Өзін-өзі жетілдіру
Оценка 4.9

Өзін-өзі жетілдіру

Оценка 4.9
doc
05.02.2020
Өзін-өзі жетілдіру
18. 2 сынып курал.doc

Өзіндік даму психологиясы

 

 

 

 

                                                       ЖОБА

 

Педагог-психологтарға арналған

оқу-әдістемелік құрал

 

2 сынып

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Астана 2015

 

 

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым  министрлігі

Астана қаласының Білім басқармасы

 

 

 

 

 

Өзіндік даму психологиясы

 

Жалпы білім беретін мектептің                

 2-сыныптарына сабақ беретін

 педагог-психологтарына

арналған оқу-әдістемелік құрал

 

 

 

 

 

 

 

 

Астана, 2015.

 

ӘОЖ

КБЖ

 

Пікір жазған: А.Р.Ерментаева – психология ғылымдарының докторы,Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ҰУ «Әлеуметтік педагогика және өзін-өзі тану» кафедрасының профессоры, Астана қаласы., Ж.Қ.Аубакирова – психология ғылымдарының кандидаты, «Туран-Астана» университетінің қауымдастырылған профессоры.

Сараптамашы: М.Г. Субханкулов – психология ғылымдарының кандидаты, «Кокше» академиясының профессоры., М.К. Курсабаев – педагогика ғылымдарының кандидаты «Туран-Астана» университетінің профессоры., Т.С. Букашов – медицина ғылымдарының кандидаты, ПДМ МО жоғары санатты психиатр-дәрігері

 

Жоба жетекшісі:             Білім басқармасының басшысы

                                                 Э.А.Суханбердиева

 

Шығармашылық топтың жетекшісі:  А.Ш.Амерханова

Құрастырушы - автор:  А.Ш.Амерханова, А.С.Ахметова, Б.Р.Касенова.

 «Өзіндік даму психологиясы»: жалпы білім беретін мектептің               2- сынып педагог-психологтарына арналған оқі-әдістемелік құрал. / Астана, Ш67, 2015. – 137б. 12-жылдық білім беру жүйесін қолдау және ағылшын тілі орталығы психологиялық қызмет кабинеті.

 

     

                                                                                                                                               

ISBN

 

 

 

Әдістемелік құрал 2-сыныпта «Өзіндік даму психологиясы» факультативтік курсын оқытушы педагог-психологтарға арналған. Құралда бірыңғай сабақ құрылымы сақталған және тапсырмалар балалардың жас ерекшеліктеріне сәйкес психологиялық сабақтар түрінде жинақталған.

 

 

 

                                                               ӘОЖ

                       КБЖ

 

 

 

© ФАО Астана қаласы бойынша ПҚ БКИ

 «Өрлеу» Ұлттық біліктілік көтеру орталығы,201

Алғы сөз

Қазіргі заманауи қазақстандық қоғам болашақ түлектердің жылдам өзгеріске толы әлемдегі өмірге дайындығына байланысты білім жүйесіне жаңа талаптар қоюда. Анығын айтсақ, мұндай талапқа сай болу үшін балалардың әртүрлі ғылым салаларынан алған білімдерінің қосындысымен шектеліп қана қоймай, тұлғаның бейімделу мүмкіндігін дамытуға бағытталған нақты белгіленген жұмыстарды қарастырған жөн сияқты.   

Өкінішке орай, біздің балаларымыздың мектептегі және мектептен тыс өміріндегі күрделі әлеуметтік мәселелерінің болуы ата-аналарға және бүкіл қоғамға балаларды моральдық кері кетуден сақтауға, олардың әлеуметтік және интеллектуалды қорғалуына  қалай көмектесуге болатыны жайында шұғыл түрде маңызды мәселе көтеруді міндеттейді. Бұл мәселелерді шешуге қолданыстағы мектеп пәндерінің аясы тым тар болып отыр. Ол үшін мазмұны жағынан өзі туралы сұрақтарға жауап бере алатын, өзіндік дамуы үшін адам феномені, тұлғалық ерекшеліктері туралы біліммен қаруландыратын арнайы оқу курсы әзірленуі қажет. Сондықтан да жалпы білім беру мектептерінде жекелеген «Психология» эксперименталды курсының әзірлемесін құру қажеттілігі өте өзекті болып отыр. Аталған курстың басты мақсаты баланың өзбетіндік өмірге толыққанды кіруін қамтамасыз ететін барлық білім жүйесінің негізгі мақсаты -  баланың мәдени және әлеуметтік дамуы мақсатымен ұштасуы тиіс.

Осыған байланысты ұсынылып отырған тұжырымдаманың мақсаты құрылды:

Оқушыларда өз-өзімен және қоршаған ортамен өзара түсіністік әрекетте болуы үшін адамтану саласында негізгі құзыреттіліктерін дамытуды көздейтін психологиялық мәдениетті қалыптастыру.

Аталған факультативтік курсты эксперимент түрінде енгізу үдерісінде келесі міндеттерді шешу қажет:

1. Оқушылардың психологиялық білімді меңгеруі олардың  дамуына қалай әсер ететінін анықтау.

2. Оқытудан өткен оқушылардың психологиялық білімінің нақты көлемін, мазмұнын және сапасын бағалау.

3. Мектепте психологияны пән ретінде оқу аясында балалардың өз-өзімен және қоршаған ортамен өзара қарым-қатынас жүйесінің дамуы ерекшеліктерін анықтау.

Қазақстандық мектеп оқушылары үшін «Өзіндік даму психология» факультативтік курсы бағдарламасын құруда үрдісті әлемдік тәжірибені қолдану ғана жеткіліксіз, сонымен бірге біздің көпұлтты мемлекетіміздің менталитет ерекшеліктерін де ескердік. 

Қазіргі заманауи қоғам талаптарына бағыттала отырып және Қазақстан Республикасы білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға Мемлекеттік Бағдарламасы контексінде көрсетілген білім беру ортасын гуманизациялау міндеттеріне сәйкес «Психология» факультативтік курсының негізі оқушының өмірлік тәжірибесін, оның жеке қызығушылықтарын, түрткілерін және өзекті құлшыныстарын  міндетті кірістіре отырып психологиялық мәдениетін қалыптастыратын гуманистік парадигма болу керек.

 

 

КІРІСПЕ

Екінші сыныпқа оқушы «көпті көрген» болып келеді. Жүйелі оқытуға, ересектермен және құрбылармен  қарым-қатынасының бейімделу кезеңі аяқталды. Енді кішкентай оқушы мектепте оны не күтіп тұрғанын біледі.  Осы кезеңде оқу әрекетінің белсенді меңгеру процесі жүреді. Ересектердің қолдауымен бала өзінің жетістіктері мен сәтсіздіктерінің себептерін бағалай бастайды, яғни танымдық рефлексиясын дамытады.

Кіші мектеп жасы өзін-өзі бағалаудың қалыптасуында түйінді орын алады. Екінші сынып оқушыларының өзін-өзі бағалауының төмендеуі оқушылардың сыни көзқарасының жоғарлауына, олардың өз оқу әрекеті нәтижесінің сапасына бағытталу қабілетінің өсуіне байланысты. Бірақ балаларда өз еңбегінің нәтижесін бағалау мүмкіндігі әлі де шектелген. Осыдан барып, өз-өзіне сенімсіздігі, өзін-өзі бағалауының төмендеуі пайда болады. Мынаны ескеру қажет, кейбір балаларда шығармашылық қабілетінің, қиялдауға ұмтылысының төмендеуі қалып бойынша, үлгі бойынша әрекет ету дағдысын игеруі есебінен болуы мүмкін. 

Осы жаста бала өзінің отбасындағы рөлін түсініп, ата-анасының арасындағы қарым-қатынасты бағалай бастайды. Егер олар қанағаттандырмаса, қатты уайымдайды. Адамға өмір туралы, өзі туралы кейбір түсініктерін өзгертуге көмек көрсету болып жатқан жағдайларға басқа көзқараспен қарауға және қоршаған әлеммен өзара әрекеттесудің жаңа тәсілдерін ашуға көмектеседі, туындаған мәселелерді өз бетімен шешуге үйретеді. 

Бағдарлама мақсаты: екінші сынып оқушысына пән сабақтарында тек оқу бағдарламасы материалын меңгеруге көмектесіп қана қоймай, сонымен қатар өзін социум мүшесі ретінде тануға көмектесетін психологиялық қасиеттер мен біліктерді қалыптастыру.

Міндеттері:                 

-      оқушы ұстанымын түсінуге ықпал ету;

-      өзіне сенімділікті және өзінің оқу мүмкіндіктерін дамыту;

-      танымдық үдерістерін қалыптастыру;

-      өзіне дұрыс баға бере білуде ішкі рефлексиясының болмысын дамыту;

-      оқушылардың өзінің достаса білу түсінігін ұғына білуге үйрету.

2-сыныптағы психология курсы баланың мектептегі және мектептен тыс өмір сүру дағдыларының өзіндік теориялық бағдары, методологиялық түсінігіне, өзін-өзі дамытудың  теориялық және практикалық іргетасын қалауға арналған.  Онда жүйелі түрде адам туралы, психикалық процестер туралы, адамдардың бір-бірімен және басқа адамдармен қарым-қатынасы туралы, адамгершілік құндылықтар, мінез-құлық мәдениеті және өмір сүру дағдылары туралы, жалпы өсіп келе жатқан адамға қажетті білімдер теориялық және практикалық материалдар түрінде берілген. 

2-сыныпта психология негіздері бойынша  факультатив сабағының бағдарламасы негізгі төрт бөлімнен тұрады:

Бірінші бөлім «Менің сезімдерімнің әлемі» - оқушылардың танымдық үдерістерін: ойлау, сөйлеу, ес, зейіннің шоғырлануын дамыту мақсатында әзірленген. Кіші мектеп оқушысының психологиялық ерекшеліктерін оқып білу.

Екінші бөлімді «Мен әлемді танимын» тақырыбында жоспарлау оқушылардың мектепте, сонымен қатар тұтастай социумда бейімделуіне бағытталған. Мектептегі және үйдегі қиындықтар туралы мәселелер және оларды қалай жеңуге болатыны қарастырылған.

Үшінші бөлім «Қарым-қатынас әлемі» тақырыбы бойынша балалар отбасындағы мінез-құлық тәртібін және үлкендермен қатынасын анықтайды, аға-әпкелерімен өзара қарым-қатынас мәселелері де қозғалады.

«Өз-өзіммен үйлесім» тақырыбындағы төртінші бөлімде өзін дамыту тәсілдері туралы мәлімет алады.

Оқушылардың танымдық процестерін дамыту және сәтті әлеуметтенуін қалыптастыру 2-сыныптарда меңгеруге ұсынылатын  бағдарламаның ерекшелігі болып табылады.

 

Күнтізбелік-тақырыптық жоспарлау

Сабақ №

Тақырыбы

Мазмұны

Сағат саны

Менің сезімдерімнің әлемі

1

Мен қандаймын?

Оқушылар өздерін шыңдауға алғашқы қадам жасауға жетелеу.

1

2

Күлкі әлемінде

Эмоция жайлы түсінік қалыптастыру.

1

3

Менің көңіл күйім

Көңіл-күй және оның өзгеруі жайлы түсінік қалыптастыру.

1

4

Мен қуана білемін

Көңіл күй және оның өзгеруі жайлы түсінік қалыптастыру.

1

5

Қорқыныш деген не?

Қорқыныш түсінігімен таныстыру.  Қорқынышты жеңу тәсілдерін үйрету.

1

6

Адамдар неге ашуланады?

Ашу-ызаның пайда болуы жайлы  түсінік қалыптастыру

1

7

Менің қол-дене қимыл-қозғалысым не туралы айтқысы келеді?

Қол-дене қимыл қозғалысы жайлы  түсінік қалыптастыру.

1

8

Менің түйсігім

Түйсік түрлері  жайлы алғашқы ұғымдармен таныстыру.

1

9

Менің әлем туралы елестетуім

Елес, елестету жайлы түсінік қалыптастыру.

1

Мен әлемді танимын

10-11

Менің ойлауым

Адам өміріндегі ойлаудың, елестетудің ролін түсіндіру.

2

12

Есті қалай дамытуға болады

Ес, есте сақтау жайлы алғашқы ұғымдармен таныстыру

1

13

Зейінді болу

Зейіннің  маңыздылығын ашу.

1

14-15

Сөз сиқыры

Қарым-қатынас жасаудың маңыздылығын ашу.

2

16

Менің қолымнан не келеді?

Қолдарынан келетін істерге деген құлшынысын меңгеруге үйрену.

1

Қарым-қатынас әлемі

17

Мен өзім туралы не білемін?

Оқушылардың өз қабілеттері,өздері жайлы не білетінін анықтап,  өздерін шыңдауға алғашқы қадам жасауға жетелеу.

1

18

Мен қалаймын, қолымнан келеді, білемін.

Тілектерін қанағаттандыру дағдыларын меңгеруге үйренту

1

19-20

Мінез деген не?

Өз ойларын  ашық  айтуға үйрету.

2

21

Жақсы деген немене, жаман деген немене?

Жақсылық жасауға, жамандықтан қашуға үйрету.

1

22-23

Сиқырлы сөздер құпиясы

Сөздің күші жайлы түсінік қалыптастыру.

2

24

Кішкентай болашақ бикештер мен нар тұлғалы жігіттер

 

 

Әйел нәзіктігі мен ерлердің азаматтығы туралы түсініктер  қалыптастыру

1

25

Әдеп және әдептілік деген не?

Оқушылардың бойында өнегелі-этикалық тәртіп түрлерін қалыптастыру.

1

26

Мен өзіме ұнаймын

Өзін-өзі бағалаудың адам өміріндегі маңызы жайлы түсінік қалыптастыру.

1

Өз-өзіммен үйлесім

27

Мендегі менің әлемім

Адамның ішкі әлемі жөніндегі көріністі құру.

 

1

28

Үйдегі мен

Өзіне-өзі қызмет көрсету және дербестік дағдыларына баулу.

1

29

Мен  мектепте

Оқушыларға мектептегі әр түрлі жағдайларда тәртіп ережесін үйрету.

1

30-31

Еңбек ету деген және жалқаулық деген не?

Еңбектің адам өміріндегі маңызын, құндылығын ашу.

 

2

32

«Қолымнан келмейді» немесе «Істей алмаймын» деуден қалай құтылуға болады?

Оқушылардың ерік, күш жігерін тәрбиелеу. Өз іс-әрекеттерін талдап, баға бере білуге тәрбиелеу.

1

33

Мен өзімді-өзім басқара білемін

Қылықтарды  талдай білуге үйрету

1

34

Даналық сабағы

Келісе білуге және түрлі пікірлерді сыйлай білуге үйрету. «Ішкі әлеміме жол» эссе.

1

 

 

Оқушылардың дайындық деңгейіне талаптар

2 сыныпты аяқтаған соң оқушылардың тақырыптар бойынша мынадай негізгі түсініктері болады:

-      өзін дара тұлға ретінде түсінеді, өзінің ішкі және сыртқы әлемін ұғынады;

-      жас ерекшелігіне сәйкес психологияның  маңызды тұстарын меңгерген;

-      өзінің сезімін білдіре алады, қиялды жалғаннан ажырата біледі;

-      өзіндегі жағымды мінез-құлықтарын, сонымен қатар жағымсыздарының  барын да біледі;

-      өзіндегі қабілеттерді дамытуға тырысады;

-      қиын жағдайда басқа балаларға көмек көрсетеді.

Аталған курсты өту нәтижесінде оқушылар қарым-қатынас құралдарын меңгереді, өзінің бойындағы интеллектуалды қорын дамыта алады. Балалар қарым-қатынасқа жеңіл түсуге, басқа адамдардың пікіріне қатынасын әдеппен, икемділікпен, төзімділікпен көрсете білуі тиіс. Балалардың сабақтарда алған білімдері адамдардың өзара қарым-қатынас өнері туралы түсінік береді. Арнайы әзірленген ойын және жаттығулардың көмегімен балалар бала тұлғасының қолайлы дамуына ықпал ететін қоғамдағы қалыпты мінез-құлыққа қажетті дағды, білік және тәжірибе жинақтайды. 

 

Оқушылардың білімдерін бағалау

«Өзіндік даму психологиясы» факультативі бойынша оқушыға баға қойылмайды, оқу жылының соңында шығармашылық тапсырма беріледі.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

І ТАРАУ

 МЕНІҢ СЕЗІМДЕРІМНІҢ ӘЛЕМІ

1-сабақ

МЕН ҚАНДАЙМЫН? МЕН ӨЗІМ ТУРАЛЫ НЕ БІЛЕМІН?

 

Мақсаты: Оқушылардың өз қабілеттері, өздері жайлы не білетінін анықтап,  өздерін шыңдауға алғашқы қадам жасауға жетелеу.

Міндеті:

- өз қабілеттерін анықтай білу;

- өздерінің қабілеттерін жетілдіруге жетелеу;

- қабілетті жаттықтырудың маңыздылығын ашу.

 

Ұйымдастыру кезеңі:

- Балалар! Біз күнде сабағымызды жақсы сөздер әліппесінен бастаймыз. Бүгін сендер «А» дыбысынан келетін жақсы, мейірімді сөздерді естеріңе түсіріңдер. (Арманшыл, айдай, адамгершілікті,...)

 

 «Мен білемін» ойыны

Балалар бір-біріңе жылдам доп лақтырып, өзі білетін, жасай білетін дағдысын айтады: «Менің атым ...және Мен ән айта аламын», «Менің атым ...және Мен би билей аламын» т.с.с.

Балалар, сендер екінші сынып оқушысы болдың. Екінші сыныптағы психология сабақтары қызықты және күрделі болып келеді. Сен өзіңнің қандай екеніңді, қалай өзгеретініңді, сенен үлкендер нені күтетінін, өз өміріңді екінші сыныпта қалайша қызықты және табысты етуді түсінетін боласың.

Сонымен бірге төрт үлкен әлемді өтесіңдер.

Біріншісі - «Менің сезімдерімнің әлемі». Сен бұл әлемде болдың, сен өстің, сенің эмоцияларың да өзгерді.  Сондықтан да, біз жаңа сезімдермен танысу үшін  сол әлемге біраз шолу жасаймыз.

Екіншісі – «Мен әлемді танимын» Әлемі.

Үшіншісі – «Қарым-қатынас» Әлемі.

Төртіншісі – «Өз өзімен үйлесімділікте» Әлемі.

Бұл дәптер саған «Өзіндік даму психологиясы» бағдарламасы бойынша мектепте ғана емес, үйде де жұмыс жасауға көмектеседі. Психология сабағында көп қызықты нәрселерді басынан кешіріп, көп білетін боласың. Бұл жерде ең бастысы – сен ерекше топтың мүшесі боласың. Егер де сен топтың басқа мүшелерін тыңдай,  топтық ережелерді орындай білсең, топ сені көп нәрсеге үйретеді. Ең алдымен мектеп ережелерін еске түсірейік және жазып қояйық.

1.     Мектепке кешікпей келу.

2.     Мұғалім сыныпқа кіргенде, бәрін бір адамдай тұрып, қарсы алыңдар.

3.      Мектеп, сынып ішін қоқыстама, шашпа.

4.     Сабақта талапты бол.

5.     Сабырлы, абай бол.

6.     Басқаның сөзін бөлме.

7.     Қолыңды жайымен көтеру.

8.     Үзілісте шу көтерме.

 

Тапсырма. «Біз сеземіз»

Міне, сен тағы да мектептесің. Сен мұнда достарыңмен, мұғаліміңмен кездестің. Достарыңмен кездескенде қандай сезімде болдың? Сол сезімдерді жазып шық.

 

Тапсырма. «…маған өте көңілді болды»

Жазда әрине, саған өте көңілді болды. Ненің әсерінен сен қатты қуанғаныңды жаз, кейін балаларға айтып бер.

 

Тапсырма. «Ойлан»

Суретке қарап, қандай сезім бейнеленгені жөнінде ойланып, жаз.

 

Тапсырма. «МЕН қандаймын?»

 «Мен қандаймын?» деген сұраққа 5 рет жауап бер.

 

Тапсырма.  «5 ұқсастық пен 5 айырмашылық».

Топ мүшелерінің ұқсастығы мен айырмашылықтарын тап.   

  

Тапсырма.  «Бағалау»

Суреттен осы екінші сыныпта алғың келетін бағаны көрсет және жанына белгі қой. Екінші жаққа цифрды жаз және осы цифр арқылы сурет сал.

 

Тапсырма.  «Күн сәулесіндегі менің портретім».

Күннің суретін салып, ортасына өзіңнің атыңды жаз. Күн сәулелеріне 10 жақсы қасиеттеріңді жаз.

 

Сабақты қорытындылау.

Берілген әйнекшеге көршіңе қандай мақтау сөздерді арнар едің, соны жаз.  Мысалы, «Сен өте белсенді жұмыс жасадың», «Қызықты ойлар айттың», «Балаларға жақсы көмектестің». Басқа да нұсқаларды ойлап жаз. 

 Осылайша әр сабақ соңында көршіңнің әйнекшесіне пікіріңді жазуды ұмытпа.

 

Рефлексия

-         Бүгінгі сабақта не ұнады?

-         Қандай жаңалықтар аштың?

 

 

 

2-сабақ

КҮЛКІ ӘЛЕМІНДЕ

 

Мақсаты:  эмоция жайлы түсінік қалыптастыру.

Міндеті:

- эмоция түрлерімен таныстыру;

- оқушылардың жағымды эмоцияларын дамыту;

- эмоцияның денсаулыққа әсері.

 

Ұйымдастыру кезеңі:

«Жақсы сөздер әліппесі»  тапсырмасы.

Балалар, өткен сабақта айтқан болатынбыз, сабақты үнемі «Жақсы сөздер әліппесімен» бастаймыз деп. Ендеше, «Ә» дыбысынан келетін жақсы, мейірімді сөздерді жаз: «Әдемі, әдепті, әсершіл, әзілкеш...»

    «Басқалардың сезімдерін түсінеміз»

Бізге таныс сезімдерді еске түсірейік. Суретті мұқият қарап, әр бала не сезетінін ойлап, жаз.

Шағын әңгіме.

Эмоция - қоршаған ортамен қарым-қатынас негізінде пайда болатын көңіл-күй. Эмоция организмнің әр түрлі қажетсінулерге қанағаттануыңа (ұнамды эмоция) немесе қанағаттанбауыңа (ұнамсыз эмоция) байланысты. Жағымды эмоцияға қуаныш, сүйіспеншілік және т.б. эмоциялар жатады. Жағымсыз эмоцияға қорқыныш, қайғы, абыржу, үмітсіздену, үрейлену және т.с.с. Жағымсыз эмоциялар адамның іс-әрекетіне азды-көпті зиян келтіреді.

         Қалай ойлайсыңдар, өмірде эмоциялар және сезімдер бізге көмектеседі ме, әлде кедергі жасайды ма? Әр қайсы өзі жайлы айтсын. Олар бізге керек пе? Қаншалықты олар ұзақ сақталады? Сезімдер қаншалықты ұзақ өмір сүреді?

 

Көрнекілікпен жұмыс.

Суреттерді талдау. Бейнеленген адамдардың бет жүзіне назар аудару. Қандай көңіл күй екенін анықтау.

 

"Эмоцияны ата" тапсырмасы

Мақсаты: Қарым-қатынас жасау үшін кедергі немесе көмек жасайтын эмоциялдық жағдайларды талдау.

Барысы: Шеңбер бойымен допты бір-біріне бере отырып, қатысушылар қарым-қатынас жасау үшін кедергі жасайтын эмоцияларды айтады. Кейін допты кері беріп көмек жасайтын эмоцияларды айтады.

·          Қажет жағдайға байланысты эмоциялдық жағдайларды еске түсіру қаншалықты жеңіл болды? 

·          Қайсы жеңіл болды: қарым-қатынас жасау үшін кедергі жасайтын әлде көмек жасайтын эмоциялдық жағдайларды айту?

 

"Эмоцияны көрсет" тапсырмасы

Мақсаты: Басқалардың эмоциялдық жағдайларын анықтай білу, талдау.

Барысы: Эмоцияларды қозғалыс, мимика, жест, интонация арқылы көрсету.

Күні бұрын карточкаға эмоция атауларын жазып, қалташаға салып қою керек. Қатысушылар біреуден келіп алып, үнсіз көрсете білу керек. Қалғандары ол не эмоция екенін шешуі тиіс.

·          Қандай да бір эмоцияны қаншалықты оңай болды көрсету?

·          Тапсырманы орындау барысында қандай қиындықтар кездесті?

 

 

 

«Шешу жолдарын іздеу» тапсырмасы

Сен қалай ойлайсың, оқушы мына жағдайларда не сезеді?

- демалыстан соң мектепке келгенде....

- оны мазақтайды  ....

- оны ойынға қоспайды   ....

- ол есепті дұрыс шешті ....

 

«Қандай сезімді ойладым тапсырмасы

Енді қандай да бір сезімді ойластыр, соған сурет сал. Осыдан кейін көршіңмен  дәптерлеріңмен алмасыңдар. Әр қайсы суреттегі қандай сезім екенін шешуі тиіс. 

 

«Басқалардың сезімдері»

Суреттерді қарап, ойлан, басқалардың сезімдерін түсінбейтін балалар бейнеленген суретті тап.

   

«Менің көршім  қандай сезімде»

Көршіңнен қандай сезімде отырғанын сұрап жаз. 

 

Сабақты қорытындылау.

Берілген әйнекшеге көршіңе қандай мақтау сөздерді арнар едің, соны жаз. 

 

Рефлексия

·     Эмоциялар біздің өмірімізіде қандай роль атқарады?

·     Өмірде көбіне қандай эмоциялармен жиі ұшырасасың?

·     Сабақта әсіресе саған не жаңалық болды?

 

 

 

 

 

 

3-сабақ

МЕНІҢ КӨҢІЛ-КҮЙІМ

 

Мақсаты: көңіл-күй және оның өзгеруі жайлы түсінік қалыптастыру.

Міндеті:

- көңіл-күйді қалыпқа келтіре білу;

- жағымды көңіл-күйлерін дамыту;

- көңіл-күйдің денсаулыққа әсері.

 

Ұйымдастыру кезеңі:

«Жақсы сөздер әліппесі»  тапсырмасы.

Балалар, өткен сабақтардағыдай сабағымызды «Жақсы сөздер әліппесімен» бастаймыз. Ендеше, «Б» дыбысынан келетін жақсы, мейірімді сөздерді жаз: «Бақытты, батыл, бауырмал,...»

 

Ойын «Көңіл-күй»

Балаларға көңілдің көріністерін мимикамен көрсетіңдер деген тапсырма беріледі. Берілген тапсырма бойынша «Қуаныш», «Реніш», «Өкпе», «Таңдану», «Уайымдау»,  «Ашулану»

 

Ойын «Менің көңіл-күйім»

Әр бала өзінің қазіргі көңіл күйін көрсетеді. 

Шағын әңгіме

Біз кейде адам жайлы айтқанда «көңілді адам» немесе «көңілсіз, ашулы адам» деп айтамыз. Оны біз қайдан білеміз? Сен өзің жиі қандай көңіл күйде боласың? Маңайыңдағылар сені қандай адам деп ойлауы мүмкін? Сен білесің бе, кейде біз өз көңіл күйімізбен айналадағы адамдарға әсер етеміз?       Психологиялық зерттеулер нәтижесі бойынша көңілсіз, ашулы адам маңайдағы адамдарға кері әсер етеді. Маңайындағы адамдардың көңіл күйлері болмай, ешкіммен сөйлескілері келмей, ойнап, қалжыңдамайды да. Керісінше, көңілді адам айналадағы адамдарға оң ықпал етеді.  Қуаныш – ол  жағымды эмоция. Жағымды эмоция адамның денсаулығына оң ықпал етеді. Ондай адамның жұмысы да, ісі де алға жүреді. Барлық ісін атқарады. Қоршаған ортамен де жақсы қарым-қатынаста болады. Ондай адамның өмірі де жарқын, әдемі болмақ. Сондықтан да, қуана білейік,  қуаныш сыйлай білейік.

