«Жаңартылған білім беру мазмұны аясында тарих пәнін оқытудағы диалогтық әңгіменің тиімділігі мен маңызы»
Оценка 5

«Жаңартылған білім беру мазмұны аясында тарих пәнін оқытудағы диалогтық әңгіменің тиімділігі мен маңызы»

Оценка 5
Руководства для учителя
doc
история
5 кл—11 кл
29.11.2020
«Жаңартылған білім беру мазмұны аясында тарих пәнін оқытудағы диалогтық әңгіменің тиімділігі мен маңызы»
«Жаңартылған білім беру мазмұны аясында тарих пәнін оқытудағы диалогтық әңгіменің тиімділігі мен маңызы»
Диалогтық оқыту тарих пәнінде Камбасова М.М. мақала .doc

 

  Өскемен қаласы әкімдігінің «Ш.Уәлиханов атындағы №3 мектеп-лицейі» КММ

   Камбасова Молдир Муратбеккызы

   Тарих пәнінің мұғалімі

 

«Жаңартылған білім беру мазмұны аясында тарих пәнін оқытудағы диалогтық әңгіменің тиімділігі мен маңызы»

 

«Балаға күштеп білім беруден гөрі, баланың білімге деген құштарлығын ояту ең маңызды мақсат».                                   

                                                                                     (К.Д.Ушинский)

1995 жылдың шілде айында ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік саясат жөніндегі ұлттық кеңес  «Қазақстан Республикасындағы  тарихи сана қалыптасуының тұжырымдамасын» бекітті. Онда: «...өткен тарихымыздың  шынайы бейнесін жасау-жалпыұлттық бірлігіміздің, Қазақстан Республикасының мемлекеттік бітімі қалыптасуының, оның егемендігін нығайтудың, азаматтық мен отаншылдықты тәрбиелеудің ең басты факторларының бірі болып отыр. Тарих - халықтың зердесі, ол содан қуат алады, ол содан әлеуметтік шығармашылыққа, жарқын болашаққа бастайтын шабыт алады» [1, 32б],- деп Отанмыздың тарихын оқытудың маңыздылығы атап көрсетіп, мемлекеттік саясаттың тарихи сананы қалыптастырудағы негізгі басымдықтары айқындады. Тарихи сананы қалыптастыру міндетін жүзеге асыру үшін мектепке дейінгі, мектептегі және жоғарғы оқу орындарындағы білім беру жүйесі, бұқаралық ақпарат құралдары, мәдениет мекемелері, қоғамда тарихқа ден қою, тарихқа деген құрмет пен тағзым, тарихты түйсіну ахуалын туғызуы тиіс болды.Осындай игі шараның аясында Қазақстан тарихы пәні тек қане мектеп қабырғасында ғана емес, барлық жоғары жоғарғы оқу орындарындағы барлық мамандық студенттеріне міндетті пән ретінде оқытылып, мемлекеттік емтихан ретінде қабылдануда.

Тарих пәнінің оның ішінде Қазақстан тарихының мектепте 5 сыныптан бастап 11 сыныпқа дейін оқытылып, 11 сыныптың мектеп бітіру емтиханындағы негізгі пәндердің бірі және  Ұлттық біріңғай тестілеуге  де негізгі пән ретінде енгені де белгілі. Тарих пәні сонымен қатар адамзат дамуының барлық сатысындағы әлемдік тарихты да қамтитыны белгілі. Ал, осындай өте үлкен тарихи кезеңіндегі сан қилы оқиғаларды тек қане дәріс, немесе мұғалімнің жетектеуімен оқушы санасында ұзақ уақытқа қалдыра алмайсың. Немесе, қазіргідей мектептен тыс уақытта да оқушының қолы жетер ақпараттық технологияның дамыған заманында жасөспірімдердің пәнге деген қызығушылығын арттыру үшін, ұстаз да өз пәнін жетік білетін, АКТ –ны меңгерген, кез-келген жайттардан шығар жолды оңай таба білетін, функционалды сауаттылығы мен құзіреттілігі жан-жақты дамыған болуы қажет. Оқушы тарапынан қойылатын сауалдар өте көп, солардың жауаптарын қанағаттанарлықтай етіп беру де қажет немесе сол сауалдардың жауабын бірлесе талдау отырып табуларына мүмкіндік беру.

