Статья посвящена созданию коллаборативной среды обучения для достижения эффективности обучения. Статья будет интересна тем учителям, кто заинтересован в результатах собственной педагогической деятельности и строит учебный процесс на основе активных методов обучения. Использует в своей практике различные формы обучения, в том числе групповую работу.
УДК 37.035.2
Р.Т.САМУРАТОВА, ИМАНОВА А.Н.
«Өрлеу» біліктілікті арттыру
ұлттық орталығы» Акционерлік қоғамының филиалы
(Көкшетау, Қазақстан)
ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ ПЕДАГОГИКА ИДЕЯЛАРЫ –ЖАҢАРТЫЛҒАН
БІЛІМ БЕРУ НЕГІЗІ
Аңдатпа
Мақалада білім беру мазмұнын жаңарту жағдайында мұғалімнің оқушыға тек дайын
білімді беріп қана қоймай, жаңа білімді өздігінен өндіруіне, ізденуіне,зерттеуіне, өз оқуын
өзі басқаруына мүмкіндік беруі сияқты өзекті мәселе қозғалады.
Шағын топты
ұйымдастырудың тиімді тәсілдерін қолданып, топ мүшелерінің рөлдерін дұрыс бөлген
жағдайда, барлық сынып оқушыларын оқытумен қамтуға болатындығын атап көрсете
отырып, топ жұмысына кезеңкезеңмен бөліп талдау жасалған.
Түйін сөздер: ынтымақтастық оқыту, бірлескен жұмыс, топтық жұмыс, серіктестік
қарымқатынас.
Қазіргі уақытта елімізде әлемдік білім кеңістігіне енуге бағытталған
білім беру жүйесін қалыптастыру жүріп жатыр. Әлемдік өркениетке қадам
басқан еліміздің бүгінгі білім беру саласындағы бағыты тілдерді жетік
меңгерген, терең білімді, жанжақты дамыған жеке тұлға қалыптастыру.
Әлемдік тәжірибе
ынтымақтастық оқыту нәтижеге қол жеткізуде
табыстырақ болатынын көрсетіп отыр, ал оның басты идеясы қандай да бір
жұмысты бірге жасау емес, бірлескен оқу болып табылады.
Ынтымақтастықта оқыту дәстүрлі сыныптықсабақтық жүйенің
баламалы нұсқасы ретінде пайда болған. Оның авторлары үш идеяны тұтас
бір үдеріске біріктіреді:
Ұжымда оқыту
Өзара бағалау
Шағын топтарда оқыту.
Бұл ынтымақтастықта оқыту деген бір терминмен аталды.
Ынтымақтастықта оқыту кезінде оқу үдерісіне әсер ететін басты күш
ұжымның, оқу тобының ықпалы болды, бұл дәстүрлі оқытуда мүлдем мүмкін
емес десе де болады.
Ынтымақтастықта оқыту кезінде келесі міндеттер орындалады:
Оқушылар ұжымның басқа мүшелерімен әлеуметтік байланыс орната
білсе, жақсырақ оқи алады; Оқушыларды сауатты және қисынды жаза білуі ұжымның басқа
мүшелерімен қарымқатынас жасай білуіне байланысты болады;
Әлеуметтік қарымқатынас үдерісінде оқушылар арасында нақты білімі
бар және бірбірімен қарымқатынас жасау, бірлескен танымдық жұмыс
үдерісінде жаңа білім алуға дайын адамдардық оқу қауымдастығы
құрылады.
Мұғалім кей кезде әрбір оқушыға көңіл бөліп, көмек көрсетуге үлгермей
жатады. Ынтымақтастықта оқыту бұл мәселені шешуге мүмкіндік береді.
Оқушылар бірнеше шағын топтарда жұмыс жасай отырып, бірбіріне көмек
беруге және әрбіреуінің табысты болуы үшін жауапты болуға үйренеді.
Ынтымақтастықта оқытудың мақсаты әрбір оқушының өзінің даму
ерекшелігіне сәйкес білім, мен білік, дағдыларды меңгеріп қана қою емес.
Әлеуметтену, коммуникативтік білік әсері аса маңызды. Бүгінде көп балалар
жалғыздық пен шеттетуден қиналады, сондықтан балалар арасындағы
психологиялық байланысты күшейту, олардың қарымқатынасын орнату және
қолдау, мұғалімге, бірбіріне тілектестік қажет.
