Жасуша органоидтары
Оценка 5

Жасуша органоидтары

Оценка 5
Разработки уроков
docx
биология
8 кл
12.03.2018
Жасуша органоидтары
Тақырыбы: Жасуша органоидтары Мақсаты:. Білімділік: Оқушыларға жасуша органоидтарын, жануар мен өсімдік жасушаларының айырмашылықтарын, жасушаның негізгі тіршілік қасиеттерін түсіндіру. Тәрбиелік: Табиғатты аялауға, қорғауға тәрбиелеу. Өзінің денсаулығын сақтауда жинақылыққа және зейінділікке үйрету. Санитарлық -гигиеналық дағдысын тәрбиелеу. Салауатты өмір сүруге үйрету. Денесін жетілдіруге үйрету. Дамытушылық: Пәнге қызығушылығын арттыру, ойлау, есте сақтау қабілеттерін арттыру, синтездеу, талдау,қорытындылау, нақтылау қасиеттерін дамыту.
Жасуша органоидтары 8кл Знанио.docx
Биология. 8 сынып Тақырыбы: Жасуша органоидтары Мақсаты:.                          айы, күні: Білімділік:    Оқушыларға   жасуша   органоидтарын,   жануар   мен   өсімдік жасушаларының айырмашылықтарын, жасушаның негізгі тіршілік қасиеттерін түсіндіру.  Тәрбиелік:    Табиғатты   аялауға,   қорғауға   тәрбиелеу.  Өзінің   денсаулығын сақтауда жинақылыққа және зейінділікке үйрету. Санитарлық   ­гигиеналық дағдысын   тәрбиелеу.   Салауатты   өмір   сүруге   үйрету.   Денесін   жетілдіруге үйрету. Дамытушылық: Пәнге қызығушылығын арттыру, ойлау, есте сақтау қабілеттерін арттыру, синтездеу, талдау,қорытындылау, нақтылау қасиеттерін дамыту. Түрі: аралас сипатта Әдісі: баяндау,  сұрақ­жауап. Көрнекілік: интерактивті тақта, суреттер Жоспар: I.Ұйымдастыру: сәлемдесу, түгендеу                  II.  Үй тапсырмасы: сұрақ­жауап арқылы                  III. Жаңа тақырып  Барысы:   Жасуша органоидтары ­ жасушалардың тұрақты арнаулы бөлігі. Жасушаның қызметі тек органоидтардың көмегімен ғана орындалады. 1.Эндоплазмалық тор (ЭПТ) ­ (гр. эндо ­ ішкі, гр. плазма ­ жапсырылған) ­ жасушаның ішін түгелдей бірімен­бірі   тығыз   байланысқан   түтікшелермен   торлап   жататын   2   жарғақшалы   түзіліс.   Сыртқы жарғақшаларына рибосомалар бекінсе ­ түйіршікті ЭПТ, бекінбесе, тегіс жарғақшалы ЭПТ дейді. Тегіс   жарғақшалы   ЭПТ   майлар   мен   полисахаридтердің   алмасуына   қатысады.   Түйіршікті жарғақшалы ЭПТ рибосомаларында нәруыздар синтезделеді. ЭПТ торланған түтікшелері жасуша ішіндегі басқа органоидтардың қатынас жасауына көмектеседі. 2.Рибосома (рибонуклеин қышқылы, лат. soma ­ дене) ­ цитоплазмада бос күйінде, жарғақшаға (ЭПТ) бекінген күйінде болатын нөруызды дөнек тәрізді өте ұсақ органоид. Ол нәруыз синтезіне қатысады 3.Митохондрия (гр. mitos ­ жіпше, гр. chondrion ­ дәнек) ­ барлық тірі жасушаларда болады. Пішіні таяқша,   жіпше,   дәнек   тәрізді   түзіліс.   Жасушада   ондаған,   мыңдаған   митохондриялар   кездеседі. Сыртын   2 қабатты  жарғақша  қаптайды.  Сыртқы  жарғақшасы  тегіс,   ішкі   жарғақшасы  қатпарлы. Митохондриялар   ­   май   қышқылдарьш   синтездеп,   жасушаларды   энергиямен   қамтамасыз   ететін энергия  жинақтаушы құрылым. ішкі жарғақшадағы ферменттер  глюкоза мен аминқышқылдарды ыдыратып, май қышқылдарын тотықтырады. 4.Лизосома   (гр.   mitos  ­   еріту,   гр.   soma   ­   төн)   ­   домалақ   немесе   сопақша   пішінді,   бір   қабатты жарғақшалы   түзіліс.   Құрамындағы   ферменттердің   әсерінен   нәруыз   молекулаларымен полисахаридтерді ыдыратады. Жасушаға түскен бөгде заттарды ерітеді. 5.Гольджи   жиынтығы   ­   ядроға   жақын,   жасуша   орталығын   (центриоль)   айнала   қоршап   жататын көпіршік, түтікше тәрізді түзіліс. Жасушада заттардың тасымалдануына, қажетсіз соңғы өнімдердің жасушадан шығарылуына қатысады. 6.