«Жас информатиктер» атты интеллектуалды сайыс.
Оценка 4.7

«Жас информатиктер» атты интеллектуалды сайыс.

Оценка 4.7
Разработки уроков
docx
информатика
5 кл—6 кл
31.03.2017
«Жас информатиктер» атты интеллектуалды сайыс.
Пәні: информатика Сыныбы: 5-6 Сабақтың мақсаты: 1.Білімділігі: оқушыларға XXI - ғасыр жаңа технология мен ақпараттандыру жолдарын жетік үйрету. Информатика пәніне қызығушылығын арттыру. 2.Дамытушылық: оқушылардың білімін жетілдіре отырып, өз бетімен жұмыс жасауға дағдыландыру.Жаңа материалға қызығушылығын дамыту. 3.Тәрбиелік: әрбір оқушыны тиянақтылыққа, өзіне-өзі талап қоя білуге баулу, көңілін аудару. Сабақта қауіпсіздік техникасы мен тазалық - гигиеналық талаптарын орындату. Сабақтың түрі: өтілген тарау бойынша қайталау, сабақ жарыс - сайыс түрінде өтеді. Сабақтың көрнекілігі: слайд, таратпа материал, компьютер. Жоспары : І кезең. «Таныстыру» сайысы (Топты және төс белгіні таныстыру) ІІ кезең. «Құпия жәшік» сайысы (топтық сұрақ – жауап) ІІІ кезең. «Венгр» сөзжұмбағы ІV кезең. «Кім жылдам» сайысы
разработка жас инф-тер.docx
№3 орта мектеп.  «Жас информатиктер»  атты информатика пәнінен сыныптан тыс іс­шара.                                                                           5­6­сыныптар.  Ұйымдастырған: Тулегенова Г.Б.                               17.03.2016. «Жас информатиктер» атты интеллектуалды сайыс. Пәні: информатика Сыныбы: 5­6 Сабақтың мақсаты:  1.Білімділігі:  оқушыларға XXI ­ ғасыр жаңа технология мен ақпараттандыру жолдарын жетік үйрету. Информатика пәніне қызығушылығын арттыру. 2.Дамытушылық: оқушылардың білімін жетілдіре отырып, өз бетімен жұмыс жасауға дағдыландыру.Жаңа материалға қызығушылығын дамыту. 3.Тәрбиелік: әрбір оқушыны тиянақтылыққа, өзіне­өзі талап қоя білуге баулу, көңілін   аудару.   Сабақта   қауіпсіздік   техникасы   мен   тазалық   ­   гигиеналық талаптарын орындату. Сабақтың түрі: өтілген тарау бойынша қайталау, сабақ жарыс ­ сайыс түрінде өтеді.  Сабақтың көрнекілігі: слайд, таратпа материал, компьютер. Жоспары : І кезең. «Таныстыру» сайысы (Топты және төс белгіні  таныстыру) ІІ кезең. «Құпия жәшік» сайысы (топтық сұрақ – жауап)        ІІІ кезең. «Венгр» сөзжұмбағы         ІV кезең. «Кім жылдам» сайысы            Өтілу барысы: I.Ұйымдастырушылық кезең   Оқушыларды сайысқа шақыру  II. Сайысты өткізу бағдарламасымен  таныстыру    Әділқазылар алқасымен таныстыру  Сайысты өткізу  Әділқазылар алқасының қорытынды жариялауы  Марапаттау    Жүргізуші: Тойлатып , додаласып , өлеңдесіп, Достарым отырсың ба елеңдесіп. Ата­салт, баба дәстүр жолыменен, Алайық біз әуелі сәлемдесіп. Сәлеметсіздер   ме,   құрметті   ұстаздар,   әділ­қазылар,   оқушылар!   Сіздермен бірлесе   отырып     5­6   –   сыныптар   аралығында     өткізгелі   отырған  «Жас информатиктер»  атты шарамызға қош келдіңіздер! Осындай екпінді ду қол шапалақпен     бастауға   рұқсат   етіңіздер.   Білімділігі   мен тапқырлығы, алғырлығымен танылған оқушыларды ортаға шақырамыз. Алдарыңызда __________________________________________________________ _______________________________________________________________   сайысымызды   Ойын толқын жатқанда асып, тасып, Біреу мығым, біреулер шалыс басып. Бұл ойыннан өтеді ғұлама ойлар, Жеңседе, жеңілсе де қалма жасып. Көрермен жиналған бұл тамашаға Құр қарап жай отыру жараса ма? Туыс, досқа , сыныптас, танысқа емес Соқ  қолыңды білімді жас таланттарға. Әділ халқым берерсің әділ баға Өнері мен өренін салыстыра, ­ дей отырып ең алдымен сіздерге осы ойында әділ бағасын берер әділқазылар алқасымен таныстырайын.     _____________________________________________________________________ _    Төрағасы, төбе билер, жюрилер Әділетпен   кеңес   құра   біліңдер  –   дей   отырып   сайысымыздың   1­ші   кезеңі «Таныстыру»  сайысын бастаймыз.