Өзіндік даму
психологиясы
ЖОБА
Педагог-психологтарға арналған
оқу-әдістемелік құрал
1 сынып
Астана 2015
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
Астана қаласының Білім басқармасы
Өзіндік даму психологиясы
Жалпы білім беретін мектептің 1- сыныптарына сабақ беретін педагог-психологтарға арналған оқу-әдістемелік құрал
Астана, 2015.
ӘОЖ
КБЖ
Пікір жазған: А.Р.Ерментаева – психология ғылымдарының докторы, Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ҰУ «Әлеуметтік педагогика және өзін-өзі тану» кафедрасының профессоры, Астана қаласы., Ж.Қ.Аубакирова – психология ғылымдарының кандидаты, «Тұран-Астана» университетінің қауымдастырылған профессоры.
Сараптамашы: М.Г. Субханкулов – психология ғылымдарының кандидаты, «Кокше» академиясының профессоры., М.К. Курсабаев – педагогика ғылымдарының кандидаты «Тұран-Астана» университетінің профессоры., Т.С. Букашов – медицина ғылымдарының кандидаты, ПДМ МО жоғары санатты психиатр-дәрігері
Шығармашылық топтың жетекшісі: А.Ш.Амерханова
Құрастырушы - автор: А.Ш.Амерханова., А.Б.Ахметова., А.С.Идрисова.
«Өзіндік даму психологиясы»: жалпы білім беретін мектептің 1-сынып педагог-психологтарына арналған оқу-әдістемелік құрал. / Астана, Ш67, 2015. – 52б. 12-жылдық білім беру жүйесін қолдау және ағылшын тілі орталығы психологиялық қызмет кабинеті.
ISBN
Әдістемелік құрал 1-сыныпта «Өзіндік даму психологиясы» факультативтік курсын оқытушы педагог-психологтарға арналған. Құралда бірыңғай сабақ құрылымы сақталған және тапсырмалар балалардың жас ерекшеліктеріне сәйкес психологиялық сабақтар түрінде жинақталған.
ӘОЖ
КБЖ
© ФАО Астана қаласы бойынша ПҚ БКИ
«Өрлеу» Ұлттық біліктілік көтеру орталығы, 2015
Алғы сөз
Қазіргі заманауи қазақстандық қоғам болашақ түлектердің жылдам өзгеріске толы әлемдегі өмірге дайындығына байланысты білім жүйесіне жаңа талаптар қоюда. Анығын айтсақ, мұндай талапқа сай болу үшін балалардың әртүрлі ғылым салаларынан алған білімдерінің қосындысымен шектеліп қана қоймай, тұлғаның бейімделу мүмкіндігін дамытуға бағытталған нақты белгіленген жұмыстарды қарастырған жөн сияқты.
Өкінішке орай, біздің балаларымыздың мектептегі және мектептен тыс өміріндегі күрделі әлеуметтік мәселелерінің болуы ата-аналарға және бүкіл қоғамға балаларды моральдық кері кетуден сақтауға, олардың әлеуметтік және интеллектуалды қорғалуына қалай көмектесуге болатыны жайында шұғыл түрде маңызды мәселе көтеруді міндеттейді. Бұл мәселелерді шешуге қолданыстағы мектеп пәндерінің аясы тым тар болып отыр. Ол үшін мазмұны жағынан өзі туралы сұрақтарға жауап бере алатын, өзіндік дамуы үшін адам феномені, тұлғалық ерекшеліктері туралы біліммен қаруландыратын арнайы оқу курсы әзірленуі қажет. Сондықтан да жалпы білім беру мектептерінде жекелеген «Өзіндік даму психологиясы» эксперименталды курсының әзірлемесін құру қажеттілігі өте өзекті болып отыр. Аталған курстың басты мақсаты баланың өзбетіндік өмірге толыққанды кіруін қамтамасыз ететін барлық білім жүйесінің негізгі мақсаты - баланың мәдени және әлеуметтік дамуы мақсатымен ұштасуы тиіс.
Осыған байланысты ұсынылып отырған тұжырымдаманың мақсаты құрылды:
Оқушыларда өз-өзімен және қоршаған ортамен өзара түсіністік әрекетте болуы үшін адамтану саласында негізгі құзыреттіліктерін дамытуды көздейтін психологиялық мәдениетті қалыптастыру.
Аталған факультативтік курсты эксперимент түрінде енгізу үдерісінде келесі міндеттерді шешу қажет:
1. Оқушылардың психологиялық білімді меңгеруі олардың дамуына қалай әсер ететінін анықтау.
2. Оқытудан өткен оқушылардың психологиялық білімінің нақты көлемін, мазмұнын және сапасын бағалау.
3. Мектепте психологияны пән ретінде оқу аясында балалардың өз-өзімен және қоршаған ортамен өзара қарым-қатынас жүйесінің дамуы ерекшеліктерін анықтау.
Қазақстандық мектеп оқушылары үшін «Өзіндік даму психологиясы» факультативтік курсы бағдарламасын құруда үрдісті әлемдік тәжірибені қолдану ғана жеткіліксіз, сонымен бірге біздің көпұлтты мемлекетіміздің менталитет ерекшеліктерін де ескердік.
Қазіргі заманауи қоғам талаптарына бағыттала отырып және Қазақстан Республикасы білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға Мемлекеттік Бағдарламасы контексінде көрсетілген білім беру ортасын гуманизациялау міндеттеріне сәйкес «Өзіндік даму психологиясы» факультативтік курсының негізі оқушының өмірлік тәжірибесін, оның жеке қызығушылықтарын, түрткілерін және өзекті құлшыныстарын міндетті кірістіре отырып психологиялық мәдениетін қалыптастыратын гуманистік парадигма болу керек.
КІРІСПЕ
Кіші мектеп жасы мектеп балалығының неғұрлым жауапты кезеңі болып табылады. Бұл жастағы негізгі жетістіктер оқу әрекетінің жетекшілік етуімен сипатталады және әрі қарайғы оқу жылдарының анықтаушысы болып табылады: кіші мектеп жасының соңына қарай баланың оқығысы келуі, оқи білуі және өз күшіне сенуі керек. Бұл жастың толыққанды өмір сүруі, оның жинақтаған жағымды білімдері баланың таным және іс-әрекеттің белсенді субъектісі ретінде әрі қарай дамуын құрайтын қажетті негіз болып табылады.
Ересектердің кіші мектеп жасындағы балалармен жұмысының негізгі міндеті – әр баланың даралығын ескере отырып, мүмкіндіктерін ашу және жүзеге асыруы үшін оңтайлы жағдай туғызу.
Бастауыш мектеп – адам өмірінде ең жауапты кезең. Қазіргі таңда жалпы білім беру мекемелерінде оқыту жағдайында психологиялық тұрғыдан дені сау тұлғаны қалыптастыру көкейтесті мәселе болып тұр, яғни оқу жүктемелерінің ішкі талаптар мен оқушылардың психофизиологиялық мүмкіндіктеріне сәйкес келмеуі. Бастауыш мектепте «Психология» факультатив курсын енгізу қажеттілігі Л.С. Выготский, Д.Б. Эльконин, Н.С.Лейтес, Дж. Гилфорд, Дж. Рензулли және тағы да басқа педагогтар мен психологтардың еңбектерімен расталады.
Бағдарламаның мақсаты: мектеп өміріне сәтті бейімделуі үшін жағдай жасау арқылы кіші мектеп оқушыларының психологиялық денсаулығын сақтау және қалыптастыру;
Міндеттері:
- мектепте оқу жағдайына оқушыларды бейімдеу;
- балаларды басқа адамның эмоциялық жағдайын мимикасы, дауыс ырғағы бойынша танып, сезімін түсіне білуге үйрету;
- 1-сынып оқушыларында мектептегі қиындықтарға қатынасының қалыпты бағдарын – өте білу бағдарын, қалыптастыру;
- бір-бірімен және мұғаліммен тұлғааралық қарым-қатынас орнату үшін әлеуметтік және коммуникативтік дағдысын дамыту;
- балаларда мінез-құлық пен тәртіптің жағымсыз тұстарын түзету;
1 сыныптарда меңгерілуге ұсынылатын бағдарламаның ерекшелігі оның мектеп жағдайына оңтайлы бейімделуге бағытталатындығы болып табылады.
Мектеп өмірінің бастапқы сатысы – бірінші сыныпқа келген көптеген балалар үшін байсалды байқау баспалдағы. Олар жаңа ұжымға, күнделікті міндеттердің жаңа талаптарына үйренуі керек. Басты ерекшелігі – оқушы ұстанымын алғашқы сезінуі. Бәрінен бұрын, бала орындауға үйренетін жаңа міндеттемелер арқылы.
1 сыныптардағы «Өзіндік даму психологиясы» факультатив сабақтары үш негізгі бөлімді құрайды: «Мен – бірінші сынып оқушысымын», «Менің қабілеттерім», «Әлем менен басталады».
Бірінші бөлімнің «Мен – бірінші сынып оқушысымын» тақырыбы «Өзіндік даму психологиясы» пәнімен, мұғаліммен танысу, сыныптастарын жақынырақ тану мақсатымен құрылған. Оқушылардың өздерін адамгершілік нормалармен, өзін-өзі ұстау ережелерімен сәйкес түрде ұстай білулерін дамыту. Оқу әрекеті және уәждемесі туралы түсініктерін қалыптастыруға ықпал ету. «Үй», «отбасы» ұғымдарына, отбасындағы өзара қарым-қатынас әдебі туралы алғашқы түсінік беру және «достық» туралы түсініктерін кеңейту.
Екінші бөлімнің «Менің қабілеттерім» тақырыптық жоспарлауы балаларда өз іс-әрекетін бақылай білулерін қалыптастыруға, зейін, ес, логикалық ойлау процестерінің негізгі қасиеттерін: көлемі, бөлінушілігі, тұрақтылығы, таңдамалылығын дамыту.
Үшінші бөлімнің «Әлем менен басталады» тақырыптарында балалар адамдардың психикалық қасиеттері және олар қандай болатыны туралы алғашқы мағлұматтар алады. Айналадағы адамдарға қандай қасиеттер ұнайды, қандайы –ұнамайды. Оқушылар адамдар бір-бірінен немен ерекшеленетіні туралы мағлұматтар алады. Өз-өзіне жағымды қарым-қатынас қалыптастыруды үйренеді.
1-сыныптарда меңгеруге ұсынылған бағдарламаның ерекшелігі социумға сәтті бейімделуі болып табылады.
КҮНТІЗБЕЛІК ЖОСПАР
№ |
Тақырыптың атауы |
Мазмұны |
Сағат саны |
I ТАРАУ. Мен – бірінші сынып оқушысымын |
|||
1 |
Психология әлеміне саяхат |
Жаңа пәнмен, мұғаліммен және сыныптастарымен танысу |
1 |
2 |
Мектепте және көшеде өзін-өзі ұстау тәртібі
|
Оқушылардың өздерін адамгершілік нормалармен, өзін-өзі ұстау ережелерімен сәйкес түрде ұстай білулерін дамыту. |
1 |
3 |
Мектеп өмірі |
Оқушының ұстаным ерекшеліктерін тану және өзін сол ұстанымға сәйкес ұстай білуді ұғыну. |
1 |
4 |
Менің отбасым |
Жақындары мен туыстарына мейірбанды болу талпыныстарын дамыту. «Үй», «отбасы» ұғымдарына, отбасындағы өзара қарым-қатынас әдебі туралы алғашқы түсінік беру |
1 |
5 |
Достыққа үйренеміз |
«Достық» туралы түсініктерін кеңейту, жағымды қарым-қатынас және достасуға ұмтылыс дағдыларын дамыту. Құрбы-құрдастарымен қарым-қатынас жасай білу ережелерін меңгерту. |
1 |
III ТАРАУ. Менің қабілеттерім |
|||
6-7 |
Байқампаздыққа үйренеміз |
Зейіннің негізгі түрлері: көру және есту зейіндерін дамыту. |
2 |
8-9 |
Мен бәрін есіме сақтай аламын |
Естің ырықсыз түрлерін және көру есін дамыту. |
2 |
10-11 |
Мен ойлай білемін |
Логикалық ойлау қабілеттерін дамыту |
2 |
12-13 |
Менің түсіну және түйсіне білу көмекшілерім |
Өзіне деген жағымды қарым-қатынас қалыптастыруға ықпал ету және түрлі түйсік пен қабылдау түрлерімен таныстыру. |
2 |
II ТАРАУ. Әлем менен басталады |
|||
14 |
Менің көңіл-күйім. |
Өзінің көңіл-күйін басқара білулерін дамыту және өз бойындағы жағымды қасиеттерін таба білуге үйрету. |
1 |
15 |
Адамның мінезі мен қасиеттері |
«Қасиеттер» және «мінез» ұғымдарымен таныстыру және қоршаған әлемге жағымды көзқарас қалыптастыру. |
1 |
16 |
Біз әртүрліміз. |
Өз қылықтарының әсерін болжай білуге үйрету және өз мінез-құлқын түзете білуге тәрбиелеу. |
1 |
17 |
Менің жетістіктерім |
Өткен материалды қайталау және өзін-өзі дамыту, жетілдіру талпынысына ықпал ету. |
1 |
Оқушылардың дайындық деңгейіне талаптар
1 сыныпты аяқтаған соң оқушы:
- өзін дара тұлға ретінде түсінеді, өзінің ішкі және сыртқы әлемін түсінеді;
- жас ерекшелігіне сәйкес психологияның маңызды тұстарын меңгерген;
- мимика, қимыл-әрекет белгілері, дауыс ырғағы, яғни интонация арқылы өз сезімдерін көрсете біледі және басқа адамдардың сезімдерін тани алады;
- тілек-талаптарының және мүмкіндіктерінің айырмашылығына қарамастан басқа адамдармен қарым-қатынасқа ұмтылады, жақсы және жаман қылықтарды айыра біледі;
- қиын жағдаяттарда басқа балаларға көмек көрсете біледі.
Оқушылардың білімдерін бағалау
«Өзіндік даму психологиясы» факультативі бойынша баға қойылмайды.
I тарау
МЕН – БІРІНШІ СЫНЫП ОҚУШЫСЫМЫН
1- сабақ
ПСИХОЛОГИЯ ӘЛЕМІНЕ САЯХАТ
Мақсаты: «Өзіндік даму психологиясы» пәнімен, мұғаліммен және сыныптастарымен танысу
Міндеттер:
- жақынырақ танысуға қолайлы жағдай жасау;
- достастық сезімді тәрбиелеп, адамгершілік қасиеттерді баулу;
- жобалық әдіс арқылы оқу іс-әрекетіне деген түрткіні ояту;
- оқушылардың үйдегі және мектептегі мәдениетті тәртіптері туралы білімдерін бекіту.