Выготский оқуға «әлеуметтік құбылыс» деген анықтама берді, сондықтан
да оқушылар білім «құру» барысында олар қазіргі кезде өздігінен істей алатын
нүктеден өзінің Жақын арадағы даму аймағында (ЖАДА) жалғыз өзі алға
ілгерілеуі тиіс (Vygotsky, 1978). Оқушылар өз ЖАДАсында жұмыс істегенде
оларға қолдау қажет.
Мұндай қолдауды олар мұғалімдерден,
сыныптастарынан, жұмыс дәптерлерінен, кітаптардан немесе басқа да
көздерден ала алады. ЖАДА қағидаты – оқушы жеке жұмыс істегенге
қарағанда, сабақ үстінде (қолдау көрсетілген кезде) анағұрлым көбірек
үйренеді [1].
Ынтымақтастық педагогикасы негізіне құрылған оқытудың тікелей
мақсаты –зияткерлік, рухани және физикалық қабілеттерді дамыту, ғылыми
материалистік дүниетануларын құру. Жұмыс әдісі бірлескен жұмыс, іздеу,
мұғалім мен оқушының алуан түрлі ынтымақтастығы болып табылады.
Ынтымақтастық педагогикасытұлғалықбағдарлы оқыту технологияларының
бірі. Бұл тұрғыда «топтық мақсаттарға» және барлық топтың табысты
болуына ерекше назар аударылады. Бұған зерттеуге берілген тақырып,
мәселемен жұмыс кезінде әрбір оқушының топтың басқа мүшелерімен үнемі
өзара әрекеттестіктегі өзіндік жұмысы нәтижесінде қол жеткізуге болады.
Сондықтан әрбір оқушының міндеті бір нәрсені бірге танып білу ғана емес,
команданың әрбір мүшесі тиісті білімді меңгеруге міндетті.
Оқушылардың бірлескен жұмыстағы тиімді өзара әрекеттестігін іске
асыру үшін, оқу топтарын мақсатты қалыптастыру, жұмысты жоспарлауға
қабілетті басшыларды (кеңесшілерді) мұқият іріктеу, оқушылармен қарым
қатынасты жақсарту қажет, мұғалім оқушылар жұмысын үнемі мұқият
бақылап отыруы, оқу материалын талдау, жаттығуларды орындау, есептердішығару кезінде ынтымақтасуға үйрету керек. Оқушылардың бірлескен оқу
жұмысын табысты ұйымдастыру үшін олардың оқудан тыс кездегі қарым
қатынасын ескеру маңызды.
Оқыту аясында мұғалімнің оқушылармен өзара әрекеттестігі кезіндегі
коммуникативтік жұмыс зор рольге ие болады. Коммуникация адамдардың
бірлескен жұмысын қамтамасыз етеді және ақпаратпен алмасуды ғана
білдірмейді, сонымен қатар қандай да бір тұтастыққа жетуді де білдіреді:
байланыс орнату, кооперация (ортақ жұмысты ұйымдастыру және іске асыру),
сонымен қатар серіктесті түсіне отырып,
тұлғааралық қабылдау.
Коммуникативтік әрекеттер оқушылардың басқа адамдардың ұстанымдарына
әлеуметтік құзыреттіліктер мен саналы бағдарларды (ең алдымен, серіктестің
қарымқатынасы немесе жұмысы бойынша), тыңдай білу және диалогке кіре
білу, проблеманы ұжымдық талқылауға қатысу, құрдастар тобына кірігу және
өнімді өзара әрекеттестік, құрдастары және ересектермен ынтымақтастықты
құра білуді қамтамасыз етеді.
Ынтымақтастық — ақпараттар және әрекеттермен алмасу ғана емес,
сонымен қатар заманауи жұмыс бойынша серіктестердің эмоционалдық
психологиялық қажеттіліктеріне сыпайы тұспалдауға бағытталған:
Мақсатқа жетуге байланысты қолдау және көмек көрсету;
Топтағы даусыз бірлескен жұмысты қамтамасыз ету;
Адамдармен өзара түсінісушілік, жылы қарымқатынастар орнату;
Тиімді топтық талқылау ұйымдастыру;
Тиімді бірлескен шешімдер қабылдау үшін топ мүшелері арасында білім
алмасуды қамтамасыз ету;
Топтың мақсаттарын айқын құру және оған қатысушылардың осы
мақсаттарға жету үшін өз энергиясын көрсетуге мүмкіндік беру;
Басқалардың қажеттіліктеріне дұрыс қарау.