Дәстүрлі сабақтардан бөлек заманауи оқыту технологияларының да басты назар аударатыны да диалогтық оқыту әдістері болып отыр. Диалогтық оқыту арқылы оқушының қызығушылығын арттыру, сөйлеу мәдениетін қалыптастыру, өзгелер алдында қысылмай, ойын ашық білдіруге, аудиторияны өзіне баурап алу қабілеттерін қалыптастырудың маңызы өте зор. Себебі, жаңартылған білім мазмұнының

Әрине бұл жерде оқушының жас деңгейі, сыныптың қабылдау деңгейі, жалпы ахуалы, тақырыптың мазмұны мен ауқымы, ондағы фактілер мен деректердің күрделілігін де ескеру қажет. Оқушыларды неғұрлым төменгі сынып кезеңінде ойларын жүйелеуге дағдыландырсаң соғұрлым олардың жоғары сынып деңгейіне жеткенде ойларын бүкпесіз білдіру, өзгемен тез қарым - қатынас жасау дағдылары, кез-келген ортада өздерін ұстау мәдениеті де дами түседі.

«Балалар күннен күнге қолжетімділік артып келе жатқан анағұрлым кең коммуникациялық үдерістерге тиімді және ойдағыдай қатысуға мүмкіндік беретін сыни тұрғыда ойлау мен зерттеу дағдыларын дамыту керек» ( Wolfe and Alexander) [2,  50 б].

Александер (2004) білім берудегі әңгімелесуді – қарым – қатынас жасаудың бірсарынды үдерісі емес, керісінше, идеялар екі жақты бағытта жүреді, осының негізінде оқушының білім алу үдерісі алға жылжиды деп есептейді. Және Александер (2008)  диалог түрінде білім беру оқушыларды ынталандыру және дамыту үшін әңгіме күшін қолдануға мүмкіндік береді деп санайды. [2,  39 б]

Мерсер (2005) құрдастар тобындағы өзара қарым – қатынас оқуда маңызды рөл атқаратынын көрсетті. Сонымен қатар, Мерсер  әңгімелесуді үшке бөледі; әңгіме – дебат, топтық әңгіме, зерттеушілік әңгіме[2,  39 б]. Бұндай әңгімелесудің тәсілдерін барлық сыныпта әр түрлі сипатта пайдалануға болады.

Бұл жерде диалогтық әңгіме оқушы мен оқушы, оқушы мен топ, топ пен топ, ұстаз бен оқушы, ұстаз бен жұптар немесе топтар, ұстаз бен сынып ұжымы арасында жүзеге асса ғана сабақ өз нәтижесіне жетеді.

Жоғарыда айтып кеткендей, әр сынып деңгейінде диалогқа тарту мақсатында мұғалім тарапынан қойылатын сұрақтар деңгейі де әр түрлі болады. Мысалы:

5 және 6 сынып оқушыларына қойылатын сұрақтар: « Ол кім? Бұл не?»- дегеннен басталып, «сенің ойыңша..., не жайында айтылуы мүмкін, көз алдыңа қандай бейнелер келеді, өз ойыңды қалай дәлелдей аласың, менің ойымды немесе құрбыңның ойын қалай жалғастырар едің?» тәріздес бағыттаушы немесе жетелеуші сұрақтар болуы мүмкін;

7 және 8 сыныптарда орта буын оқушыларына: «оқиға не себепті бұлай аяқталды?, не себепті ондай әрекетке барды, не себеп болды, егер де..., бұл жағдайда сенің әрекетің қалай болар еді?, барлығына ортақ не бар немесе айырмашылығы неде?» - деген сияқты, ой жүйелеуге, қорытуға, сараптама жасай алуға бағыттайтын сауалдар болуы қажет.

9 және 10 сынып оқушыларына « Бұл жерде ондай іс-әрекеттің қажеттілігі болды ма?, белгілі – бір оқиғаның, тұлғаның әрекетінің, мемлекет саясатының жетістігі мен кемшілігі неде болды?, басқа оқиғалармен салыстыратын болсаң..., дәлелдеуге тырыс, қандай нақты дәлелдермен сөйлер едің?, тура сол кезеңде тағы қандай оқиға болды?» - мазмұнындағы ойларын дәледеуге, фактілерді саралауға итермелейтін, сараптама жасауға дағдыландыратын сұрақтар қойылады.

11 сынып оқушысына, мектеп бітіруші түлек ретінде барлық курстарды қайталау жұмысын жасауға, тарихтағы оқиғаларды тізбекті түрде жүйелеуге мүмкіндік беретіндей жетелеуші, бағыттаушы, сұрақтар қойып, оқиғаларды салыстыра отырып, баяндату, бір-бірімен ой бөлістіру арқылы есте сақтауларын, сол арқылы ақпаратты пайдануға мүмкіндік беру қажеттігін ескеру керек.