Сондықтан да, адам өз эмоцияларын басқара алауы тиіс. Қалай ойлайсыңдар, адам өз эмоцияларын басқара ала ма және басқару керек пе?

Оқушылар өз ойларын ортаға салады.

«Нашар көңіл күйді қалай өзгертуге болады?».

Барлық адамдарға келетін, ұнайтын көңіл күйді өзгертуге болатын бес түрлі жолын жаз.

«Біз  әр түрлі сезімде боламыз» тапсырмасы

Дәптердегі суреттерге қара, әр жағдайда сенің бойыңда қандай сезімдер болады?    Осындай жағдайларда балалардың барлығы бірдей сезімде болуы мүмкін бе? Қалай ойлайсың, неліктен?

 

«Оқушы қандай сезімде болады?» тапсырмасы

Жағдайларға сәйкес оқушының сезімін сызықпен қос.

1)  Оқушы ауруынан жазылып мектепке келді. Ол

-       Сабақты көп босаттым, қиын болады деп қорқады.

-       Балалармен кездескісі келеді.

-       Сабақты жақсылап оқуым керек.

     Қуаныш

 

Қорқыныш

 

Қызығушылық

2)  Оқушы бақылау жұмысы үшін  «4» бағасын алды.

Ол

-       Қиын тапсырмаларды орындағаны үшін мақтанады.

-       Асығыстық жасап, қате жібергені үшін өкінеді.

-       Анасы төрт алғаны үшін мақтамайды деп ойлайды.

    Мұңаю

 

Қуаныш

 

Қорқыныш

 

3)  Оқушы байқаусызда жанындағы баланы итеріп жіберіп еді, ол құлап қалды. 

Ол

- орнынан тұрып, ол да бұны итеріп жібереді деп ойлайды.

          -  қатты бір жерін соғып алды деп ойлайды.

- оны орнынан тұрғызып жіберуге асығады.

 

Жаны ашу

 

Қорқыныш

 

Ренжу

«Сен бұл жерге қандай көңіл күймен келдің?» тапсырмасы.

Мектептегі қандай жағдайларда сенің қандай сезімдерің пайда болады? ( Қызығушылық, Қуаныш, Мақтану). Барлықтарын жаз және сол жағдайлардың бірінің суретін сал.

 

«Мен сездім» тапсырмасы

Бүгін күні бойы сенің бойыңда болған сезімдерді есіңе түсіріп, мына кестеден астын сыз немесе жазып толықтыр. (Қуаныш, ашу, қорқыныш, қызығушылық, сабырлық, ұялу, жан ашу, таңғалу, ыза, реніш, масаттану, мұңаю.

 

Сабақты қорытындылау.

Берілген әйнекшеге көршіңе қандай мақтау сөздерді арнар едің, соны жаз. 

 

Рефлексия

·       Біздің көңіл күйімізге не әсер етеді?

·       Басқа адамдарға сенің көңіл күйің қалай әсер етеді?

·       Сен көңіл күйіңді қалай көтересің?

 

 

4-сабақ

МЕН ҚУАНА БІЛЕМІН

 

Мақсаты: көңіл күй және оның өзгеруі жайлы түсінік қалыптастыру.

Міндеті:

- маңайындағы адамдарға қуаныш сыйлай білу дағдыларын қалыптастыру;

- көпшілікпен бірге қуана білу, қуанышымен ортақтаса білу дағдыларын дамыту;

- көңіл күйдің денсаулыққа әсері.

 

Ұйымдастыру кезеңі:

«Жақсы сөздер әліппесі»  тапсырмасы.

  Балалар, өткен сабақта айтқан болатынбыз, сабақты үнемі «Жақсы сөздер әліппесімен» бастаймыз деп. Ендеше, «Ғ» дыбысынан келетін жақсы, мейірімді сөздерді жаз: «Ғажап, ғанибет,...»

 

Тапсырма. «Екі көбелек»

Бір көбелекті көңілді, екіншісін көңілсіз етіп сал. Оларды боя, қайсы көңілді, қайсы көңілсіз екені көрініп тұрсын.

   

  Тапсырма. «Аяқталмаған сөйлем»

Келесі сөйлемдерді аяқта:

1.     Мен қатты куанамын, егер де…

2.     Мен өзімді ақымақ сезінемін, ...

3.     Мен қорқамын, егер де ...      

4.     Мен басқаларға жақсылық тілеймін, егер де...

5.     Мен өзіммен мақтанамын ...

6.     Жалғыз қалғым келеді, егер..

7.     Мен басқаларға көмектескім келеді

8.     Мен өзімді батыл сезінемін ...

9.     Өтірік айтам, егер де ...    

«Эмоцияны көрсет" жаттығуы

Бұл жаттығу ішкі еркіндікті сезінуге, актерлық қабілетті ұштауға көмектеседі. Қатысушылар 2 топқа бөлінеді. Эмоция жазылған карточканы алып, эмоцияны үнсіз мимикамен көрсетеді.  Екінші топ оны шешуге тырысады. Көп шешкен топ жеңімпаз болып есептеледі.

·     Қандай эмоцияны көрсету қаншалықты оңай болды?

·     Тапсырманы орындау барысында қандай қиындықтар кездесті?

«Лақтыр» жаттығуы

Балалар шеңберге тұрады. Көздеріңе елестетіңдер, алақандарыңда сендер құтылғыларың келетін жағымсыз эмоциялар түйірі жатыр. Бұл  түйір ауырлап барады, ауырлап барады, бір кезде тіптен ауырлап кетті, оны ұстау мүмкін емес, одан құтылу керек. Енді сендер бар күшті жинап, түйірді сыртқа қарай лақтырып тастау керек.

Талдау. Осының алдындағы және осы жаттығудан соң өз ойларымен бөліседі.

Тапсырма.  «Эмоцияның фигурасы»

Дәптердегі әр суретке эмоция атын жазып, түсті қарындашпен боя.Алтыншы эмоцияны өзің сал және боя.

Тапсырма.  «Оқуға қандай сезімдер көмектеседі?»

Қалай ойлайсың, оқуға қандай сезімдер көмектеседі (жасыл түспен астын сыз), ал қандай кедергі жасайды (көк түспен астын сыз)

Тапсырма.  «Артығын сызып таста»

Дәптердегі оқушы қандай сезімде болуы мүмкін? Тізімге қарап, артығын сызып таста. (Қуаныш       үрей             мұңаю       қорқыныш).

 

Тапсырма.  «Жартылар»

Сәйкесетін сөйлемдер жартысын қос.

Егер оқушы

 

Онда ол

- қиын тапсырманы орындай алмай ренжиді,

- қиын тапсырманы орындай алмай, қызығушылығы пайда болды, 

- қате жіберіп, соны ойлап қайғырады,

- қате жіберді өзі сабырлы кейіпте

 

Шешудің басқа жолдарын қарастырады.

Оны тастай салғысы келеді.

Оны түзетуге асықпайды.

Неге қате болғанын талдайды, келесіде ондай қате жібермеуге тырысады.

Тапсырма.  «Айгүлге көмектесіңдер»

Дәптердегі Айгүлге көмектес. Оған қандай кеңес беруге болады?

Тапсырма. «Менің сөйлемім және менің суретім»

Сөздерден сөйлем құрап жаз. Оған сурет сал.(Бестіктер,  мен,   тырысамын,   алуға).

Сабақты қорытындылау.Әдеттегідей әр сабақ соңында көршіңнің әйнекшесіне пікіріңді жазуды ұмытпа.

Рефлексия

·Қуана білуді қалай түсінесің?

·Өмірде көбіне қандай эмоциялармен жиі ұшырасасың?

·Көңіл күйді қалай көтеруге болады?

 

5-сабақ

ҚОРҚЫНЫШ ДЕГЕН НЕ?

 

Мақсаты: қорқыныш түсінігімен таныстыру.  Қорқынышты жеңу тәсілдерін үйрету.

Міндеті:

-қорқыныш жайлы түсінік беру ;

-қорқынышты жеңе білуге жетелеу ;

- қорқыныштың  денсаулыққа әсері.

 

Ұйымдастыру кезеңі:

«Жақсы сөздер әліппесі»  тапсырмасы.

Балалар, өткен сабақтардағыдай сабақты «Жақсы сөздер әліппесімен» бастайық. Ендеше, «Д» дыбысынан келетін жақсы, мейірімді сөздерді жаз: «Дарынды, досшыл, данышпан,...»

 

Тапсырма. «Қыз баланың сезімдері»

Қалай ойлайсыңдар, дәптердегі суреттегі қыз қандай сезімдерді кешуде? Қай суреттегі қыздың сезімі қорқынышты білдіреді? 

Қыз бала қорқыныш сезімде тұрғанын қайдан білдіңдер? Қыз баланың түрі қорқыныштан өзгеріп кеткен. Сендер де қорқынышты кейіпті көрсетіңдер. Ол үшін не істедіңдер?

Оқушылар алдына сабақтың мақсатын қою: балалар, сендер түсінгендей біз бүгін қорқыныш жайлы әңгіме етеміз. Қорқыныш жайлы сурет саламыз және де қорқынышпен күресеміз.

Тапсырма. «Қауіпсіз жер»

Қорқынышқа жақын сезімдерді көрсет.

- Мен аса қорықпаған кезде «Мен қауіптенемін»

- Егер де мені не күтіп тұрғанын білмесем және бәрі жақсы болатынына сенімсіз болсам, мен қобалжимын.

- Егер де мен бір нәрсеге сенбесем, сенімсіздікте боламын.

- Егер де мені бір нәрсе байқаусызда қорқытса, мен қорқамын.

- Кейде, мен қатты қорыққанда ешнәрсе істей алмайтынымды білгенде, мен үрейде боламын.

Тапсырма.  «Алты сезім»

Сенің алдыңда 6 сезім тізімі жазылған:

- қауіптенемін,

- қобалжимын,

- сенімсіздік,

- қорқамын,

- үрейде боламын,

- қозамын

Бірінші сатыда аса күшті емес сезімдер болады. Екіншіде күшті сезімдер. Ең жоғарғы сатыда ең күштірек сезімдер болады. Саты жоғарылаған сайын ең күшті сезімдер орналасады. Осы алты сезімді сенің ойыңша орналастыр. (сезімнің күшіне қарай)

Тапсырма.  «Қорқынышты - күлкілі».

Дәптердегі қорқынышты суреттерді көріп, оларды күлкілі, көңілді суреттерге айналдыр.

 

Тапсырма.   «Ертегі кейіпкерлері»

Ертегі кейіпкерлерін олардың сезімдерімен дәптерде сызықша арқылы сәйкестендір.

Шағын әңгіме «Қорқынышты-қорқынышты емес»

Қорқыныш әр адамда болуы және ойламаған жерден пайда болуы мүмкін. Қорқыныш әр түрлі сезімге жасырынады.

Қорқыныш ол жағымсыз эмоция. Қорқу кезінде адамның бойында үрей пайда болып, жүрегі  атқақтап, ағыл-тегіл терлеуі де мүмкін. Қорқатын адам әдетте, өз қорқыныштарын негізі жоқ екенін ұғынса да, өздерін билей алмай қалады. Үнемі себепсіз қорқу ол дұрыс құбылыс емес. «Қорыққанға қос көрінеді» деген бар. Қорқыныштың соңы ауруға әкеп соғады.

Біздің ертегімізде ашулы, аянышты кейіпкерлер де қорқуы мүмкін.  Қорқынышты  кейіпкерлер бәрінен де қатты қорқуы мүмкін.

Тапсырма. «Қорқыныш не үшін керек»

Әлия жыландардан өте қорқады. Жыланды ол бір рет қана көріп қорықты. Ол ермексаздан жыланды мүсіндеп отырғанда ол ұзын, бұралаңдаған, басында сары көзі бар, аузы ашық кейіпте болды.

Әлия одан: «Сен неге мені қорқыта бересің? Сен аяқтың астындағы жорғалағандардан абай болғанымды қалайсың ба? Мен қазір анамнан барып  сұраймын жыландардың қандай түрлері бар және олардын бізге зияны бар ма? деп. Мен жаз мезгілінде ойнағанда сақ боламын. Әсіресе, шөп көп өсетін жерде, ылғалды жерде, күннің мол түсетін жерінде жыландар көктемде жылынуға шығады ғой. Анам мүмкін тағы да  жылан туралы көптеген қызықты оқиғалар айтып береді, кітаптар оқимыз. Саған, қорқыныш, рахмет, мені осылайша мен білмейтін қауіптен сақтағаның үшін.

Тапсырма.  «Қорқынышты - күлкілі - қорқынышты емес.

1.            Сиқырлы таяқшаның суретін сал. Ол қандай боп шықты?

2.            Сабақ үстінде мұғалім елестерден қорқатынын айтты. Сен қалай ойлайсың, елестер қандай түсті болуы мүмкін? Оның суретін сал.

3.            Біз сиқырлы таяқшаны 2 рет  сермегенде елеске не болғанын айт. Сен қорқынышты елесті күлкілі етіп жасай аласың ба? Күлкілі етіп суретін сал. 

Үлкендерден сұра, қорқыныштыны күлкіліге айналдыра алады ма екен. Егер де білмейтін болса, қалай жасауға болатынын түсіндір.

Сабақты қорытындылау.

Берілген әйнекшеге көршіңе қандай мақтау сөздерді арнар едің, соны жаз. 

Рефлексия.

-   Қорқыныш әркімде әр түрлі әлде бірдей болады ма?

-    Қорқынышпен қалай күресуге болады?   

Бүгін біз қорқыныш әркімде әр түрлі болатынын білдік.  Сондай-ақ, онымен күресуге болатынын да білдік.

Кәнекей, бәріміз бір-бірімізге қарап, жымияйық. Көңіл күйіміз жақсы ма? Жақсы жұмыс жасағанымыз үшін бір-бірімізді шапалақтап құрметтеп қояйық.

6-сабақ

АДАМДАР НЕГЕ АШУЛАНАДЫ?

 

Мақсаты: ашу-ызаның пайда болуы жайлы  түсінік қалыптастыру.  Қорқынышты жеңу тәсілдерін үйрету.

Міндеті:

-  ашу-ызаны баса білу;

-  ашу-ызадан құтылу дағдыларын дамыту;

-   ашу-ызаның  денсаулыққа әсері.

 

Ұйымдастыру кезеңі:

«Жақсы сөздер әліппесі»  тапсырмасы.

Балалар, енді бүгін «Ж» дыбысынан келетін жақсы, мейірімді сөздерді жазайық: «Жақсы, жуас, жанашыр,...»

 

Тапсырма. «Ашу-ол қалыпты жағдай»

Дәптердегі жағымды сезімдерді жасылмен, жағымсыз сезімдерді қызылмен сыз. Кейбір сезімдер бізге рахат сыйлайды, ал кейбіреулері бірдеңенің дұрыс емес екенін білдіреді.

Ашу «өмірімді бүлдіріп тұрған» нәрсені түсінуге көмектеседі.

Қорқыныш ойланбай жасалатын іс-әрекеттерден сақтайды. Өкпе өзіңді ойлауға мүмкіндік береді.

Бұл сезімдер бағдаршамның белгілері сияқты «саған көмек керек!» деп ескерту жасайды. Сенің бар сезімдерің - сенің достарың. Егер де сен өз сезімдеріңе мән беріп отырсаң, онда сен өзіңе қамқор жасай аласың. 

 

Тапсырма. «Бағдаршам»

Сенің «Сезім бағдаршамың» қандай түсте жанып тұр?Бағдаршамдағы доңгелекті сенің қазіргі сезіміңді білдіріп тұрған тиісті түспен боя. Қызыл түс – жағымсыз сезімдер, жасыл – жағымды. Сен қалай ойлайсың сары түс нені білдіреді?

 

Тапсырма.  «Түсті сезімдер»

Дәптердегі сезім дөңгелектерін түсті қарындашпен боя.Төменгі қатарға өзіңе ұнайтын сезімдерді жазып, боя.

 

Тапсырма.  «Менде қанша ашу бар

Сенің алдыңда ертегідегі үш аю. Олардың ашуланғаны есіңде ме, үйлеріне біреудің келгенін білгенде, заттардың орны ауысқанын көргенде? Аю әрқайсы қаншама ашуды бастарынан кешті? Үлкен аюдың, ортаңғы аюдың және кіші аюдың ашулары. Әр аю ашуды қандай деңгейде басынан өткізгенін, төменде көрсетілген әр аюдың  стақанында сызық мөлшермен көрсет. Әр аюдың ашуын бояп көрсетуге болады.   

 

Тапсырма.  «Мені мазақтағанда»

Мазақтағанда балалар қандай сезімде болатынын суреттердің астына жаз. Сен өзің ренжімейтіндей мазақтама ойлап жаз.   

 

Психогимнастика.

Барлығымыз бірге мимика, жест, қозғалыс арқылы әр түрлі эмоцияларды көрсетейік. Бір-біріне қарап, эмоция көрсетіңдер:  «Қуаныш», «Реніш», «Өкпе», «Таңдану», «Уайымдау»,  «Ашулану».

 

Тапсырма.   «Балалардың өкпе-реніштері»

Бала кезінде сен біреуге қатты ренжіп өкпелеген сәтті есіңе түсір. Суретін салып, түсініктеме бер.

Балалар ойша сол сәтке оралып, естеріне түсіреді, оны суретке түсіріп түсініктеме береді. Оларға былай сұрақ қойылады: «Осы өкпеңе қазір қалай қарайсың? Суретін сал немесе түсініктеме бер.»

Талдау. Тапсырманы орындап болған соң, балалар естеріне түскен оқиғаны айтып, суреттерін көрсетеді. Сол кездегі мен қазіргі көзқарастарын айтады.

 

Ассоциация тапсырмасы.           

Агрессия мен Қуаныш сөзге ассоцияция жаз.

 

Теориялық бөлімі.

Талдауға берілетін сұрақтар: Адамдар қай кезде бір-біріне ашуланады? Ашудың адамға зияны мен пайдасы? Ашу қалай көрініс береді?

Сондай-ақ, агрессия физикалық және сөзді болады. Қалай болғанда да ол адамды жаралайды.

Яғни, адам ашуға берілмеу керек. Себебі, ондайда адам орны толмас қателіктерге ұрынады. Өзін өзі бақылай алуы тиіс. Сабырлы болу керек. Ашудың соңы жақсылыққа апармайды. Сондықтан, ашуға берілмей,  ашудың салдарын үнемі жадыңда ұстауы тиіс.

«Агрессивті адамның портреті» жаттығуы.

Балалар 3-4 топқа бөлінеді. Әр топқа «Ерекше адамның портреті» деген карточка беріледі. Қатысушылар бірлесе отырып агрессивті адамның қасиеттерін, ерекшеліктерін, қозғалысын, мимикасын құрастырады. Әр топ мүшесі жасаған мінездемені оқып береді. Соңында оны талқыға салады.

«Мазақтау» ойыны.

Ойынның мақсаты: Ауызша құралдарды пайдалана отыра, ашуды басудың жолдарын қолдану.

Қатысушылар шеңберге тұрып, бір-біріне допты лақтыра отыра ренжітпейтін сөздерді айтады. Ол ағаш, жеміс, балық, жануар атаулары болуы мүмкін. Мысалы, «Ал сен – сәбізсің!» Ойын соңында қатысушылар бір-біріне жағымды сөздер айт ады. «Ал сен – менің қуанышымсың!».

Ойынды жылдам жүргізу керек, сонда қызықты болады. Ойын алдында ескерту керек, ешкім ренжімейтінін, ол ойын екені айтылады.

 

 

«Эмоцияны қалай басқару керек»  Жаднамасы.

•  жастықты немесе боксшы алмұрт қабын ұру;

•  аяқпен жерді тепкілеу;

•  құрғақ болса да орамалды сығу;

•  айтқың келетін сөздерді айтып, қағазды умаждап лақтыру;

•  ішіңе жиналғанды түсіне білетін адамдарға айту;

•  көзді жұмып, сүйікті істі, түсті, ойыншықты, жерді елестету;

•  тынышытықта отырып, баяу әуенді тыңдау немесе билеу;

•  қатарынан 3–4 қысқаша демді шығару, кейін сонша рет демді алу.

 

«Мен сабырлымын» релаксациясы

Көзімізді жұмамыз, терең дем аламыз.Сонау бір ғажайып әлемде өзімізді керемет сезініп барлық жан дүниемізбен дем аламыз. Менің барлық денелерім қолым, басым, көзім, мұрным, беттерім, аяқтарым барлығы дем алып жатыр.Мен сондай сабырлымын. Осы бір керемет әуеннің жетегінде ұшып бара жатқандаймын. Айнала өте әдемі.Осы әдемі табиғат та менің сабырлылығымды қалап тұрғандай. Бүкіл денем жылылықты сезіп, жаным саябырсып тұр. Өте тамаша дем алыс сезімін  сезінудемін.Жайлап көзімізді ашып орнымызға қайтамыз.

 

Сабақты қорытындылау.

Берілген әйнекшеге көршіңе қандай мақтау сөздерді арнар едің, соны жаз. 

 

Рефлексия

·     Неге адамдар ашуланады?

·     Қандай кездерде адамдарда ашу пайда болады?

·     Оны жеңу жолдарын айт?

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

7-сабақ

МЕНІҢ ҚОЛ-ДЕНЕ ҚИМЫЛ ҚОЗҒАЛЫСЫМ НЕ ТУРАЛЫ АЙТҚЫСЫ КЕЛЕДІ?

 

Мақсаты: қол-дене қимыл қозғалысы жайлы  түсінік қалыптастыру.

Міндеті:

- қимыл-қозғалыстың адам өміріндегі маңызын ашу;

- вербальды емес қимыл-қозғалыс дағдыларын дамыту;

-  жүріс-тұрысты дұрыс қалыптастыру.

 

Ұйымдастыру кезеңі:

«Жақсы сөздер әліппесі»  тапсырмасы.

Балалар, енді бүгін сабағымызды «З» дыбысынан келетін жақсы, мейірімді сөздерді жазумен бастайық: «Заңғардай, зәулім, ..».

 

«Есім-қозғалыс» жаттығуы

Балалар кезектесіп аттарын айтып, қосымша өздерін сипаттайтындай қолмен қимыл жасайды. Кейін бәрі хормен келесі баланың атын айтып, оның қимылын бірге жасайды.

 

Теориялық бөлім

Мұғалім тыныштықты сақтауды сұрап, сұқ саусағын ерніне әкеледі. Содан кейін қолымен «отырыңдар» деген ишара жасайды. Содан кейін қолымен бір балаға тұру, отыруды сұрайды.

- Балалар, сендер жаңа мен өтінген нәрсенің бәрін жасадыңдар. Қалай мені түсіндіңдер, мен сөйлеген жоқпын ғой?

Қорытынды: Жаңағы қозғалыстар – ол ым, ишара деп аталады. (Тақтаға тақырып жазылады) Ым, ишара – бұл тек қолдың қозғалысы емес,  бастың, иықтың, дененің, басқа да дене мүшелерінің қозғалысы.

Қандай ымдар болуы мүмкін?

•        басты изеу – ия

•        басты шайқау – жоқ

•        сұқ саусақты көрсету – бүлдірме

•        сұқ саусақты ерінге қою – тыныш

•        қолды сермеу – сау бол

•        қол, алақанымен төмен – отыр

•        қол, алақанымен жоғары – тұр

•        алақанды сәл иіп қозғау – бері кел

Бүгін біз сөзсіз тілдесу жолдарымен танысамыз.

 

Әңгімелесу.

Адамдарға ым керек пе? Не үшін?

(Мектепте керек. Математика сабағында геометриялық фигураларды көрсеткенде. (денелердің  формасын көрсеткенде).

Тағы қандай математикалық түсініктерді ым арқылы көрсетуге болады? (Ақпарат беру керек: бір нәрсеге деген өзінің қарым-қатынасын, сезімдерін, қарсы немесе қарсы емес екенін көрсету керек.

 

«Қойылым» жаттығуы

- Біз сөзсіз ым арқылы жиі сөйлесеміз бе? Ия. Біз ауызша сөйлескенде, ымды қоса қолданамыз, бізге ол жақсы түсіндіруге көмектеседі. Мен қазір сендерді бір кішкентай балапанмен таныстырғым келеді.

Бір балапан өмір сүріпті

Ол өте кішкентай болды.

Мынандай.

Ол бірақ та

Үлкенмін деп ойлады.

Аулада жүргенде,

Асқақтап

Тұмсығын көкке көтерді,

Міне, былай.

-           Балапанды елестете алдыңдар ма? (жоқ)

-           Неге?

-           Енді тағы да жақсылап тыңдаңдар. Маған балалар бейнелеп көмектеседі. (Балалар көрсетеді)

-            Енді түсіндіңдер ме? Көрдіңдер ма балапанды?

Қорытынды: Әрине, ым, ишара арқылы жақсы жеткізуге, түсіндіруге болады.

 

«Мектептегі шетелдік» жаттығуы.

Бізге мектепке біздің тілімізді білмейтін шетелдік қонаққа келді. Ал сендер оның тілін білмейсіңдер. Ол сендерден мектеп жайлы көп білгісі келеді. Сендер оған қалайда көмектесіңдер.  Ойын осылайша жұпта өтеді. Содан кейін орындарымен ауысады. 

 

Тапсырма. «Өз таңдауым үшін жауап беремін»

Дәптердегі суреттерге зер салып қарандар. Бағыттаушы сызықтар бойынша болған оқиғаның аяқталу нұсқаларын  бақыла. Сызықтар арқылы сол оқиғалар жайлы  айтып бер.

 

«Санамақ айтамыз» ойыны.

Саусақтарды көрсете отырып айту.  Әр саусақтың іс-әрекетіне назар аудару.

    Халық өлеңі
Қуыр - қуыр қуырмаш,

Балаларға бидай шаш!
Тауықтарға тары шаш!
Бас бармақ,
Балалы үйрек,
Ортан терек,
Шылдыр шүмек,
Кішкене бөбек.
Сен тұр - қойыңа бар!
Сен тұр - қозыңа бар!
Сен тұр - жылқыңа бар!
Сен тұр - сиырыңа бар!
Сен тұр - түйеңе бар!
Ал сен алаңдамай,
Қазан түбін жалап,
Үйде жат.
Мына жерде құрт бар,
Мына жерде май бар....
Мына жерде қатық бар...
Қытық, қытық!

 

«Сөзсіз әңгімелесу» тапсырмасы.

Сөзсіз және қарындаш арқылы сурет сала отырып көршіңмен әңгімені баста. Көңіл күйіңді білдіретін кез келген суретті сал.

 

Сабақты қорытындылау.

Берілген әйнекшеге көршіңе қандай мақтау сөздерді арнар едің, соны жаз. 

 

Рефлексия.

·     Бүгін біз қандай сөзсіз құралдармен таныстық?

·     Адамдарға ым, ишара не үшін керек? ?

·     Көңіл күйін қандай? (Ым арқылы көрсет)

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

8-сабақ

МЕНІҢ ТҮЙСІГІМ

 

Мақсаты:  Түйсік, түйсіктің пайда болуы, түйсік түрлері жайлы алғашқы ұғымдармен таныстыру.

Міндеті:

-  түйсіктің пайда болуы жайлы түсінік қалыптастыру;

-  балалардың сенсорикасын дамыту;

-  түйсік арқылы айналадағы дүниені дұрыс қабылдай білу.

