Ғылыми жоба
Оценка 4.7

Ғылыми жоба

Оценка 4.7
Научные работы
docx
русский язык
7 кл
10.04.2018
Ғылыми жоба
Аннотация Ғылыми жобаның тақырыбы: Ақын ана Ғылыми жобаның мақсаты: Қазіргі ұрпаққа тарихта аты елеусіз қалған ақындарды дәріптеу. Ғылыми жобаның міндеттері: 1. Нәзира Қыдырбайқызының ана махаббаты тақырыбындағы өлеңдерінің тәрбиелік маңызын ашу. 2. Нәзира ананың ұрпақ тәрбиесіне арналған ғұмырлық тәжірибесін жас ұрпаққа үлгі ету. Ғылыми жобаның зерттеу нысаны:Нәзира Қыдырбайқызының (1929-1995)шығармашылығы Ғылыми жобаның зерттеу әдістері: 1. бақылау 2. зерттеу 3. талдау Ғылыми жобаның нәтижесі мен қорытындысы: Бұл ғылыми жобада зерттеу барысында мынадай нәтижеге жеттім: Дарынды ананың бойындағы асыл қасиеттері ұрпағына тәрбие арқылы берілген. Сол тәрбиені көрген ұрпақ қоғамымыздың дамуына өзіндік үлесін қосып келеді.Аннотация Ғылыми жобаның тақырыбы: Ақын ана Ғылыми жобаның мақсаты: Қазіргі ұрпаққа тарихта аты елеусіз қалған ақындарды дәріптеу. Ғылыми жобаның міндеттері: 1. Нәзира Қыдырбайқызының ана махаббаты тақырыбындағы өлеңдерінің тәрбиелік маңызын ашу. 2. Нәзира ананың ұрпақ тәрбиесіне арналған ғұмырлық тәжірибесін жас ұрпаққа үлгі ету. Ғылыми жобаның зерттеу нысаны:Нәзира Қыдырбайқызының (1929-1995)шығармашылығы Ғылыми жобаның зерттеу әдістері: 1. бақылау 2. зерттеу 3. талдау Ғылыми жобаның нәтижесі мен қорытындысы: Бұл ғылыми жобада зерттеу барысында мынадай нәтижеге жеттім: Дарынды ананың бойындағы асыл қасиеттері ұрпағына тәрбие арқылы берілген. Сол тәрбиені көрген ұрпақ қоғамымыздың дамуына өзіндік үлесін қосып келеді.
Ақын ана.docx
Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрлігі Тақырыбы:                                    Ақын ана   Секция:                                         «Қазақстандық 100 жаңа есім»  Бағыты:                                           Авторы:                                          Бағдатова  Жазира                                                           7 «Б» сынып оқушысы Мектеп:                                          С.Есқараев атындағы №27 орта мектебі          Жетекші:                                №27 мектептің орыс тілі мен әдебиеті пәні                                                        мұғалімі   Файзуллаева  Айдана Хамитбекқызы Жосалы кенті 2018 жыл МАЗМҰНЫ I. КІРІСПЕ..............................................................................................1­2 II. НЕГІЗГІ БӨЛІМ.................................................................................. ?? 2.1. Отбасы – бақыт мекені  2.2. Ақындық өнер –  тәңірдің  тартуы ....................................................... ?? ІІІ. ҚОРЫТЫНДЫ........................................................................................  ?? ҰСЫНЫС................................................................................................. ?? ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР....................................................?? ҚОСЫМША....................................................................................................... Аннотация Ғылыми жобаның тақырыбы:         Ақын ана   Ғылыми жобаның   мақсаты:   Қазіргі ұрпаққа тарихта аты елеусіз қалған ақындарды дәріптеу.  Ғылыми жобаның міндеттері:  1. Нәзира Қыдырбайқызының ана махаббаты тақырыбындағы өлеңдерінің тәрбиелік маңызын ашу.  2. Нәзира ананың ұрпақ тәрбиесіне арналған ғұмырлық тәжірибесін жас ұрпаққа үлгі ету. Ғылыми   жобаның   зерттеу   нысаны:Нәзира   Қыдырбайқызының  (1929- 1995)шығармашылығы Ғылыми жобаның зерттеу әдістері:   1. бақылау                                                                      2. зерттеу                                                                      3. талдау     Ғылыми жобаның нәтижесі мен қорытындысы:  Бұл ғылыми жобада  зерттеу барысында мынадай нәтижеге жеттім: Дарынды   ананың   бойындағы   асыл   қасиеттері   ұрпағына     тәрбие   арқылы берілген. Сол тәрбиені  көрген ұрпақ  қоғамымыздың дамуына өзіндік үлесін қосып келеді. Кіріспе Мен егеменді қазақ  елінің   жас ұланымын. Мұны мен   мақтаныш етемін. Біздер, жас ұландар, еліміздің  ертеңгі  болашағымыз. Мен сол себепті  өткені тереңде жатқан тәуелсіз елімнің  тарихын, өнерін және мәдениетін қастерлеп, қадірлеймін.  «Ұлт   мақтанышы   біздің   бұрынғы   өткен   батыр   бабаларымыз,   данагөй билеріміз   бен   жырауларымыз   ғана   болмауға   тиіс   .   Мен   бүгінгі замандастарымыздың жетістіктерінің тарихына да назар аударуды ұсынамын. Бұл   идеяны   «Қазақстандағы   100   жаңа   есім»   жобасы   арқылы   іске   асырған жөн», ­ деп елбасымыз  Нұрсұлтан Әбішұлы  Назарбаев  2017 жылдың сәуір айында   жарық   көрген   «Болашаққа   бағдар:   рухани   жаңғыру»   атты мақаласында айтқан болатын.  Бұл дегеніміз елімізде еңбектері елеусіз қалған тұлғаларды   анықтап,   100   жаңа   есімнің     қатарына     қосу     деген     сөз. Айналамызда   қаншама   еңбектері   елеусіз   қалған   «ерекше   тұлғалар»   бар. Солардың бірі – тіршіліктің тауқыметінен өз бойларындағы табиғи дарынын ашуға мүмкіндігі болмаған  өткен ғасырда өмір сүрген қазақ әйелдері. Олар отбасының ұйтқысы, ибалы келін, адал жар, өнегелі ана, ақылгой әже болуға ғұмырын арнаған асыл жандар. Есімі елге белгілі болмаса да осындай аналар халқымыздың   салт­дәстүрлерін   сақтап   ұрпақ   тәрбиеледі,   қоғамымыздың дамуына сүбелі үлес қосты. Мен өнерге бейімі бар  аналардың  өмір  жолын зерттеуді  дұрыс деп  ұйғардым.   Соған байланысты жұмысымды бойында шығармашылық қабілеті бар аналардың  бірі ­   Қыдырбайқызы  Нәзира  әжеге арнадым. Зерттеу   жұмысын     үш   бағытта   жүргіздім:   Нәзира   ананың   өмірбаяны (шығу тегі мен ақындық ортасы), өлеңдері, ұрпағы.              Менің ғылыми жобамның тақырыбы:  «Ақын ана». Бұл тақырыпты таңдаған   себебім     Қыдырбайқызы     Нәзира       ­   көргенді   келін,   асыл   жар, қамқоршы ана, ұлағатты ене, ақылгой әже болуымен қатар    шығармашылық еңбекпен де айналысқан.          