6 - сынып: Қазақстан тарихы. Ежелгі адамдардың қоршаған орта туралы түсінігі
Оценка 4.7
Разработки уроков
docx
история
6 кл
30.05.2018
Адамдардың түсінігі бойынша, жер мен судың, орман мен таудың иелері
болған. Сондықтан оларға құрбандық әкеліп тұруға тырысқан. Табиғаттан
тыс күштер әлемді билеп тұрады, олар үрлесе дауыл тұрады, қаласа, аңдар
басқа жаққа ауып кетеді деп сенген. Адамдар оларды аруақтар (рухтар), ал
орасан зор күш иесін құдайлар деп атаған.
С) Өнердің шығуы.
Өнердің пайда болуы адамдардың рухани мәдениетінің дамуы туралы
мағлұмат береді. Адамдар мен жануар
лардың ойма суреттері (гравюра),
рельефтер, суреттер үңгірдің қабырғасында бейнеленген. Алғашқы қауым
суретшілері суретке ағаш көмірін пайдаланған.
Оттың көмескі сәулесі түсетін үңгірдің қап-қараңғы түпкірінде
палеолит дәуірінің суретшілері әр түрлі бояумен шауып келе жатқан аттарды,
аңшылықтың сүйек
пен
м
үйізден
жүгіріп
жүрген
еліктердің немесе
адамдардың бейнесін ойып жасаған. Алғашқы қауымдағы суретшілер шашын
таңғаларлықтай сәндеген, белін буған әйелдерді жиі бейнелеген. Кейде олар
салған шым-шытырық ғажайып суреттер де кездеседі.
Ежелгі суретшілер жануарларды айнытпай салды. Археологтар сүйек
пен мүйізден жасалған әйелдердің мүсіндерін көп тапқан. Олжалардың
ішінде еңбек құралдарын ойып әшекейлеу жиі кездеседі.
ІV. Жаңа тақырыпты бекіту сұрақтары.
А) Адамдар өздерінің білімін қалай жетілдірген?
В) Діни көзқарастың қалыптасуы неге байланысты болды?
С) Өнер қалай пайда болған, өнердің қай түрі жақсы дамыған?
V. Қорытындылау. Біз бүгін сендермен білім, дін, өнердің қалыптасу
тарихымен таныстық. Қазіргі күнде жақсы дамыған білімдердің алғышартын,
алғашқы діни түсініктерді, өнердің алғашқы қадамдарын қарастырдық.
ІV. Үйге тапсырма. Жаңа тақырыпты қайталау.
6 - сынып Ежелгі адамдардың қоршаған орта туралы түсінігі.docx
Пән: Ежелгі Қазақстан тарихы
Сынып: 6
Күні:
Тақырыбы: §
7. Ежелгі адамдардың қоршаған орта туралы түсінігі
Сабақтың мақсат
міндеттері:
Оқытушылық – Ежелгі Қазақстан аумағын мекендеген тайпалары мен
қазақ халқының қоршаған орта туралы өзіндік түсінігі болғандығы жайында
білім беру.
Тәрбиелік – ертеден қазақ арасына кең тараған және бізге жеткен
дүниенің қоршаған орта туралы аңыздар негізінде әлемнің, жаратылыстың
ұлылығын ұғыну және соның негізінде Отанды сүюге, Жеріміздің бүтіндігі
үшін күресуге тәрбиелеу.
Дамытушылық – Қоршаған орта туралы алғашқы ғылыми түсініктерін
мен білімдерін қалыптастыру.
Сабақтың түрі:
дәстүрлі
Оқытудың әдісі: баяндау (әңгіме, диалог), тәжірибелік (ауызша жеке
фронтальды сұрау). Көрнекілік:
«Бұғы болып киінген
адам», «Ежелгі
суретшілер»
суреттері.
Сабақ барысы:
І. Ұйымдастыру сәті – бүгінгі сабақта қатысатын оқушылардың санын
тексеру, оқушылардың сабаққа назарын аударту.
ІІ. Үй жұмысын тексеру. Өткен жылдың материалын қайталау.
ІІІ. Жаңа тақырыпты түсіндіру.
