Өзіндік даму психологиясы
ЖОБА
Педагог-психологтарға арналған оқу-әдістемелік құрал
4 сынып
Астана 2015
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
Астана қаласының Білім басқармасы
Өзіндік даму психологиясы
Жалпы білім беретін мектептің
4-сыныптарына сабақ беретін
педагог-психологтарға арналған
оқу-әдістемелік құрал
Астана, 2015.
ӘОЖ
КБЖ
Пікір жазған: А.Р.Ерментаева – психология ғылымдарының докторы,Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ҰУ «Әлеуметтік педагогика және өзін-өзі тану» кафедрасының профессоры, Астана қаласы, Ж.Қ.Аубакирова – психология ғылымдарының кандидаты, «Тұран-Астана» университетінің қауымдастырылған профессоры.
Сараптамашы: М.Г. Субханкулов – психология ғылымдарының кандидаты, «Көкше» академиясының профессоры., М.К. Курсабаев – педагогика ғылымдарының кандидаты «Тұран-Астана» университетінің профессоры., Т.С. Букашов – медицина ғылымдарының кандидаты, ПДМ МО жоғары санатты психиатр-дәрігері
Шығармашылық топтың жетекшісі: А.Ш.Амерханова
Құрастырушы-автор: А.Ш.Амерханова, А.Б.Ахметова А.К.Танисбаева.
«Өзіндік даму психологиясы»: жалпы білім беретін мектептің 4-сынып педагог-психологтарына арналған оқу-әдістемелік құрал. / Астана, Ш67, 2015. – 92б. 12-жылдық білім беру жүйесін қолдау және ағылшын тілі орталығы психологиялық қызмет кабинеті.
ISBN
Әдістемелік құрал 4-сыныпта «Өзіндік даму психологиясы» факультативтік курсын оқытатын педагог-психологтарға арналған. Құралда бірыңғай сабақ құрылымы сақталған және тапсырмалар балалардың жас ерекшеліктеріне сәйкес психологиялық сабақтар түрінде жинақталған.
ӘОЖ
КБЖ
© ФАО Астана қаласы бойынша ПҚ БКИ
«Өрлеу» Ұлттық біліктілік көтеру орталығы,2015
Алғы сөз
Қазіргі заманауи қазақстандық қоғам болашақ түлектердің жылдам өзгеріске толы әлемдегі өмірге дайындығына байланысты білім жүйесіне жаңа талаптар қоюда. Анығын айтсақ, мұндай талапқа сай болу үшін балалардың әртүрлі ғылым салаларынан алған білімдерінің қосындысымен шектеліп қана қоймай, тұлғаның бейімделу мүмкіндігін дамытуға бағытталған нақты белгіленген жұмыстарды қарастырған жөн сияқты.
Өкінішке орай, біздің балаларымыздың мектептегі және мектептен тыс өміріндегі күрделі әлеуметтік мәселелерінің болуы ата-аналарға және бүкіл қоғамға балаларды моральдық кері кетуден сақтауға, олардың әлеуметтік және интеллектуалды қорғалуына қалай көмектесуге болатыны жайында шұғыл түрде маңызды мәселе көтеруді міндеттейді. Бұл мәселелерді шешуге қолданыстағы мектеп пәндерінің аясы тым тар болып отыр. Ол үшін мазмұны жағынан өзі туралы сұрақтарға жауап бере алатын, өзіндік дамуы үшін адам феномені, тұлғалық ерекшеліктері туралы біліммен қаруландыратын арнайы оқу курсы әзірленуі қажет. Сондықтан да жалпы білім беру мектептерінде жекелеген «Өзіндік даму психологиясы» эксперименталды курсының әзірлемесін құру қажеттілігі өте өзекті болып отыр. Аталған курстың басты мақсаты баланың өзбетіндік өмірге толыққанды кіруін қамтамасыз ететін барлық білім жүйесінің негізгі мақсаты - баланың мәдени және әлеуметтік дамуы мақсатымен ұштасуы тиіс.
Осыған байланысты ұсынылып отырған тұжырымдаманың мақсаты құрылды: Оқушыларда өз-өзімен және қоршаған ортамен өзара түсіністік әрекетте болуы үшін адамтану саласында негізгі құзыреттіліктерін дамытуды көздейтін психологиялық мәдениетті қалыптастыру.
Аталған факультативтік курсты эксперимент түрінде енгізу үдерісінде келесі міндеттерді шешу қажет:
1. Оқушылардың психологиялық білімді меңгеруі олардың дамуына қалай әсер ететінін анықтау.
2. Оқытудан өткен оқушылардың психологиялық білімінің нақты көлемін, мазмұнын және сапасын бағалау.
3. Мектепте психологияны пән ретінде оқу аясында балалардың өз-өзімен және қоршаған ортамен өзара қарым-қатынас жүйесінің дамуы ерекшеліктерін анықтау.
Қазақстандық мектеп оқушылары үшін «Өзіндік даму психология» факультативтік курсы бағдарламасын құруда үрдісті әлемдік тәжірибені қолдану ғана жеткіліксіз, сонымен бірге біздің көпұлтты мемлекетіміздің менталитет ерекшеліктерін де ескердік.
Қазіргі заманауи қоғам талаптарына бағыттала отырып және Қазақстан Республикасы білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға Мемлекеттік Бағдарламасы контексінде көрсетілген білім беру ортасын гуманизациялау міндеттеріне сәйкес «Өзіндік даму психологиясы» факультативтік курсының негізі оқушының өмірлік тәжірибесін, оның жеке қызығушылықтарын міндетті кірістіре отырып психологиялық мәдениетін қалыптастыратын гуманистік парадигма болу керек.
КІРІСПЕ
4-сынып кезеңінде балаларда кіші мектеп жасының негізгі жаңаша білім қабылдауының қалыптасуы аяқталып қалады. Көп балаларда оқу әрекетінің тек оқу тапсырмаларын орындауға жалпы қарау ғана емес, сонымен қатар мектеп оқушыларының түрлі оқу білігі мен дағдысын пайдалануының жеке тәсілдері қаланады. Оқу жұмысының жемісті тәсілдерін меңгеру оқушы оқу білігін игергенін білдіреді: ол берілген білімді сапалы меңгеруге қабілетті, қажет болған жағдайда, оны өз бетімен меңгеріп алады.
Осы жаста алғаш рет өзін-өзі дамыту қажеттілігін ұғыну пайда болады. Бала өзінің міндеті мен құқықтарын түсіне бастайды. Өзін-өзі бағалауы тұрақтала түседі. Қарым-қатынасында есейгендік байқалады. Бұрын ерекше мағынаға ие болып көрінетін ересектерге енді өзіндік жетістіктері мен кемшіліктері бар кәдімгі қарапайым адам ретінде қарай бастайды.
Құрбы-құрдастары маңызды орынға шығады. Олардың пікірі үлкендердің пікірінен гөрі мәнді болып көрінеді. Бірлесіп жұмыс істеу қабілеттері дамиды, басқа адамдарға және олардың істеріне қатысуға қызығушылығы қалыптасады. Басқа жынысты баламен өзара қарым-қатынастары белсендіріледі. Құндылық бағыттар туралы саналы түсініктері бой көтереді. Балалар әлеуметтік мәртебе айырмашылығын меңгереді, оған өзіндік жеке көзқарасын қалыптастырады. Осы жаста әлеуметтік қорқыныш (жалпы қабылданған нормаларға, мінез-құлық қалыптарына сәйкес келе алмай қалудан қорқу) пайда болуы, қиындыққа эмоционалды әсерленуі жоғарлауы, жалғыздыққа бой ұруы мүмкін.
Кіші мектеп жасындағы балалармен жұмыс жүргізгенде үлкендердің негізгі міндеті кіші жастағы оқушылардың психологиялық денсаулығын қалыптастыру және сақтауға бағытталған. Өзінің мүмкіндіктерін тануда баланың қызығушылығы дамып, қиындыққа төтеп беру тәсілдері мен жол таба білуге үйренеді, татулық хал-ахуалын орнатуға ықпал етеді.
Бағдарламаның мақсаты: социумда тиімді және қауіпсіз өзара іс-әрекетін қамтамасыз ету үшін психологиялық мәдениет пен құзыреттілікті қалыптастыру
Міндеттері:
- Балалардың өзін-өзі және басқа да адамдарды тануын ынталандыру. Басқа адамның ішкі әлемін тануға қызығушылығын ояту;
- бірлескен іс-әрекеттік қарым-қатынас құзыреттілігін қалыптастыру;
- мектеп қиындықтарына қатысты дұрыс бағдар беру – қиындықты жеңе білу бағдарын қалыптастыру;
- өзінің және өзгенің сезімін тани білуге, сипаттай білуге үйрету;
- ойын тәсілдері және арттерапия көмегімен алаңдаушылық, қорқыныш сезімдерін төмендетуге ықпал жасау;
- жұмыс кеңістігін ұйымдастыру және жұмыс уақытын тиімді пайдалану дағдыларын қалыптастыру;
4-сыныптардағы «Өзіндік даму психологиясы» бойынша факультативтік оқу бағдарламасы 4 негізгі бөлімнен тұрады: «Менің күш-жігерім, менің мүмкіндіктерім», «Білімге апарар жол», «Мен және мені қоршаған орта», «Мен өсіп келемін, мен өзгеремін, мен – бастауыш мектеп түлегімін». Бастауыш мектепте оқытудың қорытындылары шығарылады. Басты назар оқушылардың зияткерлігіне аударылады.
Күнтізбелік-тақырыптық жоспарлау
№ |
Тақырыбы |
Мазмұны |
Сағат саны |
Менің күш-жігерім, менің мүмкіндіктерім |
|||
1 |
Менің жазғы күндерім |
Мен жазды қалай өткіздім, жазғы демалыс уақытында мен не үйрендім. |
1 |
2 |
Мен ержетіп, есейіп келемін |
Кіші буыннан орта буынға өтер кезеңіндегі жаңа қайта құрулар және жас ерекшеліктері. |
1 |
3 |
Мен кіммін |
Мен қандай кішкентай бөлшектерден тұрамын: қызығушылықтарым, қажеттіліктерім, құндылықтарым... |
1 |
4 |
Менің ішкі әлемім |
Адамның ішкі жан дүниенің бірегейлігі және қайталанбастығы. |
1 |
5 |
Мен не істей аламын және немен мақтанамын |
Менің абыройым және менің жетістіктерім. |
1 |
6 |
Менің қабілеттерім |
Істе табысты болу үшін қандай қабілеттер керек? |
1 |
7 |
Жетістікке жету |
Табыс=қабілеттер+еңбексүйгіштік. Ерік күшін, мақсаткерлігін дамыту. |
1 |
8 |
Мен кім болғым келеді? |
Мамандықтар әлемі. Әлеуметтік рөлі. |
1 |
9 |
Сенім деген не? |
Арманыңа сену, табысқа талпыну, жетістікке жету. |
1 |
Білімге апарар жол |
|||
10 |
Түйсік |
Түйсіктің түрлерін дамыту |
1 |
11 |
Қабылдау |
Дүниенің тұтас жүйесін құру. Кеңістікті қабылдау |
2 |
12-13 |
Зейін |
Зейінді зерттеу және дамыту тәсілдері. |
2 |
14-15 |
Ес (жады) |
Есте сақтаудың негізгі арналарын дамыту |
2 |
16-17 |
Ойлау. |
Сөз-логикалық ойлауды дамыту. |
2 |
18-19 |
Қиял. |
Шығармашылық ойлау. Зерттеу және дамыту. |
1 |
Мен және мені қоршаған орта |
|||
20 |
Қарым-қатынас дегеніміз не? |
Қарым-қатынас түрлері мен құралдары. |
1 |
21 |
Менің өмірімдегі қарым-қатынас |
Адамдармен қарым-қатынас ережелері мен мінез-құлық нормаларын меңгеру |
1 |
22 |
Ұлдар мен қыздар әлемі |
Топтағы ұлдар мен қыздар арасындағы қарым-қатынасты оңтайландыру. |
1 |
23-24 |
Кикілжіңнен қалай құтылуға болады |
Кикілжіңдер және оларды шешу тәсілдері |
2 |
25 |
Мен және менің сыныбым |
Ұжымды ынтымақтастыру және топтық жұмыс дағдыларын қалыптастыру. |
1 |
26 |
Қоршаған ортамен және өзіммен үйлесімділікте |
Өз-өзімен және айналасындағылармен үйлесімді өмір сүре білуін дамыту |
1
|
Мен өсіп келемін, мен өзгеремін, мен – бастауыш мектеп түлегімін |
|||
27 |
Адамның мінез-құлқы. |
Мінез-құлықтың қалыптасуы адам бойындағы қасиеттеріне қатысты |
1 |
28 |
Тәрбиелі адам болу дегеніміз не? |
Қалай тәрбиелі адам болуға болады? Кісілік ұғымы. |
1 |
29 |
Адамның еркіндігі |
Еркін адам деген кім? Үнемі қалағаныңды жасай беруге бола ма |
1 |
30 |
Оқушының міндеттері мен құқықтары |
Міндеттімін және құқығым бар. Мектептегі, үйдегі және көшедегі құқықтарым мен міндеттерім |
1 |
31 |
Сый-құрмет құқығым |
Айналасындағылардың сый-құрметіне қалай бөленуге болады? |
1 |
32 |
Ересектер әлемі |
Ересектер әлеміне үңілу. Мен қазір және болашақта. |
1 |
33 |
Есейіп, ержеткім келеді... |
Денсаулық, сауаттылық, мейірімділік. Ертеңгі бақытым үшін қазір не істеуге болады |
1 |
34 |
Мен – бастауыш мектеп түлегімін |
Табыстар, жетістіктер, өзгерістерім. «Менің ішкі әлемім» эссе жазу |
1 |
Оқушылардың дайындық деңгейіне талаптар
4-сыныпты аяқтаған соң оқушылар біледі:
- тақырып бойынша негізгі ұғымдарды түсінеді;
- танымдық іс-әрекетін дамыту тәсілдерін меңгерген;
- еркін даму және өзін-өзі бақылау дағдыларын қолдана біледі;
- өзін мектеп оқушысы тұрғысынан ұғынады, өз қызығушылығы, ерекшеліктері, бейімі және дағдыларын түсінеді;
- жағымсыз эмоцияларымен жұмыс жүргізуге талпынады;
- басқа балаларға тілектестік білдіре біледі.
Оқушылардың білімдерін бағалау
«Өзіндік даму психологиясы» факультативі бойынша баға қойылмайды, жылдың соңында шығармашылық тапсырма беріледі.
І. Тарау
МЕНІҢ КҮШІМ, МЕНІҢ КҮШІМ, МЕНІҢ МҮМКІНДІКТЕРІМ
1-сабақ
МЕНІҢ ЖАЗҒЫ КҮНДЕРІМ
Мақсаты: оқушыларға адам мен қоршаған ортаның өзара байланысы туралы терең түсінік беру
Міндеттері:
- адам мен қоршаған ортаның байланысын түсіндіру;
- қоршаған ортаға деген жағымды қарым-қатынасты тәрбиелеу;
- ұжымда жағымды орта құруға жағдай жасау.
Ұйымдастыру сәті
Балалар! Психология пәнінің әр сабағын біз метаграммадан бастаймыз.
Метаграмма.Тумасөз - гректің «мета» - арасы, «грамма» - жазу деген екі сөзден құралып, метаграмма деп аталады. Тумасөз үшін пайдаланылатын сөздің бір әрпі өзгертілуі қажет. Демек мұнда берілген сөздің арасындағы бір әріпті өзгертіп, сондай әріп санынан тұратын жаңа сөз жасау. Мысалы: табан – сабан, түлкі - күлкі. Тумасөзді жұмбақ түрінде өзгертуге де болады.
Қазір мен сіздерге жұмбақ жасырамын, шешуін кім жылдам табады екен
Жазда өсіп, піседі,
Дәмі тәбет ашады,
Жесең, шөлің қанады.
«Қ» орнына «Ж» қойсаң,
Көктен тамып жауады,
Жердің шаңын басады.
(қауын-жауын)
Сергіту сәті «Көңілді жаз».
Жүргізуші балаларға жазғы демалыстарын естеріне түсіріп, кез келген жаздағы әсерлер немесе ерекше әзіл біреуін таңдауды ұсынады: «қуаныш» деген сөзге сәйкес келетін туындаған жағдаймен байланысты дыбыс, иіс, көрермендер бейнесі және осы жағдай туралы топқа қысқаша айтып береді.
Сергіту сәті «Жаз туралы әңгіме», «Мен жазды қалай өткіздім».
Қатысушы таңдап алынады. Оған жазды қалай өткізгендігі туралы үш сұрақ қойылады. Ол екі рет дұрыс, бір рет өтірік жауап беруі тиіс. Топ оның қайсысы дұрыс, өтірік екенін анықтау керек.
«Жаз – бұл кішкентай өмір»
Жаз – тамаша мезгілдердің бірі, жазда күн жылы, айналаның барлығы әдемі күйге енеді және біздің демалуға керемет мүмкіндігіміз бар. Жазды демалыс айы деуге болады, біз қалаған жерлерімізге барып уақытты көңілді өткізе аламыз. Тауға, су жағасына баруға болады, велосипед теуіп, өзіміздің қалаған ойындарымызды ойнай аламыз.
Тапсырма «Мен жазда қалай өзгердім?»
1. Сен жазғы демалыстан кейін мектеппен қайта қауыштың, осы алғашқы күндердегі сезіміңді суретте.
2. Сен, әрине, жазда өзгердің. Қалай ойлайсың жазда балалардың көбі неге қатты өзгеріп кетеді? Өз ұсыныстарыңды айтып беріңдер. Басқа балалардың жауаптарынан ұнағанын дәптерлеріңе жазып отырыңдар.
3. Өз жауабыңды топтағы балалардың жауабымен салыстыр. Бір сұраққа адамдар әртүрлі жауап береді және олардың берген жауаптарының барлығы дұрыс болуы мүмкін бе? Неге?
Эмоционалдық көңіл-күйді анықтау әдістемесі.
Мұғалім тақтаға алты кескінді бейнелер (смайликтер) салады.
Бұл кескінді суреттер оқушыларға қойылған сұрақтың жауабы бола алады. «Қараңдаршы, мен тақтаға қандай кескінді бейнелер салдым. Олар бір-бірінен несімен ерекшеленеді?.Қалай ойлайсыңдар, адам қуанышты және көңілсіз сәттерде қандай сезімді бастан кешіреді?». Ары қарай мұғалім сөздерді атайды, ал оқушылар осы сөзбен (жаз, демалыс, менің сыныбым, менің сыныптастарым, менің мектебім, менің ұстазым, менің отбасым) байланысты эмоцияларды салып шығады. Мұғалім оқушылардың жауаптарын жинау арқылы, осы сәттегі олардың әртүрлі жағдайға көзқарастары туралы ақпарат алады.
«Ав-ав, мяу-мяу»
Балалардың ішінен қатысушы таңдап алынады, оған жүргізуші жазды қалай өткізгендігі туралы 6-8 сұрақтан қояды. Сұрақтар «иә» немесе «жоқ» деп жауап беретіндей құралу қажет. Қатысушы сұрақтарға «иә» немесе «жоқ» деп жауап береді, бірақ «иә» дегеннің орнына «ав-мяу», ал «жоқ» деген жауаптың орнына «ав-ав – мяу» деп айтуы тиіс. Қатысушы барлық сұрақтарға жауап беріп болғаннан кейін, топтағылар қатысушының жазда немен айналысқаны туралы айтып береді. Тыңдаушылар мен қатысушы тапсырманы орындай алды ма талқыланады.
«Жаз туралы әңгімелер»
Жүргізуші балаларға Жаз туралы ауызша күлкілі әңгімелер кітабын құрастыруды тапсырады. Ол үшін топтан «жазушы» таңдап алынады, ол қызықты әңгіме айтып береді.
«Суретшілер»
Екі-үш адам айтылған әңгіме бойынша тақтаға сурет салады. Тапсырманың негізгі мазмұны «Мен – төртінші сынып оқушысымын». Мұғалім оқушыларға жазғы демалыстан кейін оларды жаңаша – төртінші сыныптар деп атайтынын естеріне салады. Төртінші сыныптар бірінші, екінші және үшінші сыныптан қандай айырмашылығы бар, қалай ойлайсыңдар?
Сурет «Жаз»
Тақтаға ватман ілінеді, оқушылар оған «Жаз» тақырыбында ұжымдық сурет салады. Нәтижесінде жеке оқиғалар желісі емес, әркім өз идеясын қоса отырып салынған тұтас сурет шығуы керек.
Рефлексия:
·Сендерге жазда демалған ұнады ма?
·Жазда біз өзгердік пе?
·Біз жазда өзімізге қаншалықты күш жинаймыз?
2 – сабақ
МЕН ЕРЖЕТІП, ЕСЕЙІП КЕЛЕМІН
Мақсаты: адамның кәсіби және тұлғалық қалыптасуында өзіндік білім алу мен өзіндік тәрбиенің маңыздылығын көрсету.
Міндеттері:
- Өзіндік білім алу және өзіндік тәрбие ұғымдарының мағынасын түсіндіру;
- Өзіндік тәрбие дағдыларын қалыптастыру;
- Ұжымда жағымды орта құруға жағдай жасау.
Ұйымдатыру сәті
«К»-ден бастап оқысаң,
Құс атауы, қарашы!
«Е»-ден бастап оқысаң,
Жалқау бала бағасы.
(Кекілік-Екілік)
Тапсырма «Өсемін = есейемін?»
Әр адам үшін өзінің жасы маңызды. Марат 1997 жылы туылған. Ол өзінің туған күнін 7991 деп шифрлап алған.
Өз туған күніңді Марат сияқты шифрла
Қазір сен неше жастасың соны жаз ...
Өткен жылы сен неше жаста болдың? Сен 16 жасқа қашан толасың?
23 жылда нешеде боласың?
29 жасқа қашан толасың?
«Қалай байқауға болады?» жаттығуы
Сен өстің, бірақ есейдің бе? Қалай ойлайсың баланың өсіп келе жатқанын қалай байқауға болады? Қажетін белгіле немесе толықтыр:
o Ол үлкендерді тыңдай бастайды
o Ол барлығын өзі орындайтын бола бастады
o Ол өз ойын ашық білдіріп үйреніп келе жатыр
o _______________________________________
«Мен баламын ба әлде ересекпін бе?» жаттығуы
Сен енді бала емессің, ересекте болған жоқсың. Төмендегі сызықтан өз орныңды тауып ал. Өз орныңды белгілеп, өз шешіміңді түсіндір.
Бала ...
Ересек ...
«Кім ересек?» жаттығуы
Жағдай туралы ойлан, сұрақтарға жауап бер.
Сабақ болып жатқанда мұғалімді телефонға шақырды. Ол шығып кеткеннен кейін оқушылар өздерін әртүрлі ұстады. Марат өзін ұстай алмай партаны күнделікпен ұрғылай бастады. Айгерім жаттығуды орындауды жалғастыра берді. Айсұлу парталас көршісімен қоңырауда болған жағдайды талқылай бастады.
Оқушылардың қайсысы шамалы ересек адамға ұқсайды?
Оқушылардың қайсысы ересек адамға ұқсайды?
Сен неге олай ойлайсың?
Жаттығу «Ересектердің іс-әрекеттері»
Ересектерге қандай, балаларға қандай іс-әрекеттер тән, ойланып көр. Сөздерді бағаналарға бөліп, мысалдар жаз.
Үй тапсырмасы «Тезірек ересек болуға талпыну»
Марат пен Айгерім тезірек ересек болуға талпыну қажет пе деп дауласып қалды. Марат тезірек есею керек деп санады. Айгерім есеюге әлі-ақ үлгересің деп есептеді. Маратпен Айгерімнің ойымен келісуге тырысып көріңдер. Ата-аналарыңмен талқылап, сөйлемді аяқтаңдар.
Марат дұрыс айтады, себебі ...
Марат дұрыс айтады, себебі...
Қарындаш
Кішкентай бала апасының хат жазып отырғанына қарап отырады да, сұрайды:
· Сен бізге не болғанын жазып отырсың ба? Алде мен жайлы жазып отырсың ба?
Апасы жазуын тоқтатып, күліп немересіне қарап:
· Сен дұрыс таптың, мен сен жайлы жазып отырмын. Бірақ ең бастысы менің не туралы жазып отырғанымда емес, немен жазып отырғанымда. Мен өскенде сенің осы қарындаш сияқты болғаныңды қалар едім...
Бала қарындашқа қарап отырып, ешқандай ерекшелік байқамайды.
· Ол күнделікті мен көріп жүрген қарындаштарға ұқсайды!
· Барлығы заттарға қалай қарағаныңа байланысты. Егер сен барлық әлеммен үйлесімді өмір сүргің келсе, бұл қарындаш саған қажет бес қасиетке ие.
Біріншіден: сен данышпан бола аласың, бірақ бағыттаушы қолдың барын ұмытпа. Біз бұл қолды Құдай деп атаймыз. Әрқашан өзіңді оның еркіне сеніп тапсыр.
Екіншіден: жазу үшін маған қарындашты ұштауыма тура келді. Бұл оған ауыр тиеді, бірақ осыдан кейін ол айқын жазады. Өз кезегінде ол сені жақсылыққа әкелетінін біл де, қиындықтарға төзе біл.
Үшіншіден: егер қарындашты қолдансаң қате дегендерін өшіргішпен өшіре аласың. Есіңде болсын, өзіңді түзеу, үнемі жаман емес. Бұл көп жағдайда дұрыс жол табудың ең жақсы әдісі.
Төртіншіден: қарындаштың маңызды бөлігі оның жасалған ағашында немесе формасында емес, оның ішіндегі графит. Сондықтан әрқашан ішкі жан дүниеңде не болып жатыр соны ойла.
Бесінші: қарындаш үнемі өз соңынан із қалдырады. Сенде өз істеген әрекеттеріңмен із қалдырып отырасың, сондықтан әр қадамыңды ойланып бас.
Демалуға арналған ойын «Қорқамын – қалаймын»
Серіктесімен жұп болып орындалады. 10минут сөз тіркестерін айтады, оны «Мен қорқамын ...» деген сөзден бастауы қажет. Тақырыпты жалғастырып әңгіме құрмау қажет. Серіктесі тапсырманы орындау жылдамдығын, әр тақырыпқа бір сөз тіркестен артық айтпауын қадағалап отырады. Осыдан кейін 10 минут монологты жалғастырады, әр сөз тіркесі «Мен қалаймын...» деген сөзден басталады. Аяқталғаннан кейін рөлдер ауысады.
«Мен тілеймін...»
Әр қатысушы сыныпқа өз тілектерін айтады.
Сабақтың қорытындысы:
Қалай ойлайсың сабақ барысында өзіңді қалай ұстадың, өзіңді көрсете алдың ба? Сабақты көңіл күй арқылы бағала.
Рефлексия:
· Адам есейгенде онда қандай өзгерістер болады?
· Өзіндік тәрбие дегенді қалай түсінеміз?
· Өзіндік білім алу дегеніміз не?
3–сабақ
МЕН КІММІН
Мақсаты: адамның жеке тұлғалық ерекшеліктерінің маңыздылығын түсіндіру, оқушылардың адамның адамгершілік қасиеттері туралы түсініктерін тереңдету.
Міндеттері:
- Даралық ұғымы туралы түсінік беру;
- Оқушылардың өзін-өзі реттеу, өзін-өзі тәрбиелеу дағдыларын дамыту;
- Сыныпта жағымды ортаны құруға жағдай жасау.
Ұйымдастыру сәті
Қуанғанда мақтанып,
Қол соғасың шаттанып.
Ең алдына «Қ» қойсаң,
Қолыңды өтер от қарып.
(Алақай-қалақай)
Жаттығу «Мен кіммін?»
1. Адамдар өмірде бірнеше рөлді атқарады. Отбасылы ер адам ата-анасының ұлы, жарының – күйеуі, балаларының – әкесі рөлінде болады, ал жұмыста мұғалім немесе меңгеруші болуы мүмкін. Сонымен қатар жағдайға байланысты адамдар басқа да қосымша рөлдер атқарады. Көшеде біз, жаяу жүргіншіміз және жол ережесін сақтаймыз, ал қоғамдық көлікте жолаушылар боламыз.
Төменде көрсетілген адамдар қандай рөлдерді атқаруы мүмкін:
·Оқушы
·Медбике
·Құрылысшы
·Жүргізуші
2. Ал енді ойлан, сен қандай рөлдерді атқарасын соны дәптерге жазамыз.
3. Сонымен қатар әрбір адам бірнеше қосындыдан тұрады. Оны түсіну үшін, Мараттын мысалын түсініп көрде, өзің туралы теңдік құр. Марат өзінің «Мен» деген теңдігін құрады. Ол әзірге барлық қосындыларды білмейтінін, сондықтан белгісіздердің орнына «х» белгісін қойғанын айтты.
Барін қалайтын + көңілді + компьютергеқызығатын+дос+х=Мен
4. Ұлдар мен қыздардың мінез-құлқында қандай айырмашылықтар бар? Керектілерін сызып, қажетін толықтырып жаз.