Ұйымдастыру кезеңі
Әңгімелесу: «Психология деген не және ол не үшін керек?»
Балалар! Сіздер барлықтарыңыз 1-қыркүйектен бастап мектеп оқушысы атанып, Білім шыңына апарар жолға түстіңіздер.
Қалай ойлайсыздар, біз қайдамыз? (өзіндік даму психологиясы әлемінде).
Ал біз психология әлемінде не істейміз?
Психология әлемінде бізді көптеген таңғажайып оқиғалар мен қызықты тапсырмалар күтеді. Оларды оңайлықпен өтуге, күштірек және ақылдырақ болуға біздің психологиялық сабақтарымыз көмектеседі.
Бірінші – оқушының психологиялық білімі әлемі. Нағыз оқушы болу үшін оқу оқып, жазып, санап ғана қоймай, сонымен қатар басқаларды тыңдай біліп, өз-өзін басқара алып және басқалармен дұрыс қарым-қатынас құра білу керек.
Екінші – сенің сезімдерің мен эмоцияларыңның әлемі. Оқушының дені сау және бақытты болуы үшін оларды түсіне біліп, ақылмен көрсете білуі шарт.
Бүгін біз сіздермен Психология әлеміне саяхатқа шығамыз. Біздің бірінші аялдамамыз «Есімдер әлемі» деп аталады.
Сендердің барлықтарыңда өте әдемі есімдер бар. Үйде сендерді еркелетіп қалай атайды? Көрдіңдер ме, туғандарың сендерді қалай жақсы көреді!
Ал енді, елестетіп көрейікші, бір жерде ғажайып «Есімдер әлемі» бар және онда барлық есімдер жануарларға немесе өсімдіктерге айналады. Қалай ойлайсыңдар, сенің атың қандай жануарға немесе өсімдікке айналады? Суретін салып көрші. (Дәптердегі суреттер көрмесі).
Біздің екінші аялдамамыз «Менің үйім» деп аталады
Әр оқушы кезекпен сөйлемді жалғастыру керек, мысалы, «Егер біздің мектеп үй болса..., мен раушан гүлі болушы едім, өйткені мен әдемімін», «Егер біздің мектеп үй болса..., мен бақбақ болушы едім, өйткені мен мейірімдімін» және т.с.с.
Балалар! Негізінде мектеп біздің екінші үйіміз. Біз сіздермен үлкен жақсы отбасы боламыз. Ал отбасында ең бастысы не? (балалардың жауаптары)
Біз енді бір отбасымыз – мектеп, сынып, сенің достарың. Біздің отбасымызда ең бастысы – бұл бақыт, махаббат пен сәттілік, достың күлкісі, еңбек, сонымен қатар бір-бірімізге қамқорлық, сабақтар, сынақтар, маңызды күндер және көптеген үй жұмыстары.
Өзің жалғыз жеке жүру қызықты емес. Енді бәріміз әрқашан бірге боламыз. Балалар! Бір-біріңе әрқашан қамқор болып, ұрыс-керістен аулақ болыңдар.
Біздің 1 «_» сынып туралы әрқашан жақсы, тату сынып деп айтса екен деп тілеймін!
Біздің үшінші аялдамамыз «Мінез-құлық ережелері» деп аталады.
Үлгілі оқушы болу үшін, оқушы ережесін сақтау қажет. Ал қандай мектепшілік ережелерді білесіңдер?
Мектепшілік 10 мінез-құлық ережелерін тыңдаңдар. (дәптердегі қосымшаға қара)
Саған, достым, арнадым
10 ереже-дастанын
Бұл ережелер сен үшін
Қиын болмас, білемін.
Бұйрықты сен тоспа,
Мектепке бар уақытында.
Үйден шықпас бұрын тексер,
Түгел ме екен кітап, қалам, дәптер...
Мұғалім сыныпқа әр кіргенде,
Орындарыңнан тұрасыңдар бөгелмей
Мектепте болсын, сыныпта
Қоқыс көрсең, алып таста!
Таза жүр, әркез ұқыпты,
Кірлетпе, жыртпа киіміңді.
Түзу отыр партада,
Арқаңды сен дұрыс ұста!
Сабақты оқы ұғынып,
Зейініңді сал тырысып.
Досың шықса тақтаға,
Жауабын күт, қыстырылма.
Көмектескің келсе досыңа,
Қолыңды көтер асықпай.
Үзілісте шық дәлізге,
Бірақ айғайлап сен жүгірме!
Біздің төртінші аялдамамыз «Әдепті сөздер» деп аталады.
«Әдепті сөздер»
Ертеңгі сабағын орындап болған Әлібек досымен киноға баруға жиналды. Жұмыстағы анасына бұл жайды ескертпек болып, телефон шалды. Телефонды ер адам алып, жөн сұрасқаннан кейін анасын телефонға шақырды.
Сөйлеудің бұл түрінде амандасу, кешірім сұрау, алғыс айту, қоштасудың қандай сөздері қолданылды деп ойлайсың, жазып шық:
______________________________
______________________________
______________________________
______________________________
«Әдепті-әдепсіз» ойыны
Ойын шарты келесідей: егер мен әдепті сөз айтсам, сіздер шапалақ соғасыздар, ал егер әдепсіз сөз айтсам, сіздер тып-тыныш отырасыздар.
1.Кездескенде амандасу.
2.Итеріп, кешірім сұрамау.
3.Мектепте сықыру, айқайлау, шулау.
4.Үлкенге орын беру.
5. Мұғалімнің сөзіне назар аудармау, тұрмау.
6.Баспалдақтан көтерілуге көмектесу.
7.Кетерде қоштасу.
Тапсырма. Оқы да, есіңе сақта.
«Жер бетіндегі Бейбітшілік әрқайсымыздың жүрегіміздегі мейірімділіктен басталады».
Ү/ж «Менің мектебім» тақырыптық сурет салу.
Рефлексия
- Ал сендер үшін сабақта не қызықты болды?
- Мектептегі ережелердің қайсысы сен үшін жаңалық болды?
- Сыныптағы тазалық пен тәртіпті кім үшін жасаймыз?
2- сабақ
МЕКТЕПТЕГІ ЖӘНЕ КӨШЕДЕГІ ТӘРТІП ЕРЕЖЕЛЕРІ
Мақсаты: оқушы бойында моральдық нормаларға, мінез-құлық қағидаларына сәйкес өзін ұстай білу ережесін дамыту
Міндеттер:
- әр түрлі жағдайдағы мінез-құлық ережелері туралы оқушылардың білімін бекіту және кеңейту;
- алынған білімдерді іс жүзінде қолдана білу қабілетін дамыту;
- мінез-құлық мәдениетін тәрбиелеу.
Ұйымдастыру кезеңі
Сіздер қазір бірінші сынып оқушысысыздар. Қалай ойлайсыздар, нағыз бірінші сынып оқушысы нені білу керек? (Мектептегі және көшедегі тәртіп ережелері)
Бүгінгі сабақта біз сіздермен бірінші сынып оқушысы білу керек ережелермен танысатын боламыз. Ал сіздер ұмытып қалмау үшін өздеріңіздің дәптерлеріңізде бұл ережелерді жазып отырасыздар.
Ширату «Тәжірибе»
Тақтада «Кім жүйрік» ойынын ойнау үшін алаң салынады және тәжірибе басталады! Мен бәріңді жеңем деп уәде беремін! Ал, кәне, мен бірінші болып бастаймын.
(Психолог тақтада алаң салып, кез келген жерінде «х» белгісін қояды. Содан соң бір оқушыға «нолик» қойып, қарсы жауап беруді сұрап, ойынды жалғастырады. Үшінші жүріске жеткенде, психолог, ойын ережесін бұзып, «крестикті» қалай болса солай қойып, әр оқушыға «Мен жеңдім!» деп айта бастайды, бұл оқушылардың наразылықтарын туғызады).
- Балалар, сіздерге не ұнаған жоқ? Балалардың жауаптары (Сіз ойын ережесін бұздыңыз! Осылай ойнамайды! Бұлай ойнауға болмайды! Бұл әділетті емес!)
Психолог: Балалар, мен нені дұрыс жасамадым?
Дұрыс, мен ойын ережесін бұздым! Айтыңдаршы, мен ойын ережесін сақтамай ойнағанда сендер қандай сезімде болдыңдар? Ал, мен жеңдім дегенде ше? Сіздерде қандай сезім пайда болды? Балалардың жауаптары(наразылық, реніш, ашу, ыза…)
Мен де сіздердің алдарыңызда өзімді ыңғайсыз сезініп тұрмын. Себебі, мен сіздерді алдадым, мен ұялып тұрмын. Бірақ, мен осының барлығын тәжірибе үшін жасадым, оған қарсы ережені бұзған адам өзін қалай сезінетінін сіздер түсіну үшін.
Психолог: - Балалар, біз тәжірибемізден қандай қорытынды шығара аламыз?
- Адамдарға ереже не үшін керек екен?
Ең басты ереже – бұл өзіңді және өзгені сыйлау. Балалар, дәптерлеріңе біздің бірінші ережені жазып қойыңыздар.
- Мұны қалай түсінесіздер? (Оқушылардың жауаптары).
Өзіңді сыйлау – бұл басқалар сенен үлгі алатындай өзіңді ұстай білу, сенің тәртібің құрметтеу мен мақұлдауға тұрарлықтай болу. Сонда сені қоршаған адамдар сені сыйлайтын болады. Бұл үшін тәртіп ережелерін біліп, сақтап жүру қажет. Мұның барлығын саған таң қалып қарау үшін ғана емес, сонымен қатар өз қауіпсіздігің үшін де жасау керек (өз денсаулығың мен өміріңді сақтау үшін).
«Шешім табу»
Сіздердің дәптерлеріңізде әр суретте өз жағдаяты бар. Оқушылардың тәртіптерінің дұрыстығын талқылаңыздар. Егер, балалардың шешімі дұрыс деп ойласаңыздар, дөңгелекті жасыл түспен бояңыздар, егер дұрыс емес болса – қызыл түспен.
Жұмыс аяқталған соң, шешімнің дұрыстығы мен дұрыс еместігі туралы талқылау жүргізіледі.
Бірінші сынып оқушысы білу керек екінші ереже. Өз дәптерлеріңе жазу. Мұғалім тақтаға жазады. Әрқашан сыпайы болу.
- Мұны қалай түсінесіздер? (оқушы жауаптары).
Сыпайы адам өзінің жаман эмоцияларын қолға ала алатын адам. Әдетте бұл ақылды, білімді және тәрбиелі бірінші сынып оқушысы.
«Оқушының мінез-құлық ережелері»
Ал қазір сіздер мектептегі мінез-құлық ережелерін білесіздер ме екенін тексерейік. Мен өлеңнің бірінші шумағын оқимын, ал сіздер жалғасын айтасыңдар. Бұлардың кейбіреулерін сіздер өткен сабақтан білулеріңіз мүмкін. Мұқият тыңдаймыз.
Саған, достым, арнадым
10 ереже- ... (дастанын)
Бұл ережелер сен үшін
Қиын болмас, ... (білемін).
Бұйрықты сен тоспа,
Мектепке бар ... (уақытында).
Үйден шықпас бұрын тексер,
Түгел ме екен кітап, қалам, ... (дәптер)...
Мұғалім сыныпқа әр кіргенде,
Орындарыңнан тұрасыңдар ... (бөгелмей)
Мектепте болсын, сыныпта
Қоқыс көрсең, алып ... (таста)!
Таза жүр, әркез ұқыпты,
Кірлетпе, жыртпа ... (киіміңді).
Түзу отыр партада,
Арқаңды сен дұрыс ... (ұста)!
Сабақты оқы ұғынып,
Зейініңді сал ... (тырысып).
Досың шықса тақтаға,
Жауабын күт, ... (қыстырылма).
Көмектескің келсе досыңа,
Қолыңды көтер ... (асықпай).
Үзілісте шық дәлізге,
Бірақ айғайлап сен ... (жүгірме)!
Және де бірінші сынып оқушысының үшінші ережесі – мектеп ережелеріне бағыну. Дәптерге жазып алу. Мұғалім тақтада жазады. Бұл сөзді бөлмеу, шуламау, қолды көтеріп, мұғалімді мұқият тыңдай білу.
«Бағдаршам» ойыны
Мұқият және абай болыңдар. Сіздер сыныпта менің белгілерім бойынша қозғаласыздар. Егер мен бағдаршамның жасыл түсін көрсетсем – сыныпта еркін жүруге болады. Егер мен сары түс көрстсем – барлығы шапалақ ұрады, ал қызыл түсте – орныңда тоқтап тұру керек.
Бірақ ең алдымен мен өлеңнің бірінші шумағын оқимын, ал сіздер жалғасын.
Егер қызыл түс жанса,
Демек, жүрме сен ... (тоқта!).
Байыппен қарап, сен аңғар
Сары түс жанса –...(дайындал)
Аузыңды тұрма сен ашып,
Жасыл түс жанса, жол ... (ашық).
Балалар! Қалай ойлайсыздар, біздің
төртінші ережеміз қандай болады? Дәптерлеріне жазғызу.
Мұғалім тақтада жазады. Төртінші ереже далада.
Бұл бағдаршамды білу. Қызыл – тоқта, Сары –
дайындалу, Жасыл – қозғалу.
Бірінші сынып оқушыларының оқуға деген ынтасын зерттеу әдістемесі
(Әдістеме 1988 ж. дайындалған, М.Р.Гинзбург, тәжірибелік материалдар мен бағалау жүйесі – 1993 ж., И.Ю.Пахомова мен Р.В.Овчаровамен)
Балалар, қазір мен сіздерге әңгіме оқып беремін. Мұқият тыңдаңыздар.
1-ші сыныптың қыздары мен ұлдары мектеп туралы сөйлесіп жатады. Бірінші ұл айтады: "Мен мектепке анам мені мәжбүрлеген соң барып жүрмін. Егер анам болмаса, мен мектепке бармаушы едім".
Психолог балалардан дәптердегі №1 суретке қарауды сұрайды: меңзеулі қолымен тұрған әйел бейнесі және алдында қолында сөмкесі бар бала бейнесі. (Ішкі мотив)
Екінші қыз айтады: "Мен сабақ оқығанды ұнататындықтан мектепке барамын. Егер мектеп болмаса да, мен бәрібір сабақ оқушы едім".