Жалпы жаңартылған оқу бағдарламасы енгізілгенге дейін де тарих сабағында менің тарапымнан оқушыларға жоғарыдағы тәріздес сұрақтар қойылғанымен, оқушы мүдірген жағдайда өзім жауап беруге асығатынмын. Ал, үшінші деңгейлік курс барысында сыныптағы құрбыларына бірін-бірі толықтыруға мүмкіндік берудің маңызын ұғындым. Бұл тарапта Мерсер де (2005) құрдастар тобындағы өзара қарым – қатынас оқуда маңызды рөл атқаратынын көрсетті. [2,  39 б]

Әрине, берілген сұрақтардың бәріне менің қалауымша жауаптар алынбаса да, курстан өткен уақыттан бері байқағаным, оқушылар өздерінің білетіндерін еске түсіріп, салыстырып, жинақтай отырып ұжымға жеткізе білді. Тіпті, зерттеу нысанасы ретінде алған әр сыныптағы ұяң оқушылардың өздерінің сабақтың тұтастай болмаса да белгілі бір кезеңінде топтық немесе жұптық жұмыстарға белсене араласып, құрбыларына толықтырулар жасап отыруға дағдыланып келетінін аңғардым.

Қазіргі таңда менің сабақ жоспарларым толықтай болмаса да белгілі – бір деңгейде, Кембридждық оқыту тәсілінің мазмұнына сай, «Сыни тұрғыдан ойлау» жобасының құрылымымен жасалып жүр. Кембридждық оқыту тәсілінің өзімізге белгілі жеті модулі толықтай қамтылмаса да (әдетте 3-5 модуль қамтылады), диалогтық оқыту модулі барлық сабақта, барлық сыныптарда қамтылуда. Бұл ретте «Сыни тұрғыдан ойлау» жобасының: «Ой қозғау», «Миға шабуыл», «ЖИГСО-І», «ЖИГСО-ІІ», «Блиц-сауалнама», «Үш қадамды сұхбат», «6 неге?» сияқты әдістерінің көмегі өте зор. Сол сияқты, жұптық және топтық жұмысқа негізделген сабақта ортақ нәтижеге жету мақсатында жұптар немесе топтағы оқушылардың өзара диалогқа түсу әрекеттерінің барысында көшбасшылардың белсенділігі төмен оқушыларды да сабаққа тарту үрдісінің жоғары деңгейде қалыптасып келе жатқанын да байқадым. Диалог барысында оқушылар нәтижеге жету үшін күш-жігерін жұмсайтын және Мерсер (2000) сипаттағандай, білімді бірлесіп алуда немесе «пікір алмасу» барысында тең құқылы серіктестер болып табылады[2,  39 б].

Құрбылар арасындағы пікір алмасу, ортақ нәтижеге жетуге деген ұмтылыс, қосымша шығармашылық жұмыстар оқушылардың коммуникативті, ақпараттық, өзін-өзі дамыту сияқты құзіреттіліктерін де қалыптастырып, дамытып отырады. Пікір алмасу оқушылармен диалог құруға әкелетін әрекет болып табылады. Бұл жерде ұстаз бен оқушы арасындағы қарым-қатынастың сенімділік және демократиялық деңгейде қалыптасуын ескеру қажет.

Жоғарыда келтірілген мысалдардың диалогтық тәсілдің ауызша және жазбаша түрлеріне сүйене отырып пайдаланған әдіс – тәсілдердің қайсысы болмасын дерлік сыныптағы оқушылардың ойын жүйелеуге, жинақтауға, салыстыруға, еске түсіруге, білгендерін пайдалануға, ортақ тұжырымға келуге тиімді болды. Әрине, бұл жерде бұрын бұл тәсілдер сабақтарда пайдаланған жоқ деген қате ұғымға келмеу керек. Тарих сабағы көбінде ауызша жүргізілетін сабақтардың бірі, сондықтан сұрақ – жауап әдістерінің болуы заңдылық. Дегенмен, осы бағдарлама барысында оны тек сабақтың бір құрамдас бөлігі деп қане қарастырмай, керісінше сабақтың негізгі қозғаушы күші ретінде қарастырдым. Сондықтан жоғарыда жасалған сараптамадан соң, төмендегідей қорытындыға келдім. Яғни, диалогтық оқыту тәсілінің мазмұнын саралай келе, мен жалпы сабақтарымда қандай өзгеріс байқадым:

  Ұяң  оқушылардың топтық, жұптық жұмысқа өз еріктерімен кірісе бастағанын;

   Дарынды, қабілеті жоғары оқушының менің атап көрсетуінсіз де ұжым арасынан суырылып шыға алатынын;

  Оқушылардың бірін - бірі менің көмегімсіз де қателіктерін түзетіп, толықтыра алатынын;

  Жетекші сұрақтар арқылы өткен сыныптағы білімдерін еске түсіре алатындықтарын;

  Өздерінің деңгейлеріне сай сұрақтарды өздерінің анықтай алатынын;

  Өздерінің іс-әрекеттерін бағалауда сараптама жасауға қалыптасып келе жатқанын;

  Ойын ұжым алдында еркін жеткізуге дағдыларының қалыптасып, дамып келе жатқанын;

  Өз жастарына сай сөйлеу мәдениеттерінің қалыптасып келе жатқандықтарын;

  Менің де сұраққа жауапты өзім бере салмай, сынып ұжымының ойын  тыңдауда төзімділік пайда болды.

Жоғарыда айтылған өзгерістерді қорытындылайтын болсам, әр ұстаз «ойы анық еместің, тілі анық емес» деген қағиданы есте сақтай отырып, үнемі өзінің білім, білік дағдысы мен қатар құзіреттілігін де дамытып отыру қажет. Сонда ғана, өзін сүйіп тыңдайтын, сабағына зор қызығушылықпен қатысатын, заман талабына сай бәсекеге қабілетті, жан-жақты құзіреттілігі дамыған, адамгершілік-рухани өресі кең шәкірт тәрбиелей алады.

 

Пайдаланған әдебиеттер тізімі:

[1] «Қазақстан Республикасында тарихи сана қалыптасуының тұжырымдамасы». – Алматы: Қазақстан, 1995. – 32 б.

[2]  «Мұғалімге арналған нұсқаулық». - 2012ж.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Тәуелсіз елдің негізгі тірегі - білімді ұрпақ. Қазіргі таңда білімдінің алға түсіп, бәйгеден озып келетін заманы енді туды.

Мемлекет болашағының кепілі- жастарға білім мен тәрбие беру мәселесінен өткір мәселе жоқ екені белгілі. Қазақтың кемел талантты ұлы ұстазы Ахмет Байтұрсынов: «Елді түзетуді бала оқыту ісін түзетуден бастау керек», -деген.

Қазақстан Республикасының білім беру реформаларының негізгі мақсаты- білім беру жүйесін жаңа экономикалық ортаға бейімдеу. Бұл тұрғыда ел Президенті Н.Ә.Назарбаев еліміздің әлемдегі бәсекеге қабілетті 50 елдің қатарына қосылуы туралы міндет қойғаны мәлім. Білім беру жүйесін жетілдіру осы мақсатқа қол жеткізуде маңызды рөл атқарады. Болашақта өркениетті, дамыған елдер қатарына ену үшін заман талабына сай білім қажет.

Елбасымыз Н.Ә. Назарбаевтың биылғы «Қазақстандық жол – 2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты Жолдауында еліміз дамуының барлық Стратегиялық бағыттарын жүзеге асыратын міндеттер қойылды. Республика болашағына бағдар беретін бұл жолдауда «XXI ғасырдағы дамыған ел дегеніміз - белсенді, білімді және денсаулығы мықты азаматтар»- деген.

Ал, дамудың негізі білім мен ғылымға келіп тіреледі. Сондықтан да, әлемдегі дамыған елдер сияқты Тәуелсіз елімізде білім жүйесі сапасын жетілдіру ең негізгі өзекті мәселелердің бірі болып отырғаны белгілі. Осыған орай, білім беру жүйесінде жастарға сапалы білім беріп, олардың үйлесімді дамуы мен тұлға ретінде қалыптасуында ұстаздың кәсіби шеберлік көрсеткіштерінің бірі - жалпы педагогикалық, ғылыми- теориялық, әдістемелік жаңалықтар мен озық тәжірибені жетік меңгерудің маңызы зор.

Қазіргі ұстаздар алдындағы міндет: ғылым мен техниканың даму деңгейіне сәйкес оқушының білімі терең, іскер және ойлауға қабілетті, әлемдік стандарттар негізінде жұмыс істей алатын құзырлы тұлғаны қалыптастыру. Мұндай талапқа сай қызмет істеу үшін ұстаз үздіксіз ізденісте кәсіби білікті болуы тиіс.