 

Ұйымдастыру кезеңі:

«Жақсы сөздер әліппесі» ойыны.

Балалар, «И» дыбысынан келетін жақсы, мейірімді сөздерді жазып шығыңдар: «Инабатты, ибалы, иманды, ...»

 

Түйсік жайлы әңгімелер

Түйсік – айналадағы дүниені адам таным процесі арқылы таниды. Түйсік адамға туған кезде беріле салмайды, ол баламен бірге өсіп, қалыптасып дами бастайды. Сондықтан, бүгін біз түйсіктерімізді дамытамыз.

 

Не үшін түйсікті дамыту керек?

Көру қабілеттің өткірлігін, музыкалық тондарды, сөйлеудің дыбыстарын, түстерді дәлдікпен айыра білу сондай ақ, бұлшық еттің керілу дәрежесін білу  үшін қажет.

Балаларда 3-7 жаста көру, тыңдау, тері және бұлшық-буын түйсіктері дамып жетіледі.

Ерте жаста затты әрекетті меңгереді, мектепке дейінгі кезеңде сюжетті-рольдік ойын олардың басты қызметі болады, мектеп жасында өмірдің талабы бойынша қосымша сенсорлық қызметі жетіледі.

Өйткені, оқу процесінде және еңбектің алғашқы формаларында балада бай, әр түрлі деңгейде қалыптасқан түйсіктер болғанда ғана табысты болмақ.  

Балалар үлкендермен қарым-қатынас жасай отыра,  өз түйсіктерін сапа, күші бойынша топтастыра алады және салыстыруды  үйренеді. Балалардың түйсіктері осылайша дами түседі.

 

«Бұл не?» жаттығуы.

Балаларды бірнеше топқа бөлу керек. Жүргізуші қапшыққа әр баланың 1-2 затын жинайды. Балалар заттарын көрсетпей салулары тиіс. Болған соң, көзі жұмулы бір оқушыға барып, қапшықтан бір затты алғызады. Ол жабулы көзбен ол не нәрсе екенін анықтауы тиіс. (Иіскеу, қолмен сипау арқылы). Әрі қарай бұл ойынды қапшықтағы затты қапшықтың сыртынан сипау, иіскеу  арқылы табуы тиіс.

 

 

«Әр түрлі тиындар» жаттығуы.

Ойын үшін әр түрлі тиындар қажет. Ортаға оқушы шығып, көзі байлаулы. Қолымен тиынды ұстап көріп, қанша тиын екенін табуы тиіс.

 

«Кім ол?» жаттығуы.

Сыныптан бір оқушы тақта алдына шығып, теріс қарап тұрады. Бір бала дыбыстайды, тақта алдындағы бала ол кім екенін анықтауы тиіс.

 

Тапсырма.  «Шатасу»

Шаяндар циркте асыр салады, Балалар ағаштың діңі астында жатады.Толқындар түбінде айналады,Шортандар айға қарап ұлиды. Бұл не шимай-шатақ? Ұштап дайында қарындаш. Ұсынамын сендерге.Тезірек бәрін орнына қойып алшы!

 

Сабақты қорытындылау.

Сабақ соңында көршіңнің әйнекшесіне пікіріңді жазуды ұмытпа.

 

Рефлексия

·     Түйсік дегеніміз не?

·     Түйсіктің қандай түрлері бар?

·     Айналадағы дүниені тану үшін түйсіктің қандай рөлі бар?

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

9-сабақ

ӘЛЕМ МЕНІҢ ЕЛЕСТЕТУІМ БОЙЫНША

 

Мақсаты: елес, елестету жайлы түсінік қалыптастыру.

Міндеті:

- елестетудің маңыздылығын ашу;

- елестетуді, танымдық қабілеттерін дамыту;

- айналадағы дүниеге оң көзқарасын қалыптастыру.

 

Ұйымдастыру кезеңі:

«Жақсы сөздер әліппесі»  тапсырмасы.

Балалар, өткен сабақтардағыдай сабақты «Жақсы сөздер әліппесімен» бастаймыз. Ендеше, «К» дыбысынан келетін жақсы, мейірімді сөздерді жаз: «Көрікті, көркем, күшті, ...».

 

Елестету жайлы әңгімелер.

Елестете білу - ол бұрынғы қабылдаулар негізінде жаңа бейнелердің пайда болуы. Елестету ол өте қажет қабілет. Әсіресе,  сурет салғанда, шығармашылықпен жұмыс жасағанда осы қабілетке сүйене жұмыс жасалады.

   

 Елестетудің түрлері:

·       есту  музыкалық әуенді орындау);

·       иіс сезу (бір иіс жөніндегі елестету- мысалы, қиярдың иісі, әтірдің иісі);

·       дім сезу (дәм жөніндегі елестету – қышқыл, тәтті.)

·       дене арқылы сезіну (тегіс, жұмсақ, қатты заттарды елестету).

·       Көру (адамның бейнесі, табиғат көрінісі)

Ерте заманнан адамдар айналадағы дүниені білуге қызығушылық танытты.   Әр ел әр түрлі ойда болды, әр түрлі етіп елестетті. Адамдар жерді піл көтеріп тұр, ал пілді тасбақа көтеріп тұр деп  те ойлаған.

 

Тапсырма.  «Әлем жөніндегі менің түсінігім»

Балалар, сендер әлемді қандай етіп елестетесіңдер? Әлем жөніндегі түсініктеріңді суреттеңдер.

 

"Қиялдау" жаттығуы.

Жай ырғақты музыка әуеніне оқушылар көздерін жұмып, жазғы орманды  елестетеді. Әр оқушы не елестегені, не сезгені, не естілгені жайлы әңгімелейді.

Елестете білу - ол бұрынғы қабылдаулар негізінде жаңа бейнелердің пайда болуы. Елестету ол өте қажет қабілет. Әсіресе,  сурет салғанда, шығармашылықпен жұмыс жасағанда осы қабілетке сүйене жұмыс жасалады

 

 

«Серуендегі қонжықтар» жаттығуы.

Көңілді әуен естіледі. Мен қазір сендерге ертегі оқимын. Сендер оны елестетіп, өздерін қонжық сияқты сынып ішінде жүресіңдер, қимылдар жасайсыңдар.

Кішкентай қонжықтар серуенге шықты. Олар шалғында келе жатып құлпынайды көріп қалып, оны жинай бастады. Олар отырып алып, жидектің дәмін көріп: «Қандай дәмді!» десті тамсанып. Жеп болған соң, тұрған ағашты сипады. Бірінші ағашты сипап тұрып, оның кедір-бұдыр екенін сезді, екінші ағаш қатты екенін сезді.

- Құлпынайдың дәмін сездіңдер ме?

- Ағашты елестете алдыңдар ма?

 

«Мені тауып ал» жаттығуы.

Мұғалім 5-6 баладан тұратын топпен сыныптағы бір оқушыны жұмбақтайды. (мұғалім, актер, мультипликациалық кейіпкер, т.с.с) олар сынып алдында тұрады, сынып оларға сұрақтар қояды кім екенін шешу үшін.

-            Кім ол (сыныптас,  мұғалім, актер)?

-           Қай гүлге ұқсайды?

-           Қай түспен салыстыруға болады?

-           Қай жануарға ұқсайды?

-           Оның мінезі қандай?

-           Нені жақсы, нені жақсы көрмейді?

-           Не жайлы армандайды?

-            

       «Көңілді-көңілсіз» ойыны.

       Ойын барысы:  Әуен ойналып тұрады.

       Жүргізуші балаларға “көңілді-селқос-көңілсіз” бейнедегі үш түрлі бала суреттерін таратады. Балалар “көңілді-баяу-көңілсіз” әуенді үш түрлі әуендерді тыңдайды да, өздеріне берілген карточкалармен белгілейді. Сөйтіп ойын  әуенді өзгертумен жалғасады.

  

     Сабақты қорытындылау. Сабақ соңында көршіңнің әйнекшесіне пікіріңді жазуды ұмытпа.

 

Рефлексия

-Әлемді қандай етіп елестетесің?

-Елестету деген не?

-Бейнелі елестету деген не?

 

 

 

 

 

 

10-сабақ

МЕНІҢ ОЙЛАУЫМ ЖӘНЕ ЕЛЕСТЕТУІМ

 

Мақсаты:  Адам өміріндегі ойлаудың, елестетудің ролін түсіндіру.

Міндеті:

- ойлаудың, елестетудің маңыздылығын ашу;

- ойлау қабілеттерін дамыту;

- айналадағы дүниеге дұрыс көзқарасын қалыптастыру.

 

Ұйымдастыру кезеңі:

«Жақсы сөздер әліппесі»  тапсырмасы.

Балалар, өткен сабақтардағыдай сабақты «Жақсы сөздер әліппесімен» бастаймыз. Ендеше, «Л» дыбысынан келетін жақсы, мейірімді сөздерді жаз: «Лаулаған, лала гүлдей, лепті...»

 

Шағын әңгіме.

Ақыл – ойлау қабілеті. Ойлаудың сапасы – білім алуға деген қызығушылық, логиканы дамыту.

Ақыл - ойға  қабілеттілік  деп  нақты  бір  адамның  ойлану  өзгешелігін    білдіретін сапалар жиынтығы айтылады. Ақыл сапалары: білім құмарлық, ізденімпаздық, ой тереңдігі,  ақылдың  икемділігі  мен  оралымдылығы,  логикалығы,  дәлелдігі, сыншылдығы т.б.

Ойда қоршаған ортаны, басқа адамдарды  және өзін түсінудің процесі көрінісін табады. Ойлау - адамның танымдық әрекетінің процесі, шындықты (бейнелеу) жалпылап және  жанамалылық  бейнелеумен  сипатталады  Ойлаудың түрлері:  интуитивті,  көрнекілік-әрекеттік,  көрнекілік-образды,  практикалық,  сөздік-логикалық,  шығармашылық,  теориялық.

Балалар! Әлемді тану үшін бізге танымдық процестеріміз көмектеседі. Солардың бірі –  ойлау. Ол не екенін кім айтады? (ойлай білу дағдысы) 

Жарайсың! Ендеше осы қабілетімізді дамытайық.

      

  Тапсырма.   «Артық».

Артығын сызып таста.

1.                     Бұл жерде жануарлар жасырылған. Бірақ, бір сөз артық.

Яоқн, юа, тіни, таншор, қырқас.

2. Мұнда гүлдер жасырылған. Бірақ, біреуі артық.

Шуанра, пырмақал, ыйңақ, қанызжау.

3. Мұнда ағаштар жасырылған. Бірақ, біреуі артық.

Мене, кетер, ыңйқа, ғақңаж.

   

    Тапсырма.  «Біреуі артық»

Қатарларды оқып, жалпы белгілерін атап, артығын тап.

Кастрөл, қазан, доп, тәрелке.

Қалам, қуыршақ, дәптер, сызғыш.

Көйлек, туфли, жейде, тоқыма жейде.

Орындық, диван, кресло, шкаф.

Қызыл, жасыл, қою, көк, қызғылт.

Автобус, дөңгелек, троллейбус, трамвай, велосипед.

 

 Тапсырма.  «Шағын әліппе»

            Сөздерді толықтыр

Ж.Смаков

«М» әрпіне «Ө» ні қоссақ,

Бұзау дыбыстайды:

«М» әрпіне «Ә» ні қоссақ,

Қозы дыбыстайды:

«Б» әрпіне «Ө» ні қоссақ,

Бота дыбыстайды:

Й» әрпіне «О» ні қоссақ,

Құлын дыбыстайды:

 

Тапсырма.  «Оқы, ойлан»

Қоян секіреді, ал қарлығаш

Құрт бауырлайды, ал балық

Жылқы шабады, ал жылан

 

Тапсырма.   «Оқы, ойлан»

Сиыр мөңірейді, ал жылқы 

Ит үреді, ал мысық

Шошқа қорсылдайды, ал қой

Тауық қыт-қыттайды, ал шегіртке

Бақа бақылдайды, ал тышқан

Сауысқан саңқылдайды, ал қарға

Қой маңырайды, ал жылқы

Тапсырма.  «Шатасу»

Шатасты тап.

Қиярлар тығылыспақ ойнайды,

Балалар бақшада өседі,

Мушкетерлер жырада ұйықтайды,

Шошқалар қылыштарын ұштайды.

 

Тапсырма.  «Суретті бейнеле»

Жұмыс дәптеріңде берілген шаршылардан сурет бейнелеп шығару керек.

«Жеуге болады – жеуге болмайды» ойыны

Балалар орындықтарда отырады. Жүргізуші допты алып, оларға қарсы тұрады. Допты лақтырып, жеуге болатын затты атағанда балалар допты қағып алулары керек, жеуге болмайтынды айтқанда допты итеріп жіберу керек. Қателескен балалар ойыннан шығып отырады. 

Тапсырма.   Біздің ұлттық ерекшеліктеріміз.

    Дәптерде ұлттық ерекшеліктері көрсетілген. Әр елдің өз баспанасы бар. Кім қай үйде тұратынын тап. Оларды өз үйлерімен сызық арқылы қос.

 

Ақсақалдың ақ батасы

Балалар, бүгін сабақта жақсы қатысқан оқушылар үшін ақсақал атамыз сендерге ақ батасын беріп отыр. Ендеше, батаны оқиық. Мазмұнын әңгімелейік.

Бір үйдің баласы болма,

Бүкіл елдің санасы бол!

Бір елдің баласы болма,

Бар елдің данасы бол!

Бір тонның жағасы болма,

Көп қолдың ағасы бол!

Ақты ақ деп бағала,

Қараны қара деп қарала!

Өзегің толса, елдің ішін арала.

Басыңа іс түссе, көпшілікті сағала.

 Мінезің болсын салмақты.

Өнерің болсын жан-жақты,

Әумин!

Тапсырма. «Бірдей екі суретті тап»

Жұмыс дәптерінен зейін қойып, бірдей екі суретті тап, оларды дөңгелекпен көрсет.

Сабақты қорытындылау.

Сабақ соңында көршіңнің әйнекшесіне пікіріңді жазуды ұмытпа.

 

Рефлексия

·Ойлау дегеніміз не?

·Ойлауды қалай дамытуға болады?

·Ойлаудың өмірдегі рөлі?

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ІІ ТАРАУ

МЕН ӘЛЕМДІ ТАНИМЫН

11 сабақ

МЕНІҢ ОЙЛАУЫМ ЖӘНЕ ЕЛЕСТЕТУІМ

 

 Мақсаты:  Адам өміріндегі ойлаудың, елестетудің ролін түсіндіру.

 Міндеті:

- ойлаудың, елестетудің маңыздылығын ашу;

- ойлау, елестету қабілеттерін дамыту;

-айналадағы дүниеге дұрыс көзқарасын қалыптастыру.

 

«Жақсы сөздер әліппесі»  тапсырмасы.

 Балалар, өткен сабақтардағыдай сабақты «Жақсы сөздер әліппесімен» бастаймыз. Ендеше, «М» дыбысынан келетін жақсы, мейірімді сөздерді жаз: «Мәдениетті, мықты, мейіріміді,...»

Елестету дегеніміз не қалай ойлайсыңдар? (Елестету – адам бұрында қабылдамаған заттар және құбылыстардың бейнесін жасау) Бүгін біз тек ойлауды ғана емес сонымен қатар елестетуді де дамытамыз. Қазір аздап елестетіп көрейік.

 

Тапсырма. «Эмоционалдық жағдайыңның суретін сал». Берілген сопақшаларға қуаныш, мұнаю, таңғалу жағдайының суретін сал. Бұл тапсырма балалар адамдардың  эмоционалдық жағдайларын түсіне білуге, бейнені түс арқылы аша білуге бағытталған.

 

Тапсырма. «Фигураны аяқта»

Дөңгелектерден сурет құрастырып шық. Күрделі суретке айналдыр. Мысалы, доп, смайлик, машинаның доңғалағы, көзілдіріктің шынысы т.с.с. Кім көп салады екен?

Тапсырма. «Сөйлем құрастыр»

Мына сөздерден сөйлемдер құрастыр: бақша, ара, қала.

«Жеуге болады және болмайды» ойыны.

Балалар жеуге болмайтын заттың атын естігенде шапалақтау керек.

Бүгін түскі асқа омлет, шиеден компот және жазу үшін дәптер, құмнан үш котлет, жауын құртын, екі дорба чипсы, шағын тоңазытқыш  және көкөніс салатын әкелді.

Сондай-ақ, сусабын, тіс пастасы, чупа-чупс, сиялар, иісі аңқыған  шашлык, қуырылған ет, бір кесе шеге -  жегің келе ме, же, ішкің келе ме, іш.!

Бүгін түскі асқа рулет, екі құты сүт және қытырлаған қоңыз әкелді. Сондай-ақ, мейіз, жаңғақ, ағаш ыдыс, шоколад, әдемі қуыршақ, жарты килограмм шұжық, акварель бояулар, алтын сырға, аздаған субәліш. Қалам және қарындаш, дастарқан және сулықтар,  балық котлеты, пианино және сырнай, піскен картоп, шабдалы және өрік, қасық және шанышқы, қияр мен қызанақ.

 

Тапсырма. «Артық сөз»

Артық сөзді сызып таста.

1.                     Кітап, портфель, чемодан, әмиян

2.                     Пеш, керосин шам, май шам, электр плитасы

3.                     Сағат, көзілдірік, таразы, термометр

4.                     Қайық, арба, мотоцикл, велосипед

5.                     Ұшақ, шеге, ара, желдеткіш

6.                     Көбелек, штангенциркуль, таразы, қайшы

7.                     Ағаш, сөре, сыпырғыш, шанышқы

8.                     Ата, мұғалім, әке, шеше

9.                     Шық, шаң, жаңбыр, бұршақ

10.                 Су, жел, көмір, шөп

11.                 Алма, кітап, шапан, раушан

12.                 Сүт, қаймақ, ірімшік, нан

13.                 Қайың, емен, жаңғақ, ағаш

14.                 минут, секунд, сағат, кеш

15.                 Сейдуллаев, Бектібаев, Түкібаев, Рашит

 

Тапсырма.  «Түлкі мен қасқыр»

Есептеп жаз.

Ерте, ерте, ертеде түлкі мен қасқыр дос болыпты. Бір күні олар балық ұстап алыпты. Оны тең етіп бөлу керек болды. Қасқыр түлкіге тең бөл деп ұсынды. Айлакер түлкі былай бөлді: біреуі саған, екеуі маған, үшеуі саған, төртеуі маған.  Қасқыр мен түлкіде қанша балық бар?

 

Тапсырма.  «Ең-ең»

Жұмыс дәптерінде берілген сөздерді кему ретімен орналастырып, сәйкес цифрды жазып көрсет. 

Мысалы:

-       Ең жылдамы қайсы? зымыран, көбелек, құс, ұшақ, тікұшақ.

Жауабы: «зымыран-1, көбелек-5,  құс-4, ұшақ-2,  тікұшақ-3».

-  Ең жарық жарқырайтын қайсы: үстел лампасы, люстра, прожектор, шырақ, күн?

-  Ең жылысы қайсы: тон, көйлек, свитер, пальто, сарафан?

-  Ең ұзын құйрық қайсынікі: қоян, тышқан, түлкі, кірпі, тиін?

-  Ең баяу: ит, жылқы, құрт, жылан, тасбақа?

-  Ең мықты: ағаш, темір, пластмасс, алмаз, қағаз?

-  Егер де суға тасты, қатырмақағаз қорабын,  көйлекті, ағаш орындықты және нанды тастаса, су түбіне ең алдымен не түседі, содан кейін не? 

 

 

 

 

Тапсырма. «Кеменің күйреуі»

Оқып осы жағдайдан шығу жолын айтып бер.

«Біз үлкен кемемен жүзіп келе жаттық, ол бір кезде қайырға отырып қалды. Біраздан соң күшті жел көтеріліп, кеме орнынан қозғалды. Бірақ, осы сәтте мотор сынып қалды. Қайықтар жеткілікті еді, тек рация бүлініп, істен шығып қалды. Не істеу керек?»

           Балалар талдап, ойларын ортаға салады. Шешудің бір немесе бірнеше жолын айтуы мүмкін. Белсенді қатысып, өз ойын дәлелдей білген оқушыға назар аудару керек. Ең соңында бәрі бір ойға тоқтаулары керек. Дау шықпауына назар аудару.  Айта кететіні, соңы жақсы аяқталуы тиіс.

 

Тапсырма. « Әлемде жоқ жануар»

 Әлемде жоқ жануардың суретін сал.

          Бұл тапсырма орындағанда балалар біраз қиялдарына ерік берулері керек. Балға-балық, ине-балық бар. Соған ұқсас мүмкін жүзік-балық, ... бар болуы мүмкін ғой.

 

Тапсырма. «Фантастика данышпаны»

Өмірде болмайтын оқиғаларды ойлап тап. Кез келген тақырып жөнінде жазуға болады. Ең бастысы, қиял-ғажайып, өмірде жоқ оқиғалар. Қызық жазылған жұмыстың иесі жеңімпаз атанады.

 

Сабақты қорытындылау.

Сабақ соңында көршіңнің әйнекшесіне пікіріңді жазуды ұмытпа.

 

Рефлексия

·Елестету дегеніміз не?

·Елестету қалай дамытуға болады?

·Елестетудің өмірдегі ролі?

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

12-сабақ

ЕСТІ ҚАЛАЙ ДАМЫТУҒА БОЛАДЫ

 

Мақсаты: ес, есте сақтау жайлы алғашқы ұғымдармен таныстыра отыра, есте сақтаудың маңыздылығын ашу.

Міндеті:

- есте сақтаудың маңыздылығын ашу;

- есте сақтауды дамыту жолдарын үйрету;

- зейінді болуғу, абай, мұқият болуға тәрбиелеу.

 

«Жақсы сөздер әліппесі»  тапсырмасы.

     Балалар, бүгін «Н» дыбысынан келетін жақсы, мейірімді сөздерді жазыңдар: «Нардай, нарттай, ...»

Ойын: "Шатаспай қайтала"

«1» дегенде - шапалақ ұру. «2» дегенде - билеу. «3» дегенде - құлағын ұстау. «4» дегенде - қол алысу. «5» дегенде - қолды жоғары көтеру. Сандар ретімен  айтылмайды. Оқушылар шатаспаулары керек.

Бүгін біз сабақта ес жайлы айтпақшымыз. Кімнің есінде бар, ес дегеніміз не? (ақпаратты естіп, көріп, оны сақтап, басқаларға жеткізу)

Тапсырма.  «Сөздерді қайтала»

Сөдерді топтарға бөл: Құлпынай, таңқурай, қарақат, жиде; қалам,  дәптер, қарындаш, сызғыш; жаз, ыстық, күн, шілде.

Заттарды "суретке түсіреміз" жаттығуы.      

Бастапқыда балалардың алдына кесе, ойыншық, алма, т.б. заттар қойылады. 20-30 сек. сол затқа бар зейінімен қарайды да, "суретке түсіріп" алғандай болады. Одан кейін баланың көзін жұмдырып, сол затты анық көргендей етіп суретін шығарсын. Бірден бұл ойдағыдай шықпауы да мүмкін. Көзін ашып, тағы көріп алсын да, көзін жұмып тағы дұрыстасын.

Шағын әңгіме. 

Есте сақтау – жаңа ақпаратты есте сақтаудың алғашқы процесі. Адамдар кейде керекті ақпараттарды ұмытып қалып жатады. Немесе адамда есімдерді, жерлерді жаттау қабілеті жақсы дамыған болуы мүмкін. Есесіне сандарды есте сақтауда қиналады. Бірақ бұл қабілеттерді дамытуға болады. Ми да адамның бұлшықеттері секілді, оны жаттықтырмаса, әлсіз болады. Күнделікті жаттығу арқасында мидың жаттау қабілетін дамытуға болады.

 

«Есту арқылы есте сақтау» жаттығуы.

 10 сөз оқылады. Балалар есте қалған сөздерді жазу керек.  1)парта 3) көбелек 5) сағат 7) маса 9) жылан

  2) кітап 4) машина 6) шелек 8) сабын 10) теледидар

 

«Көріп есте сақтау» жаттығуы.

 Оқушыларға слайдтан 10 сөзді дауыстап оқылады. Оқып болған соң жазу жабылады. Оқушылар көрген, есте сақтаған сөздерін жазады. 1) Алма 3) табиғат 5) күн 7) жолбарыс9) шелек 2) Инелік 4) торғай 6) машина 8) парта 10) орамал

 

«Джекобс әдісі» жаттығуы.

Бұл әдіс цифрлық материалмен былай жүргізіледі. 4-тен 10-ға дейін элементі бар бірінен соң қатар цифрлар ұсынылады. Цифрлар қатары кездейсоқ құрылады. Эксперимент өткізуші қысқасынан бастап, әр қатарды кезегімен бір реттен оқиды. Әр қатарды оқыған соң 2-3 секундтан соң зерттелушілер хаттамада қатар элементтерін естерінде қалғандары бойынша жазады. Тәжірибе бірнеше рет әр цифр қатарымен жүргізіледі.

 

 

Тапсырма. «Тыңдап отырып, есте сақтау»

10 сөзді есте сақтап, жаз.

 

Тапсырма. «Қасқыр мен Қоян»

Қасқыр мен түлкі балмұздақ сатып алуға келеді. Қасқыр айтады: «Мен үлкенмін үш порциясын аламын», ал қоян екі қолын созып: «Екі» деді. Балмұздақты қасқыр жеп қойды да, қоянға қарап: «Қоян, тұра тұр, бәлем!» деп айғайлап жібереді. Неліктен қасқыр ренжіді?

 

Тапсырма. «Түлкі мен Қоян»

Мен келе жатып, еменнің ар жағынан төрт қоянның құлағын, екі түлкінің құйрығын көрдім.   Ол жерде не бар және олар нешеу?

 

Тапсырма.  «Шарбақтың арғы жағы»

Шарбақтың арғы жағынан 8 дөңгелек көрінеді. Шарбақтың арғы жағында қанша машина бар?

 

Тапсырма. «Пошташы Печкин»

Простоквашино тұрғындарына Печкин Пошташы 2 көңілді және екі мұнды хат әкелді. Сонда тұрғындар қанша хат алды?

 

Тапсырма.  «Фигуралар»

Бұл жерде қандай геометриялық пішіндер берілген? Олардың әрқайсысы нещеуден? Барлығы нешеу?

 

Тапсырма.  «Шаршы»

Кілтке ұқсаған фигурадан 4 таяқшаны қозғап, үш бірдей шаршы болатындай етіп қой.

 

 

Тапсырма.  «14 шаршы»

Бұл жерде 14 шаршы бар. Оларды тап.

Тапсырма. «Жапырақтар»

Жапырақтың суретін аяқта.

 

«Капитан» ойыны.

Ойын басында бастаушы шығады – ол «капитан». Қалған ойыншылар екі командаға бөлінеді. Бірінші команда – «теңізшілер», ал екінші – «теңіз қарақшылары». «Капитан» әртүрлі бұйрықтар береді, ал «теңізшілер» оларды орындайды, бірақ  бұйрық айқын және анық болуы тиіс. «Теңіз қарақшылары» «теңізшілерге» шабуыл жасағанда «капитан» ойланып жоспар жасауы тиіс. Ойын соңында әрбір ойыншылар әрекеттерге өз бағалауын береді «капитанға» да бес баллдық жүйемен баға береді.

Ойын әрі созылады, бірақ басқа «Капитанмен» Әрбір бала рөлде өзін байқап көреді.  Көп ұпай жинаған жеңімпаз болып есептелінеді.

 

Сабақты қорытындылау.

Cабақ соңында көршіңнің әйнекшесіне пікіріңді жазуды ұмытпа.

 

Рефлексия

·Есте сақтау дегеніміз не?

·Есте сақтау не үшін керек?

