Өзіндік даму психологиясы
ЖОБА
Педагог-психологтарға арналған
оқу-әдістемелік құрал
6 сынып
Астана, 2015
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
Астана қаласының Білім басқармасы
Өзіндік даму психологиясы
Жалпы білім беретін мектептің
6- сыныптарына сабақ беретін
педагог-психологтарға арналған
оқу-әдістемелік құрал
Астана - 2015
ӘОЖ 373(072)
КБЖ 74.268.8
Ө 29
Пікір жазған: Ж.Қ.Аубакирова – психология ғылымдарының кандидаты, «Тұран-Астана» университетінің қауымдастырылған профессоры.
Сараптамашы: М.Г. Субханкулов – психология ғылымдарының кандидаты, «Көкше» академиясының профессоры., М.К. Курсабаев – педагогика ғылымдарының кандидаты «Тұран-Астана» университетінің профессоры., Т.С. Букашов – медицина ғылымдарының кандидаты, ПДМ МО жоғары санатты психиатр-дәрігері
Құрастырушы-автор: А.Ш.Амерханова, А.Б.Ахметова, Сақтағанов Б.К.
«Өзіндік даму психологиясы»: жалпы білім беретін мектептің 6-сынып педагог-психологтарына арналған оқу-әдістемелік құрал. / Астана, Ө 29, 2015. – 187б. 12-жылдық білім беру жүйесін қолдау және ағылшын тілі орталығы психологиялық қызмет кабинеті.
ISBN 978-601-275-519-0
Әдістемелік құрал 6-сыныпта «Өзіндік даму психологиясы» факультативтік курсын оқытушы педагог-психологтарға арналған. Құралда бірыңғай сабақ құрылымы сақталған және тапсырмалар балалардың жас ерекшеліктеріне сәйкес психологиялық сабақтар түрінде жинақталған.
ӘОЖ 373(072)
КБЖ 74.268.8
© ФАО Астана қаласы бойынша ПҚ БКИ
«Өрлеу» Ұлттық біліктілік көтеру орталығы, 2015
Алғы сөз
Қазіргі заманауи қазақстандық қоғам болашақ түлектердің жылдам өзгеріске толы әлемдегі өмірге дайындығына байланысты білім жүйесіне жаңа талаптар қоюда. Анығын айтсақ, мұндай талапқа сай болу үшін балалардың әртүрлі ғылым салаларынан алған білімдерінің қосындысымен шектеліп қана қоймай, тұлғаның бейімделу мүмкіндігін дамытуға бағытталған нақты белгіленген жұмыстарды қарастырған жөн сияқты.
Өкінішке орай, біздің балаларымыздың мектептегі және мектептен тыс өміріндегі күрделі әлеуметтік мәселелерінің болуы ата-аналарға және бүкіл қоғамға балаларды моральдық кері кетуден сақтауға, олардың әлеуметтік және интеллектуалды қорғалуына қалай көмектесуге болатыны жайында шұғыл түрде маңызды мәселе көтеруді міндеттейді. Бұл мәселелерді шешуге қолданыстағы мектеп пәндерінің аясы тым тар болып отыр. Ол үшін мазмұны жағынан өзі туралы сұрақтарға жауап бере алатын, өзіндік дамуы үшін адам феномені, тұлғалық ерекшеліктері туралы біліммен қаруландыратын арнайы оқу курсы әзірленуі қажет. Сондықтан да жалпы білім беру мектептерінде жекелеген «Өзіндік даму психологиясы» эксперименталды курсының әзірлемесін құру қажеттілігі өте өзекті болып отыр. Аталған курстың басты мақсаты баланың өзбетіндік өмірге толыққанды кіруін қамтамасыз ететін барлық білім жүйесінің негізгі мақсаты - баланың мәдени және әлеуметтік дамуы мақсатымен ұштасуы тиіс.
Осыған байланысты ұсынылып отырған тұжырымдаманың мақсаты құрылды:
Оқушыларда өз-өзімен және қоршаған ортамен өзара түсіністік әрекетте болуы үшін адамтану саласында негізгі құзыреттіліктерін дамытуды көздейтін психологиялық мәдениетті қалыптастыру.
Аталған факультативтік курсты эксперимент түрінде енгізу үдерісінде келесі міндеттерді шешу қажет:
1. Оқушылардың психологиялық білімді меңгеруі олардың дамуына қалай әсер ететінін анықтау.
2. Оқытудан өткен оқушылардың психологиялық білімінің нақты көлемін, мазмұнын және сапасын бағалау.
3. Мектепте психологияны пән ретінде оқу аясында балалардың өз-өзімен және қоршаған ортамен өзара қарым-қатынас жүйесінің дамуы ерекшеліктерін анықтау.
Қазақстандық мектеп оқушылары үшін «Өзіндік даму психологиясы» факультативтік курсы бағдарламасын құруда үрдісті әлемдік тәжірибені қолдану ғана жеткіліксіз, сонымен бірге біздің көпұлтты мемлекетіміздің менталитет ерекшеліктерін де ескердік.
Қазіргі заманауи қоғам талаптарына бағыттала отырып және Қазақстан Республикасы білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға Мемлекеттік Бағдарламасы контексінде көрсетілген білім беру ортасын гуманизациялау міндеттеріне сәйкес «Өзіндік даму психологиясы» факультативтік курсының негізі оқушының өмірлік тәжірибесін, оның жеке қызығушылықтарын, түрткілерін және өзекті құлшыныстарын міндетті кірістіре отырып психологиялық мәдениетін қалыптастыратын гуманистік парадигма болу керек.
6-сыныптардағы «Өзіндік даму психологиясы» факультативтік курсы бағдарламасына түсінік хат
Аталған бағдарлама жалпы білім беру мектептерінің 6-сыныптарында «Өзіндік даму психологиясы» факультативтік курсы үшін әзірленген.
Тек оқуға ғана бағытталған ұзақ бірқалыптылық бала құндылықтарының оқудан гөрі өзінің «Мен» бейнесіне жағымды қолдау алатын бағытқа қарай ауысуын тудыратыны белгілі. Кіші жеткіншек жас кезеңінде оқушыларда тұлғааралық қарым-қатынас басты маңызға ие бола бастайды. «Мен» бейнесінің қалыптасуы енді ересектердің бағалауымен емес, құрбыларының бағалауымен жүреді.
Бағдарламаның мақсаты: 6-сынып оқушыларының осы жас кезеңіндегі міндеттерге сәйкес психологиялық білімдерінің негізін қалыптастыру
Міндеттері:
- өз эмоцияларын басқара білу, күйзелісті болдырмау;
- өз әрекеттерін дұрыс бағалау;
- өзара және ересектермен қарым-қатынас, кикілжіңді шешу;
- өмірдегі қиындықтарды жеңу;
- түрлі өмірлік жағдайларда өзін анықтай білу;
- оқушылардың араласу мәдениетінің негізін қалау;
- оқушылардың жалпы адами құндылықтардың мәнін түсінуіне ықпал ету;
- оқушыларға қоғам мен ұжымдағы өз рөлін түсінуіне көмектесу.
Бұл жас жеткіншек үшін өзбетіндік ой-пікірі және қылықтары қаланатын ерекше маңызды кезең болып табылады. Қарым-қатынас дағдыларын жаттықтыру да жеткіншек үшін өзекті бола бастайды. Бұл жастағы балаларға өздерін тыңдату өте маңызды, бірақ өмірде олай емес, олар өздерін тыңдата алмай әлек, ал нағыз осы жаста өзін тыңдатудың жетіспеушілігінің арты қуанта қоймайды. Барлық дерлік психология оқулықтарында жазылғандай бұл жас, сонымен бірге, қарым-қатынас дағдыларын дамыту үшін сезімтал болып келеді: балаларды оқу қызықтыра қоймайды, достар және олармен бірге қызық кешу (бұл тіпті де мектеп пәндері емес, ол – музыка, компьютерлік ойындар және чаттар, «ұнаймын-ұнамаймын», «сүйеді-сүймейді», «менімен жақсы ма, қызықты ма?», «мені басқалары қалай көреді?» деген сияқты көкейтесті мәселелері) өмірлік мәнін құрайды.
6-сыныптардағы «Өзіндік даму психологиясы» бойынша факультатив сабағының оқу бағдарламасы негізгі 4 тараудан құралған:
Бірінші тараудың «Мен жеткіншекпін» тақырыбы тек адамға ғана қатысты сезімдер, толғаныстар, мейірімділік және мінез сипаттары сияқты қасиеттерді оқып-білуге арналған. Жеткіншектер өзі үшін жалпы адамгершілік құндылықтарды аша отырып, өз сөзіне, пікірлеріне және қылықтарына жауапкершілікті сезініп үйренеді.
«Мен өзімді танып-білемін» тақырыбындағы екінші тараудың жоспарлауы сыныптастарымен, достарымен, ересектермен қарым-қатынастың әдеп нормаларын қалыптастыруға, достықты қадірлеуге, өзара түсіністікке, отбасылық және мектеп ұжымында татулық келісім сақтауға бағытталған. Басты назар сыныпта және отбасында өзара мейірімді, тең құқылы қарым-қатынас құра білуін, әлеуметтік белсеңділіктерін дамытуға аударылады.
«Өз мінез-құлқын басқару» үшінші тарау тақырыптары өз-өзіне сенімділігін дамытуға, адам өмірінде кикілжіңнің рөлін танып білуге, кикілжіңдік жағдайларда ыңғайлы шешім қабылдау дағдыларын меңгеруге бағытталған. Бұл бөлімнің міндеттері: жеткіншектерге агрессия мен агрессиялық әрекеттің арасындағы айырмашылықты тануға, өзіндегі агрессиялық мінез-құлқын бақылай білуге үйрену және басқа біреу тарапынан агрессия көрсетілген жағдайда өзін дұрыс ұстай білуіне көмектесу.
«Құндылықтар және оның адам өміріндегі рөлі» төртінші тарауында оқушыларды өмірлік құндылықтар туралы ойлануына жетелейтін тақырыптар енгізілген. Бағдарлама бөлімінде оқушылардың қоғамға қызмет ету, адамның не үшін жаратылғаны туралы, теңдік және әділеттілік, ер адам мен әйел адамның әлеуметтік рөлі туралы түсініктерін дамыту және жеке тұлғаның өзіндік қалыптасуы, өмірлік көзқарас ұғымдарымен таныстыру қарастырылған. Отбасы мәселелеріне және оның адамзат қоғамының негізі ретіндегі маңызын ұғындыруға ерекше назар аударылған. Адамның отбасылық мәртебесі, оның әке мен ана, ұл мен қыз, күйеуі мен әйелі ретіндегі рөлдері толығымен қарастырылған. Сонымен қатар оқушыларға отбасылық кикілжің себептерін анықтау, өздерінің тиісті міндеттерін орындау қажеттілігін ұғыну керек болады.
6-сыныптарда меңгеру үшін ұсынылған бағдарламаның ерекшелігі оқушылардың алдында үйренген білімдерін пысықтауға, басты құзыреттіліктерді әрі қарай дамыту және әрі қарай бекіту мақсатында маңызды жалпы адамгершілік құндылықтар туралы білімдерін тереңдетуіне бағытталғандығы болып табылады.
Күнтізбелік-тақырыптық жоспарлау 6 сынып
(34 сағат, аптасына 1 рет)
Сабақ № |
Тақырыптың атауы |
Мазмұны
|
І тарау. Мен жеткіншекпін
|
||
1 |
Психология әлемінде |
Психология ғылым ретінде. Психика туралы түсінік. Психиканың негізгі қызметі. |
2-3
|
Мен қандаймын және қандай бола аламын |
Мен-тұжырымдамасын қарастыру. Мен-тұжырымдамасы – индивидтің басқа адамдармен өзара әреттестігін құру және өз-өзіне қарым-қатынасы негізінде өзі туралы түсініктерінің біршама табанды қайталанбас жүйесі. Құрамдас бөліктері: когнитивтік, эмоционалдық, мінез-құлықтық. |
4
|
Менің өзім туралы түсінігім
|
Ежелден келе жатқан «Мен кіммін?», «Мен не үшін өмір сүремін?», «Мен не үшін жаратылғанмын?» мәселелері: әр сұрақ өзімізді, өз құндылықтарымызды және мақсаттарымызды, тұлғамыздың мықты және әлсіз жақтарын, біздің өмір жолымызды түсінуге қажеттіліктен туындаған. Мен-тұжырымдамасы Мен-нақты (қазіргі уақыттағы өзі туралы түсінік); Мен-мінсіз (яғни субъект моральдық нормаларға сүйеніп, қандай болуы керектігі); Мен-серпінді (яғни субъект қандай болуға ниеттенеді); Мен-ғажайып (яғни субъект, егер ол мүмкін болса, қандай болуды армандайды). Мен-тұжырымдамасы құрамы. |
5 |
Менің құндылығым – бұл Мен |
Өзі үшін адамның өзі құндылық екені туралы |
6 |
Өзімді іздеудемін |
Үш фактор анықтамасы арқылы өзін табу: Басқа адамдарды қадір тұтуына табанды сенімділігі арқылы; Қайсібір іс-әрекетке қабілетіне сенімділігі арқылы; Өзінің маңыздылығын сезу арқылы. |
7 |
Мені қолдайды және түсінеді |
Ұжымда бір-біріне сенушілік хал-ахуалын құру және қолдау. Әрбір ұжым мүшесін сыйлай білуін қалыптастыру. |
8 |
Қабылдау айнасы |
Адамды адамның қабылдауына олардың арасындағы өмір барысында қалыптасқан қарым-қатынас та әсер етеді. Сынып ұжымында балалар бірін-бірі әр қалай қабылдайды, қабылдау ұстанымдарын қарастыру. |
9 |
Қарым-қатынас стильдері және қарым-қатынас жасай білу мәнері |
Серіктестер қарым-қатынаста бірін-бірі көретін және еститін бетпе-бет жүздесу. Әрбір адамның қарым-қатынас жасауға қажетімен қатар, қарым-қатынасқа деген тиісті қабілеті болады. Ол қабілеттер коммуникативтік қабілеттер деп аталады. |
ІІ тарау. Мен өзімді танып-білемін
|
||
10 |
Менің мінезім – менің тағдырым |
«Не ексең – соны орасың». Ой ексең – қылықты орасың, қылық ексең – әдетті орасың, әдет ексең – мінезді орасың, мінез ексең – тағдырыңды орып аласың. Өзіңді табу. |
11 |
Менің мінезімнің ерекшеліктері |
Мінез екпіндеуі (акцентуация) түзету нысаны ретінде. Тұлға мінезінің екпіндеуін анықтау әдістерін қолдану. |
12 |
Өзімізді бағалаймыз |
Өзін-өзі жоғары және төмен бағалау. Адамның талаптану деңгейі. Қарапайымдылық және тәкаппарлық, талап қоюшылық немесе енжарлық және басқа да өзін-өзі жоғары және төмен бағалауға қатысты тұлға мінезін қалыптастыратын ерекшеліктер. |
13 |
Сенімділік. Өз-өзіне сенімділікті қайдан аламыз |
Адамға өзіне сенімді болу не үшін керек? Адам алдымен, өз-өзіне сенуі керек. Адам өзінің ішкі арқауы негізінде өз-өзіне сенімді бола бастайды. Әркім өзіне деген сеніміділікті кім береді және қайдан алатынын білуі керек. |
14 |
Сыйластық. Өзін-өзі сыйлау дегеніміз не? |
Өзін-өзі сыйлау – тұлғаның өз-өзіне деген жинақталған қарым-қатынасы, психологиялық тұрақтылықтың, жақсы көңіл-күйдің қайнар көздерінің бірі. |
15 |
Іс-әрекетімде мені не жетелейді |
Іс-әрекет – адамның ортамен өзара белсенді әрекеттестігі. Іс-әрекеттің негізгі сипаттамасы: 1) оның заттылықтан тұруы; 2) оның болашақ нәтиженің мінсіз бейнесі ретінде зердесіне жеткен мақсатпен реттелетіндігі; 3) әлеуметтік келісілгендіктен тұруы; 4) іс-әрекеттің ерекшелігі оның жүйеліліктен тұруы |
16 |
Мен өз-өзіммен және қоршаған ортамен |
Ішкі локус-бақылауын дамыту. Сыртқы бақылаудың өзін-өзі бақылауға көшуі. Дербестікті дамыту. |
ІІІ тарау. Өз мінез-құлқын басқару
|
||
17 |
Кикілжің деген не?
|
Кикілжіңнің шығу табиғаты. Кикілжің (конфликт, лат. тілінде conflictus – қақтығыс) – бұл тұлғаның ішкі де, одан тыс та қажеттіліктер қақтығысы. |
18 |
Кикілжіңсіз қарым-қатынас |
Келісімсөздің қарапайым ережелері және жүргізу тәсілдері. Диалог жүргізуде қарсы сөйлеушінің мінез-құлық стилін тани білу. К.Томастың «Кикілжің кезіндегі мінез-құлық стилі» сауалнамасын орынды қолдану |
19 |
Кикілжіңді шешу жолдары |
Кейде кикілжің жағымды және қалаулы болуы мүмкін. Әр адам өз даму жолымен жүреді, өз қиындықтарын бастан өткізеді және оны жеңу жолдарын табады. |
20 |
Жанжалды шешу жолдары |
Агрессия (лат. тілінен aggredi – шабуыл жасау) – бұл сыртқы әлемге қатысты өшпенділіктің көрініс беруі. Агрессия мінез-құлыққа тән фактор ретінде және агрессия тұлғаның психикалық сипаты ретінде. Агрессия жағдайын Басс-Дарки (Арнольд Басс және А.Дарк) сауалнамасы көмегімен диагностикалау |
21 |
Агрессивті мінез-құлық себептері |
Агрессия биологиялық факторға да, қоршаған орта факторына да байланысты болғандықтан әрқашан биологиялық үдеріс әлеуметтік тұрғыда өрбитінін естен шығармау. Осы факторларды ескере отырып ықтимал қауіпті мінез-құлықты және агрессия белгілерін тани білу керек. Қауіпті әлеуетті мінез-құлықты танып-білу. |
22 |
Манипуляциялар және одан қорғану |
Манипуляция деген не және одан қалай қорғануға болады? Болып жатқан немесе орын алған оқиғаларды әр түрлі көзқараста талдау. Түрлі жағдайдағы түрлі нұсқаларды іздестіру. |
23 |
Өзіңді басқар |
Оқушылардың делинквенттілігін (құқық бұзушылыққа бейімін) диагностикалау. Тіпті өзін-өзі төмен бағалауы және отбасылық жағдайсыздығы байқалған жағдайдың өзінде әлеуметке бағынатын мінез-құлыққа ықпал ететін мектепке жағымды қатынасын, девианттылыққа (әумесерлікке) қарсылығын, ересектермен және құрбыларымен жақсы қарым-қатынасын қарастыру. |
24 |
Құндылықтар және адамның өмір жолы |
Өзін және өзінің қабілетін тану. Құрбы-құрдастарымен, ата-аналарымен, ересектермен өзара қарым-қатынастарға тән мінез-құлықты анықтау тәсілдері туралы түсініктерін қалыптастыруға, өз таңдауына және өз мінез-құлқына жауапкершілік қалыптастыруға ықпал ету. |
25 |
Адамның күшті және әлсіз жақтары |
Өзін-өзі диагностикалау жүргізу. Өзінің мықты және әлсіз жақтарын анықтау. |
26 |
|
|
V тарау. Құндылықтар және оның адам өміріндегі рөлі
|
||
27 |
Өзіндік дамытудағы менің танымым. |
Тұлғалық дамуына күнделік жүргізу әдістемесі. Мақсаттары мен міндеттерін белгілеу және жоспарлау. |
28 |
Мен үшін маңызды адамдар |
Әр адам өз өмір жолымен жүреді, өз құндылықтарына сүйенеді.
|
29 |
Симпатия и аптипатия |
Тұлға тартымдылығы, сырт бейнесі, сымбат сүйкімділігі. Ұқсастық пен ұқсау. |
30 |
Жолдастық пен достық |
Жолдастық қарым-қатынас ерте заманнан келе жатқан адами қарым-қатынас көрінісі ретінде. Адамдар арасындағы жолдастық қатынастар ерте заманнан пайда болған. Достық – жолдастықтың жоғары дәрежесі, адами сүйкімділіктің көрінуінің жоғары түрлерінің бірі. |
31-32 |
Шығармашылық қабілет |
шығармашылық жүзеге асу туралы түсінік қалыптастыру. |
33 |
Жанұядағы отбасылық және замануи дәстүрлері |
Отбасылық құндылықтар жалпы адамгершілік құндылықтардың бір бөлігі ретінде. Отбасы адамның рухани тірегі ретінде. Отбасы бақыты. |
34 |
Менің шығармашылығым |
Балалар шығармашылығы қазіргі заман құндылығы ретінде. Өзін-өзі шығармашылық тұрғыдан жүзеге асыру. |
Оқушылардың дайындық деңгейіне қойылатын талаптар
6 сыныпты аяқтаған оқушы:
- еркіндік, тәуелсіздік, төзімділік, қиянат жасамау, ақыл-ой, ерік, махаббат, ар, намыс, шығармашылық, мәдениет, өнер сияқты түсініктердің мазмұны мен мағынасын тани біледі;
- адамның жағымды және жағымсыз қасиеттері, эмоциясы мен сезімі туралы білімдерді кеңінен меңгерген;
- өзінің қайталанбас жеке даралығын танып біледі, басқа адамдардың жеке даралығының көрінуіне сыйластықпен қарай біледі;
- Үйде, жақын орта аймағында, адамгершілік және рухани ұстанымдар негізінде бірлескен іс-әрекеттерде татулық қарым-қатынасты қолдай біледі;
- Ұрыс-жанжал, кикілжіңдердің жағымсыз жақтарын танып біледі;
- ынтымақтастық пен келісім негізінде өзара бірлесіп оларды жеңе біледі және шеше алады;
- өзінің ойын, сезімін еркін білдіре алады, өзін әділ бағалайды;
- достық пен қарым-қатынасты бағалай білуге, төзімді болуға, түсініспеушілікпен кешіре білуге тырысады;
- басқа адамды тыңдай және түсіне біледі;
- түрлі жағдайда өзін жауапты ұстай біледі; өз эмоциялық жағдайын басқарады, жағымсыз эмоциясын көрсетпей ұстай біледі;
- өздігінен жауапты шешім қабылдай және оны дәлелдей біледі;
- басқа адамдардың қадір-қасиетін кемітпей, өзінің әлеуетінде, ұстанымында тұра алады;
- гендерлік айырмашылықты есепке алып, адамның әлеуметтік рөлінің көптүрлілігі туралы түсінігі бар;
- өзінің жасаған іс-әрекеттерін қоршаған адамдардың іс-әрекеттерімен салыстырып, бағалай біледі;
- қызықты адамдар өмірінен жақсы болуға көмектесетін ең құнды тұстарын айыра алады.
.
Оқушылардың білімдерін бағалау
«Өзіндік даму психологиясы» факультативі бойынша баға қойылмайды, оқу жылының соңында шығармашылық тапсырма беріледі.
I БӨЛІМ
МЕН - ЖЕТКІНШЕКПІН
1-сабақ
ПСИХОЛОГИЯ ӘЛЕМІНДЕ
Мақсаты: психологияның ғылым ретінде қалыптасуы туралы түсінікті кеңейту
Міндеттері:
- оқушылардың отандық психология мен психология салалары туралы білімін жүйелеу;
- ойлауды дамыту;
- психологияны оқуға қызығушылығын тәрбиелеу.
Ұйымдастыру кезеңі
Жаттығу-ойын «Психология әлемі»
Балалар! Сіздер қалай ойлайсыздар, психология әлемі дегеніміз не? Психология әлемі туралы сіздер не білесіздер? Жауап бермес бұрын, біз ойын ойнаймыз. Бір-бірімізге доп береміз. Кімге доп тиеді, сол Менің атым.... және психология сабағында біз мынаны үйренеміз.....деген сөйлемнен бастайды.
«Психология» сөзімен ойын-ассоциация.
Нұсқаулық: «Психология» сөзімен байланысты бірқатар ассоциациялық сөздерді атау керек. Жауаптарды тыңдап болған соң, психолог қорытынды жасайды.
Сабақ тақырыбы бойынша сұхбат
Балалар! Сіздер барлықтарыңыз алтыншы сынып оқушысы болдыңыздар. Алтыншы сыныпта психология сабағы қызықты болады, өйткені біздің сабақтар тек жетістікке бағытталған. Сіздер өмірде табысты адам болғыларыңыз келе ме?
Әрқайсымыз жетістігімізді дамыта отырып, психологияның төрт үлкен әлемін танып-білеміз.
Бірінші – «Мен жеткіншекпін». Бұл әлемде біз өзімізді іздейміз. Өзіңнің құндылықтарыңды, сондай-ақ өмір жолдарының әлсіз және күшті жақтарын білесіңдер.
Екінші – «Мен өзімді білемін». Бұл әлемде мінездің ерекшеліктері туралы, өз бағаңды қалай көтеру керектігін білесің. Табысты адамдар сенімді адамдар болған және сондықтан біз өзіміздің сенімділігімізді дамытамыз.
Үшінші – «Өз мінез-құлқымызды басқару». Барлық ұлы адамдар табысты болу үшін өз рухани жанына назар аударған.
Бұл бөлімде біз өзін-өзі бақылау мен рухани және тұрмыстық құндылықтар туралы білеміз. Өз мінез-құлқымызды басқаруды, жанжалдық ситуацияларды шешу жолдарын үйренеміз.
Төртінші – «Құндылықтар және олардың адам өміріндегі рөлі». Бұл әлемде біз жеке тұлғалық өсу үшін мақсаттар мен міндеттерді жоспарлауды үйренеміз. Сүйіспеншілік сезім мен отбасылық құндылықтар туралы білеміз.
Балалар! Біз «Психология ғылым ретінде» деп айтқанда, біз психикалық үрдістер мен психикалық қалып түрлерін айтамыз.
Ал, психикалық үрдістер мен психикалық қалып дегеніміз не екенін кім біледі?
Психикалық үрдістер – бұл біздің ес, қабылдау, түйсіну, ойлау, қиял, сөйлеу сезімдеріміз. Барлық осы үрдістерді біз жыл бойы өзімізде дамытамыз.
Ал психикалық қалып – бұл біздің қызығушылық, күдік, сенім, апатиямыз. Сондай-ақ біз психология сабақтарында жеке тұлғалық өсуді дамыту үшін ойындар өтеміз.
Ғылым ретінде психологиямен танысу
Балалар! Сіздер психологияның тарихи жасын білесіздер ме?
Психология тарихынан: Психологияның ғылым ретіндегі жасы тек бірнеше ғасыр ғана деп есептеледі, ал психологиялық білімнің пайда болу алғышарттары өте ертеде пайда болған.
Атақты ғалым–энциклопедист, қазақ даласынан шыққан Әбу Насыр әл-Фараби (870 – 950) Таяу және Орта Шығыста пайда болған пәлсапалық-психологиялық ой-пікірлердің негізін салушылардың бірі. Оның психологиялық трактаттары жан мен тән, ақыл туралы мәселелерге арналған. Оның психология бойынша негізгі еңбектері: «Жанның мәне туралы трактат», «Түс көру туралы сөз», «Жан күші туралы», «Ақыл және түсінік», «Жастардың ақылы туралы сөз», «Ересектердің ақылы туралы сөз», «Темперамент туралы» және т.б.
Ең алғашқы қазақ педагогтарының бірі Ыбырай Алтынсарин (1841-1889). Өз еңбектерінде барлық білім беру жүйесін мұғалім тұлғасының ықпалымен оқушы тұлғасын қалыптастыру үрдісі ретінде қарастырды. Бұл ереже оның «Қоғамдық психология мәселелері» деген атақты еңбегінде өз көрінісін тапты.
Мағжан Жұмабаев (1889-1931). Керемет қазақ жазушысы. Педагогика мен психологияның арасында тығыз байланыс бар деген алғашқы ойшыл. «Педагогика» атты психологиялық-педагогикалық трактаты – Отандық педагогикадағы педагоикалық идеялардың ерекше және өз бейнесінде көрінуін беретін қайталанбас туынды.
Жүсіпбек Аймауытов – көпжанрлы жазушы, қазақ тіліндегі роман мен драманың негізін салушы, ғалым, ағартушы, педагог, психолог. «Психология», «Жан жүйесi және өнер таңдау», «Психология және мамандық таңдау» оқулықтарының авторы.
Балалар! Ал сендер психолог болғыларың келе ме? Сендер психология салаларының әртүрлі екенін, психология мамандығының да әртүрлі екенін білесіңдер ме. Олар:
· Генетикалық психология – олар біздің ата-бабаларымыздың генетикасын зерттейді.
· Дифференциалды психология – олар адамның даралығын зерттейді.
· Әлеуметтік психология – олар тұлға мен әлеуметтің өзара әрекетін зерттейді.
· Жас ерекшелік психологиясы – онтогенездегі психиканы, адамның туғаннан оның өлгенге дейінгі дамуын зерттейді.
· Еңбек психологиясы – олар еңбек іс-әрекеті жағдайындағы психиканы қарастырады.
· Психолингвистика сөйлеуді зерттеумен айналысады.
· Медициналық психология ауру жағдайындағы психиканы зерттейді.
· Аномальды даму психологиясы немесе арнайы психология: олигофренопсихология, сурдопсихология, тифлопсихология.
· Педагогикалық психология. Бұл жалпы білім беру ұйымдарында жұмыс істейтін психологтар.
Тапсырма «Менің психологиялық салам»
Балалар! Қандай психолог болғыларың және психологияның қай саласында өздеріңді дамытқыларың келеді, жазыңыздар. Неге?
Тапсырма «Мен - психолог»
Балалар! Біз бүгін, өзімізді жемісті психолог ретінде елестетеміз. Бүгін біз адамдарды олардың сыртқы түр әлпеті мен әрекеті бойынша тануды үйренеміз.
5 оқушы тақтаға шығады. Отырған оқушыларға көрсетпей, психолог олардың біреуіне тиын береді. Олар бәріне бұрылып «тиын менде емес» деп айтуы керек. Ал қалған оқушылар кім шын айтты, кім өтірік айтты соны табуы керек.
Бұл сіздің интуицияңыз болып табылады. Бірақ біздің интуициямызға зияткерлігіңіз көмектеседі. Зияткерлік – бұл біздің өмірімізде барлық нәрсеге үлгеруге көмектесетін психологиялық үрдіс болып табылады. Барлық жерде және бәріне үлгеру үшін зияткерлікті жиі-жиі дамыту керек. Бүгін біз біраз өзіміздің зияткерлігімізбен айналысамыз.
Жаттығу «Менің атым нені білдіреді?»
Мақсат: өзіміздің дара-психологиялық ерекшеліктерін сезіну, өзіндік Мен туралы түсінікті қалыптастыру.
Нұсқаулық. Әрбір оқушы, өзінің атын айта отырып, атын кім қойған, неге екенін айтады? Қандай мағынада? Мүмкін ол олардың отбасылық өмір тарихымен байланысты ма? Мүмкін бұл ерекше қымбат адамның құрметіне ме? Бұл жаттығу балаларға бір-бірін жақынырақ білуге септігін тигізеді.
Сабақ рефлексиясы.
- Мектепке педагог-психолог не үшін қажет?
- Қазақ психологиясының тарихы қандай?
- Сіздер қазақ психологтарының қайсысының атын есте қалдырдыңыздар?
2-сабақ
МЕН ҚАНДАЙМЫН ЖӘНЕ ҚАНДАЙ БОЛА АЛАМЫН
Мақсаты: Өзін-өзі дамыту үшін қажетті қасиет ретінде шынайы өзін-өзі бағалау қажеттілігін өзектендіру.
Міндеттері:
- өз қасиеттерінің шынайы бағасы алдында кедергілерді жоюға көмектесу;
- өзін-өзі бағалау және өзара бағалау кезінде талдаушылық шеберлікті шеберлікті дамыту;
- өзін-өзі қабылдауды тәрбиелеу.
Ұйымдастыру кезеңі
Жаттығу. Сөйлемді толықтырыңыз.
Мен қандаймын……………… және мен қандай болуым мүмкін………
Мен болуым мүмкін……………және мен болашақта боламын………..
Данышпан туралы аңыз
«Ертеде барлығын білетін бір данышпан өмір сүреді. Бір адам данышпанның барлығын біле бермейтінін дәлелдегісі келеді. Қолына көбелекті қысып ұстап, данышпаннан: «Данышпаным айтшы, менің қолымдағы қандай көбелек: тірі ме әлде өлі ме?» деп сұрайды. Ал өзі: егер тірі десе – мен оны өлтірем, ал өлі десе мен оны босатам» деп ойлап тұрады.
Балалар! Ал сіздер данышпан не деп жауап берді деп ойлайсыздар?
Данышпан, ойланып, «Бәрі де өз қолыңда» деп жауап береді.
Аңызды талқылау: бұл аңыздың мағынасы неде?
Псиологтың жауабы: біздің барлық шешімдеріміз, біз қандай боламыз, ол тек өзімізге ғана байланысты және біз өз өмірімізді жақсарта аламыз. Барлығы өз қолымызда.
Жаттығу
Қолдырыңда айна бар деп елестетіңдер. Қазір әрбіреуің қолдарыңа айна аласыңдар, оған асықпай қарап, өзіңнің көзіңе қарап тұрып, сосын атыңды атай отырып: «Сенің дәл қазіргі қалпыңды сүйемін» деп айтасыңдар. Дәптерге өзіңнен не нәрсе (өзіңнің сыртқы түрің немесе мінезің) ұнайды, соны жазасың.
Маған өзімде ....... ұнайды
Маған сыртқы түрімде ....... ұнайды
Маған мендегі мынадай мінездер: ....... ұнайды.
- Келіңдер, айнаға қарап күлейік.
- Сендер не көрдіңдер?
Оқушылардың жобамен беретін жауабы «КҮЛКІ».
Психолог қорытындысы: Сіздер қолдарыңызға айнаны алып және ондағы өз бейнеңізге қарап шын сөзіңізді аттыңыз, сіздің бетіңізде әртүрлі кейіп пайда болды. Өзіңізді тыңдаңыз және сіз айнаға қарағанда басыңызға келген жағымды ойларды басшылыққа алыңыз.
Сабақ тақырыбы бойынша сұхбат
Жүрегімнің түбіне терең бойла, Мен бір жұмбақ адаммын, оны да ойла. Соқпақтылы, соқпақсыз жерде өстім, Мыңмен жалғыз алыстым, кінә қойма! Абай |
- Сіздің ойыңызша, жүрекке қалай терең бойлай аламыз?
- Адам өзіне жұмбақ болып табылады. Неге?
- Өзін-өзі дамыту деген не?
- Адамға өзін-өзі дамыту неге маңызды?
Психолог қорытындысы: Адамда өмір бойы өзін-өзі дамытуға итермелейтін саналылық және бейсаналылық бар. Өзін-өзі дамыту – бұл адамға өмірінің шынайы мақсаты болатын ең маңызды нәрсеге жақындатады немесе оларды жүзеге асыруға жағдай туғызады.
Алдыңа өзін-өзі дамытуға мақсат қоя отырып, қол жететін шынайы мақсаттар қою қажет. Кел-келген мақсат қолжетімді, тек соған қалай жету үрдісін жоспарлау керек. Бұл үлкен міндеттерді бірнеше шағын және қарапайым міндеттерге бөлу.
Онда неге біздің көптеген мақсаттарымыз жүзеге аспай жатады. Жауап қарапайым: бұл өмірден бірнәрсе алу үшін көбірек күш салу керек. «Еңбек етсең ерінбей, тояды қарның тіленбей». Мақсатқа жету жолында үнемі кедергілер, тосқауылдар болады. Олардың кейбіреуіне мән бермейміз, л кейбір кедергілер біз үшін жеңе алмайтындай болып көрінеді.
Бірақ бұл кедерлігер тек біздің басымызда ғана болады, ал шындығында біздің жолымызда кедергілер кездеседі, оны біз жылдам шешпегенмен, бірақ шешуге болады.
Сонымен, қалай кедегілерді жеңе аламыз? Ең алдымен, кез-келген кедергі – бұл біз үшін қолұшын беру екенін түсіну керек. Егер бір кедергі кездессе, онда бізге бірнәрсе жетіспейді. Мәселеге білім, күш, тәжірибе, жаңаша көзқарас жетіспейді.
Мысалы. А бөлімнен Б бөліміне бара жатқан адамды елестет. Кенеттен оның алдынан – өзен пайда болды. Не істеу керек?
Үйге келіп құрал-саймандарын алып көпір немесе қайық жасайды.
Өзенді жүзіп өтеді. Көпір немесе қайық іздейді. Егер адам жүзу білмесе, балға мен араны тек теледидардан ғана көрген, көпір де қайық та жоқ, ал Б бөліміне бару өте қажет?
Тығырықтан шығар жол біреу – оқу керек. Жүзу немесе қолмен жұмыс істеу керек. Бұларсыз Б бөліміне жету мүмкін емес.
Бізде де дәл сондай жағдай. Егер кедергіні жеңуге бірнәрсе жетіспесе, біз өзімізбен жұмыс жасауымыз, жаңаны оқу және үнемі дамуымыз керек. Мүмкін қиын шығар, мүмкін бәрін тастап, өз мақсатымыздан бас тартқымыз келетін шығар, бірақ қиындықпен келген жеңіс тәттірек болатынын естен шығармауымыз керек. Ол үшін төмендегі тесті бір көрейік.
«Жетістікке ұмтылу» тесті
Жетістікке ұмтылу мотивациясы — нәтижелерді жақсартуға ұмтылу, қол жеткізгенге қанағаттанбау, өз мақсатына жетуге ұмтылуда бірбеткейлік, қандай жағдай болса да өзінің көздегеніне жетуге ұмтылыс – адамның бүкіл өміріне ықпал ететін тұлға қасиетінің бірден-бір негізі болып табылады.
Көптеген зерттеулер жетістікке ұмтылу мотивациясы деңгейі мен өмір сүру барысындағы жетістіктер арасында тығыз байланыс бар екенін көрсетті. Бұл кездейсоқтық емес, бұл мотивацияның жоғары деңгейі бар адамдар жағдайдан жетістік іздейді, жемісті аяқталатынына сенімді, өз жетістіктері туралы талқылауға ақпараттар іздейді, өзіне жауапкершілік алуға дайын, белгісізі жағдайда шешімшіл, мақсатқа ұмтылуда бірбеткейлік көрсетеді, қызықты тапсырмалар шешуден ләззат алады, жарысқандық жағдайында саспайды, кедергілер кездескенде үлкен беріктік көрсететіні дәлелденген.
Жетістікке ұмтылу мотивациясының деңгейін жасалған шағын тест-сауалнама шкаласымен өлшеуге болады. Шкала мүмкін болатын «+» немесе «-» - екі жауап варианты бар 22 пікірден тұрады. Кілтпен сәйкес келетін жауаптар (әрбір мұндай жауапқа 1 баллдан беріледі) саналады.
Пікірлер
1. Өмірдегі жетістіктер есеппен емес, кездейсоқ болады деп ойлаймын.
2. Егер мен жақсы көретін жұмысымнан айырылсам, өмірде мен үшін мәнін жоғалтады.
3. Кез-келген істе мен үшін маңыздысы оны орындау емес, соңғы нәтиже.
4. Адамдар жақындарымен өзара нашар қарым-қатынастан емес, жұмыстағы сәтсіздіктерден көп зардап шегеді деп есептеймін.
5. Менің пікірім бойынша көптеген адамдар жақын емес, алыс мақсаттармен өмір сүреді.
6. Өмірде менде сәтсіздіктерден гөрі жетістіктер көп.
7. Маған іскерлерден гөрі эмоциональды адамдар көбірек ұнайды.
8. Тіпті қарапайым жұмыстарда да мен оның кейбір бөліктерін жетілдіруге ұмтыламын.
9. Мен жетістік туралы ойға берілгендіктен, сақтық шаралары туралы ұмытуым да мүмкін.
10. Менің жақындарым мені жалқау деп есептейді.
11. Менің сәтсіздіктеріме өзім емес, жағдай кінәлі деп ойлаймын.
12. Менде қабілеттілікке қарағанда төзімділік көбірек.
13. Менің ата-анам мені өте қатаң қадағалады.
14. Өзімнің істерімнен мені жетістікке жетуге күдіктену емес, жалқаулық жиі бас тартуға мәжбүрлейді.
15. Мен өзіме сенімді адаммын деп ойлаймын.
16. Жетістік үшін мүмкіндік аз болса да мен тәуекел етемін.
17. Мен ынталы адаммын.
18. Барлығы дұрыс жүрген кезде, менің қуатым артады.
19. Егер мен журналист болсам, мен ең алдымен оқиғалар туралы емес, адамдардың шынайы туындысы туралы жазар едім.
20. Менің жақындарым менің жоспарларымды бөлмейді.
21. Менің өмірге қоятын талаптарымның деңгейі, менің жолдастарыма қарағанда төмен.
22. Менде қабілетке қарағанда бірбеткейлік көп сияқты.
Көптеген тест-сауалнамадан жетістікке ұмтылу мотивациясы шкаласының айырмашылығы, бұнда нақты (шектеулі) қалып бар, сондықтан нақты нәтижені төмендегі кесте көмегімен бағалауға болады:
Кесте Г. Нақты нәтижені бағалау
№ |
жауап |
№ |
жауап |
№ |
жауап |
№ |
жауап |
1 |
|
7 |
|
13 |
|
19 |
|
2 |
|
8 |
|
14 |
|
20 |
|
3 |
|
9 |
|
15 |
|
21 |
|
4 |
|
10 |
|
16 |
|
22 |
|
5 |
|
11 |
|
17 |
|
|
|
6 |
|
12 |
|
18 |
|
|
|
Талдауы:
17 - 22 балл – өз күшіне сенімді, кедергіні жеңуде бірбеткейлік танытады, талап қоюшылық өте жоғары.
11 - 16 балл – талап қоюшылық орташа, мақсатты аз тәуекелмен қояды.
1 - 10 балл – бірнәрсеге қол жеткізуге талап қоюшылық өте төмен, кедергіні жеңу өте қиын.
Нәтижелер интерпретациюсы және қорытынды: өз күшімізге сенімді және қойған мақсатқа жету үшін, біздің қабілеттерімізге, біздің мүмкіндіктеріміз бен қажеттіліктерімізге сәйкес келетін шынайы мақсаттар қоя білу керекпіз.
Психолог кеңесі:
1. Еңбек адам іс-әрекетінің маңызды бөлігі болып табылады. Сондықтан жемісті еңбек етуге үйреніңіздер.
2. Өмірі мәнді адам, өзін бақытты сезінеді.
3. Әрбір іс-әрекетке талдау жасаңыз, осы арқылы сіз өзіңізді басқаруды үйренесіз.
Жаттығу «Мен кіммін?»
Психолог оқушыларға, әрбір есейген адам өзіне «Мен кіммін?» деген сұрақ қояды деп айтады. Кейде оған жауап беру күрделі тапсырманы шешкеннен де қиынырақ. Сосын мысал ретінде бұл сұраққа (мен – қыз, спортшы, оқырман, бағбанмын) өзі жауап бере бастайды. Оқушыларға бұл сұраққа жазбаша жауап беруді сұрайды. Сосын балалар қалауы бойынша жазғандарын дауыстап оқиды.
Жаттығу: Айнадағы ойын
Аталған жаттығудың мақсаты өзіне өзінің көңілі толмаушылықты түсіндіру болып табылады.
Екі серіктес бір-біріне қарсы тұрады және кім айна, ал кім айна алдындағы адам болатынын келіседі. Адам қандай да бір қимыл жасайды, мысалы, айнаның шңын сүрткен сияқты қолын ақырын қозғалтады, ал айна оның қолының қимылын дәл сондай етіп қайталайды. Бұл жерде адам айнаға қарайды, ал айна оның қолының қимылына емес, көзіне қарауы тиіс.
Алғашқы белгіден кейін жетекші адам қозғалуды бастайды, ал айна оның қимылын қайталайды. Екінші белгі бойынша – серіктестер рөлдерімен ауысады. Үшінші белгі бойынша олар сол ойынды кім айна болу керектігін келіспей ақ ойнайды.
Әрбір ойыншы оын басында өзі және өзара бағалау үшін кесте құрастырады. Бұл кестеге ойынның әрбір кезеңінен кейін баға (10 баллдық шкалада) қойылып отырады.
Басқаның рөлінің жағымдылық деңгейін бағалау өте қиын, бірақ табыстылығын міндетті түрде бағалау керек. Кесте құру және оған оқушылардың нәтижесін енгізу.
|
Бұл маған қалай ұнайды? |
Бұны мен қалай жасаймын? |
Серіктес бағасы |
Басқару |
|
|
|
Бағыну |
|
|
|
Келісу |
|
|
|
Талқылау және қорытынды. Ереже бойынша:
Басқару көбірек ұнайды;
Бағыну азырақ ұнайды;
Әрекетті келісу бағыну сияқты қиынырақ.
Рефлексия
- Адам шынайы өзін-өзі бағалауда қандай кедергілер кездеседі?
- Өзін-өзі дамытуда нені ескеру қажет?
- Өзін-өзі қабылдау деген не? Оны қалай дамытамыз?
3-сабақ
МЕН ҚАНДАЙМЫН ЖӘНЕ ҚАНДАЙ БОЛА АЛАМЫН
Мақсаты: өзін-өзі дұрыс бағалауға ықпал ететін қасиеттерді қалыптастыру.
Міндеттері:
- өзін-өзі дұрыс бағалаудың негізгі жолдарын қарастыру;
- адам қасиеттерінің мазмұнын ашу;
- өзіндік «менін» қабылдауға тәрбиелеу.
Ұйымдастыру кезеңі
Тақырыпқа «Мен кіммін?» деген аңызды оқу арқылы кіру.
Бір күні шәкірт өзінің рухани ұстазына келіп сұрайды:
- Ұстаз, сіз маған, егер мен өзімнің кім екенімді танысам, данышпан боласын деп айттыңыз, бұны қалай жасауға болады?
- Ең алдымен адамдардан сенің кім екеніңді шешетін құқығын алып қой.
- Ұстаз, бұл қалай?
- Біреу саған сен жамансың дейді, сен оған сенесің және ренжисің. Басқа біреу, сен жақсысың дейді, сен қуанасың. Сені мақтайды немесе ұрысады, саған сенеді немесе сатып кетеді. Әзірге оларда сен кімсің немесе сенің қандай екенің туралы шешім қабылдауға құқығы бар кезде, сен өзіңді таба алмайсың.
- Олардан бұл құқықты алып қой! Менен де.
Талқылауға арналған сұрақтар:
· Шәкіртті не толғандырды? Неге?
· Шәкірттің сұрағына ұстаз не деп жауап берді?
· Сіз оның жауабымен келісесіз бе? Неге?
Жаттығу «Қай сөз сәйкес келмейді… және неге?».
Сөздер синонимдік ретпен оқылады, бұнда бір сөз мағынасы бойынша сәйкес келмейді:
а) жасқаншақ, ұялшақ, ашулы, сенімді;
Талдау: ашулы – бұл эмоциональдық сфера, ал қалғаны - қасиет.
б) өмірсүйгіштік, таңқалу, таңдану, ашулану;
Талдау: өмірсүйгіштік–бұл адамның өмірге және өмірлік құбылыстарға жағымды қарым-қатынасын көрсететін, тұлғаның адамгершілік этикалық қасиеті, ал қалған сөздер – бұл қандай да бір ситуацияның ықпалымен көрінетін адамның ситуациялық қалпы.
Сабақ тақырыбы бойынша сұқбат
Оқушының өзіндік бекітілуі мен өзіндік анықтауы өзіндік сана арқылы өтеді. Өзіндік сана – бұл адамның тұлға ретінде қалыптасу нәтижесі. Өзін-өзі тану жеткіншектік жаста басталатын рефлексияның дамуында үлкен рөл ойнайды. Рефлексия сыртынан бақылаушы болуға, сол арқылы өзін және ситуацияны көре білуге, сондай-ақ өз мүмкіндіктерін тануға мүмкіндік береді.
Сұрақтар:
-адамға өзінің «Менін» тану не үшін керек
-Өзін білу қажет пе?
Психологтың қорытындысы: Өзін-өзі, өзінің ішкі әлемін, өзінің тілегі мен мақсатын білу, адамға өз жолының өзіндік анықтауын және өзіндік бекітілуін өз көзімен көруге мүмкіндік береді.
«Мен қандаймын?» әдістемесі
Мақсат: өзін-өзі бағалауды зерттеу. Өзін-өзі бағалау тұлғаның өзіндік санасының өзегі болып табылады. Өзін-өзі бағалауды қалыптастырудың қайнар көзі баланың іс-әрекет тәжірибесі, оның жетістік деңгейі және оның басқа адамдармен қатынас тәжірибесі болып табылады. Өзін-өзі бағалаудың дамуын бұзатын екі вариант бар:
· Өзін-өзі бағалаудың төмендігі – оның симптомдары дүрбелеңдік, өз күшіне сенімсіздік, қиын тапсырмалардан бас тарту, «үйренген дәрменсіздік» феномені болып табылады;
· Өзін-өзі бағалаудың жоғарылығы – бұндай мінез-құлық ерекшелігінде, басымдық, даңғойшылық, бағалауға дұрыс емес реакция, өз қателіктерін мойындамау, сәтсіздіктерді жоққа шығару сияқты қасиеттер жатады.
· Өзін-өзі адекватты бағалау – адамның өзін-өзі, өзінің қабілеттерін, адамгершілік қасиеттері мен қылықтарын шынайы бағалауы. Адекватты өзін-өзі бағалау субъектіге өзіне сыни қарауға, өзінің күшін әртүрлі қиын міндеттер мен қоршаған ортаның талаптарына дұрыс бөлуге мүмкіндік береді.
Психолог оқушыларға «Балалар, сіздер қалай ойлайсыздар, қандай өзін-өзі бағалау өте қажет? Неге?».
Ойлан, Сен өзіңді әртүрлі тұлғалық 10 жағымды қасиеттерімен қалай қабылдайсың және бағалайсың. «Мен қандаймын?» әдістемесінің хаттамасы
|
Интерпретация: Балалар, сіздердің шеберліктеріңіз жеке өзін анықтауды табады және тіркейді және оларды түсіну өзінің жеке іс-әрекетін басқару қабілетін дамыту қажеттілігі болып табылады.
Жаттығу: «Мен қандаймын, солай боламын» өлеңінен үзінді оқи отырып, оқушыларды қандай болса сондай етіп қабылдау қабілеттілігін дамыту.
«Мен қандаймын, солай боламын»
Мен қандаймын, мен солай боламын.
Менен басқаны іздеме.
Тағы да алданба.
Әлем қандай, ол солай болады.
Барлығын біз ойлап тапқанбыз.
Барлығы бұрыннан ойлап табылған.
Талқылау:
- Өлеңде не туралы айтылады?
- Өлеңде адамның қандай психологиялық қасиеттері туралы сипатталады?
- Өлеңнен өзіңізге қандай қорытынды жасадыңыз?
Жаттығу «Менің адамгершілігім».
Нұсқаулық: сыныптың ішінен бірнеше адам сіз туралы сіздің дәптеріңізге сіздің адамгершілігіңіз ретіндегі қасиеттеріңіз деп мінезіңізді жазсын. Жалпы 5 қасиет жазса жеткілікті. Енді сізге жазылған қасиеттерді мұқият қараңыз. Сосын өзіңізге төмендегілерді белгілеңіз:
- сіз адамдарға қандай әсер қалдыратыныңыз туралы өзіңіз жаңа нәрсе білдіңіз бе;
-бұл мәліметті өз пайдаңызға қалай жаратасыз?
-ойланыңыз және бұған көрсетілмеген өзіңіз адамгершілікті немесе жағымды деп санайтын 5 қасиетті тізімге қосып қойыңыз.
Қорытынды: енді алынған тізімді қараңыз және бұндай адамды кім деп атар едіңіз?
Өзінің досы туралы жазатындарға ақпарат: Шынымен де достарыңыздың жағымды қасиеттерін ғана жазу керек.
Рефлексия
- Адамның қандай қасиеттері шынайы өзіндік бағалауға көмегін тигізеді?
- Сіз шынайы өзіндік бағалауға көмегін тигізетін қандай қасиеттерді көрсете алар едіңіз?
- Сіз адекватты өзіндік бағалаудың жолдарын білдіңіздер?
- Сіз өзіңізде қандай қасиеттерді дамытар едіңіз?
4-сабақ
МЕНІҢ ӨЗІМ ТУРАЛЫ ТҮСІНІГІМ
Мақсаты: оқушылардың өз-өзі туралы түсініктерін кеңейту.
Міндеттері:
- адам үшін өз-өзі туралы түсінігінің мәнін ашу;
- өзіндік сананың құндылықтық-мәндік құрылымын дамыту;
- өз-өзін көрсету білуді қалыптастыру және тәрбиелеу.
Ұйымдастыру кезеңі
Жаттығу-ойын «Өзім туралы 5 жағымды қасиет»
Тақтаға бірнеше оқушы шақырылады, олар бір-бірімен амандасады.
Нұсқаулық: Шеңбер жасаңдар. Қатысушылардың біреуі шеңберді бастайды; өзінің 5 жағымды қасиетін айтады. Сосын саған тілімен әрбір қатысушы өзінің 5 жағымды қасиеттерін айтады.
Сабақ тақырыбы бойынша сұхбат
Менің өз-өзім туралы түсінігім не? Өз-өзі туралы түсініктің ортасында, әрине адамның өзі тұрады. Адамның өзіндік санасының құрылымын төмендегідей компоненттер құрайды:
Өзіндік сана құрылымы |
|
когнитивті - танымдық |
эмоционалдық |
когнитивті компонент (өзінің қабілеттері, түр-әлпеті, әлеуметтік мәні туралы түсінік) |
Эмоционалдық-бағалық (өз-өзіне сенімділіқ, өзіндік сынилық, өз-өзін сүю, өз-өзіне қатынас, өзіндік бағалау) |
Өзі туралы түсінік, өзінің «Мен» бейнесі – өзінің тұлғасын қандай да бір жағынан қабылдаудың нәтижесі болып табылады. Өзі туралы түсінік адамның тұлғалық өсуінің маңызды бөлігі болып табылады. «Мен» - тұжырымдамасы адам сезінетін сыртқы әртүрлі ықпалдар әерімен қалыптасады. Әсіресе басқа маңыздылармен араласу мәнді болып табылады және индивидтің өз-өзі туралы түсінігін анықтайды.
«Мен – тұжырымдамасының» арқасында тұлғаның ішкі келісімге келуі жүреді, өмір тәжірибесінің интерпретациясы анықталады және күту қайнар көзі қалыптасады.
Өзін-өзі бағалау индивидтің тұлға болып қалыптасуына мүмкіндік туғызатын жағдай болып табылады.
Өзін-өзі бағалау өзін-өзі реттеудің басты қозғаушысы болып табылады, адам белсенділігінің, әлемге, адамдарға, өз-өзіне бағыты мен деңгейін анықтайды.
Тәжірибелік бөлім
Жаттығу. Өз-өзіңізді таныстыру сөздерін жазыңыздар.
-Басында өзіңіздің аты-жөніңізді толық жазыңыз.
-Сіздің қазіргі сәттегі жағдайыңызды толық жазыңыз, бұл оқушыға сіздің қазіргі сәтте өмірдің қандай кезеңінде тұрғаныңыз туралы түсінік тудыруға мүмкіндік береді.
-өзіңіздің барлық жетістіктеріңізді жазыңыз
-сізді толғандыратын мәселелер туралы айтыңыз
-өзіңіздің жеке қалауларыңыз туралы айтыңыз
-өзіңіздің өмірлік мақсаттарыңыз туралы айтыңыз
-мәтінді қайта оқыңыз және оны талдаңыз
-егер қажет болса түзету еңгізіңіз
Психолог сұрағы:
- Өз-өзіңізді таныстыру сөздерін жазғанда сіздер қандай қиыншылықтарға кездестіңіздер?
Ойын-жаттығу «Мен – бұл кім?»
Мақсат: өзіне жағымды қарым-қатынасты қалыптастыру. Оқушылармен бірге куклаға қарау. Оның балаға қай жері ұқсайтынын анықтау?
Талқылау және қорытынды: Кукла немесе бала болғанның қайсысы жақсы? Неге?
Жаттығу. Музыка-терапия
Мақсаты: Өзін-өзі көрсете білу шеберлігін қалыптастыру.
Нұсқаулық: Билеу арқылы өзіңіз не қалайтыныңызды көрсетіңіз. Шарты: тек қандайда бір бейнені көрсетесіз. Егер ол өзі ойлап тапса өте жақсы. Ол тек мимиканы көрсетіп қана қоймай, билегені өте маңызды. Ештеңе кедергі келтірмеу үшін бейнені салу кезінде көзіңізді жұмыңыз.
Психолог сұрағы: Өз-өзіңізді көрсетуге не кедергі келтірді? Неге?
Өзінің бағасын арттыруға бағытталған кеңестер:
Ø өзіңіз туралы тек жақсы нәрсе айтыңыз
Ø өзіңізді дәрежеңіз бойынша бағалаңы
Ø дене шынықтырумен айналысыңыз
Ø ақталмаңыз
Ø бас салудан қашыңыз
Ø «дұрыс» достарды таңдаңыз
Ø сүйікті ісіңізбен айналысыңыз
Ø адамдара пайда келтіріңіз
Ø рахаттанып өмір сүріңіз
Ø өз болашағыңызды жасаңыз
Рефлексия
- «Өзің туралы түсінік» нені білдіреді?
- Сіз өзіңіздің өзіндік санаңызды қалай елестетесіз?
- «Өзін-өзі көрсету» деген нені білдіреді?
- Сіз өзіндік бағалауды көретудің қандай әдістерін білдіңдер?
Соңында, аңыз оқу, талқыламау, ойлану үшін
«Өз-өзіне сену туралы аңыз»
Жеткіншек қыз әкесіне келіп былай дейді:
- Әке, мен бәрінен шаршадым, менің өмірім қиыншылықтар мен мәселелерге толы, өте қиын, мен үнемі ағысқа қарсы жүземін, бұдан ары шамам жоқ... Мен не істеймін? Әкесі жауап орнына суы бар бірдей 3 қазанды отқа қояды да, біреуіне сәбіз, екіншісіне жұмыртқа, ал үшіншісіне кофенің дәнін салады. Біраз уақыт өткен соң ол судан сәбіз бен жұмыртқаны алады және үшінші қазаннан кесеге кофе құяды. Ол қызынан не өзгерді? – деп сұрайды. Қызы сәбіз бен жұмыртқа пісті, ал кофе дәні суға араласты деп жауап береді. Әкесі – жоқ қызым, бұл тек заттың сыртынан қарағандағы көрінісі. Үлпілдек жұмыртқа қатты болып пісті. Сырттай олар өзгерген жоқ, олар тек өздеріне қолайсыз жағдайдан – қайнаудан өздерінің құрылымын өзгертті. Адамдар да сондай – сырттай күштілер әлсіреуі мүмкін және әлсіздер мен жұқалар қатайған кезде, олар әлсіз болуы мүмкін.