Инновациялық оқыту нәтижелері оқушының өз бетінше әрекет етуі арқылы білімді меңгеруіне ықпал етуі тиіс. Оқушының ой-өрісін кеңейтіп, дүниетанымдық көзқарастары мен танымдық белсенлілігін арттыруда, зерттеушілігі арқылы шығармашылық икемділігін дамытуда, біліктілікке ұмтылуда, яғни тұлғаны жан-жақты дамытуды жүзеге асыруда оқу үдерісіне инновациялық технолгияларды енгізу шешуші рөл атқарады, оң нәтиже береді.

Осы орайда ойымды өрнектеп, сөзімді өлеңмен жалғастырсам деп едім:

Білім жайлы бағдарлама жаңадан,
Өзгертіліп енгізілді қайтадан.
Алға қарай самғау керек қашанда,
Заман соны талап етер байқасам.

Иә, қазіргі таңда еліміздің түкпір-түкпірінде Қазақстан Республикасы орта білім беру мазмұнын жаңарту шеңберінде бірқатар пәндер бойынша педагогикалық кадрлардың біліктілігін арттыру курстары жүргізілуде.

Жаңартылған білім беру бағдарламасының ең негізгі мақсаты-білім алушылардың оқу нәтижелерін жетілдіру болып табылады. Орта білім мазмұнын жаңартудың көптеген компоненттері, соның ішінде мұғалімдердің біліктілігін арттыру бағдарламасы осы мақсатқа бағытталған.

Жаңартылған оқу бағдарламаларының ерекшеліктері 10 бөлімнен тұратын жаңа құрылымы болып табылады:

1.   Пәннің маңыздылығы;
2.   Пән бойынша оқу бағдарламасының мақсаты;
3.  
Үштілділік саясатты іске асыру;
4.   Оқыту үдерісіне ұйымдастыруға қойылатын талаптар;
5.   Пәнді оқытуда қолданылатын педагогикалық әдіс- тәсілдер;
6.   Түрлі мәдениет пен көзқарастарға құрмет;
7.   Ақпараттық- коммуникациялық технологияларды қолдану құзіреттілігі;
8.   Оқушылардың коммуникативтік дағдыларын дамыту;
9.   Оқу нәтижелерін бағалау жолдары;
10. Оқудың мазмұны, ұйымдастырылуы мен бірізділігі.

Бағдарламаның міндеттері:

1. Пән бойынша жаңартылған білім беру бағдарламасының құрылымымен, ондағы материалдардың күрделілігініғң өсу ретімен, мазмұнымен және мақсаттарымен таныстыру;
2. Пән бойынша жаңартылған білім беру бағдарламасына сәйкес келетін педагогикалық тәсілдерді түсінуін және қолдана білуін қамтамасыз ету;
3. Пән бойынша жаңартылған білім беру бағдарламасындағы оқу мақсаттарына қол жеткізу мақсатында критериалды бағалау жүйесін түсініп, қолдана білуін қамтамасыз ету;
4. Мұғалімдердің бойында орта білім мазмұнын жаңарту жағдайында пән бойынша жаңартылған білім беру бағдарламасын іске асыру үшін қажетті дағдыларды қалыптастыру.

Оқудан күтілетін нәтижелер:

- Мұғалімдер жаңартылған білім беру бағдарламасының құрылымын, ондағы материалдардың күрлелілігінің өсу ретін, мазмұнын және мақсаттарын біледі және түсінеді;
- Пән бойынша жаңартылған білім беру бағдарламасына сәйкес келетін педагогикалық тәсілдерді, оқу материалдарын қолдана біледі;
- Пән бойынша жаңартылған білім беру бағдарламасындағы оқу мақсаттарына қол жеткізу мақсатында критериалды бағалау жүйесін түсінеді және қолдана біледі;                                                                                  
- Мұғалімдердің орта білім мазмұнын жаңарту жағдайында пән бойынша жаңартылған білім беру бағдарламасын іске асыру үшін қажетті біліктері мен  дағдылары қалыптасқан.

Жаңартылған білім беру бағдарламасы бойынша мұғалімдердің біліктілігін арттыру курсынан алған әсерлем өте көп. Ондағы жүргізілген тиімді әдіс-тәсілдер - педагогтардың оқытудың әмбебаб үлгісін және тиімді әдістер жүйесін қолданып, оқушыларға тәуелсіз болуға, сыни тұрғыдан ойлауға, оқуға жауапкершілікпен жәнешығармашылықпен қарауына көмектесетін сыни тұрғыдан ойлауға бағытталған.