Мен  Нәзира  әже туралы өзімнің  сынып жетекшім  Айдана  апайдан  ең алғаш естідім. Сол сәтте менде қызығушылық пайда болды. Кейіннен Нәзира әженің  үлкен қызы Рабиға апайдан сұхбат алдым.  Осыған байланысты есімі көпке белгісіз қарапайым ана тұлғасын зерттеуді мақсат қылдым. Өкінішке орай ол кісі бүгінде арамызда жоқ: өмірден озғанына жиырма үш жыл...  Ғылыми жобаның  мақсаты:         Қыдырбайқызы     Нәзира   Досмахан   келінінің   өмірін,   шығармашылығын зерттей отырып оның өлеңдерінің тәрбиелік маңызын ашу.  Ғылыми жобаның міндеттері: 1. Қыдырбайқызы  Нәзираның өмірбаянымен  таныстыру. 2.   Қыдырбайқызы   Нәзира   Досмаханкелінінің   өлеңдерінің     тәрбиелік   мәнін насихаттау. Негізгі  бөлім 1. Отбасы – бақыт мекені                                        Туғанда дүние есігін ашады өлең,                                        Өлеңмен жер қойнына кірер денең,       Дүниеге нәресте келді: бұлданып, жер тепкілеп жылап келді. Үнінде ырғақ бар. «Ырғақ бар жерде өлең бар» (Маяковский).   Демек, жас сәби дүниеге жылап келген жоқ, әндетіп, өлең айтып келді. Ес жиып үлгірмеген сәбидің өзі өлең  айтқасын  өзгелерге  не  жорық, енді естиярлар  ән салып, өмір түп­түгел өлеңге айналды да кете барды: әлдилеу — ән, әлпештеу — ән, ер жеткізу —ән, қыз ұзату — ән, келін түсіру —ән… Бірі —бесік жыры болса, бірі — жар­жар, бірі — бет ашар…— бәрі ән. Ол — ол ма, адамның өмірі ғана емес, өлімінің өзі өлең:   жоқтау — ән,  эпитафия — өлең…                                           Өлең ­ сөздің  патшасы, сөз сарасы                                              Қиыннан қиыстырар ер данасы, ­ деп Ұлы  Абай атамыз айтқандай   өлең   шығару   ауыр  жұмыс. Өлеңді  екінің  бірі шығара алмайды.  Осындай  ақын  әжелеріміздің  бірі    Қыдырбайқызы  Нәзира Досмахан келіні. Қыдырбайқызы  Нәзира 1929 жылы 18­қыркүйекте   Жалағаш ауданы, Жаңаталап ауылында дүниеге келген. Мектеп қабырғасында жүргенде өлең жазып, ауыл сахнасында халық әндерін,  Балқы базардың терме­толғауларын орындап   айналасына   өнерімен   танымал   болған.     Қисса­дастандарды («Көрғұлы»,   «Қыз   Жібек»,   «Қозы   Көрпеш­Баян   сұлу»,   «Алпамыс», «Қобланды»,   Балқы   Базардың   және   Тұрмағамбет   Ізтілеуовтің   дастандарын т.б.) жатқа білген. Ұстазы Әбзәли Егізбаевтің «Дат» дастанын өтініші бойынша бір түнде дәптерге көшіріп беріп, шығарма мәтінін есінде сақтап қалған. Сол туындыны жиі айтып балаларына әңгімелеп беретін. Қызы Райкүл көп   жыл өткен соң «Дат»  дастанын   орыс   тіліне   аударған.  (Поэма  «Дад».   Перевод   на   русский язык. //Оспанов Б.  «Дад» дастаны. – Алматы: Сорос­Қазақстан қоры, 2002. – Б. 216­264).          Шешендігімен елге танымал болған Нәзира Қыдырбайқызы ­ балқы Қара Достың алтыншы ұрпағы. Немере ағалары Байнияз Желдірбаев,   Мырзағали Ақжолов – республикаға белгілі ақындар. Осындай ағаларының өлең жазуға үлкен   ықпалы   болған.   