А) Білімнің дамуы.
Адамдар жануарлардың, өсімдіктердің тіршілігін бақылай жүріп,
өздерінің тәжірибесі мен білімін келесі ұрпаққа саналы түрде мұраға
қалдырып отырған. Аспандағы жұлдыздардың орналасуын есте сақтап, егінді
жинау уақытын анықтаған. Айдың қозғаласын бақылау арқылы алғашқы
қарапайым күнтізбе жасап, жылды тепетең айларға бөлген. Адамдар өз
білімдерін суретті хат – пиктография (тасқа түсірілген хатсуреттер) арқылы
хабарлаған. Әрбір ұғымның өзіндік шартты таңбасы болған. Мысалы, шұбар
атты салу арқылы малдың індет ауруынан қырылғанын білдірген.
В) Діни көзқарастың қалыптасуы.
Ертедегі адамдар табиғаттан бөлініп шыққаннан кейін, қоршаған табиғаттан өздерінің қандай айырмашылықтары бар екенін түсінбеді. Ең көне
сенімдерге анимизм, тотемизм жатады. Тотемизм – адамдардың шығу тегін
жануарлар, өсімдіктер немесе табиғат құбылыстарымен байланыстырады.
Адамдардың түсінігі бойынша, жер мен судың, орман мен таудың иелері
болған. Сондықтан оларға құрбандық әкеліп тұруға тырысқан. Табиғаттан
тыс күштер әлемді билеп тұрады, олар үрлесе дауыл тұрады, қаласа, аңдар
басқа жаққа ауып кетеді деп сенген. Адамдар оларды аруақтар (рухтар), ал
орасан зор күш иесін құдайлар деп атаған.
С) Өнердің шығуы.
Өнердің пайда болуы адамдардың рухани мәдениетінің дамуы туралы
мағлұмат береді. Адамдар мен жануар
лардың ойма суреттері (гравюра),
рельефтер, суреттер үңгірдің қабырғасында бейнеленген. Алғашқы қауым
суретшілері суретке ағаш көмірін пайдаланған.
Оттың көмескі сәулесі түсетін үңгірдің қапқараңғы түпкірінде
палеолит дәуірінің суретшілері әр түрлі бояумен шауып келе жатқан аттарды,
аңшылықтың сүйек
пен
м
үйізден
жүгіріп
жүрген
еліктердің немесе адамдардың бейнесін ойып жасаған. Алғашқы қауымдағы суретшілер шашын
таңғаларлықтай сәндеген, белін буған әйелдерді жиі бейнелеген. Кейде олар
салған шымшытырық ғажайып суреттер де кездеседі.
Ежелгі суретшілер жануарларды айнытпай салды. Археологтар сүйек
пен мүйізден жасалған әйелдердің мүсіндерін көп тапқан. Олжалардың
ішінде еңбек құралдарын ойып әшекейлеу жиі кездеседі.
ІV. Жаңа тақырыпты бекіту сұрақтары.
А) Адамдар өздерінің білімін қалай жетілдірген?
В) Діни көзқарастың қалыптасуы неге байланысты болды?
С) Өнер қалай пайда болған, өнердің қай түрі жақсы дамыған?
V. Қорытындылау. Біз бүгін сендермен білім, дін, өнердің қалыптасу
тарихымен таныстық. Қазіргі күнде жақсы дамыған білімдердің алғышартын,
алғашқы діни түсініктерді, өнердің алғашқы қадамдарын қарастырдық.
ІV. Үйге тапсырма. Жаңа тақырыпты қайталау.
6 - сынып: Қазақстан тарихы. Ежелгі адамдардың қоршаған орта туралы түсінігі
6 - сынып: Қазақстан тарихы. Ежелгі адамдардың қоршаған орта туралы түсінігі
6 - сынып: Қазақстан тарихы. Ежелгі адамдардың қоршаған орта туралы түсінігі
6 - сынып: Қазақстан тарихы. Ежелгі адамдардың қоршаған орта туралы түсінігі
Материалы на данной страницы взяты из открытых истончиков либо размещены пользователем в соответствии с договором-офертой сайта. Вы можете сообщить о нарушении.