·Оқу үлгерімінде
·Мінезімен
·Қызығушылықтарымен
5. Ұлдарға қандай қасиеттер тән? Оны «х» пен белгіле. Ал қыздарға ше? Оны «ѵ» таңбасымен белгіле. Өз нұсқаңды жаз.
·Шешімді тез қабылдайды
·Қамқорлық
·Еңбекқорлық
·Нәзіктік
·Батылдық
·Қайырымдылық
Жалқау немере /қазақ ертегісі/
Баяғы өткен заманда әжесі мен немересі болыпты. Әбден қартайғандықтан әжесі жұмыс істей алмайды, тек жата береді екен. Ал немере қызы болса өте жалқау, еріншек болыпты.
Көктем келеді. «Жұрттың бәрі тырбанып бір нәрсе егіп жатыр, бізде ішіп жеуге бір нәрсе егіп алуымыз керек қой», - деп ойлады да әжесі өз ойын немересіне айтты.
- Әже, керегі жоқ. Сен әдбен қартайдың, күзге салым өлесің. Сонан кейін бір мейірімді адам табылып, мені асырауға алмас деймісің, егіннің бізге не қажеті бар?- дейді немересі.
Сөйтіп олар егін екпейді. Күз де болады. Жұрт егінін жинай бастайды. Әжесі өлмейді, сөйтіп немере қызын ешкім тәрбиесіне алмайды.
Бір күні көрші әйел келіп, әжесі мен немересінің жейтін тамағы жоғын көріп:
- Тым болмаса біздің үйге келіп шамалы тары алмасаң болмас па еді – дейді.
Көрші әйел кеткен соң кемпір немересіне:
- Қызым барып бірер тостаған тары алып келсеңші! – дейді
- Бармай-ақ қойсам қайтеді, әже? Мүмкін оның тарысы жаман шығар.....- дейді немересі.
Әжесі мен немересі қыс бойы ашығып, өлудің аз-ақ алдында болады. Енді күн жылынып, жер қарайып, көктем басталысымен немересі жұмысқа шығып, егін еге бастайды.
- Сөйтіп қыз еріншектікті ұмытып «Қыс азығын жаз дайында»,- деген мақалды есіне түсіреді
Сұрақ
1. Қыз өмірден қандай сабақ алды?
2. Осы қызды қалай бейнелеп салар едің?
3. Ертегідегі қыздың басындағы және аяғындағы бейнесін қалай салар едің? Суретін сал, мінез-құлқын сипатта.
Сабақтың қорытындысы:
Қалай ойлайсың сабақ барысында өзіңді қалай ұстадың, өзіңді көрсете алдың ба? Өзінді бағала.
Рефлексия:
·Адамгершілігі жоғары адам болу дегеніміз не?
·Адамгершілік қасиеттер неден қалыптасады?
·Өзіңдегі адамгершілік қасиеттерді қалай дамытасың?
4 – сабақ
МЕНІҢ ІШКІ ӘЛЕМІМ
Мақсаты: адамның жекелей ерекшеліктерінің маңыздылығын көрсету, оқушылардың адамның ішкі әлемі туралы түсініктерін тереңдету
Міндеттері:
·Оқушылардың жекелік ерекшеліктерін анықтау;
·Адамның ішкі әлемі туралы түсінік беру;
·Ұжымда жағымды орта құруға жағдай жасау.
Ұйымдастыру сәті. Метаграмма
Моншағы көп тізілер,
Шуағын төксе күліп күн.
Соңғы әріп «М» орнына «К» болса,
Әжем сынды кісілер,
Қолға тағар мүлікпін.
Жауабы: жүзім-жүзік
Сабақтың тақырыбы бойынша әңгімелесу
Адамның ішкі жан-дүниесі әлем сияқты өте кең. Біз бүгін осы әлемнің бір бөлігіне үңілетін боламыз. Бірақ біз сендермен көп жаңа нәрселерді білетін боламыз. Біздің картамызда өзіміз ашқан жаңа жұлдыздар пайда болады.
Елестетіңдер, бір күні біз өзге ғаламшарлықтармен кездесіп қалдық, оларға адам және оның ішкі әлемі туралы не айтып бере аламыз?
Бірақ ескеруіміз керек, өзге ғаламшарлықтар біздің тілде сөйлемейді. Осы жағдайды қалай шешуге болады?
Тапсырма «Менің ішкі әлемім»
Әр адам өзінің сырт келбетіне күтім жасап, сымбатты болғысы келеді.
Өзіңнің сырт келбетіңді сипаттап жаз:
Менің шашым ....
Менің көзім ....
Маған .... киімдер ұнайды.
Тапсырма «Машина сезім»
Сенің сыртқы бейнең ішкі жан-дүниеңнің көрсеткіші: сенің сезімің, сенің ойың. Суретке қара. Мына машиналар сенің ішкі әлеміңде бар сезімдерге толы деп елестет. Сенде қандай сезімдер басым екені көрініп тұру үшін, машинаның жүк салғышына қандай сезім көп немесе аз екенін көрсетіп боя. Ал бос жолдарға өз қалауың бойынша сезімдерді жаз.
Тапсырма «Менің пікірім»
Мәтінді оқы және ойлан. Берілген пікірмен келісесің бе, жоқ па. Өз пікіріңді түсіндір.
Тапсырма «Ішкі әлемнің кереметтігі»
Аспанға қарағанда қандай сезімде боласың? Қандай ойлар келеді? Жазып, балаларға айтып бер.
Неге барлық балалар әртүрлі жауап берді? Балалардың жауаптарынан дұрыс немесе бұрыс жауап мынау деп нақты айтуға болама?
Шынымен де, әркім өзінше ойлауға, сезінуге құқылы. Демек, кез келген ішкі жан-дүние өзінше құнды және керемет. Менімен келісетін шағарсыңдар, солай ма?
Тапсырма «Армандар бұлты»
Бұл сенің армандарыңның бұлты. Сен бәрінен нені армандайсың? Бұлттарға жаз.
Сергіту сәті
Балалар! Қозғалып, шаршағанымызды басайық.
1. Бастапқы қалып – аяғымызды алшақ ұстаймыз, қолымызды басымызға қоямыз. 1-жамбасымызды оңға бұрамыз. 2-жамбасымызды солға бұрамыз. Айналған кезде иығымызды қозғалтпаймыз. Жаттығуды 6-8 рет қайталаймыз. Орташа жылдамдық.
2. Бастапқы қалып – аяғымызды алшақ ұстаймыз. Қолымыз баста. 1-5 – жамбаспен бір жанға қарай айналдырамыз. 4-6 – екінші жанға қарай. 7-8 – қолымыз төмен, саусақтарымызды сілкиміз. Орташа жылдамдықта 4-6 рет қайталаймыз.
Тапсырма «Тілек парақтары»
Ұлдар мен қыздар өз армандарын қағазға жазды, бірақ жел оны шатастырып алды. Оған қайсысы кімнің арманы екенін анықтауға көмектес. Ұлдардың армандарын «+», қыздардікін «ѵ» таңбасымен белгіле. Сонымен қатар өз нұсқаңды жаз.
Сен неге бұлай топтастырдың? Қыздармен ұлдардың армандары ұқсас болған жағдайлар болды ма?
«Бөлмеден шықпай»
Жүргізуші балалармен адам айналадағы әдемілік пен сұлулықты көре алмаған жағдайда өмірге деген қызығушылығын жоғалтатыны туралы әңгіме қозғайды. Көп адамдарға айналаға қызығушылықпен қараудың еш қажеті жоқ сияқты көрінеді, олар қуану үшін ерекше тосын жағдайларды күтеді. Бірақ бұл сәттер жылдам өтіп кетеді де, адам қайтадан көңілсіз күйге түседі. Айналада керемет нәрселер өте көп, бірақ соны көре білу керек. Балаларға бөлмеден шықпай, айналадағы керемет заттар мен құбылыстарды атап беруін өтініңіз.
«Кішкентай ханзада»
Жүргізуші балалармен «Кішкентай ханзада» ертегісі туралы әңгімелеседі. Кішкентай ханзадада өзінің жеке ғаламшары болады, егерде сендердің әрқайсыларыңда жеке ғаламшар болса, ол қандай болар еді? Әңгіме барысында мына жәйттарды ескеру қажет: ол ғаламшарда адамдар мекен етеді ме, оған жету оңай ма, ол ғаламшарда қандай заңдылықтар негізінде өмір сүреді.
Суретте агрессивті белгілерге (тікен, инелер) назар аудару қажет, бұл оқушыда қарым-қатынаста қиындықтар барын, тұйықтығын көрсетеді.
Өз ғаламшарларыңды бейнелей алдыңдар ма, енді сен бақытты өмір сүре алатын, саған қажет нәрселердің барлығы бар елді суреттеп сал. Салып болғаннан кейін, көршіңнің дәптеріндегі суретке қара. Сендердің салған елдерің ұқсай ма? Көршіңнен оның елінде қандай қызықты нәрселер бар, нелерімен мақтана алады, оны не нәрсе қуантатынын сұра. Көршіңде сенен суретің туралы сұрасын.
Ойын «Күн сәулесі»
Балалар шеңбер бойымен ыңғайланып отырады. Көздеріңді жұмыңдар. Міне күн сәулесі біздің алақанымызда, оны сипала. Ол ары қарай жылжиды, маңдайымызға, мұрынымызға, аузымызға. Оны сипа, жақсы көр, еркелет. Енді ол сенің мойныңа, қолдарыңа, аяқтарыңа, беліңе, ішіңе қарай жылжыды. Күн сәулесі сені еркелетіп, өзінің жылуын саған берді. Сен оны қабылдап, жылуды ерекше махаббатпен жүрегіңе жібер.
Сабақтың қорытындысы:
Қалай ойлайсың сабақ барысында өзіңді қалай ұстадың, өзіңді көрсете алдыңба? Өзінді бағала.
Рефлексия:
·Адамның ішкі әлемі дегеніміз не?
·Біз жер шарының тұрғындарымыз. Қалай ойлайсың, біз өзге ғаламшарлықтарға адамның ішкі әлемі туралы айтып бере алдық па?
·Адамның ішкі әлемі оның өмірінде қаншалықты рөл атқарады.
5 – сабақ
МЕНІҢ ҚОЛЫМНАН НЕ КЕЛЕДІ ЖӘНЕ НЕМЕН
МАҚТАНА АЛАМЫН
Мақсаты: адамның жекелей ерекшеліктерінің маңыздылығын көрсету, оқушылардың адамның ішкі әлемі туралы түсініктерін тереңдету
Міндеттері:
- Оқушылардың жекелік ерекшеліктерін дамыту;
- Оқушылардағы адемгершілік қасиеттердің қалыптасуына негіз болу;
- Ұжымда жағымды орта құруға жағдай жасау.
Ұйымдастыру сәті:
«Ш»-дан бастап жазғанда,
Шай қайнатып аласың,
«Ш»-ны орнынан алғанда,
Терезеге саласың
(Шәйнек -Әйнек)
«Ерекше есімдер»
Жүргізуші психология сабағында бір-бірін еркелетіп атауларын ұсынады.
Әр есімді өзінше еркелетіп атауға болады. Балалар әр қатысушыға есімдерді өздері ойлап табады.
Сабақтың тақыры бойынша әңгімелесу
Әр адамның мақтауға тұрарлық нәрсесі болады. Мысалы, жетістікке жеткен адамдар, өз жетістіктерімен мақтана алады.
Қыздар немен мақтана алады?олар үй жинай алу, тамақ жасай алу, іс тіге алатындарымен, тәрбиесімен, сырт келбетімен, оқу үлгерімдерімен мақтана алады.
Қандайда бір нәрсеге мақтану үшін, адам оған өзі қол жеткізу керек.
Тапсырма «Мен не істей аламын және немен мақтанамын»
Балалар көздерін жұмады, жүргізуші оларға көз алдарына ақ парақты елестетулерін сұрайды, парақта: «Мен мақтанамын ...» деген жазу тұр. Осыдан кейін, балалар іштей суретті мұқият қарап, жазуларға мән бергеннен кейін, жазылған сөзді ойша аяқтап, топқа айтып беруін сұрайды.
Сендердің мақтануға тұратын нәрселерің бар ма? Жаз.
Осы уақытқа дейін қандай жетістіктерге жеттіңдер? Жазамыз.
Қандай жетістікке жеткілерің келеді? Жаз.
Тапсырма «Бөшке»
Жетістікке жету үшін адамға не кедергі? Достарыңнан қандай қиындықтарыңды жасырасың? Бөшкедегі жазуларды оқы.
1) Жетістікке жетуде тағы қандай қорқыныштар болады? Бөшкеге жаз.
2) Қандай сезімдер қаншалықты деңгейде, сонша етіп бөшкені толтыр.
3) Сенің құпияларыңды сақтайтын бөшкені белгілеп қой.
Естеріңе түсіріңдер, біз екінші сыныпта «Қорқыныш» деген тақырыпты өткенбіз. Сол кезде «Қорқыныш» сезімнің бір түрі деп айтқан болатынбыз. Осы сезімнің бізде бар болғаны жақсы, себебі, осы сезім бізді қорғануға, үрейленуге көмектеседі, кейде бұл біздің қойған мақсатымызға жетуімізге көмектеседі. Таң қалмаңдар, бұл шындық. Мысалы, ата-анамызды ренжітіп алудан қорықсақ, ата-анамызды ренжітіп алмау үшін қойылған мақсатымызға жетуге тырысамыз, яғни ол мақсат ата-анамызды қуанту. Сондықтан, бізде бар барлық нәрселермен мақтануымыз керек.
Тапсырма «Менің достарымның ішкі әлемі»
Біз әр адамның өзінің ішкі әлемі болатынын білеміз. Ал сен өз достарыңның ішкі әлемін түсіне аласыңба? Дәптердегі шкаладан өзіңді қызыл қарындашпен белгіле. Көршіңнен, ол сені көк қарындашпен белгілеуін сұра. Белгілерді түрлі түстермен сал. Бағалау сәйкес келді ме? Неге?
Тапсырма
Тізімнен «Мен ... досы екенімді мақтан тұтамын» деген сөзге сәйкес келетін бірнеше синоним сөзді таңдап алып, астын сыз.
Тапсырма «Сыныптасыңды тап»
Сыныптасыңның атын және үш жақсы қасиетін жаз. Жазған қасиеттерді балаларға оқып бер. Сен кімді жасырып тұрғаныңды балалар тауып көрсін.
Сыныптасыңның есімін жаз.
Бізде көңілді балалар бар. Ол...
Бізде қайырымды балалар бар. Ол ...
Бізде талапшыл балалар бар. Ол ...
Тапсырма «Біз ұқсамаймыз»
Сыныпта саған мүлде ұқсамайтын оқушының есімін жаз.
Сендердің қандай айырмашылықтарың бар?
Ұқсастықтарың барма? Ортақ қасиеттерді барынша көп жазуға тырыс.
Жаттығу «Айна маған айтшы...» (қиялыңдағы заттармен ойын) оқушы өзі туралы жазады.
Үй тапсырмасы «Күтпедіңіз бе?»
Қалай ойлайсыңдар, ата-аналарың сендердің қандай қасиеттеріңді мақтан тұтады? Бірінші бағанға өз ойыңды жаз, екінші бағанға ата-аналарың жазсын.
Ойын «От Мұз»
Жаттығу алма-кезек дененің қысымы мен босаңсуына арналған.
Оқушылар жаттығуды шеңбер бойымен тұрып орындайды. Жүргізуші «От» деген кезде қатысушылар барлық денесімен жылдам қозғалады. Қозғалыстың бірқалыптылығы мен жылдамдық деңгейін қатысушылар өздері таңдайды. «Мұз» деген кезде қатысушылар бірінші команданың позасында орындарында қатып қалуы қажет. Жаттығу барысында командалар орындарын ауыстырып отырады.
Жаттығу
Балалар, күлімсіреу – адамгершіліктің, жылулық пен өзара келісімнің белгісі. Бір-бірлеріңе күлкімен жақсы сөздер арнаңдар. Мысалы:
·Гүлназ, сен менің ең жақсы құрбымсың. Мен сені сыйлаймын, өйткені сен ...
Сабақтың қорытындысы:
Қалай ойлайсың сабақ барысында өзіңді қалай ұстадың, өзіңді көрсете алдың ба? Өзінді бағала.
Рефлексия:
·Оқушы не істей алу керек?
·Ол немен мақтануы тиіс?
·Адамның өмірінде қандайда бір істі орындай алу қаншалықты маңызды?
6 – сабақ
МЕНІҢ ҚАБІЛЕТТЕРІМ
Мақсаты: адамның жекелей ерекшеліктерінің маңыздылығын көрсету, оқушылардың адамның ішкі әлемі туралы түсініктерін тереңдету
Міндеттері:
·оқушылардың жекелік ерекшеліктерін дамыту;
·адамың ішкі әлемі туралы түсінік беру;
·ұжымда жағымды орта құруға жағдай жасау.
Ұйымдастыру сәті:
Метаграмма
Оңға қарай,
Оқысаң да – бір халық.
Солға қарай
Оқысаң да – бір халық.
Бір буыным – құс,
Бір буыным – түс.
(Қазақ, Ақ қаз)
Тапсырма «Менің қабілеттерім»
Әр адам жетістікке жеткісі келеді. Ол үшін әркім өз қабілеттерін біліп, қолдана алу керек.
Ал сен, қабілет дегеніміз не екенін білесің бе?
Егер сен қандайда бір істі жақсы орындасаң, демек
· сен онымен айналысқың келеді
· сенің қабілетің бар
· сен оны орындағаннан қуанасың.
Тапсырма «Ой салу»
Қандай қабілеттер болады? Суреттер саған көмекші құрал бола алады.
Тапсырма «Мен не істей аламын»
Сен нені жақсы істейсің? Қажеттілерінің астын сызып, өз нұсқаңды жаз.
Мен балалармен жақсы сөйлесе аламын.
Менің спортқа бейімім бар.
Мен оқу оқығанды жақсы көремін.
Тапсырма «Менің жетістігім»
Барлық адамның қандайда бір қабілеті болады, бірақ барлығы жетістікке жете алмайды. Неге? Жауабыңды жаз.
Тапсырма «Менің мысалым»
Мысалды шеш, өз мысалыңды жаз
Қабілеттер + еріншек =
Қабілеттер + ерік-жігер =
Қабілеттер + ұйымдаспаған =
Қабілеттер +
Сенде қандай пайдалы қабілеттер бар? Оларды жаз.
Тапсырма «Мен қабілеттімін»
Төменде берілген сөздерден сөйлем құра.
Олардың, әрқайсысы, барлық, қабілеттер, бірақ, бар, қолданбайды.
«Портреттер байқауы»
Жүргізуші балаларға өз портреттеріне арнап қағазға рамка салу үшін оларға трафаретті рамка таратады. Жүргізуші тақтаға «Жақсы қасиеттер» қабын іледі, сол жерден өздерінде бар қасиеттерді алып рамкаға жазуды тапсырады. Болғаннан кейін портреттер жазылып, конкурс өткізіледі. Талқылау барысында қатысушылар бір-бірінің портреттерін қажетті қасиеттермен толықтыруларына болады. Оқушылар суреттерін үйлеріне апарып ата-аналарына көрсетулеріне болады. Сабақтың негізгі мазмұны «Қабілет дегеніміз не?». Жүргізуші балалармен қандайда бір істе жетістікке жету үшін қандай қабілеттер қажет екенін талқылайды. Әншілермен музыканттардарда – музыкалық, суретшілерде – сурет салу, математиктерде – математикалық қабілет болу керек. Жақсы дәрігер, фирма директорына қандай қабілеттер қажет? Барлық адамда қабілет болады, бірақ кейбір адамдар мұны білмейді, білседе өз қабілеттерін қолдана алмайды. Жүргізуші оқушылармен қабілетті оқушылардың барлығы сабақты жақсы оқиды ма, деген сұрақты талқылайды. Талқылаудан кейін тақтада мына сөздер шығады: «Жетістік = қабілет + еңбекқорлық».
Ертегімен жұмыс
Балалар ертегіні тыңдайды, суретін салып талқылайды. Скрипка туралы ертегі (Н.Мишин).
Бір қалада шағын музыкалық аспаптар сататын дүкен болған. Онда әртүрлі музыкалық аспаптар сатылатын: кларнет, пианино, гитара, барабан және т.б. Бір күні шеберханадан жаңа скрипкалар әкелінеді. Оның ішінде біз айтатын скрипкада болды. Уақыт өтіп жатты, скрипкалар дүкендегі өмірге үйрене бастады. Дүкенге сатып алуға музыкант келгенде, олар ақырын ғана дыбыс шығарып, өз мүмкіндіктерін көрсетіп жатты.
Бір күні оған кезекті сатушы келгенде, альт айқай салды: «Қараңыз, мен қандай үлкенмін, мені алыңызшы, мені алыңызшы!».
Скрипкалардың біреуі тұрып: «Қараңыз, менің мойыным қандай! Ол қызыл ағашпен қапталған».
Басқасы музыка шығарып: «Мұның бәрі маңызды емес! Міне, менің бұрандаларым пілдің сүйегінен жасалған!».
Үшіншісі ән сала бастады: «Менің қылдарым алтынмен қапталған!».
Тек кішкентай скрипка ғана бәсең дауыспен: «Менің дыбысым жақсы...» - қызарып теріс бұрылды. Музыкант кетіп қалғаннан кейін барлық аспаптар оны тарпа бас салып: «Сенің жақсы ойнағаның кімге керек, егер сұлу ештеңең болмаса?» Бұранда, ішектерің, мойының – барлығы әдеттегідей, ерекше ештеңе жоқ». Осылай айлар өтіп жатты, Скрипкаға ешкім назар аударған жоқ. Ол қатты ренжіді, жауын жауғанда оның ішектерінен күміс жас таматын. Ал күн шыққанда, күн сәулесі оны айналшықтайтын, себебі ол көңілсіз болатын. Скрипканың жалғыз досы болды ол - Тышқан, ол жасыл көзді үлкен сары мысықтан қашқанда осы скрипкаға тығылатын. Бір жайдарлы кеште дүкенге атақты музыкант келеді. Оның скрипкасын ұрлап кетіпті, екі сағаттан кейін ол концертке шығуы тиіс екен. Оның атақты болғаны сонша, тіпті Тышқанның өзі оны көруге шықты. Барлық скрипкалар өзін мақтай бастады. Біреуі шынғырып: «Қараңыз, менің мойыным қандай - ол қызыл ағаштан!». «Қызыл ағаштан? – сұрады музыкант. – Бұл жақсы, бірақ сенің қалай ойнайтыныңды көру керек». Музыкант қолына алып тексеріп көріп еді, дыбыс жоқ. Музыкант басқа скрипкаларды да көре бастады. Ана жақсы бұрандалы скрипка жаман ойнайтын, күміс ішекті скрипканың дыбысы реттелмейтін. Осы кезде тышқанға сары мысық келе жатқан еді. Тышқан музыкантқа қарап, мысықты байқамады, ал скрипка оны бірден байқады. Мысыққа тышқанды секіріп ұстап алуға сәл ғана қалып еді. Скрипка алаңдай бастады: досыма қалай ескертемін? Бір ішегімен дыбыс шығарып еді, тышқан естімеді. Мысық жақындап келеді. Дауысын сәл қатты шығарды. Мысық жүгіріп, секіріп еді ... осы сәтте скрипка күшін жинап, барлық ішектерімен дыбысын шығарды. Тышқан ініне кіріп кетті, ал Мысық жерге құлап, еденмен сырғанап музыканттын аяғына кеп соғылды. Музыкант мұны сезгенде жоқ: ол тек бір Скрипканы ғана көріп, оның тамаша дауысын ғана естіді. «Міне керемет! – деді мысықты аяғымен итеріп жатып. Мен сені байқамадым, тіпті кетуге ынғайланып едім. Мұндай таза дауысты естімегелі көп болып еді. Сені кім жасады ?...». Музыкант скрипканы сатып алып, концертке кетті. Керемет дауыс тыңдарманның жүрегіне еніп, оларға үміт ұялатып, қуаныш сыйлады. Скрипканың басты қасиеті осы болатын!
Талқылауға сұрақтар
Кішкентай скрипка басқа скрипкаларға қарағанда несімен ерекшеленеді? Қалай ойлайсыңдар, концертке шыққанда Скрипка не сезінді? Осы Скрипка сияқты сендерге де назар аудармаған жағдайлар болды ма? Немесе сендер біреуді байқамаған кездер? Бұл ертегінің негізгі ойы қандай?
·Балалар, ынғайланып отырамыз, көзімізді жұмып жұлдызды аспанды елестетеміз. Самал жел соғып тұр. Біздің шашымызды, бетімізді сипайды. Алыста аспаннан өзіміздің жұлдызымызды көрдік – біздің өмірдегі мақсатымыз. Қане, оған қолымызды созайық. Созыламыз, созыламыз. Жарайсыңдар. Бір, екі, үш көзімізді ашамыз.
Балалар, біз жаңа ғана өз мақсатымызды көрдік. Оның қандай екенін суреттеріңнен көреміз (5-7 минут).
Сабақтың қорытындысы:
Қалай ойлайсың сабақ барысында өзіңді қалай ұстадың, өзіңді көрсете алдың ба? Өзіңді бағала
Рефлексия:
·Қабілет дегеніміз не?
·Олар адамға не үшін қажет?
·Қабілеттерді дамыту үшін адамға не істеу керек?
7- сабақ
ЖЕТІСТІККЕ ЖЕТУ
Мақсаты: оқушылардағы жетістікке жету мотивациясын қалыптастыру, сонымен қатар өзінің жеке тұлғалық қасиеттерін бағалауға мүмкіндік жасау.
Міндеттері:
- Оқушыларға сәттілік формуласын таныстыру және оған жету жолдарын көрсету;
- Өзіне, өз күшіне деген сенімділіктерін дамыту;
- Өзіндік тәрбие әдістеріне үйрету.
Ұйымдастыру сәті
«К»-деп егер бастасаң,
Шомыласың суына
«Т»-дан егер бастасаң,
Төрт түліктің баласы
(Көл-Төл)
Сабақтың тақырыбы бойынша әңгімелесу
Бүгінде әдеттегідей, шын көңілмен жетістікке қалай жетуге болатынын айтып беремін. Балалар! Сендер табысты адам болғыларың келе ме? Онда, мына үш сұраққа жауап беріңдер.
1. Жетістік дегеніміз не және ол адамға не үшін қажет?
2. Адамға жетістікке жету үшін не кедергі?
3. Сен жетістікке қалай жетесің?
Бүгін мен осы сұрақтарға жауап беруге тырысамын. Сондықтан мұқият болыңдар, сабақтың соңында осы сұрақтарды сендерге қайта қоямын. Зейіндерің қаншалықты дамығанында тексеремін.
Сендер жетістік дегеніміз не екенін түсіну үшін, «Жетістік» деген әңгімеден бастағым келіп отыр.
Астарлы әңгіме «Табыс». Бір күні ұлы әкесінен сұрады:
- Табысқа жету үшін не қажет? - Білмеймін, ұлым-деді әкесі - бұл өте қиын сұрақ. Оны анаңнан сұрап көр.
- Білмеймін, ұлым, - деді анасы-ол туралы анау таудағы ескі әрі әдемі сарайда тұратын данышпаннан сұрап көр.
Бала данышпанға сұрақ қою үшін ескі сарайға жол тартты.
- Данышпан – деп ақ шашты қарияға қарады, - маған айтшы адамға табысқа жету үшін не қажет? - Маған қиын сұрақ қойып тұрсың. Мен оған сәл кешірек жауап беремін. Оғанға дейін менің сарайымды тамашала. Ол ғажайып! Содан кейін маған кел.
Бала данышпанның ұсынысын қуана қабыл алды,жүруге ыңғайланып жатыр еді, қария оны тоқтатып
- Ұмытып кете жаздаппын ғой, мына қасықты қабыл ал ішінде екі тамшы май бар. Сарайды аралап жүргенде оларды төгіп алма. Біраз уақыт өткеннен кейін бала қайтып келді. Қолында май тамшылары бар қасығы бар. - Қалай саған менің сарайым ұнады ма?- деп сұрады данышпан. - Мен ештеңе көре алмадым, - деп жауап берді бала,- мен майды төгіп аламын ба деп қорықтым.
Данышпан оны қайтадан иелігін көруге жіберді. Бір сағаттан кейін бала қайтып келді.Ол мұндайды өмірі көрмегенін, көңілі толғанын айтып берді. Данышпан одан май туралы сұрағанда бала сарайдың ғажап көріністерін тамашалап жүріп, майды төгіп алғанын айтты.
- Сен менен табысқа жету үшін не керектігін сұрадың?-деді оған данышпан, - мен саған жауап беруге дайынмын.
- Біз өмірге келеміз қоршаған әлемге қарап сүйсінеміз, не естігенімізді,көргенімізді, не сезінгендерімізді барлығын бойымызға сіңіреміз. Уақыт өте келе бұлар біздің барлық бастамаларымызда көмектесетін өмірлік тәжірибемізге айналады. Уақыт өткен сайын адамдар сен төгіп алған май тамшылары сияқты жиғанын жоғалтып алмас үшін сақ, алды-артын ойлайтын бола бастайды.