Жеңгелерінің   қойған   аты   ­   «Жырау   қыз».   Яғни әжеміздің өскен ортасы ақындық өнерге жақын болған.            Қыдырбайқызы Нәзира Қармақшы  ауданы Жосалы кентіне 1948 жылы келін болып түскен. Бес баланың анасы. Өмірлік  жары Досмаханов  Амандық 45 жыл бойы, теміржол  әскерилендірілген күзет бөлімін үзіліссіз басқарған, «Құрметті   теміржолшы»   төсбелгісінің,   «Құрмет   белгісі»   орденінің   иегері болған. Жарының қызмет жолында өсіп қалыптасуына Нәзира Қыдырбайқызы ықпал етіп, қолдау көрсеткен.          Ұлдары Сағындық пен Сахи әке   жолын қуған   теміржолшылар. Қазір немересі  Төлеген  теміржол  саласында әке  жолын қуып  қызмет істеп жүр.       Үлкен қызы Рабиға ­ № 250 мектеп­лицейінің  ардагер  ұстазы.        Ортаншы қызы Роза ­ № 250 мектеп­лицейінде физика  пәнінің  мұғалімі.        Кіші қызы    Райкүл ­ филология ғылымдарының кандидаты. Қазіргі кезде Алматы энергетика және байланыс университетінің доценті.       Келіні Бақыт Шитібайқызы ­ № 250 мектеп­лицейінде математика  пәнінің мұғалімі.            Көзі тірісінде Нәзира әжеге «Апа, сіз ұстазсыз ба?» деген сұрақты жиі қойған екен. Сонда әжеміз сәл жымиып, «Жоқ, мен ұстаздардың анасымын», ­ деп жауап береді екен. Ия, ол кісі өзінің жоғары білім алып, әдебиетші ұстаз болсам деген өмірлік арманын балаларына өнегелі тәрбие беру арқылы іске асырған. 2. Ақындық өнер –  тәңірдің  тартуы Рабиға   апайдың     айтуынша,  Нәзира   әже   балаларын   ауыз   әдебиетімен сусындатып өсірген, өзі де өлең  шығарған.  Бала тәрбиесімен  қатар ақындық өнерді  бірге  алып жүру өте күрделі іс. Өкінішке орай, ақын әженің көптеген өлеңдері   сақталмаған.   Мен   кенже   қызы   Райкүл   мен   немересі   Темірханға арнаған,анасы Ұрқиямен қоштасқанда және өмірлік жары Амандықты жоқтап жазған өлеңдерін таптым. (Кейбір өлеңдері үнтаспаға жазылған). Ананың   арманы   орындалды:   кіші   қызы   Райкүл   Қазақ   ұлттық университетінің   тіл­әдебиет   факультетіне   оқуға   түсті.   Жүрегі   сағыныштан елжіреген ана  сезімдерін хатпен жеткізді:  Десем мен Райкүліме хат жазайын Алдымен келетін сөз  «айналайын».  Жүрсің бе аман­есен, балапаным, Тағы да айналайын, айналайын. Нәзира   әже   хаттарында,   сөз   арасына   осындай   өлең   жолдарын   қосып жазады екен. Кезінде бірінші курс оқитын қызына «Райкүлге хат» атты өлең­ хат жолдаған. Мұнда балаға деген ана сағынышы:     Аңсаймын, минут сайын сағынамын Еркелік қылығыңды балдан шырын. Оқыған кітабыңнан әңгіме айтып Жазбаушы ең құшағыңды қарап қырын. Алыстағы қызы үшін алаңдаған ана ақылын айтады:  Ақылым айтар өзіңе: Тайсақтама қиыннан. Өнеге ал әрқашан Тәрбиелі ұйымнан. Қашығырақ, аулақ бол Мінезден жаман,  сұйылған. Асығыс басып аптықпа, «Жетпейді,­ деген,­ жүгірген», «Кетпейді,­  деген,­ бұйырған». Сонымен   қоса   Нәзира   ана   қызына   «жауапкершілік»,   «үмітті   ақтау» сияқты тақырыптарға байланысты ой салады :  Үміт бар жас болсаңда жаным сенен Түсіне білер деген сөздің құнын. Қамқоршы   