Тақырыбы: «Жәндіктер әлемі»
Мақсаты: жәндіктер әлемімен таныстыру.
Міндеттері:
Білімділік: ара, құмырсқаның, өзіндік ерекшеліктерімен таныстыру; балдың денсаулыққа пайдасы туралы, құмырсқаның еңбекқорлық қасиетін түсіндіру.
Дамытушылық: сөздік қорларын дамыту.
Тәрбиелік: жәндіктерге деген қамқорлық сезімдерін тәрбиелеу.
Сөздік жұмыс: шыбын, құмырсқа, араның үйі «омарта»
Қостілдік компонент: ара – пчела, құмырсқа – муравей, көбелек – бабочка.
Керекті құралдар: жәндіктердің суреттері, араның үйі омарта.
І. Мотивациялық - қозғаушылық кезеңі.
Шаттық шеңбері:
Отбасының гүліміз,
Көңілді өтер күніміз.
«Қайырлы таң!» деп айтамыз,
Бір болып, кеште қайтамыз.
ІІ. Ұйымдастыру – іздестіру кезеңі.
- Мына жұмбақтың жауабын дұрыс тапсаңдар, бүгінгі әңгімеміз не
жайлы екенін білесіңдер?
Жұмбақ жасыру:
Ызыңдап ән салады,
Жұп-жұқа қанаты.
Тәттіге тамсанып,
Қоқысқа қонады. Шыбын.
Гүлге қонады,
Шырынын сорады.
Түр-түсі сары-ала. Ара.
Қылдай белі бүгіліп,
Өзінен де жүгі үлкен. Құмырсқа.
Әңгімелесу.
- Бұл жұмбақтар не жайлы, оларды бір сөзбен қалай атайды?
- Тағы қандай жәндіктерді білесіңдер?
- Жәндіктердің аяғы нешеу?
- Олар иісті сезе ме?
- Ұша алатын, секіретін, жорғалайтын жәндіктерді білесіңдер ме?
- Ең мазасыз жәндікті кім біледі?
Көзге арналған жаттығу.
Көбелектің сендермен ойнағысы келеді. Сендер оның қалай ұшатынын байқап, көздеріңмен артынан ілесіп отырыңдар. Көбелек жоғары, төмен, оңға, солға ұшады.
- Көбелек қайда ұшты? Жоғары, төмен, оңға, солға. Балалар көбелек сияқты ұшады, гүлге қонады, шырынын ішеді, ұшып қайтадан орындарына отырады.
«Қиынды суреттер» дидактикалық ойыны.
Шарты: араның, көбелектің, құмырсқаның суреттері 2-3 бөлікке қиылған. Балалар қиындылардан жәндіктердің суретін құрастырады.
- Қалай ойлайсыңдар, ара пайдалы жәндік пе, әлде зиянды жәндік пе?
Жаңылтпаштар айту:
1. Ара
барда бал бар,
Қайда кетер бар бал?
2.
Ара, ара, аралар,
Ара алысқа бара алар.
3. Бала арадан алар,
Балды жалар балалар.
Саусақ жаттығуы.
Әке, ара
келеді.
Ана, ара келеді.
Бәрі бірге келеді,
Күнмен бірге тұрады.
Көйлектері сап-сары,
Қара жолақ болады,
Жүгіреді ғыр-ғыр-ғыр.
Ұшып кетті ыз-ыз-ыз.
«Аралар» қозғалмалы ойыны.
Шарты: аралар гүлден бал жинайды. Оны аю жегісі келеді, ол омартадағы балды жеуге тырысады. Ал аралар оны жолатпау керек. Балалар араның ыз-ыз-ызыңдағанын келтіріп аюды қуалайды.
- Тағы қандай жәндікті еңбекқор деп айтуға болады?
Суретпен жұмыс:
Суретте бір құмырсқа илеу салады, бірі илеуге кіріп-шығатын жол салады, азық тасиды екен.
- Қалай ойлайсыңдар, құмырсқалар жалғыз тұра ма, әлде топтанып па?
- Құмырсқаның илеуін бақылап жаңбыр жауатынын білуге болады екен, жаңбыр жауарда илеуге кіретін тесікті бекітіп тастайды екен.
ІІІ. Рефлексивті-түзетушілік кезеңі.
Қорытындылау.
- Қандай жәндіктерді білесіңдер?
© ООО «Знанио»
С вами с 2009 года.