- Ал кофе ше? – деп сұрады қызы
- О, бұл ең қызықты жері! Кофе дәні жаңа ортада толықтай еріді және оны өзгертті – қайнаған суды керемет жұпар иісті сусынға айналдырды. Жағдайдың ықпалымен кетпейтін адамдар бар – олар жағдайды өзгертеді және оларды жаңа және керемет нәрсеге айналдыра отырып, одан пайда алады және білім игереді...
5-сабақ
МЕНІҢ ҚҰНДЫЛЫҒЫМ БҰЛ - МЕН
Мақсаты: оқушыларға жеке өмірлік құндылықтарын түсіндіру
Міндеттері:
- құндылықтар категориясы және оның басымдылығы туралы түсініктерді ашу;
- өмірлік маңызы бар құндылықтарды қалыптастыру;
- рухани-адамгершілік құндылықтардың мәнін тәрбиелеу.
Ұйымдастыру кезеңі
Ойын-жаттығу «Өзімнен сүйемін …»
Мақсаты: өзіндік құндылықтарды сезінуге эмоциональды жағымды көңіл-күйді тудыру.
Нұсқаулық: Кезекпен «Өзімнен (өзіңіздегі жақсы көретін қасиеттеріңізді атайсыз) және қоршағандардан (қоршағандардан жақсы көретін қасиеттеріңізді атайсыз) сүйемін деген сөйлемді айтасыз».
Жұмыс ережесі:
1. Бір-бірін мұқият тыңдау.
2. Айтушының сөзін бөлмеу.
3. Белсенділік.
Психолог сұрағы: Кім өзінің құндылығы туралы жақсы айта алады?
Теориялық бөлім «Құндылық дегеніміз не?»
Құндылық – бұл шынайылықтың ерекше түрі. Ол өз бетімен өмір сүрмейді, бірақ тек адаммен ғана емес, шынайы әлеммен де байланысты. |
|
|
||
Материалдық - заттар, ақша, жекеменшік… |
Көркемдік – өнер туындысы және әдебиеттер... |
Табиғи – күн шығу, теңіз, гүлдер, ландшафт… |
||
|
|
|
||
Әлемдегі барлық жаратылғандардың ішінен адам ғана табиғатты, өзінің жасаған әрекетінің нәтижесін және сонымен бірге өз-өзін бағалауға қабілетті.
Құндылықтар түрі әртүрлі болуы мүмкін: шынайы, виртуалды, табиғаттағы жоқ қиялдар (арман, идеалдар). Бірақ қандай жағдай болса да олар адам бар кезде құндылық статусын алады. Адам қолына түспейінше, алмаздың еш құны болмайды. Автокөлік – ұрлап кеткендер айдалаға адам көрмейтін жерге тастап кетсе, тек темір үйіндісі ғана бола алады. Құндылықтар адам бар жерде бағаланады.
Құнды әрқашанда пайдалы ма? Құндылықты адамның мәнді сөзіне байланысты басқа пайдалыдан, тиімдіден немесе қажеттіден айыра білу керек. Айырмашылығы қандай? Құндылық-пайдалыны үнемі өлшеуге және басқа құндылықтармен салыстыруға болады, ал кез-келген жоғары құндылық өз деңгейінде абсолютты болып саналады және оны жоғалту мүмкін емес; бұндай құндылықты – «құны өте жоғары» деп те айтады.
Құндылықтар – адам өмірін анықтау үшін үлкен рөл ойнайды. Көптеген құндылықтар жүйесі мен оларды топтастыру түрлері бар. Ең бастысы, құндылық саласы – бұл адамның тіршілік етуінің барлық саласы. Олар сол адамның ішінде, сол сияқты сыртында, тіпті адам мүмкіндігінің шегіне дейін дамиды. Бірақ олардың ішінде ең бастысы адам өмірінің құндылығы болып табылады. Адамсыз құндылықтардың еш мәні болмайды.
Талқылауға арналған сұрақтар:
1. Құндылық дегеніміз не?
Жауап: Құндылық – бұл моралдық және материалдық тұрғыдан қарағанда құны бар нәрсе.
2. Құндылықтың негізгі сипаттамасын атаңыз?
Жауап: Материалдық, көркемдік, табиғи және адамзаттық – отбасы, қарым-қатынас, достар....адам тіршілік ететін барлық сала.
3. Онсыз басқа құндылықтардың мәні жоқ ең басты құндылықты атаңыз?
Жауап: Ең басты құндылық АДАМ болып саналады. Адамсыз құндылықтардың еш мәні болмайды.
4. Өз құндылықтарыңыз туралы айтыңыз.
1-жаттығу «Табысты адамдардың өмірлік құндылықтары»
Мақсаты: өзінің өмірлік құндылықтарын анықтауға, өзін-өзі реттеуге және өзін-өзі бақылауға, оларды табысты адамдардың өмірлік құндылықтарымен сәйкестендіруге мотивацияны жоғарылату.
Нұсқаулық: Өзіңіз құрметтейтін бір табысты адамды мысалға алыңыз және оның өмірлік құндылықтарын жазыңыз. Сіздің ойыңызша, оның қандай өмірлік құндылықтары бар.
2-жаттығу «Құндылықтар тізімі»
Мақсаты: өмірлік құндылықтарды анықтау.
- Қазір мен сіздерге біразы ойланып және сіз үшін қандай құндылықтар өте маңызды, ал қайсылары екінші жоспарға ысырылатынын шешуді ұсынамын. Өзіңіз таңдаған құндылықтарды қағазға жазып жанына мәнділігі бойынша реттік нөмірін қоясыз.
Өзіңіз үшін маңыздылығы бойынша құндылықтарды таңдап, жанына маңыздылығы бойынша нөмір қоясыз:
Пікір. Қатысушылардың қалауы бойынша айналадағыларды құндылықтар тізімімен (әр топтан бір қатысушы) таныстырамыз.
· Қызықты оқу;
· Басқалардың сізді мойындауы;
· Материалдық жинақ;
· Отбасы;
· Достар;
· Қнағаттану және көңіл көтеру;
· Денсаулық;
· Жақсылық;
· Шыншылдық;
· Шығармашылық.
3-жаттығу: Мини-тест «Менің құндылықтарым»
Қазір мен сіздерге 12 бөлім оқимын,ал оны сіздер қағазға жазып аласыздар. Сосын сіз әрқайсының жанына маңыздылық дәрежесіне байланысты бірінші, екінші, үшінші деп сан қоясыңдар. Сонымен, құндылықтар тізімі:
- материалды камтамасыз етілген өмір;
- бақытты отбасылық өмір;
- денсаулық;
- шығармашылық;
- жақсы және сенімді достардың болуы;
- бостандық, әрекет пен қылықта тәуелсіз ретінде;
- сүйіспеншілік;
- өзіңе сенімділік;
- қызықты жұмыс;
- табиғат пен өнердің сұлулығы;
- таным, жаңаға ұмтылу;
- белсенді, әрекеттік өмір.
Психолог қалауы бойынша құндылықтарды ретімен оқуды сұрайды және «Сіздің құндылықтарыңыздың, достарыңыздың, ата-аналарыңыздың құндылықтарынан айырмашылығы бар ма?» деп сұрақ қояды.
Үй тапсырмасы: «Балалар мен ата-аналар құндылықтары» атты шағын зерттеушілік жұмыс жүргізу. Барлық оқушыларға «Менің құндылықтарым» әдістемесі бойынша өз ата-аналарын тесттен өткізу керек. Бір оқушыға ата-аналар мен өз сыныптастарының барлық тесттер нәтижесін жинап алып, ата-аналар мен балалар жауаптарында алғашқы/соңғы орындардағы қандай құндылықтар жиі кездеседі, қайсысы сәйкес келеді,қайсысы келмейді, соны талдау ұсынылады.
4-жаттығу «Құн және құндылық»
Мақсаты: құн деген не, құндылық деп нені айтамыз, соны әдейі көрсету.
Жұппен жұмыс, бірі сатып алушы бірі иесі алушы.
Нұсқаулық: Иесі мен сатып алушы арасында саудаласу болады, сатып алушы иесінің қолындағы затқа ең жоғары құн беруге дайын. Ол: «Маған сат, мен саған жақсы бағамен төлеймін» дейді. Ол «Сатамын» немесе «Ең жоғары бағаға да сата алмаймын» деген жауап естиді.
Ойланыңыздарғ сіз сата аласыз ба және қандай бағаға?
Сатылады:
1. Сіздің он жыл асыраған мысығыңыз;
2. Сіздің жақсы көретін бір килограмм тәттіңіз;
3. 19 ғас. соңындағы отбасылық фотоальбом;
4. Жақсы досың сыйлаған қаламсап;
5. Әдемі сәнді киімдер аксессуары;
6. Атаңнан қалған ескі жазу машинкасы.
Сұрақтар:
- Неге біреуі жылдам сатылады, ал басқаларын иесі қанша сұраса да сата алмайды?
Қорытынды: «Құн» және «құндылық» деген түсініктер бар екен, олардың мәндік белгілері ескеріледі:
- Құн – барлық ақшаға сатылатындар.
- Құндылық – адам өмірі үшін маңызды нәрселердің барлығы.
Ең маңызды құндылық не? (бұл біздің ӨМІР)
5-жаттығу «Достық браслеті». Мақсаты: Бірге шығармашылық іс-әрекет арқылы қатысушылардың достық қарым-қатынасын қалыптастыруға мүмкіндік жасау.
Нұсқаулық: Сіздердің алдарыңызда екі лента жатыр. Оларды алыңыз да жақсы тілек айта отырып, сүйікті адамыңызға сыйлаңыз.
Қорытынды: Әзірге біз біргеміз, қасымдасың, достардың демеуі мен көмегін сезгенде, біз жақсылық істер жасаймыз және бір-бірімізге көмектесеміз. Бұл да өте құнды.
Рефлексия
- Сіздер қандай құндылықтармен таныстыңыздар?
- Бұл құндылықтардың арасында қандай айырмашылық бар?
- Адамзат үшін қандай құндылық ең бастысы болып табылады?
- Сіз үшін қандай құндылық маңызды? Неге?
6-cабақ
ӨЗІМДІ ІЗДЕУДЕМІН
Мақсаты: өзі, өзінің ерекшеліктері туралы түсінікті кеңейту, өзін және басқаларды түсіну қабілетін қалыптастыру.
Міндеттері:
- өзінің орнын түсінуді дамыту;
- адамшылық қасиеттерді дамытуға ммүмкіндік жасау;
- өзіне және қоршағандарды құрметтеуге тәрбиелеу.
Ұйымдастыру кезеңі
Ойын-бой жазу «Бүгінгі күнге сәлем»
Сіз допты біреуге лақтырасыз да, оған сол уақытта тілек айтасыз. Ал допты алған адам оны басқа адамға лақтырып, оған бүгінгі күнге тілек айтады.
Сабақ тақырыбы бойынша сұқбат
Өзін-өзі бекіту – адам өзін-өзі беткітетін акция және бұл бекіту ақырында оның ішкі «Меніне» ауысуына әкеледі.
Өзін-өзі бекітудің мәні – адам өзін өзіне-өзі бекітеді.
Басында адам жалғыз өзі өзін-өзі бекітеді, сосын қауымдастық, адамдар тобы, халықтар, өзін-өзі бекіте алады, бірақ ұжымдық өзін-өзі бекіту, жеке адамдарың өзін-өзі бекітуіне қарағанда өнімдірек. Өзін-өзі бекітуге қарама-қарсы өзін-өзі жоққа шығару болып табылады. Олар өте ұқсас – адам өзі жасайды да, ақырында оныі ішкі «Менінде» жүреді, бірақ нәтиже өзін-өзі бекітумен салыстырғанда керісінше шығады.
Өзін-өзі іздеу. Өзін-өзі іздеу өзін-өзі бекіту мен өзін-өзі құрметтеудің қажетті бөлігі болып табылады. Шынын айтқанда, іздеу сәтсіз болып аяқталуы да мүмкін. Ең бастысы табу емес, өзіңді сыртыңнан басқаша қарауға мәжбүрлейтін үрдіс болып табылады.
Ал өзіңе басқа көзқараспен қарау қандай маңызды! Сол кезде сен өзіңнің кемшіліктеріңді, ақауларыңды және ауытқушылығыңды ғана емес, өзіңнің кейбір дәрежеңді де байқауың мүмкін. Тек сенде ғана қайталанбас белгілер бар.
Ал егер тереңірек «қазбаласа», саған тағдыр сый жасауы мүмкін, үлкен нәрсенің бөлшектерін шашып тастағанын табуың мүмкін. Өйткені әрбір адам «кішкентай» болса да дарынмен өмірге келеді, бірақ оны өзі байқамауы мүмкін. Бір сөзбен айтқанда адам, өзін нашар білсе, оны басқалардың түсінуі де қиынырақ.
Сол үшін Вольтердің мына «Сәтсіздікті бәрі басынан өткізуі мүмкін, ал жетістікті басынан өткізуің үшін мықтыбас керек» - сөзін деген естен шығармау керек.
Тест «Сен жалқау болып барасың ба?»
- Келіңдер, адамның ең басты жауы – жалқаулыққа қарым-қатынасың қалай екенін білейік. Сен жалқау болып барасың ба? Табысты болғың келем ме? Табысқа жету үшін өзіңіздің табиғи енжарлығыңызды жеңу қажет болаы.
1. Таңертең оянып, сіз бірден тұрасыз ба әлде жата тұрғанды қалайсыз ба?
А. Жалпы бірден тұрам.
В. Жата тұрғанды өте жақсы көрем.
С. Мүмкіндік болғанда ғана жата аламын.
2. Егер ересектер саған нақты уақытқа бір тапсырма берсе, берілген уақытты қалай пайдаланасың?
А. Жоспармен жұмыс істеймін.
В. Демалысқа уақыт қалдыру үшін барлығын мерзімінен бұрын бітіремін.
С. Айтуға ұят, уақыттың көп бөлігінде басқа нәрсемен айналысамын, сосын түнімен отырамын.
3. Сенде мектепке кешіккен уақыттар бола ма?
А. Жиі емес, бірақ ұйықтап қаламын.
В. Ондай ешқашан болган емес.
С. Жиі.
4. Сен бүгін жасайтын нәрсені ертеңге қалдырасың ба?
А. Үнемі.
В. Барлығын үлгеруге тырысамын.
С. Кейде.
5. Сенің жұмысыңды орындау үшін достарың мен ата-анаңнан жиі көмек сұрайсың ба?
А. Жоқ, бұл менің ережеме сай емес.
В. Анда-санда, егер тек қалдыруға болмайтын жұмыс болса.
С. Неге сұрамасқа, олар жақсы адамдар, қарсы болмайды!
6. Сенің өміріңде жасағың келмей, жалқаулық үшін, өз жоспарларыңнан бас тартқан кездерің бола ма?
А. Кейде, қатты шаршағанда.
В. Жиі.
С. Жоқ, егер солай шешсем, жасауға тырысамын.
7. Сен күн тәртібін (тамақ, ұйқы) сақтайсың ба?
А. Маған бұл керек емес.
В. Тәртіп жоқ, бірақ өмірдің нақты реті (сабаққа бір уақытта тұрамын) бар.
С. Иә, бұл мені шынықтырады.
8. Сен лас ыдысты ертеңге жууға қалдырасың ба?
А. Жоқ, ешқашан.
В. Анда-санда.
С. Үнемі десе болады.
9. Сен өзіңді белсенді өмірлік көзқарастағы адам немесе «өмір ағынымен жүзетін» адам деп қарастырасың ба?
А. «Өмір ағынымен жүзу» жаман емес, көптеген философтар өмірді әсерілеп жібереді.
В. Кейде өзімді түзеймін.
С. Өз тағдырымды құруға өзім қатысуға тырысамын.
10. Сен үйді жиі ылғалдап тазалайсың ба?
А. Аптасына 1—2 рет, тіпті одан да жиі – шаңды жек көремін.
В. Аптасына 1 рет қана.
С. Жиі жасағым келеді, бірақ түрлі себептермен үнемі жасай алмаймын.
Ал енді кестені қолдана отырып шыққан баллдарды сана
|
А |
В |
С |
1 |
1 |
3 |
2 |
2 |
2 |
1 |
3 |
3 |
2 |
1 |
3 |
4 |
3 |
1 |
2 |
5 |
1 |
2 |
3 |
6 |
2 |
3 |
1 |
7 |
3 |
2 |
1 |
8 |
1 |
2 |
3 |
9 |
3 |
2 |
1 |
10 |
1 |
3 |
2 |
10—16 балл
Құттықтаймыз, сен қызметкер адамсың және нашар адам боламын деп қорықпайсың! Бірақ демалысты да ұмытпауыңыз керек, өйткені барлық жұмысты бәрібір бітіре алмайсың, ал қазіргі өмір ырғағында шаршау жеңіл.
17—23 балл
Сен әрбір адамда кездесетін өз жалқаулығыңды оңай жеңесің. Егер сенде демалуға толы мүмкіндік болса, онда жұмыс пен үй тіршілігі сіздің күшіңізді құртпас еді, жалқаулықтың ізі де қалмас еді. Өзіңе қызық жерлерге баруды кейінге шегермеңіз.
24—30 балл
Егер сіз ерінбей осы жерге дейін оқысаңыз, онда жалпы бәрі қалыпты. Мүмкін сенің табиғатың нәзік және сезімтал, еркіндік пен жайлы өмірді қалайтын шығар. Басқа жағынан сен өзің қалаған нәрсеге қол жеткізуге үйренбеген шығарсың.
Егер саған енжар өмір сүруге мүмкіндік беретін өте бай немесе қолдаушың болса онда керемет. Бірақ өзіңіздің жағдайыңызды жасау үшін, сізге жалқаулықты тастауға тура келеді! Сенен аз ғана нәрсе талап етіледі: алдымен жеке күн тәртібін жаса және оны мүлтіксіз орында.
1 ойын-жаттығу «Жақсылық пен жамандық ақыры тізбегі».
Ойын ойлаудың жылдамдығын, өз пікіріңді айтуға батылдықты, тапқырлық пен сенімділікті жақсы дамытады.
Ойын әдістемесі: барлық адам қатысады, жетекші қазіргі жағдайды түсіндіреді және біріншіден «Бұнда не жақсы?» деп сұрайды. Бірінші қатысушы жауап береді. Жетекші екіншіден «Бұнда не жаман?» деп сұрайды. Үшіншіден «Бұнда не жақсы?» деп сұрайды. Төртіншіден «Бұнда не жаман?» деп сұрайды.... Ойын ары қарай жалғасады бұл ойынның басқа нұсқасы: жетекші кезекпен екі жұп «Бұл жақсы, өйткені?..., сосын «Бұл жаман, өйткені?... сұрақты қайталап сұрайды. Жауаптан соң ары қарай қайталап сұрауды жалғастырады.
Қазіргі ситуация: «Аяқты суға салу».
Аяқты суға салу – бұл ЖАМАН, өйткені...- ауырып қалуы мүмкін
Ауыру — бұл ЖАҚСЫ(!), өйткені...— ...мектепке бармауға болады.
Мектепке бармау — бұл жаман, өйткені... — ...үйде отыру үш пыстырады.
Үйде отыру — бұл ЖАҚСЫ, өйткені...— ...өзбетіңмен ойнауды үйренесің.
Өзбетіңмен ойнау ЖАМАН, өйткені...— ...балалардан ажырап қаласың.
Балалардан ажырау ЖАҚСЫ, өйткені......мені ауылға алып кетсе, ішім пыспайды т.с.с.
Әңгімені керісінше сұрақтан бастаса да болады.
Аяқты суға салу — бұл ЖАҚСЫ, өйткені......батинканың жыртылғанын білесің.
Ботинкадан су кіргенін білу ЖАМАН, өйткені... — ...жаңасын сатып алу керек.
Жаңа ботинка сатып алған ЖАҚСЫ, өйткені......жаңа ботинкамен шалшық суды қорықпай кешесің.
Шалшық суды кешу ЖАМАН, өйткені ...анамыз ұрысады.
Анамыз ұрысса — бұл ЖАҚСЫ, өйткені...— ...ол мен бірнәрсеге үйретеді...
Жетекшіге «жақсы» және «жаман» деген сұрақтарды қателеспеу ретімен айту керек. Қатысушылардың жауаптарын қатаң талқыламау керек. Оларға, қиын, оларды барлығы тыңдап отыр, ойлануға уақыт аз.
Қолдауға арналған 2-жаттығу: «Қолды иыққа қою»
Екі шеңбер жасалады, қатысушылардың ішкі шеңбердегісі отырады, ал сыртындағылар олардығ иығына қолын қойып артында тұрады. Сыртқы топ жетекшінің белігісімен қозғалады. Сыртқы шеңбер қатысушыларының міндеті іште отырған адамдардың құлағына ақырын және шынайы комплимент айтуы керек. Ішкі шеңбер көздерін жұмып тыныш отырады. Адамнан адамға ауысқанда іштегі адамдардың иығы бір секунд та қолдардан бос болмайтындай болу керек. Сосын ішкі және сыртқы шеңберлер рөлдермен ауысады.
Рефлексия: Сауаал шеңбер бойынша және кім не сезінде.
3-жаттығу «Менің суретім күн сәулесінде». Әрбір оқушы параққа күн суретін салады, ортасына өзінің атын жазады, сәулесіне – бірнеше өзінің жағымды мінез қасиеттерін жазады, сосынол парақ шеңбер бойынша бір біріне беріледі, әрқайсысы бұл адамнан өзіне не ұнайтынын жазады. Бұл «Мен неге құрметке иемін?» деген сұрақтың жауабы.
Рефлексия
- Өз-өзіңді іздеудің мәні неде?
- Өз-өзін қабылдау және өз-өзін жоққа шығару деген не?
Ойлау үшін талқылаусыз аңыз оқу.
«Өзіңді іздеу» аңызы
Бұрынғы заманда Болат деген адам болыпты. Ол ең басты кәсібі ұрлық жасаудан шебер екен. Өмірде оған бәрі ұнайтын, бірақ ол өзін кеңірек білгісі келді. Ақылды болғысы келіп ол өзіне ұстаз іздейді. Көптеген данышпандарға келіп, өзінің ақылды болғысы келетінін және өзінің ұры екенін жасырмай айтты. Ұстаздар оны тыңдап алып, ұрлық жасау жаман деп бастарын шайқайтын. Кейбір ұстаздар бірден бұны оқытудан бас тартты, кейбіреулері ол ұрлығын қойса оқытуға келісімін берді. Болат өзінің сүйікті кәсібін тастағысы келмеді және одан әрі ұстаз іздеуін жалғастырды. Өмір оны бір күні шашы аппақ данышпанмен кездестірді және ол өзінің қалауы туралы айтты. Данышпан оны шын ықыласымен оқытуға келісімін берді. Болат мен ұрымын ғой, бұл қалай? – деп таң қалды. Кезінде ең мықты ұстаздар мені оқытудан бас тартты, неге ақсақал менің өткен өмірімді кінәламайсыз деп сұрайды. Болат сен өз кәсібіңде шыңға шықтың және бұл құрметтеуге тұрарлық деп жауап берді данышпан. Мен ұры емеспін, ал сенің ұры екеніңе мен басымды қатырмаймын. Менің санам жаманшылықтан таза, сондықтан менің ұрлыққа қатысым жоқ. Ал сенен бас тартқандар, өздері ұры, ары басқаларға жібермейді. Басқаларға шек қоя отырып, біз өзіміз сондай боламыз немесе шектеу энергиясын тудырамыз. Тудырамыз және күшейтеміз. Болат жауапқа таң қалды және оқушы болуға қуана-қуана келісті. Мен ұрлықты қоюдан басқа, талабыңның бәрін орындаймын. Жақсы, солай ақ болсын деді данышпан. Болат күндіз ұстаздан оқиды және кешке өзінің кәсібін жасап рахаттанып жүрді. Бір күні ол мұражайдан әдемі зат ұрлап алды және оған қызыға қарады. Болат іштей бқл затты өзіне алмауым керек, бұны барлығы көріп қызығуы керек екенін сезінді. Болат осы түні ештеңеге мұқтаж емес екенін түсінді және өзін қанағаттанған бақытты адам ретінде сезінді.
Ол өзінің ұстазына келіп аяғына жығылып тұрып, өзінің ішкі бақытын тапқанын айтты. Өзі түсінді, келді, өзі шешті және не алғанын өзі айтты. Данышпан осылай шәкіртіне өз өміріндегі арқасындағы ауыр жүкті түсіруге көмектесті. Данышпан Болатқа өзін тану күші мен сүйіспеншілікті алуына көмектесті. Өмір керемет және тек бір нәрседен тұрады, ол сүйіспеншілік энергиясы және өмірде одан басқа ештеңе жоқ. Сүйіспеншілік іште, оны сырттан іздеп керегі жоқ.
7-сабақ
МЕНІ ҚОЛДАЙДЫ ЖӘНЕ ТҮСІНЕДІ
Мақсаты: балалар ұжымының тату болуына көмек көрсету және бір-біріне құметті қарым-қатынасты қалыптастыру.
Міндеттері:
- ұжымның әрбір мүшесін құрметтеу қабілетін қалыптастыру;
- адамдармен өзара тіл табысу қабілетін дамыту;
- айналадағы адамдарға қарым-қатынас бойынша адал және сезімтал болуға ұмтылуды тәрбиелеу.
Ұйымдастыру кезеңі.
Бүгін біз жұмысымызды «Біз сенімен ұқсаспыз....» жаттығуымен бастаймыз.
Қатысушылар екі топқа бөлінеді. Бір топ ішкі шеңберді, екінші топ сыртқы шеңберді құрайды. Барлығы бір-біріне қарап тұрады. Сыртқы шеңбердің әрбір қатысушысы өзінің серіктесіне: «Біз сенімен ұқсаспыз....», бұдан кейін іштегі шеңбердегі тұрғандар «Біз сенен ұқсамаймыз.....» деп жауап береді де, жаңа әріптесіне қарай бір қадам аттайды. Жаттығу барлығы өзінің бірінші серіктесіне жеткенше қайталанады.
Талқылау қорытынды: сіздер немен бір-біріңе ұқсайсыңдар және ұқсамайсыңдар?
«Қарым-қатынас» сөзімен сөздік бой жазу
Қарым-қатынас деген не? Қарым-қатынас сөзіне бір түбірлі сөздерді (қауымдас, жалпы, араласқыш, әріптес, хабарлау) көбірек жинау керек. Сөздікке назар аударамыз. Қарым-қатынас – адамдар арасындағы байланыс, өзара әрекет, бірге жасаған әрекет формасы. Араласу сөзі біреумен танысуды, достасуды, бөлісуді, біреуге қатысудың бөлігін беруді білдіреді. Көрдіңіздер ме, қазақ тілі өте бай. Адамдар бір-бірімен араласу үшін тіл өте қажет. Ал кейде араласу үшін қажетті сөздерді таба алмай жатамыз. Сөздің үлкен әсері барын ұмытпауға тиіспіз. Қазақта мақал бар «Сөз тас жарады, тас жармаса бас жарады» - деген. Сондықтан әрбір аузымыздан шыққан сөзге мән беруіміз керек.
Сабақ тақырыбы бойынша сұқбат.
Бүгін біз басқалар бізді түсінуіміз үшін не істеуіміз керек, сол туралы сөйлесеміз. Біз үнемі еститін мынадай фраза бар: «Бақыт – мені басқалар түсінген кезде» мен ойландым, түсіну деген не, адамдар оны қалай қабылдайды. «Түсіну – бұл адамдардың мені естігенін сезіну, адамдардың менің қалауыммен, менің қажеттіліктеріммен жүруі, адамдардың біз үшін өте қажетті нәрсені жасауы, эмоционалдық тұрғыдан бізге қосылуы. Соңғы элементі – эмоционалдық қосылу – бұл бізге өзімізді түсінді деген сезім береді.
Мысалы бізге қарап тұрса, бізге қызығып түрғанын сеземіз. Бірақ әртүрлі көзқараспен қарауға да болатынын да білеміз. Кейде осы көзқарастан, аяушылықты, қызығушылықты, түсінушілікті оқимыз. Кейде біз адамның ойы басқа жақта болып отырғанын дәл аңғарамыз. Ол маған қарап отырады, бірақ кешкі тамаққа не жасаймын, ертеңгі конкурстан қалай өтемін деп ойлап отырады. Ол жағдай біздің де басымыздан өтеді. Біз мұқият тыңдай аламыз, әңгіменің мазмұнын түсінеміз, керек болса оның не айтқанын сөзбе-сөз қайталаймыз, басқа адам сонда да өзін түсінгендей және тыңдалғандай сезіне алмайды.
Сонымен, түсінікті болу үшін не істеу керек? Ең бастысы өз-өзімізді түсінуіміз керек, егер біз өз-өзімізді түсінбесек, онда бізге басқалар еш көмек бере алмайды. Бағы бір маңызды аспект... Түсіну үлкен дәрежеде адамдар арасындағы өзара байланысқа қатысты – елсіз аралда отырып және мені кім түсінеді деуге де болмайды. Екінші аспект, айтқым келгені – бұл адаммен не үшін сөйлесіп отырғаныңды және бұл әңгімеден пайдалы не алатыныңды түсіну. Өйткені біз өзіміздің бір қалауымызды айтамыз, бірақ ішімізде басқа нәрсе тұрады.
Мысалы, егер мен бір адаммен бірге уақыт өткізгім, сөйлескім келсе, оны тура айтпай, оның назарын өзіме аудару үшін басқа бір сылтау іздеймін. Сондықтан не қалайтыныңды түсіну өте маңызды. Егер бұл жан жылуы сізге жетпейтін болса, онда қазір мен ең бірінші жақын адамдардығ қарым-қатынасы туралы айтам, өйткені бұл қарым-қатынас формальды, алыс болса, онда бұл жерде – нақты сұрақпен келдіңғ өз сұрағыңызға жауап алдың, ары қарай кеттің деген басқа қағидалар әрекет етеді.
«Топтық татулықты бағалау» әдістемесі (СИШОРА – ХАНИНА)
Мақсаты: Сынып ұжымының татулық деңгейін бағалау.
Нұсқаулық: Әрбір сұрақты мұқият оқыңыз және Сіздің пікіріңізге сәйкес келетін бір жауапты таңдаңыз.
I. Сіз өз сыныбыңызға жататыныңызды қалай бағалайсыз?
1. Өзімді ұжымның бөлшегі, мүшесі ретінде сезінемін (5).
2. Іс-әрекеттің көптеген түріне қатысамын (4).
3.Іс-әрекеттің бір түріне ғана қатысамын, басқасына қатыспаймын (3).
4. Өзімді ұжымның бөлшегі, мүшесі ретінде сезінбеймін (2).
5. Ұжымның басқа мүшелерінен бөлек «Өмір сүремін» (1).
6. Білмеймін, жауап беруге қиналамын (1).
II. Сізге мүмкіндік болса, басқа сыныпқа ауысып кетер ме едің?
1. Иә, ауысуды қатты қалаймын (1).
2. Бұнда қалғанша, ауысып кетер едім (2).
3.Ешқандай айырмашылық көрмей тұрмын (3).
4.Өз сыныбымда қалар едім (4).
5. Өз сыныбымда өте қатты қалғым келеді (5).
6. Білмеймін, жауап беру қиын (1).
III. а) Сіздің сыныбыңызда сабақтағы оқушылар арасындағы өзара қарым-қатынас қандай?
1. Көптеген сыныптарға қарағанда жақсы (3).
2. Басқа сыныптардағыдай(2).
3. Басқа сыныптарға қарағанда нашар (1)
4. Білмеймін (1)
б) Әртүрлі іс-шараларда («алау», мәдени жорық, экскурсия және т.б.)
1. Көптеген сыныптарға қарағанда жақсы (3).
2. Басқа сыныптардағыдай(2).
3. Басқа сыныптарға қарағанда нашар (1)
4. Білмеймін (1)
в) Мектептен тыс:
1. Көптеген сыныптарға қарағанда жақсы (3).
2. Басқа сыныптардағыдай(2).
3. Басқа сыныптарға қарағанда нашар (1)
4. Білмеймін (1)
IV. Сынып жетекшісімен өзара қарым-қатынас қалай?
1. Көптеген сыныптарға қарағанда жақсы (3).
2. Басқа сыныптардағыдай(2).
3. Басқа сыныптарға қарағанда нашар (1)
4. Білмеймін (1)
V.Сабақтағы және әртүрлі іс-шаралардағы іске қарым-қатынас қалай?
1. Көптеген сыныптарға қарағанда жақсы (3).
2. Басқа сыныптардағыдай(2).
3. Басқа сыныптарға қарағанда нашар (1)
4. Білмеймін (1)
Нәтижелерін өңдеу. (Топтық татулық коэффициентін табу үшін жақшада көрсетілген баллдарды қосамыз)
Әдістеме кілті:
Топтық татулықтың жоғарғы деңгейі - 25 балл.
Топтық татулықтың орташа деңгейі – 22 балл.
Жаттығу «Бір-бірімізді түсінуді үйренеміз»
Топ мүшелері бөлмеде кезіп жүреді, тоқта деп белгі берілгенде олар тоқтауы тиіс және топ ішінен өзіне ең жақын тоқтаған қатысушының қасына тұрады. Ешқандай сөз айтпай қатысушы, басқа адамның – дене тұрғысын, мимикасын, дем алыс жиілігін, көзқарасын сезінуге тырысуы керек. Олар басқа қатысушының эмоционалдық қалпын сезініп және өзінің жағдайын жылдам бағалау керек. Серіктестер жарты минуттан кейін өздерінің бір-бірінен алған әсерлерін бөлісуі керек (2 мин.). Жаттығу 2-3 рет қайталанады.
Талқылау:
§ Неге адамдарға дене тілін түсінуді үйрену маңызды?
§ Ойыншыларды қаншалықты жақсы түсіне алдыңыз?
§ Әрқайсысынң өз серіктестеріңіздің ішкі қалпын сөзсіз қандай дәрежеде түсіне алдыңыз?
Ойын-жаттығу «Сапарға жол». Қазір біз алыс жолға шығатынымызды елестетейік. Алыс жолға көп нәрселер алатанын білеміз. Ал біз сапарға аттанып бара жатып қарым-қатынас жасауға, бейбіт және келісімде өмір сүруге көмектесетін қасиеттеі аламыз. Сіздерде қасиеттер жазылған қағаз бар, адамға қарым-қатынас жасауға қажетті қасиеттерді белгілеңіз. (Жұмыс карточкамен жұппен жасалады).
Адамға қарым-қатынас жасауға қажетті қасиеттерді белгілеңіз (V):
☺ салмақтылық ☺ кінәмшілдік
☺ ренжігіштік ☺ ақкөңілділік
☺ көңілділік ☺ жабықтық
☺ дөрекілік ☺ шыншылдық
☺ ашықтық ☺ бауырмалдық
☺ ұқыптылық ☺ шыншылдық
☺ әділдік ☺ қырсықтық
☺ ақжүректік ☺ достастық
☺ басқаларға жаны ашу ☺ өткірлік
☺ басқаларды тыңдай алмау ☺ жол бергісі келмеу
☺ өз-өзіне сенімділік ☺ байланысқыш
Талқылау. – Сіз ең керемет қасиеттерді алдыңыз. Бұл қасиеттер адамға басқа адамдармен контакт орнату үшін, қарым-қатынас жасау үшін өте маңызды екенін естен шығармаңыз.
Жаттығу «Ереже бойынша қатынас жаса». Қатынас барысында өзара түсінушілік болуы үшін, нақты бір ережелерді сақтау керек. Олардың ең бастысы «Өзіңе қандай қатынасты қаласаң, досыңмен сондай қатынас жаса» деген.
Ал мынау іскерлік қатынас бойынша мамандардан бірнеше кеңес. Сіздерге осы ережелерге өз пікірлеріңізді беруді сұраймын. (Мұғалім ережені оқиды, оқушылар пікір айтады.)
1. Барлығына ұқыпты болыңыз
2. Артық сөз айтпаңыз.
3. Өзіңіз туралы ғана емес, басқалар туралы да ойлаңыз.
4. Сыпайы киініңіз.
5. Жақсы тілмен сөйлеңіз және жазыңыз.
6. Өз-өзіңді ақтамаңыз (мені түсінбейді, мені бағаламайды, маған қиянат жасайды және т.б.).
7. Өзіңізден жауапкершілікті алмаңыз.
8. Шыншыл, намысшыл және әділ болыңыз.
9. Шыдамды және оптимист болыңыз.
10. Басқалардың пікірін ескеріңіз.
11. Сізді қоршаған адамдардың жетістігіне қуаныңыз.
12.Қарым-қатынаста табиғи болыңыз.
13. Өз адресіңізге айтылған шындықтан қорықпаңыз.
Кім осы ережелерді орындаса, араласқанда ләззат алатын сыпайы, мәдениетті, дұрыс адам деген дәрежеге ие болады.
4 ойын-жаттығу «Комплимент». Қазір мен сіздерден тұруды өтінемін. Жаныңда тұрған адамға бұрылып, жақсы сөз айтыңыз, бір-бірімізге комплимент айтамыз. Комплимент айтудың міндетті шарты:
1) Атымен атаңыз,
2) айтылған сөз айтқан адамға емес, тыңдағанға жағымды болуы керек.
Мен де сізбен қуана-қуана сөйлесер едім. Сіздер өте қызықты, көңілді....балаларсыздар.
5-жаттығу-өлең «Достық туралы өлең» В.Шаинский
Жел соғады,
Алыс, алыс алыстан,
Бұлттарды қуалап.
Егер сен досыңды,
Әлі де кездестірмесең
Өкінішті!
Әлем гүлденеді,
Егер қасыңда досың болса
Досыңды сапарға ал,
Дос әрқашан сенімді!
Егер қасыңда досың болса
Досыңды сапарға ал,
Дос әрқашан сенімді!
Әлем гүлденеді,
Өлеңмен
Достарыңды
Шеңберге жинайсың.
Көңілсіз күнді,
Достарым,
Шаттыққа бөлейді!
Әлем гүлденеді,
Егер қасыңда досың болса
Досыңды сапарға ал,
Дос әрқашан сенімді!
Егер қасыңда досың болса
Досыңды сапарға ал,
Дос әрқашан сенімді!
Қуан, қуан, қуан
Достарың сен үшін
Қиындықты жеңеді
Доспен бірге қиындықтың
Салмағы білінбес
Иә, Иә, Иә!
Әлем гүлденеді,
Егер қасыңда досың болса
Досыңды сапарға ал,
Дос әрқашан сенімді!
Егер қасыңда досың болса
Досыңды сапарға ал,
Дос әрқашан сенімді!
Рефлексия.
- Бүгін біз жаттығуда нені жаттықтырдық? Не үшін?
- Неге, сөзді айтпас бұрын жақсылап ойланып алу керек?
- Сіздер қалай ойлайсыздар, қатынас жасау неге өте маңызды?
Сабақ соңында сауалнама жүргіземіз: Сауалнама ұсынатын әрбір берілген үш тұжырымдаманың ішінен Сіздің өз сыныбыңыз туралы пікіріңізге сәйкес келетінін қоршап қойыңыз.
1 сауалнама.
Сыныптағы достық пен ниеттілік туралы пікір
1. Біздің сынып өте тату және дос.
2. Біздің сынып дос.
3. Біздің сыныпта дауласу жоқ, бірақ әркім өз бетімен өмір сүреді.
4. Біздің сыныпта дау анда-санда болады, оны жанжал деп айтуға келмейді.
5. Біздің сынып дос емес, дау болып тұрады.
6. Біздің сынып дос емес, бұнда оқу қиын.
2 сауалнама
Сыныптағы өзара көмек туралы пікір
1. Біздің сыныпта бір-біріне айтпай-ақ көмектесу дәстүрге айналған,
2. Біздің сыныпта тек өз достарына ғана көмектеседі.
3. Біздің сыныпта тек сұраса ғана көмектеседі.
4. Біздің сыныпта тек мұғалім мәжбүрлесе ғана көмектеседі.
5. Біздің сыныпта бір-біріне көмектесу дәрстүрі қабылданбаған.
6. Біздің сыныпта бір-біріне көмектесуден бас тартады.
3 сауалнама.
Сыныптағы өзара жауапкершілік туралы пікір
1. Біздің сыныпта бір-бірі үшін жауапкершілік арқалау дәстүрге айналған. Біз барлығымыз кемшіліктерді жоюмен күресеміз.
2. Біздің сыныпта сәтсіздіктер мен нашар қылықтар барлығын толғандырмаса да, көпшілігін мазалайды.
3. Тәртіп бұзушылар мен еріншектерді тек сынып белсенділері ғана талқыға салады.
4. Біз тәртіп бұзушылар мен еріншектерге назар аудармауға тырысамыз. Олар өз қылықтары үшін тек мұғалім алдында ғана жауап береді.
5. Біздің сыныпта «жанжалды сыртқа шығару» дәстүрі жоқ. Біз бұл туралы мұғалімнің аз білгенін қалаймыз.
6. Біздің сыныпта өзара жауапкершілік арқалау жоқ.
Сауалнаманы өңдеу, біріншіден әрбір сауалнама бойынша орташа топтық пікірді табуға болады. Бұл үшін оқушылардың әрбір сауалнама бойынша берген тұжырымдама нөмірін қосып және оны саны соған сәйкес нөмір санына бөлу керек.
Екіншіден, жеке пікірді орташа топтықпен салыстыру және жеке пікірдің орташа топтық пікірден айырмашылығына баса назар аудару қажет. Ондай оқушыларды қатаң жеке бақылауға алып және жеке әңгімелесу арқылы (бірақ әңгіме «тура» сұрақтардан тұрмау керек) оның пікірінің сыныптың өзара қарым-қатынасымен жалпы сынып пікірімен айырмашылығының себебін білу керек. Бұны жылдам жасау керек, өйткені жеке пікірдің сыныптың пікірінен алшақтығы сыныптағы тұлғааралық жанжалдың өсуін көрсетеді.
Жалпы алғанда, үш сауалнама арқылы алынған мәліметтер, оларды салыстыру сыныптағы психологиялық климат туралы қорытынды жасауға және оны жақсартудың нақты шараларын жасауға мүмкіндік береді.
8-сабақ
ҚАБЫЛДАУ АЙНАСЫ
Мақсаты: қабылдау үрдісін және оның сипаттамасын зерттеу.
Міндеттері:
- қабылдау түсінігін, оның түрлерін, қасиеттерін, қабылдаудағы иллюзияны қарастыру;
- сенсорлық үрдіс ретінде түйсіну мен қабылдаудың өзара байланысын анықтау
- қабылдауды зерттеуге қызығушылығын тәрбиелеу.
Ұйымдастыру кезеңі
Ойын-жаттығу «Иә»
Мақсат: эмпатия мен рефлексия дағдыларын жетілдіру.
Нұсқаулық. Сыныпты жұпқа бөлеміз. Бір қатысушы оның көңіл-күйі мен сезімінің қалпын білдіретін сөзді айтады. Содан соң екіншісі нақтырақ білу үшін оған сұрақтар қояды. Егер сұрау барысында қатысушыдан үш рет «иә» деген жауап алынса жаттығу аяқталған болып есептеледі.
Жаттығу «Жүргізушілер». Ойын барысы. Ойыншылар партада немесе столда отырады. Олар жүргізушілер, милиционер әртүрлі машиналардың суреті бар карточкалар көрсетеді. Жүргізушілер қай бағытқа жүру керектігін анықтауы тиіс. Егер оңға олар қызыл фишканы, ал солға болса сары фишканы алып қоюы керек. Соңында қанша машина оңға кеткені есептелінеді.
Сабақ тақырыбы бойынша сұхбат
Қабылдау – өте жылдам үрдіс.
Бұл жылдамдық эволюциялық жолмен дамыған және өмір сүру мен қоршаған әлемді бағдарлау үшін қажет: егер мысық алдынан жүгіріп өтіп бара жатқан тышқан ба деп ұзақ «қараса», ол аш қалады. Қабылдаудың ары қарайжүретін операциялары өте жылдам өтетін сияқты. Мысалы, сіз маршрут тоқтатып тұрсыз:
1) сіз бір машинаның келе жатқанын көресіз, бірақ нөмірі көрінбейді – мүмкін, сенікі (байқау);
2) сіз нөмірдің санын көру үшін қарайсыз (ажырату);
3) жақындағанда белгілері сізге таныс бола бастайды және нақты сандарға ұқсас болады (идентификация);
4) сіз маршруттың нөмерін көрдіңіз. Бұл сіздікі емес!
Қабылдау үрдісі құрамында төрт операцияны бөлуге болады:
1) Байқау — адам әсер бар екенін анықтайтын бастапқы фаза;
2) Ажырату — нәрседен адамға қызықты белгілерді бөлу;
3) Идентификация — нәрсені адам өзіне белгілі бейнелермен салыстыру;
4) Таныс нысанды тану.
2. Нәрсені қабылдау заттың түсі, көлемі, орналасу реті өзгерсе де өзгермейтін, сенімді белгілері болып табылатын форманы қабылдау негізінде жүреді. Форманы қабылдауда көз алдымызда тұрған көптеген басқа нысандар да әсер етеді. Кейде көрген бөлік сол затқа немесе басқаға тиесілі ме, қандай нәрсе бұл бөлікті құрайды, ажырату қиын. Бұнда көптеген қабылдаудағы иллюзия құрылған, бұнда зат өз формасында (үлкен немесе кіші, жеңіл немесе ауыр, жарық немесе қараңғы) қабылданбайды. Мысалы, көрудегі иллюзия.
А. 1 суреттегі қай шеңбердің диаметрі үлкен (Үлкен шеңбермен қоршалған шеңбердің диаметрінен, кіші шеңбердің ішіндегі шеңбер диаметрі үлкен сияқты). Олар бірдей
|
Сур. 1
Б. 2 суреттегі ортадағы сызық бірдей ме? Ал қысқа сызықтар ше? (сызықтар бірдей, бірақ әртүрлі сияқты).
|
Сур. 2
1. Қабылдау түрлері
Уақытты қабылдау – шынайы құбылыстың объективті ұзақтығының, жылдамдығының және бірізділігінің көрінісі. Уақытты қабылдау негізінде бас миының жарты шарларындағы елігу мен тежелудің ырғақты ауысуы жатыр. Уақытты қабылдауда әртүрлі анализаторлар қатысады: уақыт аралығының нақты жіктелуін кинестетикалық және есту түйсінулері береді.
Кеңістікті қабылдау – нәрселердің кеңістіктік қасиеттері (олардың көлемі мен формасы), олардың кеңістіктік қарым-қатынасы (бір-біріне және қабылдаушы субъектіге, жазықтығына және тереңдігіне қатысты орналасу) және қозғалысының көрнекі-сезімдік бейнеленуі. Кеңістікті қабылдауда адамның барлық сезім мүшесі қатысады. Кеңістікті қабылдауда көру, қозғалу, терілік және вестибулярлық анализаторлардың өзара біріккен әрекеті жетекші рөл атқарады. Кеңістіктегі ақпараттың көп бөлігін (95%) адамға көзі береді.
Күрделі дыбыстарды қабылдау – ереже бойынша берілген қайнар көздер алгоритміне тән уақытпен ауысатын дыбыстың күрделі спектрлік құрамын есту анализаторларының қабылдау және өңдеу үрдісі. Күрделі дыбыстар әлемі әртүрлігімен ерекшеленеді, бірақ онан қабылдаудың жалпы белгілері мен қағидаларына қатысты бірнеше топтарын бөлуге болады. Бұндай топтарға: синтетикалық орта (техникалық нысандар) дыбыстары, дауыс дыбыстары мен сөйлеу дыбыстары, әуен дыбыстары жатады.
Ауызша сөйлеуді қабылдау – адамның жоғары психикалық қызметінің бірі. Ауызша сөйлеуді қабылдау тыңдау сияқты сөйлеу іс-әрекетін ішкі психикалық бөлігі болып табылады.
Сөздік қабылдау — біртекті емес үрдіс. Генетикалық және қызметтік көзқарас бойынша бұл үрдісте ажырату мен тану деңгейлері көрсетілуі мүмкін. «Өңдеу» сипаты бойынша көзқараста ауызша сөздік хабарламаны қабылдау үрдісінде қабылдаудың перцептивті деңгейінде танылатын акустикалық талдау және сөздің құрамындағы дыбысты бөлу жүзеге асырылатын қабылдаудың сенсорлық, перцептивтік және мәндік деңгейлері көрсетіледі. Мәндік деңгейде болжау және барлық хабарламаның мағынасы жасалады.
Адамның адамды қабылдауы – тікелей қарым-қатынас барысында адамдардың бір-бірін психологиялық тану үрдісі. Бұл үрдіс түйсінуден бастап соңы ойлауға дейінгі психикалық бейнеленудің барлық деңгейін қамтиды. Бұл жағдайда адамның адамды қабылдау үрдісі адам әлемін құрайтын басқа нәрселердің қатарында оның ерекше әлеуметтік статусының ерекшелігіне қарамай психикалық бейнеленудің жалпы заңдылығына бағынады. Қабылдау нысаны ретінде адамның ерекше әлеуметтік мәні, оны басқа нысандар ішінен танудан бірінші орынға шығарады. Субъект жаңа танысқан адамның тұлғалық психикалық қасиеттерінің ақпарат көзі болатын сыртқы келбетінің ерекшелігіне – бет әлпеті және денесінің қозғалысына баса назар аударады. Адам түрінің басым элементтері шашы (шаш қою үрдісі) мен көзі болып табылады.
Адамның адамды қабылдау үрдісінде, адамдардың бір-бірі туралы ойы, мінез, қабілет, қызығушылығы, эмоциялық-қозғалыс ерекшеліктері, адамдардың мамандық белгілерін анықтау шеберлігі қалыптасады. Бұл ерекшеліктердің ішінде бірінші орынды әлеуметтік қарым-қатынаста маңызды болатын адамның мамандығы алады. Кәсіби сипатын анықтау тұлғаға сыртқы тартымдылығы бойынша бағаланатын бірінші көргендей емес, тұрақты қарым-қатынас қалыптастырады.
Диагностика
Ұсынылған тесті өтіңіз, қабылдаудың үш бағытының қайсысы сізде белсенді. Бұл ақпаратты алған соң, сіз өзіңізге қымбат адамдармен жеңіл тіл табыса алатын боласыз.
Төменде келтірілген сұрақтарға «иә» немесе «жоқ» деп жауап беріңіз.
1. Маған аспанға қараған ұнайды.
2. Мен жиі өлең айтамын.
3. Мен өзіме ыңғайлы киімді ғана киемін, ешқандай сән маған ыңғайсыз киімді киюге мәжбүрлей алмайды.
4. Мен монша мен саунаны жақсы көремін.
5. Мен машина таңдағанда, түсіне міндетті түрде мән беремін.
6. Мен таныс адамдардың басқан қадамдарынан танимын, мен оны көрмесемде де бөлмеге кім кіргенін үнемі біле аламын.
7. Мен басқа адамдардың даусын сала аламын.
8. Мен сыртқы келбетіме көп көңіл беремін.
9. Маған массаж ұнайды
10. Мен жанымнан өткендерге қарағанды ұнатамын.
11. Мен үнемі қазғалыста болғанды қалаймын.
12. Киім таңдағанда, мен бір қарап ақ, маған дұрыс немесе дұрыс емес екенін білемін.
13. Егер мен ескі әнді тыңдасам, бірден өткен шақ есіме түседі.
14. Мен тамақ ішу мен оқуды жиі біріктіремін.
15. Мен телефонмен сөйлескенді жақсы көремін.
16. Мен тез толамын.
17. Мен аудио кітап оқығанды ұнатамын.
18. Дене күшінен немесе стрестен кейін, мен ұзақ уақыт шаршау мен күштелуі сезінемін.
19. Фотоға түскен ұнайды.
20. Мен адамдар сөздерін ұзақ есіме сақтаймын.
21. Ешкімге сыйламасам да, маған гүл шоғын алу ұнайды
22. Мен ыстық ванна қабылдағанды жақсы көремін
23. Мен әр күнімді мұқият жоспарлаймын, нені істеуге үлгеруім керек, соны күнделікке жазамын
24. Мен жалғыз қалғанда, өз-өзіммен сөйлесемін.
25. Мен ұзақ уақыт пезда немесе ұшақта өткізсем, өз-өзіме келу қиын.
26. Мен адамның даусынан ақ, ол туралы көп нәрсе біле аламын.
27. Мен адамның киген киіміне қарап, пікірімді қалыптастырамын.
28. Мен таңертең үзақ керілемін, болмаса тұру қиын
29. Егер кереует ыңғайсыз болса, мен ұйықтай алмаймын.
30. Маған өзіме ыңғайлы аяқ қиім табу өте қиын.
31. Мен кино және теледидар қарағанды, театрға барғанды жақсы көремін.
32. Мен адам бетін есте жақсы сақтаймын.
33. Мен жаңбыр шуылын жақсы көремін.
34. Мен адамдарды тыңдағанды жақсы көремін.
35. Маған көп қозғалған, билеген, фитнеспен айналысқан ұнайды.
36. Мен сағат тілінің тықылдағанынан ұйықтай алмаймын.
37. Мен өзімнің аудиоаппаратурамсыз өмір сүре алмаймын.
38. Әуеннің даусы естілсе аяқтарым қозғала бастайды..
39. Мен жақсы жерлерді қарағанды ұнатамын, саяхатқа жиі шығамын.
40. Бей-берекетсіздікті жек көремін.
41. Жасанды талшықтардан тоқылған киімді кие алмаймын.
42. Маған үйдің жарық болуы өте маңызды.
43. Мен концертке жиі барамын.
44. Қол алысу маған сол адам туралы көбірек білуге мүмкіндік береді.
45. Мен мұражай мен көрмеде жиі боламын.
46. Мен пікірталас жүргізгенді жақсы көремін.
47. Маған жанасу, сөзге қарағанда көбірек ақпарат береді.
48. Мен айнала шулы болса жұмыс істеу және кітап оқу қиын.
Келесі сұрақтарға неше рет «иә» деп жауап бердіңіз: 1, 5, 8, 10, 12, 14, 19, 21, 23, 27, 31, 32, 39, 40, 42, 45. Егер осы сұрақтарға «иә» деп 8 немесе одан да көп жауап берсеңіз, онда сізде көру каналы жақсы дамыған.
Келесі сұрақтарға неше рет «иә» деп жауап бердіңіз: 2, 6, 7, 13, 15, 17, 20, 24, 26, 33, 34, 36, 37, 43, 46, 48. Егер осы сұрақтарға «иә» деп 8 немесе одан да көп жауап берсеңіз, онда сізде есту каналы жақсы дамыған.
Келесі сұрақтарға неше рет «иә» деп жауап бердіңіз: 3, 4, 9, 11, 16, 18, 22, 25, 28, 29, 30, 35, 38, 41, 44, 47. Егер осы сұрақтарға «иә» деп 8 немесе одан да көп жауап берсеңіз, онда сізде түйсіну каналы жақсы дамыған.
Егер сізде барлық үш топ бойынша жағымды жауаптарыңыз тең болса, онда сізді құттықтауға болады – сіз өте ырғақты дамыған адамсыз. Ал егер қандай да бір топтан «иә» деген жауабыңыз 8-ден аз болса, ол қабылдаудың атаған каналынан әлі дамымағаныңызды көрсетеді.
Қабылдауға арналған жаттығу.
3-4 адамнан топ болып орындалады. 5 минуттың ішінде қандай да бір қабылдау актісін (нәрсе немесе құбылысты қалай көрдіңіз, естідіңіз, сезіндіңіз) жазыңыз және соңында қандай операциядан кейін болғанын сипаттаңыз. Сосын әрбіреуі топтың алдында өзінің сипаттамасын жазады, ал топ операция дұрыс бөлінді ма соны қадағалайды және түзетеді.
Қабылдау нысаны неге байланысты, соның төменде түрлерін көрсетеміз:
- нәрсені қабылдау,
- уақыт,
- қозғалыс,
- нәрселер арасындағы қарым-қатынас,
- кеңістік,
- адамды.
Жаттығу «Минутты ұста»
Минут уақытын қабылдауда секунд тіліне көз алмай қарап отырсақ ұзақ сияқты.
Барлығы көздерін жұмады. Мұғалім «басталды» деп белгі береді. Бір минут өткен уақытты ұстау керек. Бұл жерде іштей санамау керек. Сіздің ойыңыз бойынша бір минут уақыт өткенде ақырын көзіңізді ашыңыз және қолыңызды көтеріңіз. Барлығы көзін ашқанша, әрқайсысы тыныш отырады. Ерте, уақытында және кеш қолын көтерген оқушыға мұғалім қандай белгі - + немесе – қоятынын көрсетеді.
Талқылау. Сіздерде уақыт сезімі қалай дамыған? Осыған байланысты, қалай жасау керектігі (сыныптастары айтсын) бойынша бірнәрсе өзгерткіңіз келе ме? Біздің өміріміздегі уақытты қабылдаудың бұзылуы туралы мысал келтіріңіз.
Жаттығу «Мен естігенді, көремін» (әуенді салу).
Қазір мен әуен қосамын, ал сендер нені тыңдағандарыңызды елестетуге тырысыңыздар. Сіздің көзіңіз, көру мүшелеріңіз демалады, оларды жабыңыз. Тек құлақтарыңыз – есту мүшелері ғана жұмыс істейді. Тыңдап болған соң, естігеніңізді қағазға сурет ретінде салыңыз. Сонымен көз жабық, аузымыз құлыпта. Қазір жағымды әуен ойнайды.
Рецептивті әуен (теңіз дыбысы) қойылады. Әуен соңына жақындағанда, психолог:
- Әуенді тыңдай берңіздер, кім қаласа, көзін ашып, суретін сала берсін. Әуен тоқтаса да
сурет салуларыңды жалғастыра беріңдер. Сурет салып болған соң атын қойыңдар және оны қағазға сипаттап жазыңдар. Енді бір-біріміздің суретімізге қараймыз, олар бірдей ме? Сіздер тек естігендеріңізді салдыңыздар. Салған суретке қарап отырып, сіздердің әуенді қабылдаударыңыз бірдей ме немесе әртүрлі ме? Әрине әртүрлі, өйткені әртүрлі суреттер салдыңыздар – деп айтады
Зейіннің әртүрі қасиеттерін – шоғырлану, көлемі, таралу және ауысу, тұқақтылығын анықтауға арналған жаттығу.
1) «Шимақталған сызықтар» (зейіннің тұрақтылығын бағалау). Балаға 10 шимақталған сызықтары бар суретті көрсетіңіз. Әрбір сызық бастауы (сол жақта) және аяғы (оң жақта) нөмірленген. Бірақ бұл нөмірлер сәйкес емес. Әрбір сызық бойынша бастауы мен аяғын мұқият қарау керек. Оны тек көзбен жасаймыз. |
1. Сурет. «Шимақталған сызықтар» |
2) Қабылдауды тексереміз – бұл сезім мүшесіне әсер еткен сәттегі шынайы нәрселер мен құбылыстардың адам санасында бейнеленуі. Қабылдаудың тұтастығын бағалау: |
Тапсырма: Балаларға таныс нәрселердің суретін көрсете отырып, олардан әрбір суретті мұқият қарап және ондағы жетіспей тұрған бөлігі мен бөлшегін табуды сұраймыз.
Рефлексия
- Сіздер қабылдаудың қандай типтерін білдіңіздер?
- Бұл білім өмірде қалай көмектеседі?
- Өмірдегі мәселелік ситуацияны шешу үшін сізге қандай амал тиімдірек?