Сайыскерлер өз топтарының төсбелгілерін және   өздерін   таныстырады.   (2­3   минут   уақыт   беріледі).   І   кезеңнің   соңында «Таныстыру»   сайысының   қорытындысын   әділ­қазылар   алқасы   баяндайды. Әрбір топтың жинаған ұпай қорын білейік. «Таныстыру» сайысының ұпай сандарын білсек ІІ кезеңімізді бастайық.  Білімнің ұшқырлығы ғылым деген , Асып, тасып, асықпа, қалыспа сен Уакыт деген зымырап, зулап жатыр Шапшаңдық бұл сайыста керек екен. ІІ бөлім «Құпия  жәшік» сайысы.  Бұл   бөлімде   сайыскерлерге   жәшіктерде жасырылған сұрақ қойылады.Әрбір дұрыс жауапқа 1 ұпай беріледі.   компьютерлік   ...­   бұл   қоршаған   ортадан   алатын   білім,   мәлімет   немесе   команда (Ақпарат) Көбеюге және басқа бағдарламаларға жұғуға қабілетті, арнайы жазылған шағын   көлемді   бағдарлама   қалай   аталады? (Компьютерлік вирус)  Ақпараттық процестерді жүзеге асыратын негізгі құрал (компьютер) ЭЕМ­мен   жұмыс   жасау   кезінде   экраннан   қандай   қашықтықта   отыру керек? (60­70см) Бір немесе бірнеше файлдарды сығу, ретімен қаттауға арналған файл. (Архив) Нәтижеге   жету   мақсатында   атқарушыға   қандай   әрекеттерді   жасау қажеттігін   түсінікті   әрі   дәл   етіп   көрсететін   нұсқаулар   реті   қалай аталады? (алгоритм) Компьютердің «ақыл­ойы», ең басты бөлігі (процессор) ... – бұл командалары бірнеше рет қайталанып орындалатын алгоритм (Циклдық алгоритм) ... – бұл жаңа, жақында пайда болған, жарияланған, жасалған әлденені көпшілікке таныстыру. (тұсаукесер)  Осылай ІІ бөлімді  аяқтай келе қазылар алқасынан бөлім бойынша ұпай қорын анықтасақ.  Жүргізуші:         ІІІ   кезең.   «Венгр»   сөзжұмбағы   деп   аталады.   Ұсынылып   отырған сөзжұмбақтан  информатикаға байланысты сөздерді табу керек.  қ н н м т п и ы п к ш н а р о т п и р м в и о ц р у е с с р с ә т і н о т е р н е т о р е т ө а и р х л т о м н р т и д е и е о м м н р т н и с о з т р б й т з е п р к м е е а ф ү а с и е я й л ц и в ж л я ь ф и д к а т н е о а а б о д и н Ең қиынын жарыстың Жеңіп алда жарыссын, ­ дей келесі кезең «Кім жылдам?» сайысын бастайық. Бұл   бөлімде   20   минут   ішінде   алда   келе   жатқан   22­наурыз   мерекесіне байланысты слайд жасау. Слайдқа қойылатын талаптар: 1. Слайдтағы нысандар анық, түсінікті болу қажет.  2. Мәтіннің түсі қанық болуы; 3. Тақырыпқа сай болуы; 4. Слайдта 22­наурыз туралы суреттер, құттықтау сөздер, шығу тарихы, сол күні өтетін салт­дәстүрлер, ұлттық тағамдар, киімдер, ойындар және т.б. өз қиялыңыздарға қарай болуы; 5. Слайдттың саны шектелмейді.                              Компьютер ­  сенің көмекшің                              Қаламың әрі қағазың!                              Керек емес демессің,                              Аздаған болса хабардың.                              Үйрену керек бәрінде                   Ақпараттық заманның            “Жас информатиктер” интеллектуалды сайысы өз мәресіне жетті. Келесі кезек, бүгінгі сайысымыздың жеңімпазы кім екенін анықтау үшін,   сөз кезегі әділқазылар алқасына беріледі. Әділқазылар  жеңімпаздарды марапаттайды.            Зейін қойып тыңдағандарыңыз үшін  алғысымыз шексіз! Қош сау болыңыздар!

«Жас информатиктер» атты интеллектуалды сайыс.

«Жас информатиктер» атты интеллектуалды сайыс.

«Жас информатиктер» атты интеллектуалды сайыс.

«Жас информатиктер» атты интеллектуалды сайыс.

«Жас информатиктер» атты интеллектуалды сайыс.

«Жас информатиктер» атты интеллектуалды сайыс.

«Жас информатиктер» атты интеллектуалды сайыс.

«Жас информатиктер» атты интеллектуалды сайыс.

«Жас информатиктер» атты интеллектуалды сайыс.

«Жас информатиктер» атты интеллектуалды сайыс.
Материалы на данной страницы взяты из открытых истончиков либо размещены пользователем в соответствии с договором-офертой сайта. Вы можете сообщить о нарушении.
31.03.2017