Бұл дұрыс. Табыстың құпиясы ол өз қасығыңдағы май тамшыларын әрқашан есте ұстау. Қымбат затты табу өте қиын, бірақ оны жоғалту түкке тұрмайды. Мен сендерге психология сабақтарында жиған білімдеріңді қабілет қасиеттеріңді сақтап, өмірде табысқа жетулеріңе тілектеспін. Қабілет, қасиеттер туралы өткен сабақтардан білесіңдер. Біздің қабілеттерімізді дамыту үшін қызығушылық керек. Тапсырма «Қызығушылықтар»
Сен өз сыныптастарыңның қызығушылықтарын білесің бе? Сенімен ортақ қызығушылығы бар оқушылардың есімдерін жазып, дауыстап оқы.
Басым көпшілігі музыкаға қызығады. Сен қалай ойлайсың өсіп келе жатқан балалар үшін музыка қаншалықты маңызды? Сенің сыныптастарың сен сияқты немесе басқаша ойлайды. Оқушылардың қайсысының жауабы дұрыс емес, әлде олардың барлығы дұрыс айтады ма?
Тапсырма. Берілген пікірді қалай түсінесің?
Адамның қызығушылықтарын біл, сонда оның мінезін танисың,
Ең бастысы, адамның өмірге деген қызығушылығы.
Тапсырма «Әңгімелесуші»
Адамның қызығушылығы көп болса, оған өзіне серіктес тез табылады екен, бұл дәлелденген нәрсе. Осыдан қандай қорытынды шығаруға болады? Оны дәптерге жаз.
Тапсырма «Менің жестікке жету жолым»
Әр адам табысты болғысы келеді. Сенің ойыңша ересек табысты адамдар қандай нәрселерге ие? Суретте не бейнеленгенін тап. Өзіңе ұнағанын белгіле немесе өз суретіңді сал.
Тапсырма «Әрқашан табысты болу»
Сұрақтарға жауап бер, қажеттілерінің астын сыз немесе өз жауабыңды белгіле.
Қазір төмендегілердің қайсысында табысты болғың келеді?
Мен табысты болғым келеді
·Оқуда
·Спортта
·Достықта
Сен ол үшін не істеп жатырсың?
Мен тырысамын
·Сабақты мұқият тыңдауға
·Жаттығу жасаймын
·Достарыма көмектесуге және оларды ренжітпеуге
Жетістікке жету үшін қандай қасиеттерді қолданасың?
Жетістікке жету үшін, маған керек
·Төзімділік
·Шыдамдылық
·Өзгелерге жанашу
Қазір сенің қолыңнан не істеу келмей жатыр? Болашақта қайсысын жақсартқың келеді, соған қосу белгісін қой.
Әзірге менің қолымнан келмей жатыр
·Сабақты өзім орындау
·Әр күні жаттығу жасау
·Балаларды ренжітпеу
«Бір сөзбен жаз» жаттығуы
1. Қаланың сыртында демалатын үй (саяжай).
2. Ақылды адам (данышпан)
3. Ұлттық музыкалық аспап (домбыра).
4. Солтүстік халықтарының тұрғын үйі (киіз үй).
5. Кептірілген көк (шөп).
6. Бастан төмен тұратын ер адамның шашы (мұрт).
7. Жолдағы сары, қызыл, жасыл түсті көмекші (бағдаршам)
8. Ата-аналардың біреуі (әке).
9. Жаңа жылда қолданатын қылқанды ағаш (шырша).
10. Адамда болмайды, ол мысықта, итте болатын дене мүшесі (құйрық).
11. Үлкен жасыл жолақты жеміс (қарбыз).
Жаттығу «Үлкен – кіші»
Жүргізуші тақтаны екіге бөледі. Біріншіні «Кішкентай», екіншісін «Үлкен» деп атайды. «Кішкентай» және «Үлкен» қандай дағдыларға ие екендігі туралы әңгіме жүргізіледі. Балалар өзбетінше өздері қандай екендерін ойлану қажет - үлкен бе, әлде кіші ме?
«Рөлдер»
Жаңа әлеуметтік және кәсіби рөлдердің тізімін жасап, оқушыларға осы рөлдердердегі адамдардың мінез-құлқын сөзсіз түсіндіріп берулерін өтініңіз. «Мен табысты бола аламын, өйткені мен ...». Жүргізуші балаларға доп тастайды, олар жылдам өздерінде бар дағдыларды атап шығады.
Сабақтың қорытындысы:
Қалай ойлайсың сабақ барысында өзіңді қалай ұстадың, өзіңді көрсете алдыңба? Өзінді бағала.
Рефлексия:
1. Жетістік дегеніміз не және ол адамға не үшін қажет?
2. Адамға жетістікке жету үшін не кедергі?
3. Сен жетістікке қалай жетесің?
8- сабақ
КІМ БОЛҒЫМ КЕЛЕДІ?
Мақсаты: Оқушылардың олардың өміріндегі мамандықтың маңыздылығы жөнінде түсініктерін кеңейту.
Міндеттері:
- дұрыс мамандық таңдаудын пайдасын түсіндіру;
- өмірге қажетті қасиеттерді дамыту;
- ұжымда жағымды орта құруға жағдай жасау.
Ұйымдастыру сәті
Сөз басында «Б»-болса,
Бас киімің боламын.
Сөз басында «Ө»-болса,
Жазда пісін соламын.
(Бөрік-Өрік)
Сабақтың тақырыбы бойынша әңгімелесу
Барлығымыз өз елімізге адал болуға ант етуіміз керек. Тіпті әр мамандықтың өзінің анттары бар. Мысалы, дәрігерлер Гипакратқа өз жұмысымызға адал боламыз деп ант етеді.
Ал сендер қандай мамандықтарды білесіңдер?
Мамандық дегеніміз не? Мамандық деген сөзді қалай түсінесіңдер?
Мамандық – арнайы дайындықты қажет ететін еңбек іс-әрекеті.
Тапсырма «Менің болашақ мамандығым»
Адам өзіне ұнайтын мамандықтың иесі болғаны жақсы. Қалай ойлайсың, мамандық туралы қай жастан бастап ойланған дұрыс? Өз жауабыңды жаз.
Тапсырма «Болашақ туралы ойлану»
Болашақ мамандық туралы ойлану төртінші сыныптар үшін қаншалықты пайдалы? Жауабыңды жазып, сыныптастарыңның жауабымен салыстыр. Сенің ойың өзгелердің жауабымен сәйкес келдіме?
Тапсырма «Адамның қасиеттері»
Мамандық адамның қасиеттерімен байланысты ма? Қай топтағы қасиет қандай мамандыққа сәйкес келеді?
·Зеректік, белсенділік, үнемі назарда болғысы келу;
·Ұқыптылық, адамдарға мұқият, жанашыр;
·Шыдамды, ұқыпты, белгілі заңдылықтармен өмір сүретін.
Тапсырма «Мамандық және қабілет»
Мамандық қабілеттермен байланысты ма? Төменде берілген мамандықтарды қандай қабілеттер біріктіреді?
Программист, экономист, астроном - (математикалық)
Саясаткер, адвокат, актер – (ораторлық)
Басшы, педагог, сатушы ...
Тапсырма «Менің болашағым»
Айгерім төртінші сыныптар үшін мамандық туралы ойлану әлі ерте деп есептейді. Марат керсінше, өз болашақ мамандығы туралы елестету қызықты деп ойлайды. Айгерім және Мараттың ойымен де келісіп көр.
Айгерім дұрыс айтады, себебі...
Марат дұрыс айтады, себебі ...
Тапсырма «Басты қасиеттер мен сапалар»
Өзіңнің басты қасиеттерің мен қабілетіңді жаз. Ойлан, саған қандай мамандықтар сәйкес келуі мүмкін?
Тапсырма «Мен табыстымын»
Балалардан сұра, сен қай мамандықпен айналысқанда жетістікке жетер едің? Олардың ойы сенің ойыңмен сәйкес келдіме? Неге?
Жаттығу «Жүргігуші кімді дұрыс тапты?»
Жүргізуші әр қатысушының кейбір қабілеттерін атап шығады. Балалар кім туралы айтып тұрғанын табу керек.
Тапсырма «Жол таңдау»
Өз жолдарыңды таңдаңдар. Әр адам таңдауды өзі жасайды және ең жеңіл жол үнемі жетістікке алып келмейтінін біледі.
Дәптердегі суретке қараңдар, адамдар ертегіде емес, өмірде осындай екі айрық жолда қалып, біреуін ғана таңдау жағдайына тап болса. «Біз қандай жолмен жүреміз, біздің өміріміз қалай болады көп жағдайда біздің таңдауымызға, өзімізге байланысты».
Мысал ретінде, жол таңдаудың алғашқы сатысы мектепті айтуға болады. Тақтада сызықтар салынған, ол мектепке апаратын сызық, ал мектептің ішінде ол сызықтар таралып кеткен. Бұл тармақтарды қалай атауға болады? Балалар өз нұсқаларын айтады: бестікке қол жеткізу, ең бастысы – мақтау есту, білімге еңбекпен, үштікке еріншектікпен. Балалр қай жол жетістікке апаратынын талқылайды. «Сурет «Айрық жолда»». Балалар өздерін айрық жолда елестетеді, осы жағдайды символикалық суреттер арқылы бейнелейді. Балалар болашақта өздерінің қабілеттерін дамытудың қандай мүмкіндіктерін көреді, талқылайды.
Сабақтың қорытындысы:
Қалай ойлайсың сабақ барысында өзіңді қалай ұстадың, өзіңді көрсете алдыңба?
Рефлексия:
·Мамандық дегеніміз не?
·Адамға мамандық не үшін қажет?
·Мамандық таңдау үшін не істеу керек?
9 – сабақ
СЕНІМ ДЕГЕН НЕ?
Мақсаты: адамның кәсіби және тұлғалық қалыптасуында өзіндік білім алу және өзіндік тәрбиенің маңыздылығын айқандау.
Міндеттері:
- өзінік білім алу және өзіндік тәрбие дағдыларын қалыптастыру;
- өмірге қажетті қасиеттерді дамыту;
- ұжымда жағымды орта құруға жағдай жасау.
Ұйымдастыру сәті
Егер «М»-ден бастасаң,
Тағамның бір түрімін.
«М»-ны алып тастасаң,
Түнгі аспанның нұрымын.
(Май-Ай)
Тапсырма «Мен сенемін»
Әр адам өз күшіне, қабілетіне сенеді. Егер адам өзіне сенетін болса, ол міндетті түрде жетістікке жетеді. Оқуда жетістікке жету үшін Гераклдың еңбегі қажет. Ал сендер неге сенесіңдер?
Елестетіңдер, сендер мектепті бітіріп, таңдаған мамандықтарың бойынша жұмыс істейсіңдер.
Сөйлемді аяқтаңдар.
Мен сенемін, менің еңбексүйгіштігім .....
Мен сенемін, менің қабілетім .....
Мен сенемін, менің мінезім .....
Мен сенемін, менің сенімділігім .....
Мен сенемін, мен болашақта .....
Сабақтың тақырыбы бойынша әңгімелесу
Өзіне-өзі сенімділік – ойланбастан қиын істерге жауапкершілік алып орындайтын адамның мінез-құлқының сипаттамасы.
Өздігінен жетілу – адамның өзін-өзі тануы, өз күшімен мүмкіндіктеріне сенуі.
Тапсырма «Менің қызығушылықтарым»
4 сыныпта оқушылардың басым көпшілігінің қызығушылықтары өзгереді. Төртінші сынып оқушыларында қандай қызығушылықтар болуы мүмкін, дәптерге жаз. Жазып болғаннан кейін қызығушылықтарды маңыздылығы бойынша номерле.
Тапсырма «Ғажайып»
Адамдар лотерея билетін сатып алған кезде, неге сенеді? Әр оқушы өз ойын айтады.
Әрқайсымыз өзімізді сиқыршымыз деп елестетейік, өзіңе, сыныптастарыңа, анаңа, ұстазыңа қандай ғажайып жасап берер едің. Талқылау барысында балалардың кімге ғажайып ойластыруы оңай болды, неге екеніне назар аудару қажет.
Мен өзіме ....
Анама .....
Сыныптастарыма ....
Ұстазыма ....
Сабақтың қорытындысы:
Төртінші сынып үшін өзін және өзгелерді бағалай алу маңызды. Сондықтан әр сабақта өзіміздің сабаққа қатысу дәрежемізді 5 баллдық шкаламен бағалап отырамыз. Қалай ойлайсың сабақ барысында өзіңді қалай ұстадың, өзіңді көрсете алдың ба?
Бағалау шкаласы:
Өте жақсы – 5 балл
Жақсы – 4 балл
Орташа – 3 балл
Ортадан төмен – 2 балл
Төмен – 1 балл
Өте төмен – 0 балл
Рефлексия:
·Сенім дегеніміз не?
·Ол не үшін қажет?
·Қойылған мақсатқа қалай жетуге болады?
II ТАРАУ
БІЛІМГЕ АПАРАР ЖОЛ
10-сабақ
ТҮЙСІК
Мақсаты: заттардың ерекше қасиеттерін айыра білу және анықтаудағы білімді бекіту.
Міндеттері:
- түйсіктің қоршаған әлемді танудағы ролін көрсету;
- түйсік түсінігін және оның түрлерін қарастыру;
- түйсіктің әр түрлі түрлерін дамыту.
Ұйымдастыру сәті:
Бір құлаштай матамын,
Жуынғанда аласың,
Алғы әріпті өшірсең,
Ең әдепті боласың.
(Сүлгі-үлгі)
Сабақтың тақырыбы бойынша әңгімелесу
Тақырыпты қарастыру барысында,бізге көмекшілер қажет - «Менің көмекшілерім қолдарым», «Менің көмекшілерім көздерім», «Менің көмекшім мұрыным», «Менің көмекшілерім құлақтарым». Жоғарыда аталған көмекшілер түйсіну процесінің құраушылары болып табылады.
Түйсік – ол біздің ағзамызда дамыған психологиялық процесс. Сипап сезу түйсігі, иіс сезу түйсігі, есту түйсігі және көру түйсігі болады. Түйсік тек затпен қатынас кезінде ғана пайда болады. Бұған көз жеткізу үшін,біз сіздермен эксперимент жүргізе. Бірінші түйсік - сипап сезу түйсігі.
Көзіңізді жұмыңыз. Оң алақаныңызды партаға қойып, жоғарыға қарай айналдырыңыз. Қазір мен әр қайсыңыздың алақандарыңызға заттарды саламын. Сіздер сипап сезу түйсіктеріңіз арқылы жанасуды сезетін боласыздар. (Әр баланың алақанына скрепка салынады.) Сіздер не сезініп тұрсыздар? Балалар не сезінгендері туралы айтады. Содан кейін балалардың алақандарына мақта түйірі салынады. Балалар аталған қасиеттеріне сәйкес затты анықтап, көздерін ашып жауаптарының дұрыстығына көз жеткізеді.
Екінші түйсік-иіс сезу түйсігі.
Балалар, сендердің үстелдеріңде ішінде белгісіз нәрсе бар кішкентай құты тұр. Құтының қақпағын ашпастан бұрын, ішіндегіні мұқият қарап алыңдар. Құтының ішінде не бар? Ақ түсті бір нәрсе. Дәл қазір сендер құтының ішіндегі заттың қандай иісі бар екенін анықтай аласыңдар ма? Әлбетте, ол үшін оны иіскеу қажет. Құтының қақпағын ашып, ақырын иіскеп көріңдер. Сонымен сендер сездіңдер. Дұрыс, бұл сарымсақтың иісі. Үшінші түйсік – есту түйсігі. Біз «Бұл қандай дыбыстар?» ойынын ойнаймыз. Ол үшін көзді жұму және мен шығарған дыбыстарды мұқият тыңдау керек.
Барлығы 5 дыбыс болады. (пакетты сылдырлату,тақтаға бормен жазу, құмыраны металлдан жасалған затпен тықылдату, тарақтың тістерін ұстау,сіріңке жағу).Қандай дыбыстарды естідіңіз?Сіздер ненің көмегімен бұл дыбыстарды естідіңіздер?Дұрыс,құлақ және есту түйсігі. Төртінші түйсік – көру түйсігі. Менің қолымда қандай зат тұр? Оның түсі қандай? Өлшемі қандай – үлкен немесе кіші ма? Пішіні қандай? Барлық сұрақтарға біз ненің көмегімен жауап бере алдық? Дұрыс, көздің көмегімен көру арқылы. «Әуенді тап» ойыны.
Дыбыстарды қабылдау және есту қабілетінің дамуы үшін танымал әннің әуенінің үзіндісін пайдалануға болады.Үзінді 3-5с аралығында беріледі. Әуен беріліп болған соң балалар оны табуға тырысады. Әуенді алғаш болып тапқан әрбір ойыншыға бір ұпай беріледі. Ең көп ұпай санын жинаған оқушы жеңімпаз деп танылады.
Тапсырма «Сезім».
Сенің жасыңда көп балаларды жиі күшті қарама-қайшылықты сезімдер билейді (ашу-ыза, өкпе-реніш). Сен оларды қалай көрсетесің? Сөйлемдерді оқып, қай тәсіл саған жақын соған сәйкестендіріп нөмірле. Қалай ойлайсың, қай тәсіл адам және айналасындағылар үшін оңтайлы болып табылады?
- Бірден айқайға басамын
-Теріс эмоцияларды ұзақ уақыт жинай беремін, содан кейін кенеттен айқайлай бастаймын, жылаймын.
Тапсырма «Қуаныш»
Теріс сезімдерден қуанышты көре алмайтын адамдар бар. Әрине сен,қуана аласың. Бір минут ішінде саған қуаныш әкелетін оқиғаларды барынша еске түсіруге тырыс. Оларды жазып қой. Қанша оқиғаны есіңе түсірдің санап көр. Партада бірге отыратын көршіңмен сөйлес, дәптеріңе қара.Тағы да қуанышты оқиғалар есіңе түссе жазып толықтыр.
Жаттығу «Фигураларды аяқтап сал».
Сызықтармен әртүрлі геометриялық фигуралар бейнеленген. Осы фигураларды аяқтап салу қажет.
Сабақтың қорытындысы:
Қалай ойлайсың сабақ барысында өзіңді қалай ұстадың, өзіңді көрсете алдыңба? Өзінді бағала
Бағалау шкаласы:
Өте жақсы – 5 балл
Жақсы – 4 балл
Орташа – 3 балл
Ортадан төмен – 2 балл
Төмен – 1 балл
Өте төмен – 0 балл
Рефлексия.
-Түйсік деген не?
-Түйсіктің қандай түрлерін білесің?
-Түйсік адамға не үшін қажет?
11-сабақ
ҚАБЫЛДАУ
Мақсаты: заттардың ерекше қасиеттерін айыра білу және анықтаудағы білімді бекіту.
Міндеттері:
- Есту қабылдауы және көру қабылдауын дамыту;
- Қабылдаудың басты арнасын диагностикалау;
- Қабылдау және түйсіктің өзара байланысын анықтау.
Ұйымдастыру сәті:
«Ж»-дан бастасаң,
Жыл мезгілі болады.
«Қ»-дан бастасаң,
Құсқа айнала қалады.
(Жаз-қаз)
Сабақтың тақырыбы бойынша әңгімелесу.
Заттардың кейбір қасиеттерін анықтауға мүмкіндік беретін түйсік негізінде келесі танымдық процесс-қабылдау пайда болады.Ол жекелеген түйсіктерді біртұтас бейнеге біріктіретін және «Бұл не?» деген сұраққа жауап іздейтін процесс. Мысалы, алманы қабылдағанда , біз көру, сипап сезу, дәм сезу сияқты түйсік түрлерін біріктіреміз және алманың пайдасы туралы білімімізді, оның қайда, қалай өсетінін есімізге түсіреміз.
Қабылдаудың басты арнасын анықтау әдістемесі.
1. Сіз маңызды шешімдерді қабылдауда, сүйенесіз...
- сезім және интуицияға; (К)
- құлаққа жағымдырағына; (А)
- күшті көрінетін және әдемірегіне; (В)
- Барлық жағдаяттар мен перспективаларды нақты зерттеуге; (Д)
2. Сізге адамдармен дау туындағанда қаттырақ әсер ететіні ...
- дауыс ырғағы мен екпіні; (A)
- мен өзге адамның көзқарасын нақты көре аламын ба әлде жоқ па?; (В) оның ойының дәйектілігі; (Д)
- қаншалықты сіз оның сезімдеріне жақынсыз және ол сізбен өз уайымдарымен бөлісетіндігі; (К)
- 3. Сіз өзіңізге не болып жүргенін түсінесіз қашан?
- айнадан мұқият қарап қандай киім киетініңізді шешесіз; (В)
- өз сезімдеріңізді ұстайсыз; (К)
- оны сөзбен жеткізесіз; (Д)
- өз дауысыңыздың тонын тыңдайсыз; (А)
- 4. Сіз үшін ең қарапайымы...
- Стереожүйеге оңтайлы дауыс қаттылығы мен дыбысын таңдау; (А)
- Зерттеліп отырған затқа қатысты ең сәтті жерлерді таңдап мәтінмен жұмыс істеу; (Д)
- ең ыңғайлы жиһаз таңдау; (К)
- түстерді үйлестіру; (В)
5.Сіз жақсырақ есте сақтайсыз...
- әуен мен дыбыстарды ; (А)
- логикалық есептерді; (Д)
- иіс пен дәмді; (К)
- адамдардың келбеттерін, түстерді, суреттерді; (В)
6.Сіз...
- Өзіңіздің айналаңыздағы дыбыстарға мән бересіз; (А)
- жаңа фактілер мен деректерді жақсы ұғына аласыз;(Д)
- сіз өзіңіздің киіміңіз тігілген матаның сіздің теріңізге әсеріне өте сезімталсыз; (К)
- сіз үнемі барған ғимаратыңыздың түсіне мән бересіз; (В)
Енді қай әріп басым екенін санаңыз.
А- аудиал, В – визуал, К-кинестет, Д - дискрет
Дигитал (яғни дискрет) – өзіндік ерекшелігі бар және әлемді ерекше қабылдау өзгешелігі бар барынша сирек кездесетін типаж. Дискреттерден эмоциясын көрсету, сезім туралы сөз қозғау, табиғаттың сұлулығын суреттеуді күту өте қиын. Бұл тип бәрінен бұрын логикаға, мәнге және функционалдыққа бағдарланған. Дискретпен әңгімелесуде онда ешқандай сезім жоқ, бірақ көп білетіндей әсер қалдырады, тіпті – көп білуге, мәнін тануға, түсінуге және орны-орнына қоюға тырысатындай болып көрінеді. Дискреттер әлемді логикалық мағына арқылы қабылдайды, олармен логикалық дәлелдер көмегімен, дұрысы статистикалық мәліметтермен нақтыланған, қарым-қатынас жасаған дұрыс болады.
Ойын «Көзөлшем».
Ойынға қатысушылар жұптарға бөлінеді. Педагог әрбір жұптың бір мүшесіне көз өлшемімен мөлшерлеп тақтаға жолдасының бойын және қолының құлашын белгілеуі тиіс.Содан кейін мұғалім тақтаға оқушының нақты бойы мен қол құлашын белгілейді.Кімнің өлшемі дәлірек келсе сол жеңеді.
Жаттығу «Көру елестері».
1. Қай шеңбердің диметрі үлкен 1. сурет?
(Кішкентай шеңберлермен қоршалған шеңбердің, үлкен шеңберлермен қоршалған шеңберге қарағанда диаметрі үлкен). 2.2 сур. ортаңғы үзіктер бірдей ме? Ал қысқа үзіктер ше? (Үзіктер бірдей,бірақ әр түрлі болып көрінеді).
3.Теңдік орындалатындай етіп, бір шиді ауыстыр.
Жауап:
4. Шеңберлерде орналасқан 9 әріпті пайдаланып сөз құрастыр, әрбір әріпті тек бір рет қана қолдануға болады.
Жауап: Велосипед.
Ойын «Жазғанымды тауып көр!»
Енді мен әрбіреуіңе «Жазғанымды тауып көр!» атты ойынға жүргізуші болуды ұсынамын.Ол үшін сендерге «паровоз» болып тұру керек,яғни біріңнің артыңа бірің.Сендердің әрқайсыларың кезекпен алдарыңда тұрған адамның арқасына саусақпен кез-келген әріпті немесе сөзді жазуларың керек.Сіздің жолдасыңыздың қандай әріпті немесе сөзді жасырғанын түсіну керек.
Ойын «Суретті таны ».
Ойынға қатысушылар 2 топқа бөлінеді.Ойынды өткізу бізге қандай да бір суреттің көшірмесі қажет.Бұл суретті толық көрсетпей,бөлшектеп көрсетеді.Ойынға қатысушылар бір үзіндіден бұл қай сурет екенін тануы тиіс.Бір үзіндіден танымаса тағы бір үзіндіні қосады т.с.с.Қай топ бірінші жауап беретін болса сол топ жеңеді.
Рефлексия.
Қабылдау дегеніміз не?
Бүгін біз қабылдаудың қандай түрлерін дамыттық?
Көру елесі дегеніміз не?
12-сабақ
ЗЕЙІН
Мақсаты: Зейіннің еріктілігінің оңтайлы деңгейін қалыптастыру.
Міндеттері:
- балаларда зейіннің негізгі қасиеттерін дамыту;
- аңғарымпаздық және жинақылықты дамыту;
- зейіннің еріктілігін күшейту үшін,еріктік сапаларды шыңдау
Ұйымдастыру сәті
Метаграмма:
Егер «С»-дан бастасаң,
Сауықтың жалғасы боламын.
С-ны алып тастасаң,
Құнарлы сүтті тағаммын.
(Сайран-айран)
Ойын «Балық , құс, аң».
Балалар дөңгеленіп отырады. Психолог кезекпен балаларды нұсқап «Балық, құс, аң, балық, құс, аң, балық...» деп қайталайды. Санау тоқтаған ойыншы жылдам (жүргізуші үшке дейін санағанша) атауы тиіс, бұл жағдайда балықтың атын. Атаулар қайталанбауы керек.
Сабақтың тақырыбы бойынша әңгімелесу.
Балалар, тауып көріңдерші біздің сабақтың тақырыбы қандай?
Көмектесіп жіберейін ол бізге бәрін байқағыш және жинақы болуға көмектеседі. Қанеки, жаттығу орындайық, ол бізге сабақ тақырыбын табуға көмектеседі. Қазір бізде жинақылық минуты,бұл уақытта барлығын байқауға тырысу керек. Сонымен , уақыт кетті...Барлығын қарап байқап үлгердіңіздер деген үміттемін! Енді келесі сұрақтарға жауап беріңіздер. *Менің үстелімде қандай заттар болды ? Мен қолыма не ұстадым? Сонымен, мен сұрақтар қою арқылы сіздерді тексердім. Бұл сұрақтарға жауап беруге сіздерге не көмектесті? Жауабын тапсаңыздар сабақтың тақырыбын білетін боласыздар!
«Сандарды орналастырып қою» әдістемесі.
Нұсқау. 2 минут ішінде сіз ынталандыру бланкісіндегі 25 торкөзде ретсіз орналақан сандарды, бланкідегі бос торкөзге өсу реті бойынша орналастыруыңыз қажет.
Сурет. Сандар жолдарға жазылады, сол жақ квадратқа белгі қалдыруға болмайды. Дұрыс жазылған сандардың санына қарай баға беріледі. Орташа қалыпты 22 және одан жоғары.
Ынталандыру құралы Толтыру үшін бланк
16 |
37 |
98 |
29 |
54 |
|
|
|
|
|
|
80 |
92 |
46 |
59 |
35 |
|
|
|
|
|
|
43 |
21 |
8 |
40 |
2 |
|
|
|
|
|
|
65 |
84 |
99 |
7 |
77 |
|
|
|
|
|
|
13 |
67 |
60 |
34 |
18 |
|
|
|
|
|
|
Зейін қою мен зейін тұрақтылығын зерттеудің әдістемесі (Пьерон-Рузер әдісінің модификациясы).
Жаттығу «Сақ бол».
Қатысушыларға оқытушы айтатын сөздерді мұқият тыңдап егер жануар атауын естісе-шапалақтауы керек,өсімдік атауын естісе оң қолын көтеру керек,мамандық атауын естісе секіру керек, ертегі кейіпкерлерін естісе алға иілулері қажет. Дайындаламыз! Бастадық: шкаф, ит, ат, Күлше қыз, сатушы, лилия, мысық, поез, торғай, машина, Жалмауыз кемпір, ешкі, жол, дәрігер, жолбарыс, аққайың, наубайшы, бидай, раушан, жылан, емен, қуыршақ, саңырауқұлақ , мұғалім, сиыр, сот, бауырсақ, пошташы, тотықұс, футболшы.
Ойын. «Реті бойынша әріптерді жина».
Әріптерді реті бойынша жинап, жаз, жұмбақты шеш.
Жұмбақ: Қолы жоқ, аяғы жоқ, бірақ қақпаны ашады. (Жел).
Ойын. «Көңілді спортшылар» (Белсенді зейінді дамыту үшін).