9-сабақ
ҚАРЫМ-ҚАТЫНАС СТИЛІ МЕН МӘНЕРІ
Мақсаты: Қарым-қатынас стилі мен мәнері туралы білімді кеңейту
Міндеттері:
- қатынас стилі мен мәнерінің мәнін ашу;
- тыңдау мен есту танымын дамыту;
- бір-бірін тыңдауды тәрбиелеу.
Ұйымдастырукезеңі
Жаттығу-сәлемдесу «Комплименттер»
Балалар шеңбер құрап, бір-бірінің қолынан ұстап тұрады. Көршінің көзіне қарап, оған бірнеше жақсы сөз айту, бірнәрсе үшін мақтау керек. Қабылдаушы басын изейді және «Рақмет, маған өте жағымды болды!» деп айтады. Сосын ол өзінің көршісіне комплимент сыйлайды. Жаттығу шеңбермен жалғасады.
Талқылау:
1. Қандай сезім, түйсінулер туындады?
2. Барлығы жақсы болды ма?
3. Теріс эмоция тудыратын қандай да бір сәттер болды ма?
4. Өзінің ерекшелігімен біреудің комплименті есіңізде қалды ма?
Сабақ тақырыбы бойынша сұқбат
«Адам мәнері – бұл оның бейнесі шағылысатын айна» Гете. |
Әрбір адам араласып қана қоймайды, сонымен бірге араласуға қажетті қабілеті де болады.
Бұл қабілеттерді коммуникативтік деп атайды. Қатынасқа қабілеттілік қатынас шеберлігінен шығады: басқа адамдармен байланысты қоя және дамыту, қатынасты әңгімелесуші үшін мазмұнды, ашық, жағымды ету. Қатынас жасау шеберлігі өзіне қатынастың көптеген нақты дағдыларын қосады. Қатынас дағдысы деп адамға қатынас үшін қажетті амал мен әрекеттерді айтамыз. Досыңның сәлемдесу қолына қол созу, «Сәлем» немесе «Қалың қалай» деп, телефон тұтқасын көтеріп «Алло!» немесе «Тыңдап тұрмын» деп айту, қоштасқанда қол бұлғау – осы қатынас дағдыларының мысалдары. Бұл дағдылар әртүрлі адамдарда әртүрлі болады. Өзіңнің туысқандарыңды, достарыңды, таныстарыңды есіңе түсір. Олардың әрқайсында өз қатынас дағдылары бар.
Адамның басқа адамдармен қатынаста берік игерген дағдыларының бірігуін қатынас стилі деп атайды. Қатынас стилі біздің бөтен адамдардан көшенің атын сұрағанда, мұғалімнен қиын тапсырманы түсіндіруді сұрағанда, мектептегі жұмыстарды үйде қалай айтқанда байқалады.
Бірнеше қатынас стилін: достық, іскерлік, шеттетілген, басылған - айтып кетуге болады.
ü Өтінемін, достық қатынасты сипаттаңыз.
Жауап: Достық қатынас. Мәжбүрсіз, өз еркімен, ашық. Әңгімелесушілер өздерін еркін, қалыпты сезінеді, өз сезімдерін ашық айтады. Достық қатынас стилі өз сезімдерін, күйзелістерін жеткізуге, өзін терең толғандырған оқиғалар туралы айтуға көмектеседі.
ü Өтінемін, іскерлік қатынасты сипаттаңыз.
Жауап: Іскерлік қатынас — бұл жалпы іс: бірге жұмыс істеу, оқу бойынша біріккен адамдар қатынасы. Іскерлік қатынас стилі мәселені біріге шеше отырып қызметте табысқа жетуге көмектеседі.
ü Өтінемін, шеттетілген қатынасты сипаттаңыз.
Жауап: Бұл қатынас стилі адамдардың өмірі бойынша еш байланысы жоқ, қатынаста өзін ашуға еш қажеттілік жоқ жерде қолданылады. Бұндай қатынас стилін біз, мысалы, көшедегі біреуден сағат неше болғанын сұрағанда пайдаланамыз.
ü Өтінемін, басатын қатынасты сипаттаңыз.
Жауап: Бұл қатынас стилі бір адамның басқа адамның еркін басқысы келетін кезде – оны бірнәрсе жасауға немесе өз жоспарынан бас тартуға мәжбүрлегенде пайдаланылады. Жазушы Марк Твен «Өзіңізге сеніміңізді жойғысы келетін адамнан қашыңыз. Бұл майда адамдарға тән нышан. Ұлы адам керісінше, саған ұлы адам боласың деген сенімді енгізеді» деп жақсы айтып кеткен.
Ситуацияға байланысты адамдар қатынастың әртүрлі стилін қолданады. Әртүрлі қатынас стилін игерген адам жақсы сөйлесе алады және бірінен біріне еркін өтеді.
Қатынас мәнері деп адамның нақты ішкі қалпын беретін қатынас дағдыларының бірігуін айтады.
Қатынас мәнері:
· Қатынас ырғағы – ырғақ толқулы, қалыпты, басшы, байқалмайттын болуы мүмкін;
· Адам қатынаста өзін қала ұстауда;
· Оның мінез-құлқы ұстамды, ұстамсыз, екпінді болуы мүмкін;
· Адам қатынаста өзін, сенімді, сенімсіз, сақтықпен бе, қалай ұстайды;
· Өзінің сезімдері мен ойларын айту үшін ол сөздерді қалай қолдануда көрінеді.
Қатынас мәнері әртүрлі. Өмірде жиі кездесетіндерін айтайық.
Сенімді. Өзінің сезімдері мен ойларын айту үшін адамның қолданатын сөздері: «Мен білемін...», «Мен былай ойлаймын.....», «Мен өтінемін.....». бұндай қатынас мәнерінде сыпайылықтың сиқырлы «Рақмет», «Өтінемін» - сөздері қолданылады. Олар әңгімелесушіге салмақты, кұрметті қарым-қатынасты көрсетеді. Адам тұрағ тұрысы тыныштықты білдіреді. Мимикада әңгімелесушіге – қалыпты, қызығушылық қарым-қатынас анық көрінеді.
Сенімсіз. Қатынас сөзі адамның өзінің айтып тұрғанына, тіпті шын айтып тұрса да күмәнданатынын: «Мүмкін...», «Білмеймін, солай шығар...» «Кешіріңіз, бірақ...» (Тіпті ол кінәлі болмаса да) білдіреді. Тұрған тұрысы — бос, арқасы еңкіш, иықтары алға қарай еңкейген. Ишаралары – жалтақ-тынышсыз.
Дөрекі. Ишарасы мен даусы – тез, күшейген. Сөздерінде – басқа адамды кіналау немесе қорлау, ырғағы – қарсы шыққанға шыдамайтын. Тұрған тұрысы қорқытушы – «қолдары белінде», басы аалға ұмтылған, көзқарасы суық, маңдайы түйілген.
Қатыспаушы. Ишаралары көмескі, енжар. Көзқарасы «бұлтты шарлап жүр» немесе әңгімелесушіге бағытталған, бірақ оған тура емес. Тұрған тұрысы салмақты және бір уақытта шеттетілген – әңгімелесушіден басқа жаққа денесі шалқайған. Даусы анық емес, сөздерінде нақтылық жоқ – «Бір жағынан...., басқа жаққа».
Қатынастың осы барлық мәнері сыйымды, бірақ нақты жағдайда ғана. Ең жан-жақтысы, «өмірдің барлық жағдайына келетін» - қатынастың сенімді мәнері. Кім қатынас жасай алатын болса, сол мәнердің кез-келгенін игереді. Ал егер адам басқа адамдармен қатынас барысында тек бір мәнерді қолданатын болса, онда ол қатынас жасай алмайды.
Ұсыныс «Қалай дұрыс сөйлесу керек»
o Сен адаммен әңгімелескенде, ол тек сен айтқан сөзге ғана емес, сөйлеу мәнеріне: оның ырғағы, сөздің жоғары модуляциясына, дауыс үніне, тембріне, интонация мен дикцияға мән береді.
o Жағымсыз дауыс сенің абыройыңды түсіруі мүмкін, ал жағымды дауыс керісінше саған қосымша бедел береді.
o Бет әлпетіңе қарап, сенің қандай сезімде тұрғаныңды түсінуге болады. Маңдай, қас, мұрын, иек қуанышты, ашуды, таң қалуды, қорқынышты, қайғыны, жек көруді білдіруі мүмкін.
o Адамдар өзінің сезімін білдіргісі келгенде ишараларды қолданады. Оның ишараларына қарап, сол адам туралы көп білуге болады.
o Тыңдауды үйрен! Сені жақсы әңгімелесуші деп айтуға болады, егер сен жақсы тыңдауды үйренсең. Сенің қоғамың сені басқаларға өз ойыңмен және сезімдеріңмен бөлісуге таптырмас адам деп айтып жүретін болады.
Қатынасқа қабілеттілікті анықтауға арналған тест
Нұсқаулық: төменде келтірілген сауалнама көмегімен қатынасқа (коммуникативтік қабілет) өз қабілетіңізді анықтаңыз.
Ол үшін барлық сұраққа жылдам және нақты жауап беріңіз. Жауаптар құптайтын (иә) немесе құптамайтын (жоқ) ғана болуы тиіс.
1. Сіздің досыңыз көп пе?
2. Өз жолдастарыңыздың біреуінің сізді ренжіткені сізді ұзақ уақытта дейін мазалай ма?
3.Сізде әртүрлі адамдармен жаңа таныстық орнатуға деген ұмтылыс бар ма?
4. Уақыты адамдармен араласқаннан гөрі, кітап оқумен немесе басқа бір тірлікпен айналысып өткізген сізге дұрыс және жағымды екені, дұрыс па?
5. Сізден біраз жасы үлкен дамдармен байланысты құру сізге жеңіл ме?
6. Жаңа ортаға сіңіп кету сізге қиын ба?
7. Таныс емес адамдармен сіз жеңіл араласып кетесіз бе?
8. Жаңа ұжымға сіз тез сіңіп кетесіз бе?
9. Сіз қолайлы жағдай туғанда жаңа адаммен танысып және әңгімелесіп кетуге ұмтыласыз ба?
10. Сізді қоршаған адамдар тітіркендіре ме және жалғыз болғыңыз келе ме?
11. Сізге үнемі адамдар арасында болу ұнай ма?
12. Жаңа адаммен танысуда бастама көтеруге тура келсе, сізде қиналу, ұялу немесе ыңғайсыздану сезімі туа ма?
13. Сіз ұжымдық ойындарға қатысқанды жақсы көресіз бе?
14. Жақсы таныс емес адамдар арасында сіз өзіңізді сенімсіз сезінетініңіз рас па?
15. Сіз үшін онша таныс емес компанияны көңілдендіру өзіңізге қиындық тудырмайды деп болжайсыз ба?
16. Өзіңіздің таыстар шеңберін азғантай адаммен шектеуге ұмтыласыз ба?
17. Таныс емес ортаға түскенде өзіңізді еркін сезінесіз бе?
18. Үлкен адамдар тобы алдында сөйлеуге тура келгенде, сіз өзіңізді жеткілікті деңгейде сенімді және салмақты ұстай алмайтыныңыз рас па?
19. Сіздің достарыңыз көп екені рас па?
20. Онша таныс емес адамдармен араласқанда сіз жиі ұяласыз ба, ыңғайсыздық сезінесіз бе?
Тақ сандағы сұрақтарды құптайтын (иә) жауапқа және жұп сандардағы сұрақтарды құптамайтын (жоқ) жауаптардың әрқайсысы 1 балмен есептеледі. Жалпы нәтижені санаңыз.
Егер сіз 10 балдан төмен алсаңыз, сіздегі коммуникативтік қабілеттің даму деңгейі төмен, тұйық, аз сөйлейтін адамсыз, адамдармен танысу қиын және сіз оған ұмтылмайсыз да.
10-13 балл — орташа деңгей; 14 балл және одан жоғары — жоғары деңгей. Бұндай жағдайда өмір сізге тек қуаныш сыйлайды – қатынас, қоршағандар сізді бағалайды, диалог жүргізуге қабілеттісіз.
Жаттығу: Ойын «Тірі айна». Сипаттамасы: қатысушылар үштен бірігеді. Музыка қосылады, әр үштіктен бір адам шығып әуенмен өзі қалаған кез-келген қимылды жасайды. Қалған екі қатысушы «тірі айна» рөліне кіріп, оның жасағанын қайталайды (1,5-2 минут) сосын рөлдер ауысады. Барлық қаысушылар белсенді болғаншы жүргізіледі.
Жаттығу мағынасы: Бой жазу, татулық, толық өзара тусінушілік пен кері байланыс алуға жағдай туғызу – өз қимылымызға «басқа жақтан» басқа адамдардың көзімен қарау.
Талқылау.
1. Жаттығуды орындау кезінде қандай эмоциялар мен сезімдер туындады?
2. Өзіңіз және үштіктегі адамдар туралы не жаңа нәрсе білдіңіз?
Психолог кеңесі
-Сенің әңгімелесушінің әңгімесін қанша бұзғыңыз келсе де, өзіңізді ұстаңыз.
-Жауап бермес бұрын, барлық сөзін айтып болуына мүмкіндік бер.
-Мұқият тыңда және жан-жаққа алаңдама.
Жаттығу: Ойын «Сезім шеңбері». Мақсат: өз сезімін ашу.
Шеңбер. Шеңбер бойымен солдан оңға қарай атымызды айтамыз, «қазір және осы жерде» сіздің ішіңіздегі сезім, эмоция туралы айтамыз. Оқиғаны, дәлелді сипаттамаңыз. Қиялды іске қосыңыз. Сезімді түйсіну арқылы жіберіңіз:
Көру – қозғалыс, шынайы бейне, табиғи, фанатастикалық түсу...
дыбыстық – ырғақты, тез, әуенді...
жанасу – тікендік, өткір, жұмсақ, ыстық...
иістер – раушан, әтір, ащы, ёлка...
Жаттығу: Пластилинотерапия– бұл өз тұлғаңызбен жұмыс істеудің терең және жұмсақ әдісі. Бұл тренинг кімнің жағмсыз эмоция ығырын шығарды және кім өзіне салмақтылық пен тыныштықты қайтарғысы келеді, соларға арналған. Техника әлеуметтік кәсіптің мамандарына өте таныс «кәсіби жанып кету синдромының» алдын-алу және жеңу үшін жемісті қолданылады..
Мақсат: күштелуді, шаршағанды, стресті басудың жаңа тәсілдерін; жағымсыз энергияны қауіпсіз тәсілмен «шығарып тастау» және оны жағымдыға айналдыру; эмоционалдық қалыпты теңестіру; өзіңді тереңірек түсіну; шығармашылық күштің құйылуын үйрену.
Материалдар: пластилин, ватман, жай қарындаш, жұмысқа сай әуен мен қатысушылардың қиялы.
Нұсқаулық:
1. Өз эмоционалдық қалпыңызды илеңіздер.
2. Олармен «сөйлесіңдер», қалаған нәрселеріңнің бәрін айтыңдар.
3. Қалаған бейнеге оларды ауыстырыңыздар (өте дөрекі).
4. Кез-келген пластикалық материалдан әртүрлі көлемдегі көп шарик жасаңдар.
5. Көздеріңді жұмып, сол шариктерден қалаған нәрсені илеңіздер.
Рефлексия
- Сіз қатынастың қандай стилдері мен мәнерін білдіңіздер?
- Сіздің қатынас мәнеріңіз қандай?
- Сізде өзіңіз жасаған қатынас стилі бар шығар?
- Өзімізде нені дамытып және тәрбиелеуіміз керек? Не үшін?
II-БӨЛІМ
МЕН ӨЗІМДІ ТАНЫП-БІЛЕМІН
10-сабақ
МЕНІҢ МІНЕЗІМ – МЕНІҢ ТАҒДЫРЫМ
Мақсаты: оқушыларды өздерінің мінез ерекшеліктерімен таныстыру.
Міндеттері:
- «мінез» түсінігінің мәнін ашу;
- тұлғаның тұрақты жеке мінездік ерекшеліктер жиынтығын қарастыру;
- мінез қалыптастырудың маңызды бөлігін құраушы ретінде өзінде ерікті тәрбиелеу.
Ұйымдастыру кезеңі
Сәлемдесу. Мінездің бір қасиеті ретінде өзіңе сенімділікті дамыту үшін «Орныңнан тұр» бой жазу жаттығуы.
Сипаттамасы: Қатысушылар шеңбер жасап отырады. Жетекші өз қолынан саусақтар санын көрсетеді. Қанша саусақ көрсетілді, қатысушылардан сонша адам орнынан тұруы керек. Жаттығуды қалай орындау керектігі туралы алдын-ала келісуге болмайды. Жаттығудың мәні, шешімшілдікті, басқа адамдардың белгісін интуитивті түсінуді және олармен өз әрекетін ықпалдастыруды жаттықтыру, өзгеретін жағдайға реакцияны, сондай-ақ зейінділікті дамыту.
Нұсқаулық: Мен қанша саусақ көрсетемін сонша оқушы тұру үшін мұқият қарап отырыңдар. Алдын-ала келісуге болмайды.
Жаттығуды орындау 5-7 минут алады. Талқылауды төмендегідей сұрақтар бойынша жүргіземіз:
Қай уақытта тұру керек, қай кезде тұрмау керектігі туралы шешім қабылдағанда кім басшылыққа алды?
Кім бастамашылдық көтерді, ал кім қорықты (мүмкін, бір рет болса да орнынан тұрмағандар)?
Сабақ тақырыбы бойынша сұқбат
Психолог: «Балалар! Бүгін біз «мінез» деген түсінікпен танысамыз.
Мінезді адамның мінез-құлқының дағдылық формасында көрінетін оның жеке қасиеттерінде жиі қайталанатын қылықтар мен әрекеттер деп түсінеміз. Бір жағынан өмір мінезді қалыптастырады, ал екінші жағынан – мінез адамның барлық қылықтарына, ойларына, сезімдеріне белгісін қалдырады. Мінез адамның қоршаған әлемге қарым-қатынасын білдіреді.
Адам тұлғасы өте күрделі және қайталанбас ерекше. Бір адамды басқадан әр уақытта да ажыратуға болады. Сол уақытта бірнеше адамнан бір-біріне ұқсайтын белгілер де табуға болады.
Қарым-қатынас жүйесінде мінез белгілдерінің төрт тобын бөлуге болады (Г. В. Резапкин бойынша):
1. Басқа адамдарға қарым-қатынас (көпшіл, жабық, бәрібірлік, сезгіштік және т.б.).
2. Адамның өз ісіне қарым-қатынасы (еңбексүйгіш, жалқау, жауапершілікті, бастамашыл, салғырлық және т.б.).
3. Адамның өз-өзіне қарым-қатынасы (салмақты, атаққұмар, өзіне сыншылдық және т.б.).
4. Адамның затқа қарым-қатынасы (ұқыпты, үнемді...)
Келіңіздер мінез нышандарының «жақсы» және «жаман» түсініктерін қарастырайық. Мінез нышандары өзбетінше жақсы немесе жаман бола алмайды. Адам үшін олардың рөлі өмір жағдайларына байланысты, олар адамның өмірінде басқа адамдармен араласқанда қалай көмектеседі немесе кедергі келтіреді, сол жағынан жағымды немесе жағымсыз болуы мүмкін. Бір мінез нышаны әртүрлі жағдайда адамға көмектесуі немесе кедергі келтіруі, әртүрлі өмір жағдайларында табысқа немесе жеңіліске ұшыратуы мүмкін. Мысалы, адамдарға көмектесу – керемет қасиет. Бірақ адам өз көмегін қажетсінбеген адамға да бере берсе, онда бұ қасиет жағымсыз боп шығады.
Мінез – ешқандай өзгеріске үшырамайтын, адамның мықты нышаны (С. Л. Рубинштейн). Бүгін біз сіздермен өз мінездеріміздің қандай екенін білетін боламыз. Ал, кеттік…
Өзімізді түсіну және білу үшін жақсы көмектесетін «Психогеометрикалық тест».
Нұсқаулық:
Бес фигураға (квадрат, үшбұрыш, тік төртбұрыш, шеңбер, зигзаг) қараңыздар, сурет қағазда берілген. Олардың ішінен мынау «Мен» деп айтатын біреуін таңдаңыз! Өз формаңызды табуға тырысыңыз. Егер сіз таңдауда қиналсаңыз, она өзіңізді қызықтырған фигураны таңдаңыз. Оны №1 деп жазып қойыңыз. Сосын қалған 4 фигураны өз пікіріңіз бойынша рангілеңіз және нөмір ретімен жазыңыз.
Тұлғаның негізгі формасына қысқаша сипаттама
Квадрат. Сіз – шаршамайтын ебекқорсыз. Еңбексүйгіштік, күшею, қажеттілік бастаған істі аяғына дейін жеткізеді – шынайы Квадраттар осы қасиетімен ерекшеленеді. Төзімділік пен шыдамдылық оны өз саласының жоғары санатты маманы етіп шығарады. Квадраттар әрқашан тәртіптілікті жақсы көреді. Оларда жоспарланған, нақты өмір бар, оларға құбылыстың өзгерісі ұнамайды. Барлық осы қасиеттер Квадратты тамаша орындаушы және басшы етеді. Бірақ тәуекелмен байланысты немесе еріксіз оны созады. Бұдан басқа, рациональдық, құрғақтық және салқындық Квадратқа басқа адамдармен байланыс орнатуға кедергі келтіреді.
Үшбұрыш. Бұл форма көшбасшылықты білдіреді. Үшбұрыштың мінездік сипаты – ең басты мақсатқа бағытталуында. Бұл асау, күшті, энергиялық тұлға, өз мақсатына жетпей тынбайды. Өзі үшін ғана емес, басқалар үшін де дұрыс және қызметті басқаруға деген күшті қажеттілік, үшбұрышты басқалармен үнемі бәсекелес бола алатын тұлға етеді. Үшбұрыштар дұрыс болмай қалуды жек көреді және өз қателіктерін мойындауда қиналады. Олар тек көрінген нәрсені ғана көреді, сондықтан өз шешімін өзгертуді қаламайды, жиі қарсы шығады, қалыс қалмайды және көп жағдайда өзбетінше әрекет етеді. Үшбұрыштан керемет басшылар шығады, олар кез-келген нәрседен пайдалы іс жасайды.
Олардың басты теріс қасиеті – өз-өзіне күшті бағытталуы. Үшбұрыштар барлығын өзін айналшықтап жүруге мәжбүрлейді, бірақ оларсыз өзінің өткірлігін жоғалтар еді.
Тік төртбұрыш. Бұл адамның өзгеруін білдіретін уақытша форма. Бұл адамдар қазіргі өміріне риза емес, сондықтан жақсы өмірді іздеушілер.
Тік төртбұрыштың басты мінез нышаны – өзгеріс кезеңінің барысында қылықтарының бей-берекеттігі және белгісіздігі. Олар күннен күнге өзгеруі, тіпті бір күнде жылдам өзгеруі мүмкін.
Сонда да, басқалар сияқты адамдарды өзіне тартатын Тік төртбұрыштың да жақсы қасиеттері бар. Бұл - қызығушылық, әрекеттік, болып жатқан нәрселерге қатты қызығушылық... батылдық! Олар қазіргі сәтте жаңа идеяға, құндылықтарға ашықтық, барлық жаңаны тез игереді.
Шеңбер. Бұл гармонияның мифтік белгісі. Бұ осы бес форманың ішінде ең ізгіліктісі, Шеңбер үшін ең жоғары құндылық – адамдар, олардың жақсы өмір сүруі. Бұл адамдар жоғары сезімталдықты, қабілетті, бірге күйзелуді игерген; олар басқаның қуанышын түйсінеді және басқаның қайғысын өз қайғысындай сезінеді. Адамдар Шеңберге қарай ағылады және оларды бағалайды.
Жалпы, Шеңберлер бизнес саласында нашар басшы болады. Олар тыныштық сақтауға тырысады және сол үшін мықты көзқараста болудан қашады. Олар үшін өзара жанжалдасудан ауыр ештеңе жоқ, олар үшін барлық адамдар бір-бірімен жақсы болғаннан артық қуаныш жоқ. Шеңберлер шешімшілдігімен ерекшеленбейді, саяси ойындарда әлсіз, бұның барлығы шеңберлерді өзінен күшті адамдардың басқаруына әкеледі.
Бірақ бірнәрседе Шеңбер беріктік танытады – ол морал мен шындықтың бұрмалануында.
Ирек. Бұл фигура Зигзагтың шығармашылығының, өзбетінділігін, интуитивтілігін білдіреді. Зигзагтың шеңберден айырмашылығы, татулықты қаламайды, қалаған нәрсесіне жол беру арқылы емес, керісінше – жанжалмен және осы жанжалоды шешу үшін жаңа теория құраумен жетеді. Бұндай адамдар әлемді үнемі өзгерісте көреді, сондықтан олар үшін өзгермейтін нәрседен артық іш пыстыратын ештеңе жоқ.
Оларға жұмыста тәуелсіздік, әртүрлілік және стимуляцияның жоғары деңгейі керек, Зигзаг сол кезде ғана өзінің негізгі қажеттілігін орындай бастайды – ол жаңа идеялар жасау. Олардың жағымсыз қасиеттері – ептіліктің жоқ болуы, жұмысты аяғына жеткіхуге дейінгі шыдамдылықтың жоқ болуы.
Нәтижелерді өңдеу. Әрбір бақылау категориясы бойынша белгі қойылады: ол жүзеге аса ма немесе ол сол адамда жоқ па. Бұдан кейін тұлғаның әрбір типі үшін (әр баған бойынша баға) мінез-құлық және психикалық ерекшеліктер элементтерінің жалпы көріну бағасы анықталады. Көбірек элементтер байқалған адам, сол адамда басым болып көрінеді. Ары қарай, интерпретация кестесін қолдана отырып, нәтижелердің интерпретациясы шығарылады.
Интерпретация. Сыналушының бірінші орынға қойған фигурасы немесе бақылаушының мінез-құлықтың көбірек бөлген элементі – бұл негізгі фигура (сыналушының субъективті формасы). Ол басым мінез нышандары мен мінез-құлық ерекшеліктерін анықтауға мүмкіндік береді. Ал қалған 4 фигура – бұл оның мінез-құлқына әуен әкелетін өзіндік модуляторлар. Соңғы фигура өзара әрекетте сыналушы үшін қиындық туғызатын адам формасын көрсетеді. Өтірігі жоқ сұрау барысында, алғашқы таңдалған фигура сана деңгейінде, ал екіншісі – бейсаналық деңгейде, ал үшіншісі – санасыздық деңгейде сыналушының қабылдауына сәйкес келеді.
Тапсырма «Мінез нышандарын бөліңдер». Сынып бірнеше топқа (5 адамнан) бөлінуі керек. Әрбір топқа мінез нышандары (әрбір нышан жеке параққа жазылған) тізімі беріледі.
Психолог: «Қазір 10 минуттың ішінде мына төрт топтың біреуіне мінез нышанын қосуыңыз керек: «Басқа адамдарға қарым-қатынасы, Адамның өз ісіне қарым-қатынасы, Адамның өз-өзіне қарым-қатынасы, Адамның нәрсеге қарым-қатынасы.»
Тізімді өзіңіз толықтырсаңыз болады.
Қасиеттер тізімі |
ұқыптылық абыройлық қызғаншақтық арманшылдық нәзіктік әдепсіздік мұқияттылық дөрекілік кінәмшілдік шыншылдық бірбеткейлік белсенділік ренжігіштік күйгелектік |
Тапсырма «Сиқырлы алақан». Әрбір қатысушы өзіне қаламсап пен қағаз бетін дайындайды.
Психолог: «Балалар! Қазір сіздер қағазға алақандарыңды қойып, айналдырып сызасыздар. Әрбір саусағына өзіңіздің ойыңызша сізді басқалардан ерекшелендіретін қасиеттерді , яғни шағын-портретіңізді құрасыз. Мен қағаздарыңды жинап алып, жазылған нышандарды оқимын, ал сендер кімнің шағын-портреті екенін қасиеттеі бойынша ажыратасыздар.
Жаттығу «Мен қандаймын?». Балаларға тапсырма жазылған қағаздар таратылады.
Психолог: «Балалар! Сіздерге өз қасиеттеріңізге қатысты 3 ұсынылған қасиетті жазасыздар. Сіздерге көмек ретінде кейбір қасиеттердің тізімі беріледі.
Сөйлем:
- Мен өзімде мынадай .......... нышандар бар деп ойлаймын
- Басқалар, менде мынадай................ нышандар бар деп есептейді
Мен өзімде мынадай ............ нышандар болса екен деймін
Қасиеттер тізімі |
ұқыптылық абыройлық қызғаншақтық арманшылдық нәзіктік құшақтау әдепсіздікмұқияттылық дөрекілік кінәмшілдік шыншылдық бірбеткейлік белсенділік ренжігіштік күйгелектік |
Рефлексия
- неге «жақсы/жаман» мінез нышандары болмайды?
- Сіздер қандай мінез нышандарын бүгін білдіңіздер?
- «Мінез» түсінігіне сипаттама беріңіздер.
- Мінез қалыптастыруда еріктің рөлі қандай?
Психолог қорытындысы:
Психолог: «Балалар, бүгінгі біздің сабағымыз барысында, біз «мінез» түсінігімен таныстық, өз мінезіміз және достарымыздың мінезі туралы білдік, өз тұлғамыздың жеке және қайталанбастығын сезіндік. Әрбір адам ерекше, қайталанбас және белгісіз екендігін естен шығармайық.
11-сабақ
МЕНІҢ МІНЕЗ-ҚҰЛҚЫМНЫҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
Мақсаты: оқушылардың бойында мінез-құлықтың қалыптасуы жөнінде жалпы көрініс құру
Міндеттері:
- «акцент» түсінігінің мағынасын ашу;
- өзін-өзі бағалау мен өзін-өзі тәрбиелеудің белгілерін дамыту;
- еркіндік қасиетке тәрбиелеу.
Ұйымдастыру кезеңі
«Мінезі ерекшеліктеріңді ата» жаттығуы.
Оқушылар екі топқа бөлінеді. Алғашқы топ өмірде көмек көрсететін мінез-құлықтарды атайды. Екінші топ өмірде кедергі келтіретін мінез-құлықтарды атайды. Психолог тақтаға жазады.
Мінез-құлықтың жағымды жақтары: Белсенділік, көтере білушілік, ашық-жарқындық, қиын жағдайларда жол тапқыштық, салмақтылық, тәртіптілік, шебер, қайырымды, адал, әзілге бейім, көмекші, қуаттай білу, әртістік, ішкі түйсік, жеке қасиеттермен айналаладағы адамдарды баурап алу, еңбектену, өзіне жауапкершілік ала білу, ұсақ-түйекке мән беру, мақсатқа жету жолында бірбеткейлік, шыдай білушілік, қиындыққа қарсы тұра алушылық. Энергиялы, алға ұмтылушы, бастама көтергіш, өмірлік мәселелерге жеңіл қарым-қатынас жасау, ерекше қабілеттілік. Жұмсақтық, уайымға берілмеушілік, алғыс сезімінің дамуы. Топқа деген адалдық, консерватизм, сенімділік пен тұрақтылыққа ұмтылыс. Байланысты тез орната білу, өмірдің жарқын көріністерінен ләззат ала білу, шаршамау. Шынайы жүректілік, сезімге берілгіштік, орындаушылық, қарыз сезімі, қайырым тілеушілік және нақтлық. Шаттанушылық, бірге сезіну, аяушылық, біреудің жетістігіне деген қуаныш. Үлкен сезіммен жауапкершілікті орындау. Маңыздылық, жауапкершілік, шынайылық, дәл, шындық сезімі. Жауапкершілік, міндеттілік, өзін-өзі сынау, сезімге берілгіштік, қызығушылық таныту, достыққа ұмтылыс, нақтылық және үнемі жақын болушылық. Принципшілдік, сынбаушылық, төзгіштік, шаруашылықтылық, бастамалар мен қарыз сезімі, өзін-өзі құрбан ету. Кез-келген істе жоғары жетістіктерге жетуге ұмтылушылық, өзіңе жоғары талаптар қоя білу, әділдікке деген ұмтылыс, қасаң талап етушілік, нақты қатал көзқарас қалыптастыру. Жауапкершілікті сезіне білушілік, ұқыптылық, сырбаздық, істер мен сезімдерде сенімділік, нақты бірдей көңіл-күй.
Мінез-құлықтың жағымсыз жақтары: Тенденциясы бастаған істі аяғына дейін апармаудан басталады, жеңіл ойлаушылық, ашушаңдық, шалпуыштық, тік мінезділік, бунтарлық рух, кері сипат, талғамшылдық, жәдігөй, өтірікшілдік, сөзуарлық, аңғалдық, шешімге келе алмаушылық, күдік. Жоғары күдікшілдік, ауру секілді өкпелеушілік, ұрыс-керіске берілушілік. Көңіл-күйдің жағдайға байланысты бірден өзгеруі, жоғары сезімталдық, қорқыныш сезімі, өзіне деген сенімділіктің болмауы. Жасырын болу, сезімдік қарым-қатынаста қиындықтарға тап келу, анықтай алмау. Басқалардың көзқарастарына деген тәуелділік және шектен шыққан тәуелділік, сын көзқарастың және бастамалықтың болмауы, өзін басқаруға ұмтылмауы. Айналадағылардың әсеріне тез берілу, үнемі жаңа ізденістер мен орта іздеуге алып келеді.
Мысалы: Сыпайылық – бұл жеке тұлғаның қасиеті, адамдарға ұмтылыстың жоқтығына меңзейді. Жамандық – мінез-құлықтың жағымсыз қасиеті, басқа адамдарға қайырымсыздық пен кесір әкеледі.
Тапсырма «Ниндзя-тасбақалар»
Барлығымызға белгілі мультфильм «Ниндзя-тасбақалардың» мінез-құлқы жөнінде не айта аласыздыр? Олардың өмірінде қандай қасиеттері көмектеседі, қайсысы кедергі келтіреді? Өздеріңнің дәптерлеріңе жазыңдар, кім жазды, оқуларына болады.
Леонардо |
Рафаэль |
Микеланджело |
Донатэлло |
Лео салмақты, тәртіпті, жақсы тәрбиеленген және көшбасшылық шешімдерге бағынбайды. Сплинтер шебермен ерекше қарым-қатынаста, көп уақытын дайындықта немесе медитацияда өткізеді. Егер отбасында жайсыз жағдай бола қалса, ол өзін кінәлі санайды (егер әртүрлі жолдар бір қорытындыға келеді). Бірақ тасбақа ниндзялар құрдас болғанымен, Лео үлкені болып саналады. Тасбақалар тобының көшбасшысы. Шреддермен болған соңғы соғыстан кейін (2003 ж. мультфильм) сол жағынан қатты жарақат алады. (зер салып қараса бір бөлігі сынғанын көруге болады). Лео Рафпен жиі ұрсысып қалады, оның көптеген себептері бар - Раф Леонардоны Сплинтердің сүйіктісі деп атап, Леоның ескертпелеріне өкпелейді. |
Бұл ең ызақор, төрт ағайындының ішіндегі шатағы. Ол күрделі жоспарларды жақсы көрмейді және бірден кез-келген қарсылыққа барады. Рафаэль қанжарын негізгі қару ретінде қолданады. Оған мінез-құлықтағы ашушаңдық, бірбеткейлік, бунтарлық рух тән деп сипаттауға болады. Рафаэльдің – тасбақалардың арасында ең күшті жауынгер екенін байқауға мүмкіндік бар. Есесіне, Леонардо әрқашан епті болғанымен, Рафаэль физикалық тұрғыда одан күшті, Леонардоны талай рет таң қалдырды. |
Отбасындағы ең көңілді
тасбақа.Сонымен қатар жеңіл ойлы. |
Топтың миы мен ақылы. Mirage/Image бойынша басқа тасбақалардың барлығы қызыл жамылғылы, ал қалған нұсқаларында оның жамылғысы қоңырқай түсте.Оның фирмалық құралы алтыншы Бо. Донателло нинздя-тасбақалардың ішінде ең ақылдысы блып бейнеленген, жиі ғылыми сөз тізбектерін айтады және ғылым мен механикаға қызығушылығы бар. Донателло мәселелерді күш қолданбай шешуге болады деп ойлайды (бұл сирек кездеседі). Донателло әрқашан дерлік топта болады, өйткені ол жеңіл тіл табады және қарсылық көрсетпейді. Әзілге мән беріп, қиын уақытта бауырларына тек қана көмектесіп қоймай өзінің білімі мен кереметтерін де көрсетеді. Ол ащы жеңістер мен таластардан қанағат алады, таластарда көзін қадай отырып, ол сөйлегенде әңгімелесушілердің басы төмен түсіп кетеді. Донни топтың ақылшысы, нәтижесінде ақылды деп аталған. |
Тапсырма «Жайра»
Мына суретке қараңыздар. Бұл жануар кірпілердің бір түрі, «жайра» деп аталады. Оның арқасында өткір инелері бар.
Артур Шопенгауэр адамдарды жабайы жайраларды салыстырды, олардың инелері бір-біріне жақындауға, жылынуға кедергі келтіреді. Инелері, қабықтары немесе ұштарындағы өткір тікендері айқын көрінетін негізгі мінез-құлықтары немесе ерекшелігі. Осыған ұқсас адамдардың да мінез-құлқы неғұрлым өктем болса, қарым-қатынастағы тепе-теңдіктің сақталмауына әкеледі.
Сабақ тақырыбы бойынша әңгіме
Адамдардың мінезі, психологтардың пайымдауы бойынша, бұл – жеке тұлғалардың нақты тұрақты қасиеті, қарым-қатынаста қалыптасатын және көрінетін қызметі, жеке адамның өзін-өзі көрсетуі. Бұндай жеке ерекшеліктер, адамның мінезінде қалыптасып, алғашында еркін ортаға тәуелді (мысалы, шешімділік немесе сенімсіздік, қорқыныш) және сезімде (мысалы, өмірге құлшыныстық немесе кері кетушілік).
«Өзіңнің мінезіңді бейнеле» әдісі
- Өзіңнің жеке ерекшеліктеріңді біле отыра оны түзеуге тырысуға үйрену қажет. Алғашында оны көрсету керек. Ал мінез-құлықты ерекше көрсету психологтың көмегімен жүзеге асады. Ал қазір біз «Өзіңнің мінезіңді бейнеле» әдісін өткіземіз.
Бағыт-бағдары. Көрсетілген шаршының әрқайсысын өзіңнің қалауың бойынша бейнелермен толықтыр. Тапсырма бойынша көп ойланба. Өзіңнің қиялыңа ерік бер.
1. Бірінші шаршыдағы сурет, өзіңе қалай қарайтыныңды көрсетеді. Егер сен бір күлкілі немесе күлімдеген бейне салсаң, әзілге деген сезіміңнің жақсы екендігін айғақтайды. Егер күнді салсаң, жиі бастаушы, көшбасшы болуға ұмытылысыңды көрсетеді. Гүл өзіңнің сыртқы бейнеңе көп көңіл бөлетініңді білдіреді. Көз — сен өркөкірек адамсың, өзіңді және басқа адамдарды басқаруға ұмтыласың.
2. Екінші шаршыдағы сурет. Егер сен кіші шаршыға бірнәрсе салсаң, онда сен үйдің адамы, үйдің ұқыптылығын жақсы көресің. Егер сурет — үлкен шаршыда, онда сені қоршаған орта қызықтырады. Егер сурет — үлкен, кіші шаршыда болса, онда сенің қызығушылығың үй мен қоршаған орта арасында үйлесім табады.
3. Үшінші шаршыда. Ату көздігі, ұшып бара жаьқан оқ, өз мақсатыңа жету үшін жан аямай жұмыс жасайтындығыңды білідіреді. Егер сен бірнеше оқты немесе сызықты салсаң, онда сен қандай мақсатқа жеткің келетінін білмейсің. Егер сен бірнәрсе жәй оқ пен көздеуге жатпайтын салсаң, онда сен іздеуші, тынбайтын адамсың.
4. Төртінші шаршы. Егер бұл шаршыда көптеген пішіндер немесе суреттер бейнеленсе, онда сен қарым-қатынас жасағанды өте жақсы көресің, негізінен сенің достарың көп. Егер сен бір ғана сызық көрсетсең, онда жасырын, тұйық, ширақ адамсың. Егер сен кірпіш бейнелесең, секемшіл, барлығына күдік келтіретін адамсың. Ал мүмкін, сен жылауықсың ба?
5. Бесінші шаршы. Егер сен ғимаратқа ұқсайтын, жарық бағанасы, жануардың мойнын салсаң (с. қ. Сенің суретің бірнәрсені бейнелейді, оның сызықтары беймәлімдеу), онда сенде бірқалыпты, достық мінез. Егер сен екі тік сызықтың ортасында толтырылмаған кеңістік қалдырсаң, ал сурет оң немесе сол жаққа орналасса, онда сен ұяң, сыпайысың. Егер сенде ағаш болса, онда көбірек үйіңді, отбасыңды бағалайсың. Егер сен ағашта жеміс бейнелесең, онда кішкентай балаларды өте жақсы кқресің.
6. Алтыншы шаршы. Егер сенің суретіңде бастысы— берілген элемент болса, онда сен сирек қабілеттермен жылдам және оңай басқа адамдарды меңгеріп кетесің. Егер сен тіптен басқа мысалы, бұрышты геометриялық бейне салсаң, жекелікті және тәуелсіздікті бағалайсың.
7. Жетінші шаршы. Ортасындағы толқынды сызық, өз-өзіңе сенімділікті, ал толқынды сызықтың астындағы сурет өз күшіңе сенбеушілікті білдіреді. Батып бара жатқан зат болашағыңның мазалайтындығын көрсетеді. Шынжыр түріндегі сурет жан аямай еңбектенетініңді, жауапкершілікті, бірақ қателіктеріңе жаның ауырып қарайтыныңды айғақтайды.
8. Сегізінші шаршы. Бос шаршыда бейнеленген сенің қызығушылықтарыңды білдіреді. Егер сен шаршыны бос қалдырсаң, онда саған өмір сүру қызықсыз. Қызығуға ұмтыл, өзіңе бір көңіліңді аударатын іс ойлап тап.
9. Тоғызыншы шаршы. Егер сен берілген қара шаршыны басқа шаршымен немесе басқа да геометриялық пішінмен толықтырсаң, симметриялық бейнемен сәйестенсе, онда сен тәртіпті, ұйымдастыра алатын, басқалармен жақсы жұмыс жасай алатын адамсың. Егер сенде сурет қисық сызықтармен, симметриялық сәйкес емес, дұрыс геометриялық сызық, беделділікті мойындамайтын, тік және тұрақты екеніңді блдіреді.
10. Оныншы шаршы. Егер сен жай ғана дөңгелекті боясаң, онда сен үнемі қорғау мен қуаттауға зәрусің, жеке дара ештеңені шешкің келмейді. Егер дөңгелекті боямасаң, сен өмірде алдыңа мақсат қойған тәуелсіз адамсың. Адамның құлағына ұқсас сурет жабық мінез-құлықты білдіреді. Егер сурет ыдыстың тұтқасына ұқсаса, үйде кішкентай балаларға қамқор болған ұнайды.
11. Он бірінші шаршы. Егер сен суретті стол ойындарының бір элементі деп қабылдайтын болсаң, жарысқа деген қызығушылықты білдіреді. Егер сурет үйді елестетсе, онда сен шаруақорсың.
12. Он екінші шаршы. Егер сен нүктені суреттің құрамды бөлшегі деп қолдансаң (құмырсқалар, қоянның құйрығы, дән, құстар ұстайтын, және т.б.), бұл сенің жақсы көзқарасың, кең қиялың. Егер сен нүктелерді қоссаң, дөңгелек жасасаң, логикалық ойламның және ақылдың қоймасының мықтылығын көрсетеді.
Қолданылуы: сіздің алдыңызда 12 шаршы аяқталмаған суреттермен, оның барлығын қалай қаласаң және не қажетті деп тапсаң бояу қажет.
Жаттығу «Мінездің белгілері».
Оқушылар өздерінің парақтарына сөйлемнің аяқталуын жазады: «Менің болғым келеді...» (3-5 мінез белгілерін); «Менің болғым келмейді...». Бұл жаттығудың басқа да нұсқалары болуы мүмкін, мысалы: парақты екіге бөліп және жазуға болады (шынайы адамдарды елесете отырып): ол адамның несі ұнайды және не ұнамайды?
Талқылау. Басқалардың қайсы қылығы қалаулы, қайсысы қалаусыз? Қандай жағдайда бұл қылықтардан құтылуға болады?
Үй тапсырмасы. Тест «МІНЕЗ ЖӘНЕ МАМАНДЫҚ»
Бағытталу – бұл жеке тұлғадағы өзгерістер мен қалыпты жағдайларда қалыптасатын тығыз және қозғалмалы, нақты орын, адамның өзінің өміріне және айналасындағыларға әсер етіп жағдайды қиындатып жіберуі мүмкін. Бұл керек кезінде психиатрға бере салатын жағдай емес, уақыты келгенде тоқталатын және өзіңді тыңдайтын кезең: не дұрыс емес және неге назар аудару қажет. Өзіңнің ерекшеліктеріңді өзіңді өзің бақылау мен өзіңді алдын-ала емдеу арқылы білуге болады, күдікті әдебиеттер мен өзің жайында жайсыз жағдайларды тауыпалуға барлық кезеңде болады, оған туғандардың қысымын да қосыңыз.
Суреттеу үшін сегіз түріне сегізбұрышты қолданамыз. Әзірге олардың бұрыштарын жіктелген түрге қарай бөлеміз: демонстративті, қауіпті, эмотивті, мақсат қойғыш, педантті, қысымды, түпнұсқа. Бұл атаулар әрбір түрдің жеке ерешеліктері жалпы көрініс береді.
Әрбір сегіз сызықтары бойынша бір-біріне қосып, мінез жөнінде мәлімет аламыз. Сіздің пішініңіз неғұрлым сегізбұрышқа жақын болған сайын, соған сіздің мінезіңіз сәйкес. Ережедегідей адамның 2-3 "шыңы" болады. Неғұрлым ортадан қашық болса, түр соғұрлым ашық, оны кейінірек келтіреміз.
Өзіңнің мінезіңді білу үшін тестен өтуге шақырамыз.
Жапырақты диаграмма
Сауалнамада 24 топтың бекітілуі айналамызда болып жататын адамның жарқын мінез-құлықтары көрініс береді: өзіне, басқаға, жұмыста, заттарға қарым-қатынас.
Оқуылар тесттен өтеді, нәтижелерін жапырақты диаграммадан байқайды, мінезі жөнінде түрлердің сипатталуымен танысады.
«МІНЕЗ ЖӘНЕ МАМАНДЫҚ» сауалнамасының жауап бланкісі
|
I |
II |
III |
IV |
V |
VI |
VII |
VIII |
1 |
А |
|
Б |
|
В |
|
Г |
|
2 |
|
|
А |
Б |
|
В |
Г |
|
3 |
А |
Б |
|
|
В |
|
|
Г |
4 |
А |
Б |
|
В |
|
Г |
|
|
5 |
|
А |
|
Б |
В |
|
|
Г |
6 |
|
|
А |
|
|
Б |
В |
Г |
7 |
А |
Б |
|
В |
|
|
Г |
|
8 |
|
|
А |
|
Б |
|
В |
Г |
9 |
А |
Б |
В |
|
|
Г |
|
|
10 |
А |
|
Б |
В |
|
Г |
|
|
11 |
|
А |
|
Б |
В |
|
|
Г |
12 |
|
|
|
|
А |
Б |
В |
Г |
13 |
А |
Б |
|
В |
|
|
|
Г |
14 |
|
|
А |
|
Б |
В |
Г |
|
15 |
|
А |
|
Б |
В |
Г |
|
|
16 |
А |
|
Б |
|
|
|
В |
Г |
17 |
|
А |
|
Б |
|
В |
|
Г |
18 |
А |
|
Б |
|
В |
|
Г |
|
19 |
А |
|
Б |
В |
Г |
|
|
|
20 |
|
А |
|
|
|
Б |
В |
Г |
21 |
|
А |
|
Б |
В |
|
Г |
|
22 |
А |
|
Б |
|
|
В |
Г |
|
23 |
|
|
А |
Б |
В |
|
|
Г |
24 |
А |
Б |
|
|
|
В |
|
Г |
|
|
|
|
|
|
|
|
|
«МІНЕЗ ЖӘНЕ МАМАНДЫҚ» сауалнамасы
Қолданылуы:
Бұл әдістің көмегімен өзіңнің мінезіңнің ерекшеліктерін білуге болады. Бекітуді оқыңыз және оны жалғастырыңыз, А, Б, В немесе Г төрт варианттың біреуін таңдаңыз. Таңдаған вариантыңызды бланкіде белгілеңіз.
Жауап беріп болғаннан кейін, келтірілген әріптерді әрбір баған бойынша санап, оны 8 санға төменгі жағындағы бос орындарға жазыңыз. Жапырақты диаграммада әрқайсысынан ортадан сегіз сызық қалдырып, жиналған балл бойынша алынған нүктелерді қосыңыз.
1. Адамдармен таныса отырып, мен мынадай ойға келемін, оның атын қазір ұмытып қаламын
А) жиі
Б) сирек
В) жоқ, өйткені жазып аламын
Г) мен бұл жөнінде ойламаймын
2. Мен үшін адамдардың мені қоршап жүргені өте маңызды
А) рухани
Б) жауапкершілікті
В) өмірді сүйетін
Г) тәртіпті
3. Үлкен көңілді ортада
А) мен назардың барлығы менде болғанын жақсы көрем
Б) мен
өзімді ыңғайыз сезінемін
В) мен әдетте сағынамын
Г) мен қиындықпен әңгіме тақырыбын іздеймін
4. Көпшілік алдында сөйлеу – бұл
А)өзіңді және өзіңнің қабілетіңді көрсету мүмкіншілігі
Б)
үлкен қасірет
В) өзіңнің бастамаңды тыңдаушыларға дейін
жеткізу
Г) қарым-қаынас түрі
5. Кез-келген ортада маңыздысы
А) ұрыс-керістің
болмауы
Б)жұмыс нәтижесі
В) тәртіп
Г) шығармашылықпен жұмыс істеу мүмкіншілігі
6. Жаңа адамды әдетте мен блай қабылдайын
А)қайырымды
қызығушылықпен
Б) потенциалы мықты одақтас ретінде
В) потенциалы мықты қарсылас ретінде
Г) нейтральді
7. Егер маған киімнен бірнәрсе сатып алу қажет болса, мен таңдаймын
А)
ең сәнді киімді
Б) бір қажеттіні
В) классикалық костюм
Г) ыңғайлы және қажетті киім
8. Менің кинодағы сүйікті жанрым
А) мелодрама
Б) деректі кино
В) атыс-шабыс
Г) фэнтэзи
9. Мен каникул немесе демалысты өткізсем деп ойлаймын
А) қандай
да бір экзотикалық елде
Б) тыныш, елсіз жерде
В) жақын адамдарыммен бірге
Г) достарымның ортасында саяхаттаумен
10. Менің ойымша, көп уақытымды босқа өткіземін
А) өзіме
Б) басқа адамдарға
В) жұмысқа, оқуға
Г) көңіл көтеруге
11. Мен дүкенге барғанда, мен
А) көп тауарлардың арасынан ұзақ уақыт ештеме таңдай алмаймн
Б) не
сатып алу керектігін, нақты білемін
В) сатып аламас бұрын, тауарды салыстырамын және бағалаймын
Г) қолыма не түссе, соны сатып аламын
12. Егер мен миллионер болсам, онда
А)өз
байлығымды көбейтер едім
Б) ештеңеге тоқтам бермес едім
В) ақшамды бүлдірмес едім
Г) ғылым мен өнерге байланысты жобаларды қаржыландырар едім
13. Мен мына жұмыстарды мүмкіншіліктері бар деп бағалаймын
А) атақты
адамдармен араласу
Б) ештеңе үшін жауап бермеу
В) жауапты шешімдер қабылдау
Г) шығармашылық тапсырмаларды шешу
14. Мені қажеттіліктері жоғары жұмыстар қызықтырады
А) адамдарды
еліктіретін
Б) жұмыс жүргізудегі нақтылық және
ұқыптылық
В) әртүрлі адамдармен тіл табысу әдістері
Г) күштер мен шешімділік
15. Маған мына сөздер жақынырақ
А) "Үздігі
– жақсы жаудан"
Б) "Мақсат құралды айғақтайды"
В) "Сен, бірақ тексер"
Г) "Өмір сүргің келсе – ұша біл"
16. Мені мына жұмыстар қызықтырады
А) аниматор
Б) дәрігер
В) әскери
Г) ғалым
17. Айналамдағылар мені үнемі былай ойлайды
А) идеалды
орындаушы
Б) жақсы ұйымдастырушы
В) ортаның жүрегі
Г) бастамалардың қозғаушысы
18. Менің негізгі пішінім - бұл
А) ұнауға
талпыныс
Б) көңіл бөлісу
В) дәлдік
Г) ашушаңдық
19. Өмірдегі бастысы
А) даңқ
Б) махаббат
В) билік
Г) тазалық
20. Мені жиі
А) ертеңгі
күн ойландырады
Б) энергия толықтырады
В) түрлі ұсақ-түйек мазасыздандырады
Г) қызықты бастамалар келеді
21. Маған қиын
А) шешім
қабылдау
Б) басқа адамдардың қызығушылығын есепке алу
В) қолданудан алыс кету
Г) өзімнің сезімдерімді бақылау
22. Туылған күн мен үшін, бәрінен бұрын мүмкініліктер
А) өзіңді
еске алу
Б) өз өмірің жөнінде ой қозғау
В) достарыңмен көңіл көтеру
Г) сыйлықтар алу
23. Шығармашылық жоспарда менің көңілімді аударатын
А) медицина және
білім
Б) басқару
және бизнес
В) бақылау
және баға
Г) өнер және ғылым
24. Киім таңдауда мен, бәрінен бұрын
А) осы
мезгілдегі сәнді түсті таңдаймын
Б) қоңыр түстер немесе көгіс
В) ашық, жарқын түстерді таңдаймын
Г) жалпы мен түске мән бермеймін
Түрлерді сипаттау.
1.Демонстративті түр
Демонстративті балалар ашық қимыл қозғалыста, олар сүйе біледі және ұнауға тырысады, барлық назарды өзіне аударуға тырысады. Бұл түрдегі жасөспірімдер әртістік қабілетке бейім, ойлары мен қылықтары ерекше, бірақ олар өз іс-әрекеттерінің қалдыратын себебіне мән бермейді, шыдамдылық пен көп күш қажет ететін әдістемелік жұмысқа қабілетсіз. Олар жеңіл байланыс орнатады, бірақ басқа адамдармен қарым-қатынасқа тереңдемейді және басқаны түсінуге тырыспайды.
Демонстративті мінезге әртістік қабілет қажет, өз батырларына ену міндеттеледі. Оқытушы, саясаткер, қоғам қайраткері демонстративті мінезге ие, өздерінің бастамаларын тыңдаушыларына дейін жеткізеді. Бірақ, бұндай мінез кәсіби жетістікке жетудің нәтижесі болып саналмайды, талант және қабілет, сонымен қатар шыдамдылық пен еңбексүйгіштік осы мінездегі адамдарға жиі жетіспейді. Жақсы, нәтижеге жету үшін жауапкершілікті, өзін-өзі бақылауды, өзін сынауды білу қажет және басқа адамдарға көңіл аударып, бастаған істі аяғына дейін жеткізу қажет.
2. Мазасыз түр.
Бұл топтағы адамдар сезімтал жүйке жүйесімен, кері әсер ететін жағдайларды алдын-ала көре алатын, бірақ жағдайға аса мән беріп қарамайтын, белгілі бір себептерсіз уайымдамайды. Олар қауіптенбейді және байқамайды, барлығының өзіне назар аударғанын қаламайды, өзгерістен қашады. Есесіне олардың жауапкершілік сезімі ерте қалыптасқанмен, олардың шешім қабылдап таңдау жасауы қиын.
Мамандық таңдауда өздерінің мүмкіншіліктерін дұрыс бағалай алмайды.
Қауіпсіз түрдің өкілдері ұқыпты, орындаушы және нақты, жетістікке жету жолында айтушылардың нақты құрастырылған жұмыстарын орындайды, тұрақты жағдайда аз ғана адамдармен байланысады: ғылыми жұмыс, іс жүргізу, мәтінмен және табиғат объектілерімен жұмыс, қол еңбегі, ұқыптылықты талап ететін, ұсақ, бірқалыптылықтықпен, бір жүйемен жұмыс жүргізеді.
3. Эмотивті түр.
Эмотивті балалар және жасөспірімдер үлкен ортаны, азартты, жүгірмелі ойындарды жақсы көрмейді. Ашық және ақжарқын олар кімді жақсы білсе, солармен ғана болады. Эмотивті жасөспірімдер байланыста анықтап, үнемі жақын болатындықтан өз қатарластары арасында бейімделуі қиындау. Жанжалға сирек барады, ренішті өзінде сақтайды, оны сыртқа білдірмейді. Оларда міндет сезімі ерте қалыптасады, өздеріне және айналадағы адамдарға деген адамгершілік талабы өте жоғары. Жауапкершілігі мен еңбексүйгіштігіне қарай, олар қабілетті, неғұрлым талапты қатарластарын басып озады.
Эмотивті тұлғалар неғұрлым білімге, тәрбиеге, кеңесші, қызмет көрсету, әлеуметтік жұмысқа байланысты мамандықтар таңдайды. Эмотивтер өнер мен табиғатқа байланысты жұмыстарда өздерін жақсы сезінеді.
4. Мақсаткерлік түр. Еңбексүйгіштігі мен адалдығына орай мақсатқойғыш тұлғалар көп карьералық жетістіктерге жетеді. Айналадығылардың пікірі оларды қызықтырмайды – олар өздерінің дұрыс екендіктеріне сенімді болғандықтан, өзгелерді де сендіреді.
Көптеген шенеуніктер, әскербасылар, саясаткерлер және қоғам қайраткерлері, қағаз жүзіндегі және қағаз жүзіндегі емес көшбасшылар мақсаткерлік түрге жатады. Бұл топтағы адамдар түрлі ортада жағымды, ұйымдастырушылық қабілетке ие, олар тәртіпті және өздерінің сезімдерін қадағалай алады.
Бірақ мақсаткерлік адамдарға біреудің қайғысына ортақтасу, өзгені тыңдау және оның орнына өзін қоя білу, көмек көрсету, шығармашылық ойлам жетіспейді, бірақ шығармашылық қызмет пен әлеуметтік жұмыстарда жетістікке жетеді.
5. Тақуалы түр.
Бұл түрдің адамдары заңды тыңдайтын, сондықтанда кез-келген заң бұзушылыққа қатал қарайды, кейде өздерінің талаптарын қағаз жазуға дейін апарады. Олар дәл уақытылы және ұқыпты, тазалыққа көп уақыт бөледі, жұмыстың тәртібі мен сапасына қарайды, жұмыстың дұрыс орындалғанына күдік келтіреді, өзін және өзгелерді жиі қайта тексереді. Ұқыптылық пен қайта тексеру сенімсіздікке және үнемі өзін бақылауда ұстауға әкеледі.