ана   қызына   «Аналық   ақ   тілегім   тілейтұғын   бақытты өміріңе берсін жүрім», ­ деп тілегін білдіріп, батасын береді: Құтты болсын талабың! Сәтті болсын қадамың! Орының сенің өзгеше, Кішісі едің баланың. «Райкүлге   хат»   ­   ана   өсиеті,   сезімге,   ойға   толы   ана   монологы. Райкүлмен бірге оқитын  студент қыздар бұл өлеңді қосылып  оқып жаттап алған көрінеді. Нәзира ана өлеңінде алыста арман қуып білім алып жүрген балаларына барлық аналардың айтар сөзін жеткізе білді. Бүгінде өздері ана болған   Райкүл   апайдың   құрбылары   әлі   де   сол   өлең­хатты   тебіреніп   есіне алады екен.  «Темірханға» атты өлеңде  әже тағдырдың тәлкегімен жыраққа кеткен немересіне деген сағыныш сезімін жырға қосқан: Атың тұр жүрегімде, Темірханым, Күніне жүз қайталап, айналамын. Кішкентай, жаны таза сәбиімді Тағдырдың тәлкегінің айдағанын. Бұл өлең   қазіргі  жас  отбасыларға   ой  салады. Өкінішке  орай,  жастар араздасқан кезде баласының ертеңіне мән бермейді. Туған туыстарынан, ата­ әжесінен, елінен алыстаған баланың бақытты болуы қиындау ғой:     Бақытын басындағы түсіне алмай, Ата­анаң қателесті жас шағында. Солардың келіспеген кесірінен Ұяңды кете бердің тастадың да. Бұл өлеңде дана әже немересіне туған жері, тегі, елі туралы айтуды  парыз санайды: Көңілің көрмей өскен салқын болар, Тосырқап, жатырқайтын қалпың болар. Қармақшы кіндік кесіп туған жерің, Ұруың мәметектен Алтын болар. Аман бол, Темірханым, қайда жүрсең, Тілек сол бақытты боп өмір сүрсең. Ер бала әке атын жоғалтпайды, Амандық атаң аты сұрап білсең. Осы   өлеңде   ұясы   шайқалған   отбасындағы   бала   тағдырына   қатысты мәселе қозғалады. Әже алыстап кеткен немересін күтуде: Темірхан, жерің де бар, елің де бар. Тағдырлас сендей талай өмірде бар. Ата­әжең, аға­апаң сағынып жүр. Ал, ботам, тезірек кеп бізден хабар! Нәзира   әже   тоқсан   жасқа   келіп   өмірден   озған   анасы   Ұрқиямен қошасқанда перзенттік сезімін   Шаранадан шайқаған Келмейді анам қайтадан. Ардақтап еді артықша, Еңбегін қалай қайтарам, ­ деп білдіреді. Өмірлік   жары   Амандықтан   айрылғанда   ақынжанды   Нәзира Қыдырбайқызы   қазақтың   дәстүріне   сәйкес   жоқтау   өлең   жазды.   Бұл шығарманың мәтінінде адал жарға деген қимастық асыл сезім суреттеледі: Сыйластық аз күн өмірде, Бір­бірімізге жан ашып. Көрген түстей айырылып, Мәңгілік қалдым адасып. Осылайша,   Нәзира   Досмахан   келіні   өмірінің   қуанышты   және   қиын сәттерінде қолына қалам алып, сезімдерін өлең жолдарымен жеткізген.  Қорытынды Нәзира әже қоғамға өз үлесін қоса білген, ұрпақ тәрбиелеген – ардақты ана. Ұлдары     Сағындық    пен  Сахи  ­  әке жолын қуған теміржолшылар, есімдері   аталған   ұлдарының   бойына   анасының     адалдығы,   еңбекқорлығы дарыған.   Нәзира   әженің   есте     сақтау   қабілеті     ерекше   болған.   