Жаңартылған білім беру бағдарламасы - озық технологиялардың барлық қыр-сырларын білуге жетелейді.

Сөзімнің соңын қорытындылай келе, бұл жаңартылған білім беру бағдарламасы бойынша менің көкейге түйгенім: алдымызға бір мақсат қоя отырып, сол мақсатқа жету жолында шәкірттердің жүрегіне жол тауып, әрекеттендіре білу шеберлігіне жетсек, егемен елдің ұл-қыздары білімді де білікті болып шықпақ. Соның арқасында біз бәсекеге қабілетті, іргесі мықты ел боламыз. Ұстаздықтың ұлы жолында өзімнің бар күш жігерімді салып, еліме пайдамды тигізіп жатсам, бұл ғаламда одан артық бақыт жоқ деп ойлаймын.

??

Қорыта келе, мен мақаламды  ақын Міржақып Дулатовтың  «Жалғыз сүйеніш, жалғыз үміт – оқуда. Теңдікке жетсек те, жұрттығымызды сақтасақ та, дүниедегі сыбағалы орнымызды алсақ та, бір ғана оқудың арқасында аламыз. Жақсылыққа бастайтын жарқын жұлдыз – оқу. Надан жұрттың күні – қараң, келешегі — тұман» деген сөздерімен аяқтағым келіп отыр. ХХІ ғасыр – ғылым ғасыры. Мақсатты білім беру – тұлға дамуын жүзеге асыратын мәселе. Ал осы жалпыеуропалық стнадартқа сай  жаңа білім беру  —  жеке тұлғаның жан-жақты дамуына әкелетін бірден-бір жол!

??

Ұстаздарға арналған порталдар тізімі:

  • Конкурстар мен олимпиадалар - https://talimger.kz
  • Республикалық қашықтық олимпиадалар  http://clever.zti.kz
  • Республикалық конкурстар, курстар, конференциялар мен олимпиадалар  https://ukz.kz
  • Конкурстар, конференциялар және олимпиадалар  https://tarim.kz
  • Халықаралық семинарлар, олимпиадалар мен конкурстар  https://mriks.ru
  • Халықаралық педагогтар ассоциациясыhttps://iae.su
  • Зияткерлік технологиялар институты - https://zti.kz
  • Педагогикалық журналhttps://adisteme.kz
  • Атаулы ертегілер - https://hansunqar.kz

??

1.

2.

3.

• “Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер”
• ”Сын тұрғысынан ойлауға
үйрету”
• “Оқу үшін бағалау мен оқуды
бағалау”
• “Оқыту мен оқуда АКТ
пайдалану”
• “Талантты және дарынды
балаларды оқыту”
• “Оқушылардың жас
ерекшеліктеріне сәйкес оқыту және оқу”
Ойлау
жолдары Әдістер мен  тәсілдер

Шаттық шеңбері:
«Досыңды мақта»
«Суреттер»
«Сематикалық карта»
«Серпілмелі сауалдар»
«Конверттегі сұрақтар»
«Жұптық әңгіме»
«Өкіл»
Сергіту сәті:
«Қозғалмалы сандар »
«Ойлан – талқыла – бөліс»
«Бес жолды өлең»
«Жалған,ақиқат»
•ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ
•-АКТ құралдары
•Бағалау құралдары
•Керекті ресурстар
Жұмыс
құралдары

4. Коммуникативті оқыту ұстанымы: тілдік дағдыларды дамыту

ОҚЫЛЫМ
ТЫҢДАЛЫМ
ЖАЗЫЛЫМ
АЙТЫЛЫМ

5.

«Жасырын әріпті тап»
Ширату
жаттығуы
«Жұмбақ шешу»
Оқушылар
жұмбақтың шешуін табады,Тапқан сөздегі бірінші дыбысқа
сипаттама
береді.
«Көркем
жазу»
Жеке жұмыс
Дәптермен
жұмыс.
Жұптық жұмыс
«Тез ойла!» «Сәйкестендір»
Оқушылар
әдісі
дәптерде
Ұжымдық жұмыс
берілген әріп
элементте
«Тізбектелген
Берілген
рін
моншақтар» әдісі
сызбадағы
Оқушылар берілген
сөздерді топпен,
жекелей, тізбектеп
оқиды. Сөздердегі Л
дыбысының орнын
анықтайды, көк
түспен белгілейді.
жасырын
әріпті табу
арқылы
берілген
суреттерді
сәйкес келетін
сызбамен
сәйкестендіреді
, сұрақтарға
жауап беру.
каллиграфия
лық
талаптарға
сай жазады.
Лл әрпі
кездесетін
сөздер
жазып,
дыбыстық
талдау
жасайды.
«Сөз
құрастыр»
Топтық
жұмыс
«Ойлан,
талқыла,
бөліс» әдісі
Оқушылaр
берілген
суреттерді
пайдаланып
сызба
бойынша сөз,
сөйлем
құрастырады
, суретке
қарап
отырып,
жұбымен
бірге талдау
жасап,
топта
бөліседі.