Олар көшбасшылыққа ұмтылмайды, жанжалдардан бұғып қалады кұтпеген жаңалықтарды сүймейді, әсірелемейді, сондықтанда терең ойланатын және өзінше шешім қабылдайтын жарқын өкілдер бұған сәйкес келмейді. Бірақ та олардың орыдаушылығы, тынымсыз еңбекке дайындығы, қалыптасқан тәртіпке мойынұсынғыштығы, қолдану жүйелерін сақтауы жоспарлы-экономикалық қызметте өте қажет, кеңсе қызметкері, шенеунік, қауіпсіздік қызметінің қызметшіі, әскери, қызметкерлермен жұмыстағы маман сәйкес келеді.
6. Гипертимді түр.
Гипертимдерде жоғары өмірлік тонус, жақсы аппетит и дұрыс ұйқы, олар өздерінің қатарластарын физикалық дамуда басып озады, физикалқ жүктемелерді оңай жеңеді.
Гипертимдер өз қатарластары арасында қағаз жүзіндегі емес көшбасшылыққа ұмтылады, өздеріндегі күшке, батылдықққа, тапқырлыққа, өзін құрбан етуіне орай оңай жетеді. Әрқашан жақсы көңіл-күй және жоғары өмірлік тонус өзінің қабілеттері мен мүмкіншіліктеріне жағымды жағдай жасайды.
Тиімді жұмыс түрлі жобаларға бастамашы болуға, жұмысты тиімді орындауға, ақпарат беру мен іс-шараларды,тауарлардың тұсаукесерлері мен қызметке әсер етеді.
Жұмыста жетістікке жету үшін жауапкершілікті, өзін-өзі бақылауды, өзіне сыни көзқарасты және басқа адамдардың қажеттіліктеріне назар аударуды талап етеді, жұмысты басынан аяғына дейін жеткізу қажет.
7. Импульсивті түр.
Импульсивті жасөспірімдер атлеттік дене пішінімен және үлкен физикалық күшімен ерекшеленеді, сондықтан спортта жоғары нәтижелер көрсетеді.
Бұл түрдің адамдары белсенді тұлғалық позицияға ие, жоғары ізденістік белсенділікпен нәтижеге бағытталып, тез шешім қабылдайды. Олар батыл және шешімді, басқалар оны құрмет тұтады, өзіне жауап бере алады, жағдайдың ушығып кетуінен қорықпайды, өзінің әсерімен ықпал ете алады, өзінің жұмысына тұтастай беріледі, басқа жұмысқа қиындықпен бұрыла алады.
Бұл қасиеттер өз мамандығында жеңіске жетуге мүмкіншілік береді, өзіне күш жұмсауды, қолдануды нақты сақтауды талап ететін жағдайлар қажет: спорт, экстремальды түрлер, ауыл шаруашылығы, өндіріс, күзет қызметі. Кейде мынадай қызмет түрлері: иілгіштік, бірге уайымшылдық, басқаларды да тыңдай білу, оны өзінің орнына қоя білу, көмек көрсету жатады (білім, әлеуметтік жұмыс); өзгеше ойлау (ғылым, өнер).
8. Дараланған түр.
Бұл түрдің адамдары әртүрлі тапсырмаларда ерекше шешімдер таба біледі. Олар көптеген адамдардың талғамына сынмен қарайды, өзінің ішкі ритміне сәйкес өзінің құндылықтарымен өмір сүреді. Құбылыстар мен шаруа аз мөлшерде, рухани сәйкестік пен идеялар әлемі неғұрлым әсер етеді.
Жекедара түр өкілдерінің қызығушылықтары мен мүмкіншіліктері басқа тұрлер үшін қол жеткізсіз. Өзгеше ойлау, ішкі дүниесінің дамуы және жоғары жұмыс қабілеті өнер мен ғылымда жетістікке жетуге мүмкіншілік береді, соның ішінде Интернет-технологиялар, жаңалықтар ашуға, өнертапқыштыққа жол ашады. Кейде олар басқа адамдардың жағдайын түсіне бермейді, қиын уақытта өзінің сезімдерін білдірмейді, қарым-қатынаста нашар.
Рефлексия
- «Мінезді бағыттау» дегеніміз не?
- Өзіңнің мінезіңнің жақсы жақтарын қалай пайдаға жаратуға болады?
- Қандай еркін қасиеттеріңді қайта өзгерткің келеді?
- Мінездің қалыптасуына не әсер етеді?
Түйін: Мінездің қалыптасуына көптеген факторлар әсер етеді: физиологиялық ерекшеліктер, тәрбие, әлеуметтік ота, еркін қасиеттерді өзіңнің тәрбиелеуің, еңбектегі бірбеткейлік, еңбексүйгіштік, шешімділік, батылдық, тұрақтылық және жекелік, сонымен қатар ұстамдылық (өзіңді игере білу), төзімділік, шыдамдылық, тәртіптілік, ұйымдастырушылық.
12-сабақ
ӨЗІМІЗДІ БАҒАЛАЙМЫЗ
Мақсаты: адамның өзін бағалауындағы «Мен» түсінігін беру, өзін-өзі талдау мен бағалауда машықтарын дамытуды жалғастыру
Міндеттері:
- өзін-өзі бағалауды қалыптастыруда саналы қатынасты аша білу;
- өзіне жақсы қатынасты қалыптастыру;
- өзіндік дәреже сезімге тәрбиелеу.
Ұйымдастыру кезеңі
Өзіңе, өзіңнің қасиеттеріңе, өзіңнің дәрежеңе баға беру және өзіңнің кемшіліктеріңді білу өз-өзіңді бағалау деп аталады.
Мен түріндегі қандай да бір сезімдік бояуға ие (самооценку): жағымды-жағымсыз, жақсы-жаман. Бұл бағалаулар өте субъективті (кейде жәй ғана қате болуы мүмкін). Кейде адамдар өзін керемет сезінеді, бірақ шын мәнінде олай емес. (бқл өзін өте жоғары бағалау), ал кейде керісінше болады (бұл төмендету).
Мультфильм «Тышқанның әні»
«Тышқанның әні» мультфильмін барлығымыз бірге көрейік. Бұл мультфильм 1967 жылы жарыққа шықты, бірақ менің ойымша әлі күнге дейін өзекті. https://www.youtube.com/watch?v=ODJ7IfZ4ilE
Балалар фильмді көреді және мысықтың өзін-өзі бағалауын талқылайды. Мынадай қорытындыға келеді бәрінен де – жақсы емес. Өзін-өзі бағалау дұрыс болуына ұмтылу қажет. (ақылға қонымды).
Сабақ тақырыбы бойынша сұхбат
Өмірде өзіміздің қарым-қатынасымызды айналамыздағыларға үнемі білдіреміз: ұнайды немесе ұнамайды, әдемі немесе ұсқынсыз, арзан немесе қымбат және т.б. Бұл баға беру – құндылығын, сапасын бағалау, дәрежесін, деңгейін, бірнәрсенің немесе әлдекімді анықтау. Негізінде бірнәрсемен, мысалмен салыстыру жатыр.
Ал бір кездерде өзіңізді бағалаған кезіңіз болды ма? Өзіңнің қасиетің, дәрежең, кемшілігің? Өзіңіздің бағаңыз өзгелердікімен сәйкес келе ме?
Өзін-өзі бағалау – бұл өзіңнің қасиеттеріңнің, мүмкіншіліктеріңнің, қабілеттеріңнің бағасы. Өзін-өзі төмен санайтын адамдар өздеріне сенімсіз, аз сөйлейді, қорқақтау. Олар өздерін жиі жолы болмайтындар санайды. Ал жоғары бағалайтын адамдар өздерін қалай сезінеді? «Жоғары», «төмен» сөздерінің өзі шексіз, нормаға сәйкес емес. Жоғары бағалау адамды айшықтамайды: мұндай жандар өздеріне сенімді, өздерінің күшін жиі жоғары бағалайды, күші келмейтін жұмысты алып, соңына дейін жеткізбейді. Ал жоғары бағалайтын адамдар: өзін білдіре алмйды. Адамның өзін-өзі бағалауы қандай болуы қажет? Иә, өзін-өзі бағалау шнайы болуы тиіс. Адам өзін-өзі шынайы бағалауы тиіс, ол қандай, шын мәнінде солай. Бұндай жағдайда миға сиымды бағалау болады.
Тапсырма. «Өзін-өзі бағалау айнасы»
Айналадағы адамдар, қоғамдық құндылықтар мен нормалар, сіз салыстыратын жағдайлар, айнада рөл ойнайды, оған әрбіріміз қараймыз, өзіміздің образымызды «Менімізді» құрастырамыз.
Бөліп, солдан бастап өзін-өзі бағалау деңгейіне сәйкес келетін қасиеттерін жазып шығыңыз:
|
Өзін маңызды және керек сезінеді, өзіне-өзі сенімді, сенімді, әрқашанда жекедара шешім қабылдай алады, ойға алған істерін орындайды, бұған мүмкіндік болмасада өзін аса жоғары бағалайды; күдік келтіреді, ашуланады; қажетті тұлғааралық байланысқа уақыт кетіреді, ойланады; эгоист, басқалардың пікірін есепке алады. |
|
Сынға неғұрлым сезімтал; ұялшақ; шеше алмайтын, тәуелді, объективті емес; жалғыздықтан үнемі жапа шегеді, сенімсіздік, қауіп сезімі, пассивны, өзін-өзі басу және тағы басқалары. |
|
Өзіне қанағаттану, өзіңді қабылдау, жеке дәреже сезімі, өзіңнің жағымды жақтарың, нақты және идеалды «МЕН» өзіңмен келісу, басқаларға дұрыс қатынас жасау. |
Жаттығу-ойын.
Театрдағыдай ойнаймыз – анықталған өзін-өзі бағалаған адамның ролін орындау керек. Үш оқушыны үш ролді ойнауға шақырамыз.:
Өзіне сенімсіз адам; Өзіне сенімді адам; Өз-өзіне өте сенімді адам.
Тыңдаңыздар, бұл батыр қандай болуы қажет. Бұл адам ... (әрі қарай өзіне сенімсіз адамның белгілерін таблицадан оқиды.
Қалған оқушылар тұрамыз, орнымыздан тұрып, партадан шығамыз. Спектакльдің дайындығын бастаймыз.
Өзіне сенімсіз адамның мінездемесі оқылады, бірақ бұл жөнінде айтылмайды:
1. Тік көзқарасқа қарап тұра алмайды, көзін қашыртып алып кетеді.
2. Басын төмен түсірген.
3. Арқасы еңкейген.
4. Қолдары алдына айқастырылған.
5. Аяқтары бірнеше жерден ширатылып, тығыздалып қалған.
Өзіне сенімді адамның мінездемесі оқылады, бірақ бұл жөнінде айтылмайды:
1. Айналадағылардың көзіне тура қарайды.
2. Басын тік ұстайды, тіпті иегін кішкене көтереді.
3. Арқасы оның тік, жауырындары қақпақтай.
4. Қолдары арқасына айқастырылған.
5. Аяқтары ортасында, жауырындары босатылған.
Өз-өзіне өте сенімді адамның мінездемесі оқылады, бірақ бұл жөнінде айтылмайды:
1. Жартылай бұрылып тұрады.
2. Оң жауырыны алға шығыңқырап тұр.
3. Кеудесі дөңгелек.
4. Басы биікке көтерілген.
5. Менсінбей қарайды, паң.
6. Қолдары белінде.
7. Күшті сол аққа түсіріп, оң аяқ алға қойылады.
(Балалар бейнелейді).
Балаларға бейнелеуі бойынша сұрақтар:
- Біз қандай батырларды бейнеледік? Оның өзін-өзі бағалауы жоғары ма әлде төмен бе? Бұны өзіне сенімді адам деп айтуға болады ма? (Жауап: Жоқ, бұл төменгі бағалайтын адам, өзіне сенімсіз.)
- Ал сіздің батырыңыз тіпті басқаша. Бүл адам айналадағылардың көздеріне тура қарайды, тіпті иегін сәл-пәл көтереді, оның арқасы тік, жауырындары қақпақтай … . – Ал бұл батыр жөнінде және оның өзін-өзі бағалауы жөнінде айта аламыз ба? (Жауап: Бұл дұрыс өзін-өзі бағалаған адам, өзіне сенімді.)
Ал енді үшінші батырға. Бұл батыр жартылай бұрылып тұрады, оң жауырыны алға шығып тұрады, кеудесі дөңгелек, басы жоғары көтерілген, менсінбей қарайды, паң … .- Сізде қандай батыр шықты? (Жауап: Өз-өзін өте жоғары бағалайтын адам шықты, надан, мақтаншақ.)
Түйін: Біздің уақытымызда, өкінішке орай, өз-өзіне сенімділік надандықпен, өркөкіректікпен көбінесе байланысады. Бұл мысал өзіне сенімді мен өзін аса жоғары бағалайтын адам арасындағы айырмашылықты өте жақсы көрсетеді.
Тапсырма «Менің ұсыныстарым»
Егер өзін-өзі бағалау миға қонымсыз болса, шынайыдан төмен немесе жоғары болса не істеу қажет. Әрбірің ұсыныс жасап көріңдер.
Өзін-өзі бағалауды қалай көтерсе болады? |
Егер өзін-өзі бағалау шектен жоғары болса не істеу қажет? |
|
|
Топтағы балалар ұсыныстар құрастырады және кезектерімен айтып шығады.
Ал енді психологтерден ұсыныстар, қараңыздар сіздермен сәйкес келе ме? Тағы да не нәрсеге назар аударуымыз қажет?
1. Өзін-өзі бағалауды қалай көтерсе болады?
Өзін-өзі бағалауды көтеру тіпті де қиын емес, бұл үшін әлемге және өзіңе деген қарым-қатынасыңды шамалы өзгертсең жетеді. Өзін-өзі бағалауды көтеру – өте жәй процесс, бірақ егер сіз барлығын дұрыс жасайтын болсаңыз, нәтиже сізді күттірмейді!
Бәрінен бұрын, әдеттер мен өзіңді ұстаудағы ерекшеліктерге, сізге өзіңнің бағаңды көтеруге көмектеспейтіндіктеріне тоқталамыз:
· Өзіңді басқа адамдармен салыстыру. Әрбір адам жеке тұлға, осымен сіз ерекшеленесіз. Есте ұстаңыз, әркезеңде ақшасы көп, жетістікке қол жеткізген, өмірі жақсы адамдар табылады. Бірақ, әрқашан сізден де «төмен» бар ғой. Сондықтанда өзіңді басқа біреумен салыстыру – бос әурешілік, сізге өзіңнің бағаңды көтеруге көмектеспейді;
· Ақталмаған өзін-өзіне сын. Әр кезде, естірте өзің жөнінде айтасыз: «Мен жолы болмайтын адамммын», «Мен оған ие болуға лайықты емеспін» және т.б., сіз өзіңізді тұқыртумен айналысасыз. Келісіңіз, «тұқырту» сізге өзіңнің бағаңды көтеруге көмектеспейді;
· Айтылған мадақтауларды қабылдамау. Есіңізге түсіріңізші, адамдарда үнемі «Сіздің шаш үлгіңіз қандай әдемі!» дегенге, сіз жәй ғана: «Ерекше ештеңесі жоқ, мен шашымды жай ғана әдеттегідей тарадым» деп жауап бересіз. Сөйтіп сіз мадақтауды қайтарып тастайсыз. Келесі жолы тырысып көріңіз, өзіңіз жөнінде жақсы сөз естігенде: «Иә, бұл солай. Мен талаптандым, рахмет!» деп жауап беріңіз;
· Өмірге деген шағымдар. Әрине, барлығы жаман деп жылана беруге болмайды. Бірақ ойланыңыз: бақытты адам ешқашан шағымданбайды, бақытқа қалай шағым айтса болады? Келесі жолы, шағымданғыңыз келсе, бұл мәселені қалай шешу жағын ойластырыңыз. Сіз таңданасыз, шешімі сіз ойлағаннан да жеңілірек, ал шағымдар жағдайды өзгертуге шынымен де көмектеспейді
· Шешімсіздік. Егер орындауға шешім қабылдасаңыз, іске кірісіңіз! Неғұрлым ұзақ «бастай» алсаңыз, соғұрлым қиын болып көрінеді.
· Өзіңіздің жетістіктеріңіздің тізімі мен жақсы қасиеттеріңіздің тізімін жасаңыз. Бірінші тізімге барлық жетістіктеріңізді енгізіңіз. Әрбір күн сайын тізімге жаңа тармақ кіргізуді ережеге енгізіңіз, тіпті ең ұсақ-түйек дегенді де жазыңыз. Белгіленген уақыттан 10 минут ерте тұрыңыз, жинастырдыңыз, таңғы гимнастиканы жасадыңыз – бұлардың барлығы белгіленбей қалмауы қажет. Жақсы қасиеттеріңіздің тізіміне өзіңіздің барлық жақсы қасиеттеріңізді енгізіңіз, 20 тармақтан кем болмауы тиіс. Бұл тізімге әр күн сайын қараңыз – өзіңнің бағаңды көтеруге өте жақсы көмектеседі!
· Спортпен жүйелі түрде айналсыңыз.
2. Егер өзіңді бағалау шектен шыққан болса? Мұндай жағдайда психологтың кеңестері мынадай:
· Айналадағы адамдардың пікірін тыңдау, құптайтыны да, құптамайтыны да бар: олар жиі шын баға береді, бұны өзің жеке жасай алмауың мүмкін.
· Сынға ашусыз және жанжалсыз бірқалыпты қарау.
· Тапсырылған жұмысты дұрыс орындай алмасаң себебін өзіңнен ғана ізде, айналадағы адамдардан немесе басқа да жағдайлардан іздеме.
· Айтылған мақтауларды дұрыс түсінуге тырыс, ол қаншалықты шынайылыққа сәйкес келеді.
· Өзіңді өте жетістікке жеткен адамдармен қандай да бір қызмет түрлерімен немесе өмірімен салыстыр.
· ӨЗіңнің мүмкіншіліктеріңді қандай да жұмыс немесе тапсырма алмас бұрын талдап ал, бұл дұрыс шешім болады.
· Өзіңнің кемшіліктеріңді ұсақ-түйекке дейін негізінен басқа адамдардың кемшіліктеріне қарағанда термелеме.
· Өзіңе сын көзқарасымен қара, сын көзімен қарау өзіңді дамытуға көмектеседі.
· Жұмысты жетістікпен аяқтап, бұдан да артығырақ орындауға болатынын ойла, оған не кедергі келтірді?
· Өзіңнің нәтижелеріңді басқа аамдардыкіне қарап бақыла, өзің ғана қанағаттанып қойма.
· Басқа адамдардың сезімі мен тілектерін де құрметтеу қажет, өйткені ол дәл өзіңнің сезімің мен тілегің секілді маңызды.
Ал қазір сіздердің өзін-өзі бағалау дәрежесін анықтау үшін әрқайсыларыңызды тесттен өтуге шақырамыз:
Қолданылуы: сұрақты оқып және өзіңізге сәйкес келетін жауап вариантын таңдаңыз:
1. Сізді бұны айтпау керек еді немесе жасамау керек еді ойы қаншалықты жиі мазалайды?
а) өте жиі — 1 балл; б) кейде — 3 балл.
2. Егер сен жарқын және ақылды адаммен пікірлессең, сен:
а) оны ақылдылықпен жеңіге тырысамын — 5 балл;
б) жарысқа түспей, оған керектісін беріп, әңгімеден шығады — 1 балл.
3. Өзіңізге жақын келетін пікірлердің бірін таңдаңыз:
а) көп адамдарға аяқ астынан келген болып көрінгенімен, шын мәнінде үздіксіз жұмыстың нәтижесі — 5 балл;
б) жетістіктер жағдайдың бақытты кездеріне тәуелді — 1 балл;
в) қиын жағдайларда бастысы — еңбек немесе сәттілік, ал адам, қуаттауы немесе жұбатуы тиіс— 3 балл.
4. Сізге шарж немесе пародия көрсетсе. Сен:
а) Өзіңде басқа бір ерекшеліктің бар екеніне күлесің және қуанасың — 3 балл;
б) өзіңнің серіктесіңнен де күлкілі нәрсе тауып және оны күлдіруге — 4 балл;
в) ренжисің, бірақ түр білдірмейсің — 1 балл.
5. Сен әрқашан асығасың, саған уақыт жетпейді немесе бір адамның мүмкіншілігінен артық тапсырманы орындауға аласың?
а) иә — 1 балл;
б) жоқ — 5 балл;
в) білмеймін — 3 балл.
6. Сыйлық таңдасаң досыңа. Сатып аласың:
а) өзіңе не ұнаса — 5 балл;
б) досым қуанады деп ойлайсыз, бірақ сізге ұнамаса да — 3 балл;
в) жақында ғана телебағдарламада жарнамалаған – 1 балл.
7. Әртүрлі жағдайларды елестеткенді ұнатасың, себебі өмірден гөрі өзіңді басқаша ұстайсың?
а) иә — 1 балл; б)жоқ — 5 баллов; в) білмеймін — 3 балла.
8. Сенің құрдастарың саған қарағанда көп жетітікке жетіп жатса, сені ызаландырады ма?
а) иә — 1 балл; б) жоқ — 5 балл; в) кейде — 3 балл.
9. Біреулерге қарсы болу сізге ләззат сыйлай ма?
а) иә — 5 балл; б) жоқ — 1 балл; в) білмеймін — 3 балл.
10. Көзіңізді жұмып және үш түсті көз алдыңызға елестетуге тырысыңыз:
а) көгілдір — 1 балл; б) сары — 3 балл; в) қызыл — 5 балл.
Баллардың есебі
50—38 балл. Сен өзіңе ризасың және өз-өзіңе сенімдісің. Адамдарға иелік етуге талаптарыңыз көп, өзіңнің «меніңді», пікіріңді бөліп көрсеткің келеді. Сен жөнінде не айтатыны әсерсіз, өзің басқаларды сынағанды ұнатасың. Неғұрлым сенде балл жоғары болса, саған мына анықтама көбірек сәйкес келеді: «Сен өзіңді жақсы жақсы көресің, басқаларды жақтырмайсың». Бірақ сізде бір кемшілік бар: Өзіңе неғұрлым сенімді қарайсың, ешқандай сыни мәліметтерді қабылдамайсың. Егер тесттің нәтижесі ұнамаса да, бәрінен бұрын «күнтізбенің бәрі алдайды» деп «қорғанасың». Ал, өте өкінішті...
37—24 балл. Сен өзіңнің келісіміңмен өмір сүресің, өзіңді білесің және өзіңе сенесің. Жеке мінезіңмен, басқа адамдармен қарым-қатынаста қиын жағдайлардан шығудың бағалы жолын білесің. Өзіңе және айнала қоршағандарға қатынасыңның формуласын былай келтіруге болады: «Өзіңе ризасың, өзгелер де риза». Сенде шекті нағыз өзін-өзі бағалау, сен өзіңе сүйеу болып және күш-қуат көзі бола аласың, ең бастысы басқалардың есебінен емес.
23—10 балл. Өзіңе сенімді емессің, сені өзіңнің ақылыңа, қабілетіңе, жетістіктеріңе, сыртқы бейнеңе, жасыңа деген күдік пен сенімсіздік мазалайды... Тоқтаңыз! Кім айтты, өзін жақсы көрмеді деп? Кім сізді ойланып жүретін адам, үнемі өзіне сенімсіз деп жазғырды? Сәйкесінше, сізден ешкім өзіне сенбеушілікті талап етпейді, өзіңді қзің құрметтеуің керек, бұндай отта өзіңді сүйеуің қажет.
«Қалай өзіңді бағалауға болады»
Балалар! Айтыңдаршы, өзіңді қалай бағаласа болады?
1. Өзіңді жұмысың бойынша бағала. Жұмыстағы жетістік – бұл сіздің дәрежеңіздің көрсеткіші, сәтсіздіктер сіздің әлсіздігіңіз бен кемшіліктеріңізді бейнелейді.
2. Өзіңді басқалармен салыстыр, бірақ өзіңнен төменмен емес, кім сізден жоғары сол адаммен.
3. Өзіңнің пікіріңді өзің жөніндегі жақтастарыңның пікірімен салыстыр. Өзіңе басқалар секілді талаппен қара. Сіздің кемшіліктеріңіздің жауы – сіздің досыңыз.
4. Өзіңе айтылған сынға құлақ ас: егер біреу сынаса – ойланыңыз, егер екеу болса – өзңнің жүріс-тұрысыңа талдау жаса, егер үшеу болса – өзіңді қайтадан өзгерт.
5. Өз-өзіңді сынап қара, бірақ шектен шықпа. Шынайылыққа ұмтыл.
6. Лев Толстой айтқан, адам ағаш секілді қажет: саны – ол бар ғана, ал егер белгілісі – өзін ойлайтыны. Сіздің бар екендігіңіз – бұл сіздің жұмысыңыз, сіздің адамдармен жақсы қарым-қатынасыңыз пайда әкеледі.
Рефлексия
- Өзін-өзі бағалау дегеніміз не?
-Ол адамның бағасы басқа адамдарға қалай әсер етеді?
- Өзін-өзі бағалау қандай болуы мүмкін?
- Шынайы және идеальды өзін-өзі бағалау дегеніміз не?
- Неліктен айналамыздағылар бізді өзімізге қарағанда басқаша бағалайды? «Бсақаша көзқарас» неғұрлым шынайы болып саналады ма?
-Айнала қоршаған адамдармен қатынаста өзіңді қалай бағалайсың?
- Сіздің өзін-өзі бағалауыңыз қаншалықты шынайы деп есептейсіз?
- Өзін-өзі бағалау қалыптасуында танымның рөлі қандай?
- Жақсы қарым-қатынасты өзіңе қалыптастыру неліктен қажет?
- Өзіңе деген жақсы қарым-қатынас пен өзіндік дәрежеңе деген сезім өзара қалай байланыста?
13-сабақ
ҚАРЫМ-ҚАТЫНАСТАҒЫ СЕНІМДІЛІК
Мақсаты: тұлғалар арасындағы қарым-қатынаста сенімділікті қалптастыру, негізінен өзіңнің қызығушылықтарыңды қалдырмау.
Міндеттері:
- өмірде сенімді қылықтың маңыздылығы білімін дамыту;
- Өзіне сенімділікті үйрету;
- өзіне сенімділікке тәрбиелеу.
Ұйымдастыру кезеңі
Жаттығу «Дюжина»
Жаттығудың мақсаты: «Ақылды бой сергіту», өзгеріп отыратын жағдайлар кезеңінде жылдам қабылдау, сенімді қылықпен машықтануға дайындық.
Жаттығудың сипаты: Қатысушылар шеңбер құрады. Бастаушы олардың арасынан кез-келгенін көрсетеді және 2-ден 12-ге дейінгі санды айтады. Бастаушының көрсеткені, айтылған санды саусақпен бейнелейді (егер ол 10-нан көп болса, онда екі қабылдау). Оның оң жағында тұрғаны бір сан төмен көрсетеді, келесі оң жақтағы көрші – тағы бір сан төмен және т.б. соңында нөлге келгенше. Кім қателеседі немесе жаңылысады – сол ойыннан шығады.
Талқылау: Бұл жаттығуда қатысушылардың көзқарасы бойынша қандай ептілік дамиды? Оқушылардың тұспалдаған жауабы: Сенімділік.
Сабақ тақырыбы бойынша сұқбат
Бір ғана жағдайда адамдар өздерін әртүрлі ұстайды; адамдармен араласа отыра, олардың өздерін ұстауларына қарай екі түрлі қылыққа бөлуге болады: бір адамдар өздерін сенімді, келесісі – сенімсіз ұстайды.
Сенімді қылық – адам өзінің ұстанған бағытын біреуге жапсырып қоймай, әңгімелесушіге құрметпен қарайды. Ол өзінікінің дұрыстығына сенімді. Бұндай қылық «Мен саған теңмін» дегенді көрсетеді.
Сенімсіз қылық – адам өзін кінәлі сезінеді, бөгде адамдардың пікіріне бағынады, өзінің ұстанымында тұра алмайды. Бұл қылықтың формуласы: «Мен сенен төменмін».
Сенімді және сенімсіз адамдарды тек қана әңгімелесу барысында ғана емес, сыртқы бейнесінен де ажыратуға болады.
Екі оқушыны еріктері бойынша тақтаға шақырып, олар сенімді және сенімсіз адамдарды көрсетіп береді. Оқушылар талқылайды.
- Қандай белгілеріне қарап сенімді және сенімсіз адамдарды сіз анықтай аласыз?
Балалардың жауабын естіп және толықтырып, мынадай түйін жасауға болады: Сенімді адамның дауысы орташа-кең немесе жоғары, тік иықты, көзқарасы тік, сенімсіз адамдыкі иығы түсіңкі, дауысы бәсең, көзін төмен түсіріп тұрады.
- Сенімді және сенімсіз адамдар басқалармен қалай тіл табысады?
Балалардың жауабын естіп және толықтырып, мынадай түйін жасауға болады: Сенімсіздер – өзіндік пікірі жоқ, барлығымен келісе береді, өзінің ұстанымында тұра алмайды.
Сенімділер – көкірек, сынды жақтырмайды, тыңдамайды да, бұдан олардың сенімділігі азаймайды, олар өз пікірлерінде қала береді.
- Сіз қалай ойлайсыз, өмірде сенімді ме немесе сенімсіз адам болудың қайсысы жақсы?
Балалардың жауабын естіп және олардың айтқандарын толықтырғанда: Өзіне сенімді адам әрқашанда өзіне құрметпен қарайды.
«Шеңберде ұстау» жаттығуы
Мақсаты: Жаттығу, серіктесіңмен бірге тез өзгеретін жағдайлардағы сенімді іс-әрекетке дайындау.
Жаттығудың сипаттамасы: Екі қатысуы бір-біріне беттерімен қарап, қолдарын ұстайды, қалғандары оларды қоршап еркін орналасады. Олардың міндеті – қалғандары арасынан біреуді ұстау (қолдарын жібермей, басқа ойыншыны жоғарыдан «қоршау»). Ұсталынған екі адамның ортасында олардың қолдарынан ұстап, үш адамнан шеңбер құрады. Келесі қатсушыны олар енді үшеуі ұстайды, ұсталынған келесі шеңберді кеңейтеді және т.б. Тапсырма – осылай барлық қатысушыларды ұстау. Егер соңында 1-2 қатысушы ғана қалса, оларды ұстау мүмкін болмаса, ойын ерте аяқталуы мүмкін.
Талқылау:
Қатысушыларды «ұстау» барысында адамдардың санының көбеюімен шеңбердегі жағдай қалай өзгерді? Ұстаудан өзге қатысушыларға қандай қасиетттері ұзақ уақыт ұсталмауына, басқаларынан сәтті болуына көмектесті?
«Қылықтың үш жағдайы» жаттығуы
Жаттығудың сипаттамасы. Қатысушылар жанжалды жағдайларды ойнайды (сапасыз тауарды дүкенге қайтару қажеттілігі, танысыңның қандай да бір нақты емес өтінішін орындамау және т.б.; мысалдарын қатысушылардың өздері ұсына алады), оларға төмендегі қылықтардың біріне сәйкес мінез көрсетуі тапсырылады.
Ұялшақ: кінәлі мәнермен, бәсең дауыспен сөйлейді, көзін төмен түсіріп, өзінің талаптарына мәжбүрлемейді, өзіне көңілі толмайтындығын басып көрсетеді («сіз жақсырақ білесіз», «сізге артығырақ көрініп тұр» және т.б.) және оның шешіміне деген тәуелділігі басым көрсетіледі.
Сенімді: салмақты, неғұрлым ашық дауыспен, пікірлесушіге тіке қарап сөйлейді, өзінің талаптарын нақты қойып, қажет болса қайталайды, кінәлау мен қорқытудан тайсалмайды, жанжалды жағдайда «тұлғалық қасиетке» өтпей айтатынын айта алады. Сынды қабылдайды, бірақ бұл пікірлесушінің жеке басына қатысты емес, жағдайға тікелей байланысты болуы тиіс.
Ызалы: айқайлап, бет пішінін құбылта отырып сөйлейді, қарсылығын көрсетеді, өзінің талаптарын қатып қалған бұйрық ретінде жеткізеді, пікірлесушіні тұлға түрінде сынайды, оның тарапынан қарсылық бола қалса, қорқытуға көшеді (біреулерге шағымданатынын, мәселені қиындадатынын жеткізеді және т.б.).
Әрбір таңдалған қойылым үш рет қойылады (1-2 минут қайталайды). Серіктес шағым айтушы немесе талап етуші көрсетілген стильдің біреуін орындайды. Екінші серіктес шағым тыңдаушы арнайы қолданыс негізінде өзін ұстауы тиіс. Қалған қатысушылар осы уақытта бақылаушылар қатарында және ойыншылардың қимыл-қозғалысын бақылайды, олардың қылықтарын қай стильге жататындығын анықтайды. Қойылым біткеннен кейін өздерінің бақылауларымен бөліседі.
Жаттығудың психологиялық мәні. Жанжалды жағдайда сенімді қылық дегеніміз не (ұялшақ және ызалы) екенін көрсетеді және оған дайындалады. Плюсі мен минустарын көрсетілген стил бойынша талқылайды.
Талқылау:
· Ойыншыларда ұялшақ, сенімді, ызалы адамдарды бейнелегенде қандай сезімдер оянды? Ал олар кімдерге бағытталған?
· Таңдалған сюжеттің қайсысы неғұрлым нәтижелі болып, көбірек мақсатқа жетті?
· Қандай жағдайларда миға қонымды қылық нәтижелі, пайдалырақ болады?
"Ықтималды нұсқалар" жаттығуы
Жаттығудың сипаты. Қатысушылар 3-4 адамнан топқа бірігеді. Оларға жанжалды жағдайлар ұсынылады: 1) Сен плеер сатып алдың, үйге әкеілдің, ал л жұмыс істемейді. Дүкеннен ауыстырып беруін сұрадың, ал ондағылар ауыстырмайтынын айтты; 2) Сен кезекте тұрсың, бір кезде бір жігіт пен қыз сенің алдыңа келіп тұрып алды, солай болуы қажет сияқты; 3) Сен туған күнге байланысты достарыңмен дискотекаға баруға келісіп қойдың. Ал мамаң айтады: «Сен түнде ешқайда да бармайсың, әлі кішкентайсың!»; 4) Сен дүкеннен жарты келі колбаса сатып алдың, үйге әкеліп қарағанда, оның тұрып қалғандығын байқайсың. Дүкенге қайтып оралып, колбаса мен чекті сатушыға беріп, сапасыз тауар үшін ақшаны қайтаруын талап етесің. Ал ол: «Ештеңе де білмеймін, бізде азық-түліктің барлығы балғын. Сіз бұны басқа жерден сатып алғансыз» деп жауап береді. Қатысушылардың тапсырмасы – ойлану, қойылымға дайындалу және көрсету, ықтималдығын дәлелдеу (неғұрлым аз күш жіберіп, соғұрлым мақсатқа жету нәтижесін беру) сенімді, ызалы және ұялшақ қылықты әрбір жағдайларда қолдану.
Психологиялық мәні: әртүрлі жағдайларда ықпалды әсер ету, жағдайға байланысты түрлі қылықтарды қолдану ықтималды жетістікке әкеледі.
Талқылау.
Әрбір қатысушыға сенімді, ызалы және ұялшақ
қылықты көрсету қаншалықты лайықты болды?
Бұл немен байланысты? Сенімді, ызалы және ұялшақ
қылықты неғұрлым тиімді қолданатын
жағдайлар болып тұрады ма?
«Ызалы және ұялшақ» жаттығуы
Жаттығудың сипаты. Жаттығу үшеулік арасында орындалады. Кім бастаса, қандай да бір қозғалыспен аяқтайды, ешкімге зиянсыз, айналадағыларға деген жаушылықты, немесе біреуді кінәлауды білдірмейтін қылық (мысалы, басын төмен түсіреді). Басқа екі қатысушының тапсырмасы мынадай: олардың біреуі ызалы адамның, екіншісі ұялшақ адамның бейнесін сомдайды. Мысалы: «Ол басын түсіріп, көзін төмен салып тұр, яғни ол менің алдымда бірнәрсеге кінәлі, осы кезде оған үйретуім қажет.» немесе «Ол басын түсіріп, менімен көзін түйістірмей тұр, мүмкін мен оның алдында кінәлі шығармын, оның көзіне қарау маған ұят!» Бұл жаттығуды тұтастай ұйымдастыру қажет, әрбір үштік кезекпе-кезек басқа топтағыларға әсер еткені дұрыс.
Жаттығудың
психологиялық мәні. Бұл жердегі мәселе
адамның бір мезгілде қабылдауына байланысты өзгеруі.
Әдетте адам өзіндегі бар қылықты негіздеп
көрсетеді.
Талқылау. Егер сіз өзіңіз осы
жаттығуға қатысып және жанынан бақылағанда
қандай әсерде болдыңыз? Айналадағылардың
іс-әрекетімен бетпе-бет келгенде адамдар қалай шешеді? Кейде адамдар
бір ғана жағдайды қарама-қарсы қалай
түсінетіндіктерінен өмірлік мысалдар келтіріңдер.
Өзіңіз үшін қандай шешім шығардыңыз?
Ойын жағдайында басқалар үшін талқылап, ережедегідей
өзіміздің тағдырымызда қателесетінімізге назар
аударыңыз.
«Өзіңе деген сенімділік» тесті (Райдастың тесті).
Мұнда
30 әртүрлі қылықты бейнелейтін бекітулер берілген.
Әрбір бекіту бойынша сәйкестікті белгілеу қажет:
5 — «маған өте сәйкес, сипаттау өте
дұрыс е»,
4 — «мен үшін неғұрлым сәйкес — иә,
жоққа қарағанда»,
3 — «кейбірі сәйкес, кейбірі сәйкес емес»,
2 — «мен үшін неғұрлым сәйкес емес—
жоқ, иәға қарағанда»,
1 — «мен үшін тіптен сәйкес емес, сипаттау дұрыс
емес».
Сұрақ мәтіні
1.
Көптеген адамдар маған қарағанда ызалы және
сенімді.
2. Мен бірінші болып кездесуге шешім шығармаймын және
өзіме кездесуді ұялшақтығымнан қабылдай
алмаймын.
3. Кафеде немесе ресторанда тамаққа тапсырыс бергенде
менің даяшыға шағымданғаным ұнамайды.
4. Мен егер мені қорласа да, өзге адамдардың сезімін
қозғамаймын.
5.
Егер сатушы маған тауарды күштеп көрсетсе, егер маған
сәйкес келмесе де, «жоқ» деп айту қиындыққа
түседі.
6. Менен бірнәрсені істеуді сұраса, мен міндетті түрде
не үшін екендігін сұраймын.
7. Мен күшті айғақтар мен дәлелдер келтіргенді дұрыс деп қолданамын.
8. Мен көп адамдардың арасынан бірінші болғанға тырысамын.
9. Шындығын айтқанда, адамдар мені өз қызығушылықтарына жиі пайдаланады.
10. Мен таныс емес адамдармен сөйлескеннен ләззат аламын.
11. Мен әдемі қызға (ұлға) не айту керек екенін білмеймін.
12.Мен
мекемеге телефон бойынша қоңырау шалу қажет болғанда,
шешім қабылдай алмаймын.
13. Мен мені топқа қабылдау немесе оқуға қабылдау
жөнінде әңгімелесуден гөрі, жазбаша өтініш
бергенді дұрыс деп санаймын.
14.
Мен сатып алған затты қайтаруға ұяламын.
15. Егер мені жақын және құрметті туысқаным
ашуландырса, мен өзімнің ашуымды өзімде ұстап,
жасырамын.
16. Мен ақымақ болып көрінуден қорқып,
сұрақ қоюдан қашамын.
17. Ұрыс-керіс барысында мен толқып дірілдеймін бе деп кейде қорқамын.
18. Егер белгілі және құрметті дәріскер мен дұрыс емес деп есептейтін көзқарас айтса, мен аудиторияны тыңдауға мәжбүрлеймін және өзімнің көзқарасымды білдіремін.
19. Мен ұрыстан және бағаға саудаласудан қашамын.
20.
Маңызды және тұрақты бірнәрсе жасағанда,
басқалардың да білгенін қалаймын.
21. Мен өзімнің сезімдеріме ашық және тазамын.
22. Егер кімде-кім мен жөнінде өсек айтса, мен онымен сөйлесуге трысамын.
23. Маған «жоқ» деп айту қиын.
24. Мен өзімнің көңіл-күйімді көрсетпей, қойылым қоюға құштар емеспін.
25. Мен нашар қызмет пен бей-берекеттікке шағымданамын.
26. Маған мадақтаулар айтқан кезде, мен не деп жауап беретінімді білмеймін.
27. Егер маған театрда немесе сабақта сөйлеп кедергі келтірсе, мен ескерту жасаймын. 28. Егер біреу кезектен тыс менің алдыма кіріп кеткісі келсе, менен тосқауыл алады.
29.
Мен әрқашанда өзімнің пікірімді айтамын.
30. Кейде маған ештеме айту қажет емес болады.
Кілт
1. 3, 6, 7, 8, 10, 18, 20, 21,
22, 25, 27, 28, 29
сұрақтарының балын табу.
2. 1, 2, 4, 5, 9, 11, 12, 13, 14, 15, 16, 17, 19, 23, 24, 26, 30 сұрақтарының балын табу.
3. Алынған сомаға 72 санын
қосу және одан екінші соманы алу.
Интерпретация
0 - 24: өзіне өте сенімді;
25 - 48: неғұрлым сенімділіктен гөрі сенімсіз;
49 - 72: сенімділіктің орташа деңгейі;
73 - 96: өзіне сенімді ;
97 - 120: соншалықты өз-өзіне сенімді.
Түйіндер мен кеңестер: Кімде 0-ден 48-ге дейін нәтиже шықса – өзіне деген сенімділікті күшейту қажет, 97-ден 120 –ға дейінгілер жан-жақтарыңызға қарап, өмірде сенімді қадам басып келе жатқандардың бар екендігін де ойлаңыз. Егер сіздің өз-өзіңізге сенімділігіңіз басыңызды айналдырса, сіз өмірдегі өзіне сенімділігі жоқ адамдарға көмектесіңіз.
«Өзін-өзі құрметтеу жұлдызы» жаттығуы. Тақтаға адамның қасиеттерін білдіретін мына сөздер жазылады: белсенділік, альтруизм – қайтарымсыз көмек, әртістік, кеңпейілділік, адамгершілік, үлкен жүректілік, еркіндік, қайырымдылық, достық сүйгіштік, өмірді сүю, қамқорлық, зиялылық, ашықтық, сүйіспеншілік, ақылдылық, оптимизм, терең ойлаушылық, ерлік, басқаларға көмектесу, шындық, сәлемділік, шешімділік, қиялдау, жинақылық, ойдан құрастырушылық, еңбексүйгіштік, шыдамдылық, дәлдік, нақтылық, күлімдеушілік, ақылды бола білу, тыңдай білу, бір беткейлік, келісімге келушілік, адалдық, жомарттық.
Қолданылуы: Өзіңіздің жұлдыздырыңызды құрастырып, тізімнен өзіңнің қасиеттеріңді тауып, тапқаныңызды жұлдыздарға жазыңыз. Егер де, көңіл-күйіңіз нашар болса, өз күшіңізге сенбесеңіз, өз жұлдызыңызды тауып, соған қараңыз және тапсырманы орндаңыз.
Рефлексия
- Басқа адамдармен қарым-қатынаста адамға қандай қасиеттер қажет?
- Бүгін біз жұмыс жүргізген қасиеттерді атаңыз?
- Топта өзіңіз жөнінде жаңа не нәрсе білдіңіз?
- Өзіңді тәрбиелеу үшін қандай қасиеттер қажет?
14-сабақ
ҚҰРМЕТТЕУ ЖӘНЕ ӨЗІН-ӨЗІ ҚҰРМЕТТЕУ
Мақсаты: өзінің бойындағы өзін-өзі құрметтеуді анықтау және адамдарға қайырымды қарым-қатынасты құрметтеу сезімдерін дамыту
Міндеттері:
- «құрметтеу/өзін-өзі құрметтеу» түсініктерін ашу;
- өзіңнің қылықтарыңа баға беріп және талдау жасауды дамыту;
- көмекке ұмтылатын және қайырымды адам болуға тәрбиелеу.
Ұйымдастыру кезеңі
Балалар! Қазір біз «Мадақтау» айту жаттығуын орындаймыз. Сіздердің әрқайсыларыңыз кезекпен өзіңнің сыныптасыңа мадақтау айтасыздар. Оқушылар бір-біріне мадақтаулар айтады.
-Сіз қазір нені сезіндіңіз?
-Сізге қайсысы жағымдырақ мадақтау айту ма, әлде өзіңе қабылдау ма?
-Адамға жағымды сөзді қай кезде айтқан дұрыс?
- Бүгінгі сабағымыздың тақырыбы «Құрметтеу және өзін-өзі құрметтеу»
Тапсырма «Құрметтеу»
Сөйлемді әрбір әріп арқылы оқыңыз және жазыңыз.
«Шпыннрывмледнжежнж өлзь өнзоіунвнее срееннінмыдйів асдеабме өюзюөюзюіюнюе қоұтрнмоестиптесн қяакрсаейбдеыс» және
«Шпыннрывмледнжежнж өлзь өнзоіунвнее срееннінмыдйів асдеабме боатснқоаслиатрсғяа дса қуұврамжеетнпиеенм қоакррауйждаы»
Шынымен де өз-өзіне сенімді адам өзіне құрметпен қарайды және Шынымен өз-өзіне сенімді адам басқаларға да құрметпен қарайды
Ертегі оқу «Екі апалы-сіңлілі»:
Бір байдың екі қызы болыпты. Біреуі, үлкені Клара, тіл жетпейтін сұлу болыпты. Ал басқасы, кіші сіңлісі Жамиля, тұйықтау, оны әдемі деп атау қиындау болыпты.
Ал бұл ауылда бір қарт әжей тұрыпты. Оның қараша үйі ең кедей, ал киімдері жыртық-жыртық. Ал сұлулықтан ештеме де қалмаған. Ол ешқандай жұмыста тұрақтамай, барлық тапқан ақшаларын, алыс елге оқуға аттанған ұлына салып тұрады.
Бір күні әлгі әйел қыздардың үйінде көйлек тігіп отырғанда, Клара байқаусызда, мүмкін әдейі, бисерлерді шашып алады, ал әйел оған мерекелік камзол тігуі тиіс болатын.
Әйел қызға ескерту жасайды. Ал ол болса айқайлайды:
-Сен – нашар, ұсқынсыз кәрі қақпас! Менің үйімде қалай ғана аузыңды ашып сөйлей аласың? Сен тіптен менің сәлемдесуіме де тұрмайсың!
Ал оның сіңлісі, керісінше, бисерлерді жинап, әпкесінің тұрпайлығы үшін одан кешірім сұрайды. Содан кейін үлкен әпкесі байғұс әйелмен сәлемдеспейді.
Бір күні ауылға жауынгерлердің қошеметтеуімен әдемі атпен, күн сияқты, өте келбетті жігіт келеді. Оның киімдері інжу мен алтыннан жарқырап, ал қара көздері екі алмаз сияқты күлімдеп тұрады. Атты жауынгерлер еш жерге аялдамастан, тіке байғұс кемпірдің үйіне беттейді. Ол қарсы алдарынан жүгіріп шығып, күтіп алып қуаныштан жылап жібереді.
-Сәлеметпісің, ана, - деп жігіт жігіт сыпайы, мейіріммен, мен кеңесшісі болып жүрген жүрген падишах, сені сарайға алып келуге рұқсат етті. Жиналыңыз! деп тіл қатады.
Үлкен қыз, ең әдемі киімдерін киіп, кемпірдің қара үйіне жүгіріп келеді, өйткені әдемі бозбаламен бірінші амандасып, өзіне көңілін аудартқысы келеді. Бірақ, оның тас болып қатып қалғандай сөйлей алмайды. Есесіне, Жамиля, тыныш жүріп, аяқ астынан көктемгі бұлбұлдай сайрай жөнеледі.
Кемпір баласының қолынан ұстап, оны кіші қызға алып келеді, бұл ең қайырымды, ізетті және бұл өмірде қызмет жасайтын қыз, бұдан артық саған қалыңдық жоқ деп айтады. Айтылды – жасалды. Келесі күні кемпірдің баласы мен Жамиля үйленіп, ұзақ та бақытты ғұмыр кешеді, олардың көп балалары болады.
Дөрекі Клараға не болды деп білгіңіз келіп отыр ма? Айтуларынша, осы кезге дейін бай да, әдемі күйеу жігітті күтуде, әлі күнге дейін «Сәлеметсіз бе» сөзін айта алмайды екен.
Сұрақ:
-Сіз қалай ойлайсыз, неліктен жігіт Клараға емес, Жамиляға көңіл аударды?
- Сіздің ойыңызша, Клараның бақыты үшін не қажет?
- Ертегінің мазмұнына байланысты қандай цитатпен сәйкестендіруге болады?
Түйін: Құрметтеу оның дәрежесіне
негізделген адамға деген жағымды қарым-қатынасты
білдіреді. Өзін-өзі құрметтеу жеке
дәрежелеріңді білу. Әрбір адамға айналадағыларды
құрметтеу және адамдармен нәтижелі
қарым-қатынаста өзін-өзі құрметтеуді
жүзеге асыру міндетті.
Дәптермен жұмыс:
Құрметтеу – көп білетін және жасай алатын айналадағы адамдарға деген жақсы қарым-қатынас.
Өз-өзін құрметтеу –бұл өзіңе деген құрмет.
«Менің әлемімнің бейнесі» жобалық әдістеме.
Мақсаты: Адамның ішкі әлемін, с.қ. өзін қабылдауын, әлем және ондағы орнын зерттеу.
Қолданылуы: Өзіңнің әлеміңде қайда бейнелейтін, сурет сал.
Топтық жұмыс: - Қане, топқа 5 адам жинаймыз. Әр топ қандай да жағдайлармен желілі сурет алады. Бұндай жағдайларда адамдар өздерін қалай ұстайтындықтарын талқылаңдар. Оның иегерлері құрметке лайық екендіктерін дәлелдеңдер.
Жұптық жұмыс: - Ал енді біз жұппен жұмыс жүргіземіз. Сіз бір-біріңіздің жақсы қасиеттеріңізді, басқа айналадағылар құрметтейтін және оның иегерлері үшін мақтаныш қасиеттеріңізді тізуіңіз қажет (топтардың жауабы тыңдалады).
Жеке жұмыс: Әрбір адам өзінің жақсы қасиеттерін біліп, оны құрметтеуі тиіс. Жұмыс жасай отырып, «жағымды жапырақтарға» өзіңізге ұнайтын қасиеттеріңізді тізіп шығыңыз. (қалағандар жазғандарын оқуларына да болады).
Мен жасай аламын __________________________________________________
Мен мақтанамын ________________________________________________
Менде барлығынан да жақсырақ шығады ___________________________
Мені жиі осы үшін мақтайды _____________________________________
Қанекей, қазір бұл парақтарды біздің «Сыныптың жетістік ағашына» жапсырайық.
Психолог: Балалар, сіздер қалай ойлайсыздар, басқа адамдар тарапынан құрметті сезінуде адамдар өздерін қалай ұстайды?
Жобаланған жауап: Жағымды сезімдерді сезінеді.
Түйіндер: Ал егер, сіз қандай да бір себеппен айналадағы адамдардың құрметін қажет етсеңіз, өзіңді құрметтегендей етіп жасаңыз. Бұл үшін алдыңызға мақсат қойып, соған жетуге тырысыңыз. Мақсаттың үлкен немесе кіші болуы маңызды емес.
Мақсат – бұл адамның ұмытылысы. Өзінің алға қойған мақсатына жеткен адам айналадағылардың құрметіне лайық, ал оның артынан өзін-өзі құрметтеу келеді. Человек, Немесе керісінше, өзін құрметтеген адам алға қойған мақсаттарына жете бастайды. Бұл процесс қандай жағдайда да өзара тиімді.
Сондықтанда алдыңа мақсат қоя білу және оған жету өте маңызды. Мақсаттар әртүрлі болуы мүмкін. Әрқашанда алдыңа жетістігіне жете алатын мақсат қою қажет. Егер күшің жетпейтін болса, мақсатыңа да жете алмайсың. Егер жетістікке жету жолында қиындықтар мен сәтсіздіктер кездесіп жатса, бұл одан бас тартуға себеп болмайды. Мақсат қоя білу құрметке лайық.
Көптеген адамдарды білімі мен ептілігі үшін құрметтеуге болады.
Әрбір адам өзін құрметтеуі тиіс.
Ал қазір, сабақ не берді, қазір қандай сезім мен әсердесіңдер, сендерден нені алып кетті, сонымен бөлісейік.
Рефлексия
- Сіз бүгін қандай түсініктермен таныстыңыз?
- Құрметтеу мен өз-өзін құрметтеу бір-бірімен қандай байланысты?
- Өз-өзіңді құрметтеу сезімін өзіңде қалай жасауға болады?
15-сабақ
МЕНІҢ ЖЕТЕКШІЛІК ҚЫЗМЕТІМ
Мақсаты: адамның жетекшілік қызметі жөнінде түсініктерін қалыптастыру
Міндеттері:
- «қызмет» түсінігінің мағынасын ашу;
- «себептері-әрекеті-мақсаты» аналитикалық талдау;
- тұлғалар арасындағы қарым-қатынаста мәдениетке тәрбиелеуге ұмтылу.
Ұйымдастыру кезеңі
«Интервью» жаттығуы
Психолог: «Балалар! Қазір сіздерге сол жақтағы көршіден топтық жұмысы беріледі. Сіздердің тапсырмаларыңыз – бір-біріңнен схема бойынша интервью алу. Толықтырулар енгізіледі. Сыныптағылардың барлығына өзіңнің «көршіңді» таныстыр.
Сабақтың тақырыбы бойынша сұқбат
Балалар! Бүгін біз адамның жүргізушілік қызметі туралы айтатын боламыз. Бірақ та, адамның жүргізушілік қызметі туралы айтпас бұрын, оның қызметін тұтастай қарастырамыз. Қызметтің астарында – адамның ортамен белсенді іс-әрекеті жатыр, осының арқасында онда пайда болған қажеттіліктерге, себептерге орай ол алға қойған мақсаттарына жетеді.
Қызметтің құрылымы: себептері-әрекеті-мақсаты.
Себептер – адамның қызметін оятады
Әрекет – қызметтің мақсаттың жетістігіне белгілі бір аралықта бағытталған, жалпы ойламға бағынатын аяқталған түрі.
Мақсаттар – тікелей қызметке бағытталған.
Себеп пен мақсат сәйкес келмеуі мүмкін. Адамның жасап жатқан жұмысы жиі сәйкес келмей қалады.
Қызметтің негізгі түрлері, адамның жеке тұлға ретінде қалыптасуы мен өмір сүруін қамтамасыз ететіндері – бұл қатынас, ойын, оқу және еңбек.
«Себеп» жаттығуы
1. Сіздің кіші ініңіз балабақшаға барғысы келмейді. Оны бақшаға баруға ұмтылу үшін сіз қалай ынталандырасыз?
2. Елесетіңіз, азанда ояна сала, сіз әрі қарай ұйықтағыңыз келіп тұрғанын сезесіз, ал сізге мектепке бару қажет. Сіз өзіңізді мектепке бару үшін қалай жігерлендіресіз?
«Әрекет» жаттығуы
1. Елестетіңіз, сізді сыныптасың ызаландырады, қандай әрекет етесіз?
2. Елестетіңіз, сізді жалған айыптады, сіз сыныптасыңызды әділетсіз ұрып жібердіңіз. Сіздің әрекетіңіз?
«Мақсат» жаттығуы
1. Елестетіңіз, сіз ортамен белсенді өзара қарым-қатынас жасағыңыз келеді. Сіз қандай мақсатта жоспарлар едіңіз?
2. Егер сіз болашақта жақсы жетістікке жеткіш адам болғыңыз келсе, қандай мақсатта жоспарлар едіңіз?
Жетекшілік қызмет – осы кезеңде адамның психикалық дамуына үлкен әсер ететін, өзінің дамуына жетелейтін қызмет.
Қандай да бір адамның белгілі бір кезеңінде жетекші қызмет түрі болып табылады:
1) ойын– мектепке дейінгі кезең
2) оқу – кіші мектептік жас
3) тұлғааралық қатынас – жасөспірім шақ
4) оқу-кәсіби, өмірдің мәнін іздеу, тұлғалық өзін анықтау «Мен кіммін?» – бозбалалық.
«Оқу қызметінің себептері» сауалнамасы
Қолданылуы: «Айтылғандарды мұқият тыңдаңдар, өзіңнің талабың мен тілегіңе сәйкес келетінін белгілеңіз»
1.Оқимын, себебі сабақта қызықты.
2 Оқимын, себебі ата-анам мәжбүрлейді.
3. Оқимын, себебі жақсы баға алғым келеді.
4 Оқимын, себебі, болашақтағы мамандығыма дайындалу үшін.
5. Оқимын, себебі біздің уақытымызда бәрін білуге тиіссің, дымбілмес болуға болмайды. 6. Оқимын, себебі оқудағы жолдастарымның арасында беделді болғым келеді.
7. Оқимын, себебі жаңалықты білген ұнайды.
8. Оқимын, себебі мұғалім ұнайды (мынадай пән бойынша).
9. Оқимын, себебі жаман бағалар мен жайсыздықтардан қашамын.
10. Оқимын, себебі көп білгім келеді.
11. Оқимын, себебі ойланғанды, ойды, елестеткенді жақсы көремін.
12. Оқимын, себебі бірінші оқушы болғым келеді.
Нәтижелерін талдау мен сараптау:
Себептерін жіктеу:
Кең әлеуметтік себептер – 4,5;
Жақсылыққа ынталану – 1,11;
Сапалыққа ынталану – 6,12;
Мазмұнға ынталану – 7,10;
Тізбектелуге ынталану – 2,9;
Тар әлеуметтік себептер – 3,8.
«Қызметіңнің түрін көрсетші» жаттығуы
Қолданылуы: «Қызмет жөнінде қандай жағдайларда айтылады. Қандай белгілеріне қарап сіз орындадыңыз?»
1)Медет тапсырманы шешуге ойланып отыр.
2) әкесі диванда жатып, газет оқуда.
3) әрбі кеш спортсмен 3 километр жүгіреді.
4) Балалар хоккей ойнауда.
5) Зейнеткер паркте қыдырып жүр.
6) Алина Динарамен үй ойнап отыр.
7) Саят бағдарламалық материалды көшіріп отыр.
«Жасы бойынша бөл» жаттығуы
Психолог: «Балалар! Әрбір жас кезеңіне орай қандай қызмет түрлері сәйкес келетінін анықтаңдар»
Қызмет түрлері |
Жас кезеңі |
Бала көркем әдебиет оқып отыр |
Мектепке дейінгі кезең |
Қыздар қуыршақ ойнайды |
Кіші мектеп жасы
|
Диас университетте оқып жүр
|
Жасөспірім шақ |
Қыздар киноға жиналды |
Бозбалалық |
Оқушы тапсырманы шешуде |
«Ассоциация» түрі бойынша жаттығу.
Қолданылуы: «Қызмет» сөзімен ассоциация құрыңдар. Күн түрінде жазып және оған өз жастарыңдағы басты қызметтер жайында жазыңдар.
Рефлексия
- Бүгінгі сабақта жаңа не білдіңдер?
- Не ұнады, алған білімдеріңнен қандай пайда болады?