Педагог балалармен оларға көңілді спортшылардың сызбалық бейнелері салынған карточкаларды көрсететіні туралы келіседі.Фигуралар бір-бірінен қолдарының аяқтарының кеңістікте түрліше орналасуымен ерекшеленеді. (қол жоғарыда, қолы жанында т.б).Балаларға карточкадағы қозғалыстарды дәлме-дәл келтіру керек. (бұл фигураларды тақтаға сызып көрсетуге болады).
Жұмбақ: қандай жағдайда біз 2 санына қарамастан «он төрт» деп айтамыз. Жауап: сағатқа қараған кезде.
Жұмбақ: әйгілі сиқыршы құмыраны бөлменің ортасына қойып еңбектеп кіретінін айтты. Қалай?
Жауап: БӨЛМЕГЕ ӘРБІР АДАМ ЕҢБЕКТЕП КІРЕ АЛАДЫ.
Тапсырма: «Кім қол шапалақтауға лайық?»
Психолог: балалар қазір біз кім ең аңғарымпаз болғанын анықтаймыз. Біз бірге орындаған жаттығулар мен ойындарды жазып алу қажет. Ең аңғарымпаздар ду қол шапалақ соғылып марапатталады.
Рефлексия.
- Қандай танымдық процесті біз бүгін өзімізде дамыттық ?
- Зейін дегеніміз не ?
- Ол бізге не үшін қажет ?
13-сабақ.
ЗЕЙІН
Мақсаты: Зейіннің еріктілігінің оңтайлы деңгейін қалыптастыру.
Міндеттері:
- балаларда зейіннің негізгі қасиеттерін дамыту;
- аңғарымпаздық және жинақылықты дамыту;
- зейіннің еріктілігін күшейту үшін,еріктік сапаларды шыңдау.
Ұйымдастыру сәті: Жұмбақты шешу
«Қ»-дан егер бастасаң
Түндей түнерген бір түспін.
«Ш»-дан егер бастасаң
Ернеуі кең ыдыспын
(Қара-шара)
Сабақтың тақырыбы бойынша әңгімелесу.
Балалар! Cендер қалай ойлайсыңдар зейінділік дегеніміз не? Зейінділік-танымдық процестердің бірі. Зейін қоймаудан көп келеңсіздіктер туындауы мүмкін, сондықтан зейінділікті дамыту керек. Сіздер зейінділік туралы қаншалықты білетіндеріңізді қазір тексеріп көреміз.
Тапсырма «Мен зейіндімін».
Сұрақтарға жауап бер, керектісінің астын сыз немесе өз нұсқаларыңды толықтырып жаз.
1.Зейінді оқушы қалай көрінеді ?
- Ұқыпты - Таза 2. Ол қалай отырады ?
- Түзу - Шуламайды.
3. Ол қалай қарайды ,тыңдайды ?
- Мұқият - Байсалды
4. Егер оның ойын біреу немесе бірдеңе бөлсе ол өзін қалай ұстайды ? - Мән бермейді- Түсіністікпен қарайды 5. Сіз өзіңізді зейінді оқушымын деп санайсыз ба? - Иә - Жоқ
6 .Сізге зейінді болуға не көмектеседі ?
- Менің қабілетім - Менің мінезім - Менің талантым
Жаттығу «Құс – құс емес».
Психолог өлең оқиды.Балалардың міндеті өлеңді мұқият тыңдап егер құс атауын білдірмейтін сөз болса қол шапалақтап белгі берулері қажет.
Құстар ұшып келді:
Көгершін мен сары шымшықтар
Сұр қарлығаш, масалар да бар. Құстар ұшып келді:
Көгершін мен сары шымшықтар
Көк құтан мен сауысқанда бар
Ұзақ пенен макарондар да.
Құстар ұшып келді:
Көгершін мен сары шымшықтар Шағалалалар бірқазандар
Қояндар мен суқара құс бар
Көгершін мен сары шымшықтар
Құтандар мен бұлбұлдар
Алабұға торғайлар
Мұндай құстар қайда бар ?
Мюнстерберг әдістемесі.
Нұсқау: берілген әріптер тізбегінің арасында сөздер бар. Сіздердің міндеттеріңіз тізбектегі сөздерді жылдам тауып, астын сызу.
Мысал:
Жұмыс уақыты 2 мин. Дұрыс табылған сөздердің саны есепке алынады.
Ойын «Жазба машинкасы».
Әр балаға әліпби бойынша бір әріп беріледі. Психолог сөздерді айтады. Егер осы сөздерде балаға берілген әріп болса ол қолын көтеруі керек. Мұқият болыңыздар. Ойынға арналған сөздер: кірпі, үй, әке, цирк, ботқа, қол, су,бұқа, елтаңба, таң, түс.
Жұмбақ : қандай пілдің мұрыны болмайды? Жауап: шахмат пілі.
Жұмбақ: ауызға салғанда қатты әрі құрғақ, алғанда жұмсақ әрі ылғалды. Жауап: сағыз.
Жұмбақ: Егер сен оны білсең, онда ол жоқ, егер сен оны білмесең,онда ол бар. Жауап: құпия мен тосын сый.
Жұмбақ: қандай жағдайда 23+2=1 дұрысқа айналады ?
Жауап: кешкі 23 сағаттан кейін тағы 2 сағат өтсе онда түнгі 1 болады. Жаттығу «Тиым салынған әріп».
Мұғалім кез-келген әріпті атайды, ол сөздерде қолданылмауы керек. Балалар бір-біріне сұрақтар қояды оған тез жауап беру керек бірақ тиім салынған әріпті айтпай. Ойын өте жылдам өтуі тиіс, ойлануға болмайды.
Жаттығу «Әр қолға-бір іс».
Балаларға 1 минут ішінде суреттері бар кітапты парақтау керек, екінші қолымен оң (сол) геометриялық фигураларды сызу керек. Сондай-ақ қайсысы жақсырақ екенін мұқият қарап отыру керек. Сабақтың қорытындысы:
Қалай ойлайсың сабақ барысында өзіңді қалай ұстадың, өзіңді көрсете алдыңба?
Рефлексия
Зейін дегеніміз не?
Бұл танымдық процесс сізге керек пе ?
14- сабақ
ЕС
Мақсаты : ес процесін қоршаған әлемді танудағы қайнар көз ретінде қарастыру.
Міндеттері:
- оқушыларды «ес» түсінігімен таныстыру.
- ырықты есті дамыту.
- адам өмірі мен әрекетіндегі естің маңызын түсіндіру.
Ұйымдастыру сәті.
Алғашқы буыны – құс,
Соңғы қос әрпі – түс.
Екеуін қосып жіберсең,
Көл жағалап тік өсем.
(Құр; Ақ; Құрақ)
Сабақтың тақырыбы бойынша әңгімелесу.
Бүгін біз ес туралы әңгімелесеміз. Есте сақтау – адамның ең маңызды қасиеті. Адамдар ерте кездерден есті бағалаған. Ежелгі Грецияда есті құдайдың сыйы деп қабылдап, ес құдайы Мнемозин деп атаған.Ғалымдар еске мынадай анықтама береді: «Ес- адамның бұрын көрген естіген білген ақпараттарын ойда сақтап, өңдеп, жаңғырту». Есте сақтау қабілеті өте күшті дамыған адамдар бар. А.С.Пушкин өзге автордың өлеңін 2 мәрте оқығаннан жатқа айтқан. В.А.Моцарт – күрделі музықалық туындыларды бір рет тыңдағаннан-ақ есіне сақтап алған.Александр Македонский өзінің қол астындағы жауынгерлерінің түрін және есімдерін білген (25000 жауынгер). Ес бала кезден 25 жасқа дейін дамиды.
- Балалар қалай ойлайсыңдар адамға ес не үшін қажет ?
Егер де ес бомаса адамдар өмір бойы өзін жаңа туған сәбидей сезінер еді. Әр адамның есі ерекше. Оның бірнеше түрлері бар: көру есі, қимылдық ес, сөз-логикалық ес.
Тапсырма «Сөздерді табу».
1. ксөорлу евсді
2.Се қыдлымиқ.
3.Коесрату епесіді
Тапсырма «10 бейне»
Балаларға келесі нұсқау беріледі: Суретке мұқият қарап және оларды есте сақтап алуға тырысыңыз. Содан кейін оларды қайта еске түсіру қажет, ретін сақтамаса да болады.
Дене шынықтыру минуты.
Есте сақтау кезінде көзбен көп жұмыс жасалады сондықтан көзге арналған жаттығулар жасау қажет. Біздің көздеріміз мектеп те жұмыс істейді сондықтан көзге арналған жаттығулар жасау арқылы біз көз ауруларының алдын алып көзімізді демалдырамыз.
Сонымен...
1. Тез көзімізді жыпылықтатып, көзімізді жұмып беске дейін санаймыз. 4-5 рет қайталаймыз
2.Көзімізді қатты қысып (3-ке дейін санаймыз), көзімізді ашып алысқа қараймыз (5-ке дейін санаймыз). 4-5 рет қайталаймыз.
3.Оң жақ қолымызды алға созамыз. Басымызды бұрмай алған созған қолымыздың сұқ саусағын жоғары төмен оңға солға қозғалтып көзімізбен бақылаймыз. 4-5 рет қайталаймыз.
4. Алға созылған қолымыздың сұқ саусағына қарап 1-4 санап сосын алысқа қарап 1-6 санаймыз.4-5 рет қайталаймыз. 5.Орташа екпінмен көзімізбен 3-4 рет оң жаққа айналмалы қозғалыстар жасаймыз, сол жаққа да жасаймыз. Көз бұлшықеттерін 1-6 санап алысқа қараймыз. 1-2 рет қайталаймыз.
Тапсырма «10 сөз».
Балаларға келесі нұсқау беріледі: 10 сөзді мұқият тыңдап есте сақтап алуға тырыс. Содан кейін оларды айтуың керек реттілігін сақтау міндетті емес: карта, мысық, мұғалім, қарбыз, қағаз, сағат, жел, үстел, арман, кітап.
Тапсырма «Қызықты әңгіме».
Балаларға бірнеше сөз беріледі, есте сақтауға оңай болу үшін осы сөздерді қандай да бір белгісіне байланысты топтастырып оларды қатыстырып әңгіме құрастыру керек.
Аю |
Ауа |
Арба |
Ваза |
Ара |
Мысық |
Қоңырау |
Күн |
Түймедақ |
Су |
Тапсырма «Фотоаппарат».
Балаларға кез-келген сурет бейнеленген карточканы көрсетеді, олар оны барынша толық етіп суреттеулері қажет.
Жаттығу «Айырмашылықты тап».
Сыныптан бір оқушы таңдалынып алынады балалар оның сырт келбетіне мұқият қарап есте сақтауы тиіс. Сосын ол сыныптан шығып өзіне өзгеріс жасайды. (Үлкендер көмектессе болады). Қайта сыныпқа келгенде балалар қандай айы рмашылық бар екенін табулары керек.
Сабақтың қорытындысы:
Қалай ойлайсың сабақ барысында өзіңді қалай ұстадың, өзіңді көрсете алдыңба? Өзінді бағала.
Рефлексия.
- Ес дегеніміз не?
- Естің қандай түрлерін білесіз?
- Ес не үшін қажет?
15- сабақ
Ес
Мақсаты : ес процесін қоршаған әлемді танудағы қайнар көз ретінде қарастыру.
Міндеттері:
- Оқушыларды «ес» түсінігімен таныстыру.
- Ырықты есті дамыту.
- Адам өмірі мен әрекетіндегі естің маңызын түсіндіру.
Ұйымдастыру сәті.
«Ү» тұрса қызып табаны,
Қыртысты жазып тегістер,
«Ү» түсіп қалса жаманы,
Құлама болар тегіс жер.
(Үтік-Тік)
Сабақтың тақырыбы бойынша әңгімелесу.
Өткен сабақтан біз естің үш түрі барын білеміз. Адамдардың бірінде көру есі, өзгелерінде есту, үшіншілерінде –қимылдық ес жақсырақ дамыған. Мысалы бір балаларға бағандағы мысалдарға қарап көбейту кестесін жаттаған оңай (көру есі), басқаларға көп рет дауыстап қайталау арқылы жаттау жеңілірек (есту есі), үшіншілерге оны көшіріп жазып ішінен қайталап жаттау жеңілге түседі (қимылдық ес).Біз байқағанымызды жаттаймыз ал байқаймыз зейінді болсақ.
Тапсырма «Есті шыңдау»
Қазір біз есті шынықтырамыз. Бүгін бізде психология пәнінің 15 сабағы. Кейбір тапсырмалар қуаныш сыйлады,кейбіріне таңқалдық , кейбірі сенің көңіліңнен шықты. Соларды есіңе түсіріп жаз.
Мені таңқалдырды....
Маған қуаныш сыйлады...
Менің көңіліңмен шықты...
Ең қызықты сабақ....
Мен қайталап өткім келетін сабақ...
Тапсырма «Әріптердің орналасуын есіңе сақта». Балаларға кестедегі әріптердің орналасуын есте сақтауы тиіс (15 сек көрсетіледі). Жабамыз. Оң жақтағы кестеге керекті әріптерді қоямыз.
А Б Б Б
В А В В
Г Г А Г
Д Д Д А
Тапсырма «Диктант».
Әр фигура 5 секунд көрсетіледі, оны балалар есте сақтап, түсіне сәйкес түрде дәптердегі шеңберге суретін салып орналастыруы керек.
Тапсырма «Есте сақтауға эксперимент».
Мен қазір сіздерге айтып беретін әңгімені тыңдаңыздар. Оқушы қыз сабаққа дайындалып, кітап мәтінін 5-6 рет оқып шықты.Сабақта ол кітапта оқығанын жақсылап әңгімелеп айтып берді, бірақ мәтін бойынша қарапайым сұрақтарға жауап бере алмады. Ол айтты: «Мен кезекпен әңгімелеп бере аламын алайда сұрақтарға жауап беру мен үшін қиын». - Балалар қалай ойлайсыңдар неге бұлай болды ?
- Дұрыс, ол барлығын есте сақтады,бірақ мәтіннің мазмұнын негізгі ойды түсінбеді.
Мәтіннің негізгі ойын түсінбей есте сақтау механикалық деп аталады,ал мағынасын, мәнін түсініп есте сақтау мағыналы есте сақтау деп аталады.
Қалай ойлайсың қайсы есте сақтау тиімді?
Қанеки эксперимент жасайық.
Қазір мен сендерге ойша байланысқан жұп сөздерді оқимын,сендер есте сақтаңдар.
Тауық-жұмыртқа, Ат-таға, қыс-қар, сиыр-сүт, орман-аю. Өзен-көпір, сіріңке-өрт, мектеп-сабақ, дүкен-сатушы.Үй-терезе. Тексеріміз.
Енді біз бір-бірімен ойша байланыспаған сөздерді есте сақтауға тырысамыз:
Қоңыз-орындық, Көзілдірік-қате, етік-парта,қағаз-ешкі, балық-өрт. Орман-ыдыс ,қарындаш-сағат,сызғыш-үй, жаз-жиһаз,ай-кітап.
Тексереміз.
- Қайсысында нәтиже жақсы болды ?
- Қандай қорытынды шығаруға болады ?
Мағыналы есте сақтау механикалық есте сақтауға қарағанда тиімдірек.
«Есте сақтауды екі есе ынталандыру».
Әр балаға түрлі заттардың суреті бар 15-20 карточка таратылады (алма, шәйнек, ұшақ, қалам, жейде, автомобиль, ат т.б). Содан кейін оқушыларға келесі нұсқау беріледі: «Қазір мен бірнеше сөздерді айтамын. Сендер суреттеріңнің ішінен осы сөзді есте сақтауға көмектесетін суреттерді таңдап алып бір жаққа жинап қой». Сосын бірінші сөз оқылады. Балалар суретті таңдап қойғаннан кейін, екінші сөз т.с.с Содан кейін аталған сөздерді еске түсіріп айтулары керек. Ол үшін олар бір шетке жиналған суреттерін алып солардың көмегімен аталған сөзді естеріне түсіреді. (Үлгі сөздер жиынтығы: өрт, завод, сиыр, орындық, су, әке, т.б).
«Мұқият бол»
Сөздердің қатарын бір рет тыңдап, дәптерлеріңе жазыңдар, реті сақталуы керек.
1. Көктем, жол, гүл шоғы, терезе.
2. Ай, ит, садақ, сиыр, жағажай.
3. Қуыршақ, түбір, көл, шырын, таң, сағат.
«Бөгде ғаламшарлықтар»
Балалар, елестетіңдер қалаға 3 бөгде ғаламшаллықтар келді. Олардың сырт келбетін егжей-тегжейлі қарап портретін зерттейміз. Содан кейін бөгде ғаламшарлықтың суреті көрсетіледі. Есте сақтауға 30 секунд беріледі одан кейін сурет алынып тасталады. Балаларға келесі тапсырма беріледі: Cаған қонаққа екінші бөгде ғаламшарлық асығып келе жатыр. Көзімізді жұмып, оның сырт келбетін елестетіп екінші және үшінші бөгде ғаламшарлықтың суретін айнытпай салайық.
Сабақтың қорытындысы:
Қалай ойлайсың сабақ барысында өзіңді қалай ұстадың, өзіңді көрсете алдың ба?
Бағалау шкаласы:
Өте жақсы – 5 балл
Жақсы – 4 балл
Орташа – 3 балл
Ортадан төмен – 2 балл
Төмен – 1 балл
Өте төмен – 0 балл
Рефлексия
- Есте сақтаудың қай түрі тиімді: механикалық немесе мағыналы есте сақтау?
- Есті дамытуға бола ма?
- Осы сабақтан нені білдіңіздер ?
16-сабақ
Ойлау
Мақсаты : таным белсенділігін және ойлау процесінің мақсаттылығын қалыптастыру.
Міндеттері :
- «Ойлау» түсінігімен оқушыларды таныстыру.
- сөз-логикалық ойлауды дамыту.
-адам өмірі мен іс әрекетіндегі ойлаудың маңыздылығын түсіндіру.
Ұйымдастыру сәті.
Майысқақпын, нәзікпін,
Садақ болып иілем.
Соңғы әріп «Н» болса,
Қалдығына азықтың,
Қоқыстарға үйілем.
(Шыбық-Шыбын)
Сабақтың тақырыбы бойынша әңгімелесу.
Ойлау бізге түйсік және қабылдау тікелей қабылданбайтын сыртқы дүние заттары мен құбылыстарының мида жалпылай және жанама түрде сөз арқылы бейнеленуі.Ойлаудың арқасында біз білмегенімізді білеміз өз болжамдарымызды айтамыз және дәлелдеуге тырысамыз. Методика «Ұқсастық». Үш сөз берілген алғашқы екеуі бір-бірімен байланысты.Үшінші сөз ұсынылған сөздердің біреуімен байланысады. Осы төртінші сөзді табу керек. Мысалы: ән -сазгер=ұшақ-?
А) аэродром г) ұшқыш
б) жанармай д) жойғыш
в) конструктор Қызметтік қатынастар: әнді сазгер шығарды. Жауап: Конструктор ұшақ шығарды. Оқушыларға 5-10 тапсырма беруге болады. Орындау уақыты сәйкесінше 5-10 минут. Төртінші сөзді табу керек.
1. ән -сазгер=ұшақ-?
а) аэродром
б) жанармай
в) конструктор
г) ұшқыш
д )жойғыш 2.Мектеп-оқу=аурухана-?
а)дәрігер
б)оқушы
в)емдеу
г)мекеме
д)науқас
3.Ән-көмескі =сурет-?
а)соқыр
б)суретші
в)бейне
г)ауру
д)ақсақ
4.Пышақ-болат=үстел-? а)шанышқы
б)ағаш
в)орындық
г)асхана
д)ұзын
5. Паровоз-вагон=ат-?
а)поезд
б) ат
в) сұлы
г) арба
д)атқора
6.Орман-ағаш=кітапхана-?
а)қала
б)ғимарат
в)кітаптар
г)кітапханашы
д)театр
7.Жүгіру-тұру=айқайлау-?
а)еңбектеу
б)үндемеу
в)шулау
г)шақыру
д)жылау
8.Таң-түн=қыс-?
а)аяз
б)күн
в)қаңтар
г)күз
д)шана
9. Қасқыр-азу=құс-?
а)ауа
б)тұмсық
в)тұзды
г)жұмыртқа
д)шырқау
10. Ыстық-суық=қозғалыс-?
а)тыныштық
б)өзара іс-қимыл
в)инерция
г)молекула
д)қашу
11.Қосылғыш-қосынды=көбейткіш-
а)айырмашылық
б)бөлгіш
в)туынды
г)көбейту
д)бөлу
12. Дөңгелек-шеңбер=шар-?
а)кеңістік
б)шар
в)радиус
г)диаметр
д)жарты
Жұмбақ: екі маса бір-бірімен жарысып жүр. Олар еденнен төбеге дейін сосын кері қайтады. Бірінші маса жоғарыдан төменге де, кері қайтқанда да бірдей жылдамдықпен жүгіріп жүр. Ал екінші маса бірінші масаға қарағанда төменге жүгіргендегі жылдамдығы екі есе артық. Ал жоғарыға екі есе төмен жылдамдықпен жүгіреді. Масалардың қайсысы мәреге бірінші болып жетеді? Жауап: Дұрыс жауап табу үшін яғни бірінші кезеңде еденнен төбеге жүгіргенде не болатынын білу керек. Бірінші маса төбеге жеткенде екінші маса жарты жолда ғана болады. Екінші маса енді төбеге жеткенде бірінші маса еденге жетіп алады.
Жұмбақ: Жер шарындаға барлық адамдар әрқашан бір уақытта не істейді? Жауап: өмір сүреді. Ойын «Құпия жәшік»
Балалар, мына сиқырлы қорапқа қараңдаршы!
Сендер онда не жатқанын табуларың керек.
1. Жәшікте Иван Царевичке ғана емес, ежелгі Грецияның аңыз кейіпкерлерінің біріне жол көрсеткен зат бар. (Жіп шумағы).
2. Құпия жәшікте ең әдемі заттар жасап алуға болатын, орыс халық ертегілерінің жауыз кейіпкерін жойып жіберетін зат бар. (ине)
3. Сиқырлы ғы жәшіктегі заттың сипаттамасын тыңдаңыздар: «Үш адам залға кірді,бірден осы затты көрді. Ханшайым оған қарап: Қандай әдемі!-деді. Жалмауыз кемпір оған қарап: Қандай қорқынышты!-деді, Бауырсақ оған қарап: Мен өзіме тура осындай сатып алғым келеді». Бұл зат біздің сиқырлы қорапта бар. Бұл не? (айна).
4. Жәшікте жатқан затты ешқашан Қытайда жаңа жылға ешқашан сыйламайды,сәтсіздік әкеледі деген ырым бар. Ол әр үйде бар,бірнеше түрлері де болуы мүмкін. Орыс мақалына сүйенетін болсақ оған бақытты адамдар қарамайды (сағат). Мақал: бақытты адамдар сағатқа қарамайды.
Жаттығу «Сөзді қой».
Бұл тапсырмада сөздерді бір-бірімен логикалық байныстырып, қажетті сөзбен толықтырып жаз. Жақшада дұрыс жауабы берілген.
Әке – ұл, ана – (қыз)
Беттер-кітап, бұтақтар-(ағаш)
Басы-аяғы, бірінші-(соңғы)
Автомобиль –бензин, троллейбус-(электр қуаты)
Қасық-металл, дәптер-(қағаз)
Тауық-дән, сиыр-(шөп)
Алмұрт-жеміс, үйеңкі-(ағаш)
Шеңбер-циркуль, квадрат-(сызғыш)
Еден-палас, үстел-(дастархан.)
Құс-ағаш, көртышқан-(жер).
Жаттығу «Түсіндіріп көр».
Балаға келесі сөздер қатары ұсынылады.
*Велосипед, тетік, кітапша, жамылғы, қауырсын;
*Ұшақ, шеге, газет, қолшатыр, жүн, батыр;
* Автомобиль, бұранда, журнал, етік, қабыршақ, қорқақ. Енді балаға осы сөздердің бірінің де мағынасын түсінбейтін адамды елестетіп көруін сұраңыз.Одан кейін айтасыз:осы адамға әр сөздің қандай мағына беретінін түсіндіруге тырысып көр.
Ойын «Сұрақ-жауап».
* Орындық пен отырғыштың қандай ұқсастығы бар?
* Қандай сөздер В әріпінен басталады?
* Қандай сыпайы сөздерді білесіңдер?
*Қалай ойлайсыңдар мектепте нені үйретеді?
* Сейсенбіден кейін қандай күн?
* Бағдаршамның қай түсі жанғанда көшені кесіп өтуге болады ?
* Көбелектің инеліктен қандай айырмашылығы бар ?
* Сиырдың төлі бұзау,жылқыныкі ше?
*Қойдың төлін қалай атайды?
* Қай сөз артық: сүт, айран, қаймақ, йогурт, печенье?
* Қай сөз артық: қалам, қарындаш, бор, өшіргіш, фломастер ?
*Жаңбырдан не пайда болады? (шалшық, кемпірқосақ)
* Аптаның соңғы күні?
* Ұннан не жасайды?
* Дүкенде кім жұмыс істейді?
*Тышқан кішкентай, ал құмырсқа...
* Әнші ән айтады, ал балерина... * Сайқымазақ қайда жұмыс істейді?
Сабақтың қорытындысы:
Қалай ойлайсың сабақ барысында өзіңді қалай ұстадың, өзіңді көрсете алдыңба? Өзінді бағала.
Рефлексия.
Ойлау процесі арқылы біз нені тани аламыз ?
Тасымыз өрге домалау үшін ойлау қажет пе?
Ойлауды дамытуға бола ма?
17-сабақ
Ойлау
Мақсаты : таным белсенділігін және ойлай процесінің мақсаттылығын қалыптастыру.
Міндеттері:
- «Ойлау» түсінігімен оқушыларды таныстыру.
- сөз-логикалық ойлауды дамыту.
- адам өмірі мен іс әрекетіндегі ойлаудың маңыздылығын түсіндіру.
Ұйымдастыру сәті.
Ұқсайтұғын жылқыға,
Қамыс құлақ көлікпін.
«К» орнына «П» қойсаң,
Ойлантуға берікпін.
(Есек-Есеп)
Сабақтың тақырыбы бойынша әңгімелесу.
Ойлау да танымдық процестің бір түрі. Ойлау процесі жақсы дамыған адам тез ойлай алады, ойын қорытындылай алады, дұрыс болжам жасай алады. Ойлау мәселелерді шешуге көмектеседі. Бірдеңені істемес бұрын айтпас бұрын алдымен ойланып , ой елегінен өткізіп, талдайды. Ойлау нәтижесінде біз түйсік, қабылдау, ес арқылы алмайтын білімді аламыз.
Ойын «Не айтқым келетінін тауып көр»
10 буын беріледі: -ар,-ба,-ке,-оқ,-са,-ту,-мо,-ше,-ой,-би. Балаларға осы буындардан басталатын сөздерді барынша көп айту керек.
Әдістеме «Сөзді шығару».
1)Қаусаған, кәрі, шаршаған, кішкентай, тозығы жеткен.
2)Батыл, ержүрек, жүрек жұтқан, жауыз, тәуекелшіл
3)Марат, Асан, Самат, Ермек, Ибрагимов
4)Сүт, қаймақ, ірімшік, айран, ет
5)Жақында, жылдам, шапшаң, біртіндеп, асығыс
6)Терең, биік, ашық, төмен, ұсақ
7)Жапырақ, бүйрек, түбір, ағаш, бұтақ
8)Үй, қора, пана, лашық, ғимарат
9)Қайың, қарағай, ағаш, емен, шырша 10)Жек көру, суқаны сүймеу, зығырданы қайнау, ызасы келу, жазалау 11)Күңгірт, ашық, көгілдір, 12)Ұя, ін, илеу, тауық ұя, апан 13) Сәтсіздік, күйреу, жолы болмау, жеңіліс табу, қобалжу. 14) Балға, шеге, кене, балға, қашау 15)Минут, секунд, сағат, кеш, тәулік Жауап 1) кішкентай 2) жауыз 3) Ибрагимов 4) ет 5) біртіндеп 6) ашық7) бүйрек 8) ғимарат 9) ағаш 10) жазалау 11) көгілдір 12) тауық ұя 13) қобалжу 14) кене 15) кеш
Ойын Ішінде не бар? Мұғалім затты немесе орынды айтады ал балалар жауап ретінде осы аталған заттың ішінде не болу мүмкін екенін айтулары керек.
Мысалы:
Үй-үстел шкаф-жейде тоңазытқыш-айран сөре-кітап кастрюл-сорпа ағаштың қуысы-тиін омарта-ара ін-түлкі автобус-жолаушы кеме-матрос
Жаттығу «Белгіні таңда». Әр сөзге белгі сөздерді тап.
Ойын (қандай?) қызықты Қар (қандай?) мамықтай Су (қандай?) суық Ай (қандай?) домалақ Түтін (қандай?) қою |
Күн (қандай?) ашық Шөп (қандай?) жасыл Айқай (қандай?) қатты Үстел (қандай?) төртбұрышты Терезе (қандай?) пластикалы |
Ойын «Сөздерді табу». Сөздерді тауып қатарды жалғастыр.
