «Санат»
1997 жыл
4. Байтұрсынов А. Шығармалар жинағы
5. «Бес ғасыр жырлайды» Алматы «Жазушы» 1989 жыл.
6. Досжанов Д. «Абай айнасы» Алматы, «Қазақстан» 1994 жыл
7. Есім Ғ. «Абай туралы философиялық трактат», Алматы, «Қазақ
университеті» 2004 жыл
8. Мырзахметұлы М. «Абайтану» 1том, Астана, 2014 жыл
9. Нұрғалиев Р.Н. (бас ред.) «Абай» энциклопедиясы, Алматы «Атамұра
10. Шәріпов Ә., С.Қирабаев, Қ.Мырзалиев (құрастырғандар) «Қазақ
әдебиеті» хрестоматиясы, «Алматы» баспасы, 2002 жыл.
88 Мақала
«Адамзаттың бәрін сүй, бауырым деп»
Абай қағидаларының бүгінгі біздің ұлттық саясатымызда алар орны
ерекше.
Сөз танитын «қалың елі, қазағы» «Алтын хакім Абай» деп ардақтаған,
Абай Құнанбайұлы кең сақараның текті ақыны. «Әуелі өзіңнен асып кеткен
ұл туғыз,..» деп әкесі айтқандай, тектіден туып, жасында медреседе оқыған,
кейін әкесімен бірге ел ісіне араласып, «өмір мектебінде» шыңдалған. Төл
мәдениеттің тұнығынан сусындап, шығыс поэзиясына таяна, орыс және
еуропа мәдениетіне жақындасу арқылы қазақтың рухани ойлам шеңберіне
сонылық енгізген реформатор. Шығыс пен Батыс өркениетін жетік білген,
Пушкин, Гете, Шекспирмен және Декартпен сұхбаттас болып, солармен бой
теңестіре тұрған ғұлама ойшыл.
Адамзат ақылойының, ақындығының ірі тұлғасы Абайдың тағылымы,
шығармаларындағы адами қағидалары («Ақыл, қайрат, жүректі бірдей ұста»,
«Сабырсыз, арсыз, еріншек») мен дидактикалық ұстанымдары («Жасымда
ғылым бар деп ескермедім», «Ғылым таппай мақтанба») бүгін жер бетіндегі
бүкіл адамзат мәңгі сусындар рухани бұлаққа айналды. Ақынның қай
туындысын алмайық, оның алтын қазығы – Адам. Нағыз Адам, толық Адам
қандай болу керек деген сұраққа жауап іздейді, «Атымды Адам қойған соң,
қайтіп надан болайын», «Адамды сүй, Алланың хикметін сез, не қызық бар
өмірде одан басқа» деп әрі оған жауап та береді.
«Қазақтың бас ақынының» жастығы сөз бен саз өнерінің кенішінде өтті.
Ол әжесінен ауызынан халық әдебиетнмен нәр алып, салсерілердің өнерін
үйренген ырғақ пен дыбыстың төл перзенті еді. Абай поэзиясының ырғақты
бейнесі де дәл осындай. Бірде көшкен елдің сабырлы, салқам жүрісіндей,
бірде құм төбелердің үнсіз қыбырындай тылсым, енді бір тұста қырғидың
қанатының суылындай, ат тұяғының дүрсіліндей екпінді :
Көлеңке жасын ұзартып,
Алысты көзден жасырса.
Күнді уақыт қызартып,
Көкжиектен асырса...
99 Тұлпардан тұғыр озбас шабылса да,
Оған да үкі, тұмар тағылса да.
Қыжыртпай мені сырттан жүре алмайды,
Кім желігіп, қай шеттен қағылса да.
