Жануарлардың тіршілік үшін күресі.
Оценка 5

Жануарлардың тіршілік үшін күресі.

Оценка 5
docx
23.01.2021
Жануарлардың тіршілік үшін күресі.
2.11.20 Жаратылыстану 2Е.docx

Пән: Жаратылыстану

Мектеп: №220

Бөлімі: Жануарлар

Мұғалімнің аты-жөні:Каденова Ардақ

Күні: 2.11.20

Қатысқандар саны: 26

Сынып: 2 «Е»

Қатыспағандар саны:                                

Сабақ тақырыбы

Жануарлардың тіршілік үшін күресі.                                                                                        

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

2.2.2.2 - жануарлардың тіршілік ортасына бейімделу жолдарын сипаттау;

2.1.2.5 - құрылған жоспарға сәйкес бақылау жүргізу және қорытынды жасау

2.1.2.4 бақылау жүргізудің жоспарын құру.

Сабақ мақсаттары

Барлық оқушылар:

 Жануарларды атайды

Көптеген оқушылар:

Жануарлардың тіршілік ортасына бейімделу жолдарын зерттеудің қажеттілігін түсінеді

Кейбір оқушылар:

Жануарлардың тіршілік ортасына бейімделу жолдарын сипаттайды ,зерттей алады

Бағалау критерийлері

Жануарлардың тіршілік ортасына бейімделу жолдарын сипаттайды .

Жануарлардың тіршілік ортасына бейімделуін зерттейді.

Тілдік мақсаттар

Пәнге тән лексика мен терминология: бүркеніш рең, қорғану, рең.
Диалог пен жазу үшін пайдалы сөздер мен тіркестер:
- Жолбарыс қалай бүркеніш рең жасайды?

-Қоян қалай жауынан қорғанады?

-Бұғылардың реңі қандай?

Құндылықтарды дарыту

ынтымақтастық пен қарым-қатынас дағдылары дамиды.

Пәнаралық байланыстар

Көркем еңбек – «Кел, зерттейік» , «Жемсауыт» жасау

Дүниетану- жануарлардың атын атау

Бастапқы білім

Жануарлардың бейімделуі туралы біледі.

Сабақтың жоспар кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

Жануарлар- животные-animals

-Өте жақсы

1. Қысқа дайындық

-Енді, сендерге мынандай сұрақ. Күн суытқанда кейбір құстар не істейді? Жылы жаққа ұшады.

-Ал,жануарлар не істейді? Ұйқыға кетеді. Түсін өзгертеді.

-Ал, балықтар не істейді? Суықта судың астына қарай кетеді.

-Балалар, неге жануарлар мұндай әрекетке барады? Қорғану үшін.

-Яғни, қоректік заттардың азаюына байланысты кейбірі ұйқыға, ал кей құстар жылы жаққа ұшып кетеді  екен.

 -Сонда жануарлар тіршілігі үшін не істеп жатыр?

-Жануарлар тіршілігі үшін күресіп жатыр.

Сонда бүгінгі біздің тақырыбымыз қалай аталады деп ойлайсындар? Әртүрлі жауаптар алынады.

Жануарлар тіршілігі үшін күресі

Бұл сабақта не туралы білеміз деп ойлайсындар? Әртүрлі жауаптар алынады.

 

 

 

 

 

 

 

Сабақтың ортасы

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2. Кітаппен жұмыс

-Ал,басқаша олар қорғана ала ма? Бұл сұраққа жауап беру үшін кітапты ашып, кітаптан мәлімет алсандар болады. Мысалы жолбарыс не істеп жатыр?

 -Торуылдап

-Қалай торуылдайды?

-Қозғалмай

-Бұл оған тірі қалуға қалай көмектеседі?

 -Ол жануарларды торуылдап,кенеттен бас салады. Бұл оның аш қалмауына септігін тигізеді.

-Екінші суретте не бейнеленген?

 -Қоян

-Ол не істеп жүр?

-Ол қашып барады.

-Неден қашып барады деп ойлайсындар?

-Кенет шыққан дауыстан.

-Ал,бұл оның аман қалуына қалай көмектеседі?

-Тез ракция(тез қимылдау) арқылы қашып кетеді.

-Ал үшінші фото суретте не берілген?

- Бұлан мен бұзауы.

-Бұзауы не істеп келе жатыр деп ойлайсындар?

-Анасының іс-әрекетін қайталап жүр. Осылай ол тірі қалуды үйренеді.

-Ал,енді суреттегі жануарлардың түстеріне қарандаршы.

-Жолбарыстың түсі қандай?

-Неге?

-Ол жануарларын андығанда ашық түсті өсімдіктер мен қоңыр тастардың арасында көрінбей қалу үшін осындай болады.

-Ал қоянның ше?

-Сұр.

-Ол ағаш,бұталардың түсімен және жердің түсімен бірдей болу үшін.

-Ал қыста қоянның түсі қандай болады деп ойлайсындар?

-Ақ.

-Неге? 

-Жауынан қорғану үшін.

-Дұрыс айтасыңдар.

-Яғни, қоян түлеу арқылы түсін өзгертіп отырады екен.

-Балалар, тек бұл аңдар ғана емес басқа да жануарлар,сонымен қатар су асты жануарлары мен құбылғы да реңін өзгерте алады екен. Оны білу үшін назарымызды видеоға аударайық.

-Сонда балалар, жануарлардың түстері қандай қызмет атқарады екен?  -Жануарлардың  түстері қорғаныш  қызметін атқарады екен.

  -Жануарлардың түсі  тіршілік ететін ортасымен ұқсас болады екен.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Видеороликке назар аудару

 

 

 

 

Сабақтың соңы

Сабақ аяқталды.

 


 

Пән: Жаратылыстану Мектеп: №220

Пән: Жаратылыстану Мектеп: №220

Кітаппен жұмыс -Ал,басқаша олар қорғана ала ма?

Кітаппен жұмыс -Ал,басқаша олар қорғана ала ма?
Материалы на данной страницы взяты из открытых истончиков либо размещены пользователем в соответствии с договором-офертой сайта. Вы можете сообщить о нарушении.
23.01.2021