Ашық тәрбие сағаты:
Жақсыдан үйрен, жаманнан жирен
5 “Ә” сыныбы
Сынып жетекші:Қалдасбекова А
Жамбыл облысы,Жуалы ауданы №30 Көктөбе орта мектебінің химия-биология пәні мұғалімі
Сабақтың мақсаты
• Мақсаты: Оқушылардың арасында жағымды қарым-қатынас орнату, бір-біріне және қоршаған ортаға жақсылық жасай білуге, оқушының ой-өрісін дамыту.
• Міндеті: 1. Адам қарым- қатынасындағы жақсылық ұғымы туралы түсінік
• беру.
• 2. Оқушылар арасында жақсылық пен жамандық сезімдері туралы
• түсініктерді дамытуға ықпал ету.
• 3. Оқушыларды сыйластыққа,әдептілікке, шыншылдыққа,
• адалдыққа, жақсылық жасай білуге тәрбиелеу.
• Көрнекті құралдар: нақыл сөздер,сәйкестендіру кестесі,өлең жолдары
Сабақтың барысы:
• I.Сәлемдесу
• Арайлап таң атты
• Алтын сәуле таратты
• Жарқырайды күніміз
• Жарқырайды даламыз
• Қайырлы таң,қайырлы күн!
• Күліп шықты күн бүгін
• Бір-бірімізге бүгінгі күніміздің тамаша өтуіне арнап жақсы тілектер айтайық.
Миға шабуыл
1.Жақсылық деген не?
2.Жамандық деген не?
Ой қозғау.Видеокөрсетілім
Өзіңді тану
Жақсы болу – өзіңнен,
Жаман болу – өзіңнен.
Өзіңді-өзің ая да,
Өзің үйрен, өзіңнен.
Жақсылық көрсең біреуден,
“Мен қандаймын?” деп ойла.
Өзіңді-өзің қолыңа ал,
Өзіңсің – ақыл айнасы.
Тиеді саған мәні бар
Өзіңді танудың пайдасы. Сұрақтар:
• 1. «Жақсы болу-өзіңнен,
• Жаман болу-өзіңнен»,-деген өлең жолдары туралы қандай пікір айта аласындар?
• 2. « Жақсылық көрсең біреуден,
• « Мен қандаймын?» деп ойла» деген сөзіне көзқарастарың қандай?
• 3. « Жамандыққа ерсең жаман боласың, жақсылыққа ерсең жақсы боласың» деген ой туралы қандай пікір айта аласыңдар?
“Жақсының жүрген жері –шашу,жаманның жүрген жері-ашу” (Қадыр Мырза Али
“Адамның бойындағы жақсылыққа баға беру үшін, осы қасиеттің кішкене бөлігі өзінде болуы тиіс”
(Вильям Шекспир)
“ Адам қаншалықты ақылды әрі жақсылық жасауға ұмтылған сайын,соғұрлым адамдардағы жақсылықты байқағыш келеді”Паскаль)
Кім шапшаң?
(мақалдарды сәйкестендіру)
• Қандай жақсы сөздерді көп қолданасыңдар?
• Жақсы сөз естігенде қандай сезімде боласыңдар?
• Ал жаман, дөрекі сөз естігенде қандай сезімде боласыңдар?
• Жақын адамдарыңа қандай жылы, жақсы сөз айтқыларың келеді?
Ойланайық,пікірлесейік
І-топ
Велосипедпен жарысып келе жатқан Елдос жолдың шетінде тұрған қарияны көреді. Не істеу керек? Жол беріп, өткізіп жіберсе, жолдастарынан қалып қояды. Жарыстың аты жарыс, Елдос қарияның жолын кесіп өтеді. Елдостың
қылығы дұрыс па? Әлде бұрыс па? Сен қайтер едің?
ІІ-топ 1 сұрақ: Сіз автобуста отырсыз. Келесі аялдамадан қарт
адам кірді. Бос орын жоқ. Не істер едің?
2 сұрақ: Көшеде келе жатып қарт әже құлап қалды. Сен не
істер едің?
3 сұрақ: Сіз мектепте біреудің сөмкесін тауып алдыңыз.
Қандай әрекет жасар едіңіз?
Талқылау Әңгіме талдау
Жасы үлкен ата мен оның немересі үйдің алдында ырсылдап, алпарысып жатқан екі итке қарап отырыпты. Иттердің біреуі ақ, екіншісі қара. 12 жасар немере өзін білгелі осы иттер үнемі атасының үйі алдында алпарысып жататын. Атасы көзін алмай қарайтын ірі иттер еді бұлар.
Немере: «Ата, иттеріңіз соншалықты үлкен — үйіңізді қорғауға біреуі де жетер еді ғой, неге екеуін ұстайсыз? Ал түстері ше — неге біреуі ақ, екіншісі қара болуын қаладыңыз?» деп атасынан сұрады.
Жасы 70-ке жеткен ата немересіне күлімдеп қарады да:
«Ол иттерім, мен үшін екі таңба, балам.» — деді.
— Ненің таңбасы?
— Жақсылық пен жамандықтың. Тура осы иттер ұқсап, ішіміздегі жақсылық пен жамандық үнемі күресіп жатады. Иттерге қараған сайын соны ойлаймын. Сол үшін оларды қасымда ұстаймын.
Кішкентай бала, күрес болса онда жеңген мен жеңілген де болуы керек деп:
"Қалай ойлайсыз, осы күресті қайсысы жеңіп шығады екен?"
Атасы балаға қүлімдеп қарап:
"Қайсысы дейсің ба, балам? Мен қайсысына көп тамақ берсем — сол!"
Атасы немересіне не айтқысы келді? Бұл әңгіме туралы пікірлеріңіз қандай?
Мен жақсы болу үшін----
Жақсылық тамшысы
Оқушылардың санына сәйкес алдын ала дайындалған тамшы үлгісінде қиылған қағаздарды үлестіріледі. Әр бала тамшыға жақсылық сөздерді жазады. Тақтаға тамшыларды ілінеді. Тамшыны іліп жатқанда әр бала өзгелерге, айналасына өзі жасаған жақсылықтарын жария етеді.
- Балалар, әрқайсысыңның тамшыдай жасаған жақсылықтарыңды қосқанда үлкен дарияға (мұғалім тамшылар ілінген плакат астына көкпеңбек дария суретін апарып іледі) айналды. Яғни, әр адамның жаны жақсылыққа толы болса, жер бетінде бейбітшілік орнап, адамдар бақытты өмір сүреді.
Жақынды, досты аяла,
Қанатың сонда талмайды.
Барыңды жұрттан аяма,
Жақсылық жерде қалмайды.
Жайдары жүзбен жарқыра,
Қатігез болсаң -* сол қайғы.
Қайырымды бол халқыңа,
Жақсылық жерде қалмайды
деп бүгінгі сабағымызды аяқтаймыз!Тәрбие сағаты
Ашық тәрбие сағаты 5-сынып.doc
Ашық тәрбие сағаты: Жақсыдан үйрен, жаманнан жирен 5 “Ә” сыныбы
Жаман болу-өзіңнен»,-деген өлең жолдары туралы қандай пікір айта аласындар? • 2
Ол иттерім, мен үшін екі таңба, балам
Материалы на данной страницы взяты из открытых истончиков либо размещены пользователем в соответствии с договором-офертой сайта. Вы можете сообщить о нарушении.