3Компьютер құрылғысы_2 сабақ-2 нұсқа_Әдістемелік құрал3Компьютер құрылғысы_2 сабақ-2 нұсқа_Әдістемелік құрал
Оценка 4.9

3Компьютер құрылғысы_2 сабақ-2 нұсқа_Әдістемелік құрал3Компьютер құрылғысы_2 сабақ-2 нұсқа_Әдістемелік құрал

Оценка 4.9
docx
10.05.2020
3Компьютер құрылғысы_2 сабақ-2 нұсқа_Әдістемелік құрал3Компьютер құрылғысы_2 сабақ-2 нұсқа_Әдістемелік құрал
3Компьютер құрылғысы_2 сабақ-2 нұсқа_Әдістемелік құрал.docx

1 қосымша

Сыныпты топқа бөлуге арналған кәртішкі

Картинки по запросу клавиатура

Картинки по запросу монитор

 

 

  

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2  Қосымша

Бос торға құрылғылардың атауын жазып толтырыңыз

 


3  Қосымша

Топтық жұмыста дайындалуға арналған ақпарат

Компьютер кабельдермен байланыстырылған бірнеше блоктардан тұрады.

Блоктардың номенклатуруасы әр түрлі болуы мүмкін,бірақ кез келген компьютер жұмыс істеуі үшін, үш блоктан тұратын жинақ керек. Басқа құрылғылардың барлығы қосымша деп аталады.Оларға принтер, дыбыс колонкалары, құлаққап, микрофон, модем, сканер, тінтуір, трекбол, терте жатады. Компьютердің аталған негізгі жинағының басты элементі-жүйелік блок. Компьютердің жүйелік блогы – компьютердің негізгі тораптары орналасқан тік төртбұрышты қорапша.

ДҚ (дербес компьютер деп аталуының – бір-ақ адам қолданады) бірнеше құрылғыдан тұрады. Монитор, жүйелік блок, пернетақта, мультимедиа колонкасы, модем, тінтуір және т.б.

Бұл құрылғылардың ең негізгісі Монитор, жүйелік блок, пернетақта.

Компьютердің барлық құрылғылары оның артындағы ажыратып қосқыштар арқылы ажыратылады. Компьютердің процессоры мен жедел жадысынан басқалары оның сыртқы құрылғылары болып табылады.Олар: монитор, пернетақта,принтер, тінтуір,модем.Әрбір сыртқы құрылғы процессормен арнайы блоктар – адаптер немесе контролер арқылы жалғасады..

Жүйелік блок

Жүйелік блок-мұнда компьютердің негізгі құрылғылары орналасқан. Компьютерді қосып өшіру батырмасы, дискжетек, компакт-дискіні оқитын CD-ROM орналастырылған. Жүйелік блоктың ішінде аналық плата, процессор, CD-ROM, бейнетақташа, дыбыс тақташасы мен Процессор   Жедел жад  (ОЖҚ)

Дисплей

Дисплей – компьютердің экранына ақпаратты шығаратын құрылғы. Дисплей: электрондық – сәулелі түтікшеден (ЭСТ) (электронная лучевая труба ЭЛТ), қоректендіру блогынан және сәулелі басқарушы электрондық блоктан тұрады. Монитор түрлі түсті монохромды болады.

Монитор-ақпаратты компьютер экранына шығару құрылғысы. Мониторды екі белгісі бойынша жіктеуге болады. Бейнелеу түсі бойынша және шығаратын ақпараты бойынша

Пернетақта (Клавиатура)

Пернетақта - компютерге ақпарат енгізетін құрылғы. Онда 101 немесе 105 перне болады .Таңбалық деректерді енгізу қызметін атқарады және негізгі енгізу құрылысы болып табылады.

Шартты түрде пернетақтаны 5-бөлікті бөлуге болады:

-басу пернетақтасы (алфавитті- цифрлық және таңбалық ернелер)

-функционал пернелер: F1-F12

-арнайы операциялар пернелері: Enter, Esc, Tab, Ctrl, Alt, BackSpace

-меңзерді басқару және редакциялау пернетақтада.

-сандық пернетақта.

Функционалдық пернелер- Олар символдық пернелердің үстінде орналасқан. Олар компютердің күрделі операцияларын тез орындай. Әр түрлі программаларды әр түрлі қызмет атқарады.

Символдық пернелер – пернетақтаның негізгі бөлігі. Символ, цифр енгізуге болады.

Нұсқаушы немесе меңзерді экранда басқару пернесі. Меңзерді экранда жылжытуға арналған.

Цифрлық-қосымша NumLock пернетақта арқылы қосылып ажыратылады.

Enter - енгізу пернесі – белгілі бір әрекетті аяқтағанда басылады.

Бос орын – символдарды бір-бірінен ажыратады.

← немесе Backspace пернесі алдыңғы символды өшіреді.

Shift - бұл кіші әріптерді алкен етуге және керісінше орындауға болады.

Caps Lock - алкен әріптер енгізіледі.

Delete - меңзердің оң жағында орналасқан символдарды өшіреді.