·Есті қалай дамытуға болады?

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

13-сабақ

ЗЕЙІНДІ БОЛУ

 

Мақсаты: Зейін жайлы алғашқы ұғыммен таныстыра отыра, зейіннің маңыздылығын ашу.

Міндеттері:

- зейіннің маңыздылығын ашу;

-зейіннің тұрақтылығын қалыптастырып, зейінді дамыту;

- зейін және қызығушылық арасындағы байланысты ашу;

 

«Жақсы сөздер әліппесі»  тапсырмасы.

 Бүгін «О» дыбысынан келетін жақсы, мейірімді сөздерді жаз: «Орнықты, Отаншыл, ...»

 

Шағын әңгіме

 Зейін дегеніміз – адам санасының бір затқа бағытталуын және шоғырлануын айтамыз.

Сананың шоғырлануы деп затқа қатысы жоқтың бәріне көңіл аудармауды айтамыз.

Зейіннің түрлері: 1) Ырықты 2) Ырықсыз 3) Үйреншікті.

Ырықты зейін дегеніміз, мысалы әуен шығып жатады, анадай жерде көліктің дыбысы естіліп жатады. Сен болсаң, оларға мән берместен досыңның әңгімесіне зейін қойып, тыңдап келесің.

Ырықсыз ол күш-жігер жұмсамай көңіл аудару.

 

Мюнстерберг әдісі

Мюнстерберг әдістемесі бойынша балалардың зейінінің өнімділігі мен тұрақтылығын бағалау. Анықтама: Әріптер мәтінінің арасында сөздер бар. Берілетін тапсырма: мәтінді тез қарап шығып, сөздерді тауып, астын сызып қою. Мысалы: рюбасмпқыранкпнқалампвфқалэюя. Бланкімен жұмыс істеуге – 2 минут беріледі. Зерттелушінің тапқан сөздерінің саны мен жіберген қатесінің (белгіленбеген немесе дұрыс бөлінбеген сөздер) саны есептеледі.

Мәтінде кездесетін сөздер – 33. Күн, аудан, жаңалық, емтихан, құсбегі, теледидар, хоккей, байқау, тақта, әтеш, ғұлама, лаборатория, терезе, компьютер, шомылу, негізгі, әлеуметтік педагог, сөмке, телефон, сөре, оқушы, титул, мен, тапсырма, қатар, шуақ, мұғалім, қосымша, мысал, түзету, анықтама, сапар, саябақ.

Бкүньрпзшщваьфдъмтьчаьюауданфйвцчяьжэъцжаңалықхъйцфыячюбэждмнрармфюэятьрбемтиханэжфыячюбэжхзһөқұсбегійцфыячфыйцтеледидарюэжһөһөйцфыячваякоккейтчиябчюйфэбайқауэжждэжхзйцитақтаюбждзщйцфыячйцәі»әыфчяфыйцәтешфчыяэжюбхзъөһқұғұламаэжбьтимсчяйлабораторияджалждлфесікюяжфхйцъфжэятерезеюэжхяфйыцвчыяфкомпьютерэжхзһөюбждзщяфйыцчцыцыцйфцшомылуцтфтчзйцйцчщугвгшнегізгівамвукаввпрнлоывдчццыццвцвәлеуметтікпедагогмымыяфсяфсөмкеюэжхзтелефончыцфйыячыфцйсычфяфйчфясөрерпапавыфыыавыпафыфоқушысмчясччятитулсячфыйцменчяыфцйячфыйыцйтапсырмачяыфцйсчвыуцмсавкуқатарчяыфцйскцрвдашуақтмрапесчвыуцчяыфцймұғалімсччяыфцйсчвцлропақосымшасчвыуцимпаекмысалчяыфцймчсваыкцуутаблицаявйфувйтүзетусччяыфцйанықтамасчвысапарпкнплронимчясаябақимчаывцуй

     

 Ойын "Шерлок Холмс пен Доктор Ватсон "

    Бұл ойын сендердің зейіндерің мен бақылағыштықтарыңды дамытады.

    Сонымен, біз барлығымыз атақты детектив Шерлок Холмс пен оның көмекшісі Доктор Ватсонбыз – барлығын байқап қалатын зейіңді із кесушілерміз. Сыныптың алдына 5-7 оқушы шығады. Қалғандары жарты минуттай оларға қарап, сырт бейнелерін есте сақтап қалуға тырысады. Осыдан кейін жаңағы топ есіктің сыртына шығады да өз бет бейнелеріне, сыртқы киімдеріне 3-5 өзгеріс енгізеді (пиджактарын ауыстырып кию, галстугін шешу, жағасын тоқыма жейдесінің сыртына шығарып қою, шаш үлгісін өзгерту, басқа жағына қайырып қою т.с.с.). Осыдан кейін олар сыныпқа кіреді де, басындағыдан басқа ретпен тұрады. Сыныптың міндеті – жаңағы «күдіктілердің» сыртқы барлық өзгерістерін табу және алдында қандай ретпен тұрғандарын еске түсіру. Осыдан кейін «күдіктілер» сыныпқа арттарымен тұрады, ал сынып әрқайсысының көзінің түсін, кімде секпіл бар/жоқ, пиджактарында қандай түймелер және нешеу? Деген сұрақтарға жауап беруге тырысады. Кім дұрыс табады, солар ендігі кезекте осылардың рөліне енеді.

Балалар, сендердің қаншалықты зейінді екендеріңді қазір көреміз. Ол үшін төмендегі тапсырмаларды орындаңдар.

 

Тапсырма. «Кірпі мен Қоян»

Дәптердегі суреттен 5 айырмашылықты тап.

 

Тапсырма.  «Мысық және екі торғай» 

Дәптердегі суреттен 6 айырмашылықты тап.

 

Тапсырма. «Қонжықтар» 

Дәптердегі суреттен 7 айырмашылықты тап.

 

Тапсырма. «Қоян сәбізді жақсы көреді» 

Дәптердегі суреттен 8 айырмашылықты тап.

 

 

Тапсырма. «Балы бар қонжықтар» 

Суреттен 10 айырмашылықты тап.

 

 

 

Жұмбақ.

Екі қарны бар,

Төрт құлағы бар.

Бұл не?

 

Тапсырма. «Артығын тап»

Артық сөзді сызып таста. Неліктен ол артық екенін түсіндір.

Қаз, үйрек, тауық, әтеш, балық.

Сәбіз, қияр, картоп, кәмпит, орамжапырақ.

Қасық, нан, кесе, шанышқы, пышақ.

Күн, ай, жел, жұлдыз, планета.

Жауқазын, қалампыр, түймедағы, қарбыз, раушан.

Катя, пальто, юбка, жейде, көйлек.

Қуыршақ, доп, қарындаш, қонжық, машина.

Қасқыр, қой, ешкі, ит, жылқы.

Жүк машина, ұшақ,  троллейбус, пойыз, велосипед.

Көктем, жаз, күз, аяз, қыс.

 

Сабақты қорытындылау.

Сабақ соңында көршіңнің әйнекшесіне пікіріңді жазуды ұмытпа.

 

Рефлексия

·Зейін дегеніміз не?

·Зейін не үшін қажет?

·Зейінді қалай жаттықтыруға болады?

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

14-сабақ

СӨЗ СИҚЫРЫ

 

Мақсаты: адам өмірінде тіл арқылы қарым-қатынас жасаудың маңыздылығын ашу.

Міндеттері:

- сөйлеудің маңыздылығын ашу;

-  дұрыс сөйлеу дағдыларын дамыту;

-  көпшілікпен тіл табыса білуге тәрбиелеу.

 

«Жақсы сөздер әліппесі»  тапсырмасы.

Бүгінгі сабағымызды «П» дыбысынан келетін жақсы, мейірімді сөздерді жазудан бастайық: «Періштедей, пәрменді, палуандай,...»

Балалар, білімді болу үшін мейірімді, қайырымды сөздерді білу керек. Ол сөздерді білу үшін тілді дамыту керек.

- Сөйлеу деген не? - Сөйлеу не үшін керек? Сөйлеу – адамның тілдік амалдар арқылы пікірой білдіру әрекеті. Сөйлеу ауызша не жазбаша, диалог түрінде айту сияқты түрліше құрылады. Сөйлеу мен тіл бір емес. Егер тіл қарым-қатынас құралы болып табылса, сөйлеу сол құралдың нақты қолданыста көрінетін түрі болып табылады.

Егер сенің сөйлеуің  мейірімді болса, кез келген сәтте жаман көңіл күйді ретке келтіріп, зұлымдықты жақсылыққа айналдырып жібереді.

Мейірімді сөздерді айтыңдаршы. (сәлеметсіз бе, кешіріңіз, сау болыңыз,  рақмет, ..)

Сөздің күші – ол мейірімді сөз. Кімді біз көпшіл, тіл тапқыш деп айтамыз? Көпшіл, тіл тапқыш деп басқалармен дұрыс тіл табысып, сөйлескенде жағымды әсер қалдыратын адамды айтады.

         Көпшіл адам тек мейірімді сөздерді қолданады.

  «Мен мейірімдімін» тапсырмасы.

Әр бала өз жайлы несімен мейірімді екенін айту керек. Мен мейірімдімін, өйткені....

 

2 тапсырма. «Үйлердің көңіл-күйлері»

Мына үйшіктерде біз тұрамыз. Қандай түс оларға келеді? Өзіңнің көңіл күйіне байланысты үйшіктерді боя. Болған соң әрқайсы айтып берсін, кім онда тұрады, не істейді онда?

 

3 тапсырма. «Сөздер және әріптер»

Біз дұрыс сөйлей білу үшін көптеген сөздерді қолдана білуіміз керек. Ендеше, көрейік, кім көп сөз жасай алады екен? Бір сөздің әріптерін қолданып, көптеген басқа сөздер жаса.

БАЛЫҚШЫЛАР 

ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ 

 

4 тапсырма.  «Суреттермен жұмыс»

Сонымен қатар біз тілімізді дамытуымыз керек.Оны қалай істеуге болады?  Ол үшін көптеген әңгіме, ертегі құрастыра білу керек. Дәптердегі сурет бойынша әңгіме құрастыр.                             

5 тапсырма.

Мынадай да жұмысты жасай алуымыз тиіс. Дәптердегі жануарлар жайлы әңгіме құрастыр.                        

6 тапсырма. «Ойлан, тап»

Сонымен қатар, балалар, жақсы ойлана да білуіміз керек. Бір сөзбен ата.

1) Өткір, темір, кесу үшін қажет.

2) Күшті де, баяу да болады, желкендерді толтырып, туды да көтереді.

3) Жұқа немесе жылы, суықтан басты қорғайды.

4) Ол ас.., шай.. деп те аталады, онымен тамақ жейміз, шайды араластырамыз.

5) Онымен жазуға да, сурет салуға да болады. Ол түсті де, жай да болады.

6) Онымен шашты тарап,  прическа жасаймыз

7) Оған су, сүт немесе шай құйып ішеміз. 

8) Ол қатты да, жұмсақ та болуы мүмкін. Біз оның үстінде ұйықтаймыз.

9) Онымен қолымызды жуып, кірді кетіреміз.

10) Онымен тісті тазалаймыз.

11) Оны шай тәтті болсын деп шайға саламыз. 

12) Ол арқылы біз басқаларға қоңырау шаламыз және жауап берміз.

13) Біз оны жатқан кезде тоңып қалмас үшін жамыламыз.

Балалар, сендер жақсы болуға, жақсы сөз айтуға, әдепті бала болуға ант беріп көрдіңдер ме? Мына антпен танысайық.

Ант.

Ант етеміз әдепті болуға,

Үлкенді сыйлап,

Инабатты болуға.

Әдепті сөздерді айтуға,

Ант етеміз қайырымды болуға.

Жалқаулықты сүймейміз,

Әдепсіздікті білмейміз.

Мазақтап біз күлмейміз,

Тәртіп сақтап жүреміз.

Ант етеміз, ант етеміз.

Үй жұмысы: Өзің ант ойластыр.

Сабақты қорытындылау.

Берілген әйнекшеге көршіңе қандай мақтау сөздерді арнар едің, соны жаз. 

Рефлексия

·Сөйлесу деген не?

·Сөздің күші қандай?

·Қандай адамды тез тіл тапқыш адам дейміз?

· 

15 сабақ

СӨЗ СИҚЫРЫ

 

Мақсаты: адам өмірінде тіл арқылы қарым-қатынас жасаудың маңыздылығын ашу.

Міндеті:

- мейірімді сөздерді қолдана білуге үйрету;

- дұрыс сөйлеу дағдыларын дамыту;

-  көпшілікпен тіл табыса білуге тәрбиелеу.

 

«Жақсы сөздер әліппесі»  тапсырмасы.

Балалар, өткен сабақта айтқан болатынбыз, сабақты үнемі «Жақсы сөздер әліппесімен» бастаймыз деп. Ендеше, «Р» дыбысынан келетін жақсы, мейірімді сөздерді жаз: «Раушандай, романтик, рақымды...»

 

2 тапсырма.  «Мақал-мәтелдер».

Мақал-мәтелдерді құрастыр.

 - Біз қазір адасып қалған сөздерден мағынасы зор мақалдарды құрастырамыз. Ол біздің тәртібіміз жайлы ойлантады, айналадағы адамдармен дұрыс қарым-қатынас  жасауға үйретеді. 

-қалмайды, әдет, қалса да, ауру (Ауру қалса да, әдет қалмайды); адам, түзы жоқ, досы жоқ,  тағам  (Досы жоқ адам- тұзы жоқ тағам.) - сыналар, қиындықта, адам                   (Адам қиындықта сыналар).

- Бұл мақалдар неге үйретеді бізді?

- Қойылған сұраққа жауап қандай болуы мүмкін?(толық, қысқа)

- Қайсын жиі қолданасыңдар?

 

Ендеше, сұраққа толық жауап беріп үйренейік.

1. Сұрақ пен жауапты салыстыру.

Алдымен сұрақ пен жауап несімен ұқсайды және несімен ерекшеленеді екенін білуіміз керек. Сұрақ және жауапты оқы. Марат ненің суретін салды? –«Марат қайыңның суретін салды». Қорытынды: жауапта сұрақтың сөздері қолданылады.

2. Сұрақ пен жауаптағы сөздердің ретін байқау. 

Сұрақты оқыңдар. Не байқадыңдар? (Сұрауды білдіріп тұрған сөз ортасында тұр). Тиін қайда қыстайды? (Тиін інінде қыстайды). Оның іні неге ұқсайды? (Тиіннің іні шарға ұқсас.)

3. Сұрақ пен жауаптағы сөздердің реті.Сұрақтарын оқыңдар не байқадыңдар? (сұрақтың орнында жауабы тұр). Осылайша дұрыс жауап беруге үйрену керек.

 

 

 

   

Диалог жайлы әңгіме.

- Адам қай кезде сұрақ қояды? (Басқа адамдармен сөйлескен кезде)

- Екі немесе бірнеше адамның тілдесуін қалай атайды? ( Диалогтық сөйлеу)

- Диалогтағы әр адамның сөзін қалай атайды? (Реплика)

- Репликаны кезектесіп оқу керек.

 

Өз бетімізбен жұмыс жасап көрейік.

3 тапсырма.  «Жұптағы өзіндік жұмыс»

Парталас көршіңе жазбаша сұрақ қойып, оның сұрағына жауап бер.

Сұрақ:           Жауап:

 

«Затты анықтау»ойыны

Тақтаға 10 оқушы шығады. Олар бір-біріне алма-кезек бұрылады да қайсыбір затты атайды – ыдыстан бастап тұрмыс техникасына дейін. Оқушы кімге бір затты айтса, ол сол зат жайлы бірнеше анықтаманы жылдам ойлап табуы тиіс.

Мысалы , бастаушы :«қайшы» десе. Ойыншы:«өткір, жалтыраған,  кішкентай (немесе үлкен), темір». тағысын тағыда айтады. Ойыншының мақсаты – бірнеше анықтаманы жылдам ыңғайын тауып айту.Егер ойыншы лезде жауап беруге үлгермесе, ол ойыннан шығады. Кімде ең жылдам реакция, жылдам жауап айтады  сол жеңімпаз боп есептеледі.

 

4 тапсырма.  

Сөйлемдерді аяқта:

Анам нанды      ...  қойды.

Ағам қантты      .....    шашты (жақты)

Әжем дәмді салат жасап,    ....      қойды.

Әкем кәмпит әкеліп, оны ..... қойды.

Марина бүгін мектепке бармады себебі...

Біз жылытқышты қостық, себебі, ...

Менің ұйқым келмейді, себебі, ...

Біз ертең орманға барамыз, егер де..

Анам базарға кетті, себебі,....

Мысық ағашқа мініп алды, өйткені...

         

  Жұппен жұмыс. "Диалог" құру

  Партада отырған балалар бір-бірімен диалогқа түседі.

 

Ойын: "Абракадабра."

Балалармен сөйлесуге болатын "шетел тілін" ойлап табу. Мысалы әр бір буыннан кейін "пи": шылауын қосу: ойлан - пиой-пилан (ойпи-ланпи). Толық ойдан шығарылған немесе нағыз шетел тілінде сөйлесіп көріңіз.

 

Сабақты қорытындылау.

Берілген әйнекшеге көршіңе қандай мақтау сөздерді арнар едің, соны жаз. 

 

Рефлексия

·Диалог деген не?

·Сөйлемді қалай құру керек?

·Жауапты қалайша толық беруге болады?

 

 

16 сабақ

МЕНІҢ ҚОЛЫМНАН НЕ КЕЛЕДІ?

 

Мақсаты: Балалар өздерінің қабілеттерін біле білуге, қолдарынан келетін істерге деген құлшынысы, тілектерін қанағаттандыру дағдыларын меңгеруге үйрену.

Міндеті:

- өз тілектерін дұрыс жеткізе білу;

- бойындағы дағды, біліктерін  дамыту жолдарын үйрету.

«Жақсы сөздер әліппесі»  тапсырмасы.

 Балалар, өткен сабақта айтқан болатынбыз, сабақты үнемі «Жақсы сөздер әліппесімен» бастаймыз деп. Ендеше, «С» дыбысынан келетін жақсы, мейірімді сөздерді жаз: «Сабырлы, сұлу, сенімді, ...»

 

 Қабілеттілік – ол талант. Іскерлік – ол қандай да бір іс-әрекеттерді өндіру.

Адамның қабілеттілігін дамыту үшін тәжірибеде қолданылған білімді, дағдыны, іскерлікті   меңгеріп, содан кейін шығармашылықпен қолдана білу  қажет.  

Кез келген адамның қабілеті әр түрлі. Сонымен қатар, өз қалауымен оқып, ұнатқан іспен айналысып, жұмыс істеп, өмір сүре білуіміз керек. Ол үшін дағдыларды шыңдау керек. Қандай да бір іске немесе салаға деген білік пен дағдыны дамыту керек. Ол үшін казір осы кезден ерінбей жалықпай айналысу керек.

Балалар! Айтыңдаршы, біз не білеміз, не істей аламыз? Ия, біз біраз нәрсені білеміз, алдағы уақытта әлі білетін боламыз. Бүгін біз біраз нәрсені білетін боламыз, интеллекті дамытамыз.

Егер сендер дайын болсаңдар, қазір психологиялық жұмбақтар шешетін боламыз.

1. Қабілетіңнің барына қарай стақанды боя.  

2. Стақанды өзіңнің қабілетіңді  қаншалықты      дамытуға әзір болуына қарай боя.

 

 

 

2 жұмбақ. «Ұста»

1.Ұстаға үш шығыршықтан тұратын бес шығыршық әкеліп берді. Осыларды бір тұтас шығыршық етіп қосуды тапсырды. Ұста төрт шығыршықты ашып бір-бірімен біріктірмекші болды. Осы жұмысты аз шығыршықты ашып жасауға болады ма?

Жауабы: Бір цептің үш шығыршығын ашып, осы ашылған шығыршықтармен басқаларын біріктіруге болады. 

 

3 тапсырма. «Саңырауқұлақ»

Осындай саңырауқұлақты Қазақстанның солтүстік жағында өз бетінше өсіруге болады ма? Егер де болатын болса, қанша уақыт алуы мүмкін?

Жауабы: ...

 

4 тапсырма.

Бөлмеде қараңғы. Қолда сіріңке бар. Бұрышта пеш, үстелде шырақ бар. Сен алдымен қайсын жағасың, пешті ме әлде шырақты ма?

 Жауабы:...

 

5 тапсырма.

Қайыңның 10 бұтағы бар, әр бұтақта тағы 7 бұтақ бар. Осы әр бұтақта 2 бананан бар. Сонда барлығы қанша банан болғаны? 

Жауабы: ...

 

 

6 тапсырма.

Түйеқұс өзін құспын деп атай алады ма?

 

7 тапсырма.

Аш қарынға қанша жұмыртқа жеуге болады?   Жауабы:...

 

8 тапсырма.

Жерден нені көтеру оңай да, алысқа лақтыру қиын?

Жауабы:...

 

Өзенге екі адам келді. Жағада бір адамды ғана көтеретін қайық тұр. Екі адам келесі жағаға өтті. Қалайша өтті?

   Жауабы: ...

 

        «Менің атым... Мен өзімді...жақсы көремін.» (15 мин. )ойыны

Мақсаты: топ қатысушыларының аттары жадында сақтау және жұмыс атмосферасын жасау .

Жаттығу шеңберде өткізіледі.

Әрбіреуі алма-кезек сөйлейді «менің атым..» және «мен өзімді .... үшін жақсы көремін». Таластарға сіздердің тілектеріңіз жөнінде айтылған көңіл алаңдатпаңыздар. 

          

          «Біз сенімен ...ұқсаймыз» (20 мин.) ойыны

Қатысушылар 2 шеңберге тұрады — ішкі және сыртқы. Қатысушылардың саны екі шеңберде бірдей болуға тиісті. Сыртқы шеңбердегі қатысушылар серіктеріне мына сөздермен :«біз сенімен ұқсаспыз ......»( Мысалы : біз сенімен бір планетада өмір сүреміз , бір сыныпта оқимыз және т.с.с).

Ішкі шеңбер қатысушылары жауап береді :«біз сенімен .. ұқсамаймыз»  Мысалы : біз сенімен көзіміздің  түсімен, шашымыз ұзын және т.с.с . ұқсамаймыз.).

Содан соң командамен ішкі шеңбер қатысушылары жылжиды, серіктері де алмасады. Ішкі шеңбердегі әрбір қатысушы сыртқы шеңбердегі әрбір қатысушысымен ұшырасып сұрақ қойып жатады.

 

«Қабілет» жаттығуы.

      Өзіңнің қабілетіңнің суретін сал және боя. Өзіңнің достарыңның қандай қабілеттері бар деп ойлайсың? Сыныптастарыңның аттарын жазып, олардың қабілеттерін жаз.

 

Сабақты қорытындылау.

Берілген әйнекшеге көршіңе қандай мақтау сөздерді арнар едің, соны жаз. 

 

Рефлексия

·Қабілеттілік деген не?

·Ол не үшін керек?

·Дағды арқылы неге қол жеткізуге болады?

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ІІІ ТАРАУ

ҚАРЫМ-ҚАТЫНАС ӘЛЕМІ

17 САБАҚ

МЕН ӨЗІМ ТУРАЛЫ НЕ БІЛЕМІН

 

Мақсаты: оқушылардың өз қабілеттері, өздері жайлы не білетінін анықтап,  өздерін шыңдауға алғашқы қадам жасауға жетелеу.

Міндеті:

- өз қабілеттерін анықтай білу;

- ой өрістерін кеңейтіп, қабілеттерін дамыту;

- қабілетті жаттықтырудың маңыздылығын ашу.

 

«Жақсы сөздер әліппесі»  тапсырмасы.

Балалар, өткен сабақта айтқан болатынбыз, сабақты үнемі «Жақсы сөздер әліппесімен» бастаймыз деп. Ендеше, «Т» дыбысынан келетін жақсы, мейірімді сөздерді жаз: «Талапты, табанды, теңіздей таза,  ..»

 

2 тапсырма. «Қуаныш минуты»

Дәптердегі суреттерді қарап, осы құстарды балаларға бейнелеп көрсет.

 

3 тапсырма. «Ваза»

Жемістерге не жасау білетіндеріңді жаз: өзіңе ұнайтынын да, ұнамайтынын да жаз. Егер қаласаң, ұнайтын жемістердің суретін салуға болады.

 

4 тапсырма.

Суретке қара. Келіспей қалған екі қыз бала қандай әрекет етулері керек еді? Екеуіне татуласу үшін не істеу керек?

 

Өмірде саған көмектесетін бір жақсы қасиетті жаз және керісінше кедергі жасайтын қасиетті жаз.

Маған көмектеседі

Кедергі жасайды

5 тапсырма. 

Қандай адам болғың келеді, соның суретін сал. Бойыңда қандай қасиеттер болса деп ойлайсың? Жаз.

                           

                              «Сәлем» ойыны.

     Нұсқау. «Бөлмеде жүруді бастаңыздар.Мен сіздерге топтың әр бірімен қол беріп амандасуды ұсынамын және де былай айту керек:«Сәлем! Сенің  қалың қалай?» Тек қана осы қарапайым сөздерді көбірек айтыңдар. Бірақ, маңызды ереже ол: амандасып болған соң қолыңды босатуға болмайды, келесі біреумен екінші қолмен амандасуды бастағанда ғана ана қолды босатуға болады. Басқаша айтқанда, сіздер үнемі контактіде болуарыңыз керек.  Осылайша тағы жалғастыруға болады, басқа сөздер айтып, мысалы, «Сенің осында болғаның қандай жақсы!» деген сияқты

 

Сабақты қорытындылау.

Берілген әйнекшеге көршіңе қандай мақтау сөздерді арнар едің, соны жаз. 

 

Рефлексия

·Диалог деген не?

·Қандай адамды ерекше адам деп айтуға болады?

·Конфликттерді жеңе аламыз ба?

·Қандай қасиеттер бізге өмірде көмектеседі?

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

18 сабақ

МЕН ҚАЛАЙМЫН, ҚОЛЫМНАН КЕЛЕДІ, БІЛЕМІН

 

Мақсаты: балалар өздерінің қабілеттерін біле білуге, қолдарынан келетін істерге деген құлшынысы, тілектерін қанағаттандыру дағдыларын меңгеруге үйрену.

Міндеті:

- өзіне деген позитивті қарым-қатынасын қалыптастыру;

- бойындағы дағды, біліктерін, сенімділіктерін  дамыту;

- алдындағы мақсатқа жете білу.

 

«Жақсы сөздер әліппесі»  тапсырмасы.

Балалар, өткен сабақта айтқан болатынбыз, сабақты үнемі «Жақсы сөздер әліппесімен» бастаймыз деп. Ендеше, «Ү» дыбысынан келетін жақсы, мейірімді сөздерді жаз: «Үлгілі, үнемді, үкілі,  ...»

Көңіл күй суреті.

Балалар, суреттегі балалар бізге жақсы көңіл күй сыйлап жатыр. Ендеше, барлығымыз бір-бірімізге жақсы көңіл күй суретін салып, сыйлайық.

 Шағын әңгіме  "Қиындықтар бізге оларды еңсеру үшін берілген"

Психолог: Сендердің алдарыңда ортада сұрақтары бар карточкалар жатыр. Сендер онда қойылған сұрақтарға жауап берулерің керек. Шынайы жауап беруге тырысыңдар.

  Сұрақтар:

1.Қиындықтар – ол жаман ба?

2. Адамға не үшін қиындықтар беріледі?

3. Адам қиындықтармен қалай күресуі керек?

4. Сен проблемаларды қалай шешесің?

5. Проблема туындағанда сен ол жайлы ата-аналарыңа, үлкендерге айтасың ба?