№2 суретті қараймыз - партада отырған бала бейнесі. (Оқу мотиві)
Үшінші ұл айтады: "Мен мектепке онда қызықты және онда ойнауға болатын көп балалар бар болғасын барамын".
№3 суретті қараймыз: доп ойнап жүрген екі баланың бейнесі.(Ойын мотиві)
Төртінші ұл айтады: "Мен мектепке үлкен болу үшін барамын. Мектепке барғанда мен өзімді үлкен болып сезінемін, ал мектепке дейін мен кішкентай болдым".
№4 суретті қараймыз: бір-біріне қарама-қарсы екі бейне: үлкендеу біреуінің қолында сөмке, ал кішкентайлауының қолында ойыншық көлік. (Позициялық мотиві)
Бесінші қыз айтады: "Мен мектепке оқу үшін барамын. Оқусыз ешқандай іс жасай алмайсың, ал оқысаң – кім болғың келсе де, боласың".
№5 суретті қараймыз: қолында сөмкесі бар бейне ғимаратқа бет алуда (Әлеуметтік мотив.)
Алтыншы ұл айтады: "Мен мектепке онда мен «бес» алып жүргесің барамын".
№6 суретті қараймыз: қолында ашық дәптері бар бала бейнесі (Баға.)
Әңгімені оқып болған соң, психолог балаларға сұрақ қояды, және балалардың қайсысы дұрыс айтты деп ойласа – жасыл түспен, кіммен ойнағысы келсе – қызыл түспен, кіммен бірге оқығысы келсе – көк түспен бояуды сұрайды.
Рефлексия
· Ережелер не үшін керек?
· Адам өмірінде ережелердің құндылығы бар ма?
· Өз-өзіңді құрметтеу дегенді қалай түсінесіздер?
3- сабақ
МЕКТЕП ӨМІРІ
Мақсаты: оқушы позициясын алу барысында балаға көмек көрсету
Міндеттер:
- оқу қызметі туралы ойлардың қалыптасуына ықпал жасау;
- танымдық қызығушылық пен оқу мотивациясын қолдау;
- мектептегі мінез-құлық ережесіне, адамгершілік нормаларға сәйкес өзін ұстай білу қабілетін дамыту.
Ұйымдастыру кезеңі
«Мен осылай жасай білемін» ойыны
Барлығы дөңгелене тұрып, өз аттарын айта отырып, не істей алатындарын көрсетеді, қайталауға болмайды. Мысалы: «Менің атым Мадина, мен осылай жасай аламын ...» және шапалақ, секіру немесе т.б. нәрселерді көрсетеді. Шеңберде тұрғандардың барлығы бір дауыспен: «Оның аты Мадина, ол осылай жасай алады» деп, оның айтқанын қайталау керек. Осылай шеңбер бойымен жалғаса береді.
Ширату «Мектептегі ең нағыз-нағыз»
Жүргізуші сөйлемді бастайды, оқушылар жалғастырып, дәптерлеріне жазады, ал мұғалім тақтаға жазады:
· Мектептегі ең қызықты - …..
· Мектептегі ең көңілді - …..
· Мектептегі ең қиыны - …..
· Мектептегі ең әдемісі - …..
· Мектептегі ең қуаныштысы - …..
Оқушылармен мектеп оқушысы бейнесі туралы әңгімелесу.
Балалар, сіздер мектепке келіп, бірінші сынып оқушысы атандыңдар. Тағы да сіздерді мектеп оқушысы деп те атайды.
Психолог. Суреттерге қарап, оның қайсысында мектеп оқушысы, ал қайсысында мектепке дейінгі мекеме тәрбиеленушісі суреттелгенін айтындар? Мектеп оқушысы бейнеленген суреттің дөңгелегін боя. Қалай таптың?
«Мектеп оқушысы –балабақша тәрбиеленушісі» ойыны
– «Мектеп оқушысы – балабақша тәрбиеленушісі» деген ойын ойнайық. Маған оқушы қалай отыратынын көрсетіңдерші. Ал балабақша тәрбиеленушісі қалай отырады? Мектеп оқушысы қалай жүретінін көрсетіңдер. Ал, енді, балабақша тәрбиеленушісі.
«Сөмкеде не жатады» жаттығуы
Мұғалім допты кез келген балаға лақтырып, бір затты атайды. Егер аталған зат сөмкеде жататын болса, допты ұстап алу керек. Егер аталған зат мектепке қажетті заттарға жатпаса - допты ұстамау керек.
Ширату«Болады - болмайды»
Ал, қазір мектепте не істеуге болады және нені жасауға болмайтынын анықтайық.
«Болады» - шапалақ ұрамыз, «болмайды» - аяқпен тарсылдатамыз:
- мектепке жақсы көңіл-күймен келу
- сабаққа кешігіп келу
- мұғалімді тыңдау
- достарыңа көмектесу
- мектепте жүгіру
- үй тапсырмасын орындау
- сабақтардан қалу
- сабақ кезінде тұрып, жүру
- сабақтарда мұқият болу.
«Ия – жоқ» ойыны
Мен сұрақ қоямын, ал сіздер бірге жауап бересіздер.
Досқа көмекке келеміз бе?
Ешқашан өтірік айтпаймыз ба?
Сыныпта біреуден көшіреміз бе?
Мысыққа тас лақтырамыз ба?
Автобуста билет аламыз ба?
Билетті әрқашан алу керек пе?
Қиындық болғанда мұңаямыз ба?
Іс үшін еңбек аяймыз ба?
Түскі аста қол жуамыз ба?
Барлық кірді кетіреміз бе?
Жалқауларға сәлем жолдайық па?
Ал әрқашан еңбектенетіндерге ше?
Тапсырма «Өзімді басқара аламын»
Балалар! Дәптерлерімізбен жұмыс жасайық. Өздерін басқара білетін оқушылардың жанындағы дөңгелектерді белгілеңдер. Егер тапсырманы дұрыс орындасаң, оң жақтағы дөңгелекке «+» белгісін қой.
Тапсырма «Мен жасаймын»
Қиындықты жеңе білетін оқушылар бейнеленген суреттің жанына белгі қой. (Балалармен талқылау жүргізіледі)
Тапсырма «Мен тыңдай білемін»
Басқаларды тыңдай білетін оқушылар бейнеленген суреттерді белгіле (Балалармен талқылау жүргізіледі)
Тапсырма «Мен түзеле білемін»
Өз қателіктерінен сабақ ала білетін оқушылар бейнеленген суретті белгіле.
Мектеп өмірінің ережелері.
Балалар! Барлығымыз бірге мектеп өмірінің ережелерін дауыстап оқиықшы.
Таңертең ерте тұрамыз,
Беті-қолды жуамыз,
Мұнтаздай таза киініп,
Біз мектепке барамыз!
Күнде ылғи кешкемен
Киіміңді үтікте.
Сен тұрғанда ертемен,
Дайын тұрады сөреде.
Әр кітапты құрметте,
Таза ұста, кірлетпе.
Үстіне де ұқыпты боп,
Тығылмақ ойнап кетпе.
Сабағында көп күлмей,
Тыныш отыр, сөйлемей.
Көршіңе де тиіспе,
Кедергілер келтірмей.
Әдепті бол, арлы бол,
Әркімге сен үлгі бол.
Күтер сені ашық жол,
Жақсы досқа адал бол.
Рефлексия
· Біз мектеп оқушысын балабақша тәрбиеленушісінен ажырата аламыз ба?
· Бірінші сынып оқушысы қандай болу керек?
· Өзімізді басқара аламыз ба?
· Біз барлық қиындықтарды жеңе аламыз ба?
· Басқалардың пікірін тыңдай аламыз ба?
· Біз түзеле аламыз ба?
4- сабақ
МЕНІҢ ОТБАСЫМ
Мақсаты: «үй», «отбасы», отбасындағы қарым-қатынас туралы бастапқы түсініктердің қалыптасуы
Міндеттер:
- «үй», «отбасы» түсініктерінің мәнін ашу;
- үйге, отбасыға деген қамқорлық сезімін тәрбиелеу.
- жақын және туған адамдарға деген қамқорлық сезімдерін дамыту;
Ұйымдастыру кезеңі
Жұмбақты шешу
Мұнда менің туғандарым тұрады,
Онсыз ешкім өмір сүре алмайды.
Әрқашан оған мен асығамын,
Оған дейінгі жолды мен ұмытпаймын.
Жаман болар онсыз күйім,
Менің жарық, жылы (үйім).
Әңгімелесу
Адамның үйі – бұл оған жақын адамдар тұратын жер.
- Қандай? Біздің үйде кімдер тұрады?
Ия, ең жақын, ең туған, ең сүйікті және сүйкімді адамдар – ана, әке, аға, іні, апа, сіңлі, ата, әже – сендердің отбасыларың.
- Балалар,қалай ойлайсыздар, адамға отбасы не үшін керек?
«Сөйлемді аяқта» жаттығуы
Мұғалім оқушыларға доп лақтырып, сөйлемнің басын оқиды, ал жалғасын оларға аяқтауды ұсынады.
Ана әрқашан….
Әкем жақсы көреді…
Әжем әдетте….
Менің тәтем….
Анама ұнайды…
Әкеммен бірге жақсы көреміз…
Әжем ешқашан…
Атам … жасай алады
Менің отбасым…
Менің анам мен әкем ...
Мен жақсы көремін…
Менің отбасым ең ….
«Отбасындағы ереже»
Отбасында барлығы жақсы болу үшін ... Қалай ойлайсыздар, не істеу керек? Ашуланбау, ренжіспеу, бір-біріне қамқор болу керек. Қазір біз сақталу қажет ережелер туралы сөйлесеміз. Егер бұл нәрсені жасау керектігіне келіссеңдер – шапалақтаңдар, ал егер келіспесеңдер – аяқпен тарсылтадыңдар.
Бір-бірімізге қамқор болу.
Анаға көмектесу.
Жатып алып, ештеңе жасамау.
Сыпайы және қамқор болу.
Кішкентайларды ренжіту.
Үлкендерге қамқор болу.
Өз отбасымызбен уақыт өткізу.
Ата-анамыздан сыйлық талап ету.
Отбасы мүшелеріне мұқият болу.
Өз отбасымызды сүю.
Тапсырма «Мен анамды қуанта аламын»
Балалар, дәптердегі суреттерге қарап, әдетте аналарыңды қалай қуанта алатындарыңды айтындаршы. Қажетті суретті таңда немесе өз суретіңді сал.
Армандайық «Егер мен сиқыршы болсам…»
Елестетіңдерші, сендер – сиқыршысыңдар. Өз отбасыңыз үшін ғажайып не жасаушы едіңіздер?
«Менің үйім» жаттығуы
Бүгін біз не туралы айтқандарымызды естеріңе түсіріңдерші. Ойланып көріңіздерші, кез келген үйдің, әрбір отбасының негізі не болып саналады. Керекті сөздерді таңдаңыз. «Кірпіш»-карточкаларда сөздер жазылған (махаббат, сыйластық, жылылық, қамқорлық, қуаныш, түсіністік және т.б.). Балалар «кірпіштерді» таңдап, үйдің негізі етіп қояды.
Міне осындай мықты үй шықты бізде! Сіздер ең бақытты балаларсыңдар, өйткені сіздердің отбасыларыңызда бір-бірін жақсы көреді, сыйлайды және түсінеді!
Ү/Ж. «Менің отбасым» жобалық сурет
Оқушыларға өз отбасын гүл түрінде салу ұсынылады.
Рефлексия
· Сендердің үйлеріңде кім тұрады?
· Отбасында қандай ережелер болады?
· Жақындарыңды қалай қуантуға болады?
5- сабақ
ДОСТЫҚҚА ҮЙРЕНЕМІЗ
Мақсаты: «достық» туралы түсінікті кеңейту.
Міндеттер:
- - «достық», «достар» түсінігінің мәнін ашу;
- - оң коммуникативтік дағдылар мен дос болуға деген ықыласты дамыту;
- - ұжымның бірлігі мен оқушылардың функционалдық сауаттылығының дамуына ықпал жасау.
Ұйымдастырушылық кезең
Балалар! Ең алдымен мынау әңгімені тыңдаңыздар, содан кейін бүгінгі тақырыбыздың қандай екенін айтасыздар.
Әңгіме «Достың іс-әрекеті»
Күндердің бір күнінде мұғалімге досы өзінен қаша бастағанына қапаланған бірінші сынып оқушысы келеді.Ол сұрайды:
– Ұстаз, менің досым менен қаша бастады, менің ойымша, ол менен жалығып кеткен сияқты. Мен не істесем болады?
– Ал сен әлі де өзіңді оның досымын деп ойлайсың ба? – деп сұрайды ұстаз.
– Әрине, – дейді оқушы. – Онда оған барып, жасап жүрген қылығының себебін сұра, – деп ақыл айтты ақылшы, – және де егер оның сөздерінен немесе көздерінен сенің оны шынымен де жалықтыратыныңды байқасаң, дос ретінде оған жасайтын жақсылығың – оны сенен қашудан босатып, бірінші болып кету және онымен кездесуді іздемеу.
– Ал егер ол қайтадан келгісі келсе, дос ретінде ең жақсысы не істей аламын?
– Ренжімеу, – деді ұстаз.
Жағымды қасиеттерді анықтау
Ал қазір нағыз достың қандай қасиеттерге ие болу керектігін анықтайық.
Мен сіздерге достық қарым-қатынасқа тән және тән емес қасиеттерді айтамын. Ал сіздер келіссеңіздер, орындарыңнан тұрып, дөңгелектерді көтересіздер, келіспесеңіздер – тұрмайсыздар.
Мейірімді, сезімтал, дөрекі, адал, төбелесқой, көпшіл, қамқор, ашулы, мұқият, сенімді.
Жарайсыңдар, балалар! Сіздер нағыз досқа тән қасиеттерді дұрыс таптыңыздар.
Тапсырма «Асылдар»
Балалар! Біз кімді асыл адамдар деп атаймыз?
Біздің бәрімізде асыл күштің иесі бар, себебі, асыл шәкірт ешқашан басқа оқушыларды мазақтамайды, барлық тапсырманы бірігіп орындайды.
Адами асыл күшке ие болған балаларды тауып, суреттен белгіле. (оқушылармен талқылау жүргізіледі)
Тапсырма «Мен біреудің пікірін тыңдай білемін»
Балалар! Қалай ойлайсыңдар, басқаның пікірін тыңдау сен үшін маңызды ма? Сенің пікіріңмен келіспей тұрса, не істейсің?
