Занятие "Национальная одежда"
Оценка 5

Занятие "Национальная одежда"

Оценка 5
doc
20.01.2022
Занятие "Национальная одежда"
20 Занятие Национальная одежда.doc

Ересек тобында ұйымдастырылған оқу қызметі

Тақырыбы: «Қазақтың ұлттық киімдері»

 

Мақсаты: балаларды қазақтың ұлттық киімдерімен және оның түрлерімен таныстыру.

 

Міндеттері:

Білімділік: балаларға қазақтың ұлттық киімдері туралы мағлұмат беру.

Дамытушылық:  балалардың сөздік қорын молайту, ұлттық сана-сезімін ояту, ойлау және есте сақтау қабілеттерін дамыту.

Тәрбиелік: халқын, салт-дәстүрін мақтан ететін азамат етіп тәрбиелеу. Әсемдікке, тазалыққа, сұлулыққа, ұқыпты киінуге тәрбиелеу.

 

Сөздік жұмыс: ұлттық киімдер, қос етекті бүрмелі көйлек, камзол, шапан, тақия, айыр қалпақ, бөрік, тымақ, сәукеле, кимешек, былғары етік, белбеу.

 

Керекті құралдар: қазақтың ұлттық киімдері, ойыншық түйе, сәукеленің суреті, желім үнтаспа.

 

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің барысы:

М.Омаровтың «Қыз сыны» әнімен билеп кіреді. Ұлдар, қыздар бір-біріне қарама-қарсы тұрады.

Мың бұралған арулар билей басып,

Міне ортаға келеді толқып-тасып.

Аруларын сыйлаған халқым менің,

Көңілді қошеметпен қарсы алайық.

 

Шаттық шеңбері: (Амандасу)

Біз бақшадағы- гүлдерміз,

Күн сайын құлпырған.

Көп бүлдіршін ұл мен қыз,

Өсіп, өрге ұмтылған.

Келген сайын сіздерді,

Қуанамыз қарсы алып.

Көріңіздер біздерді,

Бүгінгі күн тамсанып.

Қазақтың ұлттық киімдерінің көрмесіне саяхат.

Тазша бала: - Балалар, жүріңдер біз бүгін қазақтың ұлттық киімдер көрмесін  тамашалауға барайық. Қазақ халқының ұлттық киімі, тілі, салт-дәстүрі, ұлттық құндылықтары бар екенін білесіңдер. Біздің халқымыз ұлттық киімдерімен ерекшеленеді. Ұлттық киімдер жыл мезгілдеріне сәйкес, арнайы тігіліп отырады. Жиын тойларда, мерекелерде киетін және күнделікті киетін киімдер болып бөлінеді. Сол сияқты ер адамдар мен әйел адамдардың киімдері өзіне тән ерекшеліктерімен дараланады.

- Бұл қос етекті бүрмелі көйлек. Бұны қыз балалар мен әйел адамдар киген. Мынау сыртынан киетін камзол. Мынау шапан. Оны зерлеп, қазақтың ұлттық оюларымен оюлап, көмкеріп тіккен. Мынау ішік. Оны аңдардың терісінен тіккен. Суық күндері киеді. Бұларды аталарымызбен ер адамдар киген. Ер адамдар басына бөрік, айыр қалпақ, тымақ киген. Әйел адамдар сәукеле, кимешек киіп, жаулық байлаған. Қыздар тақия киген.

Сендер де өте әдемі болып кетіпсіңдер. Қазақтың ұлттық киімін киіпсіңдер. Кәне не кигендеріңді айтып беріңдерші.

Кәусар: Менің үстімдегі  әдемі бүрмелі көйлек . Мынау камзол. Белімде әсем безендірілген белбеу. Басыма тақия кидім. Аяғымда кестеленген етік. Екі бұрымыма шашпау тақтым.

Жания: Менің үстімдегі қос етек бүрмеленген, жібек матадан тіккен көйлек. Көйлектің сыртынан камзол кидім. Беліме әсем қымбат тастармен әшекейленген белбеу тақтым. Аяғымда әдемі етік. Басымда сәукеле.