Міне, осы жолдардан бір сілтеуінде мың түрлі серпіні бар бір қолдың, бір
үнінде сан түрлі саздың әуені бар бір өңештің табы байқалады. Осынша өлең
қалай шыға берген? Табиғи дарыны. Сақарадағы әрбір қыбыр, әрбір сыбыр,
көріністер болашақ ұлы ақынның зерек зердесінен бірдебір қалыс қалмай,
құйыла берген. Сөйтіп ақынның келісті өлең мен философиялық трактаттар
жазу тәжірибесінде осынау тамылжыған әсем әуен, төкпелеткен ақын сөздері
жаңғырықсыз қала алмады. Жалпы халық құрметіне бөленген тұлғалар атына
айтылған ащы сын да болды («Шортанбай, Дулат пенен Бұқар жырау,..»). Бұл
ойды С.Торайғыров өлеңдерінде «Олар надан ойлауда көп адасқан, Оларды
қоя алмаймыз Абаймен тең, Себебі оқымаған білімі кем!» –деп Абайдың
қазақтың ойсанасындағы жаңа бағыттың бастамасы екендігін көркем сөзбен
суреттей білген. Абай жастық шағында өлеңімен сусындаған Біржан сал:
«Абайдай адам тумас сөзге зерек, Зейіні түпсіз дария көзің жетпес», деп биік
бағалап кеткен [8]. Сондайақ, «Туғанда дүние есігін ашады өлең...» деп
басталатын Абай өлеңіндегі әрбір тармақтардан жақындықты, рухани
туыстықты, сондайақ,
алыстағы, шетелдік, өзге тілді, сенің тіліңе
ұқсамайтын, бірақ сөз бен әуен өздеріне де жат емес жандарға деген
сүйіспеншілік сезімін қалайша естімеуге болады [3].
Абай Семейде медресемен қатар, орыс мектебіне барады. Қазақта
бірінші болып ағасы Халиолла Лермонтов, Тургенев, Толстой шығармаларын
ана тіліне аударады, сөйтіп інісінің алдынан орыс әдебиетінің әлемін ашты [8].
Орыс достарының да ықпалы жетерлік еді. Абай осылай “... орыс тілін біліп,
мәдениетін терең таныған «Ғылымды іздеп, дүниені көздеп, екі жаққа
үңілдім» демекші, озғын ойды ... Пушкин, Герцен,.. Некрасовтардың өз
мұраларынан оқып, мол мағлұмат алды. Л.Н. Толстой, И.А. Крыловты...
оқыды, «Ол шығармаларын қазақша жазды, мейлінше мол еңбектенумен, орыс
тілін үйреніп, орыс әдебиетіне еркін жетіліп достасып алды. Өлеңдері
есіткінің жүрегін жігерлендірерліктей табиғи болып, шығармаларының асыл
негізі Лермонтовқа үндес келеді» деп Абайдың орыс әдебиетін зор
құштарлықпен кәміл меңгергенін, Абай шығармаларының негізгі сарыны,
әсіресе, М.Ю.Лермонтовпен сабақтас екенін абайтанушы З.Әміре атап айтады
[8] . Абай орыс тілі арқылы Батыс әдебиетінен Гете, Байрон, Дрепер,
Спинозаның еңбектерін оқып, зерттеген. [3]. Сөйтіп, Әуезовтың сөзімен
айтқанда, 1884 жылдары ол дүниеден көп мағлұматы бар кісі болды. Қыр
елінің бүкіл адамзатқа жолдаған елшісі, халқының көреген көзі, мейірбан
жүрегі, ыстық сезімі мен қайсар еркінің, бойындағы барлық ізгі қасиеттерінің
жиынтығына айналды.
101
0 «Мыңмен жалғыз алыстым, кінә қойма» деген өлең жолдарында
айқындалған жалғыздық, данышпандық ой біздің заманымызға дейінгі ғұлама
Анарыстың, бабаларымыз Майқы би, Тоныкөктің басынан өтпеді дейсіз бе?
Асан жырауға «қайғы» сөзі қайдан жамалды?! Ақтамбердінің аузына «жағама
қолдың тигенін жалғыздық сенен көремін...» деген жолдарды кім салғызды?!
«Жартасқа бардым, күнде айғай салдым» дейтін Абай жалғыздығының
төркінінде не жатыр? Ағылшын жазушысы В.Скоттың аузына «Жер шары
ғаламның сарғыш үйі ме деп сескенемін» деген ғалам жалғыздығы хақындағы
үрейлі сөздерді кім салғызып отыр? Оны айтқызған да Жаратушының шебер
өрнегінен шыққан Жалған атты тіршілік емес пе?! Қазақтың Абайы да өз
замандастары арасынан дос таба алған жоқ, бірақ ол бөгделік бөгеттер мен
таптық алауыздық дегенді білмейтін әлемдік мәдениет әуенінен өзіне
достарды тапты» [2]. Бұл үндестік Абай мұрасын адамзаттың асыл
қазынасына айналдырды. «Атаңның баласы емес, адамның баласы», әлемнің
Абайы болды. Өлеңдері Шыңғыстаудан адам рухының өзге аймақтарына тарап
кетті. Туындылары –айналаны түгел қамтитын шеңбер, ол адамның жанжүрегі
мен ақылойын, өткен, қазіргі және болашақ замандарды түгел қамтиды. 80
жылдары жазған өлеңдерінің көпшілігі ауылдың тұрмысына арналған («Қыс»,
«Жаз», «Жігіттер, ойын арзан, күлкі қымбат», «Біреудің кісісі өлсе, қаралы
ол», «Сегіз аяқ», «Болыс болдым, мінеки»). Мұнда халқының бүкіл рухани
құндылықтары терең көркемдіксын тұрғысынан қайта қаралу бар еді...