Достық үшін және рухани күшке ие болу үшін басқаның пікірін тыңдай білген абзал. Өйткені, әр адамның өз пікірі болатындығын түсіне және сыйлай білу керек. Және күшті оқушы мұны жасай алады.
Дәптердегі суреттерде басқаның пікірің тыңдай білмейтін балаларды белгілеңдер.
Тапсырма «Мен басқаны өткізіп жібере аламын»
Балалар! Сіздер шиеленістің не екенін білесіздер ғой? Онсыз қалай шешуге болады? Қалай ойлайсың, шиеленіске түспеу оқушыға қаншалықты қажет?
Дәптердегі суреттерден жағдаяттарға назар аудар. Олардың ішінде қайсысы шиеленіске байланысты? Шиеленіс шешілген уретті қызыл түспен айналдыр.
Енді сен «шиеленісті шешу» туралы білдің бе? Бұл достасу, бір-бірің кешіру және келісу. Ал басқа дұрыс шешімді қалай табу керек.
Тапсырма «Шығу»
Шиеленістен шығу жолын тап. Өзіңе ұнаған әдістерді сыз.
- өткізіп жіберу
-өзіңді өткізіп жіберуді досыңнан сұрау
-екеуі де өткізіп жіберу туралы келісу.
Сен бірнеше әдісті белгіледің? Демек, шиеленісті бірнеше әдіспен шешуге болады.
Тапсырма «Достасу әдістері»
Бұл суреттердегі ортақ нәрсе не? Дұрыс, бұл достасудың түрлі әдістері. Өзің қолданатын әдістерді дөңгелете отырып сыз. Ал сөз арқылы қалай достасуға болады?
Сондай әр түрлі достар
Достар әр түрлі болады: үлкен, сыныптастар, ауладағы балалар, үйдегі сүйікті жануарлар, ертегі немесе мультфильм кейіпкерлері.
Тапсырма «Түймедақ»
Дәптерде түймедақтың суреті бар. Ортасы – бұл сен. Онда өз атыңды жаз. Ортасын айнала көп күлтешелер бар. Бұл сенің достарың. Олардың аттарын және қасиеттерін күлтешелерге жаз.
«Достықтың заңдарын» талқылау және қабылдау
· Дос болыңдар, достарыңды және қоршаған адамдарды ренжітпеңдер.
· Бір-біріңді сыйлап, бір-біріңе көмектесіңдер.
· Достарыңмен бірге қуана біл.
· Достарыңды қиындықта тастама. Оларды сатпаңдар, өз уәделеріңде тұра біліңдер.
· Ұрыспаңдар, ұсақ-түйек үшін дауласпаңдар: бірге ойнаңдар.
· Достарыңды сақтай біл, өйткені досты жоғалтып алу өте оңай.
Жағдаят.
Жандос қоңырау кезінде Мақсатты байқамастан итеріп жібереді. Сыныптасының алдында кешірімді қалай сұрағаны дұрыс болады? Дұрысын таңдап, белгіле.
- Кешір, Мақсат, мен әдейі жасаған жоқпын.
- Өтінемін, кешірші мені.
Сен кешірім сұрайсың – демек, болған жағдай үшін қатты қапаланасың. Кешірім сұрау оңай емес, сондықтан кешірім сұрау алдында адамдар өздерің ыңғайсыз сезінеді. Бірақ содан кейін жеңілірек болады.
«Достық өрмегі»
Балалар шеңбер құрып отырады, саусақтарыңа жіпті байлай отырып, сол жақта отырған көршісіне айтады: «Аружан, мен сенімен дос болғым келеді, себебі сен мейірімдісің» және т.б. Қараңыздаршы, бізде қандай керемет достық шеңбері пайда болды.
Бір-бірімізге күлімдеп, барлығымыз Леопольд мысықтың айтқан сөзін қайталайық: «Татулықта өмір сүрейікші!».
Танысудың үш қадамы
Егер сен біреумен танысқың келсе, «танысудың үш қадамың» жаса:
1. Сәлемдес
2. Танысатын адамның есімін сұра
3. Өз атыңды айт
Сені ойынға қабылдамай жатса не істеу керек?
- Ойынға сені алуды өтінуге болады, бірақ талап етуге болмайды.
- Егер сен сол балалармен ойнағың келсе, оларды қызықтыратын бірдеңе табу керек.
- Ең бастысы – ренжімеу! Сені ойынға алмағанда, сені жақтырмағандары емес, тек сол ойынға алмауы. Неге екенін сұра. Балалармен ертең ойнауға бола ма? Олар ойынға қай уақытта шығады?
- Егер сені балалар қабылдамай жатса, басқа балаларды табуға болады.
- Егер қолыңнан ештеңе келмей жатса, үлкендерден сұрауға болады.
Тапсырма «Менің сөздерім»
Карточкаларда балаларға келісіп, бірге ойнауға көмектесетін сөздер жазылған. Оларды оқып, өзің кейде ғана айтатын сөздерді белгіле.
Сөйлемді аяқта:
Нағыз достар …
Менің ең жақын досым …
Жақсы дос - бұл …
Сабақты қорытындылау
Сіздерде дәптерлеріңізде жүректер бар. Егер сіздерге бүгінгі сабақ ұнаса – жүректі қызыл түспен бояңыздар, онша ұнамаса – жасыл түспен. Ал егер сабақ мүлдем ұнамаса – көкті алыңдар.
Өз жүректеріңізде тілек жазыңыздар. (өзіңізге, досыңа, сыныптасыңа).
Бізде қандай керемет үлкен жүрек пайда болды. Бұл біздің жүрегіміз, ол жақсы көруге және көмекке келуге әрқашан дайын!
Рефлексия
- Сіздердің ойларыңызша, «достық», «достаса білу» деген сөздер нені білдіреді?
- Достық не үшін керек?
- Достыққа қандай қасиеттер көмектеседі?
II тарау.
МЕНІҢ ҚАБІЛЕТТЕРІМ
6 - сабақ
БАЙҚАМПАЗДЫҚҚА ҮЙРЕНЕМІЗ
Мақсаты: ерте мектеп жасында жасерекшелік психологиясының қалыптасуы ретінде зейінді дамытудың оңтайлы деңгейің қалыптастыру
Міндеттер:
- баланың өз қызметін бақылауға деген қабілетін қалыптастыру, зейіннің негізгі қасиеттерін дамыту: көлемін, таралуын, концентрациясын, тұрақтылығын, коммутациясы мен селектевтивтілігін;
- зейіннің негізгі түрлерінің дамуы: есту және көрнекі.
Ұйымдастыру кезеңі
«Әліпби» ойыны
Ойынды партада отырып та, шеңберге тұрып та ойнауға болады. Ойын мұқияттылыққа байланысты. Психолог тапсырма береді:
Кімнің аты А-дан басталса, 3 рет секірсін
Кімнің аты Ә-ден басталса, оң жақ қолын жоғары көтерсін
Кімнің аты Б-дан басталса, сол жақ қолын жоғары көтерсін. Және т.б.
Бұл ойын зейінділікке байланысты. Және ойынның шарттарын бұзбау үшін, зейінді болу қажет. Ал зейін дегеніміз не?
Зейін – бұл ойымыздың бір нәрсеге бағытталып тұрақталуы.
Балалар, қалай ойлайсыздар, зейінді бола білу қажет пе? Ол не үшін керек?
Балалар, бұл әрбір кішкентай нәрсеге назар аудара білу, басқа адамдарда, қоршаған ортадағы өзгерістерді байқау, тапсырманы қатесіз орындау, өзімізді және өз істерімізді басқара білу дегенді білдіреді.
«Өзіңді тексер» жаттығуы
Сендердің зейіндеріңді тексеріп көрейік. Сендер көздеріңді жұмасыңдар, және де көзді ашпай менің сұрақтарыма жауап беріп көресіңдер. Бірақ, шынымен – көзді ашпаймыз!
- сыныптағы қабырғалар қай түсті?
- төбеде қанша шам бар?
- перденің немесе жалюзидің түсі қандай?
- тақтада не жазылып тұр?
- сыныпта қанша терезе бар?
- сыныпта қанша сөре бар?
- гүлдер қай жерде тұр?
«Түзету сынағы»
Балалар, біздің арамызда ең зейінді кім екенін білу үшін мен сіздермен шағын тест жұмысын өткіземін. Сіздердің дәптерлеріңізде арнайы бланк бар, онда сіздер менің белгім бойынша «С» әрпін сызып, «К» әрпінің астын сызу керексіңдер. Мен «Тоқта» дегенде, қай жерге келсеңдер, сол жерде тік сызық қоясыздар. Сонымен, бастаймыз!
"Мұнда не артық?" әдістемесі
Суретте берілген төрт заттың біреуі артық. Суреттерге мұқият қарап, қандай зат және неге артық екенін тап.
«Тыйым салынған қозғалыс» ойыны
Психолог балаларға қозғалыстар (мысалы, қолды жоғары көтеру) көрсетеді, оны балалар қайталамау керек, содан соң түрлі қозғалыстар жасайды, оны балалар тоқтамай қайталау керек. Балалар белгіленген қозғалыстан басқасының бәрін қайталау керек. Кім қателессе, сол ойыннан шығады. Ең зейінді бала жеңеді.
“Төрт стихия” жаттығуы
Балалар жүргізушіні тыңдап, қай бұйрыққа қай қозғалыс сәйкес келетінін қайталайды. Ары қарай балалар шеңбер бойы жүгіреді, бірақ бұйрықты естігенде белгіленген түрде қатып қалады. Мұқият болмағандар ойыннан шығады.
Бұйрық |
Қолмен қозғалу |
Жер |
Қолымызды төмен түсіреміз |
Су |
Қолымызды алға созамыз |
Ауа |
Жоғары көтереміз |
От |
Кеудемізге қоямыз |
«Не жазғанымды тап?» ойыны
Ал, енді мен әрқайсына келесі «Не жазғанымды тап?» ойынында жүргізуші болуды ұсынамын. Ол үшін сіздер «паровоз» болып тұруларың керек. Әрқайсыларың кезекпен алдында тұрған оқушының арқасына кез келген сан жазуларың керек. Ең бастысы жазылған санды табу.
Ү/Т. Суреттерге қараңдар. Сіздер бұл екі бірдей сурет деп ойласыңдар ма? Мұқият қараңдар, олардың айырмашылықтары бар! Оларды өзің тауып көр!
«Гүлдермен бейнеленген мысық» суретінде 10 айырмашылық, ал «Біз доспыз» суретінде 6 айырмашылықты табу керек. Сәттілік тілеймін!
Рефлексия
- Зейін дегеніміз не?
- Ол не үшін керек?
-Зейінді болу сабақ оқығанда көмектеседі ме?
Егер мұғалімді мұқият тыңдамасаңдар, білімді болмайсыңдар, ал егер бізде зейін болмаса, үйге жол таба алмай қаламыз.
7–сабақ
БАЙҚАМПАЗДЫҚҚА ҮЙРЕНЕМІЗ
Мақсаты: ерте мектеп жасында жасерекшелік психологиясының қалыптасуы ретінде зейінді дамытудың оңтайлы деңгейің қалыптастыру
Міндетер:
- өз ісің басқара білу қабілетін дамыту;
- баланың өз қызметін бақылауға деген қабілетін қалыптастыру, зейіннің
- негізгі қасиеттерін дамыту: көлемін, таралуын, концентрациясын,
- тұрақтылығын, коммутациясы мен селектевтивтілігін;
- зейіннің негізгі түрлерінің дамуы: есту және көрнекі.
Ұйымдастыру кезеңі
«Тыңда және есте сақта» жаттығуы
Балаларға мұқият тыңдап, жануардың атын естігенде шапалақ ұру, ал өсімдіктің атын естігенде қол көтеру ұсынылады.
Назар аударыңыдар! Бастадық: сөре, ит, жылқы, төсек, мысық, поезд, торғай, көлік, қарға, кітап, сиыр, ешкі, жол, жолбарыс, қайың, бидай, ұшақ, раушан, жылан, емен, қуыршақ, саңырауқұлақ, мектеп, түймедақ.
Әңгіме «Мұқият болу деген не?»
Мұғалім балаларға мұқият бола білу деген не туралы сұрақ қояды, сен мұқият болғанда (мұқият болмағанда) не болады? Балалар «Мұқият болу деген – ол...» және «Мұқият болмау деген – ол...» деген сөздерден бастап, жауап береді.
Мұғалім балалардың жауаптарын тыңдап, олардың пікірлерін сұрайды. Егер жауап беруге қиналып тұрса, жақынырақ сұрақтар қояды.
- Мұқият болу – бұл бір нәрсеге бағытталып, шоғырлану ма әлде шашыраңқы болу ма? (Жоқ, зейінді бала әрқашан мұқият болады, ешқашан шашыраңқы болмайды)
- Мұқият болу – бұл барлық сөзді құлақ қасынан өткізіп, еш нәрсені байқамау ма? (Жоқ, зейінді бала еш нәрсені көз бен құлақтан таса қылмай, мұқият болады)
- Мұқият болу – бұл бір нәрсеге шоғырлану ма әлде басқа нәрсеге алдану ма? (Жоқ, зейінді бала ешқашан бөтен нәрсеге алданбайды)
- Мұқият болу – бұл жұмысты қатемен бе әлде қатесіз орындау ма? (Жоқ, зейінді бала әрқашан қатесіз жұмыс істейді, сондықтан зейінді дамытып отыру қажет)
Мұқият болу – өз қателіктеріңді байқап отыру ма әлде өткізіп отыру ма?
Қорытындылай келе, зейінді болу – айналада болып жатқан барлық нәрсені байқап отыру, керекті істе мұқият болу, алаңдамау, қатесіз жұмыс жасау. Қысқаша айтқанда, зейін – керекті нәрсеге шоғырлану.
«Жарты сөздерді қосу» жаттығуы
Психолог: Сөздер екі бөлікке бөлініп, екі қатарда тұр. Бұл екі бөлікті бір бүтін сөз шығатындай етіп қосу керек.
САМАУ БОЛ
ӘЛІП ВЕРТ
ФУТ БИ
БАЛ РЫН
ПАРО ҒА
КОН ШАМ
БАҒДАР ТАП
КІ ВОЗ
«Кодталған сөздер» ойыны
Психолог қатысушыларға 7 кодталған сөзді табуды ұсынады. Табу үшін кілт береді. Әр әріп белгілі бір санға сәйкес келеді.