- Не қиындық келтірді және енді тағы немен жұмыс жүргізуіміз қажет
16-сабақ
МЕН ӨЗІММЕН ӨЗІМ ЖӘНЕ ҚОРШАҒАН ОРТАМЕН
Мақсаты: жеткіншектердің жауапкершілігін қалыптастыруға әсер ететін өзін-өзі бақылаудың тұлғаның даму факторы ретінде түсінігін ашу.
Міндеттері:
- теориялық ойлау қабілеттерін ашу;
- өзінің өмірін жеке дара сүруге дамыту;
- өзін-өзі бақылауға тәрбиелеу.
Ұйымдастыру кезеңі
Аңыз
Оқушы дәруіштен сұрады:
-Ұстаз,
әлем адам үшін жау ма? Немесе адамға қайырым
әкеледі ме?
- Мен саған әлемнің адамға қалай қарайтыны
жөнінде мысал айтайын, - деді ұстаз.
«… Өте ертеде ұлы шах өмір сүріпті. Ол ғажайып
сарай салуға әмір береді. Онда небір ғажайыптар болды.
Сарайдың бөлмелері, қабырғалары, төбесі, есігі
тіптен еденіне дейін айнадан жасалынған еді. Айнаның ерекше
жарқырайтыны сондай, келушілер бірден түсіне қоймайтын,
өйткені айна заттарын анық көрсететін. Сонымен қатар,
қабырғалары жаңғырық шығарып тұратын
етіп салынған. «Сен кімсің?» деп сұраса, жан-жақтан
«Сен кімсің?» деп жауап естілетін. Бір күні залға бір ит
жүгіріп кіреді де ортада тұрып қалады – оны жан-жағынан
жоғарыдан және төменнен айнала қоршап алған еді.
Ит тісін көрсетеді, қалғандары а дәл солай тісін
ақситады. Қорыққан ит шарасыздықтан үреді.
Жаңғырық оны қайталайды. Ит одан да сайын қатты
үреді. Жаңғырық тағы да қайталайды. Ит
анда-мында ауаны қармалап жүгіреді, оның бейнесі айнала
тағы да жүгіреді. Азанда қызметшілер бейшара иттің
өлі денесін айнала қоршаған миллиондаған өлген
иттермен тауып алады. Залда ешкім болған жоқ, оған кім
зиянкестік жасауы мүмкін. Ит өзінің бейнесімен алысып
жүріп, қайтыс болды».
-Сен енді көрдің бе, - деп сөзін аяқтады
дәруіш, - әлем өздігінен жамандық та,
жақсылық та әкелмейді. Оған адам үшін
бәрібір. Айнала болып жатқанның барлығы біздің
жеке ойларымыздың, сезіміміздің, тілектеріміздің,
жасаған қимылдарымыздың бейнесі ғана. Әлем -
бұл үлкен айна.
Психолог Ганс Селье былай деп айтқан: «Шынайылық, салыстыра білу, өзіңді және басқаларды түсіну– кез-келген қызмет аясында бақыт пен жетістікке жетудің кепілі.
Сабақ тақырыбы бойынша сұхбат
-Жақсы оқу үшін не қажет – үнемі күш немесе сәттілік?
-Адамдармен ұрыста әдетте кім кінәлі болады?
-Мектепке кешіккенде сіз қалай ақталғанды дұрыс санайсыз –будильник сынып қалды, немесе өкінішке орай өзіңіз ұйықтап қалдыңыз?
- Сіз ойлайсыз ба, ешқандай айырмашылық жоқ? Бірақ нюанс бар. Кейбіреулер болып жатқан жағдайлардың барлығын сыртқы әлеммен сәйкестендіреді: жаман ұстаз, жаман сыныптастар, қатал тағдыр, өмірі жолым болмайды. Келесілері сыртқы өмірді олардың өміріне аз әсер етеді дегенді өзіндік мұғалімді, сыныптастарды, жауапкершілікті өмірде өз мойнына алады. Былайша айтқанда, біреулер олардың қылықтары өмірде тәуелсіз, ал кейбірі өз күштерімен көп нәрсені өзгерте алады.
Бұндай түрлі амалдар – бағанның екі жағы. Ғылым бойынша бұндай баған «бақылау локусы» деп аталады.
Бақылау локусы – өзінің жетістіктері немесе сәтсіздіктерін ішкі не сыртқы фактормен байланыстыратын тұлғалық қасиет.
Сыртқы жағдайлардың рөлі және жеке өмірге әсері американ психологы Джулиан Роттердің идеясы. Ол екі полюске бөлді, оның бірі: бақылаудың сыртқы локусы («Бұның барлығы олар. Ал мен не істей аламын?») және ішкі («Мен өзімнің өмірімді жоспарлап және ондағы әрекеттеріме жауап бере аламын»).
«Бақылау локусы» сіздің қылықтарыңызға кәдімгідей әсер етеді. Адамдар ішкі және сыртқы бақылау локустарымен өте қатты ажыратылады.
Сыртқы бақылау локусы бар адамдар олар өз күштерін өмірде барынша жұмсау маңызды емес деп түсінеді. Сондықтан да олар өздерінің іс-әрекеттерін жоспарламайды немесе үнемі шешімдерін артқа қалдырады. Олар өте жауапкершілікті емес, беймаз, өзінің қабілеттеріне сенбейді, ызақор, бірақ өзінің принциптерінен қайтпайды Сыртқы бақылау локусы бар адамдар өздерінің тәуекелдерін есептейді.
Ішкі бақылау локусы бар адамдар өздерін өз өмірлері мен өз шешімдеріне жауапты санайды. Мұндай адамдар үлкен жауапкершілікпен көңіл-күй тұрақтылығын көрсетеді. Олар жан салып жұмыс істеу жетістікке жеткізетінін біледі. Ішкі бақылау локусы бар адамдар өздерінің құқықтарын қорғай алады.
Сіз қалай ойлайсыз, екі түрлі адамның қздеріне баға беру деңгейі қандай? Иә экстернал – бей-берекетсіздікке үнемі уайымдайды, тұлғалық кеңістігінде шаруаға байланысты шек жоқ. Бұндай жағдайда болып жатқан жайлар ішкі жағдайларға тәуелді, тұлғаның өзі де ішкі жағдайларға тәуелді. Интерналдардың – позициясы өзінің шаруасын өздері құрастырады, оның шекарасын анықтап және оның сақталуын қадағалайды. Бұл тұлғаға қауіпсіздік әкеледі, өзара қарым-қатынаста өте қажет, жеке-дара күш салумен қалыптасады, қандай да бір әрекет тұлғалық ой негізінде таңдалады. Нәтижесі өзінің жеке дүниесін құру болып табылады.
Өзін-өзі қадағалау – адамның өзінің жағдайын, сезімдерін және іс-әрекетін субьективті нормаларға сәйкестендіріп, қадағалауы.
Бір кездері ақылгөйлер өздерінің принциптеріне еркіндікті, өзін-өзі қадағалауды және өзін-өзі тәртіптеуді қосты.
Өзін-өзі бақылау шын мәнісінде өзіңнің санаңды басқару. Ерік-жігер күші — сенің барлық ақылды қасиеттеріңнің ханшайымы. Егер сен өзіңнің ақылыңды игере алсаң, онда өмірді де меңгере аласың. Өзіңнің ақылыңды игеру басыңа келген әрбір ойыңды бақылауыңнан басталады. Сен қай кезде қажетсіз ойлардан арылып, тек қана жақсы және пайдалы ойларға бұрыласың, сол кезеңнен бастап, жақсы және тиімді іс-әрекет жасауды бастайсың. Көп ұзамай барлық жақсы мен пайдалының барлығы өмірде өзі келе бастайды.
Өзін-өзі бақылау кез-келген мәселеде сіздің жетістіктеріңіздің нәтижесімен анықталады. Өзін-өзі бақылау – бұл үш күшпен басқару: «Мен боламын», «Мен бола алмаймын» және «Мен қалаймын».
Өзінің сезімі мен әрекеттерін бақыла алатын адамдар жетістікті, дендері сау және бақыттырақ. Өзін-өзі бақылау көп жағдайда ақылдылық, оқуда да жетістікке әкеледі.
Д.Роттердің сауалнамасы.
Төменде берілгендерді жұптап оқып, қайсысымен көбірек келісесіз. А немесе Б әріппен шеңбермен сызыңыз
№ |
Вариант А |
Вариант Б |
1 |
Балалар қайғыға ұшырайды, себебі ата-анасы оларды жиі жазалайды. |
Біздің уақытымызды балаларда жайсыздықтар жиі болады, өйтені ата-аналар оларға өте жұмсақ қарайды. |
2 |
Көптеген жолы болмаушылық сәтсіздіктен болады. |
Адамдардың жолы болмауы олардың жеке қателіктерінің нәтижесі болып табылады. |
3 |
Моральға симайтын жағдайлардың орын алуының бірден-бір себебі, айналадағылар оған келіседі. |
Моральға симайтын жағдайлар айналадағылар оған қаншалықты күшпен тосқауыл қойғысы келсе де, бәрібір әрқашан орын алады. |
4 |
Ең соңында адамдарға еңбек сіңірген атағы беріледі. |
Өкінішке орай адамның еңбегі жиі мойындалмай қалады. |
5 |
Оқытушылардың оқушыларға жасаған жөнсіз пікірі, дұрыс емес. |
Көптеген оқушылар өздерінің бағаларының кездейсоқ жағдайларда қойылғандығын түсінбейді. |
6 |
Басшының жетістігі көбіне жұмысты сәтті жүргізгеніне тәуелді. |
Басшы бола алмаған қабілетті адамдар өздерінің мүмкіншіліктерін өздері пайдалана алмады. |
7 |
Қанша талаптанса да, кейбір адамдар бәрібір сізге ұнамайды. |
Егер кімде-кім айналадағылардың өзіне деген сүйіспеншілігін жаулап ала алмаса, басқалармен басы піспейді. |
8 |
Тұқым қуалаушылық адамның мінезі мен қылығы қалыптасуында маңызды рөл атқарады. |
Тек өмірлік тәжірибе ғана мніз бен қылықты анықтайды. |
9 |
Мен мына мәтелдің дұрыс екендігін жиі байқадым: «Не болса да – соған көндігесің». |
Меніңше, тағдырға мойынсұнып отырғаннан гөрі, шешім қабылдап соған қарай әрекет ет! |
10 |
Жақсы маман үшін аса қызығушылықпен жүргізілген тексерістің өзі қиындық келтірмейді. |
Тіпті жақсы дайындалған маманның өзі аса қызығушылықпен жүргізілген тексеріске шыдас бере алмайды. |
11 |
Жетістік жан аямай жұмыс жүргізудің нәтижесі болып табылады және сәттілікке аз ғана тәуелді. |
Жетістікке жету үшін сәтті жағдайды жіберіп алмау қажет. |
12 |
Маңызды мемлекеттік шешімге әрбір азамат әсер ете алады. |
Қоғамды қоғамдық постыларға көтерілген адамдар басқарады, ал қатардағы адам көп ешнәрсе жасай алмайды. |
13 |
Мен жоспарлағанда, мен оны орындай алатыныма көз жеткіземін. |
Әрқашанда неғұрлым алға жоспалау миға сиымсыз, себебі, жағдайдың қалай болуына байланысты. |
14 |
Олар өздерін жаманбыз деп сеніммен айта алатын адамдар да бар. |
Әрбір адамда бір әйтеуір жақсы жағы бар. |
15 |
Менің тілектерімнің орындалуы сәттілікпен байланысты емес. |
Не жасау керек екендігін білмегенде, тиын тастап анықтайды. Меніңше өмірде осыған жиі жүгінген дұрыс. |
16 |
Басшыларға жағдайдың сәттілігіне сирек сәйкес келеді. |
Басшы болу үшін, адамдарды басқара білуің тиіс. Бұл жерде сәттілік емес. |
17 |
Әлемдік жағдайлар көпшілігімізге аса қатты әсер етпейді. |
Қоғамдық өмірге белсенді араласа жүріп, адамдар әлемдік жағдайларды басқарады. |
18 |
Көптеген адамдар олардың өмірі күтпеген жағдайларға тәуелді екендігін түсінбейді. |
Шын мәнісінде, сәттілік деген болмайды. |
19 |
Әрқашанда өзіңнің қателіктеріңді білуің, мойындауың керек. |
Ережедегідей, өзіңнің қателіктеріңді басып көрсетпеу қажет. |
20 |
Адамға шынымен е ұнайтыныңды немесе ұнамайтыныңды білу қиын. |
Сіздің достарыңыздың саны, сіз оларға қаншалықты арқа сүйей аласыз соған тәуелді. |
21 |
Болатын жайсыз жағдайлар, соңында жақсы жағдайлармен теңеседі. |
Көптеген сәтсіздіктер қабілетіңнің болмауы, білмеу, жалқаулық немесе басқаларымен бірге үш жағдайдың нәтижесі болып табылады. |
22 |
Егер неғұрлым күш салсаңыз, қағаз жүзіндегі және жүрексіздікті жоюға болады. |
Күресе алмайтын да жайттар бар, сондықтанда қағаз жүзіндегі және жүрексіздікті жоя алмайсың. |
23 |
Басшылар адамды көтеріп, мадақтағанда неге негіздегенін кейде түсіну қиын. |
Марапаттау адамның қаншалықты жанын салып жұмыс жүргізгеніне тәуелді. |
24 |
Жақсы басшы өзіне бағыныштыларынан нені жасау қажет екендігін өздері шешкенін күтеді. |
Жақсы басшы әрбір бағыныштының жұмысы неден тұратындығын түсінуіне нақтылық береді. |
25 |
Мен жиі өзімде болып жатқан жағдайларға аз әсер ететінімді сеземін. |
Жағдайлар мен тағдыр менің өмірімде маңызды рөл атқаратынына сенбеймін. |
26 |
Жалғыз адамдар айналадағыларға достық көзқарас білдірмейді. |
Адамдарды өзіңе тарту пайдасыз: егер сен оларға ұнайсың ба, ұнамайсың ба. |
27 |
Адамның мінезі негізінен оның ерік-жігеріне тәуелді. |
Адамның мінезі негізінен ұжымда қалыптасады. |
28 |
Менде қандай жағдай болса да, менің өз қолымның жұмысы. |
Кейде мен өмірімнің менің ерік-жігеріме тәуелсіз бағытта дамып жатқандығын сеземін. |
29 |
Мен неліктен басшылар осылай жасағандарын, басқаша емес түсінбеймін. |
Соңында ұжымды жаман басқару үшін, сонда жұмыс жасайтын адамдардың өздері жауапты. |
1-жаттығу.
Психолог: «Балалар! Бақылау-локусының қай түріне жатқызатынымызды анықтаңыздар (сыртқы немесе ішкі)»:
1) Оқушы қанағаттанарлықсыз баға алды және мұғалімге айтты, ата-анасына қонақ келді, үй тапсырмасын орындаудан сол себепті көңілін алды.
2) Маша мұғалімге, пәнге қажетті жағдайда дайындала алмағандықтан жаман баға алғанын айтты.
3) Азамат дене шынықтыру сабағына спорт формасын әкелмеді, себебі сабақ кестесін білмеді.
4) Мен сабаққа кешіктім, өйткені ұйықтап қалдым.
5) Менімен ешкім дос болмайды, себебі олардың барлығы жаман.
2-жаттығу.
Психолог: «Бұндай жағдайларда ішкі және сыртқы бақылау жүйесінде сіз қалай жауап беретін едіңіз»
№ |
Жағдайлар |
Сыртқы бақылау-локусы |
Ішкі бақылау-локусы |
1 |
Оқушы үй тапсырмасын орындамады |
|
|
2 |
Ирина концертке кешікті |
|
|
3 |
Актер дайындыққа келді және өзінің рөлін жаттамаған (мәтін) |
|
|
Рефлексия
-Сіз бүгін жаңа не білдіңіз?
-Өзіңде нені дамыту қажет?
- Өзін-өзі бақылау не үшін қажет?
III БӨЛІМ
III БӨЛІМ «ӨЗ МІНЕЗ-ҚҰЛҚЫНДЫ БАСҚАРУ»
17-сабақ
КИКІЛЖІҢ ДЕГЕН НЕ?
Мақсаты: кикілжіңді жақсы өзгеріс жолдарымен шеше білуді ашу
Міндеттері:
- «кикілжің», «кикілжіңнің дыбыстары» түсінігін ашу.
- кикілжіңнің жіктерін анықтау.
- көтерілген кикілжіңді біліп, оны қайтаруға тәрбиелеу.
Ұйымдастыру кезеңі
«Трамвай» (бой жазу) жаттығуы: Барлығы шеңберде отырады. Бір орындық бос. Кімнің оң жағында орындық бос, сол бастайды. Ол бос орындыққа отырып, былай деуі тиіс: «Ал мен кетіп бара жатырмын». Келесі қатысушы, кімде оң жақта орындық босайды, сол сонда отырып, айтады: «Ал мен де». Үшінші қатысушы айтады: «Ал мен қоянмен», ал төртіншісі: «Ал мен біреумен… (кез-келген қатысушының есімін атайды)». Кімнің есімі аталса, сол бос орынға отыруға асығады, және ойын қайта басталады.
Талқылау және түйін.
Сабақтың тақырыбы бойынша сұқбат
Бүгін біз сабақ барысында сіздермен жанжал деген түсінік жөнінде әңгімелейміз. Әрбір адамның өмірінде үлкен немесе кіші болсын бірнеше жанжалды жағдайлар болып тұрады. Әркім өз тәжірибесінен «Жанжал деген не?» сұраққа жауап бере аласыздар (қатысушылар, әрқайсысы өзінше сұраққа жауап береді).
Ал енді «жанжал» сөзін ассоциатцияға біріктіріп, жүйелеуге тырысамыз.
«Кикілжіңнің өрмек торы» практикалық жаттығу.
Кластер құрамыз: ортасында жұлдыз – бұл сөз «кикілжің», айнала оны планеталар, ірі ойдың бірліктері – оқушыларға ассоциацияны атау тапсырылады, осы сөзбен байланыстырып жазылады, сосын планеталар түзу сызықпен жұлдызбен байланыстырылады, әрбір планетаның өз жолы бар. Мұғалім әрбір ассоциацияны жазып алады, сөзді линиямен қосып, негізінен шеңбер түрінде. Егер балалар ассоциацияны атаса, соған сәйкес атауды, мұғалім сонымен міндетті түрде байланыстырады, негізінен шеңбермен. Талқылау мен талдау.
• Қалай біз «кикілжіңді» анықтай аламыз?
• Анықталған кикілжіңнен біз нені біле аламыз?
• Кикілжіңді не шақырады?
• Оны не шарпытады?
• Кикілжіңге не рұқсат етеді немесе қарсы тұра алады?
Түйін: «Кикілжің»
сөзі латын тілінен аударғанда «қақтығысып
қалу» деген. Кикілжің – бұл қарама-қарсы
іс-әрекеттің, көзқарастың,
қызығушылықтың, ұмтылыстың,
әртүрлі адамдардың жоспарларының, бір адамның
қажеттілігінің қақтығысуы нәтижесінде пайда
болатын құбылыс. Ағылшын сөздігі бұл
терминнің мынадай синонимдерін береді: Күрес,
қақтығыс, келіспеушілік, жаушылық, оппозиция және
т.б.
Отандық және шетелдік жұмыстарды талдаудың
көпшілігінде, жанжал әлеуметтік-психологиялық
құбылыс ретінде, қоғамдық ортада
қарама-қарсы мақсатта, қандай да бір адамдардың
белгілі бір мақсатқа жетуіне қолданылады деп
анықталады. Жанжалдың пайда болуын анықтау объективті
және субъективті факторларға байланысты болады.
Кикілжің – бұл туындаған
алауыздықтарға, шын мәнісіндегі немесе ойдағы
субьектінің қарсы әрекеті. Кикілжіңнің себебі
мақсаттардың әртүрлілігі, жағдай жөнінде
ақпараттың аздығы, бір жақтың өзін
қанағаттандырмауы, мәдениеттің төмендегі
және басқалары болуы мүмкін. Кикілжіңнің негізгі
төрт түрі бар: тұлғалар ішінде, жеке
тұлғалар арасында, жеке тұлғалар мен топтар арасында,
топтар арасында.
Біздің өмірімізде кикілжіңдер жиі кездеседі — отбасында, мектепте. Кикілжіңдер өте жақсы таныс адамдар арасында, тіптен таныс емес, мысалы, кезекте, транспортта да пайда болады. Сіздің ойыңызша, біздің қоғамда жанжал қажет? Неге? (Балалардың жауаптары).
Балалар, қазіргі қоғамда жанжалдан қашып құтылу мүмкін емес, олар керек те. Неғұрлым ұрыс барысында шындық туындайды, сол үшін жағдайды, қарм-қатынаст дамыту үшін жанжал міндетті түрде қажет.
Кикілжіңнің дабылдары жөнінде тапсырма бермес бұрын мұғалім-психолог оқушыларға тапсырма береді.
Оқушыларға тапсырма. Тұтанып келе жатқан жанжалды немесе осының оянғанын қалай көруге, естуге, сезінуге болады, егер сіз жіберіп алсаңыз, жанжалды жағдайға алып келді ме, осыны сипаттаңыз. Оқушылардың жауаптары.
Түйін: Оның сигналдарын әрбір адам түсініп, сезіне алады. Келесі мәлімет «кикілжіңнің дабылдары» жөнінде.
Кикілжіңді шешу көбіне біздің ұқыптылығымызға тәуелді, ол көбірек немесе азырақ дабылмен білінеді. Бұл дабылдар қандай? Күйзеліс, аса салмақ түсіру, түсініспеушілік, бірнәрсе себеп, өзін дұрыс сезінбеу.
Күйзеліс. Бұл «шегіне жету», бітпейтін ұрыс, ызалы іс-әрекет, қорлау және т.б.
Күш салу. Адаммен қарым-қатынас үнемі тынышсыздыққа әкеледі. Аса күш салу басқа адамды және оның көптеген іс-әрекеттерін өзіне алуынан көрінеді. Біздің өзара қатынасымыз жағымсыз жағдайларға және жайсыз пікірлерге ауысады. Біздің сезімдеріміз оған қарағанда өте төмендеп кетеді.
Түсініспеушілік. Біз жағдайларға дұрыс емес түйін жасап, ойларымызды дұрыс қорыта алмай немесе өзара түсінбеуден жиі түсініспеушілікке кездесеміз.
Себеп туғызу. Сіз өзіңізге жанжал туғызатын маңызды емес себепке қатысушы боласыз. Қандай да бір ұсақ-түйек уақытша толқу мен жек көрушілік туғызады, бірақ ол бірнеше күн бойы ұмытылмайды. Бірақ бір-біріңізге анықтамасаңыз, жанжалға әкелуі мүмкін.
Өзіңді қолайсыз сезіну. Бұл сөзбен жеткізуге қиын, өзіңді қолайсыз сезіну. Бұндай жағдайда өзіңнің ішкі сезіміңді тыңдаған дұрыс.
Егер сіз өзіңді қолайсыз сезіну мен себептерін білуді үйренсеңіз, оған тез мойын ұсынсаңыз, күйзеліс, түсініспеушіліктің пайда болуына жол бермейсіз.
I. Бақылау
Бақылаудың деңгейі жанжалдың тұрақтылығына сәйкес. Тесттің қолданылуы: Бес балдық жүйе бойынша, әрбір сол жақта келтірілген қасиеттердің сізде пайда болатындығын бағалаңыз.
|
|
5 |
4 |
3 |
2 |
1 |
|
1 |
Ұрыстан бұрылып кетемін. |
|
|
|
|
|
Ұрысқа кірісемін. |
2 |
Қарсыласыма алдымды ойламастан қатынас жасаймын. |
|
|
|
|
|
Күдікпен. |
3 |
Миға сенімді өзімді бағалаймын. |
|
|
|
|
|
Өзімді өте жоғары бағалаймын. |
4 |
Басқалардың пікірін тыңдаймын. |
|
|
|
|
|
Өзге пікірлерді тыңдамаймын. |
5 |
Жала жапқандарға берілмеймін, қотталмаймын. |
|
|
|
|
|
Тез ашуланамын. |
6 |
Ұрыста кішірейіп, татулыққа келемін. |
|
|
|
|
|
Ұрыстан қайтпаймын: жеңіс немесе жеңіліс. |
7 |
Егер қатты ашулансам, кейін кінәмді білемін. |
|
|
|
|
|
Егер қатты ашулансам, бұнсыз болмайды деп ойлаймын. |
8 |
Ұрыста қажетті тон ұстап, нақтылығын білемін. |
|
|
|
|
|
Шыдай алмайтын мәнер алып, тоқтамаймын. |
9 |
Ұрыста өзіңнің көңіл-күйіңді көрсету дұрыс емес деп санаймын. |
|
|
|
|
|
Ұрыста күшті мінезіңді көрсету керек деп ойлаймын. |
10 |
Ұрыс – жанжалды шешудің соңғы формасы деп білемін. |
|
|
|
|
|
Ұрыс жанжалды шешуге міндетті түрде қажет деп санаймын. |
Тест нәтижесін өңдеу мен талдау
Жалпы жиналған балды санаңыз.
Жанжалдың тұрақтылық деңгейіне төмендегі көрсеткіштер сәйкес келеді:
· 40-50 – жанжалдың өте жоғары тұрақтылық деңгейі;
· 30-39 – жанжалдың орташа тұрақтылық деңгейі;
· 20-29 – жанжалдылық көрінісі деңгейі;
· 19 және одан төмен – жанжалдың жоғары деңгейі.
Тапсырма: Кикілжіңнің түрін анықтау
Тапсырма мақсаты — пайда болатын жанжалдың түрлерін варианттар мен жүйеге қарамай анықтау.
1. Сіз самолете ұшып бара жатырсыз, пассажиржолаушылар креслосында ыңғайлы отырсыз. Сіздің артыңызда бала сіздің креслоңызға аяғын тіреп отыр. Бұл сізді ызаландырып, сіз бұндай бассыздықты тоқтатуын былайша сұрайсыз:
а) балаға креслоны аяғымен түртуге болмайтындығын өзіңіз түсіндіруге тырысасыз;
б) баланың ата-анасына өтініш білдіріп, баласын ақылға келтіргенін сұрайсыз;
в) жолсерікті шақырып және одан тыныштық орнатып бергенін өтінесіз.
2. Сізден бір қабат жоғары тұратын көршілеріңіз, арасында сізге қолайсыздық туғызады, шулап түнімен қыдырады, түнге дейін жылайды, билейді, музыка тыңдайды. Сізді бұл жалықтырмады ма, сіз көршілерді қалай тыныштандыратын едіңіз. Сіздің әрекетіңіз:
а) металл затпен орталық жылу жүйесінің трубасын ұрамын;
б) көршілерге өзім көтеріліп, жеке «жағдайды түсіндіремін»;
в) үй басқармасына немесе милицияға хабар беріп, тыныштық орнатуын сұраймын.
Рефлексия
- Кикілжің жөнінде жаңадан не білдің?
- Қандай кикілжіңдер бар?
- Кикілжіңнің қандай дабылдарын білесің?
18-сабақ
КИКІЛЖІҢСІЗ ҚАРЫМ-ҚАТЫНАС
Мақсаты: кикілжіңсіз мінез-құлық дағдыларын қалыптастыру
Міндеттері:
- олардың тиімділігі бойынша кикілжіңдегі мінез-құлық стратегиясын талдау;
- кикілжіңдегі құрылымдық мінез-құлық дағдыларын дамыту;
- кикілжіңдегі тиімді мінез-құлыққа ұмтылуға тәрбиелеу.
Ұйымдастыру кезеңі
Жаттығу «Сөйлейтін дене»
Нұсқаулық: әріптеске немесе жағдайға қарым-қатынасты дене қозғалысымен, тұрған тұрыспен көрсетіңіз.
Сипаттама: Жұппен жұмыс істеу.
Тапсырма сағат тілінің бағытымен орындалады. Тұрған тұрысты адам көрсету керек.
o Адам оқып тұр (махаббат хатын, оқулық, жағымсыз хабар);
o Адам хат жазып жатыр (сүйіктісіне, досына, жауына);
o Орындықта екі адам отыр.
Олардың қарым-қатынасын анықтау керек (ұрысуда, бір-бірін танымайды,, бірақ танысқысы келеді, біреуі танысқысы келеді, екіншісі танысқысы келмейді). Олардың қатынас үрдісіне және әріптеске қарым-қатынасын тұрған тұрысымен көрсету керек:
• Егер екеуі де әңгімелесуге қызықса.
• Егер бір серіктес жағымсыз қатынас көрсете.
• Егере әңгіме күштеу арқылы жүрсе.
• Егер әріптестің біреуі әңгімені аяқтағысы келсе.
Ситуацияны талдау, талқылау.
Сабақ тақырыбы бойынша сұқбат
Психолог К. Томас жанжалды шешудің негізгі бес стилін көрсетеді:
• Бәсекелестік — бұл стилді қолданатын адам белсенді және жанжалды табиғи жолмен шешуге тырысады. Ол басқалармен әріптестікке қызықпайды, еріктік шешімге қабілетті.
•Қашу — адам өз құқығын қорғамаса, әріптес болғысы келмесе, жанжалдан жалтарады, одан қашады.
• Икемделу — адам қатынас бойынша серіктестімен бірге қимылдайды және өз қызығушылықтарын қорғуға тырысады.
• Серіктестік — адам жанжалды шешуге белсенді қатысады және өз қызығушылықтарын қорғайды, бірақ әріптесінің қызығушылығын ескереді.
• Ымыраға келу — қатынас бойынша әріптестер «алтын ортаға» тоқтайды, яғни серіктестің әрбірінің қызығушылықтары кішкенеден қанағаттандырылады.
Біз жанжалға түскен сәтте немесе оның қайда қозғалғанын көргенде, біз саналы түрде оған өз бағытымызды таңдаймыз. Бірақ біз оны үнемі істей бермейміз, сол ситуацияға бірден араласып кетеміз. Біз өз реакциямызды табиғи деп есептейміз, бірақ ол біздің бала кезде игерген дағдыларымыз. Егер сіз жанжалға тек бір амалмен бағытталсаңыз, онда сіз өзіңізде бірнеше «жанжалдық дағдылардың» біреуін ғана игердіңіз.
Төменде берілгендердің барлығы қашу (кету) стратегиясының формасы болып табылады::
o үндемеу;
o көрсетіп кетіп қалу;
o ренжіп кету;
o тығылған ыза;
o күйзеліс;
o ренжітушіні мойындамау;
o «олардың» қылығы үшін «олардың» артынан ескерту жасау;
o «таза іскерлік қарым-қатынасқа» ауысу;
o Кінәлі жақпен достық және іскерлік қарым-қатынастан толықтай бас тарту.
Бұл стратегияның «+» и «-» жақтарын қарастырайық.
Икемделу стратегиясының формасы төмендегідей:
• сіз барлығы дұрыс деген түр жасайсыз;
• ештеңе болмағандай ары қарай жұмыс істей бересіз;
• тыныштықты бұзбау үшін болып жатқанмен келісесіз;
• өз тітіркенгіштігіңіз үшін өзіңізге ұрысасыз;
• қажетті мақсатқа жету үшін өз әдемілігіңізді пайдаланасыз;
• үндемейсіз, ал сосын өш алу жоспарын құра бастайсыз;
• өзіңіздің жағымсыз эмоцияларыңызды басып жаншисыз.
Бұл бағыт қаншалықты тиімді?
Жарысқандық (бәсекелестік) стратегиясын жүзеге асыру мысалдары:
• сіз басқа адамның дұрыс емес екенін дәлелдеуге тырысасыз?
• олар қайта ойланбайынша қоймайсыз;
• басқалардан қаттырақ айқайлайсыз;
• физикалық күш қолданасыз;
• анық бас тартуды қабылдамайсыз;
• сөзсіз тыңдауды талап етесіз;
• қолдау үшін одақтастарыңызды көмекке шақырасыз;
• сіздің қарсыласыңыз сізбен қарым-қатынасты сақтау үшін келісуін талап етесіз.
Бұл стратегияға сіз қалай қарайсыз?
Көбісі ымыраға келу стратегиясын маңызды деп таңдайды. Сіз ымыраға келу стратегиясын жүзеге асырасыз, егер:
• достық қарым-қатынасты құптайсыз;
• шын шешімді іздейсіз;
• қалаған нәрсені теңдей етіп бөліңіз;
• өзіндік басқарудан және сіздің біріншілігіңізден қашыңыз;
• өзің үшін бірнәрсе болады;
• бетпе-бет келуден қашасыз;
• қарым-қатынасты бұзбау үшін азғантай жол бересіз.
Бұл стратегияның жетістіктері мен кемшіліктері туралы айтайық.
Талқылау.
Жаттығу «Қабылдау эффектілері»
Екі шағын топпен өткізіледі.
Мақсаты: балалардың өмірлік тәжірибесін көру қабылдауы арқылы тікелей талдауды белсендіру
Сипаттама: Әрбір топқа қысқаша түсінктемемен, бірдей бір танымайтын адамның (журналдан қиып алса да болады) суреті беріледі. Топтар бір-біріне суретті көрсетпеуге тиіс. Бір топқа бұл қылмыскердің суреті, ал екінші топқа басқаша – кәсіпкер суреті деп айтылады. Оқушылар бөлек отырады, және бір-бірінің суретін көрмейді.
Тапсырма: жеке қабылдауына және суретті түсіндіруге негізделіп бұл адамның тұлғалық ерекшелігін анықтау.
1-ші топқа түсіндіру: «Н» деген азамат. Соңғы төрт жылда бірнеше адам өлтірген. («Қылмыстық жаңалықтар» газетінен, 2014, № 9).
2-ші топқа түсіндіру: «В» деген азамат. Химия ғылымдарының докторы, профессор. Ғылымға сіңірген еңбегі үшін Мемлекеттік сыйлықтың иегері ( «Бизнесмендер» газетінен, 2013, № 8).
Оқушылар топта талқылайды, сосын өз пікірлерін жалпы топқа айтады. Сосын оқушылар бір адамның суреті екенін көреді, бірақ әртүрлі мінездеме береді. Мысалы, кәсіпкер – салмақты, көзінде от жанып, іскерлік қабілеті байқалып тұр. Адам өлтірген кісі – қатал, жұмбақ, қастары түйіліп кеткен, ашулы, қабағы қатулы.
Сонымен, біз тек бір адамды ғана көрдік, ал әртүрлі мінездемені оқыдық. Неге?
Талқылау.
Жаттығу «Жанұядағы кикілжіңдер»
Жаттығу мәні: сол сипаттағы жанжалдарды шешу жолдары.
Дайындық: Сынып шағын топтарға бөлінеді. Мұғалім жанжалдық ситуацияны түсіндіреді, ал топ сол уақытта оны аз топтар талқылап отырады. Жанжалдың мәнін түсіну үшін 3 минут уақыт беріледі.
Өткізу барысы. Оқушыларға Мақсат пен Айша туралы оқиға айтып (қаласа ойнаса да болады) беріледі. Оқиға жанжалмен аяқталады. Мәселе бойынша бірге талқылау ұйымдастырылады. Сосын таңдап алған шешімді айту үшін әр топтан бір қатысушыдан ортаға шығады.
Мақсат пен Айша туралы оқиға
«Аға мен қарындас – Мақсат пен Айша бақытты болатын, өйткені олардың екеуіне де ата-аналары керемет сыйлықтар сатып алып берген. Айша «Айфон-6» алды, қуанғаны сонша ол бірден ойнауға кірісті. Мақсат та қуанышты болды. Олда «Айпад» алып, даусын қатты қосып бірден ойнауға кірісті. Басында олар өте риза болды, өйткені олар екеуі де сыйлық алды, екеуі де ойнай алатын болды, бірақ біраз уақыт өткен соң олар, егер бір уақтта ойнайтын болса зейіндерін жинақтай алмайтынын байқады. Ойынын тоқтатқан Мақсат Айшадан да тоқтатуын және жалғыз ойнауға мүмкіндік беруін өтінді. Айша оған ойынының даусы кедергі келтірмейтінін және ол өзінің Айфонымен ойнай беретінін айтты. Оның жауабы Мақсатты қатты ашуландырды, ол даусын барынша шығарды және Айша да даусын барынша қатты шығарды. Олар бір-бірімен арысқаны сонша олардың айқайына ата-аналары келді.
Талқылауға арналған сұрақтар.
• Кикілжің қалай туды? Ол неге болды?
• Қатысушы адамдар не сезінді?
• Соңы жақсы болып аяқталды ма?
• Бұндай жағдайлар сіздің өміріңізде қаншалықты жиі болады?
• Сіз оларды қалай шешесіз?
• Сіз сабақ өткізу барысында қандай шешімге келдіңіз?
Сұрақтарға жауап, талқылау.
Сосын топқа дұрыс шешімді табу ұсынылады (3 минут).
Өз өмірінің әріптестік стратегиясын аз ғана адамдар жүзеге асырады. Сіздің ойыңызша, ол қалай болады және жанжалдан ек тарапта ұтатындай жасауға бола ма?
Ал бұл сабақтың келесі кезеңі.
1. Кикілжіңдік ситуацияны шешуде бірізділікті анықтау («Апельсин оқиғасы»).
«Ұту/ұту» бағытын тиімді жүзеге асыру үшін не қажет?
Жанжалдық ситуация: Асүйде екі адам бір апельсинге таласуда. Олар не істеуі керек? Екіге кесіп бөлу? Жеребе тастау? Кімге қажеттірек екенін талқылау?
1-ші қадам. Неге олар соны қалайтынын білу.
Асүйге ораламыз да адамдардан оларға апельсин не үшін керек екенін сұраймыз. Ерегісушілердің біреуі мен шырын ішкім келеді деп айтады. Екіншісі пирог пісіру үшін оған қабығы керек деп айтты.
2-ші қадам. Мүмкін келіспеушілік бір-бірін қандай да бір аспектіде толықтыратын шығар?
Біздің сауал, бұл адамдарға апельсин әртүрлі мақсатқа керек болғанын көрсетті. Бұл таң қалатын нәрсе емес. Мінездегі, мақсаттағы және қызығушылықтағы айырмашылық үнемі қажеттіліктегі айырмашылықты тудырады: бірақ сіз оларды тек іздеу үрдісінде ғана табасыз.
3-ші қадам. Шешімнің қандай варианттары бар?
Егер бір адам шырын, ал екіншісі – қабығын қаласа, жауап қарапайым, әрқайсысы бүтін апельсиннен өзіне қажетін алады. Бірақ олар екеуі де қатты шөлдеп тұр деп ойласақ. Шешімнің қандай варианттары бар? Шырынмен бөлісу – анық ымыраға келу шешімі. Шырын көлемін су мен қант қосу арқылы көбейтуге болады. Кім апельсин шырынын жақсы көреді соны анықтау керек және екіншісіне басқа орнын ауыстыратын іздеу керек.
4-ші қадам. Серіктестік.
Сіз өзіңіз жалғыз қажеттілікті талдап, ерегісудің орнын толтырып және шешудің варианттарын ойлай аласыз. Бірақ, бұл үрдіс біріге жасаса тиімдірек болады. Сіз бұны өз қарсыласыңды қарсылас емес, әріптес ретінде қарастыратыныңызды білдіресіз. Егер сіздер бірге дұрысырақ шешім тапсаңыздар қарым-қатынасыңызды сақтайсыз, тіпті ары қарай нығайтасыз. «Ұту/ұту» бағытының қағидасы, егер өз қажеттілігіңді толық қанағаттандырмасаң да, өзара пайдалы шешімді біріге іздеуді үйрендіңіз. Егер біз бір-біріміздің қажеттілігімізді бағалайтын және мойындайтын болсақ оларды табу жеңіл болады.
Серіктестік стратегиясының алгоритмі.
• барлық қатысушылардың қажеттілігін анықтаңыз;
• оларды қанағаттандыруға тырысыңыздар;
• өзіңіздікі сияқты басқалардың да құндылықтарын мойындаңыз;
• мәселені жекеге бұрмай шынайы болыңыз;
• шығармашылық және ерекше шешім іздеңіз;
• мәселені аямаңыз, адамдарды аяңыз.
Жаттығу «Кикілжіңсіз қарым-қатынас жағдайы»
Нұсқаулық:сол топтармен жанжалсыз қатынас жағдайын талқылаңыз.
Жалпы тізім жасаңыз.
Мысалы:
– эмоцияны игере алу;
– жағымсыз сезімдерді ызасыз және шығара алу;
– бағаламай талқылау;
– өзіне сенім арта алу;
– өз пікірін дәйекті түсіндіре алу.
Сұрақ: бұны өмірдің жетістігі, оқудағы, махаббаттағы, достықтағы, кәсіптегі жетістік деп айта аламыз ба? Қатынас құрылымдық болу үшін не білу керек?
Оқушылар. Қабылдау қателігін білу, қатынас кедергілерін ескеру, коммуникативтік дағдыларын дамыту.
Жаттығу «Ұсыныстар»
Кикілжіңсіз қатынас үшін ұсыныстар жазыңдар. Кейін салыстыру жүргіземіз
Кикілжіңсіз қарым-қатынас ережелері
1.Орынсыз тиіспеу! 2.Артықшылық сезімін көрсетпеу! 3.Кіналамай және төмендетпей сынау! 4.Басқаларға қарағанда өзіңе жоғарыы талап қой! 5.Шыдамды бол! 6.Шексіз құрмет көрсет! 7.»Өзің ақымақ» деген типтікке жол берме! 8.Сенен сұрамаса ешкімге ақыл берме! 9.Серіктесіңді ашуланшақтығы үшін кешір. Оны түсінуге және ақтауға тырыс. Ол дұрыс болмаса да ашуланба. Айтуына мұрсат бер және достық әңгіме жүргіз. 10. Заинтересованно спрашивай, но не будь бесцеремонным! 11. Адам үшін емес, адаммен бірге шеш! 12. Кеңес сұра – бұл құрметтеу белгісі! 13. Адамдардан жақсыны ізде! 14. Даулас, бірақ ерегіспе! 15. Жеңімпаздың рөлін ойнама, жанжалды жең! 16. Саған көңілді болмаса да, жиі күл. 17. Ашулы түр жасама! |
Рефлексия
• Сабақ өткізу барысында сіздер не жаңаны, бұрын білмейтінді білдіңдер?
• Кикілжіңдік жағдайда мінез-құлықтың қандай стратегиясы тиімдірек болып табылады?
• Кикілжіңдік жағдайды құрылымды шешу үшін не істеу керек?
19-сабақ
КИКІЛЖІҢДІ ШЕШУ
Мақсаты: оқушыларды кикілжіңді шешу тәсілдерімен таныстыру
Міндеттері:
-құрылымдық тәсілмен кикілжіңдік ситуациядан шығуды оқыту;
- кикілжіңдік ситуацияны талдау дағдыларын игеруге көмектесу;
- бір-бірімен өзара әрекетте шыдамдылықты тәрбиелеу.
Ұйымдастыру кезеңі
Жаттығу «Тиімді нұсқалар»
Сипатамасы: Қатысушыларға кикілжіңдік ситуация ұсынылады, олар 3-4 адамнан бірігеді және қатысушылардың міндеті – әрбір ситуацияға тән сенімді, агрессивті және ұяң мінез-құлықтың тиімді (үлкен мүмкіншілікте және аз шығынмен мақсатқа жетуге көмектесетін) варианттарды көрсететін қойылымға дайындалу және қою.
Психологиялық мәні: әртүрлі ситуацияларда икемділікті жоғарылату, ситуацияға байланысты әртүрлі мінез-құлық стратегиясында тиімді болатын мінез-құлық типін көрсету.
Тақырып бойынша ситуацияны талдау:
1) Сен плеер сатып алдың, үйге әкелдің, ал ол жұмыс істемейді. Дүкенде ауыстырып беруді сұрадыңыз, ал онда ауыстырудан бас тартты;
2) Сен кезекте тұрсың, бір кезде сенің алдыңа қыз бен жігіт ештеңе болмағандай тұра салды;
3) Сен достарыңмен туған күн кешінде би кешіне барамын деп келістің. Ал анаң: «Сен ешқайда бармайсың, түнге қара, кішкентайсың әлі» - деді;
4) Сен дүкеннен жарты кило шұжық сатып алдың, оны үйге әкелген соң мерзімі өтіп кеткенін байқадыңыз. Сен дүкенге қайтып келіп сатушыға шұжық пен чекті қайтып бересің де, сапасыз тауар үшін ақшаңызды қайтаруды сұрайсың. Ал ол: «Мен ештеңе білмеймін, біздегі өнімдердің бәрі сапалы. Сіз оны басқа жерден алдыңыз» - деді.
Топтың пікірлерін айтуы және сұрақтар бойынша талқылау:
- Өзінің қойылымымен шыққанша, әрбір топ немен айналысты?
- Мінез-құлықтың әртүрлі варианттарын ескере отырып, жанжалдық ситуациядан шығудың қандай жолдары бар?
Сабақ тақырыбы бойынша сұқбат
«Кикілжің сөзін еске түсіреміз, ол нені білдіреді? Дұрысы «қақтығыс». Енді бұндай қақтығыстың қандай даму кезеңдері болатынын ойланайық?
Кикілжің дамуының негізгі кезеңдері:
1. Келіспеушіліктің туындау себептері. Қызығушы қатысушылар арасындағы ерегіс түріндегі жанжал. Позицияны түсіну.
2. Қызығушылықтың тікелей қақтығысы, белсенді конфронтация, дәлелдер, аргументтер келтіру, бірақ жанжалдың басты себебі екінші жоспарға ысырылуы мүмкін.
3. Қостаушыларды тарту есебінен жанжалды кеңету, ол достық байланыстарды қолдану, «төлеу қажет болған» бұрынғы қызметтері еске түсіріледі. Кикілжіңде «адамдық бейнелер» төреші мен жанкүйерлер пайда болады.
4. Жалпы кикілжің немесе содан соң «пайданы санау басталатын» аяқтау кезеңі. Бұл кезде кикілжің себебі ешкімді қызықтырмайды және оны түсіну мүмкін емес.
«Адасқан тотықұстың оралуы» мультфильмін көру – бірінші шығарылым.
Жанжал Вованың Кешадан тыныштық сақтау керектігінен туындайды. Вова теледидар даусын басуын өтінеді, бірақ Кеша дететивке қызыққаны сонша, досының өтінішіне назар аудармайды.
Вова математика бойынша бақылауға дайындалып жатқанын түсіндіреді және екі жаққа тең вариант ұсынады: ол теледидарды сөндіруді емес, тек даусын басуды сұрайды. Оған қарамастан Кеша даусын баспайды, Вова жанжалдан барынша қашады: ол алдымен қалпағын киеді, ал сосын қулақтарын байлайды. Бұл көмектеспеген соң, Вова теледидар басын «сәл-сәл» бсады. Кеша қарсы шығады. Ал нәтижесінде Вова теледидарды сөндіріп тастайды: «Бұл бассыздық, менде бақылау, ал сен!». Кеша қатты ашуланады: өйткені «Полищук мотоциклге отырғаннан» кейін не болғанын көре алмады, ал Вованың бақылауында тіпті шаруасы жоқ. Кеша өтірік ауырып, су сұрайды, ол судың орнына «Қисайғанды доғар!» деген сөзбен салқындататын «душ» алады.
Кеша болған оқиғаны түсінгісі келмейді, «Ах сен осындайсың ба!», «Мен оған өмір тілемеймін!», «Мені жүрек қайғысынан тек өлім ғана құтқарады!» деп эмоцияға беріледі. Кеша Вовадан ренжіткені үшін («Сен менің алдымда билейсің!», «Сен менің алдымда жылайсың!») кек қайтарғысы келеді және балконнан секіріп, өз-өзіне қол жұмсайды.
Вова түнімен ағаштың бұтағында қорқыныштан дірілдеп отырған Кешаның келуін күтіп ұйықтамайды. Таң алдында суық пен аштықты сезінген Кеша өкіне бастайды: ол «Туған үйім – барлығының бастауы, сен менің жүрегімнің тоқтауы...» деп өлең айтады.
Бұл өлең ауладағы мысық, торғайлар мен қарғалардың назарын өзіне аударды. Олардың құптағанын көрген және тіпті «сыйлық» алған Кеша өзінің өкініші туралы ұмытып, Вованың экзотикалық жемістермен жасаған тамағынан: «Ештеңе емес, біз әлі көреміз!» деп бас тартқан түр көрсетеді.
Ауланы таң қалдырып, Кеша «Мен бірде Таитиға ұшып келіп...» деп оқиғаны құрастыра бастайды.
Осылай жаз өтті. Кеша өзінің ойлап тапқан Таитиімен бәрінің ығырын шығарды, сондықтан өзіне тамақ табу күннен-күнге қиындай берді.
Қыста аштықтан құтылу үшін Кеша азықты қар басқан балкондардан іздеді және кездейсоқ терезеден вованы көріп қалады. Кеша әйнекті қағады, айқайлайды және Вова терезені ашқанда, досының құшағына құлайды.
Кеша көп нәрседен қағылды, енді жайлылықтан айырылып қалудан қорқады және енді Воваға қатты дауыс кедергі келтірсе, кеша оны бірден басып және бұл өзі үшін емес, жаңа әкелген күшікке естілмей жатқанын түсіндіреді.
Келісімге қалай қол жеткізілді?
Мультфильмді рұқсат етілген кесте бойынша талқылау. Кикілжіңнің даму кезеңі бойынша сипаттау.
Ұсынылған тест өзіңіздің мінезіңізді, ішкі тұлғалық жанжал бой ұсыну дәрежесі және оларға сіздің қарсыласу деңгейіңізді жақсы түсінуге көмектеседі.
Тест: «Мен кіммін? Капитан? Жүргізуші? Жолаушы?»
Егер сіз өзіңізді білгіңіз келсе, онда ұсынылған сұрақтардың әрқайсына шынайы жауап беріңіз: «иә», «жоқ», «білмеймін». Мына сұрақтардың әрбіріне «иә» деп 1, 3, 5, 7, 9, 11, 13, ал мына сұрақтарға «жоқ» деген жауаптар 2, 4, 6, 8, 10, 12, 14, 15 берсеңіз 10 балдан қойыңыз, ал «білмеймін» деген жауапқа – 5 балдан қойыңыз, сосын жалпы шыққан балл санын есептеңіз. Жауап тесттің соңында.
1. Мен өзімнің өмірімде болғандардың барлығына жауапкершілікті үнемі сезінемін.
2. Егер кейбір адамдар маған деген қарым-қатынасын өзгертсе менің өмірімде сонша мәселе болмас еді.
3. Мен өзімнің сәтсіздіктерімнің себебін ойлағанша, әрекет еткенді қалаймын.
4. Кейде маған өзімнің бақытсыз жұлдыз астында өмірге келгендей сезіледі.
5. Кез-келген мәселені шешуге болады деп есептеймін және өмірінде қиыншылық туындайтын адамдарды онша түсінбеймін.
6. Адамдарға көмектескенді жақсы көремін, мен үшін басқалардың жасағаны үшін алғысым шексіз.
7. Егер жанжал болса, кім кінәлі екенін ойлаймын, мен оны өзімнен бастаймын.
8. Кейде мен менің дәл осылай болғаныма себеп болған адамдар, менің өміріме жауапты деп ойлаймын.
9. Мен маскүнемдер өз ауруларына өздері кінәлі деп есептеймін.
10. Егер қара мысық жолымды кесіп кетсе, мен жолдың қарсы жағына шығып, менің алдымда біреудің өткенін күтемін.
11. Егер маған суық тисе, дәрігерге жүгірмей, өзбетіммен емделгенді қалаймын.
12. Әйелдерді ашуландыратын шамшылдық пен агрессивтілікке, көбінесе басқа адамдар кінәлі деп есептеймін.
13. Әрбір адам жағдайға қарамай күшті және дербес болатынына сенімдімін.
14. Мен өз кемшіліктерімді білемін, бірақ айналадағылар оған түсініспеншілікпен қарағанын қалаймын.
15. Қалпыма ықпал етпейтін жағдаймен мен келісемін.
Нәтижелері:
100-150 балл. Сіз өз өміріңіздің капитанысыз, сізде болған нәрсенің барлығына жауаптылықты сезінесіз, өзіңізге көп аласыз. Оларды өмірлік мәселеге жеткізбей, қиыншылықытарды жеңе аласыз. Сіз алдыңыздан міндетті көресіз және оны қалай шешу керектігін ойлайсыз. Бұл кезде сіздің ішкі жан дүниеңізде не болып жатқаны – басқалар үшін жұмбақ.
50-99 балл. Сіз қызығушылықпен жүргізуші бола аласыз, бірақ егер керек болса штурвалды сенімді қолға ұстата саласыз. Жеке қиыншылықтардың себеін шынайы шешуде: ептілік, сезімталдық және ақылдылық сіздің одақтастарыңыз бола алады. Сіз өзіңіздің ішкі келісіміңізді бұзбай-ақ, басқа адамдармен келісімде өмір сүре аласыз.
49 баллға дейін. Сіз жиі өз өміріңіздің жолаушысы боласыз, тағдыр, жағдай деп есептей отырып сыртқы күштерге жеңіл бағынасыз. Өз қиыншылықтарыңыз үшін өзіңізден басқаның бәрін айыптайсыз. Нағыз тәуелсіздік сіз үшін мүмкін емес және қолжетімсіз.
Тапсырма.
Ойындық ситуацияны жүргізу (шағын топта жұмыс): «Бір топ достарыңызбен саяхатқа баруға жиналып жатырмын деп елестетіңіз. Сізге лагерь үшін керемет жерді айтты: өркениеттен алыс, көлден алыс емес орман алаңы. Сіздер бірге бірнеше апта бойы дайындалдыңыздар және ұзақ күткен сәтте келіп жетті. Ұзақ жол жүріп айтқан жерге де келдіңдер, демалыс үшін керек нәрсенің барлығын, түнде ұйықтауға қажетті палатканы да алып келдіңіздер. Жанында суы ішуге болатын құдық және сендерде ағашты кесіп от жағуға рұқсат бар. Басқа ешқандай жайлылық жоқ, ереже жоқ, ересектер жоқ және лагерь бастығы жоқ. Сіздер лагерьді құрып, суға түсіп және бір аптаны жақсылап өткізуге дайындалудасыздар!
Бірақ, алғашқы күннің соңында ақ, лагерь өмірін ұйымдастыру бойынша келіспеушіліктер туындады. Сіздер келісу керектігін барлығыңыз түсінесіздер. Сіздер жиналыс өткізесіздер».
Талқылауға арналған сұрақтар.
• Бұндай топтың алдында тұратын 4-5 мәселені атаңыз.
• Әр мәселе қалай шешілуі мүмкін?
Ойындық ситуацияны жалғастырыңыз. «Жиналыстан кейін барлығы жақсы өтуде және лагерь өмірі жақсы болды. Бірақ бір екі күннен кейін олардың қайта туындамауы үшін бірге отырып шешуге тура келетін жаңа мәселелер туындады».
Топтарды бөлу, әрқайсына қарастыру және мүмкін болатын шешім қабылдау үшін «ситуация» жиынтығы ұсынылады.
Сабақ рефлексиясы:
• бұл жаттығуда ереже көмегімен лагердің әрбір адамының құқығын қорғадыңыздар. Егер сіздер ереже бойынша келісе алмасаңдар немесе оны ешкім сақтамаса не болушы еді?
• Жақсы/жаман ереже не істейді?
• Ал заңдар? Егер заң жаман болса да, оны сақтауға міндетті ме?
• Кейбір ережелер мен заңдар жазылмаған. Мысалы адамгершілік немесе діни заңдар. Неге адамдар оны жасау міндетті болмаса да ережелер мен заңдарды сақтайды?
• Ережелер мен заңдарды сақтау, жалпы жазалау немесе санкциялаумен қамтамасыз етіледі. Мүмкін сіз лагердің мінез-құлық ережесін бұзған адамдарға санкция қолданамын деп шештіңіз бе? Санкцияның мақсаты не? Санкцияның қандай түрлері тиімдіреек? Санкциялардың кері немесе қарама қарсы нәтижелері болуы мүмкін бе?
Карточкалар «Турсаяхат»
1. Біреу есігі нашар жабылатын палаткада есікке жақын ұйықтауға тиіс. Таңертең бұл адамның киімдері ылғалданып қалады. Олар киімдеріміз бүлінді деп шағым түсіреді. Сіз не шешім қабылдайсыз?
2. Сіздер жиналыста лагер мінез-құлқының ережесі туралы келістіңіздер. Сіздердің ешқайсың оны сақтамайсыздар?
3. Біреу отқа шайнек қойды да суға шомылуға кетті. Шайнек отқа құлап кетті және от ұшқынынан сіздердің палатканың шеті өртенді. Сіздер болған оқиғаның сіздердің қауіпсіздіктеріңіз туралы мәселені туындатқанын түсінесіздер. Басқа да мәселелер туындауы мүмкін. Сіздер қандай шешім қабылдайсыздар?
4. Құдықтан су алу – іш пыстыратын жұмыс бәріде суға шомылғанды қалайды. Араларыңызда біреу қолының сіңірін созып алды, енді ол су таси алмайды. Бұл басқалардың жүктемесінің көбейгенін білдіреді. Сіздер қандай шешім қабылдайсыздар?
5. Сіздердің біреуіңізде радио бар, ол танертең оны бар даусын шығарып қосады. Бұл барлығыңыздың шамыңызға тиеді. Сіздер қандай шешім қабылдайсыздар?
6. Сіздер барлығыңыз бір палаткада тұрасыздар, бірақ оны қалай таза ұстау керектігі туралы келісе алмай жүрсіздер. Біреулер палатканың үнемі таза болғанын қалайды, ал басқалары олай емес. Бұл туралы ерегіс лагердің атмосферасын бұзуда. Сіздер қандай шешім қабылдайсыздар?
Рефлексия
· Сіздер жанжалды шешудің қандай амалдарын білдіңіздер?
· Жанжалды құрылымды шешу үшін, әрбір адам өзі туралы не білуі керек?
· Қандай талдау дағдыларын игердіңіздер?
· Өзара әрекетте төзімділік қаншалықты маңызды?
· Топтық өзара әрекет үрдісінде не көмектесті және не кедергі келтірді?
20 сабақ
ЖАНЖАЛДЫ ШЕШУ ЖОЛДАРЫ
Мақсат: жанжалдық жағдайда конструктивті мінез-құлық стилінің нақты үлгілерін үйрену және бекіту.
Міндеттер:
- мүмкін болатын мінез-құлық анықтамасының амалдары туралы түсінікті қалыптастыру;
- өзінің мінез-құлқы мен өзінің таңдауына жауапкершілікті дамыту;
- әртүрлі ситуацияларда мінез-құлықтың әртүрлі варианттарын өзінен іздеу дағдыларын тәрбиелеу.
Ұйымдастыру сәті
«Гвалт» жаттығу-бой жазу
1 Вариант. Оқушылар жұпқа бөлінеді, әрбір жұптың мүшелері бір-бірінен бөлмеде барынша алыс (дұрысы бөлменің екі бұрышына тұрса) орналасады, содан соң барлығы бір уақытта сөйлесе бастайды, тапсырма осы жалпы шудың ішінде өз серіктесіңмен даусын басқалардан ажырата отырып әңгімелесу.