Сөйтіп, өзі өмір сүрген қоғамды, өз халқының тарихын түбегейлі қайта
өзгертуші «қоғам қайраткері» Абайдың жаңа ақындық бағдарламасы жария
етілді. Сондайақ, озық ойлы демократтардың еңбектерін оқып, ойпікірін
қорытып, қазақ өміріндегі аса маңызды мәселелерді түсіндіруге қолданады.
Шығыс пен Батыстың сүлейлерінен үйреніп қана қоймай, халқын солардың
мәдениеті мен білімінің озығынан сусындауға шақырады. Шығармаларында
«адам өмірінің мәнді болуы үшін не істеу керек?» деген сауалға жауап беріп,
олардың өмір сүруінің гуманистік бағдарын көрсетіп берді. Екі қасиеттің —
сезім мен қисынның, түйсік пен ақылдың қатынасын таразылайды. Сондықтан
да: «Ақыл сенбей сенбеңіз, Бір іске кез келсеңіз» дейді. Сын тәлкегіне түскен
еріншектік, дарақылық, жалқаулық,.. сияқты қасиеттерді Абай бұрынғы
бабаларымыздың бойынан көрген «кемшіліктер» ретінде емес, сол замандағы
саясиәлеуметтік қатынастардың салдары ретінде қарастыруға жол ашқан.
Туындыларына арқау болған бұл тақырыптардың ақылой әлеуеті қазіргі таңда
қазақ түгілі дүние жүзі ғалымдарының ізденісіне азық болып келеді емес пе.
«Мен бір жұмбақ адаммын оны да ойла», деп айтып кеткеніндей, оның алға
қойған мәселелерінің көбісі осы уақытқа дейін шешілмей, жұмбақ жанның
сыры ашылмай, бүкіл адамзаттың ақылойын толғантып, ізденіс жолын
жалғастыра беруге шақырып отыр.
Абай қағидаларының бүгінгі біздің ұлттық саясатымызда алар орны
ерекше. Ішкісыртқы саясатта да жауапты Абайдан табамыз. Абай мұрасын
111
1 дін,
тануды бүгін дүниежүзілік өркениет ауқымында қарауды бастады. Бүкіл
адамзаттық рухани биікке шыққан ойшылдың ұлт,
тілдегі
айырмашылықтарға қарамай, «Адамзаттың бәрін сүй, бауырым деп» ең басты
қағида – бірлікке, насихаттауы, жер бетіндегі барша адам баласына ортақ
мүддені қорғайтын осы биік идеяны Абайға дейінгі ғұламалар да (Сократ,
Платон, Конфуции, Аристотель) айтқан [7]. Абайдың бұл ұстанымы бүгін
Елбасының
назар аударған халықтар достығы мәселесіне ұласып,
Ассамблеяның құрылғанына, оның жемісті еңбегіне 20 жылдан асып отыр.
Әрдайым Абай тағылымын басшылыққа алатын Президент Н.Назарбаевтың
сарабдал саясаты бүкіл әлемге өнеге болып келеді. Абайдың арқасында
Қазақстанды әлем танып, Қазақстан Абайымен мақтанып отыр. Сондықтан да
«Абай деген бір өлшемнің екі басындағы шетін ұшқарылықтың азапбейнеттен
келіп, бір сәтті мезеттегі ұштасуы,.. жер тартылысының қуатты күші, адам
қиялының қисын тауып кететін тегеуріні. Бұл – Ұлы даланың үстіндегі аспан
күмбездерін өзінің алыпқа біткен қос иығымен көтеріп тұрған атлант». [2].
121
2

Материалы на данной страницы взяты из открытых истончиков либо размещены пользователем в соответствии с договором-офертой сайта. Вы можете сообщить о нарушении.