Көптеген жырларды, қисса­дастандарды жатқа білген. Осы қасиетін үлкен қызы Рабиға және ортаншы қызы Розаның   бойынан көруге болады. Ал, әдебиетке деген құлшынысы,   өлең жазатын қасиеті кіші қызына   дарыған. Бұл жөнінде әже былай дейді:        Бейімің бар еді шамалы      Жазуға ынтық қаламың.      Апаларыңдай ақын бол,     Жолын қуған Сараның!      Қызынан туған ұрпақсың      Балқы Базар бабаның! Қазіргі таңда кіші қызы Райкүл өлеңдерін екі тілде  жазады. Анасы төсек тартып жатып қызы Райкүлге Балқы Базардың «Әмина қыз» дастанын оқытып, терең   талдап   түсіндірген.   Сол   талдауларға   сүйене   отырып,   қызы   Райкүл шығарманы  орыс тіліне  аударып шыққан. Кейіннен осы дастан оқу құралына да   енді.   (Досмаханова   Р.А.   Поэзия   жырау   и   акынов.   Учебное   пособие.   – Кызылорда: КГУ им. Коркыт Ата, 2000. – 81 с.).  Нәзира әже туралы әлі де  болса  іздену керек, осы зерттеуді толықтыру қажет деген қорытындыға келдім. Ол үшін мен әлі де еңбектенемін. Ақын ананың замандастарымен, жалпы ол кісінібілетін жандармен кездесемін.  Қорыта келе сіздерге өзімнің  өлең жолдарымды  ұсынғым келеді: Өлең – сөздің  патшасы,  сөз  сарасы   Өлеңменен өрілген  мұң – наласы  Қуаныш  пен  сағыныш,  оны да  қос   Өсиеті  тағы бар, бұл  данасы.   Балаларын  тәрбиелеп  ата­анасы Ала жібін  аттама!, ­ деп  басқалардың  Жақсы менен жаманның  айырмасын Көрсетіп, үйретті  дүниеге  жақсылардың!  ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР 1. Поэма «Дад». Перевод на русский язык. //Оспанов Б.   «Дад» дастаны. – Алматы: Сорос­Қазақстан қоры, 2002. – Б. 216­264. 2. Досмаханова Р.А. Поэзия жырау и акынов. Учебное пособие. – Кызылорда: КГУ им. Коркыт Ата, 2000. – 81 с. 3. Досмаханова Р. Әке өсиеті.// Сыр бойы. – 5­желтоқсан. – 2012. ҚОСЫМША Райкүлге хат Ақ ботам, жүрсің бе аман, Райкүлім, Оқуға талаптандың алып білім.  Сондада маған  сәби көрінесің,  Сияқты тәй­тәй басып жүрген күнің. Аңсаймын, минут сайын сағынамын Еркелік қылығыңды балдан шырын. Оқыған кітабыңнан әңгіме айтып Жазбаушы ең құшағыңды қарап қырын. Мектептен келгеніңше сағынатын Өзіңде білесің ғой анаң сырын. Тек қана демалыста келетұғын Отырсың студент болып, жаным, бүгін. Шықпап ең үйден бұрын ешбір жаққа Роза көмектесер барған бұрын. Әрине, сен де, мен де сағынамыз Өйткені бірінші рет барған жылың. Үміт бар жас болсаңда жаным сенен Түсіне білер деген сөздің құнын. Аналық ақ тілегім тілейтұғын Бақытты өміріңе берсін жүрім.  Баланы жақын санаған Білесің анаң балажан. Еркетайым, ең кенжем, Жаныма жақын балаған. Алматыға аттандың Мамандық іздеп қалаған. Талпынып қанат қаққаның Баурымнан ұшып жаңадан. Құтты болсын талабың! Сәтті болсын қадамың! Орының сенің өзгеше, Кішісі едің баланың. Иесі болып оқыдың Мектепте «бестік» бағаның. Ондада, жаным, жақсы оқы Болмасын басқа алаңың. Тәртіпті бол, үлгілі, Жақсы болсын сабағың. Асқар тау әке ­ қамқоры Анаменен баланың. Ақтағайсың жақсы оқып Еңбегін ата­ананың. Оқу орны қарсы алар Барсаңдар қайда, қарағым. Сусындатар біліммен Ізденген талмай адамын. Бейімің бар еді шамалы Жазуға ынтық қаламың. Апаларыңдай ақын бол, Жолын қуған Сараның! Қызынан туған ұрпақсың Балқы Базар бабаның. Хат жазып туған күніме Өлеңмен келді хабарың Алғыс айтып біренеше Сыйыңды қарсы аламын. Кір шалмасын жүзіңді, Жарқырап жансын жанарың. Ықыласыңа ризамын Мен үшін, жаным, жыйылған. Жақсы сөзбен сыйлаған Айналдым, жаным, сыйыңнан.  