2 Вариант. Қатысушылар 1,5-2 м қашықтықта бір-біріне қарап тұратындай екі қатарға орналасады. Қатысушылар бір-бірлеп кезекпен осы қатардың ортасынан ары-бері жүріп өтеді. Сол уақытта бір қатардағыдар жақсы сөз, ал екінші қатардағылар тек жаман сөз айтады. Қатысушының міндеті – ары қарай бара жатқанда тек жаманды, ал кері қайтқанда тек жақсы сөздерді тыңдайды.
Жаттығудың психологиялық мәні. Жанжалда әр уақытта да орны бар, қарым-қатынас үрдісінде қабылдаудың таңдау тиімділігін көрсету. Жалпы шудың ішінен қажетті ақпаратты ала-алу шеберлігін дамыту.
Талқылау. «Өмірден адамның өзі қалаған нәрсесін ғана тыңдай алатыны туралы мысал келтіріңіз"
Сәлемдесу. Мультфильм көру және талқылау.
https://www.youtube.com/watch?v=P1900TBJ7q8
Жаттығу «Жанжал деген не?»
Жанжалға әкеледі деп есептейтін сөйлемді белгілеңіз және өзіңіздікін жазыңыз.
· Жалпы мен өзімдікіне жету үшін барымды саламын
· Мені мен айналадағылар арасында туындаған келіспеушілік, мені онша толғандырмайды
· Менің айтқаным болу үшін, мен қасарысамын
· Мен өз қалауымды қорғаймын
· Өз қызығушылығымды қанағаттандыруға ұмтылу, басқаларға зиянын тигізеді.
· Басқалар үшін жеке қызығушылығымды құрбан ету
Жанжалды шешуге әкелетін жол деп есептейтін сөйлемді белгілеңіз және өзіңіздікін жазыңыз.
· Кейде мен басқа адамның қызығушылығы үшін өзімнің жеке қызығушылығымды құрбан етемін
· Мен өзім үшін жағымсыздық туындаудан қашуға тырысамын
· Жанжал кезінде мен басқаның намысына тимеуге тырысамын
· Екі жақтың да қызығушылығына барынша жауап беретін альтернативаны таңдаймын.
· Таңдау, әрбір жақ бірнәрсе ұтады, бірақ бірнәрседен ұтылады.
Келіңдер жанжалды әртүрлі стратегияда шешудің «пайдалы» және «зиянды» жақтарын қарастырайық. Тұлғаның кез-келген мінезін талқылағандай, «жақсы» және «жаман» деген категорияны қолданбайық, өйткені мінез-құлықтағы тек бір стратегияның өзі: кім үшін, не үшін, қандай нақты стиуацияға қарағанда жақсы немесе жаман болуы мүмкін.
Мынау қандай стратегияға Вот некоторые рекомендации о том, когда к какой стратегии поведения лучше прибегать.
Жанжалдасушы жақтар жеке қызығушылықтарының қанағаттануына мүмкіндік беретін жалпы қызығушылық тапқанда ғана бір-бірімен серіктес бола алады. Мысалы, бұл лимон бөлісе алмай жанжалдасқан екі адам туралы аңыз сияқты. Ал шын мәнінде біреуіне пирог пісіру үшін іші керек болса, ал екіншісіне компот қайнату үшін –қабығы керек болған. Олар кімге не керек екенін анықтаған соң – ешқандай жанжал болмады.
Серіктестік — жанжалды шешудің ең жақсы тәсілі, бірақ ол үнемі бола бермейді, өмірде бір жағының жеңілуімен (мысалы –екі жігіт бір қызды «бөліскенде» немесе матч ойнайтын екі спорттық команда) ғана жетістікке жететін көптеген ситуациялар бар.
Бәсекелесу — бұл екі жағдайдың сәйкес келуіне жүгінетін стратегия:
· Жанжалдасушы тараптан достық қарым-қатынастан гөрі, жанжалдасу сылтауы сен үшін маңыздырақ.
· Сен күшіңнің көптігіне сенімдісің. Егер сен сәсекелестікті бастасаі, саған да солай жауап қайтарады.
Икемделу, керісінше, саған жанжалдан гөрі, жақсы қарым-қатынас маңыздырақ болганы дұрыс. Немесе сен дөрекі күші басымның қысымына ұшырағанда. Пышақпен және тапаншамен қаруланған үш ашулы ұрылармен қолында қаруы жоқ жалғыз жүргіншінің қарсыласпағаны жақсы екенін сен жақсы түсінесің …
Ымыраға келу жанжалға себеп болушы қарсыласушылардың барлығының кішкене болса да қажеттіліктерін қанағаттандырғандыруға бөліну.
Қашу жанжал себебінен, тіпті өзінің қандай да бір қажеттілігін қанағаттандыруға ұмтылса сенің жеке тыныштығың маңыздырақ болатыны дұрыс. Саған бір затты тықпалап тұрған сауда агентімен ерегісу ақымақтық, ең жақсысы пәтер есігін тарс жабу (жақсысы – есікті ашпау) немесе көшеде қасынан үндемей өтіп кету.
Ал енді мына мысалды талқылайық: түнде қараңғы бұрышта саған ұры барлық ақшаңды маған бер деп тиісті. Әрекеттің мүмкін болатын сценарийі:
1. Бәсекелесу — физикалық қарсылық көрсету.
2. Серіктестік — бұл ұрыны өзінен де байырақ танысына «апару»: бұндай жолмен табылған ақшаны бөлу.
3. Ымыраға келу — ұрымен ақшаның жартысын беруге келісу, сол үшін полицияға арыз жазбаймын деп келісімге келу.
4. Қашу — қашып кетуге тырысу.
5. Икемделу — барлық нәрсені қарсыласпай беру.
Бірінші тәсіл қашан икемді? Қай кезде ұры қарсыластан әлсіз және қорқақ болады. Ал егер ұры қаруланған, ал қарсыласушы күзгі жапырақ сияқты дірілдеп тұрса не істейсіз? Бұндай жанжалды шешу қайғылы болуы мүмкін. Аталған ситуацияға екінші тәсіл дұрысырақ болады, егер ұры да құрбандық та ұрылар болса. Үшінші тәсіл (дипломатиялық) ұрымен қатынас үнемі жақсы бола бермейді, бірақ өмірде неше түрлі адам бар. Жоғарыда берілген қашуға ұмтылу – тез жүгіруді және қайда жүгіруді білетіндер үшін өте жақсы стратегия. Ал барлық ақшасын бере салу ренішті, бірақ кейде осы өзін өзі абсолютті ақтайды. Бұл мысалдағы ең тиімді стратегия төртінші – қашу, бұл «аяғыңды қолыңа алу» емес, бұндай ситуацияға түспейтіндейболып жүру
Диагностика. Әдістеме «Қолдар» (Вагнера)
Әдістеме «Вагнер қолдары тесті». Суретке тұлғаның беретін сипаттамасы, индивидуумның мінез-құлық тенденциясы туралы қорытынды жасауға көмектеседі. Қолданылатын материалдар 10 карточка, оның 9-на қол суреті салынған, ал біреуі таза, жауап бланкі және реакциияның басталу уақытын тіркейтін сағат.
Аталған жағдайда, тестті оқушылар үшін бейімдеуге болады. Нақты анық нұсқаулық беру керек:
Сұрақтар: Сіздердің алдарыңызда тоғыз қалыпта берілген қолдардың суреті: «Қалай ойлайсыздар, әрбір қол не істеп тұр?». Әрбір сурет астына жазыңыздар. Жауаптың төрт вариантын берсеңдер болады. Нақты және анық жауап беруге тырысыңыздар. Уақыт шектеулі, сондықтан «бастарыңызға алғашқы келген» жауапты жазыңыздар.
Тестік суреттер
|
|
|
|
|
|
|
|
|
«Қолдар тестісінің» - интерпретациясы
Алынған жауаптарды өңдей отырып, оларды бір категорияға жатқызады:
1. Агрессия. Көп жағдайда суреттегі қолдар агрессивтік әрекет жасайтын басымдық нысаны ретінде бағаланады.
2. Көрсету. Қол басқа адамдарды басқарады, бағыттайды.
3. Эмоционалдық. Сүйіспеншілік, жағымды қарым-қатынас.
4. Қорқыныш. Аталған жағдайда қол – бұл біреудің көрсеткен агрессиясының құрбаны.
5. Коммуникация. Біреуге бағытталу, қонтакт қоюға ұмтылу.
6. Жариялылық. Қол жариялылық әрекетке қатысады.
7. Бағыныштылық. Басқаларға бағыныштылықты көрсетеді.
8. Белсенді тұлғасыздық. Коммуникациямен байланыссыз әрекет.
9. Мәңгілік. Ауру, жаралы қол.
10. Енжар тұлғасыздық. Мысалға, қол демалады.
11. Қолды суреттеу. Мысалға, суретші қолы.
Психологиялық «Қолдар тесті» хаттама кестесінің бірінші бағанына карточканың нөмірін, сосын - уақытын, сосын - жауаптары, төртінші бағанға жауаптар интерпретациясын көрсетуді ұсынады.
Категорияға бөлгеннен кейін, әрбір категория бойынша айтылғандарды санау қажет. Сыналушы ең жоғары балл жинауы мүмкін.
Тұлғалық агрессивтіліктің жалпы балын экспериментатор төмендегідей формула көмегімен есептейді:
Агрессивтілік = (Категория «Көрсету» + категория «Агрессия») – (Қорқыныш + Бағыныштылық + Коммуникация + категория «Бағыныштылық»).
Аталған тест тұлғаралалық қарым-қатынас сферасында қолданылатынын ескеру керек. Сонымен, «Қолдар тесті» эмоционалдық белсенділікті бақылау бойынша бірқатар ұсыныстар алуға көмектесетін адамның агрессивтілік деңгейін бағалауға мүмкіндік береді.
«Жанжалдар» рөлдік ойыны
Ойынды сипаттау. Олар жұп болып ойнайтын, бірнеше жанжалдық ситуациялар ұсынылады. тағы бірнеше ситуацияларды оқушылар өздері ойлап табуына болады. Алынған баға шеңберде талқыланады.
Жанжалдық ситуациялардың мысалдары.
1. Сен туған күн болған жағдайда достарыңмен (құрбыларыңмен) би кешіне баруға келістің. Ал анаңыз: "Сен ешқайда бармайсың, түнді қара, кішкентайсың әлі!» - деп айтты.
2. Досың бір аптадан кейін қайтарам деп сенен кітап сұрап алды, бір ай өтті кітапты әлі қайтармады. Ал ол саған үй тапсырмасын орындауға қажет. Кеше сен оның үйіне телефон шалып кітап туралы ескерттің, ол оны әкеп беруге ант берді. Ал бүгін: «Кешір, мен оны қайда қойғанымды ұмытып қалдым, енді оны таба алмай жүрмін» - деді.
3. Сен дүкеннен жарты кило шұжық сатып алдың, оны үйге әкелген соң мерзімі өтіп кеткенін байқадыңыз. Сен дүкенге қайтып келіп сатушыға шұжық пен чекті қайтып бересің де, сапасыз тауар үшін ақшаңызды қайтаруды сұрайсың. Ал ол: «Мен ештеңе білмеймін, біздегі өнімдердің бәрі сапалы. Сіз оны басқа жерден алдыңыз» - деді.
Ойынның психологиялық мәні. Өзара тұлғааралық жанжалда мінез-құлықтың әртүрлі стилдері, өмірлік жағдайларда оларды көрсету туралы білімді өзектендіру.
Талқылау. Бұл рөлдік ойынды талқылауда мінез-құлықтың әртүрлі стилдерін мақсатты қолдану жанжалдық ситуацияның типіне байланысты қатты өзгеруі мүмкіндігіне назар аудару керек. Қолданылған стилдердің қатаңдығы жанжалға қатысушылардың жақындық дәрежесіне (біздің мысалда: анасы, досы, бөтен адам), олардың талаптарының негізділігіне (анасының ұлы немесе қызы үшін мазасыздануы түсінікті, сатушы тек балағаттайды), жанжалданушы тараптардың бір-біріне бағыныштылығына (ата-аналармен ұзақ уақыт өмір сүреді, доспен кітап үшін ажырасып кетпейсің, ашулы сатушымен енді кездеспейсің), байланысты.
Жаттығу «Шетелдік»
Жаттығуды сипаттау
«Сіз өзіңізді қазақша нашар білетін, сөздің түпкі мағынасын түсіне алмайтын шетелдіктің орнына қойып көріңіз. Барлық сөзді ол тікелей түсінеді: мысалы «Мұрныңды ілме» дегенді естісе, ол бірден мұрнынан ілініп тұрған адамды елестетеді және бұл орта ғасырдағы жазаның түрі ғой деп ойлайды. Ол бұндай фразаны естіп, ойлану үшін көбірек варианттар ұсыныңыз:
«Ақылыңды басыңа жақ;
Маса мұрныңды қайрамайды;
Шайтан бауыр емес;
От пен судан өтіп келген;
Майламасаң - жүрмейсің;
Қойшы көп болса қой арам өледі;
Жұмыртқа тауыққа ақыл айтпайды;
Қыста қар сұрап ала алмайсың;
Үй толы адам;».
Жаттығуды 3-4 адамнан шағын топқа бөлініп орындайды, әрбір топ өздеріне үш фразеологиядан таңдайды және оларды тура түсінетін мағынада көбірек варианттар ойлап табады.
Жаттығудың психологиялық мәні
Жаттығу егер ол естігені туралы білмейтін «бәйкүнә тыңдаушы» позициясында болса, онда бізге түсінікті, қалыпты және қарапайым сөздерді жаңа ерекше ракурста қарауды үйренеді. Бұндай позицияда болу – жанжалды құрылымды шешуге қабілеттіліктің маңызды алғышарты болып табылады.
Талқылау.
«Сөздің мағынасын алдын-ала білмейтін адамның позициясында ойша тұрып, түсінікті және дағдылық фразаларды өзбетіңше қабылдауға болатынын көрдіңіздер ғой! Өзіңіздің өміріңізде кездескен «алдын-ала» білетін ситуацияны жаңа ракурста көруге, онымен байланысты жанжалды шешуге тура келген мысалдармен бөлісіңіз».
Рефлексия
- Жанжал деген не?
- Сіз жанжалды шешудің қандай стратегиялары мен жолдарын білесіз?
21 сабақ
АШУ ЖӘНЕ АГРЕССИЯ
Мақсат: оқушыларға өзінің қалпын талдау және дұрыс бағалау қабілетін қалыптастыру, агрессияны қауіпсіз амалмен төмендетуге үйрету.
Міндеттер:
- мінез-құлықтың тиімді формасын сезінуге көмектесу;
-ұжымның ауызбіршілігін, жағымды эмоциялық бой жазуды.
- ренішті кешіру, жаманды ұмыту, жағымсыз эмоциядан арылу шеберлігіне мүмкіндік жасау.
Ұйымдастыру сәті
Бой жазу жаттығуы «Жұдырық-алақан».
Мақсат: сабаққа зейінді шоғырландыру және көңілді бөлу мақсатында жиналып қалған энергияны «қуу» - күштелуді түсіру.
Нұсқаулық: Орнымыздан тұрамыз, менің белгі беруім бойынша: жұдырық түйеміз және алақанымызды ашу жаттығуын жасаймыз. Осылай 10-20 рет қайталаймыз.
Сабақ тақырыбы бойынша сұқбат
Талқылау: «Адамдар қандай жағдайда бір-біріне ашуланады? Ашу қалай пайдалы және зиян? Ашу қалай пайда болады?»
Оқушылар «агрессия» және «қуаныш» сөзімен байланысты сөздерді іріктейді.
Қорытынды: агрессия сөздік және денелік болады, ол көріну формасына қарамай, үнемі адамның жүрегін жаралайды.
Мысал «Ренжімеді, аяды»
Бұл оқиғаны маған бір жұмысын жаңадан бастаған журналист қыз айтып берді. Бір күні оны қаламақысын алып кету үшін танымал балалар журналының редакциясы шақырады. Бұл күні оның барлық әрекетін қырсық шалды. Оған кеш қоңырау шалды, ал баратын жер алыс болатын, ол барғанша жұмыс күні аяқталып қалатын болды.
10 минуттай ғана уақыт қалды. Оған қосымша ол үшін рұқсат қағазын жазуды ұмытып кетіпті,ал ол редакцияның телефон нөмірін жатқа білмейтін.
Шыныда өткізу бюросында редакцияның тізімі жазылған телефон тұрды, ал оның алдында ұзын кезек болатын.
Терең дем алған қыз, кезектің соңына тұрды, бірақ ол ақша алуға үлгермейтінін түсінді. Бұл өте қайғылы болды, өйткені сол уақытта оның материалдық жағдайы өте қиын еді. Қалтасында үйіне кейін қайтатын да ақшасы жоқ еді.
Ақырында ол телефонға жақындады және қажетті нөмірді табу үшін тізімге көз жүгіртіп қарай бастады. Сол сәтте артқы жақтан:
- «Қоңырау шалмайтын болсаң, басқаларды ұстама» - деген ер адамның қатты даусы шықты!
Ол осы сөзімен оны телефоннан ығыстырып және өзі телефон шалуға ыңғайланды.
Журналисттің алғашқы реакциясы реніш пен ашу болды. Ол ренжітушіге ашумен бұрылып қарап, оның қылықтарын бетіне айтып тастағысы келді. Ол көз алдынан сары көзді және қан-сөлсіз бетті үлкен ер адам көргенде, оған деген аяныш сезімі оянды. Өзінің нашар жағдайын ұмытып және оны ауру болған соң ашушаң боп тұр ғой деп ойлады…
Ары қарай қызда кереметтер болды. Ер адам оған қарап, ыңғайсызданып күліп телефон тұтқасын қоя салды. Кезек өз-өзінен жоқ болып кетті.
Редакция нөмірін тез тапты. Олар жас автордан кешірім сұрады және сол сәтте рұқсат қағазын жазды. Ол өте көп ақша алды және өз еңбегі бойынша жылы және мақтау сөздер естіді.
Ал қайтар жолда ол баяғыдан аңсап жүрген туфлиін сатып алады …
Өмірінің соңына деййін ол қуанышты және бақытты ғұмыр кешті (П. Артемьевтың «Психология самопознания» кітабынан).
Бұның барлығы оның реніштің жағымсыз сезімдерін жағымды – аянышты сезімге ауыстырғаны арқасына болды. Өмір оған өз кезегінде, жағымсыз ситуацияны жағымдыға ауыстырып еңбегі сіңген сыйлық берді. Өйткені жер бетінде аянышты қажет етпейтін адам жоқ.
Ойын «Өсек».
Мақсат: өсектің таралуы және өзгеруін, ұжымның ауызбіршілігін, эмоционалдық бой жазуды көрсету.
Оқушылар шеңбер жасап отырады. Психолог оның біреуіне сөйлем жазылған қағаз көрсетеді. Мысалы: «12 мамыр күні сағат 14.00. Құрманғазы көшесі 15-ші үйде тұратын Гүлнәр Жұбантайқызы емтихан сұрақтарының тізімін оқиды». Оқушы осы мәтінді оқиды және есінде сақтап, жанындағы өзінің көршісінің құлағына сыбырлап айтады. Ең соңғы қатысушы не естіген дауыстап айтады – ойын барысында мәтіннің мағынасы өзгергенін көреміз.
Жаттығу «Ренжітушіні елестету»
Театр сахнасында сізді ренжіткен адамды елестетіңіз. Ол дәл қазір спектакльде өз рөлін өте жаман ойнады. Ол барлық адамға көрінетін биік, жарық сахнада, қорғансыз тұр. Сіз қараңғы көрермен залында отырсыз және оны жақсы көріп отырсыз. Оның ойыны бойынша қол шапалақтап оны қошеметтеңіз – өйткені ол өзін сол сәтте өте бақытсыз сезінуде. Сөз өзіңіздің ашуыңыздың қалай тарап кеткенін сезбей қаласыз.
Жаттығу «Ашу толған қапшық»
Сіз таудың үшар басында, аяғыңыздың асты қозғалған шың басында тұрмын деп елестетіңіз. Ал арқаңызда ашумен, ренішпен, жағымсыз энергиямен толған қапшық бар. Эмоция, реніш толған – қапшық сіздің салмағыңыздың теңдігін басуда. Сіз құлап кетуіңіз мүмкін. Қапшықты ары қарай толтырмаңыз, оған реніш салмаңыз, оны иығыңыздан алып, төменге лақтырыңыз – сіздің барлық реніштеріңіз шыңырауға құлап кетсін. Шыңда біраз тұрыңыз, жамандықпен қоштасыңыз және үйге қайтыңыз.
Жаттығу «Соқыр – Жетектеуші»
Мақсат: татулықты, вербалсыз қарым-қатынас тәсілдерін дамыту.
«Соқыр» және «жетектеуші» екі адам таңдалып алынады. Полға иректеліп кегльдер қойылады. «Жетектеушінің» міндеті – «соқырды» кегльге азырақ соғып алып өту. Бұл кезде «жетектеуші» «соқырды» қолмен ұстамайды, тек сөзбен бағыттайды. Сосын «жетектеуші» мен «соқыр» рөлдермен ауысады.
Талқылау:
- Қай рөл қиын болды, «жетектеуші ме» әлде «соқыр ма»?
Жаттығу «Ашумен қалай күресуге болады?»
Балалар бір жағынан айналадағылармен қарым-қатынасты бұзып алмайтындай, ал екінші жағынан «қайнаған шәйнектей төгілмейтіндей» өз ашуымен күресудің барлық тәсілдерін жазыңдар деген тапсырма алады, жұмысты аяқтаған соң тақтаға «буды шығару» (агрессияны түсіру мағынасында) тәсілінің тізімі жазылады. Қарап тұрсаң олар көп екен. Жағымсыз эмоцияны сезінген кезде. Қатысушыларды осындай жағдайда адамға көмегі тиетін бірнеше психологиялық тәсілдермен таныстырыңыз.
Дем алу жаттығуы
«Әйнекке ою салу»
Иығыңызды көтермей терең дем алыңыз. Ауаны ішіңізге толтырыңыз. Сыртқа шығару кезінде ерніңізді сәл ашыңыз. Сіздің дем алысыңыз әйнекке ою салатындай немесе немесе ерінмен өсімдік тұқымын үрлейтіндей болуы керек. Сіз өз жылы деміңіздің ерніңіз арқылы өтіп бара жатқанын сезінесіз. Жаттығуды бірнеше рет қайталаңыз.
Визуалды бейнелерді қолданып терең дем алыңыз
Ақырын терең дем алыңыз (пульс 5 соққыға дейін), сосын демді іште ұстаңыз (3 соққыға дейін) және сіз өзіңіз ренжіген адамды елестетіңіз. Өз ашуыңызды бұлт бейнесінде ақырын шығарыңыз.
Жаттығуды бірнеше рет жасаңыз.
Релаксациялық жаттығу «Кемпірқосақпен жоғары көтерілу»
Көзіңізді жұмыңыз, ішке терең дем алыңыз, осы дем алумен кемпірқосаққа көтерілесіз, ал дем шығарумен биіктен түсесіз. 3-4 рет қайталаңыз. Сосын бір рет көзіңізді ашып қайталаңыз.
Жаттығу «Менің естеліктерім»
Балалар, жағымсыз эмоцияны қалай басқару керектігіі туралы естеліктер жазыңыздар, сосын біздің естеліктерімізбен сәйкестігін тексереміз.
Естелік. «Эмоцияны қалай басқару керек»
Жағымсыз эмоциямен қалай күресеміз және басқарамыз деген ұсыныс жазыңыздар. Сосын біз психологтар кеңесімен сәйкестігін тексереміз.
ü Қағазды мыжғылау және жырту;
ü Бокс қабын немесе жастықты ұру;
ü Аяқпен тарсылдату;
ü Ол құрғақ болса да, сүлгіні сығу;
ü Ватманнан жасалған «труба» немесе «стаканды» қолдана отырып қатты айқайлау;
ü Айтқың келген сөздің бәрін қағазға жазу, қағазды бүктеп лақтыру;
ü Картонға немесе қағазға ермексаз жағу;
ü Өзіңді түсінетін адамдар арасында ойыңды айту;
ü Көзіңді жұмып, сені тынышталдыратын бірнәрсені (жақсы көретін гүл, сүйікті орын, ойыншықтар, жануарлар) еке алыңыз;
ü Тыныш жерде отырыңыз немесе ырғақты әуен тыңдаңыз, билесеңіз де болады;
ü Алдымен барлық бұлшықеттеріңізді қатайтыңыз, сосын оларды босатыңыз, бірнеше рет қайтала;
ü 3-4 қысқа ішке, сосын сыртқа дем шығарыңыз.
Рефлексия
Балалар шеңберде отырып, еркін түрде бүгін не үйренгендерін, неден құтыла алғандарын, бүгінгі күннің ұнағанын, не нәрсе есте қалғанын айтып береді.
22 сабақ
МАНИПУЛЯЦИЯЛАР ЖӘНЕ ОЛАРДАН ҚОРҒАНУ
Мақсат: оқушыларды психологиялық манипуляцияның негізгі амалдары және олардан қорғану жолдарымен таныстыру.
Міндеттер:
- агрессивтік әрекетті сипаттау бойынша негізгі көрсеткіштермен таныстыру;
- агрессияның вербалсыз белгілерін анықтау;
- қарсы тұруға бағытталған жағымсыз қарым-қатынас дағдыларының жоюды қалыптастыру.
Бой жазу жаттығуы «Итерушілер»
Жаттығуды сипаттау. Қатысушылар жұпқа бөлінеді және бір –бірінен бір метр қашықтықта тұрады. Әрқайсысы бір-бірін қысып ұстап, бір аяқпен тұрады. Қатысушылар алақандарын алға созады және «алақанарымен алақандарын» итеріп қарсыласының екінші аяғын жерге тигізуге немесе орнынан қозғалып кетуіне күш салады. Әрбір минут сайын жұп құрамы ауысып отырады. Ойынның жалпы ұзақтығы 4-5 минут. Қатысушыларға мүмкіндігінше бір жыныстылармен, сондай-ақ араластармен күштерін сынатуға тырысу керек.
Жаттығу мәні. Ойын манипуляцияның бар екенін күшпен немесе ептілікпен емес, қулықтың көмегімен қарсыласқа ықпал етуді көрсетеді. Қажет кезінде өзінің ниетін жасырып, сосын қарсыласы күтпеген жерден жүзеге асырған адам жетеді.
Талқылау. Ойыннан кейінгі қысқа әсерлерімен бөлісіп және жеңіске жеткізген амалдардан соң, психолог психологиялық манипуляция туралы әңгімеге көшеді.
Сабақ тақырыбы бойынша сұқбат.
• Манипуляция — бұл адамнан жасырын болып тұра, білдірмей жүзеге асатын ықпал.
• Манипулятор кұштің көмегімен емес, айланың көмегімен жеңіске жетеді. Жалпы айтқанда, манипуляция — адамның «жүрек шегінде ойнау. Бұл «шек» — оның күйзелістері, әлсіздігі, жүзеге аспаған армандары және т.б. (манипуляцияда көбіне ұмтылыс пен өзіндік сенім, кінәсін сезіну, сараңдық жиі қолданылады.
Манипуляциялау амалдарын зерттеу («Зигзаг» технологиясының көмегімен)
Бұл жаттығу манипуляцияны жүзеге асыратын кейбір амалдармен таныстыру .
Қатысушылар шағын топтарға бөлінеді, олардың әрқайсысы тақырып бойынша жалпы ақпараттан, мәтін түріндегі тек үзінді ғана алады.
Қатысушылар алдымен өзара талқылайды, өздерінің мысалдарын ойластырады, сосын өзара оқуды ұйымдастырады: қатысушылар басқа топ мүшелеріне «өздерінің» мәлімет үзінділерін ұсынады.
Жұмыс алгоритмі
1. Қатысушылар шағын топтарға бөлінеді: 11 және одан аз адамды 3 топқа, ал одан көп болса 4 топқа бөлген жақсы.
2. Әрбір топ манипуляцияның әртүрлі амалдары жазылған мәтіндік түрдегі материалдар алады.
3. Қатысушылар материалды топ ішінде оқиды, оларды талқылайды, өз мысалдарын құрастырады (жұмыс уақыты 5-7 минут).
4. Бірінші топ мүшелері екінші және үшінші топтарға барып, берілген материалдан не білгенін айтып береді (3-5 минут). Жалпы санына байланысты әр топқа 1-3-ке дейін адам барса болады. Сосын басқа топтың мүшелері де өз ақпараттарымен басқа қатысушылармен бөліседі. Осылай өзара біріге оқу жүреді, кез-келген қатысушы ең азы екі рет ақпарат тасушы және алушы бола алады.
1-ші топ. Мінез-құлық типологиясын әсерілеу. Көптеген адамдар айналадағыларға қарайды және олар не істесе, солай істеуге тырысады. Адамдардың ішінде «ақ қарға» болғысы келетіндер аз. Сол үшін? Егер адам нақты бір-мінез құлыққа бейімделсе, оған сол мінез-құлық көп адамда таралған болып көрінуі мүмкін:
ü «Жүз мың адам біздің дүкен желісін пайдаланады. Қосылыңыз!»
ü «Жүргізілген сауалнама нәтижесі бойынша ұялы байланыс желісін тұтынушылардың 75%-ы KCELL-ге тіркелген. Таңдау өзіңізде!»
ü «Біздің сыныптың барлығы қосымша спортпен айналысады. Ал саған ше? Қиын ба?»
Беделге жүгіну. Адамдар жақсы танымал, қоғамда біраз салмаққа ие, қандай да бір маңызды білім бар адамдардың пікіріне тыңдайды. Шындығында манипуляторлар осыны жақсы пайдаланады: өтірік бедел көрсетеді (жарнамадағы сияқты актер дәрігердің немесе автокөлік жөндеуші шебердің рөлін ойнайды) немесе беделдінің халық алдында айтқанын сатып алады (жарнамадағы сияқты үлкен ақшаға танымал адамдар түседі).
2-ші топ. Асығыстық, қарбалас туғызу. Өзінің әрекетін толық түсіну үшін адамға біршама уақыт керек. Адамда асығыстық сезімін тудыра отырып, санамен емес, бір сәттік импульстің ықпалымен әрекет жасатуға болады. Формула «жылдам қимылда немесе ұтыласың?» - деп аталады. Бұл тәсіл сауда мен жарнамада, әсіресе көтерме саудада кеңінен қолданылады. Өте қат сезімі тудырылады: арзан тауар аз қалды, барлығына жетпейді, саған жетуі үшін – жылдам ұста!
ü «Бізде жеңілдікпен сатылатын 15 телефон ғана қалды! Сатып алуға үлгермегендерден кешірім өтінеміз!».
ü «Біздің би кешіне келіңіз – бұл жаңа оқу жылының алдындағы соңғы рет серпіліуіңіз!»
ü «Саяхатшы автобус қазір жүрейін деп тұр, екі орын ғана қалды!»
Сондай ақ, уақыттың жетіспеуі үнемі манипуляциялауға әрекет етуді білдіре бермейді, өмірде шынымен де жылдам шешім қабылдауды қажет ететін жағдайлар көптеп кездеседі. Асығыстық әдейі жасалған, жылдам әрекет етудің қажеттілігі манипуляция туралы куәлік береді.
3-ші топ. Өзара алмасу ережесін асыра пайдалану. Жылы дауыс ережесі бізге бірнәрсеге көмектескенде, қызмет жасағанда, сыйлық сыйлағанда (бұл өзара алмасу ережесі деп аталады) өзіміздің қайтара жауап беруімізді білдіреді. Бірақ бізден бірнәрсеге қол жеткізу үшін, бізге кейде әдейі қайтарымсыз «сыйлық» немесе қызмет жасауы мүмкін. Бұл жиі қол жетімді. Біз сыйлықты немесе қандай да бір «қайырымдылықты» қабылдай отырып, біз өзімізді қарыздар сезінеміз және бұл сыйлықты алған соң оның өтінішінен бас тарту қиын. Мысалы:
ü Сектанттар жүргіншілерге өздерінің доктриналары жазылған жүрналдарын сыйлайды, ал сосын ақшалай көмек беруін өтінеді.
4-ші топ. Жағдайды телу. Адам жалпы белгілер бойынша (достығы туралы айтса, көмектесем деп уәде берсе) болса да өзіне жауапкершілік алса, соңыра ол білмеген нәрселер туралы шешім қабылдауға көндіру оңай. Адамға өзінің мінез-құлқы бірізді болғанына, жаңа әрекеттер бұрынғы айтылғаннан немесе жасалғаннан туындап отыруына ұмтылады. «Егер мен «А» десем, сен «Б» деп айт», «Шешінген судан тайынбайды» деген мақалдар осыған айтылған. Бұны манипуляторлар қалай қолданады? Олар алдымен адамнан жалпы бірнәрсеге келісуіне(«Сен маған көмектесесің бе?») немесе бірнәрсеге уәде беруіне қол жеткізеді. Манипуляция менханизмі қолданылатын диалогке мысал:
- Сен маған доссың ба?
- Әрине, дос!
- Ал онда алгебра бойынша тапсырманы маған шешіп бересің бе?
- ??!
- Енді, өзің айттың ғой, доспын деп! А л достар үнемі көмектеседі.
- Мейлі, әкел тапсырмаңды...
Міне, енді сіздер манипуляцияның кейбір амалдары туралы білдіңіздер. Ал ондайлардан қалай қорғануға болады? Егер әңгіме жарнама немесе сауда туралы манипуляцияны қолдану болса, онда ең қарапайымы сол ақпарат көзін ажырату (саған жабысып алған сатушылардан құтылу үшін дүкеннен шығып кету, теледидарды жарнама уақыты кезінде басқа арнаға ауыстыру). Ал егер манипулятор саған жақын адам болса не істеу керек?
Жаттығу «Манипуляциядан қорғану»
Манипуляциядан қорғауға қатыстыларына белгі қой және өзіңіздікін жазыңыз.
Ең алымен манипуляция дәлеліне қарау керек! Бұл үшін оның тәсілдері туралы білімініңіз болуы керек.
ü «Шексіз нақтылау» тәсілін қолдану: манипуляторға мағына бойынша жауап бермеу, ұзақ және тереңірек оның сенен не қалайтынын, оған бұл не үшін керек екенін, неге ол бұл әңгімені осы кезде бастағаны және т.б. туралы сұрай беру керек.
ü «Қайталап қалған пластинка» – айтқанға ермей, қайта-қайта өз көзқарасыңызды айту тәсілін қолдану.
ü Үзіліс алу: манипулятор қол жеткізген нәрсесін бірден жасамау, ойлануға, жақындармен ақылдасуға және т.б. уақыт сұрау.
Рөлдік ойын «Манипуляциялар»
Ойынды сипаттау. Шағын топтардың ішіндегі қатысушылардан олар өздері білген манипуляция және одан қорғану амалдары туралы, не білді, соны көрсететін рөлдік ойындарды ойластыру, дайындау және қою. Дайындық уақыты – 15-20 минут. Ойынды «Жалғыз актерлы театр» емес, топ мүшелерінің барлығын қатыстыруға ұмтылу ұсынылады. Ең жақсысы жеткіншектердің ойын сюжетін өзбеттерімен және жетекшінің қосымша көмегінсіз орындағаны. Егер олар қиындық сезінсе, онда бірнеше сюжеттік бағытты көрсеткен дұрыс. Бұл сауда/жарнама (аталған салада жоғарыда көрсетілген манипуляцияның амалдарын байқау жеңіл) саласында төмендегідей көрінуі мүмкін:
ü Сатып алушы барлық сөйлескен әңгімелеріне шуыл қосылатын (вариант: дөңгелегі шиқылдайтын роликтік коньки), жақында ғана сатып алған ұялы телефонын ауыстыруға дүкенге келеді. Сатушылар манипуляция қолдана отырып, оның телефоны қалыпты жұмыс істейді және өзінің шағымынан бас тартуға сендіруге тырысады.
Ойынның психологиялық мәні. «Зигзаг» технологиясы көмегімен алынған манипуляциялық амалдар туралы психологиялық білімді өзектендіру, оларды шынайы өмірмен тығыз байланыстыру.
Талқылау. «Сіздер манипуляцияның кейбір амалдары туралы білдіңіздер және оларды әрекетте көрдіңіздер. Ал егер кім ескертілген – сол қаруланған! Енді сіздер олармен қалай күресу керектігі туралы ұсыныс айта аласыздар. Мүмкін біздің ойындарымыздан қорғаныстың қандай да бір тәсілдерін көрдіңіздер, ал одан басқа өзбеттеріңізбен не ұсына аласыздар».
Проективті әдіс «Дүниедегі жоқ жануар».
Мақсат: тұлғалық ерекшеліктердиагностикасы.
Сипаттама: әдіс проективті болып табылады, стимульдық материалдары жоқ және стандартталған болып табылмайды. Әдіс мәліметтері тұлға ерекшелігі туралы болжам жасауға көмектесетін балалар мен ересектерді зерттеуде қолданылатын жалпылама әдіс болып табылады. Барлық белгілері символикалық интерпретацияланады.
Нұсқаулық: «Ол бұрын мультфильмде, кинода, ертегіде, компьютерлік ойындарда болмаған дүниедегі жоқ жануарды ойлап табыңыз және суретін салыңыз және оған өмірде жоқ ат қойыңыз.
Сұрақ: Елестетіңіз, сіздің дүниедегі жоқ жануарыңыз өзі қалаған үш тілегін орындайтын сиқыршыны кездестірді.
Осы сабақтың интерпретациясы: тестті интерпретациялау кезінде психолог агрессия көрінуге қатысты тенденцияларды ғана талдайды.
Суреттегі агрессия белгілері:
-үшкір, қарқынды сызықтар, қатты басылып салынса;
- жалпы сипаты агрессивті, шабуылшы;
- агрессиялық икемділіктің болуы (тырнақтар, тікендер, инелер және т.б.)
- вербальды агрессия (тіс, жақ, отты секіру)
Рефлексия
- Манипуляция деген не?
- манипулятор ненің көмегімен жеңеді?
- Манипуляцияда не нәрсе жиі қолданылады?
23 сабақ
ӨЗІҢДІ БАСҚАР
Мақсат: эмоционалдық қалыпты конструктивті тәсілмен басқаруды үйрету
Міндеттер:
- Өз сезімдерін тану қабілеттерін қалыптастыру;
- Эмоциогендік ситуацияларды реттеу дағдыларын дамыту;
- Эмоцияны өзіндік реттеуге ұмтылуды тәрбиелеу.
Ұйымдастыру сәті
Сүлейменнің сақинасы туралы аңыз
Бұрын Сүлеймен деген патша өмір сүріпті. Оның ақылды болғанына қарамастан, оның өмірі өте аласапыран екен. Бірде ол өзінің сарайындағы данышпанға қарап. «Мына өмірде мені өз ырқымнан шығарып жіберетін нәрселер өте көп. Мен барлық нәрсеге қызығамын және бұл менің өмірімді қиындатуда» - деп ақыл сұрады. Оған данышпан «Мен саған қалай көмектесуді білемін. Мына сақинаны саусағыңа тақ – онда «БӘРІ ДЕ ӨТЕДІ!» деген жазу ар. Саған қатты ашу немесе күшті құштарлық келгенде осы жазуға қара, ол сені сабаңа түсіреді. Сені ол өз құштарлығыңнан құтқарады» - деп жауап берді!».
Сүлеймен Данышпанның ақылын тыңдады және сабырлы болды. Бірде ол қатты ашуланғанда қолындағы жазуға қараы, бірақ ол көмектесу орнына оны одан бетер ашуландырды. Ол сақинаны саусағынан жұлып алып, суға лақтырайын деп жатып, ішкі жағынан тағы да бір жазуды көзі шалып қалады. Ол қарап мына нәрсені оқыды.
Балалар! Сіздер қалай ойлайсыздар, онда не жазылған, ол неге ойланды және тынышталды?
Ал онда «БҰЛ ДА ӨТЕДІ....» - деп жазылған еді.
Сабақ тақырыбы бойынша сұқбат
Бұл аңыз біздің тақырыбымызбен қаншалықты байланысты? Аңыз көмегімен ашуды басқару формуласын құрайық. Ашу – бұл адамның басқа сезімдері сияқты сезім. Әртүрлі сезімдер адамға әртүрлі эмоция әкеледі. Мысалы, қуаныш сезімі – күлкі, қапалы сезім – қайғы, жас. Осылай кете береді. Қандай да бір сезімдер – өмір сүруге көмектеседі, кейбіреулері кедергі келтіреді. Адамда сезім мен эмоция болады, өйткені адам бәрін түйсінеді, мңызды болсын немесе болмасын, бірақ эмоцияға беріледі және сезеді.
Тек табысты адамдар ғана, өздерін басқара алады.
Адамның қандай сезімде екенін біз қалай біле аламыз? Қорытынды: оның жесттері, тұрысы, мимикасы, интонациясы арқылы.
Эмоциялар (лат. emovere – ояту, толқыту) – өмір барысында қандай да бір ситуацияларды (қуаныш, қорқыныш, рахаттану), құбылыстарды және оқиғаларды басынан өткізгенде пайда болатын адамның қалпы немесе психикалық үрдістің ерекше түрі.
Жаттығу «Адам қалпы»
Эмоцияны сипаттаңыз.
Жаттығу «Эмоция»
Егер сіз төменде ұсынылғанмен келіссеңіз, белгі қойыңыз.
· Адамдарда эмоция санадан бұрын пайда болған. (иә, рас)
· Эмоциялар адам ағзасының физиологиялық үрдісіне ықпал етпеуі мүмкін (жоқ, фқпал еткенде қандай)
· Эмоцияның ықпалымен біздің ағзамыз, адреналин өндіріп шығарады, нәтижесінде адам санасына бағынбайтын қылықтар жасауы мүмкін. (иә, рас)
· Сондай ақ эмоция адам өмірін «нөлге» дейін төмендетуі мүмкін. (Иә,адамның қажеттілігі эмоцияны санамен басқаруын, адамның жетістікке ұмтылуымен түсіндіріледі, өйткені артық эмоцияға берілуі, кейбір жағдайларда кері нәтижесін беріп жатады.
· «Ашуланғанда қорқынышты» немесе «өтірік қуанатындармен» араласу жағымсыз, бұл айналадағы болып жатқандарға бәрібір көзқараспен қарау. (иә, рас)
· Адамдар әртүрлі қарым-қатынас ситуацияларында жағымды атмосфераны қамтамасыз ететін «алтын ортаны» интуитивті жақсы сезінеді (иә, рас)
· Өзінің эмоциогендік ситуациялар (эмоция тудыратын ситуациялар) шеңберін кеңеткен адам, өзінің жалпы мәдениеттік дамуын жоғарылатады. (иә, рас)
· Мәдениетті адам өз эмоциясын көрсетуде шыдамсыз. (Жоқ. Адамның мәдени деңгейі неғұрлым жоғары болса онымен қарым-қатынастағы адамдар соғұрлым эмоция көрсетуде сабырлылығын байқайды).
Жаттығу «Эмоцияны басқару»
Эмоцияны басқарудың бірнеше тәсілдері бар. Существует несколько способов управления эмоциями. Эмоцияны басқаруға қатыстысын белгіле, сондай ақ өзіңіздікін жазыңыз.
· Ақпаратты және қатынас шеңберін кеңейту. (жаңа әлеуметтік және психологиялық контакт адамға өзінің сезімдерін кең көрсететін саланы табуға мүмкіндік береді).
· Шоғырлану. (нақты өмір кезеңінде шешуші мәні бар бір эмоцияларға назарды толық шоғырландыруды талап ететін іс-әрекет жағдайында қажет).
· Ауысу, тадамалық, ойластыру. (жоғары әлеуметтік және мәдени құндылығы бар ситуацияяға ауысуға қажетті иллюзиялық нысан).
Бұл амалды балалардың дәптерлеріне жазып алғаны маңызды. Эмоцияны басқарудың тағы бір амалы – бұл қалжың. Қалжың және қалжыңдық сезім деген не? Қалжың, ереже бойынша – бұл адамдардың басқалардың тарапынан күлкі тудыратын әрекеттері мен нәрселері. Қалжыңбас адам деп айтқанда, бұл оның қалжыңды түсінетінін және оны өзі жасай алатынын білдіреді.
Жаттығу «Жағымсыз эмоция неге әкеледі?»
Біз бәріміз өміріміздің табысты болуына кедергі келтіретін жағымсыз эмоциялар бар екенін білеміз. Жағымсыз эмоция неге әкеледі, сол сөйлемді белгілеңіз және өзіңіздікін жазыңыз.
· Денсаулықтың нашарлауы. (Иә. Эмоцияларды бөле алмау, денсаулықтың нашарлауына әкеледі).
· Инфаркт. (эмоционалды адамдар жүрек ауруына жиі ұшырайтынын зерттеулер дәлелдейді).
Мультфильм «Бас айналдыру»
Балалар! Сендер өз эмоцияларыңның суретін сала аласыңдар ма? Эмоцияны қалай саламыз? Деп сұрайсыздар. Эмоция қалай көрінетіні туралы білгісі келгендерге, «Бас айналдыру» мультфильмін көру ұсынылады.
http://disneyboom.ru/news/golovolomka_2015_multfilm_disneja/2014-12-11-159
бұл ерекше мультик. Өйткені мультфильмнің басты қаһармандарының бірі эмоциялар, солар біздің қылықтарымыз бен сөздерімізді бақылайтын. Бұл Қуаныш, Қорқыныш, Қайғы, Ашу және кінәмшілдік – олардың барлығы біздің ішімізде өмір сүреді және бізді үлкен машина сияқты басқарады.
Мультиктің сюжеті мынадай – бұл оқиға он бір жасар Райли Андерсон мен оның жанұясы туралы. Оның әкесі Сан-Франсискоан жаңа жұмыс табады және барлық жанұя Орта Батыстан жаңа қалаға көшуге мәжбүр болады.
Райлидың есею кезеңі, оған оңай емес, жаңа мектеп, жаңа сыныптастар. Енді қыз толықтай эмоцияға бағынышты, оны эмоция күн сайын басқаратын Райлидың бақылау орталығында өмір сүреді.
2015 жылы бізді қандай жаңа премьера күтіп тұрғаны туралы түсінік болу үшін мультфильмге трейлер көруді ұсынамын.
Жаттығу «Ата-аналар эмоциясы»
Сіздер бас айналдыру туралы мультфильм көрдіңіздер. Дәптерлеріңізге қай кейіпкер қандай эмоцияға жауап бергенін жазып қойыңыздар.
Ең бастысы балалар, эмоция бізді емес, біз эмоцияны басқаруымыз керек.
Үй тапсырмасы «Менің эмоцияларым»
Ал енді өз эмоцияларыңыздың суретін салыңыздар. Сізде қандай эмоция басшылыққа ие екенін жазыңыз. Сондай ақ дәптердегі «Өз-өзіңе қаншалықты сенімдісің?» деген тестке жауап бер және келесі сабақта сендердің өз-өздеріңе қаншалықты сенімді және сенімсіз екендеріңді білеміз .
Рефлексия
- Эмоция мен сезім өзара қалай байланысты.
- Өз сезіміңді тану неге маңызды?
- Адам өмірінде эмоция қандай рөл атқарады?
- Эмоцияның көрінуінің жағымды және жағымсыз жақтарын атаңыз?
24 сабақ
СЕНІМДІЛІК ЖӘНЕ СЕНІМСІЗДІК
Мақсат: үлгіленген ситуациялық қатынаста сенімді мінез-құлық тәжірибесін игеру және қалыптастыру.
Міндеттер:
- сенімді және сенімсіз мінез-құлық белгілерімен танысу;
- табыстылыққа сенімділік дағдыларын дамыту;
- қоршағандармен эмпатиялық қарым-қатынасты тәрбиелеу.
Ұйымдастыру сәті
Сәлемдесу жаттығуы «Комплименттер».
Мақсат: Бір-біріне сенімділіқ беру және ұжымдағы психологиялық климатты жақсарту үшін топтық қолдау көрсету.
Сипаттама: Жанында тұрған сыныптасына сәлемдесу, оның қандай да бір қасиетін шын көңілмен мақтау, комплимент жасау.
Жаттығу «Сенімді адам»
Сенімді адамдарға қатысты мінез-құлық белгілеріне белгі қойыңдар және өздеріңдікін жазыңдар.
Сенімді адам:
· «Мен – айтамын» сөзін қолданады»;
· Эмпатиялық тыңдауды қабылдайды;
· Өзінің қалаулары туралы айта алады;
· Сезімін көрсетеді;
· Сұрай алмайды;
· Бас тарта алмайды;
· Бас тартуды қабылдай алмайды;
· Тура және ашық айтады;
· Компромиске бейім, өзі ұсынады.
· _________________________________________
(сенімді адам сұрай және бас тарта алады, сондай ақ бас тартқанды да қабылдай алады)
Жаттығу «Сенімсіз адам»
Сенімсіз адамдарға қатысты мінез-құлық белгілеріне белгі қойыңдар және өздеріңдікін жазыңдар.
Сенімсіз адам:
· Еденге жиі қарайды;
· Өз пікірін қорғай алмайды;
· Алғашқы «жоқ» оны ары қарай өзінің қалағанынан бас тартуға әкеледі;
· Сұрай алады;
· Бас тарта алады;
· Оған өзімен әңгімелесушіге дәлелдер келтірсе де сендіру қиын;
· «Иә», «Жоқ» деп қана жауап береді;
· Аяғын үстелдің астына тығады;
· Өзін әңгімелесушіден алыс қашықтықта ұстайды;
· Ақырын сөйлейді.
· ____________________________________________
(сенімсіз адам сұрай және бас тарта алмайды, сондай ақ бас тартқанды да қабылдай алмайды)
Сабақ тақырыбы бойынша сұқбат
Өз-өзіне сенімді емес адамдардың ең басты ерекшелігі, олар өмірде жеке өзін көрсетуі керек нәрсенің барлығынан қашады. Олар үшін өзін тұлға ретінде көрсетуімен байланысты ұят, кінә, қорқыныш сезімдерінің ақыры мүмкін емес (оған сәйкес келетін дағдылардың жоқ болуынан), болмаса мағынасы (олардың құндылықтар мен түсініктері жүйесінің шеңберінде) жоқ.
Көп айтса болады және сенімділік туралы айту жеңіл.
Неге бұлай болады? «Мінез-құлықтың жетіспеушілігін» сенімсіздіктің бір себебі ретінде алғаш рет Арнольд Лазарус назар аударды. Ол адамда өзіне сенімсіздіктің себебін әлеуметтік шындықты игеруді толық қамтамасыз етуге тиіс мінез-құлық тәсілдерінің жетіспеушілігінен, ригидтілік пен қосымша мінез-құлықтың бейімделмеуінен көреді.
Лазарус өзінің пікірі бойынша толық өмір сүруге, сондай ақ өз-өзіне сенімділік үшін жеткілікті болатын дағдылардың төрт тобын көрсетеді.
А. Лазарустың пікірі бойынша, ересек адам:
§ Өзінің қалаулары мен талаптарын ашық айту қабілеттілігін;
§ «Жоқ» деп айту қабілеттілігін;
§ Өзінің жағымды және жағымсыз сезімдері туралы ашық айту қабілеттілігін;
§ Контакт қою, әңгімені бастау және аяқтау қабілеттілігін игеруі тиіс.
Аталған қабілеттердің бар болуы өзіне сенімділіктің жеткілікті дәрежедегі алғышартттары болып табылады.
Сенімді мінез-құлық адамның ішкі позициясына байланысты болады. Сенімді мінез-құлық белгілері (мен-жақсымын, сен-жақсысың), адамда үш қажеттілік бар: түсінушілік, құрмет, қабылдау. Осы қажеттілікті қанағаттандыра отырып, біз адамдармен қатынасқа түсеміз, олар тек сенімді мінез-құлықта ғана қанағаттандырылады.
Сенімділікті күшейтуге арналған ойын-жаттығу кешені:
Ойын «Көз түйістіру»(шеңберде орындалады). Барлығы шеңберге тұрады және біреумен көз түйістіруге тырысады, егер екі адам жасай алса, онда орындарымен алмасады.
Жаттығу «Сенімділік, сенімсіздік»( шеңберде орындалады). Қазір біз бір-бірімізге доп лақтырамыз және сол кезде «сенімділікпен» (салмақтылық, күш...) байланысатын сөз айту керек.
Ал енді өзіміздегі сенімділікті сезінеміз: сенімді қадам басамыз, үстелге сенімді отырамыз, бір-бірімізге сенімді қараймыз, көршінің қолын сенімді қысамыз.
Талқылау.
Сосын психолог сенімді мінез-құлықты сезінуді ұсынады.
Талқылау.
Жаттығу «Жоқ» (жұппен орындалады).
Жұпқа бөлінеміз, біреуінің қолында кез-келген зат болады, ал екіншісінің міндеті кез-келген амалмен оның қолындағы нәрсені сұрап алу. Біріншінің міндеті қолындағы затты бермеу, өзінің бермеуінің себебін логикалық жолмен түсіндіре отырып, анық және сенімді түрде «жоқ» деп айту. Бір қатысушы дәлелді түрде бас тарта алған соң, рөлдермен ауысады. Талқылау. Сұраған жеңіл ме? Бас тартқан жеңіл ме?
Сұхбат
Сіз бас тарта аласыз ба? «Жоқ» деп айтар алдында сіздің жүрегіңіз шанши ма, сіз бұл қарапайым сөзді адамды ренжітіп алам ба, жаман және қайырымсыз адам болып көрінуден қорқып үнемі айта алмайсыз ба?
Өтініштен бас тарта алмау соңы жағымсыз жағдайға жиі әкеледі.
Біріншіден, біз жасағымыз келмеген нәрсені жасаймыз.
Екіншіден, қоршаған адамдарды адастырамыз, өйткені олар сіздің мінез-құлығыңыздың себебін шынайы түсінбейді, өйткені сіз олардың өтінішіне келістіңіз.
Сондай ақ сізді кінәлілік сезімі мазалайды, өйткені алдауға және жалтаруға тура келді.
Егер біз ешкімге бас тарта алмасақ, онда біз өзіміз не қалайтынымызды ұмытамыз, өйткені басқа адамдардың қалауын өзіміздікі деп қабылдай бастаймыз.
Неге басқа адамға бас тарту және «жоқ» деген қарапайым және қысқа сөзді айту қиын? Оқушылардың жауаптары
«Жоқ» деп айта алмау көбінесе төмендегідей себептермен байланысты:
üАдамдар ренжиді / егер мен өтініштерінен бас тартсам ашуланады;
üОлар бұдан әрі менімен жақсы қатынаста болмайды, мені енді жақсы көрмейді;
üБас тарту – дөрекі және ыңғайсыз;
üЕгер мен бас тартсам, менің басқалардан бірнәрсе сұрауға құқығым болмайды;
üОлардың қажеттіліктері менікінен маңыздырақ.
Шарт бойынша бас тарту, адамның өзін-өзі сүюіне соққы болып тиеді.
Бұл «соққының» мәні адам қалағанына қаншалықты қол жеткізе алмағандық емес, кез-келген іскерлік бас тартулардың өзі соншалықты, әрбір адамның, соған тұлғалық жағымсыз қарым-қатынастың көрінуінде өзінің тұлғасының бағасы ретінде қабылдайды.
Өтініштен бас тарта отырып, сіздің бас тартуға құқығыңыз бар, сол сәтте басқа адамдар сияқты басқаға өтініш жасауға құқығыңыз бар екенін есте сақтаңыз?
Ал егер сіз өтінішке үнемі келіспесеңіз, сіздің «иә» дегеніңіз салмақтырақ естіледі.
Басқалардың өтінішіне үнемі келісе беру, басқаларда бұл адамды алдап пайдаланып кетуге болады деген ұғым тудырады..
Егер сіз тура бас тарта алмай және түйеқұс саясатын қолдансаңыз, алдымен келісіп, ал сосын жауапкершіліктен қашсаңыз, онда адамар сізге сенуден қалады.
Сіз бірден сенімсіз адам атағын аласыз.
Беделді және қарым-қатынасты сақтай отырып, қалай бас тартуға болады? Бұл мүмкін бе?
Бұл іс жаттығуды талап етеді, бірақ та жүзеге асыруға болады. Жақын адамдар өтінішінен бас тарту, ол өте жұмсақ болуы керек.
Бұл бас тартудан гөрі, өзіміздің қалауларымыз бен сезімдеріміз туралы ақпарат болу керек.
1. Өз сезімдерінің туралы айтыңыз
Серіктесіңіздің өтініші бойынша өзініңіздің қанағаттанбайтындығыңызды, тітіркенетініңізді немесе өкінетініңізді білдіріңіз. Барлығы сіз көрсеткіңіз келген эмоциға байланысты.
Бұл сөзсіз жұмсақ бас тартудың алғышарттары: сіз бас тартпайсыз, тек серіктесіңізге өз сезімдеріңізді білдіресіз.
«Мен» деген зат есімді қолданыңыз: маған бұл ұнамайды, бұл мені ашуландырады, маған бұл керек емес, мені бұл қызықтырмайды, маған өте өкінішті, мен аяймын..
2. «Жоқ» деп айтыңы
1. Неге ол осылай екенін қысқа және нақты түсіндіріңіз, бас тартуыңыздың себебін қысқаша түсіндіріңіз.
Бас тартуға тек сіздің сезіміңіз немесе өтінішін орындау кезіндегі сіздің серіктесіңізбен қарым-қатынасыңыздың өзгеруі негіз бола алады.
Мысалы: Сіздің қымбатты досыңыз сізді көрмеге шақырды. Сіз барғыңыз келмейді және сіз қалай бас тартасыз? Балалар жауабы.
«Мен» деген зат есім мен сезімді қолданып бас тарту керек деп мен осыған дейін айтқанмын. Мысалы: «маған өте өкінішті, мен сенімен көрмеге бара алмаймын, өйткені мен өнерден ештеңе түсінбеймін және мұражайда өзімді ыңғайсыз сезінемін. Жалпы атқанда, нашар әріптес боламын! Басқа жерге барармыз».
2. Егер сіз өз қалауыңызға сенімсіз болсаңыз, келісуге асықпаңыз. Мәселеге өз қатынасымызды толық сезінбей жатып, бізді жауап беруге асықтырады. «Маған ойлану керек», «Мен саған қазір жауап бере алмаймын» деп айту керек. Әңгімелесушінің реакциясына қараңыз. Егер ол шыдамсызданса немесе керісінше, өте сенімді және жылдам шешім қабылдауға (бұл керемет саяхатқа жеңілдік бүгін ғана!», «Қазір, болмаса ешқашан») итермелесе – сақ болыңыз.
3. Бетіне тура «жоқ» деп айту қиын болса, онда «Өкінішке орай менің Саған көмектесуге мүмкіндігім жоқ», «Мүмкін басқа жолы», «Сұрағаныңыз ұшін рахмет, бірақ қолымнан келмейді» деген сөздерді қолдану керек. Бас тартуды комплиментпен («Сіз бүгін кереметсіз!», «Сіз сондай жан-жақтысыз») жұмсартыңыз, әңгімелесушіден жағымды нәрсе сұрау («Теңізде қала демалдыңыз?»). Егер ол сізге жақын болса, бас тартуды жеңіл қабылдайды. Әңгімені жағымды сөзбен аяқтаған жақсы.