Жасуша орталығы ­ центриоль (лат. centrum ­ орталық нүкте, орталық) Гольджи жиынтығына жақын орналасқан цилиндр пішінді 2 денешік. Жасуша бөлінуінің алғашқы кезеңінде 2 центриоль бірінен­бірі   екі   полюске   карай   ажырайды.   Ортасында   ұршықша   жіпшелер   пайда   болады. Жасушалардың бөлінуіне қатысады. Жануарлар мен өсімдік жасушаларынын, айырмашылығы: 1. Жануарлар жасушасында центриоль болады. Жоғары сатыдағы өсімдіктердің жасушаларында центриоль болмайды. 2.Жануарлар   жасушасында   пластидтер   болмайды,   дайын   ағзалық   заттармен   қоректенеді. Өсімдіктер пластидтері арқылы ағзалық зат түзеді. 3.Қалың,   тығыз,   жасунықты   (целлюлозалы)   қабықша   тек   өсімдік   жасушасында   болады.   Ол өсімдіктің пішінін өзгертуге кедергі жасайды. Жануарлар жасушасындағы жарғақша (қабықша) өте жұқа цитоплазма қабатының тығыздалуынан пайда болтан. Сондықтан жануарлар пішінін өзгертіп, қозғалады. 4.Ірі   вакуольдер   (латынша   «уасиш»   ­   қуыс)   өсімдіктерде   болады,   ал   жануарлардың   тек   бір жасушалы қарапайым түрлерінде (асқорыту, жиырылғыш вакуольдер) ғана болады. Жасушаның негізгі тіршілік қасиеттеріне жататындар: зат алмасу, тітіркенгіштігі, көбею, өсу мен даму және т. б. Зат алмасу. Жасуша мен қоршаған орта арасында тынысалу, қоректену, қажетсіз өнімдерді шығару арқылы үздіксіз зат алмасады. Жасушадан сыртқы ортаға тотығу өнімдері шығарылып, корек заттар мен оттек қабылданады. Көпжасушалы ағзалардың жасушалары ағзаның ішкі ортасында тіршілік етеді.   Ағзаның   ішкі   ортасына   қан,   лимфа,   ұлпа   сүйықтығы   жатады.   Осы   ортадан   жасушаның жарғақшалары арқылы су, тұздар, витаминдер, гормондар, оттек өтеді. Бұлар ­ жасушаны түзетін құрылыс   материалдары.   Оттек   нәруыздарды,   майларды,   көмірсуларды   тотықтырып,   энергия бөлінеді. Энергия жасушаның барлық тіршілік әрекеттерін жүзеге асырады. Оттектің жасушаның құрамды бөліктерімен қосылуы ­ жасушалық тынысалу деп аталады. Бұл кезде ағзада қажетсіз заттар   (көмірқышқыл   газ,   тұздар)   түзіліп,   қан   ағынымен   зәр   шығару   мүшелері   арқылы   сыртқа шығарылады. Зат алмасу ­ тірі ағзаларды өлі табиғаттан ажырататын негізгі белгі. Тітіркенгіштігі.   Жасушалар   сыртқы   ортаның   түрлі   тітіркендіргіштерінің   әсерінен   қозады. Қозғыштық ­ барлық тірі ағзаға тән қасиет. Мысалы, суықтын, ыстықтың, жанасудың, химиялық заттардың барлығы тітіркендіргіштер. Көбею жасушалардың бөлінуі арқылы жүзеге асады. Алдымен ядро, содан соң цитоплазма екіге бөлінеді. Әрбір бөлінудің алдында ядродағы хромосомалар ұзынынан екі еселенеді де, бірінен­бірі ажырап, жас жасушаларға бөлінеді. Өсу   мен   даму   зат   алмасудың   нәтижесінде   жасушадағы   жай   заттардан   күрделі   ағзалық   заттар (нәруыздар, майлар, көмірсулар) түзіледі. Цитоплазма, ядро осы заттардан түзіліп, жасуша өседі. Цитоплазма мен ядро өзгеріп дамиды. Ересек жасушалардың  жаңа пайда болған жасушалардан көптеген айырмашылықтары бар екені байқалады. Көбею ­ тіршіліктің қалыпты сақталуын, ал өсу мен даму жасушалар санының көбеюін қамтамасыз етеді. Даму ­ көбеюмен аяқталады. Жасушалар мен жасушааралық заттар ағзаның даму барысында ұлпаларға, мүшелерге, мүшелер жүйесіне және тұтас ағзаға бірігеді. IV. Бекіту  1. Жасуша органоидтарын атаңдар? 2. Лизосомалар мен рибосомалар қандай қызмет атқарады? 3. Жасушаның негізгі тіршілік қасиеттерін атаңдар? Қорытынды: Сабақта не пайдалы не қызықты болды? V. Үйге тапсырма: §4.

Жасуша органоидтары

Жасуша органоидтары

Жасуша органоидтары

Жасуша органоидтары

Жасуша органоидтары

Жасуша органоидтары
Материалы на данной страницы взяты из открытых истончиков либо размещены пользователем в соответствии с договором-офертой сайта. Вы можете сообщить о нарушении.
12.03.2018