Проблемалар адамның өмірінде, бір нәрсені түбегейлі өзгерту үшін,  өмірде оның рухани дамуына жағдай жасап, ол бұрынғысынан да күшті, мықты, ақылды болып, ойлана, шешім қабылдай алуына, өміріне өзгеріс енгізуіне ықпал етеді.   Адам эгоизмнен және өзін аяудан жазылуды тек өзі жасай алады, өзін жақсы көру арқылы. Адам өзін жақсы көргенде, эго емес жүрек басшылық етеді. Сол уақытта ол ешкімді айыптамайды, сөкпейді. Ол бекер өзінің  қымбат уақыты мен энергиясын шығын қылмайды .

Егер адам көп затты қалап, бірақ тілек еткенге қол жеткізу үшін ешқандай қадамды істемесе, яғни, ол нағыз эгоист, өзін аяп, өз жалқаулығы мен әлсіздігін жасырады. Міне, сондықтан өзіңді аяуды тоқтатып, өз эгоизмін реттеп, өзіңді және мінез-құлық сапаларын өздігінен жетілуіне нақтылы әрекеттер істеу керек, сол уақытта адамда күштер, позитив пайда болады және тілек еткен нәтижелер міндетті түрде болады .

 

 

Тапсырма "Қаралы күнге ескертпе".

Кестені толтыр, әр бағанға 3 пункттен жаз. Менің мінезімдегі ең жақсы ерекшеліктер; Менің табысым; Менің жетістіктерім.

Талдау.

·Өзінің табыс, жетістіктерін айту.

·Өзінің жетістіктеріңді айту қиын болған жоқ па?

·Қазір қандай сезімдесің?

 

«Өзеңе деген мейірімді сөздер» жаттығуы.

Барысы: Қатысушы өзіне мейірімді сөздер ойлап табады. (2 минут),содан кейін оны дауыстап айтады.

Талдау.

Осы сөздерді тауып айту қиын болған жоқ па?

Өзіңді қалай сезінесің?

 «Алтын орындық» жаттығуы.

Қатысушылардың бірі шеңбердің ортасына отырады. Қатысушылар оның бойында ұнайтын қасиеттерді айтады. Мысалы, «Дамир, сен өте елгезексің, сенімен қарым-қатынас жасау маған ұнайды»      Дамир пікірлер жайлы өзіне не жаңалық болды, нені өзі де біледі екені жөнінде айтады. «Алтын орындықта» бірнеше бала болып шығуы мүмкін.

 

Сабақты қорытындылау.

Берілген әйнекшеге көршіңе қандай мақтау сөздерді арнар едің, соны жаз.                                                       

 

Рефлексия.

·Эгоист деп кімдерді айтамыз?

·Ондай қасиеттен қалай арылуға болады?

·Өз көңіл күйіңді қалай көтеруге болады?

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

19 сабақ

МІНЕЗ ДЕГЕН НЕ?

 

Мақсаты: Мінез-құлық  жайлы ақпарат бере  отырып  өз ойын  ашық  айтуға  машықтандыру.

Міндеті:

- мінез түсінігімен таныстыру;

- мінездің жақсы қасиеттерін дамыту;

-  өз өзін тәрбиелей білуге дағдыландыру.

 

«Жақсы сөздер әліппесі»  тапсырмасы.

Балалар, өткен сабақта айтқан болатынбыз, сабақты үнемі «Жақсы сөздер әліппесімен» бастаймыз деп. Ендеше, «Ұ» дыбысынан келетін жақсы, мейірімді сөздерді жаз: «ұқыпты, ұтымды, ұмтылу  ..»

 

 «Мен жақсы көремін жаттығуы

Балалар кезектесіп, не жақсы көретіндерін, немен айналысқан ұнайтынын айтады. Мысалы, «Мен шана тепкенді ұнатамын. Ал сен ше?». Осылай балалар кезектесіп, айта береді.

 

Шағын әңгіме.

Мінез – ол адамның тәртібі.

Басқа адамдармен қатынаста отырып әр адам өз мінезін танытады және өзгенікін бағалайды. Түрліше мінез иелері ұқсас жағдайларда әр-түрлі әрекет етеді, күйзеледі. Егер біз келесі адамның мінезін жетік білетін болсақ, онда бізге оның әрекеттерін түсіну де оңайға соғады, ендеше, ол адаммен қатынасудың тиімді стилін таңдап, белгілі жағдайлардағы әрекет-қылықтарын болжай аламыз.

Сендердің мінездерің қандай? Саған келетін қасиеттердің астын сыз.

2 тапсырма.

Саған сәйкес келетін қасиеттердің астын сыз.

·       Адамдарға деген қарым-қатынас ( ашық мінезді немесе тұйық мінезді, сезімтал немесе рақымсыз, елгезек немесе дөрекілік, сыйластық немесе  жек көру);

·       Өзіне деген қарым-қатынас ( адамгершілік немесе арсыздық, қарапайымдылық немесе асқақатық, дарашылдық, өз өзіне сын көзбен қарау);

·       Сабаққа деген қарым-қатынас (еңбекшілдік немесе жалқаулық, жауапкершілік немесе жауапсыздық, белсенділік немесе енжарлық);

·        Заттарға деген қарым-қатынас (ұқыптылық немесе ұқыпсыздық, құнтақтылық немесе салақтық)

 

3 тапсырма."Аяқталмаған сөйлемдер"

 Сөйлемдерді аяқта.

*  Мен көпшілікке ұқсаймын .....

*  Мен көпшілікке ұқсамаймын, себебі, .....

Балалар, өмірде адамдардың жақсы және жаман мінездері болады. Жақсы мінездер тек жақсы адамдарда қалыптасқан. Бірақ, оларда да жаман мінездері болған, олар онымен күресіп, жеңе білген.

 

 «Интервью» ойыны

Әр баладан кезектесіп, қатысушылар бір-біріне микрофон беріп, интервью алады.  Олар әр түрлі сұрақтар қояды:

—       Сурет салғанды ұнатасың ба?

—       Ертегі оқыған ұнайды ма?

—       Түс көрген ұнай ма? Т.с.с.

Талдау. Өздерің көріп тұрғандай, әр қайсыңда ерекшеліктер бар, әркім әр түрлі іспен айналысады. 

 

 

4 тапсырма.   «Көршінің сыйлығы»

Қандай қасиеттерді өзіңе сыйлық ретінде алғың келеді? Сол қасиеттерді дәптердегі ленталарға жазып шық.

 

5 тапсырма.

Балалар, сендер менімен келіседі деп ойлаймын, әр адамның жаман қасиеттерімен қоса жақсы қасиеттері де бар. Суретке қарап айтшы, қай балалар кімге дұрыс өмір сүруге көмектеседі, ал қайсылары кедергі жасайды? Балалардың бақытты өмір сүрулеріне көмектесетін және кедергі жасайтын қасиеттер болады.  

Көңілді болып тұрған суретке жақсы қасиеттерді қос, көңілсіз болып тұрған суретке дұрыс өмір сүруге кедергі жасайтын қасиеттерді қос. Неге олай еткеніңді түсіндір.

Болашақта сен қандай боласың? Үлгі бойынша сөйлемді аяқта.

Болашақта мен  ­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­.......... боламын.

 

 

Жеке дара  жұмыс. «Мен қандаймын?»  атты  лото  арқылы  ұйымдастырылады.

-Балалар   адамзатты  сүю  үшін менің  бойымда  қандай  қасиеттер  болу керек?-деген сұрақ  төңірегінде  ойланып  көрейік. Әр  балаға  лото  тараталады,  онда  адам  бойында  кездесетін  жағымды  және жағымсыз  қасиеттер  бейнеленген.  Сенің    бойында  бар деп  есептеген  қасиетті  алдындағы  дөңгелекке  қызыл нүкте  қойып  белгілейсің.

 

 «Автопортрет» проекттік әдістеме.

 Өз мінездеріңнің суретін салыңдар.

 

Сабақты қорытындылау.

Берілген әйнекшеге көршіңе қандай мақтау сөздерді арнар едің, соны жаз. 

 

Рефлексия

·Мінез деген не?

·Жақсы және жаман мінез болады ма?

·Жаман мінезбен қалай күресуге болады?

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

20 сабақ.

МІНЕЗ ДЕГЕН НЕ?

 

Мақсаты: мінез-құлық  жайлы ақпарат бере  отырып  өз ойын  ашық  айтуға  машықтандыру.

Міндеті:

- мінез түсінігімен таныстыру;

- мінездің жақсы қасиеттерін дамыту;

-  өз өзін тәрбиелей білуге дағдыландыру.

 

«Жақсы сөздер әліппесі»  тапсырмасы.

Балалар, өткен сабақта айтқан болатынбыз, сабақты үнемі «Жақсы сөздер әліппесімен» бастаймыз деп. Ендеше, «Ы» дыбысынан келетін жақсы, мейірімді сөздерді жаз: «Ынтымақты, ырысты, ықыласты,  ..»

 

2 тапсырма. «Әдемі есімдер»

Үйде сені еркелетіп атайтын аттарыңды жаз.

            

3 тапсырма. «Қуаныш минуты»

дәптердегі көңілді жануарларға қарап, балаларға оларды көрсетіп бер.     

 

4 тапсырма. «Маған ұнайды»

Әр адамға әр түрлі мінездің қасиеттері ұнайды. Саған қандай қасиет ұнайды?

(Батылдық, тілектестік, елгезектік, дөрекілік, шыншылдық, қатыгездік, еңбекқорлық, жалқаулық, ұқыптылық, өкпелегіш).

 

5 тапсырма.  «Не жасырылған?»

Ойлан, мінездің қандай қасиеттері жасырылған? Дұрыстап жаз.

(Дыйықарым, імдімейір, геелзек, шылшын, тідепә)

 

Осы қасиеттердің қайсы саған келеді? Келетін қасиеттердің алдына МЕН деп жазып толықтыр.

 

6 тапсырма.  «Мен кіммін? Мен қандаймын

Осы үш сөйлемді жалғастыр.

 

Мен ойлаймын, мен ...

Басқалар мені....... деп ойлайды.

Мен ...,, болғым келеді.

 

7 тапсырма. «Міне, мен қандаймын! Таптыңдар ма?»

Сауалнаманы толтыр.

Мен жақсы көрем

Менің досым

Мен айналысамын …

Менің мінезім …

Көршімнің жақсы мінезі ......

 

8 тапсырма.   «Ықыласты»

Қандай адамды ықыласты, елгезек деп айтуға болады? Ол үзілісте, бос уақытта, сабақ үстінде  өзін қалай ұстайды? Елгезектік қасиет көрсететін балалардың аттарын жаз.  Дауыстап оқы.

                               

9 тапсырма.  «Кімді елгезек дейді?»

Ойланып жауап бер, Алижан мен Назеркені елгезек деуге болады ма? Әңгіменің жанына «ия», «жоқ» деп жауабын жаз. Елгезектік деген не және ол қандай кездерде көрініс табады?

                                                 ***

Айдын сабақта нашар баға алып қалып, қатты ренжіді. Үзілісте оған Алижан келіп, ойынға шақырды. Айдын ойыннан бас тартты. Алижан: «Жарайды, ойнамасаң қой!»-деді де Мақсатпен ойнап кетті. Алижанды елгезек деп айтуға бола ма?

 

                                                   ***

Камиланың анасы бірнеше күнге жұмыспен жол жүріп кетті. Камила анасын қатты сағынып жүрді. Күні бойы Камила тек анасын ойлаумен болып, жақын құрбысы Назеркемен де ойнаған жоқ. Назерке оған ренжіп қалып, басқа қыздарға кетіп қалды. Назеркені елгезек деп айтуға болады ма?

 

10 тапсырма.   «Ұқсас  қасиеттер»

Қасиеттер де адамдар сияқты бір-бірімен жақсы байланыста болады, егер де олар ұқсас болса.

 

11 тапсырма.   «Ойлан, тап»

Көпшілдік пен ақ пейілділік қандай қасиеттермен достаса алады? Сол қасиеттердің астын сыз.

·                   Көпшілдік -  ұялшақтық, ашушаңдық, өмірге құштарлық, ашықтық, әдептілік, тәрбиелілік.

·                   Ақ пейілділік мейірімділік, ықыластылық, тілектессіздік, дөрекілік,  дербестік.

 

Сабақты қорытындылау.

Берілген әйнекшеге көршіңе қандай мақтау сөздерді арнар едің, соны жаз. 

Рефлексия

·     Мінез жайлы не айтуға болады?

·     Өзіңді әлде басқаны бағалаған қиын?

·     Жаман мінезбен қалай күресуге болады?

21 сабақ

ЖАҚСЫ ДЕГЕН НЕМЕНЕ ЖАМАН ДЕГЕН НЕМЕНЕ?

 

Мақсаты: балаларға жақсы мен жамандықты айыра білуге, жақсылық жасап, жамандықтан қашық болуға үйрету.

Міндеті:

- жақсы  мен  жаманды  ажырата білу;

- балалардың бойында жақсы қасиеттерді дамыту;

-  өз өзін тәрбиелей білуге дағдыландыру.

 

«Жақсы сөздер әліппесі»  тапсырмасы.

Балалар, өткен сабақта айтқан болатынбыз, сабақты үнемі «Жақсы сөздер әліппесімен» бастаймыз деп. Ендеше, «І» дыбысынан келетін жақсы, мейірімді сөздерді жаз: «Інжудей, ілгерінді, інідей  ..»

 

«Тұрыңдар» ойыны

Мақсаты: топтық жұмыс жасауға дайындық, жұмыс ахуалын тудыру.

Бәрі шеңбер бойында отырады. Жүргізуші кез келген санды айтады: Мысалы,  «3» деп. Осы кезде сонша бала орнынан тұруы қажет.

 

Шағын әңгіме.

 Қандай қылықтарды жақсы, қандайды жаман дейміз?

Демек, адам бойында жақсы - жаман қасиеттер болады екен. Ал біз жақсы қасиеттерді ананың ақ сүтімен, бал тілінен бойымызға сіңіреміз. Жақсы бала осы қасиеттерді үйреніп, ұнамсыз қылықтардан аулақ болуға тырысады. Ал енді ақылды, әдепті балалар қандай болуы керек?

 

 

Жағдаят «Пайдалы кеңестер»

Балалардың дұрыс әрекеттерін таңдап, жанына белгі қой.

 

Жағдаяттар

Балалардың әрекеттері

 

1.Мен мектепке үлкен қызыл машинамды әкелдім.(Аяз Атаның сыйлығы), ал Мақсат «байқаусызда» машинаның үстіне құлады. 

 

Жылап, мұғалімге жүгіріп бару

 

Машинаны алып, Мақсатты бар күшпен соғу.

 

10 дейін санап, тынысыңды бақылап, сабырлы кейіппен Мақсатпен машинаны үлкендер жөндеп бере алатындығы жөнінде сөйлесу. 

 

2.Үзілісте Наргиз мені тағы да жынды деп мазақтады.

Бұрылып алып, қатты оны соғу

 

Мұғалімге шағымдану

 

Ол маған ғашық шығар деп ойлап, оған: «Кім қалай атайды, сол өзі сондай адам» деп жауап беру.

 

3.Бүгін мені бәрі тітіркендіреді. Әсіресе қарындасым, менімен жағаласып, кедергі жасайды.

Анама: «Бүгін мен сабақты істесің десең,  алшы мына қолтырауынды!» деп айғай саламын.

 

Оны жақсылап ұрып жіберу керек, ол жылап отырғанша мен де математиканы орындап боламын.

 

Анама келіп сабақты аяқтағанша қарындасымды қарай тұруын өтіну немесе анаң үйде болмаса, онымен мектеп ойнап алдандырып, өзім де сабағымды істеп алған боламын.

 

 

Мақал-мәтелдер:

Келесі мақал-мәтелдердің мағынасын ашып, әңгімелеу.

«Су ішкен құдығыңа түкірме»;

«Бір жеңнен қол шығар, бір жағадан бас шығар»;

«Жақсы адам жолдасынан белгілі»;

«Шабыспақ оңай, табыспақ қиын»;

«Біреуге ор қазба, өзің түсерсің».

 

Т.П. Гаврилованың «Аяқталмаған әңгімелер» әдістемесі.

Оқып, жауаптардың өз нұсқаларын беріңдер:

***

1.Бала ит асырауды армандайтын. Бір күні таныстары жол жүрулеріне байланысты итті қарай тұруын өтінді. Бала итке бауыр басып,  жақсы көріп қалды.  Ол оны тамақтандырып, далаға серуендеуге шығарып жүрді. Бірақ, ит өз иелерін сағынып, олардың тез келулерін күтті. Біраз күнен соң иелері де келді. Олар баланың итті қайтару, қайтармауды өзі шешкені дұрыс деп шешті.                       Бала не істейді деп ойлайсың? Неге олай етті?

***

2.   Бала даладан мысықтың күшігін тауып алып, үйге алып келеді. Әжесі күшіктің ауру болуы мүмкін деп далаға тастай салады. Бала әжесіне қатты ренжіп, ұрысып алады. Кешке әжесі: «Үйіме кетуіме тура келеді, ол жерде жалғыз болсам да» дейді.

Бала не істейді деп ойлайсың? Неліктен олай етті?

***

3. Айдын әйнекті сындырып алды. Ол жазалаудан  қорқып, тәрбиешіге оны сындырған Мақсат деді. Бала бақшадағы балалар оны біліп қойып, Айдынмен сөйлеспей, ойынға да қоспай қояды. Мақсат ойланып: «Айдынды кешірейін бе, әлде кешірмейін бе?». Максат не істейді? Неліктен?

 

 Тапсырма «Қандай адамды тілектес деп айтады?»

Сенің бойыңда жақсы қасиеттер бар, бірақ, сен оны көп көрсете қоймайсың. Ойланып сол қасиеттерді мына рюкзакка жаз.

Қандай адамды тілектес деп айтады? Кімге ол жақсылық тілейді? Сен келісетін сөздердің астын сыз.

Ол жақсылық тілейді

-         Өзіне; Жақын досына; Мұғаліміне; Барлық балаларға

Сенің дәптеріңе ЕМЕС сөздің бөлшегі келіп, тілектес сөзін неге айналдырды?    Жаз. ...

Қандай адамдарды солай атайды? Ол не істейді? Керегін сызып қой.

Қосымша қосатыныңды жазып қос. Ол

·     Балаларды мазақтайды

·     Сабақта біреу шатасып қалса, күледі

Тапсырма «Конфликтті шешейік»

Балаларға конфликті жағдайды шешіп, татуласуға көмектес. Әр бала осы жағдайда не істей алады?

Сабақты қорытындылау.

Берілген әйнекшеге көршіңе қандай мақтау сөздерді арнар едің, соны жаз. 

Рефлексия

·Соңғы үш күнде жасаған жақсы қылығыңды еске түсір?

·Адамға не үшін ұят болуы мүмкін?

·Жаман қылықпен қалай күресуге болады?

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

22 сабақ

СИҚЫРЛЫ СӨЗДЕР ҚҰПИЯСЫ

 

Мақсаты: балаларға айналасындағылармен қарым-қатынастағы сөйлеу тілінің, сөздің күші жайлы түсінік қалыптастыру.

Міндеті:

- үйренген сөздерді дұрыс қолдана білу;

- сөздер құпиясын жетік білу, қолдану дағдыларын дамыту;

-  өз өзін тәрбиелей білуге дағдыландыру.

 

«Жақсы сөздер әліппесі»  тапсырмасы.

Балалар, өткен сабақта айтқан болатынбыз, сабақты үнемі «Жақсы сөздер әліппесімен» бастаймыз деп. Ендеше, «Ж» дыбысынан келетін жақсы, мейірімді сөздерді жаз: «жағымды, жомарт, жақсы  ..»

                                                                                                                               "Әдемі доп" жаттығуы. 

Қатысушылар бір-біріне допты лақтырып, «Сен маған ұнайсың ….»

 

Теореялық бөлімі.

     Достарыңды кездестіргенде не айтасыңдар?

      Амандасқанда қандай тілектер айтасыңдар?

      Әр түрлі амандасуға да болады ма?

     Қандай ым, ишарамен де амандасуға болады?

     Сендер көптеген жақсы сөздер біледі екенсіңдер!

     Тағы қандай әдепті сөздерді білесіңдер?

     Қай кезде рақмет айтылады?

 -   Қай кезде кешіріңіз айтылады?

-                     Қандай сиқырлы сөздер білесіңдер?

-                     Неге біз оларды сиқырлы сөздер дейміз?

-  Сендер бұл сөздерді жиі қолданасыңдар ма?

-  Мысал келтіріңдер.

 

 Ойын «Кім көп сөз біледі?» Сиқырлы сөздерді жазу.

 Өз басынан кешкен оқиғаларды ортаға салу. Сиқырлы сөздердің кұшін айту

 

2 тапсырма.  «Тілектес болу қиын ба?»

Тілектес адамға қандай жағдайда қиын болады? Келісетін жауаптардың астын сыз.

·Оны ренжіткенде.

·Оны мазақтағанда.

·Оны ойынға қабылдамағанда.

·Оған сырды айтпағанда.

·Оны итергенде.

 

3 тапсырма. «Адам қалайша тілектестігін сақтай алады?»

Қай суретте тілектес қасиетін сақтаған бала бейнеленген?

 

4 тапсырма.  «Тілектес адам тентектік таныта алады ма?

Ойлан, ол не жасауы мүмкін, суретін салып, балаларға көрсет.

 

5 тапсырма.  «Қалай жауап беру керек?» Егер де саған біреу келіп тиісетін болса, сабырлық, ұстамдылықты сақтап, қандай жауап беруге болады?

·Тура қазір менің жанымнан кет!

·Менен әрі кетші!

·Былай тұр, әйтпесе, мұғалімге айтамын!

·Қазір ұрып жіберемін!

 

6 тапсырма.   «Тілектес адам ондай іс-әрекетке бармайды»

Мына сызбаның ішіне тілектес адам ешқашан айтпайтын сөздерді жаз. Сол сөздерді ешкім көрмейтіндей етіп бояп таста.

 

Қазақ ертегісі: АҚЫЛ, ҒЫЛЫМ, БАҚЫТ.

Ақыл, Ғылым және Бақыт кім жақсы екені жөнінде дауласты. Бір сөзге келе алмай, биге келіп, жүгініпті. Би Бақытқа бұрыла:

-Сен , Бақыт, құбылмалысың және анық емессің, жиі көрінесің, адамды бақытқа жеткізесің де оны толқуға мәжбүр етесің, азап шегеді, сонан соң  бір сәтте тастайсың. Сен Ақылмен жақсырақ таныс, ұзақ өмір сүресің .

Ал сен, Ғылым- әлемде бәрінен де күштісің. Сен қара тасты балқуға мәжбүр ете аласың, бүкіл әлемді жарқыратасың.Кейде жоқтан да бірдеңе істейсің, кейде керексіз нәрселер жасайсың. Сен жасай да аласың, қирата да аласың. Сен Ақылмен таныс. Оны құрметте, сол уақытта ұзақ жасайсың.

Сот Ақылға айтты :

— Әлемде сенен басқа адамға жақсы дос жоқ.  Бірақ, адам ашуланғанда, сен жоғалып кетесің, жауыздыққа жол беріп, адамды қателіктерге ұрындырасың. Болатын нәрсе болған соң қайтып келесің. Сен орын алған қателіктерді түзетуге тырысасың. Одан бірақ та еш нәтиже бола қоймайды. Егер сен адамды ашуланған кезде тастап кетпегенде, қателіктер болмас еді.

Би бұларға бұрыла былай деді:

-Ақыл, сен адам бол, Ғылым, сен жылқы бол, Бақыт, сен қамшы бол. Егер бәрін бірігіп іс-әрекет етсеңдер, бәріңе де жақсы болады.

 

Сабақты қорытындылау.

Берілген әйнекшеге көршіңе қандай мақтау сөздерді арнар едің, соны жаз. 

Рефлексия

·Қандай сөздерді сиқырлы сөздер дейміз?

·Күнделікті қарым-қатынаста қандай ережені қолданасың ?

·Бүгін қандай жаңалық білдің?

23 сабақ

 

                                  СИҚЫРЛЫ СӨЗДЕР ҚҰПИЯСЫ

 

Мақсаты: балаларға айналасындағылармен қарым-қатынастағы сөйлеу тілінің, сөздің күші жайлы түсінік қалыптастыру.

Міндеті:

- үйренген сөздерді дұрыс қолдана білу;

- ұжымда дұрыс сөйлеу дағдысын дамыту;

-  көпшілік жерлерде өзін дұрыс ұстай білу.

 

Ұйымдастыру кезеңі.

Оқушылардың психологиялық дайындығы.

 

1 тапсырма. «Қуаныш минуты»

Дәптердегі  көңілді жануарларға қарап, балаларға оларды көрсетіп бер.

2 тапсырма.   Өлең   «Не деу керек?»

Апаң сенің базардан                                                                                            Алма сатып әкелді                                                                                                           Ең үлкенін жақсысын                                                                                             Саған таңдап әперді                Не деп барып жеу керек?

Балалар жүр көшеде                                                                                         Естіледі шу айқай                                                                                                Сенде шықтың көршіңді                                                                                         Қағып кеттің байқамай.           Мұндайда не деу керек?

Осы келген бетіңде                                                                                            Допты қудың, жарыстың.                                                                                  Көшенің сол шетінде                                                                                          Кезікті бір танысың.                  Ұмыттың сен не деуді?

Үй артында қоқысты                                                                                            Жатқан көптен үйіліп.                                                                                        Тазалайды қарт кісі,                                                                                                      Белі зорға иіліп                             Не дегенің жөн еді?

Әжең сенің түскі асқа,                                                                                            Қант пен кәмпитті салды мол.                                                                               Жұрттан бұрын ыдысқа                                                                                               Ай шай жоқ салдың қол.              Жөн еді не айтқаның?

Добын апар Назардың!                                                                                             Деді ағаң бармадың.                                                                                     Тапжылмадың, сазардың,                                                                                      Аға тілін алмадың.                         Сен қай сөзді айтпадың?

 

 

3 тапсырма.  «Демонстрациялау» . Демонстрациялау қажет емес жерді көрсет.

·Сахнадағы актер.

·Сабақтағы оқушы.

·Жиналыстағы оратор.

 

4 тапсырма.   «Өзіне басқалардың зейінін аудару»

Өздеріне көпшіліктің назарын қайткен күнде де аудару үшін оқушылар не істейді? Астын сыз немесе жазып толықтыр.

- сабақта айғайлап отырады.

- айтуға болмайтын нәрселерді айтады.

- өздерін үлкен адамдар сияқты көрсеткілері келеді.

Саған осындай қасиеттер ұнайды ма?

 

5 тапсырма. «Демонстративті оқушыға кеңес»

Демонстративті оқушыға қандай кеңес берер едің? Сен келісетін кеңестің астын сыз немесе өз нұсқаңды жаз.

·қызықты ойын ойлап тап

·сабақта қызықты етіп жауап беруге тырыс

·басқаларға жылы сөзіңмен көмектес

 

Тест "Тыңдау білесің бе?"

Сұрақтарға  «ия» немесе «жоқ» деп жауап бер.

1. Біреумен сөйлесіп отырған кезде сен жиі басқаға көңіл бөліп кетесің бе?

2. Басқаны ойлап отырып, тыңдап отырған кейіп танытасың ба?

3. Әңгімелеушінің әңгімесін сен эмоционалды түрде тыңдайсың ба?

4. Әңгімелеушінің әңгімесіне сен жиі килігесің бе?

5. Сен тыңдап отырасың ба, әлде тыңдап отырған кейіп танытасың ба?

6. Басқаларды тыңдап отырғанда сен жиі өз ойыңмен боласың ба?

7. Мүмкін сен әңгімелеушіні тыңдап отырғанда, айтатын сөзіңді ойлап отырасың ба? 