4.Серіктесіңіздің сізді қатты басуынан, ықпалынан физикалық тұрғыда (столдан шегініңіз, терезеге қарай тұрыңыз) алыстаңыз, жабық қорғаныс механизмдерін (аяқ-қолдарыңызды айқастырыңыз) қолданыңыз – олар қабылдауды азайтады; оның назарын басқа қисынсыз сұрақтар қоюмен, таң қалумен, өз назарыңызды мейрамхана мәзіріне, журналға, терезеге (болмаса өз тырнақтарыңызға) бөліңіз. Оның назары уақытша болсада сізден басқаға аударылады. Сізде өз-өзіңізді жинақтауға уақыт болады.
Жаттығу «Сенімді мінез-құлық дағдыларын туындату»
Психолог ситуация ұсынады, олардың қалағандары ойнайды және бүкіл топпен (егер жеткіншектер өздері үшін өзекті ситуация үсынса, соны талқылаймыз) талдайды.
Бұл ситуация төмендегідей сипаттамаларды ескеріліп ойналады:
• Сіз өз-өзіңізге онша сенімді емессіз, ал екінші кейіпкер – кез-келген ортаның гүлі;
• Сіз – көшбасшы, ал екінші кейіпкер – ұялшақ және батылсыз.
Талқылау ситуация қалай ойналады, соған байланысты жүргізіледі. Ұсынылған шешім жеткіншектерді қанағаттандыра ма, ситуация кейіпкерлері қандай сезімде болады?
Ситуация №1.
Сіз досыңызбен киноға барамыз деп шештіңіздер, онымен кірер ауызда кездестіңіз, ал ол билетті ұмытып кеткенін айтты.
Ситуация №2.
Сіз – жігітіңізді қырық минут тосқан қызсыз, ол өте ашулы болып келді.
Ситуация №3.
Сенің досың сенен уақытша кітап алды. Ертең сынақ, оқулық өте қажет. Сен досыңа телефон шалып оқулықты жылдам қайтару керектігін сұрайсыз. Досың қазір әкелем деп уәде береді, бір сағат өтті – дос жоқ. Сенің әрекетің.
Жаттығу «Менің қорларым»
Сізге сәйкес келетін жағымды тұжырымдамаларды сызықпен белгілеңіз.
- Мен бұны жасай аламын.
- Мен кішкене күш жұмсау – нәтиже болады деп үнемі ойлаймын.
- Мен жақсы жұмыс жасауға қабілеттімін.
- Мен қалай қажет, соған өзгере аламын.
- Мен өз пікірімді дауыстап айтуға құқығым бар.
- Менің пікірім басқаларғға қарағанда өзгеше болуы мүмкін.
- Мен өзімнің құндылығым мен кереметтігімді сезінемін.
- Мен көп нәрсеге қабілетті екенімді түсінемін.
- Мен өзімнің ішкі дүниемнің байлығын сезінемін.
Сабақ қорытындысы
Бір қалыптан екіншісіне өту бет бұлшықеттерінің қайта топталуына сай жүреді. Мысалы, күлкі мидың эмоционалдық орталығына жүйкелік толқындар жібереді. Нәтижесі – қуаныш және босаңсу сезімдері. Күлуге және күлкіні 10-15 минут ұстап тұруға тырысыңыз. Ашулы түр жасаңыз – ашуды сезініңіз. Сіздің бетіңіз, даусыңыз, ишараларыңыз, кез-келген сезімді тудыра алады..
Ал егер сіз өз-өзіңізге сенімсіз болсаңыз, сенімді адамның түрін жасап жүріңіз. Егер бүкірейсеңіз – түзеліңіз, өз даусыңызды бақылаңыз – дірілдемесін, қолыңызда ештеңе тербетпеңіз, сурет салмаңыз – бұл да сенімсіздіктің, дүрбелеңдіктің белгісі. Сіз өзіңізге: «Мен өзіме сенімді болуым керек. Мен шындығында бұлай болмауым керек, мен өзімнің омыртқамды тік ұстай аламын, өз даусымды, өзмінің бетімді қадағалай аламын. Мен өз-өзіме сенімді адам болып көрінуім керек». Сіз өз-өзіңізге сенімді адам бола аласыз.
Балалар! Есте сақтаңыздар, адам ішкі (ақыл-ой қабілеті, рухани қасиеттер, шеберлік) немесе сыртқы (жанұя, достар, табиғат, хобби) күштерге сүйеніп өзін-өзі сенімді сезіне алады.
Жеткіншектерге арналған тест «Сен өз-өзіңе қаншалықты сенімдісің?»
1. Жолдасыңның сен туралы жаман нәрселер айтып жүргенін, сен білдің. Сен:
А. Онымен қарым-қатынасты шешу үшін қолайлы сәтті іздейсің;
Б. Онымен қатынасты тоқтатасың және кездесуден қашасың.
2. Сен автобус немесе трамвайға мінгенде, сені дөрекі итеріп жіберді. Сен:
А. Қатты қарсыласасың;
Б. Тыныш алға қарай озуға тырысасың;
Е. Барлығы кіріп болғанша күтесің, мүмкін болса сосын кіресің.
3. Сенің сыныптасың сенің көзқарасыңа қарама-қарсы пікірді қорғаштауда. Сен:
Б. Өз пікіріңді айтпайсың, өйткені оның бәрібір көзін жеткізе алмайсың;
Д. Өзіңнің дұрыс екеніңді дәлелдеуге тырысып, өз пікіріңді қорғайсың.
4. сен мектеп кешіне кешіктің. Алдыңғы қатардағы бір орыннан басқа барлық орындар бос емес. Сен:
Б. Есік аузында тұрасың және кешіккенің үшін өз-өзіңе ұрысасың;
Д. Ойланбастан бірінші қатарға қарай жүресің;
Е. Алдыңғы қатарға бару бармау туралы ұзақ ойланасың, сосын бәрібір бос орынға өтесің.
5. Сені сыныптастарың өз пайдасына жиі пайдаланады дегенге, сен келісесің бе?
Д. иә;
Е. жоқ.
6. Саған бөтен адамдармен әңгімелесіп кету қиын ба?
Д. иә;
Е. жоқ.
7. Сен зат сатып алдың, жарамсыз зат. Сатып алған затты қайтару саған жеңіл ме?
Б. жоқ;
В. иә.
8. Сенің сыныптастарың сған қарағанда сенімділеу деп айта аласың ба?
Д. жоқ;
Е. иә.
9. Сенің достарың сенен қолайсыздығы көп қызметті жасауды талап етуде. Саған оны орындаудан бас тарту жеңіл ме?
Б. жоқ;
В.иә.
10. Сенде танымал адаммен сөйлесу мүмкіндігі бар. Сен:
Д. Бұл мүмкіндікті пайдаланасың;
Е. Пайдаланбайсың.
11. Мұғалім саған мекемеге телефон шалып және сыныппен кездесу үшін келісуді сұрайды. Сен:
Б. Кез-келген сылтаумен бас тартасың;
В. Ойланбастан қоңырау шаласың;
Е. Іштей күш жинайсың және қоңырау шаласың.
12. Саған еңбегіңе сай емес төмен баға қойды. Сен:
Б. Тыныш күйзелесің;
Г. Бұл баға туралы мұғаліммен дауласасың.
13. сен мұғалімнің түсіндіргенін түінбейсің. Сен:
Б.Мұғалімге сұрақ қоймайсың;
В. Сабырлы қайтадан түсіндіруін өтінесің:
Г. Қолайлы сәтті ұстап қап және сұрақты сабақтан кейін қоясың.
14. Сен кинотеатрға келдің. Сенің жаныңда отырған адамдар қатты сөйлеседі. Сен:
Б. Шуға шыдайсың, сосын олармен ұрысысасың;
В. Олардың әңгімені доғаруын өтінесің;
Е. Тыныш шыдайсың.
15. Сен кезекте тұрсың. Біреу сенің алдыңа өтіп кетпекші. Сен:
Б. Ренішіңіді ішке сақтап үндемейсің;
Д. Қарсылық көрсетесің.
16. Саған қатты ұнайтын қарама-қарсы жыныстағы адаммен әңгімелесу оңай ма?
Б. Өте қиын;
В. Жеңіл;
Г. Бастау қиын, сосын оңай.
17. Сен базарға бара жатырсың. Саған саудаласу жеңіл ме?
А. иә;
Б. жоқ.
18. Сен сынып алдында сөз сөйлегенде толқисың ба?
Б. иә;
Д. жоқ.
19. Сені сынып алдында мақтайды. Сен:
Б. Не жауап қайтарарыңды білмейсің;
Д. Мақатағанына алғыс білдіресің;
Е. Алғысты сабырлы қабылдайсың.
20. Пән бойынша білімінің жақсы болғанда сен жазбаша немесе ауызша емтихан тапсырғанды қалайсың ба?
А. ауызша;
Б. жазбаша;
В. Маған емтиханды қалай тапсырсам да бәрібір.
Тест нәтижелері
А — З балл, Б — 0 балл, В — 5 балл, Г — 2 балл, Д — 4 балл. Е — 1 балл.
Жалпы санын есептеңіз.
12 балл — өз-өзіне сенімсіздік өте төмен.
12 — 32 балл өз-өзіне сенімсіздік төмен.
33 — 60 балл — өз-өзіне сенімділік орташа деңгей.
61 — 72 балла — өз-өзіне сенімділік жоғары.
72 баллдан жоғары — өз-өзіне сенімділік өте жоғары.
Рефлексия
- Сенімді мінез-құлық және сенімсіз мінез-құлық белгілерін атаңыз.
- Сенімді мінез-құлықтың басыымдығы неде?
- Сенімді болу болашақта қандай рөл атқарады?
- Тәжірибелік жаттығулардан кейін сіз өзіңізді қалай сезіндіңіз?
25 сабақ
ҚҰНДЫЛЫҚТАР ЖӘНЕ АДАМНЫҢ ӨМІР ЖОЛЫ
Мақсат: балаларда адамгершілік құндылықтар туралы бастапқы түсініктерді қалыптастыруға ықпал ету.
Міндеттер:
- шынайы және алдамшы құндылықтарды ажырата алу шеберлігін қалыптастыру;
- өзіндік жетілуге, өзіндік дамуға итермелеу;
-өз өміріне жауапкершілікті тәрбиелеуге көмектесу.
Ұйымдастыру сәті
Жаттығу «Бақыт»
1. Балалар, кім бақытты болғысы келеді, қолдарыңызды көтеріңіздер? Ал бақыт деген не?
Бақыт деп санайтын сөйлемді сызықпен белгілеңіз және өзіңіздікін жазыңыз.
Бақыт бұл:
· Бұл барлығы орындалғанда.
· Барлығы тірі және сау болғанда.
· Қалаған нәрсенің барлығы болғанда.
· Армандар орындалғанда.
· Сені бәрі құрметтегенде.
· Сен танымалсың, сенімен бәрі мақтанады.
· Сүйікті ісіңмен айналысқанда
2. Ал қалай бақытты болуға болады ?
Бақытты болу деп санайтын сөйлемді сызықпен белгілеңіз және өзіңіздікін жазыңыз. Бақытты болуға болады, егер:
· Лотерея ұтсаңыз.
· Сиқырлы таяқша тапсаңыз.
· Бай ата-аналарың болса.
· Қойма тапсаң.
·Өз арманыңды жүзеге асыру үшін көп жұмыс істеу керек.
Л.Н.Толстойдың бір кейіпкері: «Мен екі бақытсыздықты білемін: ауру және ұяттың мазалауы. Осының біреуінің жоқ болуы, бұның өзі бақыт» деп айтқан.
Бүгін біз өз өмірімізді өзгертуге және бақытты болуға тырысамыз.
Балалар! Бір минутта өз өмірімізді өзгерте аламыз ба? Әрине, жоқ, бірақ бір минутта біз өмірімізді өзгертетін өз ойларымызды өзгертуге болады.
Мәселелік ситуация. «Мистер Икске көмектесіңіз»
Жер бетінде бақытты болуды армандамайтын адам жоқ шығар. Кейде арман өмірлік мақсатқа ұласады, адам оған қол жеткізу арқылы өзін бақытты сезінеді. Сосын жаңа армандар және жаңа мақсаттар пайда болады. Өмір болашаққа апаратын баспалдақ сияқты.
Бұл баспалдақтың әрбір тепкішегі – біздің қалауларымыз бен армандарымыз. Өзіңді бақытты сезінуің үшін ,өзіңнің өмір тепкішегіңді қалай құрайсың? Біз бүгінгі сабағымызда осы туралы айтатын боламыз.
Мен оны «Өмір баспалдағымен жоғары көтерілу» деп атадым. Бірақ мен әңгімемізді бастамас бұрын, сіздерді бідің қонағымыз мистер Икспен (дәптерде басында цилиндрі бар адам мүсіні тұрады) таныстырғым келіп тұр. Ол өзінің бақытқа апаратын баспалдақ жобасын жасады және ол жоба туралы сіздердің пікірлеріңізді білуге келіп тұр. Мистер Икс өз өмірін биік шыңды тауға елестетеді, ол шыңын «Бақыт шыңы» деп атады. Кім осы шыңды бағындырса, сол бақытты болады. Мистер Икс адамдардың қолына ілінетін тас бүдірлеріне жабысып өрмелегенін жиі бақылайды, бірақ олар денелері көгеріп және сынып, қайта-қайта құлайды. Кейбіреулер тауға қатты екпінмен жүгіріп шығады, бірақ оның басында ешкім ұзақ тұра алмайды, үсті-басы көгеріп төмен қарай домалайды. Мистер Икс іске ғылыми тұрғыдан келді. Ол өзінің өмірлік баспалдағын тұрғызып және тепкішектен тепкішекке ақырын көтерілмек болып шешті. Әрбір тепкішек – бұл кішкентай мақсат, оған қол жеткізе отырып, бақытты сезінеді. Ол тепкішектен тепкішекке ауыса отырып өзінің барлық өмірін гүлдендіретін Бақыт Шыңына қол жеткізеді. Ол өзінің баспалдағын құруға материал ретінде – өзінің өмірлік құндылықтарын алды. Ал олар біздің заманымызда үшеу: барлығын, сатып алуға болатын ақша, ақшаға келмейтін нәрсеге қол жеткіздіретін билік және даңқ – қоғамдық мойындау символы, сен өзіңнің өмірлік жетістіктеріңді адамдардың көздерінен көресің.
Балалар қалай ойлайсыздар, бұл тепкішектер берік бола ала ма? Осылармен Бақыт шыңына көтерілуге бола ма? Мистер Икс шынайы немесе алдамшы құндылықтардың қайсысын таңдады? Келіңіздер әрбір тепкішекті жеке-жеке қарастырайық.
Балаларға үлгілік жауаптар:
-Ақша – бұл онша сенімді тепкішек емес, тіпті ең бай адамның өзі тақырға отыруы және бәрінен айырылуы мүмкін. Бұл алдамшы құндылық.
- Билікті де жоғалту мүмкін, президент қайта сайланады, патшаларды тағынан тайдырады, қатал тирандарды өлтіреді. Билік-бұл да алдамшы құндылық.
- Даңқ - бұл да алдамшы құндылық. Даңқты жоғалту жеңіл. Тіпті өте танымал адамдардың өзі қартайғанда өзін ұмыт қалған және жалғыз сезінеді.
Интербелсенді сұқбат «Адамның шынайы құндылықтары»
Ал енді өмірдің тағы бір баспалдағы. Даңқты монах оны өзінің «Баспалдақ» деген кітабында сипаттайды. Ол да өзінің діни сенімді достарына өмірдің баспалдағымен асықпай көтерілуге кеңес береді. Әрбір тепкішекте адам өзінің қандай да бір кемшіліктерімен: қызғаныш, тәкаппарлық, көреалмаушылық, өтірікшілік, мылжыңдық, ашқарақтықпен күресуі керек.
Әрбір тепкішек – бұл қандай да бір құндылықты, мысалы сенім, адамдарға сүйіспеншілік, қайырымдылық, жақсылық, келісім, салмақтылықты игеру керек. Сіздер қалай ойлайсыздар, егер адам осындай құндылықтарға сүйенсе, өз шыңына жете ала ма?
Балалардың үлгілік жауаптары:
- Бұл шынайы құндылықтар. Олар адамды өзгертпейді.
- Сенім адамға өмірбойы күш бермейді, көмек пен қорғанысқа үміт сыйлайды.
- Адамдарға сүйіспеншілікте адамға күш береді, өмір мәнін береді.
- Жақсылық, қайырымдылық ешқайда кетпейді, олар адам жанына қуат береді. Егер ол жақсылық жасаса, оны айналасындағы адамдар да жақсы бола бастайды.
- Салмақтылық әр уақытта да адамды әрлендіреді. Егер ол даңққа лайық болса, оны бәрібір байқайды және ол өмірде табысқа жетеді.
- Келісу – бұл тек дінге сенетін адам ғана түсінетін құндылық ол барлық жаманшылық, қайғы, және қасіреттің бәрі оның жанын жақсарту үшін жоғарыдан жіберіледі. Келісетін адам ешқашан депрессияға, жылауға бой алдырмайды, өз өмірінің соңына дейін еңбек етеді, сенеді және үміттенеді.
1-ші жаттығу: «Құндылық»
Құндылыққа қатысты сөйлемді сызықпен белгілеңіз және өзіңіздікін жазыңыз. Құндылық бұл:
· Мақсат
· Маңыздылық,
· Мәнділік,
· Пайда емес, бірнәрсеге жарамдылық,
· Қаламау.
2-ші жаттығу. «Құндылық»
Сіз келісетін сөйлемді сызықпен белгілеңіз.
· Қоғам дамуымен (жоқ қоғам дамуымен құндылықтар өзгереді) құндылықтар өзгермейді.
· Құндылықтар қажеттіліктер және қызығушылықтар негізінде қалыптасады, бірақ оларды көшірмейді. (шындық).
· Құндылықтар – бұл қажеттіліктер және қызығушылықтардың жалғасы емес, үнемі сәйкес келе бермейтін шынайы түсінік. (шындық).
3-ші жаттығу. «Құндылық»
Құндылық бағытына қатысты сөйлемді сызықпен белгілеңіз және өзіңіздікін жазыңыз.
Құндылық бағыты, бұл:
· Адамның қоғамда өмір сүру үрдісінде алатын нәрсесі.
· мотивация,
· тарих,
· мәдениет,
4-ші жаттығу. «Құндылық»
Адам неге ұмтылады (яғни қандай құндылыққа) сызықпен белгілеңіз және өзіңіздікін жазыңыз.
· еркіндік,
· денсаулық,
· білімге,
· жанұя.
· Жақын достар, қатынас.
· Жұмыста өзін-өзі жүзеге асыру. Жұмыстан ләззат алу.
· Материалдық байлық.
· Рухани құндылықтар, рухани өсу, дін.
· Қызмет көрсету – ләззат алу, хобби, көңіл көтеру.
· Шығармашылық өзін-өзі жүзеге асыру.
· Өзіндік білім алу.
· Әлеуметтік абырой және қоғамдағы беделі.
· Еркіндік (таңдау еркіндігі, сөз бостандығы және т.б.)
· Тұрақтылық.
· Басқа құндылықтар: әртүрлі адамдарда әртүрлі құндылықтық бағыт.
Теориядан Құндылық – бұл маңыздылық, мәнділік, пайдалылық, бірнәрсеге жарамдылық. Қоғамдағы орнатылған нормалар, оның құндылықтар (яғни жақсы, дұрыс немесе қалаймынның ең жоғары түсінігі) жүйесінің жоғары деңгейде көрінуі болып табылады.
Құндылықтар мен норма түсінігі ажыратылады. Құндылық – бұл абстрактілі, жалпы түсінік, ал норма – бұл ереже немесе нақты бір ситуацияларда адамдар үшін басшылыққа алатын мінез-құлық қағидалары. Қоғамда қалыптасқан күрделілік жүйесі маңызды рөл ойнайды, өйткені ол норма мазмұнына ықпал етеді. Құндылықтар жүйесін қоғамда қалыптасқан нормалар бойынша түсіндірсе болады.
Тапсырма «Бақыт баспалдағы»
Өздеріңіздің «Бақыт баспалдағыңызды» жасап көріңіз. Барлығыңыз дәптерлеріңізге «Баспалдақ» кітабындағыдай 6-шы сынып оқушысының шынайы құндылықтар баспалдағын құрыңыздар, оны біз «Бақыт» деп атаймыз. Басталдақтың жоғары жағына сізді бақытқа жетелейтін құндылықтарды жазасыз, ал астына өзіңіз күрескіңіз келетін өзіңіздің кемшіліктеріңізді жазасыз..
Соңынан топтың жасаған баспалдағын көрсетесіз және түсіндіресіз.
Талқылауға арналған сұрақтар:
· Алынған шкаланы бір-бірімен салыстырыңыздар. Айырмашылық бар ма? Қандай?
· Сіздің тізіміңіз мінсіз болу үшін не істеу керек?
· Ал бұны жасау керек пе? Не үшін?
«Бүгінгі күн керемет, бірақ мен оны көре алмаймын!» бейнеролигін көру https://www.youtube.com/watch?v=oEIPKu5HbAs
Бейне ролик көрудің алдында Владимир Шебзуховтың «Соқыр» деген өлеңін оқу керек.
Бір күні таңертең орындықта соқыр адам отырды. Плакатта «МЕН БАЛА КЕЗДЕН СОҚЫРМЫН-КӨМЕКТЕСІҢІЗ» деген жазу бар. Бірақ соқыр оны көрмейтін. Алдындағы қалпағында тиындар жататын. (таңертең қайырымдылық аз болатын). Қасынан өтіп бара жатқан бір адам бір уыс тиын тастап, оның плакатын қайтадан жазды. Тиынның даусын естіген соқыр өуанып қалды. Оны барынша алғыспен жарылқады. Кешке қарай тиынның даусы көп естілді. Оны соқыр күтпеген еді. Бір кезде –таныс аяқ дыбысы естілді. Оны ол таңертең есінде сақтап қалған. «Рақмет, қайырымды адам! Таңертең сіз соқырға көмектестіңіз. Мен сені ұмытқан жоқпын. Сені Құдай жарылқасын! Түсте көргендей менің қалпағым ақшаға толды! Сіздің алған тиыныңыздың құпиясын білгім келеді, олар шын көңілімен садақа берді...Басқаша түсіндіре алмаймын!». Күтпеген жерден қуанышты соқыр мынадай жауап естіді: «Тиынның құпиясы жоқ! Мен СӨЗ құпиясын түсіндім. Сен үшін бұл жаңалық болмасын – Плакатты мен өз қолыммен қайта жаздым. Қасыңа жақындаған адамдардың барлығы оқу үшін «ҚАЗІР КӨКТЕМ, БІРАҚ МЕН ОНЫ КӨРЕ АЛМАЙМЫН!» - деген жазу болатын.
Талқылау. Бейне роликте/өлеңде қандай құндылық туралы әңгіме болады?
Аңыз оқу. Бір елде бір кәрі кемпір өмір сүреді. Ол көп жылдар бойы жаз уақытында пляжға таяқпен барып жүрді. Көп адамдар оны таяғымен аударып ол құмнан не іздейді деп, түсінбеді. Көп жыл өткеннен кейін ғана оны адамдар түсінді, өйткені ол ересектер мен балалар жарақат алып қалмасын деп, құмды аударып шыны сынықтарын іздейтін.
Талқылау Тақтаға қараңыздар және бұл әженің өмірлік құндылықтарын атаңыздар (жаны ашу, жақындарға сүйіспеншілік, ұқыптылық, еңбексүйгіштік, тәртіпті жақсы көру...). Бұл әже өмірде көп жетістікке жетті? (танымайтын адамдардың алғысы, құрметі)
Сіздер қалай ойлайсыздар, оның өмірлік баспалдағының жолы табысты болды ма? (иә, өйткені....)
«Сөйлемді аяқта»
Төмендегі сөйлемді аяқтаңыздар:
1.Табысты адам – бұл адам, яғни...
2. Жолы болмайтын адам - бұл адам, яғни...
3. Өмірде аяққа тұрған адам деп, егер онда....
4. Өмірде жолы болмаған, егер онда...
5. Шынайы құндылықтар -бұлар...
6. Алдамшы құндылықтар -бұлар...
Әркім өз мүмкіндігінше өзінің варианттарын ұсынады және оны негіздейді.
Бақытты болу үшін: армандау (өмірде мақсат болу), өз мақсатыңмен берік жүру (табыс сені міндетті түрде табады) керек. Нақты жұмыста табыс болса – онда бақытты адамсың. Ал бақыт әртүрлі болады, ол адамға байланысты.
Рефлексия.
Құндылық деген не?
«Құндылықтар және адамның өмірлік жолдары» тақырыбын талқылағанда не білдіңіздер?
Не нәрсе сіздердің естеріңізде қалды? Неге?
26 сабақ
АДАМНЫҢ КҮШТІ ЖӘНЕ ӘЛСІЗ ЖАҚТАРЫ
Мақсат: өзінің ерекшеліктерін дұрыс қабылдауға көмектесу.
Міндеттер:
- өзін-өзі дамытуда өзінің қабілеттерін ашу.
- өзінің таңдауы мен өзінің мінез-құлқына жауапкершілікті қалыптастыру.
- өзіне-өзі сынилықты тәрбиелеу.
Ұйымдастыру сәті
Жаттығу «Мен өзім туралы, менде не бар екенін білемін …»
Нұсқаулық: Қазір доп шеңбермен кетеді. Доп кімнің қолына келсе, сол «Мен өзім туралы, менде не бар екенін білемін»деп өзінің күшті жақтарын айтады. Әзірше бір қасиеттен айтса болады. Доп бастаған адамға қайтып келгенде ойын аяқталады.
Сабақ тақырыбы бойынша сұқбат
Өзінің күшті және әлсіз жақтарын біле отырып, адам өзінің өмірлік қасиеттерін жақсарта алады. Сіз қай жағынан күштісіз, қай жағынан сізге көмек керектігін білсеңіз, өз өміріңізді тұрақтандыра аласыз және қатынас дағдысын тәрбиелейсіз.
1-ші жаттығу «Күшті және әлсіз жақтар»
Өзіңіздің күшті және әлсіз жақтарыңызды анықтауда дұрыс мотивтер деп есептеген сөйлемді сызықшамен белгілеңіз және өзіңіздікін жазыңыз.
· Өзіңіздің әлсіздігіңізді кұшті қасиет етіп көрсетпеңіз: мысалы, мен қырсықпын және ол маған жұмысымда көмектеседі. Шын мәнісінде сіздің қырсықтығыңыз, ол сіздің әлсіздігіңіз болып табылады және оны әлсіздік деп қабылдау керек.
· Қазіргі сәтте мен сылбырмын. Ол мен жасай алатын менің сабағыма және жұмысыма, сондай ақ бұл сыныптың жалпы үлгеріміне әсер ететінін түсінемін. Менде бәрін өз уақытында жасаған сәттерім болды.
· Мен сылбырлығымды жеңу үшін үлкен қадамдар жасауға шешім қабылдадым. Оларды орындау үшін, мен өз-өзіме мерзім қоямын және өз тәсілдерімді қолданамын.
· _______________
2-ші жаттығу «Күшті және әлсіз қасиеттер»
Сіз әлсіз адамға тән қасиеттерді сызықшамен белгілеңіз және өзіңіздікін жазыңыз.
Әлсіздік – бұл:
· Артық сыншылдық
· Күдікшілдік
· Артық талапшылдық
· Сылбырлық
· Артық мылжыңдық
· Артық сезімталдық
· Сенімділіктің аздығы
· Ептіліктің аздығы
· ___________________________
3-ші жаттығу «Күшті және әлсіз қасиеттер»
Әлсіздікке ықпал ететін нәрселерді сызықшамен белгілеңіз және өзіңіздікін жазыңыз.
Өзіңіздің әлсіз жақтарыңыз, мыналарға ықпал етуі мүмкін:
· Оқуға.
· Өтірікке
· Денсаулыққа
· Достыққа
· ______________________
Ойланыңыз, сіздің бетіңізге кім шындықты айта алады? Тек қана өзіңіз. Ал кім сізді сынай алады? Сіз өзіңіз. Адам тек өзі ғана өзін аспанға көтеріп және жерге тастай салады. Бұл туралы мына өлең жолдары айтып береді:
Кім сені аспанға көтереді?
- Тек өзің.
Кім сені биіктен тастайды?
- Тек сен.
Сенің ащы тағдырыңның кілті қайда тығылған?
- Тек өзіңде.
Ұтылған күресіңіді сен қалай төлейсің?
- Тек өзіңмен!
Екі қасқыр туралы аңыз
Кәрі үндіс өзінің немересіне өте маңызды өмір шындығын ашты:
«Әрбір адамның ішінде екі қасқырдың күресі сияқты күрес жүреді. Бір қасқыр жамандық – қызғаныш, көреалмаушылық, өкініш, эгоизм, амбиция, жалғандық көрсетеді. Екінші қасқыр – тыныштық, сүйіспеншілік, үміт, шындық, қайырымдылық, сенімділік көрсетеді. Бұл күрес іште үнемі реніш пен кешірім, жеккөру мен сүйіспеншілік, бостық пен шығармашылық арасында жүреді.
Атасының сөзі жан-жүрегін тербеген кішкентай бала, сәл ойланып, сосын атасынан:
- Соңында қай қасқыр жеңеді? - деп сұрақ қойды.
Кәрі үндіс сәл жымиып:
- «Сен қайсысын тамақтандырсаң сол жеңеді» - деп жауап берді.
Талқылау:
- Аңыз не туралы?
- Оның біздің сабағымызға қандай қатысы бар?
Жаттығу«Ассоциация».
Мақсат: өзі туралы өзінің түсініктерін тану.
Психолог алғысөзінде «Мен» - адам бейнесі туралы мәлімет беріп кетеді.
- Американ психологы М. Розенберг «Мен» бейнесінің алтауын көрсетеді:
1. «Нағыз «Мен» – адам қазіргі сәтте өзін қалай елестетеді.
2. «Қозғалмалы «Мен» – адам өзіне қандай боламын деп мақсат қояды.
3. «Қиялдағы «Мен» – игерген нормалар мен бейнелерден шыға отырып, қалай болу керек.
4. «Болашақ «Мен» – адам пікірі бойынша ол қандай болу керек.
5. «Шынайы «Мен» –өзін қалай көрген жағымды.
6. «Бейнеленген «Мен» – өзінің әлсіздігін жасыруға тырысқан адамның киетін бетпердесі.
Нұсқаулық: сізге өзіңіздің «Меніңіздің» әрбір бейнесінде туындайтын ассоциацияның суретін параққа алу керек.
«Меннің» алты бейнесінің тізімі балалардың көз алдында болу керек. Балалар әуен даусымен сурет салады.
Жаттығу «Компьютер»
Балалар! Егер адам компьютерге бағынышты болса, бұл оның әлсіз немесе күшті жағы ма?
Ғалымдар жақында интернет-бағыныштылық нашақорлық, маскүнемдік, темекі шегу сияқты бағыныштылықпен бір қатарда тұрады деп болжайды.
1. Компьютерде отырған адамға әсер ететін негізгі зиянды факторларды сызықшамен белгіле және өзіңіздікін жазыңыз.
· Ұзақ уақыт бойы отыру;
· Монитордың электро-магниттік толқындарының әсері;
· Көздің шаршауы, көруге күш түсуі;
· Қол буындарының жүктемесі;
· Мәліметті жоғалтудағы күйзеліс.
· __________________________________________
2. Компьютерге бағыныштылықтың кейбір себептерін сызықшамен белгіле және өзіңіздікін жазыңыз
· Қатынастың жетіспеуі
· Адам «жеткіншек) өз қызығушылығы бойынша дос таба алмағанда. Егер ол өте тұйық немесе өзін басқаша түсіне ме деген қорқыныш. Ол бұрыс қорытынды жасайды және интернеттен досты белсенді іздей бастайды.
· Хоббидың жоқ болуы.
· Егер адамда сүйікті хоббиы болса немесе ол спортпен айналысса. Оның интернетке бөлетін бос уақыты болмайды.
· Өзін-өзі бақылау дағдысының жоқ болуы. Бұндай адам өзін-өзі бақылай, шектей алмайды, ол ойланбай әрекет етеді, болашағын білмейді, өзінің әрекетінің нәтижесін анықтай алмайды.
· ___________________________________
3. Әлсіз қасиеттері мен компьютерге бағыныштылық туралы жеткіншектерге ұсыныс жазыңыздар. Соңынан біз оның психологтар ұсынысымен сәйкестігін тексереміз.
Психологтар ұсынысы:
- Жеке уақытыңызды және компьютерде отырған уақытты бақылап үйреніңіз.
- Компьютер ақылға қорек береді, бірақ өмір сүру сәтін бермейді.
- Әрбір 15 минут сайын көзге 5 минут бой жазу үзілісін беру керек.
- Компьютер – бұл сіздің қабілетіңізді күшейтетін құрал,ол мақсатыңызды ауыстыра алмайды.
- Спортпен көбірек айналысыңыз, ол сізге денсаулығыңызды нығайтуға көмектеседі.
- Виртуалды шындықта өтіріктен және құпиялықтан қашыңыз.
Үй тапсырмасы Тест «Сізде компьютерге бағыныштылық бар ма?»
Үйде сұрақтарға жауап беріңіз және өзіңіздің компьютерге қаншалықты бағынышты адам екеніңізді тексеріңіз.
1. Компьютерде немесе Интернетте отырып, сіз уақытты сезінуді жоғалтасыз. Осыған бола тамақ ішу мен ұйқыны жиі өткізіп аласыз.
2. Сіз достарыңыз бен жақындарыңыздан компьютердің алдында қанша отырғаныңызды жасырасыз.
3. Сіз компьютерден алыс болған кезде, онда отырған жақсы еді деп үнемі еске аласыз.
4. Егер компьютер бұзылып қалса, сіз күйзеліске түсуге қабілеттісіз.
5. Сіздің компьютерде байланып қалуыңыз, сізге үй жауапкершілігін орындауға кедергі келтіреді.
6. Интернетте сіз өзіңіздің моралыңыз бен құндылықтарыңызға қайшы келетін кейіпкерлерді саналы түрдетаңдап аласыз.
7. Сізге шынайы қызығушылықтан виртуалдылық көбірек ұнайды.
8. Сіз, Интернет – бұл «басқа» әлем және сізге шынайы өмірден гөрі ол жерде жайлырақ екеніне сенімдісіз.
9. Қайғы және күйзеліс жағдайында сіз, ойыңызды достармен бөліскеннен гөрі, компьютерде отырғанды жақсы көресіз.
Нәтижесін өңдеу
Әрбір «иә» деген жауапқа 1 балл. «Жоқ» деген жауапқа – 0 балл қойыңыз.
Егер сіз сұрақтың жартысынан көбіне «Иә» деп жауап берсеңіз, онда сізде компьютерге бағыныштылық салмақты, сондықтан компьютерден келетін зиянның алдын-алу үшін күресу керек.
«Ұлылар туралы ұлылық» бейнеролигін көру
Жаттығу «Қателік»
Сұрақтарға жауап беріңіз.
- Қандай адамдар қателеседі? (Барлық адам қателеседі).
- Қандай адам қателеспейді? (Өзінің қателігін қайталамаған адам).
- Қателесу қандайадамға тән? (қателесуден қорқатынға)
Тіпті әлемдегі ең ақылды адам барлығын біліп, сезіп және жасай алмайды. Данышпан, ол қателеспейтін адам емес, өз қателіктерінен болашақта қайталамас үшін сабақ алатын адам. Сондықтан данышпан адам қателеспейді немесе өте сирек қателеседі.
Рефлексия
- Әлсіз қасиет нені білдіреді?
- Өз қабілеттерімізді көрсетуге не көмектеседі?
- Адам жетістігі немен анықталады? (Жетістік жеке тілекпен анықталады).
-Адамның өзіне қандай қарым-қатынасы, жетістікке жетуге көмектеседі?
27 сабақ
ӨЗІНДІК ДАМУДА МЕНІҢ ТАНЫМЫМ
Мақсат: оқушыларға өз өмірлерін жоспарлау, өмірлік мақсат қоя білудің маңыздылығын сезіндіру.
Міндеттер:
- жеткіншектерге өз уақытын ұйымдастыру ерекшеліктерін зерттеуге жағдай жасау;
- өзіндік дамуда сыни ойлауды дамыту;
- күнделік жүргізу арқылы өзіндік дамуға ұмтылысты тәрбиелеу.
Ұйымдастыру сәті
Жаттығу «Жымию»
Мақсат: Жағымды бастамаға үйрету
Психолог: «Балалар! Қазір біз «Жымию» жаттығуын орындаймыз. Сіздердің міндеттеріңіз, тақтаға жымиып шығып, өз сыныптастарыңызбен әртүрлі тәсілмен сәлемдесесіздер».
Талқылауға арналған сұрақтар:
-Бұндай жаттығу жасау қиын ба?
- Жымиюдан соң сіздердің көңіл-күйлеріңіз қалай өзгерді?
- Қандай кедергілер болды?
-Сізге жауап ретінде сіздің сыныптастарыңыз жымиғанда, қандай сезімде болдыңыздар?
Жаттығу «Өзіндік сана»
Өзіндік санаға қатысты сөйлемді сызықшамен белгілеңіз және өз пікіріңізді жазыңыз.
Өзіндік сана – бұл:
· Өзіңді білу;
· Өзіңнің танымдық іс-әрекетіңді білу;
· Өзіңнің ерекшеліктеріңді білу;
· Бұл әлемдегі өзіңнің рөліңді тану;
· Өзіңнің көзқарасың мен идеалдарыңды анықтау;
· Өмірлік мақсаттарды білу;
· Өз уақытыңды жоспарлай алу
· __________________________
Сабақ тақырыбы бойынша сұқбат
Өзіндік сана, бұл – нәтижесінде адамның өзі туралы біртұтас бейне түсінігі туындайтын іс-әрекет үрдісінде адамның өзін-өзі тануы. Адам өзінің психологиялық ерекшеліктерін біледі, нәтижесінде өзінің «Менін» дамытуға қажеттілік туындайды. Бұдан алғашқы қадамы өзін-өзі тану үрдісі олатын өзіндік даму шығады. Біз бұл әлемдегі өз рөлімізді тануға ұмтыламыз, идеалдарға қатысты өз көзқарасымызды анықтаймыз, өзімізді сыныптастарымызбен, достарымызбен және өзіміздің жанұя мүшелерімен салыстырамыз, рухани мұғалімдер мен ұстаздарды іздейміз. Жалпы алғанда «Бұл өмірде мен кіммін?» деген сұраққа жауап іздейміз. Бұл іздеу бір сәтте немесе ұзақ жылдарға созылуы мүмкін.
Біз кейде басқа адамдар туралы – ол мақсатқа ұмтылғыш, ол міндетті түрде өз дегеніне жетеді деген сөздерді естиміз. Ал басқалар туралы – оның мақсаты жоқ, өмірде «өзеннің ағысымен бірге жүзе береді» деп естиміз. Бүгін біз әрбір адамның мақсаттар мен міндеттерді жоспарлау және қоюы туралы, өмірлік мақсаттар туралы, әңгімелесетін боламыз.
Жаттығу «Мақсат»
Мақсат анықтауға қатысты сөзді сызықшамен белгілеңіз және өзіңіздің пікіріңізді жазып қойыңыз.
Мақсат бұл:
· Ұмтылыс;
· Арманды жүзеге асыру;
· Перспектива;
· Сезіну;
· Сезінбеу;
· Мотивтер;
· Бақыт
· ______________________
Мақсат – бұл жақын уақытта немесе алыс болашақта жүзеге асыруға тиіс нәреге ұмтылыс. Мақсат саналы да немесе санасыз да болуы мүмкін. Мысалы, алыс шетелге баруды қалау саналы мақсат. Қауіп төнген сәтте қауіптен қашу үшін бірнәрсе жасау инстинкті түрде жүзеге асады. Бұндай мақсат санасыз болып табылады.
Адамның өмірлік мақсаты туралы айта отырып, біз тек өзіміз түсіне алатын мотивтерді ғана ойлай аламыз. Адам өміріндегі негізгі мақсаттар басты мақсатты жүзеге асыруға әкелуге тиіс жиынтықты құрайды. Басқаша айтқанда, біздің кез-келген мақсатымыз кішкентай мақсаттардан құралады.
Адам өміріндегі басты мақсат жиынтықты көрсетеді. Олар әрқашан бірнешеден тұрады. Олардың көбісі біздің базалық қажеттіліктеріміз: тамаққа, ұйқыға, тануға, сүйіспеншілік негізінде туындайды. Бақытқа, байлыққа, қоғамдық танылуға ұмтылудыадам өмірінің мәні деп атайды. Әрбір адам ұмтылатын негізгі мақсаттарды қарастырамыз.
Адам өмірі мақсаттарының жалпы тізімі.
Біздің әрқайсымыздың өміріміз мынадай мақсаттарға толы:
ü Білім алу.
ü Өмірбойы жасайтын сүйікті жұмысын табу.
ü Үнемі денсаулығын нығайту.
ü Өзінің екінші жартысын табу (серігін немесе өмірлік серігін). Адам өз ұрпағын жалғастыру тарихи негізде қалыптасқан.
ü Тірі жәндіктер мен басқа адамдарға қуаныш сыйлайтын жақсылықтар мен әрекеттер жасау. Бұған жануарлар, қажеттілікте өмір сүретін адамдар мен мүгедектер.
Өмірлік қажеттіліктер жекедара болуы мүмкін. Біздің әрқасымыз бұл тізімді жалғастыруға шамамыз жетеді.
I. Тәжірибелік бөліммен диагностика
Мен сіздердің әрқайсыңа, осы өмірден нені қалайтындарың туралы тізім жасау ұсынамын.
Егер сіздер неден бастауды білмесеңіздер, онда:
1. Сіз бүгін қол жеткізгіңіз келген үш мақсаттың тізімін жасаңыз.
2. Сосын бір аптадан соң қол жеткізгіңіз келген мақсаттарды құрыңыз.
3. Содан кейін бір жылға арналған үш мақсатты жазыңыз.
4. Ақырында, өмірбойы қол жеткізгіңіз келген ең азы 10 мақсаттың тізімін жасаңыз.
Сіздің тізіміңізде қанша мақсат болса да бәрібір – неғұрлым көп болса, соғұрлым жақсы. Қараймыз, кімнің тізімі ұзақ болады екен.
Өмірлік мақсатты жазу сізге біреуді таңқалдыру үшін емес, сондықтан шынайы жазуға тырысыңыз. Естеріңізде болсын, өмірден материалдық байлықты да, нақты оқиғаларды да, қандай да бір тәжірибе алуды да күтуге болады.
Сіздің тізіміңізде өзіңіз үшін маңызды ішкі мақсаттар да және жетістікпен өлшенетін сыртқы мақсаттар да болуы мүмкін.
Тізімді өзгерту
Ал енді өз тізімдеріңді мұқият қараңыздар:
-Сізде өзгерткіңіз немесе дамытқыңыз келген жеке мақсаттар бар ма, мысалы мінезіңізде немесе қабілетіңізде?
Сізде қол жеткіңіз немесе сезінгіңіз келген сыртқы, жетістікке бағытталған мақсаттар бар ма?
-Егер керемет тізім жасалмаса оған қобалжымаңыз, ең бастысы сіз тырыстыңыз.
Өмірлік мақсаттарды ойластыру
Өз тізіміңізді тағы бір рет оқыңыз және «Бұл өмірден нені көбірек қалар едіңіз?» деген сұраққа 2-3 сөйлеммен жауап беріңіз. Өзіңіздің барлық армандарыңызды ойластырыңыз және сіздің жүрегіңіз неге ұмтылады, сіз бұл өмірден не қалайсыз, соны түсінуге тырысыңыз.
Біреулер үшін бұл мамандық – сіз спортшы, биші болуды армандайсыз. Басқалар үшін – сенімді дос болуға мүмкіндік беретін жақындармен ерекше қарым-қатынас. Үшіншілер үшін - бұл қандай да бір жеке тілегі, мысалы батыл, ержүрек адам болу немесе шыдамдылыққа үйрену.
Күнделікпен жұмыс.
Сіздер бүгін жеке күнделік, жеке даму күнделігін жүргізуді үйренесіңдер. Мүмкін бұл күнделік біреулерде осыған дейін бар. Оны ашыңдар және бүгінгі сабақтағы «Мен бұл өмірден нені көбірек қалаймын?» деген талқылауды жазып қойыңыздар.
Жаттығу «Уақытты жоспарлау»
Материал: видео https://www.youtube.com/watch?v=wqBX7HGoe84
Талқылау: біздің әрқайсымыз қанша жыл, ай және күн өмір сүрдік? Мүмкін қанша сағат өмір сүргенін білетіндер бар шығар?
Ақырында көп күн өмір сүрдік, сағаттар мен минуттар одан да көп! Бұл уақытты одан әрі «созса» да болады: мысалы: академик Шмидт 14 жасында өзіне 900 жасқа дейін бағдарлама жасады, оны 150 жылға қиыншылықпен қысқартты және орындады. Бірақ 64 жаста өмірден өтті.
Бұл жылдар, айлар, күндер мен сағаттар қандай істермен толтырылды? Тақтаға «қарапайым оқу күні» (ояндым, жуындым, таңертең ас іштім, мектепке кеттім...) болатын оқиғалардың тізімін құрыңыздар..
Жаттығу «Менің қазіргім».
Балалар жай «орташа» күнде (ұйқы, оқу, достармен сөйлесу, тұрмыстық жауапкершілік, ата-аналармен қатынас, жалғыздық және т.б.) жасайтын жұмыстарына жіберетін уақыттарын көлемі бойынша шеңбермен (тәулікке ұқсас) белгілеп отырады. «Уақыт шеңберінің» астында алынғанға өзінің қатынасын білдіретін сызық бар.
Жаттығудың екінші бөлігінде біз «троглодиттер» деп атағанды жақсы көреміз «уақытты жұтатындарды» талдаймыз. Оған уақытты алатын және күнді «қысқартатындардың» бәрі кіреді. Тақтаға жеткіншектердің маңызды немесе қажетті істерінің «троглодиттерін» жазамыз: телефонмен ұзақ сөйлесу, сансыз телесериаал көру, компьютерлік ойындары ойнау, жаман жасалған істі қайтадан жасау және т.б.
Аз шаршап, көбірек жұмыс істеу үшін өз күніңді қалай «қайта жоспарлауға» болады? Бұл сұраққа жауап беру үшін екінші «уақыт шеңберін» бастаймыз және пікір білдіруге сызық қалдырамыз.
Жазбаша, жекедара: «Менің жай мектептік күнімде нене «қайта жоспарлауға» болады?»
Видео көру.
5-ші сынып үшін «Уақытты қалай дұрыс пайдаланамыз» деген жаднама құрастыру
Рефлексия
- Өз өміріңді жоспарлай алудың маңызы қандай?
- «Өмірлік мақсаттарды жоспарлау» нені білдіреді?
- Адам бір жетістікке жетсе, кімге қарыз болады?
- Адамда мақсаттар қандай болуы керек?
- Жеке күнделік жүргізу адамның жетістікке жетуінде қандай рөл ойнайды? Неге?
28 сабақ
МЕН ҮШІН МАҢЫЗДЫ АДАМДАР
Мақсат: қоршаған адамдарға төзімді қарым-қатынасты және шынайы көшбасшыны құрметтеуді қалыптастыру
Міндеттер:
- тек өзіңді ғана емес, қоршаған адамдарды да құрметтеу мен бағалауға үйрету;
- жағымды қасиеттерді дамыту;
- өзіне сенім мен эмпатияны тәрбиелеу.
Ұйымдастыру сәті
Жаттығу «Маңызды адамдар»
Әрбір қатысушы өзі үшін маңызды үш адамды жазады. Бұл олардың күнде араласып жүрен болуы міндетті емес, бірақ басқаларға қарағанда ол мәндірек болуы керек.
Жазып болған соң жетекші, топтағы қатысушылардан бұл адамдар туралы кезекпен айтуын өтінеді:
Сабақ тақырыбы бойынша сұқбат
Балалар! Бақыт деген не екенін айтыңыздаршы? Айтыңыз және ол қашан келеді?
Біз өзімізді оқуды аяқтап және машина салып алған соң немесе ересек болғанда бәрі жақсы болады деп сендіреміз. ҰБТ тапсырып және университетке түссем жақсы болар еді. Бірақ өмірде кедергілер болатынын түсінуіміз керек.
Мен бақытқа баратын ешқандай жол жоқ деп айтар едім. Бақыт – бұл өзі жол. Сондықтан әрбір сіттен ләззат алыңыз. Мектеп бітіруді, оқудың басталуын және жұмысқа тұруды күтпеңіздер. Бақыт – бұл жету бекеті емес, бұл ЖОЛ. Қазір бақытты болудан басқа кезде уақыт жоқ . қазіргі сәтпен өмір сүріңіз және ләззат алыңыз.
Жаттығу «Ұлы адамдар, олар кімдер?»
Ойланыңыздар және мына сұрақтарға жауап беріңіздер:
1. Әлемдегі 5 ең бай адамды ата.
2. Соңғы 5 жылда «Әлем аруы» байқауының жеңімпазын ата.
3. Соңғы ең жақсы ролге берілген «Оскар» сыйлығының 5 лауреатын ата. Дұрыс шықпады ма? Қиын болды ма? Уайымдамаңыз, ешкім мұны есінде сақтамайды
!
Ал енді маған дәптерлеріңізге мазыңдар
1. Сенің білім алуыңа өз үлесін қосқан 3 мұғалімді______
2. Саған қиын кезде көмектескен 3 досыңды___________
3. Сенде ерекше сезім тудырған бірнеше адамды ____________
4. Саған бірге уақыт өткізген ұнайтын 5 адамды__________
Қолдан келе ме? Бұл жеңіл емес пе? Сенің өміріңде мәні бар адамдардың, рейтингі «Ең жақсы» емес, көп ақшасы жоқ, керемет сыйлықтар ұтпаған. Бұлар сені қомқорлығында ұстайды, сенімен мақтанады, не жағдай болса да сенің қасыңнан табылады. Бір сәтке осы туралы ойланыңыз.
Біраз уақыт бұрын Сиетле олимпиадасында, 100 метрлік жүгіру жолында 9 атлет жарысуға дайын тұрды. Олардың барлығы мүгедек немесе ақыл-ойы кемдер еді. Атылған дыбыс естілді және жүгіру басталды. Барлығы жүгірмеді, бірақ барлығы қатысқысы және жеңгісі келді. Олар қашықтықтың үштен бірін жүгіріп өткенде, бір бала шалынысып, бірнеше рет аунап және құлап түсті. Ол жылай бастады. Қалған сегіз қатысушы онығ жылағанын естіді. Олар ақырын жүгірді және оған қарады. Олар тоқтады және қайтып келді. Дауна синдромымен ауыратын қыз оның жанына отырып, оны құшақтады және «Саған енді жақсы болды ма?» деп сұрады. Сосын тоғызы иықтарын бір-біріне сүйеп мәреге қарай кетті. Барлық көрермен орнына тұрды және қол шапалақтады. ҚОЛ ШАПАЛАҚТАУ ҰЗАҚ УАҚЫТҚА СОЗЫЛДЫ… бұны көрген адамдар, ол туралы әлі күнге айтып жүр. Неге? Өйткені біз барлығымыз білеміз, біздің ішімізде өмірдегі маңызды нәрсе – өзі үшін жеңгеннен де маңызды нәрсе барын сеземіз.
Бұл өмірдегі маңызды нәрсе –бұл басқалардың жеңуіне көмектесу. Сонда басқалар саған көмектеседі. Егер сен біреуге бақыт сыйласаң, ол бақыт сізге қайтадан оралады. Бақытты болыңдар және сіздің құндылықтарыңыз сізге көмектессін.
«Ұлы сөздер» бейне ролигін көру
Жаттығу «Ашығын айтқанда»
Оқушылар шеңберінің ортасында – карточкалар жиынтығы тұр. Балаларға бір карточкадан алу және сол карточкадағы сөзді бірден бастап жалғастырып кету ұсынылады. Айту шынайы, ашық, өзі үшін ерекше мәнді адамдармен байланысты болуы керек. Топ мүшелері мұқият тыңдау керек және егер кім шынайы және ашық жауап бермесе, басқа карточка алып және қайтадан жауап беруі керек.
Карточка мазмұны:
« «Ашығын айтқанда, мен сағынамын, қашан ... »
«Ашығын айтқанда, маған ұмыту өте қиын ... »
«Ашығын айтқанда, мен әлі күнге білмеймін... »
«Ашығын айтқанда, мен суретке қарағанда… »
«Ашығын айтқанда, маған әлі күнге ... »
«Ашығын айтқанда, маған қуанышты болады, қашан… »
«Ашығын айтқанда, мен өте қатты қалаймын… »
«Ашығын айтқанда, мен өмірдегі ең маңызды ... »
«Ашығын айтқанда, мен шын көңілмен жек көремін ... »
«Ашығын айтқанда, мен бақыттымын ... »
«Ашығын айтқанда, мен табысты сезінгенде ... »
«Ашығын айтқанда, мен ауырғанда ... »
«Ашығын айтқанда, мен ерте тұрамын ... »
«Ашығын айтқанда, мен мақтанамын… »
«Ашығын айтқанда, маған ұят… »
«Ашығын айтқанда, мен ойламаппын ... »
«Ашығын айтқанда, мен сеземін ... »
«Ашығын айтқанда, мен қорқамын ... »
«Ашығын айтқанда, бөтендер арасында ... »
«Ашығын айтқанда, мен бала кезден… »
«Ашығын айтқанда, мен таң қалдым… »
«Ашығын айтқанда, соңғы уақытта мен …»
«Ашығын айтқанда, маған жаман болғанда… »
Жаттығу «Жеке таңба».
Мақсат: Өзінің жетістігін ойластыруға көмектесу
Сипаттама: Балаларға парақ таратылады және өз елтаңбаларын салу ұсынылады. Ол жоғарыдан екі бөлікке бөлінеді. Сол жақ жартысы өткенге: «менің басты жетістіктерім», ал оң жақ бөлігі – болашаққа: «менің өмірдегі басты мақсаттарым» жазылады. Астыңғы бөлігіне «Менің өмірлік ұраным» жазылады.
Талқылау:
Сенің елтаңбаңда не бейнеленген?
Сен неге бұндай ұран таңдадыңыз?
Сен қалай ойлайсың, саған ол несімен пайдалы?
Қандай жағдайларда ол қажетсіз болады немесе тіпті енің мүмкіндіктеріңді шектейді?
Жаттығу «Сенің қиял әлеміңіз» (НАҒЫЗ СИҚЫР: Мен немесе Мен емес).
Мақсат: Мүмкін емес шегінен шығып қиялдау шеберлігін дамыту
Сипаттама: Оқушыларға жауаптары жұмыс дәптеріне жазылатын сұрақтар қойылады.
Оқушыларға сұрақтар:
-Егер сен бір аптаға басқа адаммен орныңызды ауыстырар ме едіңіз? Неге?
-Егер сенің үш тілегіңді орындайтын қайырымды періште келсе. Сіз не қалар едіңіз?
-Егер сен бір күн көрінбейтін адамға айналсаң, оны өз билігіңде қалай қолданар едіңіз?
-Егер сізде қандай да бір ерекше жоғары қабілетті алу мүмкіндігі туса, сіз қайсысын таңдар едіңіз?
Әрбір адам өмірмен жылжиды. Өзінің құндылықтарына сүйенеді. Адамға өмір мәнін іздеу қажет, саналы түрде әрекет жасау және өз өміріне жауапты болуы керек.
Рефлексия
- Адам үшін құндылық деген не?
- Неге адамға өзінің өмір жолы маңызды?
- Сапалы өмір сүру үшін қандай өмір түрін таңдау керек?
-Жақсы адамдардың қарым-қатынасын бағалау деген не? Олардың сенімін?
29 сабақ
СИМПАТИЯ - АНТИПАТИЯ
Мақсат: ұжымда өзара құрмет атмосферасы мүмкіндіктерін ашу
Міндеттер:
- шынайы симпатияны көрсету шеберлігін қалыптастыру;
- өзінің артықшылығын сезіне білу дағдыларын дамыту;
- айналадағы адамдардың ішкі әдемілігін түсінуге тәрбиелеу.
Ұйымдастыру сәті
Жаттығу «Комплименттер».
Нұсқаулық: Сіздер бірге ұзақ жолды өттіңіздер және бір-біріңді жақсы білесіңдер. Адамдар өздерін қалай көрсеткені туралы сабағымызды еске түсіріңдер. Оң жағыңыздағы көршіңізге комплимент жасаңыз. Сол жағыңыздағы көршіңізге бірнәрсе үшін алғыс айтыңыз.
Талқылау:
§ Не жақсы болды – тыңдау немесе айту?
§ Кімнің айтқан алғысы күтпеген жерден болды?
Қорытынды: ұжымда бір-бірін бағалау. Жақсы сәттерді байқау білу және соған риза болу керек. Өзіңнің симпатияңды білдіре білу керек және сол кезде ұжымдағы қарым-қатынас қалыпты болады және ол «жақсы бумеранг» болып қайтып оралады.
Сабақ тақырыбы бойынша сұқбат
С.Ожеговтың сөздігінде симпатия – елігу, аяу дегенді білдіреді. Сүйкімді деген – өзіне симпатияны тудыру, тамаша деген мағынада. Адамдық сезім және қарым-қатынас тілі әлі толық жетілмеген. Сондықтан адам бәрін басынан өткізгеннен кейін ғана басқаларды, өзінің жеке Менін түсіне бастайды.
Тұлғааралық қарым-қатынастағы жалпы құбылысқа сіздің тартымдылығыңыз кіреді. Өзара тартымдылықтың – тартымсыздықтың құрамдас бөлігіне симпатия-антипатия және тартылу-итеру жатады. Егер симпатия — антипатия басқалармен шынайы немесе ойша байланыста қанағаттану-қанағаттанбауды білдірсе, тартылу-итеру осы күйзелістердің тәжірибелік құрамдас бөлігі. Тартылу-итеру өзара тұлғааралық тартымдылықтың-тартымсыздықтың бір құрамы бола тұра, адамның басқа бір адаммен қатар тұруға немесе қатар тұрмауға қажеттілігімен байланысты. «Анти» - қарсы, қарсы тұратын, итеретін дегенді білдіреді. Сондықтан антипатия – бұл итеру, ұнатпау сезімі. Кейде бір-бірін өзара жек көру, антипатия (мысалы, бір сыныпта оқуда, бір топта болса, бір үйдегі өмірде) туындайды, бірақ арнайы зерттеулер олар жиі өзара симпатияға әкелетінін көрсетеді.
Симпатия немесе антипатияның туындауы неге байланысты болады? Симпатияның туындауына сырт келбеті, денелік тартымдылық ықпал етеді. . зерттеулер көрсеткендей әдемі адамдар көбінесе ақылды, шыншыл, қайырымды бола бермейді. Сіздердің актерларды қабылдауларыңыз осымен байланысты. Ал түрі жаман адамдар – кір адамдар антипатияны жиі тудырады. Бірақ дене тұрғылық тартымдылық – күрделі құбылыс. Әртүрлі адамдар сыртқы келбеттің әртүрлі белгілерін тартымды деп айтады. Бірақ басқа адамдарға біздің қатынасымызға тек сыртқы келбет қана әсер етпейді. Біздің қарым-қатынасымыз көбінесе ол адамның сыртық келбетін жағымды немесе жағымсыз қабылдаудан тұрады.