Ақылым айтар өзіңе: Тайсақтама қиыннан. Өнеге ал әрқашан Тәрбиелі ұйымнан. Қашығырақ, аулақ бол Мінезден жаман,  сұылған. Асығыс басып аптықпа, «Жетпейді,­ деген,­ жүгірген», «Кетпейді,­  деген,­ бұйырған». Жүрегімнен саған деп Сағыныш сезім құйылған. 25 қыркүйек 1983 ж. PS:  Райкүлді сағынып,         Әкесінің барында,        Басқа уайым жоғында,        Көңілдің қошында       Жазылған...   Темірханға Сағынып немеремді ойға аламын Анасы сағынбайды қай баланың. Бұл жайдан хабарың жоқ сенің, жаным, Сияқты ұрпағындай айдаланың. Атың тұр жүрегімде, Темірханым, Күніне жүз қайталап, айналамын. Кішкентай, жаны таза сәбиімді Тағдырдың тәлкегінің айдағанын. Кеткенде «ата», «әже» дейтін едің, Тіліңнің көре алмадық сайрағанын. Толтырып үйдің ішін қуанышқа, Базарын балалы үйдің тойлағанын. Ұяңда шалқып өсіп, шаттық кернеп, Тығылып балдарменен ойнағаның, Атаңа жастық сүйреп еңбектейтін Қылығың іздегенмен қайда, жаным? Сағыныш сезімімді жеңе алмай, Шығардым ішке сыймай ойда барын. Кетіп ең бірден  үш ай асқаныңда Төрт жасқа міне келіп қалғаның ба... Бақытын басындағы түсіне алмай, Ата­анаң қателесті жас шағында. Солардың келіспеген кесірінен Ұяңды кете бердің тастадың да. Тұз­дәмі әке­шешең жараспады, Оларда тағдырыңмен санаспады. Амал жоқ, айтқанменен не болады, Қозымның осылайша адасқаны. Біреуге бір сүюге қимасамда, Айрылдым сенен, жаным, қас қағымда. «Аты­жөнім неге менің бөлек?» деген Бір сұрау жүр­ау сенің жас жаныңда. Отымның су тынығы алды едің, Тәттісін әркім білер немеренің. Жас кеттің, ешнәрседен хабарың жоқ, Білмесең біреу айтып ататегін. Көңілің көрмей өскен салқын болар, Тосырқап, жатырқайтын қалпың болар. Қармақшы кіндік кесіп туған жерің, Ұруың мәметектен Алтын болар. Аман бол, Темірханым, қайда жүрсең, Тілек сол бақытты боп өмір сүрсең. Ер бала әке атын жоғалтпайды, Амандық атаң аты сұрап білсең. Темірхан, жерің де бар, елің де бар. Тағдырлас сендей талай өмірде бар. Ата­әжең, аға­апаң сағынып жүр. Ал, ботам, тезірек кеп бізден хабар! 26 қыркүйек 1984 ж.   PS: Кеткен келеді,        Темірхан келді.  (10 тамыз  1986 ж.)

Ғылыми жоба

Ғылыми жоба

Ғылыми жоба

Ғылыми жоба

Ғылыми жоба

Ғылыми жоба

Ғылыми жоба

Ғылыми жоба

Ғылыми жоба

Ғылыми жоба

Ғылыми жоба

Ғылыми жоба

Ғылыми жоба

Ғылыми жоба

Ғылыми жоба

Ғылыми жоба

Ғылыми жоба

Ғылыми жоба

Ғылыми жоба

Ғылыми жоба

Ғылыми жоба

Ғылыми жоба

Ғылыми жоба

Ғылыми жоба

Ғылыми жоба

Ғылыми жоба

Ғылыми жоба

Ғылыми жоба

Ғылыми жоба

Ғылыми жоба
Материалы на данной страницы взяты из открытых истончиков либо размещены пользователем в соответствии с договором-офертой сайта. Вы можете сообщить о нарушении.
10.04.2018