 

 Сиқырлы сөздер тізбегі.

Сәлемдесу

·        Сәлеметсіз бе.

·        Қайырлы таң.

·        Қайырлы кеш.

·        Қайырлы күн.

·        Қош келдіңіз!

·        Кездескеніме қуаныштымын.

·        Сізді қайта көргеніме қуаныштымын.

 Қош айтысу

·        Кездескенше.

·        Жақсылықта болыңыз.

·        Амандықта болыңыз.

·        Көріскенше.

·        Келесі кездескенше.

·        Қош болыңыз.

·        Бақытты болыңыз.

·        Жолыңыз болсын.

 Кешірім сұрау

·        Кешірім өтінемін.

·        Мені кешіріңіз.

·        Ғапу етіңіз.

·        Кешірім сұраймын.

·        Менен ағаттық кетті.

 Өтініштер

·        Рахмет жаусын.

·        Рахым етіңіз.

·        Егер қиын болмаса.

·        Өтінемін, қарсы болмаңыз.

·        Рұқсат етуіңізді өтінемін.

·        Рұқсат етіңіз.

 Алғыс

·        Үлкен рахмет.

·        Өте ризамын.

·        Сіз маған зор көмек көрсеттіңіз.

·        Алғысымды білдіремін.

           

"Мені түсін" ойыны.

Мақсаты: Тыңдай, тыңдау білу қабілеттерін дамыту, бір-бірін сөйлесу барысында «Сөзді бөлу»  жағдайы арқылы талқылау.

Барысы: Барлық қатысушылар бір мезгілде өз сөздерін айтады, ал жүргізуші ести алған сөздерін айтады.

Рефлексия:

Жаппай шуда қандай да бір сөзді есту мүмкін ба еді? Сөзді түсінуде қандай қиындықтар кездесті?

Сабақты қорытындылау.

Берілген әйнекшеге көршіңе қандай мақтау сөздерді арнар едің, соны жаз. 

Рефлексия

·Өзіңді бағалау қиын ба?

·Күнделікті қарым-қатынаста қандай ережені қолданасың ?

·Бүгін қандай жаңалық білдің?

 

 

 

24-сабақ

КІШКЕНТАЙ БОЛАШАҚ БИКЕШТЕР МЕН НАР

ТҰЛҒАЛЫ ЖІГІТТЕР.

 

Мақсаты: әйел нәзіктігі мен ерлердің азаматтығы туралы түсініктер  қалыптастыру.

Міндеті:

- өздеріне тән табиғи жаратылыс жайлы түсінік беру;

- бір-бірін сыйлай білу дағдыларын дамыту;

-  ортада дұрыс  тіл табыса білуге дағдыландыру.

 

Ұйымдастыру кезеңі.

"Молекулалар" жаттығуы.

Қатысушылар бөлме ішінде қозғалыста болады. Жүргізуші қандай да бір санды айтады, қатысушылар айтылған санға сәйкес бірігіп шоғырланады. 

 

Теоретиялық бөлім.

Ерте-еретеде нар тұлғалы жігіттер мен керемет бикештер өмір сүрген.

Нар тұлғалы жігіттер сауыт-саймандар киіп, бикештер үшін шайқасқан. Ал би кештер өте тәрбиелі, мейірбан болған.  Нар тұлғалы жігіттер өздерінің мықты, күшті екенін біліп, әлсіздерді қорғаған. Кім әлсіз болды?  Әйелдер, балалар, қарттар. Сол кезден әлсіздерді қорғау, көмек қылу дәстүрі қалған. Сондықтан, ер жігіттер әйел адамның жанында оны қорғау, қолдау үшін табылған. Әйел адам тұрған болса, ер жігіттер де отырмаған. Көліктен шығарда ер жігіт әйел адамға қолын береді. Ол оның ауыр сөмкелерін көтереді. Әйел адам болса, үйінде тазалықты ұстап, жайлылық жасап отырған. Өскен кезде сендер де солай істейді деп ойлаймын. Осы кезде де ұлдар мен қыздар сендер жақсылықтар жасай аласыңдар.

 

 «Біздің қарым-қатынастарымыз» әңгімесі.

- Қалай ойлайсыңдар, ер бала қыз бала үшін не жасай алады? 

Балалар: Киімін әпереді, жолдан өткізіп жібереді, алдынан өткізіп жібереді, орындығын ұсынады, қорғайды,

 Психолог. Ал қыз бала өзін қалай ұстауы тиіс?

 Балалар: Ер балалардың көмегін қабыл алуы тиіс, алғыс білдіру, немесе көмегінен әдепті түрде бас тартып «Рақмет» деуі тиіс.Олар да ер балаларға бөлме ішін жинағанда көмек жасауы тиіс, шаң сүртіп, гүлге су құйып. Ер балаларға аяқ киім бауын байлауға, түймесін салуға көмек жасауға  тиіс.

 

1 тапсырма.  «Несімен ерекшеленеді

Суреттегі қыз балалар несімен ерекшеленеді? Ер балалар несімен ерекшеленеді?

 Сыртқы көріністерінде айырмашылықтары бар деп айтуға болады ма?    

Өзіңнің көршіңе қара. Сыртқы көрінісінде сенің айырмашылығың бар ма?

Сен келісетін пікірдің астын сыз.

·Менің көзімнің түсі көршімнің көзінің түсінен айырмашылығы бар.

·Мен шаш қою үлгім көршімнен ерекшеленеді.

·Біз көршіміз екеуіміздің  жынысымыз әр түрлі.

 

2 тапсырма.  «Ішкі және сыртқы»

Адамдар бір-бірінен тек сыртқы көрінісімен ғана емес іштей де ерекшеленеді. 

Ішкі ерекшеліктерін, адамға жай бір қарағанан байқау мүмкін емес. Оның тәртібін қадағалау керек. Ішкі ерекшеліктері – ол адамдардың қасиеттері.

   Сен білесің, жақсылық жасайтын адамды біз МЕЙІРІМДІ дейміз. Ал еңбектенгенді жақсы көретін адамды қалай айтады?

 

3 тапсырма.

Бұл қасиетке қай суреттер сай  келеді? Оларды боя.

 

4 тапсырма.  «Ойлан, не жасырылған

Қандай қасиеттер жасырылған, қалып қойған әріптерді қой.

ұқ ..ты.

..деп..і

қ..йы..ым..ы

..е..ір..мд..

Төменде айтылған қасиеттердің жанына соған сәйкесетін сыныптағы оқушылардың аттарын жаз.

·балалармен үнемі жақсы қарым-қатынаста.

·әдемі және таза жазады.

·басқалар мазақтайтын балаларды қорғайды.

·қиындықтарды жеңіп, бастаған ісін аяғына дейін жеткізеді.

 

«Кім күшті? ойыны.

Қазір «рыцарлық турнир» өткізіп, ең күшті ер баланы анықтаймыз. Ең алдымен 2 қатысушы керек. Олар бір-біріне қарсы отырып, қол күрестіреді.

Жеңімпазды құттықтаймыз.

 

 «Ұйқыдағы ару» ойыны.

Ш. Перро  «Ұйқыдағы ару» ертегісін есімізге түсіреміз. Біздің қыздарымыз кезек-кезек үйқыдағы аруды салады. Ер балалар оны ояту үшін әдемі, жақсы сөздерді айтады. «Ұйқыдағы ару» ұнаған сөзден оянып кетуі тиіс.

 

 

5 тапсырма.    «Хат».

Сыныбыңдағы ұлдарға немесе қыздарға олардың қандай болғанын қалайтының жөнінде хат жаз.

 

Сабақты қорытындылау.

Берілген әйнекшеге көршіңе қандай мақтау сөздерді арнар едің, соны жаз. 

 

Рефлексия

·     Ұл бала мен қыз бала арасында достық болуы мүмкін бе?

·     Қарама-қарсы жыныстағылармен сен күнделікті қарым-қатынаста қандай ережені қолданасың?

·     Бүгін қандай жаңалық білдің?

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

25-сабақ

ӘДЕП ЖӘНЕ ӘДЕПТІЛІК ДЕГЕН НЕ?

 

Мақсаты: оқушылардың бойында өнегелі-этикалық тәртіп түрлерін қалыптастыру.

Міндеті:

-  балалардың бойларына әдептілік тәртіп ережелерін сіңіру; 

- адамгершілік, сыйластық қабілеттерін дамыту;

-  бір-бірін сыйлай білу, әдептілікке үйрену.

 

"Кім, не жақсы көреді"жаттығуы.

Жаттығу жылдам екпінде өтеді. Психолог балаларға бұйрық бойынша тұруды ұсынады. Мысалы, тұрыңдар: «кім ұйықтағанды жақсы көреді», «кім сабаққа кешігеді», «кім домбыра тартуды біледі», ..Сол балалар орнынан тез тұрады.

Шағын әңгіме

Әдептілік- адам бойындағы ең асыл қасиет. Әдепті бала ұқыпты, тіл алғыш, шыншыл болады, өтірік айтпайды, достарын жақсы көреді, ешкімді ренжітпейді және жаман қылықтардан аулақ болуға тырысады. Ондай баланы үлкен де, кіші де сыйлайтын, жақсы көретін болады.

 Этика – адамгершілік, қоғамдағы адамдардың мінез-құлық нормасы жөніндегі ғылым.

 Тәртіп үлгісін айтқан кезде адамның айналадағы адамдармен қарым-қатынас түрін айтады. Оның сөйлеуінде, қозғалысында, интоннациясында, мимикасында, ишарасында, киім киісінде т.с.с.көрініп тұрады.

 

1 тапсырма.  Қарым-қатынас ережесі

Келесі жағдаяттарға жол беру немесе бермеу жөнінде жаз.

·Егде келген адам трамвайда әрең тұр, жанындағы орындықта орын беру жөнінде ойларына да алмай, жастар отыр.

·Мейрамхана, кафеге келуші пышаққа жұққан тағамды жалап отыр.

·Көпшілік жерде сен ұмытып, шырпымен тісіңді шұқып отырсың.

·Сен келген меймандарға, оларды қызықтырмайтынына қарамастан, телебағдарламалар жайлы айтып шаршатасың.

·Сен анаңның үйге ауыр сөмкелерді көтеріп әкеле жатқанына сабырлы кейіппен қарайсың.

 

Әдепті тыңдаушы

·Егер де сен жұмыс жасап жатқанда, біреудің саған өтініш жасап тұрғанын байқасаң, бар жұмысыңды тастап, қарап тыңда.

·Аяғына дейін мұқият тыңда. Сөзін бұзба. Сөйлеушінің ойың бұзба, өз сөздеріңді киліктірме, ол үшін сөйлемді аяқтама, әңгіме барысында ескертулер айтпа. Кейде адам ішіндегісін айтқысы келеді.

 

·Бірнеше адамның сөйлесу барысында, саған арналмаған сөзге жауап қатпа.

·Сен тұрған кезде біреу әдепсіздік танытып, оқыстан ашуланып сөйлесе, сен бірден әңгімеңді сыпайы түрде доғар.  

·Басқаларды күлкі, мазақ етіп әңгіме айтылса, тақырыпты өзгертіп жібер.

·Сөйлеуші сен де оны түсініп, әңгімелесіп отырғанын сезу үшін, мұқият көңіл қойып тыңда.

 

Әдепті әңгімелесуші

·Есіңде болсын, сенің тыңдаушыңның да айтары бар. Оған да әңгімеге араласуға мүмкіндік бер.

·Әңгімелесушіге зейін қой. Оның асығыс екенін, оған айтқызбай  өзің бұрын байқа. Әңгімелесушіге тақырып қызықты емес екенін аңғарғанда, бірден тақырыпты өзгертіп жібер.

·Тым көп сөйлеме. Ұзақ әңгіме адамды шаршатады.

·Әңгіме барысында өзіне түсініксіз сөздерді және тыңдаушың білмейтін сөздерді қолданба.

·Жесты (қолыңмен ербендетпе) көп қолданба. Егер сен анық, түсінікті етіп айтсаң, қиындықсыз сені түсінеді.

 

 

 

Сәлемдесу ережесі

·Есіңе салайын, кішілер үлкендерге сәлем береді.

·Сен амандасқың келген адам алыста, мысалы, залдың бір шетінде, сен оған айғайлап, қолыңмен ербеңдетпе, көздеріңмен кездескенде жымиып, басыңды изесең болғаны. 

 

Достықтың ережесі

·Досыңа көмектес: өзің істей білетін нәрсені оған үйрет; егер досыңның басына қиындық түссе, шамаң келгенше көмектес. 

·Жолдастарыңмен бөлісе біл: Егер де сенде қызықты кітап, ойыншық болса, жолдастарыңмен бөліс. 

·Егер жолдасың бір жамандық жасағалы жатса, сен оны тоқтат; Егер досың жасап жатқан ісі дұрыс болмаса, оған ол жөнінде айт.

·Достарыңмен жанжалдаспа: Олармен тіл табысып, ойна, жұмыс істе; болымсыз нәрсе үшін ренжіспе; жолың болып кетсе, асқақтама; достарыңның қуанышыңа ортақтаса біл, қызғанба; қателік жасаған болсаң, оны айтып, мойында, қателігіңді түзе.

 

 

 

2 тапсырма.  «Неліктен адамдар мазақтайды?»

Оқып, есте сақта.

Сені адам мынадай кезде мазақтайды:

- ұжымдағы сенің орның қаншалықты екенін және өз орныңды қаншалықты сақтай алатынын білу үшін;

- оған қиын, онда қандай да бір мәселе бар, сондықтан ол өзінің ашуын саған жібереді;

- сен басқаға ұқсамайсың (сыртқы бейнең, ұлтың);

- сен өзіңді дұрыс ұстамайсың: өсектейсің, шағымданасың (бұл шынымен солай ма екен соны ойлан, тәртібіңді өзгертуге тырыс)

Тапсырма «Ренжіп қалмау үшін»

Оқы және есте сақта.

 Сені мазақтағанда не істеу керек.

- Бұл оқиғаның ішінде сен жоқ сияқты, сырттан бақылап көр;

- Ойланып көр, неліктен олар сені мазақтайды (5 тапсырманы қара, сол жердегі нұсқаны таңдап қара, саған тиісті ме екен)

- Дегенмен, оған сен кінәлі болсаң, ойлан, өзіңді өзгерте аласың ба?

- Сені келіп мазақтағанға айт: «Солай мазақтаған адам, өзі сондай» т.с.

- Дауысыңды шығарып, өзің жайлы айт: «Ия, шынымен де мен.....сондаймын.(жалқаумын, өкпешілмін, жылауықпын,...) Содан не болды?» деп айт.

 

Тапсырма «Пайдалы кеңестер»

Дұрыс жауапты белгіле. Егер де өзіңнің басқа жауабын болса, жаз.

 

Жағдаяттар

Іс-әрекет

 

1.      Үзілісте ойнап жатқанда біреу мені итеріп қалды. Ешкім мойындамайды.

Арт жақта тұрғандардың бәрін итеріп жіберу.

 

Қатты айғай салу.

 

Басқа жаққа бұрылып кетіп, 10ға дейін санап, теңізді, жазды еске түсіру.

 

 

2.      Болатын жамандықтардың бәрі бүгін болды: сабақтағы екілік, досыңмен ренжісу.

Мысықты ұстап алып, құйрығынан тарту.

 

Әжеңмен ұрсысып, тамақтан бас тарту.

 

Душ қабылдап, үлкендермен немесе досыңмен сөйлесу.

 

 

3.      Атам тағы да маған ұрсып жатыр, нені қате істегенімді түсінбеймін.

Сөз қайтару.

 

Үндемей жасырынып, кешке әжеге бәрін айтып қоямын деп сөз беру.

 

10ға дейін санап, Карлсон сияқты өзіне «сабырлық, тек қана сабырлық» деп «Ата, мен сені жақсы көремін, шай әкеліп берейін бе?» деу керек. 

 

 

4.      Менің туған күнімде досым ренжітетін қалжыңдар айтты.

Оның анасына бірден хабарлау керек.

 

Оның басына бір стақан газдалған суды құйып жіберу.

 

Досыңды былай шақырып алып, оның қалжыңдары ұнамайтынын айту керек. 

 

 

5.      Сыныптасым аяғымды шалып қалып, мен құлап қала жаздадым, ол болса қатты күлді.

Оны да шалып қалуды ұмытпау керек.

 

Үзілісте оның портфелін бормен шимайлап қою.

 

Сабырлы дауыспен оған: «Мені мазаламашы, алдағы уақытта олай істеуші болма»

 

 

6.      Ән сабағының мұғалімі бір сабақ үстінде бүкіл сыныпқа үш рет мені «Некарузо» деп атады.

Оған «Кім қалай айтады, сол өзі сондай» деу керек.

 

Енді ән сабағына қатыспау жөнінде ант ету.

 

Тыныштанып, 10ға дейін санау керек. Сабақтан соң мұғалімге келіп: ««Некарузо» деген не?» деп сұрап, осылай айтқаны ұнамағанын айту.

 

 

 

Тапсырма

Суреттерді қарап, сұрақтарға жауап бер.

    -   Бірінші суреттегі бала, егер ол әдепті бала болса, өзін қалай ұстайды?

     -    Әдепсіз болса ше?

     -    Екінші суреттегі қыз бала, егер ол шыдамды болса, өзін қалай ұстайды?

- Ал егер шыдамсыз болса ше?

     -    Үшінші суреттегі бала, егер ол ұқыпты бала болса, қалай жазады?

     -    Ұқыпсыз болса ше?

 

Сабақты қорытындылау.

Берілген әйнекшеге көршіңе қандай мақтау сөздерді арнар едің, соны жаз.

 

Рефлексия

·Сен басқаларға «сиқырлы сөздерді» жиі айтасың ба?

·Қалай ойлайсың, әдепті болу қиын ба ?

·Бүгін не ұнады және не есіңде жақсы қалды?

 

                                                            26-сабақ

МЕН ӨЗІМЕ ҰНАЙМЫН

 

Мақсаты: Өзін-өзі бағалаудың адам өміріндегі маңызы жайлы түсінік қалыптастыру.

Міндеті:

- өзін-өзі бағалай білу; 

- оқушылардың өз-өзін бағалауын, ерік-жігерін, күш –қуатын саналы түрде  арттыра  алу дағдыларын қалыптастыру; 

-  өзінің іс-әрекеттеріне дұрыс баға беру.

 

"Әдемі доп" жаттығуы. 

Қатысушылар бір-біріне допты лақтырып, «Сен маған ұнайсың ….»

 Шағын әңгіме.

Өзін-өзі бағалау – адамның өзін-өзі бағалауы.

Сонымен, балалар, осыған дейін өзіңді-өзің бағалау, тану үшін өз-өзіңді қадірлей білу керек екенін түсіндік. Өз –өзіңді  бағалау- кемшіліктеріңді жетістіктеріңді  басқа адамдармен  бөлісе отырып,  достарыңа деген қарым-  қатынастарыңды, ілтипаттарыңды, іс –әрекеттеріңді білу деген сөз.

 Адам өзін- өзі тәрбиелейді, алдына мақсат қоя біледі, сол мақсатқа жету үшін адами құндылықтарды бағалай отырып, «өз өмірім өзіме құнды» деген қағиданы басты назарда ұстау қажет. Адам ең бастысы жоғары адамгершілікте болса ғана көп нәрсеге қол жеткізе алады.

 

Тапсырма.  «Басты сапалар»

Қалай ойлайсың, айналадағы адамдарға басты қандай қасиеттер, сапалар ұнайды? Берілген тізімнен басты сапаларды таңдап ал немесе өзің жаз. Және де ең бастысына қарай нөмірлеп қой. Мысалы, ең басты деп есептейтін сапаға ( қасиетке) 1, екінші кезекте тұрған сапаға 2, т.с.с.

- Тілектестік.

- Еңбекшілдік.

- Шыншылдық.

- Ақыл.

- Дербестік..

- Адамгершілік сезімі.

 

«Саты» өзін-өзі бағалау тесті

Түсініктеме: Дәптердегі баспалдақта төменде ең жаман адамдар, үстінде ең жақсы адам дар. Сен қай жердесің?

 

Тапсырма  «Жақсы қылықтар жинағы»

Материалы: Әр балаға қағаз, қарындаш беру керек.

Барысы: Табысқа жету үшін үнемі жасаған ісіңе есеп беріп отыру керек. Біз де қазірден бастап есеп беруді үйренейік. Қағазды алып осы аптада жасаған жақсы істеріңді еске түсір. Мысалы, қиын тапсырманы орындадың, ұзақ өлең шумақтарын жаттап алдың, анаңа қолғабыс етіп дүкеннен сауда жасадың, т.с.с Ойша жасаған істеріңді еске түсір. Осы бір аптада жасаған үш жақсы қылықтарыңды жаз.  Содан кейін өзіңді мақта: «Жарайсың, сен жақсы жасадың!» деп. Алдағы уақытта үнемі осындай жұмыс жасаймыз. Егер бұдан да табысты болғың келсе, жатарда күнде 5 мин ойланып, бүгін жасаған жақсы қылықтарыңды есіңе түсір.  Үш жақсы ісіңді жазып қой. Осылайша қорытындылап, өзіңді мақтап отырсаң, ісің алға жылжитын болады. Осылай үнемі жасап отырсаң, көптеген жеңістерге қол жеткізесің.

Балалардың жұмыстарын тыңдау, талқылау.

 "Рекламды ролик" жаттығуы.

Рекламаның не нәрсе екенін бәріміз жақсы білеміз.  Күнде телеэкраннан әр түрлі роликтер көреміз. Қазір әрқайсың сондай ролик жасайсыңдар. Рекламада таныстыратын тауардың орнына осында отырған сыныптастарыңды мақтап, таныстыруларың керек. Ол үшін қазір әр қайсың  аттар жазылған карточка аласыңдар, онда қай баланың аты жазылған, сол балаға реклама жасау керек. Егер өзіңнің атын шығып жатса, ештеңе етпейді, өздеріңді де әдемілеп жеткізесіңдер.

«Ақ сандық па көк сандық па?»

Екі «батыр» бір-біріне арқаларымен тұрады, қолдарымен ұстасып. Белгі бойынша  бір-бірін тартады. Осы кезде «Ак, сандык, па?» «Көк сандык, па?» деп айту керек. Кім  тартса сол жеңген болады.

 

 

Сабақты қорытындылау.

Берілген әйнекшеге көршіңе қандай мақтау сөздерді арнар едің, соны жаз. 

 

Рефлексия

·Өзін-өзі бағалау деген не?

·Өзің жайлы айту оңай ма?

·Бүгін не ұнады және не есіңде жақсы қалды?

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

IV ТАРАУ

ӨЗ-ӨЗІММЕН ҮЙЛЕСІМ

27 сабақ

МЕНДЕГІ МЕНІҢ ӘЛЕМІМ.

 

Мақсаты: адамның ішкі әлемі жөніндегі көріністі құру.

Міндеті:

-  оқушылардың айналадағылар мен өзіне деген позитивті қарым-қатынастарын қалыптастыру;

-  оқушылардың өзін-өзі байқау қабілеттерін дамыту;

-  оқушылардың өздерінің жеке ерекшеліктерін зерттеу.

 

   "Амандасу"жаттығуы.

Қатысушыларға 1 минут ішінде көп адамдармен амандасу ұсынылады. Амандаса отыра, олар санап отырады. Кім көп амандасып үлгереді, сол жеңімпаз атанады.

    

1 тапсырма.   «Нені жақсы көреді?»

Сен өзіңнің достарың мен туыстарыңның қандай қасиеттерінің барын білесің бе? Олар нені жақсы көретінін білесің бе? Сөйлемдерді аяқта. Егер де жақын адамдарыңның сүйікті ісі сенің ісіңмен сәйкес келсе, астын сыз.

Мен жақсы көремін .....

Менің досым    ___  жақсы көреді.

Сыныптастарым ........жақсы көреді.

Анам ______жақсы көреді.

Әкем ______жақсы көреді.

Менің мұғалімім ____жақсы көреді.

 

 

2 тапсырма«Келісу»

Егер де сен бір нәрсе, ал басқалар басқа нәрсе жасағылары келсе, не істейсің?

Cен олармен келісіп, бірлесіп жасауды білесің бе? «Келісу» дегенді қалай түсінесің? Керектінің астын сыз.

·     Өз айтқанымда тұрып, өзім жасағым келген істі жасау.

·     Досымның айтқанымен келісіп, ол айтқандай жасау.

·     Досымның айтқанына келісіп және менің де пікіріммен санасуды өтінемін.

 

3 тапсырма. 

Өзара келісу үшін адамның бойында қандай қасиеттер болуы тиіс? Артығын сызып таста.

(Тілектестік, ұқыптылық, әдептілік, күш жігер).

 

4 тапсырма.   «Қасиеттер»    

Қиындықтар ол баланың қасиеттеріне байланысты. Өзіне қатысты сөйлемдердің астын сыз.

·Шыдамсыз екінші сынып оқушысына заттарды өз орындарына қою қиындық тудырады.

·Өз бетімен жұмыс жасап дағдыланбаған оқушыға сабаққа дайындалу, оны дұрыс орындау өте қиын.

·Елгезек оқушыға анасы шаршап, ренжіп отырғаны өте қиын.

·Үйде ұрыс-тартыс болғанда, бейбітшілікті сүйетін оқушыға қиын тиеді.

 

5 тапсырма.  «Көмектесе алатын қасиетттер»

 Оқушының бойында қандай қасиеттер болғанда үйдегі қиындықтарды еңсере алады? Оқушының портретін құрастыр.Көмек ретінде төменде берілген қасиеттерді қолдана аласың.

(Жігерлі, талапты, еңбекшіл, жауапты, тілектес, көңілді, тынымсыз, өкпелегіш емес).

     Шағын әңгіме

Талдау үшін сұрақтар: Ішкі жан дүние және менің «МЕН» деген не? «Өз өзімен келісімділікте өмір сүру» деген не? Ішкі дауыс жайлы түсінік.

 

«Мен өзімді қандай етіп көрем, басқалар қалай көреді» жаттығуы.

Түсініктеме: Әр қатысушы бір парақ бетке (оның ойынша) басқалар қалай көретінін (елгезек, шапшаң, ашланшақ,...) және қандай қылып мен көрем өзімді жазады:  Кімнің көрінісі ұнайды?

 

6 тапсырма.   «Аяқталмаған сөйлемдер».

Сөйлемдерді аяқта.

·Мен басқаларға   ......ұқсаймын.

·Мен басқаларға ұқсамаймын, өйткені, ...

 

"Интервью" жаттығуы.

Қатысушылар жұпқа бөлінеді. Жұбы интервью береді. Қойылатын сұрақтар; Қайда тұрасың, немен айналысасың, нені ұнатасың, бос уақытта немен айналысас ың, досың бар ма, қарындасың, сіңлі......Соңында әр жұбы ол жайлы көпшілікке айтады. Ешкім назардан тыс қалмайды, олардың ол жайлы айтқаны бәрінде жақсы сезім қалдырады. 

 

 

 

 

 

 

 

Талдау:

 НЕ істеген ұнады: жұбыңды таныстырған ба әлде оның сен жайлы айтқаны ма? Қандай сезімде болдың?      

 

 

 

7 тапсырма. «КҮЛКІ ПАНОРАМАСЫ».

 Қиындықтарды жеңу  үшін кейде күлкі жақсы көмектеседі. Бір күлкілі оқиғаны есіңе түсір. Суретін сал немесе жаз. Соны балаларға айтып бер. 

 

Сабақты қорытындылау.

Берілген әйнекшеге көршіңе қандай мақтау сөздерді арнар едің, соны жаз. 

 

Рефлексия

·«Мендегі менің әлемім» дегенді қалай түсінесің??

·Өзім жайлы не білдім?