Сөздер:
6746 (алма)
674319 (алмұрт)
0281 (суыр)
93461 (тұмар)
8180 (ырыс)
02 (су)
Кілт:
0 |
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
6 |
7 |
8 |
9 |
С |
Р |
У |
Ұ |
М |
К |
А |
Л |
Ы |
Т |
«Атап көр» ойыны
Психолог допты лақтырып, бір заттың қасиетін айтады, ал балалар сол қасиетке тән заттың атын атайды, мысалы, «шыны, жастық, су, қызанақ, үстел».
- мөлдір;
- жұмсақ;
- көгілдір;
- қызыл;
- қатты; және т.б.
Әңгіме «Назар аудар! Назар аудар! Назар аудар!»
Бір күні оқушы өте ақылды ұстаздан сұрайды:
— Ұстаз, маған бірнеше ақылды сөздер жазып беріңізші. Ұстаз бірден қалам алып, «назар аудар» сөзін жазады.
— Болды ма? — деп сұрады оқушы. — Басқа ештеңе қоспайсыз ба?
Ұстаз тағы да «назар аудар, назар аудар» деп жазып береді.
— Мен бұл жазғаныңыздан ешқандай өткірлік немесе тереңділік көріп тұрған жоқпын, - дейді оқушы. Сонда ұстаз «Назар аудар! Назар аудар! Назар аудар!» деп тағы да үш рет жазады.
Сонда оқушы түсіндіруді талап етеді — «назар аудар» деген сөздің мағынасы неде?
Бұған Ұстаз жауап береді: — Егер барлық нәрсені сәтті жасағың келсе, зейінді болуың керек.
Ү/Ж . «Мұнда не артық?"
Берілген кескіндерде түрлі тамақ жасауға арналған азық-түліктің суреттері берілген. Әрбір кескінде бір зат артық. Балаларға мұқият қарап, қай заттың артық екенін анықтап, түсіндіруді ұсынамыз.
Рефлексия
- Біз өзіміздің зейінімізді қалай дамыта аламыз?
- Шашыраңқы, ештеңе байқамайтын адамды зейінді деп айта аламыз ба?
- Зейінді болу үшін өзімізді басқару керек пе?
8–сабақ
МЕН БӘРІН ЕСІМЕ САҚТАЙ АЛАМЫН
Мақсаты: ерте мектеп жасында жасерекшелік психологиясының қалыптасуы ретінде есте сақтауды дамытудың оңтайлы деңгейің қалыптастыру Міндеттер:
- ес туралы жалпы түсінік беру;
- көру арқылы есте сақтаудың жеке ерекшеліктерін зерттеу;
- ырықсыз есте сақтау түрлерін дамыту.
Ұйымдастыру кезеңі
«Қарлы доп» ойыны
Ойындағы бір бала сыныптағы бір затты атайды. Келесі қатысушы аталған затты айтып, оған жаңа заттың атын қосады. Солай бәрі кезекпен, бірінің артынан бірі, қайталайды және жаңа заттың атын қосып айтады.
Ес туралы әңгіме
Бүгін сабақта біз сіздермен адамның есте сақтау қабілетімен танысамыз. Сіздер қалай ойлайсыздар, есте сақтау деген не?
Есте сақтау – бұл адамның бірдеңені жадына сақтауы немесе қайта жаңғырту қабілеті. Балалар, ал есте сақтау қабілеті бізге қай уақытта керек? (сабақта, үйде, достарымызбен сөйлескенде).
Біз нені есте сақтай аламыз? (сөздерді, түрлерді, әуенді, сандарды, ережелерді, т.б.).
Біреу есте жақсы сақтай алады, ал кейбіреулер онша емес. Ал егер адам сөздерді, сандарды, тапсырмаларды есте сақтауы нашар болса, не істеу керек?
Оны үнемі жаттықтырып отыру керек. Ал, ең алдымен, оны жаттықтыру үшін, оны дамытып, әрқайсымызда қандай есте сақтау қабілеті бар екенін білу керек. Қазір біз осыны анықтаймыз.
А.Н. Бернштейннің «Фигураларды тани білу» әдістемесі. Балаларға 9 суреті бар кесте беріледі (тақтада сызуға болады), оларды есте сақтау керек. Бұл суреттерді дәптерден тауып, сызу керек.
«Сандық қатарды жаз» әдістемесі.
Балаларға сандарды айта отырып, тақтаға жазамыз, ал олар сандарды еске сақтап, дәптерге жазады. (7 1 2 5; 4 8 3 1 9; 2,7,9,4,8,1).
"Ойыншықтар кезегі" ойыны
"Ойыншықтар кезекте тұрып, кемеге отырғысы келеді. Бірінші болып, аю тұрады, сосын қуыршақ, одан кейін қой, одан соң тағы бір аю, ең соңғысы - мысық". Сіздер 5-6 ойыншықты бірінен кейін бірін орналастырасыңдар. "Сосын қоңырау соғылып, балмұздақ сатушы келеді, және бәрі соған жүгіріп кетеді. Ал өзен жағасына келгенде кім қай кезекте тұрғанын ұмытып қалады. Ойыншықтарға көмектес, себебі, кеменің капитаны көп күте алмайды".
Ойынды бірте-бірте қиындату керек.
Тезірек орындарына!
Балалар шеңберге тұрады (сапқа, топқа және т.б.). Жүргізушінің белгісі бойынша: "Серуенге" – барлығы жан-жаққа кетеді. «Орындарына» белгісі бойынша – барлығы орындарына келу керек. 3-4 рет ойналады. Жеңіске еш қателеспеген оқушы жетеді.
Бастапқы орналасу түрлі болуы мүмкін.
«Қозғалысты есте сақтауың бойынша орында» жаттығуы
Балаларға 3 қадамдық нұсқаулық беріліп, оны орындау ұсынылады.
1. қолыңды беліңе қой
2. алдыңа қарай екі рет еңкей
3. қолыңды төмен түсіріп, тіктел
«Мен байқадым» жобалық сурет
Психолог балаларға олар мектепке алғаш келген күндерін еске түсіруді ұсынады, олар нені естеріңде сақтады, нені байқағандарын сұрайды. Естеріне сақтағанды дәптерінде салуларын сұрайды.
Рефлексия
- Біз сабақта нені дамыттық?
- Нені үйрендік?
- Бізге есте сақтау не үшін керек?
9–сабақ
МЕН БӘРІН ЕСІМЕ САҚТАЙ АЛАМЫН
Мақсаты: ерте мектеп жасында жасерекшелік психологиясының қалыптасуы ретінде есте сақтауды дамытудың оңтайлы деңгейің қалыптастыру
Міндеттер:
- есту арқылы есте сақтаудың жеке ерекшеліктерін зерттеу;
- жақсы есте сақтаудың тәсілдерін үйрету.
Ұйымдастыру кезеңі
«Түстер» ойыны
Психолог барлық оқушыларға кезекпен бір түстегі 5 затты атауды ұсынады. Бір минутта 5 затты атай алмаған оқушы ойыннан шығады. Аталған заттарды қайталауға тыйым салынады.
Әңгіме
Әр адамның есте сақтауы әр түрлі. Біреу көргенін есте сақтайды, біреу естігенін есте сақтайды, ал біреулер қайталағанды есте сақтап алады.
Сонымен, есте сақтау көру арқылы, есту арқылы, қозғалу арқылы және т.б. деп бөлінеді. Өткен сабақта біз көру арқылы есте сақтаудың даму деңгейін диагностикаладық, бүгінгі сабақта есту арқылы есте сақтау деңгейін анықтаймыз.
«10 сөз» әдістемесі
10 сөзді мұқият естіп, есте сақтауға тырыс. Оларды кез келген орында қойып айтуға болады.
Шар, мысық, орман, терезе, саңырауқұлақ, сағат, жел, үстел, көзілдірік, кітап.
Қорытынды:
6 сөзден кем емес – жоғары деңгей; 4-5 сөз – орта деңгей; 4 сөзден кем – төмен деңгей. (Балаларға қорытындыны айтпаймыз).
«Екінші сөзді айт» әдістемесі
Балаларға сөздер оқылады. Оларды жұппен есте сақтау керек. Содан соң мұғалім бірінші сөзді оқиды, ал балалар екінші сөзің еске түсіріп жазады.
Оқу үшін сөздер:
Қуыршақ – ойнау
Тауық – жұмыртқа
Қайшы – кесу
Жылқы – шана
Кітап – оқу
Көбелек – маса
Күн – жаз
Щётка – тіс
Алмұрт – компот
Жарық – кеш
«Тезірек сана» ойыны
Өлеңді тыңдап, отбасында қанша бала бар екенін санау қажет.
Біз – үлкен отбасы
Ең кішісі – бұл мен.
Бірден санап білмейсің
Марал бар және Қайрат бар
Арсен, Марат, Сәуле, Айбар
Және де Ақбота бар.
Біз далада ойнаймыз
Балабақша дейді бізге.
Кәне, тезірек санап бер,
Қанша бала бар бізде. (8)
«Тек гүлдердің атын есте сақта» ойыны
Әрбір балада – ақ қағаз бен қалам. Жүргізуші қандай заттардың атын есте сақтау керектігін айтады да, сөздерді оқиды. Мысалы: теледидар, автобус, нан, көкнәр, ұшақ, т.б. Ойын қатысушылары сөздерді басынан аяғына дейін тыңдап, ойын ережесі бойынша есте сақтау керек сөздерді еске түсіріп, дәптерлеріне кез келген ретте жазады.
«Есіңе түсір де, көрсет» ойыны
Балаларға таныс нысандардың қозғалысын дыбыстау ұсынылады (мысалы, қанатын қаққан құс, жорғалап келе жатқан құрттың, қоразданып тұрған әтешті, т.б.).
«Есте сақтау бойынша сурет саламыз» жаттығуы
Балаларға фигуралар мен сызықтар салынған қағаз көрсетіледі, оларды еске сақтап, салу керек, содан соң көрсетілген қағазбен салыстырылады.
«Сөз ойлап тап» жаттығуы
Психолог допты лақтырып, әр оқушыға аталған әріпке байланысты көбірек сөз айтуды ұсынады. Мысалы: «К»–көлік, кеме, көбелек, кесе, т.б. (тек қана зат есімдер емес, етістіктер мен сын есімдерді де қолдануға болады).
Рефлексия
Балалар шеңбер құрып тұрады. Мұғалім балаларға допты кезектеп лақтырады. Балалар қандай жаттығу есте қалғанын, қай жаттығуды жасау ұнағанын айтады.
10–сабақ
МЕН ОЙЛАЙ БІЛЕМІН
Мақсаты: ерте мектеп жасында жасерекшелік психологиясының қалыптасуы ретінде логикалық ойлауды дамытудың оңтайлы деңгейің қалыптастыру
Міндеттер:
- танымдық белсенділікті, ойлау процесінің мақсаттылығын қалыптастыру;
- ой операцияларын дамыту.
Ұйымдастыру кезеңі
"Кәне, тап!" ойыны
Психолог бір нәрсе ойлайды. Балалар бұл затты анықтауға байланысты сұрақтар қояды. Бұл сұрақтарға мұғалім тек «иә» немесе «жоқ» деп жауап бере алады. Психологтың жасырған сөзін оқушылар табу керек.
Тапсырма «Айырмашылығын тап!»
Дәптердегі суреттен 5 айырмашылық тап. Содан кейін партаның жанына әдемі тұр.
Ойлау туралы әңгіме.
Күн сайын біз түрлі сұрақтарға тап болып жатамыз және оларға дұрыс жауап беру үшін түрлі ой операцияларын қосуымызға тура келеді: біз салыстырамыз, ұқсастығы мен айырмашылығын табамыз, талдаймыз, заттарды қасиеттері бойынша топтаймыз, аяғында бір қорытындыға келеміз. Мұның барлығы ойлау процесінің құрамдас бөлігі.
«Сөздерді алып таста» әдістемесі
Нұсқаулық: "Берілген сөздердің қайсысы артық? Неге?" Уақыты – 5 минут, 10 тапсырма беріледі.
Раушан, шегіргүл, түймедақ, бұршақ, лалагүл
Өзен, көл, көпір, тоған, теңіз
Қуыршақ, секіргіш, құм, доп, зырылдауық
Үстел, кілем, кресло,төсек, орындық
Терек, қайың, қоңыр, жөке, көктерек
Тауық, әтеш, бүркіт, түйетауық, қаз
Шеңбер, үшбұрыш, төртбұрыш, меңзер, тіктөртбұрыш
Санжар, Берік, Марат, Бектасов, Қуаныш
Сан, бөлу, көбейту, алу, қосу
Көңілді, тез, мұңды, тәтті, абайлы
Кілт: 1) бұршақ, 2) көпір, 3) секіргіш, 4) кілем, 5) қоңыр, 6) бүркіт, 7) меңзер, 8) Бектасов, 9) сан, 10) мұңды.
«Төртінші артықты алып тастау» әдістемесі
Керекті материал: 4 заты бар сурет, оның біреуі басқалардан келесі қасиеттері бойынша келмейді:
1) үлкендігі бойынша;
2) түрі бойынша;
3) түсі бойынша;
4) тектік санаттары бойынша.
Нұсқаулық: «Әрбір суреттегі 4 заттың біреуі артық. Суреттерге мұқият қарап, қай зат артық және неге екенін тап». Тапсырманы шешу үшін 3 минут беріледі.
«Жіктелу» жаттығуы
Мұғалім балаларға белгілі бір түсінігі бар сөздерді жазуға ұсыныс жасайды.
1. Ағашты бейнелейтін сөзді ата.
2. Спортқа қатысты сөздерді ата.
3. Жануарларды бейнелейтін сөздерді ата.
4. Үй жануарларың бейнелейтін сөздерді ата.
5. Жерде жүретін көліктерді бейнелейтін сөздерді ата.
6. Көкте жүретін көліктерді бейнелейтін сөздерді ата.
7. Суда жүретін көлікті бейнелейтін сөздерді ата.
8. Өнерге байланысты сөздерді ата.
9. Азық-түлікті бейнелейтін сөздерді ата.
10. Жемістерді бейнелейтін сөздерді ата.
«Дұрыс жауапты тап» жаттығуы
Психолог балаларға әңгімені оқып, сұрақтарға жауап беруді сұрайды.
ü Санжар мен Берік әр түрлі түстегі күртеше киінген: көк және жасыл. Санжар көк емес күртеше киген. Берік қай түсті күртеше киген? (көк)
ü Мақпал мен Мадина бояумен және қарындашпен сурет салып отыр. Мақпал немен сурет салып отыр? (бояумен)
ü Алишер мен Мақсат өлең мен ертегі оқып отыр. Алишер ертегі оқыған жоқ. Мақсат не оқыды? (ертегі)
ü Үш ағаш өсіп тұр: қайың, емен және қарағай. Қайың еменнен төмен, ал емен қарағайдан төмен. Ең биік ағаш қайсы? Ең төмені қайсы?
