Жалпы орта білім беретін Мереке мектепбалабақшасы
«Еркетай» балабақшасы
Тақырыбы:
1 НаурызРизашылық пен алғыс
күні
Өткізген: Куспанова М.А.
1 НаурызРизашылық пен алғыс күні!
Мақсаты: балалардың «сыйластық» құндылығы туралы түсініктерін кеңейту.
Міндеттері: ризашылық пен алғыс туралы түсінік беру; Үлкенкішіге деген сүйіспеншілігін, сыпайылық қарымқатынасын
дамыту;
Әдептілікке, кішіпейілділікке,ізеттілікке тәрбиелеу;
Көрнекіліктері: оқулық, дәптер, сандықша.
Жылулық шеңбері:
Ризамын бүгінге,
Ризамын бүгінге,
Ризамын бүгінге,
Ризамын қазірге!
Ризамын, ризамын, ризамын бүгінге,
Ризамын ,ризамын ,ризамын қазірге.
Әңгімелесу
Алғыс деген сөзді қалай түсінесіңдер ?
Адам өзінің ризашылығын, алғысын қандай сөздермен білдіреді?
Сендерге кім қандай жағдайда алғыс айтты?
Өздерің қандай жағдайда алғыс айтып көрдіңдер?
Балалардың жауаптары тыңдалады.
Бекнұр: Ризашылық – адамның басқа адамнан көрген жақсылығы, көмегі, көңілі үшін
қанағаттанушылық және алғыс білдірушілік сезімі.
Алғыс адамның адамға жасаған жақсылығы, көмегі, көңілі үшін ризашылық білдіруі,
сондайақ оның ойы мен ісәрекетіне жоғары баға беруі.
Дәйексөз. «Өмірге риза болып, алғыс айт». «Адам өз ісіне қанағаттанып, сүйсінген кезде
ризашылық сезімге бөленеді. Өзіңе жасалған жақсылыққа ризашылық білдіруді алғыс
дейміз.»
Адам өзінің өмірге келген күніне қуанып, риза болады. Қолындағы барын қанағат тұтып,
осының да бар болғанына рахмет деп алғысын білдіреді. Алғыс пен ризашылық білдіру
өзіңді, өмірді, өмірде барды бағалаудан басталады.
Топта бір баланың туған күнін өткізу, алғыс айту.
Алғыс айту ол әдептіліктің белгісі.
Ризашылық пен алғыс туралы мақалмәтелдер:
Дастанбек: Алғыс алғанарымас,
Қарғыс алғанжарымас.
Нұрәлі: Алғыс алған жігіттің, аты бәйгеден келеді.
Наргиза: Ел алғысын алсаң,
Елеулісі боларсың.
Ернар: Алтын алма алғыс ал:
Алтын деген – жер сыйы,
Алғыс деген – ел сыйы.
I.Көрініс. «Үлкенге көмек».
II.Көрініс. «Автобустағы жағдай» Жаңа ақпарат
«Адам өз ісіне қанағаттанып, сүйсінген кезде ризашылық сезімге бөленеді. Өзіне жасалған
жақсылыққа ризашылық білдіруді алғыс дейміз».
«Кімге алғыс айтар едіңіз?»
Сұрақ – жауап
Дүниеге әкелген атаанама алғыс айтар едім.
Тәлімтәрбие беріп отқан аяулы тәрбиеші апайларымызға алғыс айтамыз.
Дәмді тамақ дайындап отырған аспазшыларға алғыс айтар едім.
Біздерді емдеп, ауырсақ дәрі беріп отырған ақ халатты дәрігер апайларға мың алғыс.
Қорытындылау
Балалар, жылы сөз, қайырымды іс, жақсы ой, кіршіксіз сезімдеріңді ешкімнен ешқашан
аямаңыздар. «Рахмет» деген касиетті сөзді жиі айтыңдар. Адам алғыс пен ризашылықты
естіген сайын, жақсылық жасағысы келіп тұратынын есте сақтаңдар. Өмірдің әрбір сәтін
бағалай білуге үйреніңдер және ТабиғатАнаға мейірімді күні үшін, көңілді жаңбыры мен
ақ қары үшін, жұмсақ ақ ұлпа бұлты үшін, жақын адамдарға қайырымдылығы мен риясыз
махаббаты үшін алғыс айтуды ұмытпаңдар.
ЖҮРЕКТЕН ЖҮРЕККЕ.
Журектiн жылуын сыйлаймын анама
Журектiн жылуын сыйлаймын анама
Журектiн жылуын сыйлаймын анама
Журектiн жылуын сыйлаймын анама
Материалы на данной страницы взяты из открытых истончиков либо размещены пользователем в соответствии с договором-офертой сайта. Вы можете сообщить о нарушении.