Арыстан-жолбарыс-піл-....;
мысық-ит-шошқа-....;
қияр-қызанақ-пияз-...;
трактор-трамвай-велосипед-....;
диван-үстел-орындық-....;
жейде-көйлек-белдемше-...;
шие-өрік-алма-....;
бөрік-кепеш-тымақ-...;
етік-бәтеңке-сандал-...;
стакан-тәрелке-қасық-...;
раушан-түймедақ-қалампыр-...;
сауысқан-көгершін-аққу-....;
доп-секіргіш-машина-....;
күрек-суқұйғыш-тырнауыш-...;
балға-шеге-қол ара-....
Ойын «Қайсы кім болады?» Мұғалім заттарды және құбылыстарды көрсетеді немесе атайды ал балалар «Олар қалай өзгеретінін және неге айналатынын» табулары керек. Сөздер: жұмыртқа, балапан, дән, жұлдызқұрт, ұн, ағаш тақтай, кірпіш мата.
Рефлексия.
- Ойлау дегеніміз не?
- Егер бізде ойлау қабілеті жақсы дамыса өзгенің жетегінде кетеміз бе ? -Ойлауды дамыту қиын ба?
18-сабақ
Қиял
Мақсаты: шығармашыл тұлғаның қасиеттерін қалыптастыру: ойлау еркіндігі, бастамашылдық, өнертапқыштық. Міндеттері:
- оқушылардың қиялын, өнерін, ойлаудың бейнелілігін дамыту;
- танымдық қызметке ұмтылыс және сабаққа эстетикалық қатынасты дамыту;
- әр түрлі тапсырмаларды шешуде шығармашылық тәсіл жасауды балаларда үйрету.
Ұйымдастыру сәті.
Шалқимын арнамда – бесікте,
Ал бірақ тұрмаймын тесікте.
Алғашқы дыбысым өзгерсе,
Көкте ұшып жүремін, көшіп те.
(Су-Бу)
Сабақтың тақырыбы бойынша әңгімелесу.
Қиял-бұрын ешқашан болмаған,жаңа бір дүниені жасап шығару қабілеті.Шығармашыл дарынды адамдар қызметтің әр саласында сұранысқа ие.(ғылым, өндіріс, бизнес, жарнама). Ғылыми өнертабыстар,жаңа тауар және қызмет түрлері ,табысты кәсіпорындар барлығы шығармашыл адамдардың еңбегінің жемісі .Сондықтан шығармашыл қабілет пен қиялды дамыту керек. «Мүсін»- әдістемесі
Балаларға ермексаз жиынтығы мен тапсырма беріледі. 5 минут ішінде ермексаздан бір нәрсе жасап шығару. Баланың фантазиясы 0-10 балға бағаланады.
0-1 бал берілген ермексаздан ештеңені ойлап тауып жасай алмаған балаға беріледі.
2-3 бал ермексаздан өте қарапайым затты ойлап тауып жасап шығарған балаға беріледі. Мысалы:шарик, таяқша, сақина т.б
4-5 бал ермексаздан салыстырмалы түрде қарапайым 2-3 ұсақ бөлшектері бар затты ойлап тауып жасап шығарған балаға беріледі.
6-7 бал ермексаздан ерекше затты ойлап тауып жасаған бірақ қиял ұшқырлығымен ерекшеленбейтін затты жасаған балаға беріледі.
8-9 бал ермексаздан жасаған заты керемет бірақ ұсақ бөлшектері толықтай жасалмаған балаға беріледі.
10 бал ермексаздан заты ерекше ұсақ-түйегіне дейін жасалған,көркем талғамымен ерекшеленетін балаға беріледі.
Дене шынықтыру минуты.
Сіздердің қолдарыңыз шаршады ма? Иық белдеуінің және қолымыздың шаршағанын басу үшін гимнастика жастаймыз.
1.Бастапқы тұрыс-тұрып немесе отырып, қолымыз иықта.1-оң қолымыз алға,сол қолымыз жоғары. 2-қолдарымызды ауыстырамыз. 4-5 рет қайталаймыз.Қолымызды төмен түсіріп басымызды еңкейтіп буындарымызды сілкиміз. Орташа темппен.
2.Бастапқы тұрыс-тұрып немесе отырып қолымызды сырт жағынан иыққа қоямыз. 1-2 шынтақты алға әкелеміз,басымызды алға иеміз.3-4 шынтақ артқа бүгілеміз. 6-8 рет қайталаймыз,қолымызды төмен түсіріп баяу сілкиміз. 3. Бастапқы тұрыс-отырып, қолымыз жоғарыда. 1-қолымызды жұмамыз 2-қолымызды ашамыз. 6-8 рет қайталаймыз, қолымызды төмен түсіріп сілкиміз. Орташа темпппен.
Жаттығу «Ат ойлап тап және суретте».
Дәптердегі суреттке атау ойлап тауып онда не болып жатқанын суреттеу керек.
Пабло Пикассоның картинасы «Антибадағы түнгі балық аулау деп аталады».
Жаттығу «Тосын би».
Мұғалім оқушыларға бейне таңдап оны музыка ырғағымен би арқылы көрсетуді ұсынады.Ал қалған балалар қандай бейне екенін табулары керек. Нұсқалар «қауызын жарып келе жатқан гүл», «жұмсақ мысық», «қардың жауыуы» ,«көңілді маймыл».
Жаттығу «Ерекше қолданыс».
Картон жәшіктерді қолданудың жаңа мүмкіндіктерін ойлап табулары қажет.
Жаттығу «Жасырылған ноталар».
Психолог жасырылған ноталар бар көп сөз құрастыруды сұрайды
- до, ре - ми, фа - ля, си Жаттығу «Суретші».
Дәптердегі үлгіде көрсетілгендей нүктелерді біріктіру арқылы қызықты бір нәрсенің суретін салу ұсынылады.
Рефлексия.
- қиял дегеніміз не?
-не үшін шығармашылық қабілетіміз бен қиялымызды дамыту қажет ?
19-сабақ
Қиял
Мақсаты: шығармашыл тұлғаның қасиеттерін қалыптастыру: ойлау еркіндігі, бастамашылдық, өнертапқыштық. Міндеттері:
- оқушылардың қиялын, ойлаудың бейнелілігін дамыту;
- танымдық қызметке ұмтылыс және сабаққа эстетикалық қатынасты дамыту;
- әр түрлі тапсырмаларды шешуде шығармашылық тәсіл жасауды балаларда үйрету.
Ұйымдастыру сәті.
Кезерді ерінің,
Шөбі болмас жерінің.
«Ш» орнына «К» тұрса.
Су қоймасының бірімін.
(Шөл-Көл)
Тест «Қиял деңгейін анықтау».
Нұсқау: Сізге 12 сұрақ ұсынылады.Оларға «иә» немесе «жоқ» деп жауап беру керек. Жақшаның ішіндегі бірінші сан (балл саны) оң жауап, екіншісі теріс.
1.Сіз сурет өнеріне қызығасыз ба?(2,1)
2.Сіз жиі сағынасыз ба?(1,2)
3.Қандайда бір әңгімені айтып жатқанда өз тарапыңыздан әңгімеге әр беретін сөздерді қосасыз ба?(1,0)
4.Сіз мектепте бастамашылсыз ба?(2,1)
5. Сіздің жазуыңыз үлке ба,сіздің жазуыңыз қағаздың көп бөлігін алып жатыр ма?(1,0)
6. Сіз киім таңдағанда сәнге сүйенесіз ба немесе өз талғамыңызға ма?(2,1)
7.Сіз бос уақытыңызда қағаз бетіне ылғи бір ғана фигураларды салғанды жақсы көресіз ба?(0,1)
8.Сіз музыка тыңдағанда сонымен байланысты образдарды елестетесіз бе?(1,0)
9.Сіз ұзақ хат жазғанды ұнатасыз ба?(2,1)
10.Сіз кейде түрлі-түсті т.с көресіз ба?(1,0)
11.Тек әңгімелер арқылы білетін түстеріңізде ойша болғанды ұнатасыз ба?(1,0)
12.Сіз кино үшін жиі жылап, мұңаясыз ба?(1,0)
Сонымен ұпайларыңызды санаңыздар.
14-17 ұпай сіз қиялға байсыз. Егер сіз оны өмірде пайдалана алсаңыз, үлкен шығармашылық табыстарға жетесіз.
9-13 ұпай орташа қиял.Мұндай қиял көп адамдарда кездеседі. Оны қалай дамытатыныңыз өзіңізге байланысты.
5-8 ұпай сіз шын мәнінде реалистсіз. Бос қиялданбайсыз. Бірақ аз ғана қиял ешкімге кедергі келтірген емес. Сондықтан өзіңізді ойлаңыз.
Ойын «Ғажайып жануар (өсімдік)». Шынайыға ұқсамайтын, бұл өмірде жоқ, жануар немесе өсімдік ойлап суретін салу керек. Суреттерін салып болғаннан кейін әр бала өзі салған жануары немесе өсімдігі туралы айтып оған ат қояды. Басқа балалар суреттен шынайы жануарлардың белгілерін іздейді.
Жаттығу «Ойыншықты жетілдіру».
Психолог балаларға ұсынылған ойыншықты өзгертудің түрлі жолдарын айтуын сұрайды.
Жаттығу «Ойлан да сал»
Ойланып осы фигуралардан сурет салыңдар. Әрбір фигураның өлшемдерін өзгертіп бірнеше рет қолдануға болады. Бірақ басқа фигураларды пайдалануға болмайды. Мысалы суретте көрсетілгендей.
Жаттығу «Біздің алақанымыз неге ұқсайды?» Балалардан алақандарын бояу мен немесе қарындашпен айналдырып шығуын сұраймыз. Ойланып бұл не болуы мүмкін деп қиялдаймыз (ағаш, құс, көбелек т.б) Сосын осы алақандар негізінде сурет сау керек.
Сабақтың қорытындысы:
Қалай ойлайсың сабақ барысында өзіңді қалай ұстадың, өзіңді көрсете алдың ба? Өзінді бағала.
Бағалау шкаласы:
Өте жақсы – 5 балл
Жақсы – 4 балл
Орташа – 3 балл
Ортадан төмен – 2 балл
Төмен – 1 балл
Өте төмен – 0 балл
Рефлексия.
- Біз бүгін өзімізде нені дамыттық?
- Қиял дегеніміз не ?
III ТАРАУ
МЕН ЖӘНЕ МЕНІҢ АЙНАЛАМ
20-сабақ
ҚАРЫМ-ҚАТЫНАС ДЕГЕНІМІЗ НЕ?
Мақсаты: тұлғаның коммуникативті потенциалын қалыптастыру. Міндеттері:
- балаларды қарым-қатынастың әр түрлі түрлерімен таныстыру;
- қарым қатынастың әр түрлі тәсілдері туралы түсінік беру;
-коммуникативті дағдыларды қалыптастыру.
Ұйымдастыру сәті
Бір адам шаттанса,
Мен оған бауырмын.
«Б»-ны «У»-ға ауыстырса
Өлшеммін, дәуірмін.
(Бақыт-Уақыт)
Белсендіру ойыны «Қолдармен қарым-қатынас».
Қазір сендерге жұптарға бөлініп қарама-қарсы тұрып, қол ұстасып көздеріңді жабуларың қажет. Менің әміріммен қолдың көмегімен ғана (сөздерді қолданбай)амандасу, қоштасу, ұрысу, татуласу және билеу керек. Рахмет, сендер сөздерді қолданбай барлығын жақсы орындадыңдар.Ал айтыңдаршы жаңа біз орындаған іс-әрекеттерді бір сөзбен не деп айтуға болады? Дұрыс, қарым-қатынас.
Сабақтың тақырыбы бойынша әңгімелесу
Біз сіздермен адамдар әлемінде өмір сүре отырып бір-бірімізбен алуан түрлі қарым-қатынасқа түсеміз. Қарым-қатынас ол бір-бірімізбен және қоршаған әлеммен байланыс орнату үшін қажет адам қызметінің ерекше түрі. Тапсырма «Дискуссия». /пікірталас/
Қәне, ойланып көрейікші адамдар қандай тәсілдерді және қандай құралдарды пайдаланып бір-бірімен қарым-қатынас орнатады ? Осыған қатысты қандай ойларың бар ?Мен оларды жазып отырамын.
Оқушылар ұсынған жауаптарды мұғалім ватманға Қарым-қатынас тәсілдері деген атпен жазып отырады.Балардың жауаптары: сөздер бет-әлпет, ым-ишара, көзқарас, дене қалпы. Жарайсыңдар. Сөз арқылы қарым-қатынас вербальді қалғаны вербальді емес деп аталатынын балаларға түсіндіру керек. Сөз арқылы қарым-қатынас жасағанда адам барлық ақпаратты толық бермейді. Адамдар жиі вербальды емес ақпарат элементтеріне сенеді. Атақты психология маманы Аллан Пиз ақпараттың 20-40% ғана тіл арқылы қалғаны ым-ишара арқылы беріледі деп тұжырымдады. Мысылы сіз «Өте дәмді»- деп айтып ал жүзіңізден жеркенушілік көрініп тұрса айтылған сөзіңізге қарағанда сіздің бет-әлпетіңізге сенеді. Мен сені жақсы көрем» деген сөзді немқұрайлы айтса мүлде оның мағынасын өзгертеді. Сөзді қалай түсінсек вербальды емес ақпаратты да дәл солай оқып үйреніп түсінуге болады. Қазір әрбіріміз ым-ишараны қалай жақсы түсінетінімізге көз жетуіземіз.
Тапсырма «Ауылдық миниатюра».
Балаларға рөлдер бөлініп беріледі. Мұғалім мәтінді оқиды оқушылар сол оқығанды ым-ишара арқылы көрсетуі тиіс. Түн. Аспанда ай тұр.Кенеттен қатты жел тұрды.Ағаштар тербелді.Орманда қасқырлар ұлыды.Ауыл шетіндегі үйде қалтыраған ит тұрды.Жақынырақта бұтақта қалғып екі көзін кезекпен бір ашып бір жұмып торғай отыр.Ағаштардың сылдырынан тауық ұяға жақындап келе жатқаны білінбейді.Кенет әтеш шыңғырды, түлкіні сезіп қойған ит үріп түлкіні қуа жөнелді.Үй иесі жүгіріп шығып,айқайлай бастады.Түлкі қашып кетті.Торғай қорқып үйді айнала ұшып жүр.Ит әрең тыныс алып құйрығын бұлғаңдатып иесіне келді.Иесі итті сипап ,риза болып үйіне кірді».
«Сізбен қарым-қатынас жасау жағымды ма?» тестін өтуді ұсынамын.
1.Сіз тыңдағаннан гөрі сөйлегенді жақсы көресіз.
2.Сіз бейтаныс адамның өзімен де айтарға тақырып табасыз.
3.Сіз әңгімелесіп отырған адамды әрдайым мұқият тыңдайсыз.
4.Сіз кеңес бергенді жақсы көресіз бе?
5.Егер әңгіме тақырыбы сізге ұнамаса сіз әңгімелесіп отырған адамға білдіресіз ба?
6. Егер сізді тыңдамаса сіз ашуланасыз ба?
7.Кез-келген сұраққа өз пікіріңіз бар ма?
8.Егер әңгіме тақырыбы сізге таныс емес болса оны әрі қарай өрбіте аласыз ба?
9.Сіз баршаның назарында болғанды ұнатасыз ба?
10.Сен толық білетін тым болмаса үш пән бар ма?
11.Сен жақсы ораторсың ба? Егер сен 1, 2, 3, 7, 8, 9, 10,11 сұрақтарға оң жауап берсеңіз олардың әрбірі үшін бір балдан есептейсіз.1-3 бал сіз аузынан сөз шығара алмайтын үндемессіз ба әлде соншалықты көп сөйлейсіз адамдар сізден қашады ма оны айту қиын. Бірақ сізбен сөйлесу жағымды емес,кейде-қиын. Сізге осы туралы ойлану керек сияқты.
4-9 бал Мүмкін із көпшіл адам емессіз шығарсыз бірақ сіз әрқашан зейінді және жақсы әңгімелесушісіз. Сіз енжар болуыңыз мүмкін бірақ мұндай сәтте айналадағы жандардан ерекше ілтипат күтпейсіз.
9-11 бал сіз қарым-қатынас орнатуға ең жағымды адамдардың бірісіз. Достарыңыз сізсіз жүре алмайтыны анық. Керемет емес па?! Кейде сізге «сахнадағыдай ойнаға тура келмейді ма?» деген сұрақ қана туындайды.
Жаттығу «Үй».
Оқушыларға нұсқау беріледі: елестетіңіз сіз демалыс күндерін қала шетіндегі үйде өткізетін болып шештіңіз. Кенеттен қатты жел соғып, қар жауып кетті. Сізге бүгін келе алмайтыны түсінікті.Үйде су және тамақ қоры, жағармай, жаттығу залы, хауыз, кітапхана, үнтаспа бар. Сыртқы әлеммен байланыс жоқ жағдайда қандай сезімде боласыз, суреттеп айтып беріңіз. (балалардың жауаптары). Сосын жағдай қиындайды:
- жағдай келесі күнге дейін созылады;
- аптаға созылады;
- айға созылады.
Пікірталас қарым қатынастың адам өміріндегі рөлі.
Сабақтың қорытындысы:
Қалай ойлайсың сабақ барысында өзіңді қалай ұстадың, өзіңді көрсете алдыңба? Өзінді бағала.
Рефлексия.
Қарым-қатынас дегеніміз не?
Қарым-қатынастың қандай түрлерін білесің?
Қарым-қатынас қандай құралдардың көмегімен жүзеге асады?
21- сабақ
МЕНІҢ ӨМІРІМДЕГІ ҚАРЫМ-ҚАТЫНАС
Мақсаты: тұлғаның коммуникативтік потенциалын қалыптастыру
Міндеттері:
- Оқушылардың дұрыс қарым-қатынас жасаудың ережелері туралы білімдерін кеңейту, бекіту;
- Алған білімдерін практикада қолдануға дағдыландыру;
- Сөйлеу мәдениеті мен мінез-құлықты тәрбиелеу
Ұйымдастыру сәті
Метаграмма
Жаттығу «Амансыздар ма!»
Ойынға қатысушылар шеңбер бойымен тұрады. Жүргізуші: өз көршілеріңмен белгілі бір тәсілдермен (өзге елдердегі амандасу тәсілі) амандасуды ұсынамын, мысалы:
Францияда кездескенде және қоштасқанда бір-бірлерінің бетін сүйеді.
Европа және Жаңа Гвинеяда сөзді қолданбай, жай ғана қастарын көтеріп амандасады.
Латын Америкасында бір-бірімен құшақтасады.
Зулустар «Мен сені көріп тұрмын!» дейді.
Жапондар бас изеудің үш түрін қолданады – сайкэйрэй (ең төмен, ең сыйлы адамдарға), орташа (30 градус) және жеңіл (15 градус).
Гренландтар үнемі «Ауа райы жақсы!» деп айтады.
Таиландта амандасу «вай» деп аталады. Алақандарын жинайды және мұрындарын немесе кеуделерін қысады.
Жаңа Зеландиядағы Аборигендер бастапқыда қорқынышты сөздермен шыңғырады, сосын алақандарымен сандарын соғады, аяқтарымен тарсылдатып, тізелерін бүгеді. Көздерін бақырайтып, тілдерін шығарады.
Пасха аралының тұрғындары түзу тұрады, қолдарын жұдырықтап түйіп, алға қарай созады да басына көтереді, жұдырығын босатып, қолының еркін құлауына мүмкіндік береді.
«Қоңыраулату» тұрақты сөз тіркесі нені білдіреді?
Мағынасын (болмайтын нәрселерді айту, ұялмай өтірік айту) дәптерге жазыңдар.
Қаншалықты мүмкін емес өсек айтылса, соншалықты халық оған сенеді, дыбысы соншалықты қатты және әдемі қоңырау пайда болады. Осылайша «қоңыраулату» сөзі, екінші мағынасы «ойлап табу, болмайтын нәрселерді айту» деген сөзге ие болды.
Сабақтың тақырыбы бойынша әңгімелесу
Бүгін біз қарым-қатынас жасаудың ережелері туралы айтамыз. Оларды не үшін білу қажет? (Балалар өз ойларын айтады)
Тапсырма «Қызықты тақырып»
Сенің алдыңда қызықты әрі жеңіл емес сұрақтар тұр. Осы сұрақтарға өз жауабыңды жаз.
·Сыныптастарың сенің досыңның телефон номерін сұрады деп елестет. Қалай ойлайсың, досыңнан рұқсат сұрамай оның номерін бересің бе (сен онымен дәл қазір хабарласа алмадын, ал сенен шұғыл керек болып тұр деп сұрап жатыр)?
·Мектепте саған тиесілі заттарды ата
·Үйде саған тиесілі заттарды ата
·Үйде саған тиесілі емес заттарды ата
·Мектепте саған тиесілі емес заттарды ата
·Үйде саған және өзге біреуге (кімге) тиесілі ортақ заттарды ата
·Мектепте саған және өзге біреуге (кімге) тиесілі ортақ заттарды ата
Тапсырма «Нағыз ер азамат»
Ұлдарға нағыз ер азамат, қыздарға нағыз керемет әйел болу үшін қандай әдеттерді дамыту қажет. Өз жауабыңды сыныптастарыңның жауабымен салыстыр. Өзіңнің және өзгелердің ұнаған жауаптарын жаз. Бір сұраққа түрліше жауап беретін кездер болады. Неге?
Жаттығу «Бірге айтамыз»
Жүргізуші балаларға өздерінің сүйікті пәндерін хормен айтуды ұсынады.
Психолог: өз сыныптастарыңның жақсы көретін пәндерін атап беріңдер.
Оларды атау неге қиын болды?
Дұрыс, осыдан қарым-қатынас жасаудың бірінші заңдылығын шығаруға болады – бір-бірімізді мұқият тыңдау.
Жаттығу «Иә – Жоқ» (жұппен жұмыс жасау)
Оқушыларға екі тұжырымның («иә» немесе «жоқ») бірін таңдау ұсынылады және оларды кезекпен айтады. Бірінші ақырын айтады, әр белгіден кейін дауысты қатайтады.
Балалар, қарым-қатынастағы екінші заңдылық – келісімге келу.
Жаттығу «Алақанды ашу» (Жұппен орындалады)
Қатысушылар кезекпен өз жұптарының алақанын кез-келген әдісті пайдаланып, зиян тигізбей ашу керек.
Қарым-қатынастағы үшінші заңдылық – басқа адамды дәлелмен сендіре білу.
Бірақ бұл, басқа адамдармен қарым-қатынаста ұстануға тиіс барлық заңдылық емес. Қазір біз, нәтижелі қарым-қатынас жасаудың осындай ережелерін жүйелеуге тырысамыз.
Жаттығу «Дұрыс қарым-қатынас жасау»
Суреттерді жинақта ережесі бойынша 5-6 адамнан құралған топтарға бөлінеді. Әр топқа тапсырма: қарым – қатынасты жақсартудың 5 ережесін жазу. Әр топ кезекпен өздері құрған ережені айтады, жүргізуші оны тақтаға немесе ватманға жазып отырады.
Сабақтың қорытындысы:
Қалай ойлайсың сабақ барысында өзіңді қалай ұстадың, өзіңді көрсете алдыңба?
Рефлексия:
·Сабақтан қандай көңіл-күймен қайтып барасың;
·Сабақта не ұнады;
·Сабақ барысында не ұнамады;
·Қиын тапсырмалар болды ма;
·Өзің үшін қандай жаңа нәрселер білдің.
22 – сабақ
ҰЛДАР МЕН ҚЫЗДАР ӘЛЕМІ
Мақсаты: Қыздар мен ұлдар арасындағы мәдениетті қарым-қатынасты қалыптастыру
Міндеттері:
- Оқушыларға өздеріне қарсы жыныстағылармен айырмашылығын түсінуіне жағдай жасау;
- Топтағы ұлдар мен қыздар арасындағы қарым-қатынасты оңтайландыру;
- Бір-біріне деген сыйластықты тәрбиелеу.
Ұйымдастыру сәті
Қақ тіліп жотаны,
Қасқайып жатады.
«Ж» орнын «Қ» басса,
Адамнан табады.
(Жол-Қол)
Тапсырма «Бес категория»
Берілген алты категориядан, өзіңді сонымен салыстыратын бесеуін таңда. Керек емесін сызып таста. Қалған бес категорияға бір байланыс ойлап тап. Мысалы:
«Егер мен өсімдік болсам, үйеңкі болар едім».
«Егер мен жануар болсам, түлкі болар едім» және т.б.
Байланыстарды жоғарыда келтірілген категориялардың жанына жаз.
Тапсырма «Келеді және келмейді»
Психолог ұлдардан сұрайды: Қыздардың ассоциациясымен айтыңдаршы. Одан кейін қыздар ұлдардың ассоциациясымен айтыңдаршы атайды.
Бір-бірлеріңнің жауаптарыңды мұқият тыңдаңдар, қарсы топтан алынған жауаптар туралы мұқият ойлан. Сендердің алдарыңда кесте тұр. Сол жақа саған келетін ассоциацияларды, оң жақа келмейтіндерін жаз.
Тапсырма «Ортақ белгілер»
Оқушылар ұлдар және қыздар болып екі командаға бөлінеді. Әр команда қағазға тапсырмалар алады. Тапсырманы мұқият оқып, үндемей орындайды. Уақыт 3 синут. Талқылап, бірге орындаңдар.
Қыздар – шаштарының ұзындығы бойынша тұрады.
Ұлдар – тектерінің бастапқы әріптері бойынша тұрады.
· Ал, қарсыластар, балалар қандай белгілері бойынша тұрғанын табу керек.
Жаттығу «Ең үздік портрет».
5 минуттың ішінде қыздар керемет жігіттің бейнесін жасайды. Ал ұлдар командасы керемет қыз бейнесін жасайды.
Әр сөзге аз дегенде үш нұсқа жазамыз
Ең жақсы ұл .....
Ең жақсы қыз .....
Уақыт аяқталды. Қыздар сыйлайтын ең жақсы ұл қандай болу керек екен, тыңдаймыз. Ал ең жақсы қыз қандай болады, оны ұлдар айтып берсін.
Рахмет. Бір-бірлерің туралы пікірді тыңдадыңдар, енді іштей өздерің қорытынды шығарыңдар.
Ойын «Патшалық»
Балалар, сендер өздеріңді тамаша, қиял-ғажайып әлемге тап болдыңдар деп есептеңдер. Сендердің әлемдеріңде 2 патшалық бар. Олардың біреуінде тек ұлдар, екіншісінде тек қыздар өмір сүреді екен. Қағазға патшалықтың қандай екенін сызып, ол жерде жайлы, қуанышты өмір сүру не қажет екенін салыңдар. Әлемдеріңді өздерің қалай етіп жасағыларың келеді, солай салуға тырысыңдар.
Енді, өз патшалықтарыңның патшасы мен патшайымын таңдаңдар, олар сендерге патшалықта барлығы жақсы өмір сүру үшін болатындарын айтып, түсіндіреді.
Барлықтарыңның патшалықтарың бірдей ме, қараңдар. Қандай айырмашылық бар?
Иә, ұқсайтында, ұқсамайтында жерлері бар. Көп жағдайда, осындай, әртүрлі, ұқсамайтын қалыпта бір-бірімізге қажетпіз. Екі патшалықты бір үлкен, ынтымақты патшалық етіп біріктірейік.
Жаттығу «Достық»
Тақтаға «Достық» деп жазылған екі ватман ілінеді. Олардың біріншісіне қыздар, екіншісіне ұлдар жазады. Қатысушылар екі қағаздың біріне барып «Достық дегеніміз не?» деген сұраққа жазбаша жауаптарын жазады. Соңында екі жақтың жауаптары салыстырлады.
Жүргізуші олардың жауаптарының ұқсатықтарына назар аударады.
Жаттығу «Неге?»
Қыздарға сұрақ қойылады: «Неге ұл болған жақсы?», ұлдарға – «Неге қыз болған жақсы?» деген сұрақ қойылады.
Жаттығу «Не ортақ?»
Балалар жұп (ұл-қыз) болып отырады. Олар екі минут әңгімеден кейін, оларды не біріктіреді, оларда ортақ не екенін анықтау керек.
Тапсырма «Біздің ерекшелігіміз: шындық және стереотиптер».
Ғалымдар, қыздар мен ұлдарға қатысты өзгермейтін қағидаларға үнемі ұшырасады, олар осының қайсысы әділ, жалған екенін зерттеуді ұйғарады.
Стереотип – жалпы қабылдаған, өзгермейтін қағида.
Ғалымдар жиі кездесетін 8 стереотипті таңдап алып, бір топ ұлдар мен қыздарды зерттейді. Кейбір болжамдар расталып, кейбірі расталмады. Сенің алдыңда кең тараған стереотиптер тізімі келтірілген, осы стереотиптермен келіссең «+», келіспесең «-» таңбасын қой.