ü Серік, Жарас және Арман кім қатты жүгіретінін анықтау үшін жарысты. Серік Жарастан тез жүгіріп келді, ал Жарас Арманнан тезірек болды. Кім бірінші болып келді, ал кім соңғы?
ü Үш күшік болады: Күрең, Тұлпар және Шарик. Күрең Тұлпардан әдемірек, ал Тұлпар Шариктен әдемірек. Күшіктердің қайсысы ең әдемі?
«Жейтін - жемейтін» ойыны (доппен)
"Мен заттарды атаймын, мысалы: "алма, апельсин, ірімшік, доп, терезе, қуыршақ, бор, пияз, кітап, т.б. Егер аталған зат жейтін болса, онда допты ұстап алу керек, егер жемейтін болса – допты ұстамаймыз».
Рефлексия
Сөйлемді жалғастыруды ұсынамын.
Біз білдік ….
Біз қайталадық …
Маған оңай болды …
Маған қиын болды …
Маған әлі де жаттығу керек …
Маған қызықты болды …
Бүгін қандай сабақты талқыладық?
11–сабақ
МЕН ОЙЛАЙ БІЛЕМІН
Мақсаты: ерте мектеп жасында жасерекшелік психологиясының қалыптасуы ретінде логикалық ойлауды дамытудың оңтайлы деңгейің қалыптастыру
Міндеттер:
- танымдық белсенділікті, ойлау процесінің мақсаттылығын қалыптастыру;
- ой операцияларын дамыту.
Ұйымдастыру кезеңі
«Ұқсастықтары мен айырмашылықтарын ата» жаттығуы
Психолог екі затты көрсетеді. Ең алдымен оқушылар заттардың ортақ белгілерін, ұқсастықтарын атайды. Сосын – осы екі заттың айырмашылықтарын.
"Дәйекті суреттер" тесті
Нұсқаулық: Мына суреттерге қара. Қалай ойлайсың, мында не туралы айтылған? (Оқушыға суреттерді мұқият қарап алып, кейіпкерлермен танысуға мүмкіндік береді, содан соң тапсырма беріледі). Ал, енді дәйекті әңгіме шығу үшін суреттерді құрастырамыз. |
«Қорыту» әдістемесі
Нұсқаулық: бұл тапсырмада бір мағыналы сөздер бар. Бұл ортақ мағынаны бір сөзбен жеткізу керек.
Сөз жинағы:
1. қайың, шырша, көктерек, үйеңкі (ағаштар)
2. ара, балға, балта, бұранда (құрал-саймандар)
3. майқұлақ, ойысқұлақ, түлкіжем, бүріскі (саңырауқұлақтар)
4. тоқылдақ, үйрек, бүркіт, тауық (құстар)
5. аю, сілеусін, тышқан, құндыз (жануарлар)
6. Алпамыс батыр, Ертөстік, Алдар Көсе (ертегілер)
7. шөп, гүлдер, ағаштар, бұталар (өсімдіктер)
8. Құнанбаев, Жұмабаев, Сейфуллин (жазушылар)
9. нәркес, лалагүл, раушан (гүлдер)
10. автокөлік, поезд, ұшақ, трамвай (көлік)
11. шәйнек, қазан, құман, таба (ыдыстар)
12. қарбыз, таңқурай, мүкжидек (жидектер)
13. қияр, сәбіз, орамжапырақ (көкөністер)
14. етік, пима, кроссовки, туфли (аяқ киім)
15. сары, қызыл, көк, жасыл (түстер)
16. Ақтау, Қарағанды, Астана, Семей (қалалар)
17. Зәуре, Қанат, Амир, Малика (есімдер)
«Сөйлемді аяқта» жаттығуы
1. Лимон ащы, ал қант ...
2. Ит үреді, ал мысық ...
3. Түнде қараңғы, ал күндіз ....
4. Шөп жасыл, ал аспан...
5. Қыста суық, ал жазда ...
6. Сен аузымен тамақ ішесің, ал тыңдайсың ...
7. Таңертең біз таңғы ас ішеміз, ал күндіз ...
8. Құс ұшады, ал жылан ...
9. Қайық жүзеді, ал көлік ...
10.Сен көзбен көресің, ал дем аласың ...
11.Адамда екі аяқ бар, ал итте ...
12.Құстар ұяда тұрады, ал адамдар ...
13.Қыста қар жауады, ал күзде ...
14.Жүннен тоқиды, ал матадан ...
15.Балерина билейді, ал пианист ...
16.Ағашты аралайды, ал шегемен ...
17.Әнші ән айтады, ал құрылысшы ...
18.Композитор ән шығарады, ал музыкант ....
«Керісінше айт» жаттығуы
Психолог балаларға қарама-қарсы мағынасын табу керек сөздер ұсынады.
Ұсыну үшін сөздер: Үсті, қуаныш, батылдық, таза, жаман, ұсақ, кейде, түсіріп алу, кеш, ұрысу, қараңғы, тез, сатып алу, т.б.
"Анаграмма" жаттығуы
Психолог
балаларға берілген әріптерден сөз құрауды
ұсынады. 3 әріптен бастайық, бірте-бірте әріп санын
6-7-ге дейін көбейтеміз.
"Келесі
әріптерден сөз құрастыр:
а) қ, о,
с а) е, ө,
з, н
а) л, а, қ, а, м
ә) м, е, е, н
ә) ш, а, ғ, а
ә) с, ғ, а, т, а
б) қ,
қ, ұ, р, а
б) а, қ, у, қ
б) ғ,
р, а, ш, ы
в) т, о, р
в) р, ө, н, е
в) р, е, т,
е, к
г) ы, с, р, ғ,
а
г) а, р, а, н
г) а, п, с,
а, н
д) д, м, е
д) д, а, л, а
д) қ,
р, а, ғ, а"
«Тыйым салынған сөз» жаттығуы
Психолог балаларға сұрақ қояды, ал балалар жауап береді. Жауаптар әр түрлі болуы мүмкін, бірақ алдын ала айтылған сөзді айтуға тыйым салынады, мысалы, «жоқ» сөзі.
Сен ас үйде ұйықтайсың ба?
Қар жасыл ма?
Сен ұша аласың ба?
Сен Марс планетасында болдың ба?
Сен тәттілерді жақсы көресің бе?
Сен компьютерлерді жөндей аласың ба?
Қыста жиі жаңбыр жауа ма?
Сен жазда коньки тебесің бе?
Рефлексия
Әр бала бүгін сабақта қалай жұмыс істегенің көрсетеді (қолды жоғары – өте жақсы, иық көлеміндегі қол – жақсы, қол төмен – келесі жолы белсенді болуға тырысамын). Керек болған жағдайда мұғалім өзін-өзі бағалау критерийлерің талқылайды.
- Ойлау әрекетін үнемі дамытып отыру қажет пе?
- Ол бізге не береді?
12 сабақ
МЕНІҢ ТҮСІНУ ЖӘНЕ ТҮЙСІНЕ БІЛУ КӨМЕКШІЛЕРІМ
Мақсаты: оқушыларды түрлі сезім мүшелерімен таныстыру. Қоршаған ортаға деген жағымды қарым-қатынас қалыптастыру.
Міндеттер:
- оқушыларды «сезім мүшелері» түсінігімен таныстырып, адамның психикалық күйін түсіндіру;
- оқушылардың дүниетанымын, бақылағыштығын кеңейту, сезіну әдістерінің дамуына ықпал жасау;
- қоршаған ортаға деген жағымды қарым-қатынас қалыптастыру.
Ұйымдастыру кезеңі
Жағымды көңіл-күй қалыптастырамыз: «Күлімдейміз!»; «Бір-бірімізге жылы сөздер айтамыз».
«Жақсы сөздер әліпбиін» құрайық: жақсы сөздерді еске түсіреміз, «А» әрпіне жағымды сөздер (аяулы, асыл, ардақты, т.б.).
Сезім мүшелері мен эмоциялар жайлы әңгіме
Балалар, психология сабақтарында біз өзіміздің ішкі дүниемізбен танысамыз: біз адамның ойың, эмоциялары мен сезімдерің өзімізді және өзгелерді түсіну үшін зерттейміз.
Ал бұл түсініктерде бізге көмекші біздің «сезім мүшелері»:
Шатырда жаңбыр: «Тарс-тарс-тарс»
Құстар ұшып, қарс-қарс-қарс.
Радиодан ән берілді
Оны тыңдағыштар естіді (құлақтар – есту сезімі)
Таудан асып күн батты,
Түнде жарық берілді.
Отшашуды төгілген,
Көрді біздің көреген (көздер – көру сезімі)
Жастық мамық, көрпе жұмсақ,
Суық екен балмұздақ.
Ыстық шәйнек тұр сақылдап,
Қалай білдік біз оны, тап (қол, тері – сипап-сезіну)
Лимон қышқыл, ал қант тәтті,
Торт, кәмпитпен өмір сәтті.
Ал тұз бен бұрыш өте ащы,
«Дәмді ауызым» бәрін татты (тіл, дәм сезу)
Тамақтың иісі қандай жақсы,
Мұны иіс сезгіш біліп қапты
Мынау – алма, мынау – жусан,
Мынау – лала, мынау – раушан (мұрын – иіс сезу)
Сезім мүшелері – бұл адамның қоршаған ортаны танып-білудегі көпірі.
«Кім екенін тап?» жаттығуы
Бір оқушы сынып алдына шығып, оларды есте сақтап алуға тырысады. Содан соң көзін жұмады. Балалар орындарымен ауысады, ал оқушы жұмулы көзбен сипау арқылы оның алдында кім тұрғанын айтуға тырысады. Одан соң басқалары да солай жасайды. (сезім мүшелерін дамытамыз).
Тапсырма «Тауып көр»
- Ал, қазір, жұмбақты шешу арқылы балалардың ең жақсы көретінін тауып көреміз:
Түрлі киім киемін,
Бірақ ішім әр түрлі:
Карамельді, шоколадты,
Тәтті сүтті, мармеладты.
Мейізімен, жаңғағымен,
Арасында кілегеймен...
Бар әлемде біледі балалар,
Мендей тәтті оларға табылар!
Ашып, көріп, қараңдар,
Және ауызға салыңдар.
-Бұл не?
-Ал сендердің іштеріңде кім кәмпитті жақсы көреді, қол көтереміз?
- Ал оны жегенде не сезінесіңдер? («Тәтті дәм»)
- Ал, енді басқа жұмбақ тыңдап көріңдер.
Жұлдыздың қолында
Кеседегі қыс бар.
Шолпанның қолында
Таяқшада қыс бар.
- Бұл не?
- Ал сендер балмұздақ жақсы көресіңдер ме?
- Балмұздақ жегенде не сезінесіңдер? («Суық сезінеміз»)
- Ал біз жыл мезгілдерін сезіне аламыз ба? («Жазда – ыстық, қыста - суық»)
- Балалар, біз жыл мезгілдерін немен сезінеміз? («Терімен»)
- Біздің барлық сезінулеріміз неге байланысты болады? (сезім мүшелеріне).
- Қоршаған ортаны сезінуге көмектесетін сезім мүшелерін атап көрейікші.
Тапсырма «Менің сезінулерім»
Өзіңді бақытты, қуанышты, сүйікті болып сезіну қандай керемет! Бізді ештеңе қуантпаса, біз ешкімді жақсы көрмесек және өзімізді бақытты сезінбесек өмір сүру біз үшін мұнды болушы еді.
Сезім төртбұрышын өз түстеріңмен бояңдар. (Қуаныш, реніш, ұялу, жалғыздық, рахмет, мұң, байыптылық, таң қалушылық, қастық, тәкаппарлық, бақыт, махаббат).
Балалар! Сіздер білесіздер ме, кейбір сезімдер бізді бір нәрсенің дұрыс еместігін сезінуге көмектеседі.
Мысалы: Ашу бізді «өмірімізді бұзатын» нәрселерге қарауға шақырады.
Қорқыныш бізді қауіптен, ойланбай жасайтын істен сақтайды. Бұл сезінулер бағдаршамның түстері сияқты жанып: «Саған көмек керек!» дейді, сенің барлық сезімің – сенің достарың. Егер сен өз сезімдеріңді тыңдап отырсаң, өзіңді жақсы сақтайсың.
Саған не керектігін білдіретін сезімдер болады. Егер бірдеңені түсіңбесең. Егер көңіл-күйің жоқ болып немесе жалғызсырасаң, онда өзіңе шынымен керек нәрсені алмадың. Мүмкін саған сырыңды бөлісетін дос керек шығар. Сезімдеріңе көңіл бөл және олар саған дұрыс жолды сілтейді.
Біздің барлық сезімдеріміз маңызды. «Жақсы» және «жаман» сезімдер бар деген – ол өтірік. Тек бізге жағымсыз сезімдер бар, біз олар туралы ойлағымыз келмейді. Кімге жынданып, сағынып, ашуланған ұнайды? Бірақ, әрбір сезім бізге жай келмей, бізді бір нәрсеге үйретеді. Өз сезімдеріңмен достассаң, қызықты да қуанышты өмір сүресің! Сезіміңнен сұра: «Не үшін келдің?»,-деп. Өзіңнен сұра: «Мен не істей аламын?»,-деп.
Сен ашуланғанда, ренжігенде, көңіл-күйің түскенде немесе жалғызсырағанда не істеуің керек?
Жасауға болады:
- сезініп тұрғаныңды суретке салып немесе қолдан жасауға;
- серуендеп келу;
- өзіңнің үй жануарыңды сипап, құшақтауға;
- суға шомылу;
- досыңа қоңырау шалу немесе сенетін адаммен сөйлесу;
- сені ренжіткен адамға хат жазу немесе өзіңді түсінетін үлкенге (егер жанында болмаса).
Өзіңе келетін басқа да әдістерді табуға болады.
Бірақ, есте сақта: бұл әдістер айналандағыларға зиян келтірмеу керек!
Рефлексия
-Балалар, сезімдер қандай болады?
-Қандай сезім мүшелерін білесіңдер?
13 сабақ
МЕНІҢ ТҮСІНУ ЖӘНЕ ТҮЙСІНЕ БІЛУ КӨМЕКШІЛЕРІМ
Мақсаты: оқушыларды түрлі сезім мүшелерімен таныстыру
Міндеттер:
- оқушыларды «сезім мүшелері» түсінігімен таныстырып, адамның психикалық күйін түсіндіру;
- оқушылардың дүниетанымын, бақылағыштығын кеңейту, сезіну әдістерінің дамуына ықпал жасау;
- қоршаған ортаға деген жағымды қарым-қатынас қалыптастыру.