6.

САРАЛАУ
Уақыт және
тапсырма
Біpлecкeн oқу кeзiндe
қoлдaуды қaжeт
eтeтiн oқушылapғa
мұғaлiмнiң көмeгiмeн
жeтeлeушi сұрaқтap
қoйылып,
тaпcырмaның
үлгiлepi ұсынылды.
Тaпcырмaны
opындaуғa уaқыт
бepiлeдi.
Ресурс
бойынша
Жұптық жұмыс
ұйымдacтыру
кeзiнде oқушылаp
бepiлген суpeткe
cипaттaмa бepeді,
сызбадағы
сөздермен
суреттерді
сәйкестендіреді,
дыбыстарды
анықтайды.
Нәтиже
бойынша
Өз бeтіншe жұмыс
жасау барысында
қaбiлеті жoғapы
оқушылap сурет
бойынша мысал
келтіре
алады,тaпcырмaны
бapлық оқушы
бipдей
opындaғaнымeн
нәтижeлepi әр
түрлi бoлaды.

7.

«Күлегештед»
әдісі
Оқушылар
смайликтер
арқылы
бағалайды.
Геометрялық
фигуралар
арқылы бірін
– бірі
(жұпта)
бағалауы.
«Жапон»
әдісі арқылы
топтарды
бағалау
(Мадақтау,
ынталандыру
сөздері)
Жарайсыңдар!
Тамаша!
Өте жақсы!

8. Тұлға аралық байланыс орнату, Сыныптың білім деңгейін анықтау, Алдыңғы сабақты қысқаша қайталау, Сабақ тақырыбын білдіретін

С
а
б
а
қ
т
ы
ң
б
а
с
ы
Тұлға аралық байланыс орнату, Сыныптың білім деңгейін анықтау,
Алдыңғы сабақты қысқаша қайталау, Сабақ тақырыбын білдіретін
мәселелерді анықтау
Қызығушылық пен назарға қол жеткізу, Пайымдауға және логикалық
ойлауға себепші болу, Оқушылар болып жатқан оқиғаларды
түсінгендерін анықтау

9.

Назар аудару және түсіндірк, Балаларды бақылауды жүргізу мен қорытынды
шығаруға жетелеу. Қиындықты , түсінбеушілікті анықтап, жеке оқушыларға көмек
көрсетуге қатысу
Оқу мұғалімді селсоқ тыңдағанда ғана емес, вербалды құралдарды қолдану
нәтижесінде, яғни сөйлесу, талдау және дәлелдеу барысында да жүзеге асады
(Д.Барнс 1971ж)

10.

Сабақтың басты сәттерін анықтау, Сабақ қорытындысы мен түсіну дәрежесін,
меңгеруін бағлау, Қосымша проблемалар туралы әңгімелесу
Қолайлы оқу үшін адамдарға кері байланыс пен мадақтау қажет, сондықтан
бағалау ізгі болу керек
(Сегізінші тезис)

11. Нәтиже

Мұғалім
Оқушы
- Жеті модульді
ықпалдастыра
отырып,тапсыр
малар құрдым;
- сын
тұрғысынан
ойлана отырып,
оқушылардың
ойлануына
түрткі болдым;
- Тұлға аралық
байланыс орна
та алдым,
Бақылаушылық,
ұйымдастыруш
ылық қызмет
атқардым.
- Өз алдына
мақсат, міндет
қоя алды;
Тапсырмаларды
сыни тұрғыдан
ойланып,
болжамдары
мен
тұжырымдары
н айта алды;
- Басқалардың
пікірімен
санасып,
сұрақтар
қойып,
қорытынды
жасады.
Не сәтті Не сәтсіз
өтті?
өтті?
- Оқушылар
топта
тапсырмаларды
қызығушылықпе
н талқылап,
әңгіменің
әртүрін құрай
алды;
- ұяң, енжар
оқушылар
сабаққа
араласты;
-талантты,
дарынды
оқушылар
байқалды.
- Уақытты
тиімсіз
қолдану;
- кейбір
оқушылардың
постер
қорғауда,
дәлелді ойлар
мен еркін
сөйлеу
дағдыларыны
ң аздығы;
- Сұрақтың
жүйелі
қойлмауы.
- Оқу
пирамидасындағ
ы тиімді
әдістерді негізге
ала отырып
тапсырмалар
құру;
- Сұрақ қою
тәсілдерін
орынды
пайдалану;
- “Оқушы –
оқушы” әдісіне
баса назар
аудару.