1. Қыздар қарым-қатынасқа жақын
2. Ұлдар өзіне сенімді
3. Қыздардың есту қабілеті, ұлдардың көру қабілеті жақсы дамыған
4. Ұлдар қыздарға қарағанда мақсаткер болады
5. Қыздар тілдерді меңгеруге қабілетті
6. Ұлдардың математикалық қабілеті басым
7. Ұлдар кеңістікті жақсы бағдарлай алады
8. Ұлдарда физикалық агрессия басым болады
Тапсырма «Менің достарым – ұлдар мен қыздар»
Кейбір балалар ұлдар мен қыздардың дос бола алатынына күмәнданады. Ал, сен қалай ойлайсың? Бұл үшін сырт келбеті маңыздыма?
Тапсырма «Қасиеттер»
Сұрақтарға жауап бер. Таңдаған жауаптың астын сыз немесе өз жауабыңды жаз.
Қыздарға ұлдардың қандай қасиеттері ұнайды?
§Мейірімділік
§Ақыл
§Жайдарлы мінезі
Ұлдарға қыздардың қандай қасиеті ұнайды?
§Мейірімділік
§Ақыл
§Жайдарлы мінезі
Қыздардың қандай қасиеті ұлдарға ұнамайды?
§Төбелескіштік
§Келемеждеуге ынтызарлығы
§Наразылық танытуы
Тапсырма «Менің пікірім»
Сен қай пікірмен келісесің? Олардың астын сыз. Қай пікірмен келіспейсің? Оларды өзің қалауың бойынша қатесін түзе.
§Ұлдар қыздарға жолын беру керек
§Қыздарға есесін қайтаруға болмайды
§Ұлдар үнемі шулайды
§Ұлдарға қарағанда, қыздар жиі ренжиді
§Ұлдардың ұлдармен, қыздардың қыздармен сөйлескені жақсы
§Ұлдар қыздарға қарағанда үнемі батыл болады
§Қыздарға бірінші болып ұлдарға жақындамағаны дұрыс
§Ұлдар ешқашан жыламайды
Үй тапсырмасы «Қыздар және ұлдар: екі әлем»
Бөлмедегі өз заттарыңа, жазу үстеліңе жаңаша қара. Ол жерден «Ұлдар әлемі» және «Қыздар әлемі» қандай заттарын байқадың. Суретін салып, аттарын жаз.
Сабақтың қорытындысы:
Қалай ойлайсың сабақ барысында өзіңді қалай ұстадың, өзіңді көрсете алдыңба? Өзінді бағала.
Рефлексия:
Бүгін біз сендермен қыздар және ұлдар туралы әңгімелестік. Олардың көптеген ұқсас және әртүрлі мінез ерекшеліктері бар. Ең бастысы – бір-бірін сыйлау, өзара түсіністік. Сендер әлі көпжылдар бірге сабақ оқисыңдар, сондықтан ұлдар өзінің серілік міндеттерін атқарып, ал қыздар ұлдарды лайықты бағалауы қажет. Егер араларыңда достық қарым-қатынас болса, барлықтарың сыныпта өздеріңді жақсы сезінетін боласыңдар.
Балалар шеңбер бойымен тұрып, оң жақтағы көршісіне комплимент айтып, мына сөзбен аяқтайды: «Маған сабақта, бәрінен ұнағаны...»
23 – сабақ
КИКІЛЖІҢНЕН ҚАЛАЙ ҚҰТЫЛУҒА БОЛАДЫ
Мақсаты: дау-дамайлық жағдайларды жеңуде оқушылардың құзыреттілігін қалыптастыру
Міндеттері:
- Оқушылардың «дау-дамай», «дау-дамай жағдайы» ұғымдары туралы түсініктерін кеңейту;
- Қоршаған ортадағы адамдармен үйлесімді қарым-қатынас жасау дағдыларын дамыту;
- Бір-біріне деген сыйластық сезімін тәрбиелеу.
Ұйымдастыру сәті
Тігеді менен көйлек те, жейде де,
Сән берем терезеге, сахна төріне.
Әріпті бастапқы сызса егер.
Жөн сілтер бабаңмын өмірге.
(Мата-Ата)
Сабақтың тақырыбы бойынша әңгімелесу
Біз барлығымыз әртүрліміз, бір-бірімізден айырмашылығымыз көп.
·Ойланайық, біздің жанымызда барлығына ыңғайлы болу үшін, не істеуіміз керек? Балалардың жауаптары: олармен сөлескенде мейірімді болу керек, күліп қарау керек, қуанышта бірге қуанып, мұңайғанда бірге болып, көмекке келу қажет. Сендердің айтқандарыңды бір ережеге біріктірейік, бірге оқимыз.
1. Адамдар сенің жаныңда өзін жақсы сезінетіндей өмір сүр.
·Үнемі бір-бірімізді түсіну қолымыздан келеді ме?
·Бір-бірімізді түсінбеудің салдары неге әкеп соғуы мүмкін?
Оқушылар: түсінбеушілік жан-жал, дауласуға әкеледі.
·Сендерде ата-аналарыңмен немесе достарыңмен, арада кімде-кім біреуді түсінбеу салдарынан ренжісіп қалған кездері болды ма? Оқушылар жауап береді.
Ешкіммен дау-дамайға түсіп көрмеген адам сирек кездеседі. Өмірде бәрі болады. Адам біреумен жан-жалдасқанда ашушаңдық, ұстамсыздық, ұрысқақтық сияқты жаман қасиеттер қалыптасады.
Ертегі «Данышпандар және піл»
Ерте-ертеде, кішкентай қалада алты соқыр абыз өмір сүріпті. Бір күні қалаға піл алып келеді. Абыздар оны көргісі келді. Бірақ қалай?
«Мен білемін, - деді бір абыз, - біз оны сипаймыз», - «Жақсы ой, - деді басқалары, - сонда біз оның қандай піл екенін білетін боламыз». Сонымен, алты данышпан пілді көруге барады. Біріншісі, құлағын сипады. Ол ақырын ғана алға-артқа қозғалды. «Піл желпуіш сияқты!» - айқай салды, бірінші абыз. Екінші абыз пілдің аяғын ұстады. «Ол ағашқа ұқсайды!» - айқай салды ол. «Сендер екеуіңде қателесесіңдер, - айтты үшіншісі,- ол арқанға ұқсайды». Бұл адам пілдің құйрығын сипады. «Піл найзаға ұқсайды», - айқайлады төртіншісі. «Жоқ, жоқ, - айқайлады бесіншісі, - піл биік қабырғаға сияқты!». Ол пілдің бүйірінен сипалады. Алтыншы абыз пілдің құйрығын тартады. «Сендердікі дұрыс емес, - деді ол, - піл жыланға ұқсайды». «Жоқ арқанға емес!» - «Жылан!» - «Қабырға!» - «Сендер қателестіңдер!» - «Мен дұрыс айтамын!». Алты соқыр бір-бірімен бір сағат айқайласты. Олар ешқашан пілдің қандай екенін біле алмады.
1) Абыздар пілдің қандай екенін неге біле алмады?
Әрқайсысы өз қолдарының сезгендерін ғана елестете алды. Нәтижесінде әрқайсысы шындықты аштым, пілдің қандай екенін білдім деп ойлайды. Ешкім бір-бірін тыңдамады.
Олардың қабылдауы әртүрлі болған себебінен дау-дамай туды.
2) Абыздар шынымен өз аттарына лайық болдыма?
3) Абыздар пілдің қандай екенін басқаша қалай білулеріне болар еді?
·Қалай ойлайсыңдар, дау-дамайды басқаруға болама?
Дұрыс қарым-қатынас жасау арқылы. Бір-біріңді дұрыс тыңдап, дұрыс сөйлеу қажет. Сонымен қатар, келісімге келудің жолын іздеу керек.
Жағдайды талдау
1) Дауласудың арты дау-дамай болып кетпейтіндей берілген жағдаятты күліп, қалжыңдап талдап көрейік.
Жағдаят 1. Сен өз атың жазылған хат алдың: «А+Д= махаббат». Сенің әрекетің ...
Талқылау. Жауап күлкімен, әзілмен болу керек.
Жағдаят 2. Сен сабақта күлкің келіп отыр. Мұғалім саған ескерту жасайды. Сен ақталасың (жымиып). Не айтасың?
Жағдаят 3. Сен автобуста байқамай жаныңдағы ұл баланың аяғын басып кеттің. Сенің әрекетің?
Тапсырма «Сыныптағы дау-дамай»
Кез келген сыныпта дау-дамай болады. Дау-дамай дегеніміз не, естеріңе түсіріңдер.
Сендердің сыныптарыңда дау-дамай қандай себептерден туындайды? Жауабыңды жаз.
Тапсырма «Жақындаған дау-дамай»
Ақылды адамдар жақындаған дау-дамайды байқап, одан құтыла алады. Жақындап келе жатқан дау-дамайдың негізгі белгілерінің тізімін жаса.
Адам
·Қызара бастайды
·Жылдам әрі қатты сөйлейді
·Көзге тура қарамайды
Тапсырма «Шағын әңгіме»
Сөйлемді оқы. Сөйлемдегі негізгі ойды жалғастырып, шағын әңгіме құра. Марат көшбасшы болғанды қатты қалады. Алайда ...
Тапсырма «Көмек»
Марат басқаларға көмектесу қиын деп есептейді. Ал, Мақсат бұл өте қуанышты және жағымды деп ойлайды. Сен, екеуімен де келісіп көр.
Марат дұрыс айтады, себебі ...
Мақсат дұрыс айтады, себебі ...
Тапсырма «Кеңес»
Көшбасшы болғысы келетін балаларға қандай кеңес бересің? Сөйлемді аяқта. Егер көшбасшы болғың келсе, онда ...
Тапсырма. «Қосымша қолданыс»
Суреттегі әр заттың мейлінше көп қосымша қолданыстарын көрсетіп, жазып шығу керек
Сабақтың қорытындысы:
Қалай ойлайсың, сабақ барысында өзіңді қалай ұстадың, өзіңді көрсете алдың ба?
Рефлексия:
Дау-дамай дегеніміз не?
Дау-дамайдан құтылуға бола ма?
24 – сабақ
КИКІЛЖІҢНЕН ҚАЛАЙ ҚҰТЫЛУҒА БОЛАДЫ
Мақсаты: дау-дамайлық жағдайларды жеңуде оқушылардың құзыреттілігін қалыптастыру
Міндеттері:
- Оқушыларды дау-дамайды шешудің әртүрлі әдістерімен таныстыру;
- Қоршаған ортадағы адамдармен үйлесімді қарым-қатынас жасау дағдыларын дамыту;
- Бір-біріне деген сыйластық сезімін тәрбиелеу.
Ұйымдастыру сәті
«Қ» әрпінен бастасаң,
Көмірге ұқсас түрім бар.
«Қ»-ны сызып тастасаң,
Жәндікпін жасайтын гүлден бал.
(Қара-Ара)
Ойын «Жұлдыздар мен шоқжұлдыздар»
Барлығымыз жұлдыздармыз деп елестетейік. Жұлдыздар шоқжұлдыздарға біріге алады, ондағы жұлдыздар саны әртүрлі. Мен белгі беріп, қандайда бір санды атаймын, сендер бірнеше адам болып шоқжұлдыздарға бірігесіңдер. Шоқжұлдыздар түрліше біріге алады: қолмен бір-біріне жақындап, иықтарымен, алақандарымен және т.б.
Топта жұмыс жасау:
1. Жан-жал кезіндегі адамның бейнесін салу;
2. Төбелеспейтін адамның суретін сал;
3. Ешқандай мәселесі жоқ адамның суретін сал;
4. Төбелестегі адамның суретін сал.
«Қолымыздан не келетінін, көрейік»
·Ал енді қараңдар, сендерге қандай адамдар ұнайды? Неге?
Біз сендермен талқылайтын бүгінгі әңгіме, бүкіл әлемде өзекті мәселе. Адамдар мемлекеттегі, елдегі және отбасындағы дау-дамайдан қашқысы келеді.
·Қалай ойлайсыңдар, осындай адамдар және дау-дамайлық жағдайлар болмау үшін не істеу керек?
· Дау-дамайлық жағдайлардан қалай шығуға болатынын қазір көреміз.
Тапсырма «Жақсы әдістер»
Барлық балалар дау-дамайдан әртүрлі жолмен шығады екен. Сен қай әдіспен келісесің? Астын сыз немесе өз жауабыңды жаз.
Дау-дамайдан құтылу үшін ...
·Анамызға қоңырау шалып, мектептен алып кетуін өтіну;
·Мұғалімге арыздану;
·Дау-дамайдағы адамға ол туралы жаман нәрселер айту;
·Қызықты істермен айналысу.
Тапсырма «Әрқайсылары әртүрлі»
Әр адам дау-дамайда өзін әртүрлі ұстайды. Төмендегілерді қаншалықты жиі қолданасың 5 балдық шкаламен бағала.
·Бірден өзіне дәл сондай жауап қайтарамын;
·Бастапқыда үндемеймін, сосын жауап қайтарамын;
· Бастапқыда үндемеймін, содан кейін не істеу керектігін ойланамын, сосын әрекет етемін.
Қай әдіс тиімдірек, балалармен талқыланады.
Тапсырма «Мен келісемін, себебі...»
Марат үлкен дау-дамайға барудың қажеті жоқ деп есептейді. Мақсат дау-дамайсыз мүмкін емес деп ойлайды. Екеуінің айтқан пікірлерімен келісіп көр.
Мараттың айтқаны дұрыс, себебі.....
Мақсаттың айтқаны дұрыс, себебі.....
Үй тапсырмасы «Сыныптағы өзара көмек»
Сыныптағы ең басты құндылықтардың бірі ол, өзара көмектесу. Өзара көмектесу деген не? Өз сыныбыңдағы өзара көмек жағдайын есіңе түсір. Сипаттап бер немесе суретін сал. Балаларға айтып бер.
Тапсырма «Көмек»
Сұрақатарға жазбаша жауап бер:
Ұлдар қыздарға көмектесе алады ма? Қандай жағдайда?
Қыздар ұлдарға көмектесе алады ма? Қандай жағдайда?
«Дау-дамайлық оқиғалар»
Төмендегі оқиғаларды оқып, сұрақтарға жауап бер.
***
Марат математика пәнінен үй тапсырмасын орындаған жоқ, Арманға барып: «Маған көмектес, көшірейін», - деді ол. Қалай ойлайсың, Арман не істер еді немесе не айтатын еді? Сен не істер едің?
***
Айгерім Айманға, оның өзіне бұрынғыдай дос бола алмай жүргені үшін ренжіді. Ол Айдостан өтініп: «Маған көмектес, оны ұр», - деді. Айдос не істер еді немесе не айтатын еді? Сен не істер едің?
***
Саған жиі және жылдам көмектесетін балалардың есімдерін ұшаққа, сирек көмектесетіндерді поезға жаз. Балалардан сені қай көлік түріне орналастырғандарын сұра.
Тапсырма «Сенің әрекетің»
Қажеттілерінің астын сыз немесе өз жауабыңмен толықтыр.
1. Біз үнемі қол ұшын беріп, көмектесе алмаймыз, өйткені ...
·Басқа адамның сезімдерін түсінбейміз;
·Үнемі көмектесу қолымыздан келмейді.
2. Сыныптастарыңның біреуі сені әдейі итеріп, жерге құлатты. Сен не істейсің?
·Жылайсың;
·Мұғалімге шағымданасың;
·Ұрып жібересің;
·Ескерту жасайсың.
Дау-дамай мәселесі үнемі өзекті мәселе болатын, бәрі оны шешуге тырысады. Ауызша шығармаларда осы тақырыпта ертегілер, мысалдар, әңгімелер өте көп.
Тапсырма «Екі ешкі»
Өзеннің ортасына тақтай қойылған. Тақтайдың үстінде екі ешкі кездесіп қалады. Екеуі бір-біріне жол бергісі келмейді. Төбелес басталады. Төбелесіп, төбелесіп екеуі суға бірақ құлайды.
·Бірбеткейлік пен қырсықтықтың соңы неге әкелуі мүмкін?
·Балалар, сендер мұндай жағдайда не істер едіңдер?
Жақсы өмір сүру үшін, қоршаған ортамен жақсы қарым-қатынас болу үшін, адамдарға мұқият болып, ұстамды және әдепті болу керек, өзіңді олардың орнына қоя біл.
Тапсырма «Дау-дамайда ұстамды және әдепті бол»
Ұйықтар алдында сен компьютерлік ойындармен ұзақ ойнайсың. Ол сені қызықтыратыны сонша одан бас алмай, ұйқың келмейді. Осы жағдайға байланысты ата-анаңмен араларыңда реніш бар. Не істеуге болады?
Сергіту
Орнымыздан тұрамыз. Бір аяқты шеңбер, онда бір аяқпен тұруға тырысыңдар. Ал енді осыны жұппен орындаңдар. Не байқадыңдар? (жұппен орындаған жеңіл) Неге? (Ұсталып тұратын адам болды) Қандай қорытынды шығаруға болады? –Жаныңда сенім арта алатын, тіреу болатын адам үнемі қажет. Талқылау.
Ертегі «Ақылды ешкілер»
«Ақылды ешкілер» ертегісін тыңдаңдар, кейіпкерлер дау-дамайдан қалай құтылды, соны ойланып отырыңдар.
Таулы алқаптың тар жолында екі ешкі кездесіп қалады. Сол жақта –қабырға сияқты жартас, оң жақ – терең жар. Ешкілер ойланып кетті: не істейміз? Бір ешкі жерге жатып, мықтап оған ұсталып тұрды. Ал екіншісі, оның үстінен абайлап өтіп кетті. Осылайша екеуі де аман қалды.
·Ешкілер дау-дамайдан қалай құтылды?
Ешкілер ұрсысып, ессіз әрекеттерге барған жоқ. «Ақымақтар ұрсысады, ал ақылдылар келіседі».
· Ертегідегі ешкілер бір-бірімен келісімге келе алды. Кері шегіну арқылы дау-дамайды шешу келісімге келу (компромисс) деп аталады. Кейбіреулер бірінші болып достасуды әлсізсдік таныту деп есептейді, сендер қалай ойлайсыңдар?
·Дау-дамайды шешуге не көмектеседі?
Дұрыс, дау-дамайды шешудің бір әдісі, кері шегіну. КЕРІ ШЕГІНУ.
Сонымен қатар, үлкендерден кеңес алуға болады. ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ.
Дау-дамайсыз қарым-қатынастың келесі ережесі осылар. – «Ынтымақтасуды, кері шегінуді, келісімге келуді және жол табуды үйрен».
Саған қалай қарым-қатынас жасағанын қаласаң, адамдарға да солай қарым-қатынас жаса. Бұл адамдармен қарым-қатынастағы ең басты ереже.
Сабақтың қорытындысы:
Төртінші сынып үшін өзін және өзгелерді бағалай алу маңызды. Сондықтан әр сабақта өзіміздің сабаққа қатысу дәрежемізді 5 баллдық шкаламен бағалап отырамыз. Қалай ойлайсың сабақ барысында өзіңді қалай ұстадың, өзіңді көрсете алдыңба?
Бағалау шкаласы:
Өте жақсы – 5 балл
Жақсы – 4 балл
Орташа – 3 балл
Ортадан төмен – 2 балл
Төмен – 1 балл
Өте төмен – 0 балл
Рефлексия:
· Дау-дамай қандай жағдайға әкелуі мүмкін?
· Дау-дамайды шешудің қандай жолдарын білесіңдер?
25 – сабақ
МЕН ЖӘНЕ МЕНІҢ СЫНЫБЫМ
Мақсаты: Ұжымды ынтымақтастыру және топтық жұмыс дағдыларын қалыптастыру.
Міндеттері:
- ынтымақтастық дағдыларын дамыту;
- қатысушылардың бір-біріне деген сенімді қарым-қатынасын қалыптастыру;
- топтық жұмыста өзіндік жауапкершілікті дамыту.
Ұйымдастыру сәті
Шеге қағар шеберге,
Ең қажетті құралмын.
«Б»-ны өшірсең егер де,
Жігер берер ұранмын.
(Балға-Алға)
Сабақтың тақырыбы бойынша әңгімелесу
Бүгін сендермен ұжымдық ынтымақтасуға арналған қызықты тренинг өтеміз. Ынтымақтастық – нақты мақсаттармен міндеттерге жету үшін бірге болу мүмкіндігі. Сені қолдап, түсінетін адамның болғаны қандай жақсы.
Астарлы әңгіме
«Қария таяу шығыстағы бір қаланың қақпасының жанындағы көгалда отырады. Қақпаның жанына жас бала келіп, сұрайды: «Менің бұл өлкеге алғаш келуім. Айтыңызшы, бұл қаланың адамдары қандай?» Қария оған мұқият қарап: «Сен кетіп қалған қалада қандай адамдар тұрып еді?»
«О, ол қалада ашулы және өзімшіл адамдар тұрады. Мен сол себепті кетіп қалдым».
«Бұл қаладан да сен сондай адамдарды кездестіресің», - деді қария.
Біршама уақыт өткеннен кейін, қақпаға басқа адам келіп, қариядан сұрайды: «Бұл қаланың адамдары қандай?»
Жауап ретінде қария оған да: «Сен кетіп қалған қалада қандай адамдар тұрып еді?». «Олар өте қонақжай, мейірімді және қайырымды адамдар болды». «Мен оларды бар жаныммен жақсы көріп үлгердім және олармен айырылысуыма тура келді, сол үшін өте қапалымын». Қария тағы да, «Бұл қаладан да сен сондай адамдарды кездестіресің», - деп жауап берді.
Осы кезде бір саудагер түйесін суарып, қарияны бақылап тұрды. «Сен әртүрлі адамдарға, бір сұраққа неге түрліше жауап бердің?» - деп қариядан наразы үнмен сұрады.
«Солай ма? Әр адам өз әлемін, өз жүрегінде алып жүреді. Кімде кім өткенінен тек жаман нәрселер көрсе, бұл жерден де ешқандай жақсылық таппайды. Керісінше, досты кім бағалай білсе, ол осы жерден де жақсы адамдар табады. Немесе, бізді қоршаған адамдардан біз не көрсек, олар соның бейнесі болып табылады».
Тапсырма «Менің сыныбым»
Әр оқушы өз сыныбымен мақтанғысы келеді.
Саған өз сыныбың несімен ұнайды? Қажетінің астын сыз немесе өз жауабыңмен толықтыр.
·Сыныпта менің көп достарым бар.
·Бізде көңілді балалар көп.
·Біздің балалар бір-біріне көмектеседі.
Тапсырма «Біздің сынып»
Өз сыныбыңды сипатта. Сөйлемді аяқта.
Менің сыныбым ...
Біздің сыныптағы балалар....
Бізде міндетті ....
Тапсырма «Сыныптың ауа райы»
Егер сенің сыныбың ауа райы болса, ол қандай болар еді? Суретін сал немесе сипатта.
Тапсырма «Сыныптың портреті»
Әр сыныптың өзінің эмоционалдық «портреті» бар. Оны жасау үшін, сөйлемді аяқта. Бірінші онда қандай сөздер жасырылғанын тап.
Өз «портретің» туралы балаларға айтып бер. Олар бір-біріне ұқсай ма, өзің үшін салыстыр.
Жаттығу «Босатамын және кешіремін»
Өмірде бізді лайықсыз кінәләйтын, ренжітетін сөздер айтатын кездер болады. Осы жағымсыз сезімді өзімізбен алып жүру өте қиын.
Қазір біз барлық өкпе-ренішімізді босатып, осы жағымсыз сезімдерден арылуға тырысамыз. Өз сыныптастарың үшін алаңдаған сәттердегі, барлық жағымсыз эмоцияларды еске түсіріңдер, кім сендерді ренжітті және қалай? Осыларды дайын қағазға жазыңдар. Ал енді, қағазды мыжып «қоқыс жәшігіне» тастаймыз. Егер оны дауыстап айтқыларың келсе, мына «құтыға» айқайлаңдар.
«Барлық реніш-өкпені ұмытыңдар және босатыңдар».
Жаттығу «Мұздақта»
Жүргізуші қатысушыларға орындықтардан мұздақ жасап, Сол түстік Мұзды мұхитына саяхатқа шығатындарын айтады. Оқушылар орындықтарда тұрады. Жүргізуші: «Сендер Солтүстік Мұзды мұхитына саяхатқа шықтыңдар. Кенет дауыл басталды, мұздақтың бөліктері сынып жатыр, сендер барлығын құтқаруларың керек, басқалар көмекке келгенше сендер осы мұздақта тұруларың қажет». Жүргізуші ақырындап бір-бірден орындықтарды ала бастайды. Қатысушылардың міндеттері: ұзақ, әрі көп сандық құрамда мұздақта тұру.
Жаттығу «Фигура»
Барлық қатысушылар бір-бірінің қолдарын ұстап шеңберге тұрады. Жүргізуші кез-келген бір фигураны айтады (дөңгелек, төртбұрыш, үшбұрыш). Қатысушылардың міндеті – қолдарын үзбей үнсіз осы фигураны жасап шығару.
Жаттығу «Кір жуғыш машина»
Барлық қатысушылар екі қатарға, бір-біріне қарама-қарсы тұрады. Бірінші адам «машина», соңғы адам «кептіргіш» болады. «Машина» екі қатардың ортасынан өтеді, барлығы оны жуады, үтіктейді, мұқият сүртеді. «Кептіргіш» оны кептіру керек – құшақтайды. Жуғыштан өткен адам «Кептіргіш» болады, ал қатардың басындағы адам келесі «машина» болады. Осылайша қатысушылар рөлдерімен алмасады.
Жаттығу «Менің сыныптастарым»
Жаныңда керемет сыныптастарың болғаны қандай тамаша! Бірақ достасып кетуге қиын балалар болады.
Олар үшін, сыныпта үйлесімді қарым-қатынас орнатудың бірнеше әдістерінің тізімін құрайық. Осы мақсатқа сәйкес келетін пікірлердің астын сыз, қажет емесін сызып, өз жауабыңмен толықтыр.
Сабақтың қорытындысы:
Қалай ойлайсың сабақ барысында өзіңді қалай ұстадың, өзіңді көрсете алдыңба?
Рефлексия:
Барлық қатысушылар шеңберге тұрады, көздерін жұмып, оң қолын алдыға созады. Алдағы бірінші кезіккен қолмен бірігеді. Одан кейін, сол жақ қолмен алмасып, тағыда өзіне серіктес іздейді. Жүргізуші қолдардың бірігуіне көмектеседі және әр адам екі адамның қолын ұстауын қадағалап отырады.
26 – сабақ
ҚОРШАҒАН ОРТАМЕН ЖӘНЕ ӨЗІҢМЕН ҮЙЛЕСІМДІЛІКТЕ
Мақсаты: өзіңмен және қоршаған ортамен үйлесімді өмір сүру дағдыларын дамыту.
Міндеттері:
- шыдамдылыққа тәрбиелеу;
- рефлексивті ойлауды дамыту;
- өзіне және өзге адамдарға деген сыйластық сезімін тәрбиелеу.
Ұйымдастыру сәті
Қатты соғып жүрегім,
Қорқып, үркіп жүремін,
«Қ» орнына «Н» қойсаң,
Күшке толар білегім.
(Қоян-Ноян)
Жаттығу «Сыныптастарымызды зерттейміз»
Араларыңда кім, тақтаға сызылған кестелердің біріне өз есімін жаза алады?
Кезінде басқа қалада кім тұрды? |
Кім түнде оқығанды жақсы көреді? |
Кімнің кішкентай сіңілі немесе қарындасы бар? |
Кімнің үйінде үй жануары бар? |
Кім математика пәнін жақсы көреді? |
Кім коллекция жинаумен айналысады? |
Кім мектепке ешқашан кешігіп көрген жоқ? |
Кім музыкалық аспапта ойнай алады? |
Кім таңертең жаттығу жасайды? |
Сабақтың тақырыбы бойынша әңгімелесу
Бұл ертеде болған. Ол кезде адамдар жануарлардың терісінен киім киген және өте әдепсіз болған. Мысалы, бір адам екіншісін кездестіргенде амандасудың орнына, оны ұрады немесе қашып кетеді. Мұндай кездесуден жақсылық аз болды. Осылай ұзақ жалғасты. Бір күні адам өз үңгірінен ну орманға шықты. Келе жатыр, айналада тірі жан жоқ – барлығы бір-бірін ұрып тастаған. Тек бірнеше күн өткеннен кейін ол басқа бір адамды көріп қатты қуанғанынан тасын лақтырып жіберіп, онымен кездесуге жүгірді. Ал ол қорқақ болып шықты, бірден тас балтасын кезеді. Біріншісі оған екі қолын созып: қара, менде ештеңе жоқ, қорықпа. Алғаш қолмен амандасау сол сәтте, сол кезде болған.
Шыныменде осылай болдыма, әлде, бұл ертегі ғанама белгісіз, бірақ әдептілік ережелері ерте кезде пайда болған, бұл өте жақсы. Біз тек өзімізбен ғана емес, қоршаған ортаменде үйлесімді өмір сүруі қажет.
Жаттығу «Ұқсастықты іздеу»
Шеңберде отырып, қатысушылар бір-біріне доп лақтырады: «Кімнің қолында доп бар сол жылдам басқа адамға онымен ортақ белгілерінің бірін атап лақтырады».