Мектеп жасында құрдастардың ішінде симпатияны дос бола алатын, оған сенуге болатын балалар алады. Басқаша айтқанда, басқа адамдарға өздері жаны ашитын, ұқыпты, адал, кейде достарына жол беретін, кейде өз дегенінде тұратын адамдар симпатия тудырады.
Антипатию, керісінше адамдарда қызғаныш, көре алмаушылық, жолдастарға өтірік қарым-қатынас жасайтын адамдар тудырады. Антипатияны ызалы, агрессивті адамдар шақырады.
Жаттығу «Эмпатия»
Эмпатия анықтамасына қатысты сөйлемді сызықшамен белгілеңіз және эмпатия не деген өзіңіздікін жазып қойыңыз.
Эмпатия – бұл:
· Басқа адамның жағдайын түсіне білу.
· Онсыз тыныш қатынас құру мүмкін емес.
· Бұл тиімді қатынас.
Жаттығу «Симпатия»
Симпатия анықтамасына қатысты сөйлемді сызықшамен белгілеңіз және симпатия не деген өзіңіздікін жазып қойыңыз.
Симпатия – бұл:
· Елігу.
· Аяушылық.
· Өзіне қарау.
· Әдемілік.
· Жеке Мен.
· Тартылу.
· Сұлу.
· Достық.
Жаттығу «Антипатия»
Антипатия анықтамасына қатысты сөйлемді сызықшамен белгілеңіз және антипатия не деген өзіңіздікін жазып қойыңыз.
Антипатия – бұл:
· Ұқыпсыздық
· Нашар сырт келбет
· Ұнатпау.
· Тартымсыз.
· Кері итеру.
· Агрессия
· ___________________
Жаттығу «Ұнайды» және «ұнамайды»
Тапсырма: «Ұнайды» және «ұнамайды» қағидасы бойынша – өзіңе және адамдардға ұнайтын өзіңдегі және қоршаған адамдардағы қасиеттерді және керісінше – ұнамайды дегенді қасиеттерді жазыңыздар.
№ |
Ұнайды |
№ |
Ұнамайды |
1 |
|
1 |
|
2 |
|
2 |
|
3 |
|
3 |
|
Жаттығу «Ым-ишара»
Қатысушылардан 2 есе аз үстелдерен шеңбер жасау керек. Ойнайтындар жұп санды болу керек.
Балалардың жартысы үстелге отырады, ал қалғанары олардың артына тұрып тұрады. Бір үстел бос қалады. Жүргізуші шеңбердің ортасында тұрады. Бос үстелде тұрған адам отырғандардың біреуін сөйлемей, тек им-ишара арқылы бос үстелге отыруға шақырады. Жүргізуші «шақыру» сәтін байқап қалып және босаған үстелге отыра қалу керек.
7-8 минут ойнағаннан кейін отырғандар мен тұрғандар орындарымен ауысады..
Барлық үш рөлді де ойнаған балалар басқа адамның жағдайын түсіну мен ойын уақытында нені байқай алғаны туралы өз түсініктерін айтып береді. Неге біз ойында сөз қолданбадық?
Жаттығу «Ауысып отырыңыз…»
Мақсат: адамдарды біріктіретін нышандары көрсету.
Жетекші: «Қазір мен қандай да бір нышанды айтамын, егер сол нышан кімде болса, сол орнын ауыстырып отыру керек. Кім қателеседі, сол жетеші болады. Ал кеттік, ауысып отырыңыз егер кімде....(кімнің киімінде ақ түс болса) және т.б.
Жаттығу «Суреттер»
Балалар ұсынылған суреттердің ішінен кез-келгенін алады және сәл дайындалған соң, ойын қағазға жазып алып, бұл адам өткен аптада не істеді және қазір өзін қалай сезінуде екені туралы айтып береді.
«Суреттер» жаттығуын орындау оңай немесе қиын болды ма
Қорытынды: Сонымен, симпатияны саған қатысты қайырымды, құрметті болған адамдар тудырады. Ал, антипатияны – саған бәрібір қараған, қайырымсыз адам тудырады. Қайырымдылық және қайырымсыздық адамның мимикасында, мінез-құлқында, қылықтарында анық көрінеді.
Рефлексия
- Сіздер бүгінгі сабақта не білдіңіздер?
- Симпатия және антипатия деген не?
- Не жақсы: симпатия көрсету немесе симпатия белгілерін алу?
- Тапсырманы орындау барысында сіздер өздеріңізден не аштыңыздар? Сіздер өз артықшылықтарыңызды білдіңіздер ме?
-Қоршағандардан өзіңізге қандай жағымды жақтар білдіңіздер?
30 сабақ
ЖОЛДАСТЫҚ ЖӘНЕ ДОСТЫҚ
Мақсат: жолдастық және достық туралы түсінікті дамыту
Міндеттер:
- тең құқықты өзара әрекетті қалыптастыру;
- нағыз достықтың маңыздылығын сезінуге көмектесу;
- достықтағы әділдік пен шыншылдыққа тәрбиелеу.
Данышпандықтан кейінгі табиғаттың бізге сыйлайтын ең керемет сыйлығы – бұл достық.
(француз философы Ф. де Ларошфуко)
Ұйымдастыру сәті
Жаттығу «Ассоциациялар»
«Достық» деген сөзді естігенде бізде қандай ассоциация туындайды?
тастамайды
ұятқа қалдырмайды
Дрдд
дос қыдырамыз
әңгімелесеміз іш пыспайды
Жалпы, «Достық» сөзі барлығымызда жағымды сезім тудырады.
Ұлы Вильям Шекспирдің мынадай өлең жолдары бар:
Нағыз дос әрқашан
Қуаныш пен қайғыда сенімді;
Сенің қайғыңа ортақ,
Сен ұйықтамасаң – ол да ұйықтамайды,
Барлығына көп сөзсіз
Ол саған көмекке дайын.
Иә, әрекеті ұқсамайтын
Нағыз дос ол өтірік айтпайды.
Сабақ тақырыбы бойынша сұқбат
Жолдастық – жолдастық қарым-қатынасқа негізделген жақындық.
Жолдастық қарым-қатынас адамдардың біріккен іс-әрекеті үрдісіне олардың арасында туындайды. Жолдастық қарым-қатынас адамдарға бірігуге, мәдениетті, ғылымды дамытуға, өмір мен өзін-өзі жетілдіруге көмектеседі.
Жолдастық қарым-қатынас негізінде жолдастық сезім – ортақ істің қамын жеу, жалпы терең қызығушылық, біріккен іс-әрекет қатысушыларын эмоционалдық қолдау, оларға қолдан келген көмекті аямау жатады.
Оқушыларда жолдастық қарым-қатынас біріккен оқу іс-әрекетінде, әртүрлі үйірмелерде, секцияларда, жарыстарда, саяхатта жасалады.
Достық— жолдастықтың ең жоғары дәрежесі, адами сыйластықтың жоғары формада көрінуі.
Жолдастық пен остық бір-бірімен тығыз байланысты. Бірақ олардың арасындағы кебір айырмашылықтарды айтып кетуге болады: жолдастық бастапқы кезең, адамдар арасындағы берік достық қарым-қатынастың дамуының бірінші кезеңі болып табылады. Жолдастық қарым-қатынастың беку және даму шегі бойынша терең, берік достық қарым-қатынасқа жалғасады. Жолдастық — берік достықтың сенімді іргетасы. Достық — бұл жақындықтың, өзара байланыстың терең, күшті сезімі, адамдардың бір-біріне деген сенімі. Барлық уақытта да барлық елдің адамдары достықты адамдар арасындағы қарым-қатынастың маңызды және құнды бөлігі деп санады.
Ұнатуға негізделген басқа қарым-қатынастардан достық несімен ерекшеленеді? Бұндай айырмашылық бірнеше.
Достық — өзара міндетті сезім. Достық өзара ұнатуды, бір-біріне өзара байланыстылықты талап етеді. Ешкімді дос болуға мәжбүрлеуге (мыалы, қарызы немесе аяғаны үшін) болмайды. Тек әртүрлі амалдармен ғана достық қарым-қатынасты өтірік көрсетуге болады. Бірақ ол ешкімге қуаныш сыйламайды, өйткені онда құнды сезімдер – ашықтық, жақындық, сенім болмайды. Сондықтан достық адамдардың бір-бірін еркін, ықтиярымен таңдауына негізделген.
Достық риясыз. Ол пайдасы немесе өзара қызмет көрсету үшін жасалатын қарым-қатынаспен сиыспайды:
Мына мақал бекер емес:
«Қызметке емес, достыққа». Бұл достар бір біріне жәрдем қолын созуды, көмегін тигізуді білдіреді. Ал бұны есеп үшін емес, бір-біріне жылылық сезімімен жасайды. Достық тығыз және берік қатынасты білдіреді. Достық қарым-қатынас тұлғаралық өзара әрекет ережелеріне негізделген. Олар еш жерде жазылмаған, бірақ бар. Ең алдымен өзара сенім мен ашықтық білінеді , сенімділік сезімі досың сені ешқашан жерге қаратпайтынын, сенің оған сенуіңе болатынын көрсетеді.
Маңыздысы досты тыңдай білу және оны түсіну керек. Достық — бұл өзара көмек, қолдау, кеңес. Дос адамдар кім кімге көп көмектесті, аз көмектесті деп есептеспейді. Дос қажет болған уақыттың барлығында да көмекке келеді. «Дос қиындықта сыналады» деген халық даналығы бекер айтылмаған.
Жаттығу «Жолдастық қарым-қатынас»
Жолдастық қарым-қатынас анықтамасын білдіретін сөйлемді сызықшамен белгілеңіз және «Жолдастық қарым-қатынас» деген не екеніне өз пікіріңізді жазыңыз.
Жолдастық қарым-қатынас – бұл:
· Адамның бірден-бір адалдық сезімі.
· Біріккен іс-әрекет үрдісі.
· Мәдениеттің, ғылымның дамуы және өмір мен өзін-өзі жетілдіру.
· Ортақ іске жаны ашу және жауапкершілік.
· Қолынан келген көмекті көрсетуге ұмтылу
Жаттығу «Жолдастық»
Жолдастық анықтамасын білдіретін сөйлемді сызықшамен белгілеңіз және «Жолдастық» деген не екеніне өз пікіріңізді жазыңыз.
Жолдастық – бұл:
· Жолдастық қарым-қатынасқа негізделген жақындық.
· Берік достық үшін сенімді іргетас.
·
Жаттығу «Достық»
Достық анықтамасын білдіретін сөйлемді сызықшамен белгілеңіз және өз пікіріңізді жазыңыз.
Достық – бұл:
· Адами ұнатудың ең жоғарғы формасы.
· Бұл жақындықтың, өзара байланыстыңэ терең күшті сезімі.
· Адамдардың бір-біріне сенімі.
· Адами қарым-қатынастың маңызды құндылығы.
· Ұнатуға негізделген қарым-қатынас.
· Өзара сезім.
Тест «Сен жақсы доссың ба?»
1.Балаларға сөйлегенде сен негізінен қолданасың -
а) фамилиясын
б) лақап атын
в) атын
2.Егер балалардың біреуі үлкен кісіні жазықсыз жазғырса, сен ----
а) үндемейсің
б) қорғайсыз
в) біреудің қайғысына қуанасыз
3.Егер сен үйге қайтқың келіп тұрғанда, досың орнына сыыныпқа кезекші болшы деп өтінсе, сен ----------------
а) үйге кетесің
б) кезекшілікке барасың
в) бос емеспін деп айтасың
4. Егер сенің досыңның көңіл-күйі нашар болып тұрса, сен ---
а) оған мән бермейсің
б) оны жұбатуға тырысасың
в) оны ренжітушіден кек қайтарғың келеді
5. Ұрысқан кезде сен -----------
а) сұрақ мәні бойынша сөйлеуге тырысасың
б) айтып тастайсың және әңгімелесушіні ренжітесің
б) айналадағылар көмегіне сүйенесің: кімдікі дұрыс, кімдікі бұрыс
6.Егер сені досың туған күніңмен құттықтамаса, сен -------
а) ол қылығы туралы оған үнемі айтып отырасың
б) оны да туған күнімен құттықтамайсың
в) оның ұмытшақтығын кешіресің
Кілт:
|
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
6 |
А |
2 |
2 |
2 |
3 |
1 |
2 |
Б |
3 |
1 |
1 |
1 |
3 |
3 |
В |
1 |
3 |
3 |
2 |
2 |
1 |
§Егер сен 6-9 балл жинасаң, сенің достарың сені нағыз дос және қиын сәтте көмек қолын созады деп айтады. Сен қамқор, сезімтал және ұқыпты жолдассың.
§Егер сен 10-14 балл жинасаң, онда өз-өзіңе біраз қарауың керек, өйткені қиын сәттерде сен жалғыз қалуың мүмкін. Өз-өзіңнен тұйықталып қалмауың керек. Жақсы сөз – жарым ырыс екенін ұмытпау керек және адал досқа деген жол ұзақ болмайды.
§Егер сен 15-18 балл жинасаң, егер сен өзгергің келсе, бәрі саған байланысты. Кешірімді болуды үйрену және өзіңе қалай қарым-қатынас жасағанын қаласаң, басқаға да солай жасауды ұмытпау керек. Өмірде «Дос жоқ па – ізде, таптың ба – сақта!» деген қағиданы ұстану керек.
№1-ші тапсырма
Психолог: Балалар! Қазір мен достық туралы белгілі мақалдарды оқимын, ал сендер аяқтауларыңыз керек.
Жүз теңгең болғанша, жүз _________ болсын (досың)
Досты ізде, тапсаң __________________(сақта)
Ескі дос, __________________ достан жақсы (екі жаңа)
Достар ______________танылады (беде)
№2-ші тапсырма «Рөлдік ойындар»
Ситуацияны ойнау және ұжымдық талқылау үшін ситуациялар шағын топқа таратылады
Ситуацияны талқылау
1) Алғашқы ситуация «Алина мен Амина»
Сонымен, Алина екі сағаттан бері сабағын жасап отыр және оған құрбысы Амина келеді.
Амина: Қыдыруға барасың ба?
Алина: Иә мен әлі математиканың тапсырмасын жасаған жоқпын. Шыға алмаймын, орыс тілінен шығарманы жазу керек.
Амина:Ой сен уайымдама! Мен бәрін шештім, саған көшіруге берем!
Алина: О! Ес! Сен нағыз доссың!
Психолог:
-Балалар, сендер қалай ойлайсыңдар, Аминаны нағыз дос деп айта ааламыз ба?
- Сіздер қалай ойлайсыздар, Амина өз құрбысына қатынасты қалай жасады?
- Сіздер Аминаның орнында қалай жасар едіңіздер?
Қорытынды: нағыз дос өз қызығушылығын емес, жолдасына қалай көмектесуді ойлайды.
2) Екінші ситуация «Санжар мен Аңсар»
Математикадан өзіндік жұмыс кезінде Санжар қаламсабының сиясы таусылып қалғанын байқады.
Санжар: Ой, қаламсаптың сиясы таусылды.
Аңсар: Ал менде артық қаламсап бар!
Санжар: Досым болшы, берші, болмаса Нұргүл Асқарқызы жанымды шығарады!
Аңсар: Ал оның орнына сен не бересің?
Санжар: Ну, ақша берем, қаламсап қанша тұрады?
Аңсар: Сенің тиындарың неге керек? Менің орныма бір апта бойы кезекші боласың. Келісесің бе?
Санжар: Мейлі, әкел!
Психолог:
- Сіздер қалай ойлайсыздар, Аңсар нағыз достық қылық жасады ма?
- Сіздер Аңсардың орнында қалай жасар едіңіздер?
- Балалар Аңсар сияқты досың болғанын қалар ма едіңіздер?
Қорытынды: нағыз дос риясыз болу керек
2) Үшінші ситуация «Ғабит пен Дастан»
Достар үзілісте футбол ойнағанды жақсы көреді. Бұл үшін Ғабит үйінен доп алып келетін бір күні мынадай оқиға болды. Сабақ қоңырауы шалынды.
Дастан: Ғабит доп әкелдің бе?
Ғабит: Әрине!
Дастан: Пас бер!
Ғабит: Ұста!
Ғабит допты тебеді.
Дастан: Өкінішке орай мен опты ұстай алмадым, ол терезені сындырды.
Мұғалім: Сонымен! Әйнекті кім сындырды?
Дастан: Ол допты тепкен, менің кінәм жоқ!
Мұғалім: Допты сен тептің бе?
Ғабит: Иә, мен.
Мұғалімь: Әкел маған күнделігіңді! Сөгіс аласың. Әйнекті орнына салу үшін мектепке ата-анаңды шақырам. Бассыздық!
Дастан: Кел, футбол ойнамаймыз ба?
Ғабит: Жоқ, біртүрлі ойнағым келмейді.
Психолог:
- Сізер қалай ойлайсыздар, балалар неге Ғабит футбол ойнағысы келмеді?
- Дастанның орнында сіздер не істер едіңіздер?
Қорытынды: дос қиындықта сыналады
Жаттығу «Дос іздеймін»
Елестетіңіздер, біз ешқандай танысымыз жоқ басқа қалаға келдік. Бұл қалада қалаған адам өзі туралы ақпарат жазып қалдыра алатын «Хабарландыру тақтасы» бар. «Дос іздеймін» сөзінен басталатын хабарландыру жасау және мәтін құрау керек. Мүмкіндігінше балалар басқалардың хабарландыруын көрмей өзбетімен жұмыс істеуі керек.
Балалар мәтін құрайды және өз хабарландыруларын дайындайды, дайын хабарландыруды барлығы оқу үшін қабырғаға іледі. Психолог/мұғалімде досқа аам іздеп өзінің хабарландыруын жазуы керек, жаттығуға қатысқаны жақсы.
Жаттығудың әрбір қатысушысы «үш дауыс құқығына» ие болады, ол түрлі-түсті қарындашпен өзіне ұнаған үш хабарландыруға белгі қоя алады. Психолог/мұғалім де дауысқа ие болады, егер жаттығудың бірінші бөлігіне қатысса. Бұл өзіндік шешім қабылдауда қиналатын қатысушылардың хабарландырулары елеусіз қалмау үшін маңызды. Әркім үш белгі ғана қоя алатын болған соң, «жұмыс қарындашының» түсі әркімде жалғыз болу керек.
Сосын хабарландыру авторлары өзінікін шешіп алып, өз хабарландыруының танымалдығын көреді.
Талқылау барысында біз достарға көбірек талап қойған сайын, олардың саны азая береді. Достықта талап ең алдымен өз-өзіңе қойылады. Көрнекілік үшін «Егер достарың болғанын қаласаң, өзің дос бола алуға үйрен» деген ағылшын мақалын айтса болады.
Талқылау
Дос пен жолдас арасында қандай айырмашылық бар? (Венна диаграммасын толтыр)
Рефлексия
Оқушыларға сұрақтар:
-Дос қандай қасиеттерге ие және ие болмау керек?
-Достық жолдастықтан ерекшелене ме, олардың арасындағы айырмашылық қандай?
Психолог: «Адам өзінің қайғысы мен қуанышын айта алатын досы болғанда шынымен де бақытты және достықты сақтау – өте маңызды, өйткені «достық шыны сияқты бір сындырып алсаң қайтадан жөндей алмайсың».
Егер уақыт қалса, «Достық туралы өлеңді» тыңдаса болады (https://www.youtube.com/watch?v=AHuUe1r06l8)
31 сабақ
Шығармашылық қабілет
Мақсат: шығармашылық жүзеге асу туралы түсінік қалыптастыру.
Міндеттер:
- оқушылардың шығармашылыққа өзінің әлеуеттік қабілетін тану және ашу;
- шығармашылық ойлауды дамыту;
-шығармашылық өзін-өзі жүзеге асыруға ұмтылысты тәрбиелеу.
Ұйымдастыру сәті
Бой жазу жаттығуы «Аргентиналық жаңбыр».
Шеңберде. Қатысушылар жетешінің әрекетін (алақанын ысқылау, саусағын сыртылдату, тізесін ұру, еденді аяқпен ақырын тебу) кезекпен қайталайды, бұл жерде ешқандай сөз айтылмау керек. Топтың барлық қатысушыларының бірдей емес әрекетінің нәтижесі ерекше дыбыс «Аргентиналық жаңбырға» әкеледі.
Жаттығу «Шығармашылық»
Шығармашылық анықтамасына қатысты сөйлемді сызықшамен белгілеңіз және шығармашылық не деген өзіңіздікін жазып қойыңыз.
· Жасау,
· Жұмыс,
· Істеу,
· Қиял,
· Интеллект,
Шығармашылық «жасау» деген сөзден шыққан. Адам қолымен бірнәрсе жасап жатса, біз ол ұмыс істеп жатыр деп айтамыз. Ал адам өз қолымен бірнәрсе жасап, оған өз қиялын қоса отырып әдемі және саналы жасаса, онда біз ол бірнәрсені жасады деп айтамыз. Жасаушылар арасында барлығын креативті жасайтындар бар.
Жаттығу «Креативтілік»
Креативтілік анықтамасына қатысты сөйлемді сызықшамен белгілеңіз және креативтілік не деген өзіңіздікін жазып қойыңыз.
· Шығармашылыө,
· Қабілеттілік,
· Идея,
· Ойлау,
· Олаудың жеңілдігі,
· Ойлауды дамыту,
Креативтілік – бұл адамның шығармашылық қабілеті, осының арқасында адам жаңа идеялар тудырады, ескі нәрселерге басқаша қарайды, сондай ақ дәстүрлі ойлаудан ауытқиды және жаңаны жасайды.
Абрахам Маслоу креативтілік дегеніміз – бұл адамға туа берілетін шығармашылық бағыты, бірақ оның көбісі жалпы қабылданған тәрбиелеу, білім беру жүйесінің ықпалынан жойылып кетеді – деп тұжырымдайды. Креативтілікті дамыту, бұл ең алдымен ойлаудың жеңілдігіне, ойлауды дамытуға бағытталған жұмыс. Креативтілікті дамыту үшін жалпы қабылданған ойлаудан ауытқитын көптеген әртүрлі жаттығулар бар. Креативтілікті дамытуға бағытталған жаттығулар бағалау мүмкін болатын жаңа идеяларды тудыруға бағытталған және солардың ішінен іріктейміз.
Жаттығу «Миға шабуыл»
Миға шабуыл анықтамасына қатысты сөйлемді сызықшамен белгілеңіз және өзіңіздікін жазып қойыңыз.
· Әдіс,
· Шығармашылық белсенділік,
· Ереже,
· Дәстүрден тыс шешім,
· Міндеттер.
· Қиялдау,
· Құрастыру
· __________________
Миға шабуыл— шығармашылық белсенділікті ынталандырудың танымал әдістері. Талқылаудың арнайы ережелерін қолдану жолымен күрделі мәселенің шешімін табуға көмектеседі. Көптеген мекемелерде әртүрлі тапсырмаларды дәртүрлі емес шешіммен шешуде көп қолданылады. Миға шабуыл әдісінің негізін 1953 жылы Алекс Осборн жасаған.
Төменде шығармашылық және креативті ойлаудың дамуына мүмкіндік беретін жаттығулар мен ойындар қысқаша сипатталған.
Жаңылтпашпен жұмыс: «Төрт тасбақаның төрт-төрттен тасбақашалары бар».
Мақсат: кедергілер мен қысымдарды жою
Нұсқаулық: әрбір дыбысты анық артикулияциялау; жаңылтпашпен кесте бойынша жұмыс істеңдер: ақырын, тез, сұрақтық екпінмен, екпінді интонациямен, қатты, жәй.
Жұпта жұмыс істеу. Ұжымдық жұмыс.
- әрбір сөзге кезекпен екпін қоя отырып, жаңылтпашты айтыңыз.
Миға шабуыл «Мұнара тұрғызамыз».
Миға шабуыл кезеңдері:
1. Міндет қою: А4 қағазынан мұнара тұрғызу.
2. Идея ұсыну: идеялар ұсынылады, барлық идеялар вариант ретінде қарастырылады.
3. Идеяны талқылау: топта – 2 мин.
4. Шешім қабылдау және нәтижесі.
Сипаттамасы: Балаларды екі топқа бөлу. Бір топ - «идея қозғалтқыштары», екінші топ – «мықты талдаушылар» немесе «сыншылар».
Миға шабуыл уақыты: 10 мин.
Жетекші қатысушылардың бір-бірінің идеяларын бағалауына жол бермейді. Шабуылдың соңында идея бағасы талқыланбайды. Бұл қатысушыларды дұрыс бағытқа бағыттау үшін керек: ал миға шабуыл үрдісінде нәтиже емес, үрдіс маңызды. Үрдіс өзіне ауызбіршілікті барлық идеяны қабылдауды – бірде-бір идеяны бос жібермей тыңдауды қосады.
Ойын «Құпияланған хат»
Мақсат: Қабілеттерді дамыту кестелік суреттер бойынша эмоционалдық қалыпты анықтайды және әртүрлі суреттерден бір бейне жасау.
Тапсырма: топқа хатта 2-3 эмоционалдық қалып көрсетілген мимикалық сурет салу ұсынылады және олардың құпиясын ашу керек. Сыныпты мүмкіндігі болса жұп топтарға бөлу керек. Топтар өз хаттарымен бөлісу және өз хаттарында олар не «оқығанын» айтып беру керек.
Ойын. «Ұқсас жалғасы».
Мақсат: балаларды сөзге рифм табуға үйрету
Ойын барысы. Балалар 3 адамнан топқа бөлінеді, әрқасысына рифм «тауға тиіс сөз беріледі (жалғасы сияқты сөз) және бұл сөздерді пантомиманың көмегімен көрсетуі керек .
Сөз: нан, гүл, майка, қасық, балық, скрипка, трубка, бегемот, ит, мысық, сиыр, найзағай, мал, бауырсақ, айран.
Ойын «Қиялды қос»
Мақсат: креативті ойлауды қалыптастыру
Сипаттамасы:Жұмыс істеу үшін екі суреттер жинағы қажет:
Жануарлар бейнеленген сурет;
Заттар бейнеленген сурет.
Нүсқаулық: Әрқайсынан бір суреттен аласыз да, оларды жалғауларды өзгерте отырып біріктіресіз және мазмұны креативті бағытқа бұрылатын болашақ ертегінің атауы болатын сөді құрастырасыз.
Жұмыс уақыты: 10 минут.
Ойындық қозғалысты жаттығулар
Сипаттамасы: Қатысушылар бөлмеде еркін қозғалып жүреді. Уақыт арасында тренер бір сөзді айтып қояды. Бұл сөз – әрбір қатысушы үш секунд қана елестететін бір сәттік түсірілім болуы керек. «Флеш» деген бұйрық естіледі, ал біз өмірден жарқ етіп ұстап қалған, әртүрлі стоп-кадрлар көреміз.
Үлгілік сөздер: «күн», айтқаннан кейін үш секунд уақыт өтеді және қатысушылар өздерін осы бейнеде елестетіп үлгеруі тиіс. Ал «Флеш!» деген команда берілгенде, ойланған бейне күтпеген жарқ еткен суреттей өмірден алынған кадр ретіне қатып тұрып қалады.
Енді, барлық ойыншылар қатып тұрады, тренер қимылға кіріседі. Ол кезекпен бір ойыншыдан екінші ойыншыға өтіп отырып, барлығын тірілткендей түртіп шығады. Бұл жанасу қатысушыларға құрсаудан шығып және стоп-кадрдан қимылға, бағалауға, пікір алмасуға көшеді. Жетекші мен актер арасында қысқаша диалог болуы мүмкін.
Пікір алмасудың мақсаты – бейнеге енудің тереңдігін, рөлді нақтылауды тексеру.
Тапсырманы ойынға абстрактілі түсініктер енгізу арқылы күрделендіру.
Аяқталған соң талқылаймыз: ойыннан алған әсерді. Жылдам қимылдау өмірде бізге не береді?
Рефлексия
- Шығармашылық деген не? Шығармашылық өзін-өзі жүзеге асыру?
- Сіз «креативтілік» деген сөзді қалай түсінесіз?
- «Шығармашылық өзін-өзі жүзеге асыру және креативтілік» қалай өзара байланысты?
- Сізге ойын және жаттығу ұнады ма?
- Өзіңіздің сабақта алған сезімдеріңіз бен әсерлеріңізді бөлісіңіз.
32 сабақ
ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ҚАБІЛЕТ
Мақсат: шығармашылық жүзеге асу туралы түсінік қалыптастыру.
Міндеттер:
- оқушылардың шығармашылыққа өзінің әлеуеттік қабілетін тану және ашу;
- шығармашылық ойлауды дамыту;
-шығармашылық өзін-өзі жүзеге асыруға ұмтылысты тәрбиелеу.
Ұйымдастыру сәті
Жаттығу «Қасиет»
Қиын уақытта өмірге қажетті қасиеттерді сызықшамен белгілеңіз және өзіңіздікін жазыңыз.
· мақсатқа ұмтылушылық,
· белсенділік,
· бірбеткейлік,
· қойылған мақсатқа жете алу шеберлігі
Иә осы жағымды қасиеттердің барлығы бідің қиын уақытымызда өте қажет. Бұлармен бір қатарда тұратын тағы біреуі бар. Қалай ойлайсыздар балалар, қандай? Иә, қазіргі уақытта шығармашылықты ойлайтын, қиын жағдайларда, іс-әрекеттің кез-келген саласында стандарттан тыс шешім қабылдайтын адамдар өте қажет.
Ғалымдар бұрыннан шығармашылық құпиясын шешуге қытысуда. Алғашқы нысандар ғылым және өнер адамдары болды. Олардың күнделіктері, жазбалары, айтқандары талданды. Ұлы туындылардың көптеген ғалымары шығармашылық үрдістің екі кезеңін бөліп көрсетеді:
Бірінші кезең – дәлелдер мен құбылыстарды зерттеуде ұзақ ойлану;
Екінші кезең – қысқа түсіну және шешімді интуитивті қабылдау.
Өнертапқыш Томас Эдисон шығармашылық үрдісін төмендегідей анықтады: «Туынды – бұл 99% маңдай тер және 1% шабыттану».
XX ғасырдың екінші жартысында шығармашылық ойлауды зерттеу кең қанат жайды. Шығармашылық іс-әрекеттің психологиялық құраушылары анықталды:
1. Ойдың жеңілдігі.
2. Ойлаудың жүйелігі мен бірізділігі.
3. Диалектілік.
4. Шығармашылық ойлау
Теориядан. Әрбір түсінікті кеңірек талқылаймыз.
Ақылдың жеңілдігі
«Ақылдың жеңілдігіне» қатысты сөзді сызықшамен белгілеңіз және өзіңіздікін жазыңыз.
· Қабілеттілік,
· Тездік,
· Идея,
· Ептілік,
· Ұсыну,
· Жинақтау және қорыту.
Ақылдың жеңілдігі көптеген кездейсоқтан мәнді белгілерін бөлу қабілетін және бір идеядан басқасына жылдам ауысу қабілетін қосады. Ақылдың жеңілдігі бар адамдар мәселелі ситуацияның жеке элементтерін жинақтай және қорыта отырып, бірден шешімнің көптеген вариантын ұсынады.
Жүйелілік және бірізділік
«Ойлаудың жүйелілігі және бірізділігіне» қатысты сөзді сызықшамен белгілеңіз және өзіңіздікін жазыңыз.
· Басқару,
· Шығармашылық,
· Шешім,
· Шешімшілдік,
· Бірізділік,
· Талдау,
· Мәселені шешу,
Жүйелілік және бірізділік адамдарға шығармашылық үрдісін басқаруға мүмкіндік береді. Бұларсыз жеңілдік шешім аяғына дейін ойластырылмайтын «идеялар секірісіне» айналады. Бұл жағдайда көп идеясы бар адам олардың ішінен біреуін таңдай алмайды. Ол шешімсіз және айналадағы адамдарға бағынышты. Жүйелілік арқасында барлық идеялар нақты бір жүйеге кіреді және бірізділікпен талданады. Бұндай талдау кезінде ақылға сыймайтын идеялар қайта жасалады және мәселені шешуге жол ашылады.
Диалектикалық.
«Диалектикалық» қатысты сөзді сызықшамен белгілеңіз және өзіңіздікін жазыңыз.
· Қабілет,
· Ойлау,
· Құбылыс,
· Сөйлеу,
Көбінесе қосылмайтын нәрселер қосылғанда жаңалықтар ашылады. Бұл қабілетті диалетикалық деп атайды. Мысалы, ұзақ уақытқа дейін қашықтықта сымсыз сөйлесу, ұшу аппараттарымен ұшу, дыбысты жазу мүмкін емес болып келді..
Шығармашылық ойлау
«Шығармашылық ойлауға» қатысты сөзді сызықшамен белгілеңіз және өзіңіздікін жазыңыз.
· Тәуекелге қабілеттілік,
· Қорқыныш жоқ,
· Амалдар,
· Жарияланым,
· Жаңалық ашу,
· Қияял,
· Әрекет,
· Қуаныш,
Шығармашылықты ойлайтын адам тәуекелге қабілеттілікті қажет етеді және өз шешіміне жауапкершіліктен қорқады. Өйткені ескі және дағдыға айналған ойлау амалдары көптеген адамға түсінікті, сондықтан осылай болады. Мысалы, тұқымқуалаушылық заңын 1865 жылы Георг Мендел ашты әне жариялады, бірақ 1900 жылға дейін барлық биологтар Менделдің ғылыми жаңалығын жоққа шығарып келді. 35 жыл өткеннен кейін ғана үш әртүрлі ғалым тұқымқуалаушылық заңын қайтадан ашты, содан кейін ғана менделдің жаңалығын естеріне түсірді және қабылдады. Адамдардың шығармашылық руханилығының бастауы қиял болып табылады. Егер қиял болмаса әуенде, живописте, әдебиетте, махаббатта болмас еді. Өзімізге қиялдауға мүмкіндік бере отырып біз стандартты ойлаудан, мінез-құлықтан, эмоция көрсетуден алыстаймыз.
Біз бүгінгі сабақта стандартсыз ойлауды, шығармашылық әрекетті, қиялдауды үйренеміз және одан қуаныш аламыз. Бұл үшін 2-3 топқа бөлінеміз.
Төрт үшке тең
Үстелге бірінен кейін бірін сіріңке қойыңыз.күдік болмауы үшін оларды дауыстап санаңыз. Енді балаларға төрт сіріңкеден ешқайсысын алмай үшеу жасауды сұраңыз. Егер олар жасай алмаса, араб цифрымен «3» салып көрсетіңіз.
Балалар таң қалған дыбыс шығарады: «Мәссаған – оп-оңай екен ғой». Онда реванш ұсыныңыз: енді үш сіріңкеден (біреуін алып тастайсыз) төрт жасауды сұраңыз. Сіріңкені сындыруға, жағуға болмайтынын ескертіңіз. Ал шешім қарапайым, сіріңкеден «IV» рим цифрын қойыңыз. (болмаса бір оқушыдан осыны тақтаға орындауын, ал қалғандары партада отырып көмектесуін сұрайсыз.
Сұрақтарға жылдам жауап беру керек:
1. Қандай қорқынышты аң өлекседен жидекке дейін жейді? (Аю).
2. Аю үңгіріне арық немесе сезім болып жата ма? (Семіз, май жылытады және ұйықтап жатқан аюды қоректендіреді).
3. Неге, бірнәрседен қорыққан ат, пырылдай бастайды? (Аттың иіс сезуі өткір. Пырылдау арқылы ол мұрнын тазалайды және ол қай жағынан қауіп төнгенін жылдам анықтай алады).
4. Неге бұғылар басқа жануарлар батып кететін балшықтармен жеңіл жүгіре алады? (Бұғының әрбір аяғында арасына жарғақ тартылған екі тұяғы бар. Ол жүгірген кезде тұяқтары ашылады, жануардың салмағының қысымы үлкен тірек алаңына бөлінеді және бұғы батып кетпейді).
5. Қоянға тауға ма әлде таудан төмен жүгірген ыңғайлы ма? (Тауға. Қоянда алдыңғы аяқтар қысқа, артқы аяқтар ұзын. Сондықтан қоянға тауға жүгіру оңай, таудан төмен жүгірсе басынан асып құлауы мүмкін)
6. Неге көктемде терісі қымбат аңдарды ауламайды? (Көктемде терісі қымбат аңдар түлейді, қысқы қалың жүндерін тастайды, бұл терінің бағасын төмендетеді. Бұдан басқа көктемде аңдардың балалары болады).
7. Неге түсін ауыстырған қоянды тез байқап қояды? (Қоянның сұр түсі қар ерімей ауысса, немесе ақ түске ауысқанмен қар жаумай қойса).
8. Неге арамшөперді қойшы қалтасы деп атайды? (Арамшөптер дәні ерте кезде қойшылар ұстаған қалтаға ұқсайды).
9. Неге жабайы раушан алқабын тікенекті деп атайды? (Алқап оның бұтақтарында орналасқан тікендерге байланысты айтылған).
10. Неге көптеген шөл өсімдіктері жапырақ орныына тікендер мен істіктер өседі? (Шөл далада өсетін өсімдіктерде жапырақтың орнына өсетін тікендер мен істіктер – бұл өсімдіктерге ылғалды үнемдеп жұмсауға мүмкіндік беретін бейімделу).
11. Неге бөлме өсімдіктерін суық емес (әсіресе қыста) жылы сумен суару керек? (Суық су өсімдікке ақырын сіңеді. Мысалы 200 жылылықпен салыстырғанда 00 -та су өсімдікке 7 есе ақырын енеді және өзіне қажетті қоректік заттарды уақытында ала алмайды. Құтыдағы өсімдікпен бірге тұрып қалған суық су бұзылуы мүмкін және өсімдік бұдан зиян шегеді).
12. Неге күн түсіп тұрғанда өсімдікті сууғаруға болмайды? (Күн түсіп тұрғанда, суғарылған судың тамшылары күн сәулесін өзіне жинайды және өсімдік зиян шегеді).
13. Неге тауықтар, үндіктер және басқа да дән жейтін құстар майда тастарды жейді? (Тауықтар жұтатын тастар дәнді қорытуға көмектеседі. Тауықтар мен басқа да құстарда ерекше мүше – өте қалың қабырғасы мен күшті бұлшықеттері бар бұлшықеттік асқазан орналасқан. Асқазан жиырылған кезде тастар езіледі және бөлшектенеді. Тастары бар асқазан тауықта тістің орнын ауыстырады..
14. Қасқырды аяғы асырайды» деген мақал нені білдіреді? (Қасқыр мысық сияқты жемін тығылып күтпейді, оны жүгіріп қуып жетеді).
15. Қандай сиыр тойымды, құйрығы бар немесе құйрығы жоқ? (Құйрығы бар – ол шөпке жайылып жатқанда, үстіне қонған жәндіктерді құйрығымен қуады, құйрығы жоқ жәндіктерді қуа алмайды, оған басын шайқап үркіту керек және бір орыннан екінші орынға ауысады да тамақты аз жейді).
16. Пілдер жүзе ала ма? (Піл тек жүзіп қана қоймай, судың бетіне тұмсығын қалдырып, астына сүңгиді).
17. Мысықтардың көзінің қарашығы түнде немесе күндіз бірдей ме? (Бірдей емес, күндіз күн сәулесімен олардың көзінің қарашығы жіңішке, ал түнде үлкейеді).
18. Қандай хайуанды «терінің астынан шығады» деп айтады? (Жылан шынымен де ескі терінің астынан шығады. Түлеу барысында жас жылтыраған терісі дайын болып тұрады).
19.Қандай аң басын төмен салбыратын ұйықтайды? (Жарқанат).
20. Қандай аңдар ұшады? (Жарқанаттар ұшып жүреді, ормандағы кейбір тиіннің түрлері аяқтар арасындағы керме қанаттарымен ондаған метр жерге ұшады).
21. Біз «шаяндар қайда ұйықтайды?» деген фразаны жиі қолданамыз. Ал шынымен де шаяндар қайда қыстайды? (Шаяндар су асты жағалауларының індерінде қыстайды. Олар ол іннің ішінде қимылдап тұрады. Ол қысқышын алға созып, жақын жүзіп бара жатқан балықтарды ұстайды).
22. Шаян үнемі артқа қарай жүре ме? (Шаян шынымен де артқа қарай жүзеді, тамаққа алға қаай ұмтылады).
23. Біздің қандай құс барлығынан жылдам ұшады? (Стриж).
Шығармашылық ойлау үшін бұрын алған тәжірибемен қазіргі келген ойдың арасын байланыстыру керек. Төменде келтірілген жаттығу қиял мен ассоциативтік ойлауды дамытуға бағытталған.
Жаттығу «Друдлды шешу»
Друдл (немесе ағылшынша droodles) – бұл әзілкеш-автор Роджер Прайс пен Леонард Стреннің 1950 жылы ұсынған қызықты туындысы. Droodle аты үш сөз «doodle» (каракул), «drawing» (сурет) және «riddle» (жұмбақ) қосындысынан шыққан. Туындының атының өзі авторлардың креативті ойлауынан туындаған.
Суреттің мәні, көптеген мағынасы бар суретті сипаттауды ұсынудан тұрады. Друдл суреті каракулға және оқушы немесе студент сабақ немесе дәріс барысында салатын суретке ұқсайды. Бірақта droodle авторлары басында оның интерпретациясының вариативтілігін береді. Басында друдлдар көңіл көтеретін сипатта болды, ал оларды оқырмандарды баспаға қызықтыру үшін газеттер мен журналдарда жариялады. Мысалы, кез-келген адамға қарапайым және қызықты жұмбақты шешу (мүмкін отандық баспадағы кроссвордтардың танымалдығы осы дәлелмен түсіндіріледі) мен әрқашанда қызық. Бірақта бірте-бірте друдлдер адамның уақыт өткізуінің басқа салаларына: психологияға және өнерге көше бастады.
Суретке қараңыздар және онда салынған нәрселердің бәрінің атын айтуға тырысыңыздар. Өз креативтілігіңіздің арқасында қиялды дамыту үшін миға бірден келмейтін суреттердің мәнін табуға тырысыңыз (Друдлдар сурет қосымшада)
Жаттығу. Атауы мен сипаттамасын ойлап табу
Суретке ат немесе онда не болып жатқанын түсіндіретін түйін табыңыз:
Жаттығу. Әріпке (тест)
Бір минут ішінде қазір осы бөлмеде бар «К» әрпінен, «Н» әрпінен», «К» әрпінен басталатын заттарды атаңыз?
Сізде қанша болды санаңыз. Егер тырыссаңыз 50 заттың атын, тіпті 100 заттың атын айтуға болады. Бұл жаттығуды жақсарту үшін сізді қоршаған қандай заттарды атауды ұмытқаныңызды ойланыңыз. Мысалы «Қ» әрпіне атауға болатын:
· Күрек, кесе, (заттар),
· Кітап сөреде, киім шкафта, (заттың бөлігі),
· Көйлек, көше, көрініс. (материалдар),
· Жағасы кір қолы күс, еденде кілем (жамылғылар),
· Көз, кірпік, кеңірдек (дене),
· Көру, кірбің, көңіл (менталды түсінік),
Тағы не айтуға болады, ойланыңыз? Басқа да оңай және қиын әріптермен дайындалыңыз.
Үйге тапсырма
Дәптерден қаламсапты көтермей үй, сосын бес жұлдыз салуға тырысыңыз.
Рефлексия.
Ойынның қорытындысын жасау.
Ойында сізге қандай қабілеттер көмектесті?
Нені дамыту керек? Қалай?
33 сабақ
ЖАНҰЯДАҒЫ ОТБАСЫЛЫҚ ЖӘНЕ ЗАМАНАУИ ДӘСТҮРЛЕР
Мақсат: адам өмірі мен қоғамда жанұяның мәні туралы түсінікті қалыптастыру
Міндеттер:
- біздің ата-бабаларымыздың өміріндегі жанұялық құндылықтар туралы оқушылардың білімін кеңейту;
- есту және тыңдау шеберлігін, өз ойын айта алу шеберлігін дамыту;
- ересек ұрпақ өкілдерінің адамгершілік тәжірибелеріне құрметті тәрбиелеу.
Ұйымдастыру сәті
Әрбір адамның өз жанұясы, өзінің үйі бар. Біз қай жерде болсақ та оны үнемі есте ұстаймыз, ол бізді өз жылылығымен тартып тұрады.
Ал жанұя деген не? Сіздер бұл сөзді қалай түсінесіздер?
Жаттығу «Жанұя»
«Жанұя» анықтамасына қатысы бар сөзді сызықшамен белгілеңіз және өзіңіздікін жазыңыз.
· Жақындар
· Бауырлар
· Сенімділік
· Адамгершілік
· Шаруашылық
· Өзбетінділік
· ______________________
Жаттығу «Қандай жанұя бақытты деп аталады?»
Бақытты жанұя» анықтамасына қатысы бар сөзді сызықшамен белгілеңіз және өзіңіздікін жазыңыз.
· Достық
· Қолдау
· Өзара түсінушілік
· Өзара құрмет
· Сүйіспеншілік
· Жқсылық
· Салмақтылық
· Жылылық
· Келісім
· _______________________
Иә, жанұя –бұл біз бірге тұратын, демалатын, мерекелер мен қиын сәттерде қасымызда болатын – бұлар жанұя мүшелері. Олар ең жақын, бауыр адамдар, ең сенімді достар. Біз жанұяда өмір туралы, адамгершілік туралы, морал туралы: «Не жақсы?», «Не жаман?», «Не болады?», «Не болмайды?»түсінік игереміз, шаруашылық дағдыларды игереміз; алғашқы өзбетімен қылықтар жасаймыз және олардың бағаларын аламыз; басқалардың және жеке өзінің қылықтарын өздері бағалауды үйренеді.
Әрбір жанұя – қан жағынан қарым-қатынасқа негізделгенәртүрлі жастағы адамдардың керемет бірлестігі. Сіздердің әрқайсыңызда балалар мен ересектердің өзара түсіністігі мен сеніміне негізделген тату, жақсы жанұяда өмір сүруді қалайды.
- Сіздер қалай ойлайсыздар, жанұяда өзара түсінушілік пен сенім болу үшін не қажет?
Балалардың айтқан пікірлерін талдау.
Аңыз «Ойыншықтар»
Бір ауылға кәрі данышпан кіс келіп, орналасыпты. Ол балаларды жақсы көрді және олармен ұзақ уақытын бірге өткізді. Ол балаларға сыйлық сыйлағанды жақсы көреді және тек нәзік ойыншықтар сыйлайтын. Балалар қанша тырысқанымен оның нәзік оыншықтары жиі сынып қалатын. Балалар ренжитін және қатты жылайтын. Біраз уақыт өтткен соң данышпан оларға ойыншық сыйлады, бірақ ол тіпті нәзік болатын.
Бір күні ата-аналары шыдай алмай оған жиналып келді:
— Сен данышпансың және біздің балаларымызға тек жақсылық ойлайсың. Бірақ неге сен оларға осындай сыйлықтар жасайсың? Олар қанша тырысқанымен ойыншықтары сынып қалады және балалар жылайды. Ал ойыншықтар өте тамаша, олармен ойнамау мүмкін емес.
—біраз жыл өтеді, - деп күлді данышпан – оларға біреу жүрегін сыйлайды. Мүмкін, бұл оларды өте құнды сыйлыққа біршама мұқият болуға үйрететін шығар?..
Аңыз сіздерге қандай ой салды? Автор бізге нені үйретуге ұмтылды? (Талқылау)
Бұл аңыздағы данышпандықты тек жанұядағы күйеуі мен әйеліне ғана емес, балалар мен ата-аналар қарым-қатынасына да қолдануға бола ма?
Проективті әдіс «Менің жанұям»
Мақсат:жанұя ішілік қарым-қатынас ерекшеліктерін анықтау
Барлық отбасы мүшелері гүл болатындай, гүлден құралған жанұяның суретін салыңдар.
Жаттығу «Бақыт – бұл …».
Мақсат: өмірлік құндылықтар туралы түсінікті қалыптастыру
Нұсқаулық: Бақытпен байланыстыруға болатын адам өмірінің саласын мәнді төмендеуі бойынша нөмірлеңіз.
Мен бүгінгі сіздермен болған әңгіме өз сөздеріміз бен қылықтарымыз арқылы біз үйдегі «ауа-райы» мен тыныштықты өзіміз жасайтынымыз туралы, жақындарымызға қарым-қатынасымыз туралы ойлануға себеп болады деп сенемін. Өздеріңіз сүйетін адамды сақтаңыздар!
Тапсырма: Өз жанұяларыңыздың генеалогиялық ағашын құрыңыздар. Әрине, сіздерге жеті атаны жазу үшін ата-аналарыңыздың, әже мен атанын көмегі керек – олар сіздердің өздерің көрмеген ата-бабаларыңыз және жанұя мүшелері туралы айтып бере алады. Ал өз туысқандарыңыз туралы әдемі безендіру үшін тек аттаррын ғана жазатын генеалогиялық ағаш беріледі.
http://rus.stackexchange.com/questions/5140/%D0%A1%D0%BB%D0%BE%D0%B2%D0%BE-%D1%81%D0%B5%D0%BC%D1%8C%D1%8F
Сабақты аяқтау
Жанұя – бұл ұрпақтар сабақтастығы. Жақсылық пен адамгершілік тамыры жанұяда туады және өседі. Жанұяның өте кең көлемдегі тәрбиелік әсері бар. Қайнар көзінде ата-аналар, ата-аналардың ата-аналары тұр. Әрбір жанұядағы ең маңызды дәстүр қартайған ата-аналарға, әже мен атаға қамқор болу.
Қорытынды: Рухани жайлылық сенімге, қарапайымдылыққа, ашыққтыққа негізделеді. Бір-біріне сүйіспеншілік сезімі, өкінішке орай біз оларға өмір сүруге көмектескенше өмір сүреді – өтірік емес шынымен, барлық өмірлік бейнемен, қарым-қатынаспен, мінез-құлықпен көмектесеміз..
Сабақты аяқтау үшін жаттығу:
- Келіңіздер, жүрекшеге ата-аналарға тілек жазамыз және жүрегіміздің кішкене бөлігін ата-аналар үйіне жөнелтеміз, үйге келген соң бұл жүрекшелерді ашық жерге қойыңыз немесе өз жақындарыңызға беріңіз.
Егер бүгін сіздер кішкене болса да қайырымды болсаңдар – бұл жақсылық. Сіздер үйде жиі осындай болғыларыңыз келе ме? Ұлдарыңыз бен қыздарыңызға жайлы, қайырымды болыңдар. Сізге өмір сыйлаған, сені аяққа тұрғызған, күні-түні саған қамқор болған адамдарға сүйіспеншілік пен алғыс білдіріңіздер.
Рефлексия
Жанұя деген не?
Қандай жанұя бақтты деп аталады?
Сіздер қалай ойлайсыздар, жанұяда өзара түсінушілік пен сенім болу үшін не қажет?
34 сабақ
САБАҚ ҚОРЫТЫНДЫСЫ
Мақсат: жеткіншектердің 6-шы сыныптың психология сабағында жеке жетістіктерінің рефлексиясы үшін жағдай туғызу
Міндеттер:
- өз өміріндегі оқиғаларды талдай алуын дамыту;
-өміріндегі болып жатқан өзгерістерді түсінуге көмектесу;
- мақсатқа ұмтылушылық пен табыстылықты тәрбиелеу.
Ұйымдастыру сәті
Балалар! Сіздер тағы да бір оқу жылын аяқтауға жақындадыңыздар. Қорытынды жасаймыз.... қандай болдыңдар, қазір қандайсыңдар.
Тапсырма «Менің жақын болашағым»
Сен 6-шы сыныпты аяқтап жатырсың. Сен жақында ғана мектепке оқуды бастап, 1-ші сыныпқа келдің, сосын орта сыныпқа өттің. Сен алғаш 6-шы сыныпқа келгеніңді есіңе түсір. Балаларға ол туралы айтып бер. Сұрақтарға берген жауаптарыңның керегінің астын сыз немесе өзіңдікін жаз.
Ол кезде сен қандай сезімде болдың?
Мен сезіндім
· Қуаныш,
· Дүрбелеңдік,
· Қорқыныш,
· Қызығушылық,
Осы алты жылда сенде қандай сыртқы өзгерістер болды? Тұжырымды белгіле, сосын балалардан өзің туралы сұра.
Мен болдым
· Биік,
· Әдемі,
· Күшті,
· Басқа шаш үлгісін жасадым,
Сен қандай қасиеттер игердің? Тұжырымды белгіле, сосын балалардан өзің туралы сұра.
Мен болдым
· Бауырмашыл,
· Басқаларға төзімді,
· Араласқыш,
· Ерікті,
Сен қандай психологиялық шеберлікті игердің?
Мен үйрендім
· Кешірімділікті,
· Жанжалда өзімді ұстауды,
· Өз ашуымды басқаруды,
· Басқаларға көмектесуді,
Сен қандай қиыншылықтармен кездестің?
Маған қиын болды
· Бірінші болмау,
· Нашар баға алу,
· Сабақты аяғына дейін жасау,
· Мұғалімді тыңдау,
Сен өзіңді қиыншылықтарды жеңгенің үшін қалай мақтайсың?
Мен - кереметпін.
Мен – күшті адаммын.
Мен – ерікті адаммын.
Тапсырма «табыстар, жетістіктер, өзгерістер»
- кестені толтырыңыз: 6 жылда басыңыздан өткен барлық оқиғаларды (табыстар, жетістіктер, өзгерістер) еске түсіріңіз.
Менің табыстарым |
Менің жетістіктерім |
Менің өзгерістерім |
|
|
|
Оқушылар қаласа, өз жазғандарын оқиды.
- Біз жыл бойы психология сабағында немен айналыстық? Не үшін? Біз не білдік?
Не нәрсе көп есте қалды |
Не ұнады |
Не қызық болды |
Не қызы емес |
|
|
|
|
Тансырма «Бәйшешектер»
Дәптердің соңында бәйшешектердің суреті бар. Сен балаларға сыйлағың келген бәйшешекті таңда, оны боя, қиып ал және сыйла. Балалар өз дәптерлеріне желімдеп алсын.
Саған сыйлаған бәйшешектерді келесі бетке желімде.
Тапсырма «Алғыс»
Сенің сыныптастарың сенімен бір жыл бірге болды. Олар сенімен ойнады, оқыды, ренжітпеуге тырысты, көмектесті, кейде олардың ойындағыдай болды, кейде болмады. Осы топтағы сыныптастарыңның қайсысына алғыс айтқыңыз келеді және не үшін? Сол адамға алғыс хат жазыңыз.
Конвертке салыңыз және сол адамға тапсырыңыз.
Рефлексия
Балалар, біз алтыншы сыныпты қандай нәтижемен аяқтаймыз?
Шығармашылық тапсырма. «Қарым-қатынас және мен» тақырыбына шағын эссе жаз.
Әдебиеттер тізімі:
1. М.Жұмабаев. Педагогика. Алматы, 1998.
2. М.Мұқанов. Жас және педагогикалық психология. Алматы, 1982.
3. Қ.Жарықбаев. Психология. Алматы, 1993.
4. Қ.Жарықбаев., Ө.Озғанбаев. Қазақ этнопсихологиясына кіріспе. Алматы, 2014.
5. Ж.Қоянбаев. Педагогика. Алматы, Рауан 2002.
6. О.В. Хухлаева. «Тропинка к своему Я» Москва, 2014.
7. С.В.Кривцова.Жизненные навыки. Москва,2009
8. П.Астахов. Детям о праве. Москва, 2014г.
9. Твоя жизнь – волшебный мир. С.Серия «Нұрсауле-Лучик» Шимкент: «Шикула и К», 2002.
10. Волшебный хоровод. С.Серия «Нұрсауле-Лучик» Шимкент: «Шикула и К», 2002.
11. Ж.Қоянбаев. Педагогика. Алматы. Рауан 2002.
12. В мире волшебных фигур и цифр. С.Серия «Нұрсауле-Лучик» Шимкент: «Шикула и К», 2003.
13. Ә.Алдамұратова. Қызықты психология. Алматы, 1992
14. М. Кемел. Ақыл қалта. Астана., 2013
15. Ю.П. Азаров. Искусство воспитания. 2-е изд., испр. - Москва, 1985
16. Е.В.Бурмистрова. Психологическая помощь в кризисных ситуациях (предупреждение кризисных ситуаций в образовательной среде). М.: МГППУ, 2006 г.
17. Л.И. Божович. Личность и ее формирование в детском возрасте. – М. Просвещение, 1968.
18. М.В. Беншаминова. Воспитание детей. - М., 1985
19. Г.Н. Волков. Этнопедагогика. – Чебоксары, 1977
20. Н.Дереклеева. Родительские собрания в начальной школе //Школьный психолог. – 2004. - №46.
МАЗМҰНЫ
Алғы сөз…………………………………………………….…………...........……4
Кіріспе …..…………………………………….........................................………...5
І тарау. Мен жеткіншекпін …………………………………………………..
1-сабақ. Психология әлемінде .............................................................................12
2-3-сабақ. Мен қазір қандаймын және қандай боламын .................................. 15
4-сабақ. Менің өзім туралы түсінігім ................................................................ 25
5-сабақ. Менің құндылығым – бұл Мен .............................................................27
6-сабақ. Өзімді іздеудемін ................................................................................... 31
7-сабақ. Мені қолдайды және түсінеді ............................................................. 37
8-сабақ. Қабылдау айнасы .................................................................................. 44
9-сабақ. Қарым-қатынас мәнері және стилі ...................................................... 50
ІІ тарау. Мен өзімді танып-білемін ................................................................
10-сабақ. Менің мінезім – менің тағдырым ...................................................... 58
11-сабақ. Менің мінез-құлқымның ерекшеліктері ........................................... 61
12-сабақ. Өзімізді бағалаймыз ............................................................................75
13-сабақ. Қарым-қатынастағы сенімділік ..........................................................82
14–сабақ. Құрметтеу және өзін-өзі құрметтеу .................................................. 88
15-сабақ. Менің жетекшілік қызметім ................................................................91
16-сабақ. Мен өз-өзіммен және қоршаған ортамен ...........................................94
III тарау. Өз мінез-құлқын басқару ..............................................................
17-сабақ. Жанжал деген не? ............................................................................. 100
18-сабақ. Жанжалсыз қатынас ......................................................................... 104
19-сабақ. Жанжалды шешу .............................................................................. 110
20-сабақ. Жанжалдарды шешу жолдары ........................................................ 115
21-сабақ. Ашу және агрессия .......................................................................... 121
22-сабақ. Манипуляциялар және олардан қорғану ....................................... 125
23-сабақ. Өзінді басқар ................................................................................... 129
24-сабақ. Сенімдік және сенімсіздік .............................................................. 133
25-сабақ. Құндылықтар және адамның өмір жолы ...................................... 141
26-сабақ. Адамның күшті және әлсіз жақтары ............................................. 147
V тарау. Құндылықтар және оның адам өміріндегі рөлі .........................
27- сабақ. Өзіндік дамытуда менің танымым ............................................... 152
28-сабақ. Мен үшін маңызды адамдар .......................................................... 156
29-сабақ. Симпатия-антипатия ...................................................................... 160
30-сабақ. Жолдастық пен достық .................................................................. 164
31-32-сабақ. Шығармашылық қабілет ........................................................... 171
33-сабақ. Жанұядағы отбасылық және заманауи дәстүрлері .......................181
34-сабақ. Сабақ қорытындасы .........................................................................184
Скачано с www.znanio.ru
© ООО «Знанио»
С вами с 2009 года.