12.

ЖАҢАРТЫЛҒАН БІЛІМ
МАЗМҰНЫ, ТИІМДІ ОҚЫТУ
МЕН ОҚУ
“Мектеп жұмысы мен оқушы жетістіктерін өрістетудегі негізгі
тұлға - мұғалім”.
Strong,Ward&Grant
“Әлем өзгергендіктен, Сіз өзгересіз және қазіргі сәтте
өзгеріссіз қалу қауіпті...”
Мақсат: Өзін – өзі реттей алатын,өзіндік дәлел –уәждерін
нанымды жеткізе білетін, ынталы, сенімді, сыни пікір –
көзқарасы жүйелі дамыған, сандық технологияларда
құзырлы, саналы тұлға қалыптастыру


Скачано с www.znanio.ru

Ш.Уәлиханов атындағы №3 мектеп-лицейі»

Ш.Уәлиханов атындағы №3 мектеп-лицейі»

Балалар күннен күнге қолжетімділік артып келе жатқан анағұрлым кең коммуникациялық үдерістерге тиімді және ойдағыдай қатысуға мүмкіндік беретін сыни тұрғыда ойлау мен зерттеу дағдыларын дамыту керек»…

Балалар күннен күнге қолжетімділік артып келе жатқан анағұрлым кең коммуникациялық үдерістерге тиімді және ойдағыдай қатысуға мүмкіндік беретін сыни тұрғыда ойлау мен зерттеу дағдыларын дамыту керек»…

Кембридждық оқыту тәсілінің мазмұнына сай, «Сыни тұрғыдан ойлау» жобасының құрылымымен жасалып жүр

Кембридждық оқыту тәсілінің мазмұнына сай, «Сыни тұрғыдан ойлау» жобасының құрылымымен жасалып жүр

Пайдаланған әдебиеттер тізімі: [1] «Қазақстан

Пайдаланған әдебиеттер тізімі: [1] «Қазақстан

Республикасының білім беру реформаларының негізгі мақсаты- білім беру жүйесін жаңа экономикалық ортаға бейімдеу

Республикасының білім беру реформаларының негізгі мақсаты- білім беру жүйесін жаңа экономикалық ортаға бейімдеу

Мұғалімдердің бойында орта білім мазмұнын жаңарту жағдайында пән бойынша жаңартылған білім беру бағдарламасын іске асыру үшін қажетті дағдыларды қалыптастыру

Мұғалімдердің бойында орта білім мазмұнын жаңарту жағдайында пән бойынша жаңартылған білім беру бағдарламасын іске асыру үшін қажетті дағдыларды қалыптастыру

Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер” • ”Сын тұрғысынан ойлауға үйрету” • “Оқу үшін бағалау мен оқуды бағалау” • “Оқыту мен оқуда

Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер” • ”Сын тұрғысынан ойлауға үйрету” • “Оқу үшін бағалау мен оқуды бағалау” • “Оқыту мен оқуда

Жұптық жұмыс «Тез ойла!» «Сәйкестендір»

Жұптық жұмыс «Тез ойла!» «Сәйкестендір»

САРАЛАУ Уақыт және тапсырма

САРАЛАУ Уақыт және тапсырма

Күлегештед» әдісі Оқушылар смайликтер арқылы бағалайды

Күлегештед» әдісі Оқушылар смайликтер арқылы бағалайды

Пайымдауға және логикалық ойлауға себепші болу,

Пайымдауға және логикалық ойлауға себепші болу,

Басқалардың пікірімен санасып, сұрақтар қойып, қорытынды жасады

Басқалардың пікірімен санасып, сұрақтар қойып, қорытынды жасады

Оқушы – оқушы” әдісіне баса назар аудару

Оқушы – оқушы” әдісіне баса назар аудару
Материалы на данной страницы взяты из открытых истончиков либо размещены пользователем в соответствии с договором-офертой сайта. Вы можете сообщить о нарушении.
29.11.2020