Ақмарал: Менің үстімдегі апалардың киетін киімі. Әдемі көйлек кидім, оның сыртынан камзол кидім. Камзолдың жеңдері ұзын болады. Ал басымдағы кимешек. Аяғымда мәсі. Қонышына ою салынып тігілген.

Ерасыл: Үстімде ақ көйлек, оның сыртынан бешпет кидім. Беліме асыл тастан әшекейленген белбеу тақтым. Аяғымдағы былғары етік. Басымдағы тымақ. Тымақты суық күндері киемін.

Арсен: Менің үстімдегі зерлі шапан.Бұл  шапанды аталар киеді.  Шапанды хан сұлтандар үлкен тойларда киген. Басымда айыр қалпақ. Бұны жұқа киізден  немесе қалың мата салынып тігкен.

Алдияр: Мен де ақ көйлек, оның үстінен бешпет кидім. Беліме асыл тастан әшекейленген белбеу тақтым.Аяғымда былғары етік. Басымда тымақ.

 

«Асыл атам, ақ әжем» әнін орындау.

-         Осы біздің әңгімелеп жатқан ұлттық киімдерімізді өнер шеберлері зерлеп, оюлап жасаған. Осының бәрі өнерге жатады.

 

Сендер өнер туралы қандай мақал-мәтелдер білесіңдер?

Еңбек етсең ерінбей,

Тояды қарның тіленбей.

 

Шебер көп жерде, өнер көп.

 

Ата көрген оқ жанар,

Ана көрген тон пішер.

 

Бөрік-адамға көрік.

 

Өлең айту:

Камзол кием қынай бел,

Толған ою-өрнекке.

Билесін деп сұрайды ел,

Өнерімді көрмекке.

Көйлек киіп әдемі,

Тамсандырам елімді.

Түрлі түсті сән көйлек,

Көз тартады не керек.

 

Сергіту сәті:

Керегені керейік,

Шаңырақты құрайық.

Уық болып иіліп,

Киіз үйдей болайық.

 

Интерактивті ойын «Ұлттық киімдер»

Мақсаты: қазақтың ұлттық киімдерін дұрыс айту.

 

«Тақия тастамақ» ұлттық ойыны.

Мақсаты: ептілікке, жылдамдыққа, ойынды ұйымшылдықпен ойнауға үйрету.

Шарты: Ойынды бастаушы бала қолындағы тақияны отырған баланың басына кигізеді де, шеңберді айнала жүгіре жөнеледі, ал тақияны алған бала оны орнына келіп отырғанша қуып жетуі керек.

Ойын бастаушы тақияны отырған баланың басына кигізіп, шеңберді айнала жүгіреді, тақияны алған бала оны орнына келіп отырғанша қуады.

 

Санамақ айту:

1 дегенім- бөрік,

Кисем бойға көрік.

2 дегенім- етік,

Киер сәнді етіп.

3 дегенім- ішік,

Теріден тігер пішіп.

4 дегенім- тымақ,

Қыста кисең жылы-ақ.

5 дегенім-байпақ,

Іші жылы- тайпақ.

6 дегенім- алқа,

Мойныңа тақ ал да.

7 дегенім- жейде,

Кір болмасын кейде.

8 дегенім- сеңсең,

Тонның жылысы сенсең.

9 дегенім-телпек,

Болма бала тентек.

10 дегенім- оймақ,

Жүрме босқа ойнап.

 

Қорытындылау:

-         Біз бүгін немен таныстық?

-         Ұлттық киімдерді атап шығайықшы. Бүрмелі көйлек, камзол, тақия, сәукеле, шапан, айыр қалпақ, тымақ.


Ересек тобында ұйымдастырылған оқу қызметі

Ересек тобында ұйымдастырылған оқу қызметі

Бұл қос етекті бүрмелі көйлек

Бұл қос етекті бүрмелі көйлек

Көйлек киіп әдемі, Тамсандырам елімді

Көйлек киіп әдемі, Тамсандырам елімді

Біз бүгін немен таныстық? - Ұлттық киімдерді атап шығайықшы

Біз бүгін немен таныстық? - Ұлттық киімдерді атап шығайықшы
Материалы на данной страницы взяты из открытых истончиков либо размещены пользователем в соответствии с договором-офертой сайта. Вы можете сообщить о нарушении.
20.01.2022