кейбір амалдарды орындау үшін пернелердің комбинациясын пайдаланады. Ctrl Alt

Тышқан. Қазіргі кездегі компьютерлер тағы да бір ақпараттарды енгізу құрылғысы – «Тышқан» манипуляторымен жабдықталған. Бұдан былай оны тек тышқан (маус) деп қана атайтын боламыз. Оның аты тышқан деп бекер аталмаған. Себебі ол-сұр түсті, тышқанның құйрығына ұқсайтын компьютерге жалғанған иілгіш сымы бар қорап. Ол алақанға ыңғайлы және кілемше бетінде еркін жылжитын арнайы құрылғы.

Джойстик. Джойстик деген компьютерлік ойындарда экрандағы жылжитын обьектілерді басқаруға арналған рычагты манипулятор.

Принтер. Ақпараттарды қағазға басып шығаратын құрылғы. Ол дисплейге не шығарылса, соның бәрін қағазға басып шығаруға мүмкіндік береді. Принтерге мәтіндік, кестелік, графикалық ақпараттарды шығаруға болады. Принтердің үш түрі бар: матрицалық, сия бүріккіш, лазерлік.

Матрицалық принтерлер – бұл қарапайым басу құрылғылары. Деректер қағазға инелердің бояйтын таспа арқылы соғуының нәтижесінде пайда болады.

Лазерлік принтерлер полиграфиялық баспадан кем емес баспа сапасын қамтамасыз етеді.Олар минутына бет баспаға шығу жылдамдығымен өлшенеді. Сия бүріккіш принтерлер. Кескін бояудың тамшыларының қағазға түсуінің нәтижесінде айда болады. Сиябүріккіш принтерлер түрлі түсті баспадан кеңінен қолданылады

Сыртқы жад – сыртқы жад ретінде магнитті диск пайдаланылады. Дискілер қазіргідербес компьютерлерде ақпарат тасушы болып табылады, олар ақпаратты тұрақты түрде сақтауға арналған. Магнитті дискілердің екі типі болады. Бірінші типке иілгіш, алмалы-салмалы дискілер немесе дискеттер жатады.

Компакт –дискілер. Компакт дискіні лазерлік дискі деп те атайды. Оның сыйымдылығы өте үлкен, олардағы ақпаратты тек оқуға болады. CD-R компакт –дискілеріне басқа жаңа ақпараттар жазуға немесе ақпараттарды қайта жазуға болмайды. Ал CD-RW дискілеріне ақпаратты жазуға, қайта жазуға болады.

Флэшка - жинақтауыштар және жады карталары. Флэшка – ақпаратты сақтау үшін ең қолайлы контейнер болып табылады. Оларға 32 Мбайт-8 Гбайт дейін ақпарат сақтауға болады. Салмағы жеңіл, қолайлы флэшкаларды USB –портқп қосады, секундына 1-10 Мбайт жылдамдықпен ақпарат жазуға болады.

Сканер - қағаздағы кескінді (жазуды , суретті) түсіріп, дисплей экранына шығаруға мүмкіндік беретін құрылғы. Оның көмегімен суретті, графикті, мәтіндерді сканерлеуге (түсіріп алуға) болады.

 

 

 

 

4  Қосымша

Қалыптастырушы бағалау

Өзіңді тексер

1 нұсқа

Мәтінді оқып бос орынға қажетті сөздер жаз.

 

............................картаның суреті көрсетіліп, ........................ әуеннің дыбысы шықты. Содан-соң .............................. қала тұрғызылатын орынды көрсет деген ұсыныс келді.  Арман .........................(не?) арқылы қала тұрғызылатың орынды көрсетіп, оның атын ....................... арқылы терді. Кейін ол «Сақтау» командасын берді. Енді қала картасы ...................... сақтаулы тұр.

2 нұсқа

Қателерді түзет.

(Қате жазылған сөздерді сызып, орнына дұрыс жауапты жазып қой)

Мен компьютерді қосып, тінтуірдің дыбысың күшейтіп, өзімнің сүйікті ойынымды сканерді тез жылжыта отырып ойнадым. Рекордтық нәтижеге ие болып, мен колонкалар арқылы өз есімімді енгізіп проектор арқылы рекордшылар тізімін басып шығардым. Содан-соң микрофон арқылы өз жанұйям туралы шығарма теріп, принтерден соңғы суреттерімді көшіріп алып мәтінгі орналастырдым да, пернетақта арқылы шығармамды басып шығардым.

 

 

 

 

 

 

 

 

 


 

Сыныпты топқа бөлуге арналған кәртішкі

Сыныпты топқа бөлуге арналған кәртішкі

Бос торға құрылғылардың атауын жазып толтырыңыз

Бос торға құрылғылардың атауын жазып толтырыңыз

Топтық жұмыста дайындалуға арналған ақпарат

Топтық жұмыста дайындалуға арналған ақпарат

Нұсқаушы немесе меңзерді экранда басқару пернесі

Нұсқаушы немесе меңзерді экранда басқару пернесі

Мәтінді оқып бос орынға қажетті сөздер жаз

Мәтінді оқып бос орынға қажетті сөздер жаз
Скачать файл