Сонымен қатар «коммуникативтік құзыреттіліктер» ұғымы мазмұнына
сөйлеу әрекеттері де кіреді:
Пікір білдіруде тілдік материалды пайдалану үшін меңгеру;
Қарымқатынас жағдаяттарына сәйкес тілдік бірліктерді пайдалану
қабілеттілігі;
Коммуникативтікмаңызды тілдік құрылымдар аясында жеке пікір
білдірулерді қабылдау және тудырудың байланыстылығын түсіну және
жету қабілеттілігі;
Көру және естумен (оқылым, тыңдалым) берілетін мәтінді түсіну және
пікір білдіру қабілеттілігі (айтылым, жазылым);
Ақпараттардың әртүрлі қайнаркөздеріне (сөздіктер, анықтамалықтар)
бағдарлану және оларды оқу жұмысында пайдалану қабілеттілігі;
Тілдің қызмет етуінің әлеуметтікмәдени мәнмәтінімен танысу
дәрежесі; Қарымқатынасқа қабілеттілігі
және дайындығы
(оқытудың
интерактивтілік аспектісі).
Сыныптағы топтық жұмысты ұйымдастыру үшін тапсырмаларды орындау
кезінде 36 адамнан, көп жағдайда 4 адамнан тұратын топтарға бөлінеді.
Тапсырма жеке адамға емес, топқа беріледі. Топтарды әртүрлі белгілер
бойынша құруға болады. Мысалы, әртүрлі деңгейдегі топтар танымдық
белсенділіктері бірдей деңгейдегі оқушылардан құрылуы мүмкін. Бұдан
басқа, топтар оқушылардың өз қалауы бойынша құрылуы мүмкін: ұқсас
қызығушылықтары, жұмыс стилі, достық қарымқатынастары және т.б.
бойынша. Топтағы жұмыс кезіндегі оқушылардың рольдері әртүрлі бөлінуі
мүмкін:
барлық рольдерді мұғалімдер ертерек бөліп қояды;
қатысушылардың ролі араласқан: балалардың бір бөлігіне ол қатаң
берілген және мәселені шешудің барша үдерісінде бұлжымайды, топтың
басқа бөлігі өз қалауы бойынша рольді өз бетінше анықтайды;
топ қатысушылары рольді өзі таңдайды.
Рольдің орындалуы топ қатысушысының жекедара қасиеттеріне
байланысты. Бұл үдеріске баланың әлеуметтікпсихологиялық мінездемесі де
әсер етеді. Мысалы, сыныптағы төмен дәрежелі оқушы рольді қабылдау
кезінде мұғалімнің көп көңіл бөлгенін және қолдауын талап етеді.
Оқушылардың топтар бойынша жұмысы кезінде мұғалім келесі позицияларда
болады: жетекші, топ «режиссері» болу; топтың бір қатысушысы қызметін
атқару; топтық жұмыс барысы мен нәтижелерін қадағалаушы және бағалаушы
сарапшы болу; топтар жұмысын бақылаушы болу. Басында мұғалім оқушының
тапсырманы топта бірлесе орындауына қосылуын қамтамасыз етеді. Ол
топтық жұмыс дегеннің не екенін, балаларға әрбір топта және сынып
бөлмесінде топтардың қалай орналасуы тиістігін түсіндіреді; жұмыстың
жүйелілігі туралы нұсқаулық береді, топ ішінде тапсырмаларды бөледі;
балалардың топта орындауы мүмкін қызметтері (рольдері); топтағы
жұмыстың жеке нәтижелерін талқылау қажеттілігіне көңіл аудару. Мұғалім
оқушыларға топтың әрбір мүшесінің жұмысын серіктестерінің қабылдауына
байланысты тәсілдерді хабарлайды:
жолдасының жауабын мұқият тыңдау, оның толықтығын бағалау;
материалды мазмұндау логикасына назар аудару;
жолдасының өз жауабын нақты мысалдармен, дәлелдермен көрсете
алуын анықтау;
жіберілген қателерді сыпайы түзету;
қажетті елеулі толықтырулар енгізу;
жауаптың негізделген бағасын беру.