Ұйымдастыру кезеңі
Жағымды көңіл-күй қалыптастырамыз: «Күлімдейміз!»; «Бір-бірімізге жылы сөздер айтамыз».
«Жақсы сөздер әліпбиін» құрайық: жақсы сөздерді еске түсіреміз, «Ж» әрпіне жағымды сөздер (жақсы, жағымды, жуас, жарқын, т.б.).
Сезім мүшелері мен эмоциялар жайлы әңгіме
Балалар, өткен сабақта өзімізді түсінуге көмектесетін қандай көмекшілермен танысқанымызды еске түсірейікші.
- Қоршаған дүниені танып-білуге қанша сезім мүшесі көмектеседі?
- Қалай ойлайсыздар, сезімдерді дамытуға бола ма?
- Сезімдер өз бетімен дамиды деп ойламау керек, оларды үнемі жаттықтырып отыру керек.
«Сезім мүшелері» ойыны
Ал, енді ойын ойнайық. Ең алдымен оң қолымыз мұрынды ұстайды, сол қол – оң құлақты, сосын – сол қол мұрынды, ал оң қол - сол құлақты ұстайды; содан соң бәрін қайталаймыз. Жаттығуды шапалақ бойынша жасаймыз. (мұнымен біз миымыздың екі жарты шарын да қозғалтамыз).
«Бір уақытта сурет салу» ойыны
Ауада екі қолмен бірдей сурет саламыз, оң жақ қолмен үшбұрыш, ал сол жақ қолмен шеңбер. Шапалақпен суреттерді ауыстырамыз (екі жарты шарларды дамытамыз).
«Шеңбер» ойыны
Екі қолмен бірдей шеңбер жасаймыз. Оң қолмен шеңберді ішімізде жасаймыз, ал сол жақ қолмен басымызда. Шапалақпен қолымызды ауыстырамыз (екі жарты шарды және ой операцияларын дамытамыз).
«Қолыңды жеткіз…» ойыны
Темір бірдеңеге қол тигіз, жасыл бірдеңеге қара, жұмсақ нәрсені сипа, ағаш нәрсеге отыр. (дәптер, қарындаш, сызғыш, т.б., жұмулы көзбен).
Міне қоршаған ортаны қабылдауда қанша сезім мүшесі іске қосылды!
Кейбір сезім мүшелерінен айырылған адамдар оны басқа сезім мүшесі арқылы алмастырады. Бір сезім мүшесі жоқ болса, керісінше басқа мүшесі қатты дамыған болады.
Біз сурет саламыз
Дәптер парағына сіздің ойыңызша қабылдаудағы ең жақсы дамыған сезім мүшесін салыңыздар.
Рефлексия
- Сезіну деген не?
- Балалар, сезінуді не үшін дамыту керек?
III тарау
ӘЛЕМ МЕНЕН БАСТАЛАДЫ
14-сабақ
МЕНІҢ КӨҢІЛ-КҮЙІМ
Мақсаты: өзіңе деген жағымды қарым-қатынас қалыптастыру
Міндеттер:
- оқушыларды «көңіл-күй» ұғымымен таныстыру;
- оқушылардың өз көңіл-күйін басқару қабілетін дамыту;
- өз бойынан жағымды қасиеттерді табуға үйрету.
Ұйымдастыру кезеңі
Балалар, бір-бірімізге қарайықшы, өз күлкімізді бір-бірімзге сыйлайықшы. Ал, енді өз қолымызбен көршіміздің қолын ұстап, өз жылуымызбен бөлісейік.
Сабақтың тақырыбы бойынша әңгіме.
Бір күнде бірнеше рет адамның несі ауысады? Бұл – көңіл-күй.
• Таңертең қандай көңіл-күймен тұрдың? Неге?
• Мектепке қандай көңіл-күймен келдің? Неге?
• Сен екі алдың. Көңіл-күйің қандай болды?
• Сен бес алдың. Көңіл-күйің қалай өзгерді?
• Сен досыңды ренжіттің. Денсаулығың қалай?
• Сабақ аяқталды, үйге бару керек! Өз жағдайыңды сипатта.
- Көңіл-күй деген ол не екен? (бұл белгілі бір уақыт аралығындағы адамның эмоционалдық жағдайы)
- Көңіл-күй қандай болады?
- Ол неге байланысты болады? (жағдайға, басқа адамдарға байланысты, біздің тәртібімізге, мінезімізге, өзімізге байланысты)
- Ал біз өзіміз қандаймыз? Келесі сөйлемдерді аяқтай отырып, өзіміз жайла айтып берейік:
- Мен … жақсы көремін.
- Мен … жасай аламын.
- Менің қолымнан … келеді.
- Мен өскенде … .
Көңіл-күй дегеніміз не? Көңіл-күйді өзгертуге болады.
Бүгін біз сіздермен көңіл-күйді қалай көтеруге болатындығы жайлы сөйлесеміз.
«Тізбек пойыз» ойыны (балалар «Біз алыс жаққа кетіп барамыз» әуеніне сыныпта кедергілерден өте, жүреді)
- Өз көңіл-күйімізді қалай көтереміз?
Дене белсенділігі. Көңіл-күйді көтерудің ең тиімді әдісі – бұл белсенді қозғалу, ойнау, дене жаттығуларын жасау.
Табиғат – бұл ұлы емші. Бізге табиғат аясында көп уақыт өткізу керек: таза ауамен дем алу, тыныштықтан ләзәт алу, құстардың дауысын тыңдау.
Әуен адамға әсер етудің ең күштісі. Ол сенің көңіл-күйіңді тез көтереді.
Жақсы нәрселерді ойлау: біздің көңіл-күйіміз біздің ойларымызға байланысты болады. Сондықтан, көңіл-күйің жақсы болуы үшін, жақсы ойлау керек.
Содан соң мұғалім жаман және жақсы ойлар туралы мысалдар келтіріп, тақтаға жазады:
Мен жаманмын - Мен жасай аламын
Мен жасай алмаймын – Менде барлығы жақсы болады
Қолымнан келмеді – Мен үйренемін
Мені ренжітті – Бәрі жақсы болады
Мен қорқамын – Мен қорқынышты жеңемін
«Жағымды сөздер» жаттығуы» (балалар екі шеңбер құрады, бір-біріне жағымды сөздер айтады).
«Бір-бірімізге күлкі сыйлайық» жаттығуы
Мұғалім сұрақ қояды: «Күлімдегенде мұңаюға бола ма?» және жаман нәрсе туралы ойлап тұрып, күлімдеуді ұсынады. Балалар қорытынды жасау керек: күлімдегенде, көңіл-күй өзгереді, сондықтан күлімдеу жаман көңіл-күйді өзгертеді.
- Бір-бірімізге күлімдейік.
Тапсырма «Мен жағымдымын»
Дәптерде ең жағымды баланың жанына белгі қойыңдар.
Тапсырма «Біз қуанамыз»
Дәптерде мұғалімнің, ананың және досыңның түрлерің қуанып тұрғандай етіп, аяқтап сал.
Рефлексия
- Сонымен, өз көңіл-күйімізді қалай көтереміз? Қандай түрлерін білесіздер?
15-сабақ
АДАМНЫҢ МІНЕЗІ МЕН ҚАСИЕТТЕРІ
Мақсаты: «мінез», «мінез ерекшеліктері» ұғымдарымен таныстыру. Қоршаған ортаға деген жағымды қарым-қатынас қалыптастыру.
Міндеттер:
- «мінез», «мінез ерекшеліктері» ұғымдарымен таныстыру;
- қоршаған ортаға деген жағымды қарым-қатынас тәрбиелеу.
Ұйымдастыру кезеңі
Жағымды көңіл-күй қалыптастырамыз: «Күлімдеңіздер!»; «Бір-бірімзге жақсы сөздер айтайық».
«Жағымды сөздер әліпбиің» құрастырамыз: жақсы сөздерді еске түсірейік, «Т» әрпіне жақсы сөздер (тәрбиелі, тәртіпті, таңғажайып, т.б.)
Сабақ тақырыбы бойынша әңгіме
Біз «Мен кіммін? Нені қалаймын? Не жасай аламын? Басқалардан айырмашылығым неде?» деген сұрақтарды жиі ойлаймыз. Біз қоршаған ортаны танимыз, ал өзімізді, өзіміздің ішкі дүниемізді – жоқ, ол зерттелмей қалады! Бұл дұрыс емес! Әр адам өзін жақсы білуі керек, онымен не болып жатқанын білу керек. Бүгін біз сіздермен адамның мінезі мен қасиеттері туралы айтамыз.
Мінез – бұл адамның ішкі қасиеті; бәрімізде бар; әркімде әр түрлі.
Бізге мінездің не екенін, немен ұқсап, немен айырмашылығы бар екенін түсінуге «Мінез-ағаштар туралы ертегі» көмектеседі.
МІНЕЗ-АҒАШТАР ТУРАЛЫ ЕРТЕГІ
Бір ғажайып әлемде, керемет өлкеде, биік, заңғар таулар арасында Мінез-Ағаштар өседі. Бұл жай ағаштар емес. Олар өз сыртқы келбеттерімен алыста тұратын адамдардың мінезін көрсете біледі.
Әрбір Мінез-Ағаштың 4 үлкен бұтағы бар және одан көптеген бұтақшалар тармақталған. Бұл төрт бұтақтың аттары бар: біріншісі Адамдарға деген қарым-қатынас деп аталады, екіншісі – Еңбекке деген қарым-қатынас, үшіншісі – Өзіңе деген қарым-қатынас, төртіншісі – Заттарға деген қарым-қатынас. Әрбір Мінез-Ағашта өзіңе тән, басқаға ұқсамайтын мінез ерекшеліктері болған.
Бір Мінез-Ағашта Адамдарға деген қарым-қатынас бұтағы кең құлаш жайып, Шындық бұтақшасын ұстап тұр, ал басқа бір бұтақта Өтірік бұтақшасы қайыстырылған. Бір жерде Өзіңе деген қарым-қатынас өзің жақсы көргіш бұтағын көтеріп қойса, ал бір жерде Қарапайымдылық бұтақшасы күнге созылып тұрды. Заттарға деген қарым-қатынас бұтағында Сарандық бұтақтары ұялғаннан майысып тұр, ал кейбір Жомарттық бұтақшалары жапырақтарын жайып тұр.
Бұл ғажайып орманда түрлі Мінез-Ағаштар өсті. Кейбір Мінез-Ағаштардың астында жер жарылып жатты, өйткені олар ауыр болды. Мінез-Ағаштар тікенді болды. Ал кейбіреулері бұтақтары әзер байқалатын тік мінезді ағаштар болды. Қатты Мінез-Ағаштарды жерден қазып алу қиын болса, жеңіл Мінез-Ағаштар жерде көтеріліп, ауада ұшып жүргендей болды. Олардың арасында әдемісі де, қорқыныштысы да, ұзыны мен қысқасы да бар еді.
Мінез-Ағаштардың ешқайсысы бір-біріне ұқсамайды, себебі түрлі жерде отырғызылған, күннің көзі түрліше жылытады, жел де басқаша соғады, жаңбыр да басқаша тиеді. (Ал әр адамның өмірінде барлығы түрліше орындалады емес пе?)
Кейде қатты боран соғып, Мінез-Ағаштардың біреулерін сындырып, құлатады, ал кейбіреулерін сындыра алмай кетеді. Кейбір бұтақтар боранға берілмей, төтеп бере алады.
Бұл ғажайып орманда әрбір адамның өзіне сәйкес Мінез-Ағашы бар. Көптеген адам бұл орманда болып, өз Мінез-Ағашын көргісі келеді. Бірақ ешкім онда бара алмайды және өз мінезін өзін зерттей отырып біле алады.
Психодиагностика
— Сіздер ертегіні тыңдадыңыздар. Одан не білдіңіздер, айтып беріңізші. Қалай ойлайсыз, бұл ғажайып орманда сіздің Мінез-Ағашыңыз өсіп тұр ма? Ол қандай? Өздеріңіздің Мінез-Ағаштарыңызды салып көріңіздер.
Ал, енді өздеріңіздің Мінез-Ағаштарыңыз туралы айтып беріңіздер.
Тапсырма «Қыс ханшайымы»
Балалар, «Қыс ханшайымы» ертегісін еске түсірейікші: «Бұл ертегіде адамда бар жақсылық пен тартымдылық кішірейіп, ал жамандық пен ұқыпсыздық үлкейетін айна бар болатын. Еске түсіріңіздер, адамдардың көздеріне түсіп, бұл айна сынықтары қанша жамандық әкелді. Елестетіңдер: Кай мен Герда өскенде, адамдағы жақсы нәрселерді байқау үшін ғажайып көзілдірік ойлап табады, олар тіпті жасырын жақсылықты да байқайды екен. Қазір әрқайсыларың осындай көзілдірікті киіп көріңдер.
(Балалар шеңбер құрып отырып, көзілдірікті киіп көреді. Көзілдіріктер алдын ала картоннан жасалады. Көзілдірікті киіп, көршіңіздегі жақсылықты тауып көріңіздер. Мүмкін күнде байқамай жүрген жақсы қасиетті көрерсіздер». Және көршіңіздің жақсы қасиеттері туралы айтып беру. «Мен сенің бойыңнан ...» деген сөздерден бастап.
Содан соң мұғалім бір-бірлері туралы айтылған жақсы сөздерді еске түсіруді ұсынады: шыншыл, мейірімді, әзілқой және т.б. «Мінез ерекшеліктері» ұғымы түсіндіріледі.
Мінез ерекшелігі – бұл адамның жиі қайталанатын қасиеті.
Тапсырма «Мінез ерекшелігінің қарама-қарсысың ата»
Ерекшелікті айтамын, сен қарама-қарсысың ата:
Жауыз – мейіріміді;
Еңбекқор – жалқау;
Шашыраңқы – зейінді;
Ұқыпты – ұқыпсыз;
Батыл – қорқақ – қуанышты – мұңды;
Жұмсақ – қатты;
Өтірікші – шыншыл;
Төбелесқор – бейбітшіл.
Тапсырма «Қасиеттер»
Суреттердегі балалар қандай қасиеттерге ие екенін тауып көр. Оларды жаз. Өзіңде бар қасиеттерді дөңгелекпен жүргіз немесе өзіңе ұнайтын қасиетті салып көр.