Жаттығу «Өзіңді таны»
Балаларға аяқтауға келесі сөйлемдер беріледі:
· Мен өзімді басқа адамдардың жанында жақсы сезінемін, ...
· Мен өзімді басқа адамдарың жанында ыңғайсыз сезінемін,...
· Маған басқа адамдармен өз сезімдерді бөлісу оңай,
· Біздің сыныпта ...
· Біздің сыныпта бәрінен де маған ұнайтыны ...
· Мен менің сыныптастарым ...
Жазғандарын кім дауыстап оқығысы келеді? (оқушылар өз сөйлемдерін оқиды). Ұқсас сөйлемдер барма?
Жаттығу «Шабадан қасиеттер»
Әр оқушыға қағаздар беріледі, оған аттарын жазып оң жақтағы көршісіне береді. Ол кімнің қағазы екенін қарайды, оның жақсы қасиетінің бірін жазып, бүктеп келесі адамға береді. Қатысушыға өз есімі келгенше жаттығу жалғасады.
Жаттығу «Достық көпірі»
Балалардан «Достық» көпірін жасау (мысалы, бастарын қосып, алақандарымен және т.б.) сұралады.
· Екі адам
· 4, 6, 8, 10.
Жаттығу «Өзендегі жоңқа»
Балалар екі қатарға бір-бірінен қол созым ара қашықтықта тұрады – олар жаға. Бір бала – жоңқа. Ол ақырындап екі жағадан жүзіп өтеді. Жағалар жұмсақ қозғалыспен оған көмектеседі. Оған атымен атап, жылы сөздер айтады. (Жоңқа түзу жүзбей, айналуы мүмкін).
Жаттығу «Жүрек сыйла»
Балалар қораптан әртүрлі жүректерді алып, қалаған адамына сыйлайды, онда міндетті түрде мына сөздер жазылады: «Мен саған жүрек сыйлаймын, өйткені сен ең...»
Ештеңе алмаған балаларға, жүргізуші жақсы қасиеттерін атап тастар сыйлайды.
Сабақтың қорытындысы:
Қалай ойлайсың сабақ барысында өзіңді қалай ұстадың, өзіңді көрсете алдың ба? Өзінді бағала.
Рефлексия:
Жаттығу «Техастық құшақтасу»
Барлығы бір-біріне жақындап түзу шеңберге тұрады. Бір-бірінің қолдарын иықтарына қояды, оң аяқтарын көтеріп алдыға шеңбердің ортасына қарай созады. Жүргізушінің нұсқауымен барлығы ішке қарай қадам жасайды. Кезекпен сөйлемді аяқтайды: «Бүгін сабақта, мен...».
IV ТАРАУ
МЕН ӨСІП КЕЛЕМІН, МЕН ӨЗГЕРЕМІН,
МЕН-БАСТАУЫШ МЕКТЕПТІҢ ТҮЛЕГІМІН
27 – сабақ
АДАМНЫҢ МІНЕЗ-ҚҰЛҚЫ
Мақсаты: қоғамдық ортадағы адамның моральдық, адамгершілік мінез-құлқы туралы түсініктерін қалыптастыру.
Міндеттері:
- Оқушыларға қоғамдық өмірдегі нормалармен ережелерді таныстыру;
- Өзінің және өзгелердің іс-әрекетіне талдау жасауға үйрету;
- Балалардағы адамның жақсы қасиеттерімен қарым-қатынас жасау дағдыларын қалыптастыру.
Ұйымдастыру сәті
Жатам құстар тобына,
Үй құсы мен боламын.
«Ы»-ны қоссаң соңыма,
Жылқы етімін – тағаммын.
(Қаз-Қазы)
Тақырып бойынша әңгімелесу
Елестетіңдер, қоғамда ешқандай байланыс жоқ, әр адам өзі не істегісі келеді соны істейді, өзге адамдардың құқықтары мен қызығушылықтары ескерілмейді. Мұндай қоғам болуы мүмкін бе? Әрине жоқ. Сол себепті еліміздің басты Заңы – Конституция бар. Заңнан басқа, азаматтарды жауапкершілікке тартатын бірнеше заңдық құжаттар бар. Мұның барлығын біз естіп жүрміз, бірақ біз ол туралы тек қиын жағдайға түскен кезде ғана ойланамыз.
Біз жиі айналадағыларға бізді дұрыс түсінбеген үшін, ренжіткен үшін, дауыс көтергені үшін ренжіп жатамыз.
Ал өзіміз әртүрлі жағдайда, әртүрлі адамдармен өзімізді қалай ұстаймыз, соны ойланып көрдік пе? Ол ата-ана, досатырымыз немесе мұғалімдер болсын? Біз оларды сыйлап, қайғысына ортақтасып әдептілікпен көмектесе аламызба? Қоршаған адамдар бізді және біздің мінез-құлқымызды дұрыс түсінеді ме?
«Мінез-құлық – бұл әркім өзінің шынайы бейнесін көрсететін айна» И. Гете.
Мінез-құлықта біздің темперамент ерекшеліктеріміз, біздің қажеттілікеріміз, көзқарасымыз, қызығушылықтарымыз, әдеттерімізбен армандарымыз, өзіңе деген сенімділік пен сенімсіздік деңгейіміз көрінеді.
Тапсырма
Өзіңнің жақсы және жаман қасиеттеріңді жаз. Оқушылар ұжымында және айналадағы адамдар сені құрметтеу үшін, өз мінез-құлқыңда нені өзгерту қажет деп есептейсің, оны соңғы бағанаға жаз.
Қалаулары бойынша оқушылар жазғандарын оқиды.
Тапсырма Тест – сауалнама
Төмендегі сөйлемдерді аяқта
·Маған дауыс көтерсе, мен...
·Менен тыңдауды талап етсе, мен ...
·Егер маған елдің алдында (публика) сөйлеу керек болса, мен...
·Өтініш айтып жатқанда, саған жауап ретінде: «Аулақ кет, менің көңіл-күйім жаман!», сонда сен ...
·Сәтсіздіктерде көп жағдайда өзіңді ме, әлде өзгелерді кінәләйсың ба?
· Сен мектепке кешігіп бара жатырсың. Көшеде бір адам өзін жаман сезініп тұр. Сен не істейсің?
·Мұғалім саған әділетсіз баға (сенің ойыңша) қойды. Сен бұл жағдайда не істейсің?
·Енді өз әрекетің туралы ойлан. Жағдайдың мазмұнына қарай өз әрекетіңді екінші адамның жайымен салыстырып көрдің бе? Өзің үшін қандай қорытынды шығаруға болады.
Тапсырма «Менің және өзгенің заты».
Сұрақтарға ойланып, оларға жауап жаз.
Сен өзгенің затын рұқсатсыз алған жағдайларды атап бере аласың ба? Дұрыс па?
Сен жолдан ақша немесе зат тауып алдың, сен оны аласың ба? Қандай жағдайда?
Тапсырма «Сараңдық»
Сұрақтарға ойланып, оларға жауап жаз.
Қалай ойлайсың, сараңдық неге кедергі келтіреді?
Кімді біз сараң деп атаймыз?
Сен білетін ертегі, әңгіме, мультфильм кейіпкерлерінің қайсысы сараңдық танытты, ал кім өз меншігін қорғады?
Сен сол кейіпкерлердің қайсысымен дос болғың келеді?
Тапсырма «Менікі – өзгенікі – ортақ»
Кестені толтыр: сәйкес графаға өзіңнің, өзгенің және ортақ заттарға не істеуге болатынын жаз.
Менікі Өзгенікі Ортақ
Үй тапсырмасы. Сабақта біз «өзгенің затын қолдану үшін қалай рұқсат сұрау керек» кестесін толтырғанбыз. Өзгенің затын қолдану үшін рұқсат сұрағанда қандай қадамдар жасау керек, есіңе түсір.
Қадам ....1.
Қадам ....2.
Қадам.....3.
Қадам ...4.
Тапсырма «Сыныптың көңіл-күйін қағып ал»
Үш оқушы сыныптан шығады, ал қалған оқушылар топпен қандай эмоционалдық күйді (таңғалу, қорқыныш, өкіну, реніш, қайғыру, қуаныш) көрсететіндерін ақылдасады. Олар сыныпқа келіп, балалардың көңіл-күйін қағып алу қажет.
Тапсырма Топта жұмыс жасау.
Әр оқушы №1 тапсырмадағы кестенің соңғы бағанасын толтыру қажет. Осыдан кейін топтарға таза ақ парақтар беріледі. Әр топ, әрбір мәдениетті және тәрбиелі адам орындауға тиіс, адамдар арасындағы мінез-құлық ережелерін жазып құрастыру қажет. Әр топ жазғандарын оқиды немесе ватманға безендіреді.
Тапсырма «Күлімсіре ...»
Жургізуші балаларға кезекпен түрліше күлімсіреулерін сұрайды: сүйкімді адамдар сияқты, тұйық адамдар сияқты, өзімшіл адам сияқты. Олардың айырмашылықтары талқыланады.
«Мейрамханада»
Балалар өздерін мейрамхананың келушілеріміз деп есептейді, олар тағамға тапсырыс береді. Олар кезекпен өздерінің қандай тағам таңдағандарын сөзсіз ыммен көрсетуге тырысады. Жүргізгіш – официант – олардың тапсырысын түсіну керек.
Сабақтың қорытындысы:
Қалай ойлайсың сабақ барысында өзіңді қалай ұстадың, өзіңді көрсете алдың ба? Өзінді бағала.
Әрқайсымыз өз еліміздің бір бөлігіміз. Бүгінгі күні жасырын емес, барлығымыз өз құқықтарымызды жақсы білеміз. Бірақ сонымен қатар, «міндет», парыз» деген сөздер бар. Сен үлкендерді тыңдауға, ата-анаңа қарауға, салт-дәстүрлер мен өз еліңнің мәдени құндылықтарын, өзге ұлттар мен халықтарды құрметтеуге, білім алып, өз бетіңмен еңбек іс-әрекетімен айналысуға, қоршаған ортаны қорғауға міндеттісің.
Рефлексия
·Балалар, біздің мінез-құлқымыз біздің өмірімізге қалай әсер етеді
28 – сабақ
ТӘРБИЕЛІ АДАМ БОЛУ ДЕГЕН НЕ?
Мақсаты: оқушылардағы мінез-құлықтың адамгершілік-этикалық нормаларын қалыптастыру
Міндеттері:
- «Әдеп», «тәрбиелі адам» ұғымдарының мағынасын ашу;
- Қандай ережелерді ұмытпау керек және әдептілік ережелерін білмеу неге алып келетінін түсіндіру;
- Басқалардың және өз іс-әрекетіне сын көзбен қарауға үйрету.
Ұйымдастыру сәті
«Ж» әрпімен бастасаң,
Көрінеді бар маңым.
«Ж»-ны сызып тастасаң,
Су ағатын арнамын.
(Жарық-Арық)
Тәрбиелі адам болу дегеніміз не?
·Балалар, бүгін біз сыпайылық және сыпайылықты зерттейтін ғылым туралы, қоғамдық ортадағы адамның мінез-құлық ережелері туралы әңгімелесеміз және тәрбиелі адам болу дегеніміз не деген сұрақты қарастырамыз.
Түсіндірме сөздіктерде таныс емес ортада абыржымау, дастарханда отырып асты әдемі және мұқият жеу сияқты жақсы әдеттерге ие, «тәрбиелі адам – өзін жақсы ұстай білетін адам», - деп түсіндірілген. Ол басқа адамдарға ақкөңілділік пен сыйластық, ықыластылық танытады және әдеп нормаларын сақтайды.
Әдеп – белгілі бір ортада қабылданған мінез-құлық ережелерінің жинағы.
Әдеп деген не –
Бала жастан білу керекпіз.
Бұл – мінез-құлық ережелері:
Қалай туған күнге баруға болад?
Қалай танысу керек?
Қалай ас ішу керек?
Қалай қоңыру шалуға болады?
Қалай тұру керек?
Қалай отыру керек?
Үлкендермен қалай амандасу керек?
Көптеген түрлі сұрақтар бар.
Осы сұрақтардың барлығына жауап беретін – әдеп.
Кішкентай кезімізден есте сақтап келе жатқан, әдептіліктің бірінші ережесі – амандасу.
·Амандасудың қандай түрлерін білесің?
Біз «Сиқырлы» деп атайтын сөз, сыпайы адамның тұрмысында үнемі қолданылады. Осы сөздердің көмегімен тіпті көңілсіз адамның жарасын жазып, оған жақсы көңіл-күй сыйлауға болады.
Ойын «Сыпайы сөздер сөздігі»
Менің бастаған сөздерімді барлықтарың бірге аяқтаңдар.
Бұл жылы сөзден тіпті, мұздың сеңі ериді. Ол қандай сөз? (рахмет)
Бұл сөзді естігенде, ескі кесілген ағаштар көктейді. Ол қандай сөз? (қайырлы күн)
Егер бұдан әрі ас ішуге күшің болмаса, анамызға қандай сөз айтамыз? (рахмет)
Бала өте сыпайы және жетілген. Ол кездескенде не дейді (сәлеметсіз бе)
Бізге тентектігіміз үшін ұрысса, не дейміз (өтінем, кешіріңіз)
Францияда да, Данияда да, Қоштасқанда не дейді (сау болыңыз).
Адамдар қайда жүрседе (қоғамдық көлікте, театрда, көшеде) өзінің тәрбиелігі мен әдептілігін көрсету керек.
«Егер сен кеме болсаң...»
·Балалар, өздеріңді кемемін деп ойлаңдар және мына сұрақтарға жауап беріңдер: «Сен қандай кемесің?», «Қайда жүзесің, неден қорқасың? Қандай ауа райын жақсы көресің? Қандай кемелермен кездестің? Нені армандайсың? Мақсатың не? Өзіңде және қоршаған ортада нені өзгерткің келеді? және т.б.
Сабақтың қорытындысы:
Төртінші сынып үшін өзін және өзгелерді бағалай алу маңызды. Сондықтан әр сабақта өзіміздің сабаққа қатысу дәрежемізді 5 баллдық шкаламен бағалап отырамыз. Қалай ойлайсың сабақ барысында өзіңді қалай ұстадың, өзіңді көрсете алдың ба?
Рефлексия
·Әдеп дегеніміз не?
·Әдеп ережелерін білу не үшін қажет?
29 – сабақ
АДАМНЫҢ ЕРКІНДІГІ
Мақсаты: еркіндік және адамның жауапкершілігі туралы ұғымдардың мағынасын ашу
Міндеттері:
·балаларға өзінің және өзгенің еркіндігін түсінуге көмектесу;
·тәуелсіздікке деген құрмет пен жауапты қатынасты дамыту;
·отансүйгіштік сезімі мен жауапкершілікті тәрбиелеу.
Ұйымдастыру сәті
Ақ бояуға қанықпын,
Бағалымын, мамықпын.
Бас әріпім алмасса,
Төрт бұрышты жазықпын.
(Мақта-Тақта)
«Адамның еркіндігі дегеніміз не?»
· Балалар, сендердің түсініктеріңде «еркіндік» деген не, «еркін» деп қандай адамды айтуға болады?
Өз елінің заңын бұзбаған әрбір адам, мемлекет ішінде еркін жүріп-тұруға және тұрғылықты жерін ауыстыруға құқылы.
Ешқандай адам сатылмайды және сатылып алынбайды. Ешкім өз еркінен тыс немесе күшпен мәжмүрленіп ұсталынбайды.
Жалпыға ортақ декларацияның 18-19 бабында айтылған: «Әр адам ой-пікір, ар-ождан және дін бостандығына құқығы бар; бұл құқық өз дінін немесе наным-сенімін өзгерту еркіндігін, өз дінін, наным-сенімін жеке өзі, немесе басқа адамдармен бірігіп тұтып, жария түрде, немесе жеке жолмен уағыздау, құдайға құлшылық ету, діни салт-жораларын орындау бостандығын да қамтиды. Әр адам наным-сенім бостандығына және өз көзқарасын еркін білдіруіне құқығы бар; бұл құқық өз наным-сенімін кедергісіз ұстану еркіндігін және мемлекеттік шекаралар тәртібіне тәуелді болып қалмай, ақпараттар мен идеяларды еркін іздеп, кез-келген құралдар арқылы тарату бостандығын да қамтиды».
Еркіндік – өзің шешім қабылдап соған жауапкершілік алу мүмкіндігі.
Тапсырма «Менің сүйікті ертегім»
Өзің жақсы көретін ертегіні немесе мультфильмді есіңе түсір. Қай кейіпкер саған қатты ұнады? Есімін атап, оның жақсы қасиеттері мен мінезін сипатта. Ол саған ұсқсайды ма, әлде керсінше айырмашылық бар ма?
Тапсырма «Балалық шақ»
Балалық шақ – адамның мүмкіндіктері мен қабілеттерінің қоймасы. Кейде осы қойма адамға пайдасыз ойларға толып кетеді.
Сол жақ бағанға пікірлер, ал оң жақ бағанда оны теріске шығаратын сөздер жазылған. Сол жақ бағандағы пікірлерді, оң жақтағы сәйкес келетін сөздермен біріктір.
Сен ешқашан қате жібермеуің керек |
Әр адам кейде қателеседі |
Сен ешқашан ашуланбауың керек |
Адам барлық салада бірдей жетістікке жете алмайды |
Сен әрқашан табысты болуың керек |
Адамға барлық сезімдер тән |
Үлкендер үнемі дұрыс айтады |
Үлкендер де кейде дұрыс істемейді |
Сергіту «Сенемін-сенбеймін». Балалар кезекпен жүргізгішке барады, көзіне тура қарап, барлығы бір сөзді айтады: «Сенің көздерің мейірімді». Кімнің адалдығына сенуге болады, соларды жүргізгіш таңдап алады.
Сабақтың қорытындысы:
Төртінші сынып үшін өзін және өзгелерді бағалай алу маңызды. Сондықтан әр сабақта өзіміздің сабаққа қатысу дәрежемізді 5 баллдық шкаламен бағалап отырамыз. Қалай ойлайсың сабақ барысында өзіңді қалай ұстадың, өзіңді көрсете алдың ба?
Бағалау шкаласы:
Өте жақсы – 5 балл
Жақсы – 4 балл
Орташа – 3 балл
Ортадан төмен – 2 балл
Төмен – 1 балл
Өте төмен – 0 балл
Рефлексия
·Балалар, еркіндіктегі адам деген кім?
30 – сабақ
ОҚУШЫНЫҢ МІНДЕТТЕРІ МЕН ҚҰҚЫҚТАРЫ
Мақсаты: өз құқықтарын білуге және азаматтық жауапкершілікті қалыптастыру
Міндеттері:
- оқушыларға «құқық», «міндет» ұғымдарының айырмашылықтарын түсіндіру;
- өзге адамдардың құқықтарын сыйлауға тәрбиелеу;
- оқушыларда бар өзіне қызмет көрсету және үй еңбегі туралы білімдерін жүйелеу, оған қатысуға деген тілектерін ояту.
Ұйымдастыру сәті
Екі сөзден тұрады,
Құстың аты - құрамы.
Сызсаң егер «бір» сөзін,
Ас пісірем, көр өзің
(Бірқазан, қазан)
Сабақтың тақырыбы бойынша әңгімелесу
Балалар, «құқық», «міндет» деген сөздер қандай мағынаны білдіреді?
«Құқық – мемлекетпен қамтамасыз етілген, заңмен бекітілген қанадай да бір нәрсені істеу, жүзеге асыру мүмкіндігі». Балалар білім алуға, демалуға, медициналық көмек алуға және т.б. құқылы.
«Міндет – орындалуға тиіс әрекеттер жиынтығы». Балалар жақсы оқуға, өз ата-анасын сыйлауға және тыңдауға міндетті.
Біздің елімізде әрбір мектепке оқуға келген оқушы белгілі құқықтарды пайдаланады және бір уақытта бірқатар міндеттерді орындауы тиіс.
·Мектептегі оқушының қандай міндеттерімен құқықтары бар?
Тапсырма «Менің құқықтарым»
Әрбір адамның құқықтары бар. Сен неге құқылысың?
·Өзіңе киім таңдауға
·Өз ойыңды айтуға
·Өз бетінше сабақ орындауға
Дұрыс айтасыңдар, балалар! Барлықтарың сапалы білім алуға, мұғалім тарапынан сабақ меңгеруде қиындықтар болған кезде немесе денсаулық жағдайыңа байланысты сабақты босатқан жағдайда қосымша көмек алуға, пәндер бойынша білім деңгейіңе сәйкес бағалар алуға, өз ойыңды еркін жеткізуге, мектепті басқаруда қатысуға, мектеп өміріне қатысты ұсыныстар енгізуге құқылысыңдар.
Тапсырма «Менің міндеттерім»
Сен не істеуге міндеттісің?
·Мектептің жұмыс кестесін қатаң сақтауға;
·Сабақ кестесіне сәйкес сабаққа қатысуға;
·Сабаққа кешікпеуге;
·Кіші бауырларына және апайларына көмектесуге;
·Өз бөлмесін жинауға.
Дұрыс айтасыңдар, балалар! Әрбір оқушы сапалы оқуға, өз білімдері мен дағдыларын кеңейтуге, үй тапсырмасын жүйелі және уақытылы орындауға, мектеп қызметкерлері мен ондағы оқушылармен сыпайы қарым-қатынас жасауға, өзінен кіші оқушыларға көмектесуге, өзінің және өзге балалардың денсаулығы мен қауіпсіздігін сақтауға, техникалық қауіпсіздік ережелерін сақтауға, мектеп мүлкін күтіп ұстауға, мектеп ішіндегі және аумағындағы тазалық пен жинақылықты сақтауға, мектепті және оның аумағын сәулеттендіруге қатысты барлық іс-шараларға қатысуға міндетті.
Тапсырма «Таразы»
Өз құқықтарың мен міндеттеріңді таразылаңдар. Қайсысы көп, қайсысы аз? Қалай болу керек еді?
Тапсырма «Синонимдер»
Төмендегі сөздерге синонимдер таңдаңдар:
Адал – Шынайы – Ар-ұят – Өмірге риза –
Тапсырма «Деніміз сау болуға құқылымыз»
Сендер байқаған шығарсыңдар, сынып үнемі желдетіліп, күнделікті тазарту шаралары және толық тазарту жұмыстары жүргізіліп отырылады. Бірақ сендер бұл қарапайым істің қаншалықты маңызды екенін білмейсіңдер, олардың барлығы санитарлық бас дәрігердің кестесінде жазылған.
Мысалы, ережеге сәйкес сыныптың эпидемиологиялық саулығын қамтамасыз ету үшін, күнделікті тазалық жүргізілуі тиіс. Себебі тазалық психологиялық денсаулықты да қамтамасыз етеді.
Сонымен қатар тазалық мектепте ғана емес, үйде де сақталу қажет. Тазалық та денсаулықты нығайтады.
Балалар! Қалай ойлайсыңдар, сендер денсаулыққа құқылысыңдар ма? Иә! Сондықтан өз сыныптарыңмен бөлмелеріңді үнемі таза ұстаңдар.
Қалжың оқиға «Арызым бар»
Мен сендерге бір қалжың оқиға айтып берейін, бірде медициналық тексеру кезінде бірінші тың оқушысынан сұрайды: «Мұрын және құлағыңа қатысты арызың бар ма?», Ол: «Бар, олар мен жемпірімді кигенде маған кедергі келтіреді».
Бала осылай қалжыңдаған екен, негізінде, құлақ пен мұрын сендердің тыныс алу және естуге арналған басты ағзаң
Сендерге ешқашанда кедергі келтірмейтін, ол – қозғалыс.
Санитарлық ережеге сәйкес, мектептерде сендердің биологиялық қажеттіліктерің қозғалысты қанағаттандыру үшін барлық жағдайлар жасалуы тиіс. Сендер күніне 2 сағат белсенді қозғалыста болуларың керек.
Физминутка
Онда біз қозғалайық. Қозғалыс мидың қантамырларын жақсартуға арналған.
1. Бастапқы қалып – орындықта отырамыз. 1-2 басымызды артқа шалқайтамыз және ақырын иеміз. 3-4 иығымызды көтермей, басымызды алдыға иеміз. 4-6 рет қайталаймыз.
2. Бастапқы қалып – отырып, бел қолда. 1 – басымызды оңға, 2 – бастапқы қалып, 3 – басымызды солға, 4 – бастапқы қалып. 6-8 рет қайталаймыз.
3. Бастапқы қалып – отырамыз немесе тұрамыз, бел қолда. 1 - сол қолымызды оң жақ иығымызға қарай бағыттап айналдырамыз, басымызды сол жақа. 2 – бастапқы қалып. 3-4 енді оң қолмен. 4-6 рет қайталаймыз.
Бұл жаттығуды мидың шаршағанын сезгенде қолдануға болады.
«Мені қарсы ал»
Жансыз заттарды қалай тірілтуге болатынын ойланыңдар және өз сыныптастарыңды шәйнек, автокөлік, оятқыш және т.б. заттардың атынан қарсы ал. «Егер сен жарық көзі болсаң...», балалар өздерін кез-келген жарық көздердің бірі ретінде сезінеді. Олар от, шам немесе майшам болуы мүмкін. Неге? Олар өздерін, өздерінің сырт келбеттерін сипаттайды, нені жарық қылатынын айтып берсін.
Тапсырма «Міндеттімін және құқылымын: мектепте, үйде, көшеде».
·Балалар, сөйлемді аяқтаңдар:
«Мектепте сен міндеттісің ...»
«Мектепте сен құқылысың ...»
«Үйде сен міндеттісің...»
«Үйде сен құқылысың...»
«Көшеде сен міндеттісің...»
«Көшешеде сен құқылысың...»
Балалар! Сендерге ең басты нәрсені айтқым келеді. Естеріңде болсын, «Білім туралы» заңның 50 бабы бар, онда сендерге оқу жоспарынан тыс іс-шараларға қатысуға еркіндік берілген.
Сонымен қатар, ешкім сендердің және ата-аналарыңның (немесе басқа заңды тұлғалар) рұқсатынсыз білім бағдарламасында қарастырылмаған еңбекке тартуға құқығы жоқ.
Сендердің де, үлкендер сияқты өз-өздеріңді билеуге және өзіндік ойлауға құқықтарың бар.
Заңға қарап, сендер өз құқықтарыңды ғана емес, өз міндеттеріңді де табасыңдар. Мысалы, заңға сәйкес оқушылар міндетті:
· Мұғалімнің қойған талаптарына бағынуға;
· Кішкентайлардың қамын ойлауға және ренжітпеуге;
· Гигиена ережелерін сақтауға, ұқыпты жүруге;
· Сыныпта және басқа орындарда тазалық сақтауға;
· Білім мекемесіндегі мүліктерге ұқыпты қарауға.
Онда барлық оқушыларға белгілі бір іс-әрекеттерге ТЫЙЫМ САЛАДЫ:
· Мектепте спирттік сусындарды, токсикалық және есірткі заттарды, қару-жарақ, темекі өнімдерін әкелуге, біреуге беріп жіберуге және сатуға;
· Жарылыс әкелетін кез-келген құралды қолдануға;
· Арадағы қарым-қатынасты шешу үшін физикалық күш қолдануға;
· Психикалық күш (мысалы, әр түрлі қорқытулар) қолдануға;
· Бопсалаумен айналысуға, сонымен қатар айналадағыларға зиян келтіретін кез-келген әрекет (итеру, біреуді ұрып немесе зат лақтыру) істеуге.
Сонымен қатар, барлық білім мекемелерінің өз жарғыларында білім мекемесінде боғауыз сөз айтуға, себепсіз сабақты босатуға тиым салынатындығы туралы шарттар енгізіледі.
Тыйым салынғандарды бұзған үшін, оқушыларға жарғыда көрсетілген тәртіптік шаралар қолданылады:
Ондай шараларға мыналар жатады:
· Сөгіс жариялау;
· Көп алдында кешірім сұрау;
· Әңгімелесуге ата-аналарын (заңды өкілдер) шақырту;
· Білім мекемесінен шығару.
Ең соңғысы – ең ауыр жаза 15 жасқа толған оқушыларға қолданылады.
Оқушыны мектептен босату «Білім туралы» заңның 31 бабына сәйкес, егер тәрбие шаралары нәтиже бермесе және осы мектептегі басқа оқушыларға жағымсыз әсер етсе, олардың және басқа қызметкерлердің құқығын бұзатын болса, мектептің қалыпты жұмысын бұзған жағдайда қолданылады.
Сабақтың қорытындысы:
Қалай ойлайсың сабақ барысында өзіңді қалай ұстадың, өзіңді көрсете алдыңба? Өзінді бағала.
Рефлексия
- Балалар, бізге құқық және міндет туралы білім не үшін қажет?
31 – сабақ
СЫЙ-ҚҰРМЕТ ҚҰҚЫҒЫМ
Мақсаты: басқа адамдардың құқықтарын құрметтеу, тәртіпті қалыптастыру
Міндеттері:
- оқушыларды баланың құқықтары туралы Конвенциямен таныстыру;
- шыдамдылықты тәрбиелеу;
- өзгелердің құқықтарын құрметтеуге тәрбиелеу.
