Тақырыбы: «Бөлме гүлдері»
Мақсаты: бөлме өсімдіктермен таныстыру
Міндеттері:
Білімділік: табиғат ерекшеліктерін бейнелеп, мазмұндай отырып, оның ішінде бөлме өсімдіктері жайлы білімдерін жетілдіру.
Дамытушылық: әңгімелей отыру негізінде балалардың тілін дамытып, сөздік қорын байыту.
Тәрбиелік: тамырланған гүлді ыдысқа отырғызып үйрету. Табиғатты қорғауға тәрбиелеу.
Сөздік жұмыс: бөлме өсімдіктері - фикус, қазтамақ, қынагүл.
Қостілдік компонент: гүлдер – цветы.
Керекті құралдар: бөлме гүлдерінің суреті және олардың өздерін көрсету. Оларды күту үшін керекті құралдар.
І. Мотивациялық - қозғаушылық кезеңі.
Шаттық шеңбер:
«Амансың ба, алтын күн!»
Армысың, Қайырымды аспан ата!
Армысың, Мейірімді Жер ана!
Армысың, Шұғылалы алтын күн!
Қуанайық, шаттанайық бәріміз!
- Балалар, мен сендерге бір жұмбақ жасырғым келіп тұр.
Жұмбақ жасыру:
Қызыл, сары, ағы бар,
Үй ішінен табылар.
Далада да өседі,
Жұпар иісі еседі. (Гүлдер)
Бейнесюжет көрсету.
Мен бүгін топқа келе жатқанда, дәлізден бір гүл тауып алдым, сол гүлді топқа әкелдім.
- Мыналар нелер?
- Мұндай гүлдерді қайда өсіреміз?
Дұрыс, бұл гүлдер бөлдмеде өседі.
Сондықтан оларды бөлме өсімдіктері деп атайды.
ІІ. Ұйымдастыру – іздестіру кезеңі.
Әңгімелесу:
- Балалар, сендер осы гүлдердің атын білесіңдер ме?
Үстел үстіне қойып екі гүлді бір- бірімен салыстыру. Жапырақтары сопақша, үлкен, түсі қою жасыл. (фикус гүлін көрсетеді)
Сабағы жасыл, шырынды, сабағының бойымен хош иіс беретін жапырақтары өседі. Бөлме гүлдері ауаны тазартады. Балалар бөлме гүлдері ерекше күтімді қажет етеді.
- Оларды біз қалай күтеміз? Бөлме өсімдіктерін күту жолдарын көрсету.
Саусақ жаттығуы:
Көтерілсе күнім,
Ашылады гүлім.
Кешкісін күн батады,
Гүл ұйқыға жатады.
Гүлдер туралы өлеңдер айтайық.
Ұмытпай күнде,
Су құям гүлге.
Тұрады гүлім,
Құлпырып күнде.
Үйде тұрып өсетін,
Әкеп гүлдің көшетін.
Топырақты салдым да,
Отырғыздым қалбырға.
Сергіту сәті:
Біз гүлдерше өсеміз.
Жапырағы жайқалған.
Сабақтары салалы
Жерге ырғалып шайқалған.
Дидактикалық ойын «Түсіне қарай отырғыз»
Гүлдердің және ыдыстардың суреттерін таратады.
Тыныс алу жаттығуы:
«Гүлдердің хош иісі»
- Гүлдердің хош иісін сезіну үшін терең тыныс алайық.
Мақал- мәтел, тиым сөздер айтады:
Қыз өссе елдің көркі,
Гүл өссе жердің көркі.
Бөлме гүлдері тамыр арқылы қоректенеді.
Гүлдерді тамыр ұстап тұрады, тамыр арқылы су ішеді.
ІІІ. Рефлексивті– түзетушілік кезеңі.
Қорытындылау.
- Топтағы гүл не үшін қажет?
- Гүлді қалай күтеміз?
Осы гүлді топқа қоямыз. Сендер гүлдерді суарып, шаңын сүртіп отырасыңдар.
© ООО «Знанио»
С вами с 2009 года.