Ү/Т. «Мен – ерекшемін». Өзіңді тақта отырғандай сезін. Өзіңді сал және жанындағы дөңгелектерде өзіңнің ерекше қасиеттеріңді жаз.
Рефлексия
-Балалар, мінез және мінез ерекшеліктері дегенді қалай түсіндіңіздер?
16-сабақ
БІЗ ӘРТҮРЛІМІЗ
Мақсаты: оқушыларда өз істерің талдау қабілетін қалыптастыру
Міндеттері:
- өз істері мен тәртібіне баға беруді үйрету;
- өз істерінің нәтижесін болжауға және өз тәртібін түзеп отыруға үйрету;
- мысал жағдайлар арқылы өзіңе сырттай қарай білуге баулу;
- жақсы істер жасауға ұмтылуды тәрбиелеу.
Ұйымдастыру кезеңі
«Ұқсас – ұқсас емес» жаттығуы.
Балалар, парталас көршіңе қарап, «Қолыңды көтер, тек ...» жаттығуың жасап көр:
-көзің көк болса;
- қара (қоңыр) шашың болса;
- шашың ұзын болса;
- кімнің есімінде А, С, Қ және т.б. әріптер болса;
Ал, енді сынып бойынша қиынырақ жаттығу «Сыныптастарыңа қарап, қолыңды көтер, тек ...»:
- кім жазда, қыста, күзде, көктемде туылса;
- кімде ағасы (әпкесі) бар болса;
- кім 7 жаста болса;
- кім билей білсе.
Бұл жаттығу арқылы біз әрқайсымыздың әр түрлі екенін, әркімде басқасына ұқсамайтын нәрсе бар екенін байқадық, бірақ бұл сіздерге дос болуға кедергі жасамайды.
Сабақ тақырыбы бойынша әңгіме
Жер бетінде көп адам тұрады және әр адам басқасына ұқсамайды. Неге?
Әр адамның өз бейнесі, өз тәртібі, мінезі бар, өз отбасы, өз достары бар. Тіпті отбасында егіз балалар болса да, ұқсастығына қарамастан олар әр түрлі.
Біздің өміріміз істерден тұрады: жақсы, жаман.
- Іс деген сөзді қалай түсінесіздер? Бұл деген не? (Балалардың жауабы)
- Сөздікке қарап, іс деген сөздің түсінігің көрейік.
Іс – бұл біреудің мақсатталған және нәтижесі бар қозғалысы; қиын жағдайдағы сенімді белсенді қозғалыс.
- Адам өмірі үлкен және кішкентай өзгерістерден тұрады. Әр күні біз әр түрлі іс жасаймыз. Жақсы іс үшін бізді мақтайды, ал жаман үшін – ұрсады, сазайын береді. Істің жаман-жақсылығың неден білуге болады? (Балалардың жауабы).
«Мен әр түрлімін» жаттығуы
Айтқанымыздай, әр адам әр түрлі және әрқайсында өзінің жақсы көретін ісі, тамағы, ойыншығы, түсі, кітабы және ертегі кейіпкері болады.
Алдарыңда дәптерде шаршылардан тұратын үй бар. Астындағы дөңгелекте өз атыңды жазып, басқа шаршыға жақсы көретін нәрсеңді жаз.
«Жақсы – жаман» ойыны
Мен жақсы және жаман істерді атаймын, ал сендер тек жақсысын жазыңдар. Әр іс алдымен талқыланады, бағаланады. Балалар өз пікірлерін түсіндіреді.
Жейдені жыртты, сыпайы сөйлеседі, әлсізге көмек беру, досын ренжітті, кішкентай балаға киінуге көмектесті, анасымен ұрысты, қоғамдық көлікте үлкен кісіге орын берді, күшікті аяғымен тепті, құстың ұясын бұзды, ыдыстарды жинауға көмектесті.
-Өздеріңнің қай істерімен мақтана аласыңдар?
Мен және маған ұқсамайтын
Өмірде біз әр түрлі кісілерді кездестіреміз, олардың арасында біртүрлі, кейде бізге ұқсамайтын қызық адамдар да болады.
Есіңе түсірші, өзіңе мүлдем ұқсамайтын адамды кездестіріп көрдің бе? Ол қандай болды? Оны бірінші рет көргенде не сезіндің?
Басқаша – жаман деген сөз емес. Өзімізге ұқсамайтын адамдарды кездестіргенде біз әр түрлі сезімде боламыз. Кейде ол бізге ұнамайды немесе ашу мен ыза да келтіреді.
Мұндай жағдай сен өзіңе ұқсайтын адамнан не күтетінін білмегенде болады. Ашу ол саған ештеңе жасамайтынын түсінгенде кете бастайды.
Тапсырма. Оқы да, есте сақта.
Біздің өзгешелігімізбен бірге ұқсастығымыз да бар. Бұл біздің сезімдер. Біз бәріміз әр түрлі сезімдерде боламыз және бізді жақсы көріп, түсінгенді қалаймыз. Осыменен ұқсаспыз.
Әңгіме «Шындық, Жақсылық және Пайда»
Бір адам Данышпаннан сұрайды:
– Білесің бе, сен туралы досың маған не дегенін?
– Тоқта, – деді оған Данышпан, – айтайын деген нәрсеңді ең алдымен жақсылап тұрып үш жерден ойланып айт.
– Үш жерден?
– Ең алдымен бірдеңе айтпас бұрын үш жерден ойланып айту керек. Ең бірінші шындықтан. Сен мұның шын екеніне сенімдісің бе?
– Жоқ, мен мұны жай ғана естідім.
– Демек, сен мұның шын екенін білмейсің. Онда келесі жерден – жақсылықтан өткізейік. Сен менің досым туралы жақсы нәрсе айтпақшысың ба?
– Жоқ, керісінше.
– Демек, – деді Данышпан, – сен ол туралы жаман нәрсе айтайын деп тұрсың, бірақ мұның шын екеніне көзің жеткен жоқ. Келесі жер – пайдадан өткізейік. Маған сен айтайын деп тұрған нәрсені есту маңызды деп ойлайсың ба?
– Жоқ, мұның маңызы жоқ.
– Сонымен, – қорытындылады Данышпан, – сен айтайын деп тұрған нәрседе шындық та, жақсылық та, пайда да жоқ. Онда оны айтудың мәні қанша?
Ү/ж. «Мен – бұл менмін» мәтінін оқы. Үлкендермен бірге оқуға болады. (психолог сабақ соңында оқиды, бірақ үлкендермен бірге оқуды да сұрайды).
Мен – бұл менмін. Мен сияқтылар ешқашан болмаған және болмайды да. Маған ұқсас адамдар бар, бірақ олар дәл мендей емес.
Менің жүгіру және секіру үшін аяқтарым бар, жазу, құшақтау және ойнау үшін қолдарым бар. Қоршаған дүниені танып-білу үшін көзім бар, тыңдау үшін құлақтарым бар.
Менде тамақтың ащы, дәмді екенін білу үшін дәм сезетін мүше бар, иістерді ажырату үшін иіс сезетін мүшем бар.
Менде ойлау үшін ми бар, сөйлеу үшін тіл бар. Менде қуану және мұңаю үшін жүрек бар.
Менде басқа адамдарды түсіну үшін және жануарларды қорғау үшін жан бар.
Менде ата-ана бар, туыстар, жақын достар, сүйікті істерім, сүйікті тамағым бар.
Менде бақытты болу үшін бәрі бар. Мен – бұл менмін, және бұл керемет!
Сен – сыйлауға тұрарлық адамсың. Әрбір адам ерекше. Мұны есте сақта!
Рефлексия.
- Жайғасып отырып, тынышталыңдар. Көздеріңді жұмыңдар және ойша мына сөзді жалғастырыңдар: «Бүгінгі әңгіме маған … түсінуге көмектесті».
17- сабақ
МЕНІҢ ӘЛЕМІМ
Мақсаты: «Өзіндік даму психологиясы» факультативтік курсында оқушылардың бірінші оқу жылындағы жетістіктерінің мониторингі
Міндеттер:
- өткен материалды қайталау;
- өзін тануға деген құлшынысты дамыту;
- өзіне және басқа адамдарға деген сыпайы сезімді тәрбиелеу.
Ұйымдастыру кезеңі
«Орындарымен ауысыңдар, тек ... » жаттығуы.
Балалар сыныпта бір-бірінен алшақ орналасқан орындықтарға еркін отырады. Жүргізуші: «Орындарыңмен ауысыңдар, тек (бүгін беті-қолын жуғандар, кеше шоколад жегеңдер, кім мультфильм көргенді ұнатады және т.б.), балалар орындарымен ауысып жатқан кезде жүргізуші де орын алуға тырысады, кім орын тауып үлгерген жоқ, сол жаңадан жүргізуші болады.
Сен 1-ші сыныпты аяқтауға жақын қалдың, психологиялық білім және білік әлемінен өттің, сезім, қабылдау және қабілеттер әлеміне сапар шектің. Саған кейде қиын болса да, сен тырыса білдің.
Есіңе түсір, нені жақсы істеуге тырыстың. Астын сыз немесе өзіңдікін жаз.
- Әдемі жазуға тырыстым ...
- Мұғалімді тыңдауға тырыстым ...
Әрине, саған қиындықтарды жеңуге тура келді. Партадағы көршілесіңмен қандай басты қиындықтардан өткендеріңді талқыла, суретін сал немесе жаз.
Есіңе түсір, қандай психологиялық білікті үйрендің.
Бұл суретте қандай психологиялық білік салынған?
Оларды жаз.
Ойланып көр, сені мұғалім мен сыныптағы балалар не үшін сыйлайды, ата-анаң не үшін бағалайды. Сөйлемдерді аяқта.
Мұғалім мені … үшін сыйлайды.
Балалар мені ... үшін сыйлайды.
Ата-анам мені … үшін бағалайды.
Балалармен жазғандарыңды талқыла.
«Сыйлық» жаттығуы
Қазір біз бір-бірімізге сыйлық жасаймыз. Жүргізушіден бастап әркім пантомимо әдісі арқылы бір затты суреттейді және оны оң жақтағы көршісіне береді (балмұздақ, кірпі, гүл, кітап, т.б.).
Шығармашылық тапсырма «Түймедақ»
Бүгін бізге қызықты, ал айналамызда гүлдер болса, одан да қызығырақ. Дәптердің соңындағы түймедақтарды қиып ал, өз атыңды жазып, оны сыйлағың келген оқушыға сыйла. Олар сенің түймедағыңды дос екендеріңнің белгісіне өз дәптеріне жабыстырсың.
(Балалар қағаздан немесе қағазға сурет салу арқылы бір-бірлеріңе сәлемхат жасайды, бір-біріңе сыйлайды).
Қоштасу “Мұнара”. Барлығы шеңбер құрып, үлкен саусақтарынан «мұнара» құрады. Әр қатысушы кезекпен алдыңғы оқушының үлкен саусағын ұстап, өзінің саусағың келесі оқушы үшін жоғары көтереді. Барлығы бір дауыспен: «Кездескенше!»,- деп айтады.
Рефлексия
Оқушылар кезекпен сөйлемді жалғастырып, дәптерге жазады:
- Психология сабақтарыңда маған ең қатты ұнағаны ...
- Психология сабақтарыңда мен ... білдім.
Әдебиеттер тізімі:
1. М.Жұмабаев. Педагогика. Алматы, 1998.
2. М.Мұқанов. Жас және педагогикалық психология. Алматы, 1982.
3. Қ.Жарықбаев. Психология. Алматы, 1993.
4. Қ.Жарықбаев., Ө.Озғанбаев. Қазақ этнопсихологиясына кіріспе. Алматы, 2014.
5. Ж.Қоянбаев. Педагогика. Алматы, Рауан 2002.
6. О.В. Хухлаева. «Тропинка к своему Я» Москва, 2014.
7. С.В.Кривцова.Жизненные навыки. Москва,2009
8. П.Астахов. Детям о праве. Москва, 2014г.
9. Твоя жизнь – волшебный мир. С.Серия «Нұрсауле-Лучик» Шимкент: «Шикула и К», 2002.
10. Волшебный хоровод. С.Серия «Нұрсауле-Лучик» Шимкент: «Шикула и К», 2002.
11. Ж.Қоянбаев. Педагогика. Алматы. Рауан 2002.
12. В мире волшебных фигур и цифр. С.Серия «Нұрсауле-Лучик» Шимкент: «Шикула и К», 2003.
13. Ә.Алдамұратова. Қызықты психология. Алматы, 1992
14. М. Кемел. Ақыл қалта. Астана., 2013
15. Ю.П. Азаров. Искусство воспитания. 2-е изд., испр. - Москва, 1985
16. Е.В.Бурмистрова. Психологическая помощь в кризисных ситуациях (предупреждение кризисных ситуаций в образовательной среде). М.: МГППУ, 2006 г.
17. Л.И. Божович. Личность и ее формирование в детском возрасте. – М. Просвещение, 1968.
18. М.В. Беншаминова. Воспитание детей. - М., 1985
19. Г.Н. Волков. Этнопедагогика. – Чебоксары, 1977
20. Н.Дереклеева. Родительские собрания в начальной школе //Школьный психолог. – 2004. - №46.
Мазмұны
Алғы сөз ……………………………………………………….………………........ 3
Кіріспе ………………………………………………..............................………….. 5
1. тарау. Мен-бірінші сынып оқушысымын…………………..………..
1-сабақ. Психология әлеміне саяхат....……………………......…………………. 11
2-сабақ. Мектептегі және көшедегі тәртіп ережелері..…...................…………. 15
3-сабақ. Мектеп өмірі….…………………………………………………………. 21
4-сабақ. Менің отбасым. …………………………………………………..…….. 25
5-сабақ. Достыққа үйренеміз ..........………………………………………......…. 28
2. тарау. Менің қабілеттерім………………………………………………….
6-7-сабақ. Барлығын байқауды үйренеміз……………………………..........…… 34
8-9-сабақ. Бәрі менің есімде ............…………………………………......………. 42
10-11-сабақ. Мен ойлай білемін ....................………………………..............…... 48
12–13-сабақ. Өз-өзіңді тану мен түсінуде көмекшілер .……….....................….. 55
3. тарау. Әлем менен басталады.………………………………………..
14-сабақ. Менің көңіл-күйім ………………………….……………………….…. 62
15-сабақ. Адамның мінезі мен қасиеттері.............................................................. 65
16-сабақ. Әр адам әр түрлі ..............................………..............………………….. 69
17-сабақ. Менің әлемім ..................…………………........……………………..... 74
Скачано с www.znanio.ru
© ООО «Знанио»
С вами с 2009 года.