Занятие в детском саду
Оценка 4.8

Занятие в детском саду

Оценка 4.8
doc
20.01.2022
Занятие в детском саду
7 занятие.doc

Кошанова Ардак Дамировна

Қоршаған ортамен таныстыру ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің конспектісі

Білім беру саласы: «Таным»

Тақырыбы:  «Ауаның қасиеті»

Мақсаты: балаларды «ауа» деген ұгыммен, ауаның қасиеттерімен тәжірибе арқылы таныстыру. Балалардың ауа туралы білімдерін, ауаның  адам өміріндегі рөлі туралы білімдерін молайту, тәжірибе өткізу дағдыларын дамыту. Табиғатқа қызығушылығын дамытып, қамқорлық көрсете білуге тәрбиелеу.

Құралдар: бір рет пайдаланатын стақандар, су құйылған пластмасс ыдыс, коктейль құбыры, ауа шариктері, фольга, иісті банкілер, қызыл, жасыл текшелер.

I. Мотивациялық-қозғаушылық кезең.

Шаттық шеңбері:

«Армысың, шапағатты Күн-Ана!

 Армысың, шапағатты Аспан-Ана!

 Армысың, мейрімді Жер-Ана!»

II. Ұйымдастыру-іздестіру кезеңі.

Тәрбиеші балаларға «Күн, Жер, Су, От және Ауа» ертегіні оқып береді. Ертегіні мазмұндау, сұрақтар қою:

-Күн, су,  от, ауа, жер не туралы таласты?

-Әрқайсысы не деді?

-Кім олардың таласын шешті?

Балаларға жұмбақ жасыру.

Біз оны көрмейміз.

Онсыз өмір сүрмейміз? (ауа)

-Біз немен тыныс аламыз? Қане, тыныс аламыз, дем шығарамыз. Сендердің ойынша, біз нені жұттық? Ал енді терең дем аламыз, дем алмай тоқтай тұрамыз! Қалай өздеріңді сезіндіңдер?  (Жаман).

-Адамзат  ауасыз өмір сүре алмайды. Балалар, сонда ауа деген не? Кім оны көрді? Мүмкін ол жоқ шығар? Қалай ойлайсыңдар? Бүгін осы сұрақтарға жауап беруіміз керек. Мен сендерді эксперименттік зертханаға шақырамын.

Тәжірибе №1. Қалай ойлайсыңдар, алдарыңдағы стақанда бір нәрсе бар ма? Қазір біз оны тексереміз. Стақанды тік ұстап суға баяу түсіреміз. Не болды? Неге су стақанға кірмейді? Суға кіруге не бөгет жасайды?

Қорытынды: Стақанда ауа бар, сол ауа суды жібермейді.

Тәжірибе №2. Ал енді стақанды қиғаш ұстап суға түсіреміз. Не болды? Стақанға су кірді, суда көпіршіктер пайда болды? Қайдан? (ауа стақаннан шығады - оның орнын су алады.) Неліктен біз сонда стақанда ештеңе жоқ деп есептедік?

Қорытынды: Өйткені, ауа түссіз, мөлдір. Топта мөлдір заттарға не жатады? (терезе, шыны, аквариум).

Тәжірибе №3. Мен сендерге сиқыр затты – ауаны көруді ұсынамын. Қолға құбырды алып суға үрлеңдер. Не көріп тұрмыз? (көпіршіктер). Енді шарды үрлейміз де ауа –сиқыршыны ұстап аламыз (балалар үрлейді).

Тәжірибе №4. Балалар, біз қазір ауаны естиміз- шардағы ауаны шығарыңдар. Енді фольганы ернімізге жақындатып үрлейміз. Не  естисіңдер?  Біз ауаны жұтқанда, фольга дірілдейді- ауа да дірілдейді: сол кезде дыбыс шығады.

 Қорытынды: Ауа дірілдегенде дыбыс шығады.

Аутотренинг: Көздерімізді жабамыз, дем аламыз.

-Күн жарқырап тұр. Жеңіл жел соғады. Мен оның таза ауасымен тыныс аламын. Жасыл шөп шайқалып тұр, аспанда құстар әндетеді. Мен табиғатпен кездескеніме өте қуаныштымын. Мен табиғатпен дос болғым келеді.

Дәйексөз: «Адамзаттың табиғатсыз күні жоқ. Табиғаттың оны айтуға тілі жоқ!»

 - Балалар, осы сөздерді қалай түсінесіңдер? (балалардың жауаптары).

-Сонымен, балалар, ауа бізді қоршап тұрады.

Тәжірибе №5. Тағы бір тәжірибе өткізейік. Қолға екі қағаз аламыз. Біреуін умаждаймыз, орындыққа тұрып екі қағазды жерге жібереміз. Қағаздың қайсысы жерге тез, бірінші  түсті? Неліктен, умаждалған қағаз едеңге бірінші жетті?

Қорытынды: Екі қағаздың салмағы бірдей, бірақ умаждалған  қағаз тез едеңге түсті, ал екінші қағазды ауа ұстап тұрды. Қағаз беті үлкен болғандықтан, қағаз баяу едеңге түседі.

Тәжірибе №6. Балалар, қалай ойлайсыңдар, біз ауаны  сезе аламыз ба? Қалай? (Қолымызды сермейміз, алақаңға үрлейміз) Балалар, алақанды ауызға, мұрынға жақын қойып, ауаны жұтамыз, шығарамыз. Нені сездіңдер? (Жылу) Ауаны көреміз бе? Ауаның дәмі бар ма? Дәмін қалай көруге болады? (Ауызымызды ашып, ауаны жұту.) Нені сездіңдер? (Ештене сезген жоқпыз). Ауаның дәмі бар ма?

Қорытынды: Ауаның дәмі жоқ.

Тәжірибе №7. Балалар, ауаның иісі бар ма? Қалай ойлайсыңдар?

-Егер де ауа таза болса, иісі болмайды. Ауа басқа иістерді өзіне жақсы иемденеді. Ауаның қандай иісі болуы мүмкін? (Жаңбырдан кейінгі, түтін, бензин иістері және т.б.)

Қане, соған көзімізді жеткізейік. Үстелдегі банкелерде бір нәрселер болды. Иіскеп айтыңдаршы әр банкеде не болғанын? (кофе, бұрыш, апельсин иістері)

Қорытынды: Ауаның жеке өзінің иісі жоқ. Иісті ауаға заттар береді.

-Сонымен, ауа деген не?

Қорытынды: Ауа – газ тәрізді, түссіз, дәмсіз, иіссіз зат.

III. Рефлексифті-түзетушілік кезең.

«Жүректен жүрекке» шеңбері

– Табиғатта бәрі  өзгеше әсем. Ендеше, бірге былай айтайық:

Табиғат ол – анамыз,

Табиғатқа баламыз.

Құшағында ойнаймыз,

Шаттық әнге саламыз.


Кошанова Ардак Дамировна Қоршаған ортамен таныстыру ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің конспектісі

Кошанова Ардак Дамировна Қоршаған ортамен таныстыру ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің конспектісі

Адамзат ауасыз өмір сүре алмайды

Адамзат ауасыз өмір сүре алмайды

Неліктен, умаждалған қағаз едеңге бірінші жетті? Қорытынды:

Неліктен, умаждалған қағаз едеңге бірінші жетті? Қорытынды:
Материалы на данной страницы взяты из открытых истончиков либо размещены пользователем в соответствии с договором-офертой сайта. Вы можете сообщить о нарушении.
20.01.2022