Ұйымдастыру сәті
«Т»-дан бастап оқысаң,
Төлі болам пырақтың.
«Т»-ны алып тастасаң,
Түнгі аспанда орақпын.
(Тай, ай)
Сабақтың тақырыбы бойынша әңгімелесу
Әрбір бала адамгершілік
Балалар, сендердің құқықтарың бұзылған жағдаймен ұшырасқан кездерің болды ма?
Өкінішке орай, балалардың құқықтары бүкіл әлемде бұзылады. Бірақ әрбір бала сотта өз құқықтары мен өзін қорғап қала алатынын біле бермейді. Бұл үшін оған арнайы құжат «Баланың құқықтары туралы» Конвенция көмектеседі. Бұл құжат Біріккен Ұлттар Ұйымымен1989 жылдың 20 қараша айында қабылданды.
Конвенция – балалардың құқықтарын қорғауға келіскен мемлекеттер қол қойған құжат.
Тапсырма «Менің құқықтарым»
Сенің қандай құқықтарың бар? Қажетін белгілеп, толықтыр.
Мен құқылымын:
· өмір сүруге
· ата-ана қамқорына бөленуге
· медициналық көмек алуға
· білім алуға және демалуға
Конвенцияға сәйкес әрбір бала өмір сүруге, ата-ана қамқорына бөленуге, медициналық көмек алуға, білім алуға және демалуға құқылы. Барлық балалар еркін қозғалуға, еркін өз көзқарасын білдіруге құқылы. Барлық бала жеке өмірге, жан-жақты дамуға құқылы. Ешқандай бала зорлық-зомбылыққа ұшырамауы тиіс. Әрбір бала адамгершілікке лайықты құрметтелуге құқылы.
Жағдаятты талдау «Құқықтар мен міндеттер»
Балалар, әрбір адамның құқықтары бар. Бірақ оны басқа адамдардың құқықтары бұзылмаған жағдайда қолдана алады. Басқа адамдардың құқықтарын құрметтеу – әрбір адамның міндеті. Ал біз осыны үнемі орындаймыз ба?
Сендерге кейіпкерлердің мінез-құлқына баға беріп, талқылауды ұсынамын.
Олар кімнің құқығын бұзды? Қандай міндеттерді орындамайды?
Жағдаят 1.
Мама. Жылдам музыканың дауысын бас! Түн ортасы болды, бүкіл үйді оятасың!
Баласы. Ал мен демалуға және бос уақытымды өткізуге құқылымын! Мен әнді қатты қойып демалғанға әдеттенгенмін!
- Өтінемін, балаға бұл жерде кімдікі дұрыс еместігін ажыратуға көмектесіңдер.
Жағдаят 2.
Мұғалім. Мақсат, сен бүгін кезекшісің, тақтаны сүртіп, гүлдерге су құй.
Мақсат. Сіз мені кезекші болуға мәжбүрлей алмайсыз! Балалар Конвенциясында балаларды күштеуге тыйым салады!
- Мақсатқа оның әрекетінің қай жері дұрыс еместігін түсіндіріңдер.
Кезекшінің (сыныптағы басқа балалар сияқты) құқықтарынан басқа міндеттері де болады. Сонымен қатар, басқалардың сыныптағы тазалыққа деген құқықтарын құрметтеу міндеті бар. Егер ол басқалардың құқықтарын бұзбаса, оның құқықтары да сақталады.
Жағдаят 3.
Мұғалім. Маратов, сен тағы матиматика кабинетіндегі партаға сурет салып тастағансың ба! Барлық балалар оны жаңа ғана жуды ғой!
Маратов. Онда тұрған не бар? Мен өзімнің сүйікті ісім - сурет салумен айналысуға құқылымын.
- Маратовқа оның құқықтары мен міндеттерін түсіндіруге кім көмектеседі?
Жағдаят 4.
Мұғалім. Аманов, сен неге математика сабағында сыныпты айналып жүгірдің?
Аманов. Не болыпты? Мен еркін қозғалуға міндеттімін!
Амановтың ойы дұрыс па?
Жағдаят 5.
Мама. Ұлым, сен неге қоқыс жәшігін шығарып, нанға бармағансың?
Ұлы. Өйткені, Біріккен Ұлттар Ұйымы бала еңбегін қолдануға тиым салады!
- Балалар, оның айтқыны дұрыс болуы мүмкін бе?
- «Бала құқықтары туралы» Конвенцияны білу – бұл бір басқа, бірақ олар, берілген оқиғалардағы балалар, басқа адамдардың құқықтарын құрметтеу керек екенін білмейді.
- Өз құқықтарың мен басқа адамдардың құқықтарын қалай үйлестіруге болады?
Егер сен басқа адамдардың құқықтарын құрметтесең, сенің құқықтарыңды да құрметтейтін болады. Өзіңнің құқықтарыңды өзгелердікінен жоғары қойма.
Тапсырма «Мен – мұғаліммін»
- Балалар, мұғалімге айналуға тырысыңдар. Осы рөлде қандай құқықтарға иесіңдер, оларды жазбаша атаңдар.
Мен мұғаліммін және мен ...... құқылымын.
Барлығы тапсырманы аяқтап болған соң, кезекпен жазғандарын оқиды. Қалған балалар мұқият тыңдап, аталған құқықтар өз тізімінде болса, сызып отырады. Жазғандарынан сызылмағандар кімде көп болса, сол жеңіске жетеді.
Тапсырма «Менің қазіргім»
Сен балалық шағыңды есіңе түсіріп, болашағыңды ойлайсың, бірақ сен қазір және осы сәтте өмір сүресің.
Әр жастың өзінің қуанышы мен қиындығы бар. Саған өз жасың несімен ұнайды? Өз ойыңды басқалардың ойымен салыстыр.
Тапсырма «Менің құндылықтарым»
Сен үшін қандай құндылықтар маңызды? Сөздерді оқы. Оларды маңыздылығы бойынша нөмерле, өз нұсқаларыңмен толықтыр.
- Жақсы оқу
- Достарыңмен қатынас
- Ата-ананың құрметі
- Өз ойыңды еркін жеткізу
- Сыртқы келбеттің сымбатты болуы
- Мықты денсаулық
- Спортта жетістік
Тапсырма «Мен бақыттымын»
Сөйлемді аяқта.
Мен өзімді бақытты адаммын деп есептеймін, өйткені
Әріптердің арасында бақытқа байланысты 6 сөз жасырынған. Оларды жылдам тап.
Фардіэзуанаалұвіеңбекшлаұабілімтнпінспортпжхыиьтабиғатғдшпіьжңхечғюағушаыджфүчсұқұқықтықұрметтеуүмитұьбюэхзъщш
Жазғандарыңды балаларға оқып бер. Оларға өзіңнің бақытты екеніңді дәлелде. Егер бұған күмәндәнған болсаң, саған дәдел іздеуге балалар көмектессін.
Дұрыс айтасыңдар олар – ана, еңбек, білім, табиғат, спорт, құқықты құрметтеу. Егер жаныңда жақын адамың болса, барлық танымдық үрдістер жақсы дамыған болса, таза табиғат болса, денсаулық болса, спортпен айналысуға мүмкіндік болса және қоршаған ортадағы адамдар сенің құқықтарыңды құрметтесе, онда сен ең бақытты адамсың.
Сабақтың қорытындысы:
Төртінші сынып үшін өзін және өзгелерді бағалай алу маңызды. Сондықтан әр сабақта өзіміздің сабаққа қатысу дәрежемізді 5 баллдық шкаламен бағалап отырамыз. Қалай ойлайсың сабақ барысында өзіңді қалай ұстадың, өзіңді көрсете алдыңба?
Бағалау шкаласы:
Өте жақсы – 5 балл
Жақсы – 4 балл
Орташа – 3 балл
Ортадан төмен – 2 балл
Төмен – 1 балл
Өте төмен – 0 балл
Рефлексия
- Балалар, өз құқықымызды білу, бізді неден қорғайды?
- Олар бізді неге міндеттейді?
32 – сабақ
ЕРЕСЕКТЕР ӘЛЕМІ
Мақсаты: ересек болудың не екені туралы оқушыларға түсінік беру.
Міндеттері:
- өз әрекетіне талдау жасау дағдыларын дамыту;
- парыз, жауапкершілік сезімдерін тәрбиелеу;
- белсенді өмірлік позицияны қалыптастыру.
Ұйымдастыру сәті
Көктемде мені себеді,
Күзде өнім берсін деп.
Соңғы «Н» орнына «М» десең,
Дастарханға сән берем
Жауабы __________________
Сабақтың тақырыбы бойынша әңгімелесу
Балалық шақ... Өмірдің ең қызықты сәттері – қуанышты, көңілді, жайбарақат өмір. Уақыт өте келе адам үміт пен алаңдаушылыққа, қуаныш пен қиындыққа толы үлкендер әлеміне қадам басады.
- Қалай ойлайсыңдар, бұл қашан келеді? Қашан балалық шақ аяқталып, үлкен өмір басталады?
Бала құқықтары туралы Конвенцияда, 18 жасқа толмаған адам бала болып саналады деп көрсетілген. Бірақ жеке төлқұжат 16 жаста беріледі.
Тапсырма «Менің үлкендер әлемімде»
Сен өз достарыңа сенесің бе? Өзіңнің ішкі әлеміңе енгізесің бе? Өз құпияларыңмен бөлісесің бе?
Өзіңнің ішкі әлеміңді бірнеше кішкене терезелері бар ертегілер сарайы деп елестет: бақыт терезесі, армандар терезесі... Бұл сарайда тағы қандай терезер бар, толықтырып жаз. Өз достарыңды қай терезеге шақырар едің, сол терезені боя.
Тапсырма «Менің болашағым»
Әр адам өз болашағы туралы ойланады: біреу алаңдаушылықпен, ал біреулер үмітпен. Ол қандай болады?
Егер адам өз болашағы туралы қаншалықты жақсы ойлап, сипаттай білсе, соншалықты оның сенімділігі нығайып, ойлағаны орындалады екен. Өз болашағыңды сипатта, сен қол жеткізгің келетін жетістіктеріңді жаз. Сөйлемді аяқта.
Мен ..... оқитын боламын.
Мен ..... жұмыс істеймін.
Менің шаш үлгім ..... стилінде.
Мен .....жетістікке жеттім.
Менің ..... қолымнан келді.
Маған менің өмірімде ..... ұнайды.
Тапсырма «Менің алғысым шексіз»
Сенің жақындарың және достарың сені жақсы көреді. Оларға сенімен қызықты және көңілді. Қандайда бір жағдайда олар саған көмектесті, кейбіреулеріне сен көмектестің? Ойлан, саған кім рахмет айтады, ал сен кімге алғыс айтасың және не үшін. Сөйлемді аяқта.
Маған рахмет ... айтады ...үшін.
Мен алғыс.... айтамын....үшін.
Тапсырма «Тауып көр»
Сөздерді тап. Әр қатарда берілген сөзден бір әріп қалдырып, сызып отыр, сонда сен жасырылған сөзді табасың. Тауып болған соң, төменге жаз. Бұл пікірді қалай түсінетініңді жаз. (Әрбір әрекет болашақты құрайды), (Өз болашағыңа баратын жолды білу маңызды).
аӘпрлбнінрш
тәрроелкдедтн
биоалтлалшдадқжтэыэ
қвұжрдаэйщдзыр
уӨезн
бложлхавштацғиыфңча
бтаюрлаптгыон
жтоглкдаы
бпішлку
меагңоылзщдеы
Тапсырма «Антонимдер».
Сөздерге антонимдер тауып жаз:
Өңді .....
Әлсіз .....
Әңгімешіл .....
Жауапсыз ....
Бірбеткей .....
Үй тапсырмасы «Мен қазіргі шақтамын, мен болашақтамын».
Балалар өзінің қазіргі және болашақтағы кезін салулары керек.
Жаттығу «Болашақта қалаймын, қазір істеймін»
Балалар бүгіннен басталады.Сендер бұны қалай түсінесіңдер?Болашақта қандай да бір нәтижеге жетемін десең, қазірден бастап әрекет жасау қажет.
Сосын мұғалім болашақтан фактілерді атап ,балаларға доп лақтырады балалар ойланып ол үшін қазір не істеу керек екенін айтады.Мысалы: «Болашақта сен фирма директорысың»- «Қазіргі уақытта мен жақсы оқып,қиындықтарға мойымауға тырысамын» т.б
Сабақтың қорытындысы:
Қалай ойлайсың сабақ барысында өзіңді қалай ұстадың, өзіңді көрсете алдыңба?
Рефлексия:
Балалар болашақта табысты болу үшін қазір не істеуіміз қажет?
33 сабақ
ЕСЕЙІП, ЕРЖЕТКІМ КЕЛЕДІ
Мақсаты: психологиялық денсаулық пен өзін-өзі реттеу дағдыларын қалыптастыру .
Міндеттері:
- дені сау дегеннің не екенін баларға ұғындыру;
- психо-эмоционалды тепе-теңдікті дамыту;
- өз денсаулығына жауапкершілікпен қарауға тәрбиелеу.
Ұйымдастыру сәті.
Зәулім ғимараттарға бөленген
Жайнаған мекен бар жер үсті,
Бірінші әрпін ауыстырсаң сен егер,
Кең жазира, жазыққа айналар кеңістік.
(Қала-Дала)
Сабақ тақырыбы бойынша әңгімелесу.
Балалар! Енді бір сабақтан кейін психология сабақтарын аяқтаймыз. Бір жыл бойы біз өзімізді дамытып, есейгіміз келді. Көп балалар өсек көшбасшы боламыз деп есептейді. Сендер де солай ойлайсыңдар ма?
Тапсырма «Сыныптағы көшбасшылық».
Әр сыныпта пікірлері айналасындарға ерекше маңызды бір немесе бірнеше көшбасшы балалар болады. Қалай ойлайсың сыныпта кім көшбасшы болуы мүмкін? Керектісін белгілеп, өз ойыңды толықтырып жаз .
Көшбасшы болуы мүмкін
· Ең ақылды
·Ең көңілді
·Ең мықты фантазер Көшбасшы болу үшін қандай дағдылар қажет ?
·Басқара алу
·Қарым-қатынас орната алу
·Қызықты әңгімелер айта білу
Әдебиет немесе фильмнің кейіпкерлерінің қайсын көшбасшы деп санайсың? Олардың аттарын жазып өз ойыңды түсіндір.
Осы жылдар ішінде сыныбыңда кім өсті?
Олардың аттарын жазып, ойыңды түсіндір.
Тапсырма «Біздің әңгімелер».
Сіздердің қаншалықты өскендеріңізді біздің әңгімелерімізге берген жауаптарыңыздан тексере аламыз.
1.Әңгіме «Марат бойшаң бала болатын, бірақ ешқашан ешкімді ренжіткен емес. Бірақ өзі жиі қорқақтық танытатын. Оған балабақшаға баратын уақыт жетті. Марат онда барғысы келмеді балалар тиіседі деп қорықты. Ол ең алғаш тобына барғанда ондағы балалар оған біртүрлі қарайтындай көрінді «қазір мені ұрады»-деп ойлаған Марат жұдырығын түйіп қорғануға дайындалды.Балалар көріп тұр: бойшаң бала жұдырығын түйіп алған төбелескісі келіп тұрған шығар.Барлығы жиналып Маратты сабап тастады»
- Балалар төбелес неден болды және алдын алу үшін не істеу керек ?
2.Әңгіме «Бірде үйде жалғыз қалған Майгүл ыдыс жуып жатып байқаусызда анасының жақсы көретін шынаяғын сындырып алды. Ол қатты ұялып шкаф пен диванның арасындағы бұрышқа тығылды.Анасы келіп, сынып жатқан шынаяқты көріп Майгүлді іздей бастады. Айқайлады: - ұяттан жұрдай екенсің Майгүл, менің шынымды шағып қана қоймай, жауап беруден қашып менен тығылып отырсың». Осы кезде Майгүл жылап жіберді. Анасы одан сайын ашуланып: ”Енді өз-өзіңді аяп жыладың ба!” »
- Балалар, анасы мен Майгүл қандай қателік жіберді, неге олар бір-бірін түсінбеді, қалай істесе дұрыс болар еді?
- Осы әңгіменің соңын өздеріңіз құрастырып көріңіздер.
Тапсырма «Көшбасшы суреті».
Мұқият қараңыздар мына суреттердің қайсысы көшбасшыға келеді? Сенің ойыңша, берілген суреттердің ешқайсысы келмейтін болса өз суретіңді сал.
Тапсырма «Көшбасшы болуды қалау».
Сөйлемді оқып, шағын әңгіме шығатындай етіп жалғастыр. Марат көшбасшы болуды қатты қалады. Бірақ......
Тапсырма «Менің кеңесім».
Көшбасшы болғысы келетін балаларға кеңес бер. Сөйлемді аяқта. Егер көшбасшы болуды қаласаң.....
Тапсырма «Менің балалық шағым».
Біздің тапсырмаларға қарағанда барлықтарың өсіп қалыпсыңдар. Бірақ барлық адамдар бір кездері кішкентай болды, содан кейін өсті. Кейбіреулер балалық шағын ұмытса, кейбірі арасында есіне алып жүреді. Бірақ кез-келген адам үшін балалық шақ «Өмір» деп аталатын үйдің іргетасы. Қалай ойлайсың неге олай? Өз нұсқаларыңды толықтырып жаз. Балалық шақта мінез қалыптасады негізгі қасиеттерді алу білім мен ептілік жинақталады.
Тапсырма «Маған ұнайтын және ұнайды».
Сізге балалық шақта не ұнайтын қазір не ұнайтынын еске түсіріп жазыңыздар. Айырмашылық бар ма? Ол сенің қасиеттерің мен мінезіңді қалай бейнелейді?
Иә біз өсіп жатырмыз, жылдар өзгереді, сонымен қоса біздің тілектеріміз, қызығушылықтарымыз, пікіріміз өмірге деген көзқарасымыз барлығы өзгереді себебі жылдар өткен сайын біз дамып көп нәрселерді үйренеміз. Бірақ біздің дауысымыз бен жақсы көру сезіміміз ешқашан өзгермейді. Егер сіз көшбасшы болсаңыз сіз халықтың сүйіспешілігіне бөленуіңіз қажет ал халық сүйіспеншілігіне бөлену үшін оларға қажет эмоцияларды, қабілеттерді, түйсікті дамытуыңыз қажет.
«Мен өскенде қандай боламын?».
Балалар, көздеріңді жұмыңдар. Өздеріңді ересек қалыпта көруге тырысыңыздар.Қалай киінгеніңізге,не істеп жатқаныңызға жәнесіздің айналаңызда қандай адамдар бар екенін қарап көріңіздер.Бұл адамдар сізге жақсы қарайды деп есептейік. Неге ?Мүмкін сіз ашық,шынайы адал шығарсыз? Сіді болашақта қандай қасиеттеріңіз үшін құрметтетеп бағалайтын боламыз?
Көздеріңізді ашып, өскен кезде қандай болатындарыңызды және қай қасиетіңіз үшін айналадағыларға ұнайтыңызды бір-бірлеріңізге айтып беріңіздер.
Сабақтың қорытындысы:
Қалай ойлайсың сабақ барысында өзіңді қалай ұстадың, өзіңді көрсете алдыңба?
Рефлексия.
Балалар физикалық және психикалық денсаулық арасында қандай өзара байланыс бар?
34- сабақ
МЕН- БАСТАУЫШ МЕКТЕП ТҮЛЕГІМІН
Мақсаты: жоспарлау және мақсатты тұжырымдау дағдыларын қалыптастыру.
Міндеттері:
- өз өміріндегі болып жатқан оқиғалады талдауға баулу;
- өміріңде болып жатқан өзгерістерді түсінуге жәрдемдесу;
- мақсатқа талпынушылық пен табыстылыққа тәрбиелеу.
Ұйымдастыру сәті.
Шуақты мол төгемін,
Гүлге бөлеп беремін.
Бас әріпті өшірсең,
Көкіректі керемін.
(Көктем-Өктем)
Сабақ тақырыбы бойынша әңгімелесу.
Балалар, міне кезекті оқу жылы да аяқталып қалды. Бұл сіздер үшін аса маңызды себебі сіздер бастауыш мектеп түлектерісіздер. Сонымен қорытындылайық біз қандай болдық, осы уақытта қандаймыз?
Тапсырма «Менің жақын болашағым – 5 сынып».
Сен 4 сыныпты аяқтайсың. Сен кеше ғана мектепке алғаш 1 сыныпқа барған сияқты едің енді сен бітіріп жатырсың. Өзіңнің мектептегі алғашқы күніңді есіңе түсір. Ол туралы балаларға әңгімелеп бер. Сұрақтарға жауап бер қажеттісінің астын сыз, толықтырып жаз.
Мен сезіндім - қуаныш
- үрей
- қорқыныш - қызығушылық таныту
Сенде осы төрт жыл ішінде сырт келбетінде қандай өзгерістер орын алды? Нұсқаны таңдап , балалардың сен туралы ойын біл.
Мен қандай болдым
- Биігірек
- әдемірек
- күштірек
- шаш үлгімді ауыстырдым. Қандай қасиеттерге ие болдың. Нұсқаны таңдап, балалардың сен туралы ойын біл.
Мен қандай бола бастадым
- бауырмал бола бастадым
- төзімдірек
- көпшіл
- ерік –жігерлі.
Қандай психологиялық шеберліктерді үйрендің?
Мен үйрендім
- Кешірімді болуды
- конфликт кезінде өз-өзімді ұстауды үйрендім.
- өз ашуымды басқара білуді
- басқаларға көмектесуді
Қандай қиындықтар болды?
Маған қиын болды
- бірінші болмау
- нашар баға алу
- сабақты аяғына дейін орындау
- мұғалімді тыңдау
Қиындықтарды еңсергенің үшін өзіңді қалай мақтар едің?
- Мен –жарадым
- Мен- мықты адаммын
- Мен- ерік жігері мол адаммын
Тапсырма «Табыстар, жетістіктер, өзгерісте»
Кестені толтырыңыз: 4 жыл ішінде болған барлық жайттарды (табыстар, жетістіктер, өзгерістер)есіңізге түсіріңіз. Өз қалауы бойынша оқығысы келетіндер өз жазбаларын оқиды.
Тапсырма «Мен дайынмын»
Егер сен өзгерген болсаң 5 сыныпқа өтуге дайынсың. Өз дайындығыңды көрсетіп сөйлем құрастыр.
Тапсырма «Мені 5 сыныпты не күтіп тұр?»
Сені 5 сыныпта көп нәрселер күтіп тұр. Бұл қуантады алаңдауда жоқ емес. Сен жаңа мұғалімдермен танысасың. Олардың саны көп болады. Олар әр түрлі, сабақтардың өзі әр түрлі басталады. Сен өзіңді мұғаліммін деп елестетіп көр. Амандасу мен сабақты бастаудың бес тәсілін ойластырып көр.
Тапсырма «Тәртіп»
5 сынып оқушысы өзін ересек сезінгісі келеді. Көп балалар тәртіп бұза бастайды. Көршіңмен ақылдасып тәртіп бұзушының ар- намысына тимей оны тоқтату үшін мұғалім не істеуі керек және айтуы керектігін ойлап, оларды жаз.
Тапсырма «Қорқынышты және қызық әңгіме».
Сенімен 5 сыныпта болуы мүмкін қорқынышты немесе қызық әңгіме құрастыр. Берілген сөздерді пайдалан. Қажет болған жағдайда өз сөздеріңді қос. Балаларға айтып бер.
Тапсырма «Қорытынды»
Мінеки сен 4 сыныптың бағдарламасын аяқтадың. Біздің сабақтардан қайсы ойыңда қалды жаз.
Тапсырма «Қызғалдақтар»
Дәптер соңында қызғалдақтардың суреттері бар. Сен балаларға сыйлағың келетін қызғалдақты таңдап алып, оны боя да қиып сыйла. Балалар оны өз дәптерлеріне жабыстырып алсын. Саған сыйланған қызғалдақтарды келесі бетке жапсырып қой. Тапсырма «Алғыс айту»
Сенің сыныптастарың сенімен бір жыл бірге оқыды, олардың барлығы сенімен ойнады оқыды ренжітпеуге тырысты көмектесті кейбірін істей алды кейбірін істей алмады. Өз сыныптастырыңнан ішінен сен кімге алғыс айтар едің және не үшін. Сол адам үшін алғыс хат жаз. Конвертке салып табыста.
Сабақтың қорытындысы:
Қалай ойлайсың сабақ барысында өзіңді қалай ұстадың, өзіңді көрсете алдыңба? Өзінді бағала.
Рефлексия.
Жыл бойы алған білімдерін қорытындылау барысында «Менің ішкі әлемім» тақырыбында эссе жазу тапсырмасы .
Әдебиеттер тізімі:
1. М.Жұмабаев. Педагогика. Алматы, 1998.
2. М.Мұқанов. Жас және педагогикалық психология. Алматы, 1982.
3. Қ.Жарықбаев. Психология. Алматы, 1993.
4. Қ.Жарықбаев., Ө.Озғанбаев. Қазақ этнопсихологиясына кіріспе. Алматы, 2014.
5. Ж.Қоянбаев. Педагогика. Алматы, Рауан 2002.
6. О.В. Хухлаева. «Тропинка к своему Я» Москва, 2014.
7. С.В.Кривцова. Жизненные навыки. Москва,2009
8. П.Астахов. Детям о праве. Москва, 2014г.
9. Твоя жизнь – волшебный мир. С.Серия «Нұрсауле-Лучик» Шимкент: «Шикула и К», 2002.
10. Волшебный хоровод. С.Серия «Нұрсауле-Лучик» Шимкент: «Шикула и К», 2002.
11. Ж.Қоянбаев. Педагогика. Алматы. Рауан 2002.
12. В мире волшебных фигур и цифр. С.Серия «Нұрсауле-Лучик» Шимкент: «Шикула и К», 2003.
13. Ә.Алдамұратова. Қызықты психология. Алматы, 1992
14. М. Кемел. Ақыл қалта. Астана., 2013
15. Ю.П. Азаров. Искусство воспитания. 2-е изд., испр. - Москва, 1985
16. Е.В.Бурмистрова. Психологическая помощь в кризисных ситуациях (предупреждение кризисных ситуаций в образовательной среде). М.: МГППУ, 2006 г.
17. Л.И. Божович. Личность и ее формирование в детском возрасте. – М. Просвещение, 1968.
18. М.В. Беншаминова. Воспитание детей. - М., 1985
19. Г.Н. Волков. Этнопедагогика. – Чебоксары, 1977
20. Н.Дереклеева. Родительские собрания в начальной школе //Школьный психолог. – 2004. - №46.
МАЗМҰНЫ
Алғы сөз …………………………………………….…………...........……......... 3
Кіріспе ……………………………......................................................………….. 5
1. Тарау. Менің күш-жігерім, менің мүмкіндіктерім........................
1-сабақ. Менің жазғы демалысым........................................................................ 9
2-сабақ. Мен ержетіп, есейіп келемін ............................................................... 11
3-сабақ. Мен кіммін ..............................................................................................13
4-сабақ. Менің ішкі әлемім ................................................................................. 15
5-сабақ. Менің қолымнан не келеді және немен мақтана аламын .................. 18
6-сабақ. Менің қабілеттерім ............................................................................... 20
7-сабақ. Жетістікке жету .....................................................................................23
8-сабақ. Мен кім болғым келеді? ........................................................................26
9-сабақ. Сенім деген не? ......................................................................................28
2. Тарау. Білімге жол .............................................................................
10-сабақ. Түйсік ...................................................................................................30
11-сабақ. Қабылдау ..............................................................................................32
12-13-сабақ. Зейін ................................................................................................34
14-15–сабақ. Ес ................................................................................................... 38
16-17 – сабақ. Ойлау............................................................................................ 43
18-19-сабақ. Қиял................................................................................................. 48
3. Тарау. Мен және менің айналам .......................................................
20-сабақ. Қарым-қатынас деген не? ................................................................. 52
21-сабақ. Менің өмірімдегі қарым-қатынас ......................................................54
22- сабақ. Ұлдар мен қыздар әлемі ....................................................................56
23- 24-сабақ. Кикілжіңнен қалай құтылуға болады ..........................................60
25-сабақ. Мен және менің сыныбым ..................................................................66
26-сабақ. Қоршаған ортамен және өзіңмен үйлесімділікте ..............................68
4.Тарау. Мен өсіп келемін, өзгерудемін, мен – бастауыш мектеп түлегімін
27-сабақ. Адамның мінез-құлқы.........................................................................70
28-сабақ. Тәрбиелі адам болу дегеніміз не? .......................................................73
29-сабақ. Адамның еркіндігі ...............................................................................75
30-сабақ. Оқушының құқықтары мен міндеттері ............................................76
31 сабақ. Сый-құрмет құқығым ...........................................................................80
32-сабақ. Ересектер әлемі ....................................................................................84
33-сабақ. Есейіп, ержеткім келеді........................................................................86
34-сабақ. Мен – бастауыш мектеп түлегімін .....................................................88
© ООО «Знанио»
С вами с 2009 года.