Топтың тапсырманы бірлесе орындауының бастапқы кезеңінде топ
мүшелерінің әрекеттерін нәтижеге жету үшін қажетті үйренетін кейбірмұғалім үйлестіреді. Сонымен қатар
қолжетімді әрекеттерді күш жетерлік іске асыруға оқушыларды тарта
отырып,
педагог тапсырманы
орындаудың бар үдерісін барынша реттейді.
Содан кейін мұғалім оқушыларға өз нұсқаларын айта отырып, мәселені шешу
жолын бірлесе тауып көруді ұсынады. Мұғалім оқушыларға ненің дұрыс
шыққанын, ненің дұрыс шықпағанын түсіндіре отырып, оқушылар жұмысын
өзі бағалайды.
Бұдан әрі оқушылар осы тапсырманың шешу тәсілдерін ұсынып қана
қоймай, сонымен бірге бақылау, үдерісті бағалау және алынған нәтиже
саласында бастама білдіреді. Педагогтің топтық жұмыстың осы кезеңіне
қатысуы негізінен марапаттаумен шектеледі және кейбір жағдайларда
бақылаудың көмегімен оқушы жұмысының нәтижелерін онымен бірге
бағалайды.
Топ жұмысының келесі кезеңінде мұғалім көмегі аз. Оқушылар
тапсырманы ала отырып және әрбіреуінің орындайтын тапсырмаларын ескере
отырып, оқу жұмысының барлық кезеңдерінде серіктестермен өзара
әрекеттестікті өздері реттейді. Мәселені шешуде қатысушылар өзінің жеке
ұстанымын мақұлдаудан жұмысты бірлесе орындаудың тиімді жолдарын
талқылауға көшеді. Осындай талқылаулар негізінде мұғалімге қойылуы
мүмкін нақтылаушы сұрақтар анықталады.
Соңында, бірлескен жұмысты өзіндік ұйымдастыруды меңгеру
шамасына қарай, оқушылар және құрдастарымен сапалы жаңа қарым
қатынасқа – серіктестік қарымқатынасқа көшеді.
Топтарға біріктіру ұжымның ынтымақтастығына ықпал етеді. Топта
оқушыларға өз пікірін айтуға, басқалардың пікірін тыңдауға мүмкіндік
берілген, оларда нақты командада жұмыс жасау білігі қалыптасады, оқушылар
топтағы жолдастарының пікірін тыңдап, айтылғандарды талдауға, немен
келісу және неге келісетінін түсіндіру, немен келіспеу және неге
келіспейтініне дәлелдер келтіруге үйренеді.
Оқушылар үшін серіктестік коммуникация үлгісі мұғалім болып
табылады. Ол әңгімелесушіге құрметін, пікірталасты сыпайы жүргізу және
серіктесті қолдау мысалын күнделікті таратады.
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ:
1. Мұғалімге арналған нұсқаулық.
Екінші басылым.
«Назарбаев Зияткерлік
мектептері» ДББҰ Педагогикалық шеберлік орталығы, 2016ж.
2. Гейхман Л.К.
Обучение общению во взаимодействии: интерактивный
подход//Образование и наука. 2002. №3.913 беттер.
АннотацияР.Т.Самуратова, А.Н.Иманова. Идеи педагогики сотрудничества – основа обновленного
образования// Педагогика и психология № , 2017, КазНПУ имени Абая.
В статье рассматриваются актуальные проблемы
развития поисковой,
исследовательской деятельности учащихся, а также обучения, при котором учащиеся
получают новые знания не только от учителя в готовом виде, но и сами участвуют в его
формировании, управляя собственным обучением в условиях обновления содержания
образования. Представлен анализ всех этапов групповой работы, включающий
эффективную организацию работы микрогрупп учащихся, правильное распределение
ролей в группах, что позволяет вовлечь всех учеников в учебный процесс.
Ключевые слова: коллаборативное обучение, совместное обучение, групповая работа,
доброжелательные взаимоотношения.
Аbstract
R.T. Samuratova, A.N.Imanova. Ideas for the pedagogy of cooperation the basis for
renewed education //Pedagogy and Psychology №2 (27), 2016, KazNPU named after Abai.
The article considers the urgent matters of giving opportunities not only by teachers
themselves, but also of the student to manage the study, to search the information, to explore the
novation, to develop new knowledge in the conditions of contents updating. The analysis of
efficient methods use in organization of small group work, having specified the systematic
activities were done.
Key words: tutoring, collaboration, group work, cooperation of partnership.