·Бүгін не ұнады және не есіңде жақсы қалды?

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

28 сабақ

ҮЙДЕГІ МЕН

 

Мақсаты: өзіне-өзі қызмет көрсету және дербестік дағдыларына баулу.

Міндеті:

- өзіне-өзі қызмет ете білу дағдыларын қалыптастыру; 

- дербестік дағдыларын дамыту

-  еңбекті сүйе білуге тәрбиелеу.

 

"Әдемі доп" жаттығуы. 

Қатысушылар бір-біріне допты лақтырып, «Сен маған ұнайсың ….»

 

1 тапсырма

Үйде сенімен бірге кімдер тұрады? ...

 

2 тапсырма 

Үйдегі ең көңілді адам кім? Суретін сал. ...

 

3 тапсырма.   

Әсіресе сен кімді қуантасың?  ...

Кімді ренжітесің?..

Кімге көмектесесің?...

Кімге қамқор боласың?...

 

4 тапсырма.  Үйде оңай да, қиын да болады.

Сен келісетін сөйлемдердің астын сыз немесе жазып толықтыр.

Маған қиын.

-  Ескертусіз сабақты орындауға отыру

-  Өз заттарымды жинау

-  Уақытымен ұйқыға жату

-  Ағама (қарындасыма, ...) ренжімеу

-  Компьютердегі ойынды аяқтау

-  Үнемі әдепті сөздерді айту

-  Күнделікті көрсету

-  Бақылау жұмысына дайындалу

 

Тапсырма «Қалай дайындалу?»

Қазір сен үйдемін деп елестет. Сабақтар істелген. Ертеңгіге портфельді даярлау керек. Оны қалай істеу керек? Сенің жақсы көмекшің, досың – күнделік бар. Күнделігіңді алып, ертең қандай сабақтар екенін қара. Сенің алдында кесте тұр, оны бірлесе толтырайық.

Бірінші қадам: сабаққа не қажет болуы мүмкін (құралдар)

Екінші қадам: ойлан, қандай іс-әрекет жасау керек.

Енді кестені аяғына дейін өзбетінше толтыр. 

           

 Шағын әңгіме.

Талқылау үшін сұрақтар: «өзіне-өзі қызмет көрсету» дегенді қалай түсінесің? «Дербес» болу дегенді қалай түсінесің? Үйде қандай міндеттерің бар?

 

 Ертегі: Ауырғанан аяған күштірек.

Сеит көшемен жүгіріп келе жатқанда оны абайсызда арба жанап тиіп кетті. Ол сынған аяқпен құлап түсті де қатты айқайлап жылады .

Анасы ұлына асықты, жараланғанын, жылап жатқанын көріп қорыққанан талып құлап түсті.Оны көрген Сеит айқайлауын тоқтатты. Тіпті, сынған аяғын салып және байлағанда да ол жыламады, ауырсынған да жоқ. 

Сынықшы таңғалып одан:

—   Шынымен ауырған жоқ па? Сен тіпті ештеңе білдірмедің ғой. Анасы бөлмеден шыққанда, Сеит сынықшыға сыбырлап:

—    Әрине ауырды, сонымен қатар жүрегім  де бір түрлі болды. Егер анам ауырғанын білсе, ол азап шегеді, мені уайымдайды ғой. Мен сондықтан да шыдаймын .

 

 «Үндемес» жаттығуы

Ойын ережесі: Жұптарға бөлініп, үстел басына отырыңдар. Сендер бір командасыңдар, бірлесе жұмыс жасайсыңдар. Сендерге тек бір ғана қарындаш беріледі, сонымен кезек картинаны салып шығу керек, сөйлеуге болмайды.

 Жаттығу

Психолог балаларға олардың ұқыпты, тазалық сақтайтыны жайлы білгісі келетінін айтады. Өздері айтсын дейді: шаш, қол, беті таза болу үшін не істеу керектігін. НЕғұрлым көбірек айтқан дұрыс.  Содан кейін педагог: "Қол” дейді. Тақтаға шыққан балалар: "Сабын, щетка, орамал”. Солай «Шаш» дегенег «Сусабын, сабын, тарақ, қайшы» "Шомылу” (ванна, сусабын, сабын, .....)

«Мен білемін, мен орындай аламын»

Топтағы жұмыс.

Үйдегі менің міндеттерім;

«Өз-өзіне қарау» деген не?»

 «Үйде жалғыз қалғанда» жұмыстардың презентациясы.

Сабақты қорытындылау.

Берілген әйнекшеге көршіңе қандай мақтау сөздерді арнар едің, соны жаз. 

Рефлексия

·     Дербес болу дегенді қалай түсінесің?

·     Үйде жалғыз қалғандағы тәртіп ережесін айтыңдар?

·     Бүгін не ұнады және не есіңде жақсы қалды?

 

                                                             29 сабақ

МЕН МЕКТЕПТЕ

 

Мақсаты: оқушыларға мектептегі әр түрлі жағдайларда тәртіп ережесін үйрету.

Міндеті:

- мектептегі тәртіп ережесін сақтай білу, өзінің іс-әрекетіне есеп бере білуге үйрету; 

- өзі жасаған іс-әрекетінің салдары жайлы ойлай, қорытынды жасай білу дағдыларын дамыту; 

- осы ережелерді сақтай білуге тәрбиелеу.

 

Ұйымдастыру кезеңі.

Санамақ Қатысушылар көздерін жұмып отырады. Жүргізуші 10ға дейін (кез келген сан) санауды ұсынады. Ойыншылар санайды, бірақ та, екі ойыншы қосарланып, санауға болмайды. Тек бір-бір ойыншы бір санды айтады. Егер екі ойыншы қосарланып қалса, ойын қайта басталады.

Бәрі көздерін жұмып отырғандықтан олар кім санайын деп жатқанын білмейді. Соңында ең көп санды айтқан жеңімпаз болады.

1 тапсырма. «Мектептегі жауапкершілік немесе тапсырма»

«Сынып тақтасын қалайша таза етіп ұстауға болады» жаднамасын толтыру.

  

2 тапсырма. «Оқушының қасиеттері»

     Мектептегі қиындықтар оқушының қасиеттеріне байланысты. Сен келісетін сөйлемдердің астын сыз.

 

 

·Демонстративті оқушы көпшіліктің назарын өзіне аударғысы келеді, басқаларды тыңдау оған қиын.

·Дербес оқушы мұғалімнің егжей-тегжей түсіндіргенін тыңдау қиын, жылдам жұмысқа кіріскісі келіп тұрады. 

·Көп білгісі келетін оқушы бәрін білгісі келеді, бір сарынды тапсырмаларды орындау оған қиын.

·Шыдамсыз оқушы барлық тапсырмаларды тастай салып, сабақ үстінде айғайлағысы келеді, сабақта тыныш отыру оған қиын.

 

3 тапсырма.  «Табысты оқушы»

Мектептегі қиындықтарды жеңе алатын табысты оқушыны сипаттап бер.

Оның бойында қандай қасиеттер болуы тиіс?

 Төменде берілген сөздерді қолдана аласың. (Жігерлі, ықыласты, тырысатын, көңілді, тынымсыз, көпшіл, алдында мақсаты бар).

Задание

Мектепте саған не істеу қиын?

Досыңа не істеу қиын?

 

4 тапсырма.

Өз өзіңе: «Мен жараймын! Қиындықтарды жеңуді үйреніп жатырмын» Күліп тұрған бастың суретін салып, осы сөзді соның астына жаз.

 «Проблемалық жағдайларды шешу» жаттығуы.

(Балалар жағдаяттағы көрініске қатысады. Есімдері ойдан алынған.       Таңертең. Дамир сыныпқа кірді. Ол киім ілгішке келді де, киімін іліп жатқанда байқамай, Ерболдың жейдесін түсіріп алады. Ербол оны бас салды.)Талдау үшін сұрақтар: Қалай дұрыс жасау керек? Бұл неге осылай болды? Қазір біз не жөнінде сөйлесеміз деп ойлайсыңдар?

«Миға шабуыл» әдісі бойынша киімілгіштегі тәртіп ережесі

·       Киіміңді нақты бір жерге ғана (өз орнына) іл.

·       Қолғап, перчаткаларды қалтаға, бас киімді қолтығына сал.

·        Киімді ұқыпты іл. 

·       Ол жерде әңгімелеспе, жылдам шешін, басқаларға кедергі жасама.

·       Жерге түскен киімді көрсең, көтере сал.

·       Қалтаға ештеңе қалдырма.

·       Жолдастарыңмен әдепті сөйлес, басқаларға көмектес.

Біраздан соң біз бәріміз мектптегі «ең дәмді» жерге барамыз. Қайда деп ойлайсыңдар? .... Үстел басында да өзін ұстау ережелері бар. Айналадағы адамдарға сенімен тамақтану ұнайтындай болу керек.

 «Миға шабуыл» әдісі бойынша асханадағы тәртіп ережесі

·       Асханаға тиыш, ұйымдасқан түрде кір.

·       Итеріп, айғайлап тәртіпті бұзба.

·       Тамақтанар алдында үнемі қолыңды жу.

·       Тамақтанған кезде сөйлеспе.

·       Тамақ ішіп болған ыдыстарды көршіңнің жанына ысырма

·       Ыдыстарды жинастырып кет.

·       Тамақтандырғандарға «Рақмет» айтуды ұмытпа.

 

Сабақты қорытындылау.

Берілген әйнекшеге көршіңе қандай мақтау сөздерді арнар едің, соны жаз. 

Рефлексия

·     Мектептегі басты ережелерді айт?

·     Сыныптағы тәртіп ережесін айтыңдар?

·     Бүгін не ұнады және не есіңде жақсы қалды?

 

 

 

 

 

 

 

30 сабақ

ЕҢБЕК ЕТУ ДЕГЕН ЖӘНЕ ЖАЛҚАУЛЫҚ ДЕГЕН НЕ?

 

Мақсаты: Еңбектің адам өміріндегі маңызын, құндылығын ашу.

Міндеті:

-       еңбекшілдікке тәрбиелеп, еңбегімен адамдарға қуаныш, бақыт әкеле білуге тәрбиелеу;  

-       адамгершілік қасиеттерін дамыту;

-       оқушылар бір-біріне өзара жәрдем жасай білу, мейірбандық, сыйластық таныта білуге тәрбиелеу.

 

 Ұйымдастыру кезеңі.

Балалар! Суретке қараңдаршы, балалар қалай еңбектеніп жатыр. Біз не көріп тұрмыз? Балалар жақсы еңбек етіп жатыр.Ендеше, мына бір әнді тыңдайықшы. «Антошка» (сөзі  Энтинаныкы, муз. В. Шаинскийдікі)

Әңгіме:

— Антошкаға қандай қасиет жетпеді? Еңбекшілдік дегеніміз не?

— Сендер еңбекшіл адамдарды кездестірдіңдер ме? Кім олар?

— Еңбекшілдік  керек қасиет па?

Қорытынды: Еңбекшілдік – адамның ең басты, керек сапалары.  Атақты адамдардың барлығы еңбекшілдіктің арқасында көптеген жетістіктерге жеткен. 

      Балалар не үшін еңбектенеді? Көп нәрсені меңгеріп, мықты, күшті, дербес, белсенді  болу үшін. Еңбек әр түрлі болады. Жекелеме және ұжымдық. Тек қана физикалық болмайды, сонымен қатар ой еңбегі, шығармашылық еңбегі де болады.

    Біз қазір ой еңбегімен айналысамыз. Мына есеп жұмбақтарды шешейік.

1 тапсырма. Атақты ертегідегі аюлардың 3 жұп қолғабы болған. Бір жұбы жоғалды, тағы бір жұбын жоғалды деп ойлады. Сонда қанша қолғап жоғалған?  Жауабы: Бір жұб.

2 тапсырма.

Матросик мысығы әр досына 4 балықтан ұстап алды. Матросик мысығы қанша балық ұстады?

Жауабы: Ода қанша жолдасын білмесек, онда қанша балық стағаның да білмейміз.

 3 тапсырма.

Мартышка әр күні 3 бананнан жейді. Сенбі, жексенбі күні оған қанша банан керек?  Бір аптаға ше?

4 тапсырма.

Тоғыз мартышка өзенді қолтырауын үстіне мініп өтеді. Әр қолтырауынға 3 мартышкадан отырды. Мартышкалар өзенен өту үшін қанша қолтырауын керек?

Жауабы:  3

5 тапсырма.

Ешкі-ана өзінің лақтарына байпақ, қолғап тоқып берді. Қанша байпақ тоқыды? Қолғап ше? Барлығы қанша байпақ пен қолғап токыды?

Жауабы: 7 байпақ 7 қолғап. барлығы 14

 6 тапсырма.

Түлкі мен тырна дос болыпты, олар аюдың туған күніне барыпты. Олар әрқайсы пирогтың 3 бөлігін жеді. Бір кезде түлкі тағы да бір бөлігін жеп қойды. Сонда туған күнде пирогтың қанша бөлігі желініпті?

Жауабы: 6

 

 

 7 тапсырма.

Гена қолтырауын досы Қалқаңқұлаққа күн сайын 2 ән айтыпты. Бірақ та, сенбі күні ол ән айтқан жоқ, олар ойнады. Сонда Қалқаңқұлақ бір аптада қанша өлең тыңдады?

 8 тапсырма. «Жартылар»

Мақалдың бірінші бөлігін оқып, екінші бөлігін тап.

 

Балапан ұяда не көрсе,

Дос сыртыңнан мақтар,

Не ексең

Жолдасын тастаған  -

Сабыр түбі-

Жүзден жүйрік,

Әдепті бала – арлы бала,

Ағаш тамырымен,

Досы көппен сыйлас,

Саусақ бірікпей,

Ынтымақ қайда болса,

Ұлық болсаң –

Ананың ізін қыз басар,

Бірлік бар жерде –

Білетінің бір тоғыз,

Күш – білімде,

Қына тасқа бітеді,

Білекті бірді жығады,

Екпей егін шықпас,

Дұшпан күлдіріп айтады,

Шебердің қолы

Күшіңе сенбе,

 

сары алтын.

Кішік бол. 

Адам досымен мықты.

Білмейтінің тоқсан тоғыз.

Тірлік бар.

Білім басқа бітеді.

Атаның ізін ұл басар

Білім – кітапта.

Дұшпан көзіңе мақтар.

Жолда қалар.

ұшқанда соны алады.

Мыңнан – тұлпар.

Соны орасың.

Үйренбей білім жұқпас.

Білімді мыңды жығады.

Досы азбен сырлас.

Дос жылатып айтады.

Көпке ортақ.

Ісіңе сен.

Әдепсіз бала – сорлы бала.

Ине ілікпейді.

Бірлік сонда.

 

 

Шығармашылық іс-әрекет.

Біз енді шығармашылық еңбек етеміз.

  Сынып екіге бөлініп, бағбан жайлы әңгіме құрастырады.

1 топ. «Жалқау бағбан», 2 топ «Еңбекқор бағбан»

— Сендер саябақтың басшысысыңдар. Қай бағбанды жұмысқа аласыңдар? Несімен бағбанның еңбегі бағалы?

Қорытынды:еңбекқор адам айналадағылардың сыйластығына қашанда ие. Ол өз еңбегінің нәтижесіне риза. Әр адамның өз міндеті бар, оны басқа біреуге итере салмай өзі орындауға тиіс. 

 

Әке мен бала

Ы.Алтынсарин.

          Бір адам он жасар баласын ертіп, егіннен жаяу келе жатса, жолда қалған аттың бір ескі тағасын көріп, баласына айтты: - Анау тағаны, балам, ала жүр, - деп.          Бала әкесіне:                                      

 «Сынып қалған ескі тағаны алып не қылайын» - деді. Әкесі үндемеді, тағаны өзі иіліп алды да жүре берді.

  Қаланың шетіне темірші ұсталар бар екен, соған жеткен соң, әкесі қайырылып, манағы тағаны соларға 3 тиынға сатты. Одан біраз жер өткен соң, шие сатып отырғандардан ол 3 тиынға бірталай шие сатып алды. Сонымен шиені орамалына түйіп, шетінен өзі бірем-бірем алып жеп, баласына қарамай, аяңдап жүре берді. Біраз жер өткен соң, әкесінің қолынан бір шие жерге түседі. Артында келе жатқан бала да тым-ақ қызығып келеді екен, жерге түскен шиені жалма-жан жерден алып, аузына салды. Шамалы жүрген соң және бір шие, сонымен әр жерде бірәкесінің қолынан түскен шиені он шақты рет иіліп, жерден алып жеді. Ең соңында әкесі тоқтап тұрып, баласына шиені орамалымен беріптұрып айтты:

- Көрдің бе, мына тағаны жамансынып жерден бір ғана иіліп көтеріп алуға еріндің, енді сол тағаға алған шиенің жерге түскенін аламын деп бір еңкеюдің орнына он еңкейдің. Мұнан былай есіңде болсын: "Аз жұмысты қиынсынсаң - көп жұмысқа тап боларсың; азға қанағат ете білмесең - көптен де құр қаларсың", - деді.

Сабақты қорытындылау.

Берілген әйнекшеге көршіңе қандай мақтау сөздерді арнар едің, соны жаз. 

 

Рефлексия

·Еңбекшілдік – ол қандай қасиет?

·Сен өзіңді еңбекшілмін деп айта аласың ба?

·Еңбекшіл болу қиын ба?

 

 

 

 

31 сабақ

ЕҢБЕК ЕТУ ДЕГЕН ЖӘНЕ ЖАЛҚАУЛЫҚ ДЕГЕН НЕ?

 

Мақсаты: жалқаулықтың адам өміріне әсері жайлы айту.

Міндеті

-       еңбекшілдікке тәрбиелеп, еңбегімен адамдарға қуаныш, бақыт әкеле білуге тәрбиелеу;  

-  басқаның да еңбегін бағалай білу, мейірбандық, сыйластық қасиеттерін дамыту; 

    - оқушылар бір-біріне өзара жәрдем жасай білуге тәрбиелеу.

 

Ұйымдастыру кезеңі.

«Сапқа тұру» жаттығуы.

Ойын ережесі: тапсырманы үнсіз орындау керек, сөйлесуге болмайды, ым, ишарамен болады. «Бір-біріңді сөзсіз түсіне аласыңдар ма екен?» Бірінші тапсырма қатысушылар бойы бойынша тұрады, екіншіде туған күні бойынша тұру. Соңында әр қатысушы өз туған күнін айтады, осылайша тексеріледі.

Шағын әңгіме.

Жалқаулық – ол бірдеңе істемеудің амалы. Бір нәрсе істеу, орындау үшін біз кейде жүздеген сылтау тауып айтып жатамыз, дегенмен шыңдығына келсек, ол жерде өзіміз кінәлі басқа ешкім емес.  Біз өзіміз істегіміз келмей, жалқауланып тұрған. Бүгін біз қалай еңбекті сүюді үйрену керек жөнінде әңгімелесеміз.

Жалқауларға: Біріншіден, ата-ана, мүғалімдер тарапынан ескертулер естиміз, екіншіден, сен ештеңеге қол жеткізе алмайсың, өзіңнің табысты сыныптастарыңның арасында ыңғайсыз сезінесің, үшіншіден, сен өзіңді артық, керексіз адам сияқты сезінесің, себебі, бәрі жұмыс істеп немесе басқадай іске асығуда, тек сен ғана бос жүрген. 

Жалқаулық қандай болады?

-физикалық болады, ол деген, сен ешқандай күш жұмсағың келмейді,   әлі ештеңе істемесең де өзіңді шаршағандай сезінесің;

- ой жалқаулығы болады, ол деген, сен ештеңе ойлағың келмейді, өзіңнің әр қадамыңды, іс-әрекеттеріңді жоспарлауға, нәтижені болжауға, тіпті бір нәтиже шығады деп те ойламайсың, саған бәрібір болады;

-эмоционалды болады, ол деген, сен бұрында қуанатын нәрсе енді қуантпайды, толқымайсың да бұрында жүрегің атша тулайтын, сен енжарлық танытып, ештеңе істегің келмейді;

-шығармашылық жалқаулық болады, ол деген, сен бір шабыттың келуін күтудесің, эмоционалдық бір көтерілісті күтудесің, сен ойлайсың шабыт келген кезде бәрін істеймін, тау қопаруға әзірмін,.... ал әзірше күте тұрамын дейсің.  

 

 

 

1 тапсырма. «Антонимдер»

    Оқыңдар.

ҰЛЫҚ болсаң – КІШІК бол.

ЖАҚСЫ іске келеді,

ЖАМАН асқа келеді.

Досы КӨППЕН сыйлас,

Досы АЗБЕН сырлас.

Ең ҚАТТЫ  да тіл,

Ең ЖҰМСАҚ та тіл.

ҮЛКЕН тұрып,

КІШІ сөйлегенен без.

 

2 тапсырма. Ой еңбегі.

Екі қыз сүтке бара жатты, алдарынан сүт әкеле жатқан қыз кездесті. Сүт алуға қанша қыз бара жатты?

Жауабы: ___________

 

3 тапсырма. Ой еңбегі.

Жіпке бір түйін жасап байлады. Бұл түйін жіпті неше бөлікке бөлді? Егер де 2 түйін жасаса жіпті неше бөлікке бөледі?

 Жауабы: _________________

 

4 тапсырма.

 Жорға құлынына 4 ай, ал Қаракөл қозысына 2 ай.  Жорғаға 1 жас 1 ай болғанда қозы неше айда болады?

 Жауабы: _______________________

 

5 тапсырма. Ой еңбегі.

Винни пух және пятачок  5 дана балмұздақ алды. Винни Пух қанша балмұздақ алды, неге ол ренжіп қалды?

Жауабы: _______________________

 

6 тапсырма. Ой еңбегі.

Әже қапшықтағы пиязды қолданып тастады. Ол сорпаға 2 пиязды салды, соншасын салатқа қосты. Әжеде басында қанша пияз болған?

 

7 тапсырма. Ой еңбегі.

   Аквариумда 8 балық жүзіп жүрді. Біреуі түбіне барып жатып қалды.   Қаншасы жүзіп жұр?

 

8 тапсырма. Ой еңбегі.

  Таңертең көлде аққулар жүзіп жүрді. Кешке оларға 3 аққу келіп қосылып, олар 8 болды. Таңертең қанша аққу жүрген?  

 

 

 

«Жалқаулықпен күрес» жаттығуы.

Психолог: жалқаулықты жеңіп, еңбекті сүйе білуге көмектесетін кеңестер ойлап табыңдар.  

Талдау.Ең қызық деген кеңестерді жазып алу.

Балалар бір-біріне бр затты беріп жатып, «Мен жалқаулықтан құтылғым келеді, себебі, …»

 

Сабақты қорытындылау.

Берілген әйнекшеге көршіңе қандай мақтау сөздерді арнар едің, соны жаз. 

 

Рефлексия

·Жалқаулық – ол қандай қасиет?

·Жалқаулықпен қалай күресуге болады?

·Еңбекшіл болу қиын ба?

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

32 сабақ

«ҚОЛЫМНАН КЕЛМЕЙДІ» НЕМЕСЕ «ІСТЕЙ АЛМАЙМЫН» ДЕУДЕН ҚАЛАЙ ҚҰТЫЛУҒА БОЛАДЫ?

 

Мақсаты: өз болмысымен жұмыс, ерік күші туралы мағлұмат беру.

Міндеттері:

- оқушылардың ерік, күш жігерін тәрбиелеу; 

- өз болмысымен жұмыс жасап, қажет дағдыларын дамыту;

- өз іс-әрекеттерін талдап, баға бере білуге тәрбиелеу;

 

Ұйымдастыру кезеңі.

"Амандасу"жаттығуы.

Қатысушыларға 1 минут ішінде көп адамдармен амандасу ұсынылады. Амандаса отыра, олар санап отырады. Кім көп амандасып үлгереді, сол жеңімпаз атанады.

 

Шағын әңгіме.

- Күш жігер, өзін құрметтеу дегенді қалай түсінесіңдер? (Оқушылардың жауаптары тыңдалады)

Адам біраз нәрсеге қол жеткізу үшін өзін, өзінің ойын, ісін ретке келтіру керек. Әр қадамын ойланып, жасаған ісіне баға беріп әрекет ету керек. Сонда ғана әр ісі сәтті болады. Айналадағылар да сыйлайтын болады. Кейбір адамдар өзін жақсы жағынан көрсетем деп, өз-өзін мақтайды, әрине, ол іс емес . Ондайдан ештеңе шықпайды. Керісінше, өз болмысымен жұмыс жасап, қажет дағдыларын дамыта білуі тиіс.

Мынадай тапсырма орындап көрейік.

 

 

ТЕСТ  «Жігерлі адамсың ба?»

10 сұраққа ашық жауап беруге тырысыңдар. Егер «ия» деп жауап берсеңдер 2 ұпай, «білмеймін», «қиналамын жауап беруге», «кейде болады»-1 ұпай; егер «жоқ»-0 ұпай. Барлық ұпай қорытындысы сенің жігерің жөнінде түсінік береді.

1. Ұнамайтын жұмысты аяқталар ма едің?

2. Жағымсыз нәрсені жасау үшін ішкі қарсыласуды баса алар ма едің?

3. Үйде немесе мектепте конфликті жағдайға тап болғанда, өзіңді қолға алып, жағдайға объективті тұрғыдан қарай аласың ба? 

4. Егер саған диета ұстау керек болған жағдайда, тәтті-дәмдіге қарамай, диетаны ұстай алар ма едің?

1.                      Күні бұрын жоспарланғандай күндегіден ерте тұра алар ма едің, бірақ тұру міндетті де емес?

2.                     Тіс дәрігеріне бару қорқынышты, дәл соңғы сәтте тіс дәрігеріне барудан бас тартпайсың ба?

3.                     Қызып тұрып, берген уәдеңді, оны орындау біраз әуреге салса да  аяғына дейін ұстай аласың ба?

4.                     Күн кестесін қатаң ұстайсың ба?

5.                     Үй жұмысын орындау үшін қызықты теле бағдарламаны көруден бас тарта аласың ба?

6.                     Ұрысты үндемей тоқтата аласың ба, саған жағымсыз сөздер  айтылса да?

 Нәтиженің интерпретациясы.

Егер де 0ден 6 ұпайға дейін жинасаң, жігерің өз деңгейінде емес. Сен оңай жолын қарастырасың, міндеттеріне үстірт қарайсың, сол себептен де келеңсіз жағдайларға дұшар боласың.

Егер де 7ден 14 ұпайға дейін жинасаң, жігерің орташа деңгейде.Егер кедергілер кездессе, онымен күресе білесің. Егер де басқа оңай жолы кездессе, сол жолмен кеткенді ұнатасың. Өз еркіңмен ешқандай міндеттерді алғың келмейді.

Егер де 15тен 20 ұпайға дейін жинасаң, жігерің өз деңгейінде. Кейде сенің қатаң позицияң айналадағы адамдарды ығыр қылады.

 

Кеңестер

«Жігерді қалай шыңдауға болады»

§ Мақсатол жігерді жетелейді. Мақсатыңа табанды түрде жетуге үйреніңдер.

§ Өздеріңнің жетістіктерің мен кемшіліктерің ойларыңда болсын, өздеріңді өзгертуге деген мақсат пен міндеттерді анық қойыңдар.  

§ Өздеріңе бұйрық беріп үйреніңдер. Жігерлі адамның ең басты сапасы - өз өзіне бұйрық бере алу, жауапкершілік пен парызды жете түсіну. Жігер ол үнемі күресте дамиды, шыңдалады. 

§  Жігеріңді үнемі жаттықтырыңдар. «Сөз берсең-соңына дейін сөзіңде тұр!» Жігерді бірден бір шыңдайтын жағдай ол  берген сөзге берік бола білу. 

§ Күн кестесін сақтай біліңдер.  Ол жігерді қалыпқа келтіретін күнделікті жаттығу іспеттес.

§ Өздеріңе сеніңдер. Өз өздеріне деген сенімділікті нығайтыңдар. Өз өзіне сенімді адамның ролін ойнаңдар.

 

«Жүрексіз» тапсырмасы

Жүрексіз адам, ол қандай адам соны ойланыңдар? Қай суретте сол қасиет бейнеленген?

           

 «Жүректілік» тапсырмасы

   Сөздің «СІЗ» бөлшегін қуып жіберу үшін, жүректілік көрсеткен өзіңнің немесе таныстарыңның сәтін есіңе түсір де суретін сал.

         

 

Түрік ертегісі Ең үлкен байлық

      Бір жас жігіт үнемі кедейлігін айтып налыпты.Оны естіген тас соғушы

-  Сен неге шағымданасың ? Сен үлкен байлықтың иесісің!
- Мен — баймың ба?— деп жас жігіт таң қалды .— Қайда ендеше, ол байлық?

- Сенің көздерің. Сен не қалайсың бір көздің орнына?

- Не сен!— Жас жігіт қорқып қалды .— Көзімді мен ешқандай байлыққа бермеймін!

- Ал мен саған көп алтын берейін, қолыңды бересің бе?

- Жоқ! Мен ешқандай алтынға қолымды айырбастамаймын.

- Сен, міне, өзің де көріп тұрсың, сен өте байсың. Адамның үлкен байлығы - күш және денсаулық. Оны ешқандай ақшаға ала алмайсың. 

 

 «Жақсы және жаман қылықтар» жатығуы.

 Қатысушыларды екі командаға кездейсоқ әдіспен бөледі. Әр командаға ватман, фломастер, маркер, А4 парақ беріледі. Бірінші командаға тапсырма: «Адам өз-өзін сыйлауы үшін қандай қылықтар жасауы тиіс?» екінші командаға керісінше,  «Адам қандай қылықтар жасағанда, өз-өзін сыйлауын жоғалтады?» Тілегі бойынша әр команда түсініктерін суретпен көркемдеуге болады.

Талдау. Әр команда өз тақырыбын, жұмысын ұсынады. Әрі қарай жалпы талданады, жүргізуші айтылғандарды қорытындылайды. Және де айта кету керек, осы екі тақырптағы қылықтардың кез келгенін жасауға болады, бірақ та, таңдау жасай отыра, өзімізге деген сыйластықты жоғалтуымыз мүмкін екенін естен шығармау керек. 

 

Сабақты қорытындылау.

Берілген әйнекшеге көршіңе қандай мақтау сөздерді арнар едің, соны жаз. 

 

Рефлексия

·күш, жігер деген не?

·өз іс-әрекеттеріңді талдап, баға бере білесің бе?

· өз болмысымен жұмыс жасау дегенді қалай түсінесің?

 

 

 

 

 

 

 

 

 

33 сабақ

МЕН ӨЗІМДІ ӨЗІМ БАСҚАРА БІЛЕМІН

 

Мақсаты: өзінің және басқалардың іс-әрекеттерін талдай білуге үйрету.

Міндеті:

- қылықтарды талдай білуге үйрету;

- өзінің тәртібін, қылықтарын талдай білу;

- күнделікті өмірде жағымды мінез-құлықтарын қалыптастыру.

 

Ұйымдастыру кезеңі.

1 тапсырма. «Істей аламын және істеймін» тапсырмасы.                                                     

Оқып есіңде сақта.

Мен шешім қабылдадым. Ол дегенім.

- мен өзім шешемін, біреулердің айтқанына көнбеймін;

 - өзімнің таңдауыммен жағдайды өзгертем;

- істің болатын салдарына өзім жауаптымын.

 

Мысал үшін, сені біреу ұрып жіберді, сен оған солай жауап қаттың. Әрқайсы өзінің қылығы үшін жауап беруі тиіс. Ол ұрып жіберіп, тәртіпті бұзды, сол үшін жауап береді. Ал сен жауап ретінде ұрғаның үшін кім жауап береді? Сен тағы не істей алдың? Есіңде болсын, әр шешімімен сен жағдайды өзгертіп жібересің.

Мына жағдайда, төбелес болуы, болмауы төбелесті бастағанға емес соған жауап қайтаруына немесе қайтармауына байланысты болып тұр.                              

 

2 тапсырма. «Істей аламын және істеймін»

Кестені толтыр. Сол жақ бағанға жасай алатын істеріңді жаз, оң жаққа жасап қана қоймай, ескертусіз өзің жасайтын істеріңді жаз.

 Істей аламын

Істеймін

 

 

Жауапкершілік әр түрлі болуы мүмкін:

- жеке немесе өз алдыңдағы жауапкершілік;

- басқалардың алдындағы жауапкершілік;

- мектептегі жауапкершілік;

Мысалы:

жеке немесе өз алдыңдағы жауапкершілік:                                                     тісіңді уақытында тазалау, уақытында жату, жуыну. 

басқалардың алдындағы жауапкершілік:                                                           жануарларды, өсімдіктерді күту, өзінен кіші бауырларыңа қамқор болу, «рақмет», «сау болыңыз» сөздерін айту, берген сөзіңде тұру.

мектептегі жауапкершілік:                                                                                       үй жұмысын орындау, оқу құралдарын ұқыпты ұстау, мектеп ережелерін сақтау.

 

3 тапсырма. «Мен жауап беремін»

Өзіңе ұнайтын жауапты істеріңді жаз.

Мен өз алдымда ...  жауап беремін.

Басқалардың алдында  ....жауап беремін.

Мен мектепте .....жауап беремін.

 

4 тапсырма.

 Жүрегіңді қандай сезімдерден тазалағың келеді? Бұл сезімдерді жер астындағы зынданға қамап қояйық. Ол үшін бұл сезімдерді мына зынданға жазып, мықты құлыппен жауып тастаймыз деп елестет. Енді біз оларды қадағалай аламыз.

                       

5 тапсырма. «Мен өзіме сенемін»

Қай сыныптасыңа сен «Мен өзіме сенемін» белгісін берер едің? Мына белгінің астына олардың аттарын жаз. Оны сен өзіңе берер ма дедің? Егер де «ия» болса, оны өз қалауың бойынша боя.

                  

6 тапсырма. «Қиындықтар»

Қалай ойлайсың, қиындықтар не үшін керек? Өз нұсқаларыңды жазып, толықтыр.

Қиындықтар:

- күшті қылады

- ақылды қылады

- қателіктерден үйренуде көмектеседі

 

7 тапсырма.  «Қасиеттер»

 Қандай қасиеттер қиындықтарды жеңу үшін көмектеседі? Жаз.

 

 

 

8 тапсырма.  «Мен жеңдім»

     Саған қиындық тудырған жағдаятты есіңе түсір. Қалайша сен оны жеңдің? Суретін сал. 

 

 Шағын әңгіме.

 Қайырымды болу — ол үлкендерге көмектеседі, кішілерді ренжітпейді, әлсіздерді қорғайды. 

Қайырымды болу  - жер бетіндегі барлығына қамқорлық жасау: адамдарға, жануарларға, табиғатқа қатысты. 

Қайырымды болу – ол деген айналадағы барлығына, өзіне де қамқорлық жасау.

 

 

 

 “Жақсы - жаман”ойыны.

  Балаларға екі позициядағы қылықтарға баға беру ұсынылады: жақсы ма әлде жаман ба?

  Жүргізуші балаларға екі түсті фишка үлестіреді - қызыл және қара. Сол арқылы олар бағалайды: қызыл түспен жақсы, қара түспен жаман қылықтарды бағалайды. Жүргізуші іс-әрекетті, қылықтарды айтып отырады, балалар соған сәйкес бағалап фишкаларын көтерулері керек.

Балалар қылықтары:

Жаман

Жақсы

Жейдесін жыртты;

әлсізді қорғады;

Досын ренжітті;

Науқас досының қалын білді;

Анасымен сөзге келісіп қалды;

Жылытып, тамақтандырды

Күшікті теуіп жіберді;

Бауырына киінуге көмектесті.

Итті ұрып жіберді. Т.с.с.
Обсуждение.

Сынған ағашты байлады, т.с.с.

 

«Жақсы қылықтар» коллаж-жаттығуы.

5 адамнан тұратын топтарға бөлінеді. Әр топқа ватман, тақырыпқа сәйкесетін журнал, кітапшалар, ашық хаттар беріледі. Педагог тақырыпты хабарлайды және коллаж не нәрсе екені ескертіледі.

Жұмыстарының презентациясы.

 

 

Сабақты қорытындылау.

Берілген әйнекшеге көршіңе қандай мақтау сөздерді арнар едің, соны жаз. 

 

Рефлексия

·Қайырымды болу дегенді қалай түсінесің?

·Неліктен адамдар жаман қылықтар жасайды?

·Адам өзінің іс-әрекеттеретін басқара алады ма?

 

 

 

 

 

 

 

 

 

34 САБАҚ

ДАНАЛЫҚ САБАҒЫ

 

Мақсаты: келісе білуге және түрлі пікірлерді сыйлай білуге үйрету.

Міндеті:

 - оқушылардың толерантты саналарын қалыптастыру;

 - өзінің және басқалардың оң қасиеттерін көре білу дағдыларын дамыту;

-  сыныптағы оқушылар әр түрлі болғанымен, сыныпта тату, мейірбан, толерантты ахуал болуы мүмкін екенін ұғындыру.

 

  Ұйымдастыру кезеңі.

 «Мен жақсы көремін» жаттығуы.

Балалар кезектесіп психология сабағында не үйренгені жөнінде айтады.

 «Өзің жайлы не білдің?» тапсырмасы.

Сен екінші сыныпты аяқтап жатырсың. Сен көптеген қиындықтарды еңсердің, сабақты жақсы оқып, жақсы бағалар ала беру үшін қандай қасиеттер керек екен? Сен әр түрлі пәндерді оқыдың, өзің жайлы да оқып білдің, өзіңнің қабілеттеріңді дамыттың.

 

1 тапсырма.  «БҰЛ МЕНІҢ СЫНЫБЫМНЫҢ ПЛАНЕТАСЫ»

Әр құрлықтағы өмір жайлы өзіңе шешуге тура келеді. Өз құрлығыңды жасай отыра, географиялық нысаналарды қызығушылықтарыңа, армандарыңа, қарым-қатынас, мектептегі өмірге сәйкес ата.              

«Әсерлі күн үшін рақмет!» жаттығуы.

Жүргізуші: Балалар, бәріміз шеңберге тұрайық. Мен сендерге шағын рәсімге қатысуды сұраймын. Бұл рәсім бізге достық сезімдерімізді, бір-бірімізге деген алғыстарымызды жеткізуге көмектеседі. Ойын ережесі: араларынан біреу ортаға шығып, басқа біреу келіп, оның қолын алып:           «Әсерлі күн үшін рақмет дейді. Екеуі ортада қол алысып тұрады. Одан кейін үшінші оқушы келіп: «Әсерлі күн үшін рақмет деп екеуінің бірінің қолын алады. Осылайша үшінші оқушы келеді сол сөзді айтады. Осылайша ортадағы топ ұлғая береді. Бәрі қол ұстасқан. Соңғы оқушы келгенде шеңбер тұйықталады да бәріміз жанымыздағылардың қолдарын тағы үш рет қысып,  рәсім аяқталады.

 

2 тапсырма. «Сиқырлы ағаш»

Суреттегі өсімдіктерді соған сәйкесетін балалардың атымен ата.

 

3 тапсырма.  «Сенің жаныңның бағы»

Балалармен достасуға, сабақты жақсы оқуға көмектесетін қасиет, сезімдерді ата. Оларды «сенің жаныңның бағына» орналастырайық. Ол үшін оларды мына суретке жаз.

 

 

«Ішкі әлеміме жол» эссе жазу.

Тапсырма.

Балалар, сенің қандай қасиеттеріңді байқағанын қалайсың? Ендеше, сен оларға көмектес, олар да саған көмектеседі. Келесі беттегі гүлдерді көрдің бе? Гүлді бергің келетін балаға әр жапырақшаға оның қасиетерін жазып бер.  Гүлдерді қиып алып, балаларға бер. Олар да өз гүлшоғын жинап алсын. Олар да саған гүлдерін береді. Гүлдерді жинап, дәптеріңе жабыстыр. Сен сонда өзіңді балалар қандай етіп көретінін түсінесің. Оларды әдемі етіп боя.

 Берілген әйнекшеге көршіңе қандай мақтау сөздерді арнар едің, соны жаз.  Мысалы, «Сен өте белсенді жұмыс жасадың», «Қызықты ойлар айттың», «Балаларға жақсы көмектестің». Басқа да нұсқаларды ойлап жаз.

Осылайша әр сабақ соңында көршіңнің әйнекшесіне пікіріңді жазуды ұмытпа.

 

Рефлексия

·Сабақтағы көңіл-күйің қандай болды?

·Саған әсіресе не ұнады?

·Қандай жаңалық алдың?

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Әдебиеттер тізімі:

 

1.   М.Жұмабаев. Педагогика. Алматы, 1998.

2.   М.Мұқанов. Жас және педагогикалық психология. Алматы, 1982.

3.   Қ.Жарықбаев. Психология.  Алматы, 1993.

4.   Қ.Жарықбаев., Ө.Озғанбаев. Қазақ этнопсихологиясына кіріспе. Алматы, 2014.

5.   Ж.Қоянбаев. Педагогика. Алматы, Рауан 2002.

6. О.В. Хухлаева.  «Тропинка к своему Я» Москва, 2014.

7. С.В.Кривцова.Жизненные навыки. Москва,2009

8. П.Астахов. Детям о праве. Москва, 2014г.

9.   Твоя жизнь – волшебный мир. С.Серия «Нұрсауле-Лучик» Шимкент: «Шикула и К», 2002.

10.   Волшебный хоровод. С.Серия «Нұрсауле-Лучик» Шимкент: «Шикула и К», 2002.

11.        Ж.Қоянбаев. Педагогика. Алматы. Рауан 2002.

12.   В мире волшебных фигур и цифр. С.Серия «Нұрсауле-Лучик» Шимкент: «Шикула и К», 2003.

13.            Ә.Алдамұратова. Қызықты психология. Алматы, 1992

14.            М. Кемел. Ақыл қалта. Астана., 2013

15.            Ю.П. Азаров. Искусство воспитания. 2-е изд., испр. - Москва, 1985

16.        Е.В.Бурмистрова. Психологическая помощь в кризисных ситуациях (предупреждение кризисных ситуаций в образовательной среде). М.: МГППУ, 2006 г.

17. Л.И. Божович. Личность и ее формирование в детском возрасте. – М. Просвещение, 1968.

18. М.В. Беншаминова. Воспитание детей. - М., 1985

19.  Г.Н. Волков. Этнопедагогика. – Чебоксары, 1977

20. Н.Дереклеева. Родительские собрания в начальной школе //Школьный психолог. – 2004. - №46.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

МАЗМҰНЫ

 

Алғы сөз …………………………………………………….…………..............3

Кіріспе ………………………………………………...............................……..5

1. Тарау.  Менің сезімдерінің әлемі ............………………...........…...………..

1-сабақ. Мен қандаймын?...............................................................…………...10

2-сабақ.  Күлкі әлемінде ............................................................……………..  12

3-сабақ. Менің көңіл-күйім…………………………………………................14

4-сабақ. Мен қуана білемін…………………………………………...........….17

5-сабақ. Қорқыныш деген не?..........……………………………...........……...19

6-сабақ. Адамдар неге ашуланады?.................................................................. 22

7-сабақ. Менің қол-дене қимыл-қозғалысым не туралы

 айтқысы келеді?.................................................................................................25

8-сабақ. Менің түйсігім......................................................................................28

9-сабақ. Әлем менің елестетуім бойынша........................................................30

2. Тарау. Мен әлемді танимын ………………………………………................…….

10-11-сабақ. Менің ойлауым және елестетуім …………………...............…..32

12-сабақ. Есті қалай дамытуға болады.…………………………..............…....38

13-сабақ. Зейінді болу....................…………………………..............................41

14–15-сабақ. Сөз сиқыры.………...........................................................….........44

16 - Менің қолымнан не келеді? ........................................................................50

3. Тарау.  Қарым-қатынас әлемі ……………………………………..................…..

17-сабақ. Мен өзім туралы не білемін?……………………………..................53

18-сабақ. Мен қалаймын, қолымнан келеді, білемін........................................55

19-20-сабақ. Мінез деген не?............................………..…………….................57

21-сабақ. Жақсы деген немене, жаман деген немене?......................................62

22-23-сабақ. Сиқырлы сөздер құпиясы..............................................................65

24-сабақ. Кішкентай болашақ бикештер мен нар тұлғалы жігіттер............... 70

25-сабақ. Әдеп және әдептілік деген не?..........................................................  73

26-сабақ. Мен өзіме ұнаймын............................................................................. 77

4.Тарау. Өз-өзіммен үйлесім.................................................................

27-сабақ. Мендегі менің әлемім ........................................................................ 79

28-сабақ. Үйдегі мен........................................................................................... 82

29-сабақ. Мен  мектепте...................................................................................... 84

30-31 сабақ. Еңбек ету деген және жалқаулық деген не?................................ 86

32-сабақ. «Қолымнан келмейді» немесе «Істей алмаймын» деуден қалай құтылуға болады?................................................................................................ 92

33-сабақ. Мен өзімді-өзім басқара білемін.......................................................  95

34-сабақ. Даналық сабағы................................................................................98

 

 

 

 


Скачано с www.znanio.ru

ЖОБА Педагог-психологтарға арналған оқу-әдістемелік құрал 2 сынып

ЖОБА Педагог-психологтарға арналған оқу-әдістемелік құрал 2 сынып

Республикасы Білім және ғылым министрлігі

Республикасы Білім және ғылым министрлігі

ОЖ КБЖ Пікір жазған:

ОЖ КБЖ Пікір жазған:

Алғы сөз Қазіргі заманауи қазақстандық қоғам болашақ түлектердің жылдам өзгеріске толы әлемдегі өмірге дайындығына байланысты білім жүйесіне жаңа талаптар қоюда

Алғы сөз Қазіргі заманауи қазақстандық қоғам болашақ түлектердің жылдам өзгеріске толы әлемдегі өмірге дайындығына байланысты білім жүйесіне жаңа талаптар қоюда

КІРІСПЕ Екінші сыныпқа оқушы «көпті көрген» болып келеді

КІРІСПЕ Екінші сыныпқа оқушы «көпті көрген» болып келеді

Бірінші бөлім «Менің сезімдерімнің әлемі » - оқушылардың танымдық үдерістерін: ойлау, сөйлеу, ес, зейіннің шоғырлануын дамыту мақсатында әзірленген

Бірінші бөлім «Менің сезімдерімнің әлемі » - оқушылардың танымдық үдерістерін: ойлау, сөйлеу, ес, зейіннің шоғырлануын дамыту мақсатында әзірленген

Менің түйсігім Түйсік түрлері жайлы алғашқы ұғымдармен таныстыру

Менің түйсігім Түйсік түрлері жайлы алғашқы ұғымдармен таныстыру

Оқушылардың бойында өнегелі-этикалық тәртіп түрлерін қалыптастыру

Оқушылардың бойында өнегелі-этикалық тәртіп түрлерін қалыптастыру

Аталған курсты өту нәтижесінде оқушылар қарым-қатынас құралдарын меңгереді, өзінің бойындағы интеллектуалды қорын дамыта алады

Аталған курсты өту нәтижесінде оқушылар қарым-қатынас құралдарын меңгереді, өзінің бойындағы интеллектуалды қорын дамыта алады

ТАРАУ МЕНІҢ СЕЗІМДЕРІМНІҢ ӘЛЕМІ 1-сабақ

ТАРАУ МЕНІҢ СЕЗІМДЕРІМНІҢ ӘЛЕМІ 1-сабақ

Сабырлы, абай бол. 2.

Сабырлы, абай бол. 2.

КҮЛКІ ӘЛЕМІНДЕ Мақсаты: эмоция жайлы түсінік қалыптастыру

КҮЛКІ ӘЛЕМІНДЕ Мақсаты: эмоция жайлы түсінік қалыптастыру

Эмоцияны көрсет" тапсырмасы Мақсаты:

Эмоцияны көрсет" тапсырмасы Мақсаты:

МЕНІҢ КӨҢІЛ-КҮЙІМ Мақсаты: көңіл-күй және оның өзгеруі жайлы түсінік қалыптастыру

МЕНІҢ КӨҢІЛ-КҮЙІМ Мақсаты: көңіл-күй және оның өзгеруі жайлы түсінік қалыптастыру

Дәптердегі суреттерге қара, әр жағдайда сенің бойыңда қандай сезімдер болады?

Дәптердегі суреттерге қара, әр жағдайда сенің бойыңда қандай сезімдер болады?

МЕН ҚУАНА БІЛЕМІН Мақсаты: көңіл күй және оның өзгеруі жайлы түсінік қалыптастыру

МЕН ҚУАНА БІЛЕМІН Мақсаты: көңіл күй және оның өзгеруі жайлы түсінік қалыптастыру

Енді сендер бар күшті жинап, түйірді сыртқа қарай лақтырып тастау керек

Енді сендер бар күшті жинап, түйірді сыртқа қарай лақтырып тастау керек

Жақсы сөздер әліппесі» тапсырмасы

Жақсы сөздер әліппесі» тапсырмасы

Тапсырма. «Ертегі кейіпкерлері»

Тапсырма. «Ертегі кейіпкерлері»

АДАМДАР НЕГЕ АШУЛАНАДЫ? Мақсаты: ашу-ызаның пайда болуы жайлы түсінік қалыптастыру

АДАМДАР НЕГЕ АШУЛАНАДЫ? Мақсаты: ашу-ызаның пайда болуы жайлы түсінік қалыптастыру

Т апсырма. «Мені мазақтағанда»

Т апсырма. «Мені мазақтағанда»

Ойынды жылдам жүргізу керек, сонда қызықты болады

Ойынды жылдам жүргізу керек, сонда қызықты болады

МЕНІҢ ҚОЛ-ДЕНЕ ҚИМЫЛ ҚОЗҒАЛЫСЫМ

МЕНІҢ ҚОЛ-ДЕНЕ ҚИМЫЛ ҚОЗҒАЛЫСЫМ

Тағы қандай математикалық түсініктерді ым арқылы көрсетуге болады? (Ақпарат беру керек: бір нәрсеге деген өзінің қарым-қатынасын, сезімдерін, қарсы немесе қарсы емес екенін көрсету керек

Тағы қандай математикалық түсініктерді ым арқылы көрсетуге болады? (Ақпарат беру керек: бір нәрсеге деген өзінің қарым-қатынасын, сезімдерін, қарсы немесе қарсы емес екенін көрсету керек

Шылдыр шүмек, Кішкене бөбек.

Шылдыр шүмек, Кішкене бөбек.

МЕНІҢ ТҮЙСІГІМ Мақсаты:

МЕНІҢ ТҮЙСІГІМ Мақсаты:

Ойын үшін әр түрлі тиындар қажет

Ойын үшін әр түрлі тиындар қажет

ЛЕМ МЕНІҢ ЕЛЕСТЕТУІМ БОЙЫНША

ЛЕМ МЕНІҢ ЕЛЕСТЕТУІМ БОЙЫНША

Серуендегі қонжықтар» жаттығуы

Серуендегі қонжықтар» жаттығуы

МЕНІҢ ОЙЛАУЫМ ЖӘНЕ ЕЛЕСТЕТУІМ

МЕНІҢ ОЙЛАУЫМ ЖӘНЕ ЕЛЕСТЕТУІМ

Көйлек , туфли, жейде , тоқыма жейде

Көйлек , туфли, жейде , тоқыма жейде

Тапсырма. Біздің ұлттық ерекшеліктеріміз

Тапсырма. Біздің ұлттық ерекшеліктеріміз

ТАРАУ МЕН ӘЛЕМДІ ТАНИМЫН 11 сабақ

ТАРАУ МЕН ӘЛЕМДІ ТАНИМЫН 11 сабақ

Тапсырма. «Артық сөз» Артық сөзді сызып таста

Тапсырма. «Артық сөз» Артық сөзді сызып таста

Тапсырма. « Кеменің күйреуі »

Тапсырма. « Кеменің күйреуі »

ЕСТІ ҚАЛАЙ ДАМЫТУҒА БОЛАДЫ

ЕСТІ ҚАЛАЙ ДАМЫТУҒА БОЛАДЫ

Инелік 4) торғай 6) машина 8) парта 10) орамал «Джекобс әдісі» жаттығуы

Инелік 4) торғай 6) машина 8) парта 10) орамал «Джекобс әдісі» жаттығуы

Тапсырма. «Жапырақтар» Жапырақтың суретін аяқта

Тапсырма. «Жапырақтар» Жапырақтың суретін аяқта

ЗЕЙІНДІ БОЛУ Мақсаты : Зейін жайлы алғашқы ұғыммен таныстыра отыра, зейіннің маңыздылығын ашу

ЗЕЙІНДІ БОЛУ Мақсаты : Зейін жайлы алғашқы ұғыммен таныстыра отыра, зейіннің маңыздылығын ашу

Ойын "Шерлок Холмс пен Доктор

Ойын "Шерлок Холмс пен Доктор

Жұмбақ. Екі қарны бар, Төрт құлағы бар

Жұмбақ. Екі қарны бар, Төрт құлағы бар

СӨЗ СИҚЫРЫ Мақсаты: адам өмірінде тіл арқылы қарым-қатынас жасаудың маңыздылығын ашу

СӨЗ СИҚЫРЫ Мақсаты: адам өмірінде тіл арқылы қарым-қатынас жасаудың маңыздылығын ашу

Суреттермен жұмыс» Сонымен қатар біз тілімізді дамытуымыз керек

Суреттермен жұмыс» Сонымен қатар біз тілімізді дамытуымыз керек

СӨЗ СИҚЫРЫ Мақсаты: адам өмірінде тіл арқылы қарым-қатынас жасаудың маңыздылығын ашу

СӨЗ СИҚЫРЫ Мақсаты: адам өмірінде тіл арқылы қарым-қатынас жасаудың маңыздылығын ашу

Диалог жайлы әңгіме. - Адам қай кезде сұрақ қояды? (Басқа адамдармен сөйлескен кезде) -

Диалог жайлы әңгіме. - Адам қай кезде сұрақ қояды? (Басқа адамдармен сөйлескен кезде) -

Сабақты қорытындылау. Берілген әйнекшеге көршіңе қандай мақтау сөздерді арнар едің, соны жаз

Сабақты қорытындылау. Берілген әйнекшеге көршіңе қандай мақтау сөздерді арнар едің, соны жаз

Осыларды бір тұтас шығыршық етіп қосуды тапсырды

Осыларды бір тұтас шығыршық етіп қосуды тапсырды

Таластарға сіздердің тілектеріңіз жөнінде айтылған көңіл алаңдатпаңыздар

Таластарға сіздердің тілектеріңіз жөнінде айтылған көңіл алаңдатпаңыздар

ТАРАУ ҚАРЫМ-ҚАТЫНАС ӘЛЕМІ 17

ТАРАУ ҚАРЫМ-ҚАТЫНАС ӘЛЕМІ 17

Осылайша тағы жалғастыруға болады, басқа сөздер айтып, мысалы, «Сенің осында болғаның қандай жақсы!» деген сияқты

Осылайша тағы жалғастыруға болады, басқа сөздер айтып, мысалы, «Сенің осында болғаның қандай жақсы!» деген сияқты
Материалы на данной страницы взяты из открытых истончиков либо размещены пользователем в соответствии с договором-офертой сайта. Вы можете сообщить о нарушении.
05.02.2020